Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет17/46
Дата04.05.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46

ҰЛТТЫҚ САНА – ҰЛЫ ҰСТАЗ 
Халық психологиясы мен педагогикасының негiздерi 
(Ұрпақ тәрбиесiне жаңа көзқарас) 
 
С-Х. Ғаббасов – Жазушы-дәрiгер, фантаст, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, медицина және 
педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, Профессор 
 
Сөзбастау 
Алдымен  бүгiнгi  таңдағы  «халық  педагогикасының»,  немесе  «ұлттық  тәрбинің»  жай-күйi  қалай  едi 
дейтiн  заңды  сұрақ  туындайды.  Бұл  сауалға  жауап  беру  үшiн,  бүкiл  Кеңес  педагогикасы  бағдар  етiп 
ұстаған  Г.Н.Волковтың  “Этнопедагогика”  атты  ғылыми  еңбегiндегi  тұжырымға  ерiксiз  тоқталуға  тура 
келедi.  Оның  пiкiрi  бойынша:  “...Халық  педагогикасы  -  ғылым  емес,  тек  ғылыми  педагогикаға  шикiзат, 
материал, өмiрлiк фактiлер ғана бере алады. Оның бiртұтас жүйесiнiң жоғтығын былай қойғанда, алымды 
идеяларды  жетiлдiрiп  отыратын  қорытынды  теорияларының  болуы  да  мүмкiн  емес...”  -  деп 
тұжырымдайды. 
Мiне, бұдан халық педагогикасының ғылыми жүйеленбегендiгiн былай қойғанда, тiптi оның мазмұны 
мен мәнiне, болмысы мен негiзiне ешуағытта да көңiл бөлiнбегендiгi анық байқалып тұр. Ендеше халық 
педагогикасының осыншама өгейлiкке ұшырауының себебi не? Оның басты себебi, халық педагогикасы - 
ғылыми пән ретiнде танылмады. Ал ол - империялық саясаттың - тiкелей әсерi  едi.  Мәселен, көне Грек 
мәдениетiнiң  соңғы  екi  ғасыры  мен  бiздiң  эрамыздың  сегiз  ғасырын  қамтитын  Рим  империясының 
әсерiмен  -  Еуропа  елдерiнiң  халық  педагогикасы  ғылыми  жүйеленбей,  оның  орнына  “классикалық 
педагогика” дейтiн жасандылық дүниеге келдi. Екiншi, өзiмiзге тiкелей қатысы бар орыс империясының 
әсерiнен  оның  қоластында  бодандығта  болған  жүздеген  халықтың  Ұлттық  тәлiм-тәрбиелерi  ғылыми 
дамудан  мақұрым  қалды.  Сондықтан  да  ғылыми  педагогика  делiнетiн  жасандылық  қолдан  жасалып, 
Адам  баласы  ең  әуелi  биологиялық  индивид,  сонан  кейiн  ғана  қоғамдық  тұлғаға  ауысатындығын 
даралауға  рұқсат  етiлмедi.  Себебi,  генетика ғылымдарының  заңдылығтары империялық  саясатқа  қайшы 
келетiн  едi.  Жалпы  Империя  атаулы  бағынышты  елдерiнiң  ұлттық  тарихын  да..  халығтық 
педагогикасында...  табанының  астына  салып,  оның  бой  көтеруiн  ешуақытта  қаламады.  Өйткенi,  бұл 
екеуiнен  де, қай халығтың болмасын ұлттық  санасы оянады.  Ал Империя атаулыны күйрететiн күш тек 
ұлттық сана екендiгi дәлелдеудi қажет етпейтiн аксиомалық заңдылық... 
Ендеше,  уағыт  талабы  мен  жаппай  қаулап  өмiрге  ене  бастаған  халық  педагогикасын  ғылыми  түрде 
дамыту,  оның  қадау-қадау  негiздерiн  айқындау  қажет.  Сол  арқылы  оның  теориясын  жасау,  ғылыми 
байыптау,  жинау,  ғылыми  жүйелеу  де  кезек  күтiп  тұрған  жұмыс  екенi  белгiлi.  Ең  бастысы  мәселенiң 
негiздерiн айқындау арқылы методологиясын да өзгерту  қажет. Осылайша, ұлы педагог К.Д.Ушинский-
дiң: “Халық педагогикасы жоқ жерде, педагогика ғылымы да жоқ, педагог та жоқ”, - деген тұжырымын 
есте ұстаған жән.  
Халық педагогикасының бастауы 
Шын  мәнiнде  адам  ғұмыры  -  бiр-бiрiнің  міндеттері  екіншісіне  жүктелмейтін  -  физиологиялық 
кезеңдердiң тiзбегiнен тұратындығы анық. Ол кезеңдердi шартты тңрде: 
1. Отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығы;  
2. Ана құрсағындағы тоғыз ай...  
3. Нәресте кезеңi;  
4. Балбөбек кезеңi;  
5. Сәбилiк кезең;  
6. Балиғат кезеңi;  
7. Кәмелеттiк кезең, - деп мiндеттi түрде бөле-жара қарастырмаса болмайды. Өйткенi, әр кезеңнiң өзiне 
ғана тән заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтар ешуақытта басқа кезеңдерге ауыспайды да және екiншi бiр 
кезеңге  жарамайды  да?!  Мiне,  адам  тәрбиесiнiң  биологиялық  индивид  ретiндегi  құдiретi  күштi  тылсым 
жұмбағы да оның өзiне тән сипатында жатыр.   
Отбасын құруға дайындық немесе, халық педагогикасының I-ші негiзi 
Отбасын құруға дайындық кезеңiнде  екi жастың өздерi, сондай-ақ, олардың туыс-туғандары мен ата-
аналары үш түрлi мәселеге ерекше көңiл бөлулерi қажет. 
Ата-баба  дәстүрлерiн  қадағалау  арқылы    халқымыздың  генофонын    көздiң    қарашығындай    сақтау.   
Қандай да  ағаттықтармен  бұзып алмаудың қамы. 
Отбасын құруға саналы түрде дайындалу арқылы ұрық тазалығын сақтау. Өйткенi, ұрығында уланып  
туған  ұрпақты  түзеп алудың мүмкiншiлiгi жоқ.  Оны адам түгiл, ғұдайдың өзi де жөндей алмайды. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
110 
Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық. 
Мiне, осы үш мәселенi қазiргi уақыт жағдайларымен салыстыра отырып талдау жасап көрелiк. Бiрiншi 
мәселенi  яғни,  ата-баба  дәстүрлерiн  қадағалау  арқылы  халқымыздың  генофонын  сақтаудың  жай-күйi 
“қызыл империяның” саясатымен  шын мәнiнде құрдымға құлдырап бара жатқан едi. Дәстүр атаулының 
iшiндегi  ең  ұлттық  ерекшелiгi  бар  құндысы  болып  табылатын  “...Жетi  атаға  дейiн  қыз  алыспау...”  өз 
мәнiнен айырыла бастаған болатын. Қазiр халық бұл дәстүрдi сонау Фараби мен Қорқыт замандарынан, 
яғни, IХ - X ғасырлардан қалыптастырғандығы белгiлi. Халқымыздың бұл дәстүрдi ұстанғанына... мiнеки, 
он екi ғасырдай уақыт өткен екен. Сонда, бұл дәстүрдiң құндылығы неде?.. Бұл сауалға жауап бергенде, 
ең  әуелi  салыстырмалы  түрде  XIX  ғасырдың  бастапқы  кезiнде  ашылған...  бүкiл  адамзат  қауымының 
үлкен  жаңалығы  деп  есептелiнетiн  “Дарвинизм”  iлiмiн  еске  алуға  тура  келедi.  Оның  ашқан  “...табиғи 
сұрыптау...”  атты  жаңалығы,  осынау  халқымыздың  “  ...жетi  атаға  дейiн  қыз  алыспау...”  дәстүрi  мен 
тiкелей сабақтасып жатқандығын ашып айтқан жөн. Оның үстiне басқа жер бетiнде тұратын халықтарда 
мұндай  дәстүрдiң  аса  сирек  кездесетiндiгiн  айтпағанның  өзiнде,  тiптi  бiр  туыстас  Түркi  халықтары  да 
“...жетi атаға дейiн қыз алыспау...” дәстүрлерiн қолданбайды. Қазақ халқына ең жақын деген қарақалпақ 
пен қырғыздар да ең ұзағанда, үш-төрт атадан аса алмайтындығы белгiлi... 
Мiне,  халқымыздың  көптеген  қасиеттерiнiң  iшiндегi  ең  ұлағаттысының  бiрi  -  осы.  Оның  мәнiн 
ұқпағандықтан өзiнiң ұлттық тарихы мен халықтық педагогикасынан айырыла бастаған жұртымыз, бiрте-
бiрте  мәңгүрттену  жолына  ауысқандығын  қадап  айтқан  жөн.  Ана  тiлiн  бiлмейтiн  жұртымыздың  40 
пайызы, сөз жоқ, “...жетi атаға дейiн қыз алыспау...” дәстүрiн олар не қажетiне жаратпақ. Тек ерекше атап 
айтуға  тұрарлық  жағдай,  кең  байтақ  өлкемiздiң  шығысы  мен  батысы,  түстiгi  мен  терiстiгiнiң  жiтi 
араласуынан бiздiң халғымыз аса бiр қолайлы жағдайда отыр. Егер осыны саналы түрде дамытып, “қыз 
алып, қыз берiсудi” осындай кең өрiске   шығарсақ, онда жұртымыз бұрын-соңды көрмеген жаңғырудың 
құдiретiн сезiнедi. Халғымыздың генофоны мүлдем  жаңғырудың жаңа биiктiгiне көтерiлер едi... 
Екiншi үлкен мәселе, яғни, отбасын құруға дайындық немесе ұрық тазалығын сақтау - аса қиын күйге 
душар  болып  отыр.  Бұл  халқымыздың  дәл  осы  мәселенi  тереңдей  түсiнiп  мән  бермеуiнiң  салдарынан  у 
iшкендей болып отырғанын батыл түрде айтуымыз қажет. Олар бүгiнгi таңда отбасын құруға дайындық 
дегенде,  тек  материалдық  жақтарын  ескередi.  Той  жасарда  арақ-шарап,  iшiмдiктiң  мол  болуын 
қарастырады. Отбасын құру қуанышына жиналған жұрт есiнен танғанша арақ-шарап iшудi қызық көредi. 
Бұл сәтте үй болғалы тұрған екi жаста құр алақан қалмайды. Олар да iшедi. 
Той тарқағаннан кейiн арақ iшкен  екi жасты күтiп тұрған ақ төсектен  уланған ұрпақ туады. Өйткенi, 
күллi  наркотикалық  заттардың,  соның  iшiндегi  арақ-шараптың  адам  ағзасындағы  бiрден  барып 
уландыратын мүшелерi ми қабаттары мен ұрық бездерi  екендiгi ғылыми түрде дәлелденген нәрсе. Адам  
ағзасына түскен  арақтың 100 грамы ағзадан 7-күнде еркектің бойынан, 28-күнде әйелдің ағзасынан, әрең 
шығып тазарады екен. Ал ЗАГС-ке тiркелгеннен кейiнгi ай бойы iшiлетiн iшiмдiктiң зияндылығын немен 
салыстыруға болар екен? Ендеше ертеңгi өмiрге келетiн ибасыз қыздар... қатыгез ұлдардың көбеюiне кiм 
кiнәлi болады?! 
Бiздiң ойымызша, келер ұрпақ алдында қауым болып қателесiп жүргендiгiмiздi   дер   кезiнде,   уақыт   
өткiзбей   мойындағанымыз   жөн.Өйткенi, тiршiлiк заңы өте қатал. Оны нәпсiсiне ерiп бұзғандар, түбiнде 
бiр  жапа  шекпей  қалуы  мүмкiн  емес.  Сондықтан  да  табиғат  қойнауларында  тiршiлiк  ететiн  күллi  жан 
иелерi, ұрпақ қамына кiрiсерде, тек судың тұнығын iшiп, шөптiң асылын жеуге тырысады. Тiптi, олар өз 
бойларындағы арам тер мен артық майынан да арылуға арнайы уақыттарын жiбередi. Ал пендешiлiкпен 
шырмалған  адам  баласы,  керiсiнше,  ақылы  мен  парасатын  әдейi  уландыратындығын  қалай  түсiнемiз? 
Бiздiң ойымызша, бұл масқара халден ел-жұрт болып тез арада тыйылуымыз керек. 
Қазiргi  дүниеге  келiп  жатқан  нәрестелердiң  кейбiрi  ұрығынан  бұзылып  туатындықтан,  көпшiлiгi 
жарық  дүниенi  көрмей-ақ,  өлi  туып  жатса,  бiрсыпырасының  жаны  шықпағанымен  жарымжан  күйiнде 
тiршiлiгiн  бастаған  болады.  Ал  қалған  дұрыс  туды  дегендердiң  өздерi  де  зейiндерi  мен  зерделерi  таяз 
болып  туатындықтан,  олардың  да  жай-жапсарларын  оқу-ағарту  жүйелерiнде  iстейтiндер  жақсы  бiледi. 
Ендеше,   бұл   iндеттен   құтылудың   жолын   халық   педагогикасының негiздерiн де,   ел   болып   еркiн  
шешiп   алудың  жолдарын  қарастырған жөн. 
Үшiншi  мәселе,  яғни,  Ата-ана  мен  Бала  арасындағы  сыйластықтың  қазiргi  кездегi  жай-күйi  қалай 
екенiн айтсақ, бұл мәселе де қатты дағдарыста екендiгiн аңғару қиын емес. Бұрынғы ата-бабаларымыздың 
салып  кеткен  жолы  бойынша,  Ата-ана  мен  Бала  арасындағы  сыйластық  үлкен  этикалық  заңдылықтарға 
бағынатындықтан,  өзара  үндесiп  жататынды.  Ал  қазiр  ол  үндестiктердiң  бұзылуының  салдарынан,  ата-
ана баланы, бала ата-анасын түсiне алмайтын күйге ұшырап отыр. Соның кеселiнен үлкен трагедияларға 
жиi  ұшырап  отырғанымызды  жасыра  алмаймыз.  Жастардың  бойындағы  өзiм  бiлемдiк  ешбiр  сын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
111 
көтермейтiн жағдайларға жетiп отыр. Ендеше, ел басына түсiп, еңсесiн езген осы кiнәраттың түп-төркiнiн 
анықтауға тырысып көрелiк. 
Халғымыздың  өзi  өмiр  сүрген  ұзақ  тарихында  небiр  кезеңдердi  бастарынан  өткiзiп,  заман 
дауылдарының  аяздай  қарыған  үскiрiктерiне  ұшыраған  сәттерi  көп.  әсiресе,  соңғы  үш  ғасырға  жуық 
уақыттың  iшiнде,  аса  күрделi  аласапыран  кездердi  бастарынан  өткiздi.  өз  билiгiнен  ажырап  қалған 
халықтың азып-тозып кетуiне көптеген себептер ықпал еттi. Ендi сол себептердi iрiктеп, жұптап қарасақ: 
1. Өз   еркiндiгi  жоқ,   басқа  жұрттың   боданы   болып  келген елдерде ғана қалыптасатын, топастана 
бастайтын тоғышар орта; 
2.  Тағдыр  тауқыметiнiң  салдарынан  ата-баба  дәстүрлерiнен  адасып,оның  үстiне  арақкештiкке 
салынғандықтан - адамдық парасаттарынан айырыла бастаған ата-аналардың бой көрсете бастауы; 
3. Ата дәстңрiнiң құндағында өспей, ана тiлiнде тәрбиеленбеген жаңа   буын   жас   ұрпақтың   есер   
қылықтары...  -      деп      шартты      түрде  топтастыруға  болатын  тәрiздi.  Оның        үстiне  халғымыздың    
ежелден    келе    жатқан    дархан мiнездерiн - дарақылыққа,   жомарт   пейiлдерiн   -   ысырапшылдыққа 
айырбастай салатын пендешiлiгiмiз де жетiп жатыр.  
Мiне,  1990  жылы  25  қазан айында,  халқымыз  ғасырлар  бойы  аңсаған  арманына  жетiп,  өзiнiң  дербес 
мемлекет ретiндегi декларациясын дүние жүзiне паш еттi. Ендi өзiн-өзi билейтiн ел болмақ?! Олай болса, 
жоғарыдағы  айтылған  -  топастана  бастаған  тоғышар  орта  да  жөнiне  келiп,  ата-баба  дәстүрiнен  ажырап 
қалған  қауым  да... ана  тiлiмiздiң  қасиеттерi  де  қайтып  оралғалы  отыр.  Бiрақ  бұл  қасиеттер  аспаннан  өзi 
келе  салмайтындығын  ел  болып  ұғынуымыз  керек.  Сондықтан,  егемендi  елдiгiмiздi  толық  меңгеруiмiз 
үшiн,      “еңбектеген  жастан,      еңкейген    қарияға  дейiн”    намыстарын  қайрап,  жiгерлерiн  жанитындай 
белсендiлiкке  ауысуымыз  ауадай  қажет.  Сөйтiп,  тiршiлiк-тұрмысымыздағы  белең  алып  отырған  ата-ана 
мен  бала  арасындағы  қайшылығтарда  жойылып,  адамшылығтың  ақ  босағасын  аттаймыз  деген  үмiтiмiз 
мол. Ол үшiн үзiлiссiз ұрпақ тәрбиесiн халық педагогикасының құндағында, ерекше жiгермен  ел  болып 
қолға алатын мезгiлдi өткiзiп алмауымыз керек. 
Ана құрсағындағы тәрбие,немесе халық педагогикасының II-ші негiзi  
Ана құрсағындағы тоғыз ай - Адам құмырының ең ұзақ, ең күрделi кезеңi. Оның ұзақтығын - түйсiну 
мен сезiнуге ақыл күшiн қосу арқылы байқасақ, Жер бетiндегi тiршiлiктiң сатыларын қамтуға кеткен 500 
миллион  жылмен  пара-пар.  Мiне,  мұны  түсiну  үшiн,  тiршiлiк  құпияларына  тереңдей  толғап  үңiлмей 
болмайды. 
Қазiргi  ғылыми  дәлелдерге  сүйенсек,  Ана  құрсағындағы  өсiп  жатқан  Жан  иесi  өзiне  берiлген  тоғыз 
айдың iшiнде, табиғатта кездесетiн барлық тiршiлiктiң әр деңгейдегi сатыларын басып өтедi де, “...он сегiз 
мың ғаламның...” сипаттарын түгелдей қайталап шығатындығы белгiлi. Былайша айтғанда, бiр клеткалы 
“қарапайым” тiршiлiк көзiнен бастап, хайуанат әлемiндегi омыртқалыларға дейiн, тiптi оның  ең шырқау 
биiгi болып саналатын Адам бейнесiне де бiртiндей ауысып жетiледi. Сөйтiп, табиғаттағы әр тiршiлiктiң 
өз аты-жөндерiмен атасақ, бiр клеткалы амебадан... құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жан-жануарлардың саты-
сатыға бөлiнетiн баспалдақтарын басып өтедi екен. 
Бұл  күллi  табиғат  жаратылыстарының  iшiндегi  аса  күрделi,  әлi  де  тылсымы  ашылып  бiтпеген, 
құдiреттi құбылыс екендiгiнде сөз жоқ. Қысқа ғана ескерте кетсек, Жанның - ОН ЕКІ АРНАСЫ – түйсік, 
сүю,  ұят,  мінез,  жігер,  зерде,  табиғи  қабылет  және  ішкі  бес  сезім  де  –  осы  Ана  құрсағында  ғана 
ашылатынын ұғынған жөн. Әрине, мұндай құдiрет табиғат шебердiң ғана қолынан келмек. 
Мiне, осынау айтуға ғана жеңiл, ал өсу жолындағы әрбiр сәтi күрделi сан алуан құбылыстарға жiктеле 
отырып, тек биология мен физиология заңдылығтарына ғана бағынып дамитын тоғыз торқаның iшiндегi 
жан иесi - жүрек тәрбиесi - атты жүйенiң әлiппесiн парақтап та кетедi екен. Егер әл-Фараби тұжырымына 
жүгiнсек:  “...Адам  мүшелерiнiң  iшiнде  ең  алдымен  жүрек  пайда  болады,  сонан  кейiн  ми,  одан  кейiн 
бауыр,  бұдан  кейiн  көк  бауыр...  сосын  басқалары  пайда  болады.  Бәрiнен  соң  ғана  қимылға  келетiнi  - 
“жыныс мүшелерi” - дей келiп, жүрек басты мүше, мұны тәннiң ешқандай басқа мүшесi билемейдi. Бұдан 
кейiн  ми  келедi.  Бұл  да  -  басты  мүше,  бiрақ  мұның  үстемдiгi  бiрiншi  емес,  екiншi, өйткенi,  ол  ағзадағы 
барлық басқа мүшелердi билейтiн болса, оның өзiн жүрек билейдi”, - деп таңғажайып тамаша тұжырым 
жасайды.  
Фараби  өзiнiң  осы  тұжырымдарын  ары  қарай  ғылыми  жетiлдiре  келiп,  түркi  халықтарының  тәлiм-
тәрбиесiнен  (халық  педагогикасынан)  негiздерiн  алатын  үш  түрлi  iлiмнiң  -  хауас,  хауас  салим,  хауаси 
хамса  заһириди  (түйсiк,  iшкi  бес  сезiм  және  сыртқы  бес  сезiм),  екiншi -  Имани  гул  (үш  сүю),  үшiншi  – 
Жәуанмәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi. Бұл iлiмдер – өз топырағына түспеген дән сияқты - 
араб  елдерiнде  өзiнiң  өркендей  даму  жолдарына  түсе  алмайды.  Бiрақ  түркi  халықтарынан  шыққан 
ғұламалар  ғұламахи  Дауани,  Жүсiп  Қарабағи,  Жүсiп  Баласағұн,  Әлiшер  Науаи...  бұл  жайында  көп 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
112 
еңбектер жасайды. Жүсiп Баласағұн осының негiзiнде дүние жүзiн тамсандырған “Құтты бiлiгiн” поэзия 
тiлiмен  өмiрге  әкеледi.  Бұл  айтылған  үш  iлiмдi  ары  қарай  жетiлдiрiп  ерекше  биiктiкке  көтерген  ұлы 
Абайдың орыны жеке-дара бiр бөлек.   
Мiнеки,  қазақ  жұртының  ұлттық  педагогикасының  тамыры  тым  тереңде  жатқанын  осыдан-ақ  анық 
аңғаруға болады. Бұны ғылыми негiздерде дамыту болашақтың iсi. Бiз көтерiп отырған адам тәрбиесiнiң    
алғашқы екi кезеңi ұрық тазалығы    мен    ана құрсағындағы тәрбие бүгiнге дейiн ғылыми педагогикадағы 
тәрбие  жүйелерiнен  мүлдем  тыс  қалған.  Сондықтан  да  адам  тёрбиесiндегi  орны  толмас  кемшiлiктер 
қатпар-қатпар күйiнде жалғасып жатыр. 
Бiздер ұсынып отырған - жүрек тәрбиесiнiң жүйесi - адам бойындағы күллi имандылықпен, инабатты 
мiнез-құлықпен,  табиғи  қабiлеттiң  негiздерiн,  жаратылыс  заңдылығтарымен  үндестiре  дамыта 
қалыптастырып, жарық дүниеге iштен жетiлдiрлiп тудырады. Бiр ерекше даралай атап таң қалатын нәрсе, 
осы құбылысты бiздiң ата-бабаларымыз бiлген. Сондығтан да олар: “...Алып - анадан туады...” -  дейтiн 
ұрпағына тұжырымды бағдарлама қалдырған.  
Құрсақтағы жан иесiнiң бiр жарым айдан кейiн-ақ бармақтай ғана жүрегi мен қан тамырлары жүйесi 
қалыптасып,  бiрден  қозғалысқа  түседi.  Сөйтiп,  анасының  түйсiгi  мен  сезiмдерi  арқылы  жүрек  тәрбиесi 
қалыптаса  бастайды.  Бұл  күллi  тәрбие  атаулының  алтын  арқауы  болып  саналатын  -  жүрек  тәрбиесiнiң 
мәнi мен мазмұны тек ана құрсағында қалыптасады деген сөз. 
Ана  атаулы  екiқабат  кезiнде  айналасынан  сезiнген  қым-қиғаш  әсерлердi  көңiл-күйлерiмен  әлдилей 
аялап...  құрсағында  өсiп  жатқан  тiршiлiк  иесiне,  алпыс  екi  тамыры  арқылы  ықпал  етуiн  бiрде-бiр  сәт 
тоқтатпайды. Ол өзi сезiнген жайлы да жайсыз тiтiркендiргiш әсерлердi, үнемi iшiнде жатған Жан иесiнiң 
жүрек қылын күйге келтiруге жұмсайды. Сөйтiп, оның жүрек тәрбиесiн қалыптастыру арқылы, келешекке 
келер адамның аса елгезек әсерленгiштiгiмен қоса, оның      табиғи      қабiлетiн      жетiлдiре      отырып,      
мiнез-құлғының  парасаттануына  ықпал  етедi.  Мiне,  осындай  жүктi  кездерiндегi  бойына  бiтетiн  аса 
құдiреттi құбылысты дұрыс пайдалануды, бұрын парасаты мол, түйсiгi терең аналар ғана аңғара алды. Ал 
көпшiлiк  аналар  мұндай  қасиеттi  бiле  бермеген.  Сондығтан  да  бұл  жағдайды  “...Мыңнан  бiр  ана  ғана 
бiлген...” десек асыра айтқандық емес. 
Егер бiз ЗАГС және басқа да қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, осынау ғажайып құбылыстардың 
сырларын  әрбiр  жас  анаға  үйретсек,  бiздiң  болашақ  ұрпағымыз  ғана  үлкен  сапаға  ауысып  қоймайды. 
Сонымен  қоса,  күллi  ел-жұртымызды  да  бiрте-бiрте  сауықтыра  алған  болар  едiк.  Бiздер  күнi  бүгiннен 
бастап,  осыншама  ұлы  арманды  жүзеге  асыруды  бастап  кетсек,  бекер құмыр  кешпегендiгiмiздiң  айғағы 
болар едi. 
Ұлы  Абайдың  -  Жңрек  тербеп  оятар  баста  миды”  -  деп  тұжырымдауында  телегей-теңiз  ғұламалық 
жатыр. 
Жалпы,  құрсағындағы  Жан  иесiнiң  болашағын  болжалдай  бiлген  аналар  көп.  Солардың  бiрi  - 
Тобықтының анасы Айпараның мынау бiр ауыз сөзiн еске түсiрелiк. 
Шынжыр балақ, шұбартөс Ырғызбайым. 
Тоқпақжалды, торайғыр Көтiбағым, 
Әрi де кетпес, берi де кетпес Топайым, 
Сiрә  да  оңбас  Торғайым...  -  деген  сөздерiн  осы  күнгi  ұрпағтары  үнемi  таңырқай  еске  алып  отырады. 
Анасының осы айтқанындай, төрт ұлынан тараған ұрпақтарының сипаттары тура келгенiн ешкiм жасыра 
алмайды. 
Осы тектес мысал, бес қыпшақтың анасының айтқанынан да байқалады. Ол былай айтады:       
1)  Бұлтың  бiттi  бойыма,  ұрлық  кiрдi  ойыма;  2)  Торы  бiттi  бойыма,  билiк  кiрдi  ойыма;  3)  Ұзын  бiттi 
бойыма,  ерлiк  кiрдi  ойыма;  4)  Көлденең  бiттi  бойыма,  сауда  кiрдi  ойыма;  5)  Қарабалық  біттіi  бойыма, 
байлық кiрдi ойыма, - деген екен. 
Ананың құрсағында жатқанда тәрбиелеу, адамзаттың ашатын ала бөтен жаңалығы болары қақ... 
Нәресте кезеңi немесе,  
халық педагогикасының III-ші негiзi 
“...Ал, қазақ, мешел болам демесең, бесiгiңдi түзе” 
                                                                Мұхтар Әуезов 
Бесiк  -  адам  баласы  игерген  игiлiктердiң  iшiндегi  ең  парасаттысы.  Ол үй  шаруасында  пайдаланатын 
заттардың ешқайсысымен де салыстыруға болмайтын мүлiк. Тiптi, оның өзiне тән қасиеттерiн кең түрде 
тарата алсақ, күллi адамзаттың игiлiгiне айналдыруға да болар  едi. Сондығтан да бесiктi ғасырлар бойы 
пайдаланып келе жатған Орта Азия мен Қап тауының қойнауын мекендейтiн алуан тiлдегi толып жатған 
жұрт, Таяу Шығыс пен Кiшi Азия елдерi... бүкiл жер бетiндегi Түркi халықтарының өмiр тәжiрибелерiне 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
113 
ерекше көңiл аударған жөн. Өйткенi, бесiк жаңа туған бала үшiн де, онан да бетер, жас босанған Ана үшiн 
де  қажет.  Оның  атқаратын  биологиялық  және  физиологиялық  қызметтерiнiң  теңдесi  жоқ.  Тiптi,  оның 
кейбiр  өмiршең  қасиетiн  басқа  еш  нёрсемен  алмастыруға  болмайды.  Себебi,  бұл  қасиеттер  тек  Бесiкке 
ғана тән. 
Ұрпақ  тәрбиесiнiң  негiзгi  бiр  тiрегi  -  бесiк.  Кешегi  халқымызды  мәңгүрт  етуге  тырысқан  зобалаң 
жылдар  бесiк  тәрiздi  қасиеттi  мүлкiңдi  де  күресiнге  лақтырды  емес  пе?  Бас  пайдасы  үшiн  арын  сатқан 
ғалымсымақ  әзәзiлдердiң  азғыруымен,  қалың  қауым  ата-баба  қасиеттерiн  тепкендей  болды.  Соның 
әсерiнен  қаншама  жылдар  бойы  ұрпақ  тәрбиесiнiң  құтынан  айырылдық.  Бесiксiз  өскен  баланың  сағат 
сайын  шырқырап,  мазасыздануынан,  жас  босанған  талай  ананың  түн  ұйқысы  төрт  бөлiнуiнен  жүйкесi 
тозып,  олардың  омырауларынан  сүт  шықпайтын  ауыр  халге  ұшырады.  Қазiр  бұл  әлеуметтiк  мәселеге 
айналып  отыр.  Осыған  орай,  тек  бесiкке  ғана  тән  Бала  мен  Анаға  берер  қасиеттерге  тоқталып  көрелiк. 
Барынша ойымызды топтастырып айтсақ:  
бiрiншiден, бесiк - әмбебап тазалық,  
екiншiден - терең ұйқы,  
үшiншiден – сәби үшiн теңдесi жоқ микроклимат. 
Мiнеки, бесiк беретiн осындай үш түрлi қасиеттiң арқасында, дүниеге жаңа келген сәбилердiң дендерi 
сау болып қана қоймай, сонымен қоса, олардың дене мүшелерi мен жұлын-жүйкелерi табиғи үндестiкте 
өсiп жетiлмек. 
Бесiктi күстәнәлаған қазiргi таңдағы жағдайымыз қалай? 
Ашығын айтсақ, бесiксiз  тәрбие жас босанған анаға да, жаңа дүние  есiгiн ашқан сәбиге де  оңай тиiп 
отырған жоқ. Сәбидiң сағат сайын дәретiмен асты суланып, ұйқысы қашып, жүйкелерi тозып, өзiнен-өзi 
әлсiрейдi.  Бұл  жағдайды  түсiну  үшiн  аса  үлкен  ғұламалықтың  қажетi  жоқ.  Өйткенi,  жаңа  туған  жас 
сәбидiң денесiне тиген   дәретi   оның   балғын   терiсiн   тiтiркендiрiп   қоймай,   тiптi   тұз құйғандай 
ашытады.  Бөленбеген  аяқ-қолдары  ербеңдеп,  терең  ұйықтап  тыныстауға  мүмкiндiк  бермейдi.  Осының 
салдарынан,  жас  нәрестелер  аз  ғана  уақыт  iшiнде,  шала  ұйқыдан  асқынған  невроз  дертiне  шалдығады. 
Бебеу  қаққан  ана  да,  күндiз  күлкiден,  түнде  ұйқыдан  қалатындықтан  оның  да  жұлын-жүйкесi  тозып 
тынады. Оның үстiне тәулiк бойы таудай болып үйiлiп қалатын зәрмен шыланған жаялықтарды жуып-ақ 
жас босанған аналардың күш-қуаттарынан ештеме қалмайды. 
Мiне, халқымызды бесiгiнен бездiрiп, қолдан жасалынған есуас әрекеттермен ұйқысыз түндер, жаялық 
жуумен өтетiн күндер, жас тума аналардың жұлын-жүйкесiн тоздырып тынады. Осындай күйге ұшыраған 
аналардың сәбилерiне деген сезiмдерi қалай болмақ?.. 
Жүйкесi  тозған  нәрестенiң  тәрбиеге  икемдiлiгiнен  не  қалады?..  Мiне,  бұл  сауалдар...  сөз  жоқ,  кезек 
күттiрмей  шешетiн  мәселелер  екендiгi  даусыз?  Ендеше,  бүкiл  халқымызды  азапқа  салып  аздырған 
заманның  лаңдарын  тез  арада  танып  қана  қоймай,  оны  бiрден  пәрмендi  тәсiлдермен  күнделiктi 
тұрмысымыздан  аластауымыз  керек.  Бұл  мәселеде  де,  бiздерге  қолұшын  берер  халқымыздың  қасиеттi 
дәстүр-салттары болмақ. Ендеше бесiктен безiнуiмiздiң салдарынан жас босанған ананы да, дүниеге жаңа 
келген жас нәрестенi де қолдан невроз жасап отырғанымызды мойындауымыз керек.  
Мiне,  осынау  зауалдың  ықпалымен  тұмса  аналар  исiнуден  қалып  отырса,  нәрестелерiмiздiң 
психикалары  дұрыс  жетiлмеумен  қоса,  балалардың  шығыны  да  аса  көп.  Өйткенi,  жөргегiнде  дұрыс 
ұйықтаудан айырылып, ана сүтiне жарымай өскен баланың дене құрылыстары түгіл, оның ендi ғана, ояна 
бастаған  психикасының  да  орасан  ауыр  зардаптарға  ұшырайтындығы  белгiлi.  Оның  үстiне  бесiкке 
бөленiп  тәрбиеленбеудiң  салдарынан,  жас  нәрестенiң  бесiк  жырымен  жетiлетiн,  Жүрек  тәрбиесi  де,  өз 
бетiне  әдiрә  қалады.  Бұл  ойланбасқа  болмайтын  аса  ауыр  ахуал.  Себебi,  жүрек  тәрбиесi  -  күллi  адам 
тәрбиесiнiң  iргетасы  екенi  белгiлi.  Олай  болса,  елiмiздiң  ежелгi  мүлкi  Бесiкке  жаппай  қайта  оралудың 
мәнi ешқандай үгiттеудi көтермейтiн шындық. Ол ұрпақ тәрбиесiнiң де алтын дiңгегi болып қала бермек... 
Жалпы,  бесiкке  бөлеп  өсiрген  балалардың...  асты  құрғақ,  үстi  жылы  болғандықтан,  өзiне  қажет 
мөлшердегi  ұйқысын  да  дұрыс  пайдаланады.  Жас  нәресте  алғашқы  айларында,  нақтырақ  айтсақ,  сәби 
қырқынан  шыққанша,  тiптi  үш  айға  дейiн,  кем  дегенде  18-20  сағаттан  аса  уақыт  ұйықтаулары  ауадай 
қажет. Ол үшiн оған тек астының құрғақтығы ғана емес, сонымен қоса, айналасындағы дыбыстармен ауа 
қозғалыстарының екпiнiн де қағып қалатын бесiктiң  шымылдығының да  маңызы  зор.   Ол  тiптi  бұдан  
басқа  да  толып  жатған  тiтiркендiргiштерден  сақтай  алатын  -  микроклимат  -  екендiгiн  де  ерекше 
ескергенiмiз жөн. 
Осындай  аса  үлкен  мәнi  бар  жағдайларды  қамтамасыз  ететiн  бесiк,  жас  сәбидiң  жан  жайлауындай 
қасиет  берер  құдiреттi  мүлiк.  Тек,  бесiк  iшiнде  ғана  ұйқысы  қанып,  тән  рахатына  кенеле  алатын 
болғандықтан,  бала  оянған  сәттерiнде  жадырай  езу  тартып,  бесiктен  босанысымен-ақ  керiле-созылып, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
114 
кереметтей  ләззатқа  бөленедi.  Осы  сәтте  ұзақ  уағыт  сәбиiн  қолына  алмаған  ана  да...  бар  мейiрiмiмен 
емiрене толғанып, нәрестесiн сылап-сипаған алақанының табымен де таңғажайып әсер  етпек. Мұндайда 
халқымыз “...Бала сылаумен, қар қылаумен өседi” дейтiн тамаша тұжырымдарын қалдырған. 
Айта берсе, бесiктiң сыры тым тереңде жатыр. 
Ана  тәрбиесi.  Баланың  ана  құрсағындағы  өсетiн  тоғыз  айы  мен  қырқынан  шығару  және  үш  айға 
дейiнгi  нәресте  тәрбиесiндегi  анаға  тиiстi  сыбаға  тым  ерекше  ауқымды  екендiгi  баршамызға  аян.  Ол 
нәрестесiнiң құрсақтағы кезiнде оған өзiнiң түйсiгiн, iшкi жан сезiмдерiн және сыртқы бес сезiмiн, алпыс 
екi тамыры арқылы жеткiзiп, әсер  етсе,  ендi сәбидiң  дүниеге келген алғашқы айларында жағымды әуен, 
аялы алақан, сөз, дыбыс, аналық мейiрiм, бәрi-бәрi де ана тёрбиесiнiң пәрмендi құралдарына айналады. 
Ата-бабамыздың  дәстңрiнде  жас  босанған  ананы  ауыл-аймағы  болып  қастерлеп,  оны  қол-аяғын 
бауырына  алып  сергiгенше  ерекше  күтiмге  алады.  Алғашқы  сәттен-ақ,  жайлы  да  таза  төсек-орынға 
орналастырып,  арнайы  күтiмде  қалжалаумен  қоса,  өмiрге  жаңа  адамның  келгенiн  паш  ететiн  шiлдехана 
тойының  бел  ортасында  жас  босанған  ананың  болуына  жағдайлар  жасалынады.  Бұл  қуанышты  жас 
босанған ана ерекше көтерiңкi көңiлмен қарсы алатыны айтпаса да түсiнiктi.  
Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жалғасып  келе  жатған  өмiр-тәжiрибесiнде,  дүниеге  жаңа  келген 
нәрестенiң  кiндiгiн  кесiп,  орап-қымтап  алғаннан  кейiн-ақ,  көп  кiдiртпей  анасының  омырауына  салады. 
Баланы, алғашқы сәтiнен-ақ, анасының уызына қандыруға тырысады. Қазiргi кезде бұл тәртiп те бұзылған 
күйде  екендiгiн  ескертемiз?  Бұл  анаға  да,  жас  нәрестеге  де  қиянат.  Өйткенi,  уызға  тоймаған  нәрестелер 
қашанда аурушаң болып келедi. Бәрiнен де қиыны, сәбилердiң аллергиялық және басқа дерттерi - диатез, 
есек  жемi,  құрқұлақ,  бұлақ  ағу  тәрiздi  көптеген  сырқаттардың  белең  алуларының негiзгi  бiр  себебi,  оны 
анасының  уызына  қандырмаудан  шығатындығын  ашып  айтқан  жөн.  Ананың  уызында  нәрестенiң  бүкiл 
иммунобиологиялық  жүйесiн  қалыптастыратын  белокты  заттар  көп  болады.  Мұндай  заттар  ана  сүтiнде 
неқұрлым  алғашқы  тәулiктерде  жеткiлiктi  болатынында  ескертемiз.    Олай      болса,  нәрестенi  анасының 
омырауына  ерте  беру  сәбидiң  болашағы  үшiн  ересен  үлкен  биологиялық  мәнi  бар  нәрсе  екендiгiн 
түсiнуiмiз керек. Мiне, бұдан кейiнгi бiр атап өтетiн сәт - баланың кiндiгi қатып үлгiретiн жетiншi күннен 
бастап-ақ, бесiкке салу рәсiмi. Ол аса бiлiмдарлығпен жасалынады... 
Бесiктiң құрылысы. Бесiк түп-түгел ағаштан жасалынады. Қазақ халқы негiзiнен - тал бесiктi  ерекше 
қадiр  тұтқан.  Себебi,  талдан  жасалынатын  бесiкке  иiс-қоңыс  көп  сiңбейдi  және  әр  түрлi  кiшiгiрiм 
жәндiктер де жоламайтындығы ескерiлген. Бесiкке қажеттi баланың “жөргегiнде” мыналар болады: 
1.  Түбек.  2.  Шүмек.  3.  Бесiктiң  жазғы  жабуы.  4.Бесiктiң  қысқы  жабуы.  5.  Қолбау.  6.  Тартпа  бау.  7. 
Баулар байланатын бел ағаш. 8. Бас жастық. 9. Екi бел жастық. 10. Аяқ жастық. 11. Бел көрпеше. 12. Аяқ 
көрпеше. 13. Арқалық ағаш. 14. Бесiктiң басы. 15. Бесiктiң аяғы. 16. Арқалыққа iлiнетiн жез қоңырау. 
Баланы бесiкке салу өнер деп қабылданған. Сондықтан да бесiк тойы жасалынады. Бесiкке салуды аса 
тәжiрибелi, парасатты әжелерге табыстайды... 
Баланың балбөбек кезеңi немесе,  
халық педагогикасының  IV-ші негiзi 
Ұрпақ    тәрбиесiнiң    бұл    кезеңi,      яғни,      балбөбек    пен      балабақша  дәуiрiнiң  де  ұлттық  үлгiлерi 
жасалынып  көрген  емес.  Сондықтан  да,    қазiргi  ұрпақ  тәрбиесi  ұлттық  психология  мен  халықтық 
педагогиканы пайдаланудан мақұрым қалып отыр. Ұрпақ тәрбиесiнде   осы   күнге   дейiн   қолданылып 
отырған оқу-ағарту жүйесi тәрiздi сырттан таңылған көшiрме мазмұн мен формалар үстемдiгiн жүргiзуде. 
Былайша,  үнемi  елiктеушiлiкпен  тәрбиеленген  ұрпақтан  өзiнше  ойлауды,  халқының  табиғатына  лайық 
жетiлудi күтпек түгiл үмiттенудiң өзi мүмкiн емес. 
а)  Бала  екi  жаста.  Бұл  жаста  баланың  дене  бiтiмдерi  балғадай  болып,  өте  ықшам  да  сергек  күйге 
ауысады.  Оның  ойлау  қабiлеттерi  күшейiп,  тыным  таппай  айналасындағы  заттарды  түсiнуге,  олармен 
қатынас  жасай  отырып,  тiлдесуге  талпынады.  Оған  арнар  уақыт  мөлшерлерi  де  (5  сағ.)  көбейедi.  Тiптi, 
өздерi жасайтын қимыл-әрекеттерiн өз ерiктерiне бағындыра алатындай халге де жетедi. Бұл кезде олар өз 
ойыншықтарын  өздерi  жинастырып,  тiптi қуыршақтарын  киiндiрiп-шешiндiруге  де  жарап  қалады.  Олар 
үйренгендерiн ұмытпауға тырысады... 
ё) Баланың    ақыл-есi.    Қозғалыс   қуаттары    артқан сайын, баланың ойлау қабiлеттерi де күшейе 
бередi.  Күннен-күнге  қиялдары  қанаттанып,  iшкi  түйсiгi  мен  сезiну  қасиеттерi  тереңдейдi.  Екi  жасқа 
толған  баланың  миы...  бұрынғысынан  әлдеқайда  алғырлана  түседi.  Оның  тiл  үйренуге  деген  ынтасы 
артып, 200-ден 500-ге дейiн сөз тiркестерiнiң қоры қалыптасады. Ал олардың әлi де айта алмағандарымен, 
түсiнетiн  сөздерi  мұнан  да  көп  болатыны  белгiлi.  Сондықтан  да  естiгендерiн  жылдам  түсiнiп,  дереу 
орындауға  тырысады.  Әйтсе-дағы  балалар  бұл  жасында...  қат-қабаты  мол,  күрделi  ойларды  дәл  түсiне 
қоймайды.  Тiптi,  күрделiлiктi  ғана  емес,  жалпылама  айтылғандарға  да  онша  көңiл  бөле  қоймайды. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
115 
Мәселен,  “...балалар,  асқа  отырыңдар...”  деген  жалпылама  шақыруды  түсiнбейдi.  Өйткенi,  олар  әлi  де 
қарапайым  қысқа  сәйлемдермен  нақты  өз  аттарын  атап  шақырғаннан  аса  қойған  жоқ.  Бұл  тұста  олар 
өздерiнiң қиялы мен  ойларына келгендерiн, тек  ойын арқылы айқындауға бар күштерiн салады. Сыртқа 
шықса,  айналасындағы  табиғатқа  таңырқаудан  танбайды.  Олар  үшiн  көрiп-сезгендерiнiң  барлығы  да 
жаңалық? Сондықтан да жанындағы үлкендерге: “...Бұл не? Ол не? Мынау кiм? Анау кiм?” - дейтiн толып 
жатқан  сұрақтарды  төпеп  қоя  бередi.  Көбiнесе,  олар  далада  естiгендерiн  жадында  ұстап  қалып,  үйге 
келгеннен  кейiн  ойнап  отырған  сәттерiнде  өзiмен-өзi  сәйлесiп,  үйренгендерiн  пысықтауға  кiрiседi. 
Мұндай әрекеттердiң барлығы да... iшкi түйсiктерiмен байып, ойынның мазмұнымен астасып кетедi. Олар 
өздерiнiң  кез  келген  ойындарын  мазмұнға  құруға  тырысады.  Мұндай  сәтте  баланың  берiле 
ойнайтындығы  соншама,  тiптi  атын  атап  шақырғанның  өзiн  елемейтiн  кездерi  болады.  Олар  үшiн  бұл 
үлкен жұмыс. Көп қуат-күштерiн жұмсайды. Бiрақ соншама мол ләззат та алады. 
Осы кездiң өзiнен бастап филогенетикалық ата-баба зерделерiн оятуды ескерген жөн. Ол үшiн ұлттық 
ойындар  -  санамақ,  жұмбақ,  ән-күй,  шағын  ертегiлердi  айту  артық  емес.  Кезiнде  бесiк  жырымен үндесе 
дамыған  -  Жүрек  тәрбиесi  мен  Ақыл  тәрбиесi  -  ендi  саналы  түрде  жүргiзiлетiн  ойындармен  тереңдей 
түседi. 
б)  Имандылыққа  ұмтылу.  Бала  екi  жастан  бастап,  өзiнiң  жайсыз  iстерiне  ұялатын  қылықтар  көрсете 
бастайды.  Сондықтан,  барынша  өзiн  жағымды  жағдайларда  ұстауға  тырысады.  Ол  осы  сәттен  бастап 
үлкеннiң  тiлiн  алу,  кiшiге  мейiрiм  көрсету  тәрiздi,  имандылық  қатынастарды  меңгере  бастайды.  Өзiмен 
ойнап  жүрген  құрбыластарымен  есептесiп,  олардың  да  айтқандарын  тыңдап,  өзiнiң  де  өтiнiштерiн 
орындатып, бiр-бiрiмен  сыйластық қарым-қатынастардың әлiппесiн парақтайды. Кейде  олар өзара берiп 
және алғанның қуаныш сезiмдерiне кенеледi. 
Жоғарыда айтылған, негiзiн әл-Фараби салған - хауас, хауас сәлим, яғни, түйсiк және iшкi бес сезiм - 
iлiмдерiнiң жемiсiн,  халық педагогикасының екiншi негiзi болып саналатын ана құрсағындағы тәрбиеге 
пайдалансақ, ал оның - хауаси хамса заһириди - делiнетiн сыртқы бес сезiмiнiң беретiн мүмкiншiлiктерiн 
барынша  үндестiре  жетiлдiретiн  тұс  балбөбек  кезеңi  екенiн  естен  шығармауымыз  керек.  Осы  жастағы 
сәбилердiң  жүрек  тәрбиесiнiң  тереңдiгiн  аңғартатын  бiр  жәйi,  ол  өзi  ренжiткен  балаға  жаны  ашып, 
олармен бiрге жылайтын сәттерi де болады. Сыртқы бес сезiм – көру, есту, тұшыну, тән сезiмi - арқылы 
ғажайып  тәрбие  нышандарының  үрдiстерiне  қол  жеткiзуге  болады.  Балбөбек  немесе  халық 
педагогикасының төртiншi негiзiнде еңбекке баулу, сұлулыққа сүйсiну процестерi де басталады. 
Сәбилiк кезең немесе,  
халық педагогикасының V-ші негiзi 
“Көру оңай, болжау қиын”  
                                                                                          В.Франклин.                                                                                                                                                         
Жас  баланың  4 пен  7  жас  аралығында  -  оның  ғұмырына  қажеттi  адамшылық  қуатының  қайнар  көзi, 
осы  кезеңде  қалыптасады.  Адам  тәрбиесiнiң  бұл  кезеңiнде  халық  педагогикасының  қайнарында,  тiптi 
тiршiлiк-тұрмысымыздың  сан  түрлi  салаларында  қолданылатын  дәстүр-салттарымызды  да,  мейлiнше 
жан-жақты  игеруге  үлгiрген  жөн.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ата-баба  дәстүрлерiнiң  кейбiр  күрделi  де 
қиын  сәттерiнен  жасқанбай,  лапылдап  тұрған  жас  жүректiң  отты  сезiмдерiн  парасатпен  үйлестiрiп, 
зергелiкке де, суретшiлiкке де, жыраулыққа да, термешiлiкке де, қиялшылық пен салыстырмалы танымға 
да,  тiптi  жүйелi  ойлауға  да  батыл  түрде  баулудың  мәнi  зор.  Дәл  осы  тұс,  баланың  танымы  мен  саналы 
көзқарастарын  жан-жақты  етiп,  тереңдете  дамытуға  аянбайтын  сәт.  Тiптi,  аса  айқын  байқалған 
дарындыларды арнайы лицейлiк мектептерге топтастырып, оның қабiлеттерiн  ерекше ашудың маңызын 
ұлттық қажеттiлiкке дейiн көтерген жөн. Тек  дарыны мен талантын қастерлеген халық қана адамзаттық 
қазынаға өз үлесiн қоса алмақ. 
Адам  ағзасында  сонау  жаратылыстың  арғы  тегiнен,  атап  айтқанда,  ана  құрсағындағы  кезеңде  басып 
өтетiн күллi тiршiлiк иелерiнiң сипаттары мен қасиеттерiнiң сақталатындығы белгiлi. Осынау жаратылыс 
зерделерiн де барынша ұтымды пайдаланудың сәттi тұсы – балбөбек пен сәбилік кезеңдерi. Әл-Фарабидiң 
тңйсiк  пен  iшкi  бес  сезiм  (хауас,  хауас  сәлим)  iлiмiнiң  заңды  жалғасы  -  үш  сүю  (имани  гүл)  iлiмiн  жiтi 
қолданудың  берерi  көп.  Жас  балаға  өзiн  жанындай  жақсы  көрiп  жаратқан  жаратушысын  (табиғатты) 
сүюдi, одан   кейiн   күллi   адамзатты   сүюдi   жетiлдiре   түсiп,   үшiншi   бiр құдiрет ретiнде де әдiлеттi 
сүюдi  үйретуден  үлкен  парыз  болмаса  керек.  Үшiншi  iлiм  деп  қарастырылатын  Жәуанмәртлiк  (ағыл, 
әдiлет,  рахым)   те  үзiлiссiз   берiлетiн  тәлiм  ретiнде   өзiнiң  жалғасын тапқаны жөн. Баланың түйсiгi 
мен iшкi сезiмдерi үндесе жетiлетiнiнiң мысалы ретiнде, ұйықтап жатқан адамның өзiне қажеттi уақытта, 
ешбiр  қоңыраусыз-ақ  оянып,  “уақыт  мезгiлiн”  ұйықтап  жатып-ақ  сезуiн  айтуымызға  болады.  Алайда, 
осынау  физиологиялық  ерекшелiктi  әзiрге  беймәлiм  құбылыстардың  қатарына  қосып  жүргенi,  адам 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
116 
тәрбиесiнiң  бастапқы  екi  кезеңiне  мән  бермей  келгенiмiздiң  жанды  мысалы  деуiмiзге  болады. Әйтсе  де, 
бұл айтып отырған қасиет, адам миының ең алғашқы қатпарларында (подкорка) сақталған сонау ықылым 
замандардағы  тiршiлiк  тектерiнiң  зердесi,  солардан  қаған  түйсiк  екендiгiнде  еш  күмән  жоқ.  Осынау 
құдiретi мол түйсiктiк ақыл қазiргi кездегi адам тәрбиесiнен мейлiнше шет қалып отырғандығын барынша 
ашып айтуымыз керек. Мiне, бұл сәбилік кезеңiнде өте қатты қадағаланса, адам тәрбиесiндегi көп игiлiкке 
қол жетедi. 
Мынандай бiр аса сирек кездесетiн қасиетi бар адамның аты тарихта қалыпты. Оның аты-жөнi - Жан 
Шевалье... Ол XVIII ғасырда Швейцарияда өмiр сүрген. Жалпы, жұрт оны “сайтанмен қарым-қатынасы 
бар”  деп  сескенетiндiктен,  оған  көп  үйiр  болмаған  екен.  Жан  Шевальенiң  адам  таңырқарлықтай 
ерекшелiгi сол -  уақыт сұраған жандарға кез келген сәтте  сағатына қарамай-ақ, дәл уағытты кiдiрместен 
айтып  бере  салады  екен.  Оның  осындай  ала  бөтен  ерекше  қасиетiн  адамдар  өмiр  бойы  ұғуға  талпынып 
ештеңе шығара алмапты. 
Жан  Шевальенiң  бүкiл  ғұмырын  өзiнiң  шағын  диiрменiнiң  басында,  жұпыны  ғана  тiршiлiгiмен 
жападан-жалғыз ғұмыр кешiптi. Алайда, оның “уағыт мезгiлiн қателеспей дәл айтатын қасиетi” бүкiл  ел 
iшiне,  неше  түрлi  қауесет  болып  түрлене  түлеп  тарап  кетiптi.  Жан  Шевальеге  оның  өмiрiнiң  соңғы 
шағында Шаван деген ғалым келiп жолығады. Зерттеушi онымен жақынырақ таныса келе оның ешқандай 
сиқыршылық  та,  әулиелiк  те  қасиетiнiң  жоқ  екендiгiн  аңғарады.  Тек  оның  аса  көп  оқыған,  неше  алуан 
әңгiмелердi  көп  бiлетiн  адам  екенiн  түсiнедi.  Әйтсе  де,  зерделей қараған адамға,  Шевальенiң  сыры  тым 
қарапайым да емес, сонымен бiрге, таңырқауға да тұрарлық қасиетi бар екенi рас болып шығады. Өйткенi, 
ол  өмiр  бойы  ояу  кездерiнде үнемi  iшiнен  уағытты  секундтап,  минуттап,  сағаттап  есептеуге  әдеттенген. 
Ол  жұмыс  iстеп  жүрсе  де,  кiтап  оқып  отырса  да,  өзге  жұртпен  әңгiме  үстiнде  де  iшiнен  уақыт  санауды 
тоқтатпайды  екен.   Солай  болған  күннiң  өзiнде  де,   оның уақыттан ешбiр жаңылмайтындығы ақылға 
сия  қоймаған.  Сондықтан  да  жұрт  онымен  әдейi  дауласып,  жарыса  есептеп,  жамырай  сөйлеген  сәттердi 
пайдаланып,  кенет  “уақыт  қанша  болды?  -  деп  те  сұрап  көрген.  Бiрақ  Шевалье  сол  сәттiң  өзiнде  де  еш 
кiдiрместен, дұрыс уақытты... секунд-минутына дейiн айтып беретiн болған. 
Бұл  тәрiздес  өмiр  ритмдерiн  сөз  еткенде,  ерiксiз  белгiлi  физиолог  Н.Пэрнаның  жетi  жылдық 
психологиялық  ритмдер  жайындағы  зерттеулерiн  ескерген  жөн.  Оның  болжамдары  бойынша,  адам 
ғұмырының  ұзақ  жолдарында  бiрнеше  ауысып  отыратын  «бетбұрыс»  кезеңдерi  болады  екен.  Олар  6-7 
жаста,  12-13,  18  бен  19,  25  -26,  31  мен  32,  37-38,  43  пен  44,  49  бен  50,  56  мен  57,  60  пен  61,  тағы   
осылайша жалғаса бередi. 
Ғалымның пiкiрiнше, бұл жылдары адамдардың “рухани өсуi» мен “сана-сезiмдерiнiң ашылуы” үндесе 
дамитындығын сипаттайды. 
Бала мектепке дейiнгi 4-5 жасар кезеңiнде немесе балабақша тәрбиесi тұсында сан-салалы танымдарды 
игерiп, неше алуан қиындықтарға толы, аса күрделi құбылыстарды да ұғына алатын жағдайға жетедi. Бұл 
кезде  мидың  үстiңгi  жарты  шарлары  (кора)  баланың  бүкiл  мiнез-құлықтары  мен  iс-әрекеттерiн  басқара 
отырып,  өзiнiң  күллi  нерв  талшықтары  мен  жұлын-жүйкелерiнiң  тереңдей  жұмыс  iстеу  қабiлеттерiн 
күшейте  бередi.  Мiне,  осыған  байланысты  күн  өткен  сайын  балалардың  дене  құрылысы  мен  психикасы 
үндесе  тереңдей  жетiлуiнiң  ықпалында  болады.  Төрт-бес  жасар  балалардың  ақыл-есi,  салыстырмалы 
ойлай алатын қабiлеттерi күшейiп, барынша ерекшелене түседi. Санамақтарды игерiп, аздық пен көптiктi, 
қалың  мен  жұқаны  ажырата  алатын  халге  жетедi.  Айналасындағы  заттардың  жоғары-төмен  сатыларын, 
уақыт  мезгiлдерiн  түсiнумен  қоса,  жыл  мезгiлдерiн  де  жақсы  ұғынып,  ажырата  бастайды.  Жалпы 
адамның ақыл-есiнiң қайнар көзi болып табылатын, оның ми қабаттарының жұмбағы әлi шешiле қойған 
жоқ.  Әсiресе,  ми  қабаттарының  күрделi  құбылыстары  мен  құрамдық  сипаттарын  тек  қана  космоспен 
салыстыруға  болар.  Мәселен,  аспандағы  жұлдыздар  дүниесi  қаншалықты  шексiз,  көз  жеткiсiз  шетсiз 
болса,  адам  миының  жұмбағтығы  онан  да  күрделi  екендiгi  дәлелдендi.  Бiрақ  осы  күнге  дейiн  мидың 
ашылған сырынан гөрi ашылмаған жұмбақ қасиеттерi, әлi де сол тылсым күйiнде қалып отыр.  
Бала  тәрбиесiнiң  жаңа  тәсiлдерiн  iздестiргенде,  сөз  жоқ,  мидың  ерекше  қасиеттерiн  ескермей 
болмайды.  Әлi  ештеңемен  былғана  қоймаған  сәбилердiң  ми  қабаттарының  тiршiлiк  ырғақтарын 
(биоритмiн) ғылыми негiзделген жүйемен пайдаланғанның жетiстiктерi әлдеқайда мол болмақ. 
Ойын.  Төрт-бес  жастағы  балалардың  ойындарын  өткен  жастағы  кезеңдерiмен  салыстыруға  еш 
келмейдi.  Бұл  жастағы  ойындардың  әрбiр  әрекеттерi  мазмұнға  айналып,  белгiлi  бiр  мақсаттарды 
орындауға ұмтылыс жасайды. Мұндай талап баладан үлкен қуат, күш-жiгермен қоса белгiлi бiр мөлшерде 
зейiн зердесiнде қалыптасқан бiлiм қоры мен жинақталған iс-тәжiрибелерiн де пайдалануды қажет етедi. 
Осының бәрi бiрте-бiрте баланы табанды еңбек етуге баулиды. Осындай еңбекке үйренудiң үстiнде, оның 
инабатты тәлiмi мен мiнез-құлқының төзiмдiлiгi де қалыптаса түседi. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
117 
бiрiгiп  ойнағанды  жақсы  көредi.  Олар  кейде  белгiлi  бiр  мазмұнға  құрылған  ойындарын  қатарынан 
бiрнеше  күнге  созып  жiберетiн  сәттері  де  жиi  кездеседi.  Бiрақ  одан  өздерi  кереметтей  ләззат  алады. 
Бiрiнiң  қиялын  екiншiсi  дамыта  түсiп,  ойындарын  ерекше  мазмұндандырып  аса  қызықты  етiп  жiбередi. 
Жалпы,  нағыз  тәрбиешi  баланың  4-5  жастағы  кезеңдерiндегi  iс-әрекеттерiнен  ешуақытта  шаршамаса 
керек.  Өйткенi,  не  iстемесе  де  олар  барынша  саналы  түрде  жасауға  тырысады.  Мiне,  баланың  осы 
жасында  қысқа-қысқа  уағыттарға  ықшамдап  ән-күй,  домбыра  мен  қобызда  ойнау,  шағын  ертегiлер 
тыңдатумен қоса, неше түрлi ұлттық ойындарды қызықты етiп үйрету керек. Оларды неге тәрбиелесең де 
ойын тәрiздендiрiп әөкiзудiң қызықты да тиiмдi болары қақ. 
Инабат.  Төрт-бес  жасар  балалардың  үлкенге  деген  iзетi  мен  кiшiге  деген  мейiрiмдiлiгi  күннiң 
шуағындай әсерлi де жан-дүниеге рахат сезiмдер ұялатады. Оның бұл қылықтарын үлкендер  ешуақытта 
қағаберiс  қалдырмай  мадақтап  отырғандары  жөн.  Сонда  мұндай  қылықтарының  дұрыс  екендiгiн  бала 
жақсы түсiнедi. Үлкеннiң тiлiн  екi  етпей алып, бiрден тындыруға тырысудың жөнi  ерекше дамитын кез. 
Олар бұл жастарында әдiлетi мол, мейiрiмдi жандарға аса ынтық болады. Осылайша жүрек тәрбиесi мен 
ақыл тәрбиесiнiң үндесе жетiлiп, саналылық әлiппесi парақтала бастайды. 
Сана - ой елегiнен өткен - бiлiм десек те, немесе болып жатқан оқиғаларды ой елегiмен iрiктеп, талғап 
қабылдау  деуге  де  болады.  °уелi  санаға  ең  алдымен  ой  келетiндiгi,  сонан  кейiн  ғана  ойланудың 
басталатындығы түсiнiктi.  Бiрте-бiрте  ой үстiне  ой қосылып,  санаға ырық, мақсат көздеу, талап-тiлек, 
сонымен  қоса  сезiмдердiң  үндесуiнен  әсер  алу,  ренжу,  қуану,  қайғыру  тёрiздi  көңiл  күйлерi  араласады. 
Бала  кезден  бастау  алатын  күнделiктi  тәрбиенiң  бұл  тектес  тәлiмдерi,  адамдардың  ұзақ  ғұмырында  бiр 
сәтке  де  толастамай,  үнемi  жалғаса  бередi.  Ақырында  бала  кәмелеттiк  жасқа  жеткенде,  тiршiлiктегi 
көптеген  әрекеттердi  сараптай  пайдалануға  да  шамасы  жететiн  кезеңге  шығады.  Баланы  4-5  жасында 
еңбекке баулу, сұлулыққа сүйсiнуi де бөлек-бөлек әңгiме. 
“Жетi  атасын  бiлген  ұл  -  жетi  ру,  елдiң  қамын  ойлайды”  -  дейдi  халқымыз.  Балалар  бақшасындағы 
соңғы  екi  жылды  тәрбиелiк  қуаты  мен  санадағы  өзгерiстердiң  өлшемiн  еш  кезеңдермен  салыстыруға 
келмейдi. Бұл шақ адам ғұмырындағы ең алғашқы сана көзi мен сезiм түйсiктерiнiң ағарып атқан ақ таңы 
тәрiздi. Бүкiл адамшылық негiздерiнiң қайнар көзi де осы тұста ерекше ашылуымен қоса, мiнез-құлықтың 
қалыптасуы да қауырт жүредi. Олар осы жастарында негiзi мектепке әзiрленедi. 
Баланың  мектепке  жетi  жасқа  толғаннан  кейiн  баруы  өте  орынды.  Өйткенi,  адам  ең  алдымен 
жаратылыс заңдылығтарына бағынатын биологиялық индивид екенiн ешуақытта естен шығармаған жөн. 
Бала осы жасында физиологиялық бiр  кезеңiнен  оның екiншi кезеңiне ауысады. Ол  сәбилiктен өтiп жас 
бала  сипатына  ауысады.  Бұл  сәттен  бастап  жыныс  бездерiнiң  гармональдық  әсерлерi  өз  қызметiне 
кiрiседi.  Осылайша  адам  санасы  мен  мiнез-құлықтарына  әсер  ететiн  үш  бiрдей  жүйенiң  үндестiгi 
басталады.  Оларды  бiздер  адам  тёрбиесiнiң  үш  жүйесi:  жүрек  тәрбиесi,  ақыл  тәрбиесi,  жыныс 
тәрбиесi  -  деп  жiктей  саралап,  ықпалы  мол  жүйе  ретiнде  ұсынамыз.  Осы  үш  жүйенiң  үндесе  қызмет 
iстеуiнен, бүкiл адамдық темпераменттердiң негiздерi қалыптасып қана қоймай, сонымен қоса, әр адам өзi 
тiршiлiк етiп отырған әлеуметтiк ортаның әсерiмен қоғамдық тұлға ретiнде қалыптаса бастайды. Бұған әр 
халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тектiк қасиеттерiнiң әсерлерiн де қосқан жөн. Бала тәрбиесiндегi 
ата-баба зердесi де, оята бiлсек, олардың iшкi қуат көздерiн ашпақ. Жетi жасарлардың ойлауы мен ойнау 
тәрбиесiне  де  көптеген  өзгерiстер  енедi.  Балаға  тәрбие  сабақтары  I,  II,  III  жёне  IV  тоқсандарға  жiктелiп 
өткiзiледi және бұл сабақтардың өзiндiк бағыт-бағдары мен әдiстерi болады.  
Балиғат кезеңi немесе,  
халық педагогикасының VI-ші негiзi 
“Құпиялы құбылыстарды ғажайып екен дей салуға болмайды” 
И.Гете 
Баланың  мектепке  жетi  жасында  баруы  негiзiнен  биологиялық  және  физиологиялық  заңдылығтарды 
басшылыққа алудан деп түсiнген жөн. Өйткенi, дәл осы жастан бастап “шабдалдың үшiншi бұтағы” деп 
бейнеленетiн жыныс жүйесi бiртiндеп бүршiк жара бастайды. Бұрынғыдай емес, ұл балалар қыздарға, қыз 
балалар ұлдарға мүлдем жаңа көзқараспен қатынас жасауға ұмтылады. Осы кезеңнен бастап, жыныс безi 
мен  жұлын-жүйке  сөлдерiнiң  үндесе  қызмет  атқаруының  арқасында,  адамның  мiнез-құлықтары  мен 
темпераменттерi ғана қалыптасып қоймай, әр тұлғаның өз ерекшелiктерiнiң даралай дамуының ең күрделi 
сатыларына ауысады. Олай болса, табиғат қашанда заңдылықты сүйетiнiн ескергенiмiз жән. 
Адам  тәрбиесiнiң  ең  алғашқы  екi  кезеңi,  яғни,  ұрық  тазалығы  мен  ана  құрсағындағы  тоғыз  ай 
кезеңiнде  ойдағыдай  жетiлiп  туған  жас  балалар  әрқашанда  алғыр  да  зерек  болып  келедi.  Олар 
айналасындағы  құбылыстарды  тез  ұғынып,  қабылдауға  бейiмдiлiк  танытумен  қоса,  түсiнгендерiн  өмiр 
бойы  ұмытпайтын  зерделiлiктiң  де  сапасын  байқатады.  Баланың  осындай  ерекше  қасиеттерi  жайында 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
118 
Н.К.Крупская: “оның ала бөтен ерекше әсерленгiштiгi - жеделқабыл танымдылығын да күшейтедi” - деп 
тұжырым  жасайды.  Мұны  Я.Корчак  та:  “Бала  -  сезiмдiлiктiң  Тәңiрi,  -  деп  құптайды.  Мiне,  осы 
тұжырымдарды жоғарғы нерв жңйесiнiң iлiмдерiне сүйенiп, түсiнгiмiз келсе, И.П.Павловтың мына сөзiне 
көңiл  аударалық:  “Жан-жануарлар  әлемiнiң  жетiле  өсуiнiң  адамдық  фазасында  оның  жоғарғы  нерв 
жүйелерiнiң  қызметiнде  қосымша  өзгерiстер  пайда  болады.  °уелден  бар  бiрiншi әсер  (сигнал)  қабылдау 
жүйесi  жетiле  келiп,  екiншi  әсер  (сөз)  қабылдау  жүйесiмен  үйлеседi.  Бұл  табиғат  шебердiң  жасаған 
тiршiлiк әлемiнiң шырқау шыңы едi..” - дейтiн ғылыми жаңалығының маңызы зор. Сонымен қоса, бұл екi 
жүйе тепе-теңдiк заңдылығын үнемi сағтауға тиiс. 
Бiз халық педагогикасының негiздерi туралы осы еңбегiмiзде, ұрпақты үзiлiссiз тәрбиелеудiң кестесiн 
жасап, бiртұтас үзiлiссiз қазақ мектебiнiң болашақ құрылымының сызбасын ұсындық. 
Жалпы адам ғұмырындағы   ең   бiр   жауапты   кезең   ол   мектеп қабырғасында  өтетiн  тәрбие  мен  
тәлiмнiң  дұрыс   ұйымдастырылуы  болып  табылады.   “ұйымдастыру   - деген   сөз ХХ ғасырдың    ең  
ұлы  ұғымына  айналып  отыр.  Оны  терең  түсiнiп  дұрыс  жолға  қоймайынша  адамзат  қауымының 
үндестiкке    толы өркенiн    көз алдыңа   елестетудiң   өзi   қиын.   Өйткенi,   әрбiр   жеке   адамның   iс-
әрекетiнен    бастап мемлекеттiк    басқару   жүйелерiне    дейiн,    тiптi, ғылым   мен творчествоның да 
ерекше      жемiстiлiгiне,        тек      дұрыс  ұйымдастыру  шеберлiгiн  игергенде  ғана  қолымыз  жетпек.  Олай 
болса, адам баласының шыр етiп дүниеге келгеннен кәмелетке жеткенге дейiн өтетiн сан алуан тiршiлiк 
сабақтары  барынша  дұрыс  ұйымдастырылуы  қажет.  °йтпесе,  ұрпақтарымыздың  тәрбиесi  мен  тәлiмi 
жанбай жатып сөнуге де, ақпай жатып iркiлуi де ғажап емес. Ол үшiн биологиялық индивид ретiнде,  ең 
әуелi адамның табиғаты мен жан-дүниесiн түсiнiп алған жөн. Мiне, осынау күрделi құбылыстың жауабын 
адам  жаратылыстарын  терең  зерттеген  ғұламалар  -  әл-Фараби,  ибн-Сина,  Ф.Энгельс,  И.В.Павлов  пен 
А.А.Ухтомскийдiң - еңбектерiнен байғауға болады. 
Мәселен,  баланың  биоритмдерiн  салыстыра  келiп  (тамыр  соғуы,  тыныстауы,  жүйкенiң  қозуы  мен 
саябырлауы  және  т.б.),  оның  ойлау  қабiлетiнiң  белсендiлiгiн  анықтай  келгенде,  қазiргi  бiздердiң 
мектептерде пайдаланып жңрген 45 минут уақыт - мидағы биоритмдi ескермейтiн ұзақтығын байқатады. 
Ендеше, тiршiлiк ырғақтарын бұзу арқылы, әсiресе, бастауыш сыныптың оқушыларын тез шаршату оңай 
екен.  Биоритмдi  ескермей  жүргiзiлетiн  сабақтардың  сапасы  да  нашар,  оның  үстiне  баланың  ынта-
жiгерлерiн  де  әлсiретiп,  бiрте-бiрте  бейтараптық  мiнезге  үйретедi  екен.  Сондықтан,  әсiресе,  бастауыш 
сыныптардың  сабақтары  30-35  минуттан  аспағаны  ғылыми  негiзделген.  Белгiлi  гигиена  маманы 
Р.Г.Сапожникова,  өзiнiң  көп  жылғы  зерттеулерiн  қорытындылай  келiп:  “кез  келген  сабақтардың  соңғы 
10-15 минуттары баланы қатты шаршататындықтан, оның тақырыпты игеруi мен қабылдауында өте кәп 
кемiстiк бар” - деуiнде үлкен шындық жатыр. Осыны қуаттай пiкiр айтқан А.Н.Кабанова: “Сабағтардың 
уақыт мөлшерлерiн қысқарту арқылы ми қабаттарының тез сергiп, жаңа қуаттылыққа ауысуына жағдай 
жсаслынып, сонымен қоса, оның қабiлетiн арттырумен жоғарғы деңгейдегi биоырғаққа жетiлдiредi, - деп 
тұжырымдайды. 
Кәмелеттiк кезеңi, немесе,  
халық педагогикасының VII-ші негiзi 
Жаппай мiндеттi бiлiм беретiн негiзгi мектептiң (7-8-9) оқу көлемi мен мазмұны тоғызыншы сыныппен 
аяқталуы керек. Осы кезде мектеп бiтiретiн қыз бен жiгiттер 15-тен 16-ға шығады. Бұл жастар азаматтық 
жауапкершiлiкке  жетiп,  қолдарына  куәлiктерiн  алады.  Мiне,  осы  сәттен  бастап  еш  зорлықсыз  әр  адам 
әөiнiң  келешегiн,  табиғи  қабiлеттерiне  орай  таңдауы  қажет.  Сонда  ғана  тiршiлiк    үндестiктерi    өз  
орындарында  болмақ.      Бiз    ұсынып    отырған  оқу  жүйесiнiң  құрылысы  негiзiнен  физиологиялық 
заңдылыққа  бағынса,  сонымен  қоса,  қоғамдық  өзгерiстердiң  iшкi  қатынастарын  да  ескеретiндiгiмен 
құнды.  Өйткенi,  он  алты  жасқа  толған  жiгiттер  мен  қыздар  өз  мүмкiндiктерiн,  басқаға  қарағанда  өздерi 
әлдеқайда жақсы бiлетiндiгiн ұғынуымыз керек.  

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет