Хабаршы вестник «Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата16.06.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
Түйін 
Бұл мақалада автор əлеуметтік-саяси ғылымда əлі де толығымен ашылмаған, жаңғыру жəне жаһандастыру үрдісі-
нің құндылықты өлшемдеріне мəдени салыстырмалы талдау жасайды. 
 
Резюме 
В данной статье автор проводит культурно-сравнительный анализ ценностным измерениям модернизационных и 
глобальных процессов, еще полностью не рассмотренных в социально-политической науке.  
 
Summary 
In this article the author carries out cultural the comparative analysis to valuable measurements of the modernization and 
global processes which still completely haven't been considered in socio-political science. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
18 
ҚАЗАҚ БИЛЕРІНІҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ 
 
Ə.И. Шалтыков – с.ғ.д., профессор 
 
Қазақ  халқының  рухани  мəдениетіндегі  ХV-ХVІІІ  ғасырлар  елеулі  оқиғаларға  толы  кезең  болды. 
Мұсылмандықтың  кең  тарай  басталуы  мен  Алтын  Орда  ықпалының  əлсірей  түскен  уақыты  болатын. 
Міне, осы тарихи кезеңдегі ең үлкен құбылыс – Қазақ хандығының негізі қалана басталуы. Түркі тайпала-
рының  арасынан  «қазақ»  деген  халық  өзінің  этникалық  ерекшелігін  танытып,  жаңа  қауымдастық  құрай 
бастайды.  Осындай  күрделі  əлеуметтік  процестерге  толы  заманда  билер  институты  құрыла  бастаған. 
«Билер кеңесі», «ақсақалдар мəжілісі» мемлекетте заң шығарущы органның қызметін атқарып, қоғамдық 
өмірдің əр саласына араласқан. Мысалы, ақын-жыраулар адамдамдардың күнделікті өмірдегі іс-тəжірибе-
сін даналықпен қорытындылап, өз шығармашылығын туғызып отырса, билер өтірік айтып, біреуге жала 
жабу, нақақ қан төгу т.б. қылмыстардың сол кездегі əлеуметтік-экономикалық жағдайлардың мүмкіншілі-
гіне қарай əділ шешімін кесіп отыратын əрі дана, əрі шешен, əрі төрешінінің рөлін атқарған. Билік өнері 
жайында  академик  С.Зиманов  пен  Н.Өсеров  былай  дейді:  «Бұл  дəуірде  (хандық  дəуір)  қазақ  тайпалары 
арасында билік өнері күшті дамыды. Қоғам ішіндегі дау-жанжал, талас-тартыс билер тарапынан шешіліп 
отырды.  Билердің  негізгі  мақсаты  –  қылмыстарды  жазалап  қана  қоймай,  қылмыстың  алдын  алуға,  ел 
тыныштығын қорғап, екі дауласушы жақты татуластыруға күш салғаны белгілі» (1).  
Міне, осындай халықтың ой-арманынан шыққан заңдар ел арасында «Қасым ханның қасқа жолы» деп 
аталып, бізге дейін жетті. Ал, Есім ханның тұсында бұл заңға шариат заңдары сыналып енгізіле бастады. 
Осы екі заң заң жобалары ежелгі билер жасаған қалпында ХVІІ ғасырдың аяғына дейін өз күшін жоймай, 
қолданылып келген болатын.  
ХVІІІ  ғасырдың  басында  Тəуке  хан  əдет-ғұрып  заңдарына  өзгерістер  енгізіп,  тарихта  «Жеті  жарғы» 
деп  аталатын  заңдар  жобасын  жасады.  Орыс  ғалымы,  этнографы  А.И.  Левшин  «Қырғыз-қазақ  немесе 
қырғыз-қайсақ ордасы мен даласын суреттеу» атты еңбегінде «Бұл есімді естігенде өздерінің қызу қанды 
елірген отандастарының тобырынан рухы əлдеқайда жоғары кез келген қырғыз-қайсақтың жүрегін мақта-
ныш сезімі кернеп, Тəукенің алдында бас иді. Оны ордаларының нағыз Ликургі, нағыз «Драконы» десе де 
болады.  Ол  өз  халқын  апатты  өзара  соғыстан  арылтты;  бір  тайпаның  екінші  тайпамен  бірнеше  жылға 
созылған  қантөгіс  ұрыстарына  тыйым  салды;  жұрттың  бəріне  ортақ  жарғы  шығарып,  сол  арқылы  сот 
билігін жүзеге асырды; ол күш қолданудан гөрі, неғұрлым терең ақыл-оймен, тəжірибемен, байланыстар-
мен билік ету өнері арқылы əрекет жасаған сияқты», – деп жазды (2). 
Сонымен, би – дəстүрлі қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі 
деуімізге əбден болады. Зерттеуші ғалымдардың, əсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 
14-15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел 
билеуші  мағынасын  білдірген.  Кейіннен  бастапқы  семантикалық-тілдік  реңкінен  ажырап,  көбінесе,  дау-
жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, əділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 
ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уəлидің “Бахр əл-асрар фи манақиб əл-ахйар” атты еңбегінде “жоғар-
ғы  мəртебелі  əмірлер  мен  елге  сыйлы,  пендəуи  тірліктен  азат  адамдардың”  барлығы  би  аталғанын 
жазады. Ал қазақ халқының дəстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада: 
1. ел билеушісі, иелік етуші; 
2. сот, төреші; 
батагөй, шешен; 
бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған. 
Хатқа түскен тарихи жылнамалар мен ауызша жеткен дерекнамаларға зер салып көрсек, мемлекеттік 
билікте, ел басқаруда халыққа етене жақыны, біліктілігімен сұңғыла шыққандары – билер ғана. Өйткені, 
саф таза шынайы өмір тіршілігін қалаған, соған лайықты көшпелі қоғамды мемлекет тірегі деп ұққан ата-
бабаларымыз табиғаттың өзі сыйға тартқан тазалықты, адалдықты – ар-ұжданның серті деп білген.  
Сонымен бірге, билер біртұтас мемлекеттік билік ісіне қосқан үлесі жəне ел басқаруда көшелі іс, көсем 
сөз, даналығымен танылған құрметті тұлға. Елбасына күн туған қиын сəтте халқына пана бола білген қор-
ғаушы əрі қолдаушысы. Халық жадында «Елге бай құт емес, би – құт» немесе «Қабырғадан қар жауса – 
атан  менен  нарға  күш,  ел  шетіне  жау  келсе  –  қабырғалы  биге  күш»,  «Хан  біткеннің  қазығы,  бұқара 
жұрттың  азығы»  деген  мұқым  заманнан  келе  жатқан  даналық  сөздер  билердің  мемлекет  алдындағы 
беделінің тым жоғары бағаланғанын көрсетеді. 
Хан тағына отырған сұлтандар мен бектердің бəрі бірдей сұңғыла, көреген болмаған. Оларға ұлыстың 
билік істерін үйлесімді жүргізуде елге кеңінен танылған билер қолға алып, ақыл-кеңес беріп отырған. Ал 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
19 
мемлекеттік дəрежедегі ел таныған би болу үшін терең ақыл, жүйрік ой, асқан біліктілік пен кемеңгерлік 
қажет.  Бидің  бойынан  табылатын  ондай  асыл  қасиеттерге  алдымен:  имандылық,  əділдікке  қылау  түсір-
мейтін турашылдық, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүр-салтын, əдет-ғұрпын, шежірелі тарихын, 
елдің  шарушылық  ісін,  жер-судың  қадір-қасиетін,  бітім-болмысын  ерекше  білетін  ой-өрісі  өзгеден 
жоғары, кісілік келбеті елден ерек, көкірек-көзі ояу, өмірден көргені көп білікті, майдан қыл суырғандай 
дəл, əділ сөйлейтін шешендігі жатады. Бойындағы мұндай асыл қасиетін халыққа таныта алған, дауға түс-
кенде топ алдында алмастай жарқылдап, қабілет-дарынын көрсете білген адам ғана «би» деп танылған.  
Сонымен, би институты көшпелі, жартылай көшпелі қоғамдағы мемлекеттік билік саласында қандай 
рөл  атқарған  деген  ой  туады.  Олар  билік  дəрежесінде  қандай  сатыда  отырып  ел  басқарды,  мемлекеттің 
құрылым жүйесіндегі бедел-дəрежесі қалай бағаланған деген сауалдарға көңіл аударайық. 
Көшпелі  қоғамда  өмір  сүрген  Қазақ  елінің  арғы  тегінде  мемлекет  басқару,  оны  жүйелеу,  құқықтық 
қарым-қатынасты реттеу, сот ісіне билік айту туралы заңнамалық жазба мұралары болғаны ежелгі Скиф, 
Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттері туралы жазбаларда сақталған. Соларға бірден-бір мұрагері болып отырған 
бүгінгі Қазақ елі.  
Қазақ  елінің  мемлекеттік  құрылым-жүйсіне  ежелден  қызмет  еткен  билік  иелерінің  қоғамдық  рөлін, 
берілген  лауазымға  сай  функционалдық  міндеттерді  атқарудағы  билердің  атқарған  қызметі  орасан  зор. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  бұрынғы  билер  бүгінгі  мемлекттік  биліктің  функционалдық  қызметтерін  толықтай 
атқарып келді деуге болады. Олар атқарушылық, заң шығарушылық, билік айтып ел басқару қызметтері-
нің  барлық  түрлеріне  араласты.  Оған  қоса  мемлекеттің  ұлттық  идеологиясы  мен  ел  бірлігі,  əлеуметтік 
тұрмыс  жағдайы  туралы  даналық  ойлар  айтып,  ел  болашағын  күнілгері  болжауда,  оған  қажет  қандай 
келелі  істерді  ынтымақтасып  істеудің  сара  жолын  дидактикалық  нақыл  сөздерімен  халыққа  түзу  бағыт 
беріп отырды. 
Қазақ елінің əр салаға бөлінген мемлекеттік билік орындарына қызмет көрсеткен билер Қазақ елінің 
мемлекеттік  билік  ісіндегі  барлық  жауапкершілікті  көтерген.  Яғни,  мемлекеттік  əлеуметтік-саяси, 
тұрмыстық-мəдени,  əсіресе  заң  орнына  жүрген  əдет-ғұрып,  салт-сана,  жол-жора  сынды  халықтың 
болмыс-бітіміне  қатысты  тəртіп  пен  əдептілікті,  кісілік  пен  имандылықты,  ор-ұжданды  сақтауда  жəне 
оны жас ұландарға үйретуде биден артық билік тұтқасын ешкім ұстамаған. Жəне де қандай қиын жағдай-
да бидің алдын кесе-көлденеңдейтін басбұзарлар ешқашан болмаған. 
Қазақ елі ұлт болып ұйысқан ерте дəуірден-ақ тəуелсіз мемлекет құрып, қол астына қараған ұлыстар 
мен  ру-тайпаларды  басқаруда,  оны  билеуде  билердің  ақыл-парасатына  жүгінген.  Ел  басқаруда  қоғамда 
туындаған саяси шиеленістерді ақыл-парасатпен бүкпесіз шешіп, бұқара халықты сүттей ұйытып, бірлік-
те  ұстай  білді.  Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  бай  дəстүр-салт,  жосықты  заң  ережелері  мен  даналық  ой-
толғамдар,  қоғамдық  қатынастағы  құқықтық  норманың  айнымас  қағидасы  болды.  Көшпелі  қоғамның 
тұрмыс-тіршілігіне негізделген осы əдет-ғұрыптың алтын діңгегі, яғни ұстанымы – аталы сөз еді.  
Сондықтан  да  мемлекеттік  билік  ісінде  елдің  тыныштығы  мен  бірлігін  сақтауда,  жас  ұрпақты  ата 
дəстүр  мен  патриоттыққа  баулуда  жəне  халықты  отаншылдық  рухқта  тəрбилеуде  билердің  алар  орны 
ерекше болған. «Билердің сөзі – ақылдың көзі» деген халық даналығы осындай дəйекке сүйеніп айтылға-
ны  шүбəсіз.  Сондықтан  да  ел  билеуде,  əсіресе  қоғамдағы  тəлім-тəрбие  мен  тəртіп-низамдарды  жəне 
құықтық дəстүр-салтты ел мүддесіне сай қалыптастырып, жетілдіруде билердің атқарған рөлі аса зор.  
Сонымен, би мемлекет басқаруда қандай маңызды қызметтерді атқарған? 
Мыңдаған  жылдар  бойы  көшпелі  жəне  жартылай  отырықшы  қоғамда  өмір  сүрген  Қазақ  елінің 
əлеуметтік-саяси құрылысында, мемлекеттік билік ісінде билер атқарған қызмет түрлері өте көп. Тек қана 
мемлекеттік билік саласына қатысты қызмет саласын саралап шықсақ, төмендегідей болады. 
Ең алдымен би – қай заманда да өзінің елден асқан ақыл-парасат, біліктілігімен қабырғалы қалың елге 
көшелі  ісімен  қызмет  етуші  ірі  тұлға.  Бұдан  кейінгі  лауазымдық  дəрежеде  би  –  ауыл-үй  арасындағы 
ақсақалдық биліктен ең жоғарғы сатыдағы сот билігінің тізгінін ұстап, Хан кеңесінде төрелік айтқан аузы 
дуалы ұлылық иесі. Мемлекеттік аса жоғары дəрежеде би елі үшін осы тақылеттес тағы бір лауазымды 
атқарған. Ол – халықаралық дəрежеде мемлекет атын зор беделге жеткізетін, еліне береке-ырыс, жақсы-
лық  пен  тыныштық  əкелетін  бітістіруші  дипломат  –  елшілік  қызметкері.  Қазақтың  «Елдестірмек  – 
елшіден,  жауластырмақ  –  жаушыдан»  деген  аталы  сөзі  соған  куə.  Билердің  қалың  бұқара  халықтың 
арасындағы  беделі  мен  атақ  даңқын  дүйім  елге  мəлім  еткен  тағы  бір  ерекше  қасиеті  –  қара  тілден  май 
тамызған шешендік өнері. Елі мен жеріне бақ-береке, ынтымақ-ырыс бұйыртқан, ел қорғаны батыры мен 
бағланына Алладан тілеу тілеген даналық ойдың алтын кені – батагөй абыздығы (3). 
Бұған халықтың келешегі мен елдің ертеңін болжай білетін, жаман қылығын жазбай танып, сын тезіне 
салатын көрегендік қасиетімен ұлт тағдырын темір қазықтай тура болжап беретін кемел ойлы білгірлігін, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
20 
көрегендігін  қосуға  болады.  Ел  мүддесі  мен  бірлігі  үшін  атқарған  бұл  қызметтің  ауқымы  кең,  мəні  зор 
болған.  Сонымен  бірге,  ел  ішіндегі  бүкіл  қоғамдық  қарым-қатынастағы  құқықтық  нормаларға,  ұлттық 
мінез-құлыққа тəн əдет-ғұрыптар мен салт-санаға қылау түсірмей сақтау, жетілдіру, қазіргі тілмен айтқан-
да  құқықтық  тұрғыдан  тəлім-тəрбие  беру,  заң  ретінде  жүзеге  асыру  сынды  ұлттық  идеология  мен 
патриоттыққа баулу да билерге жүктелген (4). 
Тарихи тұрғыдан зер салып қарағанда, Қазақ еліндегі билер институты мемлекет мүддесі үшін ежелгі 
антикалық  дəуірден  ХХ  ғасырдың  басына  дейін,  қысқасы  Ресей  империясының  əкімшілік  билік  жүйесі 
енгізген халық соты мызғымаған тұста жəне Кеңестік сот жүйесі үстемдік алғанға дейінгі аралықта өмір 
сүріпті.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мыңдаған  жылдар  Қазақ  елінің  мемлекеттік  құрылым  жүйесіне,  дəстүрлі 
құқығына  өлшеусіз  үлес  қосқан  билердің  мемлекеттік  билік  саласында  жəне  əділ  сот  үшін  атқарған 
қызметінің са 
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-əлеуметтік даму кезеңдерінің 
ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дəуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси 
потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-
тайпа  ішіне  сыйлы,  өмірлік  тəжірибесі  мол  ақсақалдар  атқарса,  орта  буындағы,  яки,  потестарлы  билік 
тізгінін  ру-тайпа  басылары  –  билер  уысына  ұстады.  Ал  мемлекеттік  жəне  мемлекетаралық  деңгейдегі 
мəселелерді  қамтитын  жоғары  билікті  төре  тұқымы  –хандар  мен  сұлтандар  иеленген.  Міне,  күллі  қазақ 
қоғамының  елдік  тұтастығы  осы  соңғы  екі  билік  жүйесінің  өзара  тепе-теңдігі  мен  бір-біріне  қарама-
қарсылығы принциптеріне негізделді. Əлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі 
айқын  қандас  туыстардың  ұйымы  емес,  саяси-əскери  жəне  шаруашылық  қауымдастық  қызметін  ғана 
атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара 
үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын əрі оның тікелей 
қолдауына  арқа  сүйеген  потестарлы  билік  иелері,  яки  ру-тайпа  басылары  –  билер  мен  батырлар  хан-
сұлтандардың билігін белгілі бір дəрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің əлеуметтік-саяси 
статусын  нығайтып,  абырой-беделге  кенелді.  Əйтсе  де,  ерекше  əлеуметтік  жік  ретінде  билерді  тарих 
сахнасына  шығарған  рулық  құрылым  өзіне  субэтникалық-əлеуметтік  топтарды  тарта  отырып,  қоғамды 
ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды. 
Мұрагерлік салтымен дала жұртын ғасырлар бойы билеген Шыңғыс хан ұрпақтары – төрелер тұқымы 
хандық  биліктің  бұлжымауы  үшін  билердің  əкімшілік,  əлеуметтік-саяси  жəне  мəдени  рөлімен  санасуға 
тиіс  болды.  Мысалы,  ортағасырлық  жəдігер  –  “Нұсратнаменің”  авторы:  “Əбілхайыр  хан  өлгеннен  соң 
оның ұлы Шейх Хайдар хан болды. Оның заманында ұлы бек-билердің абыройы мен атағын һəм олардың 
мархабалы  ру-ұлыстарын  құрметтеу  тəмамдалды  да,  содан  ханның  құдіреті  күн  санап  кеми  берді”  деп 
жазады. Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер 
де, ауыз əдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин “Бұрын-
ғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты 
һəм ақылды, əділетті, көпті көрген жəне іс бітіргенде əдет рəсімдерін тегіс біліп, əр жұмысты қара қылды 
қақ жарып орнына келтіреді екен..., һəм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да əрқашан бұзбай-
ды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты 
артық  көретінін  білдіретін  сол  мақалы  мынау:  Батыр“Батыр  деген  бір  барақ  ит,  екі  қатынның  бірі 
табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (5). 
Билердің батыр, бай т.б. əлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар. 
Біріншіден,  би  мемлекет  басқару  жүйесінде  кейбір  айрықша  құқыларды  иеленді:  “Жеті  Жарғы” 
қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот жəне əкімшілік билік (ханмен қатар) жүргіз-
ді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың əдет-ғұрпын, салт-рəсімін, жол-жосығын 
жатқа  білуге,  дауласқанға  əділдікпен  жөн  сілтеп,  адасқанға  даналықпен  жол  көрсетуге,  əсіресе,  “тура 
биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді. 
Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде əкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының 
тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тəртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық 
арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дəрежеде мемле-
кеттің  мəселелерді  талқылауға  қатысты.  Ел  ішіне  биліктілігімен,  қара  қылды  қақ  жаратын  əділдігімен, 
тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Əйтеке 
би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-əлеуметтік ахуалға 
қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мəні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік 
мүдде  тұрғысынан  қайта  қарап,  жаңасын  қолданысқа  енгізіп  отырды.  Тіпті,  ханның  ішкі  жəне  сыртқы 
саясатына, əскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
21 
Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа 
қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғау-
ға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған. 
Төртіншіден,  би  –  дипломат,  елші.  Ел  бірлігіне,  ұлт  тұтастығына  нұқсан  келтірер  ағайын  араздығын 
басып,  руаралық  дау-жанжалдарды  бітістірумен  шектелмей,  қазақ  ұлысының  көрші  мемлекеттермен 
қарым-қатынас жасап, əр  түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші əрі  кеңесші қызмет атқарғаны 
белгілі.  
Бесіншіден,  би  атағы  мұрагерлік  заңымен  берілетін  лауазым  емес.  Көшпелілер  мəдениетінің  ерекше 
қыры  –  шешендік  өнерді  меңгермейінше,  тек  əдет  жосындарын  жетік  біліп,  əділет  принципін  ұстану 
арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, 
жалғыз уəжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған. 
Тарихтың  тереңіне  бой  тартсақ,  қазіргі  Қазақ  мемлекетінің  ел  болып  еңсе  көтерген  дəуірден  бергі 
табиғи  болмыс-бітімімен  бірге  қайнасып,  бойына  сіңген  əдет  ғұрып,  салт-санасынан  екшеліп  шыққан 
заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дəлелдейді. 
Алтай  тауынан  Қап  (Кавказ)  тауының  баурайындағы  Қара  теңізге  дейінгі  аралықтағы  ұлан-байтақ 
далада бірде күшейіп, бірде əлсіреп, сан ғасырды артқа тастаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, 
Қарахан,  Оғыз,  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Дешті  Қыпшақ  тəрізді  Еуразияда  үстемдік  құрған  ұлыстар  мен 
мемлекеттердің  түпнұсқалық  жүйелі  заңы  ел  басқаруда,  келелі  кеңес  айтуда  өзінен  кейінгілерге  арқау 
болды.  Бұл  жөнінде  Еуразия  тарихын  терең  зерттеген  ғұлама  ғалым  Л.Гумилев  өте  парасатты  ойлар 
айтқан. 
Жоғарыда  аты  аталған  ежелгі  мемлекеттердің  құрамында  болған  қазақ  ұлысының  да  өзіне  тəн  заң 
ережелері, сот ісінің озық үлгісі – билер үкімі құқықтық нормалардың принциптерін атқарып келді. Бүгін-
гі ұрпағымыздың құлағына анық жетіп, көкейіне қонған: «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» 
деген ұлы сөздің мағынасы тым тереңде жатыр. 
Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден бастау алатыны – тарихи шындық. Майқы би өз заманын-
да  Шыңғыс  ханның  бас  уəзірі  болған.  Ш.Уəлиханов  «Қырғыз-қайсақ  Үлкен  ордасының  ертегілері  мен 
аңыздары»  деген  еңбегінде  Майқы  бидің  Үлкен  орда  ру  басы  жəне  Шыңғыс  хан  замандасы  болғанын 
жазады (6). Шыңғыс хан жорыққа кеткенде, ол хан ордасында билік жүргізіп, түйінді мəселені өзі шешіп 
отырған.  Аяғы  ақсақ  болуына  байланысты  күймеге  мініп  жүрген.  Батыр  есебінде  Жошы  əскерінің  оң 
қанатын басқарған. Алаш ханды Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтерген де Майқы деседі.  
Майқы би көп жасаған, жеті ханды қолымен өткеріп, бар ғұмырын халық келешегін ойлаумен өткіз-
ген. 120 жасқа жеткенде үш жүздің таңбасын таратқан. Ұлы жүзге ту ұстатып, Орта жүзге қауырсын, Кіші 
жүзге найза берген. Осы бөлістен соң Майқы би туралы «Хан біткеннің қазығы – бұқара жұрттың азығы» 
деген мəтел кең тарап кеткен. 
Шыңғыс  хан  Майқы  биге  еш  уақытта  қарсы  келмеген  көрінеді.  Ол  бірде  ақылшы-кеңесшілерін 
шақырып ап, батысқа жорыққа аттанам дегенде: «Аттанба, батысқа,- дейді Майқы би. – Саған осы Азия 
да жетпей ме?» 
Неге аттанба дейсің? 
Сен сонау құс қанаты талатын, аттың тұяғы тозатын қиянға барамын дейсің. Қайтарда қоржыныңды 
мойныңа артып жүрерсің. Ат арыр, ер қажыр. Есіңде болсын, ханның басын қара алар, асқар басын қар 
алар. Ханның қаһарынан қараның мелжемі (текпісі) артық. Сенің байқасам, осы жүрісіңде сыртың бүтін, 
ішің түтін. Ол іштегі пықсыған қорда бір күні жанбай қоймайды, – дейді (7).  
Міне,  Майқы  биден  бері  Қазақ  елінде  қалыптасқан  билер  бітімі  əр  кезеңдегі  мемлекеттік  құрылым-
жүйеге  қарай  дамып,  өркендеп  отырды.  XVI  ғасырдағы  Қасым  хан  шығарған  «Қасым  ханның  қасқа 
жолы» деген заң жарлығы, Есім хан жарлық еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дəуіріндегі заң-жарғылар-
дың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналды. 
Жалпы  мемлекеттік  басқармадағы  маңызды  мəселелер  бойынша  шешім  қазақ  қоғамындағы  барлық 
таптар жыл сайын шақыратын құрылтай жиналыстарда қабылданды. Мұнымен қатар, халық жиналысына 
қатысатын  азаматтар  ерікті,  қару  ұстап  жүруге  қабілетті  болу  керек.  Құрылтайда  басты  шешімді  хан 
жеке-дара қабылдамайтын. Қазақ қоғамындағы демократиялық бастаулар сол кездегі көшпелі қоғам үшін 
маңызды,  жариялылық,  қарапайымдылық  жəне  билер  институтының  негізі  болған,  сот  процесіндегі 
жарыс сөзі тəн сот процесінен ерекше көрініс тапты. Қазақ мемлекетіндегі заң нормаларының жиынтығы 
құбылыс  болған  жоқ,  ол  даму  жолында  өзгеріп  отырады.  Қазақ  хандығының  біртұтас  бірігуі  тұсында 
«Қасым ханның қасқа жолы» атауымен ХVІ ғасырдың шамамен бірінші ширегінде Қасым ханның ереже-
лер жинағы шықты. Ал қазақ хандығының өрлеу кезеңінде ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында толықты-
рылған заңдық норма шығармашылық – «Есім ханның ескі жолы» шықты. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
22 
ХVІІ ғасырда Қазақстанға жоңғар шапқыншылығы қаупі төніп тұрғанда, хандыққа тұтастығын сақтап 
қалуға мүмкіндік беретін құқықтық құрал қажет болды. Осы мақсатта қазақ хандығының ұлы біріктіруші-
сі  Тəуке  хан  өз  қарамағындағыларға  «Жеті  жарғы»  атауымен  жаңа  əдет-құқық  нормаларын  біріктіруді 
тапсырды. 
«Жеті жарғының» маңызы тек саяси, əлеуметтік саламен шектелмейді, сонымен қатар, Қазақ хандығы-
ның  сыртқы  саяси  жағдайына,  ішкі  дамуына  септігін  тигізді.  Оның  қазақ  қоғамының  құрылымына  сай 
келетінін ескеру қажет. Біріншіден, бұл заң қазақ мемлекетінің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етті. Екінші-
ден,  «Жеті  жарғы»  азаматтардың  құқықтық  мəртебесін  белгіледі,  үшіншіден,  аумақтық  құрылымы 
анықталды.  Жоғары  билік  көшпелі  түрдегі  өмірге  біртіндеп  ішкі  аумақты  дəстүрлі  түрде  қалыптасқан 
мемлекеттік  аумақтан  шығармай  белгілеп  отырды.  Академик  С.  Зимановтың  зерттеуіне  көз  жүргіртсек: 
«Ерте  жəне  кейінгі  жазба  деректерге  қарағанда  ұлттық  жəне  аймақтық  əділ  сот  тарихына  енген  билер 
саны  жүзден  астам.  Ол  билердің  ішінде  заңдылық  пен  əділ  соттың  «Алтын  ғасырының»  дəстүрлерін 
ғасырдан-ғасырға  жеткізіп,  сақтаған  жəне  оны  əркез  уағыздап  отырған  билер  де  көп  болатын.  Мысалы, 
Майқы би, Аяз би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би, Жəнібек би, Тіленші би, Есет би, Əнет баба 
би, Сырым би, Саққұлақ би, Бала би, Тоқсаба би, Шоң би, Бала би, Досбол би, Ақтайлақ би, Мөңке би, 
Байдалы би, Тоқсаба би, т.б. таңғаларлығы олар  ұлан-байтақ қазақ-қыпшақ даласының əр  түкпірінде өз 
руластары  арасында,  өз  ауылдарында  өмір  сүргенімен,  олардың  атағы  бүкіл  Ұлы  далаға  əйгілі  болды. 
Қазақ билерінің барлығы қай ғасырда, қай жерде, қай рулы елде өмір сүргендігіне қарамастан қазақ əділ 
сотының атасы атаған Майқы биді пір тұтқан. Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағының əртүрлі бөлікте-
рінде орналасқан қазақтардың этникалық, тілдік-мəдени жəне идеялық-психологиялық бірлігін түсіндіре-
тін құпиялардың бірі дəл осы қазақ құқығы мен əділ сотының жүйесінде деп есептеуге толық негіз бар» – 
деп тұжырымдайды [8]. 
Атақты  жазушымыз  I.Eсенберлиннің  тұжырымдауы  бойынша  «...Алтын  Ордада  билердің  ықпалы 
күшейе бастаған. Бұрын Өзбек ханының алғашқы хандық құрған кезінде, ауыл арасындағы дау-жанжал-
дан, ағайын ішіндегі талас-тартыстан туған қылмыс-күнаға, ұры-қары істеріне, тіпті кейде кісі өлтірілген 
ұрыс-төбелестерге  үкім  айту,  жаза  бұйыру  –  діни  адамдардың  шейх,  қади,  ишан,  қазылардың  шаруасы 
болатын.  Бірте-бірте  бұл  жұмыстардың  барлығы  билерге  көшкен.  Діни  басшылардың  қолында  тек 
шариғатпен  байланысты  күнаһарлардың  ісін  қарау  қалған.  Сонымен  қатар,  бұрын  ұрыс-соғыс  заманда-
рында, ру басқару тек көк найзалы, бұзаубас шоқпарлы батырлардың үлесі болса, ал халық бұрынғыдай 
рулық  қоғамда  қалмай,  мемлекеттік,  Ордалық  басшылық  көше  бастағаннан  бері  билердің  қадірі  өсе 
түскен. Бұрынғыдай ержүректік, жау шошытар қаһарлылық қана емес, ел билеуде ой, тіл, саясат дегендер 
үстемдік алып, көп іс билердің қолына ауысқан. Сайып келгенде, Алтын Ордада соңғы жылдары ханнан, 
əмірлерден кейінгі елеулі күшке билер айналады» (9). 
Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық əлемінде негізгі билік Дала заңының билігі болды. Ал 
оның қорының сақтаушысы, реформаторы жəне жүзеге асырушы күші – билер болды. Би, ең алдымен – 
сот (судья). Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, 
дəстүрлік  билік  қатарында  болды.  Ол  хан  билігін  көпшілік  əкім  билігі  деп  таныды.  Би  халықтың  сана-
сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады. Билер бірқатар сатылардан тұратын сыннан 
сүрінбей өтуі керек болған. Далада əділеттің ақ туын желбіретер биге табиғат берген қасиеттерден басқа 
шешендік,  сөзуарлық,  ақыл  парасат,  қызыл  тілде  ешкімге  дес  бермеу  жəне  де  «Қасым  ханның  қасқа 
жолында», «Есім ханның ескі жолында», Əз-Тəукенің «Жеті жарғысында» көрініс тапқан Дала заңының 
негізгі қағидалары мен нормаларын жатқа білуі, өзіне дейінгі атақты билердің үлгі сөзінен нəр алу секілді 
негізгі  талаптар  қойылатын.  Əрине,  билік  шеңбері  жағынан  билердің  елдегі  билері  мен  ықпалы  бірдей 
болған  жоқ:  шағын  ауыл,  шағын  ру  бірлестігінен  бастап  жүзге,  ұлысқа,  тіпті  бүкіл  қазақ  еліне  жүрген 
билер болған.  
Би  атағы  халықпен  берілген  жəне  ол  талқылау  үшін  алдымен  ол  ақсақалдар  мен  билердің  сынынан 
өткен. Осы сында оның шешендігі жəне əдет-ғұрып заңдары мен ата заңдарын жетік білетіндігі қаралған. 
Əр Ордада билікті қадағалап отыру үшін үш жүзден үш би сайланған. ХУ11 ғасырдың аяғында патша-
лы Ресей қазақ жеріне сыналай ене бастағанды. Осындай ел басына күн туған шақта сана мен билік арақа-
тынасы өмір қажеттілігі ретінде бірінші орынға қойылды. Міне, дəл осы кезеңде қазақ даласында атақты 
үш би – Төле би, Қазыбек би, Əйтеке билердің даңқы шыққан еді.  
Біз билердің саяси ойлары тақырыбын «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен, 
халқымыз «Төле би» деп атаған Төле биден бастап отырмыз. 
Тəуке ханның қазақ елін біріктіріп, бір мемлекет етудегі саясаты ылғи билерге, олардың кеңесіне сүйе-
ніп отырғанда  онда Төле  бидің орны ерекше болды деуге болады. Тіпті Төле, Қазыбек, Əйтеке билерді 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
23 
Қазақстанда саясаттану ғылымының алғашқы негізін қалаушылар деп толық айта аламыз. Себебі, Тəуке 
ханның «Жеті жарғы» заңы осы билер кеңесі шешімінің, негізінде үш бидің терең іс-əрекетімен, олардың 
терең ойшылдығы, прогрессшіл патриоттық көзқарастарының нəтижесінде пайда болған жоқ па? 
Тəуке  хан  заманында  қазақтың  төбе  биі  болған  Төле  XVІІІ  ғасырдың  алғашқы  жартысындағы  қазақ 
топырағындағы ең ірі, ең беделді тұлғаның бірі еді.  
Төле би – атақты билер əулетінің ұрпағы. Төле бабаның арғы атасы – Бахтияр сөз бастаған шешен, ел 
бастаған  көсем,  жұрттан  асқан  жомарт,  əділ  би  болған.  Оның  есімі  бүкіл  Үйсін  ұлысының  ұранына 
айналған.  
Төле бидің Бахтиярдан кейінгі бабасы Ақарыстан – Кейкі би, Кейкі биден – Төбей би, Төбей биден – 
Майқы би тараған. Майқы бидің өз заманында Шыңғыс ханның бас уəзірі болғанын жоғарыда атағамыз. 
Төле бидің шыққан тегін əңгімелегенде адамгершілігі мен ақыл-парасаты аңызға айналған ұлы əжесі 
Домалақ ана екенін айтпауға болмайды. 
Төле  бидің  табиғи  дарынының  дамып,  ірі  əлеуметтік,  мемлекеттік,  саяси  қайраткер  болып  жетілуіне 
сол кездегі қоғамның ерекше жағдайларының да көмегі тигенін есте ұстағанымыз жөн. Өйткені, Төле би 
сол қоғамда өсіп, ержетті, мінезі де сол қоғамда қалыптасты. 
Төле  би  өмір  сүрген  кезең  халқымыздың  тарихындағы  ең  ауыр,  ең  күрделі  кезең  болды.  Ең  əуелі 
патриархалдық-феодалдық  қалыптағы  қазақ  қоғамының  өндіргіш  күштері  мардымсыз  дамығанын 
атуымыз  керек.  Одан  кейін  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығы  табиғаттың  стихиялы 
күштеріне  байланысты  əртүрлі  күйге  ұшырап  отырды.  Ал,  негізгі  экономикалық  базисі  –  көшпелі  мал 
шаруашылығы болғандықтан қазақ қоғамының тұтас саяси бірлігі болмады. Тəуке ханнан кейін қазақтың 
орталық  хандығы  ыдырап,  əлсірей  бастады.  Осындай  жағдайларға  байланысты  феодалдық  өзара  талас-
тартыстар үнемі асқынып, шұрайлы жайылым, билік үшін күрес, бəсеке толастамады. Мұны жан-жақтан 
анталай қоршап, аңдып тұрған жаулар жақсы біліп, араздықты бұрынғыдан да қоздыра түсті. Қазақ қоға-
мының біртұтас мемлекет болып бірігуіне өте-мөте кедергі келтіріп, аса қатер төндірген осы себептер еді. 
Төле би өмір сүрген кезеңнің тағы бір ерекше күрделілігі – қазақ халқын жаулап алуға қызығушылар 
бірлі-жарым емес, көп болды. Батыста Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары, Маңғыстауға түрік-
мендер  шапқыншылықтар  жасады,  солтүстіктен  Сібір  казак-орыстары,  Жайық  сыртындағы  жерлерге 
башқұрттар  сұғынады.  Оңтүстік  қазақтарын  Ортаазиялық  (Хиуа,  Бұхара)  хандықтар  феодалдары 
ығыстырды.  Бұлардан  өзге,  қашан  қазақ  жұрты  қансырап,  талғамай  жұтуымызға  болар  екен  деп  Иран 
шахы Нəдір аңдып тұрды. Алайда, қазақ халқына неғұрлым қатерлі қауіп шығыстан – күшті əрі агрессия-
шыл əскери-феодалдық Жоңғария хандығы тарапынан төнген еді. 
Міне, Төле би осындай алапат ауыр кезеңде дүниеге келіп, ес білген күнінен бастап əділ билік құрып, 
елінің тəуелсіздігі, саяси бірілігі, бақытты келешегі үшін арпалыспен өмір сүрді.  
Тəуке ханның қазақтың үш жүзінің басын қосып, өз қоластына бағындыра алуы Төле би, Қаз дауысты 
Қазыбек, Əйтеке билердің дұрыс кеңесші болып, халықты өз ықпалына тарта білуінен еді. Тəуке ханның 
көбіне «билер кеңесіне» арқа сүйеп, жұмыс жүргізуінің нəтижесінде қазақ халқының сыртқы жағдайы да 
жақсарады. 
Тəуке хан бастаған «Билер кеңесінің» құрамында Төле би, қырғыз Кəкім би, қарақалпақ Сасбұқа би, 
Қаз дауысты Қазыбек би, Əйтеке би, жез таңдай шешен аталатын Ержан би, «сылқым» дейтін Жүсіп би, 
Көкі  би,  Мəлік  би  секілді  «қасқырлар»  мен  көшті  бастар  «серкелер»  болған.  Мұның  өзі  де  бас  кеңесші 
Төле би талап-тілегі бойынша құралған.  
Төле  бидің  ел  бірілігін  сақтаудағы  іс-əрекетін  Тəуке  хан  жоғары  бағалағанын:  «Меніңше,  мейлі  ол 
кемеңгер, көреген болсын, бар билік  тізгінін бір кісінің қолына ұстауға болмайды, Бір кісінің – аты бір 
кісі. Ол қанша ақылды, білімді болса да, шалыс басады, адасады, ал адасу мен шалыс басудың аяғы қара 
түнек қасірет. Мұны, шүкір, Тəуке хан жақсы түсінеді. Ол «келісіп пішкен тон келте болмас» деген ата-
баларымвыздың өсиетін берік ұстанатын кісі.  
Ол  –  мансапқұмар  емес.  «Мансапқұмар  –  түн  жамылған  қарашыдан  да  кауіпті»,  –  деген  пікірінен 
білуге болады. 
Тəуке ханның да Төле биді ардақ тұтып, қазақтың төбе биі етіп құрметтеген. Төле бидің ойшылдығын, 
зеректігін құлай ұнатқан Тəуке хан онымен үнемі сырласып, кеңесіп отырғанды əдетке айналдырған. Оны 
өз  хандығының  негізгі  тірегі  деп  білген.  Төле  бидің  «Күш  атасы  –  халықта,  қарсы  келген  хан  да,  би  де 
оңалмас», – деген өсиетін өле-өлгенше есінде сақтаған (10). 
ƏзТəуке хан Төле бидің бойындағы халқының тəуелсіздігі мен бірлігі үшін арын да, жанын да қиюға 
əзір адалдығын, көрші халықтармен бейбіт көршілік, сауда-саттық, туысқандық қарым-қатынасты қалай-
тын көрегендігін, ойшылдығын сүйсіне құптаған. Оның «Аз елдің биі аталғаннан көп елдің қатардағы аза-
маты болған артық екен», – деген сөзінің астарына терең мəн беріп, үнемі ой бөлісіп отырғанды қалаған. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
24 
Тəуке  хан  мен  Төле  би  арасындағы  мына  əңгімеден  өткен  тарихтан  үлкен  саяси  сабақ  алу  керектігі 
көңілге қонады: «Кей-кейде ғаріп түнде ата-бабаларымыздың жіберген қателерін еске алғанда қара терге 
түсемін.  «Əкесінің  көрген  жақсылығы  –  баласының  азабы,  бейнетіне  айналып,  азапқа  салады»  дейтін 
халқымыздың  ұлағатты  сөздерін  еске  аламын.  Біз  хандық  құрып  отырған  ел  есебінде  сол  Ақ  орданың 
ұлымыз  деуімізге  тура  келеді.  Алтын  орда  кім  еді?  Шығысы  Алтай  тауларынан  бастау  алатын,  күн 
батысы  сонау  Қара  теңізге,  ал  онан  бұрын  Балқан  тауларына  дейін  жеткен,  Қап(Кавказ  тауы)  тауларын 
түгел  игерген.  Қап  тауы  жоталары  арқылы  өтіп,  парсы  патшалығын  нешеме  рет  қан  жоса  етіп  шапқан, 
ары қарай «Мың бір түн» хикаясы əлемге тараған Бағдат пен Басыра шаһарларын билеген Һоран Рашид 
патшалығына төнген, күш көрсеткен. Жайын балық секілді ұлы мемлекеттің бір тармағымыз. Қайталай-
мын,  Төле  би-бек,  біз  сол  ұлы  мемлекеттің  жұрнағымыз,  майдаланған  кішкене  ғана  қалдығымыз.  –  дей 
келе  Тəуке  хан  сөзін  былай  жалғайды.  –  Кісіден  бақ  кетерде  –  үйінен  береке  кетер  дегендей,  Алтын 
орданың  алтын  тағына  мінген  бабаларымызды  Құдай  тағалам  бір-біріне  жау,  келімпес  қарақшы  етті. 
Əкені  бала,  ағаны  іні  «алтын  тақ  үшін»  бауыздады.  Өзбек  хан  дүниеден  кеткен  соң-ақ  Алтын  орданың 
астан-кестені шықты. Бердібек те, қала берді беріректегі Мамай да, онан кейінгі Едіге де – бəрі-бəрі көзі 
қызарған қасқырдай өз күшіктерін талады, қанға бөктірді. Əбілқайыр хан да өз туыстары Жəнібекті қан 
жоса  еткісі  келді.  Түбі  бір  туысқан  елді  екі  хандыққа  бөлді.  Қасым  ханның,  қала  берді  Есім  ханның 
заманы  шапқыншылықпен  өтті.  Олар  кімді  шапты?  Кім  кімді  қырды?  Ойлап  қарасақ,  бір  халық  екіге 
бөлініп алып, бірін-бірін қырыпты. Бар күшін өзді-өзін мұқатуға жұмсапты. Бірі – Мауеренахр атаныпты. 
Бұл Хиуа хандығы мен Бұхар хандығы – сол Мауеренахрдың иелегіндегі елдер екен (11). 
Тəуке  хан  əңгімесінен  Төле  би  өзіне  көп  ғибрат  алады.  Оның  тек  қазақтардың  ғана  басын  құрап 
қоймай,  Қарақалпақ,  қырғыз,  өзбек,  башқұрт,  түрікмен  халықтарын  да  төңірегіне  топтастырған  себеп-
сырын ұға түседі. 
Тəуке ханның төмендегі пікірі де Төле биге терең ой салады.  «Күллі мұсылман қауымы демесем де, 
дəл қазақ атанған халықтың обалына үш хан айыпты деп есептеймін. Бірінші кінəлі, хан дейміз бе, əмір 
дейміз  бе,  түбі  қарадан  шыққан  (бұл  тұста  Төле  би  Тəукенің  ойын  дөп  баса  алмады).  Едіге  батырдың, 
барластан  шыққан  ұры,  жанкешті,  өзін  əміршімін  деп  əлемге  жариялаған  Ақсақ  Темірге  қосылып, 
айдаһар  секілді  екі  жүз  жылдан  астам  əлемді  шеңгелінде  сығымдап  отырған  Алтын  орданың  тағын 
шайқалтуға жанкештілікпен шабуыл жасауына қатысуы еді. 
Екіншішісі,  тарих,  ұрпақ  кешпейтін  Ақсақ  Темірдің  қатесі.  Батыстағы  «күпірлерді»  ауыздықтап 
отырған,  басын  бұраған,  билігін  заңдастырған,  аузын  аштырмаған,  жиі-жиі  салығын  төлемегені  үшін 
шабуылдап, берекесін кетіріп, елдігін қалыптастыруға жол бермеген Алтын орданы екі рет қанжоса етіп 
шабуы.  Ол  аз  дегендей,  мына  жақта  ертеден  елдігі  мен  патшалығы  əлемге  белгілі,  осынау  Ескендір 
Зұлқарнайын шабуылына қарсы тұра алған Дари деген патшасының есімі күллі мұсылман жұртына жыр 
есебінде жайылған, түп қазығы берік Парсы (Иран) жұртын Ақсақ Темірдің талқандауы, шауып алған соң 
сан мың персінің басынан төбе жасауы, сол арқылы мұсылман қауымының белін сындырып, күпірлердің 
күшеюіне жол беруі. Бұл өте аянышты да өкінішті оқиға еді, Төле би-бек» (12).  
Мұндай сырласу Төле бидің өткен тарихымызды жақсы білуге, өмірге деген көзқарасын қалыптасты-
рып,  əр  құбылысқа  жұрыс  баға  беруіне,  келешекті  қатесіз  болжай  алуына  белгілі  дəрежеде  көмектесті 
деуге болады. 
Тəуке ханды Төле биді жақсы көріп, барлық уақытта қолдап, құрметтеуінің бір сыры – Тəукенің елді 
бірлікке шақыруына байланысты еді. 
Аңырақай қанды шайқастың алдында Төле би Тəуке ханның моласына барып, топырағын құшақтап: 
Болмас бектік еш мирас, 
Отырықты ел болсақ, 
Тойынар еді қарны аш. 
Жау жағадан алды да, 
Көзден ақты қанды жас. 
Шабынды, босқын қаншама, 
Деп жар салдық «жаудан қаш!» 
Бəтуаға келерміз, 
Үш хан, үш жүз бірлесіп, 
Кеудеде тұрса əзіс бас,
 – деп өксіп жылайды. Бірақ жағдай Төле би күткендей болмай шығады, үш хан 
үш жаққа тартып, əз Тəуке іргесін қалап, қалыптастырған қазақ халқының саяси бірлігі ыдырауға айнала-
ды.  Ендігі  жерде  Төленің  Тəуке  ханды  жоқтатпай,  халықтың  саяси  бірілігін  сақтауға  бар  күш-жігерін, 
ақыл-қайратын жұмсауына тура келеді. 
Төле бидің ойынша, саяси биліктің ең жетілген түрі сұлтандардың емес, билердің кеңесіне сүйенген 
хандық  билік,  деп  тұжырымдайды  тарихшы-ғалым  М.Қойгелдиев.  –  Дамыған  феодалдық  қатынастар 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
25 
жағдайында жəне сырттан төнген қауіп алдында барлық тайпа, жүздердің саяси бірілігін қамтамасыз ете 
алатын  хандық  билік  –  қоғамдық  қажеттілік,  ал  ол  билік  дербестікке  ұмтылған  сұлтандарға,  немесе  өз 
малы мен жайылымынан арғыны азырақ ойлайтын шонжарларға емес, өзінің қоғамда алатын объективті 
орнына  байланыст  халыққа  жақын  тұрған  билердің  қолдауына  сүйенгенде  ғана  баянды  болмақ.  Төле: 
«Елге  бай  құт  емес,  би  құт,  қабырғадан  қар  жауса,  атан  менен  нарға  күш,  ел  шетіне  жау  келсе,  батыр 
менен биге күш», – дейді. Шын мəнінде сырттан қауіп төнгенде елді жауға қарсы шақыра алатын, ал іште 
əлеуметтік  қатынастар  шиеленіс  ала  бастаған  жағдайда  таптық  шиелееністі  бəсеңдете  алатын  да  билер 
еді.  Билер  елдегі  дамыған  феодалдық  қатынастарға  заңды  сипат  берген  «Жеті  жарғыны»  жасауға  ат 
салысып,  ханның  тікелей  əлеуметтік  тірегіне  айналса,  сыртқы  саясатта  да  басқа  елдермен  қатынастың 
бет-бағдарын  анықтап  отырды.  Оны  Төле,  Тайкелтір,  Қазыбек  сияқты  билердің  қалмақ  хандығына 
елшілікке барып тұрғандарынан көреміз.  
Төле би ел-жұртын жаудан да қауіпті рухани күйзелістен сақтап, дұрыс бағыт сілтейді, сол жолда бар 
қабілет-дарынын, қайрат-жігерін аямайды. Төле би: 
- Көсіле шабар жерің бар, 
- Қол боларлық елің бар, 
- Қол бастайтын ерің бар. 
- Атадан қалған жолың бар, 
- Жай отырып құл болсақ,  
- Атадан ұл боп туды деп, 
- Кейінгіден кім айтар? 
- Ер басына күн туса, 
- Етігімен су кешер. 
- Ат басына күн туса, 
- Ауыздықпен су ішер.  
- Қайрат қылсақ қасқайып, 
- Қиындықтың бəрі əлі ақ кетер.
 – деп рухани күйзелістен сақтап, дұрыс бағыт сілтейді. 
Жалпы Төле би өмірбаянының ең күрделі, ең қиын кезеңі – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» 
кезеңі.  Осы  ел  басына  мəңгі  жойылып  кету  қаупі  төнген  тұста  Төле  би  өзінің  бар  болмыс  бітімімен 
жарқырай көрінеді. Қазақ халқының ендігі жерде жер бетінен біржола жоқ болатынын, елін, жерін қорғай 
алмайтын  дəрменсіздігін  айтып,  түңіліс  білдіргендерді,  халқын  тастай  қашып,  қара  басын  қорғалаған 
хандарды айыптап, елді жауға қарсы майданға ұйымдастыра білуі – Төле бидің нағыз көсемдік қасиеті көз 
жеткізеді. 
1730 жылы Ордабасыда өткен ақсақал-билердің, данышпан ел жақсыларының, палуан-батырлары мен 
шешен-шеберлерінің бас қосқан жиынында Əбілхайыр ханға үлкен сенім артылады. Сол жиында Төле би 
ортаға шығып, сөз сөйлейді: 
-  Ау,  халқым,  біздің  бүгінгі  жүрер  жалғыз,  түзу  жолымыз  –  қалмақ  басқыншыларына  қарсы  соғысу. 
Қалмақ басқыншылары кісі аямайтын, біреудің тамағын тартып жеуге, қан төгуге жаны құмар. Мұндай-
лар, несіне жасыралық, ішінара өз арамыздан да табылады. Бұл бүкіл адамзат баласына тəн құбылыс па 
деп  те  ойлаймын.  Себебі,  біреу  адал  кəсіппен  дүние  тапса,  біреу  арам  кəсіппен  дүние  табады.  Ойлап 
тұрсам арам көп. Неге десеңдер, некесіз тексіздер, дінсіздер халықты азғырады. 
Халқым,  мынау  «Ақтабан  шұбырынды  алқакөл  сұлама»  ауыртпалығынан  қалай  құтыламыз.  Жайнап 
тұрған тау-тасымызды, өзен-суымызды, даламызды иемденген жау бізді біржола құл етпек, жер бетінен 
жойып жібірмек. Бəріміз бірігіп қарсы шықпасақ, жерімізді қорғамасақ, өмір сүре алмаймыз. Бізді жұтпақ 
айдаһарға қандай амал табамыз? 
Біз, ең алдымен, хандарға сенбей, өз бірлігімізді, өз тірілігімізді, келешегімізді өзіміз ойлауымыз керек. 
Шындықты  айтсам,  ...  бізді  билеген  хан  əулеттері  кешегі  əз  Тəуке  ханның  қазасынан  кейін  өзді-өзінің 
үстемдігін  жүргізіп,  беделін  арттыру  үшін  бір-бірімен  жауласып,  дауласып,  халқымыздың  ынтымақ-
бірлігін жойды. 
Халқым,  жауымызды  жеңеміз  десек,  бір  жерден  сөз,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бір  мүддеде  болуға 
тиіспіз. Біз жауды сонда ғана жеңеміз. Бір жағымыз соғысып, бір жағымыз «қайсысы басым түсер екеен?» 
деп  бұқпалап  тұрсақ,  тоз-тозымыз  шығады...  Ынтымақ  та,  бірлік  те  өз  қолымызда  болу  керек.  Өзімізді 
өзіміз басқару керек. 
 ...  Мына  Ордабасының  биігінен  атамыздың  ақ  туын  тігейік  те,  бір  боз  айғырға  бата  беріп,  сол  боз 
айғырдың қанына қол батыралық. Атамыздың, анамыздың, баламыздың, арулы сұлуларымыздың, айдар-
лы мырзаларымыздың қаны үшін кек алғанға дейін жаудан қайтпайық, қасық қанымыз қалғанша соғыса-
лық деп серттеселік. 
«Жата  берсең,  жау  алады,  сөйлемесең,  дау  алады»  деген.  Жаудың  қорлығына  қашанғы  төземіз? 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
26 
Тəуекел  деп  бірлік  жасап,  батыр-палуанымзды,  білгіш-бағланымызды  түгендеп,  жаудан  кек  алалық. 
Бүйтіп  қашып-пысып,  бет-бетімізбен  бытырап  кете  берсек  күніміз  не  болады?  Қол  қусырып,  құлдық 
ұрып, ел боламыз ба? Жас өсе ме? Елінен айырылған ер оңа ма? 
Жауға  қор  болып,  өмірімізді  өксітіп,  халқымызды  жылатып  қоямыз  ба?  Қалмақ  бізді  қанша  қырды, 
тағы да қыра бермек. Ерегіскен жаудан кек алмай, біз ел бола алмаймыз. Сондықтан, о ақсақалдар, о, игі 
жақсылар, есірген жаудан есемізді алуымыз керек. 
Халқымызды  қырып,  мал-мүлкімізді  тартып  алған,  айдарлымызды  құл,  тұлымдымызды  күн  қылған 
жауға қайрат көрсетіп, қарсы шығалық. Арсыз өмірден арлы өлім, қорлық құлдықтан ерлік өлім артық! 
(13). 
Аңырақай шайқасынан кейін Əбілхайыр ханның жеке бөлініп кетуі қазақтың бірқатар ел билеушілері-
нің де, Төле бидің де еңсесін езген күтпеген, ауыр шешім болғаны белгілі. 
- Тоғызда беріп төрелік, 
Үш жүзге Төле атандым. 
Қазақтың болып үлкені, 
Алыс көріп қарысты, 
Сүйемді жақын тартпадым. 
Осы күймен дүниеден,  
Бір мінезбен қайтармын. 
Əбілхайыр осында,  
Болмай қалып айтқаным,  
Содан бері қапамын,
 – деп күрсіне күңіренген Төле би қайғысы – бірлік жоқ жерде тірілік жоқ екенін 
терең түсініп, келешек ұрпақ қамын алаңдаған халық қайғысындай сезіледі (14).  
Төле  би  ақтық  айқаста  жоңғарларды  жеңгенмен  жоңғарлар  мен  қытайлар  тарапынан  қауіптің  сейіл-
мейтінін біліп, Ресей патшасымен одақ жасауға, одан көмек сұрауға мəжбүр болады. Ақырында сұлтанда-
ры мен билері Қодар, Төле, батырлары Сатай, Хангелді жəне Бөлек тікелей орыс патшасының өзіне хат 
жолдап, келіссөз жүргізуге өтініш жасайды. 
Сөйтіп,  Төле  би  жаудан  жерімізді,  елімізді  азат  етуге  баға  жетпес  үлес  қосты.  Ұлы  бабаның  ұрпақ 
жадынан мəңгі ұмытылмас ұлылығы – осы ел қорғау ісіне бар жан-тəнімен, бүкіл сана-сезімімен қалтық-
сыз қызмет етуінде еді. 
Төле би ұрпақ тəрбиесіне де ерекше мəн берген. «Біздің ел болуымыз – ұл-қыздарымыздың аманды-
ғында. Ұл-қызы аман халық – болашағы бар халық,- деп жастардың жасынан дені сау, жігерлі, қайратты, 
елін, жерін сүйген, жай сүйіп қана қоймай оны іспен дəлелдей алатын арлы азамат болып өсуін қалаған. 
Əр атаның міндеті – ұл-қызын жауды жек көріп, өзінің де, елінің де елдік қасиетін сақтай, қорғай білетін 
ойлы, тапқыр, ержүрек етіп өсіру деп ұққан. 
- Əкем бар деп мақтанба, 
Топқа түсері жоқ болса. 
Балам бар деп мақтанба, 
Жаман туған боқ болса. 
Ағайыным бар деп мақтанба,  
Дос-дұшпаның келгенде, 
Қарасуы жоқ болса,
 – деп адамгершіліктің асқар биігін арман еткен (16). 
Төле би өз балаларына:  «Намысын, арын, ерлігін сатқан адамнан жақсылық күтуге болмайды. Елдің 
елдік, ерлік намысы таразыға түскен шақта қайрат көрсеткен ер – наз ер. Шыбын жаны, өз пайдасы үшін 
ерлігін  айырбастауға  дайын  тұратын  қоян  жүрек  сатқындардан  сақтан.  Саналы,  мағыналы  өмір  сүрем 
десеңдер, досың да, дұспаның да ер болсын, – деп отырады екен (15). 
Елдің игі жақсылары бас қосқан бір жиында: 
-  Біз  бидің,  ханның  айтатын  билігіне,  шешім-келісіміне  ешкім  қарсы  шыға  алмайды,  қарсы  шықса 
басына  қылыш  ойнайды  десек,  мына  бір  даукестер:  «Жоқ,  бұларың  дұрыс  емес,  халық  бəрін  де  əділ 
таразылайды.  Соңғы  шешімін  де,  кесімін  де  сол  қара  бұқара  айтады.  Билерден  де,  ханнан  да  қараша 
күшті», – деп жеңістік бермейді. Ал, сіз не дейсіз? – деп бір топ ел ағалары Төле биге жүгінгенде: 
- Əділ би біліп айтады, 
Жалтақ би күліп айтады. 
Хан қара қылды қақ жарып айтады, 
Алды-артын бағып айтады. 
Қисық-қыңырдың сайтанын қағып айтады. 
Хан бір айтпайды, 
Айтты ма, сөзінен қайтпайды. 
Халық ұйымшыл, еңбекшіл болса, ханы мықты, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
27 
Хан ақымақ болса, халықтың қашар құты. 
Халық ханға арыз айтады, 
Қорлық, зорлық көрсе, шағым айтады. 
Күш атасы – халықта, 
Қарсы келген хан да, би де оңалмас, 
Қара халық – алыпқа, - дейді Төле би (16). 
Төле  би  зорлық-зомбылыққа,  көп  атаның  аз  атаға  тізе  батыруына,  ұрлық-қарлыққа,  əйел  арын  аяққа 
басуға,  жер,  жесір  дауына,  адамдар  мен  халықтар  арасындағы  араздыққа,  жаулыққа  барынша  қарсы 
болған. Əділ билік айтуды, əлсіздеге қамқоршы болуды өзінен де, өзгелерден де қатаң талап еткен. Өзінің 
басшылық  етуімен  жазылған  «Жеті  жарғы»  заң  жинағы  бұл  айтылғандарға  көз  жеткізеді.  Мысалы, 
Жарғыны  талқылау  жəне  бекіту  кезінде  Төле  би  үлкен  белсенділік  танытып,  адам  өлтірген  адамның 
ошағын талқандап, күлін, бала-шағасын құл-күң ретінде сату секілді Есім ханнан қалған аса қатал заңды 
өзгертеді,  оның  орнына  құн  төлеу  тəртібін  енгізеді.  Төле  би  бұдан  өзге  де  адамгершіліктен  тысқары 
қағидаларын Жарғыға енбей қалуына күш салады. 
Өз  заманының  жас  ұрпақтарына  лайықты  тəрбие  беріп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оларды  дұрыс 
жолға сала білген Төле би бабамыздың билік құру өнері осы заманның да кəдесіне асары даусыз. Қазақ 
хандығының  мемлекет  болып  қалыптасуының  іргетасын  бірге  қаласып,  тек  ру  аралық  мəселелерді  ғана 
емес,  мемлекетаралық  даулы  мəселелерді  шешуде  де  ауызбіршіліктің,  азаматтықтың,  мəрттіктің  үлгісін 
танытып,  үлгі  етіп  қалдырған  үш  биіміздің  баға  жетпес  еңбектері  біздер  үшін  теңдесі  жоқ  мұра  болып 
табылады. 
Бүкіл ғұмырын ел бірлігі, ел азаттығы үшін күреске арнаған ұлы бидің бар ой-арманы, бүкіл тыныс-
демі,  ақ  ниеті  –  халқының  бақытты  болуы,  көгеріп  өсіп-өнуі  еді.  Төле  би  бақытты  байлық  деп  емес, 
бостандық  деп  түсінді.  Бостандықтың  еш  халыққа  өздігінен  келмейтінін,  ол  үшін  тек  бірлесіп  күресу 
керек екенін ұрпағына өсиет етті. «Бірлік, еркіндік пен теңдік болмай, елдік болмайды» деуі ұлы бабамыз-
дың  бүгінгі  Қазақстанның  тəуелсіз  ел  кезіндегі  негізгі  қағидасын  болжаған  деуге  болады.  Сол  тарихи 
кезеңде ұлы бабалрымыздың айтып кеткен іргелі саяси ұғымдары бүгінде біріктіруші,  тұтастандырушы 
күшке айналғанын байқаймыз.  Əрбір ғұлама  өзінің  замандастарына ғана емес, кейін келетін  ұрпаққа да 
ұлағатты сөз айтып, қалдыруға ұмтылған. Осындай дəстүріміз бар ата-бабаларымыздың рухани  мұрасы 
бүгінгі жастарға үлгі болмақ. 
Қазақ  жүздерін  басқаруды  реттеу  ниетімен  Тəуке  хан  Ұлы  жүздің  биі  етіп  Төле  биді,  Кіші  жүзге 
Əйтеке  биді,  Орта  жүзге  Қазыбек  биді  тағайындағанын  жоғарыда  атағамыз.  Осындай  аумалы-төкпелі 
өмір сүріп, қазақ халқының тəуелсіздік жолында ерлікке лайық батылдық пен ержүректтік көрсеткен, көш 
бастаған көсем, сөз бастаған шешен билердің бірі – Қаздауысты Қазыбек би. 
Тəуке,  Сəмеке,  Əбілмəмбет  жəне  Абылай  хандар  тұсында  мемлекет  басқару  ісіне  белсене  араласып 
жүрген Қазыбек би де ішкі жəне сыртқы саясат мəселелерінде ықпал ете алатын. Ол – жоңғар басқыншы-
ларына  қарсы  азаттық  күресті  ұйымдастырушылардың  бірі.  XVIII  ғасырдың  40-жылдары  Абылай  хан 
жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқынынан босатып алуға белсене атсалысты. XVIII ғасыр-
дың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көпте-
ген  бағалы  сыйлықтар  жіберген.  Бірақ  Қазыбек  би  Қытай  жағына  мүлде  карсы  болған.  Ол  Абылайды 
Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған. Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек 
деп атап кеткен. 
Қазыбек  бидің  жастық  шағы  мен  бүкіл  саналы  өмірі  қазақ  елінің  өз  ішінде  рулық-тайпалық  алауыз-
дықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар 
шапқыншылығы  үдей  түскен  кезеңге  тап  келді.  Ел  аузындағы  аңыз-əңгімелерге  қарағанда,  ол  Тəуке 
ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға 
барғанында  14  жаста  екен.  Қылышынан  қан  тамған  қаһарлы  қалмақ  ханының  алдында  қазақ  билері 
жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сəтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып 
алға  шығады  да:  “Қазақ  деген  мал  баққан  елміз,  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт-
береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау  баспасын  деп  найзасына  жылқының  қылын  таққан  елміз. 
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дəм-тұзын 
ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл 
боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп 
отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі 
келгенбіз. Танымайтын жат елге – танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен 
қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім 
берсең – жөніңді айт, бермесең – ұрысатын жеріңді айт!” – депті. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
28 
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған 
қалмақ  ханы  əділдікке жығылып,  өжеттігі  мен  шешендігіне  риза  болып:  “Дауысың  қаздың  дауысындай 
екен,  бұдан  былай  сенің  есімің  Қаз  дауысты  Қазыбек  болсын”,  –  деген  екен.  Соның  арқасында  елшілік 
жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге 
олжалы  оралған  екен.  Қазыбек  бұдан  кейін  де  жоңғарларға  екі  рет  елшілікке  барып,  ел  намысына  дақ 
түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан. 
Тəуке  хан  үйсін  Төле,  алшын  Əйтеке,  арғын  Қазыбек  билерге  жаңа  заң  жобасын  –  “Жеті  жарғыны” 
жасатып,  Күлтөбенің  басында  бүкіл  халық  алдында  қабылдатты.  Сөйтіп,  ұлы  үш  бидің  көмегімен  ел 
ішіндегі  əдет-ғұрып  нормалары,  жер-су,  қоныс  иеліктерінің  мөлшері,  жесір  дауы,  құн  төлеу,  кек  алу, 
ұрлық-қарлыққа  тыйым  салу,  ағайын-туыс,  ру  арасындағы  дау-дамайлар,  ел  бірлігі,  мемлекет  басқару, 
Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тəрбиесі т.б. мəселелердің шешілу 
жүйесі жаңаша белгіленді. 
Ел  “Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама”  нəубетіне  ұшырап,  қатты  күйзеліске  түскен  кезеңде 
Қазыбек би өзге де билермен бірге Сəмеке, Əбілмəмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың 
арасын  жарастыруға  күш  салды,  оларды  өзара  ынтымаққа  шақырды.  Орыс  патшасымен  достық  қарым-
қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін 
қолдан келген барлық дипломаттық айла-əрекеттерін жасаған. Би 1762 ж. Абылай сұлтанға Қытай боғды-
ханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. 
Қазыбек  мемлекет  істерімен  қатар  руаралық,  сұлтандар  арасындағы  кикілжің  тартыстарға  да  əділ 
билігін  айтып  отырған.  Орыс  патшасының  өктемдігіне  қарсы  1740  жылғы  башқұрттар  көтерілісінің 
басшысы  Қарасақалдың  Қабанбай  батырға  бармас  бұрын  Қазыбек  биге  келіп  паналағаны  белгілі.  Ал 
Барақ сұлтан қысастықпен 1748 ж. 24-тамызда Кіші жүз ханы Əбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне 
іріткі салатын қылмыс деп бағалаған. 
XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен 
оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте 
тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады. 
Қазыбек  би  мемлекеттік  мəселлерді  шешуге  іскер  мəмлегер  дəрежесіне  дейін  көтерілді.  Қалмақтың 
ханы Қонтажы қазақ елін үш рет шауып алғанда, малдан бөлек, сол шабылғының ішінде бірталай ұл мен 
қыздар  да  кетіпті.  Соны  сұрап,  қазақтар  елші  жібергенде,  Қонтажы  ешбір  есе  бермепті.  Абылай:  «Ал, 
жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір болсын, хандар-
ың  Қарқаралы  хан  Бертіс  болсын,  атшыларың  мына  Қазыбек  бала  болсын,  –  деп  елшілікті  шығарып 
салады.  Елшілік  Қонтажы  ордасына  жетеді.  Қазақ  елшілігіне  қонақасын  беріп,  тынықтырған  соң:  «Иə, 
қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарыңды айтыңдар да қайтыңдар!» – депті. Сонда қазақ елшілері-
нің басшысы Тайкелтір би:

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет