Хабаршы вестник кӛркемӛнерден білім беру



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата19.04.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

Summary 


In  article  are  considered  questions  theory  of  the  methods  of  the  teaching 

imitative  in  the  University,  are  accentuate  some    most  actual  lines  of  the 

development  and  purport,  organization  forms  and  methods  theme,  ―Of  the  

methods of the teaching imitative‖. 

 

                      



ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ 

САЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

К.К.Келденова, С.К.Келденова - 



живопись кафедрасының оқытушылары   

 

Соңғы  уақытта  біздің  мемлекетіміз  балаларға  қосымша  білім  беруге 



тиісті  кӛңіл  бӛліп  отыр:  балалар  шығармашылығының  орталықтары, 

оқушылар  үйі,  жас  техниктер  станциясы,  аула  клубтары,  жас  натуралистер 

станциясы  және  т.б.  ашылуда.  Мұндай  мекемелердің  айрықша  белгісі 

олардың  қызмет  бағыттарының  алуан  түрлілігі  болып  табылады,  бұл 

шығармашылық дарындылықтың сан алуан түрлерін айқындауға, дамытушы 

білім  технологияларын,  креативтілік  пен  шығармашылық  қабілеттерді 

шынайы  дамытуға  бағытталған  авторлық  жаңа  буын  бағдарламаларын 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Балалар  ӛздерінің  табиғатына  жақынды, 

ӛздерінің  қажеттіліктерін,  мүдделерін  қанағаттандыратынды  таңдап  алады. 

Қосымша  білім  берудің  мәні  осында:  ол  балаға  балғын  жастан  ӛзін-ӛзі 

анықтауға  кӛмектеседі,  оның  ӛзін-ӛзі  танытуына,  әлеуметтік  мәнді 

міндеттерді  шеше  отырып,  балалық  шағында  толыққанды  ӛмір  сүруіне 

мүмкіндік  береді.  Сонымен,  Қазақстанның  ұлттық  сәндік-қолданбалы  ӛнері 

материалы  негізінде  бастауыш  мектеп  оқушыларына  кӛркем-эстетикалық 

тәрбие  берудің  ӛзекті  міндеттерін  жүзеге  асыруда  қосымша  білім  берудің 

ерекше  бір  саласы  ретінде  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесінің  әлеуеті 

орасан  зор.  Нағыз  осы  қосымша  білім  беру  саласында  тұлғаның  ӛзін 

қалыптастыруына, дамытуына, жетілдіруіне, ӛзінің әрекетшіл мәнін ашуына 

байланысты  кӛркем  білім  берудің  жаңа  нысандарын,  әдістерін  және 

мазмұнын әзірлеу ерекше кӛңіл бӛлуді талап етеді. Осылайша біздің зерттеу 

саламыз  қосымша  кӛркем  білім  беру  шеңберімен,  оның  үстіне  бастауыш 

мектеп  оқушыларының  жас  ерекшеліктерімен  және  Қазақстанның  ұлттық 

сәндік-қолданбалы  ӛнері  материалдарымен  шектеледі.  ХХ  және  ХХІ 


 

62 


ғасырлар  тоғысындағы  қоғамдастықтың  ұлттық  мәдениетке,  ұлттық  ӛнерге 

қызығушылығы «этникалық қайта ӛрлеу немесе қазіргі заманның этникалық 

парадоксы»  /1/  деген  атау  алды.  Бұл  құбылыстың  мәні  –  қоғамдық 

процестерде  этниканың  рӛлі  елеулі  артуында,  этникалық  сәйкестікке,  тілге, 

мәдениетке, ғұрыптарға, дәстүрлерге, ӛмір сүру болмысына, ӛскелең ұрпақты 

«ӛзінің»  ұлттық  мәдениеті  рухында  тәрбиелеуге  қызығушылықтың  қайта 

ӛрлеуінде.  Кӛрнекті  саяси  және  қоғам  қайраткерлері,  мұғалімдер  мен 

психологтар  (А.  Құсайынов  /2/,  Ж.Ж.  Наурызбай  /3/)  қазақстандық 

балалардың  этникалық  сәйкестігінің  жай-күйін  дағдарысты  деп  атап 

кӛрсетеді. 

Дүние жүзі қауымдастығының егеменді және толыққанды мүшесі бола 

отырып, қазіргі Қазақстан ӛзінің жаңа тарихын жазу үстінде, бірақ бұрынғы 

міндеттері  кӛмескіленіп  кеткен  жоқ,  керісінше,  одан  әрі  ӛзектілене  түсті. 

Сондықтан  ӛзінің  ұлттық  мәдениетінің  және,  атап  айтқанда,  сәндік-

қолданбалы  ӛнерінің  негізінде  қоғамның  рухани  қасиеттерін  дамыту 

міндеттері басымды болып табылады.  

Педагог-ғалымдардың  кӛптеген  буындары  ұлттың,  мемлекеттің 

руханилығы  тек  ӛзінше  ерекше  энергетикалық  ӛзек  –  дәстүрлі  мәдениет 

деген  тұрақты  шама  болған  жағдайда  ғана  сақталып  қалуға  және  дамуға 

қабілетті  болатынын  дәлелдеді.  Зерттеуде  дәлелдеп  кӛрсетілгендей,  сәндік-

қолданбалы ӛнерді неғұрлым  терең  және  жан-жақты  зерделеу  үшін  ӛскелең 

тұлғаның  кӛптеген  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  қосымша  білім  беру 

жүйесі  анағұрлым  ұтымды.  Осы  жұмыста  қосымша  білім  беру  жүйесінде 

сәндік-қолданбалы ӛнер материалы негізінде бастауыш мектеп оқушыларына 

кӛркем-эстетикалық тәрбие беру проблемасы тәсілдерінің бірі ашылады. 

Бейнелеу  ӛнері  саласындағы  қосымша  білім  беру  бағдарламалары:  - 

оқушылардың  базалық  білімдерін  тереңдетеді  және  кеңейтеді;  -  кӛптеген 

оқушылар үшін оқытуды  тұлғалық-мәнді  етеді,  яғни балада ӛзін-ӛзі дамыту 

қажеттілігінің  туындауына  ықпал  етеді,  оның  шығармашылық  қызметке 

даярлығы  мен  әдетін  қалыптастырады,  оның  ӛзіндік  бағасын  және 

құрдастарының,  педагогтарының,  ата-анасының  алдында  оның  мәртебесін 

арттырады; - оқушылардың оқу-зерттеушілік белсенділігін ынталандырады; - 

бірқатар тереңдетуші курстарды оқып-үйренуге қызығушылығын арттырады; 

-  оқушылардың  сабақтан  тыс  уақытта  бос  болмауы  ӛз  тәртібін  нығайтуға, 

ӛзін-ӛзі  ұйымдастыруы  мен  ӛзін-ӛзі  бақылауын  дамытуға  ықпал  етеді  деп 

қорытынды  жасауға  мүмкіндік  берді.  Дегенмен  осы  уақытта  Қазақстанның 

қазіргі  қосымша  кӛркем  білім  беру  жүйесінің  нақты  құрылған 

тұжырымдамасы  мен  ӛзінің  даму  бағдарламасы  жоқ.  Осы  орайда  бейнелеу 

ӛнері  мұғалімдерін  кәсіби  даярлаудың  қолданыстағы  бағдарламаларын 

талдауымыз кӛрсеткендей, оларда қосымша кӛркем білім беру жүйесінің мәні 

мен  мүмкіндіктерін  ашатын  пәндер  кӛзделмеген  (болашақ  бейнелеу  ӛнері 

мұғалімдерін  кәсіби  даярлау  процесіне  қосымша  кӛркем  білім  беру 

жүйесінде  оқушыларды  тәрбиелеудің  ұйымдастырылу  ерекшелігі  мен 

әдістемесін зерделейтін арнаулы курстарды енгізген орынды болар еді).  



 

63 


Сәндік-қолданбалы  ӛнер  жӛніндегі  теориялық  зерттеулерді  талдаудың 

негізінде мынадай қорытынды ұсыну мүмкін болып отыр: 

-  орталық  Азияның  кӛшпенділері  ӛздерінің  ӛмір  сүру  салтына  орай 

бірегей  әлеуметтік-дүниетанымдық  жүйе  құрды,  онда  қолданбалы  ӛнердің 

басқа  ӛнер  түрлерінен  басымдығын  тудырған  арнайы  дүниетанымның 

ерекше  маңызы  бар.  Сәндік-қолданбалы  ӛнер  дәстүрлі  мәдениеттің  тұрақты 

дамуына  қажетті  барлық  рухани  және  кӛркем  бағдарларды  қамтыды.  Ӛнер 

түрлерінің  иерархиясында  қолданбалы  ӛнердің  маңызы  ерекше,  бұл  оған 

оның  кӛмегімен  кӛркем-эстетикалық  тәрбие  беруді  қалыптастыруға  және 

жетілдіруге болатын теңдессіз құралға айналу мүмкіндігін береді; 

-  тіпті  қазірдің  ӛзінде,  дәстүрлі  мәдениетті  адамның  ӛмір  сүру  салты 

мен  дүниетанымын  түбегейлі  ӛзгерткен  қазіргі  заманғы  ӛркениет 

алмастырған  кезде  қолданбалы  ӛнер  бұрынғыша  адамның  интеллектуалдық 

және  эмоциялық  дүниесіне  аса  қуатты  әсер  ету  әлеуетіне  ие;  оның  ішінде 

бала  тұлғасының  ӛзін  дұрыс  ұлттық  сәйкестендіруін  дамытудың  қуатты 

құралы болып табылады. 

Сәндік-қолданбалы  ӛнер  этностың  кӛркем  эстетикалық  санасын 

кӛрсететін  кӛркем  жүйе  ретінде  ұсынылған.  Қосымша  кӛркем  білім  беру 

мазмұны  ұлттық  сәндік-қолданбалы  ӛнерді  мынадай  ұстаным:  этностың, 

халықтың шынайы ӛмірді меңгеруінің ерекше, кӛркем-бейнелі тәсілі ретінде 

аталған  ӛнер  түрінің  терең  тетіктерін  зерттеу  тұрғысынан  оқып-үйренуге 

тиіс. Осыдан келіп, қосымша білім беру жүйесінде ұлттық сәндік-қолданбалы 

ӛнер  материалы  негізінде  бастауыш  мектеп  оқушыларына  кӛркем-

эстетикалық  тәрбие  берудің  болашақ  мазмұндық-конструкциялық  үлгісінің 

компоненттері анықталды. 

Мектептегі  бейнелеу  ӛнері  сабақтарының  мақсаты  –  балаларды 

қоршаған  шынайы  ӛмірді  бақылап-байқауға  баулу,  кӛркем  шығармашылық 

үшін аса маңызды қабілеттерін, яғни, ӛмірді суретшінің кӛзімен кӛре білуін 

дамыту.  Байқағыштықты,  қоршаған  шынайы  ӛмірге  ынталылықты 

қалыптастыру  және  кӛркемсурет  материалдарын  бастапқы  меңгерту  –  осы 

жылғы  негізгі  міндеттер.  Баланың  практикалық  қызметі  оның  ӛз  жасына 

қолжетімді  кӛркем  құралдармен  қоршаған  дүниені  ӛзінше  кӛруін  кӛрсете 

білуге  бағытталған.  Педагог  балаларға  суретшінің  бүкіл  шығармашылық 

қызметі  ӛзінің  қоршаған  ӛмірді  бақылап-байқағандарынан  құрылатыны 

туралы әңгімелеп айтады. 

Әрбір  кӛркемсурет  техникасы  қандай  да  бір  дәрежеде  баланың 

қолының, иығы мен саусақтарының әр түрлі салаларын дамытады. Мысалы, 

нәзік  графикалық  жұмыс  қозғалыс  үйлесімділігіне  үйретеді,  мүсін  жасау 

саусақтарды  дамытады,  ал  живопись  техникаларында  орындалатын 

тапсырмалар  бүкіл  қолдың  еркін  де  жатық  қимылдауына  ықпал  етеді. 

Ермексаз,  сазбалшық  және  қағаз  сияқты  материалдармен  жұмыс  (кӛлемді 

үлгілеу)  кеңістікті,  кӛлемді,  тереңдікті  жақсы  меңгеруге  ықпал  етеді.  Осы 

жастағы  бүлдіршіндер  қозғалысты  қағаз  бетінің  жазықтығына  қарағанда, 

сезілетін кӛлемде неғұрлым табысты жеткізеді. Сондықтан бір қызмет түрін 



 

64 


екіншісімен кезектестіріп отыру қажет. 

Ізгілікті-эстетикалық  ықыластылықты  қалыптастыру  балалардың 

қоршаған  дүниеге  ойлы  кӛзқарасын  және  ӛз  кӛзқарасын  сӛзбен  де, 

кӛркемсурет құралдарымен де кӛрсете білу іскерлігін дамытуға бағытталған 

педагогикалық  процесс  ретінде  қарастырылады.  Педагог  сабақтарды 

оқушылар сабақтан сабаққа ӛткен сайын табиғаттағы форма мен түстің алуан 

түрлілігін  кӛре  білуін,  қарапайым,  қалыпты  құбылыстардың  сұлулығын 

бағалай білуін дамытатындай етіп құрады.  

Жыл  мерзімдерінің  сұлулығын  кӛре  білу,  ӛзі  үшін  күз  бен  қыстың, 

кӛктем мен жаздың түстер палитрасының контрастын  ашу,  тірі  табиғаттағы 

ұдайы қозғалысты сезіну, осы қозғалысты  кӛркемсурет (графика, живопись, 

пластика) құралдарымен жеткізу, осы «қозғалысты» педагог ұсынған музыка 

үзіктерінен ести білу, оны поэзиядан сезіну, осының бәрін шынайы дүниенің 

әсерлерімен салыстыру – бірінші оқыту жылының негізгі мақсаты. Ізгілікті-

эстетикалық  ықыластылықты  қалыптастыру  қоршаған  табиғатты  қабылдау 

процесінде  ғана  емес,  практикалық  қызмет  барысында,  суретшілердің 

туындыларын  қабылдаған  кезде  (түпнұсқалар,  слайдтар,  репродукциялар), 

сыныптастарының  шығармашылық  жұмыстарын  талқылаған  кезде  жүзеге 

асырылады.  Сыныптастарының  жұмыстарына,  ӛз  шығармашылығына 

эмоциялық-бағалаушы кӛзқарасын қалыптастыру нәтижесінде оқушылардың 

кӛркем-шығармашылық белсенділігі де жаңа нысан алады. 

Бейнелеу ӛнері саласында оқушылардың шығармашылық белсенділігін 

қалыптастыру  олардың  ашылуына,  әр  түрлі  шығармашылық  қызмет 

тәсілдерін  меңгеруіне  мүмкіндік  береді.  «Егер  балғын  жаста  баланың  затты 

қабылдауы  әлі  жеткілікті  бӛлінбеген  болса  және  түс,  форма,  ӛлшем  және 

басқа  да  қасиеттер  бала үшін оларды иеленуші  заттардан оқшау  тұрмайтын 

болса,  онда  баланың  қабылдауы  мен  ойлауын  дамыту  үшін  осы  қызмет 

түрлерінің  маңызы  ерекше  екені  айдан  анық  болады»,  –  деп  жазды  белгілі 

кеңес психологы Д.Б. Эльконин /1/. Бұл жаста бала үшін жазу элементтерін 

меңгеру проблема болып табылады, қарындашпен, таяқшамен және тушьпен, 

кӛмірмен  және  грифельмен  графикалық  жұмыс  жасау,  саусақтарды 

дамытатын  ұсақ  пластикада  жұмыс  жасау  осы  қиындықтарды  жеңуге 

кӛмектеседі.  Үлкен  форматты  парақ  бетін  гуашь  бояулармен  және  жалпақ 

қылқаламмен  живописьтік  игеру  қысылу  сезімінен  арылып,  қолдың 

қимылдарын еркін үйлестіріп, қылқаламмен барлық бағыттарда жеңіл жұмыс 

істеуге үйретеді. 

Балалардың  кӛркем-шығармашылық  белсенділігі  шығармашылық 

туындыны  жасауға  бағытталып  қана  қойған жоқ,  сонымен бірге  түпкі  ойды 

ойлап жүрген кезде, болашақ жұмысты талқылау процесінде кӛрініс табады. 

Кӛбіне  практикалық  қызметтің  тура  алдында  жүретін  әңгімелеу  бала 

шығармашылығында  кӛркем  бейнені  тудыратын  ең  басты,  бастапқы 

қозғаушы  күш  болып  табылады.  Сабақтарда  әдеби,  музыкалық  және  кӛріп 

қабылдау  материалдарын  пайдаланған  кезде  оларды  шамадан  тыс  қолдану 

сабақтың нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін естен шығармау керек. 



 

65 


Кейде  кӛп  нәрсеге қарағанда,  кӛркем  бейненің  туындауын  ынталандыратын 

бір музыкалық немесе поэтикалық үзіндінің берері анағұрлым мол. 

Кӛркем қызмет білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру 

баланың  практикалық  қызметі  барысында  ғана  емес,  сонымен  қатар 

қоршаған  дүниені,  ӛнер  туындыларын  қабылдаумен  байланысты  даярлық 

кезеңінде,  балалардың  жұмыстарын  талқылау  нәтижесінде,  сондай-ақ 

педагог  сабақта  кӛрсететін  әр  түрлі  кӛркемсурет  материалдарымен  жұмыс 

жасау  тәсілдерін  қабылдау  процесінде  де  жүреді.  Бастауыш  мектеп 

жасындағы  балалармен  жұмыс  жасағанда  бейнеден,  әрбір  тақырыпты 

эмоциялық  қанықтырудан  бастау  керек.  Тіпті  түсті,  графикалық  сызықтың 

сипатын  түсінуге,  қылқаламмен,  таяқшамен,  қарындашпен,  фломастермен 

және  т.б.  жұмыс  жасаудың  техникалық  тәсілдерін  меңгеруге  байланысты 

тапсырмалардың ең алдымен ізгілікті-эмоциялық жүктемесі болуы керек. 

Барлық  балаларда  әр  алуан  қызмет  түрлеріне  ұмтылысы  туындаған 

кезден  бастап  кӛркем-бейнелі  бастауын  қалыптастыру  қажет,  бұл  ӛнімді 

шығармашылықтың  міндетті  алғышарты  болып  табылады.  Әр  түрлі 

кӛркемсурет  материалдарымен  жұмыс  жасау  тәсілдерін  кӛрсеткен  кезде 

педагог тақтада немесе қағаздың үлкен парағында ірі суреттерді сала тұрып, 

оларға  қандай  да  бір  нақты  сипат  бермеуі  тиіс,  ӛйткені  бұл  артынан 

механикалық  қайталауға  әкелетіні  шүбәсіз.  Егер  кейбір  жаңа  дағдыларға 

үйрету  кезінде  еліктеудің  рӛлі  айдан  анық  кӛрініп  тұрса,  кӛркем 

шығармашылықты қалыптастыру ісінде оның мәні екіұшты сипатта болады. 

Егер,  мысалы,  балада  қиялдау  және  ойлап  табу  қабілеттері  дамыған  болса, 

онда ол еліктеуге сирек жүгінеді. 

Бейнелеу ӛнері сабақтарында жұмыс орнын ұйымдастыруға, палитраны 

пайдаланған  кезде  бояулармен  жұмыс  жасау  тәсілдеріне  және  тіпті  бояуды 

ашу  және  жабу,  жұмыс  орнын  жинау  және  т.б.  сияқты,  бір  қарағанда, 

қосалқы және техникалық болып кӛрінетін сәттерге кӛп кӛңіл аударылады. 

Сабақ  барысында  мұғалім  оқушыларды  әр  түрлі  кескіндемелік, 

графикалық  және  пластикалық  материалдармен  таныстырады.  Сосын 

тапсырмалар  жүйесінің  кӛмегімен  осы  түсініктер  біртіндеп  балалардың 

түстің, сызықтың, кӛлемнің және т.б. айшықтылығын іскерлікпен пайдалану 

деңгейіне  дейін  жеткізіледі.  Кӛркемсурет  материалдарымен  жұмыс  жасау 

дағдыларын  меңгерудің  соңғы  сатысында  балалар  бояуларды,  борларды 

еркін  пайдалануды  үйренуге  тиіс,  бұл,  мысалы,  қылқаламның  батыл 

қимылынан,  әр  түрлі  бағыттарда  және  алуан  түрлі  түстерді  ұштастыра 

отырып кең жағыстардан кӛрінеді; графикалық материалдарды  – ұзындығы, 

ені, әсемдігі және т.б. әр түрлі сызықтарды еркін пайдалануы керек. 

Практикалық  жұмыс  кезінде  олар  кӛркем  қызметтің  әр  түрінің 

бейнелеу 

құралдарымен 

және 


тәсілдерімен 

танысады, 

оқушылар 

шығармашылықтың  табиғи  шығу  кӛздері  туралы  және  осы  шығар-

машылықтағы адамның қиял-ғажайып әлемінің, оның қиялының рӛлі туралы 

айқын түсініктер алады. Барлық тапсырмалар эмоциялық боялған болуы тиіс: 

бұл балаларды ӛз жұмыстарын неғұрлым терең түйсінуіне дайындайды. 


 

66 


Әрбір  кӛркем  туындыда  адамның,  ең  алдымен,  ӛзінің  сезімдері  мен 

ойларын,  бейнеленетін  дүниеге  ӛз  кӛзқарасын  салатынын  біледі.  Бұл 

тапсырмалар    суретшінің  әр  түрлі  ӛмір  құбылыстарына  кӛзқарасын  білдіруі 

ретінде ӛнердің бүкіл қызметін ұғыну мақсатында құрылады. Оқушылардың 

іскерліктері  мен  дағдылары  табиғаттың,  хайуанаттардың,  адамның  әр  түрлі 

эмоциялық  жай-күйін  кӛрсететін  композициялар  құру  процесінде 

меңгеріледі. 

Балалармен  сұхбаттасу  эмоциялы  түрде,  оқушылардың  ӛмірлік 

түсініктеріне,  олардың  табиғатпен  және  ӛнермен  қатынасу  тәжірибесіне 

сүйене  отырып  құрылуы  керек.  Бұл  үшін  сабақтарға  дайындалу  кезеңінде 

мұғалімнің  бір  қызмет  түрінен  екіншісіне  (сұхбаттасу,  қабылдау, 

шығармашылық  жұмыс  және  т.б.)  логикалық  тұрғыдан  дұрыс  ӛте  отырып, 

жүргізу  сценарийін  ойластырып  алуы  мақсатқа  сай  болады.  Бұл  сабақтың 

біртұтас  процесті  білдіруі  үшін  қажет,  оған  қатысқанда  балалар 

қызығушылығы мен ынтасын жоғалтпас еді. 

 

1.



 

Стефаненко Т.Г. Социальная и этническая идентичность / В кн.: 

Идентичность:  Хрестоматия.  –  М.:  Изд-во  Московского  психолого-

социального института; Воронеж: Изд-во НПО «МОДЭК», 2003. – 272 с. 

2.

 

Кусаинов  А.  К.  Состояние  и  задачи  педагогической  науки 

Казахстана//Материалы 

Республиканского 

научно-методологического 

семинара,  посвященного  проблемам  развития  системы  образования  и 

педагогической  науки,  повышения  качества  образования  в  РК:  КАО    им.      

И. Алтынсарина, 7 февраля 2008 г. – 123 с. 

3.

 

Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. – Алматы, 1997. 

– 140 с. 

4.

 

Эльконин  Д.Б.  Избранные  психологические  труды.  -  М.: 

Педагогика. – 1989. – 540 с. 

 

Резюме 


В  статье  рассматриваются  проблемы  художественно-эстетического 

воспитания детей в системе дополнительного образования. Автор раскрывает 

психолого-педагогические  аспекты  методики  художественно-эстетического 

воспитания  и  обучения  детей  младшего  школьного  возраста  в  системе 

дополнительного образования на материале национального искусства. 

                                                         

                                                          Summary  

          This article discusses the problems of art and aesthetic education of children 

in the system of supplementary education. The author reveals the psychological 

and pedagogical aspects of how art and aesthetic education and training of primary 

school-age children in supplementary education materials for the national art. 

  

 



 

 

67 


СУ БОЯУДЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ 

 

М.Қайдаров – 

живопись кафедрасының аға оқытушысы   

 

Бүгінгі  таңда  суретшіге  керек  бояулардың  сапасы  шарықтау  шыңына 

жетті,  әйтсе  де  біз  оларды  қолдану  тәсілі  мен  ерекшелігін  толыққанды 

білеміз  бе?    Осы  олқылықтарды  толықтыру  үшін  Петербор  суретшілер 

академиясының  профессоры  Д.И.Кипликтің  «Живопись  техникасы»  атты 

еңбегі мен Ю.И. Гренбергтің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, су бояуын 

оқушыға таныстыруды жӛн деп санаймын. Басқа да бояулардың тарихындай 

су  бояуының  (акварель)  тарихы  ертеден  басталады.  Оны  ежелгі 

Мысырлықтардың  иероглифтері  мен  папируспен  замандас,  сондай  ақ 

қытайлық қағаз бен тушь та сол уақыттардан бастау алған. Византия ӛнерінде 

су  бояуымен  (акварель)  шіркеу  кітаптарын  әшекейлеу  үшін,  ондағы  оюды 

тақырыптың  бас  әріптерін  және  де  кітап  ішіндегі  миниатюраларды  бояуға 

қолданған. Ал кейін келе живописьте  шағын фигураларға қолданса, сонымен 

қатар  тақтайға    подмалевка  (астар  жағу)  жасаған  және  де  қарындашпен 

салынған  суреттерді  бояуға  қолданған.  Орта  ғасырдың  миниатюраларына 

жататын  шығармалардың  арасында  (бізге  жеткен)  живописьтің  су  бояумен 

жасаған  түпнұсқалары  сақталған.    Олардың  ішінде  Альбрехт  Дюрерьдің 

шығармаларын кӛруге болады. 

        Қайта  ӛрлеу  дәуіріндегі  қыл  қалам  шеберлері  су  бояуын  ӛздерінің 

кенепке,  қабырғаға  жазған  шығармаларының  нобайын  жасауға  қолданған. 

Сол  кезде  жасалған  суретшілердің  кӛптеген  нобайлары,  картондары  мен 

(рисуноктары)  суреттері  мӛлдір  су  бояуымен  боялған.  Мысалы  Рафаэль, 

Рубенстердің  суреттерінен  (рисуноктары),  және  де  Фламандық,  Голландық 

суретшілер  Ван  Остад,  П.Брюл,  Рюисдал,  француз  суретшілері  Лебрен, 

Лессюер,  Миньяр  және  басқа  да  суретшілердің  шығармаларынан  кӛруге 

болады. Шындығында XVII ғасырға дейін су бояуына аса мән берілмеді, бар 

болғаны ӛнерде кӛмекші құрал ретінде қолданып келді. 

Алғаш  Англияда  XVII  ғасырдан  бастап  су  бояуы  (акварель) 

живописьтің ӛз бетінше бӛлек түріне айналды. Кейін XIX ғасырдың  басында 

Батыс  Еуропаның  елдерінде  ӛзінше  ӛнерге  айналып,  кеңінен  қолданыла 

бастады.  Ал  Ресейде  1680  жылдары  суретшілердің  «Су  бояудың 

суретшілерінің  ұйымы»  алғаш  құрылды.  Ӛмірге  келуі  мен  қалыптасуы 

жолында    су  бояуы  кӛптеген  ӛзгерістерге  түсті.  Мысалы,  орындалуы  мен 

құрамы  жағынан  және  де  жасалуы  қарапайым  түрде  ерте  заманнан  бүгінге 

дейін  жалғасын  тауып  келді.  Қазіргі  таңда  су  бояуы  мен  гуашьтың  кейбір 

түрлері  оңайлықпен  араласпайды.    Су  бояуы  ӛзінің  ғасырлар  бойғы  даму 

сатысында    қолдану,  жазу  түрлерін  жетілдіріп,  даму  үстінде  болды.  Сонау 

XVII  ғасырда  Англияда  жолға  қойылғаннан  бері  суретшілердің  тәжірибе 

жасауының арқасында бүгінгі таңда су бояуымен этюд, нобай, ұзақ мерзімді 

шығармалар  жазуға  қол  жеткізілді.  Мысалы  майлы  бояумен  жазылатын 



 

68 


үлкен  ӛлшемдегі  шығармалардың  нобайын  алдымен  су  бояуымен  жасап 

алған ыңғайлы. Сонымен қатар табиғатта этюд жазуға, шеберханада портрет, 

натюрморт,  шығармашылық  туындыларды  жазуға  аса  қолайлы.  Живопись 

жазудағы бояулардың ішінде су бояуын кірпияз бояу деп те атайды. Ӛйткені 

су бояуымен жазу барысында тӛмендегі тәсілді қолданбаса жақсы нәтижеге 

жету  мүмкін  емес.  Біріншіден  су  бояуымен  арнаулы  қағазға    (торшун-  су 

бояуға  арналған  қағаз)  жазады.  Екіншіден  су  бояумен  жазу  барысында  ақ 

бояудың орнына ақ қағазды қолдана отырып, бояудың мӛлдірлігін сақтау. Су 

бояумен  жазудың  мәнісі  де  осында.  Неғұрлым  таза  да,  мӛлдірлігін  сақтай 

алсаң-    су  бояудың  техникасын  игергенің.  Әйтпесе  оны  бүлдіру  оңай,  ал 

жӛндеу  мүмкін  емес.  Егер  суретші  жауапты  жұмысты  арнаулы  қағазға 

жазғысы келсе, алдымен планшетке тартылған арнаулы қағаздың ӛлшеміндей 

жұқа  қағазға  алдын  ала  қарындашпен  жазылатын  шығарманың  нобайын 

дайындап  алған  жӛн.  Бұл  тәсілді,  дайындықты  суретшілердің  тілінде 

«картон»  деп  айтады.  Дайын  болған  картонды  планшетте  тартулы  тұрған 

«торшун  »  қағаздың  бетіне  сурет  салынған  жағын  ӛзіне  қаратып  бекітеді. 

Осы  жерде  картондағы  суретті  үшкір  затпен  немесе  қатты  қарындашпен 

басқанда  астындағы  ақ  қағазға  дәл  түсуі  үшін  екеуінің  арасына  кӛшіруге 

арналған қара қағазды салу керек.  Сонда ғана картондағы суреттің кӛрінісі 

планшетте  тартулы  тұрған  арнаулы  қағазға  айна  қатесіз  дәл  түседі.  Егер 

кӛшіруге  арналған  қағаз  болмаған  жағдайда  дайындалған  картонның  арт 

жағын  ең  жұмсақ  қара  қарындашпен  (кӛмір  арнаулы  отқа  жағып, 

дайындалатын  ағаштың  күйген  түрі)  түгел  бояп,  беттестіріп,  үстінен  ба 

стырып шықса жақсы түседі. Бұл тәсілді майлы бояумен кенепке жазылатын 

живопиське де қолданады. Бұрын білмейтін суретші су бояуына бұл тәсілдің 

не керегі бар деп ойлауы мүмкін. Одан да бірден қарындашпен суретін сала 

салғаным  дұрыс  деп  кіріскеніңмен,  жіберген  қателеріңді  ӛшіруге,  қайта 

түзетуге  тура  келеді.  Ал  оның  бәрі  арнаулы  қағаздың  бетін  жарақаттайды. 

Беті  бүлінген  қағазға  су  бояуымен  мӛлдір  живопись  жазу  мүмкін  емес.  

Сондықтан  барлық  жұмысты  картонда  аяқтап  алған  дұрыс.  Және  бір  мән 

беретіні-    су  бояуымен  жұмыс  істегенде  бояуын  тонына  (рең)  қарай  дәл 

жақпасаң,  қайта  ӛшіру,  дұрыстау  мүмкін  емес.  Егер  гуашь,  майлы  бояу, 

темпера, акрильмен жазғанда қате жіберсең-  үстінен дұрыстауға болады. Ал, 

су  бояуы  болса  қағазға  сіңеді  де,  жӛндеуге  келмейді.  Су  бояуымен  жұмыс 

істеудің  осыншама  қиындықтарын  ескере  отырып,  жоғарыда  айтылған 

ережелерді мұқият орындауға тура келеді. Онсыз ұзақ мерзімді, мӛлдір таза 

живопись  жазу  қиынға  түседі.  Сондықтан  ескі  қылқалам  шеберлері  су 

бояуды  кірпияз  материал,  ол  сені  ұқыптылыққа  тәрбиелейді  дейді.  Ұзақ 

мерзімді живопись жазудың осы тәсілінен басқа да су бояудың этюд жазуға 

арналған екі тәсілі бар. Біріншісі, арнаулы қағазға жазатын бейнені қаламмен 

(картонның бұл жерде керегі жоқ) бірден сызып алғаннан кейін, таза сумен 

қағаздың  бетін  түгел  ең  үлкен  қылқаламмен  сулап  алып,  сулы  қағаз  кебем 

дегенше  тез  жазып  үлгеру  керек.  Бұл  тәсіл  сулы  қағазға  жазу  деп  аталады.  

Мұндай  тәсілмен  табиғаттың  жаңбыр  жауып  тұрған  кӛрінісін,  немесе 



 

69 


жаңбырға дейін, жаңбырдан кейінгі кӛрінісін нанымды кӛрсетуге ӛте жақсы. 

Екінші  түрі  құрғақ  қағазға  жазу  тәсілі.  Бұл  тәсілмен  қарындашпен  мұқият 

жасалған  суреттен  кейін,  су  бояудың  әр  қабатын  кептіре  отырып,  әр  затты 

анықтап  жазуға  болады.  Осы  тәсілді  құрғақтай  жазу  деп  атайды.  Құрғақ 

қағазға жазу тәсілімен этюдті үш рет бір уақытта жалғастыра отырып, аяқтап 

жазуға  болады.  Әрине  кімнің  қанша  уақытта  жазуы  әр  суретшінің  жиған 

шеберлігі  мен  біліміне  байланысты.  Ал  суретші  үшін  шеберлік  пен  білім 

музыка аспабында ойнаған музыкант сияқты күнделікті этюд жазуы арқылы 

келеді.  Ал  бізде,  ӛкінішке  орай,  әлі  күнге  дейін  суретшісі  де,  кӛрермені  де 

кӛзімен  кӛрген  бейнені  құр  кӛшіру  мен  жазудың  айырмашылығын  толық 

түсінбейді  ме  деймін.    Осы  екеуінің  айырмашылығына  тоқтап,  түсіндіре 

кетейік. Біріншіден,кӛшіріп салу дегеніміз суретшінің кӛз алдындағы бейнені 

толық  түсінбей  немесе  ой  елегінен  ӛткізбей,  сезімсіз  салуды  -  кӛшіре  салу 

дейміз.  Ал,  жазу  дегеніміз  -  суретшінің  кӛз  алдындағы  бейнені,  ӛмір  бойғы 

жинаған  білімін  толық  қолдана  отырып,  ой  елегінен  ӛткізіп,  сезіну  арқылы 

бейнеден  ӛзіне  керегін  алатын,  аса  талғампаз  суретшінің  бейнелегенін 

суретшінің жазуы деуге болады. Шынайы жазу тәсілін игеру үшін суретшіге 

ӛзін  қоршаған  ортаны  танып  білуден  ,  сезінуден  артық  білім  болмайды.  Ол 

үшін  суретшінің  табиғатпен  етене  араласуы,  күнде  этюд,  нобай  жасағаны 

дұрыс. Суретшінің біліміне табиғаттағы сансыз бояуларды ажырата білуі мен 

ӛзін қоршаған ортадағы әр заттың түр түсін, тонын, ӛлшемін, жаратылысын, 

анатомиясын жаттау болып табылады. Сол кезде пианинодағы ойнап отырған 

музыкант  сияқты  пернелерді  қарамай  ақ,  саусақтары  қалай  дәл  тауып,  әуен 

құшағында  отырса,    суретшінің  қолы  да  кӛзбен  кӛргенін  санада  қорытып, 

жүрегінен  ӛткізіп,  сезіміне  қолын  бағындырады.  Бейне  бір  үлкен  оркестрді 

басқарып  тұрған  дирижерге  айналады.  Ол  дегеніміз  кӛру,  сезіну,  жазу 

мәдениеті.  Ӛткен  ғасырдың  екінші  жартысында  Францияда  жас 

суретшілердің ӛнер тарихында алғаш рет шеберханадан шығып, ашық аспан 

астында  этюд  жазуынан  бастап  қалыптасқан  «Плэнер»  соның  айғағы.1886 

жылы  туылып,  1956  жылы  дүниеден  ӛткен  ұлы  орыс  суретшісі    Р.Р.Фальк 

ӛзінің  күнделігінде:  «Даладан  этюд  жазып  келгеннен  кейін,  шеберханада 

живопись жазғанда кӛзің қуанады», -  дейді. Немесе француз халқының ұлы 

суретшісі  Энгр  Жан  Огюст  Доминик  ӛзінің  күнделігінде  живописьтегі 

бояуды былай суреттейді: «Бояу живописьті әрлендіреді. Бояу жұмақ. Ғажап 

әлем.  Бейне  бір  хан  сарайындағы  ханша  секілді.  Ӛнердің  шынайы 

туындысындай ӛзіне тарта түседі. Және әдемі кӛрінуге тырысады. », - дейді.  

Тағы да осы жерде ойымыздың дұрыс екендігін анықтау үшін 1841 жылы 6 

қазанда  Самарқанда  дүниеге  келген  ұлы  суретші  Сергей  Иванович 

Калмыковтың  күнделігіндегі ойларын еске алып кӛрелік: «Жоқ! Жұрт кӛре 

білуді, түсіне білуді үйренгені жӛн». «Әрбір бояу ӛзгеше ырғақ... Ең әсем сан 

алуан ырғақтарды бізге кескіндеме ғана береді /1, 71- бет/. «Бірде бір дүние, 

бірде бір зат бізден басталмайды,  бізбен аяқталмайды. Олардың бәрі бізден 

жырақта басталып,   бізден  алыста  аяқталады.  Бәрі  байланысты,  басы  менен 

аяғы  бар.  Менің  ойлағаным  ӛте  ұзақ,    жазықтық  пен  уақыт  ӛлшемімен  ӛте 



 

70 


ұзаққа созылады.» /1, 45 б./ немесе «Қарапайым дүниелердің жарасымындағы 

әрбір  тосын  жайдан    асқақ  ләззат  алу  керек!  Бұл  ӛнердің  ұлы  болашағына 

барар  жолда  техниканы  толық  игерудің  тәсілі!»  деген  ойлары  кез  келген 

оқырманды  бейжай  қалдырмайды.  Негізі  суретшіге  бір  нәтижеге  жету  үшін 

ӛмір бойы эксперимент жасаумен айналысқан жӛн. 

 

1. Киплик  Д.И.   Техника живописи. -М.: Искусство, 1950.- 502с. 



2. Бучинская В.С. Сергей Калмыков.   - Алматы: Ӛнер, 1991.-161с. 

 

Резюме 



Автор раскрывает основные методы работы акварелью, ее технологию 

и  технику.    Приводит  интересные  данные  из  творческих  поисков  великих 

акварелистов прошлого.  

Summary 


The  author  opens  the  basic  methods  of  work  with  a  water  co  lour,  its 

technology and technique. Cites the interesting data from creative searches of great 

aquarellists of the past. 

 

 




жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет