Хабаршы вестник «Көркемөнерден білім беру»


Дене шынықтыру емес университет студенттерінің дене сапаларын



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дене шынықтыру емес университет студенттерінің дене сапаларын 
самбо күресі бойынша тәрбиелеу жүйесі. 
 
Е.К. Утегенов - педагогика ғылымдарының кандидаты,  
 
Ә.М. Байғалиев,  Е.М. Сепбосынов – дене мәдениеті және спорт 
мамандығының магистранттары  
 
Аңдатпа.  Жоғарғы  мектеп  реформасы  жоғарғы  оқу  орнының  дене 
шынықтыру  мұғалімдерінен,  спорт  түрлері  бойынша  жаттықтырушылардан 
дене  шынықтыру  жөніндегі  лекцияларда  және  практикалық  сабақтарда  пән 
бойынша  теорияны  және  практиканы  беру  әдістемесін  одан  әрі  жетілдіруді 
талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт 
бойынша  білімін  тереңдете  түсу,  денсаулықтарын  нығайту.  Сабақ  беру, 
оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты 
өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа 
қабілеттерін  жетілдіретін,  олардың  болашақ  мамандықтарын  игерулеріне 
ықпал  ететін  сабақтарға  қызыға-ынтыға  қатысуларына  бағытталған  болуға 
тиіс. 
Түйін сөз: спорт, салауаттылық, тәрбие, маман, гуманизм. 
 
Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген 
қызығушылығы  арқылы  олардың  дене  қасиеттерін  тәрбиелеу    міндеттерін 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда 
медицина  университеті  студенттерінің  дене  қасиеттерін  даярлаудың 
бастапқы  кезеңінде  самбоның  техникасы  мен  тактикасын  зерттеудің  зор 
маңызы  бар.  Біз  спорттың  самбо  секілді  түрінің  негізінде,  жоғарғы  дене 

 
 
 
шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің 
ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік. 
Болашақ 
маманды 
тәжірибелі 
педагог-жаттықтырушының 
басшылығымен  үнемі  жүргізілетін  сабақтарға  тарту  оқу  күні  ішіндегі 
жоғарғы 
жұмысқа 
қабілеттілікті 
ұстап 
тұруға, 
аурулардың 
профилактикасына, дене қасиеттерін даярлау бойынша білімдерді, ептіліктер 
мен  дағдыларды  алуына  ықпал  етеді.  Дұрыс  негізі  қаланған  бастапқы  дене 
қасиеттерін 
даярлау 
оның 
кәсіптік-қолданбалы 
дене 
қасиеттерін 
даярлауының одан арғы жетілдірілуіне қызмет етеді. 
Самбо  біздің  елімізде  салыстырмалы  түрде,  әсіресе  жастар  арасында 
сүйіспеншілікке  ие  болып  алды.  Бұл  тек  спорт  түрі  ғана  емес,  бұл 
дүниетаным,  мақсатқа  ұмтылғыштық,  бұл  салауатты  өмір  салты.  Самбо 
адамға  жақсылық  пен  ар-намыстың  қажетті  рухани  қасиеттерін  дарытады, 
адамдарға  әділ  қарауға  үйретеді,  жылдар  бойы  созылатын  ұжымдық 
бауырлықты тәрбиелейді. 
Бастапқыда  самбо  біздің  елімізде  өз  дамуын  жоғарғы  мектепте  алды. 
Ол  қазіргі  күні  де  жоғарғы  оқу  орындарында  ең  көбірек  дамыған,  қол 
жетерлігімен  ерекшеленеді  және  салыстырмалы  түрде  арзан  спорт  түрі  деп 
есептеледі, ал мұның қазіргі жағдайларда маңызы зор. Солай бола тұрса да, 
біз  қазіргі  таңда  самбоны  студенттердің  жалпы  дене  қасиеттерін  қажетті 
деңгейде  даярлау  үшін  ерекше  қызықты,  қол  жетерлік,  білім  беретін  және 
мазмұнды-мәнді  пән  ету  үшін,  жоғарғы  мектепте  студенттердің  дене 
қасиеттерін  тәрбиелеу  жөніндегі  сабақтарда  самбоны  меңгеру  әдістемесіне, 
зерттеуге жаңа импульс, жаңа көзқарас қажет деп санаймыз. 
Студенттер,  әдетте  кешегі  мектеп  оқушылары,  университетке  дене 
қасиеттері  тұрғысынан  әлсіз  болып  келеді,  олардың  дене  шынықтырумен 
шұғылдану  сабақтарына  деген  қызығушылықтары  төмен.  Дәл  сол  кезде 
болашақ  дәрігерлер  салауатты  өмір  салтының  ережелерін  өмірде  жүзеге 
асыруға,  халыққа  дене  шынықтыру  және  спортпен  айналысу  сабақтарына 
деген сүйіспеншілік пен қажеттілікті дарытуға, аурулардың профилактикасы 
үшін және аурудан кейінгі реабилитация үшін дене қасиеттерін тәрбиелеудің 
қандай  да  бір  тәсілдері  мен  әдістерін  ұсынып  отыруға  тиіс.  Алайда  егер 
олардың өздері де өз дене қасиеттерін жетілдірумен аз шұғылданса, ал кейде 
спортқа  теріс  қарайтын  болса,  олардың  пациенттерін  сауықтыру  мен  дене 
қасиеттерін дамытуда оңды нәтижелер күту қиынға соғады. Міне, сондықтан 
біз  ұсынылып  отырған,  оқытудың  бастапқы  кезеңінде  самбоны  үйретуге 
деген жаңа амалдар, тәсілдер студенттерде осы пәнге деген қызығушылықты 
арттырады, студенттердің санасында оған деген қажеттілікті бекітеді, мұның 
өзі олардың дене қасиеттерінің дамуына ықпалын тигізеді деп есептейміз. 
Осылайша,  біз  университеттегі  спорттың  дәстүрлі  де  танымал  түрі  – 
самбомен  шұғылдану  сабақтары  арқылы  студенттердің  денсаулығын 
арттыру,  нығайту  мәселесін  шештік.  Біз  арнайы  жасап  шығарылған 
бағдарлама бойынша сабақтар жүргізу арқылы дене шынықтыру мен спортқа 
деген  қызығушылықты  арттырдық;  спорттың  танымал  және  қол  жетерлік 

 
 
 
түрі 
арқылы 
болашақ 
дәрігерлердің 
кәсіптік-қолданбалы                                                              
даярлықтарын жетілдірдік. 
Жұмыстың  негізгі  мақсаты  –  жоғарғы  оқу  орны  студенттерінің  дене 
қасиеттерін  тәрбиелеу  барысында  самбо  күресі  бойынша  бастапқы 
даярлықтың әдістемесін жасап шығару. 
Жұмыс гипотезасы дене шынықтыру бойынша оқу процесін самбо бойынша 
оқу  процесін  интенсификациялау  негізінде  эксперименттік  жұмыс 
бағдарламасы 
бойынша 
ұйымдастыру 
медицина 
университетінің 
студенттерінің 
болашақ 
кәсіптерінде 
қажетті 
және 
олардың 
денсаулықтарының  нығаюына  ықпал  ететін  қимыл-қозғалыс  дағдыларын 
алуының  арқасында  дене  шынықтыру  мен  спорт  сабақтарына  деген 
қызығушылығының артуына ықпал ететіндігінен тұрады. 
Ғылыми жаңашылдығы: Дене шынықтыру емес жоғарғы оқу орнында самбо 
күресі бойынша бастапқы даярлықтың әдістемесі бойынша зерттеулер алғаш 
рет  жүргізілді.  Сабақ  беру  әдістемесінің  негізінде  болашақ  мамандықтарын 
және  өмірдің  қазіргі  талаптарын  (қажетті  өзін  өзі  қорғауды,  әлсіздерді 
қорғауды,  құқық  қорғау  органдарына  көмек  көрсетуді  және  т.с.)  ескере 
отырып,  студенттерде  сабаққа  деген  қызығушылықты  арттыруға  ықпал 
ететін бағдарламалар жатыр. 
Тәжірибелік  құндылығы.  Алынған  мәліметтер  базалық,  бастапқы  даярлық 
саласындағы білімдер көлемінің артқандығын, жастарда танымал спорт түрі 
–  самбо  арқылы  дене  қасиеттерін  тәрбиелеуге  деген  қызығушылықтың 
артқандығын,  оқу  орнының  ерекшелігін  ескере  отырып,  сабақ  бойынша 
жұмыс  бағдарламаларын  құрастыру  үшін  жаңа  әдістемелік  ұсыныстарды 
жасап  шығаруға  алып  келгендігін  куәландырып  отыр.  Бұл  дене  қасиеттерін 
тәрбиелеу  жөніндегі  оқу  процесінің  тиімділігін  арттыруға,  студенттердің 
дене шынықтырумен шұғылдануға, түсінігін нығайтуға мүмкіндік берді. 
Негізгі ережелер: 
1.  Дене  шынықтыру  емес  (медициналық)  жоғарғы  оқу  орындарының 
күндізгі бөлімінің студенттерін самбо күресі бойынша бастапқы даярлаудың 
жасап  шығарылған  және  практикада  тексерілген  бағдарламасы  өзінің 
мазмұны  бойынша  жастардың  дене  қасиеттерін  тәрбиелеуді  қамтамасыз 
етеді. 
2.  Болашақ  кәсіпті  ескере  отырып,  дене  шынықтыру  емес 
(медициналық)  жоғарғы  оқу  орындарында  арнайы  бағдарлама  бойынша 
самбодан  сабақ  берудің  әдістемесі  мен  ұйымдастырылуы  қол  жетерліктей, 
оңай  жүзеге  асырылады  және  студенттердің  дене  қасиеттерін  даярлауды 
арттырады. 
3.  Самбо  бойынша  бастапқы  даярлықтың  ұсынылып  отырған 
бағдарламасы  бойынша  білімдер  мен  дағдылардың  көлемі  студенттердің 
техникалық-тактикалық 
іс-әрекеттерінің 
практикалық 
көрсеткіштерін 

 
 
 
оқытудың  бастапқы  кезеңіндегі  жарыс  қызметі  жағдайларында  қолдануы 
үшін жеткілікті. 
Бақылау  және  эксперименттік  топтардың  студенттерінің  тек  50,2% 
таңертеңгілік  дене  шынықтырумен  айналысады,  26,2%  жүгіреді,  футболды 
49,41%  ойнайды,  ойындарға  56,8%  көңіл  бөледі,  ал  спорттың  қалған 
түрлеріне 28,4% ғана көңіл бөледі екен, мұның өзі бірінші курс студенттері – 
болашақ  дәрігерлер  дене  шынықтыру  мен  жалпы  спортқа  бөліп  отырған 
назардың айтарлықтай төмен деңгейін айғақтап тұр (1 cур.). 
 
1 сурет. Дене шынықтыру мен спорттың 1 курс студентінің күнделікті 
өміріндегі орны. 
Жалпы  алғанда  медициналық  жоғарғы  оқу  орны  студенттерінде 
самбомен  айналысуға  деген  қызығушылықтың  артқанын  көріп  отырмыз. 
Эксперименттік  топта  сабақтарға  деген  қызығушылық  4,99%-ға  артты. 
Қызығушылық мотивацияларының артуы былайша бөлінді: дене қасиеттерін 
дамыту  үшін  7,87%-ға,  достарын,  қызды  қорғау  үшін  5,64%-ға,  өзін  өзі 
көрсету үшін 4,61%-ға. Самбомен өзін өзі қорғау үшін шұғылдану 3,19%-ға, 
басқа  мотивтер  0,72%-ға  төмендеп  кетті.  Көрініп  тұрғанындай,  самбомен 
айналысуға  деген  қызығушылық  бір  жыл  айналысқаннан  кейін  айқынырақ 
бола бастады (2 сурет). 
 

 
 
 
2 сурет. Бір жылдан кейін самбомен айналысу себептерін салыстыру. 
Қорытынды: 
1.
 
Студенттердің бірінші курстан бастап медицина университетінде 
оқу  барысында  дене  шынықтырумен  және  спортпен  шұғылдануға  деген 
қызығушылығының  артуы  болашақ  дәрігерлерде  нақтылы  дағдылар  мен 
ептіліктердің  қалыптасуына,  дене  шынықтыру  бойынша  білімдерінің 
тереңдеуіне  ықпал  етеді,  мұның  студенттердің  халықтағы  аурулардың 
профилактикасы бойынша, дені сау, дене қасиеттері мықты, шыныққан адам 
тәрбиелеу  жөніндегі  практикалық  жұмыстары  үшін  зор  маңызы  бар. 
Сондықтан  оқытудың  басында  біз,  өзіміз  жасап  шығарған  бағдарламаны 
түзету  үшін  және  студенттердің  дене  қасиеттерін  дамыту  мен  тәрбиелеу 
жөніндегі  жұмыстарды  одан  әрі  перспективалы  жоспарлау  үшін, 
студенттердегі  дене  шынықтырумен  айналысу  сабақтарына  деген 
мотивацияларын зерттеп, талдадық.  
2.
 
Дәрігер  кәсібі  дене  шынықтырумен,  дене  қасиеттерінің 
мәдениетімен тығыз байланысты. Осы мәдениет неғұрлым жоғарырақ болса, 
дәрігерде  дене  шынықтыру  бойынша  алған  білімдерін,  дағдылары  мен 
ептіліктерін  халықты  сауықтыру  үшін  және  өзінің  кәсіптік  ұзақ  өмірін 
ұлғайту үшін пайдалану мүмкіндігі соғұрлым көбірек болады. 
 
1.
 
 Матущак  П.Ф.,  Мухиддинов  Е.М.  Қазақша  күрес.  –  Алматы:  Рауан, 
1995ж. 
2.
 
 Аяшев А.О. Болашақ мұғалімнің тәрбие жұмысына кәсіби даярлығын дене 
тәрбиесінің құралдары арқылы қалыптастыру. п.ғ.к.  дисс.автореф. – М., 
1993ж.  
3.
 
 Қаражанов Б.Қ. Адамның моторлық адаптациясы. п.ғ.к.  дисс.автореф. – 
М., 1992ж.  
4.
 
Медицина  и  здоровье.  /  Энциклопедический  справочник  //  Под  общей 
редакцией Белова В.И. –М, 2004г. 
5.
 
 Акопян  А,О.  Технические  средства  и  методы  управления  тренировочным 
процессом. М., Ф и С, 1976. 98 с. 
6.
 
 Артемов  А.Б., Белкин    А. А.  Исследование потребностно-мотивационной 
сферы  студентов  в  связи  с  совершенствованием  учебного  процесса  по 
физическому  воспитанию  с  учетом  профессиональной  направленности 
//Физическая  культура  личности  студента.  Сб.  статей  М.;  МГУ,  1993  -
с.33. 
7.
 
 Астахов  AM.,  Исаев  А.П.  Возрастная  преемственность  в  многолетней 
подготовке самбистов //Спортивная борьба: Ежегодник. - М, 1982.-С. 29 
Резюме 

 
 
 
В  статье  рассмотрены  основы  воспитания  физических  качеств 
студентов не физкультурного вуза и обучения технике и тактике в начальном 
этапе занятий борбой самбо.  
Summary 
The  article  covers  the  basics  of  education  physical  properties  of  high  school 
students are not physical training and learning techniques and tactics in the initial 
stage of training Sambo. 
 
 
 
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ – ЖЕКІ  ТАЕКВОНДО СПОРТЫНЫҢ    
ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН  ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ә. М. Байғалиев - оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бастапқы 
әскери дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасы  
 
Аңдатпа.  Таеквондо  спорты,    спортшының  жалпы    арнайы  дене 
дайындық  сапасын  жоғары  дәрежеде  талап  ететін  спорт  түрі.  Спортшының 
дене-күш қабілеттерін дамыту жаттығу түрінің ерекшеліктеріне байланысты 
жалпы  және  арнайы  дайындық  болып  екіге  бөлінеді.  Таеквондошының 
жалпы  дене  дайындығын  дамытудағы  негізгі  қасиеттер    ол    күш,  ептілік, 
жылдамдық, иілгіштік, төзімділік қабілеттері болып келеді. Осы қасиеттерді 
бірбірімен  байланыстыра  отырып    шығыс  жекпе  –  жекі    таеквондо 
спортының    жаттығу сабақтарын  өткізу ерекшеліктері айқындаған. 
Кілттік сөздер: күш, ептілік, жылдамдық, иілгіштік, төзімділік. 
 
Таеквондо – корей халқының спорт өнері.  
Таеквондо  деген  сөздің  мағынасы  тае-аяқ,  квон-қол,  до-  жол  деп  жеке  дара 
үш мағынаны білдіреді. 1961-1973 жылдары  Кореяның таеквондо шеберлері 
әлемнің  әр  жерлеріне  таеквондоны  дамытуға  бара  бастады.    Қазіргі  таңда 
таеквондо  (WTF)  тез  дамыған  шығыс  жекпе-жек  спорт  түрлерінің  ішіндегі 
олимпиядалық  спорт  түрі.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  азат  етілген 
Кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды. 
1945 жылдан бастап корей шеберлері Сеулге оралып, квон жүйесі бойынша 
жеке  дара  жаттығуларын  жалғастыра  бастады.  Әрқайсысының  жеке  дара 
стилі болды. Квонды жақсы меңгергендер- Чан Му Квон , Чи До Квон, Кан 
Ду Квон, Сон Му Квон , Му Ду Квон. 
1958  жылы  генерал  Чой  Хон  Хиге  Оңтүстік  Кореяның  Вьетнамға  баратын 
әскери  делегациясын  басқару  туралы  нұсқау  берілген.  Содан  ол  әскерлерге 
спорттың  осы  түрінен  сабақ  беріпті.  Тэквондо-аяқ  пен  қолды  шебер 
қимылдатудың ерекше формасы. Бұндай анықтаманы ол Оңтүстік Кореяның 
бұрынғы президенті Ри Синманаға берген. 
 Осылайша 1859 жылы таэквондо Оңтүстік Кореяның әскери базасына алғаш 
рет ресми таныстырылды. 

 
 
 
 Кейіннен  әскери  қызметкер,  генерал  Чой  назвал  Ох  До  Квон  бұл  үрдісті 
шебер жалғастыра білді. 
1960  жылы  сәуір  айында  Ри  Синмана  басқаратын  үкімет  құрамы  өзгеріске 
ұшырайды.  Бұл  кезеңде  елде  Дж.  М.  Чан  басқаратын  азаматтық  үкімет 
құрылған. Төңкеріс 1963 жылға дейін жалғасты. 
 Билік  өзгергеннен  кейін  жаңа  әскери  жасақтың  бастығы  генерал  Парк  Чул 
Хи  кез-келген  күрес  ойындарын  дереу  тоқтатты.  Дегенмен  1961  жылы 
өткізілген  конференцияда  бұған  спорт  шеберлері  қарсылық  танытты. 
Наразылықтың арқасында Тусудо қауымдастығы құрылды. Бұның құрамына 
Кореяның атлеттер одағына кірді. Алайда, әскери күрес сынды спорт түрлері 
үкіметтің  қатаң  бақылауында  болды.  Қауымдастық  тэквондо  және  суот 
консудо и тансудо деген спорт түрлеріне қолдау көрсетті. 
1965  жылы  Корейскую  таэквондо  ассоциясы  жеке  дара  құрылды.  Спорт 
шеберлері мен әскери қызметкерлер үкімет басшысы қолдау берген генерал 
Чойдың  қалыптасқан  әдістерді  жаңартып  ойлап  тапқан  жаңа  формасына 
қарсылық  білдіргендер  болды  Кейіннен  Чой  таэквондодан  халықаралық 
қауымдастық  құрды.  (ЫТФ).  Чойдың  орнына  келген  Парк  Чул  Хи  саяси 
баспананы  Канадан  іздеуге  тырысты.  Солтүстік  Кореяны  аралаған  ол 
таэквонданы Кореяның артықшылықтарының бірі деп насихаттады. 
 Кореяның  таэквондо  қауымдастығының  дамуы  елдің  әскери  құрылымының 
қалыптасуына да көп көрім септігін тигізді. 
1972 жылдың желтоқсан айында Кореяның таэквондо қауымдастығы палгуэ 
атты жаңа форманы бағдарламаға енгізді. 
1972 жылы Сеулде Куккивоннан академиялық мектеп ашылды. 1973 жылдың 
мамыр айында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты тұсауын кесті. 
 Ал,  1976  жылдан  бері  спорттан  халықаралық  атқару  комитеті  таэквондоны 
Оңтүстік  Кореяда  ресми  спорт  деп  мойындады.  Кейіннен  УТФ  Монреалда 
(Канада)  халықаралық  спорт  федерациясының  басты  қауымдастығында 
тізімге тіркелді. 
1960 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет таэквондоны спорттың «А» 
класының  қатарына  қосты.  1980  жылы  17  шілдеде  Мәскеуде  өткен 
халықаралық олимпиада комитеттің 83-сессиясында таэквондо спорттың бір 
түрі  деген  мәртебе  алып,  1988  жылғы  олимпиада  бағдарламасына  енгізілді. 
Содан  бері  таэквонда  әлем  чемпионатында  елеулі  орын  алып  келеді. 
Олимпиада  ойындарына  2000  жылы  27-ші  Сидней  олимпиадасында  алғаш 
рет  ойналды.    Қазақстан  Республикасында  қазіргі  уақытта  таеквондомен 
шұғылданушылардың  саны  20 мыңнан  асып  жығылады.  Біздің  елімізде  бұл 
спорт  түрі    90-шы  жылдардың  басында  дами  бастады.  Осы  қысқа  уақыт 
ішіндегі    спортшыларымыздың    ауыз  толтырып  айтарлықтай  жетістіктері  
баршылық.                                                                          
Спорттық  дайындық  жүйесін  функцияландырудың  басты  шарты 
спорттық  жетістіктерді  болжау,  модельді  көрсеткішін  жетілдіру  және 
олардың жағдайын жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру болып табылады. 
Ондай  шара  жоспарланған    дайындық  көрсеткіштер  мен  шынайы 

 
 
 
көрсеткіштерінің  ара  жігін  айқындап  сол  бойынша  жаттығу  үрдісін 
тағайындауға мүмкіндік береді [1].                                                               
Таеквондо  спорты,    спортшының  жалпы    арнайы  дене  дайындық 
сапасын жоғары дәрежеде талап ететін спорт түрі. Спортшыға таеквондоның 
базалық  дайындығын  дұрыс  дамытып,  қалыптастырмаса  спортшының 
болашақта  үлкен  спорттық  жетістіктерге  жеткізу  мүмкіндігі  шектеулі. 
Таеквондошыны дайындаудағы басты ұстаным ол спортшының жалпы және 
арнайы дене дайындығын жетілдіру, спорт саласындағы негізгі шарт  болып 
табылады.  Спортшының  дене-күш  қабілеттерін  дамыту  жаттығу  түрінің 
ерекшеліктеріне  байланысты  жалпы  және  арнайы  дайындық  болып  екіге 
бөлінеді.  Таеквондошының  жалпы  дене  дайындығын  дамытудағы  негізгі 
қасиеттер    ол    күш,  ептілік,  жылдамдық,  иілгіштік,  төзімділік  қабілеттері 
болып  келеді.  Арнайы  жаттығулар  таеквондошының  жекпе-жек  шеберлігін 
арттырып,  жарыстарда  нәтижелі  көрсеткіштерге  жеткізуге  жол  ашады. 
Спортшының  алғашқы  таеквондомен  шұғылдану  кезінде  жалпы  дене 
дайындығына  көп  көңіл  бөлінеді.    Спортшыға  жылдық  жаттығу  жоспарына 
көбірек жүктеме берілсе, жарыстық кезеңде арнайы жаттығуларға көп көңіл 
бөлінеді.  Таеквондошының  жалпы  денесін    тәрбиелеуде  арнайы    көңіл 
бөлетін  бағдар  -  оның  дене  қабілетін  дамыту.  Оны  іске  асыру  барысында 
спортшының  қимыл  әрекетін    сапалы  түрде  орындаған  жөн.    Мысалы, 
спортшының  дене  қабілетін  дамытуға  берілетін    арнайы  спорттық  
жаттығулар:  
          1) әр-түрлі созылмалы  жаттығулар,  
2) спорттық ойындар,  
3)  тренажорлық    құралдарды    қолдану    және  суға    жүзу    сияқты  
спорттық  жаттығулар    кіреді.    Дене  жаттығуы  –  негізгі    және    арнаулы  
спорттық    бейімделу  тәсіл  і  болып    ажыратылады[2].  Таеквондошыға  
берілетін    арнайы    жаттығулар:  базалық  дайындық,    техникалық  және 
тактикалық    дайындықтары  кіреді.  Таеквондо    спорты    төмендегідей    бес  
бағытқа  бөлінеді:  
1) базалық  техника,  
2) жекпе-жек  техникасы,  
3) формальдық   жаттығулар   техникасы
4) қорғану   әдіс-тәсілдер   техникасы,  
5)  тақтай,  кірпіш  т.б  қатты    заттарды    аяқ,      қолмен    ұрып,    бөлу 
техникасы.  
Таеквондо   спортының  жарыс  түріне  жекпе-жек және  формальдық  
жаттығулары    жатады.    Таеквондоның  жекпе-жек  сайысын  таеквондоның 
өзіндік  терминімен  айтқанда  (киоруги)  жарыс  ережесінің  90  пайызы  аяқ 
соққыдан тұрады. Жарыс кілеміндегі екі спортшының сайысуы әр-түрлі аяқ 
соққыларымен ұпай санын жинауға сайысады, сондықтан дайындық кезіндегі 
жүктеменің басым бөлігі аяқты дамыту жаттығуларынан  тұрады. Таеквондо 
жылдамдықты  көп  талап  ететін  спорт  түрі  болғандықтан,  берілген  арнайы 
жаттығулар  жоғары жылдамдықпен жасалынады.  

 
 
 
Формальдық  жаттығулар  (пумсэ)  сайысының    жарыс  ережесі 
спортшылардың    жасаған  әр-түрлі  қимылдарын  таза  орындап,  аяқ,  қол 
соққылармен тосқауыл техникаларын шебер орындап көрсетуіне қарай ұпай 
саны  беріледі.    Таеквондоның  негізгі    салмақ  дәрежелері    16  салмаққа,  ал  
олимпиадалық салмақ  дәрежелері  8  салмаққа бөлінеді. 
 
Халықаралық салмақ 
дәрежелері 
Олимпиадалық салмақ 
дәрежелері 
Ерлер 
Әйелдер 
Ерлер 
Әйелдер 
54 
47 
58 
49 
58 
51 
68 
57 
63 
55 
80 
67 
68 
59 
           +80 
           +67 
74 
63 


78 
67 


80 
72 


           +80 
           +72 


 
Таеквондоның  техника  мен  тактиканы  дамыту  дағдылары  қарапайым 
негізгі  бастамалардан  үйретілуі  тиіс.  Техника  және  тактикалық  дайындық 
барысында әдістерді үйретуді түсіндірумен қатар көрсетуден бастаған абзал 
[3].  Таеквондоның  техникасы  әр  түрлі,  ал  тактикалық  дайындығының 
мүмкіндіктері  шексіз.  Таеквондошының  базалық    әдістер  дайындығы 
неғұрлым  бай  болса,  техника  және  тактикалық  шеберлігі  соғұрлым  жоғары 
болады.  Техника  спортшының  жарыс  кезінде  немесе  жаттығу  тәсілдері 
арқылы жетіледі. Техника шеберлігінің  басты белгісі мыналар:  
- техниканың  сенімділігі;  
- спорттық  техникасының  көлемі; 
 -техниканың  негізгі   тәсілдерінің   әр алуандығы.   
Спортшы шеберлігін арттыру, жарысқа дайындық кезінде арнайы дене 
дайындығының  тәсілдерін  дамытуға,  сондай-ақ  жарыста  сайыстың 
құрылуына негіз болатын тәсілдік қимылдарға бағытталған, таеквондошымен 
бірге  болатын  жеке  оқу-жаттығулар  қарастырылады  [4].  Таеквондоның 
жаттығу    кезінде  орындалытын  қимыл,  әрекеттерді  жарыс  талаптарына 
үйлестіре  жүргізілгені  дұрыс.  Жарыс  түріндегі  жаттығуларды  спортшыға  
беймдеуді  алғашқы  кезеңнен  бастауға  болады,  таеквондоның  оқу-жаттығу 

 
 
 
сабақтары көбіне арнайы таеквондо залында өтіледі. Спортшының таеквондо 
залында сақтайтын негізгі ережелері:  
   - оқу-жаттығу кезінде сөйлесуге рұқсат етпеу,   
   - жаттықтырушыны және спортшыларды сыйлау,  
   - таеквондо сабағына арналған арнайы (тобок) киіммен қатысу,  
   - жаттығу кезінде денеге тағатын артық әшекей  бұйымдарды  тағуға 
тыйым салу,   
   -  жаттығу  сайысы  кезінде  спортшылардың  арнайы  дене  қорғайтын 
құралдарын қолдану сияқты т.б ережелері ескеріледі.   
 Қазіргі  таңда  спортшылардың  үлкен  жарысқа  әзірлікке  оқу-жаттығу 
сабақтары    тек  залдарда  ғана  емес    тауда,  тау  алқаптарында  өткізілуде, 
спортшылардың  тауда  жаттығуы  дененің  әр-түрлі    жағдайға  бейімделуіне, 
шынығуына мүмкіндік береді. Спорттық-жаттығу кезінде спорттық қабілетті 
жетілдіріп,  бойдағы  күш-қуатты  арттыратын  фактордың  бірі  –  арнайы  
дәрумендер  қосылған азық-түлік тағамдар, сонымен қатар массаж, монша т.б 
арнайы  жүргізілетін    баптанулар.  Спортшының  күнделікті  өміріне  сіңісті 
болған  тәртіп,  спортшының  денесінің  дұрыс  жетілуіне  әсер  ететін  фактор 
болып саналады.  
Қорыта  келе  қазіргі  таңда  таеквондо  спортының  дамуына  жас 
жеткіншектердің ат салысып жатқаны көңіл қуантады, сондықтан  болашақта 
оқу-жаттығу сабақтарының  жоғары  деңгейде қалыптасуына, жаттықтырушы 
әріптестер қауымына етене жақын жұмыс атқарайық дегім келеді.  
         
Пайдаланылған әдебиеттер 
 
1.С.Е.  Дайрабаев,  Е.М.Мұхиддинов.  Спорт  және  дене  тәрбиесі  теориясы  –   
Алматы; Білім,2009-73б. 
2. Йеон Хван Парк, Том Сибурн. Таеквондо: Техника и тактика. – М,: АСТ- 
Астрель, 2004.-115б. 
3. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі № 2, 2008 -180б. 
4.  Чой  Сунг  Мо.  Специальные  методы  самообороны  в  практике  боевых 
искусств. Ростов - на – Дону, Феникс – 64 б. 
Резюме 
В  статье  рассмотрены  основы  воспитания  физических  качеств 
студентов не физкультурного вуза и обучения технике и тактике.  
Summary 
The  article  covers  the  basics  of  education  physical  properties  of  high  school 
students are not physical training and learning techniques and tactics. 
 
 
 
         
   

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет