Хабаршы вестник кӛркемӛнерден білім беру



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата19.04.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БОЛАШАҚ МҰРАТЫ РЕТІНДЕ 

 

С.П.Тастанова, А.П.Тастанова - 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ІІ курс магистранттары 

 

Қазіргі  нарықтық  қатынасқа  сатылай  ӛтіп  жатқан  кезеңде  қоғам  мен 

мемлекет,  ӛзін  таныған,  түсінігі  мол,  ұлтын  сүйетін,  қоғамдық  еңбегі  мен 

кәсібі,  дағдысы,  іскерлік  негіздері  қалыптасқан  рухани  сау,  табиғи  мықты, 

жалпы  адамдық  және  ұлттық  мінез-құлық  нормаларын  іске  асыра  алатын, 

рухани  жағынан  жетілген  жан-жақты  ұрпақ  тәрбиелеуге  ӛте  мүдделі.  адам 

тумысынан  адамгершілік  қасиетке  ие  болып  тумайды.  ХІІ  ғ.  білімді 

оқымысты  ақын  Ахмет  Иүгенеки  ойынша,  адамгершілік  мінез-құлық 



 

79 


уағыздау  жолымен  ғана  емес,  оларда  моральдық  сенімді  дамыту  және 

адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады деп атап кӛрсеткен 

/1, 287-288/.  

Жеке  адамның  бойындағы  барлық  жақсы,  жаман  құбылыстардың 

бастапқы нышандары балалық шақта қаланып, адамның ӛмірі бойындағы іс-

әрекеттердің  негізгі  кӛзі  болып  табылады.  Баланың  ӛмірге  келген  сәттен 

бастап,  кемелденіп  азамат  болып  қалыптасқанға  дейінгі  жан-жақты  тәрбие 

беруді  ұйымдастыру,  жүзеге  асыру  отбасынан  басталып,  мектепке  дейінгі 

тәрбие мекемелерінде және мектепте жүзеге асады.  

Осы  тұрғыда  Қожахметова  К.Ж.  ӛз  еңбегінде  ұлттық  педагогика 

тұрғысынан бала жеті жасқа толғанда жеке тұлға ретінде қалыптасады, - жеті 

жасқа дейін балада ақыл болмайды, жеті  жастан соң балаға ақыл кіреді деп 

кӛрсетеді.  Ол  баланы  жеті  жастан  он  екі  жас  аралығында  тәрбиелеу  керек 

дейді /2, 317/. 

 «Тәрбие  –  ұлы  іс,  ол  арқылы  адамның  тағдыры  шешіледі»  деп  В. 

Белинский  айтып  кеткендей,  бала  бойындағы  кішкентай  кемшіліктерді  дер 

кезінде түземесе, ол ертең үлкен бір даулы мәселеге жол ашуы әбден мүмкін. 

Бұл  үшін жастардың ӛмірге кӛзқарасы ӛзгеруі тиіс. Ал оны ӛзгертетін бүкіл 

мемлекеттік  деңгейдегі  бір  бағытта  жүргізілетін  әділетті  де  тиянақты 

тәрбиелік  жұмыстар  мен  экономикалық,  әлеуметтік,  қоғамдық  және  саяси 

жағдайлар.  Бүгінгі  жастар  тәрбиесіне  қатысты  қоғам  алдында  тұрған  ең 

ӛзекті мәселенің бірі-осы. 

Ӛркениеттілік 

елдің 


материалдық 

байлығымен 

 

ӛлшенеді. 



Ӛркениеттілік  негізін  қалыптастырудың  нысанасы-ұрпақтың  саналы 

тәрбиесі.  Бүгінгі  таңда  жастарға  әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне 

сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру,  оның  рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін, 

ойлай  білу  мүмкіндіктерін  жетілдіру  әр  адамның,  қоғамның  міндетіне 

айналып отыр. 

Ал 


педагог-тәрбиешілердің 

міндеті 


– 

қоғамның 

талабын 

қанағаттандыратын сапалы да  сапалы ұрпақты  тәрбиелеу, дайындау. 

ХХІ  ғасырдың  басында  адамның  қоршаған  ортамен  ӛзара  қатынасы 

күрделене  түсті.  Ол  бір  жағынан  мәдениеттердің    ғаламдануы  мен  кірігуі, 

екіншіден,  рухани  жұтаңдаудың  ахғындаудың  удеуімен,  қазіргі  жеке 

тұлғаның 

адамгершілік-рухани 

қалыптасуын 

қамтамасыз 

етумен 


түсіндіріледі.  Себебі  «тәлімсіз  алған  білімнің  күні  қараң»  деп  Әл-Фараби 

айтып кеткендей, адам қаншалықты білімді болғанымен оның рухани дүниесі 

таяз  болса,  ол  білімнің  түкке  де  қажеті  жоқ.  Ӛйткені  ол  адам  мен  қоғам 

игілігіне емес, тек ӛз қарақан басында жұмсалады. Әр адам «ырыс-дәулетке 

қолы жеткен соң, халыққа пайдан тиетін болсын» деген нақыл сӛзді жадында  

ұстауы қажет. Қазіргі қоғамда белең алып отырған кейбір келеңсіз жайттарға 

адамдар  арасындағы  бұрыннан  қалыптасқан  адамгершілік  қарым-қатынас 

әдептілік  пен  имандылық  бағытындағы  дәстүрлердің  бұзыла  бастауы  себеп 

болып  отыр.  Оған  әлеуметтік-экономикалық  саяси  және  ғаламдану 

факторлары  да  әсер  етпей  қоймайды.  Адамдар  арасында  бір-біріне  деген 



 

80 


сыйластық,  туыстық  сезімдерінің  жойыла  бастауы,    жастардың  үлкендерді 

сыйламауының  орын  алуы  салдарынан  қарттар  үйлері  мен  жетімдер 

үйлерінің  кӛбеюі,  ұрлық-қарлық  пен  нашарқорлықтың  кӛбеюі  сияқты 

жағымсыз  нәселелерге  әкеледі.  Адамдар  арасында  бір-біріне  деген 

сыйластық,  туыстық  сезімдерінің  жойыла  бастауы,  жастардың  үлкендерді 

сыйламауының  орын  алуы  салдарынан  қарттар  үйлері  мен  жетімдер 

үйлерінің  кӛбеюі  ұрлық-қарлық  пен  нашарқорлықтың  кӛбеюі  сияқты 

жағымсыз  нәрселерге  әкеледі.  Адамдар  «ата-ананына  не  істесең,  сенің 

перзентін  де  саған  соны  жасайды»  деген  халық  даналығын  ұмытып  бара 

жатқандай.  Ата-бабаларымыздың  ӛмір  сүрген  кезінен  бастау  алып,  күні 

бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  бірі-халық 

педагогикасы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиені жас ұрпақ 

бойына  сіңіріп  отыратын  арнаулы  жолдар  бар.  Мысалы,  мақал-мәтелдер 

адамды  имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелесе,  жұмбақтар  мен  айтыстар 

ақыл-ой  тәрбиесі,  ӛлең  жыр-дастандар  -  әсемдік,  эстетикалық  тәрбиенің  әр 

алуан мәселелерінің қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. 

Қазіргі  кезде  білім  беру  ісінде,  жеке  тұлғаны  жан-жақты  жетілдіріп, 

танымдық  іс-әрекеті  мен  ой-санасын  дамытып,  қалыптастыру  барысында 

білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. 

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени ӛзгерістерге 

байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - ӛмір талабы. 

Әр  халықтың  ұлттық-тарихи  дәстүрі,  оның  азаматтық  білім  берудегі 

мәдениеті  мен  дидактикалық  білімі  осы  оқу-тәрбие  процесіне  тікелей 

байланысты.  

Қай заманда болмасын жас ұрпақтың ӛнеге тұтар ӛзіндік ұлттық тәлім-

тәрбиесі болатыны хақ. Қазақ халқының және басқа ұлт тәжірибесі әртүрлі. 

Осы тұрғыда әр ұлт ӛзінің тәлім-тәрбиесін ата-баба дәстүрі мен ұлы ғұламар, 

ойшылдар, жыршы, жырауларының ой-пікірлеріндегі жеке тұлға тәрбиесінің 

негізін ала отырып, ұлттық ерекшеліктерін ӛз ұрпақтарының бойына сіңіріп, 

елін, туған жерін сүйетіндей етіп тәрбиеленген.  

Демек, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы 

дәстүрі мен тағылымдары мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның 

ұлы  ойшылдарының  еңбектерінен  кӛруге  болады.  Олардан  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруда 

халықтардың 

бір-бірімен 

әдет-ғұрпы, 

салт-дәстүр 

тұрғысынан жақындығы ғасырлар қойнауынан орын алатындығын кӛреміз.  

Осы орайда, жеке тұлға тәрбиесі туралы ой пікірлер айтқан Орта ғасыр 

ғұламалары;  Әл-Фараби,  Ж.  Баласағұн,  М.  Қашқари,  ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысында  ӛмір  сүрген  классик  ақындар  мен  ағартушы  ғалымдар  Шоқан, 

Ыбырай,  Абай,  одан  бертін  келе  казактың  зиялылары:  А.  Байтұрсынов,  М. 

Жұмабаев,  М.  Дулатов,  Ж.  Аймауытов,  С.  Кӛбеев,  т.б.  бүгінгі  күнге  дейін 

жалғасып келеді.  

Әл-Фарабидің  «Философиялық  трактаттары»,  «Әлеуметтік-этикалык 

трактаттары»  және  т.б.  шығармаларында  адамзаттық  игілікке,  бақытқа, 


 

81 


шаттық  ӛмірге  жету  жолындағы  ең  негізгі  компоненттер  деп  жанұя  мен 

тәрбиені атаған.  

Ұлы  ойшыл  еңбектерінде  баланың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуында 

психикасының қалайша дамып, жетілгендігі жӛнінде де қызғылықты пікірлер 

кӛп. Баланың жақсы ӛскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да 

ӛсіп  отырады.  Мұның  бәрі  оның  тіршілік  қажетінен  туындайды.  Мәселен, 

балада  ең  алдымен  ӛсіп-ӛну  қуаты  пайда  болады.  Бұл  оның  дене  бітімінің 

қалыптасуында  үлкен  рӛл  атқарады.  Алдымен  тән  түйсігі,  кейіннен  барып 

дәм,  иіс  айыратын  түйсіктері,  заттың  түрін,  түсін,  пішінін  түйсіне  алу 

қабілеті  пайда  болады.  Бала  психикасы  негізінен,  ӛмір  барысында,  оқу-

тәрбиесі ісінде қалыптасады. Бұл жерде оның ӛз бетінше әрекеттенуі, ӛзіндік 

белсенділігі  ерекше  маңызды.  Жеке  тұлғаның  моральдық,  психологиялық 

қасиеттері  де  оның  ӛмірден  алатын  тәжірибесінен,  дұрыс  жүргізілген 

тәрбиеден қалыптасады.  

Әл-Фарабидің пікірі бойынша, адамның қалыптасуының тиімді құралы 

–  тәрбие  мен  оқыту.  Тәрбие  мен  оқыту  үрдісінде  шын  бақытқа  ұмтылушы 

жас  ұрпақтарда  адамгершілік  және  интеллектуалды  сапалар  қалыптасады. 

Адам  бойындағы  барлық  адамгершілік  қасиеттер  жаттығулардың,  әдет-

дағдылардың  нәтижесі  деп  қарайды.  Дұрыс  жүргізілген  тәрбие  адамда 

игілікті  сапа  қасиеттерді  тәрбиелеуден  басталады.  Әл-Фарабидің  ойы 

бойынша,  жақсы  мінез  әр  адамның  табиғатында  бар,  бірақ  олар  жүйелі 

тәрбие  арқылы  жүзеге  асады.  Ғұлама  ғалым  жағымды  қасиеттерге 

адалдықты, 

мейірбандықты, 

жомарттықты, 

батылдықты, 

достықты 

жатқызып,  адам  бойындағы  жағымды  қасиеттерді  қалыптастыруда  арнайы 

педагогикалық іс-әрекеттің маңыздылығын айтады /3, 302-307/ 

Оралхан  Бӛкеев:  «Халықты  қалқан  тұтатындар  бар;  халыққа  қалқан 

болатындар  бар.  Халықты  қалқан  тұтатындар  әдетте  «жасасын  халық»  деп 

ұранды  салады  да  ӛзі  сол  халықтың  ығына  тығылып  қалады.  Ал  халыққа 

қалқан  болатындар  үнемі  алда  жүреді;  еліне  атылған  оққа  кеудесін  тӛсейді. 

Халықты  қалқан  тұтатындар  халықтың  мойнына  мініп  алып,  уралайды, 

биікте келеді; ал халыққа қалқан болатындар халықтың аяғына үзеңгі болып, 

ел-жұрттың еңсесін биіктеткісі келеді» деген болатын. Бұл - ӛз халқын бүтін 

болмысымен сүйетін, азаматтың ғана айтар сӛзі /4, 16/.  

Халықтық  тәрбиенің  мінез-құлқы  жайында  А.С.Макаренко  қызықты 

бақылаулар  жүргізді.  Оның  ойынша,  бұл  процесс  ӛзара  параллельді  жүруі 

тиіс. Бұған ол халықтың қоғамдық жұмысын, ырымдарын, ойынның барлық 

формалары мен оның кӛріністерін жатқызды. Жазудың пайда болуына дейін 

педагогикалық білім басқа халықтардың білімінен сирек жеке-дара дамыды. 

Адам тәрбиелеп қана қоймай, ӛзі де ӛзін қоршаған қоғам мен заттар арқылы 

тәрбиеленеді.  Бұл  жағдай  А.С.Макаренконың  пайымдауы  бойынша, 

халықтық педагогикамен негізделеді. Ол ӛз бетінше  бүкіл қоршаған орта мен 

оның барлық кӛріністері бала тәрбиесіне бағынышты. Тек қана адамдар ғана 

тәрбиелемейді,  сонымен  қатар  қоршаған  ортадағы  ақиқат  та,  заттар  да 

тәрбиелейді. 



 

82 


Халықтық  тәрбиенің  мінез-құлқы  жайында  А.С.Макаренко  қызықты 

бақылаулар  жүргізді.  Оның  ойынша,  бұл  процесс  ӛзара  параллельді  жүруі 

тиіс. Бұған ол халықтың қоғамдық жұмысын, ырымдарын, ойынның барлық 

формалары мен оның кӛріністерін жатқызды. Жазудың пайда болуына дейін 

педагогикалық білім басқа халықтардың білімінен сирек жеке-дара дамыды. 

Адам тәрбиелеп қана қоймай, ӛзі де ӛзін қоршаған қоғам мен заттар арқылы 

тәрбиеленеді.  Бұл  жағдай  А.С.Макаренконың  пайымдауы  бойынша, 

халықтық педагогикамен негізделеді. Ол ӛз бетінше  бүкіл қоршаған орта мен 

оның барлық кӛріністері бала тәрбиесіне бағынышты. Тек қана адамдар ғана 

тәрбиелемейді,  сонымен  қатар  қоршаған  ортадағы  ақиқат  та,  заттар  да 

тәрбиелейді. 

Мінез  ерекшеліктерінің  қалыптасуында  биологиялық  факторлардан 

гӛрі  тәрбиенің  рӛлі  күшті.  Бұл  жӛнінде  академик  И.П.Павлов:  «...адамның 

мінез-құлқының  бейнесі  нерв  жүйесінің  туа  біткен  қасиеттеріне  ғана 

байланысты  болып  қоймайды,  сонымен  бірге  организмнің  жеке  ӛмір  сүру 

барысында  болатын  ықпалдарға  да  байланысты.  Демек,  кең  мағынасында 

айтқанда,  үнемі  тәрбиелеу  немесе  үйрету  жұмыстарына  да  байланысты 

болады»-дейді. 

Мәдениетті  мінез-құлықты  қалыптастырумен  саналы  тәртіпке 

тәрбиелеудің  маңызды  шарты  және  құралы  –  педагогтардың  және 

оқушылардың ӛзара қарым-қатынасының дұрыс орнауы. 

Оқушылардың  мінез-құлық  мәдениетін  тәрбиелеуде  олардың  ӛзін-ӛзі 

басқаруы мен сынып ұжымының іс-әрекеті ӛте маңызды. 

Оқушылардың    санасы  мен  мінез-құлық  мәдениетін,  белсенділіктерін 

арттыруды, 

олардың 


қоғамдық 

пайдалы 


жұмыстарға 

қатыстыру, 

тапсырмалар  берудің  ықпалы  және  тәрбиелік  мәні  зор.  Қоғамдық  пайдалы 

жұмыстарды  орындау  барысында  жастарда  жауапкершілік  пен  іскерлік 

қасиеттері  қалыптасады.  Бұл  үшін  сынып  жетекшісі  оқушыларды  қоғамдық 

жұмысқа  мүмкіндігінше  кӛбірек  тартады.  Қоғамдық  жұмыстарды  атқару 

барысында  жекелеген  оқушылардың  қабілеттерімен  жеке  басының 

ерекшеліктерін  танып  білуге  мүмкіндік  туады.  Екінші  жағдайда  қоғамдық 

тапсырмаларды  орындау  барысында  балалардың  бір-бірімен  араласуы,  оны 

атқаруға  деген  ынтасы  артып,  ӛзара  тез  тіл  табысып  кетуіне  мүмкіндік 

туғызады. Қандай да бір жаңа іс сынып ӛміріне қозғау салады, оны мазмұнды 

да  жарқын  етеді.  Сондықтан  да  сыныптың  әрбір  мүшесі  белгілі  бір 

тапсырмаға ие болып, оны ӛзінің шамасына қарай орындауы керек. 

Оқушылардың  жіберген  қателіктерін,  дӛрекі  мінез-құлықтарын 

байқасақ,  оны  түзету  қажеттігін  талап  ету  керек.  Оқушыларға  мезгілінде 

кӛмектессек,  дұрыс  бағыт  берсек  жастардың  үлкен  қателік  жасаудан 

сақтаймыз. Олардың дұрыс жолға түсуіне кӛмектесеміз. 

Мәдениетті  мінез-құлықты  қалыптастыруда  жастармен  әңгіме,  ӛлең, 

мысал сияқты әдеби шығармаларды пайдаланудың мәні зор, әрі балалармен 

жұмыс  кезінде  әзілдер  мен  мақал-мәтелдерді  кеңінен  пайдалану  қажет.  Сол 

арқылы  оқушыларды  жаман  әдетпен  теріс  мінез-құлықтан  аулақ  болуға 


 

83 


үйрету  керек.  Мінез-құлық  мәдениеті  адамның  ішкі  мәдениетімен, 

эстетикалық  талаптарымен,  жалпыға  ортақ  бағыттармен  және  дәстүрлермен 

тығыз  байланысты.  Ішкі  мәдениет  кӛп  жағдайда  адамның  сыртқы  тәртібін 

анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды 

ұстамды,  іштей  жинақы  болып  ӛзіне-ӛзі  ие  бола  білуге  дағдыландырады. 

Адамның  сырт  қабілетіндегі  салақтығы,  дӛрекілігі,  ілтипатсыздығы, 

әдепсіздігі  біртіндеп  оның  жеке  бойына  тиісті  теріс  қасиеттерді 

қалыптастырады.  

Қорыта  келе  айтарымыз,  болашақ  жастарды  тәрбиелеу  барысында 

Қазақстан  Республикамыздың  ертеңгі  қажетін  ӛтейтін,  тілін,  дінін,  туған 

жерін қастерлейтін, білімді азамат ӛсіруде ұстанатын басты құралымыз  кӛне 

заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлері, 

халық  ауыз  әдебиеті,  ақын-жазушыларымыздың  таңдаулы  туындылары 

болуын  міндеттейді.  Сондықтан  да  ұлттық  мүддеге  деген  сезім  берік 

болмайынша,  ұлттық  келбет  те  соғұрлым  биік  болмайтынын  ұғыну  бүгінгі 

күннің аса маңызды мәселесіне айналып отыр. 

 

     1.  Ахмет  Иүгенеки  //  Қазақтар-Казахи.  9-ый  том.  Справочник. 



Алматы: 1998, 9 том.- 287-288 б.б. 

     2.  Қожахметова  К.  Ж.  Казахская  этнопедагогика:  методология, 

теория, практика. Алматы: Ғылым, 1998.- 317 бет. 

     3.  Әл-Фараби  –  философиялық  трактаттар.-    Алматы:  Ғылым, 

1972.- 302-307 б.б. 

     4. Абдраймов Ә. Ұлттық мәдениеттің іргесі берік. //Ақиқат. 2009. - 

№2.-- 16 бет.  

 

Резюме 



В  данной  статье  описываются  средства  и  методы  воспитания 

современных  школьников,  которые  должны  быть  носителями  и 

проводниками  передовых  идей  нашего  общества.  Раскрываются  с  позиции 

современного  подхода  сущность  и  содержание  нравственного  воспитания 

школьников.  Определяются  педагогические  условия,  обеспечивающие 

эффективность нравственного воспитания. 

 

Summary 


This  instruction  describes  means  and  methods  of  upbringing  by  active 

builders, who must be carrier and vehicle of our sociery. Description exposure of 

the  essence  and  contents  of  elementary  schoolchildren's  morals  related  education 

from  the  point  of  the  view  of  contemporary  approaches.  Verification  of 

pedagogical conditions providing for efficiency morals related education. 

 

 

 

 


 

84 


ҰЛТТЫҚ  БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ  НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІ 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА  ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 

 ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

А.Ш.Абижанова -  

Абай атындығы ҚазҰПУ-дың кӛркем сурет факультетінің 

2 курс  магистранты 

 

Қазақстанда бейнелеу ӛнері профессионалды түрде ХХ ғасырдың 20-30 

жылдары европалық дәстүрдің негізінде құрылды, бірақ та ең басынан онда 

ұлттық дүниетанымның тұрақты стереотиптері айқын байқалды. 

 Қазақ  бейнелеу  ӛнеріндегі  ерекшеліктің  негізін  құрайтын  белгі,  ол, 

ұлттық  ӛнерге  кӛзқарас  пен  ұлттық  дәстүр.  Қазақстан  бейнелеу  ӛнерінің 

рухани ерекшелігі мен кәсіби кӛркемдік ӛзгешеліктің қалыптасуы халықтың 

санасы мен ішкі сырының әрдайым қатынаста болуына байланысты. 

 Осының  нәтижесінде,  шамамен  жүз  жыл  ішінде  ӛзінің  ерекшелігі, 

ӛзіндік    ұлттық  ӛнері,  тілі,  мәдениеті  және  идеясы  бар  ұлттық  ӛнер 

мектептері  құрылды.  Ұлттық  ӛнер  –    бұл  мәдениет  ӛзегі,  бұл  арқылы 

дүниетанымның  негізі  ұрпақтан-ұрпаққа  қалып,  ғасырдан-ғасырға  дамып 

отырды. 

Ерте  заманда  тәңіршындық  сияқты  іліми  –  сенім  болған,  бұл  дүние 

танымдық  кӛзқараста  кӛк  аспан,  жер,  су,  тау,  ӛзен,  тӛбе,  ағаш  сияқты 

қасиетті  де  киелі  заттарды  құрметтеп,  әспеттеген.  Осы  киелі  дүниелерді 

әспеттеп құрметтеу, біздің ұлттық болмысымыз бен дүниетанымымызға негіз 

болу философиясын қалыптастырған. 

  Ұлттық  бейнелеу  ӛнері.  Барлық    халықтарда    дамудың    тӛменгі  

сатыларында    болатын    және    барлық    негізгі    аспектілерде    (қызметі,  түрі, 

жанры, образдары және т.б. с.с.) тығыз сабақтастық  сақталатын  ӛнер түрі.  

Оның    айрықша    ерекшеліктері:    шығармашылық    кәсіби    сипат  

алмағандығы,  оның  жеке  бастан  тәуелсіздігі,  мифологиялық  символикаға, 

сырға    толы    болуы,    бүкіл    діни    табыну    кешенімен    ажырағысыз   

байланыстылығы. Олай  болса  ұлттық  ӛнер  дегенді  халықтың  тіршілік етуі  

барысында    дамып    қалыптасқан    «ӛмір    құбылыстарын,  қоғамдық  болмыс, 

сана нәтижелерін,  адамның  іс-әрекетімен  кӛңіл - күйін, сезімі  мен  бүкіл 

рухани    дүниесін    кӛркем  образда,    кӛркем    тіл    (түрлі    бояудағы  кӛркем 

образдар,  пластикалық  пішімдер,  кӛлемдік  -  кеңістік  формалары,  сурет 

пен    реңдер,    жарық  пен  кӛлеңке    сызықтары)    бейнеленетін    форма  мен  

мазмұнның қатынасы деп  түсінеміз». 

Біз  ертеден-ақ  қазақ  мәдениетінде  ұлттық  ӛнердің  түрлі  салаларын 

кездестіре аламыз. Қазақ ұлттық ӛнері тым ежелден, яғни, сақ дәуірі, неолит 

кезеңі, Андронов және кӛшпелілер кезеңдерінде де дамып отырған. Мысалы, 

ежелгі дәуірдегі бейнелеу, сәулет, мүсін ӛнерлері, олардың пайда болуы мен 

олардың даму эволюциясы, қолӛнер шеберлігі мәдениетінің пайда болуының 

бастауы осы кезеңдер деп білеміз. 


 

85 


Ежелгі  дәуірдегі  ұлттық  ӛнердің  әлемдегі  кӛптеген  халықтар  сияқты 

Қазақстанда  да  жартастағы  адам  мен  жан-  жануарлар  суреттерінен  тани 

аламыз.  Мысалы,  Ә.Х.Марғұлан,  К.А.Ақышев,  А.Н.Бернштам  секілді 

Қазақстан  қазбаларын  зерттеуші  археолог  ғалымдардың  пікірінше, 

жартастағы  –  аң  аулау  суреттері  және  адамдардың  үлкен  шеңберді  айнала 

билеп  жүрген  кӛріністері  ӛз  кезеңіне  сай  іс-қимылдарды  кӛрсетеді.  Бұл 

секілді  петроглифтерді  ғалымдар      Орталық  Қазақстанда,  Қараүңгір  және 

Жамбыл  тауларында,  Тамғалы  шатқалында,  Шығыс  Қазақстан  облысы, 

Шілікті  қорғанындағы  жартастармен  үңгірлерден  табылғандығын  айтады. 

Оған қоса Есік қаласынан 1970 жылы табылған сенсациялық ашылу «Алтын 

адамдағы»  сақ  жігітінің  киімдеріндегі  әр  түрлі  ӛрнектеулер  мен  әшекейлер 

сол дәуірдегі ұлттық ӛнердің, мәдениетінің жоғары деңгейде болғандығынан 

хабарлар береді. 

Ұлттық  ӛнерге  мұнан  басқа  қолӛнердің  зергерлік  түрі,  сондай-ақ  әлі 

күнге  дейін  жалғасын  тауып  келе  жатқан  кілем,  алаша  тоқу,  сырмақ  сыру, 

кесте тігу деген секілді композицияға толы  бұйымдары Қазақтың бұрыннан  

ұлттық ӛнерде  ӛзіндік  кӛркемдік талғамы биік  болғандығын аңғартады. 

Бүгінге  дейін  қазақ  ғалымдары  ежелгі  Қазақтардың  рухани 

мәдениетінің,  ұлттық  ӛнерінің  ерекшелігін,  тұжырымдамасын  және  мәнін 

сақтау, анықтау барысында олардың даму сатысын зерттеуді де қолға алды. 

Ежелгі ұлттық бейнелеу ӛнерінде мүсін, қол ӛнері, сәулет ӛнері ӛзінің 

бір  ерекше  бір  сиқыршылық  –  салттық  фукцияларымен  ежелгі  адам 

түсінігіндегі  адам  мен  әлемнің  пайда  болуындағы  мифтік  –  космоногиялық 

мәселелері де болды. 

 Бұған  қоса  Қазақстанда  ӛмір  сүрген  ежелгі  отырықшылардың  кӛркем 

мәдениетінде  философия  және  прагматикалық  бастамалар  тепе  -  тең 

дәрежеде дамып отырған.  

Сонымен  қатар,  сол  кездерде    ұлттық  ӛнер  ішінде  ең  кӛп  тараған 

ӛнердің  бірі  –  керамика  болатын.  Керамика  -  кӛркем  қолӛнері  кәсібінің  бір 

түрі ретінде мәдениетімізде қалыптасқан. Керамикалық ыдыстар қазақтардан 

басқа  Орта  азия  халықтарында  да,  ежелгі  еуропа  елдерінде  де  жасалған. 

Мұны  ертедегі  зират  басындағы  қазбалардан  табылған  құмыралар  мен 

құтылардың, қазандардың табылуынан кӛреміз. Қазақстанда әр түрлі кӛлемді 

ӛрнектелген  құмыралардың алғашқы түллері неолит дәуірінен басталған. 

 Қазіргі кездерде қыштан жасалған ыдыстармен қоса әр түрлі қол ӛнер 

бұйымдарын  қазіргі  мұражайларда  кӛптеп  кездестіреміз.  Дегенмен  де 

олардың пайда  болу,  шығу  тарихын  анықтау,  әрине,  қиынға  соғары  даусыз. 

Десекте,  кӛнекӛз  қариялардың  айтуынша  әрбір  орналасқан  ауылдық,  не 

қалалық  жерлердің  орны  –  ежелгі  ата  қоныстарымыз  болғандығын  айта 

отырады. 

  Ал,  сақ  дәуіріндегі  зергерлік  бұйымдар  1  –  мыңжылдықтың  басында 

Еуразия  далаларында  кӛркем  қолӛнер  кәсібінің  даму  жүйесі  болған.  Осы 

кезеңде  біздің  Жетісу  ӛңірінен  зергерлік  атрибуттар  табылған.  Сақ 

мәдениетінің  гүлдену  кезеңі  б.д.д.  1-мыңжылдықтың  орта  кезінде  Алтай, 



 

86 


Сарыарқа,  Іле  Алатауы,  Батыс  Қазақстан  аумақтарынан  кӛруге  болады. 

Мұндағы  зергерлік  бұйымдардан  дала  мәдениетінің  рухы,  сол  кездегі 

тұрғындардың  наным-  сенімдері  де  кӛрініс  табады.  Мысалы,  бұған  дәлел 

ретінде  Есік  қаласынан  табылған  «Алтын  адамның»  зергерлік  әшекейлік 

жолмен  жасалған  тұмары  болғандығын  айтуға  болады.  Түрлі  әшекейлерді 

олар мұнан басқа қару-жарақтардың сабына дейін ӛрнектелген. 

Олардың  кӛркемдік  эстетикалық  жағы  ӛте  жоғары  деңгейде  болады. 

Ӛйткені, қарулардың әмбебап пішіндерінің қалыптасуы, оны ою-ӛрнектермен 

әсемдеуі, Еуразия далаларында қолданысқа ие болуы – кӛшпелі халықтардың 

қару – жарақ ісінің белгілі бір дәрежеде дамып отырғандығын кӛрсетеді. 

Сондай-ақ  сақ  дәуірінде  ӛсімдік  мотивтері  де  пайда  болған.  Ертедегі 

кӛшпенділердің  ӛнерінде  мифологиялық  сюжеттерді  бейнелегенде,  олар 

ӛсімдік әлеміндегі барша шынайылықты қолдана білді. Бұл қазіргі дәуірдегі 

әр  түрлі  тақырыптардағы  бейнелеу  ӛнер  түрлерінде  кездестіруге  болады. 

Яғни,  мозаикаларда,  (тастан  гүл  суреттерін  жасау),  экзотикаларда  ӛсімдік 

әдемілігінің  шынайы  келбетін  кӛреміз.  Ӛсімдік  әлеміндегі  мұндай 

сюжеттерден кӛбінесе философиялық  сыр  сұлулықты аңғару қиын емес. 

Қазіргі  кезде  қазақ  бейнелеу  ӛнерінің  майталмандары  да,  бар  жігерін 

ұлттық  ӛнердегі  жаңа  кӛзқарастармен    жаңғыртып,  әлем  картинасын  жазу 

кезінде, бір ұлы жүйеге бағынатын космогониялық дүниетаным түсініктерін 

бағындыратын  бағытқа  деген  қажеттілік  пайда  болғанын  түсініп,  жаңа 

ізденістерге  ұмтылуда.  Ол  Қазақтың  кӛне  ұлттық  ӛнерінің  дүниетанымдық 

болмысы мен суретшілердің дүние жайлы түсініктерінің синкретті және жан-

жақты  қабысуының  арқасында  қалыптасып,  рухани  мирастық  жалғасқанда 

ғана, ұлттық ӛнердегі жаңа бағыттың кӛрініс табатынын түсінді. Сондықтан, 

қазақ  бейнелеу  ӛнерінің  орта  буынында  яғни,  қазақстан  суретшілері 

туындыларында ұлттық ӛнерге, кӛнелікке, ескілікке, тарихи деректерге деген 

үлкен қызығушылық кӛріне бастады. 

Ал,  бүгінде  жастарға  ұлттық  ӛнерге  –  жоғары  рухани  мәдениеттің 

айнасы деген пікірді уағыздап, оған деген оң кӛзқарастарын қалыптастыру – 

қазіргі кездегі болашақ суретші-педагогтың тікелей міндеті болуы қажет деп 

ойлаймыз. Себебі, ұлттық ӛнер жастарды ӛзінің болмысымен, тарихи, табиғи 

сипатымен  тұңғиық  тереңінде  болып  жатқан  құбылыстарын  терең  аша 

отырып,  жоғары  кӛркемдік  талғамға  тәрбиелей  алады.  Мұнда  ұлттық  ӛнер 

қазақ  халқының  тіршілік  ӛмiр  салтымен,  материалдық  және  рухани  бай 

дүниесiмен, ұлттық тәрбиесімен, халықтық психологиясымен ерекшеленетiн 

әлем мәдениетiндегi ӛз орнымен ерекше сипатталады. 

Халқымыздың  қолӛнерін,  сәндік  қолданбалы  ӛнер  туындылары  және 

оларды дайындау барысы: біріншіден жастардың бейнелеу, еңбек мәдениетін  

қалыптастыруды  қарастырса,  екіншіден,  эстетикалық  тәрбие  және  сапалық 

қасиеттерді  қалыптастырудың  кӛзі,  үшіншіден,  қалдықсыз  технология 

бойынша  бейнелеу  ӛнері  пәнінде  білім  мен  іскерліктің  негізі  ретінде 

қарастыруға болады. 

Оқу-тәрбие  процесіне  этнопедагогикалық  білім  мазмұны  мен  іс-



 

87 


әрекеттерін  енгізу  және  жүзеге  асыру,  этностық  мәдениетке  баулу 

мақсатында  кӛптеген  Қазақстандық  педагог-ғалымдардың  тынғылықты 

атқарып 

жатқан 


еңбектерін 

атап 


кетуге 

болады.(С.А.Ұзақбаева, 

К.Ж.Қожахметова, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, Қ.Бӛлеев, Ж.Асанов, т.б.). 

Ж.Асановтың 

еңбегін 

талдау 


негізінде 

жеке 


тұлғаның 

этнопедагогикалық  білімдер  мен  тәжірибелер  құрылымынан  әдеп-ғұрып, 

салт-дәстүр,  тұрмыс,  шаруашылық  тәжірибелердің,  мәдениет  пен  ұлттық 

ӛнер 


түрлерінің 

ӛзіндік 


орын 

алғандығын 

кӛреміз. 

Біздер 


"этнопедагогикалық  мәдениет  мазмұны  деп,  этнопедагогикалық  білімді, 

құбылысты  және  тәрбиелік,  танымдық  іс-әрекетті  түзетін  элементтердің, 

байланыстардың,  қатынастардың  жиынтығы"  –  деп  білеміз.  Ал,  ―этностық 

мәдениет  -  халқымыздың  тұрмыстық  ӛмір  тіршілігіне  тән  білімдерді 

(қонақжайлылық,  ісмерлік,  эстетикалық  талғам,  этностық  мәдениеттілік), 

құбылыстарды  сипаттайтын  және  жеке  тұлғалық  сапалық,  жағымды 

қасиеттерін  қалыптастырудағы 

эстетикалық  тәрбиелік  іс-әрекеттер, 

байланыстар мен  қатынастар‖ ретінде сипатталады. 

Ұлттық мәдениетке қатысты зерттеулерді және оған берілген анықтама 

тұрғысынан  ұлттық мәдениет құрылымы анықталады

- адамдар арасындағы қарым-қатынаста; 

- еңбек, ӛндіріс құралдарымен іс-әрекетте; 

- табиғат тіршіліктерімен араласуда және оларға ықпал етуде

- дәстүрлі тұрмыстық тіршілікте; 

- образдық қолданбалы, кӛркем шығармаларды жасауда; 

-  ұлтқа тән дәстүр элементтерінің орындалуымен;  

Ұлттық ӛнердегі, мәдениеттегі  іс-әрекет мақсаттары: 

-  гностикалық  тұрғыдан:  тану,  анықтау,  түсіну,  тексеру,  бағалау. 

Мәселен,  рухани  ӛнер,  мәдениет  құндылықтарын  анықтау  және  бағалау, 

т.с.с.; 


-  түрлендірушілік  тұрғыдан:  түрлендіру,  ӛңдеу,  ұйымдастыру,  әсер 

ету.  Адамның  ӛзін  және  қоршаға  ортасына  қатынасын  түрлендіру,  сапалық 

қасиеттерді  іс-әрекеттерді  (салт,  дәстүр,  жӛн-жоралғы,  т.б.)  ұйымдастыру, 

материалдық игіліктерді ӛңдеу, сыйласымдық қарым-қатынас жасау. 

-  ізденушілік  тұрғыдан:  ойлап  табу,  ӛнер  үлгісін  құрастыру.  Сәндік-

қолданбалы ӛнерде шығармашылықпен тұрмыстық заттарды әзірлеу, т.б. 



Ұлттық ӛнер мен  мәдениетке тән нысандардың мазмұны: 

- ұлттық тӛл ұғымдарымен; 

- ұлттық ӛнеріне тән іс-әрекет үлгілерін орындау іскерліктерімен; 

ұлттық  ӛнер  нысандарын  орындау  мен  жүзеге  асыруда 



қалыптастыратын жеке тұлғалық сапалық қасиеттермен анықталады. 

Ұлттық  ӛнер  нысандары  арқылы  жастарды  эстетикалық  тұрғыда 

тәрбиелеу  кӛпшілік  ортада,  ұлттық  мерекелерде,  салт-дәстүр,  жӛн-

жоралғылар,  т.б. іс-әрекеттерде ара-кідік  жүзеге  асырылады.  Ұлттық ӛнерге 

студенттерді  баули  отырып,    эстетикалық  тәрбие  беру  бағытында  бірқатар 

жұмыстар жүргізілуі тиіс.  



 

88 


Оның ішінде: 

-  ұлттық  ӛнер  нысандарын  сипаттайтын  оқу  материалдары  теориялық 

тұрғыдан  оқу  пәні  және  тәрбие  жұмысы  бағдарламаларының  мазмұнына 

ұғымдар түрінде сұрыпталып, бүгінгі күнге жарамдысын қосу

-  оқу  пәндері  бойынша  теориялық  сабақтарда,  практикалық 

жұмыстарда,  тәрбие  жұмыстарында  студенттердің  ұлттық  ӛнерге  тән 

нысандарды орындауын, дайындауын  ұйымдастыру; 

-  ұлттық  ӛнер  негізінде  студенттерге  эстетикалық  тәрбие  бере  отырып 

пәнаралық байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. 

Жоғары  мектептің  кӛркем  сурет  факультетінің  оқу  пәндерінде 

студенттердің  ұлттық  ӛнерге  деген  ынталары  мен  қызығушылықтарын 

қалыптастыру мүмкіндіктері мол.  

Кез  келген  оқу  пәні  мазмұнындағы  ұлттық  ӛнерге  тән  іс-әрекеттерге 

дайындық:  бақылау,  салыстырма  талдау,  талдау  және  жинақтау,  жүйелеу, 

зерделенетін нысан мен құбылыстың себеп-салдарлық байланысын анықтау, 

т.б. жалпы ғылыми әдістерді пайдаланумен жүзеге асырылады. Оқытушылар 

тарапынан  оқыту  әдістері  білімді  және  іс-әрекетті  меңгеру  тұрғысынан 

орындалады.  

Ұлттық бейнелеу ӛнер үлгілері кең мағынада қарастырылып, ол жоғары 

мектептің  кӛркем  сурет  факультетінің  «бейнелеу  ӛнері  пәнін  оқыту 

әдістемесі»  пәнін  оқып  меңгеру,  ғылым  негіздерін  зерделеу,  қоғамға 

пайдалы,  студенттердің шығармашылық және басқада кӛркем іс-әрекеттерін  

қамтиды. 

  

1.



 

Байжігітов Б. Ӛнер тарихы мен теориясы: Оқу құралы. – Алматы: 

Ислам әлемі, 1999.- 147 б. 

2.

 

Қазақстан  халқына  жолдауы.  2003  жылы  сәуірде  «Мәдени  мұра» 

мемлекеттік бағдарламасы. 

3.

 

Қалиев  С.  Ұлттық  педагогиканың  негiзгi  қағидалары  //Бастауыш 

мектеп. – 1994. - № 1, №  2, № 3. 

4.

 

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлiм-тәрбиесi. - Алматы, 1995. 

352 . 

5.

 

Ұзақбаева  С.  Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегi  халық 

дәстүрi. - Алматы: Қазақ ССР Бiлiм қоғамы, 1990. - 30 бет. 

6.

 

Мухамбаева  А.Х.  Национальные  обычаи  и  традиции  казахского 

народа  и  их  влияние  на  воспитании  детей  и  молодежи:  Автореф.  дисс… 

к.п.н: 09.01.1974. – М., 1974. 

7.

 

Тайжанов  А.    М.Әуезов  халықтық  педагогика  мен ұлттық  тәрбие 

туралы //Ақиқат. – 1994. - № 3.- Б. 89-94. 

 

 



 

 

89 


Резюме 

В  данной  статье  автор  рассматривает  развитие  эстетического 

воспитания студентов посредством национального искусства. Автор  считает, 

что потенциальные возможности национального изобразительного искусства 

являются основным средством развития эстетического воспитания студентов.  

 

Summary 



In  given  article  the  author  considers  problems  of  aesthetic  education  of 

students on the basis of national art. The author considers potential possibilities of 

the national fine arts as basic means of aesthetic education of students in the course 

of training. 

 

 



жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет