Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


ӘӨЖ: 378.121    КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ПЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет8/46
Дата04.05.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

 
ӘӨЖ: 378.121 
 
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ПЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ 
 
К.М. Беркімбаев, Ж.К. Оңалбек – п.ғ.д., профессор, Академиялық инновациялық институт, 
Б.Қ. Мұхамеджанов – п.ғ.д., профессор, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 
Т.Ә. Данияров – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ  
 
Түйін 
Бұл мақалада кәсіби құзырлылық пен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері туралы айтылады. Бір мезгілде әлемдік 
және  Қазақстанның  ішкі  талаптарына  сай  мамандарды  даярлау  жүйесіне  сәйкес  келтіруге  бірқатар  қайшылықтар 
кедергі жасайды. Кәсіби құзырлылық пен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін келтірген үлгілеріне сүйене отырып 
дене  мәдениеті  және  спорт  мамандарының  бәсекеге  қабілеттіліктің  параметрлерін  нақтылауға  болады.  Соңдықтан, 
акмеологияда “кәсібилік” ұғымына сипаттама беру үшін екі өзара байланысқан және өзара келісілген категориялар-
ды ескеру керек. Олар “тұлғалықтың кәсібилігі” және “қызметтің кәсібилігі”. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  показатели  профессиональной  компетентности  и  конкурентноспособности.  В  свое 
время некоторые  противоречия мешали  привести  систему подготовки  специалистов в Казахстане в  соответствие  с 
мировыми  требованиями.  Опираясь  на  приведенные  примеры  показателей  профессиональной  компетентности  и 
конкурентноспособности  можно  конкретизировать  параметры  конкурентоспособности  специалистов  в  области 
физической культуры и спорта. Далее, с целью описания характеристики акмеологического понятия «профессиона-
лизм», необходимо учесть взаимосвязанные и согласованные между собой две категории: «личностный профессио-
нализм» и «должностной (функциональный) профессионализм». 
 
Summary 
The  article  deals  with  indicators  of  professional  competence  and  competitiveness.  In  due  time  some  contradictions 
prevented to bring system of training of specialists in Kazakhstan into accord with world requirements. Leaning on the given 
examples  of  indicators  of  professional  competence  and  competitiveness  it  is  possible  to  concretize  the  parameters  of 
competitiveness of specialists in the field of physical culture and sport. Further, for the purpose to describe the characteristic of 
the akmeological concept "professionalism", it is necessary to consider two categories interconnected and coordinated among 
themselves: "personal professionalism" and "official (functional) professionalism”.  
 
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. 
Қазақстан Республикасы  2015 жылға дейінгі  білім беруді  дамыту тұжырымдамасында да білімге бағыт-
талған  мазмұнды  құзыреттілік,  яғни  нәтижеге  бағдарланған  білім  мазмұнына  алмастыру  қажеттілігі 
көрсетілген [1]. 
Әлемдік  дамудың  жалпы  тенденцияларымен,  Қазақстанда  білім  беру  жүйесін  модернизациялау 
Концепциясында келесілер атап көрсетілген:  
- қоғамның даму қарқындарын жеделдету: саяси және әлеуметтік таңдау мүмкіндіктерін кеңейту, сол 
сияқты қазіргі таңда Қазақстанда тек декларацияланып, жатқан экономикалық іс әрекетті таңдау; 
- мәдениетаралық өзара әрекеттестіктің ауқымын (масштабын) елеулі дәрежеде кеңейту – бұған сәйкес 
мүмкіндіктерді Қазақстанда жүзеге асыруға азаматтардың шектеулі тобының ғана шамасы келеді; 
- тек халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас шегінде ғана шешілуі мүмкін глобальды мәселелер-
дің өсуі – жалпы шешімге келуді талап ететін мәселе сипаты төңі-реттіндегі қатынастағы пікірлер арасын-
да қайшылық туғызады; 
- экономиканың өсу динамикасы және бәсекелестіктің өсуі барысында әлемдік алдыңғы қатардағы ірі 
мемлекеттерге қарағанда Қазақстан көрсеткіштерінің елеулі төмен екенін көрсетті; 
- адам капиталы рөлінің өсуі, – деп атап көрсетілген [2]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
47 
Бір  мезгілде  әлемдік  және  Қазақстанның  ішкі  талаптарына  мамандарды  даярлау  жүйесінде  сәйкес 
келтіруге бірқатар қайшылықтар кедергі жасайды, атап айтқанда: бұған кедергі болатын білім дамуының 
және  кейбір  мемлекеттік  мәселелердің  алдын  орайтын  мәселелер  (басымырақ  экономикалық  сипатта); 
қажеттілік арасында жалпы әлемдік білім беру стандартына және өзіндік ерекшелігін, отандық білім беру 
дәстүрлерінің сақтау тілегіне сәйкес келу. 
Нақтылы кәсіби қызмет, оның мазмұны мен ерекшеліктері мамандарға олардың жалпы салалық және 
арнайы  біліктіліктері  тұтынушыларға  кәсіби  қызмет  көрсетуге,  кейбір  сипатымен  қатар  мазмұнын 
анықтайды. Дене мәдениеті мен спорт бойынша мамандар үшін бұл келесілерде көрінеді: 
- тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауы, жастардың төменгі мәдени деңгейі, бос уақытын 
тиімді ұйымдастырудың “үйлесімсіз” формалары дене мәдениеті мен спорт бойынша мамандарды психо-
логиялық-педагогикалық даярлаудың жоғары деңгейінің қажеттілігін айқындайды; 
-  кәсіби  спорт  пен  рекреациалық  дене  мәдениетінің  (бос  уақытын  тиімді  өткізудегі  дене  мәдениеті-
спорттық  бизнестің  дамуы)  коммерциялануы,  салауатты  өмір  бейнесінде  өмір  сүруге  деген  қажеттілік 
мамандардың экономикалық – басқару, әлеуметтік және құқықтық даярлығына жоғары талаптар қояды. 
Дене мәдениеті мен спорт бойынша мамандар педагогикалық, рекреациялық және басқару қызметте-
рін қызмет ерекшеліктері аясына сәйкес жүзеге асыруға дайын болуы тиіс. Дегенмен, дене мәдениеті мен 
спорт саласындағы кәсіби қызмет келесі ерекшеліктерімен айырмаланады: маман қандай да бір нақтылы 
қызмет  атқармасын,  ол  міндетті  түрде  педагог  ретінде  (өйткені  дене  тәрбиесі  міндеттерін  шешуге, 
тұрғындарды  сәйкес  құралдарымен  дене  мәдениетіне  қалыптастыру  оның  бейімділігі)  және  менеджер 
ретінде  (дене  мәдениеті  мен  спорттық  қызметті  ұйымдастыру  мен  басқару  және  әртүрлі  ресурстармен 
қамтамасыз етуді жүзеге асыру), алға шығады.   
“Дамып  келе  жатқан,  қоғамға  қазіргі  заманғы  білімді,  адамгершілігі  мол,  өнегелі,  тапқыр  адамдар 
қажет, яғни олар туындаған күрделі таңдау жағдайында, оның мүмкін болатын салдарлары мен зардапта-
рын  алдын  ала  болжалдап  өздігінен  жауапты  шешім  қабылдай  алатын,  бірлесіп  ынтымақтастықпен 
қызмет жасауға қабілетті, шапшаңдығымен, әбжілдігімен, конструктивтілігімен ерекшеленетін, отан тағ-
дыры үшін дамыған жауапкершілік сезімі бар адамдар қажет” (концепция). Мемлекет пен, әлеумдік даму 
тенденциясынан келіп бәсекелестікке қабілетті жас мамандарға қойылатын келесі талаптар анықталған: 
1) Потенциалды мүмкіндіктері жайлы мағлұмат алдын ала болжалданған таңдауға дайын болу, мұндай 
таңдау тәжірибесі және жасалған таңдауға сәйкес келетін кәсіби білім, құзырлылық, дағдылар; 2) Комму-
никативтіліқ  және  толеранттылық,  яғни  конструктивтік  қарым-қатынасқа  қабілеттілік  кіретін  өзгеше 
ойлаушыға төзімділік, басқа мәдениеттен хабардар болу, басқаның тәжірибесін қабылдай білу; 3) Дамы-
ған шығармашылдық ойлау қабілетімен және космополиттік таныммен ынтымақтастық қарым-қатынасқа 
дайын болу; 4) Экономикалық білімдарлық, оқытып, үйретуге қабілеттілік, кәсіби дамуға, өз біліктілігін 
арттыруға (жеке тұлғаның акмеологиялық бағыттылығы) ұмтылу. 
Әлемдік  даму  тенденциясының  ара  қатынасын  жас мамандарға  қойылатын  мемлекеттік  талаптармен 
(Қазақстандық  қызметтін  қолданысқа  оларды  нақтылап)  біздер  мамандардың  бәсекеге  қабілеттілік 
көрсеткіштерін айқындадық (1 кесте). 
 
№1 кесте. Салыстыру 
 
Әсемдік даму 
тенденциясы 
Мемлекеттік 
әлеуметтік-
экономикалық 
процестер 
Бәсекелестікке қабілетті 
мамандарға талаптар 
Бәсекелестікке 
қабілеттілік 
көрсеткіштері 
Қоғамның  даму  қарқы-
ның үдеуі 
Экономика  мен  саясат 
тек  динамика  емес,  бі-
рақ  тұрақты  даму  бағы-
тын  іздеуде  мақсаттың 
анық еместігі 
Алдағы  өзгеріс  сипатын  бол-
жалдау  қабілеттілігі,  оған  ба-
рабар және жедел реакция бе-
ру  өзінің  дамытуға  өзін  білі-
мін көтеруге қабілеттілік 
Бағдарлау  қабілеттілігі,  ой-
лау  тапқырлығы,  акмеоло-
гиялық бағдарлама 
Саяси  және  әлеуметтік 
таңдау  мүмкіндіктері-
нің кеңеюі 
Көптеген  ескі  әлеумет-
тік  экономикалық  бай-
ланыстар  және  қоғам-
дық 
институттар 
жойылған, жаңалары әлі 
жеткіліксіз 
дәрежеде 
тиімді әсер етеді 
Таңдауға даярлық: мүмкіндік-
терді  және  таңдау  вариантта-
рын, ұғыну, қажетті білім мен 
біліктілік,  таңдау  тәжірибесі-
нің болуы 
Акмеологиялық  және  аксе-
ологиялық  бағдар  алу,  қа-
лыптасқан  мен  концепция-
сы 
Мәдениетаралық  өзара 
әрекеттестіктің  масш-
Егеменділігін және өзін-
дік  ерекшелігін  сақтап 
Коммуникабельділік  және  тө-
леранттылық,  бөгде  ойлылар-
Жалпы және кәсіби мәдени-
ет,  білімдарлық,  коммуни-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
48 
табының кеңеюі 
әлемдік  қоғамдастыққа 
кіруге ұмтылу 
ға  сыйластық  қарым-қатынас, 
бөтен  мәдениет  мәселелері-
нен хабардар білу 
кативтік  шет  тілдерін  және 
мәдениеттануды білу 
Ұлтаралық  өзара  әре-
кеттестікті талап ететін 
глобалды 
мәселердің 
саны 
Тұрғындар  үшін  қазіргі 
бағытпен  қажетті  ішкі 
мәселелер саны 
Шығармашылықпен 
ойлау, 
космополиттік  өмір  таным 
және сана 
Азаматтық  және  субъекті-
лік  ұстаным,  патриоттық 
және  космополитизм,  кәсі-
би таным және ойлау 
Экономиканың 
дина-
микалық  дамуы,  бәсе-
келестік  күрестің  өсуі, 
жұмыспен 
қамтылу 
аясындағы 
құрылым-
дық өзгерістер 
Базар заңдарының аясы-
на  Ұлтық  ерекшелікте-
рімен  ену.  Қызмет  көр-
сету  аясының  дамуын-
дағы оңды динамика 
Біліктілікті  тұрақты  арттыру-
ға және біліктілігін ауыстыру-
ға, 
кәсіби 
іс-әркетке 
қабілеттілік 
Кең  жалпы  кәсіби  даярлық, 
шығармашылық  ойлау,  кә-
сіби бағыттылық, танымды-
лық қажеттіліктері 
Адам кұндылығы (адам 
факторы) рөлінің өсуі 
Дүниетанымдық 
және 
өнегелілік орта 
Қызметтің  және  тұлғалықтың 
жоғары кәсібилігі 
Арнайы  білімділік  пен  іс-
керлікті  нақты  меңгеру,  кә-
сіби-шығармашылық  тәжі-
рибесі,  тұлғалық  сапасы-
ның кәсіби маңыздылығы 
 
Кәсіби құзырлылық пен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін келтірген үлгілеріне сүйене отырып дене 
мәдениеті  және  спорт  мамандарының  бәсекеге  қабілеттіліктің  параметрлерін  нақтылауға  болады. 
Соңдықтан,  акмеологияда  “кәсібилік”  ұғымына  сипаттама  беру  үшін  екі  өзара  байланысқан  және  өзара 
келісілген  категорияларды  ескеру  керек.  Олар  “тұлғалықтың  кәсібилігі”  және  “қызметтің  кәсібилігі”. 
Соған  орай,  дене  мәдениеті  және  спорт  мамандығының  кәсіби  құзырлығының  екі  компонентін  бөліп 
алуға болады, олар құзырлылықтың тұлғалылық-кәсібилігі және қызметтік-кәсібилігі [3]. 
Құзыреттілік  тәсіл  бірінші  орынға  маманның  хабардарлығын  емес,  нақты  құбылыстарды  танып  білу 
мен  түсіндіруде;  қазіргі  заманғы  техника  мен  технологияны  игеруде;  практикалық  өмірде;  мамандық 
таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болған-
да;  өмірден  өз  орнын  анықтауға;  өмір  салтын,  кикілжіңдерді  шешу  тәсілдерін  таңдауға  байланысты 
мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады. 
Б.А.  Тұрғанбаева:  «Құзырлыққа  бағытталған  оқыту  үрдісінде  тәжірибелік  жолмен  мәселені  шешу 
мүмкіндігі  молаяды.  Осы  жағдай  біліктілікті  арттырудағы  екінші  үлгіге  көшірудің  негізі  бола  алады»,  – 
десе, К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары: 
- білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; 
- тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді, – деп тұжырымдайды. 
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп  мектеп  бітірушінің қазіргі  көпфакторлы әлеумет-
тік-саяси,  нарықтық-экономикалық,  коммуникациялық  және  ақпараттық  қаныққан  кеңістік  жағдайында 
тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға 
қарай бет бұруды білдіреді [4].  
Кәсіби-тұлғалық  құзырлылық  әлеуметтік,  тұлғалық  және  жекелік  компоненттерді  қосып  алып, 
әлеуметтік-тұлғалық  және  жалпы  ғылыми  құзырлылықтарды  меңгеруге  көмек  береді.  Бұл  жағдайларда 
дене  мәдениеті  және  спорт  мамандарының  кәсіби-тұлғалық  құзырлылығы  қызметте  қабілет  ретінде 
көрінеді: - құрылымдық кәсіби қатынас қызметі үдерісінде жүзеге асыру; - педагогикалық ұжымдық және 
дене мәдениеті-спорттық қызметті басқаруды жоспарлау және іске асыру; - педагогикалық және басқару-
ға  байланысты  міндеттерді,  мәселелерді  шығармашылық  түрде  шешу  және  өз  қызметінің  нәтижелігіне 
жауап  беру;  -  дене  мәдениеті  және  спорт  саласындағы  әлеуметтік-экономикалық  дамыға  байланысты 
сұрақтарды бағдарлау және шешу; - өзінің жеке кәсіптік білімін, іскерлігін және дағдысын шығармашы-
лық түрде байыту; өзінің құзырлылық деңгейін теңдей бағалау; кәсібін үнемі дамытып отыруға талпыну; 
- ғылыми танымдық және басқа шығармашылық қызметті жүзеге асыру. 
Гуманитарлық  және  әлеуметтік  пәндер  циклінде  (шет  тілдері,  тарих,  құқықтану,  әлеуметтану,  этика, 
психология, мәдениеттануды және т.б.), жаратылыстану-ғылыми және математикалық пәндерд циклінде 
қалыптасады. 
Бәсекекеге  қабілеттілік:  -  техника-технологиялық:  әлеуметтік-психологиялық,  жалпы  гуманитарлық 
және мәдениеттану жөніндегі білімінің, іскерлігінің және дағдысының көлемі мен сапасы; - құрылымдық: 
әлеуметтік ортада өзін ұстай білу және қарым-қатынас жөнінде тәжірибені жинақтауға мүмкіндік беретін, 
тұлғалық сапалар; қоғамда жеке өзі жүзеге асыра білу тәжірибесі; - өнегелік: өзін-өзі алып жүру тәртібі 
және қарым-қатынас мәдениеті, сыртқы түр сипаты, көрінісі, келбеті; - экологиялық: тәртіптің экология-
лық қауіпсіздігі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
49 
Құзырлықтың  осы  тобын  қалыптастыру  мыналарға сәйкес  келеді:  жеке  тұлғалық  кәсібилік  акмеоло-
гиялық  түсінігіне,  маманның  сапалы  сипатына,  кәсіби  маңызы  бар  немесе  жеке  іскерлік  сапасының 
жоғары деңгейіне, кәсібиліктің, креативтіліктің талап деңгейіне, алға іргерілеуші кәсіби дамуға бағыттал-
ған, дәлелденген саласы бар кұндылықты бағдарлар. 
Кілт сөздер: құзырлылық, экономикалық сипат, тұтынушылар, кәсіби қызмет, мемлекет, біліктілік. 
Ключевые  слова:  компетентность,  экономический  аспект,  потребители,  профессиональные  обязанности, 
государство, квалификация.  
Key words: competence, economical aspect, consumers, professional duties, state, qualification.  
 
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2010. 
2. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 16 қараша. Астана, 2009. 
№521 бұйрық.   
3. Деркач А.А., Кузьмина Н.В. // Акмеология: пути достижения вершин профессионализма. М: РАГС, 1993. 
4. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория 
және тәжірибе» - Алматы, 2005. 
5. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалық конференция 
материалдары)  Алматы, 2008. 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖОБА ӘДІСІ МАЗМҰНЫ МЕН АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Р.Е. Дабылтаева – к.п.н., доцент УИЯиДК, 
С.Т. Салпебаева – магистрант УИЯиДК 
 
Түйін 
Оқытушылардың  негізгі  міндеті  шетел  тілін  меңгертуде,  мектеп  практикасында  әлеуметтік-мәдени  жағдаятта, 
қоғамның даму сатысында, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында жоба әдісін жаңа педагогикалық техноло-
гия  ретінде  орын  алады.  Осы мәселеге  шетел  тілі  сабақтарында  жоба  әдісінің  рөлі мен  алатын  орны  туралы  терең  
қарастырылады. 
 
Резюме 
Основная  задача  и  цель  учителей  занимает  особое  место  в  развитии  проектного  метода  как  педагогическию 
технологию  с  помощью  социо-культурных  ситуаций  в  школьной  практике,  на  этапе  развития  общества,  в  подаче 
качественного обучения подрастающего поколения. По этой причине на уроках иностранного языка глубоко рассма-
тривается роль проектного метода. 
 
Summary 
The main task and aim of teachers take a particular place in project method developing as pedagogical technology through 
social and cultural situations at school practice, at the stage of society development and giving qualitative knowledge to the 
rising generation. According to this reason the role of project method has been examining at foreign language lessons. 
 
Европада  жоба  XX  ғасырдың  30-шы  (отызыншы)  жылдарда  енген.  Дегенмен,  ол  жақсы  нәтижелер 
берген  жоқ.  Себебі,  жоба  технологиясының  теориялық  проблемасы  жеткіліксіз  зерттелген.  Осының 
нәтижесінде  бұл  ой  білімгерлердің  біліміне  мұғалімдер  үшін  қисынсыз,  қажетсіз  болды.  Нәтижесінде 
жоба  әдісі  жайлы  ой  өз  дамуын  әрі  қарай  алып  кете  алмай  өз  зерттеулерін  бұл  бағытта  тоқтатады.  Ал 
басқа дамыған елдер бұл әдістің теориясы мен практикасын әрі қарай жетілдіреді. 
Қазіргі кезде шетел тілін оқытуда бұл әдіс асқан қызығушылықпен қаралуда. 
Ғалым-әдіскерлердің  негізгі  міндеті  шетел  тілін  меңгеруде  мектеп  практикасында әлеуметтік-мәдени 
жағдаятта,  қоғамның  даму  сатысында,  өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  беру  мақсатында  жоба  әдісі  жаңа 
педагогикалық технология ретінде айтылып жүр [1]. 
Ресейлік ғалым Д.А. Маракин атап көрсеткендей, «Оқыту технлогиясы» деген термин соңғы уақытта 
шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  ғылымына  толық  еніп  болды.  Оқыту  процесіндегі  «Технология»  деген 
термин,  ғылыми  әдістемелерде  көрсеілгендей,  практикада  іс-жүзінде  қолданылатын  әдістер  жиынтығы. 
Жоғарыда  аталған  жаңа  технологиялар  оқыту  процесін  жандандырып,  білімгерлердің  әрекетін,  біріккен 
әрекетін, танымдық белсенділіктерін арттырады. 
Жоба – білімгерлердің өз бетінше жоспарлаған және өзінше оы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы, 
онда  тілдік  қарым-қатынас  келесі  бір  әрекеттің  интеллектуалдық-эмоционалдық  контекстінде  енгізіледі. 
Кез-келген  жоба  негізінде  бір  мәселе  тұрады.  Осы  мәселені  шешу  білімгерлердан  тек  тілдік  білім  ғана 
емес, басқа пәндер бойынша тілдерді де талап етеді. Т.М. Мартьянов айтқандай жоба сабақты түрлендіре-
ді.  Ол  білімгерның  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрлерінде  іскерліктері  мен  дағдыларын  дамыта  отырып, 
оның сөйлеу өрісіне, фантазиясы, елестету сияқты ерекшеліктеріне де әсер етеді [2]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
50 
Оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу оқытушыға білімгерлерды шетел тіліне оқыту ғана емес, 
олардың тәрбие жұмыстарын жүргізуге де септігін тигізеді. 
Оқытудың  жаңа  технологиясы  мұғалім  мен  білімгер  арасындағы  қарым-қатынасты  жоғары  деңгейге 
көтереді, яғни мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білімгерлерға өз бетімен жұмыс жасауға, оның ой-өрісін 
дамытып, мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсуіне септігін тигізеді. 
Біз  арқашанда  білімгерлерды  тәрбиелей  отырып  оқытуға,  оқыта  отырып  тәрбиелеуге  тырысамыз. 
Шетел  тілдерін  оқытудағы  жоба  әдісін  қолдану  жобаға  қатысушылардың  танымдарының  кеңеюіне 
көмегін тигізе отырып, қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. 
Жоба  дегеніміз  не?  –  Жоба  бұл  білімгерлер  өз  ойларын  өздеріне  ыңғайлы  уақытта,  шығармашылық 
түрде  ұйымдастырылған,  ойластырылған  түрде  жеткізу  болып  табылады.  Коллаждар  дайындау,  афиша-
лар  мен  жарнамалар,  сұхбат  жүргізу,  зерттеулер,  қажетті  ақпараттар  мен  модельдер  көрсету,  түрлі 
жерлерге бару, жоспарлар құру, карта т.б. жұмыстар атқарылады. Жоба барысында міндеттілік жеке тұлға 
және  жобаға  қатысушы  топтың  мүшесі  ретінде  білімгерға  жүктеледі.  Ең  бастысы  жобаның  құрылысы 
қандай болатыны және презентация қандай түрде өтетінін мұғалім емес білімгерлер шешеді. 
Жоба  әдістемесін  пайдалану  білімгерлердің  сабақта  да,  сабақтан  тыс  уақытта  да  жұмыс  істеуіне, 
өздерін  алдыңғы  қатарда  көрсетіп,  өзін-өзі  тексеруіне  де  жақсы  әсерін  тигізеді.  Білімгерлер  өздерінің 
білім деңгейіне, оларды шынайы іс-әрекетте пайдалана білуіне деген жеке жауапкершілік пайда болады. 
Жобамен  жұмыс  істей  отырып,  оқушлар  өз  бетімен  керекті  мәліметтерді  табуға,  түрлі  дерек  көздерін 
пайдалануға үйренеді. Мұғалім олардың тең құқылы әріптесіне және кеңесшісіне айналады. 
Жобаның  маңыздылығы,  білімгерлер  жобаны  орындау  барысында  оқу  танымдық  іскерліктері  артып, 
өз бетінше білім алуға үйренеді. Егер білімгер ақпарат ағымында зерттеу дағдысын үйреніп, оған болжам 
жасап, фактілерді салыстыратып, қорытынды жасаса, мың құбылып тұрған қоғамда шығармашылық өмір 
сүріп, келешекте дұрыс мамандық таңдауына еш кедергі болмайды [3]. 
Жоба әдісін мектеп практикасына енгізудің мақсаттары: 
- әр жеке білімгерның немесе білімгерлер тобының мектеп қабырғасында игерген зерттеу тәжірибеле-
рін көрсете білу; 
- зерттеу пәніне деген қызығушылық танытып, сол пән бойынша білімін ары қарй жетілдіріп, толық-
тырып нәтижесінде алған білімдерін жоба әдісі арқылы белгілі аудиторияға, ортаға жеткізу; 
- жоба  әдісін  қолдану  шетел  тілдерін  меңгеруге  деген  білімгерлердің  қызығушылығын,  ұмтылысын 
арттырады. 
Бірігіп  жұмыс  жасау  ұжымды  жақындастырады:  білімгерлердің  өзара  қатысымы,  бірін-бірі  түсінуі 
артады, тек өз қызметіне емес бүкіл топтың жұмысына деген жауапкершілік артады. Әрбір білімгер өзінің 
бастаған  жұмысының  толық  нәтижесін  көрсету  үшін  оны  жақсы  аяқтауға  тырысады.  Мұндай  оқыту 
түрлері білімгерлерды шығармашылық ізденіске дағдылануды, ұжымда жұмыс жасауды үйретеді. Білім-
герлер дәстүрлі өткізілетін сабақтарға қарағанда, оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған сабақтарға 
көбірек қызығып, белсене қатысады. 
Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан үлкен айырмашылығы бар. Жобалық сабақты дайындау, 
өткізу білімгерлердан да оқытушыдан да шығармашылық ізденісті, көп күш жігер және уақыт талап етеді. 
Қазіргі әдіскерлеріміздің міндеті жастарға тек сапалы білім беріп қана қоймай, өзінше ізденетін, өзіне 
лайықты  жұмысты  анықтай  білетін,  өмірден  өз  орнын  таба  алатын,  білетін  жастарды  қалыптастыру. 
Қазіргі дайындалған мамандардың сапасымен болашақтағы қоғамның дамуы байланысты болғандықтан, 
дайындалып жатқан мамандарымыз нарықтық экономикалық бәсекелестікке төзе білетін, жеке көзқарасы 
бар, өз бетінше ойлай білетін тұлғалар болуы керек. Ал (жастар) білімгерлерға өз бетінше ойлауды қалай 
үйретуге болады? Ол үшін ең бірінші “не ойлау” керектігін үйретуден бас тартып, “қалай үйрету” керекті-
гін үйрету қажет. Бұл үшін бізге жобалық сабақтар көмектеседі. Жобалық сабақтарда білімгерлер белсен-
ді болады, оқытушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері іздейді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, 
басқа  білімгерлер  мен  мамандармен  бірігіп  жұмыс  істейді.  Оқытушы  дәстүрлі  сабақтардағыдай  аудито-
рияда  ақпарат  беретін  жалғыз  адам  болмай,  осы  жұмыстарды  істеу  кезінде  білімгерлерға  кеңес  беріп, 
яғни, алға қойған мақсатқа жету үшін оқытушы мен білімгер бірігіп жұмыс жасайды [4]. 
Сонымен  жобалық  сабақтар  дегеніміз  –  бұл  алдын-ала  жоспарланған,  алдына  қойған  мақсаты  бар 
сабақтың  ерекше  бір  түрі.  Оның  дәстүрлі  сабақтардан  теориялық  жағынан  ғана  емес,  практикалық 
жағынан  да  айырмашылығы  бар.  Жобалық  сабақтың  басы  –  бір  мәселе,  не  ерекше  ой  пікір  болып  аяғы 
презентациямен  аяқталады.  Сабақтың  басында  ұсынылған  мәселені  шешу  үшін  оқытушы  мен  білімгер 
бірігіп  жоспар  құрып,  жұмыс  жасауда  әдістерді  таңдайды  және  де  жоспарлау,  жұмыстарды  орындау 
барысында білімгерлердің өмір тәжірибесі, қазіргі өмір шындығы пайдаланылады, атап айтқанда: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
51 
- білімгерлерға өз өмір тәжірибелерін, өз ойларын сабақта пайдалануға мүмкіндік беріледі; 
- сабақтың бір бөлігін жүргізу білімгерлерға жүктеледі; 
- білімгерлер өздері мәліметтер іздейді, шешімдер қабылдайды, тапқан материалдарын өңдейді, құжат-
тандырады,  жұмыстарының  қорытындысы  мен  басқа  білімгерлерды  топ  алдына  шығып  таныстырады, 
баяндайды. 
“Жоба”  деген  сөздің  өзі  Еуропа  тілдеріне  латын  тілдерінен  еніп,  –  “алға  тасталған  ой,  алға  шығып 
сөйлеуші” деген мағынаны білдіреді. Өзі аты айтып тұрғандай алға тасталған ой, яғни біздің жағдайымыз-
да  ортаға  оқытушы  білімгер  болып  тақырып  тасталады.  Содан  соң  білімгерлер  өз  ойларын  алға  шығып 
айтады. 
Жоба жұмысының негізгі ұстанымдары: 

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет