Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


Keywords: speciality, professionally oriented work, research, selection, needs, abilities, society, work, activities



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет41/49
Дата28.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49

Keywords: speciality, professionally oriented work, research, selection, needs, abilities, society, work, activities 
 
dОЖ 371.3:373.2.016 
 
ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
А.С. Стамбекова – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
Мақалада практикалық мазмұнды есептер арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын 
дамытудың Yдістемелік жолдары қарастырылады. Графиктерді салу, есептеулер жүргізу жYне т.б., яғни практикалық 
мазмұнды есептерді шығаруға қажетті теориялық білімдерін қолдану барысында тYжірибе алып, танымдық қызығу-
шылығының  дамуына  қажетті  зейінді,  қабылдауды,  ойлауды,  қиялды,  еске  сақтауды  дамытуға  болатыны  туралы 
баяндалған. Бастауыш сынып оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту бағыттары қарастырылған: оқушы-
ларды практикалық мазмұнды есепті қысқаша жазуға (моделін құруға), оған сызба сызуға, кесте толтыруға, сурет 
салуға үйрету; практикалық мазмұнды есептердің мYтінімен жYне сөздікпен жұмыс істеу; оқушыларды практикалық 
мазмұнды есептерді құрастыруға үйрету. Практикалық мазмұнды есептің мYтінін сызбамен көрсету есептің мазмұ-
ның  жақсы  түсінуге  Yсер  ететіні  жазылған.  Оқушыларды  сурет  бойынша  практикалық  мазмұнды  есепті  шығаруға 
дағдыландыруда  мұғалім  жүргізілетін  жұмыс  түрін  алдын-ала  жан-жақты  ойластырып,  дұрыс  ұйымдастыра  білуі 
қажеттігі айтылған. Есептің бала өміріне жақындығы жYне онда айтылған оқиғаны түгелдей қиялда елестете алатын-
алмайтыны  сияқты  жағдайлар  жан-жақты  ойластырыла  отырып,  Yр  сыныпта  қандай  есепті  ұсынуға  болатындығы 
алдын  ала  анықталатыны  қарастырылған.  Есепті  шығаруға  алғашқы  жYне  ең  маңызды  қадам  оның  мYтінін  оқып, 
есеп  шартын  жYне  сұрағын  саналы  түрде  қабылдау,  есепте  не  туралы  айтылғандығын  анық,  дYл,  тұтас  елестету, 
шартындағы ең мYнді элементтерді бөліп алу, берілген шамалардың жYне шарты мен сұрағы арасындағы байланыс-
ты ашу қажеттігі жазылған. Практикалық мазмұнды есептердегі сөздік жұмыстың 4 бағыты сипатталған. Практика-
лық мазмұнды есептерді құрастыру кезеңдері қарастырылды. Бастауыш мектеп математика курсындағы практика-
лық мазмұнды есептерді пайдалану Yдістемесі баяндалады.  
Кілттік сөздер: практикалық мазмұнды есептер, бастауыш сынып оқушылыры, танымдық қызығушылық 
 
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға негіз болатын оқу стандартта-
ры [1] анықтаған теориялық біліміне жYне олардың практикалық дайындық деңгейіне қойылатын талап-
тарға  сYйкес  қажетті  білім,  іскерлік  жYне  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Практикалық  мазмұнды 
есептерді  шығару  барысында  оқушыларда  туындайтын  қиындықтарды  азайту  шарттарының  бірі  жаңа 
материалды енгізуден кейін басталатын бірқатар іскерлікпен жұмыс істей отырып олардың кейбіреулерін 
дағдыға дейін жеткізу.  
Оқушылардың  танымдық  қызығушылығының  дамуы  оқушыларда  практикалық  іскерлігі  қалыптаса-
тын  есептерді  талдаумен  қамтамасыз  етіледі.  Мысалы,  графиктерді  салу,  есептеулер  жүргізу  жYне  т.б., 
яғни  практикалық  мазмұнды  есептерді  шығаруға  қажетті  теориялық  білімдерін  қолдану  барысында 
тYжірибе алып, танымдық қызығушылығының дамуына қажетті зейіні, қабылдауы, ойлауы, қиялы, еске 
сақтауы артады. 
Есептерді таңдау барысында оқушылардың меңгерген білім мен тYжірибесіне сүйене отырып, олардың 
жүйелі қолданылуына көңіл бөлу қажет. Осыған байланысты оқушылардың танымдық қызығушылығын 
дамыту жұмысын мынадай бағыттарда жүргізген тиімді болады. 
1.  Оқушыларды  практикалық  мазмұнды  есепті  қысқаша  жазуға  (моделін  құруға),  оған  сызба 
сызуға, кесте толтыруға, сурет салуға үйрету.  
Оқушылар қиялдай білуге дағдылануы тиіс. Оқушылардың ойымен қатар қиялды дамыту жолдардың 
бірі  -  сызбаны,  кестені,  суретті  орындау  іскерлігін  дамыту.  Сызба,  кесте,  сурет  қажет  болған  жағдайда 
оқушылардан оларға үйреншікті тYсілмен емес, өздерін қиялдата отырып, олар үшін жаңа, дұрыс көріне-
тін тYсілмен кесте толтыруды, сызба сызуды, сурет салуды талап етеді. Практикалық мазмұнды есептерге 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
227 
сызба  сызу,  кесте  толтыру,  сурет  салу  есеп  мазмұнының  бейнелі  түрде  нақтылауына,  оның  шарты  мен 
сұрағын дұрыс қабылдап түсінуіне көмектесіп, оқушылардың қиялдай алуларына мүмкіндік береді. 
Ең  бастысы  сызба,  кесте,  сурет  орындатқанда  оқушылардың  естеріне  мынаны  салған  жөн:  сызба, 
кесте, сурет практикалық мазмұнды есептің мYтініне сYйкес болуы тиіс; орындалған сызба, кесте, сурет 
басқаларға да түсінікті, яғни көрнекі, нақты болуы тиіс; сызбада, кестеде, суретте практикалық мазмұнды 
есептің шартына енген барлық сан мYндер бейнеленген болуы тиіс. 
1-сынып  математика  оқулығында  берілген  практикалық  мазмұнды  есептерге  сурет  салу,  сызба  сызу, 
кесте  толтыру  тапсырмалары  кесдеспегенмен  олар  қысқаша  жазуды  орындайды,  ал  сурет  бойынша  тек 
есептер құрастырады. Соның өзінде мұндай жұмыстарды 1-сыныптың 4-ші тоқсанынан бастап өткізуге 
мүмкіндік жасауға болады. Ал 2, 3, 4 сыныптарда бұл жұмыстарды Yрбір қолайлы сYт туған кезде тиімді 
орындатқан  жөн.  Өйткені  кейбір  практикалық  мазмұнды  есептерді  түсіну  үшін  осындай  жұмыстарды 
орындаған пайдалы. Оқушыларда өз бетімен кесте толтыру, сызба сызу, сурет салу іскерлігін дамытуда 
мұғалімнің кесте, не сурет, не сызба орында деген тапсырмалары жеткіліксіз, оған арнайы қосымша тап-
сырмалар қажет. Оқушылардың практикалық мазмұнды есептің мYтіні бойынша сызба сыздыруды үйрету 
үшін  тек  сызбаны  сызуды  талап  ететін  тапсырманы  беруге  болады.  Мысалы,  оқушыларға  практикалық 
мазмұнды  есептің  мYтіні  бойынша  сызба  орындау  тапсырмасы  берілді:  «Хабар  жеткізуші  Афиныдан 
Олимпқа жедел хабар жеткізуі керек болды. 4 сағат бойы ол атпен 36 км/сағ жылдамдықпен шауып отыр-
ған, қалған жолды 8 км/сағ жылдамдықпен жүруге мYжбүр болды. Афины мен Олимптың арасы 168 км. 
Ол Афиныдан таңғы сағат 9-да шықса, Олимпқа сағат нешеде жетеді?». 
Практикалық  мазмұнды  есептің  мYтінін  сызбамен  көрсету  есептің  мазмұның  жақсы  түсінуге  Yсер 
етеді. dсіресе 2-3 белгісізбен шығарылатын есептер үшін үлкен мYні бар.  
Мұғалім  практикалық  мазмұнды  есепке  негіз  болатын  суретті  тақтаға  іліп,  оқушыларға  зейін  сала 
қарауға,  мазмұнына  терең  бойлап,  Yрбір  бейненің  сурет  мазмұнын  ашудағы  рөлін  анықтауға  тапсырма 
береді. Аса зейінділікпен қараған алғашқы минуттардан-ақ сурет бала сезіміне Yсер етіп, қиялына қанат 
бітіреді.  Біраз  ойланғаннан  кейін  алған  Yсерлерін,  қорытқан  ойларын,  сYтті  қиял  ұшқындарын  ортаға 
салады.  Мұғалім  сурет  мазмұнын  оқушыларға  талдатқызады.  Оқушылардың  пікірлерін  тыңдап,  ой 
қорытындыларын бағалап, олардың ойын суреттегі негізгі іс-Yрекетке нұсқау бере бағыттайды. 
Оқушыларды сурет бойынша практикалық мазмұнды есепті шығаруға дағдыландыруда мұғалім жүргі-
зілетін жұмыс түрін алдын-ала жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. dсіресе, оның 
сурет мазмұнын ашуда, Yр бөлігін талдауда бала сезіміне Yсер ететіндей қызықты болуы тиіс. 
Сонымен қатар практикалық мазмұнды есептің мазмұнын толық түсіну үшін есептің мYтіні мазмұны 
бойынша  сурет  салуға  болады.  Егер  сурет  дұрыс  салынса,  онда  практикалық  мазмұнды  есептің  мYтіні 
бойынша  сурет  салу  оқушыға  көрнекі  түрде  есепте  берілген  сан  мYндерінің  арасындағы  байланысын, 
сұрағын толық көре алады. 
Практикалық мазмұнды есепке қосымша сурет салғызып, қиялда елес туғызу арқылы шығарту үшін 
кез-келген практикалық мазмұнды есеп ұсына беруге болмайды. Есептің бала өміріне жақындығы жYне 
онда  айтылған  оқиғаны  түгелдей  қиялда  елестете  алатын-алмайтыны  сияқты  жағдайлар  жан-жақты 
ойластырыла отырып, Yр сыныпта қандай есепті ұсынуға болатындығы алдын ала анықталады. 
2. Практикалық мазмұнды есептердің м`тінімен ж`не сөздікпен жұмыс істеу. 
Есепті  шығаруға  алғашқы  жYне  ең  маңызды  қадам  оның  мYтінін  оқып,  есеп  шартын  жYне  сұрағын 
саналы түрде қабылдау, есепте не туралы айтылғандығын анық, дYл, тұтас елестету, шартындағы ең мYнді 
элементтерді бөліп алу, берілген шамалардың жYне шарты мен сұрағы арасындағы байланысты ашу. 
Бастауыш  мектепте  математика  сабағында  практикалық  мазмұнды  есептердің  мазмұны  Yр  алуан 
болып келеді. Соған сYйкес есепте жазылған сөздер де түрліше келуі мүмкін. Кей жағдайда оқушылардың 
есептерді шығара алмау себептерінің бірі осыған байланысты. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының 
тYжірибесіне,  сөздік  қорына  байланысты  есепте  кездесетін  кейбір  сөздерді  түсінбейтін  жағдайлар  да 
кездеседі.  Сондықтан  мұғалім  практикалық  мазмұнды  есептің  мYтінін  мұқият  оқытып,  оның  Yр  сөзіне 
немесе  оқушыға  таныс  емес  сөзге,  не  мағынасы  күңгірт  сөзге  оқушылардың  көңілін  бөліп,  сөздік 
жұмысын жүргізу керек. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер осы жұмысты өз орнында дYл жYне дұрыс 
қолдануға көңіл бөле бермейтіндігі байқалады. Ал мұндай олқылықтардың орын алуы бастауыш сынып 
оқушыларында кейбір ұғымдар жайында айқын түсінік қалыптаспай, сол ұғым келесі бір есепте кездесе-
тін болса, оқушылар бірінші реттегідей ұғымның мағынасын білмей есепті қате, не мүлде шығармауына, 
есепке  қызығушылығының  жоғалуына  алып  келеді.  Практикалық  мазмұнды  есептерде  жиі  кездесетін, 
бірақ  тиісті  көңіл  бөлінбей  жүрген  осындай  олқылықтар  кейбір  таныс  емес,  не  мағынасы  күңгірт 
ұғымдарды айқындау, анықтау жYне нақтылай түсуді талап етеді. 
Мұғалім оқушылардың зейінін есептің құрылымына, есептің шартына, сұрағына, есептің ерекшелікте-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
228 
ріне аударады, мүмкін жағдайда есепте берілген заттардың суреттерін немесе өзін қөрсетіп, заттардың Yр 
түрлі қасиеттеріне зейіндерін шоғырландырады. («Мына допттарды санашы». «Көк доптар көп пе, қызыл 
доптар көп пе?» деген сияқты) 
Мұғалім оқушыларды практикалық мазмұнды есепті талдауда алғашқы кезеңдерде өзі жетелеп, кейін 
оқушылардың  өздерінің  талдауларына  жол  береді  жYне  практикалық  мазмұнды  есепті  оқи  сала  оларға 
түсініксіз сөзге сөздік жұмысын жүргізуді сұрауға үйретіп, айтушының да, тыңдаушының да байқампаз-
дықтарын қалыптастырады. 
Мектепте  оқу  барысында  олардың  байқампаздық  қабілеті  онан  Yрі  жетілдіріп,  бірте-бірте  ажырата 
қабылдау қасиеті дамиды. 
Оларды ажырата қабылдауға үйрету үшін бастауыш сыныптарда қолданатын қолайлы Yдіс талдау-
жинақтау Yдісі. 
Демек, психологиялық көзқарас тұрғысынан келсек, оқушылардың ажырата қабылдауы да бұрыннан 
қалыптаса  бастаған  математикалық  тілін,  ұғымдарын  жетілдіреді,  тілдерін  дамытады,  керісінше  тілдің 
дамуы балаларды ажырата қабылдауға жаттықтырады. 
Бастауыш  мектептегі  сөздік  жұмыс  ол  тек  қазақ  тілі,  оқу  сабағында  ғана  емес,  бүкіл  оқу-тYрбие 
жұмыстарының  бYрінде  де  жүргізіледі.  dсіресе,  оның  математика  сабағында  қолдану  оқушыларға 
математикалық  терминдер  мен  ұғымдардан  мағлұмат  беріп  қоймай,  практикалық  мазмұнды  есептерде 
кездесетін  таныс  емес  сөздердің  мағынасын  ашып,  оқушылардың  қиналмай  есеп  шығаруына  көмегін 
тигізеді.  
Есепті шығаруда қолданатын оқушылардың сөздері жайында Ж.Т. Қайыңбаев былай дейді: «... Есеп 
жYне  оны  шешуді  үйренумен  байланысты  оқушыдан  талап  етілетін  мYселелер  шектеулі  ғана  екенін 
ескеру  керек.  Атап  айтқанда  оқушының  сөздік  қорында  мынандай  сөздердің  болуы  тиіс:  есеп,  есептің 
шарты, есептің сұрағы, есептің шешуі, есептің жауабы, бір амалмен шығарылатын есеп, кері есеп, өзара 
кері  есептер.  Ал  басқадай,  Yдістемелік  тұрғыдағы  сөздерді  Yрі  білу,  айту  Yрі  қолдану  оқушыдан  талап 
етілмейді,  мYселен  есептің  түрге  бөлінуі  (қалдықты  жYне  қосындыны  табуға  берілген,  бірнеше  бірлікке 
артық немесе кем санды табумен байланысты, айырмалық салыстыруға берілген), жай есеп жYне т.б.» [2]. 
Практикалық мазмұнды есептердегі сөздік жұмысы 4 бағытта жүргізіледі: 
-  балалардың  сөздігін  байыту,  яғни  оқушыларға  олар  бұрыннан  білмейтін  жаңа  сөздер  үйрету, 
олардың мағынасын түсіндіру; 
-  сөздіктерін  анықтау,  яғни  бұрыңнан  білетін  сөздерінің  мағынасына  түсініктерін  тереңдете  түсу 
(мағыналарындағы  түрлі  сYл  айырмашылақтарды  синонимдер  мен  антонимдер  арқылы  көп  мағыналы-
лықты, басқа мYнділіктерді талдау арқылы т.б.); 
- сөздіктерін қолдануға мүмкіндік туғызу, яғни Yрбір оқушы сөйлегенде, есеп құрағанда, мүмкіндігін-
ше, ыңғайына қарай есепке қатысты көбірек сөз қосып отыру; 
- математикалық терминдерді, сөздерді түзету, сөздердің дұрыс айтылуын қадағалау. dрине бұл көрсе-
тілген бағыттар бір-бірімен өзара тығыз байланыста жүргізіледі. 
Практикалық мазмұнды есептің мазмұнын түсініп шешу үшін: оның шартындағы жасырын байланыс-
ты түсіну; шамалардың өзара байланысын ұғындыру; есепке тиісті амалды таңдап ала білу дағдыларын 
үйрету қажет. 
Кейбір оқушылар есептің берілгенін жазғанда сұрағын белгілемей қалдырып кетеді. Осыдан шығатын 
қорытынды оқушыларды практикалық мазмұнды есепті талдау барысында оның шартын жYне сұрағын 
бөліп көрсету іскерлігін дамыту қажеттігі туындады. Өйткені практикалық мазмұнды есептің сұрағында-
ғы қандайда бір сөзін түсінбеу бүткіл сұрақты толық түсінуге кедергі жасайды, ал бұл өз кезегінде бүткіл 
есепті  түсінбеуге  Yкелуі  мүмкін,  соның  нYтижесінде  практикалық  мазмұнды  есепті  шешуде  бірқатар 
қиындықтарды  тудырады.  Ең  негізгісі  оқушылар  практикалық  мазмұнды  есептің  сұрағын  тауып,  оның 
есеп  шешімі  үшін  маңызын  түсіну.  Сондықтан  мұғалім  оқушылардың  зейінін  практикалық  мазмұнды 
есептің сұрағын толық жYне нақты түсінудің маңыздылығына бөліп отыруы қажет.  
Сонымен  оқушылардың  қабылдауын  дамыту  оқушылардың  практикалық  мазмұнды  есептің  шарты 
мен  сұрағын  бөліп  көрсету  іскерлігін  арттыру  керек.  dр  оқушы  практикалық  мазмұнды  есеп  шарттан 
жYне сұрақтан тұратынын, сұрақсыз есеп болмайтынын, сұрақ шартқа сYйкес келетінін білуі тиіс. 
3. Оқушыларды практикалық мазмұнды есептерді құрастыруға үйрету. Есеп құрастыру оқушы-
лардың  танымдық  қызығушылығын  дамыту  бағыттарының  құрамды  бір  бөлігі  ретінде  қарастырылады. 
Практикалық мазмұнды есептерді құрастыру басқа есептерді құрастырудан ерекше. Өйткені практикалық 
мазмұнды есептерге енетін сан мYндер, сюжеттер шынайы, қоршаған өмірден алынып, танымдық маңызы 
зор  болуы  тиіс  [3].  Сондықтан  бір  практикалық  мазмұнды  есепті  құрастыру  үшін  оқушы  көп  ізденуі 
керек.  Ол  үшін  ол  мерзімді  басылымдардан,  анықтамалардан,  ақпараттық  құралдардан  жYне  т.с.с.-дан 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
229 
практикалық мазмұнды есепті құрастыруға қажет деген мYліметтерді жинап есіне сақтап немесе арнайы 
дYптерге  жазып  қоюы  қажет.  Бір  жағынан  практикалық  мазмұнды  есептепді  құрастыру  оқушылардың 
ойдауын, қиялын, еске сақтауын, сөйлеуін дамытса, екінші жағынан есеп шығара білу іскерлігін қалып-
тастырып дамытады, үшінші жағынан оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп республикамызда, Yлемде 
болып  жатқан  жаңалықтардан  хабардар  етіп,  олардың  өмірмен  байланысын  нығайтуға  көмектеседі. 
Сонымен қатар басқа да сабақтармен пYнаралық байланысты қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық 
қызығушылығын дамытуға жағдай туғызады.  
Бастауыш сынып оқушылары практикалық мазмұнды есепті құрастыру барысында есепті құрастыра-
тын  бөліктерін  жақсы  біліп,  олардың  айырмашылықтарын  айқын  түсінулері  керек,  есептің  сюжетіне 
қолданатын өмірлік процестерді білу, есептің мазмұнындағы мағлұматтардың сандық жағын бейнелейтін 
сан мYндерді білулері қажет. 
Практикалық  мазмұнды  есептерді  құрастыру  кейбір  даярлықтан  кейін  орындалады:  есеп  түрімен, 
теориялық сұрақтармен, алған білімдерге тікелей негізделетін практикалық жаттығулармен танысу. 
Дайын практикалық мазмұнды есептерді шығаруға қарағанда практикалық мазмұнды есептерді құрас-
тыруда  оқушылар  теориялық  білімді  көбірек  қолданады.  Оны  құрастырғанда  олар  белгілі  материалға 
сүйеніп, білімді қажетсінеді. Осыдан барып берілген теориялық материалдың мYні ашылады. Есептерді 
құрастыруда есепті шешуге қарағанда синтез процесі анализге қарағанда басымырақ болады. Бұл оқушы-
лардың талдау мен синтезді дұрыс қолдана алу іскерліктерінің дамуына ықпал етеді. 
Практикалық мазмұнды есептерді құрастыру кезеңдерін Yр автор түрліше береді.  
З.П. Матушкина ұсынған есепті құрастырудың кезеңдері [4]:  
1. Кұрастырған есептің математикалық жағдайын белгілеп алу. 2. Есептің сюжетін таңдау. 3. Есептің 
сұрағын табу. 4. Сан мYндерді таңдау. 5. Есептің мYтінің қалыптастыру. 6. Есептің мYтінін жазу. 
Осы кезеңдерге сүйене отырып практикалық мазмұнды есептерді құрастыруды қарастырайық. 
1.  Оқушы  практикалық  мазмұнды  есепті  «құрастыр»  тапсырмасын  алғаннан  кейін  құрастырылатын 
практикалық мазмұнды есептің түрін, оның құрылымын елестетіп, математикалық жағдайды табу керек. 
Берілгені мен ізделінетіннің арасындағы байланыстарды тұрақтандырып, оның математикалық мазмұнын 
анықтайды. 
2. Осының барлығын есте сақтай отырып, практикалық мазмұнды есептің сюжеттік жағын түсінеді.  
3.  Келесі  кезеңде  практикалық  мазмұнды  есепті  шешу  мақсаты  анықталады,  есептің  сұрағы 
құрастырылады.  
4.  Оқушылар  анықтама,  мерзімді  басылымды  материалдарынан,  өз  тYжірибесінен,  қоршаған  орта 
жайында өздерінің мағлұматтарын қолданып, сан мYндерін таңдайды.  
5. Есеп құрастыру кезеңінде практикалық мазмұнды есептің мYтіні құрастырылады. 
6. Практикалық мазмұнды есептің мYтіні ауызша айтылады немесе жазбаша жазылады.  
Математика  оқулығында  көбінесе  дайын  құрастырылған  есепке  қосымша  тапсырма  ретінде  есепке 
кері есеп, өзара кері есеп құрастыру тапсырмалары беріледі [5, 6]. Осындай тапсырмалар оқушылардың 
есеп  шығарудың  кері  жолын  толық  көруге  мүмкіндік  береді,  есеп  шығару  процесі  мен  есеп  құрастыру 
арасындағы тығыз бірлікті қамтамасыз етеді. Оқушылардың ойлауын дамыту мен есеп шешімінің дұрыс-
тығын тексеруде кері есеп құрастыру жYне оны шығару Yдісі тиімді болады.  
Егер  оқушыларға  есептің  жазылуы  берілсе  немесе  есептің  шешу  тYсілі  оларға  таныс  болса,  онда 
есептің шешу тYсілі белгілі болады.  
Мысалы, есептің шешімі бойынша есепті құрастыр. 26 + (125 : 25) = 31 
Есептің сұрағы толық немесе жартылай құрастырылып берілуі мүмкін, кейде мүлдем болмауы 
да мүмкін. 
Мысалы, Жердің ең құрғақ континенті Австралияның территориясы 7682 мың шаршы км. Оның 5182 
шаршы  мың  км  жерді  таулар  мен  шалғынды-жайылымды  жерлер  алып  жатыр,  қалғаны  құмды  жер. 
Құмды жерлер қанша шаршы км? 
Есептің сұрағын құрастыр жYне шығар: «Эвкалипт ағашының ұзындығы 150м, ал папоротниктікі одан 
10 есе кем. ______________». 
Егер олардың түрлі жағдайларда бірлесіп келуін қарастырсақ, онда оқушылардың танымдық қызығу-
шылығын  дамытуға  бағытталған  математикалық  жаттығулардың  түрлерін  пайдаланамыз.  Практикалық 
мазмұнды  есептердің  математикалық  жаттығулардан  ерекшелігі,  кейбір  математикалық  жаттығуларды 
орындау үшін алдын ала даярлық немесе математикалық жаттығуды орындауға қажетті анықтама болуы 
қажет, өйткені онда берілген мағлұматтар өмірден алынып, сандық мYндері нақты болуы тиіс.  
dрине  практикалық  мазмұнды  есептерді  шешу  барысында  оқушылардың  алған  білімдерінің  есте 
берік сақталуы мұғалімнің жұмыс Yдістемесімен толық қамтамасыз етілуі керек. Қорытып айтқанда, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
230 
оқушылардың  танымдық  қызығушылығының  дамуына  олардың  түйсінуі,  қабылдауы,  еске  сақтауы, 
ойлауы, қиялдауы, сөйлеуі ықпал етеді, яғни солар арқылы біз оқушылардың танымдық қызығушы-
лығын дамыта аламыз.  
 
1 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы 
бастауыш білім. - Алматы: РОНД, 2003. - 136 б. 
2 Қайыңбаев Ж.Т. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшелік-
тері: п.ғ.к. дисс. - А., 1998. - 187 б. 
3 Нугусова А. Задачи с практической направленностью: Учебно-метод. Пособие для учителей математики V-VІ 
кл. Сред. Общеобразоват. Шк. Б.: ИЦ «Техник». 2002. - 36 с. 
4  Матушкина  З.П.  Проблема  формирования  умений  решать  задачи  у  будущих  учителей  математики  / 
З.П. Матушкина. – М.: Просвещение. 1996. 
5  Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  3-сыныбына  арналған  оқулық  /  Т.Оспанов,  Ш.Құрманалина, 
Ж.Қайыңбаев, Б.Қосанов, К.Ерешева. – 2-басылымы. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б. 
6 Математика: Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық / Т.Оспанов, Б.Қосанов, 
Ж.Қайыңбаев, К.Ерешева, Ш.Құрманалина. - 2-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2004. - 272 б. 
 
Резюме 
В работе разработаны основные методические направления развития познавательного интереса учащихся началь-
ных классов путем использования задач с практическим содержанием в процессе обучения математикеИзложены 
возможности развития внимания, восприятия, логического мышления, памяти учащихся в процессе изучения теоре-
тических  материалов,  необходимых  для  развития  познавательных  интересов  учащихся  путем  решения  задач  с 
практическим содержанием как построение графиков, выполнение различных вычислений и т.п. Рассмотрены основ-
ные  направления  развития  познавательных  интересов  учащихся:  обучение  учащихся  составлению  модели  задач  с 
практическим  содержанием,  построению  чертежей  к  ним,  заполнению  таблиц,  обучение  рисованию;  приучить 
учащихся к работе с текстом задач с практическим содержанием, а также со словарем; приучить учащихся к состав-
лению  задач.  Изложена  эффективность  проделанной  работы.  Отмечена  необходимость  правильной  организации 
работы  учителя  по  формированию  навыков  учащихся  решения  задач  с  практическим  содержанием  по  готовым 
рисункам.  В  работе  говорится  о  том,  что  задачи  с  практическим  содержанием,  использемые  в  учебном  процессе 
подбираются заранее для каждого класса с учетом жизненного опыта, ивозрастных и психологических возможно-
стей учащихся. Отмечается, что первым и главным шагом решения задач является анализ текста задачи: понимание 
и осознание содержания задачи, выделение основных элементов задачи, известных и искомых в условии задачи и 
установление  взаимосвязи  между  известными  и  неизвестными  величинами.  Охарактеризованы  4  направления 
работы с текстом задачи. Рассмотрены этапы составления задач с практическим содержанием. Изложена методика 
использования задач с практическим содержанием в процессе обучения математике в начальной школе.  
Каталог: docs -> vestnik -> seriya ped nauki
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет