Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет36/49
Дата28.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49

Кеу words: Classical music, lesson of music at school, an opera "Boris Godunov", the is musical-historical analysis of 
product, speech and musical intonation 
УДК 271(542) 
 
ТҮРКІСТАНДЫҚ Ж.ДИТШІЛЕРДІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ 
 
Қ.Қ. Базарбаев – Қожа Ахмет Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы, 
Т... Данияров – п.ғ.к., Қожа Ахмет Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті 
 
ЖYдитшілік қозғалыс XX ғ. бас кезінде Түркістандағы қоғамдық-саяси процестердің барысында патша өкіметінің 
отарлық билігіне қарсылық ретінде дүниеге келген еді.  
Бұл  қозғалыстың  пайда  болуы  мен  қалыптасуына  ықпал  етуші  факторлар  -  ресейлік  отарлық  езгіден  құтылу, 
жаңа  заман  сұранысына  лайық  білім  мен  ғылымды  игеру,  жеке  тұлғаның  еркіндігін  мойындау,  өлкенің  мYдени-
Yлеуметтік жYне экономикалық тұрғыда артта қалушылығы болатын. Осы факторлар өлкенің қоғамдық-саяси, эконо-
микалық өмірін модернизациялауға үндейтін, жергілікті халықтың қалың ортасынан өсіп шыққан қуатты қозғалысты 
өмірге алып келді. dйтсе де, өлкедегі саяси билікті қолға алған большевиктер бұл модернизацияны таптық негізде 
іске  асыруы  арқылы  жYдитшілік  қозғалыстың  басты  идеяларын  теріске  шығарды.  Содан  да  кеңестік  тарихнама 
жYдитшілік қозғалыстың тарихын бұрмалап, оны біржақты айыптауды мақсат етті. ТYуелсіз тарихы сана қалыптас-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
195 
тырудың мақсаты - өткен тарихтың мазмұнын қайта қарап, ондағы бұрмаланған теріс тұжырымдарға түзету енгізу, 
саяси, Yлеуметтік құбылыстарға шынайы баға беру болғандықтан да XX ғ. 90 ж. бергі тарихнамада жYдитшілік қозға-
лысқа қатысты жаңа көзқарастар жүйелі қалыптасып келеді. 
Ұлт-азаттық қозғалыстың саяси дYлелдері мен бағдарламасының міндеттері қандай аймақта, мемлекетте болса да 
өз  бастауын  халықты  ортағасырлық  артта  қалушылықтың  құрсауынан  құтқаратын  ағартушылықтан  алатындығы 
белгілі.  ЖYдитшілік  қозғалысты  да  Түркістандағы  «ұлт-азаттық  идеологиясын  қалыптастырған  ағартушылық 
құбылыс  ретінде  қарастыру  көп  мYселеге  айқындық  береді.  ЖYдитшілдік  –  ислам  құндылықтарын  басшылыққа 
алған, отаршылдыққа қарсы құрылған, білім беру жүйесін реформалауды мақсат еткен Ресей империясына тYуелді 
түрік мұсылмандарының мYдени-саяси бірлігі. 
  
Түркістан өлкесінің отар ел ретінде экономикалық тұрғыда аяусыз қаналғандығы, патша өкіметі-
нің өлкені дамытуда тек экономикалық мүдде көздегендігі белгілі. Өлкеге орыс отаршылығының енуі 
өндіріс  қатынастарын  дамытып,  жаңа  экономикалық  инфраструктура  қалыптастырғанымен  ол  бір-
жақты  отарлық  сипатымен  ерекшеленді.  Өлкеге  тек  арзан  шикізат  көзі  ретінде  мYн  берілгендігін 
мына деректер айғақтайды: Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Түркістаннан 59 млн. пұт мақта, 8,5 
млн. пұт мақта майы, 950 мың пұт жібек құрты, 2925 мың пұт жүн
 
жYне 70 мың жылқы, 12 мыңнан 
астам түйе жөнелтілді [1, с. 19-22]. 
Дегенмен, осындай экономикалық қанаушылыққа қарсы отарлық биліктің өлкедегі бірқатар игі ықпал-
Yсерін біржақты жоққа шығаруға болмайды. Осыған байланысты Д.Алимова өлкеге бай тYжірибесі жYне 
технологиялық  жетістіктері  бар  жаңа  еуропалық  мYдениет,  тұтастай  еуропалық  Yлеммен  байланысқан 
кемелденген  білім  беру  жүйесі  де  келді  [2,  с.  8-9]  деп  тұжырым  жасайды.  Өлке  өміріне  енген  бұндай 
жаңалықтар жергілікті зиялы қауымның ақыл-ойына ықпал етпей қойған жоқ. Олар алғаш рет өлкедегі 
Yлеуметтік  жYне  отарлық  езгіні,  елдің  артта  қалушылығы  мен  қараңғылықтың  себептерін  көре  білді. 
Өлкедегі ағартушылық идеясы алғаш рет осылай көрініс тапты. 
Осыдан  аңғаратынымыз,  жYдитшілер  Yрекетінің  өзегінде  ұлттың  болашағын  ойлаған  патриоттық 
жатты. Демек, ұлт прогресшілері өз заманының жағары білімді тұлғалары болғандықтан да өз ұлтының 
болашағын Yлемдік өркениетпен байланыстыруға ұмтылған алдыңғы қатарлы өкілдері ретінде тар ұлттық 
оқшауланудан жоғары тұрды. Содан да жYдитшілердің көпшілігі шығыс пен батыстың білімімен сусын-
дап қана қойған жоқ, сонымен бірге Ресейдің орталық қалаларында, Европада, Түркия мен Иран, Египет-
тің  қаларында  білім  алды,  ол  елдердің  қоғамдық-саяси  өзгерістерін  өз  көздерімен  көрді.  Бұл  жағдай 
олардың  өлкедегі  қоғамдық-саяси  ахуалды  салыстыра  бағалауына  ғана  емес,  артта  қалушылықты  жою 
жолдарын  айқындауына  да  мүмкіндік  берді.  Осылайша  Түркістанда  Yлемдік  өркениеттің  жетістіктері 
алғаш  рет  жYдитшілердің  айтуымен  насихаттала  бастады  жYне  алдыңғы  қатарлы  мYдени,  Yлеуметтік 
құндылықтар өлкені жаңғыртудың үлгі-өлшемі ретінде ұсынылды. 
ЖYдидшілердің ағартушылық иделары қоғамдық өмірде өз орнын алған феодалдық тYртіп пен патша-
лық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды. ЖYдитшілердің ағартушылық идеялары өлкеде 
білім  беру  жүйесін  қазіргі  заманғы  модульдерге  лайықтап  реформалау  қажетілігін  туғызды.  dрине, 
бұндай реформаларды өлкедегі отарлық билік те қолға алған болатын. Білім беру жүйесін реформалауды 
іске  асыруда  отарлық  мүддені  көздеген  патша  өкіметі  ұлыорыстық  шовинизмнің  қағидасына  сүйенді. 
Остроумов,  Ильминскийдің  жYне  т.б.  ұсынған  білім  беруді  реформалау  шараларында  орыс-бұратана 
мектептер  жүйесін  енгізу,  мектептерде  оқытуды  орыс  тілінде  жүргізу  шаралары  өлке  халқын 
орыстандыру  саясатынан  туындады.  Оған  қосымша  жергілікті  халықтың  өкілдерін  сауаттандырғанда 
оларды  отарлық  билікке  қызмет  етеін  мамандықтарға  дайындау  мақсаты  да  жYдитшілердің  назарынан 
тыс қалмады. 
Орта Азиядағы жYдитшілікті XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде Шығыстың көптеген елдерінде пайда 
болып  қалыптасқан  ұлт  прогресшілері  зиялыларының  реформаторлық  қозғалыстарының  аймақтық 
көріні-сі  ретінде  бағалаған  орынды  [2,  с.  11].  «ЖYдит»  ұғымы  «усул-и-джадит»  («Жаңа  тYсіл») 
мағынасында  пайда  болып,  еуропалық  үлгімен  жаңаша  оқыту  дегенді  танытады.  ЖYдитшіліктің  осы 
ағартушылық мазмұны өлкедегі қоғамдық-саяси ахуалдың дамуы барысында ескі Yлеуметтік жYне саяси 
жүйенің  мYртебесін  өзгертіп,  оған  тың  сипат  беру  түрінде  өзгеріске  түсті.  Сонымен,  өлкедегі 
жYдитшіліктің қалып-тасуы мен қызметіндегі сапалы өзгерістерге қарай, оны мYдени ағартушылық жYне 
саяси күрес кезеңі деп екіге бөліп қарастырамыз. 
ЖYдитшілер саяси ұстанымдарында Ресейден бөлектенуге ұмытылған жоқ, мYселе - отаршылық бұғау-
ын бұзудағы мұсылмандық ынтымақтастық туралы болып тұр. Ортаазиялық мұсылмандар үшін Ресейдің 
басқа  аймақтарындағы  жYне  дүниежүзіндегі  мұсылмандармен  өздерінің  рухани  жYне  мYдени  тұрғыдан 
біртұтастығын сезінуде ислам факторы - олардың саяси сана сезімінің индикаторы болды [3, 26 б.]. 
Түркістан қоғамында баспасөздің дамуы үлкен маңызыға ие болды. Айталық, жYдидтік һYм түрікшіл-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
196 
дік идеяларды насихаттауда Yр жылдарды Yр түрлі қалалардан шығып тұрған газет-журналдар көп үлес 
қосты. Түрік мұсылмандарының ұлттық баспасөзін қалыптастыру мен дамытуда жYдидтердің қызметі өте 
зор болды. 
Түркістан  өлкесіндегі  ағартушылық  мақсатты  көздеген  жYдитшілерге  қозғалыстың  саяси  ағымға 
айналуы  өз  кезегінде  Түркия  қоғамындағыдай  мұсылмандық  бірлік  идеясы  саясат  сахнасына  шығады. 
Бұл  саяси  ағымдар  алғашқы  кезекте  өлкедегі  отарлық  билікті  демократияның  тYсілдерімен  реформалау 
барысында саяси талаптарды ұлттық идея деңгейіне көтерді. 
Еділ бойындағы жYдитшілердің саяси ағартушылық қызметінің басты жемісі түркі халықтары арасын-
да  ұлт  тіліндегі  баспасөзді  дамытуы  болды.  Түркі-мұсылман  халықтарын  ағартушылық  арқылы  саяси 
сипаттағы ұлт-азаттық қозғалысын үндеген «ТYржіман», «Уақыт», «Үлфат» сияқты газеттер болды. Қазақ 
жерінде ұлт-азаттық қозғалыстың идеологиялық өзегін құраған тұңғыш баспасөз органы «Қазақ» газеті 
болды. Ол газет белгілі дYрежеде жоғарыда аталған түркітілді басылымдардың саяси күрестегі жYне бас-
пагерлік тYжірбиесіне сүйенген. Жалпы жYдидшілік жалпыресейлік ауқымдағы ұлт зиялыларының азат-
тық  жолында  қарулы  күшке  емес,  ағартушылық  Yдістер  мен  саяси  күрес  тYсілдеріне  сүйенген  алғашқы 
қозғалысы болғандығын Мұстафа Шоқай «ЖYдитшілік» пен «жYдитшілер» төңкерістен бұрын Түркістан-
да  халықты  прогресс  жолына  салуда  қыруар  жұмыстар  атқарғаны  кез-келген  түркістандыққа  мYлім. 
ЖYдидшілдік - адамдардың жеке басын алаламайтын, таптарға бөлмейтін, жалпыға бірдей саяси еркіндік 
пен  бостандықты  мұрат  тұтқан  ұлттық  салауатты  алғабасар  қозғалыс  болатын»  [4]  деп  айқындайды. 
Отар-лық  езгі  күшейген  сайын  жYдитшілердің  ұстанған  рухани-мYдени  бағдары  саяси  сипат  алып, 
Түркістан- да «Мұсылмандық Кеңестің» (Шураи Исламия) құрылуына ұласты. Ұлт-азаттық сипат алған 
бұл  ұйымның  Бүкілресейлік  басшылығын  d.Топчибашы,  С.Мақсуди,  Ю.Акчура,  С.Жантөрин, 
d.Ибрагимов сияқты қайраткерлер құрады.  
Осындай негізде Түркістан өлкесінде ХХ ғ. бас кезінде жергілікті халықтардың түрлі саяси, ағартушы-
лық ұйымдары құрыла бастаған. Ағартушылық бағыттағы бұл ұйымдар қоғамдық-саяси даму барысында 
қызмет ауқымын кеңейтіп, отаршылыққа қарсы күрес дYлелдерін бағдар еткен саяси, қуатты қозғалыстар-
ға ұласты. Ондай үйірмелердің қуатты қозғалысқа айналуын Түркиядағы жастүріктер, Ирандағы жаспар-
сылар, Бұқарадағы жасбұқарлықтар сияқты саяси қозғалыстардың ықпал Yсері болды. Саяси қозғалыста-
ғы  осы  шығыстық  фактордың  басым  болуы  өлкедегі  ұлттық  ұйымдардың  жYдитшілік,  мұсылмандық 
жYне  түркішілдік  деген  үш  бағытын  айқындайды.  Ол  бағыттардың  ұстанған  позицияларына  қарай 
сипаттық,  мазмұндық  ерекшеліктері  болды.  Мысалы  Бехбуди,  Мүнауар  Қары  бастаған  жYдитшілердің 
діни білім беруді реформалауға бағытталған іс-Yрекеті қоғамдық өмірді демократиялық жолмен жаңарту 
бағытына ойыса берді.  
М.Бехбудидің  1918  жылы  «Турк  учоғи»  («Түрік  ошағы»)  атты  қоғам  құрды.  Қоғамның  мақсаты 
Түркістан түріктерінің ұлттық дYстүрлерді сауда мен өнерді дамыту жYне ұлттық тілді жYне оның рухани 
өзегін нығайту нағыз түркі мYдениетін қалыптастыру үшін «бір тудың астына біріктіру» болды.  
Убайдулла  Хожаев  (толық  аты-жөні  -  Убайдулла  Хожа  Асадулла  Хожаұлы,  1879-1938)  -  Түркістан 
жYдитшілері көсемдерінің бірі. Ташкенте орыс-бұратана мектебінде оқыған Убайдулла Хожаев Саратов 
университетінде жоғары заңгерлік білім алады. 
Ташкент  қаласында  адвокат  болып  қызмет  істеген  Убайдулла  Хожаев  өлкедегі  жYдиттік 
қозғалысқа белсене араласады. «Садойи Фарғона» газетінің редакторы жYне «Туркестанский голос» 
газетінің  тіл-шісі  ретінде  өлкедегі  «Таракий  парварлар»  ұйымының  қалыптасуы  мен  дамуына 
шешуші ықпал жасады [5, с. 15]. 
Ақпан  төңкерісінен  соң,  Өлкелік  мұсылман  депутаттары  кенес  төралқасының  мүшесі,  «Шурои 
Исламия» Ташкент қалалық ұйымының төрағасы болды. 
Ол I-II Бүкілресей мұсылмандары съездерінің делегаты, Бүкілресей мұсылмандары атқару комитетінің 
(«Милли  шуро»)  мүшесі.  Түркістан  мұхтарияты  Уақытша  Үкіметінде  ішкі  істер  жYне  Yсери  министр 
қызметтерін атқарып, үкіметтің бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты. 
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының саяси кезеңінің басталуын өлкедегі I Ресей Мемлекеттік думасы 
сайлауымен  байланыстырамыз.  Өйткені,  осы  сайлауға  дайындық  барысында  өлкедегі  ұлт  зиялылары 
алғашқы рет саяси идеялар төңірегіне топтаса бастаған. Осыдан кейінгі кезеңде жYдиттік қозғалыс саяси 
сипат ала бастап, Бүкілресей мұсылмандары Орталық кеңесінің ықпалымен аймақтық деңгейден шығып, 
қызмет аясын кеңейте түсті. Осы тұрғыда алып қарағанда Түркістан өлкесіндегі ағартушылықтың басты 
ерекшелігі халықтың ортағасырлық қараңғылықта қалуына себепкер болған ескіше білім беру жүйесіне 
жYне  патша  өкіметінің  шовинистік  басқыншылығына  қарсылық  жүйесі  болып  дүниеге  келгендігін  атап 
айтуға болады. Бұл екі фактор Түркістанда ағартушылықтың саяси қозғалысқа ұласуына тікелей ықпал 
жасады.  1908-1916  жж.  өлкедегі  саяси  қозғалыстың  өрлеуі  барысында  ұлттық  баспасөздің  қаулап  өсуі 
халықтың  саяси  санасын  жоғары  деңгейге  көтере  алды.  Ал  1916  ж.  ұлт-азаттық  көтерілістің  басып-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
197 
жаншылуы саяси күресті жаңа сапалық деңгейге көтеріп, оның стратегиялық мақсаттары мен тактикалық 
тYсілдеріне түзетулер енгізді. Осылайша, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы саяси ұйымдасқандық сипат 
алып, елдегі жаңа өзгерістерге дайындала бастады. 
 
1
 
Пясковский А.В. Революция 1905-1917 гг. в Туркестане. – М., 1958. - 615 с. 
2
 
Алимова Д.А. История как история, история как наук. – Ташкент, 2009. - 656 с. 
3
 
Агзамходжаев С.С. Туркистон Мухторияти: борьба за свободу и независимость (1917-1918 гг.): автореф. ... 
докт. ист. наук. - Ташкент, 1996. - 60 с. 
4
 
Шоқай М. Таңдамалы // 2 томдық. - Алматы: Қайнар, 1998. – Т. 1. - 352 б.  
5
 
Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С., Алимов И.А. Туркестан в начале XX века: К истори истоков национальной 
независимости. - Ташкент: Шарқ, 2002. - 169 с. 
 
Summary 
This  article  throws  light  upon  the  history  of  the  national-progressive  movement  of  the  late  19
th
  and  early  20
th
  century, 
which is called Jadidism. The history of Jadidism and its evolution from enlightenment to a powerful political movement can 
be  retraced  in  it.  Jadidism  became  an  alternative  form  of  the  intellectual  renewal  of  Muslim  society.  The  beginning  of  the 
movement  was  connected  with  the  introduction  of  the  phonetics,  so  called  “usul-i  jadid”,  method  of  teaching  reading  and 
writing  instead  of  letter  and  syllabic  one  in  maktabs  and  madrasas,  that  is  a  new  method.  The  Jadids  criticized  religious 
fanaticism,  required  the  substitution  of  obsolete  religious  schools  for  national  secular  ones,  advocated  the  development  of 
science and culture, supported the publishing of newspapers in the native language, the opening of cultural and educational 
establishments, which favoured the consolidation of the democratic forces of the society. 
From the very beginning the Jadids were aimed to the reform of the traditional system of education of Muslim religious 
school, establishing new-method schools, publishing, theatre, social, and political and cultural institutions, which, under their 
influence,  were  turning  into  a  powerful  ideological  weapon  in  the  struggle  against  economical,  moral,  and  political 
backwardness of the peoples of Turkestan more and more. They were eager to study the experience and progress of the other 
people of the world, especially the best practices of the Muslim reformers of the Crimea, the Volga Region, the Transcaucasia, 
Turkey, and Iran, who had already became aware of the progressive social and political, spiritual and cultural life of Europe. 
 
УДК 37. 017:39 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ 
ТҮРКІЛІК Т.РБИЕ ИДЕЯЛАРЫ 
 
А.Қ. Дүйсенбаев – п.ғ.к., доцент, Қазақ-Ресей халықаралық университеті, 
А.Т. Ақжолова – филол.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Мағжан  Жұмабаевтың  тағылымдық  мұраларының  жұрт  жанына  жақын,  жүрегіне  жылы  тиюінің  сыры  олар 
халқының  дағды  салтындағы,  түркілік  дYстүрлерді  саналы  таңдау  жасау  қабілеттілігінен  көрінетін  оң  жасампаз 
дүниетанымға ие, Отаны, қоғамы, өз иелігіне мақсатталған дербес шешім қабылдай алатын азаматтарды тYрбиелеу, 
қоғамдық  қалпындағы  Yдет,  ырым,  этнографиялық  көрініс  құбылыстарға  негізделе  жазылды.  Қазақ  халқының 
тағылымдық мұраларында өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен Yңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ 
арқылы  тYрбиелеп  отырған.  Бала  аяғын  жерге  нық  басқаннан-ақ  қоршаған  ортаның  құпиясын  ғылыми  тұрғыдан 
сезініп, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алдағыны 
болжайтын,  жоғалғанды  табатын  ізшіл  де,  құралайды  көзге  атып  түсіретін  мерген  де  болған.  Оның  негізі  халық 
педагогикасының дYстүрлерін дамыту барысында баланы адамгершілікке тYрбиелеуде отбасы дYстүрлерін, ұлттық 
қасиетімізді сақтауға байланысты көтерген идеяларының маңызы зор болып табылады.  
Ағарутшы-педагог  Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  оқулығында  Yрбір  мемлекетте  балаға  білім  беру  жүйесі 
халықтың тарихи дамуымен байланысты екендігіне тоқталып отырады. Сондықтан дене тYрбиесіне этнопедагогика 
мен  этнопсихолгия  идеяларын  бастапқы  дYрежеге  қояды.  Сонымен  қатар  ұлттық  мYселелерді  орынды  көтеріп, 
ғылыми мYнді пікірлер айта алған. Өмірдің өзекті мYселелерін жүректің нYзік қылымен өрнектей білген ақын ұлттық 
тіл, ұлттық тYрбие туралы да өрелі ойлар айтқан.  
Мағжан Жұмабаевтың пікірінше, педагогика, Yсіресе дидактика психология ғылымынсыз дYрежесін жоғалтпақ. 
Қазіргі  жағдайда  мектеп  мұғалімі  психологияны  терең  білу  арқылы  Yр  ұлт  баласына  өзінің  ұлттық  болмысы  мен 
танымын  ескере  отырып  білім  бере  алады.  Оның  «Педагогика»  еңбегінің  құндылығы  түркілік  тYрбиені  автордың 
жан-жақты көрсетуінде. dсіресе, ұлттық психологияны дұрыс меңгермеу бала тYрбиесінде көптеген қиындықтарға 
кездесетінін атап өтеді. 
Тірек  сөздер:  түркілік  тYрбие,  патриотизм,  қазақ  патриотизмі,  халықтық  педагогика,  қоғамдық  тYрбие,  отбасы 
тYрбиесі, бала тYрбиесі  
 
XX  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  бостандығын  шынайы  азаматтық  тұрғыдан  сезініп,  Yділ 
бағасын  берген  түркішіл-патриот  Мағжан  Жұмабаевтың  шығармалары  түркілік  тYрбие  бағытындағы 
проблеманы  негізге  алады.  Оның  «Тіршілік  көркі  –  ерік»,  «Қазағым»,  «Туған  жер»,  «Батыр  Баян»  т.б. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
198 
шығармаларын шынайы отаншылдық мYні зор еңбектер деп айтамыз. Ақын: 
«Жаратылдым топырағыңнан сенің бүгін. 
Жалғаны жоқ, бaрі сенен жан-тaнім. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық  болар  Шолпан  –  Айым,  сен  –  Күнім»,
  -  деп  туған  жердің  қадір-қасиетін  ұлтжандылық  тұрғыдан 
сипаттайды [1, 55-б.].  
Ол өзінің «Педагогика» атты еңбегінде ұлттық мYселелерді орынды көтеріп, ғылыми мYнді пікір-
лер айта алған. Өмірдің өзекті мYселелерін жүректің нYзік қылымен өрнектей білген Мағжан ұлттық 
тіл, ұлттық тYрбие туралы да өрелі ойлар айтқан. Яғни: «ТYрбиеден мақсұт – адамды һYм сол адам-
ның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі Yрбір адам бақытты болса, ұлт 
бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі Yрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты», - деп өзінің 
гуманистік пікірін айтады [2, 99-б.]. 
Ағарутшы-педагог  М.Жұмабаев  «Педагогика»  оқулығында  Yрбір  мемлекетте  балаға  білім  беру 
жүйесі халықтың тарихи дамуымен байланысты екендігіне тоқталып отырады. Сондықтан дене тYр-
биесіне  этнопедагогика  мен  этнопсихолгия  идеяларын  бастапқы  дYрежеге  қояды.  Ғылыми  еңбектің 
«Жан  тYрбиесі»  деп  аталатын  екінші  бөлімінде:  «Баланың  дене  тYрбиесі  мен  жан  тYрбиесін  қатар 
алып бару керек. Себебі, бала өскен сайын тYрбиеші күшінің көбін баланың жан тYрбиесіне жұмсай 
беруге  міндетті.  Тегінде  берік  ұғу  керек:  адамның  қымбат  нYрсесі  де,  жұмсақ  нYрсесі  де  сол  жан. 
Қиын тYрбие тілейтін де сол жан. Жанды дұрыс тYрбие қыла білу үшін жанның жайын баяндайтын 
ғылыммен таныс болу керек», - дейді [3, 57-б.].  
М.Жұмабаевтың пікірінше, педагогика, Yсіресе дидактика психология ғылымынсыз дYрежесін жоғалт-
пақ. Қазіргі жағдайда мектеп мұғалімі психологияны терең білу арқылы Yр ұлт баласына өзінің ұлттық 
болмысы мен танымын ескере отырып білім бере алады. dр халықтың бала тYрбиелеуде өз Yдісі бар. Қа-
зақ халқының арнайы бала тYрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да, өз ұрпағын бесікте 
жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен Yңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тYрбиелеп отырған. Бала 
аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп, жапан дүзге жол-
сыз  жерлермен,  жұлдыздарға,  түрлі  белгілерге  қарап  жол  тауып,  қаршадайынан-ақ  есту,  көру  сезімдері 
шынығып, алдағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де 
болған. Қазақ баласы кең далада, жұлдыздарға қарап ауа райын болжайтын, жануарлардың тілін түсінген, 
былайша айтқанда олар мал бағатын малшы да, сөзге шебер шешен де, тарихшы да, ботаник та, астроном 
да бола білді. Оның «Педагогика» еңбегінің құндылығы түркілік тYрбиені автордың жан-жақты көрсету-
інде. dсіресе, ұлттық психологияны дұрыс меңгермеу бала тYрбиесінде көптеген қиындықтарға ұшырата-
ды. Бүгінде ғалымдар арасында «Педагогика» оқулығын атына қарап таза педагогикалық еңбекке жатқы-
зып  жүр.  Ал,  шынында,  онда  бір-бірімен  тығыз  байланыста  екі  пYн  –  педагогика  мен  психологияның 
қарастыратын мYселелері ұштастырыла баяндалған. Ағарушы-педагог М.Жұмабаев XX ғасырдың басын-
да мYңгүрттік мYселесін көтерген болатын. Оның тYрбие процесіндегі тілдің алатын орны жайында: «Тіл 
адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көр-
мей, қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға 
алды. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойын ашып айтуға тілің жетпесе, ішің қазандай қайнайды да, 
қысқасы, адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында», - деп келтіреді[4, 48-б.].  
М.Жұмабаев  тіл  жайындағы  ойын  былайша  жалғастырады:  «Ұлтқа  тілінен  қымбат  нYрсе  болмасқа 
тиісті.  Бір  ұлттың  тілінде  сол  ұлттың  жыры,  тарихы,  тұрмысы,  мінезі,  айнадай  ашық  көрініп  тұрады. 
Қазақ  тілінде  қазақтың  сыры  сайран  даласы,  біресе  желсіз  түндей  тымық,  біресе  құйындай  екпінді 
тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы айнадай ашық көрініп тұрады», - дейді [5, 53-б.].  
Тұлғаның жан-жақты дамуына адамгершілік тYрбиесінің қатысы ерекше. Білімі жоғары тұлғаның өзі, 
егер  адамгершілік  қасиеті  аз  болса,  ол  рухани  құлдыруға  ұшырайды.  Сондықтан  да  М.Жұмабаевтың 
«Педагогика»  оқулығы  моральды  бойына  сіңірген  рухани-адамгершілік  тYрбиеге  бағытталған  еңбек  деп 
айтуға болады. Яғниадамгершілік тYрбиені ұлттық болмысымызға негіздеп берген. Оқытудың Yр кезеңін 
ұлттық  тұрғыда  бейнелеуге  тырысқан.  Оның  шығармаларынан  халық  өмірінің  Yр  кезеңі  өзекті  орын 
алған, ол ұлт тYрбиесін басты орынға қойған бірден-бір педагог. Ұлттық тYрбиені зерттей келе бес мYселе-
ге баса назар аударады: 

 
тYрбие негізі – халықтық тYрбиеде. Ол тYрбиелік күші бар жүйе; 

 
тYрбие жүйесін тек қана іс жүзінде ғана емес, дYріс пен тағылым ретінде қолдану керек; 

 
Yр халықтың өзіндік халықтық тYрбие жүйесі бар. Оны ешқандай халықтың тYрбие жүйесімен алмас-
тыруға болмайды; 

 
басқа  халықтың  тYрбие  жөніндегі  жүйесінен  үлгі  алуға  болады,  бірақ  дYл  сол  халықтың  көшірмесі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
199 
болудың қажеті жоқ; 

 
қоғамдық тYрбие өмір заңдарын шешіп, соңынан ертпейді, тарихты жасамайды, ал бірақ тYрбие өз 
жолымен болашаққа бастайды.  
Ағартушы М.Жұмабаевтың қай еңбегін алсақ та халықтық педагогиканы негіздей құрылған. Мысалы, 
баланың  сYби  кезінен  бастап  айтылатын  бесік  жыры,  тілашар,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  өлеңдер,  Yженің 
ертегілері мен төрт түлік малды бағып қағу, өнегелі сөздер, бата-тілектер мен батырлардан сауға сұрау, 
жауырын  қарап  бал  ашу,  бақсылық  пен  балгерлік,  күйшілік  пен  серілік,  жоқтау,  естірту,  көңіл  айту, 
жұбату  сияқты  тұрмыстың  салт-дYстүрлерге  жан-жақты  сипаттама  беріледі.  Сонымен  қатар  халық 
педагогикасының інжу-маржандары оның «Педагогика» оқулығында өз орнын алған. Ұлттық болмысы-
мызды  қайтарудың  бірден-бір  жолы  халық  шығармашылығы  мен  Yдебиеті  екені  белгілі.  Адамгершілік 
тYрбиесін жетілдіру үшін Yдебиеттен мысалдар көп келтіріп отыру қажет. Баланы адамгершілікке тYрбие-
леу  мYселесіне  байланысты  Yңгімелер  Yдебиетте  көптеп  кездеседі.  Сол  тақырыптарды  ретімен  қолдану 
ұстазға  байланысты.  Бұл  пікірдің  қазіргі  оқыту  процесінде  алатын  орны  ерекше.  Себебі  бүгінгі  таңда 
барлық  пYндер  арасында  Yдебиетке  деген  құлшыныс  күннен  күнге  артуда.  М.Жұмабаев  эстетикалық 
сезімді  тYрбиелеуде  табиғат  пен  өнерге  ерекше  көңіл  бөледі.  Біздің  ойымыздың  нақтылығын  көрсету 
үшін мына жолдарды келтірелік: «Жаратылыстың һYм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық 
сезімдерін  оятады.  Үлбіреген  гүл,  күңіренген  орман,  сылдырлаған  су,  шетсіз-түпсіз  қара  теңіз,  түрлі 
шөптермен  толқындалған  дала,  бұлтпен  шағылысқан  биік  тау,  күннің  ойыншыл  алтын  сYулелері,  ерке 
сұлу ай, жүлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки искусство-
ның тылсымдай жанды билеп алып кететін Yн, күй, сыйқырлы сөз, сұлу картина сықылды Yсерлері адам 
жанында бір лYззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды» [6, 47-б.]. Автордың «Педагогика» 
оқулығында  айтылған  ойы  бүгінгі  таңда  өзекті  мYселе.  Баланы  табиғатта  болып  жатқан  құбылыстарды 
бағалай білуге, сұлулықты қабылдауға үйретуде аталған еңбегінің орны айрықша зор. Яғни эстетикалық 
тYрбиені табиғаттың Yдемі құбылыстары арқылы ғана жетілдіру аз, сонымен қатар музыка Yуені нYтиже-
сінде бала дамуына Yсер етуге болатындығын айтады. Баланы өнермен терең таныстыру керек. Бала Yр 
түрлі сұлу Yуендерді естісін, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралда-
рының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. dн салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, 
осыларды істесе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Біздің ойымызша, тYрбие эстетикалық мүмкін-
дікті  пайдалана  біліп,  оны  бағалай  білумен  тығыз  байланысты.  Автордың  жоғарыда  айтқан  пікірлері 
бүгінгі таңда мYдениетіміздің рухани құлдырауы кезінде құнды пікір болып табылмақ. Тарих көрсеткен-
дей,  тYрбие  мен  оқыту  процесінің  бір-бірінен  алшақтауы  нYтижесінде  адамның  рухани  құлдырауына 
Yкеліп  соғады.  Осы  орайда  қазіргі  мектеп  практикасында  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыру  үшін  діни 
тYрбиенің орны ерекше екендігін атап өтеді. Яғни діни сезім адам бойына аяушылықты, ізгілікті, адамгер-
шілікті ұялатады. М.Жұмабаевтың айтылған ойлары оның дінді ұстанғандығын көрсетеді. Оның дYлелі 
жазушы  С.Мұқановтың  еңбегінде,  М.Жұмабаев  қысқа  мерзімге  арналған  мүғалімдер  курсында  дін 
тарихынан сабақ беріп, тыңдаушыларға бес уақыт намаз оқуға үйреткен.  
Педагогика  тарихында  француз  ағартушысы  Ж.Ж.  Руссо  былай  деп  жазған:  «Неизменно  держите 
своих детей в тесном кругу заповедей, относящихся к морали. Приучайте их к сознанию, что они всегда 
находятся перед очами божьими, учите их делать добро без рабства, в надежде получить награду, и всю 
жизнь быть такими, какими им хотелось бы перед ним предстать» [7, 203-с.].  
Ағартушы-педагог  М.Жұмабаев  бала  бойында  діни  сезімді  тYрбиелеу  жайында:  «Дін  сезімдерінің 
негізі  –  дүниені  жаратушы,  дүниеде  барлық  нYрсені  билеп  тұрушы  бір  тYңірі  бар  деп  сыйыну  һYм  сол 
тYңірге адам өзін пенде деп білу. ТYңірінің құдіреті алдында адам өзінің Yлсіздігін сезіп, біліп, тYңірге құл-
шылық қылу, яғни жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен азат тYңірге жағу үшін 
барлық  кемшіліктен  безу.  Келтірілген  пікірлерден  мынадай  ой  қорытуға  болады.  Дін  адамды  жоғары 
рухани деңгейде тYрбиелеп, оның рухани-адамгершілік қасиетін арттыруға көмектеседі» дейді [8, 214-б].  
Сонымен қатар, М.Жұмабаев «Педагогика» оқулығында отбасы тYрбиесін сөз етеді. «Отбасы тYрбие-
сінде халық педагогикасының элементтерін қолданады. Егер бала кезінде көргендері қызықты; қуанышты 
болса,  онда  адам  ашық  мінезді  болып  қалыптасады.  Бала  қайырымдылық  пен  жауыздықты  үлкен 
адамдардан үйренеді. Жас бала Yкесінің ұрлағанын көрсе, онда ол ұрлық жақсы қасиет деп ойлап, өзі де 
ұрлауға кіріседі. Бала үйінде не көрсе, соны ұшқанда іледі», - дейді [9, 72-б.].  
Баланың  бойында  адамгершілік  тYрбиені  қалыптастырудың  үйдегі  психологиялық  жағдайдың  Yсер 
ететінін М.Жұмабаев ерекше айтқан. Отбасында берілетін өмір сабағының тYрбие процесіндегі қозғаушы 
күші  айтарлықтай,  себебі  бұл  сабақтарды  балаға  ең  жақын  адамдар  –  Yкесі  мен  шешесі  береді.  Бүгінгі 
таңда  халық  педагогикасының  дYстүрлерін  дамыту  барысында  баланы  адамгершілікке  тYрбиелеуде 
отбасы дYстүрлерін, ұлттық қасиетімізді сақтауға байланысты көтерген идеялары арнайы зерттеуді қажет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
200 
етеді. Қоғамда адамгершілігі жоғары, рухани мYдениеті дамыған азаматты тYрбиелеу педагогиканың жYне 
психологияның басты мYселеcі болып табылады. Сондықтан да тұлғаның бойында қоғамдық мYдениетті 
дамытуда  үлкен  рөл  атқаратын  мектеп  мұғалімі  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Бұл  жолда  М.Жұмабаев: 
«dдет  –  мұғалімнің  қаруы.  Жақсы  Yдетті  қалыптастыру-жақсы  адамды  тYрбиелеу  деген  сөз.  Бала  өзін 
тYрбиелейтін ұстазды жақын адамы ретінде кабылдауы керек. Оның Yрбір қадамына қуанатын, ренішіне 
күйінетін, оның ойларын түсініп, отыруы қажет. Егер бала өз тYрбиешісінен осындай адамды көрсе, онда 
ол ештемесін жасырмайды. Оқушы мектептегі мұғаліміне сенуі керек», - деп келтіреді [10, 140-б.]. 
Мағжан  Жұмабаев  –  елім,  халқым  деп  шыққан  үркердей  ұлтжанды  азамат.  Пантүркішілдікпен, 
ұлтшылдықпен  айыпталып,  бар  болғаны  ел  тарихының  негізін  зерттеп,  өзінің  шынайы  патриот  екенін 
жырлып,  халқын  сүйгені  үшін  жазықсыз  жазаға  ұшырады.  М.Жұмабаевтың  тағылымдық  мұраларының 
жұрт жанына жақын, жүрегіне жылы тиюінің сыры, олар халқының дағды салтындағы, түркілік дYстүр-
лерді саналы таңдау жасау қабілеттілігінен көрінетін оң жасампаз дүние танымға ие, отаны, қоғамы, өз 
иелігіне  мақсатталған  дербес  шешім  қабылдай  алатын  азаматтарды  тYрбиелеу,  қоғамдық  қалпындағы 
Yдет, ырым, этнографиялық көрініс құбылыстарға негізделе жазылды.  
Ағартушы-педагог  М.Жұмабаевты  Түркістанды,  Тұранды  жырлағаны  үшін  түркішілсің  деген.  Осы 
орайдағы  оның  «Жан  сырымды  түсіндірсеңдерші,  жан  даусымды  естісеңдерші»  деп  өтінген  үні  абзал 
ақынды  «аһ»  ұрғызып,  оның  «улы  сиясынан»  мұң-зар  болып  құйылды.  Дегенмен  Мағжан  Жұмабаев 
өзінің отансүйгіштік идеясынан жаңылыспады, керісінше от боп жанып, «Түркілік рухты» жоғары қойып: 
«Тұранға жер жүзінде Жер жеткен бе? 
Түрікке адамзатта Ел жеткен бе? 
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял 
Тұранның ерлеріне Ер жеткен бе? 
Тұранда – Түрік ойнаған ұқсап отқа, 
Түріктен басқа от боп – Жан туып па? 
Көп Түрік енші алысып тарасқанда, 
Қазақта – Қарашаңырақ қалған жоқ па?»
  -  деп  [11,  125-126  бб.],  Мағжан  Жұмабаев  «түркілік  рухтың» 
негізі  қазақ  халқында  екендігін  ашып  айтып,  сол  халықтың  құрамындағы  тұлғалардың  өздеріне  тYн 
халықтық  рухани-мYдени  жYне  материалдық  құндылықтарын  сақтай  отырып,  елдің  ілгері  дамуын,  өмір 
сүруін  қамтамасыз  етуді  көздейтін  негізгі  нысаналы  ортақ  мақсатын  негізге  алады.  Сонымен  қатар, 
түркілердің Yлем өркениетіндегі орнына объективті сипаттама береді.  
Түркі  ғұламаларын  өзіне  пір  тұтып  айтқан  «Қорқыт»  поэмасында  ежелден  белгілі  өлімнен  қашатын 
Қорқыт  жайын  шабыттана  жырлауы  –  өлімнен  қанша  қашсаң  да,  алдыңнан  соншалықты  қабір  тұруы 
ықтимал деген тұжырым жасап өтеді, яғни:  
Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем,  
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.  
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,  
Құшақтап қобызымды көрге кірсем. 
Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді табиғи кесім ретінде, болмай қоймайтын өмір 
ақиқаты ретінде уағыздайды.  
Ағартушы-педагог  М.Жұмабаев  қазақ  халқының  бақытқа  жетер  жолы  тек  ұлттық  тYуелсіздікке,  өз 
тағдырын  өзі  шешетін  жағдайға  жету  деп  білді.  Оның  ертедегі  ерлер  ісіне  қайта  оралып  келе  беретін 
себебі осыдан.  
Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,  
Жанымды орай берді ұлы уайым.  
Кеудеме күннің нұры толғандай боп  
Жырлаймын алты алаштың Абылайын… 
Халық  басынан  кешкен  қанды  оқиғаларының  жасырылмайтын  жанды  рухи  тілде  қалатынын  жақсы 
түсінген. Оның:  
Бірлік, елдік, қайрат, бақ ардың,  
Жауыз тағдыр жайды бaрін – не бардың.  
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,  
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың,
 - деген бір жол өлеңінде терең мағына сиып тұр. Тіл – тағдыры 
екенін күні ілгері болжаған кемел ойшыл суреткерлердің негізі қазақ тілінің қадірін арттыру жолында бұл 
күндері көтеріліп жатқан жұртшылық пікірімен мейілінше үндес екенін атап айту керек.  
Каталог: docs -> vestnik -> seriya ped nauki
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет