Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры


    ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА



жүктеу 4.72 Mb.
Pdf просмотр
бет3/43
Дата25.04.2017
өлшемі4.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

 

20 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА 



МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫ ДАМЫТУ 

 

А.Қ. Әліпаева  

Т.П. Праслов атындағы ЖОББМ Прииртышск  

Железинка ауданы, Павлодар облысы

 

 

Қай  ұстаз  болмасын  өз  шәкіртінің  дұрыс  сөйлеп,  ойын  шебер 

жеткізе  білгенін  қалайды.  Бұл  орайда  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

мұғалімдерінің  рөлі  ерекше  деп  ойлаймын.  Баланың  сөз  мағынасын, 

сөйлеу  мәнін  ұғынуда  мәнерлеп  оқудың  да  маңызы  зор.  Әдебиетті 

оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек. Сондықтан да мен 

бұл жұмысымды «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәнерлеп оқуды 

дамыту»тақырыбында алып отырмын.  

Мәнерлеп оқу – әдебиетті талдаудың негізі, бастау көзі. Әрбір әдеби 

шығарманы  оқып  меңгерудің  басы  көркем  мәтінді  мәнерлеп  оқудан 

басталады.  

Мәнерлеп  оқу  –  әдеби  талдаудың  ешқайсысымен  алмастырылмайтын 

ерекше  қабылдау  үдерісі  болып  табылады.  Әр  буында,  әр  сөзде,  сөз 

тіркесінде,  әрбір  сөйлемде  орныққан  интонация  сол  сөзді  айтып  тұрған 

кейіпкердің  жан-дүниесін  мәнерлеп  оқып  тұрған  оқушыға  бірден 

ұғындыратыны сөзсіз.  

Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  стандартында  бастауыш  сатыдағы  «Ана  тілі»  пәнінің 

негізгі  міндеттерінің  бірі  ретінде  «Оқушылардың  оқу  дағдыларын 

қалыптастыру  (дауыстап  оқу  мен  іштей  оқу;  дұрыс  оқу,  саналы  оқу, 

мәнерлеп  оқу)»  екендігі  аталып  өтілген  (1,49).  Бастауыш  сынып 

оқушыларын  дұрыс  оқуға  үйрету  үшін  қойылатын  талаптың  бірі  – 

мәнерлеп  оқу.  Дауыс  интонациясын  сақтап  оқығанда  ғана  бала  дұрыс 

оқиды  әрі  оқығанын  түсінеді.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  оқудың 

сапалары бірімен-бірі тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады.  

Түсініп  оқу  үшін  дұрыс  оқу  керек.  Мәнерлеп  оқу  үшін  оқып 

отырғанын  түсініп  оқу  керек.  Мәнерлі  оқылмаса,  дұрыс  оқыды  дей 

алмаймыз. Ендеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу 

кезеңінен  басталады.  Сауат  ашу  кезеңінің  дайындық  сатысынан  бастап 

сөйлеуге  үйретеміз.  Ал  оның  басты  үлгісі  –  мұғалімнің  өзінің  дауыс 

интонациясы  арқылы  сөйлем  не  мәтіндегі  негізгі  ойды  жеткізу, 

мазмұндық  ой  екпінін  қоя  білу,  кейіпкер  көңіл-күйін  сезіне  оқу. 

Профессор  С. Рахметованың  анықтамасына  сүйенсек,  «мәнерлеп  оқу 

дегеніміз  –  дауыс  интонациясы  арқылы  автордың  ойын  білдіру, 

мазмұндық  ой  екпінін  дұрыс  қоя  білу,  ақырында  оқығанды  түсініп, 

кейіпкердің  көңіл  күйін  сезіне  оқи  білу».  Мен  зерттеу  жұмысымда  осы 

анықтаманы  басшылыққа  ала  отырып,  мәнерлеп  оқуды  қарапайым 

сөйлеу  тіліне  жақын,  еркін  оқу,  дауысты  құбылтып,  тыңдаушысына 

әсерлі етіп жеткізу деген тұжырымға сүйенемін.  



21 

 

Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек  поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу 



деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 

әрбір  қарапайым  сөйлемді  дұрыс  нақышына  келтіре  оқи  білу,  әрбір 

кейіпкер  сөзін  сол  кейіпкер  бейнесінде  толғай  білу,  әрбір  мақалдың 

негізгі  ойын  дұрыс  айтып  жеткізе  білу,  әрбір  өлең  жолдарын  мәнімен, 

ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу  жолдарын үйретуге тырысамын. 

Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе 

өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек. 

Екіншіден, әрбір  тыныс  белгісінің  мәнін  ұғып,  соны  дұрыс  пайдалана 

білуі тиіс. 

Үшіншіден,  өлең  сөздің    ұйқас  ырғақтарын,  бунақ  тармақтарын 

ажырата  білуі  керек.  Демек,  бұдан  келіп  шығатын  қорытынды  нағыз 

мәнерлеп  оқи  білетін  бала  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  теориясынан  толық 

білімді  болып  шығады  екен.  Бұлай  дейтін  себебіміз,  егер  оқушы  қазақ 

тіліндегі  тыныс  белгілерін  (пунктуация)  не  үшін  қойылатынын,  әдебиет 

теориясында  теңеу,  эпитет,  метонимия,  метафора,  т.б.  сияқты  ұғым-

дардың  қандай  жерлерде  не  мақсатпен  жазылатынын  білмесе,  онда 

оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді. 

Міне, бұл жолдарды оқығанда оқушы сыр сандықтың адамның жан 

дүниесі  (метофора),  сым  перненің  көңіл  –  күйі  (метафора)  және  әр 

шумақтың бунақ, тармақтан тұратынын  ажырата білуі керек, сонда ғана 

ол  ақын  жанын  түсініп,  сезіміне  еніп,  тыңдаушы  жүрегіне  сол  сұлу 

сазды, сырлы назды жеткізе алады.  

М. Әуезовтың «Көксерегінде» Құрмаштың әжесінің мына бір сөзіне 

назар аударайықшы:  

« Түу, мына кәпірдің екі көзі жап – жасыл боп кетіпті – ау, тұқымын 

сезген  екен  мына  жүзіқара;  Қой,  балам,  енді  мұны  өлтіріп,  терісін 

алайық», – деп еді.  

Бұл сөйлемді оқығанда оқушы ең алдымен көпті көрген көне көздің 

байқағыштық  қасиетін  көре  білуі  тиіс,  екіншіден,  бұл  сөйлемнің  иесі 

жас  адам  емес,  қарт  әже  екенін  ұмытпауы  керек,  үшіншіден,  қасқыр 

тұқымының  жыртқыштық  қасиетін  жан  –  дүниесімен  сезінуі  қажет. 

Сонда  ғана  қарт  әженің  аузынан  шыққан  бір  ауыз  құдіретті  сөз 

тыңдаушысына өз мәнінде жетеді.   

Енді осы қасиеттерді балаға қалай меңгертуге болады? Ол үшін мынадай 

сызбаны (1 сызба) негізге ала отырып, келесі жұмыстарды жүргіздім: 

– мәтінді  жанрына  қарай  өзім  оқып,  таныстырамын;  –  тыныс 

белгілерінің қойылу ерекшеліктерін сұрап, білгенін өзім түсіндіріп өтемін: 

– оқушыға  іштей  оқытып,  сөйлем  немесе  шумақ  мазмұнын  ұғып 

алуына мүмкіндік беремін.  

– жеке-жеке оқушыға даралап оқыттырамын; 

– балаларға  кезекпен  немесе  барлық  сынып  оқушыларына  бірден 

дауыстап оқытамын ( бұл, әсіресе, төменгі сыныпқа қолайлы);  

– егер  кейіпкер  сөзі  не  диалог  болса  баланың  сол  бейнеге  енуіне 

жағдай жасаймын; 



22 

 

– теледидардан  берілетін  кештер  мен  айтыстарды  үнемі  көріп 



отыруын тапсырып, қадағалаймын; 

– тек  оқулық  көлемімен  шектелмей,  өздерінің  ұнатқан  шығармаларын 

жаттап,  сынып  алдында  айтуына  мүмкіндік  беремін  (бұл  баланың 

ізденуіне мүмкіндік);  

– мәнерлеп  оқуды  өте  жақсы  меңгерген  оқушыларды  сынып 

алдында жеке оқытамын, әр түрлі шараларға қатыстырып отырамын;  

– баланың  бет  –  қимылын  қозғалысын  қалыптастыруға  бағыт 

беремін (бұл баланың алға ұмтылуына, талпынуына жағдай жасайды).  

Бұл талаптарды жаңа сабақтарда, блок сабақтарында, үй тапсырмаларын 

сұраған кезде жүзеге асырып отырамын.  

Көркем  шығарманы  мәнеріне  келтіріп,  әсерлі  оқу  үшін  ең  алдымен 

дыбыстау  мүшелерінің  қызметіне,  әр  дыбыстың  жасалуына,  естілуіне, 

оқылуына  баса  назар  аударып,  түрлі  жаттығулар  жасатып  отырған  жөн. 

Оқудың,  сөйлеудің  мәнерлі  болуы  дұрыс,  еркін  дем  алуға  байланысты. 

Оқу процесіне ауаны керегінше жұтып, сыртқа бірден сарқып шығармай, 

ерікті  түрде  дем  алып,  орынды  пайдалана  білсек,  бұл  мәнерлі  оқудың 

негізгі құралы болмақ. 

Мәнерлі  оқуда  дауыстың  маңызы  зор.  Дауыс  сөйлеу  мүшелері  мен 

ауаның  бір-біріне  соқтығысуымен  жасалады.  Соның  ішінде  дауыстың 

ажыратылуы дауыс шымылдығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдығына 

пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады. 

– мұғалім  әңгімелесу  үлгісінің  бірнеше  түрлерін  магнитофон 

таспасына жазып алып тыңдатуына болады; 

– сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін 

дұрыс  түсіндіру.  Ол  үшін  мұғалім  әрине,  сөйлеу  техникасына  нелер 

жататынын білуі  тиіс. Сөйлеу техникасына мыналар жатады: тыныс алу 

(ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция. 

Дыбыстау мүшелері негізі үш бөліктен тұрады: 

1. Өкпе 

2. Тамақ 

3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы) (3). 

Өкпенің  атқаратын  қызметі  өте  зор.  Өкпе  кеуде  кеңістігіне 

орналасқан тыныс мүшесі. Ауаны ішке таратқанда өкпе үлкейіп, кеудені 

керіп  тұрады  да,  ауаны сыртқа  шығарғанда  семіп  қалады.  Оқудың, 

сөйлеудің  әсерлі  де  мәнерлі,  құлаққа  жағымды  естілуі  тек  қана  дұрыс, 

еркін  дем  алуға  тікелей  байланысты.  Еркін  дем  алмаған  жағдайда  сөз 

анық  естілмей,  сөйлем  мағынасы  сақталмай,  бір  сөйлемнің  аяғы  екінші 

сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату 

қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу, еріксіз дем алу болып 

бөлінеді. 

Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның 

жоғарғы  жағы көтеріліп,  қабырғаның  төменгі  жағындағы  бүлкілдек 

еттері (диафрагма) қозғалысқа түседі.  


23 

 

Еріксіз  дем  алу  көбіне  сөйлеу  тілінде  асығыстықтан,  жүріп  келе 



жатып сөйлегенде жиі кездеседі. 

Сөйлеу  мүшелерінің  физиологиялық  құрлысында  кемшіліктер 

болмаса,  дауыс  таза,  күшті  шығады.  Ал  сөйлеу  мүшелерін  күтпей, 

суыққа  шалдырса,  дауыс  қырылдап,  өз  дауысы  немесе  міңгірлеп, 

түсініксіз болуы мүмкін (4). 

Әр  адамның  өз  дауысы  болады,  өйткені  әр  адамның  өзінше 

анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар. 

Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр. 

Сөйлеу,  не  оқу  кезінде  дауыс  күші  бірде  жоғары,  бірде  төмен 

болады. Мысалы: құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр. 

Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола береді 

деген  сөйлемдерде  көтеріңкі  дауыстап  оқылатын  сөздер  –  бір  сыныпта, 

күн  сайын,  екіге,  ал  жай,  төмендеп  оқылатын  сөздер  –  құмырсқа  мен 

қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі. 

Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны (темпі) орташа болып келеді. 

Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды. 

Ал  дауыстың  тембрі  (құбылуы)  тыңдаушыға  әсер  ететіндей  болуы 

керек.  Құбылта  оқу  шығарманың  мазмұнына  дұрыс  түсінгенде  ғана 

іске аспақ. 

Дауыстың  құбылуын,  әсіресе  мысал  жанрында  берілген  көркем 

шығармаларды  оқығанда  анық  байқауға  болады.  Мәнерлеп  оқуда 

дикцияның  мәні  зор.  Дикция  сөйлеудің  тазалығы  мен  ашықтығы. 

Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің,  дикция  ашық,  таза  болуы  керек, 

сөйлеу  тілінде  мүкіс  болмауы  керек.  Ол  үшін  мұғалім  дыбыстардың 

жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сөйлеу барысында оны дұрыс 

қолданып,  оқушыларынан  да  соны  талап  етіп,  түрлі  артикуляциялық 

жаттығулар  жасап  отырғаны  жөн.  Мәнерлеп  оқуда  дауыс  ырғағы-

интонацияның  орны  бөлек.  Көркем  сөз  оқушы  адамның  шығармадағы 

кеціпкерлердің  көңіл-күйі,  ішкі  сезімін,  жан-дүниесін  тыңдаушыға  

сан  алуан  дауыс  сазы  арқылы  жеткізуін  интонация  дейміз.  Интонация 

дұрыс  болу  үшін  оның  элементтерін  дұрыс  бір-бірімен  ұштастыра 

пайдалануымыз керек. 

Олар  дауыс  күші,  тембрі,  екпін,  пауза  түрлері  сөйлеу  (мелодия) 

нормативтік дауыс ырғағы. 

Дауыстың  күші,  темпі  (қарқын),  тембрі  туралы  жоғарыда  түсінік 

беріліп  кетті.  Енді  қалған  элементтеріне  қысқаша  түсінік  берелік. 

Интонацияны  сақтауда  кідірістерді  дұрыс  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Кідірістер  (пауза)  логикалық,  психологиялық,  грамматикалық  болып 

үшке бөлінеді. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болатын жеке сөз, 

не  сөз  тіркестері  болады.  Бұл  сөздер  сөйлемдегі  басқа  сөздер  мен  сөз 

тіркстерінен  көтеріңкі  оқылып,  тыңдаушының  назарын  өзіне  аударады. 

Мұндай  сөйлем  ішіндегі  мағына  жағынан  мәні  басым  сөздерге 

логикалық  екпін  түсіріліп,  логикалық  кідіріс  жасалып,  мәнерлі  оқылуы 

керек.  Мысалы,  Сүлеймен  деген  патша  кірпі  мен  қарғаға  былай  деп 

бұйрық береді: 


24 

 

– Сен,  қарға,  бір  күнде  жер  дүниені  аралап,  жақсы  сайрайтын  құс 



тап. (Қазақтың халық ертегісінен). 

Бұл  сөйлемде  логикалық  кідіріс  «Сүлеймен  деген  патша»,  «сен, 

қарға»,  «бір  күнде»  деген  сөз  тіркестерінен  соң  жасалады.  Өйткені,  ой 

екпіні осы тіркестерге түсіп тұр. 

Логикалық  кідіріс  жасап,  ой  екпінін  дұрыс  білу  үшін  сөйлем 

мағынасына,  сөйлемдегі  сөздердің  бір-бірімен  грамматикалық  байланысын 

таба білу керек. 

Психологиялық кідіріс текстің мазмұн-мағынасына, ондағы кейіпкердің 

іс-әрекетіне,  оның  көңіл-күйінің  құбылуына  байланысты  оқылады.  Мәтінді 

оқығанда  психологиялық  кідіріс  дұрыс  жасалса,  тыңдаушы  әрі  қарай  не 

болатынын тағатсыздана күтеді. 

– «Біраз  сайрасам  қайтеді?...»,  –  деп  ұмтыла  бергенде,  бұлбұл  пыр 

етіп ұша жөнеліпті («Мақтаншақ жолбарыс»). 

– Бұл  мысалда  психологиялық  кідірістер  «сайрасам  қайтеді», 

«жолбарыс», «сайрағанды көрсетейін» деген тіркестерден кейін қойылады. 

Грамматикалық  кідірістер  –  тыныс  белгілеріне  байланысты 

қойылатын  кідірістер.  Жазуда  белгілі  бір  нормативті  басшылыққа  ала 

отырып  сөйлемге  тыныс  белгілерін  қоямыз.  Тиісті  тыныс  белгілерін 

сөйлемнің мән-мағынасына байланысты қою – сауаттылықтың негізі. Ал 

осы сөздерді  оқуда  тыныс  белгі  қойылған  жерге  грамматикалық  немесе 

нормативтік  кідіріс  жасау  мәнерлеп  оқудың  негізгі  шарты.  Әрбір  тыныс 

белгіге  кідіріс  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Хабарлы  сөйлемнің  соңында 

қойылатын  нүкте  кілт  тоқтамай,  сөз  соңындағы  сөз не  тіркес  баяу 

созылыңқырай  оқытылады.  Сол  сияқты  бастауыштан  кейін  қойылатын 

сызықшаға  арнайы  тоқталып,  кідіріс  жасамаса,  бастауыштың  синтаксистік 

қызметінің  өзгеріп  кетуі  мүмкін.  Ол  –  инженер  Асыл.  Ол  инженер  – 

Асыл.  Бірінші  сөйлемде  ол  сөзі  бастауыш  болса,  екінші  сөйлемде 

анықтауыш қызметін атқарып тұр. 

Оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшаңдығына, икемділігіне 

қойылатын талаптың бірі – оқушылардың бір минутта оқу жылдамдығының 

сөз санымен берілуі. 

Мысалы:  1-сыныпта-15-20сөз, 2-сыныпта-25-30  сөз, 3-сыныпта-60-

75 сөз, 4-сыныпта-80-90 сөз (5). 

Қорыта  келгенде,  «Сөйлеудің  екі  түрі  болады:  бірі  –  жалаң,  

екіншісі  –  көрнекі.  Көрнекі  сөйлеуді  жырлау  –  толғау  дейміз.  Жырлау  – 

толғауда  айтылатын  әсерлі  сөзді  дарынды  сөз  деп  айту  қолайлы.  Сөздің 

асыл  болуы  –  адамға  ұнауымен.  Сөз  мағына  жағынан  күштілігімен, 

көркемділігімен,  ұнайды»,  –  деп,  А.  Байтұрсынов  айтқандай,  мәнерлеп 

оқу  жолдарын  толық  меңгерген  оқушы  «сөз  асылын»  табатын,  «сөз 

мағынасын»  ұғатын,  «дарынды  сөзді»  тани  білетін  тұлға  болып 

қалыптасады.  

 

 



25 

 

Әдебиет 



 

1. Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білімнің  мемлекеттік  стандарты.  –

Алматы,РБК. 2002 ж. 

2. Рахметова С.  Қазақ  тілі  әдістемесінің  теориясы  мен  технологиясы.  – 

Алматы, «Абай атындағы ҚазҰПУ», 2007 ж. 

3. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 1997 ж. 

4. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. – Алматы, «Мектеп», 1992 ж. 

5. Қазақстан Республикасы  бастауыш  білім  беру  бағдарламалары.  –  Алматы, 

«Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА», 2002 ж. 

6. Рахметова С., 

Қабатай Б. 

2-4-сыныптарға 

арналған 

«Ана 


тілі» 

оқулықтары. – Алматы, «Атамұра», 2000-2004 ж.ж. 

7. Абай. Қалың елім қазағым. – Алматы, «Атамұра», 2002 ж. 

 

 



ДЕЯТЕЛЬНОСТНЫЙ ПОДХОД В ОБУЧЕНИИ КАК ФАКТОР 

РАЗВИТИЯ ЛИЧНОСТИ МЛАДШЕГО ШКОЛЬНИКА 

 

А.К. Арынова   



КГУ средняя школа №8, г. Аксу, Павлодарская обл.  

 

Предмет  нашей  гордости  в  прошлом  –  большой  объём  фактических 



знаний  требует  переосмысления,  поскольку  в  современном  быстро 

меняющемся  мире  любая  информация  быстро  устаревает.  Необходимыми 

становятся  не  сами  знания,  а  знания  о  том,  как  и  где  их  применить.  Но 

ещё  важнее  знание  о  том,  как  информацию  добывать,  интепретировать, 

преобразовывать. 

Цель  обучения  –  дать  человеку  умение  действовать,  а  знания 

должны стать средством обучения действиям. 

Деятельностный  подход  в  обучении  с  позиции  обучающегося, 

согласно  этой  теории,  состоит  в  осуществлении  разного  вида 

деятельностей  для  решения  проблемных  задач,  имеющих  для 

обучающегося 

личностно-смысловой 

характер. 

Учебные 


задачи 

становятся  интегративной  частью  деятельности.  При  этом  важнейшей 

составляющей действий являются действия умственные. 

Для  учителя  это  означает,  что  в  процессе  обучения  он  должен 

решать  задачу  формирования  у  обучаемых  умения  осуществлять 

деятельность. 

Функция  учителя  при  деятельностном  подходе  проявляется  в 

деятельности по управлению процессом обучения.  

Моя  задача  при  введении  нового  материала  заключается  не  в  том, 

чтобы всё наглядно и доступно объяснить, показать и рассказать. Мною 

организована работа детей так, что они сами решают учебную проблему 

на уроке и сами объясняют, как надо действовать в новых условиях.  

Для  себя  составила  модель  урока  на  основе  деятельностного 

подхода к обучению, который  предполагает следующие шаги: 



26 

 

– наличие  у  детей  познавательного  мотива  (желания  узнать, 



открыть,  научиться)  и  конкретной  учебной  цели  (понимания  того,  что 

именно нужно выяснить, освоить);  

– выполнение учениками определённых действий для приобретения 

недостающих знаний; 

– выявление  и  освоение  учащимися  способа  действия,  позволяющего 

осознанно применять приобретённые знания; 

– формирование  у  школьников  умения  контролировать  свои 

действия – как после их завершения, так и по ходу; 

– включение  содержания  обучения  в  контекст  решения  значимых 

жизненных задач. 

Таким  образом,  для  успешного  протекания  учебной  деятельности 

необходим  мотив,  цель,  конкретные  действия  и  операции,  контроль  и 

оценка  результата. 

Последовательно  рассмотрим  все  те  условия,  соблюдения,  которых 

этот подход требует. 

1. Особое внимание уделяю развитию учебно-познавательных мотивов. 

Считаю,  что  в  соответствии  с  деятельностным  подходом  процесс 

усвоения  начинается  не  с  предъявления  ученику  образца,  готовых 

сведений,  а  с  создания  учителем  такой  учебной  ситуации,  которая 

вызвала  бы  у  детей  потребность,  желание  узнать  эти  сведения  и 

научиться ими пользоваться.   

В своей работе чаще всего использую следующие способы мотивации 

деятельности детей: 

вопросы, суждения, ошибки персонажей, введенных в учебник; 

задания, для выполнения которых недостаёт знаний;  

заголовки-вопросы;  

прием «Ситуация неожиданность»; 

приём «Отсроченная отгадка»; 

приём «Прогнозирование»; 

прием «Актуальность»; 

проблемная ситуация. 

Предложенные приёмы результативны, интересны и доступны моим 

ученикам.   Процесс  целеполагания  формирует  не  только  мотив, 

потребность  действия,  но  и  учит  целеустремленности,  осмысленности 

действий  и  поступков,  развивает  познавательные  и  творческие 

способности.  Ученик  реализует  себя  как  субъект  деятельности  и 

собственной  жизни.  Процесс  целеполагания  –  это  коллективное 

действие,  каждый  ученик  –  участник,  активный  деятель,  каждый 

чувствует  себя  созидателем  общего  творения.  Дети  учатся  высказывать 

свое мнение, зная, что его услышат и примут. Учатся слушать и слышать 

другого, без чего не получится взаимодействия. 

2. Выполнение  учениками  определённых  действий  для  приобретения 

недостающих знаний. 


27 

 

Сущность второго условия реализации деятельностного подхода, на 



мой взгляд, заключается в том, чтобы не давать знания в готовом виде, а 

дать возможность создать ситуацию поиска.  

Названное условие тесно связано с первым, оно как бы продолжает 

его:  возникла  необходимость  в  новой  информации  –  предпринимаются 

шаги  для  её  приобретения,  поэтому  уроки,  считаю,  целесообразно 

моделировать  в  исследовательской  технологии.  Прежде,  чем  ввести 

детей  в  собственную  исследовательскую  деятельность,  знакомлю  их  с 

методикой  исследования.  Для  этого  провожу  тренировочное  занятие  и 

знакомлю  с  общей  схемой  (тема,  план  исследования,  сбор  информации, 

обобщение полученных данных, доклад): 

– подумать самостоятельно; 

– понаблюдать; 

– спросить у другого человека; 

– посмотреть в книгах; 

– посмотреть по телевизору; 

– получить информацию из компьютера; 

– провести эксперимент. 

Считаю,  что  необходимо  подчеркивать  важность  планирования 

любого дела и точно ему следовать. 

Рекомендую  ребятам  высказать  сначала  свои  предположения, 

попробовать самим ответить.  

Методы  исследования,  адресующие  учащихся  к  познавательной  и 

справочной литературе, к словарям, ресурсам Интернета, позволяют мне 

решать новую для образования проблему: подготовить человека, умеющего 

находить и извлекать необходимую ему информацию.  

В  ходе  поиска  ученики  строят  предположения,  обдумывают  способ 

их проверки, проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, 

обобщают,  доказывают,  делают  выводы.  Это  вершина  урока,  ученики 

заряжены на активный поиск. 

3. Третье  условие  деятельностного  подхода  к  обучению  связано  с 

выявлением  и  освоением  учащимися  способа  действия,  позволяющего 

осознанно применять приобретённые знания. 

Этап воспроизведения (проговаривания) знаний имеет двоякий смысл: 

углубляет  понимание  полученных  знаний  и  обеспечивает  развитие 

речи  учащихся.  Выполняя  задание,  ученик  самостоятельно  и  по-своему 

выражает  понятое  на  уроке  знание  и  полученный  продукт  представляет 

классу. 

В  процессе  такого  обучения  школьники  учатся  мыслить  логично, 

научно, диалектически, творчески; добытые ими знания превращаются в 

убеждения; они испытывают чувство глубокого удовлетворения, уверенности в 

своих  возможностях  и  силах;  самостоятельно  добытые  знания  более 

прочные.    



28 

 

Стараюсь  включать  в  учебный  процесс  работу  с  моделями  разного 



вида:  предметные  и  условные  изображения,  символические  записи. 

Считаю,  что  применение  учебных  моделей  существенно  меняет 

отношение  к  учебному  предмету,  делает  учебную  деятельность  более 

осознанной  и  продуктивной.  В  процессе  моделирования  мои  ученики 

проявляют «внутреннюю активность», вынуждены сравнивать, анализировать, 

классифицировать,  обобщать,  выполнять  практические  (предметные  и 

графические действия).  

4. Важной  частью  процесса  обучения  является  контролирующая  и 

оценочная деятельность. 

Главное  внимание  сосредотачивается  на  создании  условий,  в 

которых  индивидуальный  результат  учебной  деятельности  каждый 

обучающийся  видит  сам  и  сам  его  оценивает  в  сравнении  собой 

вчерашним,  что  дает  возможность  продемонстрировать  успех  в 

обучении,  обеспечить  эмоциональный  комфорт  в  учебном  процессе, 

стимулирующий на решение более сложных задач. 

В процессе самоконтроля и самооценки предусматривается работа и 

общение  в  паре  «ученик  –  ученик».  Главным  действующим  лицом 

является ученик.  

Самооценка  позволяет  ребенку  учиться  оценить  свои  результаты 

объяснить,  почему  он  выполнял  задание  тем  или  иным  способом, 

взаимооценка  и  оценивание  других  групп  позволяет  ему  дать  оценку 

работе всей группе (паре) и пояснить, почему группа (пара) справилась, 

либо не справилась с заданием. 

Способность  к  самоконтролю  в  учебной  деятельности  выступает 

как  умение  самостоятельно  отслеживать  собственный  путь  к  достижению 

поставленной учебной цели, к результату. 

5.  Включение  содержания  обучения  в  контекст  решения  значимых 

жизненных задач. 

Проектная  деятельность  предоставляет  детям  возможность  увидеть 

практическое применение добытых ими знаний.   

На  мой  взгляд,  проектная  работа  не  может  осуществляться  без 

помощи  семьи.  Поэтому  в  своей  работе  использую  следующие  формы 

работы с семьей: 

– родительские собрания; 

– индивидуальные консультации; 

– открытые уроки для родителей; 

– совместное проведение праздников. 

Семья  наравне  с  учителем  становится  главным  помощником 

ученика.  Тем  самым  осуществляется  взаимодействие  школы  и  семьи, 

целью которого является развитие и воспитание ребенка.  

Оказалось,  что  совместная  деятельность  родителей  и  детей  не 

только объединяет всех, но и дает возможность родителям посмотреть на 

своего ребенка другими глазами, ощутить радость совместного творчества. 


29 

 

Реализации  данного  условия  способствуют  вопросы  и  задания, 



связанные  с  их  жизненным  опытом  и  направленные  на  развитие 

рефлексии:  «Как  бы  поступил  ты?  Почему?»,  «Вспомни,  не  было  ли  в 

твоей жизни такой ситуации? Расскажи об этом»,  «Вспомни те мысли из 

этого произведения, которые кажутся тебе важными для твоей жизни». 

Опыт  моей  работы  сопровождается  диагностической  методикой 

Репкиной.  Результаты  дают  возможность  увидеть,  как  идет  процесс 

становления  учебной  деятельности  школьника,  выделить  успехи  и 

продвижения  от  года  к  году,  определить  проблемы  и  трудности. 

Отслеживание  динамики  развития  каждого  компонента  учебной 

деятельности  позволяет  увидеть  –  осуществляется  ли  переход  с  одного 

уровня,  где  нужна  помощь,  на  что  обратить  особое  внимание,  какой 

компонент  необходимо  формировать.  Оценка  учебной  деятельности 

существенно  дополняет  информацию  о  продвижении  ребёнка  в 

образовательном процессе. 

 

Уровни сформированности учебно-познавательного интереса 


Каталог: library -> pdf
library -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
library -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
pdf -> Правила для руководства ума Перевод М. А. Гарнцева правило 1
pdf -> Неджмент и технологии в эпоху глобализации 10-17 января 2014 г. (Bogmallo Beach Resort, Гоа, Индия) Том I bogmallo Beach Resort, 2014 2
pdf -> Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры
pdf -> Инновационные технологии в системе современного образования и воспитания павлодар, 2015 4
pdf -> Халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
pdf -> Бағдарламасы 19 желтоқсан 2015 ж

жүктеу 4.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет