Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



жүктеу 4.72 Mb.
Pdf просмотр
бет9/43
Дата25.04.2017
өлшемі4.72 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43

Литература 

 

1. Башун О.В. Развитие культуры интеллектуального труда будущего учителя 

[Текст]:  автореф.  дис....  канд.  пед.  наук:  13.00.01,  13.00.08  /  Башун  Ольга 

Владимировна. – Ярославль, 2008. – 21 с. 

2. Башун О.В. Культура интеллектуального труда будущего педагога: Учебно-

методическое  пособие  к  курсу  по  выбору  студентов  [Текст]  /  О.В.  Башун  – 

Петропавловск-Камчатский: Изд-во КамГУ им. Витуса Беринга, 2007. – 123 с. 

3.  Зайцева,  С.С.  Формирование  культуры  умственного  труда  студентов  вуза 

[Текст]:  диссертация...  канд.  пед.  наук:  13.00.01  /  Зайцева  Светлана  Сергеевна.  – 

Нижний Новгород, 2007. – 212 с. 

4.  Лях,  В.И.  Конструирование  в  учебной  деятельности  будущих  педагогов 

профессионального  обучения  [Текст]  /  В.  И.  Лях.,  Е.  Ю.  Чурилова  //  Сибирский 

педагогический журнал. – 2011. – №9. – С.24-29. 

5. 


Хубиев Ш.М. 

Педагогические 

условия 

формирования 

культуры 

интеллектуального труда у старшеклассников в учебно-воспитательной работе. 

[Текст]:  дисс.  канд.  пед.  наук:  13.00.01  /  Хубиев  Шамиль  Магометович.  – 

Карачаевск, 2006. – 188 с. 



80 

 

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА – ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН  



ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ 

 

Г.Т. Қажиева 



«Өрлеу» БАҰО филиалы ББЖКБАРИ, Алматы қ. 

 

Қазіргі  кезде  білім,  тәрбие  беру  саласында  ежелден  келе  жатқан 

халық  тарихының,  дәстүрінің,  рухани  ата-баба  мұраларының  алатын 

орны  зор.  Ежелгі  түркілік  тектен  тараған  халқымыздың  інжу-

маржандары, қазақ халқының ұлы ойшылдары  мен ғұлама абыздарынан 

мұра боп қалған асыл сөздер халқымыздың бойына, жастардың жүрегіне 

өшпес із қалдырумен келеді. 

«...Теорияда  да,  іс  жүзінде  де  барлық  халықтарға  ортақ  тәрбие 

жүйесі  жоқ.  Әр  халықтың  тәрбие  жүйесі  өзінше  ерекше  түзілген. 

Сондықтан  да  бір  халық  екінші  халықтың  тәрбие  жүйесін  пайдалана 

алмайды.  Соншама  тартымды  да  үлгілі  болғанымен  бір  халықтың 

тұрмыс  тіршілігіндей  екінші  халық  өмір  сүре  алмайтыны  тәрізді  жақсы 

ойластырылып  ұйымдастырылған  бөтен  педагогикалық  жүйеде  басқа 

халықтың  тәрбиеленуі  мүмкін  еместігі  анық...»  –  деп  жазды  орыс 

педагогы  К.Д.  Ушинский.  Қай  халық  та  өзінің  ұлттық  психологиялық 

және  халықтық  тәлім-тәрбие  қазанында  қайнап,  жетілуі  тиіс.  Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  ұлттық  тәрбие  жүйесінің  мазмұны  да 

қазақ  этнопсихологиясы  мен  қазақ  этнопедагогикасының  тәлімдік 

ұстанымдары мен тағылымдық қағидаларына сәйкес түзілуі қажет. 

Ата Заңымызда және басқа да маңызды құжаттарда айқындалғандай 

жеке  тұлғаның  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде 

қалыптасуы  мен  дамуы,  оның  кәсіби  жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасау,  білім  алуы  және  жан-жақты  жетілуі,  ана  тілін,  ұлттық  салт 

дәстүрлерді  сақтауы,  ақпараттану,  ден-саулығын  нығайту  сияқты 

құқықтарын  іске  асыру  –  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  тармағы  болып 

табылады. 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  шешімімен  қабылданған 

Қазақстан  Республикасындағы  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

тұжырымдамасында:  «Ұлттық  мектепті  жаңартудың  аса  маңызды 

стратегиялық  бағыттары:  оны  ұлттық  және  дүниежүзілік  мәдени 

мұраның  диалектикалық  бірлігі  негізінде  дамыту,  демократияландыру, 

ізгілендіру,  сондай-ақ  мәдени  жасампаздық  қызметін  қалпына  келтіру 

арқылы рухани жағынан қайта түлету болып табылады», – деп білім мен 

тәрбие берудің ұлттық идеологиялық бағыттары белгіленген. 

Еліміз 

егемендік 



алғаннан 

кейін, 


1994 

жылы 


Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  жанындағы  мемлекеттік  саясат  жөніндегі 

ұлттық  кеңес  бекіткен  «Қазақстан  Республикасындағы  гуманитарлық 

білім беру» тұжырымдамасының мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтар 

мен  Қазақстанның  ұлттық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  өтпелі 


81 

 

кезеңде  гуманитарлык  білім  саласындағы  мемлекеттік  саясат 



стратегиясын  ұсыну,  оның  серпінді  дамуы  мен  қызмет  атқаруына 

жағдай жасаудағы мемлекеттің рөлін көрсету болды. 

Тұжырымдаманың  басым  бағыттары  −  гуманитарлык  білім 

бағдарламаларын  жүзеге  асырудағы  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

құрылымдардың,  оқу  және  ғылым,  ағарту  мекемелері  мен  басқа  да 

субъектілердің рөлін анықтау еді. 

Ұлттық  мәдениет  пен  білім  беру  дәстүрін  әдіснамалық  тұрғыдан 

жан-жақты 

дамыту 

және 


ұйымдастыру 

мақсатында 

Қазақстан 

Республикасында  этномәдени  білім  берудің  арнаулы  тұжырымдамасы 

әзірленіп,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1996  жылы  15 

шілдедегі  №3058  өкімімен  мақұлданды.  Аталған  тұжырымдамалардың 

білім  беру  жүйесіндегі  тәрбиенің  ұлттық  идеологиялық  ұстанымдары 

мен  тәрбиені  ұйымдастырудың  тактикасын  анықтауда  маңызы  зор 

болғанымен,  білім  беру  мекемелерінде  толыққанды  жүзеге  асырылып 

жатыр деп айта алмаймыз. 

Тәрбиенің  ғылыми-теориялық  негіздегі  аспектілерін  объективті 

түрде  танытатын  қоғамдық  орын  –  мектеп.  Тәрбиелік  таным  отбасында 

ата-ананың  тәрбие  мәдениеті  мен  әлеуметтік  жағдайына,  өмірге  деген 

көзқарасына  қарап  танылатын  болса,  қоғамдық  ортада  мектепке  дейінгі 

мекемелерден  бастап,  жоғарғы  оқу  орындарына  дейін  әдептілік  – 

әдемілік, 

этика-эстетикалық 

танымы, 


салауатты 

өмір 


салты, 

ұлтжандылық, отаншылдық, қарым-қатынас мәдениетінің таным көздері 

тағылымтану мен тұлғалық таным аясында меңгертіледі. 

Алайда,  бүгінгі  білім  беру  жүйесі  аясында  жас  ұрпақты  өмірге 

даярлау  бойынша  қызмет  етіп  келе  жатқан  тәрбие  саласы  бірқатар 

тоқыраушылықтарды бастан кешіруде. Бұған әлеуметтік құрылылымдар: 

қоғамдық  институттар,  діни  ұйымдар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары, 

мектеп,  отбасы  т.б.  өзіндік  әсерін  тигізуде.  Сондай-ақ,  тәрбиеленушілер 

мен  ұстаздар  арасындағы  тәрбие  қарым-қатынасындағы  бірізділіктің 

жоқтығын  байқаймыз.  Зиялы  қауым  өкілдері  арасында  білім  беру 

жүйесінің  проблемаларына  қарағанда  тәрбие  беру  үрдісінің  дағдарысы 

туралы жазып, дабыл қағып жатқандары көп. Бұл әлеуметтік деградация 

туралы  Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 

тұжырымдамасында  шешімі  табылмаған  проблемалардың  негізгілері 

ретінде  тәрбиенің  мақсатын  және  басым  бағыттарын  белгілеуге 

мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы, ұлттық 

құндылық  бағдарларының  жоғалуы,  ұлттық  мәдени  қабаттардың 

бұзылуы,  әлеуметтік  институт  ретінде  отбасының  тәрбиелік  рөлінің 

әлсіреуі,  бұқаралық  ақпараттар  құралдарының  жеке  тұлғаны  қалыптас-

тырудағы теріс ықпал етуі тәрізді көптеген факторлары атап көрсетілген. 

2004  жылдан  бастап  ұлттың  рухани  ағартушылық  және  мәдени 

интеллектуалдық  деңгейін  көтеруге,  өскелең  ұрпақты  туған  халқымыздың 

ұлттық құндылықтарымен, салт-дәстүрімен, қолөнерімен т.б. таныстыра 


82 

 

отырып,  асыл  қазыналарымыздың  мұрагері  болуға,  жалпы  адамзаттық 



құндылықтар  мен  идеялар  рухында  тәрбиелеуге  бағытталған  «Мәдени 

мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  қолға  алынып,  қыруар  шаралар 

тындырылып жатқанын жақсы білеміз. 

«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасының  іске  асуы  ұлттық 

мәдениетімізді  қайта  жаңғыртуға  ғана  емес,  ғаламдану  кезеңінде  жас 

ұрпағымыздың  бойында  шынайы  адамгершілік  пен  парасаттылық 

қасиеттерін,  төл  мәдениетімізге  деген  асқақ  құрмет  құндылықтарын 

сіңіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында – 

ұлттық  –  мәдени  мұраларды  үздіксіз  білім  мазмұнына  енгізудің  ғылым-

әдістемелік мәселелерін шешу проблемалары бүгінгі күні  өте  құнды, да 

маңызды мәселелердің қатарында. 

Ұлттық 


тәрбие 

саласындағы 

қазақ 

этнопедагогикасы 



мен 

этнопсихологиясына еңбегі сіңген белгілі ғалымдарымыз Қ. Жарықбаев, 

С.  Қалиев,  Ә.  Табылдиев,  С.  Ұзақбаева,  Қ.  Бөлеев,  К.  Қожахметова,  

Ж.  Наурызбай,  С.  Ғаббасов,  Р.  Дүйсенбінова,  Ш.  Беркімбаева  т.б. 

ғылыми  еңбектері,  монографиялары  мен  әдістемелік  оқулықтары  білім 

беру жүйесіне қосылған рухани құндылықтар болып табылады.  

Алматы облысының «Қарасаз» мектебінде халықтық педагогиканың 

нұрлы  шамын  тұтатқан  Жұмаш  Өтеевтің  есімі  «Алтын  көмбе» 

бағдарламасы арқылы республика жұртшылығына таныс. М. Құрсабаевтың 

«Атамекен»,  З. Ахметованың  «Кәусар  бұлақ»,  Ә.  Садуақасовтың  «Дәстүр», 

А.  Қыраубаеваның  «Сенім»  сынды  сан  алуан  халықтық  педагогикаға 

негізделген  бағдарламалардың  ұлттық  тәрбиені  ұлықтауға  арналған 

рухани құндылықтар екендігі анық. 

Бүгінгі күні де жақсы дәстүрді жалғастырушы, ұлттық педагогикаға 

негізделген  тәрбие  бағдарламалары  республикамыздың  түкпір-түкпірінде 

баршылық.  Мысалы,  Рамазан  Жәшиұлының  жекелеген  аймақтарда 

қолданылып  жүрген  (Атырау  облысы,  Алматы  қ.  мектептері)  «Ұлттық 

мектеп:  Қазақ  тілінде  білім  алудың  беделін  көтеру»  компьютерлік 

жобасы аясындағы ««Алақай»  топтамасы» мектепке дейінгі балалардың 

ой-өрісін  дамытып,  тілін  жетілдіріп,  әріп  тануға  үйрететін  болса,  «Ой 

алғырлығына  баулу»  курсы  көру,  есту  қабілетін  дамытады;  ақындық 

икемін  қалыптастырады;  жағымсыз  қасиеттер  мен  әрекеттерден 

сақтандырады. Ал, «Ұлы дала тарихы» электрондық оқу құралы рух пен 

жігерге  баулиды.  «Үлкен  ойын»  циклі  компьютерлік  интерактивтік 

бағдарламасы  арқылы  пән  материалы  ұлттық  құндылықтармен 

байытылады,  шәкіртті  ойға  жетелеп,  білімді  болуды  қызықты  іске 

айналдыру  көзделеді  және  ол 

іске  асырылып  отырады.  Бұл 

бағдарламаның  мақсаты  –  халқымыздың  бай  тілі  мен  терең  өмір 

ұстанымын  шебер  пайдалану  арқылы  білім  мен  тәрбиенің  ажырамас 

тұтастығын сақтау. 

Жекелеген білім беру ұйымдарында «Жеті жетекші», «Жеке тұлғаны 

қалыптастыру»,  «Тағылым»,  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлеріне 


83 

 

саяхат»,  «Ұлы  Жібек  жолы»,  «Шаңырақ»  тәрбиелік  жүйесі,  «Әдептілік 



әліппесі»,  «Халық  тағылымы»  т.б.  ұлттық  құндылықтарға  негізделген 

бағдарламалар  бойынша  оқу-тәрбие  жұмыстары  жүргізілуде.  Білім  беру 

жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары  біліктілігін 

арттыратын  Республикалық  институтта  жоғарыдағы  аталған  бағдарла-

малардың бірқатарын жинақтап, республиканың білім беру ұйымдарына 

ұсынды.  Аталған  институтта  тәрбие  мәселелеріне  қатысты  курстар, 

курсаралық  шаралар  конференциялар,  семинар-кеңестер  жүйелі  түрде 

ұйымдастырылып  тұрады.  Институт  мамандары  «Қазақстан  Республикасы 

азаматына  тәрбие  беру  үлгісі»  және  «Оқушының  ұлттық  келбетін 

қалыптастыру»  тұжырымдамаларын  әзірлеп,  «Мектептің  тәрбие  үрдісінде 

оқушының  ұлттық  келбетін  қалыптастыру»  атты  әдістемелік  құралды 

жарыққа шығарды. 

2013  жылдың  қаңтар  айынан  аталған  институтта  «Этнопедагогика» 

зертханасы  іске  қосылды.  Зертхананың  ақылдастар  алқасы  тәрбие 

жұмысындағы  бүгінгі  күні  орын  алып  отырған  өзекті  мәселелер 

бойынша  жұмыс  атқаруда.  Ата-аналар  мектептерін  жандандыру,  халық 

педагогикасын  тәрбие  әліппесіне  айналдыру  туралы  мәселелер  зертхана 

жұмысының басты бағыты болып табылады. 

Зертхана  жұмысы  аясында  Алматы  қаласындағы  №  140  мектеп-

гимназиясы  базасында  республикалық  семинар-кеңес  өткізіліп,  Барлық 

білім  беру  ұйымдарында  оқыту  процесінің  тәрбиелік  құрамдасын 

күшейту  жөніндегі  үлгілік  кешенді  жоспарға  сай  үздіксіз  білім  беру 

жүйесінің  ұлттық  құндылықтарға  негізделген  тәрбие  жұмысын 

жандандыру мәселелері талқыланды. 

Облыстық 

біліктілік 

арттыру 

институттарының 

мәліметтері 

бойынша  республикамыздағы  білім  мекемелерінде  тәрбие  ісімен 

айналысатын  8000-ға  жуық  директордың  тәрбие  істері  жөніндегі 

орынбасарлары, 2982 әлеуметтік педагог, 6895 психолог, 11813 қосымша 

білім беруші педагогтары еңбек етеді. Бұл көрсеткіш күн санап өсе түсуде. 

Соңғы  статистикалық  деректер  бойынша  Қазақстан  халқының  

70  пайызға  жуығы  қазақтар  болса,  мектеп  оқушылардың  73  пайызы 

қазақ балалары. Өзге ұлт өкілдері – 27 пайыз, оның 14 пайызы орыс, 13 

пайызы өзге ұлт балалары. 

Бұл  факт  еліміздегі  тәрбие  беру  жүйесін  ұлттық  құндылықтар 

негізінде  жүргізуге  қолайлы  жағдай  жасап,  ұлттық  құндылықтар 

негізінде  жүргізілетін  тәрбиенің  біртұтас  жүйесін  жасау  қажеттілігін 

тағы да дәлелдеп отыр. 

Ал  Қазақстан  Республикасында  мекен  етіп  жатқан  өзге  диаспора 

өкілдері де ұрпақ қамын өздерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері негізінде 

жүргізе  отырып,  қазақ  халқының  тілі  мен  өзге  де  рухани  тұстарын 

қабылдағаны  жөн.  Бұл  үдеріс  қазақ  қоғамында  бірте-бірте  жүріп  те 

жатыр. Бұған бүгінгі күні өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері қазақ бала 

бақшалары  мен  мектептерінде  тәрбиеленіп,  тіл  ұстартып  жатқанын 

мысалға алуға болады. 



84 

 

Бұл  туралы  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  



Н.Ә. Назарбаев былай деген болатын: 

«Бес  арыстарымызға  арналған  тарихи  зерде  кешенінде  мен 

қазақстандық  отаншылдық  сезімін  тәрбиелеуге  көңіл  бөлген  едім. 

Қазақстанда  тұратын  әрбір  адам  осы  елдің  перзенті  ретінде 

сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше  біздің 

жұмысымыз алға баспайды...». 

Демек,  Елбасымыздың  анықтағанындай,  бұл  өлшеуіш  тек  қана 

жергілікті  ұлтқа  ғана  емес,  қазақ  жерінде  тұрып,  өсіп-өнген,  еңбек  етіп 

жүрген барша халықтарға да қатысты екені даусыз. 

Айтылған  ойды,  қағидатты  одан  әрман  тереңдете  отырып 

Елбасымыз:  «Болашақ  ұрпағымызды  тәрбиелегенде  оларға  жастайынан 

имандылық  пен  салауаттылық  қасиеттерді  сіңіре  білсек,  сонда  ғана  біз 

ұлттық  рухы  дамыған  Отанының  гүлденуіне  өз  үлесін  қоса  алатын 

азамат етіп өсіре аламыз» – дейді. Бұл «Тәрбиесіз берілген білім адамзат 

баласына  апат  әкеледі»  дейтін  Әл  Фараби  бабамыздың  өсиетнамасымен 

толық қабысады. 

Қазақстан  Республикасы  зайырлы,  әрі  көпұлтты  ел  ретінде  ұрпақ 

тәрбиесінің  мазмұндық  құрылымына  бір  жақты  қарай  алмайды,  екінші 

жағынан  мемлекеттің  иесі  ретінде  қазақ  халқының  атқарар  қызметінің 

мемлекеттік  дәрежеде  мойындалуының  маңызы  зор  және  барша 

жұрттың  қазақ  халқының  ұлттық  тәрбие  ұстанымдарын  басшылыққа 

алуы  заңды  құбылыс.  Осыған  орай,  қоғамға  қажетті  ұлттық  тәрбие 

моделін  қазақ  этнопедагогикасын  басшылыққа  ала  отырып  құру 

еліміздің 

өркениетті 

елдер 


қатарына 

қосылуында 

руханияттық 

кепілдігінің алғышарты болып табылады. 

Халықтық  педагогика  мәселелерін  ұлттық  тәрбие  мақсатымен 

ұштастыру  белгілі  бір  ұстанымдылықты,  жүйелілікті  қажет  етеді. 

Ұстаным  дегеніміз  (латын  сөзі)  –  басшылыққа  алатын  идея,  негізгі 

талап,  қағида.  Тәрбиелеу  жүйесі  мынадай  ұстанымдарды  –  тәрбиенің 

қоғамдық  бағытта  болуы,  тәрбиенің  өмірмен,  еңбекпен  байланысы, 

тәрбие  ізгілігі,  тәрбиеге  тұлғалық  тұрғыдан  қарау,  тәрбиелік  ықпалдардың 

бірлігі,т.б. басшылыққа алынады. 

Ал  ұлттық  тәрбие  моделі  алдымен  ұлттық  тәрбие  мазмұнының 

стратегиясы  мен  тактикасының,  ұлттық  қоғамдық-әлеуметтік  мүддеге 

сәйкестігінің, мақсаты мен мұратының, басымдық тәрбие бағыттары мен 

тәрбие  қағидаларының,  мемлекеттік  дәрежеде  орындалуға  тиісті  тәрбие 

міндеттерінің, пайдалану парадигмаларының құзыреттілігімен анықталады. 

Әр  халықтың  өзіндік  генетикалық,  этнопсихологиялық,  тарихи-әлеуметтік 

қалыптасу  ерекшеліктеріне  тән  туындап  отыратын  проблемелары  мен 

ұрпақ тәрбиесіне арналған моральдық - этикалық ережелері бар. 

Қазақ  халқындағы  тәрбиенің  қай  түрін  алсақ  та,  өскелең  ұрпақтың 

ұлттық  сана  сезімінің  өршіл  болып  қалыптасуына  әсер  етеді.  Мысалы: 

рухани  адамгершілік  тәрбие  –  этика,  әдептілік,  ар  намыс,  шындық  пен 



85 

 

әділеттілік,  ынтымақ  пен  бірлік,  жолдастық,  достық,  мейірімділік, 



қайырымдылық  ізеттілік,  қонақжайлылық,  парасаттылық  т.с.с.  асыл 

қасиеттерге баулитын болса, эстетикалық тәрбие – өнер (ән-күй мен би), 

білім,  сымбаттылық,  сұлулық  пен  әсемдікті  сезінуге,  қабылдауға 

баулиды. Ақыл-ой мен сезім тәрбиесі –  аңыз ертегілер, батырлар жыры, 

ғашықтық  жырлары,  айтыс-өлеңдер,  шешендік  өнер  үлгілері  сияқты 

ауыз әдебиетінің бай қазыналарын ардақтаса, еңбек тәрбиесі – қолөнерге 

үйрету,  ептілік,  шеберлік,  жауапкершілік,  ұқыптылық,  табандылық  пен 

төзімділікке  баулиды.  Имандылыққа  тәрбиелеу  –  халық  педагогикасының 

алтын  қазынасы  болып  саналатын  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрімізді 

насихаттай  отырып  наным-сенім,  ырымдар  мен  тиымдар,  мақал-мәтелдер, 

нақыл-сөздер арқылы бала бойына адами асыл қасиеттерді дарытады. 

Әрбір  мектеп  –  мемлекеттің  шағын  жанды  бөлшегі,  әрбір  бала  – 

қоғамның дербес мүшесі. Мемлекеттің бүгінгі даму саясатындағы басты 

бағдары  –  азаматтық  қоғам  құру  идеясын  мектептегі  тәрбие  жүйесінің 

өзегіне 

айналдырған 

жағдайда 

ғана 


мемлекет 

пен 


қоғамның 

қажеттілігіне  сай  адам  ресурстарын  өз  елі  үшін  мақтаныш  сезімдері 

қалыптасқан, өз елінің мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен 

конституциялық  міндеттерді  орындауға  дайын  патриот  тұлғаларды 

тәрбиелеуге  қол  жеткіземіз.  Мектептегі  әрбір  балаға  елдің  ертеңгі 

тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қана емес, ол бүгінгі 

сәттен  бастап-ақ    өзінің  және  айналасындағы  өзгелердің  өмірін,  білім 

мен  тәрбие  алуын,  құқығын,  міндетін,  т.б.  құндылықтарды  реттей 

алатын белсенді тұлға деп қарауымыз керек. 

Қорыта  айтқанда,  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  беру  ісін  дәстүрлі 

қазақ  қоғамындағы  ұлттық  құндылықтар  негізін  басшылыққа  ала, 

ізденісімізді ұлғайта отырып, іс тетігін шешуге тиіспіз. 

 

Әдебиет 

 

1. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы, Санат, 1995 ж. 

2. М. Жұмабаев «Шығармалар» Алматы, Білім, ІІ-ІІІ том, 1996 ж. 

3.  С.  Ғаббасов  «Халық  педагогикасының  негіздері»,  Алматы,  әл-Фараби, 

1995 ж. 

4. С.Ш. Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» – Алматы: Дарын, 2004. 

5. «Қазақстан  Республикасындағы  гуманитарлық  білім  беру  тұжырымдамасы», 

1994 жылғы 7 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі 

ұлттық кеңес бекіткен. 

6. «Қазақстан  Республикасында  этникалық-мәдени  білім  берудің  арнаулы 

тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылы 15 шілдедегі 

№3058 өкімімен мақұлданған. 

7. «Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 

тұжырымдамасы», 2009 жылғы 16 қараша. 

 


86 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН  



ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

М.А. Кененбаева, А.Ш. Тілеулесова 



ПМПИ, Павлодар қ. 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н. Назарбаев:  «Инно-



вациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасы» 

тақырыбындағы  дәрісінде  білім  беруді  жетілдіру,  қаржыландыру 

мәселесі  мен  аталған  саладағы  жетістіктер  мен  кемшіліктер  кеңінен 

талданып,  білім  берумен  қатар  ғылымды  жетілдіру  республикамыздың 

бәсекелестікке  қабілетті  50  мемлекеттің  қатарына  енудің  басты 

шарттарының бірі деп көрсеткен [1].  

Оқыту  –  қазіргі  заманның  талаптарын  ескере  отырып,  оқушылар 

тұлғасын,  білім,  іскерлік  және  дағдыларды  меңгерте  отырып,  мақсатты 

қалыптастыру  мен  дамыту  процесі.  Оқыту  –  қоғамдық  құбылыс 

түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған 

қоғамдық  қатынастар  тәжірибесі,  қоғамдық  сананың  даму  нәтижесі, 

еңбек  өндірісінің  мәдениеті,  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  оны  белсенді 

қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, 

оны олардың меңгеруі.  



Ұйымдастыру – мұғалімнің алға қойған мақсаты мен бағдарламаны 

жүзеге  асыруға  бағытталған  іс-қимылы.  Оқыту  ұрпақ  сабақтастығын, 

қоғамның  толық  құндылықты  қызмет  атқаруын  және  тұлғаның  соған 

сәйкес  дамуына  мүмкіндік  жасайды.  Оның  қоғамдағы  объективті 

міндеттерінің мәні осында.  

Оқыту  процесінің  негізгі  мазмұнды  игеру  тетігі  –  өзара 

әрекеттестіктің  арнайы  формасындағы  мақсатты  ұйымдастырылған 

балалар  мен  ересектердің  бірлескен  іс-әрекеті,  олардың  мазмұнды 

танымдық әңгімелері. 

Түрлі  деңгейлерде  іске  асырыла  отырып,  оқыту  процесі  циклдік 

сипатқа  ие  болды.  Оқыту  процесінің  циклдері  дамуының  ең  негізгі 

көрсеткіштері,  басты  екі  мақсатқа  негізделіп  топталған,  педагогикалық 

еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары: 

Білім  беру  –  бұл  мақсат  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  тәсілін 

меңгеріп,  олар  арқылы  ғылым  негіздерін  игерулерін,  белгілі  бір 

білімдердің,  дағдылар  мен  іскерлікті  дамытып,  өздерінің  рухани,  кәсіби 

дағдыларды игеруін көздейді; 



Тәрбиелеу  –  әрбір  оқушының  ғылыми  көзқарасын,  адамгершілігін, 

белсенді  шығармашылығын  және  әлеуметті  кемелденген  жоғары 

адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. 

Оқытудың  мақсаттары  –  дамытудың  қоғамдық-тарих  тәжірибесінің 

жан-жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, 

өнер,  жалпы  және  дене  тәрбиесін  меңгеруге  бағытталған  мұғалімнің 



87 

 

педагогикалық  әрекеті  мен  оқушының  оқу-танымдық  өзара  бірлескен 



әрекетінен  ойша  күтілетін  түпкі  нәтиже.  Жалпы  мақсатта  қоғам 

ғылымның,  техникалық,  сондай-ақ  өндіргіш  күштер  мен  өндірістік 

қатынастардың дамуына сәйкес кетеді. 

Оқыту  педагогика  ғылымының  категориясы  ретінде  және  оқыту 

процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. 

Процесс  оқыту  жағдайларының  толық  педагогикалық  құбылыс  ретінде 

педагогикалық  іс-әрекеттің  үзіндісі,  актісі  ретінде  ауымып  отыруы.  

Іс-әрекет  ретінде  оқыту  ұғымымен  іс-әрекеттердің  шеңберін,  міндетін 

білдіретін «қызмет» ұғымы тығыз байланысты.  

Оқытудың  әлеуметтік,  педагогикалық,  психологиялық  мәні  оның 

қызметтерінен  біршама  анық  айқындалады.  Солардың  ішіндегі,  бірінші 

кезектегі  біршама  мәндісі-  оқушыларда  білімдерді,  дағдыларды  және 

шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім 

беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі – оқушылардың дүниетанымын 

қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті 

түрде  қоршаған  орта  жөнінде  ой  толғуына  біртіндеп    қалыптасады. 

Алдыңғы  екі  қызметімен  тікелей  байланыстағы  тұлғасын  және  оның  өз 

бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі). 

К.Ж.  Бұзаубақованың  зерттеу  еңбегінде:  «Үздіксіз  білім  беруде 

дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға 

белсенді  араласуға  бағыттайды,  практикалық  іс-әрекетке  дайындайды, 

өзінің  политехникалық,  кәсіби,  жалпы  білімі,  толық  дайындығын  үнемі 

жетілдіріп  отыруға  бағыттайды».  Заңдылықтар  объективті,  мәнді 

қажетті,  жалпы,  тұрақты  және  белгілі  бір  жағдайларда  қайталанып 

отыратын  өзара  байланыстарды  бейнелейді.  Феномен  мәнінің  қатаң 

түрде айқындалған ерекшеліктері – заңдарды құрайды. 

Оқыту процесінің заңдары: 

Оқушының  білімге  деген  ынтасына  оқытушы  әсерінің  сәйкестігі. 

Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге 

асыруға  жағдай  жасайды,  мұғалімнің  балаға  өмірде  қажет  болатын, 

оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді. 

Оқушының  танымдық,  ақыл-ой  және  басқа  да  мүмкіндіктеріне 

оқыту  әсерінің  сәйкестігі.  Бұл  заңдылық  мұғалімдерден  оқушылардың 

ерекшелігі  контингенттерін,  олардың  жеке  және  әлеуметтік  психологиялық 

ерекшеліктерін,  танымдық  мүмкіндіктерін,  сабақтың  және  сабақтан  тыс 

уақыттағы  қызығушылықтары  мен  мінез-құлықтарын  ескереуді  және 

оқу-тәрбие  әсерінің  балалардың  жеке  және  топтық  ерекшеліктеріне, 

олардың  жеке  және  ұжымдық  іс-әрекеттерінің  ерекшеліктеріне  сәйкес-

тендірілуді қадағалауды талап етеді. 

Педагогикалық  жүйелердегі  мақсат  қою  оны  анықтаумен  ғана 

шектелмейді, сонымен қатар, белгіленген мақсатты тарату (декомпозициялау), 

яғни,  ондағы  кіші  жүйелер  мен  элементтердің  қызметін,  олардың 

арсындағы  өзара  байланыстарын  ескере  отырып,  әрқайсысының  дербес 

мақсаттарын анықтауды да қамтуы тиіс. 



88 

 

Мақсат  қою  барысында  ескеретін  маңызды  мәселе-жобалық 



өзгерістердің  мақсаты  ретінде  жобаны  жүзеге  асырудағы  нәтижелер  де 

сонымен  қатар,  сол  нәтижелер  арқылы  қол  жеткізілетін  стратегиялық 

мақсаттар  берілуі  де  тиіс.  Оны  төмендегідей  мысалдармен  түсіндіре 

кетейік,  бірінші  мысал  білім  алушылар  үшін  жеткілікті  мөлшерде 

компьютерлердің  қойылуын  және  сабақта  оларды  кеңінен  пайдалануға 

жағдайлар  тудырылуын  көздейді,  бұл  жобаны  жүзеге  асыру  нәтижелері 

болып табылады. 

Бұл  нәтижелер  өз  кезегінде  белгілі  бір  стратегиялық  мақсатқа 

бағытталады,  яғни,  оқытуды  ақпараттандыру  нәтижесінде  білім  берудің 

сапасын  көтеру,  білім  алушылардың  жаңа  құзыреттіліктерін қалыптастыру, 

т.б. қамтамасыз етіледі.  

Келесі 


мысал: 

егер 


жобалау 

педагогикалық 

ұйымдарды 

басқарушылардың  құзыреттілігін  дамыту  мақсатында  жүзеге  асыратын 

болсақ,  оның  нәтижесі-басқарушылардың  белгілі  бір  құзыреттілік 

сапаларын  қалыптастыру  болады  да,  осы  нәтижелер  өз  кезегінде 

стратегиялық мақсатқа-педагогикалық жүйелерді заман талаптарына сай 

дамытуға бағытталады.  

Сөйтіп,  педагогикалық  жобалаудың  негізгі  нәтижелері  жобалар 

және бағдарламалар болып табылады. 

Педагогикалық жобалау қызметінің тиімділігі субъектілерді дамыту 

тұрғысынан  қарастырады.  өйткені,  біріншіден,  кез  келген  субъектінің 

бойында өзіндік дамытуды жүзеге асыратын барлық қасиеттері бар екені 

белгілі,  екіншіден,  педагогтардың  құзыреттілігін  дамыту  жалпы  білім 

беру ұйымының жаңа сапаға өтуінің факторы бола алады.  

Үшіншіден,  педагогикалық  әрекеттерді  басқару  субъектілерінің  өз 

бетімен  оқу  әрекеттерін  ұйымдастыру,  өмірдегі  өзгермелі  жағдайларды 

қабылдай  алу,  оған  даяр  болуды  қамтамасыз  ететін  басқарушылардың 

құзыреттіліктерін жобалау қызметі барысында жүзеге асыруға болады. 

Жобалауды  ұйымдастыру  кез  келген  ұйымда  дамытудың  факторы 

ретінде соңғы кездері қарастырыла бастады. Білім беру ұйымдарындағы 

қайта  құрулар  мен  өзгерістер  динамикасы  жобалаудың  өзектілігін 

арттыруда. 

 


Каталог: library -> pdf
library -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
library -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
pdf -> Правила для руководства ума Перевод М. А. Гарнцева правило 1
pdf -> Неджмент и технологии в эпоху глобализации 10-17 января 2014 г. (Bogmallo Beach Resort, Гоа, Индия) Том I bogmallo Beach Resort, 2014 2
pdf -> Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры
pdf -> Инновационные технологии в системе современного образования и воспитания павлодар, 2015 4
pdf -> Халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
pdf -> Бағдарламасы 19 желтоқсан 2015 ж

жүктеу 4.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет