Хабаршы вестник кӛркемӛнерден білім беру


ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ ПӘНІНДЕ



жүктеу 1.12 Mb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата19.04.2017
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІ ПӘНІНДЕ 

КӚРІНІС ТАБУЫ  

 

Ж.Айнақұлов - 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ, Магистратура және  PhD докторантура 

институтының «Бейнелеу ӛнері және сызу» мамандығының 

 2- ші курс магистранты 

 

XXI  ғасырда  барлық елдер  бірінші орынға  білім беру сапасын қояды. 

Оның  ӛлшемі  тек  сауаттылық  деңгейі  мен  ӛлшенбейді.  Бұл  проблемаларды 

шешуде  жаңа  технологиялардың  атқаратын  орны  бӛлек.  Болашақта  

ӛркениетті елдердің жоғары білім беру технологиясын меңгеру дүние жүзілік 

білім  кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. 

Пәнаралық  байланыс  –  түрлі  оқу  пәндерінің    арасындағы    ӛзара 

байланысын    айқындау  шарты  және    білім  берумен    оқыту    талаптарының 

бірі.  Пәнаралық  байланыстың  қажеттігі  дүниенің    бірлігін  бейнелейтін 

ғылыми    білімдер    мен  сенімдер  жүйесін  қалыптастыру  міндеттерінен 

туындайды.  Ол  оқу  пәндерінің    топтары  деңгейінде  табиғаттың,  қоғамның, 

адамдардың  ӛзара  әрекеті    жӛніндегі    жетекші    және    жалпылама  

қағидаларды қамтиды. Оқу пәндерінде  қарастырылатын аталмыш қағидалар 

оларды  білім  беру  мазмұнының    біртұтас  жүйесіне  біріктіреді.  Бұл  жерде 

пәнаралық  байланыстың    дүниетанымдық  қызметі    маңызды  рӛл  атқарады. 

Пәнаралық  байланыс  негізінде  білімдер  жүйеге  келтіріледі,  олардың  

беріктігі  қамтамасыз  етіледі. Пәнаралық  байланыс бірқатар оқу пәндеріне  

ортақ  негізгі  қағидалар,  ұғымдар,  деректер,  ғылыми  таным  әдістері  

арасындағы  ӛзара  байланысты  қамтамасыз  етеді. 

Пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  барысында  оқу  материалының  

қайталанбауы,  тиімді    орналасуы,    оқытушылардың  бірлесе    жұмыс  істеуі  

сияқты    бірқатар    педагогикалық    ұйымдастыру    мәселелері    шешіледі. 

«Бейнелеу  ӛнері»  пәнін  оқушыларға  оқыту  барысында  пәнаралық  

байланысты  үнемі  ескеріп  отыру  қажет.  Пәнаралық  байланыс  білім,  білік 



 

90 


және  дағдының  тұтас  жүйесінің  дұрыс  қалыптасуына  ықпал  етеді, 

оқушылардың  әр  түрлі  пәндерден  алған  білімін  орынды  қолдана  білуіне  

кӛмектеседі.  

Сонымен,  пәнаралық  байланыстың  ең  негізгі  дидактикалық  міндеті  – 

оқыту    үрдісінің  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  сипаты  арасындағы  

байланысты құру.  



Пәнаралық байланыстың маңызына мыналар  жатады: 

1.

 



Оқу  пәндері  арасындағы  ӛзара  байланыстың  дамуына  жағдай  

туғызады. 

2.

 

Ғылыми    дүниетанымның    қалыптасуы  мен    білім  мазмұнының 



барлық  құрамды бӛліктерінің байланысын талап етеді. 

3.

 



Пәнаралық    байланыс    жан  –  жақты  білім  мен  тәрбие  беру 

жүйесінің барлық салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасайды. 

4.

 

Пәнаралық  байланыс  педагогикалық  әрекеттің    ғылыми    негізде  



тиімді ұйымдастырылуына кӛмектеседі. 

Оқушыларға  тиянақты  білім  берудегі  сол  бұрынғы  білімнің  бір  – 

бірімен  байланыстылығын  философтар  да  ерекше  атап  кӛрсеткен. 

Мұғалімнің  кӛздейтін  басты  мақсаты  оқушыларға  берілетін  ғылыми  білім 

негіздерінің    бірлігін,  пәнаралық  байланысын  сақтап  отыру.    Пәнаралық 

байланыс  кезінде  оқушылардың  ойының  тиянақталуына,  қиялдануына, 

ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. 

Бастауыш 

сыныптардағы 

оқушылардың 

шығармашылық 

тұлғасын 

қалыптасыруда    білім  мазмұнының  тиімділігі,  оқытудың  тиімді  әдістерін 

іздестіру  жолдары  пәнаралық  байланысты  күшейтуге    себебін  тигізеді.  

Қазіргі  кездегі  білім  беру  ғылымның,  мәдениеттің,  ғылыми  техникалық 

прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны  ғылымдардың 

ӛзара  байланыс,  ӛндіріспен  қоғамдық  дамудың  жаңару  барысына  тікелей 

ықпал жасайды. Осыған байланысты  қазіргі  күрделі  қайта жаңғыру кезінде 

бастауыш  мектептегі  оқыту  процесінде  пәнаралық  байланыс  ерекше  

педагогикалық  маңызды  мәнге ие болуда. 

Пәнаралық  байланыстың  педагогика  ғылымында  қалыптасқан 

идеяларының  ӛзіндік  даму  тарихында  Батыс  Еуропадағы  педагогикалық 

идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я.А.Коменский, 

Д.Ж.Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт пәнаралық байланысты  

педагогикалық  ғылымының  күрделі  мәселелеріне  жатқызды.  Олар  жас 

буынға,  келешек  ұрпаққа  білім  беруге  табиғат  құбылыстарының  ӛзара 

байланысы  жӛніндегі  кӛзқарастарын,  дүниетанымын  дұрыс  қалыптастыру 

керек екендігіне баса назар аударған.  



Пәнаралық  байланыс  –  түрлі  оқу  пәндерінің  арасындағы  ӛзара 

байланысын айқындау шарты және білім берумен оқыту талаптарының бірі. 

Әлемнің  бірлігін  бейнелейтін  ғылыми  білімдер  мен  сенімдер  жүйесін 

қалыптастыру  міндеттерінің  шартынан    пәнаралық  байланыс  қажеттігі 

туындайды.  Оқу  пәндерінде  қарастырылатын  табиғат,  қоғам,  адамдардың 

ӛзара  әрекеті  жӛніндегі  негіздер  олардың  білім    беру  мазмұнының  біртұтас 



 

91 


жүйесін  біріктіреді.  Осы  арада  пәнаралық  байланыстың  дүниеге  кӛзқарас 

қызметі ӛте маңызды және шешуші рӛл атқарады. Дүниеге кӛзқарас дегеніміз 

– адамдардың, жеке адамдардың  іс  - әрекетіне терең әсер ететін әлем және 

оның  даму  заңдылықтары  жӛнінде  табиғат  және  қоғам  құбылыстары  мен 

барыстары  жӛнінде  біртұтас  тиянақты  кӛзқарастар  жүйесі.  Дүниенің  ӛзі 

микро, макро, мега жүйелерді  құрайтын бір – бірімен кӛп салалы байланыста 

болатын  объектілермен  құрылыстардың  жиынтығы  болса,  дүние  танымның 

негізі дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әр 

түрлі  білімдерді  игеру  барысында,  сонымен  бірге  күнделікті  кӛзқарастарды  

санада түю нәтижесінде қалыптасады.  

Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуде  педагогика  теориясымен  оқу  – 

тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  ӛзгерістер  мен  байланысты:  білім  берудің 

парадигмасы  ӛзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  кӛзқарас  

басқаша қарым –  қатынас, ӛзгеше менталитет пайда болуда. Педагогикалық  

технологияның  кеңінен  қолданылуына  және  ғылымның  роліне  мән  беруде 

оқыту  технологиясын  жетілдірудің  психологиялық  –  педагогикалы 

бағыттағы  негізгі ой тұжырымдары  былайша сипатталады:  

- есте сақтауға негізделген оқып  білім алудан, бұрынғы меңгергендерді 

пайдалана отырып ақыл ойды дамытатын оқуға кӛшу; 

-  білімнің  статистикалық  үлгісінен    ақыл  –  ойы    әрекетінің  

динамикалық құрылым жүйесіне кӛшу; 

-  оқушыларға  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 

бағдарламасына ӛту. 

Бұл бағытта білім берудің  әр түрлі  нұсқаудағы мазмұнын, құрылымы 

ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. 

Сондықтан әр–түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың 

жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынып 

қараудың  маңызы  зор.  Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық 

технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін 

емес.  Жаңа  технологияның  меңгеру  мұғалімнің    интеллектуалды,  кәсіптік 

адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  де  басқа  кӛптеген  адами    келбетін 

қалыптасуына әсерін тигізеді, ӛзін  – ӛзі дамытып, оқу тәрбие үлгісін тиімді 

ұйымдастыруына кӛмектеседі. Педагогикалық  технологияларды мәнділігіне, 

қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай бірнеше топтарға бӛледі. Қолдану 

деңгейіне  қарай  (жалпы  педагогикалық,  пәндік,  жеке  әдістемелік, 

модульдық)  психикалық  дамудың    жетекші    факторына  қарай  (биогендік, 

социогендік,  идеалистік  қабылдау  концепциясы  бойынша  (ассоциацивтік  – 

рефлекторлық,  дамытушы  т.б.)  Қазіргі  кездегі  әдебиеттерде  50  -  ден  астам 

педагогикалық  технология қолданып жүр. Ал, енді пәнаралық байланыстағы 

жалпы  және  жоғарғы  оқу  орнындағы  қоғамдық-саяси  сабақтарында 

қарастырып кӛрелік. ―Қазақстан Республикасының тарихы” пәні бұл жерде 

тақырыбымызға    байланысты  оқушыларды  еліміздің    мәдени  қазыналарына 

ӛте  үлкен  кӛңіл  бӛлуіне  тарту  керек.  Тарихтағы  қазба  байлықтардың 

ерекшеліктеріне,  қазақтың  қолӛнер  бұйымдарының  технологиясы  басқа 



 

92 


мемлекет мәдениетімен ұқсастығы, тұрмыстық-кәсіби шаруашылықтарының 

ортақтастығы,  солардың  ішінде  жалпы    Қазақ  киімдерінің  қазынасы,  

киімдердің  ерекшеліктері,  оның  әлемдік  мәдениеттегі  алатын  орны  т.б. 

Оқушыларды  еңбекке  баули  отырып  кәсіптік    бағыттағы  шеберлерге, 

олардың тұрмыстық әл ауқатына кӛңіл бӛлдіруге бейімдеу қажет. Технология 

сабағында  берілген  тапсырманы  сауатты  орындау  үшін  келесі  пәнаралық 

байланыстарды оқушыларға неғұрлым қалыптастыру керек, олар: 

“Философия  тарихы”  пәні  жалпы  кәсіптікке  негіз  бола  отырып 

арнаулы  бағыт  жолдайды.  Соның  ішінде  педагогикалық-этнопедагогикалық 

байланыстарды  айқындай  отырып  сыртқы  сезімді  сұрыптап,  ішкі  сезімге 

нақтылы  заңдылықтар  бағыттайды.  Бұл  пәннің  категориясы  мен 

заңдылықтарының диалектикасы жәй бейімдеу емес, нақтылы педагогикалық 

тұжырымды білдіреді. 



“Экономика  теориясы”  пәні  ―жалпы  еңбекте  орасан  орын  алатыны 

анық.  Ол  болашақ  шебердің  іскерлігі  мен  біліктілігін  бір  жүйеге  келтіре 

отырып шикі заттарды қалай, қай жағына тиімді, үнемі пайдалану жолдарын 

қарастыратын  пән.  Сондай-ақ  ӛнімнің  сұраныс,  тұтынушылардың  әл-

ауқатына  сәйкестендіреді  және  арзандату  процесімен  әдемілігін,  ӛнімнің 

ӛтімділігін  жоспарлайды.  Бұл  сабақта  қандай  да  болмасын  ӛнімнің  шығу 

ерекшеліктеріне,  олардың  оңай  әрі  тез  жасалынатын    құпияларына 

оқушыларды  баули  отырып,  қазіргі  нарықтық  экономиканың  негіздеріне 

кӛңіл  бӛлдіру  керек.    Киім  бұйымдарындағы  ұлттық  Қолӛнерді  қамтитын,  

қазіргі  тұтынушыларға  қажеттігін  ескере  отырып,  арнаулы  шеберханаларды 

қалай  үнемді  ұйымдастыру,    мектептегі  оқушыларды  қалай  баулу,  тіпті 

шығарған ӛнімдеріне ақы тӛлеу жолдарын теориялық негізінде жеткізе білу 

қажет.  Сонда  ғана  оқушыларды    күнделікті  қажетті  киім  және  т.б.  қолӛнер 

бұйымдарын  жасауға    дайындық  процесін  сауатты  ұйымдастыра  аламыз.  

Оқушыларды  қазақтың  қолӛнер  бұйымдарын  жасауға  дайындау  процесінде 

қол  ӛнер  бағытында  ―Мәдениеттану‖,  ―Саясаттану‖,―Қазақстанның  қазіргі 

саяси  ӛмірі‖,―Жалпы  психология‖,  ―Жалпы  педагогика  пәндерін  үйрету 

әдістемесі‖ пәндерімен тығыз байланыстырып отыру керек. Сондай-ақ ӛзін-

ӛзі  оқыту  жүйесіндегі  әдебиеттерге,  оқулықтарға,  газет-журналдардағы 

қолӛнер бағытындағы мақалаларды оқытуды мақсат ету қажет.                                                                               

 

1.

 

Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. – М., 1955.   

- С. 287. 

2.

 

Әкімбаева Ғ. Пәнаралық байланыс. //Бастауыш мектеп. – 1996. - 

№3. 

3.

 

Песталоцци  И.Г.  Избранные  педагогические  произведения.  –  М.: 

Издательство АПНРСФСР, 1963. – 175 с. 

4.

 

Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2000. 

5.

 

Гомелева  О.В.  Межпредметные  связи  в  формировании 

коммуникативных умений //Педагогика. – 2001. - № 4. – С. 14 -19. 

 


 

93 


Резюме 

В  данной  статье  дается  понятие  межпредметной  связи  и 

рассматриваются  некоторые вопросы использования  межпредметных связей 

в изобразительном искусстве, а также подчеркивается их значимость в деле 

образования и воспитания подрастающего поколения. 

 

Summary 



In given article the concept of intersubject communication is given and some 

questions use of intersubject communications in the fine arts, their essence and the 

importance in formation and education business generations are considered. 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  


 

94 


Со д е р ж а н и е 

 

Султанова 

М.Э. 

Изобразительное 

искусство 

и 

музыка: 



компаративизм художественного языка.................................................... 

Кисимисов  Е.Т.  Формирование  творческой  активности  будущих 

учителей  изобразительного  искусства  на  занятиях    по  декоративно-

прикладному искусству............................................................................... 

Шайгозова  Ж.Н.  Художественная культура  -  фундаментальная  база 

поликультурного  образования  будущих  учителей  изобразительного 

искусства........................................................................................................ 

Қожағұлов Т.М. Композициялық қабылдауды қалыптастыру туралы.. 

Лапп  Г.В.  Актуальность  проблемы  развития  творческого  мышления 

студентов на занятии по черчению............................................................. 



Жаманкараев  С.К.    Основные  направления  организации  учебно-

творческой деятельности кафедры академического рисунка.................. 



Салауатов Б.С. Средства  создания    портретной       характеристики 

 в рисунке...................................................................................................... 



Оразқұлова  Қ.С.  Қазіргі    кезеңдегі    Қазақстандағы    бейнелеу 

ӛнеріндегі «тұлға»  архетипі........................................................................ 



Андреева  Л.Н.

 

Творческий  подход  к  выполнению  заданий    по 

черчению.......................................................................................................

 

Адамқұлов  Н.М.  Қазақтың    қолӛнері    арқылы    студенттердің    іс-

әрекетін  қалыптастырудың  мүмкіндіктері..............................................   

Мендешева  Р.А.  Бейнелеу  ӛнері  оқытушыларын  адамгершіліктік 

тәрбиеге дайындау........................................................................................ 



Рабилова  З.Ж.  Пленэрлік  практика  барысында  болашақ  бейнелеу 

ӛнері 


мұғалімдерінің 

 

кәсіби-шығармашылық 



белсенділігін 

қалыптастыруға арналған оқү-әдістемелік ұсыныстар.......................... 



Ақбаева  Ш.Ә.  Жоғары    мектептің  білім  беру  жүйесінде    «Бейнелеу 

ӛнері» пәнінен білім берудің кейбір мәселелері........................................  



Келденова  К.К.,  Келденова  С.К.  Қосымша  білім  беру  жүйесінде 

бейнелеу 

ӛнері 

саласында 



оқушылардың 

шығармашылық 

белсенділігін қалыптастыру........................................................................ 

Қайдаров М. Су бояудың тарихы мен қолдану тәсілі............................. 

Донченко  О. Кружки как  эффективное средство развития образного 

мышления школьников................................................................................  



Капашева    Ж.Д.    Певческая  деятельность  как  фактор 

эмоционального развития младших школьников...................................... 



Тастанова  С.П.,  Тастанова  А.П.    Ұлттық  тәлім-тәрбие  болашақ 

мұраты  ретінде............................................................................................ 



Абижанова  А.Ш.    Ұлттық    бейнелеу  ӛнері    негізінде  студенттерді 

эстетикалық тұрғыда  тәрбие берудің  теориялық негіздері.................... 



Айнақұлов  Ж.  Пәнаралық  байланыстың  бейнелеу  ӛнері  пәнінде 

кӛрініс табуы.................................................................................................  



 

 

 

  3 

 

 

  7 

 

 

  12 

  18 

 

  21 

 

  27 

 

  30 

 

  35 

 

  39 

 

  46 

 

  50 

 

 

  53 

 

  57 

 

 

  61 

  67 

 

  70 

 

  75 

 

  78 

 

  84 

 

  89 

 

95 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХАБАРШЫ. ВЕСТНИК 

«Кӛркемӛнерден білім беру: ӛнер - теориясы -әдістемесі» сериясы 

Серия «Художественное образование: искусство - теория методика» 

№ 3 (24), 2010 

 

2001жылдан бастап шығады. 



Шығару жиілігі – жылына 4 нӛмір 

 

Тікелей берілген репродукциялық әдіспен басылады 

 

Қазақстан Республикасының мәдениет 



және ақпарат министрлігінде 

 2009 жылы мамырдың 8-де тіркелген №10099 – Ж 

 

Басуға 06.08.2010 қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.  



Кӛлемі 7,4 е.б.т. Таралымы 300 дана. Тапсырыс 259. 

 

050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13  



Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  



Ӛндірістік-жарнама бӛлімінің баспаханасы

 


 

96 


 

 

 

 



 

                 

 


жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет