Халықаралық «Қазақ тілі» ҚОҒамы сейілбек исаев аза тіл біліміні мәселелері алматы 2014



жүктеу 5.81 Mb.
Pdf просмотр
бет1/53
Дата16.01.2017
өлшемі5.81 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ

СЕЙІЛБЕК

ИСАЕВ

АЗА  


ТІЛ БІЛІМІНІ  

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Алматы


2014

УДК 811.512.122

ББК 81.2 Қаз

И 83

Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 

Тіл комитетінің тапсырысы бойынша

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 

2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

аясында шығарылды

 

 

  

 

Исаев С.

 

 



 Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Əнес жəне   

  проф.  Н.С.  Исаева.  –  Алматы: «Абзал-Ай»  баспасы, 2014. – 

  640 бет.

 

 



ISBN 978-601-7172-37-4

Көрнекті  тілші-ғалым  С.М.  Исаевтың (1938–1999) қазақ  əдеби  тілінің 

тарихы,  мерзімді  баспасөз  тілінің  дамуы,  қазақ  əдеби  тілінің  кеңестік 

кезеңінде дамуына байланысты жазылған зерттеу еңбектері топтастырылып 

жарық көріп отыр. Сондай-ақ жинақта ғалымның ғылыми еңбектерінің тізімі 

келтіріліп, өмірбаяндық деректері берілген.

Қазақ əдеби тілінің теориялық жəне практикалық мəселелерін заманауи 

тұрғыдан жан-жақты қарастырған зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға жəне 

көпшілік тіл жанашырларына арналады. 

 

 



 

 

 



УДК  811.512.122

ББК 81.2 Қаз

ISBN 978-601-7172-37-4

© Исаев С., 2014



© «Абзал-Ай», 2014

И 83 

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі,  белгілі  ғалым 

Сейілбек  Мұхамеджарұлы  Исаев  Омбы  облысы  Назыбай  ауда-

нының  Күреңайғыр  ауылында 1938 жылы 13 наурызда  дүниеге 

келді.  Ғалымның  əкесі  Мұхамеджар  ақсақал  ауқатты,  текті 

тұқымнан шыққан, алысты болжай алатын көреген, ақылды кісі 

болған екен. Қаршадайынан ата-анасынан айырылып, жетімдік 

тауқыметін  көп  тартқан  ол 1916 жылы  атақты  «Июнь 

жарлығы»  тұсында  тізімге  ілініп,  майданның  қара  жұмысына 

алынады. Сөйтіп Рига түбінде окоп қазу жұмысына қатысады. 

Солдаттықтан  босаған  соң  Мұхамеджар  ауылына,  ата  қоны-

сы – Жалғызағашқа (қазіргі Көкшетау облысы, Қызылту ауданы) 

келіп,  ел  қатарлы  түтін  түтетіп,  мал  басын  құрап,  азды-көп-

ті  дəулет  жияды.  Алайда  кеңес  үкіметінің  тұсында  «шаш  ал 

десе,  бас  алатын»  солақай  саясаттың  қаһарына  мініп  тұрған 

1928 жылы кəмпескеге ілігер қауіп туған соң, кіндік қаны тамған 

Жалғызағашты тастап, бас сауғалауға мəжбүр болады. Сонымен, 

бар  жиған-терген  дүние-мүлкін  тастап,  өзінің  бала-шағасымен 

ғана  Омбы  облысындағы  Күреңайғыр  көлінің  жағасына  қоныс 

аударады.  Оның  жұбайы  Мүйгүлсім  ер  мінезді,  ақылды,  айна-

ласына  сыйлы,  ел  анасына  айналған  адам  болған.  Ол  кісі  бала 

көтермей, Мұхамеджар Зейнеп деген қызға үйленеді. Бүкіл ауыл-

аймақ  елге  қадірлі  азаматтың  тілегін  тілеп,  жасағаннан  бір 

перзент сұрайды. Сөйтіп дүниеге Сейілбек есімді ұл келіп, Мұха-

меджар  ақсақал 49 жасында  тұңғыш  перзентін  сүйеді.  Оның 

артынан  Еслəмбек  (ерте  қайтыс  болып  кеткен),  Қазбек  атты 

екі ұл, Нұрғизат есімді бір қызды болады. Сейілбекті Мүйгүлсім 

анасы бауырына салып (1948 жылы қайтыс болды), басынан құс 

ұшырмай  еркелетіп,  он  жасқа  келгенше  арқалап  жүріп  өсіреді. 

Аналарынан ерте айырылған (Мүйгүлсім анасынан 10 жасында, 

4

Алғы сөз

Зейнеп анасынан 9 жасында) Сейілбек жаны таза, нəзік, жара-

ланғыш, сəбидей пəк азамат болып қалыптасады.

Көзі ашық, көкірегі ояу əке баласы Сейілбекті ауылдағы жеті 

жылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін  Омбы  қаласындағы  орыс-

қазақ педучилищесінің дайындық бөліміне оқуға береді. Қала өмі-

рі, орыс тілінде жүретін сабақтар шалғай қазақ ауылынан келген 

болашақ  ғалымға  ерекше  əсер  етеді. «Орыс  тілін  жақсы  меңге-

руіме  ұстаздарымның  ықпалы  зор  болды.  Омбыға  келгенде  мен 

мүлдем  бір  ауыз  орысша  білмейтін  едім», – деп  күліп  еске  ала-

ды  ғалым.  Орыс  тіліне  айрықша  ден  қойып,  бір  жылдың  ішінде 

əжептəуір  еркін  меңгеріп  алған  зерек  шəкірт  Омбы  педучили-

щесін  бастауыш  кластың  мұғалімі  мамандығы  бойынша  үздік 

бітіріп шығады. Алған білімге қанағаттанбай, баласының əрі қа-

рай оқығысы келген талабын қош алған  Мұхаң ақсақал бетінен 

қақпай, оны Алматыға оқуға жібереді. Журналистік қабілеті зор, 

зерек жас журналистика факультетіндегі байқаудың жоғары бо-

луына қарай қабылдану мүмкіндігі аз болғандықтан, С.М. Киров 

атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  филология  фа-

культетінің қазақ бөліміне оқуға түседі. Бұл 1957 жыл болатын.

Журналист  болуды  армандап  келген  жас  жігіт  Ыбырайым 

Маманов,  Кəкен  Аханов  секілді  ұстаздарының  ықпалымен  тіл 

білімінің қыр-сырын ұғынып, құпияларына қаныға түседі. Сөйтіп 

университет  қабырғасында  жүріп-ақ  студенттердің  ғылыми 

конференцияларында  баяндама  жасап,  ғылыми  жұмыстар  жа-

зып,  қаламы  төселе  бастайды.  Осылайша 1960 жылы  оның 

тырнақалды  ғылыми  мақаласы  «Қазақстан  мектебі»  журна-

лында  басылып  шығады.  Бұл  жайт  ғылымға  іңкəр  жасты  одан 

əрі  қанаттандырып,  жоғары  курстарда  Ашхабад,  Душанбе 

қалаларында  өткен  Орта  Азия  мен  Қазақстан  университет 

студенттерінің  конференцияларында  ғылыми  баяндамалар  жа-

сайды.  Баяндамалар  сол  кездегі  БЛКЖО  ОК-нің,  КСРО  Жоғары 

жəне арнаулы орта білім министрліктерінің Құрмет грамотала-

рына, дипломдарына ие болады. 

Қызығы  мол  студенттік  шақпен  қош  айтысып, 1962 жылы 

университетті  үздік  белгімен  бітірген  жастың  ғылымға 

құштарлығы  оны  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  білімі 

5

Алғы сөз

институтына жетелейді. С. Исаев 1962–68 жылдар аралығында 

қазіргі  қазақ  тілі  теориясы  бөлімінде  ғылыми  қызметкер  бо-

лып  жұмыс  істейді.  Бұл  жылдар  жас  ғалымның  өміріндегі 

елеулі  кезеңдердің  бірі  болады.  Оның  өзі  сүйген  ісін  əрі  қарай 

жалғастыруына,  білімін  толықтырып,  өсуіне,  шыңдалуына, 

қаламының төселіп, арналы ғылым жолына түсуіне қасиетті қара 

шаңырақ – ғылым ордасының тигізген ықпалы ерекше болды. Осы 

институтта  жүріп  ол  түрлі  ғылыми  жинақтар  құрастыруға, 

«Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін» түзуге, «Қазақ 

тілінің  академиялық  грамматикасы»  секілді  сүбелі  ұжымдық 

еңбекті  жазысуға  белсене  араласады. «1920-жылдардағы  мер-

зімді  баспасөз  тілі»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссерта-

ция қорғайды.

Диссертациясын сəтті қорғап, білімі мен іскерлігін танытып 

үлгерген С. Исаев Қазақ қыздар педагогтік институтының қазақ 

тілі кафедрасына аға оқытушылық қызметке шақырылады. Міне, 

отыз  жаста  аға  оқытушы  болып  табалдырығын  аттаған  осы 

институт оның ғалым ретінде кемеліне келуіне, əділ басшы, абзал 

азамат, институт ректорына дейін өсуіне жол ашты.

Болашақ ұстаздарға дəріс оқи жүріп, 1974 жылы ол «Қазақ-

тың  мерзімді  баспасөз  тілінің  қалыптасып,  дамуы»  деген  та-

қырыпта  докторлық  диссертация  қорғайды. 1975–87 жылдар 

аралығында факультет деканы, 1980–88 жылдары кафедра мең-

герушісі бола жүріп, ол қоғамдық жұмысты ұстаздық қызмет-

пен қатар алып жүрді. 

1988–89 жылдары С. Исаев Абай атындағы Қазақ педагогика 

институтында  қазақ  тілі  кафедрасының  меңгерушісі  қызметін 

атқарды. 

1989  жылдың  наурыз  айында  С.  Исаев  баламалық  негізде 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік институтының ректоры 

болып сайланды. Институт ректорлығына шын мəніндегі ғылым 

адамының  келуі  қалыптасқан  моральдық-психологиялық  ахуал-

дың өзгеруіне себепші болды. 

1991  жылдан  бастап  С.  Исаевтың  бастамасымен 6 маман-

дық  бойынша  аспирантура  ашылды.  Бұл  институтты  үздік 

бітірген  талантты  қыздардың  ғылым  əлеміне  енуіне  жасалған 

6

Алғы сөз

үлкен  қамқорлық  еді.  Ғалым-басшы  бірнеше  ғылым  кандидатын 

дайындап, өзіндік мектебін қалыптастырды. 

Сейілбек  Мұхамеджарұлы – ұйымдастырушылық,  педагог-

тік,  қоғамдық  қызметті  ғылыммен  шебер  ұштастыра  білген 

үлкен  ғалым.  Күнделікті  қат-қабат  əкімшілік  жұмыстар  мен 

қым-қуыт  қыруар  тірліктің  қайнаған  ортасында  жүрсе  де,  ол 

бойына біткен ізденгіштік, еңбекқорлық қасиеттерінің арқасында 

бір сəт те ғылымнан қол үзген емес. Оның қаламынан туған 200-

ге  тарта  ғылыми,  ғылыми-əдістемелік,  ғылыми-көпшілікке  ар-

налған  еңбектері  көтерген  проблемаларының  өткірлігімен,  нақ-

тылығымен, сонылығымен ерекшеленеді.

Оның  ішінде  ғалымның  көп  айналысқан  саласының  бірі – 

қазақ  тілінің  тарихы  мен  қазақ  əдеби  тілі  тарихы  мəселелері. 

Ғылымдағы  жолын  жекелеген  сөздер  мен  грамматикалық  тұл-

ғалардың шығу, қалыптасу, даму тарихын, олардың даму, өзгеру 

процестерін  зерттеуден  бастап,  ғалым  бірте-бірте  əдеби  тіл-

дің  күрделі  мəселелеріне  қарай  ойысады.  Əдеби  тілдің  сан  алуан 

проблемаларына  байланысты  салиқалы  ойларын  танытатын 

көлемді зерттеу еңбектері, монографиялары жарық көрді. Атап 

айтқанда: «Қазақ  əдеби  тілінің  совет  дəуірінде  дамуы» (1973), 

«Қазақ əдеби тілінің даму, қалыптасу кезеңдері» (1976), «Қазақ-

тың мерзімді баспасөз тілінің дамуы» (1983), «Қазақ əдеби тілі-

нің тарихы» (1989, 1996).

Ғалым  қазақ  əдеби  тілі  мен  тіл  тарихынан  басқа  қазақ  тілі 

грамматикасының  теориялық  мəселелерімен  де  үзбей  айналыс-

ты.  Соның  нəтижесінде  «Қазақ  тіліндегі  негізгі  грамматика-

лық  ұғымдар» (1992), «Қазақ  тіліндегі  сөздердің  негізгі  грамма-

тикалық сипаты» (1998), серіктес авторлармен бірлесіп жазған 

«Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің  дамуы  мен  лексикалану  процесі» 

(1997) секілді іргелі, көлемді кітаптары жарық көрді. Аталмыш 

кітаптардың  алдыңғысы 1993 жылы  Қытайдың  Шыңжаң  оқу-

ағарту баспасында басылды.

Осы  еңбектерде  көтерілген  қат-қабат  мəселелердің  қай-

қайсысы  да  қазақ  тіл  білімінде  күрделі,  түйіні  шешілмеген 

проблемалар  қатарынан  саналып  келді.  Ал  профессор  С.  Исаев-

тың  бұл  жөніндегі  пікірлерінің  қайсысын  алсақ  та,  өзіндік 

7

Алғы сөз

сонылығымен,  теориялық  дəлдігімен,  қисындылығымен,  мазмұн 

тереңдігімен  ерекшеленеді.  Əсіресе  оның  негізгі  грамматикалық 

ұғымдарға қатысты пікірлері дəл де нақты болуына сай грамма-

тика  теориясын  толықтыра,  дамыта  түсті.  Грамматикалық 

категорияны  ғалымның  жай  ғана  грамматикалық  мағына  мен 

форманың  бірлігі,  жиынтығы  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзара 

шарттас,  мəндес,  бірақ  іштей  қарама-қайшылықтағы  мағына-

лар  мен  формалардың  жиынтығы  деп  анықтауы,  грамматика-

дағы етістік түбірі мен бұйрық райдың сəйкестігі, атау септік 

проблемасы,  есімше,  көсемше,  қимыл  есімдерінің  сыр-сипатын 

ашып берді.

Сонымен  бірге  «Қазіргі  қазақ  тілі» (морфология)  грамма-

тикалық  курсы  бойынша  теориялық  жəне  практикалық  са-

бақтардың  мазмұны» (1991), «Сөйлемді  талдаудың  тəсілдері» 

(1985)  секілді  əдістемелік  оқу  құралдарын  да  жазып,  сту-

денттерге  тіл  теориясын  меңгертудің  жолдарын  іздестірді. 

С.  Исаев – түрлі  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  авторы.  Ол 

орта мектептен бастап кешкі сменалық мектептерге, жоғары 

оқу орындарына арнап оқулықтар жазды. 

Профессор  С.  Исаевтың  орыс  тілін  жетік  білуі  оның  орыс 

тілі  мен  қазақ  тілін  салғастыра,  типологиялық  зерттеулер 

жүргізуіне  мүмкіндік  берді. «Сопоставительная  типология  фо-

нетической  системы  казахского  и  русского  языков  в  табли-

цах» (1996), «Сопоставительная  типология  казахского  и  рус-

ского языков» деп аталатын еңбектері ғалымның бұл салада да 

қомақты зерттеулер қалдырғандығының айғағы болып табыла-

ды.  Ғалым  өзге  авторлармен  бірлесе  отырып  орысша-қазақша, 

қазақша-орысша сөздіктерді жарыққа шығарды.

С. Исаев ҰҒА-ның А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі ин-

ституты  жанындағы  түркі  тілдері,  қазақ  тілі  мамандықтары 

бойынша  диссертация  қорғайтын  мамандандырылған  кеңестің, 

Ұлттық ҒА-ның үйлестіру кеңесінің, «Қазақ тілі мен əдебиеті», 

«Қазақстан мектебі», «ҚР ҰҒА-ның Хабарлары» журналдарының 

ақылдастар  алқасының,  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

басқармасының мүшесі жəне ҚР Білім жəне ғылым министрлігі 

жанындағы  оқу-əдістемелік  кеңестің  қазақ  тілі  бойынша  тө-

8

Алғы сөз

рағасы,  ҚР  ЖАК-тың  сараптау  комиссиясының  бірнеше  мəрте 

мүшесі болды.

Ректордың  қауырт  жұмыстарына  қарамастан  профессор 

С.  Исаев  ізбасар-шəкірт  тəрбиелеп,  ғылыми  жетекшілік  жа-

сап,  ақыл-кеңес  беруге  уақыт  тапты.  Ғалым  республикалық, 

республикааралық,  кезіндегі  одақтық  жəне  халықаралық  конфе-

ренциялар  мен  симпозиумдарға  қатысып,  баяндамалар  жасады. 

Ғалым  кеңесімен  бір  ғылым  докторы,  тоғыз  ғылым  кандидаты 

диссертация қорғады.

Көрнекті  ғалым,  іскер  басшы,  шебер  ұйымдастырушы,  ая-

улы  ұстаз,  білікті  маман  Сейілбек  Мұхамеджарұлы  Исаев 

1999 жылдың 9 маусымында дүниеден өтті.

Ғалым 1995 жылы  ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент  мүшесі  бо-

лып  сайланды.  Ол  өзінің  еңбектерімен  қазақ  тіл  білімінің,  жал-

пы  түркітану  ілімінің  дамуына  зор  үлес  қосты,  іргелі  зерттеу-

лердің  жүргізілуіне  атсалысты,  жоғары  білімді  мамандар  мен 

ғылыми  кадрлар  даярлауға  көп  еңбек  сіңірді.  Білім  мен  ғылым 

саласындағы  ерекше  еңбегі  үшін  С.  Исаев  «Үздік  еңбегі  үшін» 

медалімен,  ҚР  Білім  министрлігінің  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

медалімен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,

ҰҒА-ның академигі;



Ғарифолла ƏНЕС,

филология ғылымдарының докторы



І

ҚАЗАҚ ƏДЕБИ 

ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ 

КІРІСПЕ

 

І. ƏДЕБИ ТІЛДІҢ СИПАТЫ

  

1. 

Əдеби тілдің анықтамасы

  

2. 

Əдеби тілдің өмір сүру формалары

  

3. 

Əдеби тілдің нормалары

  

4. 

Əдеби тілдегі стильдер жүйесі мен əдебиет жанрлары

  

5. 

Əдеби тілдің қызметі

  

6. 

Əдеби тілдің жалпы халықтық тілмен арақатынасы

 

ІІ. ƏДЕБИ ТІЛДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  

1. 

Əдеби тілдің қалыптасу жолдары

  

2. 

Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар

  

3. 

Қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері, арналары жəне қалыптасу,  

 

 

    даму кезеңдері

  

4. 

Көне түркі тілінің қазақ əдеби тілін қалыптастырудағы рөлі

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМИ ТҮСУ ДƏУІРІ

  

1. 

ХV–XVІІ ғасырлардағы қазақ əдеби тілін танытатын үлгілер

  

2. 

Халықтың сөйлеу тілі негізіндегі ақын-жазушылар шығарма-

 

 

    ларының тілі

  

3. 

Кітаби тіл дəстүрі жəне оның қазақ əдеби тілі тарихынан алатын

 

 

    орны

  

4. 

Ортақ түркі дəстүріндегі жазба əдеби тіл нұсқалары

  

5. 

Халық ауыз əдебиетінің тілі жəне оның əдеби тілге қатысы

 

ІV. XVІІІ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XІX ҒАСЫРДЫҢ 

 

      БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ƏДЕБИ ТІЛ

  

1. 

XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басындағы əдеби тілді

 

 

   сипаттайтын үлгілер

  

2. 

Жыраулар шығармаларының тілі

  

3. 

XІX ғасырдың бірінші жартысындағы ақындар шығармала-

 

 

   рының тілі

 V. 

 

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП,

 

     ДАМУЫ

  

1. 

Қазақ поэзиясы тілінің одан əрі дамуы

  

2. 

Қазақ əдеби тілін дамытудағы Ы.Алтынсариннің рөлі

  

3. 

Абай – ұлттық əдеби тілдің негізін қалаушы

  

4. 

Жазба əдебиет жанрларының əрі қарай дамуы

  

5. 

Қазақ поэзиясында Абай дəстүрінің əрі қарай дамуы

 

VІ. ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ СОВЕТ ДƏУІРІ

  

1. 

Қазақ əдеби тілі қоғамдық қызметінің артуы

  

2. 

Қазақ əдеби тілі құрылымы мен құрылысының даму

 

 

    тенденциялары

13

Қазақ əдеби тілінің тарихы

КІРІСПЕ

«Қазақ  əдеби  тілінің  тарихы»  атты  ғылыми  курс  жоғары  оқу 

орындарында тұрақты пəн ретінде өткізіледі. Қазіргі қазақ əдеби 

тілі – жүйелі қалыпқа түскен, қоғамдық қызметі сан алуан, тұрақты 

нормалары, жүйелі жазу дəстүрі, белгілі стильдік тармақтары бар, 

сұрыпталған əдеби тіл.

Қазақ  əдеби  тілінің  қалыптасу,  даму  жолдары  мен  кезеңдері, 

əдеби тілдің туу, қалыптасу, даму процесінде əр дəуірдегі жазба 

əдебиетіміздің, ақын-жазушыларымыздың, бай ауыз əдебиетіміз-

дің,  сондай-ақ  кезеңдегі  түркі  жазба  əдеби  тілінің  рөлі,  қазіргі 

əдеби  тіліміздің  нормалары  жəне  олардың  əлеуметтік  мəні  мен 

стильдік  тармақтары,  қазақ  əдеби  тілінің  жалпы  халықтық  сипа-

ты, жалпы халықтық тілдің басқа түрлерімен (ауызекі сөйлеу тілі, 

жергілікті тіл ерекшеліктері, қарапайым сөйлеу тілі, т.б.) қарым-

қатынасы  сияқты  əдеби  тілдің  басты-басты  мəселелері  универ-

ситеттер  мен  педагогтік  институттарда  оқылатын  «Қазіргі  қазақ 

тілі» атты негізгі курспен қатар «Тарихи грамматика», «Диалекто-

логия», «Түркологияға  кіріспе», «Стилистика»  сияқты  курстарда 

ішінара қарастырылады.

Соңғы  кезде  қазақ  əдеби  тілі  тарихының  осынау  сөз  болып 

отырған  өзекті  мəселелерінің  басын  ашуда  бірсыдырғы  жұмыс 

істелді. Оқу құралдары мен əртүрлі көмекші құралдар, жекелеген 

мақалалар

1 

 жарық көрді, соның нəтижесінде «Қазақ əдеби тілінің 



тарихы»  атты  курс  жоғары  оқу  орындарында  біршама  жүйелі 

түрде өтіле бастады.

Сонымен  бірге  қазақ  əдеби  тілінің  кейбір  мəселелерін,  жеке 

дəуірдегі  əдеби  тілдің  ерекшеліктерін,  белгілі  кезеңдегі  жазба 

əдебиет  тілін,  жеке  ақын-жазушылардың  шығармаларын,  тілдік 

ерекшеліктерін баяндайтын еңбектер мен мақалалар да бар.

Сөйте тұрса да қазақ əдеби тілінің барлық мəселелері, əсіресе 

оның  тарихына  байланысты,  туу,  қалыптасу,  даму  жолдары  мен 

кезеңдеріне, дəуірлеу принциптеріне қатысты мəселелердің толық 

 



Қазақ əдеби тіліне қатысты жарық көрген еңбектер осы кітап соңындағы арнайы 

тізімде берілген.



14

Қазақ əдеби тілінің тарихы

басы ашылды, айқындалды деп айта алмаймыз. Қазақ əдеби тілі қай 

кезде, қалай қалыптасты деген сұраққа күні бүгінге дейін дəлелді 

жауап, негізді шешім айтылған жоқ. Оның мынадай себептері бар: 

біріншіден,  əдеби  тіл  деген  ұғымның  өзін  əр  зерттеуші  əртүрлі 

түсініп жүр, екіншіден, əр кезеңдегі əдеби тілдің көрсеткіші болып 

табылатын  материалдар,  жазба  нұсқалар,  ақын-жырау,  жазушы-

лар шығармалары əлі де болса жетік, жан-жақты зерттелінбеген. 

Соның салдарынан белгілі бір кезең əдебиеті, сол кезеңдегі жазба 

нұсқалардың əдебилігі, оның қазақ əдеби тілінің тарихына қатысы, 

қазақ əдеби тілін дамытудағы рөлі, т.б. туралы айтылған пікірлер 

нақты  материалдармен  дəлелденбей,  құр  болжал,  топшылаудан 

əрі  аспай  қалып  отыр.  Мысалы, XV ғасырға  дейінгі  көне  түркі 

жазба  ескерткіштерінің  қазақ  əдеби  тіліне  қатысы  бар  ма,  жоқ 

па дегеннің басын ашу үшін ол жазба нұсқалардың фонетикалық 

жүйесін,  грамматикалық  құрылысын,  лексикалық  құрамын,  сөз 

саптау ерекшеліктерін, ой білдіру қисынын қазақ əдеби тілімен са-

лыстыра  қарау  керек.  Сондай  салыстыра  зерттеудің  нəтижесінде 

олардың арасындағы ортақтық, сəйкестілік арқылы жалғастылық 

ашылып,  қойылған  сауалға  қатысы  бар  деген  сауал  беріледі  не-

месе ондай ұқсастық, ортақтық болмаса, көне түркі тілінің қазақ 

əдеби тіліне қатысы жоқ болып шығады. Бірақ осындай принципті 

ұстағанда,  дəлірек  айтқанда,  көне  түркі  жазба  ескерткіштерінің 

қазақ əдеби тілінің тарихына қатысы бар дегеннің өзінде де қазақ 

əдеби тілінің тарихын тікелей көне түркі жазба ескерткіштерінен 

бастау керек деген ұғым тумайды.

Тілдің  тууы,  дамуы,  соның  ішінде  əдеби  тіл  де,  сол  тілде 

сөйлейтін жəне соның иесі болып табылатын халықпен, оның тари-

хымен тығыз байланысты екенін ұмытпау керек. Олай болса қазақ 

халқы əлі тарих сахнасына келе қоймаған кезде, əлі халық болып 

қалыптаспаған кезде оның əдеби тілі туралы пікір айту, əдеби тілі 

болды деу шындыққа ешбір жанаспас еді. Бірақ халық бір күнде 

немесе бір жылда қалыптаса қоймайды жəне жоқ жерден пайда да 

бола  салмайды.  Белгілі  ірі  этникалық  топтардың  бірігуі  арқылы 

халық пайда болса, оның жалпы халықтық тілі, оның жоғары сапа-

лы түрі – сұрыпталған əдеби тіл бір күнде аспаннан түсе қалмай, 

сол  ірі  этникалық  топтардың  тілдік  мұраларының  негізінде 

қалыптасуы мүмкін. Олай болса, халық болып құралғанға дейінгі 

сұрыпталған тіл, жазба нұсқалар тілі кейінгі кезеңде əдеби тілдің 

қалыптасуына, тұрақтануына əсер етуі немесе соған негіз де болуы 



15

Қазақ əдеби тілінің тарихы

ықтимал. Қазақ əдеби тілі мен көне түркі жазба нұсқалары тілінің, 

демек,  көне  түркі  əдеби  тілінің  арасындағы,  тілдік  қабаттардың 

ішіндегі  сəйкестіктер,  ортақтықтар  болса,  оларды  осы  тұрғыдан 

қарау керек те, жалғастылық дəстүрдің бар екенін көрсетіп, қазақ 

əдеби  тілін  қалыптастырудағы  мұның  рөлін,  оған  қай  дəрежеде 

негіз болғанын ашу керек.

Көне  кезең  əдебиетіне,  əдеби  тіліне  бүгінгі  күн  тұрғысынан, 

əдеби  тіліміздің  бүгінгі  жеткен  деңгейінен  қарау  оған  жасаған 

қиянат  болар  еді,  өйткені  қоғамдағы  «адамдар  арасындағы  аса 

маңызды қатынас құралы» болып табылатын əдеби тіл де халық-

тың қоғамдық өмірімен, мəдени өркендеуімен, əдебиетінің дамып, 

жанрлық тармақтарының айқындала түсуімен, олардың қоғамдық 

қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп, өзгеріп отырады.

Міне,  осындай  ерекшеліктерді  ескермеудің  салдарынан 

бір  кездерде  қазақ  тілі  жазу-сызуы  өте  кенже  қалған  (младо-

письменный),  кеш  дамыған  тіл  деген  негізсіз  пікір  де  айтылып 

келді.  Бұл – революциядан  бұрынғы  кезеңдердегі,  бір  жағынан, 

қазақ  тілінің  жай-күйін,  əдебиет  нұсқаларының  сипатын,  екінші 

жағынан, халқымыздың саяси-экономикалық өмірі мен оның даму 

ерекшеліктерін,  рухани  қазынасының  сыр-сипатын,  əр  кезеңде 

тілдің қоғамдық қызметті өтеуде алатын орнын жан-жақты, терең 

де нақтылы зерттеу нəтижесінде туған пікір емес.

Қазақ əдеби тіліне, əсіресе оның тарихына, əр кезеңдегі ерек-

шеліктеріне,  нормалану  процесіне,  əдебиет  жанрларының  тіліне, 

оның əдеби тілге қатысына байланысты мəселелер əлі де зерттеле 

түспек. Сондай соны зерттеулердің, дəлелді шешімдердің негізінде 

бұл курс алдағы уақыттары да ғылыми жағынан жетілдіріле бер-

мек. Соңғы зерттеулердегі қазақ əдеби тілінің сипатын, статусын 

анықтайтын  ғылыми  тұжырымдар,  дəлелді  анықтамалар,  қазақ 

əдеби тілінің əр дəуіріндегі əдебиет нұсқаларын, оның əдеби тілді 

нормаландырудағы, дамыта түсудегі орнын айқындайтын матери-

алдар бұл еңбекте толығымен пайдаланылып отырылды.

Пайдаланған мысалдар əр дəуір жазбаларынан алынғандықтан 

жəне  олар  əртүрлі  əдебиетте  əртүрлі  алфавитпен  (көне  түркі, 

араб, латын) беріліп жүргендіктен, бұл еңбекте олар бірыңғайлас-

тырылып, ондағы мезгілдік, дəуірлік сипатына байланысты ерек-

шеліктер,  кеткен  қателер  көбіне  түзетілмей,  қазіргі  таңбамызбен 

(графикамен) транскрипцияланып берілді.


16

Қазақ əдеби тілінің тарихы



жүктеу 5.81 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет