Хабаршы вестник «Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата16.06.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 
Өгізді өлеңге байладық, 
Өрлікті төменге байладық. 
Алдияр тақсыр алдына келіп, 
Берсең алдық, бермесең қалдық, 
Сөзді өзіңе салдық,
 – деп сыпайы қайырған екен. Асып-тасып тұрған Қонтажы Тайкелтірдің төмендеп 
сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып: «Олай болса, кешке дейін бір жауап қайтарармын. Жауап қатпайтын 
күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да жөн болар»,- депті. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан 
ешкім шыға қоймайды. Сол кезде есік жақта отырған Қазыбек орнынан ұшып тұрып, хан Бертіске: 
Ерден ердің несі артық, 
Ептестірген сөзі артық, 
Малдан малдың несі артық, 
Бір-ақ асым еті артық. 
Жерден жердің несі артық, 
Бір-ақ уыс шөбі артық. 
Міндетіне алған сөзден шегінгеннен 
Өлген аюдың өті артық. 
– дейді де, Қонтажыға жетіп барып: «Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат!» – 
деп рухсат сұрағаннан кейін:  
«Біз  қазақ  деген  мал  баққан  елміз,  бірақ  ешкімге  соктықпай  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  күт-береке 
қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз,  ешбір дүшпан басынбаған 
елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дəмі, тұзын ақтай білген елміз, 
асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан 
қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 
Сен қалмақ та, біз қазақ, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
29 
Қарпысқалы келгенбіз, 
Сен темір де біз көмір, 
Еріткелі келгенбіз, 
Екі еліктің лағын  
Теліткелі келгенбіз. 
Танымайтын жат елге, 
Танысқалы келгенбіз, 
Танысуға келмесең, 
Шабысқалы келгенбіз, 
Сен қабылан да, біз арыстан, 
Алысқалы келгенбіз, 
Жаңа үйреткен жас тұлпар, 
Жарысқалы келгенбіз, 
Тұтқыр сары желімбіз 
Жабысқалы келгенбіз, 
Берсең жөндеп бітімді айт, 
Бермесең дірілдемей жөніңді айт, 
Не  ұрысатын  жеріңді  айт!»
  –  деп  қаһарын  төге  сөйлейді.  Сонда  Қолғажы  не  дерін  білмей  сасып 
қалыпты (17). 
Міне, осылай елінің асыл қасиеттерін төгілтіп, екпіндетіп, жеріне жеткізе толғаған Қазыбек осы сапар-
дан ел намысын қолдан бермес қас батырдай олжалы оралады. 
Үш  жүздің  ішіндегі  шешуі  қиын,  ең  күрделі  мəселелердің  басы  қасында  жүріп,  хандардың  сенімді 
ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек əр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, 
оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Əбілқайырды қастандықпен өлтірген-
де,  Қазыбек  былай  деп  төрелік  айтады:  «Уай,  Барақ!  Елдің  саулығын  қашырып,  қаскөйдің  жаулығын 
бастадың  сен.  Бəрінен  бұрын  сен  адамзаттың  өмірін  ұрлап,  өлімге  орын  босаттың.  Ханыңды  қарадай 
өлтірсең,  халқыңды  қынадай  қырарсың.  Жауыздың  қақпасын  ашсаң,  қанын  судай  шашарсың.  Ал  енді 
еліңді ығыр қылғың келмесе, жүрегіңнің ізгілігі өлмесе, тесікті өзің бітеп, жараны өзің жазып ал. Өлген 
тірілмейді, өшкен жанбайды. Өлгеннің ісін жалғастырып, өшкеннің отын тұтатсаң, өмір азбайды, шырақ 
қайта маздайды. ..Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің 
бірі, Барақ!» деуі, ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мəжбүр 
етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек. 
Шоқан Уəлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай 
ханнан  үш  жүздің  батырларының  ішінен  кімді  ерекше  құрметтейсіз  деп  сұрағанда,  ол:  «Бізге  дейінгі 
ерлерден  екі  кісіге  таңқалуға  болады.  Оның  бірі  90  туысын  Қалдан  Сереннің  тұтқынынан  құтқарған 
қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісəлі. Мұның алғаш-
қысы  Қалданға  өзі  барып,  сұрап  алды.  Соңғысы  өзінің  аулында  отырып,  жауын  қорқытып  алды»  деп 
жазады  (18).  Бұл  заманында  ақылымен  қатарынан  озған  дана  биіне  ел  басшысының  берген  нақ  та  əділ 
бағасы еді. 
Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өле-өлгенше ұзақ та нəтижелі өмір 
кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты Қазыбек. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның 
Орта  жүзінің  тізгінін  берік  ұстаған  беделді  биі,  əділ  қазы,  асқан  талант  иесі.  Тəуке  ханның  беделін 
беркітіп, халқының бірлігін нығайту, қаптаған қалың жоңғарға қарсы ерлік күрес ашып, ер жүрек қазақ 
ұлдарын  ел  мүддесін,  ұлтының  ар-намысын  қорғауға  үндеп  өткен  дана  басшы,  салиқалы  сөз,  салмақты 
мінез  танытып,  жастайынан  ақыл-парасатымен  жоғарыдан  көрінген,  өзіндік  жол-жосық  бастаулары  бар 
ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын-түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз 
маржанын жеріне жеткізе, сезіндіре серігілте сөйлеп, күмəнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-
тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты, əділетті жақтаған абзал 
азамат. Халқымыздың басына қайғылы күн туып, берекесі кеткен ауыр заманында ел жұртын сақтап қалу 
үшін  өмірін  сарп  еткен  ардагер  асқан  ақыл  иесі.  Қара  түнек  қаптаған  қазақ  аспанына  өмір  сəулесін 
шашқан жарық жұлдызы. 
Жоңғардың  басым  кезінде,  оның  аузынан  от  шашқан  қонтайшыларынан  жасқанбай,  ешбір  қатерден 
қорықпай, өзіне төнген найзаның бетін қайтарарқаһарлы тапқыр, алғыр, батыл қимылдарын, өжет сөзде-
рін  қоя  білген  ер  жүрек  адам.  Қонтайшылардың  үш  рет  тонап  кеткен  елінің  есесін  ол  осы  бір  қасиетті 
істері арқылы түгел қайтарған екен. Қара күшке қасқайып қарсы барып жеңіске жеткен. 
Қазыбектің: 
"Алтын ұяң – отаның қымбат,  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
30 
Қүтбереке – атаң қымбат, 
Мейірімді анаң қымбат,  
Асқартауың, – əкең қымбат,  
Туып өскен елің қымбат,  
Кіндік кескен жерің қымбат,  
Ұятпен ар қымбат, 
Өзің  сүйген  жар  қымбат"
–  деген  сөздері  қазақ  жастарының  ғасырлар  бойы  өнегелі  өсиет  ретінде 
естерінде сақталып келеді сақтала бермек. 
Іргелі билеріміздің бірі – Əйтеке би. Ол казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты 
үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Əлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Əмір Темірдің бас кеңес-
шісі  Ораз  қажының  бесінші  ұрпағы.  Əйтеке  Қоканға  (1622-1635)  хан  болған  Ақшаның  немересі, 
Самарқан өмірі (1622-1656) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Əйтеке бес жасында ауыл молдасы-
нан сауатын ашқан.  
Шешендік касиетінің ерте танылуына əкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда 
жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен  Жалаңтөс баһадүр Əйтекені өз тəрбиесіне алады. Ол өуелі 
Самарқандағы  Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сəн-сəулетімен əйгілі "Тіллə-
кари"  (Алтынмен  апталған),  "Шердор"  (Арыстанды)  медресесінде  оқиды.  Дін,  құқық,  аспан  əлемі, 
жағырапия,  тарих, математика пəндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады.  Əйтеке 
Ақша  атасынан  ел  басқару,  елшілік  байланыстар  жасау  жолдарын  үйренсе,  Жалантөс  атасынан  əскери 
қолбасшылық  дəстүрлер  мен  дағдыларға  жаттығады.  Баланын  он  екі  жасында  Жалаңтөс  атасы,  он  бес 
жасында Ақша атасы дүниеден озады. Əйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, əкесі Байбек-
пен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.  
Сөйтіп, жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама 
жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 
ж. Салқам Жəңгірдің жасы үлкен балалары Уəлі мен Бақыны емес, кішісі Тəукені хан етіп сайлауға казақ 
халқының  бетке  ұстарлары:  Əнет  баба,  Соқыр  Абыз,  Едіге,  Майлы,  Төле,  Қазыбек,  қарақалпақ  Сасық, 
құрама  Мұхаммед,  қырғыз  Қоқым  билермен  бірге  Əйтеке  би  де  айрықша  ат  салысты.  Тəуке  тақка 
отырғаннан  кейін  алғаш  рет  ресми  түрде  айрықша  құқықты  "Хан  кеңесі"  сайланды.  Əйтеке  Кіші  жүз 
жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды. Осы кезде бұрынғы "Қасым салған қасқа жолдың" "Есім 
салған ескі жолдың" заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң  үлгілерін 
жасау  қажеттігі  туды.  Тəуке  хан  жəне  жоғарыда  аталған  билердің  қатысуымен  1684  ж.  "Жеті  жарғы" 
қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. 7-6 ғ.) терезесі тең 
бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың əл-аукатының артуына, ата дəстүрлеріміз-
дің сақталуына, ұрпақ тəрбиесіне қосқан үлесі зор болды. 
"Жеті жарғыға" Əйтекенін ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол – "Сүйек құны”, "Өнер 
құны".  1685  ж.  Əлі  сұлтан  мен  қарапайым  халық  арасындағы  бір  жан-жал  үлкен  дауға  айналып  кете 
жаздайды.  Əлі  сұлтанның  есерсоқ  баласы  бір  кедейдің  сұлу,  акын,  əнші-домбырашы  қызына  дегеніме 
көнбедің деп əбден өшігіп алады. Бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне 
көзі  жеткен  жігіт  бір  күні  қыз  қызыл  орамал  тартып,  үйден  ұзай  бергенде,  бүркітін  шүйітіп,  қастандық 
жасайды.  Бүркіт  кыздың  басын  мылжалал  өлтіреді.  Ашынған  ағайындары  төреден  құн  сұрайды.  Əлі 
сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит косып куып жібереді. Ақыры, ел арасы "төрежак,", 
"қаражак," болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Əйткеге келіп өтініш жасай-
ды.  Əйтеке  қасына  сіргелі  батыры  Казыбекұлы  Жабайды,  байбақты  батыры  Шоланды  ілестіріп  Əлі 
сұлтанға  барады.  Əйтекенің  айбарынан  ығысатын  Əлі  сұлтан  амалсыз  құн  төлеуге  келіседі.  Алайда 
Əйтеке  қыз  құнына  косымша  оның  өнерлі  екенін  айтып,  "өнер  құнын"  жəне  қыздың  жоктаушыларын 
келеке  кылып,  сүйек  сындырғаны  үшін  "сүйек  құнын"  төлеуді  талап  етеді.  Бұл  екі  құнның  əрқайсысы 
негізгі  құнның  жартысына  тең  екен.  Сөйтіп  Əйтекенің  каһарынан  қаймыққан  Əлі  сұлтан  толық  екі  қүн 
төлеуге  мəжбүр  болады.  Бұл  Əйтекенің  ата  дəстүр-салтына  жетіктігімен  бірге  өнерге,  өнерлі  адамға 
айрықша құрметін көрсетеді. 
Əйтеке шешендігімен, "қара кылды қақ жарған" əділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол 
бастаған  батыр  да.  1685  ж.  Нұрата  маңына  шабуыл  жасаған  Қалдан-Бошактының  он  мың  жасағына 
Нұрата,  Қыз  Бибі,  Ақтау,  Тамды,  Кенимех  төңірегіндегі  алшындар  мен  қарақалпақтардан  жəне  құрама-
лардан жиналған бес мың кол əскерімен Əйтеке қарсы аттанады. Ол əуелі Қалдан-Бошақтының өз əкесі-
нен  емес,  есігінде  жүрген  қытай  құлдан  туғанын  бетіне  басып  жерге  каратады.  Ізінше  жан  алып  -  жан 
берген  соғыс  басталады  да,  бір  күнге  созылады.  Келесі  күні  Əйтекеге  Самарқаннан,  Бұкарадан  қалың 
əскер көмекке келе жатыр деген кауесетті естіп, Қалдан-Бошақты негізгі жасағы калған Сайрам төңірегіне 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
31 
шегініп кетеді. Сол жылы Сайрам талкандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген "Хан кеңесі" болмай 
қалады. Бұдан кейінгі қазақ жиыны Қарақұмда жəне Тəуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болға-
ны тарихтан мəлім. 
Қазақ  сахарасына  көз  тіккен  көрші  елдерден  қауіптенген  Əйтеке  би  1698-99  жж.  Түркістанда  өткен 
үлкен екі жиында бірнеше ұтымды ұсыныстар жасайды: 
Ресеймен,  Қытаймен  не  басқа  бір  елдермен  одақ  жасаудың  ешбір  кисыны  жоқ.  Олардың  көксегені 
терезесі тең одақ емес, қазақтарды қайткенде де бодан елге айналдыру. Қазақ жұрты əлі де іргесі мықты 
ел бола алады. Өйткені қарамағындағы қарақалпақтар мен кұрамаларды есептемегенде, əлі өз жұртынан 
сексен  мыңдык,  кол  жинай  алады.  Шекара  аймактарында  əскери  соғыс  əдістеріне  үйретілген  жасақтар 
ұстайық. Шекараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік. 
Мал-мүлікті  аямайық.  Ресейден,  Қытайдан,  Хиуадан  жəне  Бұқара  мен  Түріктерден  қару-жарақты 
ептеп  сатып  алайык.  Əскери  əдістерге  əбден  жетілген  тұрақты  жасақ  ұстау  үшін  керекті  каражатты 
төрелерден, сұлтандардан, ауқатты адамдардан жинайық... 
Бүкіл  қазақ  жасағы  бір  қолбасшыға  бағынсын.  Қолбасшы  Ресей,  Қытай,  Түрік  не  Еуропаның  əскери 
өнері жетік бір елінде оқытылсын. Ол өзі шешен, батыр, көпті көрген көсем, елшілік жұмыстарды жақсы 
білетін адам болсын. Ол тек "Хан кеңесіне" ғана бағынатын жəне айрыкша құқықты адам болсын. 
Қолбасшы  қарадан  шыккан  адам  болсын.  Өйткені  төре  арасы  тату  емес,  қай-қайсысы  да  хандық 
жолында қарабастарын ойлаудан əрі аса алмайды дейді. 
Бұл  Əйтекенің  мемлекеттік  саяси  мəселелеріндегі  көрегендігін  көрсеткен  еді.  Əйтекенің  бұл  ұсыны-
сын  Төле,  Қазыбек  сынды  ел  басқарған  билер  қолдайды  да,  мол  шығынды  ауырсынған  байлар 
қолдамайды. 
Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан орыс-казак жерін торлап, шекараға əскер-
лерін шоғырландырған қиын күндерде Əйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді 
қорғауға белсене араласады. Мəртөбе мен Күлтөбеде күнде жиын кезінде алты алашты аузына қаратқан 
сол үшеудің біреуі – орақ ауыз, от тілді Əйтеке би ел басына терістік шығыстан қара бұлт үйіріліп келе 
жатқан қарсаңда бір мақсатта тізе ажыратпай талай жыл бірге күрескен серіктерін тастап, дертті болып, 
ата  жұртына  –  Нұрата  тауына  оралады.  Ол  дерт  Алланың  жіберген  ауруы  емес,  «Тура  би  туғанына 
жақпайды»  деп,  ел  тағдырына  қатысты  мəселеде  бет  пен  беделге  қарамай  турасын  тіліп  айтқан  бидің 
сөзін кек тұтқан сұлтандардың қастығы еді. 
Ата жұртқа келер алдында Төле би, Қазыбек би секілді үзеңгілес серіктеріне сəлем ретінде жолдаған 
ұзақ  толғанысында  Əйтеке  би:  «Елінен  айырылған  ер  бақытсыз,  жерінен  айырылған  ел  бақытсыз. 
Құдайым  ондай күнді маған көрсетпегей!» деген екен. Елім деген ердің  тілегі ақ қой қашанда. Көкірегі 
даңғыл дана би өзі тілегеніндей елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрмей, бұ жарық дүниемен 
хош айтысты. 
Ел аузында Əйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз 
əңгімелер  мен  жырлар  да  жеткілікті.  Соның  бірі  авторы  беймəлім,  "Əйтеке  би"  деген  ұзақ  дастан.  Биді 
халық  "айыр  тілді  Əйтеке"  деп  атаған.  Əйтеке  қайтыс  болғаннан  кейін  Нұрата  тауы  маңын  мекендеген 
төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. 
Сонымен,  үш  бидің  сыншысы  халқы  болды.  Күлтөбенің  басында  хан  сайлап,  жер  дауы,  жесір  дауы, 
билік,  мемлекетаралық,  тағы  да  басқа  мəселелерді  шешіп  болғаннан  кейін  үш  би  ауылдарына  қайтпақ 
болған.  Қоштасарда  үшеуі  үш  жүздің  ынтымағының  шайқалмай,  іргелі  ел,  тұтас  мемлекет  болуына  не 
қажет дегенді қалай ойлайтындықтары жайында мынандай толғау жолдарын қалдырған екен. 
Шешендіктен не пайда, 
Артында сөзі қалмаса. 
Батырлықтан не пайда, 
Халқына қайран қылмаса. 
Хандықтан не пайда, 
Қарашасын жалмаса. 
Модалықтан не пайда, 
Шариғатты өзгертіп, 
Нашарларды алдаса, –
 десе, Қазыбек би былай дейді: 
Үй жанында биік төбең болса, 
Ол ерттеулі аттан кем емес. 
От басында білгір қартың болса, 
Ол жазылған хаттан кем емес. 
Ей, біз, үш жүз, қазақ керіпейік, 
Асылы бізге керіскен жөн емес. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
32 
Үшінші болып Əйтеке тұжырыпты: 
Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ, 
Біз, үш жүз, керіспейік, келісейік. 
Ал, керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей, 
Хандық түгіл, ондық та жоқ. 
Мен жиырма тоғыз рудан құрылған Кіші жүзбін, 
Əрі көппін, əрі батырмын, əрі бимін. 
Керісер болсақ, 
Осы үшеуі маған жайсыз, сендерге жоқ! (19). 
Міне, үш жүздің бір-біріне жақындасуын, олардың арасында болатын дау-дамай, айтыс-тартыстарды 
жанжалсыз шешіп отырудың ұтымды түрлерін үлгі етіп қалдырып кеткен Төле, Қазыбек, Əйтеке билер-
дің даналығы бүгінгі ұрпақ үшінүлгі-өнеге. Өрелі, өркениетті ел болу үшін ынтымақ, бірілік, адамгерші-
лік  қадіріміз  бен  қасиетімізді,  ата-бабаларымыздан  мұра  болып  келе  жатқан  салт-дəстүрлерімізді, 
сонымен  бірге  олардың  ұщқыр  саяси  ойларын  заманға  сай  жаңғыртып,  бүгінгі  күннің  керегіне  жарату 
біздің міндетіміз. 
 
1. Зиманов С., Өсеров Н. Қазақ əдет-ғұрып заңдарына шариаттық əсері. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 4-5 бб. 
2. Левшин А.И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордасы мен даласын суреттеу. Ақиқат, 1993-№3 - 54-64 бб. 
3. Қайрат Мəми. Билер соты – əлемдік құндылық//Егемен Қазақстан. 17 мамыр, 2008.  
4. Сонда. 
5. Дала уəлаятының газеті. 1888, - 51 б. 
6. Валиханов Ч. Собр.соч. Т.1., - Алматы, 1961. - С. 107. 
7. Бектаев Қ., Қалдыбаев М. Төле би – саяси қайраткер, дипломат, психолог. - Шымкент, 1993, - 10-11 бб. 
8. Алимжан К.А. Суд биев как обычно-правовое учреждение и институт обычного права//Право и государтсво. 
1998. - №3, - с. 105-106. 
9. Қазақ əдет-ғұрып құқықтық материалдары, - Алматы, 1996. - 90 б. 
10. Бектаев Қалдыбек, Қалдыбаев Мамытбек. Төле би – саясаткер, дипломат, психолог. - Шымкент, 1993 - 49 б. 
10. Төле би. - Шымкент, 1991. - 73 б. 
11. Сонда, - 79 б. 
12. Бектаев Қ., Қалдыбаев М. Төле би – саясаткер, дипломат, психолог. - Шымкент, 1993. - 59-61 бб. 
13. Сонда, - 63 б. 
14. Сонда, - 86 б. 
15. Сонда. 
16. Сонда, - 87 б. 
17. Негимов С. Шешендік өнер, - Алматы: Ана тілі, 1997, - 57-58 бб. 
18. Валиханов Ч. Собр.соч. Т.1., - Алматы, 1961. - С. 222. 
19. Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері, - Алматы: Жалын, 19936 - 131-132 бб. 
 
Түйін 
Бұл мақалада қазақ даласындағы ойшылдардың, оның ішінде қазақ билерінің саяси ойлары саяси ғылым тұрғы-
сынан қарастырылады.  
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  политические  мысли  казахских  степей,  среди  них  казахских  биев  с  точки  зрения 
политической науки. 
 
Summary 
In article political thoughts of the Kazakh steppes, among them Kazakh биев from the point of view of political science 
are considered.  
 
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏДЕНИЕТІН САЯСИ ЗЕРТТЕУДЕГІ 
ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР 
 
Ғ.Р. Əбсаттаров – с.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультеті деканының орынбасары 
 
Жалпы құқықтық мəдениет мəселелерін зерттеу Қазақстан жастарының құқықтық мəдениеті жөніндегі 
ізденістердің  ерекшеліктерін  айшықтауға  теориялық-методологиялық  негіз  салды.  Осыған  байланысты 
қазіргі  таңда  ғылыми  əдебиеттерде  ұстанушыларына  қарай:  қазақстандық  –  жеке  тұлғаның  құқықтық 
мəдениетіне  жəне  жалпы  қазақстандық  қоғамның  құқытық  мəдениетіне  байланысты  Қазақстанның 
құқықтық мəдениетінің екі концепциясы бар екендігін айтып өткен жөн.  
Қазақстан  қоғамының  құқықтық  мəдениеті  өз  кезегінде  қарқынды  дамып  жатқан  құбылыс  ретінде 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
33 
қарастырылатын құқықтық өмірдің сапалылық жағдайы жəне қоғамдық сана: ішінде құқықтық көзқарас-
тар,  қағидалар,  құндылықтық  бағыттар  жəне  басқа  да  құқықтық  сананың  көріністерінің  алуан  түрін 
қамтыған.  
Қазақстандық-тұлғаның құқықтық мəдениеті дегеніміз – бұл қазақстандық  тарапынан игерген құқық 
дəрежесі, азаматтардың құқықтық білімдарлығының дəрежесі, білімділігі, оның құқықтық білімділігінің 
деңгейін білдіретін жəне оның құқытық тəрбиесі деңгейі тұрғысынан қазақстандықтың жүріс-тұрысы мен 
құқықтық сана мінездемесінің сапалылық категориясы.  
Қазақстандық-тұлға мен қазақстандық қоғамның құқықтық мəдениетіне қатысты келтірілген анықта-
маларда қазақстандық қоғам қоғамға да, қазақстандық-тұлғаға да қатысы бар құқықтық мəдениет түсінігі-
не тəн кейбір ортақ тұстарды табуға болады, дəлірек айтқанда құқытық көріністің сапалылық мінездемесі.  
Қазақстан  ғалымдарының  кейбіреулерінің  пікірінше  мұндай  сапалылық  мəдени-құқықтық  бағытпен, 
оны іске асыру жұмыстарымен жəне аталмыш жұмыстардың нəтижелерімен байланысты. 
Бұл ұстанымдар тұрғысынан қарағанда мəдени құқықтық бағыттардың болуы қазақстандық-тұлғаның 
даму  деңгейі  ретінде:  оның  заңдар  мен  құқықтық  идеяларды  қабылдауға  даярлылығы,  онда  іскерлік 
қабілеті мен құқықтық шынайылылықты бағалай білу қабілеті анықталады. 
Келесі  кезекте,  құқықтық  мəдениет  –  бұл  қазақстандық  тұлғаның  қазақстандық  қоғамда  қызмет 
атқаруы, осы үрдіс барысында қазақстандықтың қабілеті, біліктілігі, меңгеруі, құқықтық интеллектісінің 
эволюциясы.  
Құқықтық мəдениет мəдени-құқықтық қызметтің нəтижесі ретінде, білімділік пен біліктіліктің берлгілі 
бір деңгейдегі қосындысы жəне оның потенциалы болып көрініс табады.  
Қазақстандық-тұлғаның құқықтық мəдениеті құқықтық тəжірибе, құқық игеру, жеке тұлға қабілетінің 
дамуы мен оның азаматтық сипаттары негізінде құқықтық санасының қызмет атқару барысын көрсетеді. 
Қазақстандық  –  тұлғаның  құқықтық  мəдениеті  жеке  тұлғаның  құқықтық  дамуының  мінездемесі  мен 
оның құқықтық қызметін қамтамасыз ететін деңгейін көрсетеді.  
Бұл қызмет құқық саласындағы қызметінің нəтижесімен қатар жүреді. Қазақстандық қоғам мен қазақ-
стандық-тұлғаның үзіліссіз құқықтық қатынасы жүріп отырады. Шынайылықта бұл қазақстандық-тұлға-
ның құқықтық мəдениеті қазақстандық қоғамның құқықтық мəдениетінсіз, жəне керісінше қазақстандық 
қоғамның  құқықтық  мəдениеті  қазақстандық-тұлғаның  құқықтық  мəдениетінсіз  бола  алмайтындығын 
білдіреді. Қазақстандық-тұлғаның құқықтық мəдениеті өз мазмұнына əлеуметтік-құқықтық жиынтықтар 
сияқты  өзге  де  жалпы  мəдениетке  тəн  белгілерді  қамтыған.  Бір  ғана  жекелеген  қазақстандық-тұлғаның 
құқықтық мəдениеті – бұл жалпы қазақстандық қоғамның, ұжымдық, қазақстандық халықтықтың құқық-
тық мəдениетнің бір бөлігі. Құқықтық мəдениет əлеуметтік-мəдени, саяси құбылыс сияқты бірегей болып 
табылады.  
Осындай қисынды ойға сəйкес құқықтық мəдениет субъектісі болып табылатын барлық қазақстандық 
қоғам  мен  қазақстандық-тұлға  «ортаңғы»  жекелік  мазмұндағы  құқықтық  мəдениет  арқылы  зерттеледі, 
оның ішінде Қазақстан жастары деген тұжырым жасалуда.  
Қазақстандықтың  тұлғасы  əлеуметтік  жан  иесі  ретінде  қоғамдық  қатынастардың  айнадағы  көрінісі 
емес. Жекелеген қасиеттері болғандықтан, қоғамдағы əр түрлі жағымды жəне жағымсыз тұстағы дүмпу-
лерін қабылдай отырып кез келген қазақстандықтың басқа адамнан, оны басқа қазақстандықтан ажырата-
тын өзгеше ерекшеліктері қалыптасады. Қазақстандық-тұлға – ортаның əрекетсіз объектісі емес керісінше 
оның  белсенді  қатысушысы  болып  табылады.  Қазақстандық-тұлғаның  даму  ерекшеліктері  мен  қызмет 
атқаруы,  құқықтық  мəдениетін  зерттеу  барысында  оның  қажеттіліктері  мен  қызығушылығы,  жекелеген 
мақсаттарының  айшықталуы,  қоршаған  ортамен  қазақстандық-тұлғаның  субъективті  байланысы  іске 
асатын психологиялық сипаттарына назар аудару қажет.  
Осылайша,  бізді  жас  қазақстандықтың  тұлғалығы  қызықтырады  жəне  осы  тұста  мынаны  да  назарда 
ұстау қажет, жастардың психофизиологиялық даму ерекшеліктері мен осы жастағы кейбір ауытқушылық-
тар оң дамудың алғышарты ретінде қарастырылуы мүмкін. Жас кездегі жалпы заңдылықтар тек қоршаған 
орта мен тəрбие шарттарына тəуелді ғана емес жас қазақстандықтың организм ерекшеліктерімен тұлғала-
ғының өзіндік жекелеген ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Бұл жастағы жастардың жүріс-тұрыстары 
мен іс-əрекеттерінде саналы-ерікті мінез бар. Бірақ жастардың тəні мен əдебінің дамуы əзірше толыққан-
ды  кемелденбеген,  жəне  де  бұл  оның  іс-əрекеттері  мінездемесінде  көрініс  табады.  Психологияда  боз 
баланың физикалық жəне əлеуметтік жетілуінде диспропорция байқалатындығы физикалық даму қарқы-
нының  басымдылығы  дəлелденген.  Бұл  диспрпорция  көбіне  жастардың  іс-əрекеттрімен  психикасының 
ерекшеліктерін анықтайтын қосымша психологиялық қиындқтар туындатады. 
Жастарға өзбетінше əрекет етуге ұмтылу тəн. Өзіндік ұстанымын нығайтуға деген ұмтылыс күшейеді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
34 
Үлкендердің тəжірибесіне сүйене отырып боз бала қай кезде қалай əрекет ету керектігін, жағдайға қарай 
өзбетінше алдына кезіккен мəселенің шешімін табудың нақты мысалын меңгереді. Алайда ол өз бетінше 
мəселенің байыбына барып, шешімін тауып қана қоймай өз ортасында құрметке ие болуға ұмтылады.  
Оның көкейін тесетіні бір ғана ой ол – өз тұлғалығына назар аударту, өзімен жасты өзгелерден үстем-
дігін көрсете білу, топта белгілі бір ой қалыптастыру.  
Жастық шақ кезде əлсіз деген атаққа ие болу үрейі үдеп тұрады. Жеткіншектер өздерінің жетілгендік-
терін дəлелдеу үшін кез келген адам сенгісіз əрекеттерге баруға даяр.  
Қазіргі құқықтық, саяси əлеуметтену қазақстандық-тұлғаның ерік-жігер саласына қайшы əсерін тигізу-
де. Заңнамалық жүйелер плюрализмі жағдайында жеке тұлғаға əлеуметтік қағидалардың əсер ету біртұ-
тастығы  бұзылуда.  Мұндай  қағидаларды  анықтау  көп  жағдайда  жеке  тұлғаның  өз  жұмысына  айналған. 
Қазақстандық-тұлға,  өз  кезегінде  жекелеген  қажеттіліктерін  топтық  қағидаларды  терең  түйсіне  отырып 
соған  қарай  бейімдейді  яғни:  өз  тобы  неге  ие  болса  немесе  не  қаласа  соны  қалайды.  Мұндай  жүйенің 
əлсіреуі  жекелеген  қажеттіліктерді  берердей  болып:  түрлі  іс-əрекеттерге,  жеке  тұлғаның  өмір  салтынан 
бөлек  жəне  шынайылық  шегінен  тысқары  қалған  шарттардан  жағдайға,  деңгейге,  ұмтылады.  Мұндай 
əлеуметтік-психологиялық жағдайдың нəтижесінде жеке тұлғаның өз қажеттіліктерін анықтаудағы ілгер-
леушілік болады.  
Өмірлік тəжірибесі жоқ жас қазақстандықтар үшін дербестік мəселесі көп жағдайда əлеуметтік қағида-
лардан «еркіндікке қол жеткізу» «адалау» сипатын алуда.  
Адалау  –  бұл  қабыл  алмау,  əлеуметтік  қағидалар  мен  талаптарды  қабылдамау,  баланың  көпшілік 
алдында көрсететін өзіндік алмастырлған шарттарды орындауды ұқсастыру т.б. [1]. 
Құқықтық  мəдениет  жас  қазақстандықтың  дербестігі  мазмұнында  тікелей  қазақстандық-тұлғаның 
құқық саласындағы өзін өзі жетілдірумен байланысты.  
Мұнда  құрамына  құқықтық,  экономикалық,  саяси,  əдептілік  жəне  күнделікті  сана  мен  іс-əрекеттің 
өзіндік бір жүйелі құбылыс ретінде қарастыру қажет. Бұл біріншіден жас қазақстандықтың үздіксіз өзін 
өзі жетілдіру мəселесінің байланысын білдіреді жəне оның нақты іс-əрекетінің түрлі жағдайларда көпте-
ген əлеуметтік сала қатынастарына түседі дегенді білдіреді. Бұл үрдісте қазақстандықтың жеке тұлғалы-
ғының мына тұстарына да роль пайы берілген: онда құқықтықпен қатар саяси, психологиялық, əдептілік 
жəне басқа да іс-əрекет үйлестірушілердің еншісінде. Екіншіден, қазақстандықтың жеке тұлғалығындағы 
жалпы  мəдени  дамуының  құрамындағы  психоəлеуметтік,  этикалық,  дүниетанымдық  жəне  де  өзге 
ұстанымдарында жас қазақстандықтың өзін өзі жетілдірудегі тəуелділік те бар.  
Жас  қазақстандықтың  өзін  өзі  жетілдірудегі  объективті  факті  ол  құқықтық  əрекет  болып  табылады. 
Дəлірек  айтқанда  жүріс-тұрыстан  ақ  құқықтық  саналылығы,  құқықтық  ұстанымдары  жəне  жалпы  жас 
қазақстандықтың құқықтық мəдениеті анықталады. Іс болса қазақстандықтың өзіндік əлеуметтік-құқық-
тық жетілгендіктің бір индикаторы болып саналады. Онда еркіндік пен міндеттің жəне олардың əрекеттік 
нормативтерінің функциялары нақтыланады. Əрекетте бекітілген жүріс-тұрыс ережелері мен қағидаттар-
дан нақты құқықтық қатынас тəжірибесіне көшеді.  
Қазақстандықтың өзін өзі əлеуметтік-құқықтық жетілдіру контекстінде, іс-əрекет тұрғысынан алғанда 
əрекет объктивті əрі аяқталған іс нəтижесі ретінде жəне осы істі жасаған кісінің құқытық мазмұны тұрғы-
сынан да бағаланады.  
Құқықтық  іс-əрекет  қазақстандық  тұлғаның  өзіндік  құқықтық  сананы,  іске  құқықтық  ұстанымдарды 
«енгізетін»  яки  талап  ететін  ерекше  ішкі  рухани-құқықтық  іс-əрекетінің  нəтижесі  болып  табылады. 
Осылайша, қазақстандық тұлға өзінің құқықтық əрекеттерінде бір жағынан əлеуметтік-құқықтық мағына-
да  өзін  қалыптастырады  жəне  өзінің  қоғамдағы,  мемелекеттегі  құқытық  жағдайын  еселеп  шығады  да 
құқықтық мəдениеттің іске асуын қамтамасыз етеді.  
Құқықтық  мəдениеттің  қазақстандық  тұлғаның  контекстінде  қарастырылуы,  оның  құқықтық  əрекеті 
ерік-жігер факторынсыз мүмкін емес. Ол үшін əлеуметтік-құқытық механизміндегі негізгі фигуралардың 
біріне жүгінуі керек.  
Құқықтық норма интеллектуалды-эмоционалды-ерік құрылымы ретінде ортаға шығып құндылықтық 
қатынастардың нəтижесі болуда. Өз кезегінде құқытық маңызы бар жағдайларда энергетикалық қозғау-
шы ролін атқаруда.  
Осылайша  құқықтық  мəдениет,  құқықтық  əрекет  арқылы  өзін  өзі  жетілдіру,  құқықтық  қағидаттар 
арасындағы  байланысты  орнатылады.  Ол  болса  үнемі  тұрақты  əрі  мақсатты  түрде  құқықтық  бағалау, 
когнитивті-құқытық жəне құқықтық əрекет аспетілеріндегі мəселелерді қарастырады. Біз болсақ, осы аса 
күрделі мəселеде жеке психологиялық механизмдердегі жекелеген адамның құқықтық əрекетіне құқытық 
мəдениеттің əсерін қарастырамыз. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
35 
Шынымен  де,  құқықтық  мəдениет,  біршама  құқықтық  мəселелерден  хабардар  болу  саналы  əрекетті, 
əлеуметтік-құқытық өзін өзі басқара алуды қамтамасыз етеді. Алайда мынаны айта кеткен жөн, құқықтық 
мəдениет контекстінде құқық негіздерін білу, біршама құқықтық нормалардың бар екендігімен байланы-
сы жоқ. Ол тəжірибеде құқықтың анықтамасын беріп мəні мен оның мазмұнын ұғынуға бағытталған.  
Алайда қазақстандық тұлғаның құқықтық мəдениеті, белгілі бір кəсіп иелену барысындағы құқықтық 
білімнен гөрі кең мағынасы бар. Мəдениет білімге қарағанда білім сапасымен ерекшеленеді. Оның көріні-
сі  құқықты  білу  мен  түсіну  арасындағы  үздіксіз  байланыспен  қатар  құқыққа  деген  сыйда,  онымен 
қанағаттануда, құқықтық талаптардың əділеттілігіне көз жеткізуде байқалады.  
Құқыққа деген құрмет, қазақстандық-тұлғаның екі деңгейлі маңызды элементі болып табылады. Онда: 
психологиялық  (сезім,  эмоция,  көңіл-күй,  уайым  жəне  құқық  жөніндегі  ойлар)  жəне  идеологиялық 
(құқықтың саналы бағасы, құқық мəнін ұғыну, оның əлеуметтік құндылығы, оның талаптарын орындау 
қатынасы). 
Құқыққа деген сый, тек құқыққа негізделген əрекетті ғана білдірмейді. Онда қоғам алдындағы жауап-
кершілік  жəне  қатар  əдет  пен  үйреншікті  құқықтық  əрекет  арқылы  құқықбұзушылықты  болдырмауға 
арналған  күш  мағынасын  білдіреді.  Қазақстанның  құқытық  мəдениеті  міндетті  түрде  азаматтардың 
құқықтық  білімдері  мен  идеяларын  өздерінің  ұстанымдарына  айналдыру  мағынасын  білдіреді.  Ал 
ұстанымдары болса өз кезегінде белгіленген қағидаттармен жүруді марапаттаса, екіншіден қазақстандық-
тардың  ерікті  əрекеттеріне  əсер  етіп  мақұлданбаған  əрекеттерден  сақтайды.  Құқықтық  ұстанымдар 
біркелкі тұрақтылықпен сипатталады. Олар үнемі өзгерістегі жағдайға қарап дереу өзгермейді. Құқықтық 
ұстанмыдар үнемі қалыптасуын жалғастыра береді [2]. 
Қазақстандық-тұлғаның  құқықтық  мəдениетінің  бір  тұсы  оның  құрылымы.  Қазақстандық-тұлғаның 
құқықтық  мəдениетінің  өзінше  деңгейлері  бар:  күнделікті,  кəсіби  жəне  теориялық.  Бірақ  əңгіме  жас 
қазақстандықтың құқықтық мəдениеті туралы болып отыр. Оған терең мазмұны жоқ, қарапайым құқық-
тық мəдениет деңгейі тəн.  
Қазақстандық-тұлғаның  құқықтық  мəдениетінің  қарапайым  деңгейі  Қазақстан  қоғамының  құқықтық 
мəдениетінің компоненті бола отырып жалпы қазақстандық қоғамның құқықтық деңгейінің дамуындағы 
үрдістер  мен  құбылыстардан  көрініс  табады.  Қазақстандық  қоғамның  құқықтық  мəдениетінің  жалпы 
құқықтық  жүйе  шеңберінде  қалайша  анықталатынын  түсіну  үшін  құқық  нормаларының  тəжірибедегі 
барлық салаларды əдептілік-саяси жəне нақты-тарихи əдістерді қолданған жөн.  
Белгілі  болғандай,  қазақстандық  қоғамның  құқықтық  жағдайының  ерекшеліктері  адам  санасында 
көрініс  табады.  Азаматтардың  қарым-қатынасын  реттеудегі  құқықтың  жəне  негізгі  əлеуметтік-саяси 
институттардың  толық  жетілмегендігі  Қазақстан  мемлекетінің  құқытық  емес  деп  санайтындықтарынан 
болып  отыр.  Мұндай  ұстаным  қазақстандық-тұлғаның  құқықтық  мəдениетінің  қалыптасу  негізінде 
жатыр. Ал құқықтық емес мемлекетте, құқық азаматтар үшін құндылық болып саналмайды. Сондықтан 
да  ол  сырттан  кірме,  қинау  дегенге  саяды.  Онда  заңды  тыңдау,  ұстану,  міндеттеу  тек  істелген  іс  үшін 
жазасы  болған  жағдайда  ғана,  бір  «бақылаушы»  бар  кезде  ғана  ал  басқа  уақытта  оған  мəн  бермеуге 
болады. Мұндай жағдайда азаматтар мен əлеуметтік-саяси институттар арасында заңсыз формальды емес 
парақорлық, қоқанлоқы, экстремизм элементтері күшейе бастайды.  
Елдегі  жағымсыз  құқықтық  жағдай  жас  қазақстандық-тұлғаның  құқықтық  мəдениеті  мен  құқыққа 
деген  қатынасының  қалыптасуына  өзіндік  ізін  қалтырады.  Күнделікті  құқықтық  мəдениетте  білімділік 
пен  білімсіздік  болуы  мүмкін.  Соңғы  уақыттағы  құқықтық  саладағы  өзгерістер  көптеген  жастардың 
пікірінше жағымсыз деп бағалануда. Құқықтық жағдайлардың барлығын (азаматтар тарапынан құқықтық 
нормалардың  орындалуы,  мемлекеттік  қызметкерлер,  сот  жұмысы,  адвокаттар,  қылмыспен  күрес  т.б.) 
бағалауда  оларға  оң  баға  бергендердің  санына  қарағанда  жағдайдың  ушығуына  қарап,  соның  көптігіне 
қарай  баға  берушілер  басым.  Жас  қазақстандықтар  заңды  негізінен  олардың  өздеріне  сый-құрметсіз 
қарағандықтан емес сыртқы факторларға бола бұзады.  
Əрі  қарай  жалғастырар  болсақ,  жас  қазақстандықтар  құқық  қорғау  ұйымдарын,  жергілікті  атқару 
билік,  қоғамда  өзіндік  орны  бар  əрі  сөзі  өтетін  тұлға  жəне  өздерінің  жекелеген  байланыстарын  сотқа 
барып  жүгінуден  жоғары  қояды.  Қазақстандықтардың  негізінен  құқықтық  белсенділігі  төмен  болып 
саналуы (өз құқықтарын сотта қорғауда) мынада: 

 
Сот  жүйесінің  шешім  қабылдауда  əділ  еместігі  жəне  жемқорлық  пен  жалпы  сот  жүйесіне 
сенбеушілік.  

 
Халық  пен  құқықтық  ұйымдардың  арабайланысын  ұйымдастырудағы  кемшіліктер:  ұзаққа  созу, 
əурешілік, сотта қаралуы ұзақ уақытқа əрі түсініксіз жұмыстары, сот жұмысының дұрыс ұйымдастырыл-
мағандығы; адвокаттар институтының дамымағандығы, көпшілік халыққа адвокаттар қызметінің қолже-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
36 
тімділігі, сот шешімінің тез арада орындалмауы, сот қызметіне  төленетін соманың үлкендігі, айыпталу-
шының өшпенділігінен қорқу (еңбек заңын бұзушы жұмысберушілер жиірек көрсетіледі).  

 
Құқықтық  ұйымдар  мен  халық  арасындағы  қатынастың  толыққанды  жұмыс  істеу  механизмдерінің 
болмауы жалпы сот жүйесіне деген сенімсіздік жас қазақстандықтардың мұндай қатынасқа психология-
лық даярсыздығы.  

 
Құқықтық  ағарту  деңгейінің  төмендігі  мен  білімсіздігі  осы  саладағы  ақпараттық-үгіт  саясатының 
жоқтығына саяды.  
Мұндай  жағдайды  ушқтыратын  тағы  бір  жайт  ол,  «əкелердің»  есінде  қалған  социалистік  кезеңнің 
кеңдігі.  Онда  мемлекет,  азаматтарының  əлеуметтік  қамқорлығын  өз  мойнына  алып  отырған.  Мысалға 
алыңғы буын еңбек пен баспана мəселелерінде социалистік құқықты еске алып отырады. Сондықтан да 
жұмыссыздық,  баспанамен  қамтамасыз  етілмеуде  мемлекеттік  жүйенің  болмауын  «мызғымас  құқыққа» 
қастандық деп бағалауда.  
Елде жасы болсын алдыңғы буын болсын білім беру мен медициналық қызмет салаларында əлеумет-
тік  құқық  қадағаланбауда  деп  есептейді.  Қазақстандық-тұлғаның  «либералды»  құқы-яғни  еркіндігі  де 
қауіпті жағдайда. Оның үстіне бұл қауіп өзін қорғауға арналған тəртіп сақшыларынан төніп тұр. Əлеумет-
тік  тұрғыдан  əлсіз  мемлекет  пен  оның  қауқарсыздығы,  құқықтық  жүйе  дұрыс  қарастырылмаса  халық 
үшін үрей аларлық жағдай туғызуда, бір қалаймақандық сезімі туындауда.  
Азаматтық  құқықтың  бұзылуына  деген  көпшіліктің  пікірі  мен  əрекеті  шаршап  қалған  бейқамдық 
(«шыдау керек, ешқайда да құтыла алмайсың») болып отыр. Мұндай шара əділетсіздікпен күресуден бас 
тарту  дегенді  білдіреді,  əрекеттің  заңсыз  түрлері  мен  стратегиясының  ортаға  шығуын  қалыптастырады 
(салық  төлеуден  бас  тарту,  жартылай  қылмыстық  немесе  өмір  сүрі  үшін  қылмыстық  жолмен  пайда 
табудан  бастап,  бір  кикілжің  туындаған  жағдайда  бұзақылардан  пана  іздеуге  дейін  жетуде).  Құқық 
бұзушылыққа қарсы күрес ретінде кең тараған стратегия бұл тамыр-таныс іздеу, жеке танитын адамдар-
дан  көмек  күту.  Бұл  дегеніміз  жеке  тұлғалардың  институционалды  байланыстарды  алмастырып  əр 
нəрсені заңмен реттеуден гөрі өзге жолдарға бой ұруда. Мұндай жағдайда заңға бағынбайтын тенденция-
лар күшеюде.  
Қазақстандықтардың əлеуметтік-құқықтық белсенділіктерін тəжірибеде іске асуын тежеп отырғандар 
қатарында  аймақтарда  қоғамдық  ұйымдар  жайлы  мəліметтердің  қолжетімсіздігі  мен  мұндай  əрекеттің 
қауіптілігі болып отыр.  
Осылайша  қазақтандық  жастардың  əлеуметтік-құқықтық  бағыттағы  əрекеті  негізінен  жастардың 
құқықтық мəдениетінің қарапайым деңгейде көрініс табуда. Құқықтық феномендердің негізгі тенденция-
ларын  қабылдау  мемлекеттік-құқықтық  білім  деңгейін,  халықтың  əлеуметтік-құқықтық  белсенділігінің 
төмендігінде.  Əлеуметтік-экономикалық жағдай Қазақстанның саяси, негізгі əлеуметтік институттардың 
позитивті  құқықтық  ұйымдарына  деген  сенімнің  артуына  үлес  қоспауда.  Жалпы  Қазақстанның  жас 
азаматтары заңды елегісі келмегендіктен емес жағымсыз құқықтық жағдай қалыптасқандықта. Қолайлы 
құқықтық  алаң  құраушы  болып  жастардың  ынтасын  заңмен  жүруге  оңтайлы  пікір  қалыптастыруға 
қызмет етушілер керісінше көп жағдайда қызмет істеп жүргендердің атынан қолайсыздықтар жасауда.  
Қазіргі  таңда  қазақстандық  қоғам  өз  басынан  өтпелі  кезеңді  өткеріп  отырғанда  құқық  саласы  оның 
ішінде жалпы құқық жөніндегі таяз біліммен сипатталуы, қазақстандық жастардың құқықтық мəдениеті-
нің  төмендігі,  оның  қарапайым  көріністерінде  орын  алуда.  Қазақстандық  жастардың  іс-əрекеттерінде 
формальды құқық нормаларының бұзылуына  негіз  болғаны, олардың сезімталдық ұстанымының басым 
болуында.  
Құқықтық мəдениет қазақстандық қоғамның құқықтық дамуын, оның құрамдас бөлігі болып табыла-
тын  демографиялық  топтар,  таптар,  жеке  тұлғалардан  тұратын  қауымдастықтар  арасында  үйлестіруші 
сипатта алға шығуда [3]. Қазсқатандық қоғамның құқықтық мəдениеті көбіне құқықтық ұйымдар, құқық-
тық нормалардың əр саладағы тəжірибеде құқықтық жүйенің өзі анықтайды.  
Сонымен,  Қазақстан  жастарының  құқықтық  мəдениетін  саясаттанулық  зерттеу  көбіне  құқықтық 
мəдениеттегі талдануы жекелеген контекстте қарастырылады. Ол болса құқық саласында жас қазақстан-
дықтардың  өзін-өзі  жетілдірумен  тығыз  байланысты.  Аталмыш  аспектті  қызметтік  тұрғыдан  біздің 
зерттеу мақсатында қолдану ақылға қонымды.  
Жас  қазақстандықтың  өзін-өзі  жетілдіруі  құқықтық  мəдениеттің  қарапайым  деңгейінде  іске  асады. 
Мұның өзі заңдылық пен құқықтық тəртіп тұрғысынан алғанда қазіргі жағымсыз мағынадағы əлеуметтік-
экономикалық,  мемлекеттік-саяси  жəне  мəдени-тарихи  қатынастардың  объективті  жағдайына  тəуелді. 
Қазақстан жастары жеке тұлғалығының құқықтық мəдениетінің терең мəніне үңілу үшін бұл контекстте 
нақты-тарихилықпен қатар саясаттану тұрғысынан қарастыру қажет.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
37 
1.
 
Новейший социологический словарь. - Минск, 2010. - С. 702. 
2.
 
Қараңыз: Sozialphilosophische, politische und rechtliche Aspekte der Modernisierung Kasachstans. - Berlin, 2012. - 
S. 135-141. 
3.
 
Қараңыз: Абсаттаров Г.Р. Правовая культура населения – важнейший фактор совершенствования право-
вой политики Республики  Казахстан // Вестник  КазНПУ. Серия  социологические и  политические науки. 2012, - 
№2. - С. 143-155. 
 

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет