Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


Резюме  В статье рассматриваются психофизиологические основы влияния музыки на жизнедеятельность человека.    Summary



жүктеу 5.1 Kb.
Pdf просмотр
бет21/36
Дата25.04.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

Резюме 
В статье рассматриваются психофизиологические основы влияния музыки на жизнедеятельность человека. 
 
Summary 
This article discusses the basics of psychophysiological influence of music on the human activity. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
132 
САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУДІҢ МАҚСАТЫ 
 
З.С. Конофеева – доцент, анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қазіргі  кезеңдегі  қоғамның  әлеуметтік  экономикалық  дамуына  орын  алып  отырған  қиындықтарға 
қарамастан салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі жалпыадамзаттық түпкілікті рухани байлықтарға 
негізделуі  тиіс.  Ол  жеке  бастың  үйлесімді  дамуына, денсаулықты  нығайтуға, адамдардың  тіршілік  үшін 
белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.    
Қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу мақсатында белгілі шараларды іске асыру үшін 
адамның жеке басына мынандай міндеттер қойылады: 
1.  Ең  әуелі,адам  ағзасының  дұрыс  жұмыс  істеуін  білу  мақсатында  дене  құрлысының  биологиялық, 
физиологиялық, анатомиялы құрылыммен таныс болу; 
2. Ағзаның қай мүшесіне кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру; 
3. Адам ағзасының өз деңгейінде  дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине өмірдің әр  кезеңінде) оған саналы 
түрде жағдай жасау; 
4. Денсаулықты сақтаудың принципі-Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі»  деген қағидасын 
басшылыққа алу; 
5. Табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі – ауа, күн, су құрылымы болған-
дықтан денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу; 
6. Жеке бастың тазалығы;                                                                                           
7. Дұрыс тамақтану жүйесі;      
8. Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті  тіршілікте  сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы 
түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру; 
9. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу; 
10. Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;   
11. Денешынықтыру, сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы; 
12. Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу.   
1. Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері: 
Салауатты өмір сүрудің негізгі принципі – еш ауруға шалдықпай, дертке жеткізбей-ақ, алдын-ала мол 
денсаулық  көзін  ашу.  Баяғыда  Лұкпан  Хакімнен  «өмірде  байлық  қымбат  па,  жоқ  данқ  қымбатпа?»  деп 
сұраған  екен.  Ол  біраз  ойланып  тұрып  «Байлық  та,  данқ  та  адам  баласын  бақытты  ете  алмайды.  Біле 
білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін 
халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты 
деген екен [1].                                                   
Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке 
араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді. Сондықтан 
әрбір  адамның  денсаулығының  мықты  болуы  да  өз  қолында.  Міне,  денсаулықтың  принципі  де  осында. 
Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген капиталистік принцип құр 
ұрандау болып табылады.                                                                                                                                          
Салауатты өмір үшін тіршіліктің күрес тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен 
қоса  әлеуметтік  маңызы  зор  құбылыс.  Бұл  күрес  адам  баласына  туған  күнінен  бастап,  өмір  бойы  тоқта-
май,  оның  тіршілік  кабілетін  жоғалтпай,  жасының  ерекшелігіне  қарай  қызмет  етеді.  Бұл  құбылыстың 
барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі – мидың адам өмірінде атқаратын 
қызметі – тіршіліктің негізгі көзі.  
Ми  –  жүйке  жүйесіндегі  ең  негізгі  орталық.  Ми  ағзаның  барлық  жүйке  талшықтарымен  екі  жакты 
байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Демек, бірінші, байланыс ағзаның ішкі құрылы-
сында не жатқанын хабарласа, екінші байланыс сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабар-
лайды. Осы процесс арқылы ағзаның дұрыс та бір қалыпты сау болуын әркім бақылып отырады. Демек, 
ағзаның іштегі болмаса, сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру иа сау 
екенін біліп отырады.       
Мидің екінші бір негізгі міндеті – ағзаның жұмыс жүйесін демалысын реттеп отыруы. Міне салауатты 
өмір сүрудің негізгі бір принципі – осы екі жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана 
адамның өмірі ұзаққа созылады, ал бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабіле-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
133 
ті  төмендейді.  Бұны  адамның  алғашқы  ауруға  шалдыққаны  деп  білуіміз  керек.  Жүйкенің  тоза  бастаған 
адамның ұйқысы бұзылады (бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы), артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. 
Осыдан  барып,  адам  азып-жүдеп  әртүрлі  ауруларға  шалдығады.  Бұл  жағдай  ең  алдымен  жүректің,  қан 
қысымының өзгеруіне әкеліп соғады.                                                                                                                         
Міне, адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, алдымен жүйке жүйесінің бұзылуы-
на байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан баланы жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде 
жүйкесін тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті. ХVIII ғасырдың оқымыстысы, испандық дәрігер 
Христофор  Гуфеленд  бала  туғаннан  кейінгі  алғашқы  жылдан  бастап  сыртқы  құбылыстарға  бейімделіп, 
әсеріне  реакция  беретіндей  дәрежеге  жеткен  кезден  бастап-ақ  жүйке  талшықтары  тоза  бастайды  деп 
ескертеді.  Тәжірибелі  дәрігер  айтқандай,  ата-ана  жөнсіз  еркелетіп  тіршіліктің  қиыншылығына  бейімде-
мей, еңбекке араластырмай, дұрыс тәрбие бермесе, ондай баланың денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.       
Орталық  жүйке  жүйелерінің  ауруға  шалдағуының  негізгі  бір  себебі  –  қоршаған  ортаның  аса  зиянды 
әрекеті.  Бұл  тіпті  өмірдің  қысқаруына  әкеліп  соқтырады.  Қазақстан  аумағындағы  бүгінгі  экологиялық 
жағдай  әр  адамның  қаншалықты  салауатты  өмір  сүремін  дегенімен,  оған  мүмкіншілік  бермейді.  Жүйке 
тамырларының ауруға шалдығу себептері ағзаның дұрыс дем алмауы, яғни, тепе-теңдік жүйесі бұзылуы-
нан, сөйтіп оның салдарынан жүрек, қан айналысының қызметінің бұзылуы байқалады.  
Орыс ғалымы И.П. Павлов айтқандай, ұйқы тек ми қабыршақтарының жұмысын ғана тежеп қоймай, 
оның ішкі құрылыстарын да осы жүйеге жетелейді. Бұл жүйе, яғни, ми құрылысы, тек ұйқы қанып, дұрыс 
дем алғанда ғана адам денесі сергіп, ертеңгі тіршілікке деген қабілеті арта түседі. Бұл жайында немістің 
атақты  философы  Бэкон  «әрбір  ұйқысыз  түн  –  соншалықты  күнге  өміріңді  қысқартады»  деген  еді.  Бұл 
қағиданы  әр  адам  өз  өмірінің  қағидасы  деп  білсе,  кім  болмасын,  онда  салауатты  өмір  сүрудің  негізгі 
принциптерінің бірі болар еді [2].     
2. Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы. Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен 
күш-қуаты оның мүшелерінің денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәлел-
деп отыр.                                                                                                                                        
Техникалық прогресстің даму барсында ХХ ғасырда өмір сүрген адамдар ХІХ ғасырда қол мен істеген 
жұмыстың 10%-ін ғана колмен істейді 90%-ін жаңа техника атқарады. Оның өзінде сол 10
% қол жұмысы 
дегеніміз  –  отырып  не  болмаса,  тұрып  техниканың  жұмыс  істеп  тұрған  тетігін  басқару  мен  реттеу  ғана 
болды.  Осының  салдарынан  адам  баласының  күнделікті  тіршіліктегі  денсаулығын  толық  қамтамасыз 
ететін қозғалысы азаяды. Бұл – деген адам ағзасының тепе-теңдігі бұзылып денсаулығының төмендеуіне 
не ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.     
Адамзаттың данасы Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын әр адам күнделік-
ті  тірішілігінің  бағдарламасы  деп  түсіну  керек.  Осыған  орай,  қосымша  қозғалыстың  әлеуметтік  маңызы 
неден  тұрады?  Адам  баласы  жаратылысынан  бері  ұзақ  өмір  сүрудің  тиімді  жолдарын  іздеумен  келеді. 
Жеке бастың арнайы уақыт тауып, тұрақты тұрде  дене  шынықтыру жаттығулармен  шұғылдануы соның 
негізі. Ия, дене шынықтыру жаттығулармен тұракты түрде шұғылдану деген сөз-салауатты өмір сүрудің 
негізгі көзі. Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданудың өзіне тән мақсаты жүйесі болады.        
Таңертең орыннан тұрғаннан бойды жазу үшін, далаға шықпайтын адам сол төсегінің жанында тұрып-
ақ керіліп созылып, отырып-тұрып, басын қозғап, одан қолды жоғары-төмен, алдығы-артқа созып, жалпы, 
қолдың  созып,  жалпы  қолдың  созылып  сілтеуімен  бірге  денені  оңға-солға  бұрып,  еңкейіп  шалқайып 
аяқты  оңға-солға  сілтеу  т.б.  сияқты  жалпы  дамыту  жаттығуларын  10-15  минут  аралығында  орындағаны 
жөн.  Мүмкіндік  болғанша,  аса  пайдалы  қозғалыс  –  таңертеңгілік  бой  жазу  жаттығуларын  15-20  минут 
аралығында  далаға  шығып  серуендеп,  реті  келсе  жүгіріп,  жаттығуларды  құрал-жабдықтармен  орындап 
келген  адамның  күні  бойы  өте  сергек  жүретіндігі  ғылыми  негізінде  дәлелденген.  Осылайша  күнделікті 
үзбей таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау ақыл-кеңесті, болмаса қаражатты талап етпейді. Тек 
жеке  тұлғаның  өзінің  дені  сау  болсын  деген  ынтасы  мен  құлқы  керек.  Әсіресе  аз  қозғалатын  кеңсе 
қызметкерлері үшін бұл өте қажет-ақ. Бірақ қазақ деген халықтаң бойында ынта-жігерден гөрі жалқаулық 
басым тұрады. Сондықтан да болар, бүгінгі таңда республикада адам өмірінің ұзақтығы 55-58 жасқа дейін 
төмендеп кетті.                                                                                                                                                            
Салауатты  өмір  сүру  үшін  әлеуметтік  маңызы  бар  денешынықтыру  жаттығуларының  бір  түрімен 
тұрақты түрде үзбей шұғылдануы деген спортпен шұғылдану дейді. Спортпен шұғылдану деген жаттығу-
дың бір түрімен ғана шұғылданып, соны кәсіпке айналдыру. Әрине, күнделікті таңертеңгілік бой жазған-
да орындалатын жалпы дамыту жаттығуларынан гөрі бұған қойылатын талап жоғары. Спортпен шұғыл-
дану үшін әркім өзінің ағзасының мүмкіншілігін білуі керек. Салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп 
жүріп, мүмкіншіліктен тыс күш түсіріп, ағзаны ауруға шалдыктырып алмауы керек.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
134 
Салауатты  өмір  сүру  үшін  тағы  бір  әлеуметтік  маңызы  бар  мәселе  –  адамның  бойында  артық  еттің 
болмауы. Толық адамның денсаулығын қандай болуы мүмкін.  
Семіздіктің 3 түрі бар дейді француз халқының мақалы; біріншісі – қызықтырады, екіншісі – күлкілі, 
үшіншісі  –  жиіркендіреді.  Толықтық  дененің  сұлулығын,  әдемілігін  бұзып  қана  қоймай,  әртүрлі  ауыр 
науқастарға әкеліп соқтырады, аламды мезгілінен бұрын ерте қартайып, омірін қысқартады. Семіздіктің 
аяғы  неге  әкеп  соғатынын  бұрын  Шығыс  және  Батыс  медицинасының  негізін  қалаушылар  Гиппократ, 
Ибн-Сина  айтып  өткен.  Ертедегі  Эллада  және  Рим  елдерінде  халықтың  тамақтануы  және  оның  тәртібі 
мен мөлшері туралы заң да шығарыпты. Сонымен ғалымдар адамның салмағы бойына сәйкес болса, ол 
кісі  семіз  адамнан  әлдеқайда  көп  өмір  сүреді  деген  қорытындыға  келген.  Күні  кешегі  Одақ  заманында 
ғалым Кончаловскийдің есебі бойынша толық адамдардың 69 жасқа 69%-і жетеді екен, ал, арық адамның 
90%  70  жасқа  жетеді  екен.  Егер  адамның  салмағы  10-12  киллограм  артық  болса,  35-40  жас  мөлшерінде 
жүрек,  қантамырлар  жүйесі  бұзылып,  ауруға  шалдығады.  Дүние  жүзінде  қөп  тамақ  ішудің  салдарынан 
адамдардың  55%  семіздекке  душар  болады.  Ауру  адамдардың  99%-нің  науқасы  ас  қорыту  процесінің 
салдарынан,  тек  бір  жерде  отырып  артық  тамақ  ішуге  байланысты  болады  екен.  Семіз  адамдардың  тек 
қана  денесі  толық  болмай  жүрек  қан  тамырлары  да  семіреді.  Мұның  аянстенокардия  инфаркт  тәрізді 
дерттерге  әкеп соғады.  Адам үшін аса қажет әлеуметтік маңызы болып келесі жүйе – тамақтану тәртібі. 
Міне біз ұсынып отырған бұл тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтын туындайды. Адам 
баласының салауатты өмір сүруінің қоршаған орта мен  әлеуметтік-эканомикалық, материялдық жағдай-
лармен  ғана  шектеліп  қоймайды,  қазақ  деген  халықтың  қанында  бар  тазалық  жүйесін  сақтай  білуіміз 
қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі  шарты бұл дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауру  шалдыққа-
нына бақылау жасап отырса, мүмкін бүгінгідей болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төнбеген болар ма 
еді. Кім біледі?                                                                                                                                                       
 
1. Төтенай Б. Қазақтың ұлттық ойындары. –  Алматы, 1994. 
2. Бэкон Ф. Соченения. Т. 2, – М., 19. 
 
Резюме 
Главной целью этой  статьи являеться  формирование понятие о здаровье человека  и как  достичь эффекта и все 
общего  успеха  в  поднятии  уровня  санитарной  грамотности  в  сохранении  и  укреплении  здоровья  и  повышении 
нравственности. 
 
Summary 
The main aim of the article is the forming of the idea of men’s healthy lifestyle of human being, and about the achieving 
effect and general success of the improving of level of sanitary education, strengthening of health and promotion of morality. 
 
ӘОК343.244.2:316.346.36 
 
ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК ЖӘНЕ ДАМЫТУШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ РӨЛІ 
 
О.Я. Сулейменова, К.Сәдуақасқызы, Ә.Тапалова – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 
Қорқыт Ата атындағы ҚызМемУ 
 
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту кезінде технократтық тәсілден гөрі ғылыми білім алу жолда-
ры  және  ғылыми  танымның  түйінді  мәселелерімен  таныстыру  өмір  қажеттілігі  болғандықтан, 
педагог  оқыту  үдерісінде  химия  ғылымының  тәрбиелік  және  дамытушылық  рөлін  тиімді  пайдаланып 
отыруы жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. 
80-жылдардан  бастап  осы  заманғы  педагогикада  білім  берудің  басымдық  берілетін  мақсаттарын 
анықтау проблемасы туындай бастады. Дәлірек айтар болсақ: оқушы тұлғасының алатын білімі маңызды 
ма, әлде дамуы мен тәрбиесі маңызды ма? – деген сұраққа жауап беру қажеттілігі туындады. Педагогтер-
дің басым көпшілігі әрине оқушы тұлғасының тәрбиесі мен дамуы маңыздырақ, ал білім сол мақсатқа қол 
жеткізуге қажетті құрал екендігімен келіседі. Бірақ шын мәнінде мектептің іс-тәжірибесінде оқу пәндері-
нің тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылып жүрген жоқ, оған дәлел мұғалім-
нің қызметін бағалауда оның оқушыларының білім сапасының сандық көрсеткішін басшылыққа алатын-
дығы болса, мұғалім жақсы оқушы деп өз пәнін жақсы оқитын оқушыны біледі.  
Кез-келген  ата-анадан  «Сіз  өз  балаңыздың  өскенде  қандай  адам  болып  шыққанын  қалар  едініз? 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
135 
Балаңыз химияны, биологияны, физиканы, географияны жақсы білетін болса? Қазақ әдебиеті классиктері-
нің сөзін жатқа айтатын болса? Күрделі есептерді оп-оңай ойша шығарса? Қайсысын дұрыс көресіз?» деп 
сұраңыз.  Әрине  кезкелген  ересек  адам  балаларының  дені  сау,  жарқын  мінезді,  пысық,  адал,  әділетті, 
ыждағатты, еңбексүйгіш, өз жақындарына қамқорлық жасайтын болып өскенін қалар еді. Пән мұғалімде-
рі қаншама өкпелі болатындығына қарамастан, олардың пәнінің мазмұны әрдайым екінші орынға кетеді. 
Ата-ана  мұғалімге  педагог  ретінде  ғана  қарайды.  Оларға  мемлекеттік  стандарт  және  оқытылу  дәрежесі 
қажет  емес.  Оларды  баласының  сабақ  үстінде  өзін  қалай  сезінетіні,  мұғалімнің  қарым-қатынасы,  оған 
қалай қарайтыны  көбірек мазалайды. 
Пәннің  тәрбиелік  әсерінің  проблемасы  жаңалық  емес,  бұрыннан  сөз  болып  келе  жатырған  мәселе. 
Д.И.  Менделеев  тәрбиенің  маңызы  жайлы  «Тәрбиесіз  білім  –  ессіздің  қолындағы  найзамен  тең»  деп 
кесіп-пішіп  айтқан  еді.  Сондай-ақ,  дұрыс  жолға  қойылған  тәрбиенің  маңыздылығын  В.Г.  Белинскийдің: 
«Тәрбие  –  ұлы  іс,  ол  адам  тағдырын  шешеді.  Жас ұрпақ  осы  кездің  қонағы,    болашақтың  қожайыны...» 
деген сөздері растайды [1]. 
К.Д.  Ушинский  «Тәрбиедегі  адамгершілік  элементі  жайлы»  деген  мақаласында:  «Әрине,  ақылды 
біліммен және таныммен байыту көп пайда келтіреді, бірақ ботаникалық немесе зоологиялық танымдар... 
Гоголдің  қалалық  адал  шенеунігін  жасауы  мүмкін,  және  Павель  Иванович  Чичиков  органикалық  химия 
мен  саяси  экономияға  берілгенімен,  қоғам  үшін  өте  зиянды  адам  болуы  мүмкін.  Адамгершілік  көп 
оқығандықтың  және  ақыл-ой  дамуының  нәтижесі  емес,  –  деп  ойлайтындар  және  сенетіндер...  біздер 
адамгершіліктің әсері тәрбиенің өзегі, адам басын жалаң біліммен толтырғаннан әлдеқайда маңыздырақ 
деп түсінеміз...», – деп жазды [2]. 
Я.А.  Коменский  өзінің  «Адамгершілікке  үйрету»  деген  трактатында  ескі  рим  философы  Сенеканың 
айтқанын келтіреді:  «...әуелі қайырымды істер жасап үйрен, сосын барып данышпандыққа үйрен, себебі 
біріншісіз екіншіге үйрене алмайсың» Сондай-ақ халық мәтелінде: «Кім ғылымды үйреніп, бірақ адамгер-
шілікті үйренбесе, оның озғанынан қалғаны көбірек болады» деген [3]. 
Неміс  педагогы  Иоган  Гербард:  «Тәрбиенің  міндеттерін  бір ғана  сөзбен  –  адамгершілік  деген  сөзбен 
жеткізуге болады» – деп жазды. 
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы адамгершілік тәрбиесінің шешуші рөлін педагогикада әлдеқа-
шан  мойындалған.  Сондықтан  жұмыс  істеп  жүрген  мұғалімдерді  білім  алуды  рухани  жағынан  қалай 
көтеруге болатындығы жайлы мәселе толғандырары сөзсіз. Білімді адамгершілікпен байыту үшін маңыз-
ды қандай фактілік материалдарды пайдалануға болатындығы мәселесі де мұғалімді ізденіске жетелейді. 
Тұлғаның  адамгершілік  сапаларын  қалыптастыруда,  мақсат  қоюда  және  білім  беру  мазмұнында 
рухани  құндылықтарға  басымдық  бере  отырып,  дүниенің  үйлесімді  бейнесін,  ондағы  мәдениетпен  адам 
сұлулығын қоса беру арқылы білімді ізгілендіруден бастау абзал. 
Осыған  байланысты  жаратылыстану  ғылымдарының  негіздерін  үйретуді  негізінен  есептерді  шешу, 
өлшеу техникасы, эксперимент жүргізу, компьютерді меңгеру, тестпен жұмыс істей білу арқылы жүзеге 
асыру маңызды. 
Бұл дегеніміз технократтық тәсілден ғылыми білім алуға, ғылыми танымның этикалық проблемалары 
жайлы  ұғымды  кеңейтуге  (ғалымның  өзі  ашқан  жаңалығының  салдары  үшін  жауапкершілікті  мойнына 
алу проблемасы, алға қойылған ғылыми мақсатқа қол жеткізу үшін құралдарды таңдау проблемасы және 
т.б.)  бет  алу  сөз.  Қияли  жазушы  Герберт  Уэллс  «Моро  дәрігердің  аралы»  атты  романында  ол  басты 
кейіпкермен  әңгімелесу  кезінде  хирургиялық  эксперименттің  күштілігі,  ол  арқылы  тіпті  жануарлардан 
адам  тәрізді  тіршілік  иелерін  жасауға  болатынын  сөз  етеді.  Бірақ  ол  өзінің  жаңалығының  адамгершілік 
нормаларына сәйкес келмейтін ғылыми жаңалық екенін түсінбейді. 
Біздің  оқушыларымызға  ғылыми  зерттеулердің  қандай  тәсілі  жақынырақ?  Оларды  адамгершілік-
этикалық проблема толғандыра ма? Олардың болашақтағы әрекеті басқа адамдарды трагедияға ұшырат-
пай ма? Бұндай сұрақтар біріншіден педагогтар мазалайтыны анық. 
Кезкелген ғылымның адамдық мәнін ашудың ең бір маңызды жолы оның тарихына көз жүгірту болып 
табылады. Мектеп  оқулықтарында ғылым тарихы жайлы мәліметтер  болмауы мүмкін, не  болмаса оның 
ашылған  жылы,  ғылымның аты-жөні,  ашылған жаңалықтың  қысқаша  құрғақ  сипаттамасын  ғана  табуы-
ңыз  мүмкін.  Сондықтан,  ол  мәліметтер  ешқандай  тәрбиелік  функция  атқара  алмайды.  Ғылымдағы 
жаңалық қандай қиындықпен ашылғандығына қарамастан көбінесе елеусіз күйде қала береді. Жылдар өте 
ғалымның  тұлғасы  ұмытылады,  оның  жетістіктері  мен  кемшіліктері  талданбайды,  ғылымға  елеулі  үлес 
қосқан  адам  халықтың  жадынан  шығады.  Ғылым  тарихы  курсының  кейіпкер  «батырының»  тәрбиелік 
әсерін күшейту үшін, ғалымның ғылыми ойы, оның жеңісі мен жеңілісі, көтерілуі мен құлауы, трагедия-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1 (37), 2013 г. 
 
136 
лары  жайлы  мәліметтер  берілуі  тиіс.  Оқушылар  тек  сонда  ғана  ғалымның ашқан  ғылыми  жаңалықтары 
химиялық  үдеріс  немесе  оның  қолданылу  аймағы  үшін  емес,  адамзат  үшін  маңызы  айрықша  табысы 
болып есептелетіндігін түсінеді.  
Ғылым тарихы келесі деңгейлерде қарастырылуы тиіс. 
1. Ғылыми жаңалық: кездейсоқтық, ізденіс, еңбекқорлық, данышпандық болжам. Мақсаты: кезкелген 
жаңалықтың ашылуы – ғалымның ұзақ жылдар бойы тынымсыз әрекетінің жемісі екенін түсіндіруі керек.  
2. Химиялық реакцияның «адамдық бет-бейнесі» химиялық формулалардың артында ғылыми ізденіс-
тің қандай жолы жатыр? 
Мақсаты:  оқушылар  химиялық  реакция  теңдеуінің  кезкелген  таңбасына  бөтен  кісінің  еңбегінің 
нәтижесі ретпен құрметпен қарауы тиіс. 
3.  Адам  неге  ғылыми  жаңалық  ашуға  ұмтылады?  Ғылыми  ашылудың  құны.  Мақсаты:  оқушылар 
қандай әрекет мотивтері адамның танымдық белсенділігін басқаратындығын түсіндіре білуі тиіс. 
4. Ғылыми жаңалық үшін жауапкершілік, немесе ғалым мен адамгершілігі жоғары адамды теңестіруге 
бола ма?  
Мақсаты:  оқушылар  басқа  адамдардың  әрекетінің  мотивтерін  талдай  алуы,  олардың  іс-әрекетінің 
салдарын дұрыс бағалай алуы тиіс. 
Осы  бағыттарды  жүзеге  асыру  үшін  келесі  әдістемелік  тәсілдерді  қолданған  орынды.  Тарихтың  аты 
тарих – фактілерді сипаттамай айту мүмкін емес. 
Ең бастысы ақпарат және оны қалай түсініп қабылдау. 
Ғылыми жаңалық... Химия ғылымында тағдыры ерекше жандар: әуелі алхимиктер, одан кейін дәрігер-
лер мен дәрі жасаушылар, ең соңында химияның өзі жасап келеді. Олар өздерінің ісіне сенеді, өз денсау-
лықтарын,  тіпті  өз  өмірін  де  қиған,  сөйтіп  адамға  қажетті  заттарды  алған.  Олардың  өмір  жолын,  өмірі 
жайлы  егжей-тегжейлі  білу  өте  қызық.  Ол  ғылыми  жаңалықтар  қалай  ашылатындығын,  ақиқатты  тану 
қиын да күрделі екендігін түсінуге көмектеседі. Бір тақырыпты оқыту кезінде оқушыларға әртүрлі көздер-
ден мәлімет жинап талдауды және соған сәйкес тапсырма орындауды тапсыруға болады. 
Химиялық реакцияның «адамдық бет-бейнесі»: химиялық формулалардың артында ғылыми ізденістің 
қандай жолы жатыр? 
1787-жылы Антуан Лоран Лавуазье: «Сөз ұғымды, ұғым-фактіні көрсетуі тиіс. Бұл үшеуі де бір баспа-
дан» – деген еді. Реакция теңдеулерінің өзара сәйкестігін, оның мәнін, пайда болу тарихы мен мағынасын 
түсінуді викторина сұрақтарына жауап беру арқылы анықтауға болады. Викторинаны тақырыпты, бөлім-
ді өткеннен кейін немесе сабақта бөлек-бөлек фрагмент түрінде беруге болады. 
Адам  неге  ғылыми  жаңалық  ашуға  ұмтылады?  Ғылыми  жаңалықтың  құны.  Нобель  сыйлығын  алуға 
бірден-бір лайықты ғалым Д.И. Менделеев сол сыйлықты ала алмады. 1906-жылы ол сыйлыққа ұсыныл-
ды,  бірақ  Нобель  комитеті  Менделеев  күте  тұрсын,  Нобель  cыйлығына  түбінде  бір  қолы  жетері  анық, 
әзірше  жас  ғалымдарға  беру  керек,  –  деп  шешіп  Анри  Муссанға  беруді  ұйғарды.  Ол  Нобель  сыйлығын 
«Фтор  элементін  алғаны  және  электр  пештерін  зертханалық  және  өндірістік  практикаға  енгізгені  үшін» 
алды, ал 1907 жылы атақты кестені жасаушы қайтыс болды. Муссанда солай қайтыс болған еді. Өмірдің 
қымбат  сәттерін  даңқтың  бір  минутына  жұмсау  қажет  пе?  Я  болмаса  ашқан  жаңалығы  мойындалмай 
өмірден өту ме? Осы сияқты мәселелерге арнап сыныптан тыс іс-шара өткізу пайдалы. 
Ғылыми  жаңалықтың  жауапкершілігі,  немесе  ғалым  мен  адамгершілігі  жоғары  адамдар  теңестіру 
дұрыс па? 
Рафаил Баймахановтың «Окси-дүниенің тәңірі» атты кітабында химия пәні мұғалімі қолданған қызық 
тәсіл  жайлы  айтылған.  «Бұл  бұдан  бір  жыл  бұрын,  яғни  жетінші  сыныпта  болған  еді.  Мұғаліміміз  
Надежда Федоровна біздің сынып оқушыларының химия пәнінен білімі оны мүлде қанағаттандырмайты-
нын мәлімдеді. «Сендер пәннің ерекшелігін түсінбейсіңдер!» – деп сендірді бізді. «Иә, сендер үшін химия 
көп кітаптың бірі. Ал химия деген – өмір! Химияны білмей, оны сезінбей сендер өмір сүре алмайсындар! 
Түсінікті  ме?»  –  деп  портфелінен  ақ  картонның  бір  бумасын  алды  да,  столдың  үстіне  емтихан  билеті 
тәрізді  жайды.  Біз  ішімізді  тартып  қалдық.  Бір  қызық  нәрсе  болатындай  сезіндік.  Надежда  Федоровна 
тапсырманың шартын түсіндірді. Біз бір-бірден билет алдық. Әр билетте 3 элементтен берілген. Біріншісі 
туралы жан-жақты жазу керек, ал қалған екеуі жайлы қысқаша жазу жеткілікті. 
Мерзім – бір ай. Кітаптар, оқулықтармен пайдалануға болады. Тек көшіруге болмайды. Ең бастысы – 
элемент жайлы біздің алған әсеріміз. Мұғаліміміз дәл сол алған әсерімізді бағалайды. Бізді таң қалдырға-
ны ол емес, екіліктер мен бестіктің орнына нөмір алғанымыз. Ең жақсы жазған – «№1 химик», келесі «2 
химик» тағы солай жалғасып кете береді. Сыныпта 30 оқушы, мен «№28 химик» атағына ие болдым. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (37), 2013 г. 
 
137 
Өз оқушыларыңызға осындай билеттерді беріп көріңізші! Бірақ сұрақтар атақты химик-классиктердің 
адамгершілік сапалары жайлы болсын. 
Қорытынды орнына былай деп тұжырымдауға болады: «Адамзат жаңа ашылулардан зиян емес, пайда 
табады, егер біз өз оқушыларымызға – ХХІІ ғасыр тұрғындарына, жақсылық деген не? Жамандық деген 
не? Екендігін өз пәніміз арқылы ұғындыратын болсақ, онда біз оларды ол екеуінің жігін ажырата алатын-
дай нәзік өнерге үйретіп шығарған болар едік. Педагогтің әрекетінің түпкі мақсаты мен нәтижесі – жан-
жақты дамыған тұлға тәрбиелеп шығару. Сондықтан қайсы бір тәрбие түрі болмасын білім беру, ғылымға 
үйрету үдерісі арқылы берілсе, нәтижелі болары сөзсіз. 

жүктеу 5.1 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет