Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет45/49
Дата28.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 – Оқушылардың патриоттық тaрбиесінің шартты түрде алынған моделі 
 
Патриоттық тYрбие беру өзінің мазмұны жағынан саяси-идеялыққа, адамгершілікке тYрбиелеу саласы-
ның  бірі  болып  табылады,  өйткені  «оның  қалыптастыратын  тұлғалық  қасиеттері  оның  саяси  сипатына 
қатысты...  Отанға  берілгендік  адамның  жоғары  адамгершілігінің  жетекші  нышанының  бірі  болып 
табылады» [9, 18 б.]. 
Жалпытеориялық сипаттағы жұмыстардың бYрінде адамгершілікке тYрбиелеудің міндеттеріне, патрио-
тизм,  ынтымақтастық,  қорғанысқа  даярлық,  еңбекке  адалдықпен  қарау,  жұмысты  сапалы  орындауға 
талпыныс, қоғамдық белсенділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру қарастырылады. Авторлар адамгерші-
лік тYрбие берудің мазмұнын коммунистік мораль, оның принциптері, ережелері, дYстүрлерін, халықтың 
рухани өмірінің ажыратылмайтын бөлігі ретінде мазмұндайды. Адамгершілік ережелері адамдардың іс-
Yрекеттерінің  барлық  түрлері  мен  қарым-қатынасында  көрініс  алатынын  айтады.  Барлық  адамгершілік 
тYрбие жұмыстарының негізгі бағыттарын анықтай келе, тYрбие компоненттерінің өзара тығыз байланы-
сын атап көрсетеді. «Оқушылардың адамгершілік тYрбиесінің мазмұнында шартты түрде мынадай компо-
ненттерді бөліп қарастыруға болады: адамгершілік санасын қалыптастыру, адамгершілік сезімін дамыту, 
тұлғаның  адамгершілік  қатынастары  тYжірибесін  меңгеруі.  ТYрбие  үдерісінде  осы  компоненттердің 
бірлігі  ғана  мектеп  оқушысы  тұлғасының  тұрақты  адамгершілік  қасиеттерін  дамытады,  оның  өмірден 
өзіне қажетті дегендерін алуына көмектеседі» деген көзқараста болады [10, 168 б.]. Авторлар, сонымен 
бірге,  патриоттық  тYрбиеде  «оқушыларды  адамдармен,  олардың  өмір  сүру  ерекшеліктерімен,  туған 
өлкенің тарихи, экономикалық жYне саяси даму тенденцияларымен таныстыру, ең жақын қоршаған орта 
туралы терең білімдер беру» ерекше маңызды рөл атқарады дегенді айтады [10, 121-б.]. 
Патриоттық  тaрбие  еңбек  тaрбиесімен  де  өзара  тығыз  байланысты,  өйткені,  «еңбек  Yрекеті 
патриоттық сана мен сезімді жүзеге асырудың негізгі формасы қызметін атқарады». 
Патриоттық тaрбиенің эстетикалық тaрбиеге жақындығы сол, көркем өнер туындылары болмыс-
тың бейнесі, тұлға сезімінің нақты бір көрінісі болып саналады, өмір тYжірибесін берудегі формасы қыз-
метін атқарады. Б.Т. Лихачев «балалардың ақыл-ой тYрбиесін меңгертілетін құбылыстағы сұлулық сырын 
ашып көрсетпей, еңбек тYрбиесін, еңбектің мазмұны мен үдерісіндегі Yдемілікті танып білмей, адамгерші-
Отбасы тYрбиесі. 
Тұқымқуалаушылық 
Еліктеушілік 
Тіл құралдарын ескеру 
Ұлттық, жалпы адамзат 
құндылықтарды ескеру 
Ұлттық салт-дYстүрлер 
Адамгершілік-этикалық 
қасиеттер 
dлеуметтік жYне педа-
гогикалық шарттардың 
патриотты қалыптасты-
рудағы сYйкестілігі 
Оқушылардың патриоттық 
т`рбиесі 
Қоғамның `леуметтік 
тапсырысы 
Республикалық 
деңгей 
Оқушы
ларға 
патри-
оттық 
тYрбие 
беру 
үшін 
лайық-
ты база 
жасау 
dлеуметтік орта 
Ақпараттық сала 
Жетекші құжаттар (Заңдар, Қаулылар, Жобалар жYне т.б.) 
Оқушылардың патриоттық тYрбиесінің мақсаттары мен міндеттері 
Гуманизациялау 
Патриоттық тYрбиенің мазмұны мен принциптері 
Басқа варианттылығы 
Патриоттық тYрбие жұмысындағы байланыс 
ТYрбие жұмысының басқа бағыттарымен өзара байланысы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
246 
лікті – Yдемі мінез-құлықты қалыптастырмай, денені дамытпай – адамның сымбатты денесін жетілдірмей 
көз алдыға елестету қиын. Сондай-ақ, эстетикалық тYрбиені де өмірмен байланыссыз, белсенді шығарма-
шылық іс-Yрекетсіз, мақсат-мұратқа жетудегі күрессіз көз алдына елестету мүмкін емес» [11, 313 б]. 
Осы  қағидаларды  ескере  отырып,  патриотизмді  қалыптастыру  идеялық-тaрбиелік  жұмыстардың 
барлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Yйтседе, біртұтас тYрбие беру үдерісінің дербес бағыттылығы-
на байланысты ол өзіне тYн Yдістер мен формаларды пайдалануды қажет етеді деуге болады. 
 
1
 
Назарбаев Н.j. Қазақстан 2050. - Алматы: Юрист, 2012, – 65 б. 
2
 
Уалиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 560 б. 
3
 
Егемен Қазақстан. 12 желтоқсан 2006 ж. – 4 б. 
4
 
Крупская  Н.К.  О  коммунистическом  воспитании  школьников:  Сб.статей,  выступлений,  писем  /  сост. 
О.И. Грекора, К.А. Гусева, О.Кудрявцева. - М.: Просвещение, 1978. – С. 80-86. 
5
 
Калинин М.И. О молодежи. - М.: Молодая гвардия, 1975. – 335 с. 
6
 
Макаренко А.С. Воспитание в советской школе. Собр.соч., т.5. - М.: АПН РСФСР, 1958., – 353 с. 
7
 
Сухомлинский В.А. Воспитание советского патриотизма у школьников. – М.: Учпегиз., 1959. – С. 3-4. 
8
 
Савин Н.В. Педагогика: Уч.пособие. – М.: Просвещение, 1972. – С. 208-209. 
9
 
Марьенко И.С. Воспитание советского патриотизма и учащихся среднего школьного возраста во внешколной 
работе. Автореф.дисс. канд.пед.наук. 13.00.01. – М., 1955.  
10
 
Педагогика/ под.ред. Ю.К. Бабанского. – М.: Педагогика, 1984, – 368 с. 
11
 
Лихачев Б.Т. Теория коммунистического воспитания. – М.: Педагогика, 1974. – 313 с. 
  
Резюме 
В  условиях  Независимости  Республики  Казахстан  бесценное  значение  приобретает  рассматриваемое  понятие 
«казахстанский  патриотизм»,  как  усиляющийся  духовно-политический  фактор,  как  новая  парадигма  государствен-
ной политики и идеологии. Его возникновение и утверждение связано с укреплением и усилением ннезависимости 
Казахстана. Потому что не было и не будет ни одного государства, которому бы не был необходим патриотизм для 
своих граждан. В статье рассказывается об ососбенностях казахстанского патриотизма. 
Значительный вклад в теорию патриотического воспитания внесли классики педагогики и видные общественные 
деятели  (Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  М.И.  Калинин,  Сухомлинский  и  др.)  В  статье  подробно  раскрыты  их 
бесценные выводы, принципы и взгляды в области патриотического воспитания.  
В  статье  ведущее  место  отведено  решению  задач  патриотического  воспитания  в  целостной  системе  процесса 
воспитания, претворяемого в жизнь в общеобразовательной школе. Если рассматривать проблему патриотического 
воспитания с сегодняшней точки зрения, то необходимо првильно понять значение, место и роль процесса патриоти-
ческого воспитания в целостной системе воспитания. Вместе с этим понять и взаимосвязь патриотического воспита-
ния учащихся (с этнопедагогикой, традиционной педагогикой), их возможности в деле патриотического воспитания 
учащихся, социальный запрос (республиканский, региональный) общества по данному вопросу (Рисунок – 1). 
Патриотическое воспитание тесно взаимосвязано и с трудовым воспитанием, потому что «трудовая деятельность 
выполняет  функцию  основной  формы  претворения  в  жизнь  патриотического  понятия  и  чувства».  Патриотическое 
воспитание очень близко и к эстетическому воспитанию, так как произведения художественного искусства считают-
ся конкретным видом раскрытия образа действительности, понятия личности, выполняют функцию формы подачи 
жизненного опыта. 
 
Summary 
In  the  context  of  the  Republic  of  Kazakhstan  Independence,  “Kazakhstani  patriotism”  discussed  notion  has  a  wide 
importance  as  strengthened  spiritual-political  factor,  as  a  modern  paradigm  of  state  policy  and  ideology.  Its  erasing  and 
confirmation linked with increased Kazakhstan independence. Because there is no government and will not be, which does 
not need citizens patriotism. The article depicts features of Kazakhstani patriotism.  
Educators and public figures (such as Krupskaya N.K., Makarenko A.S., Kalinin M.I., Suhomlinski and others) made the 
crucial  contribution  in  the  theory  of  patriotic  upbringing.  Their  valuable  conclusions,  principles  and  views  of  the  patriotic 
upbringing scale are discussed in the article. 
Also the article explains patriotic upbringing tasks solving as the whole upbringing process system which implements in 
the high school. If we examine the modern patriotic upbringing, so it is necessary to correctly understand the meaning and role 
in  the  whole  upbringing  system.  Moreover  to  understand  the  relation  of  patriotic  learners  upbringing  (ethno  pedagogies, 
pedagogies),  its  opportunities  in  the  patriotic  upbringing  deal,  social  request  (republic,  regional)  concerning  this  issue   
(Picture – 1).  
Patriotic upbringing is closely related with labour upbringing, so “labour activity is a main form of patriotic notion and 
feelings implementation”. Patriotic upbringing also is close to esthetic upbringing, thus artistic compositions are considered as 
specified type of real image revealing, individual notion, life experience admission.  
dОЖ 373.3.016.026. 52(574) 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
247 
ҚҰРАЛДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ  
 
Н.С. Алпысбаева, Г.Ж. Шатырбаева – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
Мақалада  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  дамытудың  теориялық  жYне  Yдістемелік  мYселелері  жан-
жақты  қарастырылған:  мектепте  оқу  үдерісінде  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастырудың 
құрылымдық элементтері, танымдық қызығушылықты дамытуды жүзеге асыру деңгейлері анықталған. Дидактика-
лық  құралдардың  түрлері  мен  мазмұны,  ерекшеліктері  жYне  оларды  қолдануға  Yдістемедік  жолдары  ұсынылған. 
dдістемелік ұсыныстар нақты бастауыш мектепте оқыту үдерісіне бағытталып жасалған. 
Кілттік сөздер: танымдық қызығушылық, бастауыш мектеп, оқу үдерісі, дидактикалық құралдар 
 
Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, білім негіздерін меңгеруіне 
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мYселелердің бірі. 
Сабақты  заманауи  тұрғыда  өткізу  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймай,  олардың 
шығармашылық  жYне  ойлау  қабілеттерін  дамытады.  Сондықтан  да  мектептегі  оқу  үдерісінің  негізгі 
мақсаты – арнайы педагогикалық Yдістермен мақсатты жYне жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық 
ойлауын  дамыту,  ғылыми  көзқарасымен  белсенділігін  қалыптастыру,  Yр  адамның  бойындағы  туғаннан 
пайда болған интуициясын Yрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, білім деңгейін 
терендету  үшін  оқытуды  жоспарлы  түрде  ұйымдастыру,  өз  бетінше  білім  алу  дағдыларының  дамуына 
негізін салу болып табылады. 
Оқушының жеке тұлғасын, рухани Yлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мYселе-
лердің  бірі.  Себебі:  оқушылар  өз  бетімен  ізденіп  жұмыс  істеуге,  өз  бетінше  білімді  тYжірибеде,  өмірде 
пайдалануға дағдыланбаған. Осы мYселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылар-
дың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту қажет. 
Оқушы  назарын  аудару,  оның  ойына  түрткі  болатын  қызғылықты  материалдар,  Yр  түрлі  қызықты 
есептер, викториналар, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын алады. dсіресе, бастауыш сынып оқушыла-
рын бірсарынды оқытудан гөрі оларға Yр түрлі жарыстар, эстафеталар жYне ойындарды ұйымдастырған 
тиімді болады. 
Оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық элемент-
терін қарастырайық (1-кесте) [1]. 
 
1-кесте. Оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру 
 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
 
 
Мотивациялық-
еріктік 
компонент 
Тұлғаның 
танымдық 
қызығушылықты 
қажетсінуі мен 
танымдық 
қызығушылыққа 
ынтасы 
- танымдық қызығушылықтың тұлғалық-құндылық маңызын түсінуі; 
- өмірде өз орнын табуға деген құлшынысы; 
- өз мүмкіндіктерін тануға, жетілдіруге деген ұмтылысы; 
-  белгіленген  кезеңде  атқаратын  қызығушылыққа  ынтасы,  өзгермелі 
өмірге икемделуге деген құлшынысы; 
- жаңа ақпарат ағымын үздіксіз меңгеруге деген талпынысы; 
-  «ақпарат-білім-ақпарат»  жүйесінде  өзінің  танымдық  қызығушылығын 
жетілдіруге қабілеттілігі. 
 
 
Мазмұндылық 
компонент 
 
Жүйелілік, 
біртұтастық, 
игерілген білімнің 
тереңдігі 
-  пYндік  білімді  танымдық  қызығушылықты  тұрақты  жYне  жүйелі 
қолдануы; 
- танымдық қызығушылықты шығармашылық тұрғыда меңгеруі; 
- танымдық қызығушылықты дамытудың тYсілдерін меңгеруі; 
-  танымдық  қызығушылықты  жүзеге  асырудың  тYсілі  мен  мазмұнын 
түсінуі. 
 
 
dрекетті-
тYжірибелік 
компонент 
Танымдық 
қызығушылық 
негіздерін игеруі 
жYне оны 
тYжірибеде 
қолдана білуі, 
құзыреттілік 
деңгейінің 
қалыптасуы 
- өз бетінше танымдық қызығушылықты жүзеге асыруы; 
- танымдық жағдаяттарға талдау жасай білуі; 
-  танымдық  қызығушылықты  атқару  барысында  дYстүрлі  емес  шешімдер 
қабылдауы; 
- танымдық қызығушылықты қалыптастыру бағытында туындаған жағда-
яттарды өз бетінше шеше білуі; 
- танымдық қызығушылықты жоспарлауы жYне оны тиімді ұйымдастыру 
жолдарын таба білуі. 
 
Бақылау-
бағалау 
 
Танымдық 
қызығушылықты 
- танымдық қызығушылықты обьективті бағалай білуі; 
-  танымдық  қызығушылықтың  маңызды  сипаттамасы  ретінде  өзін  өзі 
бақылау мен бағалау дағдыларын меңгеруі; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
248 
компоненті 
рефлексиялау 
қабілетінің дамуы 
- танымдық қызығушылыққа талдау жасай білуі; рефлексия; 
- танымдық қызығушылықты 
қалыптастыруда жіберілген кемшіліктерді анықтауы жYне түзету енгізуі. 
 
Оқыту  үдерісінің  алдына  қойған  мақсат-  міндеттерін  жүзеге  асыру  белгілі  бір  тYртіппен,  нақтылы 
жүйемен  жүзеге  асырылады,  яғни  ол  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  дамытуға  басшылық 
жасау жүйесі. Оның өзі бірнеше элементтен немесе буындардан құралады. 
Оқу материалдарының мазмұны, жан- дүниені қызықтыруға бағытталуы тиіс. Танымдық қызығушы-
лықты дамытудың үш шарты бар: 
1)  Мазмұнның  жаңғыртылуы,  бұрын  жарияланып  өтілген  фактілерді  жаңаша  сипаттау,  хабарланып 
отырған  мYліметтерге  тарихи  бағдар  беру,  білімнің  тYжірибелік  мYнін  ашып  көрсету  жYне  ғылымның 
соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау. 
2)  Өз  бетінше  жұмыс  істеудің  Yр-түрлеріне  негізделген,  оқытудың  проблемалық  тұрғыда  алған 
мYліметтерді зерттеу негіздеріне жYне оқушының шығармашылық, тYжірибелік жұмыстарына бағыттал-
ған оқыту тYсілдері. 
3) Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндік-
теріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай- 
ақ оқушылардың өзара бYсекелестігіне көмек көрсете білу қасиеті. Оқушылардың танымдық білімі мен 
білігін қалыптастыру мақсаты арнайы жүйеге негізделген: 
- жаңа білім беруге дайындық;  
- жаңа білім беру;  
- жаңа білімді бекіту. 
Оқушылардың  оқу-танымдық  қызығушылығын  белсенділендіруде  оқу  материалының  маңыздылығы 
дYрежесіне  қарай,  оның  құндылығын  анықтай  білу,  сабақ  беру  мен  оқу  үдерісін  ұйымдастыра  білудің 
маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, Yрекет тYсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұны-
мен бірге оқу үдерісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын жYне оқушылардың 
осы мазмұнды игеруіне жYне оны тYжірибеде қолдануына қызмет ететін мYліметтер қамтылады. 
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың 
оқу-танымдық қызығушылығын белсенділендірудің шығармашылық Yлеуетін көтерудің маңызы зор. 
Танымдық қызығушылық үш деңгейде жүзеге асады (2-кесте). 
 
2-кесте. Танымдық қызығушылықты жүзеге асыру деңгейлері 
 
Деңгейлер 
Мазмұны 
Жоғары 
-
 
білуге деген қызығушылық; 
-
 
іс- Yрекетті бағалай білу. 
Орта 
-
 
танымдық іс-Yрекетті өздігінен орындау. 
Төменгі 
-
 
тапсырманы қайталау; 
-
 
оқытушы көмегіне жүгіну. 
 
Оқыту  үдерісінде  білім  берудің  негізгі  принциптері  бір-бірімен  байланысты  жүзеге  асады.  Мысалы: 
саналылық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық жYне тағы басқалар. 
Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің 
рөлі ерекше. 
Көрнекі  түрде  оқыту  –  оқушылардың  тиісті  бақылауларына  сүйеніп  оқыту,  бірақ  көрнекі  оқыту 
дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Көрнекілікпен оқыту арқылы білім 
сапасы арттырылады, материалды жетік терең Yрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасалады.  
Көрнекілік  принципінің  мақсаты  оқылатын  тақырыпқа  сай  оқушылардың  білім  көлемін  тереңдету, 
қызығушылығын  орнату  жYне  есте  сақтау  қабілетін  шыңдау,  мұғалімнің  өз  ойын  оқушыларға  нақтылы 
дYлелдеуі үшін қолдануы. 
Көрнекілік принципінің міндеті, біріншіден, заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, 
көлемін, түр-түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу. 
Бұл  принциптің  екінші  міндеті  оқушылардың  алатын  білімін  нақтылау  үшін  сабақтар  жүйесінде 
қолданылатын  көрнекі  құралдары  мен  оқудың  барлық  мазмұнын  практикамен,  өмірмен  байланысын 
қамтамасыз  етуді  көздейді.  Себебі  оқушылардың  білімді  қабылдауында  сезім  мүшелерінің  қызметі 
ерекше.  Оқушылар  тікелей  түйсіну,  көру,  есту  мүшелері  арқылы  Yртүрлі  заттардың  формасын,  түсін, 
көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді. Осылардың негізінде оларда түйсіну арқылы ой пайда болады, 
нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады [2].  
Дидактикалық  құрал  білім  алушының  барлық  оқу  іс-  Yрекеттерінің  нYтижелілігін  анықтайтын 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
249 
олардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру ретін, формасын жYне Yдістерін белгілейді. 
Дидактикалық  құралдардыңерекшелігі-мұғалімYрбір  өтілген  материалдан  кейін  оқушылардың 
меңгеру деңгейін анықтай отырып, белгілі бір жоспармен жүйелі түрде мынадай жұмыстар жүргізеді: 
- оқу пYні бойынша Yртүрлі бақылау жүргізу үшін білім алушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіште-
рінің комплектісін жасау; 
-  білім  алушылардың  оқуға,  өзіндік  іс-Yрекеттерге,  күнделікті  жүйелі  жұмыстарға  деген  ынталарын 
арттыру; 
- оқушы жетістіктерінің негіздері ретінде сыни ойлануын жYне өзін- өзі бағалау қабілеттерін дамыту; 
- сыртқы жYне ішкі бақылау негізінде оқу жетістіктерінің өсу динамикасын қадағалау. 
Көрнекілік  aдісімен  оқу  –  оқушыларды  өз  бетінше  байқауға  үйретуге  негізделеді.  К.Д.  Сондықтан 
сабақта  көзбен  көру,  дыбыс  мүшелерімен  айту,  қолмен  жазу,  тағы  басқа  сезім  мүшелерінің  белсенді 
қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, 
дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс жYне дYм сезімдерін де есте сақтап 
қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек - деген К.Д. Ушинский [3]. 
Көрнекі  құралдар  арқылы  балалар  амалдың  идеясын  да  түсінетін  болады,  мысалы,  тYрелкедегі  сүтті 
жалап  жатқан  екі  мысыққа  үшінші  бір  мысық  жүгіріп  келе  жатқанын  көргенде,  бала  барлығы  неше 
мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді. 
Көрнекі  құралдарды  Yртүрлі  тYсілмен  пайдаланудың  маңыздылығы  -  оны  жеткілікті  жYне  қажетті 
пайдалануды көрсету керек. Орынды пайдаланылмаған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу 
үдерісінің  білімділігі  де  кемиді.  Оқушылардың  сабаққа  ынта-жігері,  қызығушылықтары  жоғалады. 
Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тYсілмен қолдану керек [4]. 
Көрнекіліік  бастауыш  мектепте  математика  сабақтарында  білім  көзі  ретінде  қолданылған,  ол  елеулі 
мYселеде берілетін білімді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тYсілдермен қолданылады. 
Оқыту  құралдарының  дидактикалық  мүмкіндіктері:  оқу  құралдары  жүйесінің  қалыптасуы-  білім 
беру  құралдарының  түріне  өзіндік  белгілері  бойынша  жіктеу  тұрғысынан  ғана  емес,  сонымен  қатар 
олардың дидактикалық қасиеттері мен функцияларын (қызметін) білуді де қажет етеді. 
Оқу  құралдарындағы  сабақтастық  проблемасын  шешу  процесінде  мынадай  құралдардың  жинақы 
түрде  мынадай  бағыттарда  –  техникалық,  психологиялық,  дидактикалық-Yдістемелік  жYне  санитарлық– 
гигиеналық түрде қарастырылуы көзделеді. 
Оқытудың техникалық құралдары мен көрнекілік құралдарының жинақы түрде қолданылуының бірін-
ші бағыты – ұйымдастыру жYне экономикалық мYселелердің шешілуімен байланысты (мысалы, мұғалім 
мен оқушылардың жұмыс орындарына инженерлік-техникалық шешім беру, оқудың техникалық құрал-
дарын, көрнекті құралдарын жасау, техникалық тапсырмаларды жYне автоматтандырылған сыныптарды 
жоспарлауға байланысты техникалық ұсыныстарды жасауға шешім қабылдау жYне т.б.). 
Мұндай  құралдардың  жинақы  түрде  қолданылуының  екінші  бағыты–  оқушылардың  ұғыну  жYне 
ойлауының  психологиялық  заңдылықтарымен  байланысты.  Сенсомоторлық  жYне  перцептивтік  процес-
терді  қалыптастырудың  айтарлықтай  үлесі  көз  анализаторына  келетінін  психологтардың  зеттеулері 
көрсетті.  dрине,  мысалы,  сенсомоторлық  процестерді  қалыптастыруда  есту  анализаторының  алатын 
орны  да  бар.  Егер  адамның  Yр  деңгейдегі  (түйсік,  қабылдау,  елес)  көз  жYне  есту  анализаторларының 
жұмысын салыстырсақ, онда мұндай салыстырудың пайдасы көз жүйесінде болатынын көруге болады. 
Оқу құралдарының жинақы түрде қолданылуының үшінші бағыты – дидактикалық шарттармен жYне 
олардың  ұсынылуының  Yдістемелік  тYсілдерімен  байланысты.  Қайсыбір  материалдар  мен  құралдарды 
жYне  басқа  да  көрнекі  материалдар  мен  оқудың  техникалық  құралдарын  іріктеп  алу  Yр  уақытта  оқып- 
білушілердің танымдық мүмкіншіліктеріне сYйкес келу керек, оқудың мақсаты, міндеті мен мазмұнына, 
сабақ беру мен сабақ алудың ұйымдастыру түрлері мен Yдістеріне сүйену керек. 
Оқу  құралдарын  жинақы  түрде  қолданудың  төртінші  бағыты  –  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
маңызды  жақтарын  бейнелейді  (мұғалімдер  мен  оқушылардың  оқу  бөлмелеріндегі  жYне  оқу-өндіріс 
шеберханаларындағы  жұмыс  орындарының  лайықты  түрде  жарықталғандығына  қойылатын  белгілі 
нормативтік талаптарды сақтай білу; зерттелетін нысандардың қолайлы қарсыластығы, оқып- білушілер-
дің көз алдында жарықты қолайлы болатындай үлестіру жYне т.б.). 
Оқу құралдарындағы сабақтастықты Yбден толық жүзеге асыру, кабинеттері мен шеберханаларының 
материалдық-кеңістіктік  ортасы  мен  материалдық-техникалық  жабдықталуы  заманауи  инженерлік-
психологиялық талаптарды, сондай-ақ жалпы білім беретін жYне кYсіби-техникалық мектептердің матери-
алды-техникалық базаларына қойылатын педагогикалық талаптарды қанағаттандыратын оқу орындарын-
да ғана мүмкін болады. Мұндай талаптар мен дидактикалық мүмкіншіліктер зерттеушілердің еңбектерін-
де толық баяндалған. Оқу құралдары мен техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық оқудың материал-
*

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
250 
дық-техникалық оза даму принципін, оқудың мазмұны, Yдістері мен ұйымдастыру түрлерінің дамуының 
прогресшіл бағытын қанағаттандыру қажеттігін, ғылым мен өндірістің қазіргі уақыттағы өзара Yрекетте-
суінің сипатын бейнелеу керек болады [5]. 
Білім мазмұнын қабылдату мен меңгерту Yр алуан көрнекі жYне техникалық құралдарды (модель-
дерді,  кестелерді,  сызбалар  мен  суреттерді,  арнайы  диа-кинофильмдерді)  тиімді  пайдалану  арқылы 
іске асырылады. 
Көрнекі  құралдар  оқушылардың  кеңістік  жөніндегі  түсініктері  мен  конструктивтік  қабілеттерін 
дамытуға  көмектеседі.  МYселен,  математика  пYнінен  өзара  тең  екі  үшбұрыштан  параллелограмм  салу 
есебін шығарғанда сызбаға қарағанда үшбұрыш модельдерінің берері мол. Сонымен бірге, көрнекі құрал-
дар оқушылардың кейбір практикалық іскерліктерін шыңдауға ықпал етеді. Расында, егер оқушы қолына 
эклиметрді (бұрыш өлшегішті) ұстап көрмесе, қанша айтқанмен оның вертикаль жазықтықтағы бұрышты 
өлшеу  жөніндегі  түсінігі  қажетті  дYрежеге  көтерілмейді.  Сондай-ақ  көрнекі  құралдар  математикалық 
нысандарды объектілерді жүйелеуге сараптауға жYрдемдеседі. 
Алайда  көрнекі  құралдарды  орынсыз  пайдалану  оқушылардың  абстрактілі  ойлауын  тежеуі  мүмкін, 
соның  нYтижесінде  сызба  сызғанда,  есеп  шығарғанда  қажет  болатын  кеңістік  жайлы  түсініктері  тиісті 
деңгейде  дамымай  қалуы  мүмкін.  Сондықтан  төменгі  сыныпта  көрнекілікті  басымырақ  пайдаланып, 
сынып  жоғарылаған  сайын  көрнекілікті  азайта  түсіп,  абстрактілі  ойлауға,  сызбаларды  елестету  арқылы 
салуға машықтандырған жөн. Көрнекі құралдарды пайдалану сыныптағы нақты жағдайға қарай анықта-
лады. Мысалы, математиканы оқыту барысында: а) модельдер мен макеттер, Y) кестелер, б) диапозитив-
тер, слайдтар, кодограммалар жYне проекциялауға арналған дидактикалық материалдар, диафильмдер, в) 
кинофильмдер мен кинофрагменттер сияқты көрнекі құралдарды пайдаланады. Сондай-ақ, көрнекі құрал-
дарға Yр алуан геометриялық, есептеу жYне өлшеу аспаптары да жатады [6]. 
Оқу  Yдістері  белгілі  оқу  (дидактика)  құрал-жабдықтарымен  іске  асырылады...  Оқу  құралдарының 
көмегімен  дүниені  тікелей  де  жанама  тануды  жеңілдетеміз.  Олар,  Yдістер  сияқты  оқу,  тYрбиелеу  жYне 
дамыту  қызметтерін  атқарып,  оқушыларды  ынталандыруға,  оқу-танымдық  іс-Yрекетті  басқару  мен 
бақылауға пайдаланылады. 
Педагогикалық қызмет Yдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объективті жYне субъективті себеп-
терге  тYуелді,  олар:оқу  заңдылықтары  жYне  оларға  негізделген  принциптер;адамның  оқу,  тYрбие  жYне 
дамуына байланысты жалпы мақсаттар; нақты білімдену – тYрбие міндеттері;оқуға болған ынта деңгейі; 
нақты оқу пYнінің Yдістемелік ерекшеліктері; материал мазмұны; материал игеруге бөлінген уақыт; оқу 
материалының саны мен күрделілігі; оқушылардың дайындық деңгейі; шYкірттердің оқу дағдыларының 
қалыптасу дYрежесі; дYріс түрі мен құрылымы; оқушылар саны; балалар қызығулары мен ықыласы; оқу 
еңбегі  үдерісінде  қалыптасқан  ұстаз  бен  шYкірт  арасындағы  қарым-қатынас  (қызметтестік  не  Yміршіл-
Yкімшіл); материалды-техникалық қамсыздандырылуы; педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік 
деңгейі. 
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты Yдіс пен құрал-жабдықты іріктеу, 
таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дYріс өткізудің жағдайына орай бірнеше Yрқилы Yдіс не құрал-
ды біріктіре пайдалануды көздейді. 
 
1  Нұғысова  А.,  Алпысбаева  Н.С.  Студенттерді  дидактикалық  құралдар  арқылы  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығын дамытуға даярлау: Оқу-aдістемелік құрал. - Талдықорған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемле-
кеттік университеті. 2014. - 134 б. 
2 Оганесян В.А., Колягин Ю.М., Луканкин Г.Л., Саннинский В.Я. Методика преподования математики в средней 
школе. - М.: Просвещение, 1980. – 368 с. 
3 Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Т.10. – М.-Л.: 1969. 
4 jбденбаев С.Ш., Құдиярова А.М., jбиев Ж.j. «Педагогика». - Астана: Фолиант, 2003. 
5 Мүбараков А. Техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық мaселесі // Математика жaне физика, 2008 ж. - 
№3. - 11-13 б. 
6  Бидосов  j.  Орта  мектепте  математиканы  оқыту  aдістемесі,  1-ші  басылым  –  Алматы:  «Мектеп», 
1989. – 224 б. 
 
Каталог: docs -> vestnik -> seriya ped nauki
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет