Хабаршы вестник «Көркемөнерден білім беру»


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ



жүктеу 1.5 Mb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата12.01.2017
өлшемі1.5 Mb.
#423
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ 

 

Е.Е. Оспанқұлов – Абай атындағы ҚазҰПУ, магистр, оқытушы 

 

Бұл  мақалада  бала  тәрбиесіне  қозғалыс  ойындар  қолданылып  сурақтары  қарастырады.  Аталған  мәселе  қазіргі 

уақытта  өте  өзекті  болып  табылады.  Осыларға  байланысты  жанжақты  дене  тәрбиесінің  құралдары  ұлттық  спорт 

қозғалыс ойындарынның негізгі орындарын алады.  

Ойындарды  таңдап  алу  өтілетін  сабақтың  алдында  тұрған  педагогикалық  міндеттерге  байланысты.  Сонымен 

бірге сабаққа енгізілетін басқа да (ойыннан бөлек) материалдың мазмұны мен өту әдістерін ескеру қажет. Оқушы-

лардың  шаршауынан  және  қалыптан  тыс  қозуынан  сақ  болу  үшін  жүгіруге  немесе  секіруге  арналған  жаттығу 

сабағына,  мысалы,  секіру  және  қарсылық  көрсетуге  арналған  сабаққа  ойындарды  енгізуге  болмайды;  белгілі  бір 

сабақта гимнастика немесе жеңіл атлетика бойынша жаңа материалды өткенде оны жаңа ойын үйренумен ұштасты-

руға болмайды. 



Түйін сөздер: дене дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары, ұлттық ойындар 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(38), 2014 г. 

78 


Қозғалыс ойындарын оқушылардың дене жаттығуларымен шұғылдану барысында алған шеберліктері 

мен  дағдыларына  сәйкес  өткізуі  керек.  Басқа  сабақтардың  ішінде  ойынның  мақсатқа  сәйкес  мейлінше 

тиімді болуын белгілеу қажет. Мысалы, көп уақытты алмайтын таныс қозғалыс ойындарын бұлшық етке 

түсетін  едәуір  күшке  байланысты  жаттығулардың  алдында  «денені  қыздырыну»  түрінде  пайдалануға 

болады.  Осындай  жаттығулардан  кейін  ғана  жай  тұрып  ойнайтын  ойындарды  өткізу  керек  (мысалы: 

жүру,  допты  лақтырып  беру).  Жаттығулардың  алдында  ерекше  назар  аударуды  талап  ететін  жалпы 

жүгірумен, секірумен немесе қарсылық көрсетумен өткізілетін ойындардың орындауға қиындық келтіре-

тінін  ескеру  қажет.  Сол  өткізілетін  сабақ  жағдайында  ойнауға  кететін  уақытты  күні  бұрын  белгілеп 

қоюдың  маңызы  зор.  Алайда  сабақтың  барысын,  шұғылданушылардың  мінез-құлқын  және  көңіл-күйін 

ескере  отырып,  кейде  белгіленген  уақыттың  шегінен  шығып  кететін  де  кез  болады.  Бір  ойын  түрінен 

басқа  ойын  түріне  ұйымдасқан  түрде,  уақытты  өткізбей  көшу  керек.  Сондай-ақ  сабақтың  жүйелілігін 

сақтау  мақсатымен  ойынның  басталуы  мен  барысын  дәл  ұйымдасқан  түрде  жүргізу  қажет.  Ойынды 

үйренуді жаттығу мақсатында өткізген кезде оның қызықтылығын, ойнаушылардың еркін қимыл жасау-

ын ескеріп отыру керек. 

Сыныптарда өткен жылдағы сабақтардан таныс ойындарды өткізіп, сонан соң жаңа ойынды үйренуді 

бастау  қажет.  Ойындарды  әрбір  тоқсандағы  сабақтардың  мазмұнына  енгізген  жөн.  Әрбір  тоқсанда 

ойындарды  ойнау  бұдан  бұрын  өткен  оқу  материалын  баянды  етуге,  бекітуге  көмектеседі  және  бұдан 

кейінгі  тоқсанға  белгіленген  жаттығуларды  жақсы  меңгеруге  себепші  болады.  Маусым  жағдайы  да 

ескерілгені  дұрыс.  Бірінші  және  төртінші  тоқсанда  өткізу  үшін  кең  орынды  (алаң,  аула)  қажет  ететін 

ойындарды белгілеу керек. Екінші және үшінші тоқсанға біршама шағын бөлме, зал ішінде ұйымдастыру-

ға  тура  келетін  ойындар,  сондай-ақ  далада  өткізуге  келетін  және  шаңғы,  шана,  конькимен  өткізілетін 

ойындар лайық. Ойындармен бір тоқсанды екінші тоқсанның есебінен толтыруға болмайды. 

Ойындарды іріктеп алу нақты қойылған педагогикалық міндетпен анықталады. Сондықтан оны өткізу 

үшін таңдап алынған әрбір ойынды жеткілікті түрде дәл бағалау қажет. Ойындарды сабақтың мақсатына 

сай іріктеп алу үшін мына мәселелерді ескерген жөн: 

1.  Ұжымның  (топтың)  ұйымдасып,  бірлесіп  әрекет  жасауы  үшін  ойынға  қатынасушылар  бір  топқа 

біріктіріле ме, жоқ па немесе ойынның мазмұны бойынша ойыншыларды топқа (командаға) бөлу көзделе 

ме, жоқ па, соны ескеру керек. 

2. Әрбір ойынның ережесі болады. Ереженің мазмұнын, санын және оны өткізудің күрделілік деңгейін 

ескерудің маңызы зор. 

3. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас түрлері: ойын жүргізушісіз өткізілетін және жүргізушімен өткізіле-

тін ойындар болып бөлінеді. Егер командалық ойын болса, онда ойнаушылардың «қарсы жақпен» кезде-

суіне себеп бар ма, жоқ па немесе ойынға қатысушылар басқа командадағы ойынның барысын өзгертуге 

тікелей ықпал ете ала ма, жоқ па және «қарсы» команданың ойыншыларының әрекет етуін қиындата ала 

ма, мұны да есте ұстанған жөн. 

4.  Ойынның  рөлі.  Белгіленген  ойынның  әрбір  қатынасушысына  алуан  түрлі  ойын  рөлін  кезекпен 

орындауға  беру  қиындыққа  соқтыра  ма,  жоқ  па,  барлық  қатынасушылар  үшін  бірдей  рөл  атқаратын 

ойынды, шамамен алғанда, бірдей шарт қамтамасыз ете ме, жоқ па, мұны да ескеру керек. 

5. Ойында кедергілерден өту шарттары. Егер топтық ойын болса, онда бұл ойында бастаушыға қарсы 

жекпе-жек сайысы орын ала ма, жоқ па немесе ойын жүргізушілерімен сайыс басқа ойыншылармен өзара 

қолдау  және  өзара  көмек  көрсету  арқылы  жүргізіле  ме,  жоқ  па,  командалық  ойынның  шарты  қандай: 

өзінің командасы үшін күрес жекпе-жек сайыс ретінде немесе мүмкін, жекпе-жек сайысуды жолдастары-

ның өзара қолдауы және өзара көмек көрсетуі арқылы өткізе ме, жоқ па, соны ескерту қажет болады. 

6.  Қатардағы  ойыншылар  үшін әдеттегі  қимылдар.  Тек  топтық  ойындарда  ғана емес,  сонымен  бірге 

командаға бөлініп ойнайтын ойындарда да бұл әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, қатысушылар-

дың  әрекеті  шапшаңдыққа,  ептілікке  арналып,  жақын  қашықтыққа  жүгіруіне  байланысты  өткізілетін 

ойындар; доппен, таяқпен және басқа заттармен ептілікке және шапшаңдыққа немесе секіру, қарсылық 

көрсету,  күш  көрсету  арқылы  кедергілерден  өтуге  байланысты  қимылдар  себепші  болатын  ойындар: 

ақырында,  бағдарлауға  және  бақылағыштыққа  жаттыға  отырып,  қатысушылардың  алуан  түрлі  қозғалт-

қыш дағдыларын қолдануға тура келетін ойындар да болуы мүмкін. 

7. Ойын тақырыбы тәрбие беру міндетіне сәйкес келетіндігін ескеру. 

8. Ойындардың ерекшелік жақтары ойнаушылардың санына, жас ерекшелігіне, жынысына, денесінің 

жаттыққандығы мен ойынға даярлығына, денсаулық жағдайына, ойнаушылардың ынтасы мен ішкі талап-

тілектеріне сәйкес келетіндігін ескеру. 

9. Осы ойынды көпшілік арасында жүргізілетін жұмыс ретінде спорт секциясының сабағында жүргізу 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(38) 2014 ж. 

79 


 

керектігін және ойын алаңының шартын (қысқы, жазғы алаң) сай келетіндігін немесе бөлмеде ұйымдас-

тыруға қолайлылығын, ойынды қолда бар жабдықтармен өткізу мүмкіндігін ескеру. 

Белгілі  бір  ойынды  өткізгенде  жаңа,  кенет  кездескен  жағдайлар,  ойнаушылардың  жағдайлары  мен 

мінез-құлықтары  ескеріліп,  оның  бұрын  болжанған  шарттары  өзгеруі  де  мүмкін.  Осындай  жәйттарды 

ескеру  негізінде  басқарушы  қимыл-қозғалыс  ойынының  мазмұны  мен  ережесіне  белгілі  бір  өзгерістер 

енгізіп, ойынның маңызын көтеретін әдістемелік тәсілдер қолдануы мүмкін. 

Жаңа  ойынды  түсіндіргенде  оқушылардың  ойынға  даярлығын,  қозғалыс  ойындарына  қатынасудан 

жеткілікті тәжірибесі бар екендігін ескеру қажет. Жеткіншектерге көбінесе қарапайым, бұрын үйренген 

ойындардың  қиындатылған  нұсқалары  беріледі.  Сондықтан  ойнаушыларға  қойылатын  негізгі  талаптар 

туралы  белгілі  бір  дәрежеде  мәлімет,  нұсқаулар  беруге  аз  тоқталуға  мүмкіндік  туады;  осы  нұсқауларға 

кететін уақытты қысқарту есесінен ойналатын ойынның техникасы мен тактикасы жөніндегі мәселелерге 

жете және толығырақ тоқталу керек. 

Төменгі  жастағы  бастауыш  сынып  оқушыларына  қарағанда,  жеткіншектердің  зейін  қоюы  тұрақты 

болады.  Дегенменде  оларға  ойын  басталар  алдында  қалыптан  тыс  толық  және  ұзақ  түсіндіруден  аулақ 

болуы керек. 

Ойынды  қызықты,  түсінікті  және  қысқаша  баяндай  отырып,  басқарушы  ойынның  барысында-ақ 

қосымша  нұсқаулар  бере  алады.  Мысалы,  бастапқы  қолайлы  жағдайда-ақ  белгілі  бір  қате  әрекет,  теріс 

тәсіл жасамау керектігі ойнаушыларға ескертіледі. Бір команданың ойыншысы белгілі бір ережені бұзған 

кезде  жіберілген  қатенің  нәтижесінде  «қарсы  жақтың»  командасы  қандай  артықшылық  жағдай  (ұпай 

жөнінде, тактикалық маневр жөнінде және т.б.) алатыны көрнекі түрде көрсетіледі. Ойынның барысында, 

қатысушылардың алаңда орын ауыстыру кезінде, ойыншылар өзара алмасқан кезде, командалар рөлдерін 

ауыстырған кезде және тағы басқа да алаңда орын ауыстырудың жай-жапсарымен іс жүзінде таныстыру 

жүргізіледі. 

Кейбір жағдайда жаңа ойынды алдын ала түсіндіруді ойында кездесетін топтық техникалық тәсілдерді 

көрсетумен,  шамамен  алғанда,  бірнеше  ойыншы  орындайтын  жеке  тактикалық  әрекеттерді  көрсетумен 

бірге жүргізу пайдалы болады. 

Спорт  алдымен  ойынның  біраз  жеңілдетілген  түрін  өткізген  жақсы.  Ойынға  қосымша  ережелерді 

бірте-бірте енгізу керек және оқушыларды ойынның жаңа бөліктерімен, тәсілдерімен таныстыру қажет. 

Жұмыс практикасы көрсеткендей күрделі қимылды ойындарды алдын ала «кіріспесіз» өткізу әрекеті 

сәтсіз болып шығады. Ойнаушылар барлық ережелерді бірден меңгеріп кете алмайды және техника мен 

тактика бойынша жеткілікті түрде даярлығы болмағандықтан көп қате жібереді. Ойын қызықсыз болады, 

балалар ойнауға ынталанбайды. Сонымен қатар, күрделі қозғалыс ойындарын ойдағыдай үйрену мақсаты 

мен  сабақтар  тәжірибесіне  күрделі  ойындарды  үйренуге  тікелей  даярлық  болып  саналатын  мейлінше 

қарапайым ойындарды енгізудің маңызы зор. 

 

1



 

Уанбаев. Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі. 

2

 

Қасымбекова С.И., Темірғалиев Ю.Г., Тайжанов С. – Алматы, 2000 ж. – 47 б. 5-11 сыныптарға арналған дене 

тәрбиесі бағдарламасы. 

3

 

Тайжанов  С.,  Қасымбекова  С.И.  Қазақтың  ұлттық  ойындары.  –  Алматы:  «Казстатинформ»  баспасы, 

2004 ж. – 116 б.  

4

 

Тайжанов  С.,  Қарақов  А.  Дене  тәрбиесі.  2-кітап  (Бастауыш  сыныптарға  арналған).  –  Алматы:  «Үшқиян» 

баспасы, 2004 ж. – 116 б.  

 

Резюме 

В  статье  рассматриваются  вопросы  применения  подвижных игр  в  воспитаний  детей,  данная  тема  в  настоящее 

время неоспорима актуальна, поэтому среди большого разнообразия средств физического воспитания принадлежит 

особое место национальным спортивным подвижным играм. 

 

Summary 

This article discusses issues of using dynamic  games in parenting, this topic is now undeniable relevance, so among  a 

wide variety of physical education has a special place national sports mobile games.  

 

 

 

 

 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(38), 2014 г. 

80 


УДК 78.01,781.7 

 

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ 



МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЛЫ ТҰЛҒА 

 

А.Т. Айтуарова – өнер.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-нің доценті 

 

Мақаланың мақсаты – қазақтың композиторы Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық музыкалық мәдениетіндегі алатын 



орынын  айшықтап  ашып  көрсету.  Нұрғиса  Тілендиевтің  шығармашылығы  қазіргі  қазақ  музыкасы  тарихының 

жарқын  беттерінің  бірі  болып  саналады.  Оның  музыкасына  деген  халықтың  қалтқысыз  махаббаты,  әндерінің, 

оркестрлік  күйлерінің,  киномузыкасының  жаппай  танымалдығы  Нұрғисаның  қазақ  музыкалық  мәдениетінің 

тарихында өшпес із қалдырған нағыз халық композиторы екендігінің анық айғағы. 

Нұрғиса Тілендиев – әйгілі композитор, төлтума дирижер, кемел домбыраши. Ұсынылып отырған мақалада осы 

үш  қасиеттің  үйлесімі  ғылыми  тұрғыдан  қарастырылып  отыр.  Н.Тілендиевтің  «Ата  толғауы»,  «Аңсау»,  «Аққу», 

«Махамбет», «Атадан мұра», «Қош керуен» т.б. оркестрлік шығармалары қазақ музыкасының халықтық аспаптық 

дәстүрлерін  дамыта  отырып,  дәстүрлі  күйдің  жаңа  үлгілері  «халық  аспаптар  оркестріне  арналған  күйлер»  болып 

табылады. 

Н.Тілендиевтің  аса  танымал  болған  көптеген  әндері  шын  мәніндегі халық  әндеріне  айналып  кеткен.  «Саржай-

лау»,  «Ауылдағы  жеңеше-ай»,  «Біздің  ағай  тамаша»,  «Жан  жарым»,  «Жан  сәулем»,  «Құстар  әні»,  «Әжеме»  т.б. 

әндерінің айшықты, қарапайым кайырмалары адам жадында жылдам жатталып қалатындығымен қадірлі.  



Түйін сөздер – дәстүрлі музыка, ана музыкалық тілі, халық эстетикасының жалғастырушы, еуропалық көпдауыс-

тық, көне халық аспаптары, оркестрлік күй 

 

Нұрғиса  Тілендиев  –  әйгілі  композитор,  төлтума  дирижер,  кемел  домбырашы.  Осы  үш  қасиеттің 



үйлесімі кәсіби халық музыкасы өкілінің бес аспаптығын дәлелдейді. Нұрғиса - шығармашылық болмы-

сының ерекше еркіндігі мен өзгешелігі жалпылық шеңберіне симайтын жалқы дүниенің перзенті. Дәстүр-

лі  дүниетанымнан  әлемге  деген  жалпы  көзқарастың  тұтастығы,  белгілі  бір  объективизм  туындайды. 

Нұрғисаның үздік шығармашылығың әуезі өміршең, толыққанды, тылсым сырымен баурайды... Дүниенің 

баяндылығын  жырлайтын,  халқының  аманшылығын  аңсаған,  ұлттық  сенімді  ұран  еткен  Нұрағаның 

музыкасы дәстүрлі қазақ музыкалық шығармаларының тілін қазіргі заман биігіне көтерді. 

Сонымен қатар, Нұргиса Тілендиев – жазба ұлттық кәсіби композиторлық мектебінің өкілі. Ол қәзіргі 

заманның музыкалық білім алған, шығармашылық қоржыны опера, балеттер («Алтын таулар» операсы, 

«Ортеке», «Достық жолымен», «Аққулар» балеттері), киномузыка, мульфильмдер, драма спектакльдерге 

арналып жазылған шығармалар құраған композитор. Бір ғажабы, кемел композитордың ерекшелігі сол, 

оның музыкасы не кәсіби халық музыкасына, не еуропалық бағыттағы композиторлық ағымға жатқызуға 

келмейді. Тарихқа жүгінейік. 

Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы Қазақстанда 70-ші жылдардың аяғы 80- ші жылдардың басында 

кең таныла бастады. Бұл кезең дәстүрлі қазақ мәдениетіне, оның ішінде музыкалық мұра, ауыз әдебиеті, 

сәулеттік ескеркіштер, тарихи оқиғаларға жаппай қызығушылық белең алғанымен белгілі. Осы уақытта, 

қазақ  халқының  көне  тарихи  кезеңдерін,  тарихи  тұлғалардың  өмірін  сипаттайтын  көне  есімдерге  толы 

Ильяс Есенберлиннің, Әнуар Әлімжановтің тарихи романдарын оқу кең етек ала бастады. Көркемдік қиял 

элементтерінің кейбірі шынайы оқиғаға сәйкес келмесе де, олар тудырған романтикалық көзқарас ұлттың 

үрдісін тануға ұмтылған қалың оқырманның көңілінен шықты. 

Осындай  жағдайларды  музыкалық  мәдениет  те  бастан  кешірді.  Шешуші  рөл  фольклорист-ғалым 

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев қызметінің үлессіне тиді. Ғалымның қайта қалпына келтірген көне аспапта-

ры қазақ музыкалық тарихының, оның ырғаққа бай мәдениетінің қайта туып, жандана дамуына мұрын-

дық болды. Сарыбаев құрған көне аспаптар ансамблі халық музыкасының бұрыннан қалыптасқан форма-

ларына жан бітірді. Музыкалық мәдениетке Уәли Бекеновтің орындаушылық шығармашылығы да септі-

гін  тигізді.  Ол  насихаттаған  нәзік  лирикаға  толы,  әуезді  «шертпе»  стилі  дәстүрлі  ұлттық  дүниелердің 

сахнасын айқара ашты. Тыңдарманға жылдам «төкпе» күйлермен қатар айшықты, бай, лирикалық аспап-

тық стиль ұсынылды. 

1981 жылы Нұрғиса Тілендиев құрған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль (кейіні-

рек – оркестр) көптен күткен мәдени құбылыстың көрінісі еді. Аталған ұжым республикада кең танымал 

болды. Мұның себебі неде? Оркестрдің «фольклорлық-этнографиялық» деп аталуының өзі межелі мақ-

сат – көне қазақ музыкасын қайта жандандыру екендігін дәлелдеді. Орындаушылардың сәнді қызылды-

жасылды ұлттық киімдері, романтикалық атауы (көне қаланың атауы), ең бастысы Болат Сарыбаев өмірге 

қайта әкелген көне қазақ аспаптары – саз сырнай, шаңқобыз, сыбызғы, жетіген, қылқобыз, дауылпаздың 

дауыстары ансамбльдің ұлы шығармашылық мұратын айғақтай түсті. Оркестрлік типте бұрыннан қалып-



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(38) 2014 ж. 

81 


 

тасқан құрамға абайлап енген бұл аспаптар кейіннен ғажайып нәтиже берді: аспаптардың басқа топтары 

бұлардың үнін баса алмады, керісінше оркестрге ерекше рең беріп, ұжымның ұтымды ырғағына айналды. 

Сонымен ансамбль бірден репертуарындағы шығармалардың «шертпе» мақамымен танымал болды. 

Тілендиев музыкасының дәл өз уақытында пайда болуы - оның өнерінің кең өркен жаюына, танымал 

болуына  игі  ықпал  етті.  Композитор  концерттеріне  бару  озық  үлгіге  айналып  өткен  күн  мен  бүгінгі 

таңның музыкалық дәстүрлеріне бас ию - өзіндік дәстүр болып қалыптасты, Нұргиса Тілендиев шығарма-

шылығы дәстүрлі өнердің қайта дүниеге келуіне тікелей байланысты болды, оның музыкасы нағыз қазақ 

музыкасы деген жалпы ұғым қалыптасты. 

«Отырар  сазы»  оркестрінің  концерттері  –  халықтың  шың  ниетімен,  ыждағатпен  келетін  мерейлі 

мерекесі еді. Бәлкім, бұл құбылыс Нұрағаның адамдық болмысымен байланысты болған шығар. Компо-

зитор тыңдармандарының алдында жан-жүрегін бүкпесіз ашып, музыкалық қарым-қатынастың дәстүрлі 

түрін тудырғандай болушы еді: сахналық орындау арасында шығармаларының шығу тарихынан қысқаша 

түсінік беріп, әзілге толы әдемі әңгімемен залды серпілтіп отыратын. Ал Нұрғиса қасиетті домбырасын 

қолына алғанда, маңайда айтып жеткізгісіз тыныштық орнап, ғажайып дүниемен кездесу, шыңайы өнер 

құпиясын тану сезімін туатын... 

Нұрағаның бойынан буырқана шыққан тасқын күш, оның ерекше мәнері, өзіндік пәлсапасы бар әнші-

ақындардың, қазақ мәдениетінің кәсіби таратушылары – сал-серілердің халық мектебінің өкілі болғанды-

ғынан  шығар.  Оның  концерттеріндегі  ақжарма  атмосфера,  емін-еркіндік  –  осының  көрінісі.  «Отырар 

сазының» концерттері ұлы композитордың дирижерлықты жасап, атақты «Құстар әнін» залмен қосылып, 

айтуымен аяқталушы еді. 

Дәстүрлі қазақ мәдениетінен бастау алатын жоғары кәсібилік тек қызметтік аспектіден емес (тудыру-

шы мен орындаушының синкретизмі  

- тұтастығы, музыкалық қарым-қатынастың дәстүрлі формаларын тудыру), музыкалық тілдік тұрғыдан 

да  аңғарылатын.  Тілендиев  ана  музыкалық  тілінде  ойлап,  қазақ  музыкасының  дәстүрлі,  бейнелік-

жанрлық жүйесін жүзеге асырды. Ән шығармашылығында композитор Жетісудын ән дәстүрін жалғасты-

рып, оркестрлік туындыларында «шертпе» стилін дамытады. Сонымен қоса, Нұрғиса Тілендиев дәстүрлі 

қазақ  мәдениетінің  құнды  жақтарын  еуропалық  жүйенің  техникалық,  айшықты  мүмкіндіктерімен 

(оркестрлік  көпдауыстық,  үйлесімді  гармониялық  байланыстар,  ладотональді  қосындылар,  тембрлік 

драматургия секілді) музыкалық әдістерді асқан дарындылықпен қосады. Нәтіжесінде, еуропалық сапалы 

көркемдік жүйенің жетістіктерімен қаруланғын, сонымен қоса қазақтың дәстүрлі музыкалық танымның 

тұтастығын бойында кәсіби музыка өнерінің өкілінің халықтық типі қалыптасты. 

Композитор  шығармашылық  қуаты,  жалпы  музыкалық  танымы  арқасында  музыка  өнерінің  барлық 

жанрларында  жемісті  еңбек  етті.  Қарапайым  екпінді  әуендердің  ұғымдылығы  Тілендиев  музыкасының 

Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениетінде алдыңғы орыңға шығып, қалын қауымға танымал 

болуына зор ықпалын тигізді. 

Тілендиев  музыкасының  айқын  әлеуметтік  табиғаты  да  соның  себебі.  Өйткені  көпшілікке  арналған 

музыка көркемдік құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. Кемеңгер композитордың өміршең өнері қалалық 

мәдениет аясында өркендеуі кездейсоқ емес еді: ол дәстүрлі музыкалық контекстен айырылып, авангард-

тық  мәдениеттен  халықтық  музыкаға  ұқсас  коммуникативті  формалар  таппаған  ұлттық  аудиторияның 

көркемдік  талаптарын  қанағаттандыра  алды.  Тілендиев  замандастарына  дәстүрлі  халық  музыкасының 

өзіндік концепциясын ұсынып, тыңдармандарының құптауын алды, өйткені көпшілік ұғымында музыка-

лық танымда қазақ халқының көне мәдениет дәл осылай көрініс табуы заңдылық еді. 

Нұрғиса  Тілендиев  1925  жылдың  1  сәуірінде  Алматы  облысы,  Іле  ауданы,  Шилікемер  ауылында 

дүниеге  келді.  Талантты  баланы  тап  басып  таныған  академик  А.Қ.  Жұбановтың  көмегімен  12  жасар 

Нұрғиса қазақ халық аспаптары оркестріне (қазіргі Құрманғазы атындағы оркестр) орындаушы\домбыра-

шы  ретінде  кіреді.  Дирижерлық  шеберліктің,  орындаушылық  өнердің  бастапқы  сабақтарын  Тілендиев 

алғашқы  ұстазы  Ахмет  Жұбановтан  алған  болатын.  Сонымен  қатар,  Нұрғиса  үшін  халық  аспаптар 

оркестріндегі  қызмет  Науша  Бөкейханов,  Қали  Жантілеуов  іспетті  атақты  халық  домбырашыларының 

тұлғасындағы кәсіби өнерді зерттеу жөніндегі мектепке айналды. 

Сұрапыл  соғыс  Нұрғисаның  18-дегі  жасына  жағаласа  басталып  кетті,  1943  жылы  жас  өз  еркімен 

майданға  аттанып,  фашистік  жендеттерімен  аянбай  соғысты,  оған  «Ұлы  Отан  соғысында  Германияны 

алған үшін», «Берлинді алған үшін» медальдары сияқты жауынгерлің наградалары дәлел бола алады. 

Соғыстан кейін Н.Тілендиев Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық 

аспаптары факультетінде оқи жүріп, Қазақ ССР радиокомитетінің халық аспаптары оркестрін басқарады. 

Бұл ретте, әлбетте, кәсіби дирижерліктің қажеттілігі туады да, Нұрғиса 1949 жылы Мәскеу мемлекеттік 



Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(38), 2014 г. 

82 


консерваториясының дирижерлік факультетіне (профессор Н.П. Аносовтың класын) оқуын жалғастыруға 

аттанды. 

Оқуы тәмамдалғаннан кейін Нұрғиса Тілендиев 1952 жылдан бастап 1960 жылға дейін Абай атындағы 

опера және балет театрының симфониялық оркестрі бас дирижерінің орынбасары қызметін атқарады. Ал 

1960 жылы Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып, 1968 жылы 

«Қазақфильм»  киностудиясының  музыкалық  редакциясын  басқарады.  Бірнеше  жыл  артқа  тастап, 

Нұрағаң музыкалық этнографиямен әуестеніп, 1982 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін бас дирижер-

лікпен қоса, оркестрдің көркемдік жетекшілігінің де тізгінін қатар ұстады. Күллі әлемге танымал «Отырар 

сазы» оркестрі азаматтығы мен өнерге адалдығының арқасында халық жүрегінен өзінің асқаралы орнын 

тапқан ұлы ғұламаның мәңгі өлмес, мәні кетпес шебер туындысы болып қала берді. 

Нұрғиса Тілендиев Қаз ҚСР Мемлекеттік сыйлығының иегері 1978, ҚСРО халық әртісі 1984, Қаз ҚСР 

жоғары кеңесінің депутаты 1985, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері 1995, «Халық қаһарманы» алтын 

жұлдызының иесі.  

Нұрғиса шығармашылығы жанрлық диапозон кеңдігімен ерекше: композитор ән жазумен қатар, хорға 

арналған  туындылар,  домбыраға  арналған  күйлер,  эстрадалық  оркестрге,  халық  аспаптары  оркестріне 

лайықталған шығармалар жазды, кино және мульфильмдерге, хроникалық-деректі ленталарға, драмалық 

спектакльдерге арнап музыка жазды. Композитордың тегерунді таланты еуропалық дәстүрдегі опера мен 

балет жанрларын да бағындыра алды. 

Н.Тілендиевтің  аса  танымал  болған  көптеген  әндері  шың  мәніндегі  халық  әндеріне  айналып  кеткен. 

«Саржайлау», «Ауылдағы жеңеше-ай», «Біздің ағай тамаша», «Жан жарым», «Жан сәулем», «Құстар әні», 

«Әжеме» т.б. әндерінің айшықты, қарапайым кайырмалары адам жадында жылдам жатталып қалатынды-

ғымен қадірлі. Композитор үшін ән - сөзі мен әні астасқан, анық айтылатын әуен. Бұл ретте, композитор 

фольклордан иеленген ырғақ пен қайырмаларды қосып, ұтымды пайдаланып қана қоймайды - олар осы 

ырғақтық табиғатынан туындап, еркін түрде құрылады. 

Атап кетерлік бір жайт, Нұрғиса әндерінің көпшілігінің тілі қазақ фольклорының әуен формулаларына 

сүйенумен  қатар,  кеңестік  эстрадалық  әндердің  ырғақтарына  негізделіп  жазылған.  Халықтық  вокалдық 

элементтер кейде марштық және вальстік ырғақтардан құралған жат ұлттық әуенмен кіріге байланысса 

да, Тілендиев әуендері бейн-сезімдік реңін жоғалтпайды. 

Нұрғиса  шығармашылығының  таңдай  қақтырар  тағы  бір  тұсы  –  қазақ  халық  аспаптары  оркестріне, 

оның  ішінде  «Отырар  сазы»  фольклорлық-этнографиялық  оркестріне  арналып  жазылған  шығармалары 

болып табылады. Осы оркестрдің орындауына арналған Тілендиевтің барлық партитуралары қайталанбас 

реңде оркестрленуімен, әуендік тілінің, тембрлік-дыбыстық қатардың ерекшелігімен әйгілі. Соңғы қасиет 

Б.Сарыбаев өмірге қайта әкелген көне халық аспаптарының оркестр құрамына еңгізілуімен түсіндіріледі. 

Бұрын қолданылмаған қазақ аспаптарының ырғағы дыбыстық палитраны едәуір байытып, оркестрдің 

мүмкіндіктерін  біршама  арттырды.  Н.Тілендиевтің  «Ата  толғауы»,  «Аңсау»,  «Аққу»,  «Махамбет», 

«Атадан  мұра»,  «Қош  керуен»  т.б.  оркестрлік  шығармалары  қазақ  музыкасының  халықтық  аспаптық 

дәстүрлерін  дамыта  отырып,  дәстүрлі  күйдің  жаңа  үлгілері  «халық  аспаптар  оркестріне  арналған 

күйлер» болып табылады. Тілендиев шығармашылығы көне дәстүрлердің жаңа қалыпқа түскен өмірімен 

тікелей байланысты деп атауға лайық. 

Композитор  тек  «төкпе»  стилінің  ғана  емес,  сонымен  қоса  «шертпе»  стилін  дамытты  –  еуропалық 

оркестрлік жазу заңдылықтары қазақы дәстүрлі күйдің екідауысты негізін бұзбастан, айырықша тембрлік 

табиғаты мен шеңберлік құрылымы бар көне жанрдың өзіндік ерекшелігі мен құндылығын аша түседі. 

Н.Тілендиевтің сан қырлы өнерінің ауқымды аумағы оның кинофильмдер мен мульфильдерге арнап 

жазған музыкасы болып табылады. Бұл тұста композитордың кемел таланты, тіпті, бір басқа – ассоциа-

циялық-көрнекті  қырынан  көрініс  табады.  «Қазақфильм»  студиясы  шығарған  бірқатар  фильмдердің 

тағдыры Нұрғиса Тілендиев атымен байланысты. Қазіргі таңда қазақ халқының бірнеше буын өкілдеріне 

сүйікті  болып,  қазақ  мультипликациясының  классикасына  айналған  «Қарлығаштың  құйрығы  неге 

айыр?», «Ақсақ құлан», балаларға арналған «Менің атым Қожа» фильмдерін музыкалық сүйемелдеуінсіз 

елестету  мүмкін  емес,  өйткені  музыка  аталған  туындылардың  ортақ  бітімнің  айырылмас  бір  бөлігіне 

айналып  кеткен.  Атақты композитордың  жарқыраған  табиғи талантыға  толы  музыкасы  кадр  мазмұнын 

тура беріп қана қоймай, толықтыра түседі, ал көп ретте фильм драматургиясында негізгі рөлге ие болады. 

Сұлтан  Ходжиковтың  атақты  киноклассика  болып  табылатын  «Қыз  Жібек»  фильмінде  көш  кезін 

суреттейтін музыкасында көңіл-күйді асқан дәлдікпен беретіні соншалық, осы шығарманы жеке орында-

луында да (кейіннен аталған фрагмент дара туындының мәртебесін алға) мерекелік думан,  көпшіліктің 

тынымсыз тынысына толы даланың суретін көз алдына әкеледі. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(38) 2014 ж. 

83 


 

«Қыз Жібек» фильмінде дәулескер домбырашыларға да қиындық тудыратын Дарабоз Аға домбырасы-

ның құдіретті қағыстарын естиміз.Бұл тұста композитордың тарлан талантының тағы бір тамаша қыры - 

кәсіби  домбырашылық  дарын  бой  көрсетеді.  Нұрағаң  қолындағы  домбыра  әуелей,  әлдилей  ән  салады. 

Домбыралық штрихтің шебер техникасын еркін меңгерген қолмен шертілген шығармада нәзік ырғақтар-

мен  обертондар  байқалып  қалады.  Ал  Ыбырайдың  «Гәкку»  әніне  жасалған  вокалды  аспаптық  сөзсіз 

импровизацияны  айтсаңызшы:  терең  философиялық  лирикаға  толы  туындыда  дүниенің  баянсыздығы-

ның, қара бұлттай қаптап келе жатқан қасіретті қайтарудың мүмкін еместігінің сөз жеткізе алмас әсерін 

әуен жеткізген! 

Нұрғиса  Тілендиев  шығармалары  қазақ  музыкасы  тарихында  қайталанбас  із  қалдырды.  Композитор 

халық  эстетикасынан  еркелей  аққан  арда  ағысты  бүгінгі  күннің  музыкасының  жаңа  арнасына  бұрды. 

Оның шығармашылығындағы дәстүрлі танымның асып төгілген ғаламат рухани күш-қуаты бізге адамгер-

шілік асуларының асқан биігін меңзейді. 

 

1

 

Любимов Л.Д. «Искусство древнего мира», - М., 1980. 

2

 

Лосов А.Ф. «Знак. Символ. Миф», - М., 1982. 

3

 

Шахнович И.И. «Первобытная мифология и философия», - М., 1975. 

4

 

Виппер Б.Р. «Искусство древней Греции», - М., 1972. 

5

 

Любимов Л.Д. «Искусства зарубежных стран, первобытное общество, Древний Восток. Античность», - 

М., 1981. 

6

 

Радциг С.И. «История древнегреческой литературы», - М., 1977. 

7

 

Ярхо Б.И. «Эсхил и проблемы древнегреческой трагедии». - М., 1977. 

 



жүктеу 1.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет