Хабаршы вестник «Көркемөнерден білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Резюме 
 
Казахская  педагогика  продолжает  традиции  восточной  педагогики, 
касающиеся исследования и почитания духовно развитого человека, при этом 
на  протяжении  веков  опыт,  накопленный  народом  в  области  воспитания, 
представлен  всему  миру,  поэтому  особе  значение  для  нас  имеет 
представление  разработок  в  области  воспитания  казахских  ученых, 
позволяющих занять достойное место в мировой педагогической науке.   
 
Резюме 
 The  Kazakh  pedagogics  continues  traditions  of  east  pedagogics,  concerning 
researches and reverence of spiritually developed person, thus during centuries the 
experience  which  has  been  saved  up  by  people  in  the  field  of  education,  is 
presented to all world, therefore to the person value for us has an idea development 
in the field of education of the Kazakh scientists, allowing to take worthy seat in a 
world pedagogical science. 
 
 

 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 1. Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш 
сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдірудің теориялық моделі // Жалпы 
және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары. - 2-бөлім. – Қарағанды. ҚарМУ 
баспасы, 2005. - Б.57-60. 
2.Омарбеков 
Е.Е. 
Ақпараттық 
телекоммуникациялық 
оқыту 
технологияларын  пайдалану  ерекшеліктері  //  Еуразия  гуманитарлық 
институтының хабаршысы. - 2005. - №4. - Б.182-189.  
      3.  Сарбасова  Қ.,  Омарбекова  А.И.  Математика  пәнінен  ашық  сабақтар.  -  
Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі.-2005. - №322, Б.18-
19  
 
 
ӘОЖ 378.14(574) 
 
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК 
МӘНІ 
 
Г. А. Кайбульдаева -  педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент. 
 
Аңдатпа.  Бастауыш  білім  беру  сатысы  оқушыларын  қазақ  халқының 
жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрі  негізінде    тәрбиелеудің  үш 
компонентті  өлшемдерін,  көрсеткіштері  мен  деңгейлерін  анықтау,  халық 
дәстүрлерін  тәрбие  құралы  ретінде  пайдалану  бүгінгі  күннің  аса  маңызды 
мәселесі.  
Түйін сөздер- бастауыш білім беруде ұлттық тәрбие. 
 
Республикамыздың  ертеңгі  қажетін  өтейтін,  елін,  жерін  сүйетін, 
отаншыл,  адамгершілігі  мол,  білімді,  парасатты,  ана  тілін,  туған  жерін 
қастерлей  білетін  азамат  өсіруде  ұстанатын  басты  құралымыз    бағзы 
заманнан бері ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлері, 
халық  ауыз  әдебиеті,  ақын-жазушыларымыздың  таңдаулы  туындылары 
болуын  міндеттейді.  Сондықтан  бастауыш  білім  беру  сатысынан  бастап 
оқушыларды  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге  баулу  бүгінгі  күннің  аса 
маңызды мәселесіне айналып отыр. 
        Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-
мұраттарының  ең  бастысы  –  өзінің  өмірін,  тәжірибесін  жалғастыратын 
салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Себебі  ұрпақ  тәрбиесі  келешегін  берік 
ететін басты фактор болып саналады. 
   Бүгінгі  күні  де  бала  тәрбиесі  айырықша  мәнге  ие.  ХХІ  ғасырдағы 
тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір 
сүріп  жатқан  жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  күрмеуі  қиын  күрделі  мәселелері 
жеткілікті.  Ғаламдану  өріс  алған  қазіргі  заманның  тәрбие  жүйесіне  ұлттық 
тәрбиені  дарыту  одан  да  өзекті  болып  отыр.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазақ 

 
 
 
халқының  ғасырлар  бойы  жинақтап,  уақыт  тезінен  өткен  тәрбие 
тәжірибесінің ауқымды бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.  
       Ғылыми  зерттеулерді  талдау  барысында  дәстүрге  әр  қырынан  анықтама 
берілгендігін  байқадық.  Мәселен,      «Қазақ  кеңес  энциклопедиясында»: 
«Дәстүр дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік 
нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдармен халықтың мінез-
құлқы  мен  іс-әрекеттерінің  рухани  негізі»  делінсе,  философиялық  сөздікте: 
«дәстүр  (traditio–  жапсыру,  жалғастыру)  –  тарих  барысында  қалыптасып, 
ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отыратын  әдет-ғұрыптар,  салт-сана,  қоғамдық 
тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта 
немесе  жекелеген  әлеуметтік  топтарда  ұзақ  уақыт  бойы  сақталатын 
әлеуметтік-мәдени мұра элементтері» – деп тұжырымдалады [1]. 
Ал  «Педагогика  және  психология»  қазақ  тілі  терминдерінің  салалық 
ғылыми  түсіндірме  сөздігінде:  “Дәстүр  –  тарихи  тұрғыда  қалыптасқан  және 
ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыратын  қарекет  пен  мінез-құлық  нысандары, 
сондай-ақ  оларға  ілеспе  астасқан  ғұрыптар,  қағидалар,  құндылықтар, 
түсініктер жатады. Дәстүрлер өзінің қоғамдық маңыздылығын және тұлғалық 
пайдалылығын  талай  рет  дәлелдеген  қарекет  нысандарының  негізінде 
қалыптасады.  Белгілі  бір  қауымның  дамуының  әлеуметтік  жағдаяты 
өзгеруіне  орай  дәстүрлер  ыдырауы,  басқадай  болып  өзгеруі  не  алмасуы 
мүмкін.  Дәстүр  адамдардың  өмірлік  қарекетін  реттеудің  маңызды  факторы 
болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады”,– делінген. 
 Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» 
атты  еңбегінде:  «Дәстүрге  әдет-ғұрыптың  өткен  қоғамнан  қалған  озық 
түрлері  мен  тұрмыстық  формалары,  ырым-жоралары,  рәсімдер  жиынтығы 
кіреді, қоғамда және белгілі бір ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр  өзінің 
өмір  сүру  заңдылығына  толық  ие  болғаннан  кейін  сол  ұжымдық  ортада, 
қоғамда  жалғасын  табады  да,  тұрақты  орын  алады.  Сондай-ақ,  дәстүр  
көпшілік  қауымға  ортақ  мәдениетті  түрде  қолданыс  табатын  әдет-ғұрыптың 
жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды», – деген ойды білдіреді.. 
Ғалым Р.К.Төлеубекова: «Халықтық педагогика мұрасының бірі – дәстүр. 
Дәстүр  –  адамдардың  рухани  тұлғасынан  бөлінбейтін  құбылыс.  Дәстүр  
қоғамдық  сананың  барлық  формаларынан  орын  алады.  (Олар:  саясатта, 
қоғамдық  өмірдегі  дәстүрде,  халықтар  арасындағы  ынтымақтастықта, 
теңдікте,  бостандықта,  өзара  көмек  дәстүрінде,  қарым-қатынас  дәстүрінде, 
ғылыми  дәстүрде,  оқу-білім  ғылымындағы  дәстүрде,  отбасы-жанұялық 
дәстүрінде,  еңбек  дәстүрінде)»,–  десе,  Ә.Садуақасов  өзінің  зерттеу 
жұмысында  халық  дәстүрлерін  тұрмыстық  дәстүрлер,  кәсіптік  дәстүрлер, 
мерекелік  дәстүрлер,  бала  қуанышы  дәстүрлері,  құдандалық  дәстүрлер, 
жерлеу  дәстүрлері,  әскери-ұландық  дәстүрлері,  мәдени  дәстүрлер,  діни 
дәстүрлер, жаңа дәстүрлер деп жіктеген [2].  
Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұнында халық мұрасын зерттеу, 
ұлттық  өзіндік  ерекшелікті  сақтау,  ұмыт  бола  бастаған  дәстүрлерді,  тарихи 
әділдікті,  мәдениетті,  тіл  мен  дінді  қалпына  келтіріп,  олардағы 
педагогикалық жағынан барлық прогресшіл нәрсені анықтау және солардың 

 
 
 
негізінде  ғылыми  мазмұндағы  ұсыныстарды  талдап,  ендіру  жүзеге 
асырылған. 
Жоғарыда  аталған  ғалымдардың    дәстүрлерге  берген  анықтамаларын 
мақұлдай  отырып,  біз  солардың  қатарына  халық  дәстүрлерінің  бастаулары 
ретінде  жеті  ата  шежіресі  және  қазақ  дастарқаны  дәстүрлерін  енгіземіз. 
Өйткені  ұлттық  тәрбие  қағидасы  бойынша  әрбір  ұрпақ  ең  кемінде  жеті 
атасына  дейінгі  ата  тегін  білуі  міндетті.  Егер  жеті  атасына    дейін  ата  тегін, 
тарихын  білмейтін  ұрпақ  болса,  оны  «Жеті  атасын  білмейтін  жетесіз»  деп 
халық кінәлайды, айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы 
ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол 
игі  дәстүрді  бұзған  ұрпаққа  айып  тартқызады.  «Ат  тұяғын  тай  басар»  деп, 
кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата 
дәстүріне  айналып,  санаға  сіңіп,  салтқа  тірек  болады.  Сол  себепті  де 
шәкірттерге бастауыш білім беру сатысынан бастап-ақ жеті ата шежіресі мен 
дастарқан  дәстүлерінен  білім  мен  тәрбие  берудің  мәні  зор.  Олар  әсіресе, 
«Қазақ  тілі»,  «Ана  тілі»  пәндерін  оқу  барысында  туыстық  атаулармен 
танысып, солардың мағынасын түсінеді. Оқушылардың сол түсініктерін тірек 
ете отырып, жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін танытудың толық 
мүмкіндігі бар деп түйіндейміз [3].  
Сонымен,  біз  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан 
дәстүрлерінің 
жас 
ұрпақты 
тәрбиелеудегі 
атқаратын 
тәрбиелік 
мүмкіндіктерінің мол екендігіне көз жеткіземіз. Алайда әр халықтың ұлттық 
тарихи дәстүрі оның азаматтық білім  берудегі мәдениеті мен диалектикалық 
білімі    мектептің  оқу-тәрбие  үдерісіне  тікелей  байланысты.  Сондықтан  біз 
зерттеуімізде ғылыми-теориялық негіздерге сүйене отырып, қазақ халқының 
жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  бастауыш  білім  беру 
сатысы  оқушыларын  тәрбиелеу  моделін  жасап,  онда  өз  тұғырнамалық 
идеямызды ұсындық.  
Бастауыш  мектептің  маңызы  мен  қызметі  оның  үздіксіз  білім  беру 
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, 
оқушы  тұлғасының    қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  жүретін    ерекше  буын 
екендігімен  анықталады.  Сондықтан  зерттеу  проблемамызға  байланысты 
мәселелердің  бүгінгі  күндегі  көрінісін  анықтау  мақсатында  бастауыш 
мектептің  білім  мазмұнына  қатысты    мемлекеттік  құжаттарға  (стандарт, 
тұжырымдама,  бағдарлама,  оқулық)  жасаған  талдау  және  мектеп 
мұғалімдерімен  жүргізілген  әңгімелесулер,  сабаққа,  сабақтан  тыс 
ұйымдастырылып  жүрген    іс-шаралар      қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі 
мен  дастарқан  дәстүрлерінің  тәрбие  құралы  ретінде  пайдаланылмайтынын 
көрсетеді.  
Бүгінгі  таңдағы  бастауыш  сыныптарда  ұлттық  тәрбие  беру  үдерісіне 
жасалған  талдау  бізге  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан 
дәстүрлері  арқылы  оқушыларды  тәрбиелеудің  теориялық  моделін  жасаудың 
қажеттілігін  айқын  көрсетті.  Мұнда  біз  Б.А.  Глинскийдін,  Б.С.Грязновтын, 
Е.Д.Дыдинаның  модельдеу  әдісіне  берген  түсініктемелерін    басшылыққа 
алып,  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастархан  дәстүрлері  арқылы 

 
 
 
бастауыш  білім  беру  сатысы  оқушыларын  тәрбиелеудің  моделін  жасауда 
пайдаландық.  
Қорыта  келе  моделімізді  құру  үшін  төмендегідей  қоғамдық  талаптар 
ескерілді: 
1.  Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып  жатқан  саяси-экономикалық, 
мәдени-әлеуметтік 
және 
т.б. 
өзгерістердің, 
ұрпақ 
тәрбиесіндегі 
бетбұрыстардың  білім  және  тәрбие  беру  жүйесінің  ісін  жаңа  сатыға  көтеру 
қажеттілігіне көңіл бөлу
2.  Қазіргі  мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінде  қазақ  халқының  жеті  ата 
шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлерін  тәрбие  құралы  ретінде  пайдалану 
арқылы  оқушыны  дара  тұлға  ретінде  тәрбиелеп,  олардың  бірегей 
дүниетанымын,  адамгершілік  көзқарасын  қалыптастыруды  жүзеге  асыру, 
халқының  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін  білуге  үйрету,  ұлттық  мақтаныш 
сезімін ояту қажеттілігі; 
3.  Өркениетті  қоғамға  сай  білімді,  іскер,  шығармашыл,  өз  еркімен 
жауапты  шешім  қабылдай  алатын,  оның  салдарларын  болжай  білетін, 
ынтымақтастыққа  икемді,  жан-жақты  белсенді,  елінің  тағдырына,  салт-
дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына үлкен жауапкершілікпен қарайтын дара тұлғаны 
тәрбиелеу. 
Сондықтан біз бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының 
жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрі  негізінде  тәрбиелеуде  жоғарыда 
аталған  қоғам  талаптарын  ескере  отырып,  тәрбиелеудің  үш  компонентін 
бөліп алдық: эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік. Сонымен 
қатар  осы  компоненттердің  өлшемдерін,  көрсеткіштері  мен  деңгейлерін 
анықтадық:  
Көрсетілген  өлшемдер,  көрсеткіштер  мен  деңгейлер  бастауыш  сынып 
оқушыларының қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері 
арқылы  тәрбиелілігін  қалыптастырудың  нәтижесін  анықтауға  мүмкіндік 
берді.    Зерттеу  жұмысымыздың  мақсатына  сәйкес  осы  көрсеткіштер  мен 
өлшемдер негізінде педагогикалық шарттар анықталды.  
Мотивациялық-мақсаттылық шарттар – мұғалім әрекеттерінің алғашқы 
тәрбиеге әсер ететін жағдайлары, жағдаяттары және өзара қатынас жолдарын 
алдын-ала  білуі  мен  оқушылар  бойында  қалыптасатын  сапаны  дұрыс 
таңдауы  және  нәтижесін  көрсетуінде.  Сонымен  қатар  бастауыш  сынып 
оқушыларының  бойында  тәрбиелік  қасиеттерді  (рухани-адамгершілік, 
толеранттылық, борыштылық, ұлттық сана және т.б.) қалыптастыруға жағдай 
туғызуында.  Қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері 
арқылы  тәрбие  беру  мақсатына  жету  үшін  тәрбие  үдерісінің  оқушы 
тұлғасына бағытталуы, бастауыш мектеп ерекшелігіне сәйкестендірілуі және 
мақсаттың айқындылығы мен нақтылығын, дәлдігін ұстану қажет. Кез-келген 
оқушы  тәрбиені  оған  қатысты  сәйкес  мотивациясы  болса  ғана  қабылдайды 
яғни,  тәрбиенің негізі – оған қажет мотивацияны қалыптастыру. 
    Оқушыларды қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері 
арқылы  тәрбиелеудің  интеллектуалды-эмоциялық  шарты  –  мұғалімнің 
оқушылардың  ұлттық  негізде  қалыптасқан  өзара  қатынасын  бірлесіп 

 
 
 
орындалатын  іс-әрекет  нормаларына  сай,  олардың  мінез-құлықтарындағы 
кемшіліктерді  жоюға  бағыттауы.  Бұл  оқушылар  өздерінің    құрбы-
құрдастарымен қарым-қатынасында бірін-бірі қорғау, бірінің-бірі көңіл-күйін 
түсіне 
білу, 
әрбір 
іс-әрекетіне 
шыдамдылық 
көрсету, 
өзара 
ынтымақтастықпен 
келісімге 
келу 
ерекшеліктерімен 
сипатталады. 
Интеллектуалдық  құрамына  салт-дәстүрлердегі  әрекет  тәсілдерін  меңгеру, 
толықтыру,  дәлелдеу,  деректік  ақпараттардан  ережелер  шығару,  бірігіп 
жұмыс істеуге дағдылану жатады.   
Оқушыларды қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері 
арқылы  тәрбиелеудің  тұлғалық  шарты  –  тәрбиенің  оқушы  тұлғасына 
(қолдау, қорғау, сенім көрсету, құрметтеу) бағыттылығы мен жас ерекшелігін 
ескеріп,  оның  дамуы  мен  әлеуметтік  қалыптасуына  жағдай  туғызуға 
бағытталған  педагогикалық  әрекеттің  басшылыққа  алынуы.  Бұл  жағдайда 
оқушылардың 
тәрбиелілігі 
педагогикалық 
көмек 
өлшемімен, 
қамқорлылығымен, көңіл бөлуімен, оның дамуына оңтайлы жағдай туғызуды 
қамтамасыз  ету  үшін  жасалатын  жағдаймен  ерекшеленеді.  Тәрбиенің 
нәтижелі  болуында  әр  оқушыны  қайталанбас  тұлға  ретінде  қабылдап,  оның 
ұлттық өзгеше қасиеттерін дамытудың мәні зор.   
Оқушыларды қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері 
арқылы тәрбиелеудің танымдық-шығармашылық шарты – оқушы өміріндегі 
ерік-жігерінің,  өзін-өзі  бақылау  дағдысының  болуында.  Ол  оның 
белсенділігінде,  сөз  бен  іс  бірлігінде,  өмірдің  қиын  тұстарында  өз 
тұжырымына  адал  қалуында  көрініс  табады.  Мұнда  қазақ  халқының  салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы материалдарды қолдануға мүмкіндік туындайды. 
Оларды  пікірталас  жүргізе  білуге,  дәлелдеуге,  көзқарастарын  баяндауға 
төселдіруге болады [4]. 
Резюме 
 
Определение  трехкомпонентных  измерений,  показателей  и  уровней 
воспитания  учащихся  начальных  классов  на  основе  родословной  семи 
предков  и  традиций  гостеприимства  казахского  народа,  использование 
народных традиций как средство воспитание является одним из актуальных 
вопросов современности. 
Summary 
Educational value of national traditions in an elementary education 
 Definition  of  three-componental  measurements,  parameters  and  levels  of 
education of pupils of initial classes on the basis of a family tree of seven ancestors 
and traditions of hospitality of Kazakh people, use of national traditions as means 
education is one of pressing questions of the present. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
      1  Қазақ  дастарқаны  –  тәрбие  құралы  //  Вестник  АГУ  им.Абая.Серия 
педагогические науки. –Алматы.- 2002. -№3. –Б. 47-49. 
2 Дәстүр – ұлттық тәрбиенің өзегі // Вестник АГУ им.Абая.Серия 
педагогические науки. –Алматы. - 2004.-№2  -15-18-б. 

 
 
 
     3  Болашақ  мұғалімдерді  даярлауда  әдеп  мәселелерінің  алатын  орны  //  
Вестник КазНПУ им.Абая. Серия педагогические науки.- Алматы. - 2006.-№1  
–Б 28-29. 
     4  Адами мінез-құлықтық сапаларды қалыптастыруда құранның тәрбиелік 
рөлі.  12-жылдық  білім  беруге  көшу  жағдайында  болашақ  мұғалімдерді 
дайындау мәселелері. Халықаралық конфер.материалдары.  –Алматы. - 2006. 
–Б. 58-61. 
 
 
 
УДК   75/76  
 
МОМДОН ЖАСАЛГАН ФИГУРАЛАР ЖАНА 
«МАНАС» ААЛАМЫНА МЕЙКИНДИКТҮҮ ОЙ ЖҮГҮРТҮҮ 
 
Б. К. Сыдыков -И. Арабаев атындагы КМУнун Көркөммаданият жана 
билим берүү факультети,  ИЗО жана дизайнкафедрасынын доценти 
 
Аннотация.  Статьяда  момдон  жасалган  эстеликтердин  белгилүү  музейлери  
бул- Тюссо айымдын музейи Англияда жана экинчиси  Питер шаарында, бул 
музей  бир  нече  жылдардан  бери  КМШ  мамлекеттеринин  чегинде 
көргөзмөлөрдү уюштуруп келет.  Бул  көргөзмөнү  эӊ  узун  моюн  жана 
манжалар,эӊ чоӊ кулак жана бут, эгиз чоӊ адамдар жана эгиз – лиллипуттар, 
циклоп  адам,  жана  ошону  менен  бирге  бул  коллекцияны  төрт  буттуу  аял, 
штопор  –  адам,  бир  тууган  карышкырлар,  жираф  кыз  толуктап  турат.Дагы 
бир  өзгөчөлүк  бул  жердеги  персонаждар  тарыхта  жашап  өткөн  чыныгы  
адамдар, 
алар 
өзгөчөлөнүп 
турганы 
менен 
ушул 
эстеликтерге 
айланышкан.Ал эми азыркы күндүн дүйнөлүк жылдыздары да мына ушундай 
эстеликтерге айланышкан, алар менен сүрөткө түшсөӊ чыныгы өзү жаныӊда 
тургандай элес калтырат. 
Түйүндүү сөздөр: персонаждар, көркөм сурөт,  тарбиялоо. 
 
 
Маң, маң, маң  баскан  
                                                                                               Чуудалары чаң баскан 
Төөлөрдү тарттым сүрөткө 
                                                                                              «Манас» эпосунан 

 
 
 
 
             Көркөм сурөт искусствосу аркылуу жогорку билимдүү мугалимдерди 
тарбиялоого  өзгөчө  методдор  окутуу,  тагыраак  айтканда  жогорку 
педагогикалык  окуу  жайларынын  студентерин  скульптура  сабагында 
мейкиндикте  ой  жүгүртүүсүн  өнүктүрү  педагогикалык  процесстеги  абдан 
актуалдуу иштердин бири. Азыркы мезгилде көркөм сүрөт өнөрүнүн билим 
системасындагы  жаңылануу  Кыргызстанда  профессионалдык  художник-
педагогдору  даярдоо  процессинде  көптөгөй  маселелердин  жаратууда. 
Мурдагы 
системадагы 
башкы 
максат-мектептин 
мугалимдерин, 
окутуучуларды,  адистери  гана  даярдоо-менен  чектелбестен,  өнүккөн 
чыгармачыл  педагог  инсанды  калыптандуруу,  студенттерди  руханий 
интелектуалдык  жактан    өңүктүрүү  бүгүнкү  доордун  эң  башкы 
талаптарынын бири. 
 Бул  маселени  чечүүдө,  аны  педагогикалык  илимдин  теориялык 
тармагы 
катары 
негиздөөдө 
болочок 
художник 
педагогдорду 
профессионалдык  жактан  адис  катары  даярдоо  жана  тарбиялоо  дагы  зор 
мааниге ээ. Бул макалада болочок художник педагогдорду профессионалдык 
жактан адис катары даярдоо жана тарбиялоо процессинде жогорку денгелде 
мейкиндиктүү  ой  жүгүртүүңү  калыптандыруу  өнүккөн  чыгармачыл  педагог  
инсанды  калыптандыруунун,  студенттерди  руханий  интелектуалдык  жактан 
өнүктүрүүнүн  бир  өбөлгөсү  катары  каралат.    Биздин  бул  изилдөөбүз 
педагогикалык  ЖОЖ  студентеринин  скульптура  сабагында  мейкиндикте  ой 
жүгүртүүсүн  өнүктүрүү  маселесине,  анын  ичинде  момдон  (материал) 
фигуралар  жасоо,  манасчылардын  фигура-кейиптерин  жасоо  аркылуу 
руханий чыгармачылыкка багыттоого арналды. 
          Көркөм  чыгарма  каражаттарын  жыйындысыискусство  бул  түрү 
байыркы  заманда  эле  пайда  болгон.  Бакшылар  момдон  жаныбарлардын, 
канаттуулардын,  адамдардын  келбетин  жасап  аркыл  диний    ырым  –
жырымдарда пайдаланып келген.Кийинчерээк май боёктун көркөм чеберлери 
боёк  жасоо  үчүн  момду  пайдаланышкан.  Азыркы  заманда  бул  техниканын 
аталышы  –энкаустика  деп  аталат.  Гректер  менен  римдиктер    энкаустика 
техникасын  дубалга  тартылган  сүрөттөрдө,  айкелдерде  пайдаланган.  Тюссо 
айым  момдон  жасалган  адамдардын  түркүн  келбетин  жаратып  бир  нече 
шаарларга  чыккандан  кийин,искусствонун  бул  түрү  даназалу  болгондугу 

 
 
 
жалпыга маалым болгон.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Момдон  жасалган  эстеликтердин  белгилүү  музейлери    бул-  Тюссо 
айымдын музейи Англияда жана экинчиси  Питер шаарында, бул музей бир 
нече  жылдардан  бери  КМШ  мамлекеттеринин  чегинде  көргөзмөлөрдү 
уюштуруп келет. Бул көргөзмөнү эӊ узун моюн жана манжалар,эӊ чоӊ кулак 
жана  бут,  эгиз  чоӊ  адамдар  жана  эгиз  –  лиллипуттар,  циклоп  адам,  жана 
ошону  менен  бирге  бул  коллекцияны  төрт  буттуу  аял,  штопор  –  адам  ,  бир 
тууган  карышкырлар,  жираф  кыз  толуктап  турат.Дагы  бир  өзгөчөлүк  бул 
жердеги  персонаждар  тарыхта  жашап  өткөн  чыныгы    адамдар,  алар 
өзгөчөлөнүп  турганы  менен  ушул  эстеликтерге  айланышкан.Ал  эми  азыркы 
күндүн  дүйнөлүк  жылдыздары  да  мына  ушундай  эстеликтерге  айланышкан, 
алар менен сүрөткө түшсөӊ чыныгы өзү жаныӊда тургандай элес калтырат. 
 
Момдон    замандын  жетишкендиктеринен  калышпай  жаӊы  чыккан 
мультфильмдердин да персонаждары  жасалган.Мисалы, «Шрек». 
 
Момдон    адамдын  келбетин  жасоо  процесси  авторлордун  
эмгектеринде  ар  түрдү  болгону  менен  жалпысынан  бирдей  окшош  болот. 
Айкелчи  алдын  ала  сүрөткө  түшчү  адамдын  сөлөкөттүн,  фото  сүрөттөр, 
тарыхий  маалыматтан  топтоп    эскизин  жасайт.  Андан  кийин  адамдын 
сөлөкөтүнүн чыныгы бою, өлчөмү алынап такталат, жана кошумча ченемдер 
алынып.  Болгон  соң  гипс  калыбы  (формасына)  ,  адамдын  башы,  колдору 
момдон куюлуп жасалат. 
Андан кийин чачын,көкүлүн ошол замандын маданиятына, модасына туура 
келгендей  жасап  чыгат.  Адамдын  башында  50000тал  чач  болот,  анан 
ошолордун баары кылдаттык менен чапталат. Бул убакыта адамдын чачынын 
өңү, түсү ошол моделдеги адамдын башындагы чачына  окшош болуш керек. 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет