Хабаршы вестник кӛркемӛнерден білім беру


ПЛЕНЭРЛІК ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата19.04.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПЛЕНЭРЛІК ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ 

ӚНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ  КӘСІБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН  

ОҚҮ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 

 

З.Ж.Рабилова - 

живопись кафедрасының аға оқытушысы 

 

Бейнелеу  ӛнері  саласы  бойынша  педагогикалық  оқу-әдістемелік 

жұмыстар  аумағында  зерттеу  мәселесінің  осы  заманғы  күйін  оқып  білу, 

аудиториядан  тыс  жұмысты,  жалпы  кәсіби  және  арнайы  пәндерден 

бағдарламаларды  талдау,  Қазақстан  республикасының  бірқатар  аймақтық 

қалаларында  жұмыс  істейтін  Қазақстан  жоғарғы  оқу  орындарының 

Кӛркемсурет  факультеттерінің  бтірушілеріне  сұраныс,  педагогикалық 

тәжірибе  барысындағы  студенттердің  жұмысын  педагогикалық  түрде 

бақылау, жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбиелік үрдісінде аудиториядан 

тыс  «Пленэрлік  практика»    барысында    барлық  мүмкіншіліктердің 

пайдаланылмайтынын  кӛрсетті,  ал  болашақ  бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің 

дәстүрлі  кәсіби  дайындығын  жоғарғы  оқу  орнындағы  оқу  жылдары  бойы 

кәсіби-шығармашыл  белсенді  тұлғаны  қалыптастырмайтынын  кӛрсетті. 

Мектеп оқушыларының шығармашылығын дамыту жұмысына студенттердің 

жеткіліксіз  дайындығы  осының  нәтижесі  болып  табылады.  Сондықтан 

Бейнелеу  ӛнері  бойынша  Кӛркемсурет  факультеттеріндегі  «Бейнелеу  ӛнері 

және  сызу»  мамандығы  бойынша  оқитын  болашақ  мұғалімдерге  арналған 

жаңа  оқу  бағдарламалары  мен  оқу-әдістемелік  құралдар  құрастыру  қазіргі 

таңда  ауадай  қажет.    Осыған  байланысты  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 

маман болып қалыптасуына олардың шығармашылық белсенділігін арттыру 

арқылы іс-әрекетін дамытуға болады. Егер: 

А.  Пленэрлік  практика  барысында  болашақ  бейнелеу  ӛнері 

мұғалімдерінің  кәсіби-шығармашылық  белсенділігін  қалыптастырудың 

тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар дұрыс пайдаланылса. 

Ә.  Пленэрлік практика барысындағы  іс-әрекет болашақ  мұғалімдердің 

шығармашылық белсенділігінің қалыптасуына тиімді болса. 

Б.  Кӛркемсурет  факультетінде  пленэрлік  практика  арқылы  болашақ 

бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға 

ықпал ететін әдістеме жасалынса. 

В.  Болашақ  бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің  шығармашылық 

белсенділігін  қалыптастыру  мақсатында  аудиториядан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру мен ӛткізу үшін мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар 

құрастырылса. 

Г.  Пленэрлік  практика  барысында  аудиториядан  тыс  іс-әрекеттің 

әртүрлі үлгілерін пайдалану дағдыланса. 

Д.  Оқудың  проблемалық  технологиясының  элементтерін  белсенді 

пайдалану сияқты педагогикалық шарттарды сақтаған жағдайда. 


 

54 


Жоғарыдағы  мәселелер  бойынша  біз  педагогикалық  жағдайларды 

талдау әдісі үлгісінде негізделген мәселелік-шығармашылық тапсырмаларды, 

қарапайым  кӛркемсуреттік  композиция  ойластыру  әдісіне  негізделген 

кӛркем-шығармашылық  тапсырмаларды  пайдалануды  ұсынып  отырмыз. 

Мұндай  тапсырмалар  мен  мәселелер  кӛркемсуреттік-қабылдау  әсерін 

жинауға,  шығармашылық  қабілеттіліктің,  ойлау  қабілетін,  шығармашылық 

жұмыстарға  қызығушылықты  дамытуға  ықпал  етуі  сӛзсіз.  Жұмыстың  осы 

кезеңінде  біз  арнайы  дайындалған  тапсырны  студенттердің  ӛз  бетінше 

орындаушылық қабілетін анықтау әдісін жиі пайдаландық. 

Жеке  және  топтық  жұмысты  байланыстыру  түрінде    «Пленэрлік 

практика»  курсындағы  «Болашақ  бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің  кәсіби-

шығармашылық 

белсенділігін 

қалыптастыру» 

мәселесі 

бойынша 


шығармашылық  ӛздігінен  даму  мен  ӛздігінен  жүзеге  асыру  дағдыларын 

нәтижелілікпен  бекіту  бойынша  сараптама  тобының  3  курс  студенттерінің 

ӛзіндік жұмысы жүргізіліп, сабақ пратикалық болғандықтан соңында тесттік 

сұрақтар  дайындалды.  Студенттерге  тест  сұрақтарына  жазбаша  жауап  беру 

ұсынылды:  1)  «Сізге  қандай  қызмет  түрі  болсын  кӛшбасшы  болуға  қалай 

қарайсыз?», 2) Сіз үшін құрбыларыңыз бен салыстырғанда бір нәрсеге қатты 

қызығушылық пен еліктеушілік басым ба?», 3) Сіз үшін ойыңызды барынша 

толық  жүзеге  асыра  алатын,  талпыныс  жасайтын,  қызығушылығыңызды 

арттыратын  қызмет  түрі  бар  ма?»,  4)  «Сіз  ӛзіңізді  ӛз  құрбыларыңызбен  

салыстырғанда  білімдар,  кӛп  нәрседен  хабардармын  деп  ойлайсыз  ба?»,  5) 

«Сіз  пленэрлік  практикадан  басқа  да  уақытта  шығармашылықпен  ӛз 

бетіңізше айналысуға дайынсыз ба? 6) «Бос уақытыңыздың маңызды бӛлігін 

ӛзіңіздің  жақсы  кӛретін  жұмысыңызға  (ісіңізге)  арнауға  тырысасыз  ба?»,  7) 

«Сізді  батыл  адам  деп  айтуға  бола  ма?»,  8)  Ӛзіңізді  кәсіби  суретшілердің 

арасында  қандай  дәрежедемін  деп  айта  аласыз?  »,  9)  Соңғы  кездерде 

жұмысыңызда жеңіске жеттіңізбе?».  

Әрбір  «иә»  деген  жауап  –  «1»  балл,  әрбір  «жоқ»  деген  жауап  –  «0» 

балға  бағаланады.  Соңынан  тесттерді  жинап,  нәтижелерін  ӛңдеп,  оларды 

талдайтын осы мәселе бойынша тиісті қорытынды (әрбір студент пен топтың 

шығармашылығын ӛзін-ӛзі кӛрсету қабілеттілігінің деңгейін табу) жасайтын 

студенттерден тұратын топ таңдалды.  

Егер студент «0» балл алса – ӛзін-ӛзі кӛрсету деңгейі ӛте тӛмен; «1-2» 

балл  –  тӛменгі    деңгей;  «3-4»  балл  ортаңғы  деңгейден  тӛмен;  «5»  балл  – 

орташа; «6-7» балл – ортадан жоғары; «8-9» балл – шығармашылықпен ӛзін-

ӛзі  кӛрсетудің  жоғары  деңгейі.  Осыдан  кейін  барлық  топқа  арнап 

шығармашылықпен  ӛзін-ӛзі  кӛрсетудің  жалпы  бағдарламасы  бірігіп 

құралады, ол талқыланады, түзетіледі және ары қарайғы жұмысында жүзеге 

асырылды.  

Ӛзіндік  жұмыспен  қатар  арнайы  курстардың  әрбір  практикалық 

сабағында біз сондай-ақ оқыту-шығармашылық жұмыстың жеке және топтың 

түрлерін  байланыстырдық.  Осылай  семинарлық  сабақтарда  ӛзара 

рецензиялау,  жеке  және  топтық  мәселелік-шығармашылық  тапсырмаларды 



 

55 


ӛзара  бағалау  пайдаланылды.  Кішігірім  оқыту  топтарын  жинақтай  отырып, 

біз  студенттердің  психологиялық  сайысушылығын  ескердік,  бірігіп  жұмыс 

істеу деңгейінде сабаққа қатысушылардың ӛзара қарым-қатынасының пайда 

болуына  ықпалын  тигізетіндей  сабаққа  қатысушылардың  ӛзара  бірін-бірі 

толықтыру мен даусыздық принципін пайдаландық. 

Сонымен  қатар  «Болашақ  бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің  кәсіби-

шығармашылық 

белсенділігін 

қалыптастыру» 

мәселесі 

бойынша 

шығармашылықтың  негізін,  оның  кӛріну  түрлері  және  үдеріске  кедергі 

себептерді  танып  білуге  бағытталған  жаттығулар  жасауды  ұсынамыз. 

Мәселен «Жыл мезгілдері» жаттығуы. Топтағы қатысушылар шеңбер құрып 

отырады  да,  оқытушы  оларға  жер  жүзіндегі    бейнелеу  ӛнері 

шығармашылығындағы 

табиғат 

кӛрінісін 

(пейзаж) 

бейнелейтін  

суретшілердің аты-жӛнін, атақты картинасымен аталуын, қай елдің суретшісі 

екенін және қай дәуірдегі жұмыс екені туралы айтып беруді ұсынады. Содан 

соң  қатысушылардың  біреуінен  бастап  беруді  ӛтінеді.  Ары  қарай  сағат  тілі 

бойынша  әр  қатысушы  ӛзі  білетін,  еліктейтін  немесе  ӛзіне  ұнайтын  белгілі 

суретшінің  жұмысы  мен  аты-жӛнін  айтып,  келесі  кезектегі  студентке 

қарайды, келесі студент оны  әрі қарай жалғастырады. Сабақта осы жұмысты 

шеңбер  бойынша  екі-үш  мәрте  жүргізу  жеткілікті.  Бұл  жаттығу  топтағы 

қатысушыларға бейнелеу ӛнерінің пейзаж жанрында  әр дәуірдегі пленэрлік  

жұмыстың  жалғасуындағы  даму  ерекшеліктері  мен  жазу  әдістерін  суреттеу 

арқылы шығармашылықтың негізі мен оның кӛрініс салаларын танып білуге 

мүмкіншілік береді. 

Сондай-ақ  қатар  «Болашақ  бейнелеу  ӛнері  мұғалімдерінің  кәсіби-

шығармашылық  белсенділігін  қалыптастыру»  мәселесі  бойынша  тұлғаның 

шығамашылық белсенділігін кӛрсетуге сыртқы және ішкі кедергілерді танып 

білу  үшін  пайдаланған  басқа  жаттығудан  мысал  келтірейік  Енді  жартылай 

шеңберге  тұрып,  кез-келген  студентке  ӛз  еркімен  алға  шығып,  ӛзінің 

құрбыларының  алдында  (қылқаламмен,  кӛмірмен  немесе  қарынжашпен, 

кенепке,  қағазға  немесе  картонға)  белгілі  бір  табиғат  кӛрінісінің  бӛлігін 

белгілі  бір  уақыт  (5минут,  7  минут,  10  минут)  ішінде  этюд  орындап  беру 

арқылы «шебер класс» жаттығуын жасайды. Жаттығудағы тапсырма ӛзгеріп 

тұрады,  мысалы:  реңдік  қатынасқа  байланысты,  түстік  қатынасқа 

байланысты, кеңістікке байланысты, перспективаға байланысты, т.б. Ол үшін 

бір  адам  ӛзінің  материалдары  мен  бояуын  алып  жан-жағындағы  кез-келген 

ӛзіне  ұнаған  бӛлікті  тез  арада  жазықтыққа  орындайды  да  кезекті  келесі 

қалаған адамға береді, ол ӛзінің шеберлігін сынап болған соң келесісі бағын 

сынайды  осылайша  әркім  ӛзінің  білімі  мен  шеберлігін  жарысу  түрінде 

анықтап, соңынан жетекшінің кӛмегімен талдау жасалынады. 

Жүргізілген жарысты талқылау барысында біз топқа мынадай сұрақтар 

қойдық:  «Тапсырманы  орындау  кезінде  сіз  қандай  негізгі  қиыншылықтарға 

тап  болдыңыз?»,  «Қойылған  тапсырманы  шешуде  сізге  не  кӛмектесті?», 

«Сіздің  бойыңызда  қандай  әсер  пайда  болып,  жұмыс  барысында  қалай 

ӛзгерді?».  Топтағы  қатысыушылардың  арасынан  жауап  берушілер  былай 



 

56 


деді:  «Тез  арада  қолымдағы  заттарды  пайдалану  ӛте  қиын  болды»,  «Ӛзіме 

ұнаған  кӛріністі  тез  орындай  қоямын  деген  ойыма  жету  оп-оңай  деп 

ойлағаныммен  іске  кіріскенде  ештеңе  кӛрсете  алмадым»,  «Басқалардың 

жұмыс  орындағанын  кӛргеннен  кейін  ғана  ӛзімнің  қателігімді  түсіндім», 

«Жұмысқа қатты кӛңіл бӛлгендіктен берілген уақытта тапсырманы орындап 

үлгермедім»,  «Басқалардың  алдында  ӛзімді  кӛрсетуге  ұялып,  жұмысымды 

орындағанда ойымды дұрыс бере алмадым».  

Міне  осының  бәрі  студенттердің  кӛптің  алдында  еркін  жұмыс  жазуда 

кедергі  болған  қиындықтар  пайда  болғандығын,  олардың  қобалжу,  ұялу, 

ӛзін-ӛзі  бағалау  сезімдерінің  тӛмендігі  мен  ішкі  кедергілердің  басым 

екендігін кӛрсетеді.  

Талқылау 

барысында 

анық 


кӛрініс 

тапқан 


шығармашылық 

белсенділіктің  кӛрінуінің  сыртқы  кедергілеріне  топтағы  адамдардың  уақыт 

тығыздығын,  топтағы  басқалардың  баға  беруін  жатқызды.  Жаттығу 

шығармашылық белсенділікті кӛрсетуге қандай жағдайдың ықпал ететіндігін 

және  шығармашылық  жұмыстың  кедергілерін  түсінуге  бағытталған 

шарттарды  жақсылап  түсінуге  мүмкіндік  беріп,  болашақ  мұғалімдердің 

болашақта  кәсіби  маман  болуына  шығармашылық  белсенділіктің  әсері 

бірден-бір себебін тигізеді.  

 

1.  Роджерс  Н.Творчество  как  усиление  себя  //  Вопросы  психологии.-

1990 .- №1 .- С.164-168. 

2. Выготский Л.С. Психология искусства.–М.:Педагогика,1968.-576с.  

3.  Кипиани  Н.В.  Творчество  как  сущность  активности  психики  и 

основа ее развития: Автореф. ...к.псих.н.:19.00.01. -М., 2003.-357с. 

4.  Смирнова  Т.И.  Развитие  творческой  активности  студентов  в 

процессе педагогической практики: Дисс. ...к.п.н.:13.00.08.- Киев,2000.-179 с.  

5. Молдабекова Ә. Гуманитарлық пәндерді оқыту барысында болашақ    

ӛнер  мамандарының  кәсіп  кәсіптік  біліктілігін  қалыптастырудың 

педагогикалық шарттары.- Алматы, 2007. – 168 б. 

 

Резюме  



В  статье  рассматривается  проблема  формирования  профессионально-

творческой  активности  будущих  учителей  изобразительного  искусства  в 

процессе 

прохождения 

пленэрной 

практики. 

Прослеживаются 

методологические 

основы 

понятия 


«профессионально-творческая 

активность» в философском и психолого-педагогическом ракурсах. 

 

Summary 


In article the problem of formation of is professional-creative activity of the 

future  teachers  of  the  fine  arts  in  the  course  of  passage  of  plain-air  practice  is 

considered.  Methodological  bases  of  concept  are  traced  Is  professional-creative 

activity in philosophical and psihologo-pedagogichesim foreshortenings.

 


 

57 


ЖОҒАРЫ  МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ  «БЕЙНЕЛЕУ 

ӚНЕРІ» ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ  

 

Ш.Ә.Ақбаева - 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың кӛркем сурет факультетінің «Бейнелеу ӛнері, 

музыка және хореографияны оқыту әдістемесі» кафедрасының 

 доценті, п.ғ.к. 

 

Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен  тәрбие сапасы қандай дәрежеде болса, 

еліміздің ертеңі де сондай деңгейде болмақ. Жоғары оқу орнында білім алып 

жатқан  болашақ суретші  жас маман білікті білім, ӛнерлі де ӛнегелі тәрбие 

алып,  ертеңгі  күні    мектептегі    жас  ұрпақ    тәрбиесіне  толығымен  жауапты 

тұлға  екені   баршамызға  мәлім.  Демек,  «Оқусыз  білім  жоқ,  білімсіз  – күнің 

жоқ» деген халық даналығы /1/. 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жіберген    Жолдауында:  бүгінгі 

біздің  «тұрғызатын  қоғам  ар-ожданы  мол,  белсенді,  әдепті  және  рухани 

байлығы  мол  адамдардан  тұруы  қажет..…  Қазақстан  бірегей  халықтарының 

ұлтаралық  және  мәдениетаралық  ынтымағы  мен  жетілуін  қамтамасыз  ете 

отырып,  қазақ  халқының  ғасырлық  озық  үлгілері  мен  дәстүрлерін,  тілі  мен 

мәдениетін  сақтаймыз  және  дамыта  түсеміз»  деген  сӛздері  де  болашақ 

ұрпақты  ӛнерге,  рухани  -мәдени  мұралар,  дәстүрлер  негізінде  тәрбиелеу 

қажеттігі айтылады /2/. 

Қазіргі жалпы орта білім беретін мектебіміздегі бейнелеу ӛнері пәнінің  

ӛз дамуында  жеке тұлғаға бағдарланып отырған жағдайда оқушы жастардың 

бойына  дарытылуына  тиіс  теңдессіз  байлық    кӛздеріміз  ӛзіміздің  халықтық 

қол ӛнер туындыларымыз, ӛнер құндылықтарымыз бен рухани мәдениетіміз 

болса, қалайша  мектепте бұл пәннің  мәртебесінің  ойсырауына жол беруге 

болады ?! 

Бейнелеу  ӛнерінің  пәндік  мәртебесінің  сақталуында  ӛзге  де 

шаралардың  ішінде  аса  маңызды  бір  жолы  бар.  Ол  –  жалпы  орта  мектепте  

жүргізілетін  бейнелеу  ӛнері  пәнінің  білім  мазмұнының  ӛзіндік  табиғи 

болмысы  мен    дәстүрлі    сипатын  сақтай  отырып,  жаңа  заманның  уақыт 

талабына сай  жаңаша  пән болуы талап етіледі.  

Осыған байланысты болашақ суретші - педагог мамандарды  «бейнелеу 

ӛнері  пәнін  оқыту  әдістемесі»  пәні  бойынша  игерілетін  кәсіби    кӛркем-

теориялық білімдері мен біліктеріне және де оларды мектеп ӛміріндегі әртүр-

лі  педагогикалық,  психологиялық,  әдістемелік  іс-тәжірибелік  шараларына  

баса назар аударылып отырғаны мәлім.  Білім мазмұнының ең басты мақсаты 

да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., шілде) 

«нақты  білім мен  біліктер  жиы-нын оқып  меңгеруден  нақты  жеке  тұлғаның 

адамгершілік-имандылық, ерік сапаларын, құзыреттілігін қалыптастыруға ат 

салысып  қолға  алуды  және  де  ӛз  Отанына  сүйіспеншілігін,  сыйластығын, 

халық дәстүрлерін, ӛнерін, мәдениетін жас ұрпаққа меңгерту, сіңіру – негізгі  

міндеттердің бірі болып саналады» /3/. 


 

58 


 Осы  жоғары  да  айтылғандардың  бәрі  ұлттық  мәдениетіміз  бен 

ӛнеріміздің құрамдас бір бӛлігі -  жалпы орта мектепте бейнелеу ӛнері пәнін 

оқыту  әдістемесін    ЖОО-ның    кӛркем  сурет  факультетінде  студенттерге 

оқытып  кӛркем-теориялық  білімді    меңгерту  барысында    пәннің  тарихи  

мазмұнын,  дамуын    жан-жақты  зерделеп,  қазіргі  уақытқа  дейін  жеткен,  

жинақталған  мол    іс-тәжірибелерді  тиімді  пайдаланудың  қажеттілігін 

арттыра түседі. 

Бұл  айтылған  мәселе  бейнелеу  ӛнері  пәнінің    білім  мазмұнын  құруда 

тӛмендегідей ұстанымдар негізге алынады. 

 Олар: 

1.

 



Ӛнерсіз, мәдениетсіз жаңа әлеуметтік және экономикалық қарым 

қатынастарды  құру  мүмкін  емес.  Сондықтан  жалпы  орта  білім  беретін 

мектептердің  білім  мазмұнында  бейнелеу  ӛнері  пәнінің  ӛзіндік  табиғи, 

тарихи сипатын, ұлттық болмысын толық сақтап ендіру. Сондықтан да орта 

білім  беретін  мектептердің  білім  мазмұнында  бейнелеу  ӛнері  пән  ретінде 

ӛзінің дербестігі мен ерекшеліктерін сақтайды. 

2.

 

Бейнелеу  ӛнерінің  пәні  ӛз  мазмұнында  әлемдік  құбылыс  болып 



табылатын интеграция үрдісінен тыс қала алмайды. Сондықтан да оның білім 

мазмұны  ӛзге  халықтардың  ӛнері,  мәдениеті,  әлем  халықтарының  мәдениет 

қазыналарының  озық  үлгілерімен,  сұлулық,  адамгершілік,  дүниетанымдық 

тенденциялармен  интеграциялық үйлесім табатын болады. 

3.

 

Бейнелеу  ӛнерінің  пәнінің  білім  мазмұны  жалпы  орта  білім 



беретін  кӛркемдік білім мен біліктер жиыны ретінде ұсынылудан бірте тұлға 

қалыптастырушылық  сипатқа  кӛшеді.  Бұл  дегеніміз  мектептегі  бейнелеу 

ӛнері  оқулығы.  Ол  ӛзінің  академиялық  сипатынан  бірте-бірте  босанып, 

тұлғаның  құзыреттілігін  қалыптастыруға  басым  түрде  бағытталынатын 

болады деген сӛз. Бұл құзыреттер  12 жылдық білім беру тұжырымдамасында 

айқындалғаны 

бәрімізге 

мәлім. 


Олар: 

құндылықты-бағдарлық, 

мәдениеттанымдық, 

оқу-танымдық, 

коммуникативтік, 

ақпараттық-

технологиялық,  әлуметтік,  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытуы  сияқты  басты  –басты 

кілттік құзыреттер. 

 

Оқу-танымдық құзыреттілік - ӛзіндік оқу- танымдық процесс пен 



ғылыми-зерттеушілік әрекеттерді қамтамасыз ететін құзыреттілік. 

 



Тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамыту  құзыреттілік  –  бұл  қоғамдық, 

отбасылық, еңбек қатынастар сласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің 

болуы  және  ӛз  мүмкіндіктерін  нақты  перспективалық  жоспарлаумен 

салыстыра  білу  және  ӛз  қызметтерін  ӛзіндік  қадір-қасиеттермен 

ұйымдастыра білу, ӛз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарау. т.б. 

 



Коммуникативті  құзыреттілік-  ӛзінді  іс-әрекет  пен  қарым  – 

қатына  тәсілдерін  білуді,  түрлі  әлеуметтік  жағдайларда  жұмыс  жасай  алу 

дағдыларын,  ӛмірдегі  нақты  әртүрлі  жағдайларда  тез  арада  оңтайлы  шешім 

қабылдай алу дағдылары болуы. 

 

Құндылықты-бағдарлы  құзыреттілік  –  қоршаған  ортаны  бірдей 



қабылдайтын қабілеттіліктері, азаматтылығы мен елжандылығы. 

 

59 


 

Ақпараттық-технологиялық 



құзыреттілік- 

білім 


мен 

ақпараттарды  ӛз  дәрежесінде  ақпараттық  технологиялардың  кӛмегімен 

жеткізуді жүзеге асыра білу қабілеті мен ӛз бетінше ізденушілік, әдістемелік  

тапсырма  жұмыстарын  белсенді  түрде  орындай  алуы,  таңдай  алуы,  талдай 

білуі. 



 



Мәдениеттанымдық  құзыреттілік-  жалпы  адамзаттық,  рухани- 

мәдени,  ұлттық  құндылықтар  мен    жетістіктер  негізіндегі  іс-әрекеттік 

тәжірибелерін  сонымен  қатар,  дәстүрлі  ӛнер,  салт-дәстүрлер    тарихын, 

түрлерін,  табиғи  ерекшеліктерін,  мәдениет  пен  ӛнер  негіздерін  меңгеруге 

мүмкіндік  беретін  ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білуі.  Адам  мен  қоғам 

дамуындағы  ғылымның  ролін  түсіну.  Ӛз  халқының  тӛл  мәдениетін,  тілін, 

дінін,  ӛнерін  түсінуге,  игеруге,  бағалауға  мүмкіндік  беретін  тәсілдерді 

меңгерту. 

4.

 

Білім  мазмұнын  оңтайлы  шешіп  меңгерту  нәтижесі  тұрғысында 



бұл құзыреттерге білім мен білік, кӛркем-эстетикалық тәрбиенің біртұтастық 

принципі  дәрежесінде  ескеріледі.  Халықтық  қол  ӛнер    шығармалары    мен 

кӛркем  шығармашылық  туындылар  үлгілерінің  танымдық,  тәрбиелік  мәні 

мен маңызы бірдей қарастырылады. 

5.

 

«Бейнелеу  ӛнері  пәнін  оқыту  әдістемесі»  пәнінің  білім 



мазмұнында  болашақ  жас  суретші  –педагог  мамандарды  үлкен  де 

жауапкершілікті  талап  ететін    мектеп  ӛміріне  әдістемелік  тұрғыда  кәсіби  

даярлауды 

кӛздейді. 

Сондықтан 

білім 


мазмұнының 

әдістемелік 

тапсырмаларында жас суретші  – педагог маман бойына мынадай сапаларды 

қалыптастыру кӛзделеді. Олар: 

 

Саналы да сапалы таңдай жасай білу қабілеттері. 



 

Пәндегі  әртүрлі  әдістемелік-теориялық  тапсырмаларды  орындау 



барысында, ӛздерінің  іс-әрекеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау, сезіну 

қабілеттері,  белсенді  білім  алуды  ұстану,  рухани-мәдени,  ӛнер 

құндылықтарын    барынша  игере  білу,  қоғамымыздағы  әртүрлі  ӛзгерістерге 

(экономикалық, әлеуметтік т.б. с.с.) икемделе білу. 

6.

 

Аталған  пәннің  білім  мазмұны    жас  маманның  ӛмір  бойы  ӛз 



бетінше  саналы  түрде  білім,  тәжірибе  жинақтауға  дағдыландыруды 

қамтамасыз етеді. 

Суретші-мұғалім  даярлаудың  теориясы  оқу  пәндерінің,  оқу-тәрбие 

процестерінің  және  олардың  құрылымы,  байланыстары  мен  қатынастары 

жӛніндегі ғылыми білімдердің кӛрінісі болып табылады. Ғылыми еңбектерде 

оның  түсіндірушілік,  болжаушылық,  жинақтаушылық,  әдіснамалық  

функцияларын  қолдану  арқылы,  бұл  мәселенің  мектеп  ӛмірімен  тікелей 

байланысы белгіленген. 

 «Бейнелеу  ӛнері»  пәнінің    мұғалімдерін    даярлаудың  мазмұны  мен 

әдістерін  жетілдірудің  мән-мазмұндық  сипатының  ӛзгерісі  болып 

тӛмендегілер белгіленеді: 

-

 



педагогикалық 

практикалық 

іс-әрекеттерге 

студенттерді 

мейлінше қатыстыру


 

60 


-

 

педагогикалық практиканы ұйымдастыру арқылы педагогикалық, 



психологиялық  әдістемелік теорияларды зерделеу

-

 



студенттердің    бейнелеу  ӛнері  пәнін  оқыту  әдістемесі  пәніндегі 

шығармашылық  танымдық  іс-әрекеттерін  белсенді  ету,  оқу  аудиториялары 

мен  шеберханалардағы    тапсырмаларды    мектептегі  бейнелеу  ӛнері  пәнінің 

іс-әрекеттерімен  кіріктіре  және тығыз сабақтастықта ӛту; 

-

 

сабақтың  тиімділігін  едәуір  арттыру,  әрбір  оқу  жоспары 



сағаттарын  тиімді  пайдалану,  студенттердің  ӛзіндік  жұмыстарын 

ұйымдастыруды  жақсарту,  ғылыми-семинар  сабақтарын  кеңейту  мен 

тереңдету тенденцияларын белгілеу; 

-

 



студенттердің  пәнге  деген  қызығушылықтарын  тудыруға  

қабілетті,  курстық  жұмыстарды  кең  түрде  қолдану.  Эсселер,  ғылыми  

баяндамалар, рефераттар  жаздырту. 

-

 



лекция, семинар, практикалық  сабақтарды ӛту процесінде, дайын 

білімдердің  кӛлемі  азайтылып,  студенттердің  ӛзбеттерінше    пән  бойынша 

әдебиеттер, 

әдістемелік 

кӛмекші 

құралдармен 

жұмыс 

жасауына 



(лабораторияда,    педагогикалық  практикада  және  т.б.  ӛзіндік  жұмыс)  кӛңіл 

бӛлу; 


-

 

студенттердің 



ақыл-ой 

іс-әрекеттерін 

белсендіруші, 

шығармашылық  ойлауын  дамытудағы  әдіс-тәсілдерді  ұсыну  (проблемалы 

және программалы оқыту). 

Педагогикалық әдебиеттерде білім екі түрлі мағынада қолданылады: 

1.

 



Білім  беру  мазмұны;  (білімнің  түрлері  мен  олардың 

құрылымы). 

2.

 

Мазмұнды оқушылардың меңгеру нәтижесі. 



«Білім құрылымы фактілерді, түсініктерді, заңдар мен заңдылықтарды, 

идеяны,  теорияны  қамтиды.      Білім    беру    қашанда    да    танымдық    іс-

әрекеттің  ӛнімі    болып    табылады    және    студенттердің    танымдық    іс-

әрекетін    басқару  арқылы    ғана    білімді    меңгерту    процесін  басқаруға  

болады»,  -    деген      Н.Ф.  Талызина.  Мұғалімдердің  педагогикалық  іс-

әрекеттегі  даярлығы  В.А.  Сластениннің  еңбегінде  ӛте  жақсы  сипатталған. 

Қазіргі 

кезде 


психологиялық, 

ғылыми-педагогикалық 

әдебиеттерде 

«даярлық»  ұғымы    белгілі  бір  педагогикалық,  психологиялық  жағдай,  жеке 

тұлғаның  тұрақты мәнді сипаты, жеке тұлғаның күрделі құрылымдық білімі, 

мотивациялық  және  процессуалды  компоненттердің    ажырамас  бірлігі, 

педагогикалық  кәсіби  мәнді  сапаға  қажетті    білім,  білік,  дағдылар 

жиынтығын біріктіретін білім ретінде қарастырылады. 



 

1.

 

Шакузадаулы Н. Жетістікке жету жолдары.- Алматы, 2002. 

2.

 

Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша 

қабілетті    50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы».  Қазақстан  халқына 

Жолдауы. 1 наурыз 2006 ж. 

3.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., 

шілде). 

 

61 


Резюме 

В  статье  рассмотрены  вопросы  теории  и  методики  преподавания  

изобразительного  искусства  в  вузе,  выделены    некоторые  наиболее 

актуальные  линии  развития  содержаний,  организационных  форм  и 

методов предмета «Методика преподавания изобразительного искусства». 



жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет