Хабаршы вестник «Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата16.06.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Резюме 
В статье рассматриваются вопросы теоретико-методологические основы политологического исследования право-
вой культуры молодежи Казахстана, которые в научной литературе еше не исследованы. 
 
Summary 
In article questions teoretiko-methodological bases of politological research of legal culture of youth of Kazakhstan which 
in scientific literature aren't investigated yet are considered. 
 
ƏЛЕМДІК САЯСАТ ҒЫЛЫМИ ПƏН РЕТІНДЕ 
 
Л.Х. Матакбаева – с.ғ.д., доцент, Саясаттану жəне əлеуметтік философиялық пəндер кафедрасы 
 
Əлемдік  саясат  –  (ағыл.  world  politics)  қалыптасу  кезеңіндегі  жаңа  ғылыми  пəн.Əлемдік  саясаттыңа 
басқа пəндер тəрізді өзінің қалыптасу жəне даму тарихы бар. 
Əлемдік  саясат  ұғымының  жаңа  бір  тұрақты  түсінігі  толықтай  қалыптасып  болмағандықтан,  бұл 
термин  аясына  əр  түрлі  мағына  сиып  кетеді.  Əлемдік  саясат  бір  еңбекте  қандай  да  бір  сыртқы  орта,  ал 
екінші  бір  жұмыста  –  біртұтас  саяси  қызмет  жəне  халықаралық  қатынастар  жүйесі,  үшінші  кезекте  – 
күшті державалардың сыртқы саясаты ретінде түсіндіріледі.  
Сан-салалы ғылыми пəндер мен сан алуан амалдар тоғысында пайда болған əлемдік саясат халықара-
лық қатынастар жəне саясаттану ғылымдарымен мейлінше тығыз байланысты болып табылады. Тарихи 
тұрғыда, бірінші болып ішкі саяси проблемалармен айналысатын саясаттану ғылымы пайда болды.  
Халықаралық қатынастар (ағыл. тілінде: international relations) ғылыми пəн ретінде бірінші дүниежү-
зілік  соғыстан  кейін  қалыптасты.  Сондықтан,  бейбітшілік  пен  соғыс  мəселесі,  анағұрлым  кең  ауқымды 
мағынада  мемлекеттердің  өзара  əрекеттестік  мəселелері,  Европалық  өркениетті  бірінші  дүниежүзілік 
соғысқа  алып  келген  үрдістердің  мəнін  түсіндіретін  халықаралық  қатынастар  жөніндегі  зерттеулердің 
негізгісіне  айналды.  Содан  кейінгі  уақыт  аралығында  халықаралық  қатынастар  айналысатын  мəселелер 
аясы  кеңейді.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  халықаралық  қатынастарға  деген  ықылас  арта  түсті, 
бұл пəн қарқынды даму сипатын иеленді.  
Əлемнің Вестфальдік бейбіт бітімгершілік шеңберіндегі ішкі жəне сыртқы саясат салаларының айқын 
жіктелуі  саясатты  ұлттық  жəне  халықаралық  деңгейде  жекелеген  саяси  қоғамдастық  ретінде  оқып  үйр-
енуге  алып  келді:  International  Political  ScienceAisosiation,  IPSA  –  саясаттанушыларда  жəне  International 
Studies Association ISA (формальды түрде Солтүстік Америка қауымдастығы, бірақ, шын мəнінде халық-
аралық 
ұйым) 
– 
«халықаралық 
саясаттанушыларда» 
өздерінің 
салалық 
журналдары 
мен 
конференциялары... 
Əлемдік  саясаттың  ғылыми  пəн  ретінде  қалыптасуы  көбінесе  1940-шы  жылдардың  аяғында  жарық 
көрген «Халықаралық ұйым» (International Organization) журналымен тығыз байланысты. Ол өз ортасына 
кілең  əлемдегі  трансұлттық  корпорациялар  қызметі,  қаражат,  сауда  сияқты  мəселе-лерді  зерттейтін 
авторларды топтастырды. Бұл зертеулердің дамуы ақыры халықаралық жүйені, яғни, экономикалық жəне 
саяси  процесстердің  өзара  байланысын,  ішкі  жəне  сыртқы  экономикалық  ортаның  өзара  əрекеттестігін 
біртұтас зерттеу қажеттігіне алып келді.  
Сол  уақыт  аралығында  экономикалық  фактордың  маңызы  арта  түсті.  Бірқатар  европалық  елдердің 
экономикасы өрлей түсті, сондай-ақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қирап қалған Жапонияның эконо-
микасы алға басты. Соның нəтижесінде, дамыған жəне дамушы елдер арасындағы қар-қынды экономика 
проблемасы шиеленісе түсті. Дүниежүзі мемлекеттеріндегі экономикалық өсу қарқынын айқындаған бір 
ахуал 1973-1974 жылдардағы энергетикалық дағдарыс. Сол кездері мұнайды экспортқа шығаратын елдер 
ұйымдары (ағылшын тілінде: Organization of Petroleum. Ecporting Countries. OPEC) оны өндіруді шектеді. 
АҚШ-тың орасан зор қуатты əскери-саяси потенциалы қандай да бір істі жүзеге асыруға қауқарсыз болып 
қалды. Сол кезде бұл проблемаларды шешу үшін мұнайды экспортқа шығаратын елдерімен (МЭҰ) келіс-
сөз жүргізу қажет болды. 
1970 жылдары халықаралық қатынастарды зерттеумен айналысқан ғалымдардың бірқатары сонымен 
бір  мезгілде  əлемдегі  экономикалық  фактордың  ролінің  өсуіне  де  баса  назар  аударды.  Содан  кейінгі 
жылдары  бұл  салада  зертеу  жұмыстары  жоғары  қарқын  алып,  халықаралық  экономикалық  саясат  ХЭС 
(ағылшын тілінде: international political economy – IPE) деген атқа ие болған ғылым саласы дами бастады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
38 
Бұл  құбылыстардың  барлығын  талдау  халықаралық  экономикалық  саясат  ХЭС  (ағылшын  тілінде: 
international political economy – IPE) деген атқа ие болған ғылым саласының қалыпта-суына негіз болды.  
Зерттеудің екінші бір маңызды бағыты мемлекеттің ішкі саяси ұйымдастырылуы ұлттық жəне ұлттық-
тан  жоғары  тұрған  деңгейдегі  эконо-микалық  тəртіпке  айтарлықтай  ықпал  ететінін  көрсетті.  Ішкі  жəне 
сыртқы факторлардың өзара əрекеттестігін зерттеу əлемдік саясаттың ғылыми пəн ретінде қалыптасуын-
да өте маңызды роль атқаратыны даусыз.  
Одан əрі  зерттеушілер ішкі саясаттың сыртқы  саясатқа қалай ықпал ететінін,  сонымен қатар, халық-
аралық жүйенің ішкі саяси құрылымдар мен үрдістеріне қалай əсер ететініне айрықша мəн бере бастады. 
Ішкі жəне сыртқы саясаттың арақатынасына, осыған орай зерттеулерге сəйкес барлық құбылыстар айқын-
далып, халықаралық қатынастар мен саясаттанудың, əсіресе, демократиялану, қайшылық, т.с.с. проблема-
ларды  зерттеуде  халықара-лық  қатынастар  мен  салыстырмалы  саясаттанудың  арасы  жақындай  түсті. 
Бəлкім, келешекте салыстырмалы саясаттанушылар жалпы дүниежүзілік даму тенденцияларын есепке ала 
отырып, əр түрлі елдердің саяси жүйесінің салыстырмалы талдауына ғана емес, сонымен қатар, аймақтар 
мен қалалардың, халықаралық ұйымдарды салыстыра зерттеуге назар аударып, өздерінің «пост-Вестфаль-
дік  салыстырмалы  саясаттануларын»  жасайтын  болар.  Ағылшын  зерттеушісі  К.Бустың  «саяси  ғылым 
ғаламдық деңгейдегі саясатты түсінудің бір тармағы ретінде ғана зерттелуі мүмкін» деп наразылық білді-
руі  сірə,  тегін  емес.  Өйткені,  К.Бус  əлемдік  саясат  –  саяси  ғылымның  түп  тамыры  болуы  керек,  тек 
керісінше емес дегенді айтып отыр. 
Бұл  зерттеулер  «қырғи  қабақ»  соғыс  жылдарын,  яғни,  халықаралық  қатынас  саласындағы  батыс 
зерттеушілері экономикалық үрдістердің саяси аспектілеріне терең мəн беріп, баса назар аудара алмаған 
кезеңді  бастан  өткерді.  Коммунизмдегі  негізгі  қауіп  төніп  тұрған  тұсты  көріп,  олар  жоғарғы  деңгейдегі 
(ағылшын тілінде: high politics) саясат деп аталатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесін зерттеуге ден 
қойды.  Сол  кездері  экономика  проблемасы  екінші  кезекке  ысырылып,  төменгі  деңгейдегі  саясат 
(ағылшын тілінде: (low politics) деген атауға ие болды. Осындай баламалық зерттеулер артықшылықтары 
Кеңес ғылымында да болды.  
Ішкі  жəне  сыртқы  факторлардың  өзара  əрекеттестігін  айқындауға  американдық  автор  Р.Патнэм 
(R.Putnam)  айтарлықтай  үлес  қосты.  Ол  сыртқы  саяси  шешімдерді  қабылдаудың  екі  жақты  үлгісін 
ұсынып,  мемлекеттер  арасындағы  халықаралық  келіссөздердің  біріншіден,  мемлекет-тер  арасындағы, 
екіншіден, олардың əрқайсының өз ішіндегі екі жақты ымыраласу қызметін атқаратын болды. Сондықтан 
да,  келіссөздегі  үстанымдарды  анықтау  үшін  келісім  қажет  еді.  Мысалы,  əр  алуан  ведомстволар  мен 
жетекші саяси партиялар арасында үстанымдарды айқындауға дайындық кезеңіндегі жəне келіссөзге қол 
қойылғаннан кейінгі уақыттағы келісім қажет.Əсіресе, ол келіссөз ратификацияны талап ететін болса.  
Р.Патнэм тұжырымының мəні мынада: мемлекеттің халықаралық келіссөздегі ұстанымы айтарлықтай 
күшейе  түсуі  мүмкін,  егер  ол  мемлекет  «ішкі»  ымыраның  соншалықты  зор  емес  екеніне  келесі  жақтың 
көзін жеткізе алғанда ғана.  
Əлемдік  саясаттың  ғылыми  пəн  ретінде  қалыптасуына  айрықша  ықпал  еткен  ғылыми  бағыттардың 
бірі  халықаралық  институттарды  зерттеу  бағыты  болды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталғаннан  кейін 
халықаралық  ұйымдардың  қаулап  өсуі  анық  байқалды.  Бұл  құбылыс  халықаралық  қатынастар  саласы 
мамандарының,  саясаттанушылардың,  сондай-ақ,  экономистердің  талдау  нысанына  (объектісіне)  айнал-
ды.  Əсіресе,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына,  оның  бейбітшілік  операцияларына  айрықша  назар  аударылды. 
БҰҰ-ның «қырғи қабақ» соғыс шындықтары мен күшті державалар бəсекелестігіне бейімделу проблема-
лары талқыланды.  
Ұжымдық қауіпсіздік проблемаларын зерттеген Карл У.Дойч (K.W. Dеutsch) зерттеулеріндегі қауіпсіз-
дік  негізінде  халықаралық  байланыстардың  ымырасы  мен  интенсификациясы  жатқандығын  атап  өтті. 
Мемлекетаралық  ынтымақтастық  пен  интеграция  ең  маңызды  проблемаға  айналды.  Одан  əрі  бірқатар 
зерттеушілер, мысалы, Э.Хаас (E. Hass) проблема сол кезде əрекет еткен европалық экономикалық қоғам-
дастық  пен  басқа  да  халықаралық  ұйымдардың  проблемасы  олардың  өз  істерін  атқара  алмағандығында 
емес, өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге ұмтылғандықтарында болды. Олар бұл құбылыстың өз жарғы-
лары  арқылы  шектелгендігін  көрсетті.  Оған  қоса,  халықаралық  ұйымдар  алғаш  пайда  болған  кездегі 
кейбір мақсаттар олардың əрекет ету аясы дамыған сайын қызмет ауқымын кеңейтуді талап етті. 
Ақырында,  əлемдік  саясаттың  қалыптасуына  халықаралық  ұлттық  қатынастардың  толып  жатқан 
проблемалар бойынша ролі мемлекеттік проблемамен тең түсетін көп қырлылығы фактісі констатацияла-
рының; өзара тəуелділіктің түп негізі талқылауларының; халықаралық режимдік зерттеулерінің анықталу-
ына  байланысты  теориялық  зерттеулер  орасан  зор  үлес  қосты.  Осылайша,  əлемдік  саясат  мынадай 
құбылыстар аясында пайда болды: 

 
Халықаралық  ұлттық  акторлар  қызметіне  байланысты  түбегейлі  өзгерістерді  түсінудегі  жаңа 
либералдық  дəстүр  қосқан  айтарлықтай  үлесімен  əлемнің  саяси  жүйесінің  тұтастығын  айғақтайтын 
халықаралық қатынастар саласындағы теориялық зерттеулердің; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
39 

 
Ішкі жəне сыртқы саясаттың өзара байланысы туралы таным-түсініктердің; 

 
Халықаралық саяси экономияның; 

 
Халықаралық ұйымдар талдауларының; 

 
Салыстырмалы саясаттану бойынша айрықша маңызды болған саясаттанудың. 
Халықаралық зерттеулердегі теориялық тəсілдердің тұтастығы мейлінше астасқан конгломерат болып 
табылады.  Əлемнің  саяси  жүйесі  біртіндеп  дамиды,  бірақ,  түпкілікті  өзгеріске  ұшырай  қойған  жоқ.  Ал 
мемлекет  əлемнің  саяси  жүйесінің  ең  маңызды  элементі  болып  қала  береді.  Себебі,  басқа  акторлар 
онымен тең түсе алмайды. Демек, ХХ ғасыр бойы қалыптасқан мемлекетаралық өзара əрекеттестіктерді 
танып білуге жол ашатын халықаралық қатынастар пəнін басқа пəнмен алмастырудың еш қажеті жоқ. Тек 
оған  аздаған  түзетулер  енгізіп,  қажет  болған  жағдайда  басқа  халықаралық  ұлттық  акторлардың  оған 
тигізетін ықпалын есепке алған жөн. Осындай елеусіз модификациялардың қатарына аймақтық деңгейден 
əлемдік деңгейге шыққан, бірақ, шын мəнінде ешнəрсесі өзгермеген Вестфальдық саяси жүйені жатқызу-
ға  болады.  Осыған  орай,  бұл  жағдайда  «əлемдік  саясат»  «халықаралық  қатынастар»  ғылыми  пəнінің 
синонимі болып табылады. Ендеше, əлемдік саясат деген жаңа терминді арнайы енгізудің еш қажеті жоқ.  
Американдық автор Дж. Гольдштейн (J.S. Goldstein), француз зерттеу-шісі М.К. Смуте (M.C. Smouts) 
жəне басқа да көптеген авторлар пəннің бұрынғы ескі атауы сақталып қалу себебі түсінікті деп есептейді: 
ғылыми  дəстүрлерді  жалғастырып,  ғылым  дамуының  тарихи  тамырын  тереңнен  іздеу  қажет.  Сонымен 
қатар, мұндай позиция зерттеуді адасушылыққа алып келуі мүмкін. 
Екінші көзқарас халықаралық қатынастардың астарында əлемнің қазіргі заманғы саяси жүйесінің өзегі 
болып  табылатын  мемлекетаралық  қатынас-тарға  байланысты  зерттеулердің  дəстүрлі  саласы  сақталып 
қалып отыр деген тұжырым жасайды. Ғылыми пəн ретіндегі əлемдік саясат əлемнің саяси жүйесін танып 
білуді бағыттайды жəне өзіне классикалық халықаралық (яғни, мемлекетаралық) қатынастарды, сондай-
ақ,  басқа  да  трансұлттық  акторлар  қызметін  қосып  алады.  Бұл  көзқарас  американдық  авторлар  Г.Эванс 
(G.Evans) пен Дж. Ньюнхэмнің (J.Newnham) халықаралық қатынастар бойынша сөздігінде көрініс тапқан. 
Аталмыш  авторлар  халықаралық  қатынастар  немесе  халықаралық  саясат  деген  ұғымдарға  қарағанда, 
«əлемдік саясат» терминінің мемлекетаралық қатынастарға қатысы жоқ деп есептейді. Бұл ретте біз 1976 
жылы шыққан жаңа идея негізін қалағандардың бірі Дж.Розенау (I.Rozenau) өзінен басқа екі зерттеушімен 
К.Томпсон (K.Tomрson) мен Г.Бойд (G.Boyd) секілді авторлармен бірігіп жазған «Əлемдік саясат» оқулы-
ғын мысалға келтіре аламыз. Ол төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы үш бөлімі мемлекет пен мемлекетара-
лық өзара əрекеттестікке, ал бар болғаны соңғы, төртінші бөлімі ғана əлемнің жалпы даму тенденцияла-
рын талқылауға арналған. Соңғы 30 жыл аумағында əлемдік саясат туралы американдық оқулықтардың 
құрылымы  өзгерді.  Мемлекетаралық  өзара  əрекеттестікті  жеке  талдауға  орын  аз  беріледі,  бірақ,  бұл 
мəселе мəтінде міндетті түрде ұшырасады.  
Қарастырып  отырған  мəселеге  байланысты  Ресей  əдебиеттерінде  де  батыстық  тəсіл  бойынша  аралас 
ғылыми  жəне  білім  беру  пəндері  əлемдік  саясат  пен  халықаралық  қатынастарға  жіктелуде.Мысалы,     
Н.А. Косолапов «халықаралық қатынастар» (international relations) деген ағылшынша түсінік, орыс тілін-
дегі мемлекеттер арасындағы «Европадағы капитализмнің қалыптасуымен бірге» пайда болған халықтар 
мен ұлттар арасындағы байланыс деген ұғымды білдіреді деп жазады.Белгілі ғалым П.А.Цыганков «егер 
халықаралық қатынастар белгілі дəрежеде мемлекетаралық өзара əрекеттестіктерді талдаумен байланыс-
ты болса, онда əлемдік саясат мемлекеттің халықаралық қарым-қатынастың белді мүшесі ретіндегі шетке 
ығыстырылмайтын дəстүрлі емес акторлардың халықаралық ортасын қалыптастырудағы ролі» айрықша 
екенін өз зерттеулерінде атап өтеді.  
Ақыр соңында, мынадай үшінші нұсқа пайда болды. Халықаралық қатынастар мемлекетаралық өзара 
байланыстар мен өзара əрекеттестіктерді оқытса, ал əлемдік саясат басқа трансұлттық акторлар қызметте-
рінің  саяси  аспектілерінің  күллі  негіздерін  танытып  түсіндіреді.  Дегенмен,  бұл  нұсқаның  жүзеге  асуы 
екіталай. Өйткені, жуық арада мемлекетаралық қатынастарды əзірше белгілі дəрежеде басқа трансұлттық 
акторлардың қызметінен (халық-аралық қатынастарды зерттеудің дəстүрлі саласы) мейлінше бөліп алып 
қарастыратын болсақ, онда соңғысы əлемдік аренадағы саяси белсенділікті мемлекетаралық өзара əрекет-
тестікпен  салыстырмай  зерттеу  өз  мəнін  жоғалтады  деген  сөз.  Трансұлттық  компаниялардың,  мемлекет 
ішіндегі  аймақтардың,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  (НПО)  қызметі  Вестфальдік  бейбіт  бітімгершілік 
ретінде келісімге қол қойылғаннан кейін дамып келе жатқан əлемнің саяси жүйесіне бірігіп кетеді. Оған 
қоса бұл акторлардың ала-құлалығы олардың қызметін халықаралық қызметпен салыстыруға бірден шек 
қояды. Мысалы,  трансұлттық компаниялар  мен, үкіметтік емес ұйымдардың.  Сондықтан да олардың  өз 
алдына дербес сала ретіндегі қызметін «біртұтас əлемдік саяси қызмет» ретінде жіктеу ақылға сыймайды.  
Осылайша,  қазіргі  заманғы  əлемнің  саяси  жүйесін  түбегейлі  өзгерту  туралы  тезис  қабылдау  екі 
ғылыми пəнді бөлуді қажет деп есептейді: біріншісі – бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мемлекетара-
лық қатынастарды жəне əлемдік саясатты оқытатын – халықаралық қатынастар, екіншісі – халықаралық 
қатынастарды, сондай-ақ, əр түрлі трансұлттық акторлар қызметінің нəтижесі болып табылатын қатынас-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
40 
тары талдауын қамтитын əлемдік саясат. Сонымен, басқаша айтқанда, əлемдік саясаттың ауқымы халық-
аралық қатынастардан əлдеқайда ауқымды деген сөз.  
Халықаралық қатынастар алғашқыда əлемдік саясат дамыған негізде құқық, тарих, экономика секілді 
пəндердің  деректері  мен  тəсілдерін  пайдаланды.  Нақты  жағдайға,  соның  ішінде  ұлттық  тұрғыдағы 
мəселенің мəніне байланысты сол пəндердің біріне баса назар аударылды. Кейіннен ғылым дами келе, өз 
аясына  тарихи,  экономикалық,  құқықтық  білімдерді  сіңірген  халықаралық  қатынастардың  пəнаралық 
сипатын ажыратып көрсете бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пəндердің қатары толыға түсті. 
Атаулы ғылыми салаларға саясаттану, демография, экология жəне басқа да пəндер қосылды.  
Əлбетте,  пəнаралық  принцип  халықаралық  саладағы  сан  алуан  факторларды  есепке  алуға  мүмкіндік 
тудырып, əсіресе, сол саладағы тəжірибелік іспен айналысатындар үшін оң нəтиже берді. Сол принциптің 
негізінде  халықаралық  қатынастар  пəн  ретінде  оқытылатын  университеттерде,  əсіресе,  кадр  даярлау 
мəселесінде  пəнаралық  бағдар  басты  назарға  алынды.  Дегенмен,  бұл  жерде  саяси  құрамдас  бөліктердің 
басқа аспектілердің аясына сіңіп жойылып кету қаупі бар.  
Міне,  осының  бəрі  əлемдік  саясаттың  ғылым  ретінде  дамуына  міндетті  түрде  ықпал  ететіні  даусыз. 
Ғылыми пəндердің қайта қарастырылу мүмкіндігіне байланысты тым маңызды жəне ауқымдық сипаты-
ның салдарынан көптеген авторлар, соның ішінде американдық авторлар əлемдік саясат пен халықаралық 
қатынастардың ара жігін біржолата ашып тастамау керектігін айтып, əділетті тұжырым жасайды.  
Əлемдік саясат АҚШ-та жəне Европа елдерінде «халықаралық қатынастардың социологиясы» ретін-
де  қалыптасты.  Кейбір  авторлар  «ғаламдық  саясат»  (global  politics)  деген  терминді  қолданады.  Ғылыми 
əдебиетте «халықаралық зерттеулер» (ағыл.: international studies) деген бейтарап ұғым қолданылады. 
Қорыта  айтқанда,  əңгіме  арқауы  пəндік  саласы  саясат  болып  табылатын,  біртұтас  ғылыми  тетігі 
арқылы  бірыңғай  ғылыми  пəнге  негіз  қалау  туралы  екендігін  айта  кеткеніміз  орынды.  Қазақстанның 
саясаттанудағы осы бағытында əзірше алғашқы қадамдар ғана жасалды. 
Бүгінгі əлемдік саясат – бұл саяси қызметтің жиынтығын зерделеуші, қарқынды дамушы ғылыми пəн, 
түрлі  халықаралық  ұлттық  акторлардың  саяси  қатынастары  жəне  солармен  қалыптастырылған  саяси 
институттар мен үрдістері. Ол əлемдік саяси проблематиканың тұтастай спектрін қамтиды. 
Əлемдік саясат ғылыми пəн ретінде дүние жүзінің саяси жүйесіне талдау жасауды ұсынады: акторлар-
дың  қызметі  мен  өзара  əрекеттестігін  талдау;  əлемнің  қазіргі  заманғы  саяси  дамуындағы  жаһандану, 
аймақтану, демокра-тиялану, интеграция, дезинтеграция тəрізді негізгі тенденцияларын жəне сол мəселе-
лердің теориялық тұжырымдарын анықтау. 
Корыта келгенде.  
1.
 
Əлемдік саясат ХХ ғасырдың екінші жартысында неолиберальдық теориялық дəстүрлер шеңберін-
де ғылыми бағыт ретінде пайда болды.  
2.
 
Əлемдік  саясатың  түп  негіздері  халықаралық  ұйымдардың,  халықаралық  саяси-экономикалық 
үдерістердің, саясаттанудың, халықаралық қатынастардың зерттеулерінен бастау алады.  
3.
 
Халықаралық проблемалар бірыңғай жалпы əлемдік контексте қарастырылады. 
 
1.  Богатуров  А.Д.  Понятие  мировой  политики  в  теоретическом  дискурсе  //  Международные  процессы,  2004 
(январь-апрель) т.2 - №1 - с. 16-33. 
2. Internationale politik:http://www.germany.org.ru (на русском и немецком языках). 
3.  Кулагин  В.М.  формирование  новой  системы  международных  отношений  //  Современные  международные 
отношения / Под ред. А.В. Торкунова. - М., 2004. - С. 38-69. 
4. Матакбаева Л.Х. Современные подходы к исследованиям международных отношений и мировой политики // 
Вестник. Серия «Социологические и политические науки» - №2(38). - Алматы: КазНПУ им. Абая,2012. - С. 62-67. 
5. Цыганков А.П. Теория международных отношений. – М., 2002. 
 
Түйін 
Əлемдік саясат ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында неолиберальдық теориялық дəстүрлер шеңбе-
рінде  ғылыми  бағыт  ретінде  пайда  болды.  Мақалада  əлемдік  саясаттың  қалыптасуы  жəне  оның  халықаралық 
қатынастармен өзара байланысы талданған.  
 
Резюме 
Мировая  политика  как  научная  дисциплина  возникла  во  второй  половине  XX  века  в  рамках  неолиберальной 
научной традиции. В статье анализируется формирование мировой политики как науки и ее взаимосвязь с междуна-
родными отношениями.  
 
Summary 
World politics as a scientific discipline appeared in the second half of the XX century in the neo-liberal academic tradition. 
The article analyzes the formation global politics as a science and its relationship to international relations. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
41 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИОЛОГИИ 
ƏЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
ЫБРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ 
ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ 
 
Р.Б. Əбсаттаров – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корресподент мүшесі, филос.ғ.д., проф., Абай 
атындағы ҚазҰПУ-нің саясаттану жəне əлеуметтік-философиялық пəндер кафедасының меңгерушісі, 
Т.Ж. Қалдыбаева – əлеуметтану ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың саясаттану 
жəне əлеуметтік-философиялық пəндер кафедасының профессоры 
 
Қазақ халқының патриот ұлы, демократ, драматург, ұстаз, халық ағартушысы Ыбрай Алтынсариннің 
əлеуметтік-саяси  тұлғасының  қалыптасуы  мен  қоғамдық  қызметі  Қазақстанның  тарихындағы  тағы  бір 
өтпелі  кезеңнің  ерекшеліктерімен  байланысып  жатыр.  Ол  –  қазақ  даласы  оның  құрамды  бөлігі  болып 
отырған  Патшалық  Ресей  мемлекетінің  Батыста  бой  көтеріп  үлгерген  капиталистік  экономикалық  жəне 
саяси  құрылымдардың  ықпалымен  феодалдық-крепостниктік  тəртіптен  қоғамдық  дамудың  келесі 
сатысына, капитализмге өтуге бет алу кезеңі болатын. Соған сай ел ішінде білімдік-мəдени, саяси жəне 
экономикалық  елеулі  қозғалыстар  басталған  еді.  Қазақ  даласында  да  оның  кейбір  сұраныстары  көрініс 
таба бастады. Соның бір елеулі құбылысы ретінде алғашқы зайырлы мектептердің жұмыс істей бастауын 
айтуға болады. Ондай мектептердің бой көтеріп жұмыс жасауы отарланушы бұратана халық ретінде қазақ 
əлеуметін  бағындырып  ұстап  отырудың,  олардың  империялық  экономикалық  саясаттың  жергілікті 
жерлерде іске асырылуына қатынасын қамтамасыз ету, ең бастысы – қазақ даласын орыстандыру саяса-
тынан туындады. Қалай болғанда да білімнің аты – Білім. Саны аз болсада орыс-қазақ мектебінде оқыған-
дар  қазақ  халқының  алғашқы  сауатты,  орыс  жəне  татар  тілін  меңгерген  азаматтарын  қалыптастырды. 
Олардың арасынан Ыбрай Алтынсарин сияқты өз халқының білім арқылы озық өркениетке қол жеткізуін 
арманы  мен  өмірінің  басты  құндылығы  еткен,  сол  үшін  бүкіл  тұлғалық  мүмкіндіктерін  жұмылдырған 
азамат бой көтеріп шықты.  
Жалпы, өткен тарихқа көз жүгіртсеңіз, Қазақ даласы мен Қазақстанның əлемдік дамудың соңғы ғасыр-
ларында  əлденеше  транзиттік  өзгермелі  тарихи  тағдырларды  басынан  кешіргенін  байқайсыз.  XVІІІ-ші 
ғасыр Қазақстаның Ресей құрамына біріктірілуімен байланысты отарлаушылық саясат қойнауындағы өту 
процестері, 1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі əлеуметтік теңдік қоғамы жолында капитализмді 
басынан  өткізіп  болмай  социалистік  қоғамға  аяқ  басуы  барысындағы  қарама-қайшылықты  бұрылыстар 
мен өтулер, 20-шы ғасырдың аяғында кері бұрылып, жаңа заманғы капитализмге бағыт ұстауы, ыдырап 
түскен советтік елден бөлініп шыққан жас мемлекеттің алғашқы он жылындағы экономикалық құлдырау 
мен  саяси-əлеуметтік,  рухани  дағдарыстық  кезеңді  бастан  өткізуі,  ендігі  жерде  жаңарған  Қазақстанның 
аграрлық-индустриялық қалыптан инновациялық индустриялық дамуға бағыт  ұстап, шешуші қадамдар-
дың жасалуы... Осыншама бұрылыстар мен өтулер, сөзсіз, тек үдеріс пен өреуден тұрған жоқ. Ұтылу мен 
ұту, жеңіліс пен жеңу үнемі кезектесіп, кейде қатарласа отырып, қазақ халқының, Қазақстанның тарихын 
жасады.  Көптенген  орныққан,  тұрақты  дамуының  логикалық  сабақтас  жолымен  келе  жатқан  əлемдік 
елдерге қарағанда қазіргі Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи жолы саяси-экономикалық өтпелі 
кезеңдерге,  тарихи  сындарға  толы.  Алда  да  талай  сындар  тұр.  Саяси  еркін  Қазақстан  елінің  əлемдік 
алпауыттар  арасында  қысылып  қалмай,  саяси,  экономикалық,  мəдени-рухани  дербестігін  берік  бекіткен 
іргелі елге айналуы мемлекеттік басқару тұтқасын ұстаған тұлғалар үшін сын, қоғамның іргетастық қуаты 
мен  күші  болып  табылатын  қазақ  ұлты  үшін  сын,  бір  Отанның  еркін  азаматтары  болып  табылатын 
Қазақстан халқы үшін сын, елінің ақыл-ойы мен ар-намысы болуға тиісті зиялылар үшін сын, аға ұрпақ 
тəуелсіз еркін елдің туын қолына ұстатқан жас ұрпақ үшін сын.  
Болашақ бос орында жасалмайды, ел ертеңі оның кешегісі жəне бүгінгісімен тығыз байланысты. Сол 
себепті де жаңа ғасыр талаптары тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні əлеуметтік-тарихи əдіснамалық тұрғы-
да  зерделеудің  өзектілігі  артуда.  Ел,  Отан  тарихын  зерделей  отырып,  жақсысынан  үйрену,  жаманынан 
жирену  қоғамдық  өмір  талабы.  Қалай  болғанда  да  өткен  тарих  –  өз  тарихың,  оның  шындығына  тура 
қарау, сыни тұрғыдан бағалау дегеніміз оның бұрылысты тұстарын тек қаралау емес. Өткеннің қиындығы 
да, жеңістісі де жаңа ұрпақ үшін сабақ.  
Қоғамды  қоғам  ететін,  ол  –  адамдар,  сол  қоғамның  əлеуметі.  Алайда  қай  елде,  қашан  да  болмасын, 
əлеумет  арасынан  сурылып  шығып,  оған  өзінің  жарық  сəулесін  түсіріп,  өркениет  жолын  көрсетіп,  алға 
бағыттайтын  тарихи  тұлғалар  болған,  бар,  болады  да.  Олардың  қоғамдық  қызметінің  сипаты  өзі  өмір 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
42 
сүрген  тарихи-əлеуметтік  жағдайлармен  тікелей  байланысты.  Сондай  тарихи  жəне  əлеуметтік-мəдени, 
саяси тұлғалардың бірі – Ыбрай Алтынсарин. Ол, Абай өз уақытының өлшемі жəне шындығында айтқан-
дай,  мыңмен  жалғыз  алысқандардың  бірі.  Қазақ  халқының  жарқын  болашағы  үшін,  білімділігі  мен 
мəдениеттілігі үшін, əлеуметтік əділеттілік пен теңдік жолына халқын бағдарлау үшін мəдениет жолымен 
күресті. 
Алтынсарин  Ыбрай  1841  жылы,  жаңа  күнтізбе  бойынша  2-ші  қарашада  Ресей  империясының 
Николаевск  уездінің  Торғай  облысында  (Солтүстік  Қазақстан  жерінде,  қазіргі  Қостанай  облысынының 
Қостанай ауданында) өмірге келген. Əкесінен ерте айрылған Ыбрай (Ибрагим) би Балқожа атасысының 
тəрбиесінде  қалады.  Атасы  оны  9  жасында  Орынбор  шекаралық  комиссия  жанынан  1850  жылы  қазақ 
балалары  үшін  ашылған  орыс  мектебіне  оқуға  береді.  1857  жылы  осы  мектепті  Ы.Алтынсарин  алтын 
медальмен  аяқтайды.  1889  жылы  Торғай  облысында  орыс-қазақ  училищелерінің  инспекторы  қызметін 
атқарушы Ыбрайдың жүрегі барды-жоғы 48 жасында өзінің соғуын тоқтатты.  
Ыбрайдың  шығармашылық  жəне  қоғамдық  өмірі,  біріншіден,  патшалық  Ресей  империясының  қазақ 
даласындағы отарлау саясаты шараларының тереңдей түскен уақытында, екіншіден, қазақ-орыс халықта-
рының  арабайланысы  алғышарттарының  арта  түскен,  өте  күрделі  жəне  қарама-қайшылықты  қоғамдық 
қатынастар аясында өтті. Оның біріншісіне келетін болсақ, отарланған бұратана халықтарды орыстанды-
ру жəне діни сенімге тарту арқылы бағындырып отыру үшін қажетті алғышарттардың жасалуына мемле-
кет билігі зор көңіл бөлді. Жергілікті халықтардың  санасын бағындырып алудың, сол арқылы ықпалын 
өткізудің тиімді бір əдісі қауымдастықтарды діни сенімге енгізу жолы деп тұжырымдалды. Бұл мақсат-
тың іске асырылуы үшін тілі қазақтардың тіліне жақын, бұрыннан патшалық Ресейдің құрамында болып 
келген  Еділ  бойы  татарлары  өкілдері  кеңінен  пайдаланылды.  Əсіресе  татар  молдалары  мен  оқыған 
адамдары қазақ қауымдастықтарымен аралық қатынас орнатуға кеңінен пайдаланылып жұмылдырылды. 
Христиан дінімен қатар ислам дінін кең насихаттау мақсатында əдебиеттер көптеп басылып шығарылып 
жатты. Діни сенімге жаппай тəрбиелеу ісі ХІХ-шы ғасырдың ортасында барынша қарқын алды. Тек 1850-
1860 жылдары Казань типографиясынан діни сенімді насихаттауға арналған 326 000 кітап, 82000 құран 
бастырылып шығарылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жоғары қарқынмен жалғастырылды. Тек 1879 жылы 
ғана Петербургтағы орыс типографиясында 3600 Құран басылып шығарылды [1]. 
Жалпы алғанда Ресей қоғамы XІX-шы мыңжылдықтың ортасы мен екінші жартысы феодалдық-крепо-
стниктік тəртіпке, халықтың қатаң қаналуына қарсы демократиялық қозғалыстың бас көтеріп, кең жайыла 
бастауымен, капиталистік өндіріс элементтерінің дами бастауымен ерекшеленді. Прогресшіл əлеуметтік-
саяси  жəне  өндірістік  экономикалық  қозғалыстар,  негізінен,  Ресей  империясының  батыс  жəне  орталық 
аймақтарында өріс алды. Іскер жəне саяси, əскери ортаның ғылымға, Ресейдің шет аймақтарын зерттеуге 
деген сұранысы жоғары болды. Отарланған территориялық өңірлердің арзан жəне бай шикізат көзі, тауар 
шығару  аймағы  жəне  қолайлы  қоныстану  кеңістігі  екеніне  түсінік  арта  түсті.  Бұғанға  дейін  негізінен 
Патша  өкіметінің  отарлау  саясатын  іске  асырудың  басты  тетігі  болып,  емін  еркін  өз  билігін  жүргізіп 
келген əскери (казактардың) күштердің көмегіне ендігі жерде іскерлер, саудагерлер мен жаңа қоныстару-
шылардың  да  сұранысы  артты.  Алайда  осыған  дейін  тек  мұсылмандық  білімге  ғана  тартылып  келген 
ортада  орыс  тілі  мен  білімін  меңгерген  адам  болмады.  Бұл  жағдай  бұратана  (отарланған  «жабайы»)  ха-
лықтармен тек саяси емес əрі экономикалық қатынас орнатып, кең байтақ территориялық кеңістікті игеру 
мақсатына бөгет болып тұрды. Қазақ балаларынан орыс тілін меңгерген, белгілі дəрежеде білімі бар адам-
дарды даярлаудың мемлекеттік билік үшін қажеттілігі артты. Сондай мектептің бірі Ыбрай Алтынсарин 
оқып бітірген орыс-қазақ мектебі. Ондай мектепті бітірушілердің арасынан тек патшалық жəне жергілікті 
билік мүддесіне қызмет көрсетушілер ғана емес, екі жақты қаналу жағдайындағы бұқара халықтың қамын 
ойлаған азаматтар да өсіп шықты. 
Еуропалық, Ресейлік білімнен жəне капиталистік өндірістік қатынастардан алыс жатқанымен көшпелі 
қазақ  даласы  əлеуметі  патшалық  үкіметтің  қатал  қанауы  мен  отарлық  езгісіне  бас  иіп,  біражола  отыра 
бермеді.  Сонымен  қатар  ресми  үкіметтің  қазақ  қауымдастықтарын  діннің  көмегімен  ашса  алақанында, 
жұмса жұдырығында ұстау саясаты да күтілген нəтижені бере қойған жоқ. Христиан жəне ислам дінінің 
жан-жақты  тықпалануына  қарамастан  қазақ  əлеуметі  кейбір  еуропалық  метрополиялардың  отарлаған 
елдеріндегі сияқты жаппай діни сенімге бой алдырған бұқараға айналмады. Оның үстіне отаршылдыққа 
наразылық білдіруші баскөтерер азаматтардың ықпалымен ислам діні сенімшілеріне айналдырылғандар-
дың өзі империялық саясаттың күткеніндей, олардың психологиялық құлдығына мойынсына бермеді. Қа-
рапайым халықтың ғасырлар бойы екі жақты үстемдік жағдайында тіршілік еткенін жоққа шығару мүм-
кін емес. Қазақтың бай-феодалдарының қанауының да кедей қауымдастық үшін салмағы аз болмады. Сол 
заманда  өмір  сүріп,  əлеуметтік-саяси  қайшылықтардың  мəн-жайын  терең  түсініне  отырып,  өзінің  өмір 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
43 
тіршілігін əлеуметтік əділеттілік жолына арнаған ұлы тұлғалар Шоқан, Абай, Ыбрайдың қоғамдық ойла-
ры мен іс-əрекеттері оның жалтартпас дəлелі. Олардың ақыл-ойының өз заманынан озып шығып, шын-
дықтың бетін ашып, талдап, саралап жазып қалдырған ғылми жəне ғылыми-практикалық мұралары сол 
замандағы əлеуметтік-саяси шындықты танып білуі үшін қажетті əлеуметтік-тарихи мұра жəне өсиет. Ха-
лық мүддесі мен ресми мемлекттік билік арасындағы жəне жергілікті қауымдастықтардың өз ортасында-
ғы қабат-қабат қайшылықтар XІX ғасырдың 40-шы жылдары басында бой көрсеткен Кенесары Қасымов 
бастаған алғашқы ұлттық азаттық үшін күрес барысында өзін жан-жақты байқатқан еді. 
Бір жағынан, көшпелі шаруашылықпен тіршілік еткен қазақ даласының екі жақты таптық қанау жағда-
йындағы кедейшілігі жəне сол кезеңдегі басқа елдерде бар білім мен ғылыммен ұштастырылған экономи-
калық қатынастардан өте алыста болып, артта қалып жатуы, екінші жағынан, отырықшылық шаруашы-
лыққа бет бұруға негіз беретін қатынастардың дами бастауы, Ресейдің батыс территориясында бар білім 
мен мəдениетке жол салатын, зайырлы білім беретін мектептердің қазақ даласына келе бастауы сияқты 
қарама-қайшылықты тарихи кезең Ыбрай Алтынсариннің азамат ретінде есейіп, саналы қоғамдық қызме-
тіне  араласуымен  тұспа  тұс  келген.  Оның  өмір  сүрген  өлкесі  Солтүстік  Қазақстаның  тарихи  ресейлік 
облыстармен шекараласып жақын жатуының да өзіндік əлеуметтік-экономикалық нəтижелері болды. Бұл 
аймаққа  Алтайға  дейін  созылып  жатқан  Қазақ  даласының  Шығыс  жəне  Оңтүстік-Шығыс  өңірлеріне 
қарағанда  Ресейдің  батыс  аймақтарында  болып  жатқан  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  ертерек 
жететін еді. 
Ыбрайдың  тұлғалық  дамуына  əкімшілік  қызмет  атқарушы  жəне  өзін  қоршаған  əлеуметтік  ортада 
ігілікті  істерімен  де  танымал  болған  атасы  –  би  Балғожаның  да  зор  игілікті  ықпалы  тиді.  Сол  кезеңдегі 
патша  өкіметінің  қазақтарды  отырықшылыққа  көшіруді  қолға  алуын,  зайырлы  мектептер  мен  кəсіби 
бағытта  білім  беретін  училищелер  ашылуын  қолдаушылардың  бірі  Балғожа  би  болған.  Ол  орыс-қазақ 
мектептеріне қазақ балаларының ақыл-ойын, жан дүниесін дамытатын өркениет мекемесі ретінде қарады. 
Жергілікті  басқарушылар  да  ондай  мектептердің  ашылуын  көшпелі  халық  өміріндегі  үлкен  игілікті 
уақиға деп қарап, ашылу рəсіміне халықты жинап, бəйге жарысын өткізу, дастархан жасау сияқты қызық-
ты шаралар өткізген [2].  
Ыбрайдың  азаматтық,  қоғамдық  тұлғасының  қалыптасып  дамуында  шешуші  роль  атқарған  оның 
орыс-қазақ  зайрылы  білім  мектебінде  алған  білімі  екені  даусыз.  Төрт  мəртебе  мектеп  бітірушілерін 
түлетіп ұшырған, барлығы 48 жас азаматттар үшін білім ошағы болған Орынбор шекаралық комиссиясы 
мектебі жас түлектерге еуропалық, ресейлік білім бұлағынан сусындауға, орыс əдебиеті жəне мəдениеті-
мен  танысуға  мүмкіндік  берді.  1854-ші  жылы  аталған  шекаралық  комиссияның  төрағасы  болып  Санкт-
Петербург  университетінің  филология  факультетін  бітірген  жəне  осы  унверситеттің  профессоры  болып 
қызмет атқарған, терең білімді азамат В.В. Григорьевтің сайлануы мектептің қызметінің мəні мен сапасын 
арттыруға үлкен ықпал етті. Ол ресми биліктің өкілі бола тұра бұратана халық балаларын оқыту ісіне зор 
мəн берді. Шекаралық комиссия төрағасының жас Ыбрайға адами, мəдени жəне қызметтік ықпалы оның 
мектепті аяқтағаннан кейінгі жылдарында да жалғасын тапты. Мектепті бітірген соң шекаралық комиссия 
жанында аудармашы болып қызмет атқарған Ыбрай В.В. Григорьевтің өзімен жəне оның жақын көмекші-
сі Н.Ильминскиймен тығыз арабайланыста болды. Олар Ыбрайдың орыс тілін жеттік меңгеруіне көмекте-
седі.  Керісінше,  Н.Ильминский  Ыбрайдың  көмегімен  қазақ  тілін  білуге  тырысты,  қазақтардың  тұрмыс-
тіршілігіне  қызығушылық  танытты,  өз  бастығының  жазғандарын  орыс-қазақ  мектебі  оқушыларының 
көмегімен қазақ тіліне аударды. Н.Ильминскийдің мұндай ұмтылысының патша өкіметінің қазақ даласы 
бойынша ұстанған саясатын іске асыру үшін қажет болғаны да рас. Қалай болғанда да аталған адамдар-
дың көмегімен Ыбрай орыс мəдениетімен тереңірек таныса түсті. Танысқан сайын өзінің халқын алдыңғы 
қатарлы  орыс  мəдениетіне  үйретуге  деген  құлшынысы  оянды,  оның  мақсатты  құндылық  бағдарына 
айналды. Оның бұл арманын В.В. Григорьевтің Оренбург облысында тағы 4 орыс-қырғыз мектебін ашпақ 
болуы ұштай түсті.  
Сонымен, Ыбрай Алтынсарин 1861 жылы Оренбург қамалы жанындағы мектептің оқытушысы болып 
тағайындалады.  Алайда сол мектептің ашылуы  мəселесімен оған біршама  уақыт шұғылдануға, бірқатар 
бөгет  болған  субъективті  факторларды  жеңіп  шығуға,  реттеуге  күш  салуға  тура  келді.  Осылайша  оның 
ұйымдастырушылық,  педагогикалық  жəне  ағартушылық  қызметі  басталды.  Өзінің  іскерлігі  арқасында 
қамалдың жаңа коменданты, полковник Я.П. Яковлевпен жақсы қатынаста болып, орыс-қырғыз мектеп-
терінің  ашылуына  жəне  өз  қызметіне  оның  жақтаушылық  көзқарасын  қалыптастыра  алды.  Ыбырайдың 
қабілеті  мен  талантын  бағалай  білген  полковник  оның  істеріне  зор  қолдау  жасап  отырды.  Екеуінің 
адамдық  жақсы  арақатынасы  туралы  пікір  1889  жылы  «Оренбургский  листок»  газетінде  атап  айтылған 
болатын [3]. Ы.Алтынсариннің өзін түсінетін жəне сеніп пікірлесе алатын тұлға ретінде жоғарыда аталған 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
44 
Н.Ильминскиймен  хат  жазысып  тұратын.  Кезекті  бір  хатында  Ыбрай  оған  былай  деп  жазды:  «1864 
жылдың 16 наурызында мен көптен күткен мектеп ашылып жұмысын бастады. Оған тамаша ой-өрісі бар 
14  қырғыз  (ол  уақытта  ресейліктер  қазақтарды  «қырғыздар»  деп  айтатын  еді)  ер  балалары  түсті.  Мен 
болсам аш қасқырдың қойды қалай бас салатыны сияқты балаларды оқыту ісіне аса бір ашқарақтықпен 
кірісіп  кеттім.  Барлығы  үш  айдың  ішінде  олардың  орысша  жəне  татарша  оқып  қана  қоймай,  жазу 
жұмысын меңгеріп кеткені мені барынша таң қалдырды [4].  
«Хат»  ғылыми  академиялық  жазудың  бір  өзіндік  жанры  болып  табылады.  Ол  өзімен  бірге  өмірлік 
шындықтың əлеуметтік, саяси, ғылыми мəнді фактілерін жеткізіп, айшықтап беріп отыратын танымдық 
қайнар көздің бірі. Міне, Ыбрайдың да хатында жазылған шынайы əлеуметтік фактілердің өзі хат авторы-
ның тек мұғалім, оқу ісін ұйымдастырушы ретіндегі қаблеті туралы ғана емес, оның ұстаздықдық қабіле-
тінің  қыр-сырын,  шынайы  ұстаздықтың  өз  ақылымен,  жан-дүниесімен,  өз  тəжірибесінде  жасағанын 
баяндап  тұрған  жоқ  па!  Əлеуметтік  санасы  мен  сезімталдығы  тудырған,  халқының  мүддесін  жүрегінің 
дүрсілімен үйлестірген ұстаздық. 
Шынайы  ұстаздар  өз  қызметі  саласындағы  басқалар  жасаған  озық  ойлар  мен  ғылыми-практикалық 
тəжірибелерге де құрметпен қарай отырып, оның озығынан үйренуді жатсынбайды. Ыбрайдың ізденгіш-
тігі мен жауаптылығы оны сол заманғы танымал орыс педагогтарының еңбектерімен, жұмыс тəжірибеле-
рімен де оны таныс етті. Жоғарыда атап айтқанымыздай, Ыбрайдың оқып, білім беру жəне оны ұйымдас-
тыру саласында табысты еңбек еткен өңірінің Ресейдің батыс орталықтарына географиялық-территория-
лық жағынан жақын орналасуы өзіндік қолайлылық тудырды. Өз кезегінде, Ыбрай Алтынсариннің қазақ 
балаларына  білім  беру  жұмысын  ұйымдастырудағы  жəне  ұстаздық  еңбегі  оны  бүкіл  кең  байтақ  қазақ 
даласына танымал етті. Оның қоғам қайраткері ретіндегі аты мен беделі ел ішін аралап кетті. Ыбрайдың 
ел арасын аралап, мектеп жəне кəсіби білімді насихаттап, мектептердің ашылуы үшін ел арасынан қаржы-
лай  қолдау  іздей  жүріп  іске  асырған  ұлан-ғайыр  еңбегі  өз  нəтижесін  бере  бастады.  Мектеп,  зайырлы 
мектеп білімі туралы халық ортасының ой-пікіріне өзгеріс енді. Əсіресе ауқатты қазақ ортаның өз балала-
рына  білім  беруге  деген  ниеттілігі  артты.  Ал  ағартушы-ұстаздың  белсенді  қоғамдық  қызметі  əкімшілік 
жүйелердің де назарын өзіне аудартты.  
1869 жылы Орал жəне Торғай облыстары құрымдалынып, екі облыс Орынбор генерел-губернаторлы-
ғына  бағынатын  болды.  Торғай  уезінің  бастығы  Я.П.  Яковлев  Ы.Алтынсаринді  өзінің  көмекшісі  етіп 
шақырып,  оған  уезд  судьясы  қызметін  жүктейді.  Осы  əкімшілік  қызметте  10  жыл  еңбек  еткен  Ыбрай 
қоғамдық  қатынастардың  қыр-сырына  қанығады.  Қоғам  қайраткері,  саясаткер  ретінде  шыңдала  түседі. 
Талай-талай  əлеуметтік,  саяси  түйінді  мəселелердің  қарастырылуының  ішінде,  əкімшілік  қызметкерлер-
дің  арасында,  халық  арасында  жүріп,  көптеген  өмірлік  құбылыстарды  ой  елегінен  өткізді,  санасымен 
түйсінді. Оның көңіл-күйіне зор əсер қалдырып, жан дүниесін ауыртқан жайлар аз болмады. Оның бірқа-
тарын атап өтсек, мына жағдайларды байқаймыз: қазақ даласын ресейлік билеушілердің пасық өркөкірек-
тігі, жергілікті халықты менсінбеушілігі, оған артта қалған қараңғы, мəдениеті төмен жабайы қауымдас-
тықтар  деп  қарауы  жəне  өз  істеріндегі  осылайша  қатынастары;  қорғаусыз  бұқараның  өзарабайланысты 
екіжақты  қанаушылықтағы  ауыр  жай-күйі;  билік  шенеуліктерінің  өзінің  қарабасының  пайдасын  ғана 
ойлайтыны  мен  халыққа  қатынасты  ешқандай  əділетті  шешім  шығаруға  мүддесіздігі;  туған  халқының 
білімнен шет қалып, қараңғылықтың құрбаны болып отырғандығы. 
Жоғарыда біз қазақ даласын отарлық, діни, əкімшілік жəне экономикалық игеру ісіне патшалық билік-
тің  татар  молдаларын,  сауаты  бар  Еділ  бойындағы  татар  азаматтарын,  саудагер  мен  іскерлерін  кеңінен 
тартып  келгенін  жəне  жаңадан  ашылған  орыс-қырғыз  мектептерінде  сабақтардың  орыс  тілімен  қатар 
татар тілінде жүргізілгенін айтып кеткенбіз. Алайда XІX ғасырдың екінші жартысында империялық билік 
өзінің  тактикасына  өзгерістер  енгізді.  Қазақ  даласының  татарлануының  болашақ  салдарынан  сескене 
бастады. Біріншіден, бір діндегі жəне бір-біріне тілі түсінікті қазақтар мен татарлардың патшалық билікке 
қарсы бірігіп кетуі мүмкіндігі болжамданса, екіншіден, қазақ қауымы ортасын татарландырудың жалға-
суы  қазақ  даласын  орыстандыру  саясатына  бөгет  болатын  фактор  ретінде  қарастырыла  бастады.  Осы 
жағдайда  орыс-қырғыз  мектептерінің  санын  көбейтіп,  онда  орыс  алфавитін  енгізу  дұрыс  деп  табылды. 
Қазақ халқын сауаттандыру мəселесі көтерілді. Саясаттың түкпірінде нендей мақсаттың жатқанына қара-
мастан, зайырлы мектептердің қатары мен онда оқитын қазақ балаларының санының артуы қазақ халқы 
үшін аса маңызды, біліми, мəдени өркениетке жақындатушы прогрестік құбылыс болатыны даусыз еді. 
Ресей  мемлекетінің  ішкі  істер  министрінің  Жоғары  мəртебеліге  жазған  бір  мəлімдемесінде  қазақ 
даласында ашылмақ мектептерді орыс алфавитіне көшіру ісіне байланысты ол өз ойын былайша жеткізді: 
«...аталған əкімшілік шараның негізгі мəні татар тілінің жолын бөгеу арқылы қырғыздарды татарландыру-
ды шектеу.... Саяси тұрғыда Ресей үшін қолайсыз салдар тудыратын жағдайдың алдын алу үшін, кешік-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
45 
тірмей оған қарсы қойылатын шараларды іске асыру қажет болды» [5]. Бұдан біз тіл жəне əліпби мəселе-
сінің мəдениет, сауаттылық пен əлеуметтік арақатынас мəселесінен гөрі стратегиялық саяси мəселе ретін-
де қойылып, қарастырылып жəне шешіліп отырғанын көреміз.  
Орыс-қырғыз  мектептеріне  орыс  алфавитін  енгізу  жұмысына  жергілікті  халықтың  сауатты  өкілдерін 
тарту қажет болды. Сөйтіп, əкімшілік жұмыста жүрседе мектеп, білім мəселесінен қол үзбеген, тіпті қазақ 
тілінде оқулық та жазып үлгерген Ыбрайдың өзі үшін ең таңдаулы, қалаулы қызмет саласына қайта ора-
луының сəті түсті. Ол 1876-шы жылы халыққа білім беру мəселесі талқыланатын үкіметтік отырысқа ша-
қырылып, білім беру саласы министрімен бетпе бет сөйлесті. Кеңес барысында Ы.Алтынсарин Қазақстан-
дағы  əрбір  уезд  орталықтарында  училище-интернат  жəне  əрбір  болыстық  құрылымдарда  көшпелі 
қазақтар балалары үшін орыс-қазақ мектеп-интернатын ашуды ұсынды. Ал ол мектептердің мұғалімдер-
мен  қамтамасыз  етілуі  қалай  болмақ?  Ыбрай  қазақ  тілінде  білім  бере  алатын  оқытушыларды  даярлау 
мақсатында мұғалім даярлайтын мектеп ашуға ұсыныс жасады.  
1879 жылы қоғам қайраткері, оқулық авторы, белгілі педагог Алтынсарин Торғай облысының халық-
тық  училищелерінің  инспекторы  болып  тағайындалды  жəне  білім  беру  саласын  дамыту  жұмысына 
құлшына  кірісіп  кетті.  Тағайындалған  қызметін  атқарған  жылдары  кездесіп  отырған  материалдық  жəне 
субъективтік қиындықтарды қайсарлықпен, біліктілікпен, жоғары мəдениеттілікпен жеңе жүріп, 4 учили-
щені  (оқушылары  екі  сынып  етіп  қабылданып,  4  жыл  оқитын),  болыстықтар  жанынан  7  бастауыш 
мектепті, Омбы қаласыда мұғалімдік мектепті, Торғайда кəсіптік мектеп жəне Ырғыздағы əйелдер мекте-
бін ашып үлгереді. Бұл дегеніңіз сол замандағы уақыт үшін, қазақ даласы үшін теңдесі жоқ əлеуметтік-
мəдени жетістік еді. Білім инспекторы оқу үдерісін білім алушы жастар жəне көшпелі экономика жетегін-
дегі  қазақ  қауымы  үшін  барынша  тиімді  етудің  жолын  да  қарастырып  қойды.  Орыс-қазақ  мектептері 
бағдарламасын оқушыларға алдымен жалпы білім беретіндей, содан соң шаруашылықтарды ұйымдасты-
рып  жүргізуге  бағытталған  арнайы  білім  беретіндей  етіп  бағдарлады.  Мұндай  ғылыми-практикалық 
шараның  жасалып  іске  асырылуы  халқын  ерекше  сүйген,  қолынан  соған  сай  жоғары  білікті  іс  келетін, 
саяси көреген адам ғана істей алатын еді.  
Жалғыз ғана Ыбрайдың əлі де білімділігі жағынан қараңғы-түнектік қалыпта отырған халық арасында, 
халық қамынан алыс жатқан əкімшіл-саяси құрылымдар мен оның субъектілерінің арасында жүріп, толық 
емес  мектептен  алған  білімін  негізге  алып,  өмір  мектебінің  қатал  сынынан  өте  жүріп  істеген  істеріне 
қарай  отырып,  еріксіз  қазіргі  қазақстандық  қоғамның  білімділерінің  бетіне  тура  қарап  тұрып,  көзінің 
тұңғиығына сүңги отырып, «сенің өз халқыңа бергенің жəне берерің қайсы?» деп сұрағың келеді. Ресей 
империясының  қазақ  халқын  орыстандыру  саясатының  советтік  қоғам  жылдарында  да  Мəскеулік 
Орталық тарапынан жалғастырылуына қарамастан, «социалистік» деп аталған қоғам əр адамның балабақ-
шадан  жоғары  оқу  орнын  қоса  алғанда  тегін,  мемлекет  есебінен  білім  алуына  мүмкіндік  берген.  Бұкіл 
білім  жүйесінің  Одақ  көлемінде  біртипті  бағдарламаға  негізделгеніне  қарамастан  білім  сапасы  да  өз 
уақыты  үшін  негізді,  іргелі  сипатта  болғаны  шындық.  Өткен  мыңжылдықтың  60-жылдарынан  былайғы 
уақытта  əрбір  баланың  міндетті  орта  білім  алуға  құқы  болды  жəне  ол  мемлекет  тарапынан  қорғалды. 
Соның нəтижесінде Қазақстан халқы білімділігі жағынан алдыңғы қатарлы елдермен теңесті. Соңғы екі 
ғасыр  түйілісінде  нарықтың  қатынастың  қоғамдық  өмірдің  дерлік  барлық  салаларына  ентелеп  енуімен 
байланысты жаңа Қазақстанның білім саласы да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Мемлекеттік оқу орында-
рымен қатар жеке меншік білім институттары, атаулы элиталық мектептер бой көтерді. Орта мектеп білі-
мінің баршаға қолжетімділігі сақталуда. Білімге құштар жастардың мемлекеттік грантты жеңіп алып, жо-
ғары жəне жоғарыдан кейінгі тегін білім алу мүмкіндігі бар. Бүгінгі жағдайда Қазақстан қоғамы жоғары 
білімділер саны жағынан  алдыңғы қатардағы  мемлекет. Тек сұрақ біреу:  «Бір ғана Ыбрай  Алтынсарин- 
нің өз халқы үшін істеген ісін қазіргі отандық жоғары білімді жəне жоғарыдан кейінгі білімі бар азамат-
тардың санына көбейтетін болсақ, қандай сан мен сапа шыққан болар еді?»  
Мал  өсіріп,  көшпелі  шаруашылықпен  тіршілігін  жасаушы  қазақ  халқының  табиғат  құбылыстарына 
толық  бағыныштылығы,  тек  мал  шаруашылығын  күнкөріс  көзі  жасап  келген  ауыл  адамдарына  сирек 
кездеспейтін  «жұт» деп аталатын апатқа ұшыруына  байланысты ауыр  тұрмыс-тіршілігі Ыбрайды қатты 
қиналдыратын.  Оның  мектеп  бағдарламасына  кəсіби  білім  беруді  үйлестіруінің  түпкі  мақсаты  көшпелі 
ауылдардың отырықшы шаруашылыққа бет бұруы үшін біліми алғашарт жасау болатын. Мектеп қабыр-
ғасында  кəсіби  білімнің  негіздерін  меңгерген  қазақ  жастарының  дала  жұртын  отырықшы  шаруашылық 
түрлеріне  бетбұрғызар,  ақыл-кеңес  беріп  қана  қоймай,  кəсіби  істерін  жүргізуге  бастама  көрсетер  деген 
үміт оты жүрді жүрегінде. Болыстық басқару құрылымы жанынан ашылған 7 мектепке 211 оқушы қабыл-
данған  болатын,  оның  165-і  қазақ,  46-сы  орыс  балалары  еді.  Бұлар  оның  жұрегіннің  түбіне  ұялаған 
əлеуметтік-экономикалық жəне əлеуметтік-саяси үмітінің алғашқы алыпбарушылары болатын. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
46 
Ы.Алтынсариннің  өзі  үшін  де  жəне  қазақ  даласы  үшінде  аса  маңызды  тарихи-мəдени  уақиға  болған 
оның əлеуметтік ойы мен білімінен туындаған «Қырғыз хрестоматиясының» жарық көруі. Орыс алфави-
тінде  жазылған  алғаш  қазақша  оқулық!  Қазақ  қауымы  тарихындағы  зор  мəдени-білімдік  жетістік.  Əрі 
өзінің  ғылыми-шығармашылық  еңбегі  арқылы  ол  үкіметтің  бұратана  халық  арасына  орыс  алфавитін 
енгізу  саясатын  тиімді  іске  асырды.  Олай  болмағанда  мектептердің  ашылуы  екіталай  еді.  Ең  бастысы 
Ыбрай  өзінің  түпкі  арманын  іске  асыру  жолында  аянбай  еңбек  етті.  Оның  түпкі  мақсаты  қазақ  халқын 
алдыңғы  қатарлы  орыс  мəдениеті  арқылы  озық  мəдениеттермен  таныстыру,  білімді,  ғылымды,  əдебиет 
мəдениетін халық арасына тарату, осы жолмен қазақ даласының алдыңғы өркениетке ұмтылысын тудыру. 
Оның арманы қазақ халқын өркениеті жан-жақты дамыған халықтар қатарынан көру еді. Өз заманында, 
көшпелі жəне отарланушы əлеумет жағдайында жалғыз өзі ондаған, кейде жүздеген білімі бар жандардың 
қолынан келе бермейтін іс атқарды. Оның жоғары мəдениеті, мақсатты қызметі мен біліктілігі қалыптас-
қан  қайшылықты  жағдайларда,  төңірегінде  топтасқан  қарсыластары  арасында  жүріп  қоғамдық  жəне 
стратегиялық мəнді істерді атқарып үлгерудің жолын тапқызды. Ыбрайдың саяси, əлеуметтік, шығарма-
лық еңбегі ғана кейінгі ұрпақ үшін жасалған интеллектуалдық мұра ғана емес, оның өмір жолы, əлеумет-
тік, саяси ұстанымдары, іс-əрекет тактикасы, қиындықтан жол табу əдістері өзіндік үлкен өмір мектебі. 
Мыңмен  жалғыз  алыстырған  заманда  жақсы  адамдардың  жанынан  табылуы  баға  жетпес  игілік  емес 
пе. Əрқайсысының өзінің қызметтік міндеті мен билік алдындағы парызы болуына қарамастан, Ыбрайға 
достық  жылы  сезіммен,  адами  зор  сеніммен  қарап,  сенімді  арақатынас  орнатушы  тұлғаларға  да  кейінгі 
ұрпақтың  ризашылық  ниетімен  қарайсың.  Қызметінің  əлеуметтік  сипаттары  арасындағы  елеулі  қайшы-
лықтарға  қарамастан,  адами  қасиеттер  арасында  бір-біріне  деген  рухани,  мəдени  тартылыстың  болып 
тұратынына  сене  түсесің.  Дегенмен  бір  нəрсе  анық.  Қазақ  даласын  билеп  төстеуші  патшалық  империя 
саясатына қызмет етуші жоғарыда аталған офицерлердің Ыбрайға деген достық көңілі мен құрметтеуші-
лік сезімі ең алдымен Алтынсарин тұлғасының өзінің жоғары мəдениеттілігіне, білімділігіне, ізденімпаз-
дығына, адамгершілігіне, басқа халықтар бойындағы жақсыны көре жəне құрметтей білуіне негізделген.  
Ыбрай  Алтынсарин  ұлт  мəселесін,  қазақтардың  атақ  сүйгіштігін,  олардың  əдет-ғұрыптары  мен  салт-
дəстүрлерін, отбасы мен неке қатынастарын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты [6]. 
Алтынсарин Ыбрайдың стратегиясы – бүкіл қазақ даласын сауаттандыру, барлық балалардың мектеп-
тен білім алуы, кəсіби білім жүйесінің дамуы, сол білімді алыпбарушы мұғалімдердің даярлануы, мектеп-
тер  қызметінің  қарапайым  халықтың  тұрмыс-тіршілігене  бейімделіп  құрылуы,  туған  халқының  басқа 
халықтар мен елдердің озық білім мен мəдениеттен сусындап, өркениетке білімділік жолымен көтерілуі. 
Ол отарлықтан азаттық алудың, таптық жіктелу мен кедейшіліктен арылудың, əлеуметтік əділеттікке қол 
жеткізудің басты жолын білімнен, білім мен мəдениеттің үйлесімінен көрді. Сонымен қатар оның ағарту-
шылық  қызметі  тек  халыққа  ғана  арналып,  бағытталған  жоқ.  Ол  өзінің  жемісті  жəне  жеңісті  істері 
арқылы,  өмірлік,  қоғамдық  ұстанымдары  арқылы  айналасындағы  əкімшілік  субъектілері  мен  жергілікті 
ауқатты  қабат  санасын  да  ағартумен  шұғылданды.  Өзінің  тынбай,  шаршасада  шаршамай,  қиналса  да 
қиналмай жүргізген əлеуметтік жəне саяси тəрбиелеу жұмысының елеулі жемісін де көріп үлгерді. Басты 
жеміс  –  қазақ  даласында  бой  көтерген  зайырлы  мектептер,  мектептер  үшін  мұғалім  даярлау  мектебінің 
ашылуы,  осы  мектептерді  бітірген  жастардың  қазақ  даласының  шамшырағы  ретінде  бой  көтерулері, 
Ыбрайдың тек білімін ғана емес, бүкіл əлеуметтік-саяси ойының бейнесі ретінде жазылып, жарық көрген 
ғылыми-практикалық еңбектері, қазақ даласының білімге ден қоя бастауы, білім арқылы əлеуметтік-саяси 
оянуының алғышарттарының пісіп-жетіле бастауы.  
 
1.
 
Алекторов А.Е. Материалы для изучения страны, истории и быта киргизов. - Оренбург, 1892. - С. 2. 
2.
 
Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Тургайской областии совремнное его состояние. -
Оренбург, 1896. - С. 38. 
3.
 
«Оренбургский листок». 1989. - №31. 
4.
 
Ильминский Н. Воспоминания об И.А. Алтынсарине. - Казань, 1895. – С. 35. 
5.
 
ЦГИА, КазССР, ф.23, оп.1, д.2022, лл.3-4. 
6.
 
Əбсаттаров Р.Б. Қазақстан саяси ілімінің кейбір мəселелері // ҚазҰПУ Хабаршысы. Əлеуметтік жəне саяси 
ғылымдар сериясы. 2007, - №3. - 109-110 бб. 
 

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет