Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


МЕКТЕП БІТІРІУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДЫҢ



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет29/46
Дата04.05.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46

МЕКТЕП БІТІРІУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
А.Т. Оразалиева – Жалпы педагогика және психология кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Түйін 
Аталған  мақалада  мектеп  түлектеріне  кәсіптік  бағдар  беру  мәселесі  қарастырылады.  Оқушылардың  кәсіби 
бағдарланудағы психологиялық ерекшеліктерінің аспектларының зерттеулері баяндалады. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  дифференциалные  обучение  и  психологические  осообенности  так  же 
проффесиональные орентационные теории при выборе проффесии школьников. 
 
Summary 
In this article are risen differential learning and psychological orentatsionnye theory when choosing proffesii students. 
 
Бiлiм  –  қоғамды  әлеуметтiк  мәдени,  ғылыми  үрдiспен  қамтамасыз  ететiн  жоғары  құндылық. 
Болашақтың бүгiнгiден нұрлы болуына ықпал етiп, адамзат коғамын алға апаратын күш тек бiлiмде ғана. 
Қай  елдiң  болсын  өсiп  -  еркендеуi,  ғаламдық  дүниеде  өзiндiк  орын  алуы  оның  ұлттқ  бiлiм  жүйесiң 
деңгейiне, даму бағытына байланысты. ХХI ғасыр деңгейiнде бiлiм беру және кәсiптiк даярлау жөнiндегi 
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Казақстан халкына 2012 жылғы Жолдауында 
“Бiз  бүкiл  елiмiз  бойынша  әлемдiк  стандарттар  деңгейiнде  сапалы  бiлiм  беру  кызметiн  көрсетуге  жол 
жеткiзуiмiз  керек.  Әр  оқушыньң  бiлiм  мен  қабiлет  деңгейiнiң  тиiмдiлiгiн  бағалаудың  бiртұтас  жүйесiн 
жасау кажеттiгiн, оку жоспарларына жаратылыстану бейiнiндегi арнаулы сыныптар кұруды қарастырған 
жөн екендiгi атап көрсетiлген болатын.{1.12б}  
Жаңа  ғасыр  табылдырығын  бiлiм  мен  ғылымды  инновациялык  технология  бағытымен  дамыту 
мақсатымен  аттауымыз  үлкен  үмiттiң  басты  нышаны  болып  табылады.»  Бiлiмдi  халықтың  болашағы 
бұлыңғыр болмайды»- дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән — мағыналы, өнегелi тәрбие мен бiлiм беру— 
бүгiнгi күннiң басты талабы. Тәуелсiз мемлекетiмiзге еңбекқор, кәсiбiн терең түсiнетiн, өзiнiң бiлiмi мен 
iскерлiгiн жан — жақты колдана бiлетiн мамандар кажет.  
Казiргi  кезеңде  жалпы  бiлiмнiң  мiндетi  –  баланың  жалпылама  дамуын  камтамасыз  ету ғана  емес,  ең 
бастысы,  оларды  жастай өз  қабiлетi  мен  қызығуына  қарай  белгiлi  бiр  мамандыққа  арнайы  әзiрлей  бiлу. 
Жас өспiрiмдердiң шығармашылык тұлғасыньң белсендi бағытын оның тек сабақтарға жалпы қатынасы 
және оның кажеттiлiгi мен мұктаждығы ғана емес, сондай — ақ бiлiмдi тжiрибелiк iскерлiктердi қабылдау 
мен меңгеру үрдiсiнiң өзi де анықтайды.{2.16,21}  
Оның  iшiнде  үйiрме  —  шығармашылық  iзденiстiң  алғашкы  баспалдағы.  Қандай  да  бiр  үйiрмеге 
қатысқан  окушының  өзiндiк  талпынысы,  iзденiсi  болары  анық.  Адамның  белгiлi  бiр  әрекетке 
бейiмделуiне негiз болатын факторлар бөлiгiне мыналар    кiредi:  
- азаматтық  қасиетi;  
- еңбекке деген қарым — қатынасы, мамандыққа қызығуы, сол еңбек апасына қатысы;  
- тұлғаның кәсiби еңбек бағыттылығы;  
- жалпы жарамдылығы (дене жене ақыл — ой); 
- арнайы қабiлеттерi немесе белгiлi бiр iс - әрекетiне қажеттi сапалар; 
- бiлiм, дағды, тәжiрибе, белгiлi кәсiби қызметке үйрену.{3.626}  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
189 
Әрбiр  оқушыньң  сана-сезiмi,  мiнез-ұлкқы,  мәдениетi,  өмiрге  көзқарасы,  әртүрлi  мамандықтардың 
ерекшелiк сипаттарына қабiлеттерi бiрдей бола бермейдi. Олардың өзiндiк ерекшелiгi тәрбиесiне, шыққан 
ортасына  да  байланысты.  Белгiлi  педагог-ғалым  А.Кусайынов  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдердiң 
(Америка,  Германия,  Жапония,  Франция,  Нидерландия,  Англия,  Канада)  жалпы  бiлiм  беру  жүйесiне 
талдау  жасаған.Бұл  талдауларда  осы  өркениетті  мемлекеттер,  мектептің  орта  сынып  оқушыларынан 
бастап дифференцияланып білім беру іске асырылынатынын  көрсетті.{4.236} 
Мектеп  –  елiмiздiң  халыққа  бiлiм  беру  жүйесiнiң  күрделi  тармағы.  Елiмiздiң  жарқын  болашағы, 
мектеп  болашағы  –  ұстаздардың  iзденiсiнде,  балаларға  деген  сүйiспеншiлiгiнде,  кәсiптiк  деңгейiне 
байланысты  екендiгiнде.  Шындығында  мұгалiмнiң  алдында  окушыларға  бiлiм  мен  тәрбие  беруде  үлкен 
жауапкершiлiк  тұр.  Әрбiр  оқушыны  окытып  тәрбиелеуге  байланысты  мәселелердi  өздiгiмен  және 
шығармашылык  ынтамен  шешуге  қабiлеттi  жаңашыл  мұғалiм  керек.  Мектеп  шаңырақ  ортасында 
жеткіншек  жандардың  жанын  жаңалығымен  таңқалдыра  алатын  тұлғалардың  еңбек  нәтижесі, 
оқушыларға оның келешек кәсібін таңдата алады{5}.  
Кәсiби  бағдар  —  бұл  мақсаттардың  бiрлiгi  мен  тұтас  басқарумен  бiрiктiрiлген  -дара  байланысты 
бөлiктерден  тұратын  бiртұтас  жүйе.{6.}  Ол  бөлiктер:    таңсықтылықтың,  қызығушылықтың  дамуы; 
оқушының әртүрлi iс -әрекет түрлерiне бейiмдiлiгi (ойын, танымдық, еңбек); кәсiби психодиагностикалау; 
кәсiби кеңес беру; кәсiби iрiктеу; кәсiби бейiмделу және кәсiби тәрбие. Кәсiби бағдар беру мақсаты — жас 
ұрпақты саналы түрде мамандық тандауға дайындау, үйрету екендiгi белгiлi. Ол үшiн мынадай нәрселер 
өажет:   
-  оқушылардың  бойында  iшкi  психологиялық  -  әлеуметтiк  мәндiлiктi  реттейтiн  қызмет  түрлерiн 
тәрбиелеу;  
- түрлi еңбек қызметтерi мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу; 
-  кәсiптi  өз  бетiнше,  саналы  түрде  жеке  қасиеттерiн  есепке  ала  отырып  орындау  бағытын  жетiлдiрiп 
тәрбиелеу. 
Кәсiби бағдар берудiң негiзгi бөлiктерi төмендегiлерден тұрады.  
1. Кәсiби бағдар берудi ақпараттандыру. 
2. Коғамдық пайдалы өнiмдi еңбекке жас кезiнен бастап уйрету.  
3. Кәсiби бағдарға арналған кеңестер беру. 
4. Кәсiптiк бейiмделу. 
Кәсiби  бағдар  берудi  ақпараттандыру  —  оқушыларға  түрлi  еңбек  қызметтерi  жене  кәсiп 
ерекшелiктерiмен,  олардың  нарық  жағдайы  және  әлемдiк  өркениеттегi  даму  бағыттарымен,  ел,  аймақ 
экономикасына тигiзетiн әсерi, рөлi туралы жас жеткiншектердi баулу{7.} 
Түрлi  жұмыстарды  атқаруға  баланың  икемдiлiгiн  байқау,  жеке  қасиеттерiн  тәрбиелеу  аркылы  өнiмдi 
еңбекке үйрету. Оларға тәжiрибелiк жұмыстар кезiнде өз бетiнше еркiндiк берiп шығармашылыққа баулу. 
Кәсiби  баулу,  бағдар  беру,  оқушыларға  психикалық  даму  ерекшелігіне  байланысты    кеңестер  беру. 
Мұндағы  басты  мақсат  —  кәсiп  таңдатуда  негiзгi  қоғамдык  және  идеялык  сананы  қалыптастыру.  
Оқушылардың  жеке  қасиеттерi  кәсiп  талаптарына  сай  келуі  қажет.  Осындай  кеңестерге  мектеп 
қабырғасындағы оқушылардың  тең жартысы зәру болады.  Әсіресе, оларға мына топтар жатады. 
1. Өз бетiнше мамандық таңдай алмаған оқушылар.  
2. Мамандык тандауда ата — аналарымен келiсе алмаған жастар.  
3. Өзi таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткiзгiсi келген жасөспiрiмдер.  
4. Тәртiбi нашар, толқу үстiнде жүрген жеткiншектер.  
Осыған байланысты кәсiби бағдарға ұсыныс беру түрлерiн төмендегiнше көрсетуге болады. 
1. Ақпараттық—анықтамалық.  
2. Психологиялык—педагогикалық.  
3. Медициналық.   
Кәсiби  бейiмделу  дегенiмiз  -  өзі  таңдап  алған  мамандыққа  бейiмдiлiгiн  оқу  кезiнде  дамыту,  ал 
өндiрiстiк салада iстеп жүргенде бiлiктiлiгiн көтерiп шеберлiгiн арттыру.{8.69,97бб}  
ХХI  ғасырды  бiлiмдiлер  ғасыры  десек,  ғылым  мен  бiлiм  саласында  еңбек  ететiн  жастарымыздың 
алдына үлкен жауапкершiлiктер тұр.  
Демек, сол жастарға кәсiби құзыреттi маман болып қалыптасуына бағдар беру — басты мақсатымызға 
айналуы тиiс.{9 123б} 
Бұдан мынандай көріністерді   айқындауға болады болады; 
а)  әрбiр  адам  өзiнiң  жекеленген    қасиеттерiмен,  кәсiби  маңызды  кабiлеттерiмен  қолайлы  жалғыз  бiр 
мамандыққа сай келедi; 
ә)  кәсiби  сәттiлiк  және  мамандықпен  қанағаттанушылқ  адамның  индивидуалды  қасиеттерi  және 
мамандықтың талаптарымен сәйкес дәрежемен себептi; 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
190 
б)  кәсiби  таңдау  саналы  және  тиімді    процесс  болып  табылады,  мұнда адам  өзi,  немесе  кәсiби  кеңес 
берушi  индивидуалды  психологиялық  қасиеттердi  анықтайды  және  оларды  әртүрлi  мамандықтардың 
талаптарымен сәйкестендiредi. {10.673б}  
Оның мәнінің 3 факторы бар: 
1) индивидуалды қабiлеттер және ерекшелiктер, мүмкiндiктерi, икемдерi, адамның қызығушылығы; 
2)  мамандықтың  ерекшелiктерi, талаптары -  адамдарға талап етедi; 
3) бiрiншi және екiншi факторлардың арасындағы дұрыс байланыстылығы. 
Кәсiби бағдар беру жұмыстарын өткiзген кезде тұлғаның жас ерекшелiктерiн ескеру өте маңызды. 
Мұны  Дж.  Сьюпердiң  жіктеу  деңгейінде      ол  адамның  кәсiби  жолын  жас  мөлшеріне  байланысты 
былайша деңгейлейді: 
1. жетiлу — қызығушылықтар және қабiлеттердің дамуы (О — 14 жас аралығы);  
2. зерттеушiлiк - өз күшiнiң апробациясы (14 — 25 жас аралығы); 
3. бекiту — кәсiби бiлiм беру және қоғамда өз ұстанымдарын нығайту (25 — 44 жас аралығы);  
4. қолдау — кәсiби тұрақты ұрпақ құру (45 — 64 жыл); 
5. төмендеу — кәсiби белсендiлiктiң төмендеуi (65 жас және кейiн).  
Мамандықты  таңдау  және  кәсiби  жетiлу  кезеңi  адамда  14-тен  25  жас  аралығына  келедi  және 
сипатталады,  бұнда  адам  өз  күшiн  әр  түрлi  iс  -  әрекет  ортада  өзiнiң  кәсiби  мүмкiндiктерін  сынайды. 
Шынайы өмiрлiк жағдайлардың талдауы керсеткендей, жас өспiрiмге өте  күрделi өту, жалпы бiлiм беру 
мектебiнен кәсiби  еңбекке, бұл өту жеткiншек жасқа келедi, бұл уакытта адам ұстанымды кәсiби таңдау 
жолының  шешiмiн  қабылдайды.  Өзін  анықтау  «персондық»  қағидаланады.  Жасөспiрiмнiң  психология-
сында кәсіп  таңдаудағы өзiн - өзi анықтау үш сатыдан тұрады: 
1.  Балалық  ойын  Бұл  ойында  бала  өзiне  әр  түрлi  маман  рөлiн  алып,  кейбiр  өзiн-өзi  ұстау 
элементтерiмен керiнедi. 
2.  Бозбалалық  –  бойжеткендiк  қиял  үрдіс  көрінісі  мұнда  олар  өзiне  ұнайтын  мамандықты 
армандайды. 
3Бозбалалық пен осы жастың көп бөлiгiн қамтитын — алдын ала кәсіп таңдау. Жеткіншектердің 
өзіндік анықтауларының әр сатылық қатынастағы ерекшеліетері,оның сол кезеңдік психологиялық дамуы 
мен тұлғалық қалыптастыру мағанасында ұштасыуы тиіс. Әрине бұл өздігінде оқушыны сол кезеңдердегі 
қоршаған  ортасының  ықпалына  тәуелді  етуі  әбден  мүмкін.  Сондықтан  онымен  байланысты  іс-әрекеттің 
түрлері  таңдалып,ең  алдымен  жасөспiрiмнiң  көзқарасы  бағалануы  тиіс  (мен  тарихты  жақсы  көремiн, 
тарихшы болайыншы) сонан кейін,   қабiлеттiлiк көзқарасы, (менде  математика пәнi жақсы келе жатыр, 
сонымен айналысайын ба?) ең соңғы көзқарасы, бағалы кәсіп. (мен ауырған жандарға көмектескiм келеді,  
дәрігер боламын, т.б) таңдауының сәттілігіне алып келуі сөзсіз. 
Жеткіншек  жанының  психологиялық  анықтаулары  олардың  жыныстық  белгілеріне  де 
қатысты.  Өйткені  қыз  балалар  көбінесе  жұмыс  жасау  сферасын  таңдайды  (мен  медицинамен 
айналысқым  келеді,  тек  сонан  кейін  мамандық  біліктілік  деңгейін)  немесе  керісінше  бірінші  деңгейін  
сосын  мамандықты  (жоғары  оқу  орнына  түссем,  бірақ  қай  мамандыққа  екенін  өзі  білмейді).  Сонымен  
мектеп  түлектерінің  психикалық  процесстерінің  байланыстары  мен  заңдылықтарының  ерекшеліктері, 
олардың  таңдаған  кәсібінің  сәйкестігімен  сәттілендірген  жағдайда,  психологиялық  бағыттандырудың  
нәтижелігін мәнді деуге болады. 
 
1. Ж. Тұрманова. Жасөспірімдер белсенділігі мен кәсіптік бағдары. Психологияны мектепте оқыту және ЖОО 
да оқыту. - 2006. -№2-Б 2-4 
2. Бейсенова  Ж.Ж. Жоғарғы сынып оқушыларындағы кәсіби өзіндік анықталу мәселесі  //Вестник университета  
«Қайнар». – 2004. №4/1. – Б70 -74. 
3. Болатова А. Бағдарлы оқытудың негізгі мәселелердің бірі /Қазақстан мектебі. -2009. -№1. -Б34-35 
4.    Н.А.Назарбаев.  Қазахстан  на  пароге    нового  рынка  вперед  в  своем  развитии  .Стратегия  вхождения 
Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира. //Казахстанская правда, 2012 
5. Ж.Ы.Намазбаева., О.С.Сангилбаев «Орысша-қазақша психологиялық сөздік».А.; «Ргіnts»,2 005.-Б185-186 
6. С.Н.Чистякова/»Основы профессиональной орентации школьников».М.;»Просвещение»,1983.-183 
7. КлимовЕ.А. Психолого - педагогические проблемы профессиональной  консултации. -М.: Знание, 19837-976 
8. Т.Сырғабаев. Психологиялық қызметтің бағдарлы оқытудағы рөлі //Мектептегі психология. -2008.№4(16). Б 
47-49 
9.  Гинзберг  М.Р.  Психологические  содержание  личностного  самоопределения.  //  Вопросы  психологии.  -  1994.  -
№3.-Б56 -58 
10.  Джакупов  С.М.Влияния  социума  на  характер  профессионального  самоопределения,  //Межвуз  сб.  науч 
трудов.- А.: КазНу,2000.- Б53-57 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
191 
ӘӨЖ  378 (574) (091) 
 
ЖАHАНДАНУ – ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 
 
К.О. Оразбаева – 1-курс докторанты, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Резюме 
В данной статье расматриваются возможности адаптации процесса подготовки специалистов-педагогов согласно 
нынешнему времени и совремнным факторам, воздействующим на обучающий процесс. В научной педагогической 
сфере  термин  «глобализация»    применяется  не  только  в  среде  образования,  но  и  во  многих  других  отраслях.  В 
общественных науках данный термин употребляется максимально часто, так как отражает совремнные отношения, 
складывающиеся  в  мире.  Понятие  «глобализация»  на  самом  деле  гораздо  шире.  Под  термином  подразумевается 
связь между государствами и  их взаимное влияние друг на друга, в том числе и в педагогике. 
 
Summary 
In this article possibilities of adaptation of process of preparation of specialists teachers according to present time and the 
modern  factors  influencing training  process  are  considered.  In  the  scientific  pedagogical  sphere  the  term  "globalization" is 
applied not only in the environment of education, but also in many other branches. In social sciences this term is used as often 
as possible as reflects the modern relations developing in the world. The concept "globalization" actually is much broader. 
The term is meant as communication between the states and their mutual influence at each other, including pedagogics. 
 
Мақалада жаhандану - педагогика ғылымының  даму факторы ретіндегі қазіргі заманға тигізетін әсерін 
бағалай отырып, педагог мамандардың осы үдеріске бейімделу мүмкіндігінің мән-мағынасы қарастырыл-
ған.  Педагогика  ғылымында  «жаhандану»  термині  қоғамдық    білім  саласында  ең  көп  қолданысқа  енген 
терминдердің  бірі  болып,  көптеген  мағынада  қолданылады  және  дүниежүзінің  даму  үдерістерін 
сипаттайды.  Жаhандану терминінің астарындағы ұғым  халықтар мен мемлекеттер арасындағы байланыс 
пен жалпы ғаламшар аумағындағы қоғамдық дамудың жаңа кезеңін көрсетеді. 
Қазір жаhанданудың маңызды кезеңінде тұрмыз сол себептен қай уақытта, қай кезде  болсада болашақ 
педагог  мамандарымыз  жұмыс  істеуге  дайын  болу  керек.  Барлық  өңірлерде  жастар  істері  жөніндегі 
басқармалар  жасақталуда.  «Мемлекеттік    жастар  саясатының    2020    жылға  дейінгі  тұжырымдамасы» 
қабылданды  жалпы  кадрларды  даярлау  мәселесі  көтерілді.    (26.02.2013).  Жастар  саясатының  жаңа 
тұжырымдамасы  бойынша  Жастарды  болашақ  бағдарлама  аясында  педагог  жас  мамандарды  ауылды 
жерлердегі    мектептерде  жұмыс  істеуге  және  де  педагогтарға    шет  елдерде    білім    алуға  мүмкіндіктер 
жасалып отыр [1]. Осының  өзі педагог мамандардың жаhандық білім үдерістеріне қатысыуына жасалған 
жағдай.   Жаhандану  пікірі  ертеден-ақ  білім  саласында  орын  тепкен.  Атап  айтсақ,  жаңа  мыңжылдықтың 
тууымен «жаhандану» термині қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында соның ішінде білім берудің ең көп 
қолданысқа енген терминдердің бірі болып табылады. Жаhандану мәселесі ғалымдардың қоғамдық саяси 
қызметкерлердің,  ірі  бизнес  пен  қаржы  өкілдерінің  назарын  өзіне  аударуда.  Осы  тақырып  төңірегінде 
мерзімдік басылымдарда жарық көрген мақалаларда көптеген авторлар жаhандану құбылысын жаhандық 
ой-пікірлерін ескере отырып, оның негізгі сипаттамасын анықтап, жаhанданудың қазіргі заманға тигізетін 
әсерін  бағалай  отырып,    адамның  өмір  сүру  қабілетінің    мән-мағынасын  байқауға  болады.  Ғылыми 
әдебиеттерде  жаhандану термині көптеген мағынада қолданылады, және оның нағыз жақтаушылары да, 
оған кереғар қарсыластары да бар.   
Арыстанбекова  А.Х.  зерттеу жұмысында атақты ғалым Энтони Гидденстің сөздеріне сүйенеді, оның 
ойынша, көптеген жиі қолданылып жүрген терминдер өз мағынасы бойынша түсініксіздеу, бұл термин де 
қайдан келгені белгісіз, 80-жылдардың аяғында ол еміс-еміс қолданылып жүрген. Алайда 90-жылдардың 
аяғында,  XXI-ғасырдың  басында  біз  бұл  терминнің  аяқ  астынан  танымал  болып, қоғамдық  дамудың  әр 
түрлі салаларында қолданысқа түсе бастағанын аңғарамыз [2].  
Ең  алдымен    «жаhандану»  ұғымының  мағыналы  екенін  атап  өтуіміз  қажет,  міне  осы  қасиетінің 
арқасында бұл сөз кеңінен тарап кетті. Ғалымдар жаhанданудың қашан басталғандығы, оның дамуының 
ерекшеліктері  жөніндегі  әр-түрлі  ой-пікірлеріне  қарамастан,  бұл  үдерісті  өткен  ғасырдың  60-
жылдарының 
басымен 
байланыстырады, 
бұл 
кезде 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
технологиялардағы ғылыми-техникалық төңкеріс жаппай дами бастаған болатын. 
Осы  кезеңде  «жаhандық  қоғам»  деген  термин  солтүстік  американдық  ғалымдардың  еңбектерінде 
жарық көрген (университет Ман Луан, Торонто), «жаhандық ауыл» термині алғаш рет жалпы ақпаратты 
бір  уақытта  планетамыздың  кез-келген  нүктесінен  дүниенің  төрт  бұрышына  коммуникация  құралдары 
арқылы  таралу  феноменін  көрсету  үшін  қолданылған  [2,3].    Ал  «жаhандану»  терминін  алғашқы  рет 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
192 
Гарвард  бизнес  мектебінің  профессоры  Теодор  Левит  өзінің  «Рыноктардың  жаhандануы»  атты 
мақаласында ұсынған. 
Біреулер  үшін  бұл  бүкіл  ғаламшарға  нарықтың  таратылуы  болса,  тағы    біреулер    үшін  жалпы 
адамзаттық  құндылықтарға  қарай  ұмтылу  болып  табылады.  М.А.Чешковтың  пайымдауынша, 
«жаhандану»  термині  әлемдік  қоғамдастықтың  әр  түрлі  бөліктерінің  бір-біріне  тәуелділік,  өзара  бірігу 
және өзара шарттасу процесі ретінде  көрсетуге болатын үдерістер мен құрылымдардың кең жиынтығын 
білдіреді.  Басқаша  айтқанда,  қазіргі  заманда  аумақтағы  жағдайлармен  анықталатын  біртұтас  нәрсе 
құрылады [4].  
Біз  бұл  талдауды  «жаhандану»  түсінігі  қазір  қалай  айтылатынын  және  олардың  бір-бірімен 
сәйкестіктері мен қарама қайшылықтарын білу мақсатында жүргізуіміз қажет; сонымен қатар білім беру 
және педагогикалық ғылымға осы процестің әсер ету деңгейін есепке ала отырып, жаhандануға өзіміздің 
анықтамамызды беруге тырысамыз. 
Көптеген  зерттеушілердің  ойынша  «жаhандану»  түсінігі  «өзара  тәуелділік»,  «интеграция»  сияқты 
түсініктер  орнына  келді  және  халықаралық  байланыстағы  экономикада,  әлеуметтік  және  саяси  салада 
жүйенің  жаңа  даму  кезеңін  сипаттайды.  Ғалымдардың  барлығы  дерлік  жаhанданудың  объективтілігін, 
барлығын  қамтитын  сипатын  атап  өтеді.  Бұл  термин  академиялық  шеңбердегі  сөздік  құрамында  ғана 
емес,  сонымен  бірге,  журналистер,  саясаткерлер,  іскерлік  шеңберіндегі  өкілдер  және  білім  беру 
орталықтарында да кең тарады. Негізінен тақырып жаhандық нарық, жаhандық коммуникация, жаhандық 
қауіп-қатер  және  т.б.  туралы  болды.  Өткен  ғасырдың  60-жылдардың    аяғында    кейіннен  «жаhандық 
мәселелер»  деген  атқа  ие  болған,  көзге  айқын  көрінетін,  әлеуметтік  дамудың  мүмкіншіліктері  жөнінде 
айтарлықтай  қауіп  төнгізетін  және  адамзаттың  аман  қалуы  туралы  сұрақтарды  күн  тәртібіне  қойған 
мәселелер пайда болды. Осы үдерісті БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да ірі және жеке қоғамдық ұйымдар өз 
қолдарына алды.  
БҰҰ  жанындағы  ғылыми-зерттеу  институтының  зерттеулері  бойынша  оның  жалпы  бағыттарын 
анықтайтын кем дегенде алты үдеріс бар: 
1.  Өзінің ойын ашық және еркін айту және саясатқа қатысу құқығын алған адамдар санын көбейтетін 
либералды демократияның таратылуы. 
2.  Экономикада  нарықтық  күштің  басым  болуы  экономикалық  либерализм  бірнеше  халықаралық 
элита  тобында,  кредитор  елдер  мен  екі  ірі  халықаралық  қаржылық  ұйым,  Халықаралық  валюталық  қор 
(ХВҚ) мен Бүкіл әлемдік банкте билікті күшейте отырып, 70-жылдар ортасында идеологияны көрсететін 
болды. 
3.  Өндіру  жүйесі  мен  нарықтағы  жұмыс  күшінің  өзгеруі.  Бүгін  өнеркәсіп  шағын  және  икемді  жүйе 
өндірісіне негізделген, ал жұмысшылар қызмет көрсету секторына ауысқанды жөн көреді. 
4.  Технологиялық  жаңартулардың  жылдамдығы.  Өндірісті  компьютерлендіру  және  коммуникация 
жүйелері  еңбектік  қарым-қатынасқа  айтарлықтай  әсер  етеді  және  мемлекеттер  ішінде  және  олардың 
арасында жаңа билік қатынастарын туғызады 
5.  Бұқаралық ақпарат саласындағы төңкерістер. 
6.  «Тұтынушылық иделогиясы» деп аталатын ұғымның таралуы. 
Қоғамның индустриялануы тізбекті реакцияны тұғызады, ол мәдениетке біршама әсер етеді; адамның 
маңайы күнделікті қоршаған ортасы бірыңғай және жасанды бола бастайды, еңбек тек жаңа материалдық 
заттар  алуға  мүмкіндік  беретін  құралға  (қаражат  көзіне)  айналады.  Кейде  адамның  бірден-бір  көз 
қуантары теледидар мен компьютер экраны болып табылады. Сол себепті бүгінде «виртуальды шындық» 
жөнінде  көп  әңгіме  қозғалды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  (БАҚ)  сендіру  күшінің  дүние  жүзінде 
мықтылығы сонша, жаңалықтар бағдарламасы оқиғалар жөнінде тек есеп беріп қана қоймайды, сонымен 
қатар олар оқиғалар желісіне белгілі бір әсерін де тигізеді.  
Қазіргі  заманның  барлық  жаhандық  үдерістерді  қалалық  ортада  өте  анық  көрінеді  –  яғни,  қалалық 
әлеуметтік-мәдени  кеңістікте,  себебі  қалалық  болу  (урбанизация)  жалпы  әлемдік  мәдени  интеграцияда 
орасан зор рөл атқарады, қазіргі кездегі өркенниеттік үдерісте маңызды мағынаға ие болады. 
Жаhанданудың қазіргі мәдениетінде, соның ішінде тілдік мәдениетте Интернет маңызды рөл атқарады, 
оның  бастамасын  Пьер  Тейяр  де  Шарден өзінің  «ноосфера»  идеясымен  жасаған.  Бұл  жаңа  мәдениеттің 
тілі  ағылшын-америкалық,  себебі  Интернеттің  мамандары  мен  қолданушылары  ағылшын  тілді  елде 
тұрады (99% -америкалық салымдар, басқасының үлестері өте аз) [5,6]. 
Дүниежүзілік  қоғамдастық  үшін  жаhанданудың  өзектілігін  БҰҰ-ң  бұрынғы  бас  хатшысы  К.Аннан  
жаhандану феноменін былайша анықтаған [7]. Жаhандану деген не? Негізінде, бұл белгілі бір топтар мен 
жекелей тұлғалардың тікелей, бұл процеске мемлекеттің араласуынсыз, шекара арқылы бір-бірімен өзара 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
193 
қарым-қатынасқа  түсуі,  бұл  жерде  күні  бүгін  осындай  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  бұрын-соңды 
болмаған жағдайда болып отыр. 
Америкалық  және  Батыс  Еуропалық  ғалымдардан  кейін  жаhандану үдерісін  зерттеудің  қажеттілігіне 
ресейлік  ғалымдар  да  көңіл  аударды.  Ресейлік  энциклопедиялық  басылымдарда    «жаhандану»,  оған 
сәйкес  «жаhандануды  зерттеу  ілімі»,  «жаhанданушылық»  секілді  терминдер  тек  XX  ғасырдың  90-
жылдарында  пайда  бола  бастады.  Басында  сөздіктер  мен  анықтамаларда  (әсіресе  қоғамдық  саяси) 
мынадай  сөздерге  түсініктемелер  беріле  бастады;  «жаhандық  мәселелер»,  жаhанданушылық.  Соңынан 
«жаhандану»  феноменнің  анықтамалары  пайда  бола  бастады.  Егер  де  ертерекке  үңілсек,  1980ж.  тек 
философиялық энцоклопедиялық сөздік [8].  «Жаhандық мәселелер» түсінігіне былайша анықтама береді. 
Қазіргі  кезеңде  әлеуметтік  үдеріске  тәуелді  болатын  адамзаттық  маңызды  мәселелерінің  жиынтығы  – 
дүниежүзілік  териоядролық  соғысты  болдырмау  және  барлық  елдердің  дамуы  үшін  бейбіт  шарттарды 
қамтамасыз  ету;  артта  қалуды  жою  арқылы  дамыған  және  дамушы  елдердегі  экономикалық  деңгейдегі 
өсіп  келе  жатқан  айырмашылық  пен  жан  басына  шаққандағы  табыстағы  айырмашылықты  бағындыру, 
сонымен  қатар  жер  бетінде  аштық,  қайыршылық  пен  сауатсыздықтың  көзін  жою;  халық  санының  күрт 
өсуін  тоқтату  (дамушы  елдердегі  «демографиялық  жарылыс»)  және  дамыған  капиталистік  елдердегі 
«депопуляция»  қаупін  жою;  атмосфераның,  қоршаған  ортаның  ластануының  алдын  алу;  халықтың 
экономикалық  дамуын,  әл-қуатын  әрі  қарай  дамыту  үшін  қажетті  орны  толтырылатын  (қалпына 
келтірілетін) және орны толтырылмайтын (қалпына келтірілмейтін) табиғи ресурстармен қамтамасыз ету, 
оның  ішінде  азық-түлік,  өнеркәсіптік  шикізат,  қуат  көздері;  ғылыми-техникалық  революцияның  тікелей 
және тікелей емес кері әсерлерінің алдын алу болып табылады. 
1993  ж.  «Политология  (саясаттану)  энциклопедиялық  сөздік»  аударма  басылып  жарыққа  шықты  [9], 
онда глобалистика мен глобализмге ұстаным ретінде арналған мақала орын алған. Мақалада бұл ғылыми 
бағыттың дамуының үш кезеңі суреттелген. Бірінші кезең XX ғасырдың 60-шы жылдарын қамтиды, бұл 
кезеңде адамзат тарихында тұңғыш рет өндіріс арқылы табиғаттың антропогендік әсердің орнын толтыру 
мүмкіндігіне  қауіп  төнгізе  бастады.  Осы  кезеңге  тағы  да  жататын  бір  нәрсе  қолданылуы  жер  бетінде 
қауіп-қатер төнгізетін стратегиялық басыңқы құралдардың өрістеп, қанат жаюы болып табылады. Екінші 
кезеңге  әдіснамалық  тұрғыдан  болсын,  қолданбалы  тұрғыдан  болсын,  глобалистиканың  шарықтауы 
жатады,  бұл  кезеңде  қоғамдық  дамуды  танып-білуге  үлкен,  қомақты  үлес  қосқан  Э.Ласло,  С.Медловиц, 
А.Тоффлер секілді зерттеушілердің қызметін атап айтуға болады [10]. XX ғасырдың 80-ші жылдарының 
ортасында  басталған  глобалистиканың  дамуының  үшінші  кезеңінің  ерекшелігі  зерттеу  пәнінің  өте 
жоғары динамикасында болды,  жаhандық проблемалар әлемінің саяси бет әлпетіндегі тарихи өзгерістер 
нәтижесінде екінші орынға шығып қалды. 
2000  жылы  В.С.Степин  мен  Г.Ю.Семгин  «глобализм»  терминін  былайша  суреттеген:  «өркениеттің 
дамуының  жалпы  үдерістерімен  байланысты  ғаламшардағы  өмір  эволюциясының  жаңа  шарттарын 
пәнаралық  зерттеу;  жалпы  адамзат  және  табиғат  субьектісі  болып  табылатын  жаhандық  көлемдегі 
қарама-қайшылықтармен  байланысты  жаhандық  проблемаларды  зерттеу;  адамзаттың  өзін-өзі  көзін 
жоюдың  алдын  алу  мақсатымен  ұйымдастырылған  және  үйлестірілген  саяси  стратегиялар  жиынтығы» 
[11,2]. 
Жаңа  (ғасырда)  жаhандану  мәселелері  төңірегіндегі  ой-пікірлер  мен  дау-дамайлар  өрши  түсті. 
Профессор  И.Ф.Кефели  жаhанданудың  көп  қырлылығын  атап  өтті.  Глобализм  мәдени-тарихи  анықтама 
тұрғысынан  ұлттық  мәдениеттің  барлық  түрін  қамтитын  жалпы  адамзаттық  мәдениет  ретінде 
қарастырылады.  Жаратылыстану  ғылыми  анықтамасында  глобализм  табиғат  апаттарына  әкеп  соғатын 
жаhандық  өзгерістер  призмасы  арқылы  қарастырылады.  Саяси  тұрғыдан  жаhандану  еңбек  пен 
капиталдың  бір-біріне  қарсы  тұруының  шиеленісуінің  жаңа  кезеңі,  жаңа  әлемдік  тәртіптің  құрылу 
процесі,  әлемді  жаулап  алудың  қазіргі  замандағы  жаңа  кезеңі  деп  қарастырылады,  бұл  жерде 
жаhанданудың  экономикалық,  саяси  процестің  негізгі  кейіпкері  трансұлттық  корпорациялар  болып 
табылады [12].  
В.П.  Григорьев  өзінің  «Тіл  мәдениеті  және  тілдік  саясат»  атты  мақаласында  «жаhандану»  түсінігінің 
бірнеше  анықтамаларына  талдау  жасайды.  М.Делятиннің  айтуынша,    жаhандану  –  бірегей  қаржылық 
ақпараттық  кеңістікті  құру  және  оны  дамыту  үдерісі,  бұл  үдеріс  бүкіл  әлемді  қамтиды  және  капиталды 
өте тез қолданумен, ақпаратқа оңай қол жеткізумен байланысты. Бұны шоғырланудың ең жоғары сәті  деп 
айтуға  болады,  ол  ұлы  географиялық  ашылулар  дәуірінен  басталып,  әлі  күнге  дейін  жалғасып  келеді. 
Сапалық жаңа нәтижелер жөнінде айту керек, себебі ол жаңа технологияларға негізделген. Және  де бұл 
жерде  біз  Интернет  жайлы,  жаhандық  теле  көрсетулер,  т.б.  әдемдік  заттар  жайлы,  әңгіме  қозғап 
тұрғанымыз  жоқ,  біздің  айтайын  дегеніміз  адамзат  тарихында  алғаш  рет  ең  іскерлік  пайдалы  нәрсе-
жансыз заттарды өзгерту емес, тірі сана-сезімді құру болып отыр» [13]. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
194 
Б.Пядышевтың айтуы бойынша «жаhандану – жалпы саяси экономикалық, басқа да әлемдік дамудың 
келешектегі кезеңі, өндірістің дамуының алдыңғы кезеңдерінің сатысы, толығырақ айтсақ, капиталистік, 
ол тудырған саяси, әлеуметтік, философиялық қоршаған орта болып табылады». Американдық зертеуші 
Т.Фридманның  айтуынша,  «жаhандану»    -  «ұлт  мемлекеттердің,  технологиялардың,  рыноктардың  
іркілмес, тасқынды бірігуі, ол жеке тұлғаларға, корпорацияларға, ұлт-мемлекеттерге бұрын-соңды болып 
көрмеген  жылдамдықпен  әлемнің  кез-келген  нүктесіне  тезірек,  алысырақ,  тереңірек,  арзанырақ  жетуге 
мүмкіндік береді»  
«Жаhандану»  дегеніміз  дүние  жүзінің  барлық  дерлік  елдерінде  ашық  (еркін)  нарық  капитализмінің 
таралуы,  оның  өзінің  экономикалық  ережелер  жиынтығы  бар  және  ол  ережелер  шетел  капиталы  үшін 
тартымдылықты  көбейту,  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мақсатымен  ұлттық 
экономиканың ашылуы, қайта реттелуі мен жекешелендірулуіне негізделген [14]. 
Кейде «жаhандану»  үдерісін интернационалдандыру ұғымымен салыстыруға тырысады [15], олардың 
ойынша,  «жаhандану»    интернационалдандырудың  сапалы  жаңа  кезеңі  болып  табылады.  Бұл  кезеңнің 
жаңалығы – «қоғамдық байлықтың негізгі көзінің» ауысуында. Автордың айтуынша, интернационалдан-
дыру кезінде бұл көз-еңбек, ал   жаhандану кезінде ол тікелей өндіргіш күш ретіндегі ғылым.  
Бутенко  А.П.  бұл  үдерістің  қарама-қайшылығын  атап  көрсетті.  Бір  жағынан,  «жаhандану»    және 
интернационалдандыру үдерістері халықтар мен ұлттарды жақындастырады, олардың арасындағы алыс-
берісті жиілетеді, дамудың деңгейін теңдестіреді. Ал, екінші жағынан, дамыған елдердің өзінен әлсіздеу 
және дамымаған елдерді өзіне бағындыру үдерісін байқауға болады. 
Арыстанбекованың  А.Х.  ойынша,    жаhандануды  интернационалдандырумен  шатастыруға  болмайды.  
«Интернационалдандыру»    терминін  ұлттық  территориялар    арасындағы  ара-қатынастарды  кеңейту 
үдерісіне жатқызу керек [2]. 
Интернационалдандыру  нәтижесінде  елдер  бір-біріне  терең  әсер  етулеріне  болады,  алайда  олар  әр 
түрлі  болып  қала  береді.  Ағылшын  зерттеушісі  П.Скотт  та  осындай  ойда,  оның  айтуынша  жаһандану 
түбегейлі жаңа нәрсе, оны интернационалдандырудың өте жоғары түрі ретінде қарастырмау керек, себебі 
жаһандану  интернационалдандыруға  қарағанда  ұлттық  шекараларды  бұзады,  жаһандық  капитализмнің 
жаппай  қолданудың  «төменгі»  жерлерінде  жүзеге  асырылады,  ол  және  де  жаһандық  проблемаларды 
шешуге бағытталған. 
Жаһандық  саланы  трансшекаралық  торлардың  өрнегімен  салыстыруға  болады.    Жаһандық 
байланыстар бұл сол мезеттегі, жылдам байланыстар, жаһандық феномендердің бір уақытта бүкіл дүние 
жүзіне тарап кету мүмкіндігі бар, оған бір орнынан екінші орынға ауысуға уақыттың да керегі жоқ. Бұл 
жағдайда оның ұлтаралық, трансәлемдік сипаты бар. 
Әлемдік  ғылыми  әдебиеттерде  жаһандану  проблемасына  арналған  қомақты  еңбектер  бар,  алайда, 
өкінішке орай, оның теориялық жүйелік деңгейдегі мән-мағынасын түсіну әзірше ешкімнің қолынан келе 
қоймайды.  Жаһандану  проблемалары  бойынша  мамандардың  жалпы  ойы  бойынша  жаһандану  – 
обьективті,  кешенді  және  әмбебап  үдеріс,  ол  бәрін;  яғни  әртүрлі  елдердегі  білім  беру  жүйесін, 
биосфераны, неосфераны, әлемдік (дүниежүзілік) қоғамдастықты қамтиды. 
И.О.Радионованың  айтуынша,  жаһандану  –  XX  ғасырдың  екінші  жартысында  бүкіл  ғаламшарды 
қамтыған  әлеуметтік  және  экономикалық  дағдарыстың  жаһандығы  (ғаламдануы).  Автордың  айтуынша, 
қазіргі кезде қиындап, неше түрлі түрге еніп отырған дағдарыстың себебі өркениет пен қоршаған ортаның 
арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті сақтап отыруға мүмкіндік беретін ірку механизмінің күрт кейін кетуі, 
тиімділігін жоғалтуында [16]. 
Жаһандану  –  XXІ  ғасырдың  басындағы  дүниежүзінің  даму  процестерін  сипаттайды,  кеңейтеді  және 
бір  уақытта  халықтар  мен  мемлекеттер  арасындағы  байланыс  пен  өзара  тәуекелділікті  қиындатады, 
жалпы  ғаламшар  аумағындағы  қоғамдық  дамудың  жаңа  кезеңін  көрсетеді,  әлеуметтік  байланыстар  мен 
қоғамдық  процестердің  жаңа  сапасын  байқатады,  ол  ғылым  мен  техниканың  арқасында  болып  отыр. 
Қазіргі  кезде  әлемдік  үдерістер  шекараны  білмейтін,  көптеген  мемлекеттердің  бірігіп  жасаған 
қимылдарын қажет ететін процестер арқылы жасалады. Жаһанданудың ерекшелігі әлемді бірегей кеңістік 
ретінде  танудың  тереңдігі  мен  ауқымы  өсіп  келе  жатқандығында,  ал  ішкі  жағдайлар  сыртқы  саяси 
акциялардан гөрі басқа мемлекеттермен халықтарға әсер ете бастады. 
Әдебиеттер  талдауы  көрсеткендей,  гуманитарлық  салада  жаһандану  үдерістерінің  әсерімен  күрт 
өзгерістер болуда, олар ең көп мөлшерде кейіннен өркениет тағдырына әсер ететін болады.  
Бұл  жерде  маңызды  рөл  адамға  тиесілі,  оның  дүниетанымы,  құндылықтар  жүйесі,  ақыл-ойы,  білімі, 
адамгершілігі, руханилығы – бәрі қазіргі кезде түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. 
Жаһанданудың білім беруге әсері ғылыми ортада әртүрлі түсіндіріледі. С.Л.Зарецкая атап айтқандай, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
195 
«Егер  де  білім  берудегі  интернационалдандыру  ұғымында  сарапшылар  арасында  едәуір  ауызбіршілік 
болған болса, жаһандану кезіндегі білім беруге әркім өзінше түсінік береді» [17]. Өткен ғасырдың 90-шы 
жылдарынан  бастап  Экономикалық  ынтымақтастық  және  Даму  Ұйымы  (ЭЫДҰ)  және  басқа  да 
халықаралық 
ұйымдар 
экономикалық 
өркениет 
үдерістерін 
қарастыра 
отырып, 
бұрынғы   
«интернационалдандыру»  терминнің  орнына  өз  баяндамаларында  «жаһандану»  терминін  кеңінен 
қолданды, бұл әрине, оның кең таралуына мүмкіндік берді. [18].  

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет