Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры



жүктеу 4.72 Mb.
Pdf просмотр
бет2/43
Дата25.04.2017
өлшемі4.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА  

ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ 

 

Р.Н. Абуханова  

Білім беру жүйесінің басшы және 

ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын 

республикалық институты «Өрлеу», Алматы қ. 

 

 

Елбасымыздың тікелей тапсырмасы бойынша ең озық халықаралық 

тәжірибені  қолдана  отырып,  Қазақстан  Республикасы  педагогтарының 

біліктілігін  арттырудың  бағдарламасын  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» 

Педагогикалық шеберлік орталығы әлемге әйгілі Кембридж университетімен 

бірлесіп  құрды.  Бұл  бағдарлама  үш  деңгейде  жүзеге  асуда:  үшінші  – 

орта, екінші – негізгі, бірінші – жоғары деңгей. Кембридж университетінде 

кең  қолданылатын  оқытудағы  интербелсенді  әдістер  осы  бағдарлама 

негізінде  Қазақстан  мектептерінде  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

арқылы тәжірибеге енгізілуде. Біліктілікті арттыруды жаңартудың мақсаты – 

осы  саладағы  шетелдік  озат  тәжірибені  тарату.  Бұл  халықаралық 

біліктілікті  арттыру  ресурстарына  енуге  мүмкіншілік  жасайды  және 

тәжірибе алмасуға жағдай тудырады. 

Қазақстандық және шетелдік тренерлер бірлесіп қызмет етіп жүрген  

«Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының  миссиясы  –  педагог 

кадрлардың 

біліктілігін 

корпоративті 

басқаруды 

әлемдік 


және 

Қазақстандық  тәжірибе  негізінде  арттыру.  Мақсаты  –  педагогтардың 

кәсіби  құзыреттілігін  және  педагогикалық  шеберлігін  дамыту  деп 

білеміз.  Бұл  құрылым  –  кадр  мәселесі  шешілген  және  материалдық-

техникалық базасы толықтырылған педагогтардаң біліктілігін арттыруды 

сапалы  қамтамасыз  ететін  ұйым,  осымен  қатар  қазіргі  таңда  барлық 

аймақтық  біліктілікті  арттыру  институттарына  алдыңғы  қатарлы  озық 

технологияларды таратуға мүмкіндік тудырушы ұйым болып отыр.  

Қазақстан  педагогтарының  біліктілігін  арттыру  үш  айлық  курс 

оқулары  әлемге  әйгілі  Кембридж  университеті  және  Педагогикалық 

шеберлік орталығы (Астана қ.) мен  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық  

орталығында (Алматы қ.) «Бетпе-бет» бағдарламасының  оқу мен оқыту 

тәсілдері  жеті  модуль  арқылы  іске  асуда.  Қазақстанның  әр  аймағынан 

жиналған  ұстаздар  үлкен  жауапкершілікпен,  бар  ынты-жігерімен  осы 

бағдарламаны  оқып  үйренуде.  Үш  айда  өткізілген  жұмыс  мазмұны 

зерттеуші  мұғалімдердің  күнделіктерінде  және  жазған  пікірлерінде 

көрініс  тапты,  курс  тыңдаушылары  курс  оқуларынан  алған  әсерлерін 

республикалық  басылымдарда  жариялап,  көпшілікпен  тәжірибе  бөлісуде. 

Зерттеу  бойынша  біліктілікті  арттыру  курс  бағдарламасының  алынған 

тақырыптары диалог  әдісі,  іскерлік  ойын,  тренинг,  пікір  алмасу,  рефлексия 

жасау, т.б. түрінде өтуде. Бұл тәсіл  интеллектуальді және кәсіби дағдыларды 

дамытуда  қолданылады.  Бірлесіп,  топтық  жұмыс  жасай  отыра,  әр  адам 

кәсіби шығармашылық ізденісінде өзіндік өрнек қалдыруы көзделеді.  


13 

 

Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курстарын  өткізу  барысында 



шетелдік және Отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдауға және 

оны  тәжірибеде  қолдануға,  шетелдік  мамандармен  кәсіби  байланыста 

болуға көп көңіл бөлдім.  Шетелдік әріптестеріммен сабақ жоспарларын 

құруда  алдымен  тиісті  тақырыпқа  байланысты  материалдарды  жинап, 

соның  ішінен  маңызды  деген  ақпараттарды  таңдап,  порталда  берілген 

сабақ  жоспарларын  кеңейтіп,  дамытып,  оны  аудитория  қажеттілігіне 

бағыттап  құруға  тырыстық.  Сол  жоспар  бойынша  сабақты  бірігіп 

өткізіп,  нәтижесін  талдап,  қорытындылап  отырдық  та,  келесі  күнге 

жаңартылған,  барлық  жетістіктер  мен  кемшіліктері  ескерілген  жоспар 

жасалынып  отырды.  Бұл  кезең  менің  тәжірибемде  ұмытылмас,  нағыз 

шығармашылық  сәт  болды.  Мен  шетелдік  әріптестерімен  зор  алғысымды 

білдіремін  және  оларды  әрқашан  да  жылы  сезіммен  еске  аламын. 

Әсіресе  халықаралық  кеңесші  тренерлер  Майк  Смитт  пен  Филипп 

Стивенсон курс оқуларындағы бөліскен тәжірибесінің зор ықпалы болды.   

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Шетелдік әріптестер арасындағы кәсіби  әңгіме 

 

Халықаралық кеңесші – 

тренер Майк Смитт. 

Халықаралық кеңесші – 

тренерФилипп Стивенсон 

 

Бірлесіп  құрған  кәсіби  жоспар  бойынша  мұғалімдерге  оқыған 



дәрістерімді  бастарда  және  тренинг  жүргізер  алдында  топпен  жұмыс 

істеудің тиімділігін атап, түсіндіріп отырдым. Топтық жұмыс кезінде топ 

мүшелері  өздері  қабылдаған  топ  ережелерін  ұмытпауларын  өтіндім. 

Тыңдаушыларымның  шағын  топтарда  өз  құрбыларымен  жұмыс  істеуге 

ынталандырып  отырдым:  олар  ортақ  тақырып,  ортақ  мақсат,  ортақ  идея 

құра  отырып,  өз  ойларын  ортаға  салып,  жорамал  айтып,  зерттеуге 

бейімделіп,  бір-бірін  тыңдады,  пікір  алмасты,  ақпарат  жинады  және  өз 

ойларын ортаға салды. 

Тыңдаушыларымның  сыни  тұрғыда  ойлау  қабілетін  дамыту  үшін 

топтағы  жағымды  психологиялық  ахуалдың  маңызы  зор.  Сыныпта 

топтық, жұптық жұмыс кезінде, тыңдаушылар белсенділік танытуы үшін 

ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керек. Ол  үшін:  



14 

 

– әртүрлі мазмұнда  креативті тренингтер жүргізу; 



– «Барлық  пікір  құнды»  ұстанымын  қолдану,  енжар  адамдардың 

белсенділігін ояту; 

– топтық  және  жұптық  тапсырмалар  арқылы  қызығушылықты 

арттыру; 

– өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеуге үйрету; 

– рефлексия жасау, т.б. 

Дәріс барысында оқу мен оқытудың ынтымақтастық атмосферасын 

құру арқылы әркім өзін сабақ үстінде еркін ұстауына, ойын ашық айтуға, 

сұрақ қоя білуіне және өзге адамдар назарын өзіне аударып, өзін тыңдата 

алуына  т.б.  өзіндік  ерекшеліктерімен  көзге  түскеніне  куә  болдым  және 

осындай  жетістіктеріне  іштей  қуанып,  олардың  әр  қадамын  құптап 

отырдым.  Зерттеуші  ғалым  Шордың  айтуы  бойынша,  мұғалімдер  мен 

оқушылардың  бір-бірімен  сөйлесуі,  ескертулерді  еркін  айтуы,  өз 

пікірлерін қысылмай білдіріп, пікір  алмасуда өздерін шынайы ашу тәсілі 

жарияшыл  сыныптың  қандай  болу  керектігін  көрсетеді.  Жарияшыл 

сыныпты  құру  белгілі  бір  тәуекелмен  түйіндес  екенін  есімде  әрқашан 

ұстауға  қалыптастым.  Өйткен  себебім  тәуекел  мен  жауапкершілік 

осындай  оқыту  түрінің  басты  және  аса  маңызды  құрылымының  бірі 

болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда,  екі  жақта  да,  мұғалімдер  мен  оқушылардың 

да,  құқықтары  және  уәкілеттіктері  сенімділік  қағидаларына  негізделіп, 

тең бөлінсе ғана, оқыту нәтижелі болмақ, ал егер керісінше болса, оқыту 

үдерісінде күрделі мәселелер мен кереғар нәтижелер туындады ықтимал. 

Сондықтан  топтағы  адамдардың  жас  ерекшеліктерін,  әлеуметтік 

жағдайларын,  психологиялық  және  жеке  басының  мінез  ерекшеліктерін 

жіті  қадағалап,  зерттей  отыра,  жан-жақты  жұмыс  істеуіме  тура  келді. 

Себебі  топтағы  25  адамның  мінез-құлқы  әртүрлі.  Топ  ережесін 

бірауыздан  қабылдау,  оны  мұқият  орындау,  қажет  жерінде  өзгертулер 

енгізіп отыру жұмысымды біраз жеңілдетті.    

Топпен  жұмыс  жасау,  топта  ауызбірлікте,  ынтымақтастықта  болу 

жақсы  нәтиже  беретіні  көрінді.  Зерттеулерде  интерактивті  қарым-

қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілетін  жұмыс  тұлғаның  оқуына 

когнитивті  әсер  ететіндігі  айтылған.  Ынтымақтастық  педагогикасының 

негізін  қалаушы  ғалымдар  пікірінше,  «ынтымақтастық  педагогикасы 

барлық  балаларды  қабылдайды  және  қай  жастағы  балалармен  жұмыста 

болса  да  оңтайлы»  деген  сөздері  дәлел.  Сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту бағдарламасы  көптеген ғалымдардың еңбектерінің жемісі. Айта 

кететін болсам,  Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл т.б. Бұл 

жоба  атақты  ғалым  зерттеушілер  Ж.  Пиаже  мен  Л.  Выготскийдің  даму 

теорияларын  басшылыққа  алады.  Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 

әдісінің  мақсаты  –  барлық  жастағы  тұлғаға  кез  келген  құбылыс  пен 

заттарға,  әрекет  пен  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  көптеген  пікірдің 

ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. 

 


15 

 

    



         

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

«Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?» коучинг-сессиясы 

 

Сыни  ойлауға  ғалымдар  әр  түрлі  анықтамалар  берген.  Солардың 



ішінде  белгілі  ғалым  –  Дайана  Халперн  «Сыни  ойлау»  түсінігіне  – 

ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы 

шығармашылықпен  әрі  қарай  бағыттай  ойлану»  –  деген  пікір  білдірсе, 

Л. Выготский:  «Қатаң  ғылыми  тұрғыдан  қарағанда,  басқа  адамды 

тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу – оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі 

тәрбиеленетіндей  етіп  ұйымдастырылуы  керек.  Тәрбиелеу  процесінің 

негізінде оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек» дейді. Осы орайда №6 

топта жүргізілген «Мінсіз оқушы» тақырыбына тоқталып өткім келеді. 

Мінсіз  оқушы  қандай  болу  керек?  Осы  жерде  Мерсер  (2005) 

құрдастар  тобындағы  өзара  қарым-қатынас  оқуда  маңызды  рөл 

атқаратынын  көрсетті.  Оқушылар  да,  ересектер  де  жұпта  немесе 

топтарда  жұмыс  істегенде,  олар  «мұғалім  –  оқушы»  сұхбаты  түрінде 

өзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше  «симметриялы»  болып  табылады, 

сондықтан  олар  өзара  іс-қимылға  тартылады,  осылайша,  негізделген 

дәлелдерді  әзірлеу  және  қадағаланатын  оқиғаларды  сипаттауда  түрлі 

мүмкіндіктерге ие болады» – деп айтқан.  

Топпен  жұмыс  істеуде  Мерсердің  айтқан  сөзі  жақсы  нәтиже  берді. 

Топта  келгеннен  іске  еркін  араласа  алмай  отырған  ұяң  мінезді,  баяу 

тыңдаушылар шешіліп сөйлей бастады, өз ойларын айтты, сыни тұрғыда  

ойлату  арқылы  постер  жасаған  кезде  өз  үлестерін  қосты,  қолдарына 

түрлі-түсті  қарындаш  алып,  «мінсіз  оқушының»  келбетін  әдемілеп 

салуға кірісті, суретті аяқтаған соң, жан-жағына сол оқушының бойында 

болатын барлық жақсы қасиеттерді жазды. Өздері де енді сондай оқушы 

болуға  тырысатындығын  айтты.  Тыңдаушыларға  бұл  жұмыс  түрі  

қатты  ұнады.  Олардың  топқа  бөлініп,  өз  ойларын  постер  арқылы 

суретпен жеткізгендері өздеріне ұнады. Сабақтың соңында көңіл-күйлері 

көтеріңкі болды.    


16 

 

«Мінсіз  оқушы»  дәрісінен  соң  «Мәдениетаралық  оқушыны 



қалыптастыру»  дәрісі  ерекше  есте  қаларлықтай  деңгейде  өтті.  Дәрістің 

басында  Қазақстанда  мекендеуші  (130-дан  астам  ұлт  өкілдері)  және 

жалпы  дүние  жүзіндегі  әрбір  ұлт  өкілдері  бір-біріне    құрметпен  қарап, 

олардың  рухани  құндылықтарын,  әдет-ғұрпы  мен  салт-санасын  сыйлау 

және  оны  жан-жақты  зерттеу,  білу,  түсіну,  талдау  –  кез-келген  адамның 

зияткерлік  танымын  кеңейте  түсетіндігіне  назар  аудардым.  Себебі 

мәдениетаралық  оқушы  осындай  қарым-қатынастың  адамы.  Кезінде  ол 

туралы  қазақтың  ұлы  ойшылы  Абай  айтып  кеткен.  Ұлы  Абай  өзге 

халықтармен  дұрыс  қарым-қатынаста  болу,  олардың  тілін  үйрену, 

мәдениетін  сыйлау  өз  мәдениетіңді  көтеретінін  есте  ұстауды  ескерткен. 

Ол  мәдениетті  әркім  өзге  ұлтты  сыйлау,  қадірлеу  арқылы  ғана  игере 

алатындығын  жақсы  түсінгендей  болдық.  Мұғалімдердің  мәдениеттілік 

маңыздылығы  туралы  ойлары  ғалымдардың  тұжырымдарымен  астасып, 

жаңа ой-пікірлер туындап жатты.

 

 

Оқытуда  тағы  да  бір  ескеретін  жай  –  тұлғаның  қатысымдық 



құзыреттілігінің дамуы. Ғылыми зерттеулерге қарағанда диалог оқытуда 

басты  роль  атқарады.  Мерсер  мен  Литлтон    өз  еңбектерінде  диалог 

сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім 

деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді 

Л. Выготский  білім  беру  моделі  оқушының  диалог  құру  нәтижесінде 

білім  алады  деп  жорамалдайды.  Сондықтан  оқушының  білім  деңгейін 

дамытуға мұғалімнің рөлі ерекше екендігін ескере отырып, әр сабағыма 

тиянақты  дайындалып,  тренингтерді  сабақ  тақырыбына  сай  мазмұнды 

өтуін ерекше назарда ұстап отырдым. Диалог жүргізу мүмкіндігін толық 

іске асыру арқылы оқытуды тиімді етуге, мейлінше мәнді етуге тырыстым. 

Тыңдаушыларым  оқушы  рөлінде  болып,  диалогтік  оқытудың  сан  алуан 

тәсілдеріне жаттықты.   

Барнс  білім  берудің  мұғалімді  селқос  тыңдағанда  ғана  емес, 

вербальды  құралдарды  қолдану  нәтижесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және 

дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті.  Кейінірек  Мерсер  және 

Ходжкинсон  зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына  негізделе 

құрылып,  білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар 

аударуды мақсат етеді. 

Фриери,  бразилиялық  педагог,  әрбір  адам  өзге  адамдармен  оқу 

үдерісінде  немесе  ауызекі  сөйлесуде  сыни  тұрғыдан  ойлауды  іске 

асырады деген тұжырымға келеді.  

Фриеридің 

пайымдауы 

бойынша 


мұғалімнің 

ұстанымы 

– 

оқушыларымен  ауызекі  тілде  байланыс  жасауы,  оларды  қарым-



қатынасқа  жетелеуі.  Л. Выготский  диалогтың  маңыздылығын  ерекше 

атап өткен, себебі диалог оған қатысушылардың білімінің «жетіспейтін» 

жерлерін  бірден  көрсетеді.  Фриери  зерттеуде  диалогтің  оқушыларға 

бағытталғандығын атап көрсетеді.  

 


17 

 

Зерттеудің  көңіл-күй  негізі  оқытуда  ерекше  болғандықтан  ол 



оқушылардың  маңызды  мәселесіне  әкеліп  соғады.  Фриеридің  айтуы 

бойынша,  оқытуда  түсіну,  сыни  ойлау  ерекше  орын  алады.  Д. Дьюи 

пайымдауы бойынша мұғалім оқушының еркін ойлауына мүмкіндік бере 

отырып, оның сыни ойлауын диалог арқылы дамытуы қажет. Тыңдаушылар 

өзара диалогке түскенде білімді тезірек игереді. Мәселені шешуде өздері 

жұмыс істеп, жол таба алуы үшін оларға жеткілікті түрде ой бостандығы, ой 

еркіндігі  берілуі  керек  екендігін  жақсы  түсіндім.  Осындай  еркіндікті 

сезінгенде ғана адам өз ойын ұштай алатыны белгілі. Мәселені талқылау 

кезінде  дәлеледемелер,  көреген  ой,  мәселені  шешу  жолдары,  зерттеушілік 

әңгіме  диалог арқылы жүзеге асты.  

Мен  дәрістерімде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиядарды 

(АКТ)  жиі  қолдандым  және  осы  модульге  терең  көңіл  бөлдім.  Себебі 

қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасы  ғылыми-техникалық  прогрестің 

негізгі  белгісі-қоғамды  ақпараттандырудың  жаңа  кезеңіне  аяқ  басты. 

Заманымызға  сай  казіргі  қоғамды  ақпараттандыруда  педагогтардың 

біліктілігін  ақпарттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану  саласы 

бойынша  көтеру  негізгі  міндеттерінің  біріне  айналды.  Білімді 

ақпараттандыру  –  бүкіл  әлемдік  қауымдастық  талаптарына  сәйкес 

ақпараттық  технологиялардың  білім  үрдісіне  енгізу  үдерісі,  педагогтың 

жаңа  үлгідегі  жалпы  білім  және  кәсіби  даярлығының  сапасын  арттыру 

болып отыр деп түсіндірдім. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның 

келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі  талантты, 

шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық, 

психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол екендігін 

атап көрсеттім.  

Мектеп  туралы  ақпарат,  сыныптар  тізімі,  оқушылар  туралы  толық 

мәлімет,  мінездемесі,  пән  мұғалімдері  туралы  мәлімет,  пән  күнтізбелік 

жоспары,  сабақ  жоспары,  сабақ  кестесі  т.б.  қазіргі  мектеп  ақпараттық 

жүйесіне енгізілген.     

Бүгінгі таңда қала мектептерінің барлығы компьютерлік сыныптармен, 

интерактивті  тақталармен,  мультимедиялық-лингофондық  кабинеттермен 

қамтылған.  Барлық  мектеп  кең  жолақты  ғаламтор  желісіне  қосылған. 

Қашықтықтан  оқыту  он-лайн  режиміне  қосылған.  Оқушылар  мен 

мұғалімдердің  он-лайн  режимі  бойынша  республикалық,  облыстық, 

қалалық  сабақтар  мен  дәрістерге  қатысу  мүмкіндігі  бар.  Дегенмен 

ақпаратты  қоғам  педагогтан  компьютерлік  сауаттылықты  талап  ететінін 

айта  отыра,  сауалнама  жүргізу  арқылы  мұғалімдер  компьютерді  толық 

меңгенмегендігін анықтадым, ал кейбір мұғалімдер, өз пәніне байланысты, 

әсіресе  информатика  мұғалімдері  жоғары  деңгейде  меңгерген.  Олар 

күнделікті  жұмыстарын  компьютер  арқылы  орындап,  бар  керекті 

материалдарды инақтап отырды. Топ мүшелерінің Педагогтардың шеберлік 

орталығы  (ПШО)  сайттарын  пайдалану,  тренермен  және  әріптестерімен  

электрондық поштада жұмыс істеу мүмкіндіктері әртүрлі болды. 


18 

 

Ақпараттандыру  бағдарламаларын  пайдалану  және  ақпараттық 



ортаны  дамыту  заманауи  білім  жүйесінің  ажырамас  құрамы  болып 

табылады.  Заманауи  мұғалім  ақпарттық  технологиялардың  дағдыларын  

терең  меңгерген  болуы  керек.  Оқу  орынында  түрлі  компьютерлік 

бағарламалармен құрылған ақпарттық білімді кеңістік мұғалімнің кәсіби 

дамуының динамикасын бейнелейді 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты 

әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы 

айтқандай,  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны 

оқу  үрдісінде  қолдану  мен  оның  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор 

екендігін курс оқуларында басты назарда ұстадым. Ақпараттық қамтамасыз 

етілу  жағдайында  институттың  материалдық-техникалық  базасы  курс 

оқуларының  сапалы  өтуіне  зор  ықпалын  тигізді.  Курс  тыңдаушылары 

презентация  жасау,  есеп  дайындау,  өздік  жұмыстарын  реттеу,  слайд 

жасау,  тест  жұмысын  жүргізуде  көптеген  ақпараттық  бағдарламаларды 

шебер қолданды.  

2015 ж. 6-топтың көшбасшы мұғалімдері 

Көшбасшылықты  жүзеге  асыру  мақ-

сатында  мен  топтық  жұмыстарды  көбірек 

қолдануға тырыстым. Тақырыпқа байланысты 

көшбасшылық  қасиет  көп  ретте  байқалып 

отырды және осы қасиет күннен-күнге шың-

далып, мұғалімдерім көз алдымда танымастай 

болып  өзгергеніне  куә  болдым.  Көшбасшы 

өз саласының білгір маманы, сонымен қатар 

өзге саладан да хабары бар жан. Ол – басқа адамдардың пікірімен санаса 

білетін,  сол  пікірлерді  жинақтап,  іске  асыра  алатын  адам.  Үлкен 

жауапкершілік,  сабырлылық,  тапқырлық  пен  шапшыңдық  иесі  т.б. 

пікірлер алмасып жатты..,  

Бұл  модульде  мұғалімдердің  пайдаға  асырылмаған  зор  әлеуетін 

олардың  кәсіби  өсуіне,  бірлескен  кәсіби  білім  құруларына  ықпал 

ететіндей  қолдау  көрсетілген  жағдайда  ғана  көрсете  алады  деген  тақырып 

пікірталасқа  негізделеді.  («Мұғалімнің  көшбасшылығы»  халықаралық 

жобасы  Хертс  Кам  Нетворк)  Ол  педагогикалық  жүйе  сәтті  болу  үшін, 

білім  беру  (оқыту)  барлық  деңгейде  қатар  жүру  керек,  яғни  білім  беру 

оқушыларды,  студенттерді,  мұғалімдерді  және  де  мектеп  жүйесінде 

қызмет  жасайтын  қосымша  қызметкерлерді  түгел  қамту  керек  деген 

көзқарасқа негізделген. 

Бірлескен кәсіби әрекеттің маңыздылығы туралы  ойларым: 

– оқу/оқыту  жаңаша  тәсілдерін  қолдануда  байқағаным  –  аталмыш 

тәсілдер  тыңдаушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлауына  ықпал  етті,  тез 

шешім  қабылдауға  көмектесті.  Топтық  жұмыс  олар  бір-бірінен  үйренуге, 

басқалардың  идеяларын  құрметтеуіне  және  бірін-бірі  бағалауына  ықпал 

етті. Әсіресе, диалогтік әңгімеде қойылған сұрақтар мен оларға берілген 



19 

 

жауаптар,  сонымен  қойылған  сұрақтар  маңызды  болды.  Бұл  жағдайда 



олардың жауабын білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-

ақ өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру 

үшін  пайдаландым.  Әңгімелесу  мен  ой  елегінен  өткізу  әркімнің  ойын 

жинақтауға көмек берді, іс-әрекеттерін тереңдетіп, шоғырландырды.   

Қорытынды:  Мұғалімдердің  күндізгі  оқуына  арналған  оқу  жоспар-

бағдарламасында  оқытудың  жеті  модулін  қолдану  өте  тиімді  болды. 

Оқытуда жаңа тәсілдерді қолдануда байқағаным бұл үдеріс тыңдаушылардың 

сыни  тұрғыдан  ойлауына  зор  ықпал  етті.  Топтық  жұмыс  олардың  бір-

біріне үйренуіне, басқа идеяларды құрметтеуіне және бірін-бірі бағалауына 

көмектесті.  Әңгімелесу  мен  пікір  алысу,  талдау,  әр  құбылысты  ой 

елегінен  өткізу  тыңдаушылардың  ойын  жинақтауға  көмек  берді,  іс-

әрекеттерін  тереңдетіп,  шоғырландырды.  Мақсатым  –  біліктілікті 

арттыру жүйесінде оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін  толыққанды қолдану, 

курс  оқуларының  оқу-тақырыптық  жоспарына  оқудағы  жаңа  тәсілдерді 

ендіру.  Бұл  тәсілдің  оқытуда  жетістіктерге  жеткізетініне  сенімім  мол. 

Кәсіби дағдыларды дамыту жұмысының мақсаты – шеберлікті жақсарту, 

өзгерту  және  бағыттау.  Осы  негізде  мұғалімнің  жеке  көзқарасының 

өзгеруі үшін басқалармен кеңесудің, мәселені бірігіп шешудің  мәні зор. 

Мұғалімдерді  дамыту  жөніндегі  жұмысқа  жетекшілік  етудің  негізгі 

мәселелері тренердің жеке іс-тәжірибесінің тиімділігіне тікелей байланысты. 

Жұмыс  кәсіби  мән-мәтінге  негізделеді.  Оқыту  басқару  мен  көшбасшылық 

құндылықтарға  бағытталса  және  кәсіби  мақсаттарды  көздесе  ғана 

табысқа ие болады.  

 

Әдебиет  

 

1. Ж. Пиаже. Баланың тілі және ойлауы // Москва – Ленинград, 1932 ж.  

2. Д. Халперн. Сыни ойлау психологиясы // Санкт – Петербург, 2000 ж.  

3. А. Құнанбаев . Екінші қара сөзі. Жинақ. Алматы, 2012 ж. 2б. 

4. Н. Мерсер мен Литлтон. Диалог және ойлауды дамыту // Лондон- 2007.  

5. Д. Барнс: «Сыныптағы тіл және оқыту» Лондон – 1977   

6. Н.Мерсер және Ходжкинсон: «Мектептегі зерттеушілік әңгіме» Лондон –

2008. 


7. Л. Выготский: «Ой мен тіл» 1934 ж 

8. Д. Дьюи. «Ойлау психологиясы және педагогикасы» Москва, 1997 

9. Хертс Кам Нетворк «Мұғалімнің көшбасшылығы» халықаралық жобасы, 

2000 


Каталог: library -> pdf
library -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
library -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
pdf -> Правила для руководства ума Перевод М. А. Гарнцева правило 1
pdf -> Неджмент и технологии в эпоху глобализации 10-17 января 2014 г. (Bogmallo Beach Resort, Гоа, Индия) Том I bogmallo Beach Resort, 2014 2
pdf -> Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары актуальные проблемы формирования культуры
pdf -> Инновационные технологии в системе современного образования и воспитания павлодар, 2015 4
pdf -> Халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
pdf -> Бағдарламасы 19 желтоқсан 2015 ж

жүктеу 4.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет