Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет13/49
Дата28.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49

Summary 
Reforms,  carrying  out  in  the  programme  of  education  in  Azerbaijan  republic,  comprise  the  solution  of  such  urgent 
problems  as  the  account  of  general  national  interests,  high  moral  qualities  of  learners’  on  the  basis  of  national  values, 
systematization of competitiveness and the formation of movement towards the national to general human scale of values. So 
there is an urgent necessity of creating a national concept, including and allowing solving actual problems mentioned above. 
While  making  a  curriculum  the  progressive  experience  of  such  states  as  the  USA,  Russia,  Holland,  Austria,  England, 
Finland, Swiss, Turkey, Canada, Moldova, Kazakhstan and other countries have been attentively studied and analyzed.  
The project versions of curriculum, prepared by these working groups, have been discussed several times and in the end, 
they  have  been  gradually  presented  to  readers  in  republican  specialized  press  for  teachers  –  “An  Azerbaijan  teacher”, 
“Educational problems” (4) for evaluation. 
At the same time these curriculum projects have been sent to the expert evaluation of specialized organizations in such 
countries as the USA, Austria, Holland, and finally got the positive mark. The international experts evaluated the project data 
as corresponding to the level of progressive European states.  
At last, all these offers have been summarized to the final version of admitted curriculum, which has been published in 
specially  printed  magazine  “Curriculum”  (2008,  №  1-3),  in  magazine  “Scientific  works”  published  by  the  Institute  of 
education problems, and also in the form of a textbook, which further was given to teachers for regular usage and study. 
Preparation  of  curriculum  programmes  is  an  extremely  hard  process.  Everyone  who  is  able  to  participate  (specialists, 
teachers, parents, pupils, etc.) in it is involved into this process. In world practice the specialized structures are involved. 
Key  words:  the  content  of  teaching,  curriculum,  world  globalization,  innovative  methods,  teaching  strategy,  general 
national interests, high moral qualities, systematization of competitiveness, actual problems, progressive experiment. 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
И.Н. Бердешова – ҚазМемҚызПУ-нің аға оқытушысы 
 
Мақалада тілді ақпаратты-коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту "тірі" білім саласында негізгі нYтиже-
лері көрсетіледі. "Тірі" білім беру интернеттің көмегі арқылы электрондық ресурстар амалдарынын пайдалану жYне 
заманауи оқытудың тұжырымдамалары өзінің қолжетімділік, игеруге жеңіл, социализация, бірлесе отырып шығар-
машылық қызметін ұйымдастыру мүмкіндігі жYне тексеру жүзеге асырылады. Ақпаратты-коммуникациялық техно-
логиялар  (АКТ)  амалдарының  базасы  негізінде  оқу  барысының  Yлеуетті  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру,  шетел  тілі 
оқытушыларына білім беру кеңістігінде жаңа үлгі құру мүмкіндігі бар. Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
66 
(АКТ)  амалын  қолдану  интерактивті  кері  байланысты,  оқу  құжаттарының  компьютерлік  визуализациясын,  оқу 
ақпараттарына  байланысты  іздеу  процессінің  автоматтандырылуын  жүзеге  асырады.  Жалпы  алғанда  ақпаратты-
коммуникациялық  технологиялар  амалын  қолдану  арқылы  шет  тілінің  құрылымы  жYне  мазмұны  педагогикалық 
мүддесіне жYне білімнің ақпараттандыру шарттары бойынша білім алушыларды дайындаудың негізгі бағыттарына 
тең келеді.  
Тірек сөздер: ақпаратты-коммуникативтік технология, компьютерлік телекоммуникациялар, интерактивті тақта, 
компьютерлік коммуникация, интерфейс-адам-компьютер 
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жY-
не жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасты-
руға жYне кYсіби шындауға бағытталған білім беруде қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа техноло-
гияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғалымдық, коммуникациялық желілерге қо-
сылуы, білім беру жүйесін одан Yрі дамыту» міндеттері көрсетілген. Жас ұрпақтың ой-өрісін, ұлттық мY-
дениетін, ұлттық рух пен саналы сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда жаңа технология ба-
ғыттары оң нYтижелер беруде. Осыған байланысты дYстүрлі емес ойлауға икемді, аса күрделі мYселелерді 
шешуге алғырлық таныта алатын оқушылар даярлау қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр [6].  
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту 
ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл 
үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табыла-
ды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мYселе емес, 
сондықтан  ағылшын  тілін  оқыту  ісімен  шұғылданатын  мамандар  арасында  туындайтын  бір  сұрақ: 
ағылшын тілінде өз ойын ауызша жYне жазбаша еркін жеткізе алуға үйрету.  
Шетел  тілдік  мектептерде  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісінде  ақпараттық  білім  беру  технологияларын 
қолдану оқушылардың ағылшын тілін меңгеруге деген ынталарын арттыруға ықпал етіп, оқыту барысын-
дағы мYселелердің оңтайлы шешімдерін табуға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі  таңда  мектептерде  оқушылардың  кYсіби  біліктілігін  арттыру,  тұлғалық  қабілеттерін  шыңдау 
саналы, тұжырымды ойлау мYдениетін дамытып, ішкі Yлемі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптас-
тырып, оны дамыта оқыту, оқыту үдерісінің негізгі мақсаты болып табылады. 
Ақпараттық  технологияларды  ағылшын  тілін  оқыту  үдерісінде  пайдалану  оқушылардың  жан-жақты 
білім  алуына  жол  ашып,  мемлекетіміздің  үш  тұғырлы  тіл  саясатына  сай  жақсы,  жан-жақты  дамыған 
оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады. 
Ақпараттық  білім  беру  технологияларын  оқыту  үдерісінде  тиімді  пайдалану,  өз  кезегінде,  ағылшын 
тілін  оқытудың  қарқынын  арттыруға  бейнелік  жYне  теориялық  ойлауын  дамытуға,  оқушылардың 
ақпараттық қоғамның жағдайларына бейімделуіне ықпал етеді. Мектептерде ақпараттық технологиялар-
ды қолданудың негізгі бағыттары электронды оқулықтар мен интернет технологиясын пайдалану болып 
табылады, сонымен қатар дүниежүзілік интернет желісі оқушылардың білім өрісін кеңейтуге ықпал етеді. 
Қазіргі  оқыту  құралдары:  компьютерлер,  телекоммуникациялық  байланыс  құралдары,  қажетті  интерак-
тивті  бағдарламалық  жYне  Yдістемелік  жабдықтар  Yр  түрлі  оқыту  үдерісін  қамтамасыз  ете  отырып, 
оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастыруда, өзіндік жұмыстарды орындауда Yдістемелік құрал 
ретінде де маңызды [7, 39-54 б.]. 
Оқу  үдерісінде  ақпаратты  технологияларды  қолданудың  тиімділігін  жYне  педагогикалық  тұрғыда 
мақсаттылығын  В.П.  Беспалько,  В.С.  Гершунский,  А.А.  Кузнецов,  Д.Ш.  Матрос,  Е.И.  Машбиц,           
В.М. Монахов, Н.Ф. Талызина, Е.С. Полат жYне т.б. зерттеушілер негіздеді. Оқу үдерісіне компьютерлік 
оқыту желісі енгізілуі, оқу-Yдістемелік жYне тYрбиелік мүмкіндіктердің жаңа көкжиектерін ашты. 
Ағылшын тілін оқытуда ақпаратты технологияларды қолдану білім беру коммуникациясының интер-
активті сипатын арттыра түседі. Ғалымдар А.А. Андреев, В.И. Солдаткин, В.П. Кашицин ағылшын тілін 
оқытуда  ақпараттандыру  үдерісінің  ықпалын  жан-жақты  сипаттай  отырып,  Yсіресе,  білім  мен  ұғымды 
ұсыну,  меңгеру  Yдістерінің  өзгеретіндігін,  оқытушылар  мен  оқушылардың  өзара  Yрекетінің  жолдары 
туралы айтады. Осы орайда оқытудың тиімділігін арттыруды ұсынады. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде 
ақпараттық технологиялардың, Yсіресе қарым-қатынас ортасын, жалпы тақырып шеңберінде Yріптестер-
дің интерактивті өзара Yрекет ортасын құрудағы маңызы ерекше. Ақпараттық білім беру технологиялары 
өз  кезегінде  қарым-қатынас  тYжірибесін  игеруде,  оқушылардың  лингвомYдениеттік  құзырлылықтарын 
қамтамасыз  етуде  маңызды.  Ғалым  М.Ушакова  ағылшын  тілін  оқыту  Yдістемесін  зерттей  отырып, 
компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым-қатынастарды ұйымдастыруға 
мүмкіндік беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру 
үшін керемет мүмкіндіктер туғызады. 
Қазіргі күні бүкіл Yлемдегі қоғамдық жетілудің ең маңызды бөлігі – білім мен ақпараттық технология-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
67 
лар  екендігі  даусыз.  ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылдығын  жYне  одан  кейінгі  жылдарды  адамзат  жинаған 
ақпараттық  қорды  тиімді  меңгеру  кезеңі  деп  қарастырар  едік.  Бұл  кезеңде  адамзаттың  көзі  жеткен 
нYрсенің бірі – қандай да бір экономикалық, Yлеуметтік, техникалық мYселелерді ақпарат көлемін жетілді-
ре  өңдеумен  айналыспай  табысты  шешу  мүмкін  емес  екендігі  болды.  Демек,  ақпараттық  қоғамның 
маңызды  ерекшелігі  де  осында.  Дегенмен,  бүгінгі  заман  адамының  аса  ауқымды  ақпараттық  ағынның 
құрсауында отыруы заңды құбылыс. Бұл жаңа заман адамы алған білімін үнемі толықтырып, жетілдіріп 
отырмаса, бұның соңы білімсіздікке Yкеліп соғады деген сөз. Сол себепті, қазіргі білім беру мекемелерінің 
алдында  жастарды  Yртүрлі  бұқаралық  ақпараттарды  бағдарлай  білуге  ғана  үйретпей,  сонымен  қатар 
алынған мYліметтерді өзінің кYсіби Yрекетінде тиімді кYдеге асыра білуге дағдыландыру міндеті тұр. 
ХХІ  ғасыр  –  техниканың  озық  дамыған  ғасыры.  Елбасы  Н.d.  Назарбаевтың  сындарлы  саясатының 
арқасында  бүкіл  мектеп  компьютермен  қамтамасыз  етілді.  Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған  Yлемді 
танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай  болса  барлық  сабақтарды  компьютердің  қуаттануымен 
жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мYселелерінің бірі. КYсіби мамандарды дайын-
дауда жүргізілетін барлық пYндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіру-
ге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады [15]. 
Ақпаратты-коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  технологиясымен  жұмыс  істеуге, 
оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құрал-
дарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпарат-
тық  Yдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді 
жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге оқушыны оқытуда бейне жYне 
ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Мұғалімдер үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

 
оқушы өз бетімен жұмыс істеуіне; 

 
уақытын үнемдеуге көмектеседі; 

 
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді; 

 
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды; 

 
қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді; 

 
экономикалық тиімді; 

 
іс-Yрекет, қимылды қажет ететін пYндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде көп көмегі бар; 

 
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-
өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз 
ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті жYне ақпараттық мYдениеті дамыған, интерактив-
тік тақтаны пайдалана алатын, Оn-line режимінде жұмыс жасау Yдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 
Білім  беретін  оқу  орындарын  қазіргі  заманға  сай  жаңа  ақпараттық  құрал-жабдықтармен  жабдықтау, 
интерактивті тақталармен, мультимедиялық кабинеттермен жYне арнаулы пYндер бойынша электрондық 
оқулықтармен қамтамасыз ету; 

 
ПYндерді оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курста-
рын жиі ұйымдастыру; 

 
Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудан  күтілетін  нYтиже,  теориялық  білімдерін  іс  жүзінде 
қолдана  алатын,  информатика  пYнін  басқа  пYндермен  байланыстыра  алатын  жеке  тұлға  қалыптастыру, 
еңбек нарығында бYсекеге қабілетті мамандар даярлау. 
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тYсілдер, педагоги-
калық  технологиялар,  бағдарламалық  жYне  техникалық  құралдар  (кино,  аудио  жYне  видеоқұралдар, 
компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).  
Оқытудың ақпаратты технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық 
іс-Yрекетті  өзгерту),  білімді  қабылдау,  білім  сапасын  бағалау,  оқу-тYрбие  үрдісінде  оқушының  жеке 
тұлғасын  жан-жақты  қалыптастыру  үшін  ақпараттық  технологияның  қосымшасы  деп  түсіну  керек 
[20, 76-78 б.]. 
Білімді  ақпараттандырудың  негізгі  мақсаты  –  «оқушыларды  ақпараттық  қоғам  жағдайында  тұрмыс-
тық, қоғамдық жYне кYсіби салалардың іс-Yрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.  
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.  

 
Тұтынушының қолдану сапасында; 

 
НYтижесінде Yр түрлі салаларда қолданылатын, ақпаратты технологияларды жасаушы сапасында. 
Бірақ  компьютер  мүмкіндіктерін  асыра  бағалауға  болмайды,  өйткені  ақпарат  беру  –  бұл  білім  мен 
мYдениетті беру емес, сондықтан ақпаратты технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретін-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(45), 2015 г. 
68 
де қызмет атқарады. 
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін маман-
дандырылған  компьютерлік  жүйелер  саны  дайындалды,  олар  оқу-тYрбие  үрдісінде  Yр  түрлі  жағынан 
қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады. 

 
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сYйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегі-
мен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология; 

 
Материалды компьютердің көмегімен оқу– оқушының жаңа материалды Yр түрлі құралдардың, оның 
ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-Yрекетінің сипаты айтыл-
майды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту Yдісінің 
мYнін ашады; 

 
Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың 
алуан түрін (оның ішінде дYстүрлі оқулықтар, аудио жYне видеожазбалар жYне т.б.) қолданумен айрықша-
ланатын  болса,  мұнда  бағдарлама  құралдарын,  оқушылардың  өз  бетінше  тиімді  оқуын  арттыратын 
бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі; 

 
Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалім-
нің қатысуымен), шын мYнінде, жоғарыда айтылғандармен сYйкес келеді; 

 
Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол 
практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пYннің мазмұны мен 
дYстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын Yдістерге тYуелсіз; 

 
Компьютерлік коммуникация – білім беру жYне оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоға-
рыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақ-
тық  жYне  басқа  компьютерлік  желілерді  қолдану  үшін  жұмсалады.  Компьютерлік  коммуникация 
жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін 
көрсетеді [22, 177-179 б.]. 
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын 
болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық жYне бағдарламалық қолдаумен көрсететін құрал-
дар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мYнінде бYрі 
керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары жYне білім технология-
ларының  өздері  ақпараттық  білім  ортасына  –  ақпараттық  білім  жүйесінен  бөлінген  жүйешелер  түрінде 
қосылады.  
Оқытудың  ақпараттық  технологиясында  қолданылатын  бағдарламаны  қамтамасыз  етуді  бірнеше 
категорияға бөлуге болады: 

 
Оқытатын, бақылайтын жYне үйрететін жүйелер; 

 
Ақпарат іздеу жүйесі; 

 
Модельдеу бағдарламалары, микромирлер; 

 
Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар; 

 
dмбебап сипаттағы инструменттік құралдар; 

 
Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар. 
Модельдеу  бағдарламалары  мен  микромирлер  –  бұл  ерекше  аз  мамандандырылған  бағдарламалар, 
оларды компьютерде арнайы қолдану жYне оның кейбір мYселелерін зерттеуге тура келеді.  
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарлама-
ларды атайды: 

 
Yр түрлі форматты файлдар; 

 
мYліметтер қоры; 

 
бағдарламалық модульдер; 

 
жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.  
Мұндай құралдар пYндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану 
саласына тYуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда 
сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуы-
на  мүмкіндік  жасау.  Бағдарламаларға  сай  келетін  талаптар  мен  сипаттамаларды  HCI  (ағылшын  тілінде 
“Human  –  Computer  Interface”  –  «Интерфейс-адам-компьютер»)  авиатурасымен  белгілеу  қабылданған. 
Бұл  сөзбе-сөз  аударуды  «адаммен  сұхбаттасуға  арналған  компьютерлік  бағдарламалар»  деп  түсінуге 
болады [23, 237-240 б]. 
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған жYне оқыту 
сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы 
міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады: 

 
сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кYдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктер-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(45), 2015 г. 
69 
ден жоғары білім ортасын жасау; 

 
Internet желісінде Yмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткі-
зерлік жYне кYдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс; 

 
желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру; 

 
оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау. 
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады: 

 
қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану; 

 
іштей жYне қашықтан оқыту түрлерін біріктіру; 

 
қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау [24, 386-389 б.]. 
Ақпаратты-коммуникациялық технологияны оқу-тYрбие процессiне пайдалану оның келесi педагоги-
калық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:  
-  оқушылардың  дайындық  деңгейiн,  ынтасын  жYне  қабылдау  жылдамдығын  ескеру  арқылы  жаңа 
материалды  меңгертуге  байланысты  оқытуды  ұйымдастыру  жYне  оқыту  процесiне  жаңа  ақпараттық 
технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;  
- оқытудың жаңа Yдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық iс-Yрекеттiк компью-
терлiк ойындар жYне т.б.);  
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық жYне модельдеу Yдiстерiн қолдану арқылы классикалық Yдiстер-
дi жетiлдiру;  
- жаңа ақпаратты технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды 
орта жYне мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын 
жетiлдiру.  
Қорыта  айтқанда,  ақпаратты  технологияларды  қолдану  оқушылардың  ағылшын  тілін  үйренудегі 
оңтайлы дағдыларды қалыптастыруға: іздену, қажетті ақпараттарды жинастыру жYне талдай білу, ақпарат 
көздерін  үйлесімді  пайдалану  мүмкіндіктерін  береді,  сонымен  қатар  оқушылардың  танымдық  дағдыла-
рын дамытуға (өз білімін өз бетінше құра білу дағдылары, ақпараттық кеңістікте бағдарлана білу дағдыла-
ры) оң ықпалын тигізері анық. 
 
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 
2 Титова С.В. Некоторые теоритические проблемы использования компьютерных технологий в образовании. // 
Вестник МГУ. Сер. 19. лингвистика и межкультурная коммуникация. - 2005. - №4. – с. 39-54.  
3  Информационные  технологии  обучения  языкам  //  Развитие  науки,  новых  технологий  и  проблемы  высшего 
профессионального образования за десятилетию независимости: итоги и перспективы. Материалы международ-
ной научно-технической конференции. - Алматы, 2002. - С. 46-49. 
4 Марданова Г. Құзыретті тұлға – қоғам талабы. // Республикалық ғылыми-практикалық конференция матери-
алдары  «Бaсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  инновациялық  технологиялардың  ролі  мен  маңы-
зы». - Атырау қ. 2008 ж. - б. 76-78. 
5 Проблемы дистанционного образования // Туризм в Казахстане: проблемы и перспектива. Материалы между-
народной научно-практической конференции. - Алматы, 2006. - С. 177-179.  
6 Применение инновационных технологии в процессе обучения // Мировая образовательная политика в контекс-
те  трансформации  системы  образования.  Материалы  международной  научно-практической  конференции.  - 
Алматы-М., 2006. - С. 237-240.  
7  К  вопросу  использования  информационных  технологий  при  организации  изучения  английского  языка.  //  Пути 
реализации важнейших направлений внутренней и внешней политики Казахстана в контексте задач, поставленных 
Президентом РК Н.А. Назарбаева в Послании народу Казахстана. Материалы международной научно-практиче-
ской конференции. - Алматы, 2007. – С. 386-389. 
 
Резюме 
В статье представлены основные результаты внедрения информационно-коммуникационные технологии в сфере 
образовании «живого» обучения. «Живого» обучения с обучением при помощи средств Интернета, что позволяет 
использовать  высокий  образовательный  потенциал  электронных  ресурсов  и  реализовать  современные  концепции 
преподавания  благодаря  своей  доступности,  простоте  в  использовании,  социализации,  возможности  организации 
совместной деятельности и осуществлению контроля. Совершенствование потенциальных возможностей учебного 
процесса  на  базе  средств  информационно-коммуникационных  технологий  (ИТК)  позволяет  преподавателям 
иностранного  языка  создать  интерактивную  обратную  связь,  компьютерную  визуализацию  учебного  материала, 
автоматизацию процессов поиска учебной информации. Структура и содержание обучения английскому языку по 
использованию средств информационно-коммуникационных технологий (ИТК) в целом соответствует педагогиче-
ским целям и основным направлениям подготовки обучаемых информатизации образования.  
Каталог: docs -> vestnik -> seriya ped nauki
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
seriya ped nauki -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет