Хабаршысы ғылыми журналы



жүктеу 5.09 Kb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата06.05.2017
өлшемі5.09 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

 
 
 

Әдебиеттер 
1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001 жыл.  
2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша 
мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы.- Қарағанды, 2003 жыл. 
3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. 
Алматы, 1999 жыл. 
4. Ағдарбеков Т.А., Ағдарбекова З.Т., Данишбаева М.С. Мемлекет және құқық теориясы. 
«Тұран» баспаханасы, 2012 ж.  
5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы, 1998 жыл.  
6. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. -Алматы. «Заң 
әдебиеті» 2004 жыл. 
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, «Жеті жарғы». 2000 жыл 48б 
9. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы.  
 
 
 
ӘОЖ 343 
ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІЗГЕ  ТҮСУ  ЖҮЙЕСІН  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК 
ОРГАНДАҒЫ ТЕРГЕУШІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ 
 
Ж. К.Берекетова,  Д.Б. Сапақов 
Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан 
 
В данной статье рассматриваются вопросы основной деятельности следователя в 
государственном органе.  
In this article the main functions of the investigator in the government bodies are considered. 
 
Ключевые слова:  следственные органы, следователь, государство. 
Key words: investigation bodies, investigator, state. 
 
 
Кеңестік дәуірден өтіп, Қазақстан жеке дара мемлекет болып қалыптаса бастағаннан бері 
ішкі мемлекеттік құрылысты реттеу мақсатында, мызғымас тұрақтылық орнату 
мақсатында, жаңадан заңдар қабылданып, сол заңдар аясында және қоғам талабына сай 
өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырды. Сол заңдардың бұзылмауын 
қадағалайтын, бұзылған жағдайда алдын алатын және жаза тағайындайтын органдар 
қызмет жасады. Бұл органдардың қатарында, қадағалаушы – прокуратура органдары, жаза 
тағайындаушы - сот жүйесі, ал заң аясын объективті жағынан қарап, істі бүге-шүгесіне 
дейін зерттеп баяндайтын ол- тергеу  органдары.  
Ең алдымен,  «тергеуші» және «тергеу органдары» ұғымдарына тоқталар болсақ. 
Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға 
уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік 
органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі. Тергеуші 
қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және қылмыстық іс 
жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы болып саналады.  
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу 
әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, 
жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ, тергеуші тек заңда көрсетілген 
әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай 
алмайды. Тергеушілік қызмет жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен 
байланысты. Сондықтан  тергеушінің жедел – іздестіру жұмыстарын орындайтын, 

анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде 
жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде арнайы нұсқаулар беруге 
құқылы. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған мәліметтерді 
және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін  пайдаланған жағдайда  тергеуші тергеп 
отырған қылмысты өз уақытында аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының 
бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, 
керекті заттай дәлелдемелерді толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде 
болсын, бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет —  ол қылмысты  алдын алу, 
қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел 
шаралар қолдану. Атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы 
күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын  сөзсіз арттырады [1]. 
    Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас 
қалыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен 
жедел – іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір 
жедел топ құрып тергейді. Қылмыс осы органға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай 
тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола 
алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер 
тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. 
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың 
түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді.  Жедел 
топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу 
жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. 
Анықтама жүргізуші органдар желдел-іздестіру жұмыстарын өткізгенде алынған 
мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекеті жүргізу барысында 
алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың 
қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек.  Бір- біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік 
қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы 
нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. 
Қылмысты ашу кезінде қылмысты қарау яғни, тергеулік қараудың жалпы ережелері 
болады. Олар қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін 
маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда 
анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз түскен анықтау органының лауазымы жағынан 
жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, 
мәйіттердің, жануарлардың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның 
нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып 
саналады.  
     Тергеулік қарау - өз алдына жеке тергеу әрекеті, басқа тергеу әрекеттерімен, мысалға 
тергеу эксперименті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас жерлері бола тұра, тергеулік 
қараудың өзінің проссуалдық жағдайы бойынша да және жүргізу тактикасы бойынша да 
түпкілікті айырмашылығы бар, тергеуші қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы 
дәлелдемелік фактілердің болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген 
тергеу әрекеттері сияқты, тергеулік қарау танымдық әрекет болып әртүрлі танымдық 
тәсілдер арқылы жүргізіледі. 
     Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы 
қылмыстарды тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту [2]. 
     Заттай дәлелдемелер – бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық 
дүниенің обьектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың 
жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз» 
куәгерлер деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады 
және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің 
нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгенімен байланысты болады. 

Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған обьектілерді қараудың аса 
маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. 
     Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың, 
қылмыскерлердің іздерінің және басқа да дәлелдемелік заттардың елеулі бөлігі табылып, 
зерттеледі. Қарау нәтижелі, әсіресе қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау 
тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға, тергелініп жатқан оқиға механизімін қайта 
құра алуға, қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда, 
жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ та, осы 
тергеу әрекетінің маңыздылына да қарамастан тергеу тәжірибесі мен криминалистика 
ғылымының тергеулік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған 
назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың 
маңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осының салдарынан кейде қарау 
асығыс жүргізіледі. Бұл алдын - ала тергеудің сапасын төмендетуге әкеліп соғады, істті 
жүргізу нәтижесінде қателіктер мен кемшілік пайда болады, ал оның нәтижесінде қылмыс 
ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының 
қызметкерлеріне тергеулік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып 
отырады.  
     Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергелініп жатқан оқиға туралы ақпараттар 
алудағы маңызды құралы болып табылады. Қарау барысында алынған ақпараттардың 
дәлелдемелік сипаттары болған жағдайда тергеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады. 
Тергеуді жүргізуші тұлға жауабы тексеріліп жатқан адамның көрсеткен жерлерін және үй-
жайларын куәгерлердің қатысуымен қарап тексеріледі. Бұл тәсіл кейде тергеушінің осы 
жерлерді сипаттағандағы айтылған белгілердің бар екендігіне көз жеткізуіне көмегін 
тигізеді. Бірақ та жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың мазмұны 
осындай бақылаулармен шектелмейді. Сонымен қатар, тергеулік қараудың мазмұнына 
куәлар немесе айыпталушылардың заттарды немесе жерлерді көрсету, олардан істің мән-
жайлары тура жауап алу кірмейді, оған қоса, қарау кезінде орта куәлардың немесе 
айыпталушылардың жауаптары бойынша  бекітілмейді, тергеушінің бақылау нәтижелері 
бойынша бекітіледі.  
Тергеулік қараудың келесі түрлері бар: 

оқиға орнын қарау; 

мәйітті табылған жерінде сырттай қарау; 

заттарды қарау; 

құжаттарды қарау; 

жануарларды қарау; 

оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен үй жануарларын қарау. 
     Осылайша, тергеулік қарау – бұл тергеуші мен немесе анықтаушымен қылмыс іздері 
мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу, оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар іс үшін 
маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатында тікелей қабылдауы, сараптау мен 
бекіту арқылы жүргізілетін тергеу әрекеті. 
Оқиға орнын қарауда тергеулік іс-әрекет ретінде маңыз алады, егер оның нәтижелері іс 
жүргізу негізінде рәсімделсе. Қараудық қорытындысы міндетті бекітілу керек. Қараудың 
қорытындысын бекіту - ол оқиға орнында тергеуші мен табылған құжаттық көрінісі заңды 
нысанда бекітілген, олардың оқиға орнында шығарылған іс-әрекетінің жазылуы, оқиға 
жағдайының жалпы суретін бекіту, сонымен бірге оқиға орнындағы жеке элементтерінің 
құрамы және жағдайларының белгілері болады. Қараудың нәтижелерін белгілеудің жеке 
және жалпы құралдарын айыра білу керек. Жалпы бекіту құралдарға жатады, олардың 
көмегімен тергеуші оқиға орнындағы жалпы суретін, қылмыс жасалған жердің жағдайын, 
оқиға орнындағы объектілердің барлық жиынтығын бекітеді. Бұндай бекіту құралдарына 
оқиға орнын қарау хаттамасы, оқиға орнының сызбалары және жоспары, схемасы, оның 
фотосуреттері және бейнежазбалары жатады. Бекіту жеке құралдарына, оқиға орнын жеке 
объектілерін қарау нәтижелерін белгілеуде қолданылады [3]. 

Қорыта келгенде, тергеу жұмыстары бұл – қылмыс ашу кезіндегі негізгі бөлігі болып 
саналады. Жаңа қылмыстық кодексте тергеу жұмыстарына сот тарапынан бақылау да 
күшейтіледі. Кез келген тергеу амалдары прокурор мен соттың рұқсаты арқылы 
жүргізіледі. Тергеуші сот пен тергеуші айыптаушы деген жаңа қызмет түрі де пайда 
болмақ. Сонымен қатар, қылмысты зерттеу жұмысы 4 айдан 2 айға қысқарады. Тергеуші 
судьяға берілетін өкілеттіліктер осы уақытқа дейін прокуратура қызметкерлерінің 
құзырында болатын. Бұл өзгертулердің басты мақсаты қағазбастылықтан құтылу. 
Тергеушілер рұқсат құжаттарын жинастырмай-ақ қылмыстық оқиға орнында тергеу 
жұмыстарын бірден бастап кетеді. Бұл шаралар еліміздің сот жүйесін одан ары дамытуға 
септігін тигізбек.  
                                                                     Әдебиеттер  
1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 10.12.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар. 
Алматы. -2015) 
2. Ахпанов А.Н., Ташибаев Г.У.  Угловно-процессуальное  право РК. - Астана. - 2002. 
3. Төлеубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы.-Алматы. 
-2000. 
 
 
ӘОЖ  34.0                                                                                   
 
Қазақстанда қоғамдық және құқықтық сананы  жақсарту бағыттары 
 
Е.И.Исибаева, Ш.М.Мылтыкбай 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
Ақтөбе қаласы, Қазақстан 
 
В данной статье рассматривается совершенствование в Казахстане общественного и 
правового сознания населения.  
The article considers the issue of perfection of the social and legal awareness of the people of 
Kazakhstan. 
 
Ключевые слова: правовое сознание, современный мир, правотворчество. 
Key words: legal awareness, modern world, law-making. 
 
          Сана – объективті шындықты идеялды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең 
жоғарғы  нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, 
мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің 
(түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты 
бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын 
философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты 
категорияларының бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге 
бөлінеді. Сана – адамдардың қоғамдық өндірістік іс әрекетімен еңбек процесінде пайда 
болып, тілдің шығуы мен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам 
туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол 
заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып 
қалыптасады. [1.18] 
          Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер, дағды мен тәсілдерді игеріп, әсіресе тілді 
үйрену нәтижесінде айналадағы заттар мен құбылыстардың объективті заңдылықтары мен 
қасиеттерін танып біледі. Адам айналадағы дүниеге, өзін қарама-қарсы қойып, белгілі 
мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін 
түсінігі мен біліміне сүйенеді. Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып 
жинақталған рухани қазына, мәдиниет, мораль, дін, қоғамдық психология, өнер, құрал-

жабдық адамның творчествасынан туып, оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние 
түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады. Сана тарихи тәжірибені, білім 
мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп, шындықты, рухани идеалды игеріп, алда тұрған 
мақсат, міндеттерді белгілеп адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін 
бағыттайды. Адамдар өзінің творчестволық ойларын жүзеге асырып, табиғатты, қоғамды 
дамытумен бірге өздерін жетілдіреді. 
   
Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында 
бейнеленуі. Қағамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана 
қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Қоғамдық сананың 
түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер, дін, қоғамдық болмысты бейнелей 
отырып, оған белсенді ықпал етеді. Қоғамдық сананың түрлерінің әрқайсысының өз 
объектісі мен бейнелеу тәсілі болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік 
әсерін тигізеді. Идеологияның саяси құқықтық нысандары қоғамның экономикалық 
қатынасын саяси және құқықтық тілде, ал өнер – көркемдік образдармен, мораль – 
адамдардың мінез-құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді. 
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисымен байланыс жасау сипатына 
қарай әртүрлі болады. Мысалы, идеологияның саяси құқықтық түрлері басқа нысандарына 
қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады. Бұлар қоғамның өндірістік, шаруашылық 
қатынастарын тура, тікелей бейнелеп, олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады. 
Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп, белгілі тарихи кезеңде осы 
нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып, қалғандарын өзіне бағынышты 
етеді. Мысалы, феодализм дәуірінде дін үстемдік етті, капиталистік қоғамда құқық пен 
саясат билік алып, философия, өнер, мораль мен діннің дамуына зор ықпалын тигізді. 
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Саяси және моральдық санамен тығыз 
байланысты. Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданып отырған құқықтық нормалар, 
заңдылық пен құқықтық тәртібі, қылмыс және оны жазалау, қоғам мүшелерінің 
құқықтары мен көзқарастары жатады. Антагонистік қоғамда таптардың өзіне тән 
құқықтық санасы болады. Оның мазмұны әр таптың  қоғамның экономикалық, саяси, 
мәдени өмірінде алатын орнына байланысты. 
  Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – қоғамға пайдалы іс-әрекет құқықтық 
нормаларының талабын орындау, заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат 
белгілі бағытта әрекет жасап, белсенділігін көрсетуі қажет. Құқықтық белсенділіктің, 
екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты. Құқықтық сана-сезім белгілері мыналар: 

Құқықты белгілеу. 

Құқықты түсіну. 

Құқықты құрметтеу. 

Құқықтың дұрыстығына және әділетілігіне сену. 

Құқықты сақтауға дағдылану. 

Құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.    
   
Құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып 
жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және 
қалауына, құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, 
көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. 
Құқықтық сана қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес 
қосады. 
1.
 
Құқықтық сана – құқық нормаларын қалыптастырудың қажетті шарты. Олай дейтін 
себебіміз, құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегі ерікті қызметі 
арқылы өмірге келеді. Адамдардың белгілі бір мүдделері мен қажеттіліктері заң 
нормаларына бейнеленбестен бұрын, ол нормаларды құрушы лауазымды 
тұлғалардың ой-санасынан өтеді. Сондықтан да, құқық нормаларының сапасы 
олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді, ол нормаларды құратын 
органның құқық көзқарасы, құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады. 

2.
 
Құқықтық сана құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең 
басты шарты. Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады. 
Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады. Яғни 
неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары болса, соғұрлым құқық нормаларының 
ережелері нақтырақ орындалады. 
Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдинетінің жетістіктерін ғана басқарып реттеп 
отырады. Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын, халықтың сана-
сезімін дамытып, жоғары дәрежеге көтереді. Құқықта өз кезегінде мәдениетті қорғап, 
реттеп отырады. Осыдан келіп құқықтық мәдениет қалыптасады. Ол өзара байланысты 
элементтер арқылы көрініс табады. 

Қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы, құқықты түсінудің  деңгейі, заңдылықтың 
талаптарын орындау қажеттілігін түсіну; 

Заңдылықты сақтау;    

Заң шығарудың ерекшелігі, оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу; 

Сот, прокуратура басқа да заң органдарының жұмыс атқару сипаты. 
  
Сонымен сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең 
жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, 
мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды 
нәтижесі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып 
екіге  бөлінеді. 
Сана адамдардың өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде өмірге келіп, дамып, ескіріп, 
жаңарып жатады. Бұл объективтік өте күрделі процесс, сан-алуан бағытқа, жүйеге бөлініп 
қоғамның сана-сезімін топтастырып қалыптастырады.  Оның негізгі нысандары: саяси, 
моральдық, Ұлттық, эстетикалық, діни, құқықтық т.б. сана-сезімдер. Бұлар бір-бірімен 
тығыз байланыста дамып отырады. 
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтік даму процесіне 
сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-
сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды: қоғамдағы нормативтік 
актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғалу процесін, оған халықтық сана-сезімнің әсерін, 
көзқарасын, іс-әрекетін біріктіреді. 
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші – халықтың құқықтық білімін 
арттыру; екінші – сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тәжірибелік жұмысты жақсарту; 
үшінші – қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-
сезімін көтеру. Құқықтық сана-сезім нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы 
қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс 
дамуына, дұрыс орындалуына және оның болашағын дұрыс болжауға өте зор әсер етеді.  
Құқықтық сана-сезім ерекшеліктері: 

Құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, 
қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесін 
қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана-сезімге әсер етіп, 
құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді; 

Қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол 
позициядан қортынды тұжырымдар жасап, баға береді. Мысал: құқықтық қатынас, 
құқықтық жауапкершілік, құқықтық тәртіп т.б. 
Сонымен, қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін 
құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, 
әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-
сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады. 
 Халықтық, әсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі – 
құқықтың субъектілері  өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау – 
сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі – эвристикалық деңгей – құқықтық субъектілерінің 
жаңалыққа талпынып, мәселені шешудің жаңа жолдарын табу; үшіншісі – интелектуалдық 

деңгей – жаңалықты ашуда үзілістің болмауы, жоғары дәрежеде белсенділікті көрсету. 
Белсенділіктің сонғы екі түрі құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор әсер етеді. 
    Құқықтық сананың мазмұны әр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, 
өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси және құқытың 
жауапкершілігін артырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал 
орындам отыруына, мемлекет және еңбек тәртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады. 
   Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сан адамдардың ой-
өрісіне, рухани ойлану прцесіне өте зор әсер етеді. Себебі құқықтық қатынаста адамдар 
номативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқықтық пен міндет бар, 
дұрыс орындалмаса жауапкершілік бар. Сондықтан, құқықтық қатынастардың 
субъектілеріне түсетін ауыртпашылық  айтарлықтай мол. 
  Құқықтық сана-сезім өзінің құрылымы жағынан екі түрге бөлінеді: құқықтық идеология 
және құқықтық психология. 
  Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық 
тұрғысынан ғылыми жүиеге келтіру. Құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастар белгілі бір 
жүйеге түсіріліп, ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Бұл идеологияны 
қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б. 
мамандар қатынасады. Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы, әр саладағы 
мақсаттарды біріктіріп, дамытады. 
   Құқықтық психология дегеніміз – қоғамның құқықтық сезімін, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, 
дәстүрін біріктіру. Жеке адамдардың, қоғам мүшелерінің әртүрлі топтарының санасында – 
заңдарға олардың қолдануына байланысты туған әсерлер, көңіл-күй және сезімдер 
жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп дамытып , халықтың сана-сезімін 
көтеріп, демократияны нығайту, құқықтық мемлекет қалыптастыру. [2.195] 
   Құқықтық сана-сезімнің жүйелері мен түрлері: 
 1) Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана-сезім үшке бөлінеді: жекелік, топтық, 
қоғамдық сана-сезім. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен бірге олардың өз 
дербестігі болады. Әр жеке адамның сана-сезімі әр деңгейде болады: өте жақсы дәрежеде 
болса, онда бұл топтан жақсылықты күтуге болады. Топтың көпшілігінің, керсінше, сана-
сезімі нашар болса ол топтан жақсылық, күтуге болмайды. Осы әдіс- тәсілмен қоғамның 
сана-сезіменің дәрежесін, деңгейін білуге болады. Сол арқылы қоғамның қай саласында, 
адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықтауға болады. Осындай қоғамның 
сана-сезімін реттеп – басқарып отыруға болады. Мазмұнның тереңдігіне қарай құқықтық 
сана-сезім тағы да үшке бөлінеді: күнделікті құқық саналығы, кәсіпқойлық құқық 
саналығы, теориялық құқық саналығы. Адамдардың күнделікті құқықтық сана сезімі 
олардың рухани, парасаттылық, өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады.  
           Кәсіпқойлық, құқық саналығы қоғамның әр саласында жұмыс істейтін заңгерлердің 
тәжірибесі арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық білімі де, тәжірибесі де мол 
болғандықтан сана-сезімдерікөпшілігінің жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, құқықтық 
нормалар дұрыс орындалып, заңдылық, құқықтық тәртіп жақсы дамиды. 
Теориялық құқық саналығы қоғамдағы заң ғылымының жан-жақты жақсы даму арқылы 
қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана-сезімнің дәрежесін, деңгейін 
көтереді, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етеді. 
Құқықтық сана-сезімнің бұл жүйелері мен түрлерінің қоғамда атқаратын жұмыстары өте 
зор. Олар бәрі бірігіп құқықтық нормаларды өмірге әкеледі, оны дамытады, олардың 
дұрыс орындалуына жан-жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтық саналықтың деңгейі 
неғұрлым жоғары болса соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртіп те жақсы дамиды.  
Құқықтық сананың субъектілері, әлеуметтік тұрғыдан бірнеше түрге бөлінеді: 

Жеке адамның құқықтық санасы есін білгеннен қалыптаса бастайды; 

Ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты 
ұжымдық құқықтық сана-сезім қалыптасады; 


Қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына, ұлтына, әлеуметтік 
жағдайына байланысты сан алуан бірлестіктерге бөлінеді. Әр топтың 
ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой-санасы, көзқарасы қалыптасады. 

Халықтың құқықтық санасы. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір 
бастауы, қайнар бұлағы. Демек, халықтың да құқыққа өз көзқарасы, сана-сезімі бар. 
      Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясы жобамен төрт дәуірге 
бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазіргі заман. 
      Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта 
ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер, 
зерттеулер болды. 
         XVI-XVIII ғасырларда көптеген пікірлер, ғылыми зерттеулер өмірге келді. Қоғамдық 
ғылымдардың алдына көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттік 
монархияны жою, мемлекеттік билікті бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, 
құқықтарын шектеуге жол бермеу т.б. 
        Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп 
қоғамның, мемлекеттік дамуына зор үлес қосуда: мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң 
шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды 
реттеп басқаруда. [3.45] 
          Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың 
сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң 
шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының 
негізгі шешуші механизмі деуге болады. 

жүктеу 5.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет