Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет8/49
Дата28.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49

Abstract 
The  main  purpose  of  teaching  the  Russian  language  in  medical  schools  is  to  teach  language  specialty  that  involves 
improving students' communicative competence. To achieve this goal, in-depth study of specific vocabulary in the Linguist 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
38 
and Lingvo-didactics cal aspects. Special vocabulary and its functioning in various spheres of human activity is the object of 
attention of linguists and methodologists. At the same time, scientific style of speech is divided into three main sub genre: the 
self-scientific, academic and popular science. The language of science is a multifunctional linguistic formation. The problem 
of training of scientific speech highlighted in numerous publications in a manner where there are the peculiarities of scientific 
speech.  However,  the  comprehensive  study  of  this  problem,  little  work.  In  the  present  study  the  language  of  medicine 
understood  as  a  special  subsystem  of  the  national  language,  intended  for  anatomical  nominations,  names  of  diseases, 
symptoms  and  treatments,  as  well  as  pharmacological  nominations,  ie  reflecting  the  scope  of  medicine  and  paramedic 
profession. Medical terminology is one of the oldest units in the terminological system. Analysis of literary language material 
shows that in its stylistic, functional properties nominative vocabulary medical field is quite varied. In this context, exploring 
the medical lexicon, will inevitably face the necessity and its classification, i.e., allocation of certain types. Due to the fact that 
the  material  of  our  analysis  were  the  texts  of  Microbiology,  it  should  be  noted  that  the  latter  includes  terminology  on  the 
following subjects: anatomy, bacteriology, virology, immunological, and vocabulary mycology, protozoology and biology. 
Thus,  a  special  (medical)  terminology  is  the  subject  of  linguistic  and  methodological  research.  The  principles  of  the 
classification of medical vocabulary, which is optimal for the development of teaching methods. To build an effective method 
of teaching medical terminology Russian Kazakh language students need to study the speech interference. At the same time, 
created the need to carry out a comparative analysis of the special (medical) Russian language and mother tongue instruction. 
УДК 02.021.027.7 
 
ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫНДАҒЫ 
ЭЛЕКТРОНДЫ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Б.С. Асанова – т.ғ.к., ҚазМемҚызПУ-нің аға оқытушысы 
 
Қазақстанның жоғары оқу орындарының – жоғары білікті маман дайындауда XXI ғасыр талаптарына 
толық жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы  озық  білім  беру  мен  оқытудың  инновациялық  технологияларын  ендіру, 
шетелдермен  интеграциялық  байланыста  болу  жYне  т.б.  бағыттарда  атқарып  жатқан  жұмыстары  көп. 
Осындай міндеттерді жүзеге асыруда ЖОО-ның жетекші құрылымдық бөлімі ретінде - ғылыми кітапхана 
өзінің  Yмбебап,  көп  салалы,  дYстүрлі  кітаптар  жYне  электронды  ресурстарымен  тұтынушылардың  оқу-
тYрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші, ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор 
үлес  қосуда.  XXI  ғасырда  кітапхана  саласын  дамыту,  тек  республика  ішінде  ғана  емес,  халықаралық 
кітапханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдар-
ламалармен қамтамасыз ету - бұл бүгінгі күннің басты мақсаты болып табылады. 
Бүгінде жоғары оқу орындарының кітапханалары өз жұмысында дYстүрлі жYне электрондық көздерді 
жYне  қызмет  көрсету  түрлерін  үйлестіруде.  Өздерінің  дYстүрлі  міндеттерін  орындауды  жалғастыра 
отырып, жоғары оқу орындарының кітапханалары - кітапхана қызметінің мазмұны мен түрін ауыстыруда. 
Бұл екі негізгі міндет: мYліметтерді жинау мен сақтауда жYне пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруда айқындалады. 
Осыдан 30 жыл бұрын көптеген кітапханалар, солардың ішінде университет кітапханалары оқшаулау 
(жекеленген)  мекемелер  болған  қызмет  көрсету  саласында  өздерін  ең  төменгі  сатыда  деп  есептеген. 
Маңызды өзгерістер XX ғасырда түбегейлі түбірімен өзгерді. Қазіргі жас пайдаланушылардың компью-
терлік  сауаттылық  деңгейі  жоғары.  Пайдаланушылар  көбіне  өздерінің  сауалдарын  іздестіруді  өздерінің 
компьютерде  жұмыс  істеген  тYжірибелеріне  сүйене  отырып,  өз  алдына  орындауға  тырысады.  dрине, 
компьютерде  жұмыс  істеуді  білуі,  қазіргі  күнде  кез-келген  адамның  ақпаратты  сауатты  болуы  қажет, 
бірақ  ақпараттың  қалай  өңделіп,  таралуын  дYл  мYнісіне  түсінбей  тұспалдауы  ақпараттық  сауаттылық 
болмайды. Пайдаланушының тYжірибесінің жеткіліксіздігі, ақпаратты дұрыс берілмеуіне Yкелуі мүмкін
Интернеттің ретсіз, стихиялық дамуы ақпараттың сапасына, пайдаланушылардың ақпаратты іріктеу жYне 
іздеу  нYтижесіне  де  Yсер  етеді.  Кітапханалар  қоғамдағы  Yлемдік  инфраструктураның  элементі  болып 
табылатындықтан,  ақпараттық  кеңістіктің  қалыптасуына,  олар  іздеудің  Yдісін  жYне  тYсілін  іріктеуде, 
сақтауда,  аналитикалық  өңдеуде,  таратуда  жYне  пайдаланушыларға  талап  еткен  түрінде,  көлемінде 
ақпараттарын тауып беруге қатысады. Бұл факторлар қызмет көрсету модулдарын түзетуге, пайдалану-
шылардың  ақпаратпен  жұмыс  істеу  талабы  мен  білімінің  қалыптасуына  байланысты  қызмет  көлемін 
ұлғайту қажеттілігін тудырады [1]. 
Осындай талаптармен қазіргі таңда ғылым, ақпарат саласында өзіндік орны бар, студенттер мен оқы-
тушы – ұстаздардың серігіне айналып келе жатқан- жоғары оқу орындары кітапханалары. Солардың бірі - 
Алматы  қаласындағы  dл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  Ғылыми  кітапханасы  1934 
жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда қорда 2 миллионнан астам кітап жинақталған. Соның ішін-
де сирек кездесетін 15 мың кітап бар. 20 мыңның 915 мыңы тұрақты оқырмандары бар, Қазақстан ЖОО 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
39 
кітапханалар қауымдастығы мен Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі.  
Бүгінде  кітапхана  -  білім  мен  ғылым  саласын  дамытуда  жYне  өз  тұтынушыларының  сұранысын 
қанағаттандыру  бағытында  жаңа  инновациялық  жабдықтарды  пайдаланады.  Базада  Рубрикон,  Elsevier 
Science,  EBSCO,  РМЭБ,  «Заң»  Республикалық  ақпараттық  құқық  орталықтары  мен  т.б.  мYліметтері 
жинақталған. 
Ректорат отырыстары кітапхана жұмысын жеңілдету үшін студенттер мен оқытушылар қауымын ISIC 
көпсалалы картасына жаппай көшіру жөнінде шешімге келді. Электронды оқу құралдарын шығару жYне 
электронды  кітапхананы  құру  мYселелері  талқыланып,  оны  жүзеге  асыруда  университет  басшылығы 
тарапынан бірқатар тапсырмалар берілді. dл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры - Ғалымқайыр Мұтанов: 
"Университет сайтынан электронды кітапханаға кіру мүмкіндігін беретін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. 
Студентті  жан-жақты  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  арқылы  ғылыми  жұмыстарға  белсенді  түрде  тарту 
керек.  Сонда  ғана  мемлекеттің  ғылымын  дамытатын  жас  ғалымдардың  қатары  көбейеді",  -  деді  [2]. 
Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар арасында электронды оқу құралдарымен таныстыратын арнайы 
семинарлар  ұйымдастырылады.  Болашақ  электронды  кітапхананың  жобасы  бойынша,  электронды  қор 
құрылып, одан интернет арқылы виртуалды түрде мұражай мен оқу залдарына шығуға жағдай жасалып, 
жарияланымдардың  электронды  нұсқасын,  кітап,  каталог,  аудио  жYне  бейне  мYліметтерді  алатын  жаңа, 
Yрі тиімді мүмкіндіктер ашылған. 
Ал,  Назарбаев  Университетінің  кітапханасы  қызметкерлер  мен  студенттерді  Yлемдік  деңгейдегі 
электронды мYліметтер қорымен қамтамасыз етеді. Олардың кейбіреулеріне кітапхана өне бойы жазылып 
отырады,  ал  кейбіреулері  тек  уақытша  қолжетімділік  ретінде  беріледі.  Сонымен  қатар,  мұнда  кейбір 
ақысыз академиялық қорлар туралы да ақпарат ала алады. Бұл тізім кітапхананың ақпараттық қорларға 
жазылуына байланысты өзгертіліп отырады. ТолықмYтінді диссертациялардың электронды коллекциясы. 
Бұл  Американдық  Конгресс  Кітапханасының  ресми  электрондық  қор  мұрағаты,  сонымен  қатар  магис-
транттар  мен  докторанттардың  ізденіс  жұмыстарын  жүргізетін  толықмYтінді  диссертациялардың  ең 
негізгі қоры болып табылады. PQDT FullText құрамында 1861 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін, бүкіл 
Yлемнен, 2,7 миллион диссертациялар авторефераты жYне 1,2 миллион PDF форматында жүктей алатын 
құжаттардан,  ретроспективті  толықмYтінді  диссертациялардан  тұрады.  dр  жыл  сайын  бұл  мYліметтер 
қоры Yлемнің алдыңғы қатарлы 700 академиялық басылымдарымен серіктесе отырып қорды 70,000 жаңа 
толықмYтінді  диссертациялармен  толықтырып  отырады.  dрбір  басылып  шыққан  диссертацияда,  1980 
жылдың шілдесінен бастап, автордың өзі жазған, 350 сөзден тұратын абстрактісі қоса берілген [3]. 
Осындай мүмкіндіктері бар келесі Жоғары оқу орнының бірі - Жансүгіров атындағы Жетісу Мемле-
кеттік  университеті.  Университеттің  (ЖМУ)  қашықтықтан  оқыту  технологиялары  студенттерге  білім 
берудегі университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.  
2011 жылы оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологияларын (ҚОТ) тиімді қолдану мақсатында І. 
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде қашықтықтан 
оқыту технологиялары бөлімі (ҚОТБ) құрылды. Оқу үрдісі заманауи білім беру технологияларына негіз-
делген, студент ЖМУ-нің білім қоры мен тестілік бақылау жүйесін Интернет арқылы пайдалана алады. 
ҚОТБ оқу үрдісінің технологиялық қамтамасыздандырылуын жүзеге асырады, Yрі оқытушылар құрамына 
қашықтықтан оқыту технологияларын меңгертеді. 
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары: 
-
 
Тұрғылықты  мекен-жайындағы  (уақытша  мекеніндегі)  негізгі  қызметінен  ажырамай-ақ,  бірінші 
немесе екінші жоғары білім алу мүмкіншілігі; 
-
 
Жеке оқу жоспары бойынша білім алуға мүмкіндік; 
-
 
Оқу қарқынын өзі таңдай алуы; 
-
 
Өзге қалалардағы студенттердің оқу орнына қатынасудағы жол мен Талдықорған қаласында мекен-
деу шығындарын оңтайландыру мүмкіншілігі. 
Қашықтықтан білімді пайдалана отырып, студент келесідей мүмкіндіктерге ие болады: 
-
 
ПYндердің оқу-Yдістемелік кешендеріне қолжетімділік; 
-
 
Оқытушыға (тьюторға) сұрақ қою жYне кеңес алу; 
-
 
Бақылау  (курстық)  жұмысты  (сондай-ақ  электрондық  нұсқада)  жіберіп,  оған  оқытушының  сын-
пікірін алу; 
-
 
Білімінің қорытынды бақылауы ретінде сынақ (емтиханды) тест түрінде өту; 
-
 
Сессия кестесін білу; 
-
 
Оқу үрдісі жөніндегі ақпарат қамтылатын жаңалықтар форумын көру; 
-
 
ЖМУ-нің электронды кітапханасын пайдалану; 
-
 
Оn-line жүйесінде студенттер жYне оқытушылармен байланысу. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
40 
ҚОТ бөлімі қызметінің негізгі бағыттары: 
-
 
Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру жYне басқару; 
-
 
Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын Yзірлеу; 
-
 
Қашықтықтан  оқыту  технологиялары  бойынша  оқу  үрдісін  ақпараттық-техникалық 
қамтамасыздандыру; 
-
 
Ақпараттық білім қорларының дерекқорын құру; 
-
 
Ақпараттық  жYне  коммуникативтік  технологияларды  (АКТ)  тиімді  пайдалануда  І.Жансүгіров 
атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Yкімшілік, инженерлік-техникалық жYне ғылыми педаго-
гикалық кадрларын қайта дайындауға қатысу. 
Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша білім алушыларға арналған оқу-Yдістемелік қор:  
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ-нің  электрондық  кітапханасы,  электрондық  дYрістер,  электрондық 
оқулықтар жYне құралдар, курстық кейстер, бейнедYрістер жYне бейнематериалдар, Интернет ресурстары, 
аудиоматериалдармен қамтамасыз етілген. 
Қашықтықтан оқыту технологиялары бөлімі: 
-  Оқу  үрдісіне  заманауи  оқу-Yдістемелік  жYне  дидактикалық  материалдар  мен  автоматтандырылған 
оқу  жүйелерінің  бағдарламалық  қамтамасыздандырылу  мен  ақпараттық-техникалық  жYне  ақпараттық-
кітапханалық жүйелерді енгізу; 
- Қашықтықтан оқыту технологиялары құралдарын Yзірлеу жYне енгізу; 
-  Оқулықтар,  оқу-Yдістемелік  кешендерді,  оқу-Yдістемелік  құралдарды  жYне  дидактикалық  материал-
дарды электрондық тасымалдалдаушыларда Yзірлеу; 
-  Электрондық  кітаптар,  мультимедиялық  курстар,  Yдістемелік  құралдар  жYне  басқа  да  Yдістемелік 
құралдарды Yзірлеу, алу жYне игеру; 
- Тестілеу жүйелері мен өзге де білімді бақылау құралдарын, ҚОТ үшін қажетті ақпараттық қорларды 
қолдану Yдістемесін Yзірлеу жYне енгізу; 
-  Білім  алушылардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оқу  үрдісінде  телекоммуникация  құралдары 
арқылы араласуын ғылыми жYне Yдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру; 
- Ақпараттық жүйеде білім алушылардың ағымдық оқу үлгерімі мен аралық бақылаулары жалғандық 
пен бұрмалаудан шектеулі рұқсат етілген электрондық Yдістер арқылы қорғалуын, тYуелсіз бағаланылу-
ын,  жұмыстарын  аумақтық  аттестациялық  комиссияларда  көпшілік  алдында  қорғауын  ұйымдастыруды 
қамтамасыз етеді [4]. 
Білім беру саласының басты міндеті - 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік 
бағдарлама негізінде сапалы қызмет көрсету аясын кеңейте отырып, заман талабына сай білім алуға жYне 
озық  технологияларды  игеруге  мүмкіндік  беретін  білім  берудің  тиімді  инфрақұрылымын  жасау  болып 
табылады. 
Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  -  жоғары  білікті  маман  дайындауда  XXI  ғасыр  талаптарына 
толық жауап беретін, халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын 
арттырудың  бірден-бір  жолы  озық  білім  беру  мен  оқытудың  инновациялық  технологияларын  ендіру, 
шетелдермен  интеграциялық  байланыста  болу  жYне  т.б.  бағыттарда  атқарып  жатқан  жұмыстары  көп. 
Осындай міндеттерді жүзеге асыруда ЖОО-ның жетекші құрылымдық бөлімі ретінде - ғылыми кітапхана 
өзінің  Yмбебап,  көп  салалы,  дYстүрлі  кітаптар  жYне  электронды  ресурстарымен  тұтынушылардың  оқу-
тYрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші, ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор 
үлес қосуда. 
Қазіргі  таңда  ақпарат  кеңістігі  мен  оның  мүмкіндігі  қандай  шексіз  болса,  оған  деген  сұраныстың  да 
еселей  түскендігі  белгілі.Сондықтан,  кітапхана  қызметінің  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұйымдастырылуы, 
оның  сапалылығы  мен  нYтижелілігі  тек  өзінің  ғана  емес  сонымен  қатар  институттың  да  болашағын 
анықтайды. Өйткені, жалпы оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының, жоғары білімді жаңа тұрпатты 
маман  даярлаудың  сапасы,  тіпті  қоғамның  барлық  саласындағы  қол  жеткен  табыстардың  алғы  шарты 
ақпаратқа  байланысты.  Осы  мақсатта  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  (ТарМПИ) 
ғылыми кітапханасы қажетті ақпаратты жедел жYне толық алуына мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуни-
кативтік технологиялардың үйлесуімен жаңа үлгідегі кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге 
асыруда. 
ТарМПИ ғылыми кітапханасында оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру, қазіргі 
заман талаптарына сай бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда, ол оқырмандарды дYстүрлі жYне электрон-
ды тасымалдағыш құралдарымен қамтамасыз ету, кітапханалық-библиографиялық үрдістерді автоматтан-
дыру  негізінде  өзіндік  жYне  Yлемдік  электронды  ресурстарға  мүмкіндік  беру,  қорды  насихаттау  жYне 
білімгер - жастардың рухани ой-өрісін, патриоттық, педагогикалық, эстетикалық жYне мYдени тYрбиесін, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
41 
білімге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, институт 
білімгерлері,  магистранттары  мен  оқытушылар  оқу-іздену  барысында  кітапханада  жинақталған  628 
мыңнан  аса  дYстүрлі  жYне  76994  электронды  құжаттарды  пайдаланумен  қатар,  ғылым-білімнің  сан-
саласындағы  жаңалықтармен  танысып,  өз  ізденістерінде  бар  ақпараттарды  жан-жақты  пайдалануда. 
Қорды толықтыруда, кітапхана жаңа үрдісті қолдануда – ол Интернет желісі мен электрондық поштаны 
пайдалану арқылы ірі баспалар мен кітап-сауда орталықтарының Интернет-кітап дүкендеріне кіруге, бар 
ассортиментімен танысуға, қажет оқулықтардың тізімін кафедраларға таратып, тапсырыс беруге мүмкін-
дік берді. 8 оқу ғимаратында орналасқан, 628 000 мыңнан аса қоры бар ғылыми кітапхананың қызметін 
қазіргі таңда институт білімгерлері, магистранттары мен профессорлары жаңа үлгіде жасалған мамандан-
дырылған  11  оқу  залдары,  (5  оқу  залы,  «Өнер»,  «Сирек  жYне  құнды  кітаптар»,  «Түнгі  оқу  залы», 
«Каталогтар  залы»,  электрондық  оқу  залы),  оқулықтар,  ғылыми  жYне  көркем  Yдебиеттер  жинақталған  2 
абонемент бөлімдерінде пайдалануға мүмкіндік алса, алған білімін одан Yрі тереңдете түсіп,ұштастыруға 
мүмкіндік беретін, тілдерді өз бетінше игеріп, жетілдіруге арналған «тілді игеру» орталықтары өз қызме-
тін ұсынып келеді. 
Қазіргі  заман  талабы  –  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  болғандықтан,  институт  кітапханасы  өз 
қызметіне  ақпараттық  технологияларды  ендіру  арқылы  өзіндік  электронды  ресурстарды  толықтырып 
қана қоймай, басқа да отандық, Yлемдік ақпараттар ресурстарына кіру мүмкіндігін де қарастырған. Осы 
бағытта кітапханада 2004 жылдан бастап «Кітапхана 4.02» бағдарламасы негізінде кітапханалық-библио-
графиялық  үрдістер  автоматтандырылып,  электронды  каталогтар  деректер  базасы  жүргізілсе,  2010 
жылдың маусым айынан бастап «КАБИС» (Корпоративті Автоматтандырылған Кітапханалық Ақпарат-
тық Жүйе) негізінде электронды каталогтар деректер қоры толықтырылуда. Бұл электронды каталогтар-
дың білімгерлердің оқу-іздену үрдісінде тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар 
туралы  мYліметті  жедел  алуға,  тақырып  бойынша  керекті  оқулықтардың  тізімін  іріктеуге,  жаңа  түскен 
кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған мақалалар туралы мYліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік 
береді  жYне  оқырманның  уақытын  үнемдейді.  Сонымен  қатар,  қазіргі  таңда  институт  білімгерлері  мен 
магистранттары,  оқытушылары  мен  қызметкерлері  электронды  оқу  залының  қызметін  пайдаланумен 
қатар,  Интернетті  тегін  пайдалану,  отандық  электрондық  кітапханалардың  қорын  кең  көлемде  жYне 
еркінпайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Ол ҚР-ның жоғары оқу орындары Ассоциациясының респуб-
ликалық  ЖООА  Электронды  Кітапхана  жYне  Қазақстандық  Ұлттық  Электрондық  кітапханалармен 
келісім-шарт жасалып, оқу үрдісіне қажетті ақпараттарды алуға, олардың кітап қорын толық пайдалануы-
на да қолайлы жағдай жасалған.2010 жылдың қарашасынан бастап оқырмандар барлық оқу ғимараттары-
нан институттың Web-сайты арқылы кітапхананың электронды каталогтар дерекқорына кіру, ақпараттық 
ресурстардың  РЖОО  аралық  электронды  кітапханасы  (РМЭБ)  http://www.rmeb.kz  жYне  Қазақстандық 
ұлттық электронды кітапханасы (КазНЭБ) http://www.kazneb.kz пайдалануға мүмкіндігі бар. Пайдалану-
шыларға институттың http://www.tarmpi.kz сайты ұсынылады (targpibibl_@mail.ru). 
ТарМПИ  ғылыми  кітапханасында  дYстүрлі  кітаптармен  қатар  электронды  ресурстар  қоры  сапалы 
толықтырылуда жYне жылдан-жылға ұлғаюда. Қазіргі таңда 76994 мыңнан аса жинақталған электронды 
құжаттар  барлық  білім  сапаларын  қамтып  отыр,  түріне  қарай  алатын  болсақ,  олар  мультимедиялық 
оқытушы  бағдарламалар,  электрондық  оқулықтар,  оқулықтардың  электронды  көшірмелері,  тестілік 
бағдарламалар,  профессор  оқытушылар  шығарған  оқу  құралдарының,  конспект-лекциялары  мен  оқу-
Yдістемелік  кешендері,  силлабустарының  электрондық  түрлері  (CD-ROM)  көшірмелері.  Жинақталған 
Yртүрлі тасымалдағыштардағы электронды ресурстарды пайдалану, құралдармен жұмыс істеуі, отандық, 
шетелдік  ақпарат  ресурстары  мен  толықмYтінді  деректер  қоры  жYне  кітапхананың  өзіндік  электронды 
каталогтар  дерекқорын  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  жYне  Интернетке  кіру  мүмкіндігі  тегін  қарасты-
рылған электрондық оқу залы оқырмандарға қызмет көрсетуде[5]. 
Ақпараттық  технологиялар  қарқынды  дамып  келе  жатқан  бүгінгі  күнде  сапалы  Yрі  мезгілімен  қол 
жеткізілетін ақпаратқа деген сұраныстың жедел өсуі байқалады. Оның ұлғайып келе жатқан көлемі, жет-
кізу формаларының Yр түрлілігі кітапханалардан жаңа технологиялық процесстерді енгізуді талап етеді. 
Адамзат білімінің негізгі көлемі баспа өнімдерінде сақталады, бірақ қағаз өнімдерінің жеткіліксіздігі, 
өндірісінің  жYне  жариялануының  қымбаттығы,  тез  ескіретіндігі  баспа  өнімдерін  бүгінде  электронды 
ресурстардың  ығыстырылуы  жиілеп  келеді.  Соңғыларының  арасында  толықмYтінді  электронды  ресурс-
тар,  виртуалды  кітапханалар  мен  мYліметтер  қорларының  сандық  ретті  жиынтықтары  оқырмандар 
қызығушылығын туғызбай қоймайды. 
Жоғары  оқу  орындарының  кітапханаларының  негізгі  міндеті  -  сол  оқу  орнының  оқу  жYне  ғылыми 
процестерін сапалы ақпараттық жYне кітапханалық үрдістермен қамтамасыз ету. 
Бүгінгі күн талабынан туындаған электрондық ақпаратты пайдалану ыңғайлылығы, артықшылықтары, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
42 
оның Yртүрлі технологиялармен жан-жақты қамтылған. 
Ақпараттық  қол  жеткізуге  арналған  заманға  сай  технологиялардың  болашаққа  апаратын  нұсқалары-
ның  бірі  -  электронды  кітапханалар  болып  табылады.  Жоғары  оқу  орындарының  кітапхана  желілерінің 
дамуы осылардың есебінен жүзеге аспақ. 
Электронды кітапхананың мүмкіндіктері Yсіресе ғылыми, зерттеу жYне білім беру процестерін қамта-
масыз ету үшін маңызды. Себебі, ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі, өзектілігі жYне толыққанды-
лығы мамандарды дайындаудың сапасына лайықты ықпал етеді. 
Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы кітапхананың компьютерлік бағдарламасын дайын-
даумен байланысты, электронды кітапханаға кітап жYне журнал қорынан оқулықтар мен оқу құралдары-
ның,  оқу  процесіне  қажетті  қазақстандық  авторлардың  ғылыми  жYне  Yдістемелік  материалдары  мен 
жарияланған  мақалаларының  толық  мYтіндері  енгізілуде.  Электронды  кітапхана  жоғарыда  айтылған 
ақпарат көздерін сканерлеу жYне электрондық оқулықтарды енгізу жолымен толықтырылады. 
Электронды  ресурстардың  түпнұсқалылығы,  ақпараттық  оқу  процесі  мен  ғылыми  зерттеулер  үшін 
пайдалылығы  жYне  маңыздылығы,  қағаз  нұсқалары  мен  сYйкестігі  электронды  ресурстардың  басты 
шарттары болып табылады. 
Жеке ақпараттық қызмет сапасының деңгейін арттыру мақсатында сектор қызметкерлері жүйелі түрде 
оқырмандарды күнделікті ақпараттандыруды жүргізіп отырады, экспресс-ақпарат жасауда компьютерлік 
технологиялар кеңінен қолданылады. Бұл ақпараттарды электронды түрінде қолдануға мүмкіндік береді, 
сөйтіп ғылыми кітапхана оқырмандарының ақпарат алу жылдамдығын біршама жеделдетеді. Электронды 
ресурстар залында жаңа электронды құжаттар жайында ақпарат беретін «Электронды құжаттардың жаңа 
түсімі»  бюллетені  жарық  көріп  тұрады.  Бюллетень  құрамында  жинақтау  жоспары  бойынша  түсетін 
құжаттар тізімі, CD-ROM-дағы кітаптарға, журналдарға арналған қосымшалар, сандық реттегі құжаттар, 
Интернет ресурстары бар. «Интернет ресурстары» экспресс-ақпараттардың оқу залдарында жYне профес-
сорлық-оқытушылық  құрамға  арналған  залда  электронды  жYне  баспа  түрлерінде  ұсынылған.  Бұл 
басылым оқу орны кітапханаларының қорына белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен құжаттар жайлы 
мYлімет іздеу жылдамдығын арттырады. 
Осындай  Интернет  ресурстарымен  өз  оқырмандарына  қызмет  көрсетіп  келе  жатқан  С.Торайғыров 
атындағы ПМУ-дің академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы - Павлодар облысының ірі оқу 
орнының кітапханасы болып табылады. Кітапхананың негізгі міндеті - университеттің оқу жYне ғылыми 
процеcстерін сапалы ақпараттық жYне кітапханалық үрдістермен қамтамасыз ету. Мұнда оқырмандарға 
«Современный  гуманитарный  университет»  (Ресей)  оқу  лекцияларын  қарастыруға  мүмкіндік  берілген. 
Мұндағы көп жылғы тYжірибе, бай ақпараттық шығармашылығы арқасында төмендегі бағыттар бойынша 
жұмыстар атқарылып келеді: 
- Ақпараттық-кітапханалық процестерді компьютерлеу; 
- Университет профиліне сYйкес электрондық басылымдар қорын қалыптастыру; 
- Электронды ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; 
- Оқырмандарға кітапхананың қазіргі ресурстарын қолдану Yдісін үйрету. Электронды жYне магнитті 
тасымалдағыштардағы  оқу-Yдістемелік  басылымдар  90,4%-ды  құрайды,  940  кітап  пен  мақаласы  бар 
«Электронды кітапхана» атты толық мYтінді мYліметтер қорлары жинақталған, оның ішінде 250 құралын 
университет оқытушылары құрастырған [6]. 
Кітапханашылар мен жоғары оқу орнының кітапханасының алға қойған мақсаты - оқу үрдісін сапалы 
да,  маңызды  құжаттармен  жYне  ақпараттармен  қамтамасыз  етіп,  үлгілі  кітапханалық  қызмет  көрсету 
болып  саналады.  Кітапхана  ресурстарын  барлық  тұрғындар  категориясы:  бала  да,  ересек  те,  оқушы  да, 
ұстаз  да,  жұмыссыз  да,  бизнесмен  де  өзінің  сұранысын  қанағаттандырарлықтай  жауап  ала  алса,  алға 
қойған  мақсаттың  орындалғаны.  Ол  үшін  веб-ресурстармен  қатар  ақпараттық  нарықты  жіті  қадағалау 
керек. Себебі, қорды заманауи СД мен DVD басылымдарымен қамтамасыз ету үшін, олар кітапханалар-
дың бүгінгі бейнесі, яғни электронды ақпараттық технологиялармен, инновациялармен, жаңа ақпараттар-
мен оқырмандарға тез жYне сапалы қызмет көрсетудің амалдарын орындау керек [7].
 
Мысалы, Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, экономика жYне болжау институтының кітап-
ханасы ізденістерге толы, өз оқырманына сапалы қызмет көрсету мақсатында барлық оқу жYне ғылыми-
зерттеу  жұмыстардағы  жаңаша  өзгерістер  енгізілген.  Ақпараттану  саясатын  дамыту  үшін  кітапханада 
кітапханалық маркетинг саласында атқарған іс-тYжірибесі мол, оқырман сұранысын жан- жақты зерттеп, 
сол бойынша барлық ақпарат көздерімен жұмыс істейтін комитет құрылған. dрбір оқырманның назарына 
ақпарат жеткізу жолдарының жаңаша түрлері қолданылған. Ол: тақырыптық лифлеттер, студенттер TV 
каналдарындағы  жүгіртпе  жолдар,  кітап  белгі  қағазы,  компьютер  кластарындағы  мониторға  қойылған 
заставкалар (кітаптың басына салынатын өрнек), e-mail т.б. шаралар. Заманауи кітапхананың электронды 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
43 
ресурстары мен ақпараттарынсыз жұмыс істеуі мүмкін емес. 
Қазақстан менеджмент, экономика жYне болжау институтының кітапханасында толық мYтінді құжат-
тардың  орасан  зор  базасы  жұмыс  істейді.  Қазіргі  таңда  ол  кітапхана  пайдаланушылары  12  электронды 
базаға қолжетімді. Олар: EBSCOHost, SSRN, ProQuest, JSTOR, Elibrary Passport GMID, Compustat Global 
,Emerald, Sage, LexisNexis, Юрист+ [8]. 
Көпшілігіне Қазақстан кітапханаларының Ақпараттық консорциумы арқылы жеңілдіктер қарастырыл-
ған. Ең бастысы осы қор көздері үнемі жұмыс істеп тұруы үшін пайдаланушыларға жүйелі түрде тренинг-
тер өткізіп, жарнамалап тұру қажет. 
Қорыта айтқанда, кітапханалардың қызмет көрсету ауқымы кең. Ақпараттық технологиялардың даму 
қарқыны  бүгінгі  жас  ұрпақтың  дүниетанымдылық  аясын  кеңейтіп  отыр.  Бүгінгі  оқырман  жастардың 
талабы да заман талабына сYйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі 
жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек. 
ХХІ  ғасырдағы  қоғамдық  өзгерістер,  ашық  ақпараттық  кеңістікке  өтуі,  қоғамның  ақпараттануы, 
демократиялануы,  коммерциялық  үдерістердің  өркендеуі,  өркениеттік  деңгейге  көтерілуі  кітапхананың 
жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. 
 
1
 
Мырзалиева,  Р.Е.  Оқу  орындарында  кітапхана  саласынан  тренингтер  өткізудің  іс-тaжірибесі  //  Кітапхана 
aлемі. - 2008. - №3. - Б. 24-26. 
2
 
Республикалық жоғары оқуорындары аралық электрондық кітапхана [Электронный ресурс]. Режим доступа 
http//www.rmeb.kz. 
3
 
Шелакин, Ю.И. Автоматизированные системы управления библиотекаря [Текст]. - М., 1998. – 455 с. 
4
 
Насырова, А.А. Реформа образования и миссия учебных библиотек [Текст] Казахстана // Библиотековедение, 
библиография, книговедение. - Алматы, 2002. - Вып.3. – С. 19-27. 
5
 
Есіркепова, Г.Ж. Ақпараттық қоғамды кітапхананы дамыту [Мaтін]. Кітапхана aлемі. 2011. - №3. - Б. 38-40. 
6
 
Мұхтанова, М.А., Бектасова, Д.А. Электронды ресурстарды пайдалану тиімділігі [Мaтін ]. Мир библиотеки. - 
2010. - №2. - Б. 45-46. 
7
 
Қосуақова, З. Сапалы кітапханалық қызмет- уақыт талабы [Мaтін] // Кітапхана aлемі - 2010. - №4. - Б. 17-19. 
8
 
Сексенбаева, Н.О.Продвижение электронных информационных ресурсов в вузовской библиотеке: проблемы и 
решения [Текст] // Мир библиотеки.- 2010. - №3. - С. 8-10. 
 
Каталог: docs -> vestnik -> seriya ped nauki
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет