Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет4/36
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

ﺪﯿﻘﻌﻟا رﻮﻣأو
 ثاﺪﺣأ ﻰﻟإ ة
ﺔﻋﺎﻨﺻو ءﺎﻀﻔﻟا وﺰﻏ تﺎﺴﺳﺆﻣ ﻦﻣو ،ةرﺎﺠﺘﻟا تﻼﻣﺎﻌﻣو ﺔﺿﺎﯾﺮﻟا  ﻰﻟإ ﺔﯿﺛارﻮﻟا ﺔﺳﺪﻨﮭﻟا ﻦﻣو ،ﺎﻘﯿﺳﻮﻤﻟا قوﺬﺗ يداﻮﻧو ﻦﻔﻟا ضرﺎﻌﻣ ﻰﻟإ حﻼﺴﻟا
فﺮﺤﻟا ﻰﻟإ ﺔﯿﻤﻠﻌﻟا تاﺮﻤﺗﺆﻤﻟا ﻦﻣو ،ﻲﻣﻼﻋﻹا ﺚﺒﻟا ﻰﻟإ ﻲﻧوﺮﺘﻜﻟﻹا ﺪﯾﺮﺒﻟا ﻦﻣو ،ﺔﯾوﺪﯿﻟا 
و ،ٍﺪﻌُﺑ ﻦﻋ ﺮﻤﺴﻟا تﺎﻘﻠﺣو ﺔﺷدرﺪﻟا ﻲھﺎﻘﻣ
 تﺎﻘﻔﺻ ﻦﻣ
تﺎﻋﺎﺠﻤﻟا ﻲﺳﺂﻣ ﻰﻟإ كرﻮﯾﻮﯿﻧ ﺔﺻرﻮﺑ  "ءادﻮﺴﻟا ةرﺎﻘﻟا ءﺎﺟرأ ﻲﻓ ﺔﺌﺑوﻷاو
.
 
      
ﻋﺎﻤﺘﺟﻻا تﻻﺎﺠﻤﻟا ﻲﻓ تﺎﺳارﺪﻟا زﺎﺠﻧإو ةﺮﺒﺨﻟا ﻢﯾﺪﻘﺗو ﻲﻤﻠﻌﻟا ﺚﺤﺒﻟا ﺮﯾﻮﻄﺗ ﻲﻓ ﺔﻤھﺎﺴﻤﻟا ﻰﻟإ ﺔﻠﺋﺎﮭﻟا ﮫﺗﺎﻧﺎﻜﻣإو ﺖﻧﺮﺘﻧﻹا ماﺪﺨﺘﺳا فﺪﮭﯾ
 ﺔﯿ
 ﺔﻠﺻ ﺎﮭﻟ ﻲﺘﻟا تﻻﺎﺠﻤﻟا ﻒﻠﺘﺨﻣ ﻲﻓ اﺬﻛو ﺔﯿﻓﺎﻘﺜﻟاو
 ﻢﯿﻈﻨﺗ ﻖﯾﺮط ﻦﻋ ﺔﻔﻠﺘﺨﻤﻟا ﺔﯿﻓﺎﻘﺜﻟاو ﺔﯿﻤﻠﻌﻟا تﻻﺎﺠﻤﻟا ﻲﻓ بﺎﺒﺸﻟا ﻦﯾﻮﻜﺗ ﻢﺘﯾ ﺚﯿﺣ ؛ ﻲﻓﺎﻘﺜﻟا ﻞﻤﻌﻟﺎﺑ
ﻼﻋ ﺰﯾﺰﻌﺗ ﻢﺛ ،ﺔﻋﻮﻨﺘﻤﻟا ﺔﯿﻓﺎﻘﺜﻟا ﺰﻛاﺮﻤﻟاو ﺔﻄﺸﻧﻷا هﺬھ ﺮﺸﻧ ﻰﻠﻋ ﻞﻤﻌﻟاو ،ﺔﯿﻤﻠﻋ تاوﺪﻧو ﺔﻋﻮﻨﺘﻣ ﻞﻤﻋ شروو ﺔﯿﻧاﺪﯿﻣ ثﺎﺤﺑأو ﺔﯿﺳارد تارود
 تﺎﻗ
ﺴﺳﺆﻤﻟاو تﺎﯿﻌﻤﺠﻟا ﻊﻣ نوﺎﻌﺘﻟاو ﺔﻛاﺮﺸﻟا
 راﻮﺤﻟاو ﺔﯿطاﺮﻘﻤﯾﺪﻟا ئدﺎﺒﻣ ﺦﯿﺳﺮﺗ ﻚﻟﺬﻛو ،ﺔﯿﺻﻮﺼﺨﻟاو ﺎﮭﻨﻣ ﺔﯿﻣﻮﻤﻌﻟا ،ﺔﯿﻟوﺪﻟاو ﺔﯿﻨطﻮﻟاو ﺔﯿﻠﺤﻤﻟا تﺎ
 .ةرﻮﻄﺘﻤﻟا ﺔﯿﺗﻮﺒﻜﻨﻌﻟا ﺔﻜﺒﺸﻟا هﺬھ ﻖﯾﺮط ﻦﻋ بﺎﺒﺸﻟا فﻮﻔﺻ ﻦﯿﺑ ﻢﯿﻘﻟا ﺔﻋﺎﺷإو 
 ﻲﺘﻟا ﻲھ ةﺪﺋﺎﺴﻟا ﺔﻓﺎﻘﺜﻟا نأ ﺎﻨﻟ ﺖﺒﺜﯾ ﺔﯿﺑﺮﻌﻟا تﺎﯿﺋﺎﻀﻔﻟاو نﻮﯾﺰﻔﻠﺘﻟا ﻰﻠﻋ ضﺮﻌُﯾ ﺎﻤﻟ ﺔﻌﯾﺮﺳ ةﺮﻈﻧ نإ
 ﺔﺿﺎﯾﺮﻟاو ﺎﻤﻨﯿﺴﻟا مﻮﺠﻧو تادﺎﯿﻘﻟﺎﺑ ﻰﻨﻌُﺗ
  ﺔﺳﺎﯿﺴﻟاو ﺮﻜﻔﻟاو  ﻦﻔﻟاو  بدﻷا  ﻲﻓ  يدﺎﯾﺮﻟا  هرود  ﻦﻋ  ﻒﻘﺜﻤﻟا  ﻲﻠﺨﺗو  ﺮﻜﻔﻟا  ﻊﺟاﺮﺘﻓ  ؛ﺔﺧﻮﺒﻄﻤﻟا  ﺞﻣاﺮﺒﻟاو  ءﺎﯾزﻷا  تﺎﺿرﺎﻋو  ةﺮﯿﺜﻤﻟا  ﻲﻧﺎﻏﻷاو
 ﻢﺛ
،ﺎﯿﻣﻼﻋإ ﺔﻣﻮﻋﺪﻤﻟا كﻼﮭﺘﺳﻻا ﺔﻓﺎﻘﺛ رﺎﺸﺘﻧا مﺎﻣأ حﺮﺴﻤﻟاو ﺔﯾاوﺮﻟاو ﺮﻌﺸﻟاو ﺪﻘﻨﻟا ﺔﯿﻤھأ ﻊﺟاﺮﺗ
 
 ﻲﻋﺎﻤﺘﺟﻻا قﺰﻤﺘﻟاو ﻲﺴﻔﻨﻟا باﺮﺘﻏﻻا ﻢﯿھﺎﻔﻣ تادﺎﺴﻓ
.ءﻲﺷ ﻞﻛ ﻲﻓ ﺔﯾدﺎﻤﻟاو ةدﺎﺤﻟا ﺔﯾدﺮﻔﻟاو 
 ﻰﻤﺴُﯾ ﺎﻤﻟ ﮫﱠﺟﻮﻤﻟاو ﺮﻓﺎﺴﻟا ﻖﯾﻮﺴﺘﻟا اﺬھ ﻦﻣ ﻚﻟذ ﻰﻠﻋ لدأ ﺲﯿﻟو ،ﺐﻠﻄﻟاو ضﺮﻌﻟا قﻮﺳ ﻲﻓ ضﺮﻌُﺗ ً ﺔﻌﻠﺳ ﺢﺒﺻأ يﺬﻟ
ا ﺔﻓﺎﻘﺜﻟا مﻮﮭﻔﻣ ﺮﯿﻐﺗ ﺪﻘﻟ
 ـﺑ
ﺮﻣﻷا  ﻦﯾﺮﻜﻔﻤﻟاو  ﻦﯿﻔﻘﺜﻤﻟا  ﻞﻌﺟ  يﺬﻟا  "بﺎھرﻹا"
 ﺎﮭﺤﻟﺎﺼﻣ  ﺐﺴﺣ  ﮫﮭﺟﻮﺗ  ﻲﺘﻟا  ﺔﯿﻜﯾﺮﻣﻷا  ﺔﯿﺟﻮﻟﻮﯾﺪﯾﻹا  ﻦﻋ  عﺎﻓﺪﻟاو  ﮫﺨﯿﺳﺮﺗ  ﻲﻓ  نﻮطﺮﺨﻨﯾ  ﻦﯿﯿﻜﯾ
.ﺎﮭﻠﻣﺎﻜﺑ بﻮﻌﺷ ةدﺎﺑإ ﺮﻣﻷا ﺐﻠﻄﺗ ﻮﻟو ،"ﺔﻘﻠﻄﻤﻟا ﺔﻟاﺪﻌﻟا" ﮫﯿﻤﺴُﺗ ﺎﻤﻟ ﺎًﻘﯿﻘﺤﺗ 
        
 وأ ﺔﯿﻔﺤﺻ ﺔﺴﺳﺆﻣ يأ ﮫﯿﻓ ﻢﻜﺤﺘﺗ ﻻ يﺬﻟا ىﻮﺘﺤﻤﻟا ﻮھو ،ﺚﯾﺪﺤﻟا لﺎﺼﺗﻻا ﻢﻟﺎﻋ ﻲﻓ ﺮﮭظ ﮫﻧأ ىﺮﻧ "ﻲﻧوﺮﺘﻜﻟﻹا بﺎﺘﻜﻟا" ﺺﺨﯾ ﺎﻤﯿﻓو
 ُﻤﻟاو ﻞِ ﺳ ْ ﺮُ ﻤﻟا ﻦﯿﺑ ﺔﻗﻼﻌﻟا طوﺮﺷ تﺮﯿﻐﺗو ﺎﮭطوﺮﺷو ﺮﺸﻨﻟا تاودأ تﺮﯿﻐﺗ ذإ ؛ﻲﻧوﺮﺘﻜﻟﻹا ﺮﺸﻨﻟا ﻢﻟﺎﻋ ﻲﻓ ةﺰھ رﻮ
ﻄﺘﻟا اﺬھ ثﺪﺣأ ﺪﻘﻓ .ﺔﯿﻣﻮﻜﺣ
 ،ﻞﺒﻘﺘﺴ

ﮫﻘﯾﺪﺼﺗ ﻦﻣ ﺮﺜﻛأ ﺎﮭﺑ ﻦﻣﺆﯾو ﺎﮭﻗﺪﺼﯾو ﻲﻣﻼﻋﻹا ﻚﻠﮭﺘﺴﻤﻟا ﺎﮭﻣﺪﺨﺘﺴﯾ ﻲﺘﻟا ﺔﻣﻮﻠﻌﻤﻟا ﻖﯾﺪﺼﺗ ﻰﻟإ نﻮﻠﯿﻤﯾ سﺎﻨﻟا نأ ﺔﯿﻠﺟ ةرﻮﺼﺑ ﻆَﺣﻼُﯾ تﺎﺑ ﻰﺘ
 
 ﻲﺘﻟا  ﻚﻠﺗ  ﻦﻣ  ﺮﺜﻛأ  ﺎھﺮﯿﻏو  "ﺮﺘﯾﻮﺗ"و  "كﻮﺑ  ﺲﯿﻔﻟا"و  "بﻮﯿﺗﻮﯿﻟا"  ﻦﻣ  ةردﺎﺼﻟا  ﺔﻣﻮﻠﻌﻤﻟا  ﻖﯾﺪﺼﺘﻓ  .ﺔﯿﻤﺳﺮﻟا  ﺔﺴﺳﺆﻤﻟا  ﻦﻣ  ةردﺎﺼﻟا  ﺔﻣﻮﻠﻌﻤﻠﻟ
و ﻲﻓ رﺪﺼﺗ
 راﺮﺿأ نﺎﯿﺑو ﻲﺗﺎﺒﻨﻟا ءﺎﻄﻐﻟا ﻰﻠﻋ ظﺎﻔﺤﻟا ﻲﻓ ﺔﺌﯿﺒﻟا ﺔﻋﺎﻤﺟ رود ﻰﻟإ ﺔﻓﺎﺿﻹﺎﺑ ﺎًﯿﻟﺎﺣ ﺔﻋﺎﺒﻄﻟا ﺔﻟﺄﺴﻣ دﺪﮭﯾ ﺎﻤﻣ ؛ﺔﯿﻤﺳﺮﻟا مﻼﻋﻹا ﻞﺋﺎﺳ
ﻻاو ﺔﻟﻮﮭﺴﻟﺎﺑ زﺎﺘﻤﯾ يﺬﻟا ﻲﻧوﺮﺘﻜﻟﻹا ﺮﺸﻨﻟا ﻮھو ﺔﻣﻮﻠﻌﻤﻟا ﻞﻘﻧ ﻲﻓ ﺪﯾﺪﺠﻟا ﻂﯿﺳﻮﻠﻟ ﮫﺟﻮﺘﻟا ﻦﻣ ﺪﯾﺰﯿﺳ يﺬﻟا ﺮﻣﻷا ،ﺔﺌﯿﺒﻟا ﻰﻠﻋ قرﻮﻟا ﺔﻋﺎﻨﺻ
 رﺎﺸﺘﻧ
ا
.ﺾﯾﺮﻌﻟ
  
  
     
تدأ ﺪﻘﻟ
 ﺔﻋﺎﺒﻄﻟا ﻰﻠﻋ دﺎﻤﺘﻋﻻا ﻦﻣ ترﻮﻄﺗ ﺚﯿﺣ ؛ﺔﻓﺮﻌﻤﻟا لواﺪﺗ قﺮط ﺮﯿﯿﻐﺗ ﻰﻟإ ةﺪﯾﺪﺠﻟا ﻞﺋﺎﺳﻮﻟا هﺬھ ﻞﻛ  ﻰﻟإ فوﺮﻌﻤﻟا ﻲﻗرﻮﻟا ﺮﺸﻨﻟاو
ﻰﻠﻋ لﻮﺼﺤﻟا ﺔﯿﻧﺎﻜﻣإ ﺮﻓﻮﯾ ﺎﻤﻣ ؛ﻲﻧوﺮﺘﻜﻟﻹا ﺮﺸﻨﻟﺎﺑ ﻞﺳﻮﺘﻟا 
ﻟإ ﺔﻓﺎﺿإ ،نﺎﻜﻤﻟاو نﺎﻣﺰﻟا ﻦﻋ ﺮﻈﻨﻟا ﺾﻐﺑ ﺔﻘﺋﺎﻓ ﺔﻋﺮﺴﺑ ﺔﺑﻮﻠﻄﻤﻟا تﺎﻣﻮﻠﻌﻤﻟا
ﺔﻟﻮﮭﺳ ﻰ
 
قﺮﻐﺘﺴﯾ نﺎﻛ ﻲﺘﻟا فرﺎﻌﻤﻟا ﻰﻟإ لﻮﺻﻮﻟا اﺪﺟ ﺰﯿﺟو ﺖﻗو ﻲﻓ ﺚﺣﺎﺒﻟا ﻊﺳو ﻲﻓ رﺎﺼﻓ ،ﺎﮭﺨﺴﻧو ﺎﮭﻌﺒط .رﻮﮭﺷ ةﺪﻣ ﺎﮭﻠﯿﺼﺤﺘﻟ ﮫﻔﻠﺳ
 
 
         
ﻲﻓﺎﻘﺜﻟا عﻮﻨﺘﻟا اﺬھ نإ
-
 
ﺔﻋﻮﻨﺘﻤﻟا ﮫﺗﺎﺴﺳﺆﻣو ﺔﻔﻠﺘﺨﻤﻟا ﮫﺗﻻﺎﺠﻤﺑ
 -
 
 ،ىﻮﻘﺘﻟاو ﺮﺒﻟا ﻰﻠﻋ نوﺎﻌﺘﻟا ﻰﻟإ ًﻻﻮﺻو فرﺎﻌﺘﻟا أﺪﺒﻤﺑ ﻚﺴﻤﺘﻟا ﻰﻟإ ﻮﻋﺪﯾ
ھ  ﻞﺻﻷا  نأ  ﻲﻨﻌﯾ  اﺬھو  .ﻞﻓﺎﻜﺘﻟاو  لﺪﻌﻟا  أﺪﺒﻣو  ةاوﺎﺴﻤﻟا  أﺪﺒﻣو  ﺔﯾﺮﺸﺒﻟا  ﻞﺻأ  ةﺪﺣو  أﺪﺒﻣو  نﺎﺴﻧﻹا  ﺔﻣاﺮﻛ  أﺪﺒﻤﺑ  ﻚﺴﻤﺘﻟا  ﻰﻟإ  ﮫﺗﻮﻋد  ﻊﻣ
 نوﺎﻌﺗ  ﻮ
تارﺎﻀﺤﻟا 
.تاﺮﯿﺨﻟا اﻮﻘﺒﺘﺴﯾ نأ ﺮﺸﺒﻟا ﻲﻨﺑ ﻰﻠﻋ ﻲﻐﺒﻨﯾو ،نﺎﺴﻧﻹا ﺢﻟﺎﺼﻟ ﻞﻤﻌﻟا ﻰﻟإ ﮫﺗارﺎﯿﺗ ﻞﻜﺑ لﻮﺻﻮﻟا ﻰﻟإ ﻮﻋﺪﻣ ﻲﻧﺎﺴﻧﻹا ﻊﻤﺘﺠﻤﻟا نأو ،ﺎﮭﻋاﺮﺻ ﻻ
 
.نﺎﺴﻧﻹا ﮫﯿﺧأ ﻰﻠﻋ نﺎﺴﻧﻹا نﺎﯿﻐط ﺮﻄﺧ ﺔﮭﺟاﻮﻣ ﻲﻓ مﺎﮭﺳﻹا نﻮﻜﯾ اﺬﻜھو  
 
1
 
ص ،ةﺮھﺎﻘﻟا ،قوﺮﺸﻟا راد ،ﻲﺑﺮﻌﻟا ﺮﻜﻔﻟا ﺪﯾﺪﺠﺗ :دﻮﻤﺤﻣ ﺐﯿﺠﻧ ﻲﻛز
11،10
.
 .2  
يﺮﺼﻤﻟا ﻊﻤﺘﺠﻤﻠﻟ ﻞﻣﺎﺸﻟا ﻲﻋﺎﻤﺘﺟﻻا ﺢﺴﻤﻟا
 
1952
 -
1980
 رﺪﺑ :فاﺮﺷإ ،
ﺞﻣ ،ﺔﯿﺋﺎﻨﺠﻟاو ﺔﯿﻋﺎﻤﺘﺟﻻا ثﻮﺤﺒﻠﻟ ﻲﻣﻮﻘﻟا ﺰﻛﺮﻤﻟا ،(بادﻵاو نﻮﻨﻔﻟا) يزﺎﻏﻮﺑأ ﻦﯾﺪﻟا
14
 ،
1405
=ـھ
1985
ص ،م
10
.
 
 .3 
 
 :ﺮﻈﻧا
ﻲﻋﺎﻤﺘﺟﻻا ﺢﺴﻤﻟا
 
يﺮﺼﻤﻟا ﻊﻤﺘﺠﻤﻠﻟ ﻞﻣﺎﺸﻟا
 
1952
 -
1980
ص ،(بادﻵاو نﻮﻨﻔﻟا) يزﺎﻏﻮﺑأ ﻦﯾﺪﻟا رﺪﺑ :فاﺮﺷإ ،
28،27
  
. 4
 
 
تﺎﻣﻮﻠﻌﻤﻟا ﺮﺼﻋو ﺔﯿﺑﺮﻌﻟا ﺔﻓﺎﻘﺜﻟا : ﻲﻠﻋ ﻞﯿﺒﻧ
،
 
 دﺪﻌﻟا ،ﺖﯾﻮﻜﻟا ،بادﻵاو نﻮﻨﻔﻟاو ﺔﻓﺎﻘﺜﻠﻟ ﻲﻨطﻮﻟا ﺲﻠﺠﻤﻟا ،ﺔﻓﺮﻌﻤﻟا ﻢﻟﺎﻋ ﺔﻠﺴﻠﺳ
265
 
 ﺮﯾﺎﻨﯾ ،
2001
،
 
ص
93
 

94
.
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
18 
Резюме 
В данной  статье рассматриваются  понятие  слово «культура» в арабских странах. Термин "культура" принадле-
жит  египетскому  основоположнику,  мыслителю  Салама  Мусе.  Развитие  арабской  культуры  –  это  более  чем  два 
тысячелетия письменности и  культуры, а также быт, начиная с древних времён, включая  современную эпоху. Для 
полной осведомлённости, приводятся примеры и мнения учёных-мыслителей арабских стран. 
 
Summary 
This  article  considers  the  meaning  of  the  “culture”  in  Arabic  countries.  The  term  “culture”  belongs  to  the  Egyptian 
founder and thinker Salam Musse. The development of the Arabic culture is more than two thousand years of literature and 
culture, and also way of life from ancient times including the modern era. Examples and opinions of the scientists and thinkers 
of the Arabic countries are given for a complete awareness. 
 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
К.МБеркимбаев – п.ғ.д., проф., 
Б.ҚМухамеджанов – п.ғ.д., проф., Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық 
қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы 
 
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің санатына қосылуы жағда-
йында  қазақ  халқының  тарихи  қалыптасқан  дәстүрлі  педагогикалық  мәдениетін,  ұлттық  рухани-мәдени 
мұраларын, ұрпақ тәрбиесіндегі  озық дәстүрлерін  бүгінгі  қоғам талабына сай ғылыми тұрғыда зерделеу 
көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н.Ә. Назарбаевтың [1]:  «Қазақстанның бірегей 
халықтарының  ұлтаралық  және  мәдениетаралық  ынтымағы  мен  жетілуін  қамтамасыз  ете  отырып,  қазақ 
халқының  көп  ғасырлық  дәстүрлерін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтаймыз  және  дамыта  түсеміз»  деген 
Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауынан  да,  «жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде, 
жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу»  қажет деген Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңының жетекші міндеттерінен де байқауға болады.  
Ұлттық  рухани  мәдениеттің  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  соның  ішінде  болашақ  мұғалімдердің 
тұлғалық рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда пайдасы зор. Олай дейтініміз, бүгінгі ұрпақ-
тың ұлттық мәдени мұраға деген аялы көзқарасы мен осы саладан білім, білік деңгейінің дұрыс қалыпта-
суы  мұғалімнің  кәсіби-этнопедагогикалық  мәдениетіне,  осы  бағытта  меңгерген  тарихи-теориялық, 
практикалық,  білім,  іскерлік,  дағды  деңгейіне  байланысты  айқындалады.  Нәтижесінде  бұның  бәрі  білім 
берудің  ұлттық  моделін  дамытудың  озық  дәстүрлерін  кешенді  тарихи,  теориялық  және  практикалық 
тұрғыда зерттеуге бағыттайды. 
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасалған талдау, бұл проблеманың ешқашанда өзінің көкейкесті-
лігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я.А. Коменский, И.Г. Песталоции, 
Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Ы.Алтынсарин және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі 
құралдарының  педагогикалық  тиімділігін  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеп,  негіздеген.  Олардың  идеяларын 
кеңес  педагогикасының  өкілдері  де  (А.С.  Макаренко,  С.Т.  Шацкий,  Л.Н.  Толстой,  В.А.  Сухомлинский 
және т.б.) қазақ ағартушылары мен қоғам қайраткерлері де (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.) өз еңбектерінде ұтымды пайдаланған.  
Қазақ  халық  педагогикасында  білім  берудің  ұлттық  моделін  дамыту  мен  дәстүрлі  педагогикалық 
мәдениетін түрлі қырынан және этнопедагогика ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыс-
тары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагоги-
каның  теориялық-әдіснамалық  негіздерін,  идеялық  мәнін,  мазмұнын  (Г.Н.  Волков,  А.И.  Ханбиков,      
Я.Ф.  Хинтибидзе,  Ю.А.  Рудь,  А.Э.  Измайлов,  Л.Христова,  Қ.Б.  Жарықбаев,  С.Қ.  Қалиев,                        
К.Ж. Қожахметова, Ш.И. Джанзакова және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-
педагогтардың  халық  педагогикасына  көзқарасын,  құнды  педагогикалық  идеяларын  (К.Шаймерденова, 
А.Кубесов, А.Кыдыршаев, Т.Әлсатов, И.Халитова, А.Асаубаева және т.б.) талдайды.  
Ал  енді  бірі  зерттеу  мақсаттарына  қарай  халық  педагогикасы  мен  этнопедагогикадағы  тәрбиенің 
мүмкіндіктеріне  тәрбие  бағыттарына  (адамгершілік,  эстетикалық,  музыкалық-эстетикалық,  еңбек,  музы-
калық,  патриоттық  және  т.б.)  (С.Ұзақбаева,  Т.Қышқашбаев,  Р.Төлеубекова,  Ұ.Асанова,  Қ.Шалғынбаева, 
Р.Жанабаева, Ұ.Әбдіғапбарова, және т.б.) тоқталады.  
И.Шоров,  Х.Пирлиев,  Л.Манонов,  Г.Убайдуллаев,  Р.Дүйсембінова,  А.Магауова,  Б.Мұқанова, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
19 
Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова, Қ.Бөлеев және т.б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесін-
де пайдаланудың тиімді педагогикалық шарттарын қарастырады. 
Бірқатар  ғалымдар  халық  педагогикасындағы  қыздардың  адамгершілік  және  моральдық-этикалық 
тәрбие  беру  мәселесіне  (Я.Рахманова,  А.Е.  Дайрабаева,  Ж.Т. Сарыбекова,  Ұ.Ә.  Есім,  Г.Алдамбергенова 
және  т.б.),  жас  ұрпаққа  адамгершілік-жыныстық  тәрбие  беру,  отбасы  өміріне  дайындау  мәселесіне  мән 
берсе  (Ж.Сәкенов,  А.Қисымова,  А.Аманжолова),  Ж.Наурызбай,  Б.Қайырова,  Ш.Мұхтарова  және  т.б. 
қазақ халқының этномәдениетін оқушыларға меңгерту жолдарын іздестіреді.  
Әлемдік деңгейде білім берудің ұлттық моделін дамыту мен дәстүрлі педагогикалық мәдениетті түрлі 
қырынан зерттеген еңбектер де баршылық (Б.А. Кадыров, А.Л. Бугаева, Х.Х-М. Батчаева, В.Г. Закирова, 
С.А.  Возняк  және  т.б.).  Олар  зерттеу  пәніне  қарай  қарастырып  отырған  халықтың  (өзбек,  сібір,  татар, 
кавказ  халықтары)  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасын  тауып  келе  жатқан  бала 
тәрбиесі жөніндегі тәжірибесінің жиынтығын құрайтын халықтық педагогика – жалпы халықтық мәдени-
еттің бір  саласы, дәстүрлі педагогикалық мәдениетті тұтас жүйе ретінде  қарастырып, халықтың тарихи-
этникалық  қалыптасу  барысында  жинақтаған  мәдени  мұралары  мен  дәстүрлі  тәрбие  құралдарына,  әдіс-
тәсілдеріне мазмұндық сипаттама береді [2].  
Сонымен қатар ғылыми ізденістері білім берудің ұлттық моделін дамыту мен ұлттық мектеп, этномә-
дени білім беру қағидаларының тұжырымдалануы (Ж.Наурызбай), қазақ этнопедагогикасындағы бала жа-
сына қарай кезеңге бөліп тәрбие беру мәселелері бойынша білім стандарттарының, оқу бағдарламалары-
ның, оқу құралдарының жасалуы, этнопедагогиканың ғылыми және практикалық мәселелеріне арналған 
халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық (Алматы, Атырау, Қызылорда т.б.) конфе-
ренциялардың жинақтарындағы көп қырлы идеялардың жүйеленуі зерттеу нәтижелерін нақтылайды.  
Осы  уақытқа  дейін  білім  берудің  ұлттық  моделін  дамыту  проблемасында  ғылыми  пәні  қалыптасқан 
ғылым  саласында  оқу  пәнін  жасаудың  әдіснамасы  мен  әдістемесі  жеткілікті  денгейде  нақтыланбаған. 
Сондықтан  көп  жағдайда  оқу  пәні  ғылыми  пәннің  тікелей  көшірмесі,  немесе  оның  қысқартылған  түрі 
ретінде ұсынылады. Бұл жәйт өз кезегінде оқу пәнінің толыққанды құрылуына нұқсан келтіреді.  
Жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдау қарастырып отырған пробле-
маның  бұрын-соңды  мақсатты  түрде  педагогика  ғылымында,  соның  ішінде  республика  көлемінде  аз 
зерттелгенін дәлелдейді. 
Қазақ  халқы  өзінің  өсіп-өркендеуі  барысында  қоғамдық  өмірдің  жағдайында,  этногенездік  дамуына 
қарай сан-алуан күрделі тарихи жолды өз басынан өткерген болатын. Бүгінде халықтың шынайы тарихи 
бейнесін  айқындауда  зерттеуші  ғалымдардың  таңдауына  байланысты  этномәдени,  этносаяси,  этнолинг-
вистикалық ықпал етуші факторлардың көптігі, қазақ халқының тарихи қалыптасуының түрлі кезеңдері-
нің  ажыратылуы,  оның  тарихын  танып  білуде,  қайта  жасаудағы  көптеген  түрлі  тұжырымдамалық 
қатынастардың болуы ғылыми зерттеулер мүмкіндіктерінің аясын барынша кеңейте түсуде.         
 
Кеңес дәуірінде ресми тарихнамада қалыптасып, орныққан әдіснамалық тұжырымдамалық қағидалар 
бойынша  тарихи-педагогикалық  зерттеулерде  нақты  бір  халықтың  мемлекеттік  тарихына  байланысты 
әлеуметтік-экономикалық,  саяси  құбылыстарға  ғана  басым  көңіл  бөлінген,  ал  ол  халықтың  рухани-
мәдени тұрғыда қалыптасу жағдайына және білім берудің ұлттық моделін дамытуға аса мән берілмеген.        
Біз  осының  бәрін  ескере  отырып  философия,  тарих,  педагогика  ғылымы  саласында  жарық  көрген 
зерттеулерге  талдау  бере  отырып,  білім  берудің  ұлттық  моделін  дамыту  мен  тарихи  даму  кезеңдерін 
анықтап көрсетуге талпындық.  
Ғалымдардың өздерінің зерттеу объектісіне қарай берген кезеңдерін жүйеге келтіреміз (қазақ тарихы-
ның  кезеңдері  (М.Қозыбайтегі),  қазақ  мәдениетінің  қалыптасу  кезеңдері  (Х.Маданов),  қазақ  тарихының 
дамып,  қалыптасу  кезеңдері  (А.Қ.  Ақышев,  М.К.  Асылбеков,  М.Байпақов,  Ж.Қ.  Қасымбеков  және  т.б.), 
қазақтың  халықтық  педагогикасының  даму  кезеңдері  (С.Қ.  Қалиев).  Олардың  ұсынған  деректемелерін 
негізге ала отырып, әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама береміз.  
Қазаққа  негіз  болған  түркі  тектес  рулар  тарихынан сыр  шертетін  ауыз әдебиеті  нұсқалары  батырлар 
жыры,  ғашықтық  жырлардың  халық  арманы,  тілегімен  ұштасқан  кейіпкерлердің  рухани-адамгершілік 
қадір-қасиеттері, асқан ақылдылығы өзінің тәрбиелік мәнінің тереңдігімен білім берудің ұлттық моделін-
де  және  ұлттық  рухани  мәдениетінен  өз  орнын  алды.  Бұл  кезеңдегі  білім  берудің  ұлттық  моделінде 
гумманизмге  негізделген  көзқарастардың  пайда  болуы,  өмірдегі  мейірімділік  пен  зұлымдылықтың  бір-
біріне қарсы күресі айқын көрініс тапқан қоғамдық сананың қалыптасуы тән.  
Қазақ халқының өмірі мен білім берудің ұлттық нысанында және мәдениетінде айтарлықтай өзгеріс-
тер болды. Ол дәстүрлі ұлттық мәдениеттің гумандық белгісін сақтай отырып, дамытты.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
20 
Қазақ отбасын тәрбие кеңістігі ретінде зерттеу онда ғасырлар бойы патриархалды-тектік өмір салтына 
қарай баланың дүниеге келуімен оның тәрбиесіне, жас ұрпақты өмірге дайындауға байланысты көптеген 
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың бүгінге дейін сақталып келгендігіне көз жеткізді. 
Қазақтардың  ұлттық  тәрбие  жүйесі  өзінің  негізінде  мыңдаған  жылдар  бойы  сақтала  отырып,  қазақ 
халқының  қажырлы  еңбегінің  ықпалымен  және  оның  әлеуметтік-экономикалық  жағдайымен,  ұлттық 
дүниетанымдық  сана-сезімімен  толықтырыла  отырып,  басқа  халықтардың  ұлттық  мәдениетімен,  білім 
беру жүйесімен, ғылымымен өзара ықпалдаса отырып дамиды.  
Қазақ  халқы  өзінің  сан  ғасырлар  бойы  өзіндік  білім  берудің  ұлттық  бейнесін  және  мәдениетін 
анықтайтын  рухани  құндылықтарын  жинақтап,  олардың  шашауын  шығармай  сақтай  білді.  Қазақтарға 
өзіндік  генотип,  өзіндік  биологиялық,  әлеуметтік  байланыстар  және  жер  бетінде  нақты  анықталған 
орнының болуымен қатар, кеңістік пен уақыт аралығын түсіну тән. Бұндай байланыс пен өзара тәуелсіз-
діксіз бірде бір халықтың тіршілік  етуін көзге  елестету де мүмкін  емес. Осындай байланыстар болмаған 
жағдайда кеңістіктен халық мүлдем жойылып, оның бүкіл дүниемен байланысы үзілер еді. Демек, этнота-
биғи орта – кез келген этнос тіршілігінің кепілі, оның өзіне ғана тән айрықша білім берудің мен мәдение-
тінің, әсіресе, ұлттық мәдениетінің негізі болып табылады.  
Көптеген өзге халықтардағы секілді қазақ халқында да әлем бейнесін этникалық тұрғыдан тану балаға 
ерте жастан бастап арнайы ұйымдастырылған білім мен тәрбие беру жүйелерінсіз-ақ, күнделікті қарапай-
ым  тіршілік  барысында  меңгертіледі.  Ұлттық  дүние  танымның  меңгертілуі  түрлі  жағдайларда,  түрлі 
деңгейлерде ересектер мен балалар арасындағы өзара әрекеттер мен қарым-қатынастар барысында жүзеге 
асып отырады. Сан алуан қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесін, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді меңге-
ру, оларды жеке адамның тәжірибесіне айналдырып, күнделікті өмірде  қолдануға дағдыландыру ұлттық 
тәрбие мен білім берудің ұлттық жүйесі арқылы жүзеге асады.  
Мұндай  жүйе  үнемі  әрбір  жаңа  ұрпақ  бойында  өзіндік  психикалық  ерекшелікті  жасауға  негізделген 
халық  тіршілігінің  қызығушылығына  сай  болады.  Ұлттық  психология  уақыт  өзгерістерінің  ықпалына 
қарамастан  өз  табиғи  қалпын  сақтап,  аға  ұрпақтан  кейінгі  жас  ұрпаққа  өз жалғасымен  беріліп  отырады. 
Ұлттық мәдениетте көрініс тапқан (халық әндерінде, билерінде, музыкасында, фольклорда, дәстүрлерде, 
әдет-ғұрыптарда және т.б.) және құндылықтар мен құндылықтар бағдарын, қажеттіліктер мен қызығушы-
лықтарды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, қазақ халқына ғана тән нақты мінез-құлық үлгілері мен норма-
ларды,  этникалық  қоғамның  өзіндік  психикасы,  оның  мінез-құлқы  (ұлттық  менталитеті)  және  ұлттық 
санасы мен өзіндік санасы анықтайды.   
Қазақ халқында білім берудің ұлттық моделі мен мәдениетін зерттеу оның тұрақтылығы мен өміршең-
дігі көбінесе барлық этникалық топтар үшін мінез-құлық ережесінің бірегейлігімен, тарихи ескерткіштер-
дің және өмірге көзқарастың ұқсастығымен айқындалатынын көрсетеді. Білім беру мен мәдениеттің осы 
бір кіріктіруші және тұрақтандырушы салаларының қызметін қолдауға ұлттық халық педагогикасындағы 
іс-әрекеті бағытталады. Бұл мөлшерден жаңылу дәстүрлі мәдениеттің бұзылуына, этникалық сана-сезім-
нің  төмендеуіне,  өзінің  этникалық  негізін  түсіне  білмеушілікке  әкеліп  соғады.  Қазақтардың  этникалық 
санасыдүниетанымы дәстүрлі тәрбие жүйесінің жұмыс істеуінен, жеке сана-сезім мен этникалық сана-
сезімнің,  ұлттық  тәрбие  пен  дәстүрлі  педагогиканың  өзара  тығыз  байланысынан  қалыптасқан.  Нақ  осы 
құбылыстардың өзара байланысы нәтижесінде қазақ халқы өзінің тіршілігін жалғастырып, этникалық бет-
бейнесін, ұлттық абырой-намысын сақтап қалды.  
Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір 
сүрген  ұлы  ойшылдар  мен  жыршы-жыраулардың,  ағартушы-қоғам  қайраткерлерінің  шығармашылық 
еңбектерінде  көрініс  алады.  Егер  Әл-Фараби  қоғам  дамуының,  әлеуметтік  өмірдің,  этикалық  көзқарас-
қасиеттердің  көптеген  мәселелеріне  тоқталып,  мәртебелі  мемлекеттің  болуы,  ондағы  халықтың  бақыты, 
бай,  алаңсыз  өмір  сүруі  ел  басшысына  байланысты,  жан-жақты  білімі  бар,  әділ,  инабатты,  мейірімді, 
жақсылыққа  жаны  құмар,  жамандықтан  жаны  жиренетін,  жұртымен  санаса  білетін  адам  ел  басқарса, 
халықтың  қадір-қасиеті  артады,  хал  жағдайы  жақсы  болып,  көсегесі  көгереді  деп  ой  түйіндесе,  Жүсіп 
Баласағұн  өзінің  «Құтты  білік»  дастанында  қарапайым  халықтан  бастап,  түрлі  дәрежедегі  әлеуметтік 
топтардың,  түрлі  кәсіп  иелерінің  мінез-құлық  нормаларының,  қоғамда  алатын  орындарының  қандай 
болуы керектігіне тоқталады.   
Аузы дуалы жыршы-жыраулар мен шешен-билері болса (Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, 
Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал, Әнет және т.б.) елге басшылық етіп, ақыл-кеңесші болумен 
бірге,  өз  шығармаларында  сол  дәуірдегі  халықтың  ауыр  тұрмыс  жағдайын,  ел  мұңын,  азаттық  үшін 
болған  қанды  майдан  көрінісін,  ерлердің  ерлігі  мен  қаһармандығын,  тарих  шындығын  өз  жырларына 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
21 
қосты. Халықты өнегелі сөздерімен, жыр толғауларымен ынтымағы жарасқан ел болуға, береке-бірлікке 
шақырып, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға ықпал етті. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар 
айтып, ел ұйытқысына айналды. 
Халық педагогикасы мен қазақ даласы  ойшылдарының даналық ойларынан нәр алған ғұлама ағарту-
шы Шоқан, Ыбырай, Абай да өз еңбектерінде олардың идеяларын әрі қарай ұтымды, сабақтастыра білді.  
Шоқан  өзі  жинаған  ауызекі  шығармашылығы  арқылы  халықтың  арман-тілегін,  тұрмыс-қарекетін, 
көзқарасын,  дүниетанымын  баяндады,  халық  арасында  ұмытылып  бара  жатқан  мәдени  дәстүрлерге 
(поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер т.б.) көңіл аударып, оны халықтың бала тәрбиесіндегі 
жетекші құралы деп білді.  
Оның «Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың  естіп алып, жазып қалдырған аңыздары 
азды-көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір шала-пұла, қисынсыз аңыз-әңгімелердің өзінің негізінде 
оқиға мен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында... тарихи мән болуы 
шүбәсіз,  ...қазақтар  поэзиясы  өте-мөте  қызықты  және  көңіл  аударатын  көптеген  жақтары  бар»,  –  деген 
пікірінің өзі-ақ халық шығармашылығының болашағына деген сенімін көрсетеді. Оның бұл пікірі шығар-
маларының  ұзына  бойына  арқау  болып  отырады.  Шығармаларының  басты  мақсаты  –  халықтың  өмір 
жайлы  ой-арманын,  тілегін  көрсету,  ұмытылып  бара  жатқан  салт-дәстүрлерге  көңіл  аудару,  оны  халық 
тәрбиесінің құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланғанын және оның болашақ ұрпақтар тәрбиесіне де қажет 
екенін ескерту болды [3].   
Ы.Алтынсарин де өзінің шығармашылығы мен ағартушылық қызметінде халықтық принципті ұстан-
ды, оқу-тәрбие процесінде халықтың ауызекі шығармашылығын (мақал-мәтелдер,  ертегілер, жұмбақтар, 
жаңылтпаштар, эпос т.б.) ән-күйлерін, ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, қол өнерді пайдаланды [4].  
Әсіресе  халықтың  шешендік  сөз  өнеріне  аса  мән  берді.  Ата-бабалардың  ежелден  тіл,  сөз,  сөйлеу 
мәдениетіне  ерекше  көңіл  бөлгенін  ескерте  отырып,  балаларды  осы  өнерді  қадірлеуге,  түсіне  білуге 
үйретті, тұжырымды нақты, көркем, бейнелі сөйлеуге машықтандырды.  
Халық қайнарынан бастау алған ұлы Абай да тағылымды даналық ой-пікірлерді өзінің поэмалары мен 
қара сөздеріне арқау ете білді. Мақалдарды халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыста қарас-
тыра отырып, қоғамдық мәні тұрғысынан бағалап, өзінің қазақ тарихына, этикасына, дініне, дүниетаны-
мына  деген  көзқарасына  сәйкес  талдаған.  Яғни,  адамгершілік,  ынтымақтастық,  татулық,  әділдік,  еңбек-
шілдік, адалдық, талапкерлік, талаптанушылық, ел тарихы мәселелеріне аса мән берген [5].  
Халық  даналығы  мен  осындай  сабақтастықта  берілетін  демократиялық  идеялар  қоғам  қайраткерлері, 
«Алаштың»  ардақты  азаматтарының  шығармашылығында  да  кең  өріс  алады.  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл» 
деп ұғынған азаматтар қазақ тілінің, сөз өнерінің рухани күш, қуатын таныту жолында халық ауыз әдеби-
етіне  жүгінеді.  Халық  ішінде  кең  тараған  өнер  түрлерін  сөз  ете  келе,  мәселен  Ахмет  Байтұрсынұлы
«Өнердің  ең  алды  –  сөз  өнері  деп  саналады.  ...Қандай  сәулетті  сарайлар  болсын,  қандай  сымбатты  я 
кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын – сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға 
болады.  Бұл  өзге  өнердің  қолынан  келмейді»,  –  деп  туған  тілдің  табиғи  ерекшелігін  ғылыми  тұрғыда 
негіздеп,  жан-жақты  түсінік  береді.  Сөз  өнері  мен  тілдің  сауаттылығы  адамның  психологиялық  дамуы-
мен, адам санасының үш негізімен яки, ақыл, қиял, көңілмен байланысты деп ой тұжырымдайды. Сөйтіп 
кейінгі жастарға туған тілдің табиғи өзіндік ерекшелігін айқындап, танытуды, аталы сөздің құдірет күшін 
жеткізуді, ұлттық мәдени, рухани күштің осы халық тілінде екендігін санаға ұялатуды мақсат тұтады [6]. 
Ал Мағжан Жұмабайұлы болса:  «Тілсіз ұлт тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ 
емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы 
ұлттың  құри  бастағанын  көрсетеді.  Ұлтқа  тілінен  қымбат  нәрсе  болмасқа  тиісті.  Бір  ұлттың  тілінде  сол 
ұлттың  жері,  тарихы,  тұрмысы,  мінезі  айнадай  ашық  көрініп  тұрады»,  –  деп  ұлттық  тілдің  мән-мағына-
сын, құдыретін баса түсіндіреді [7].  
Жоғарыда  айтылғанның  бәрі  ұлы  ойшылдар  мен  жыршы-жыраулардың,  ағартушылар  мен  қоғам 
қайраткерлерінің халықтың ұлттық тәлім тәрбиесін аса жоғары бағалағанын, оның мүмкіндіктерін, мәндік 
мағынасын жетік түсініп меңгергенін көрсетеді.  
Тарихи  қалыптасқан  дәстүрлер  қоғамда  орныққан  еңбек  адамгершілік,  эстетикалық,  діни  және  т.б. 
қатынастарды  жаңа  ұрпаққа  жеткізудің  формасы.  Олар  халық  шығармашылығында,  салттарда,  әдет-
ғұрыптарда, ұлттық этикетте, түрлі бейнелерде және т.б. көрініс алады. 
Табиғатынан балажан қазақ халқы жан-жақты жетілген ұрпақ тұлғасын қалыптастыру мақсатына түрлі 
тәрбие  міндеттірін  қоя  отырып,  оған  табиғи  байланыста,  уақыт  пен  кеңістік  ішінде  ұйымдастырылған 
кешенді тәрбие жүйесі арқылы жетуге талпынады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
22 
«Атаның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол!»  –  деген  қағиданы  басшылыққа  ала  отырып,  жаңадан 
өмір мәнін түсіне бастаған баласына деген шексіз сүйіспеншілікке толы махабаттымен, балажандылығы-
мен  қатар,  қатаң  тәрбие  талабын  қоя  бастайды.  Бұл  жердегі  халық  ұғымындағы  балаға  айтылатан  ең 
алдымен «Адам бол!», «Арлы бол!», «Әдепті бол!» – деген талаптардың мәні ең алдымен қоғамдық белгі-
лі әдеп негіздері мен жағымды мораль категорияларын жете меңгеру, халық санасынан берік орын алған 
«тек», «тектілік» және адам жаны тазалығының көрсеткіштері: «ар», «ұят», «намыс», «абырой» түсінік-
терін  бағалап,  қастерлей  білу  және  туған  ел,  жер,  ата-ана,  отбасы  алдындағы  азаматтық  борышы  мен 
міндетін ұғыну, орындау барлық қазақ баласына (ұл, қызға) ортақ басты талап болып табылады. Бұны ха-
лықтың «Ата-анаңды сыйласаң – көп жасарсың, сыйламасаң – жан қинарсың», «Ата – асқар тау, ана – 
бауырындағы бұлақ бала – жағасындағы құрақ» – деген аталы сөз иірімдерінен де, қасиетті хадис сөзде-
рінен көрініс тапқан «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, сонан соң Отанына жақсылық жаса» 
деген пайымдау сөздерінен де ең жоғары адамгершілік асыл қасиетті көруге болады. 
Бұдан  ұлттық  білім  берудегі  қазақ  халқының  бала  тәрбиесінің  басты  ұстанымы  –  адам  бойындағы 
адамилықты тәрбиелеу болғанын байқау қиын емес. 
Аталы  сөзге  тоқтап,  мән  берген  халық  ұрпағын  қашанда  ең  алдымен  жақсы  адам  етіп  тәрбиелеуде 
қасиетті ана тілінің құдіретіне сүйеніп, бар күш-жігерін жұмсайды. «Әдепті бала өсірсең ауылдың абыро-
йы»,  –  деген  қағидалы  ойды  ұстанған  ата-бабаларымыз  бала  тәрбиесі  ең  алдымен  ата-анаға,  қала  берді 
бүкіл ауыл-аймаққа қатаң сын  деп түсінеді. Ал халықтың «Ақылды дана жоқ жерде, тәрбиелі бала жоқ» 
деген тұжырымынан тәрбиені ұйымдастырып, жүзеге асырудағы тәрбиеленушіден бұрын тәрбиеші тұлға-
сына  жете  мән  бергендігі  айқын  аңғарылады.  Мұндай  тәрбиелік  талаптар  жүйесін  халықтың  өзіндік 
болмысына тән ұлттық тәлім-тәрбиенің айқын көрінісі. 
Тәрбие  –  халықтың  сан  ғасырлар  бойы  жинақтап,  оның  бай  тәжірибесінің  інжу-маржандары  болған-
дықтан,  ұлттық  тәрбиені  мектеп  өміріне  ендірудің  мотивациялық  шарттарына  төмендегі  идеялар 
жиынтығын аламыз. 
Ахмет Байтұрсынов тәрбие жөнінде өз ойын тұжырымдайды:  «Әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы 
сақталуы, қазақты басқа дінге аударамыз деу құр әурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан 
да айыру болмайтын жұмыс» [8]. 
Міржақып  Дулатов  тәрбие  мәселесі  жайлы  өз  пікірін  қалдырған:  «Жас  өркендерді  жерге  шырылдап 
түскен  кезден  есейіп,  есі  кіріп  болғанға  дейінгі  аралықта  ана  тілінің  уызына  жарытып  қана  қоймай, 
олардың ұлттық рухпен, дәстүр, салт, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аудару». 
Отанды сүю, өз халқын құрметтеп, оған адал болу, Отанды қорғауға әзір тұру, халықтар арасындағы 
достықты нығайту, бейбітшілікті сүю, ел үшін жанын пида ету, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптас-
тыру,  ұлтаралық  татулық  пен  келісімді  нығайтуға  ықпал  ету,  әрбір  оқушының  бойына  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтардың  үздік  үлгілерін  үйлестіре  дарыту,  гуманистік,  барлық  адамдарға 
деген сүйіспеншшік сезімдерін тәрбиелеу, т.с.с. ұлттық тәлім-тәрбиесінің өзекті арқауы болып табылады. 
Қазақ  халқының  түсінігінде  жетілген  адам  тұлғасына  тән  ең  басты  сапаның  бірі  –  ақыл.  Ақыл, 
ақылдылық  –  тұлға  мен  қоғамның  ақыл-ой  мәдениетінің  жалпы  көрсеткіші,  ақылға  негізделген  адам 
ойының  қағидалары,  іскерлік,  дағдысы  деген  оймен  халық  өз  ұрпағының  ең  алдымен  ақылды,  саналы 
адам болуын армандап, ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берген. Тіпті аталарымыз баласы дүниеге келмей 
тұрып ақ, «Құдайым бала бер, бала берсең сана бер. Сана бермесең, ала бер» деп тілеген екен. Адамның 
өмірге  деген  дайындығы  қазақ  халқында  біріншіден  ақылдың  дамуына  байланысты  деп  ұғынылған. 
Халықтың  бұл  игі-тілегі  халықтың  ауызекі  шығармашылығында  да  (ертегілер,  эпостар  және  т.б.),  ұлы 
ойшылдардың да шығармашылығында өзінің сабақтастығын тапқан. Мәселен, Абай ұғымындағы «толық 
адам»  ол  –  мейірім,  әділет,  шапағат,  ар-ұят  ұялаған  жылы  жүректі  жан  және  бұл  адам  жылы  жүрек 
жетекші  болған  нұрлы  ақыл  мен  ыстық  қайраттың  иесі.  Абайдың  бұл  адамы  –  әрекеттің  иесі,  терең 
ақылдың иесі. Ақын өз идеалы болған осы  «толық адамында» – жүректі  ең жоғары сатыға қоя  отырып, 
«жүректің ақыл суаты», – деген тұжырымға келеді [9]. 
Өзінің он бесінші сөзінде ақылды кісі мен ақылсыз кісінің өзіндік ерекшелігіне тоқталып, өз тыңдау-
шысына бірде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында 
бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» деп кеңес берсе, енді бірде: «Адам баласы адам баласы-
нан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады... Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, 
жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ой қорытындылайды. 
Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесін жоғары білім беру жүйесіне ендіруде белгіленген жұмыстар-
ды оңтайлы жүргізу қажет. Нақтырақ айтсақ, теориялық-зерттеушілік және ғылыми-практикалық тұрғы-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
23 
дағы өзара байланысты міндеттер кешенін біраз мерзімнің ішінде мазмұнды шешу мүмкіндігі туындайды. 
Бұл арнайы назар аударуды қажет ететін өзекті, әрі көкейкесті проблема. 
Қазақ  халқының  ұлттық  тәлім-тәрбиесінің  негізін  құрайтын  халық  педагогикасының  тарихи  мазмұ-
нын, мәнін, ерекшелігін жете меңгеру  бүгінгі таңдағы жастар үшін аса  маңызды. Олай дейтініміз қазақ 
халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінен көрініс алған халық дүниетанымын, қазақ отбасы тәрбиесінің мазмұ-
нын,  ұлттық  әдеп  негіздерін  халықтың  арман-тілегін,  ой-тұжырымын  қазіргі  заман  жастарының  бәрі 
бірдей  түсіне  бермеуі  анық.  Олардың  тек  ұлттық  тәлім-тәрбие  жөнінде,  халық  педагогикасы  жайында 
жалпы түсінігі болып қана қоймай, оның қалыптасып даму тарихы, мазмұны, мәндік  ерекшелігі, заңды-
лықтары  мен  ұстанымдары,  әдістері  туралы  білімдерді  терең  меңгергенде  және  педагогикалық  үдерісте 
пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы ұлттық рухани мұраға, халықтың тәлім-тәрбие  даналығына деген 
аялы  көзқарастары  мен  сезім-сүйіспеншілігі  арта  түседі.  Сондай-ақ  рухани  дүниесі  кеңейіп,  ұлттық 
мәдениетіне  қатысты  қарым-қатынасы  қалыптасып,  туған  елін,  жерін,  тілін  бағалайтын  саналы  азамат 
болып қалыптасады. 
Қорытындылай келе, зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамту мүм-
кін емес. Келешекте білімгерлердің ұлттық рухани санасы мен білім берудің ұлттық моделін дамытудың 
ғылыми-практикалық негіздерін және т.б. проблемаларды арнайы зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз. 
 
1. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары. www.akorda.kz. 
2. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Оқу құралы. - Алматы: Дарын, 2006, - 480 б.  
3. Пірәлиев С., Керімов Л. Таным және студент. - Алматы: Санат, 2007, - 208 б. 
4.  Сыдықов  Ә.  Ыбырай  Алтынсаринның  педагогикалық  идеялары  мен  ағартушылық  қызметі.  -  Алматы: 
Мектеп, 1968. - 148 б. 
5.  Құнанбаев  А.  Шығармаларының  жинағы:  бірінші  том  –  өлеңдер  мен  аудармалар.  -  Алматы:  Жазушы, 
2005, - 296 б. 
6.  Байтұрсынов  А.  Ақжол:  Өлеңдер  мен  тәржімелер,  пуб.мақалалар,әдеби  зерттеулер.  Құрастырған   
Нұрғалиев Ы. - Алматы: Жалын, 1991,  - 460 б. 
7. Жұмабаев М. Педагогика, - Алматы: Ана тілі: 1992, - 160 б. 
8. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Санат, 1995. – 352 б. 
9. Мұханова Б.Ж., Илиясова Р.Қ. Этнопедагогика. Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008. – 440 б. 
 

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет