Хабаршы вестник «Əлеуметтану жəне саяси ғылымдар»



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата16.06.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

қауымдастықтың күш біріктіруі арқылы, тұрақты шешілетін міндеті ретінде танылады. Тек өзінің ғана 
емес, бүкіл əлем тағдырына, оның ғаламдық мəселелеріне алаңдайтын, шешімін өзге де мəселелер енгізіл-
ген  мемлекет  қана  қазіргі  заманғы  болып  шығады.  Экономикалық  өсуі,  өмір  сүрудің  жоғары  деңгейі, 
əскери қуаттылығы жəне гүлденудің қалған белгілері,бұған қоса, қазіргі заманғы жеткілікті сипаттамала-
ры  болып  табылмайды,  сондай-ақ,  танылған  барлық  белгілері  мен  нышандары  да  лайықты  болуы  тиіс. 
Бірінші кезекке шынында өзге басыңқылықтары мен құндылықтары шығады. Өзінің жиынтығында олар 
тек оқшаулығымен ғана емес, жалпылама өмір сүруі жергілікті, ұлттық, аймақтық шеңберінен шығатын 
нақтылы  бір  мемлекет,  ел  жəне  халықтың  бейімділігін  көрсетеді.  Мұндай  ортақтастық  шарасы  мұнда 
өзіне  тəн  қазіргі  заман  шарасы  болып  шығады.  Осы  көзқараспен  алғанда,  қазіргі  заманды  патриотизм 
жəне ұлттық эгозимнің жалған ұғымы атынан əлемнен тасалайтын сол саясат, сондай-ақ, жаһандастыруға 
қарсы əрекет етуге тырысады т.б. Бірінші, ұстаным жақтастары түрлі ұлтшылдар, дəстүршілдер. Екіншісі-
не  бүкіл  əлемді  жүздеген  жылдар  ішінде  жайлаған  капиталистік  жүйені  кеңейтуге  жəне  өз  насихатын 
таратуға үндеуші жаңа либералдық ағымның теоретиктері мен саясаткерлері кіреді. 
Екі жағдайында да əлем бытраңқы күйінде қалады, дегенмен, түрлі негіздері бойынша. Біріншісінде, 
бұл қарсы тұруға болмайтын өркениетті, конфессиялық, ұлттық шектері бойынша бөлінеді. Екіншісінде - 
əлемдік капиталистік жүйеге кірушілігінің дəрежесі бойынша. Бұл жағдайда, ол тең болмайтын бөлігіне 
қосарланады, тіптен, ондағы командалық-басшылық рольді оның өзегін құрайтын, осы жүйеде орталық 
орынды иемденген ел атқарады. XXI-ғасырда осындай ортасы азды-көпті үстемеленетін «үлкен жетілік» 
елдері болады деген ұйғарым бар, сондай-ақ, соларға тəуелді ХВҚ, Халықаралық банк жəне тағы басқала-
ры. Қалған елдер жақтаудың сыртында қалады. Олар шикізат жəне арзан жұмыс күшін дайындаушылар, 
олардың түрлі қалдықтарын сақтаушылар, яки, олардың жүйесінен мүлдем шығып қалады.  
Осы  секілді,  келешек  жоспармен  келісе  қою  қиындау.  Тіпті,  Батыстың  кейбір  көреген  саясаткерлері 
бүкіл  əлемді  өзіне  бағындыру,  өзінің  заңдары  бойынша  өмір  сүруге  мəжбүрлеу  секілді  мемлекеттік 
реттеудің  сəйкес  келмейтін  шараларын  қолданатын  нарықтық  экономиканың  бейімділігіне  күмəнмен 
қарайды. Бірқатар батыстық авторлар экономикалық жаһандастыру сəтсіздікке ұшырайды деген болжам-
дар айтуда,сөйтіп, жаһандастыру идеясы шамасы келмейтінін дəлелдейтін фактісіне айналады деп санай-
ды.  Жаһандастыруды  бай  жəне  кедей  мемлекеттер  арасындағы  тепе-теңсіздікті  ғана  күшейту  арқылы 
нарықты босатып, бəсекелестік заңдары бойынша жүзеге асыруға болады деп ойлайды. Бұның тұрпатты 
үлгісі  –  қазіргі  заманғы  фундаментализм.  Əлемді  сілкіндірген  қаржылық  дағдарыстар,  табиғи  ортаның 
бұзылуы, жоқшылық пен аштықтан жапа шеккен тұрғындардың жан сақтау үшін, басқа елдерге жаппай 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 

кетуі, жұмыссыздар санының өсуі (сауаты мен біліктілігінің төмен болуынан), міне, үшінші əлем елдерін-
дегі  жағдай  осындай,  сондай-ақ,  жер  шарының  түрлі  нүктелерінде  əскери  жанжалдардың  шығуы  – 
осының бəрі нарықтық жаһандастырудың шикілігін дəлелдейді. Тек нарық рыногында ғана жаһандастыру 
идеясының шынайы беделін түсіру ұйғарылады. 
Əрине, көптеген мəселе басым көпшілік елдердің мүдделерін есепке алумен мемлекетаралық қатынас-
тар жəне одақтардың жүйесін реформалау саясаткерлердің ықыластары, сондай-ақ, дұрыс атқара білуінен 
жаһандастыру  үрдісін  реттеу  мақсатымен  мемлекеттердің  саналы  түрде  араласуына  тікелей  қатысты 
болмақ. Алайда, мемлекетке сену қандай маңызды болса да, барлық мəселелерді шеше алмайды. Ғалам-
дық  саясаттың  құндылықтары  мен  басыңқылықтарын  халықтардың  санасына  сіңіретін,  санымен  жарас-
тыратын,  бейімді  жаңа  идеология  керек.  Мұндай  идеология  бұрынғы  түрлерінің  таптық,  тар  шеңберлі 
ұлттық, аймақтық қосылуынан еркін болуы тиіс, ол XIX-ғасырда қалыптасып, сол немес өзге өзгерістер-
мен  біздің  уақытымызға  дейін  жеткен  коммунизм  немесе  либерализмнің  дəстүрлі  қасаң  қағидасын  жай 
ғана қайталамауы қажет. Либералдық жəне əлеуметтік құндылықтар ғаламдық қоғамда өз орнын табады, 
бірақ олар логикалық талдауға бейімсіз жəне бірін бірі жоққа шығарудан да қалатын болады. Бұл қоғам 
барлық адамзаттық мəселелерді жалпыға ортақ қанағаттандырумен шешетін жұмақ деп ойлаудың қажеті 
жоқ: олар ақыл мен парасаттылықты дамытудың жоғары тармағында шешілетіні күмəнсіз. Өзге жағдайда, 
жаһандастыру оның мағынасын тарихи ақтаушылығын айыратынын мойындауға тура келеді.  
Дамудың  ғаламдық  моделі,  біздің  ойымызша,  либералдық-нарықтық  та,  этатистикалық  та  емес. 
Соңғылары  үлкен  дəрежесінде  яки  еркін  нарықтың  механизмдеріне,  яки,  мемлекеттің  билігі  барлығын 
қамтыған орталықтандырылуына сүйенетін индустриалдық қоғамның экономикасына сəйкес келеді, дəл 
осылар əлемдік көшбасшылыққа үміт еткен қарама-қарсы екі лагерьге бөлді. Осы лагерьлердің біреуіне 
нарықтың  рұқсат  етуші  күшіне  сенімділігі  тəн  болса,  басқасы  үшін  –  мемлекетік  аппараттың  күші  мен 
қуаттылығы  тəн.  Елдердің  өзін  дамытуда  кешіккен  индустриаландыруды  жаңғырту,  сонымен,  дамудың 
осы екі стратегиясы арасында ақылға сыйымды тепе-теңдікті таба алмады.  
Жаһандастырудың  басталуымен  осы  стратегиялардың  əрқайсысы  саясаттың  сенімді  құралы  болудан 
қалады.  Нарық  пен  мемлекет,  əрине,  қоғамдық  алға  басудың  маңызды  факторлары  ретінде  өз  мəнісін 
сақтап  қалады,  бірақ  олардың  əрекеттері  бұрынғыдан  да  көбірек  түзетіліп,  өзге  мақсатты  –  əлеуметтік 
жəне мəдени факторларын кіргізді.  
Жаһандастыру бұрыннан белгілі болғанындай, ең алдымен, табиғи болмысымен бүкіл əлемге тарала-
тын ақпараттық технологиялар арқылы жүйелерін енгізеді.Ғаламдық əлем – бұл ақпараттық технология-
лар  кеңінен  өндірілетін  дамуымыздың,  соған  қоса,  экономиканың  басты  көзіне  айналатын,  мейлінше 
өрістейтін  ақпарат  əлемі.  Мұндай  күрделі  əлемді  басқару,  индустриалды  қоғамдарда  істелініп,  бастау 
алғаннан  кейін,  енді  мүмкін  болмай  қалды.  Бұл,  біріншіден,  ақпараттық  ағымдар  ұлттың  –  мемлекеттің 
жəне аймақтың шектерінде жинап қоюға келмейді, екіншіден, кезкелген адамнан оның нарықтық белсен-
ділігі жəне ұқыпты тілалғыштық қасиеті емес, өзіне тəн жақсы саналы жақтары талап етіледі. Ақпараттық 
технологияларға  негізделген  экономика  бүгінгі  күн  талаптарына  сай  адамның  ақпаратты  пайдалана 
білетін жəне негізгі капитал ретінде лайықты білім алуға бейім болатын, қоғамның басты өндіргіш күшіне 
айналуына себеп болады. Соған сəйкес, тұтастай алғанда, қоғамның ғылым, білім беру, мəдениет секілді 
құрылымдық  салаларының  маңызы  өсе  түседі.  Дəл  осыларда  өзінің  жұмыс  күшінен  басқа,  мəдени 
капитал атауын алғанын пайдалану мүмкіндігі болатын қызметкердің жаңа тұрпаты қалыптастырылады. 
Өндірісте  соңғысының  рөлі,  тіптен,  заттай  жəне  ақшалай  капиталмен  салыстырғанда  өлшеусіз  өседі. 
Мұнда жалдамалы қызметші немесе бюрократтық бұйрықтар беретін жеке кəсіпкер болып қана қою аз; 
кезкелген жағдайда, алдына қойған міндеті шығармашылықпен шеше алатын мəдениет адамы бола білу 
керек. Ғаламдық даму кезеңінде дəл осы мəдениет əлеуметтік мəселелерді шешетін басты фактор болып 
шығады деп айтуға болады. 
Сондықтан, ғаламдық саясатты жаңғыртудан өзгеше мақсаты сол, əрбір адамның жəне əрбір халықтың 
игілігі – жекелей жəне ұлттық игілікке айналатын қызметтің түрлі салаларында адамзат ұжымдық жетіс-
тіктерді  иеленуі  кезінде,  осындай  əлемдік  тəртіп  құрылуы  мүмкін.  Ешкім  де,  ешбір  халық  та  əлемдік 
өркениет  пен  мəдениеттің  барлық  игіліктері  мен  жетістіктеріне  еркін  кіретіндей  құқықтарына  қысым 
көрсетілмеуі керек жəне осындай мүмкіндік қана адамдар мен халықтардың бір-бірімен тең болуына игі 
қадам жасайды. 
Қоғамдық, экономикалық жəне мəдени байлықтардың кезкелген бөлінісі, яки күш қолдану əдісі неме-
се  нарықтық  бəсекелестік  арқылы  жүзеге  асырылады,  мұның  өзі,  жекелеген  ұлттың  өз  ішіндегі  секілді, 
ұлттар арасында əлеуметтік жанжалдар көзі болып табылады. Бөліністің тең болмауы ұтылып қалушылар 
мен ұтып шығушылар арасында ешқашан бəтуəласуға-келсімге келуге мүмкіндік бермейді. Егер, нарық-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 

тық  экономика  аясында  іс  жүзінде,  бұл  болмай  қалмайды,  онда  табиғат  ресурстарын  пайдалану  жəне 
мəдениет саласында қауіпті де зиянды, ал принципінде-негізінде – рұқсат етілмейтін шаралар. Табиғатқа 
жəне нарықтық институттар мəдениетіне осы аялардың коммерциялануын тарату индустриал-ды қоғамды 
бүлдіретін  экологиялық  жəне  рухани  дағдарыс  нəтижелері  болып  табылады.  Бірінші,  не  істеу  керек  – 
оларды нарықтың күтпеген апат билігінен босату қажет, яғни, бəсекелестер арасында бөлінуі қажет [8]. 
Мəдениет  барлық  пайда  болуында  жəне  ғылым  принципінде-ұстанымында  тең  дəрежеде  баршаға 
ортақ.  Олар  жекешелендіруге  жатпайды,  өкінішке  орай,  екеуіне  де  зиян  тигізетіндей  шаралар  жүзеге 
асырылғаны  жасырын  емес.  Жалпы  алғанда,  жекешелендірудің  құтқарушы  күшіне,  тек  индустриалдық 
қоғамда баршаға ортақ жəне бөлініс нысандары болып табылмайтын байлығымыз құнының өсуіне үміт 
артамыз. Ортақ мəдени маңызы болатын ақпаратты бір адамның, бір мемлекет, тіптен, бір ұлттың корпо-
рацияның  өз  меншігі  етуіне  əсте  болмайды.  Оны  жеке  субьекті  тарапынан  монополизациялауға  əрекет 
жасау ақпарат болмысына қайшы келеді, сөйтіп, оның құнсыздануына түрткі болады. Бұл жалпы адамзат-
тың  игілігі  болып  табылушы  табиғи  байлыққа  да  тікелей  қатысты.  Осылайша,  жоғарыда  айтылғаннан 
шығаратын қорытынды, ғаламдық дамуда жаңғырту арқылы ұлттық саясаттың мақсаттары мен мүдделе-
рін қайта бағдарлау, бүгінгі күннің сəйкесті болмыстарына ұқсастарын алумен, қазіргі заманға оралудың 
бірден бір тəсілі деуге болады. Дəл осы бағытта экономикалық өсуі мен əлеуметтік дамуды жандандыруға 
бейім болатын құндылықтар жүйесі іздестірілуі тиіс. Тек ғаламдық тəртіптің мəселелерін шешуге қосылу-
шы Қазақстан Республикасы дағдарысын жеңіп шығатын жаңа белеске көтеріліп, өзі туралы, XXI-ғасыр-
дың елі туралы батыл мəлімдей алады. Өткен жолды қайталамай, басқаны көшіріп алмай, басқа елдермен 
жаңа əлемді құруға бірге қатысу – сондағы жіберген қателіктерді түзетуге, өзін сақтауға болатын бірден 
бір  жолы.  Егер,  өткенді  жан-жақты  саралап,  алдағы  уақытқа  зер  салатын  болса,  Қазақстанның  да  бүкіл 
əлемге айтары жəне ұсынары аз емес. 
Қазақстан  қоғамының  кеңестік  кезеңі  КСРО-ның  егеменді  республикасы  түрінде  рəсімделініп, 
жаңғыртудың соцалистік моделін жүзеге асыруымен сипатталғаны белгілі, сонау 30-шы жж. елде сауат-
сыздықты жою жаппай қолға алынды, ал содан кейін, тұрғындардың білім алуы жəне біліктілік пен кəсіби 
потенциалы деңгейінің өсуі, өнеркəсіптің дамуы жəне т.б. Уақыттың тарихи қысқа мерзімінде жаңғырту-
дың бастапқы сатыларынан өтті – мұнай мен газ өндіру, жеңіл өнеркəсіптің іргетасы қаланды. Əлеумет-
тік-мəдени кеңістікте ірі қайта құрулар жүзеге асырылды.  
1991 жылы тəуелсіздік алу сəтінен бастап, Қазақстандық қоғамның кеңестік кезеңнен кейінгі жаңғыр-
тылуы нарықтық экономика жəне демократияға өтумен байланысты, тұтастай алғанда, мұның вестерниза-
циялық сипаты бар. 
КСРО  ыдыраған  соң,  бұрынғы  кеңестік  елдерде,  соның  ішінде,  Қазақстанда  жаңғыртудың  қолға 
алынуы,  қоғамдық  өмірдің  түрлі  аяларында  «үзікті»  жəне  үзілісті  жүргізілгені  соншалықты,  мұның  өзі, 
90-шы жылдарының бірінші жартысында жаңғырту барысында қол жеткен бірқатар маңызды айқындама-
лар жойылды жəне өнеркəсіптің құлдырауы, тұрғындардың кəсіби-білім деңгейінің төмендеуі, сондай-ақ, 
жоғары билікті орыс тілді мамандардың елден басқа мемлекеттерге жаппай ағылуы, жумыссыздық, өмір 
сүру  деңгейінің  төмендеуі,  тұрғындардың  көптеген  топтары,  бірінші,  кезекте,  ауыл  тұрғындарының, 
бюджеттік  аясы  қызметкерлері,  əсіресе,  қарт  адамдардың  құқықтық  жəне  əлеуметтік  кепілсіздіктердің 
жойылуы секілді келеңсіз жəйттермен есте қалды. 
ХХІ-ғасырда жаһандастыру шақыруына тиісті жауабы үшін Қазақстанға пісіп-жетілген жаңғыртпалы 
бағытта, алдымен, одан əрі алға жылжу, яғни, ашық қоғамды қалыптастыру, өнеркəсіптік өндірістер мен 
халықтың  əл-ауқатын  түбегейлі  көтеру,  нарықтық  экономиканы  мемлеке  өктемдігінен  еркін  болуын 
қуаттау,  азаматтардың  құқықтары  мен  еркіндіктерінің  кепілдіктері,  əлеуметтік-ағымдық,  содан  соң, 
жаңғыртпадан  кейінгі  идеологияны  қуаттау  секілді  шаралар  күтіп  тұрды,  мыналар  солардың  маңызды 
бөлінбес  белгілері  болып  табылады:  өндіріске  негізделген  шаруашалық  жүйесін  орнату  жəне  өзінің 
маңызды  мақсаты  ретінде,  зияткерлік  капиталды  пайдалану,  дəстүрлігінен  (таза  экономикалық)  басқа 
жəне экологиялық пайымдауларды қарастырушы, енгізілген техникалық жаңашылдықтардың үдемелегін 
бағалайтын жаңа маңызды критерийді, бұған қоса, сұраққа ұйғарылған жауапты енгізу: осы жаңашылдық 
жеке адамның өзін іске қосу жəне еркіндігін кеңейтуге немесе жаңа қауіп-қатер мен құлдықта ұстау көзі 
болуға бейімді ме, 2) тікелей демократия мен өзін-өзі басқаруды кеңейту, 3) əлеуметтік-ағымдық қарама-
қайшылыққа  парасаттылық  идеологиясын  бекемдеу.  4)  азаматпен  жеке  адамның  ментальдық  дүниелері 
жəне  құндылықты  құрылымдарының  түрлі  ағымдылығын,  сондай-ақ,  түрлі  нұсқаулығын  мойындау. 
«Пісіп-жетілген  жаңғыртпа»  жəне  «жаңғыртпадан  кейінгі»  деп  нышандандырылған  терминдер  осы 
мəреге жылжуды əлеуметтік кідірістері жылдамдық, табыстылық жəне бағалау – едəуір мөлшерде қазіргі 
заманғы саяси жəне əлеуметтік-мідени стратегия тұрпатына тікелей қатысты болады [9].
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
10 
ХХІ-ғасырда əлем жүйесін жаһандастыру жəне жаңғырту жағдайларында құндылықты бағдарлардың 
рөлі əлемнің түрлі түкпірлерінде өткен дəуірмен салыстырғанда көп есе өсетін болады. Жаңғыртылушы 
жəне жаһандастырылушы үрдістердің кеңістігінде басқарушы элиталардың қате «жүрістері» ұрындылуы-
мен, саяси жаңғырту арқылы апатты нəтижелері күшейе түсуде. Біріншіден,  көне тарихта бұрын-соңды 
болып  көрмеген  қырулар  материалды-техникалық,  қаржылық  жəне  адам  ресурстары  қойылуда.  Екінші-
ден, əлемдік жүйенің бей-мəлімдігі, болашақтың айтып болмайтынындай белгісіздігі, ғылыми-техниика-
лық жетістіктерді пайдалануда бақылаудың əлсіздігі, экономикалық жəнетабиғаттың астан-кестен өзгерісі 
(Э.Тидденс, У.Бек), этностар мен өркениеттің қарама-қарсылығы жəне қақтығысы (С.Хантингтон) секілді 
келеңсіз жəйттер өсуде. 
Əлемнің  жаңғыртылушы  жəне  жаһандастырылушы  үрдістерінде  қоғамдық  дамудағы  құндылықты 
өлшемдердің барлық өсе түскен рөлін олардың менталитетін, санасы құрылымын үстемдік етуші идеоло-
гиялар құндылықтарын, пікірлер əртүрлілігін мұқият зерделеуді ұйғарады. Бұл, əсіресе, ТМД елдері үшін 
көкейкесті  мəселе,  өйткені,  олар  тарихи  таңдауын  жасауда.  Осы  мəреге  табысты  алға  жылжу  қазіргі 
заманғы кезеңде іске асырылатын жаңғырту стратегиясының тұрпатына тікелей қатысты болады. 
Қазақстан күрделі жаңғыртушылық жобаны өмірге енгізіп, іске асыру жағдайларында, дəлірек айтқан-
да, өзіміз жоғары жан-жақты қарастырып өткен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев-
тың  жыл  сайынғы  халыққа  жолдаулары  көрсеткеніндей,  жаһандастыру  жəне  əлемнің  тез  өзгеруші 
жағдайларындағы  құндылықты  өлшемде  саяси  жаңғырту,  көбінесе,  қазақстандық  қоғамды  дамытудың 
бағытын  анықтайды.  Басқаша  айтқанда,  елдегі  жаңғыртушылық  қайта  құрулар  сипаты  мен  қарқыны, 
формасы  мен  мақсаттары  қазақстандықтардың  құндылықты  бағдарлары,  құқықты  мемлекет  пеназамат-
тық қоғамды құру жəне республика тұрғындарының демократиялық құндылықтарды жете түсуіне тікелей 
қатысты болады. 
Тұтастай алғанда, қазақстандық қоғамға қатысты саяси жаңғырту жəне жаһандастыру үрдісі бойынша 
келесідегіні айтуға болады: бұл біріншіден, батыстық үлгі бойынша аса күрделі реформалауға тартылды, 
ал екіншіден, Қазақстан қоғамы азаматтарының саяси өркениет негізі нарықтық экономика жəне меншік 
жəне  демократия  деген  идея  белсенді  түрде  енгізілуде,  үшіншіден,  батыстық  өркениет  –  бұл  əлемдік 
өркениеттік үрдістің эталоны. 
Тағы  да  атап  көрсететініміз,  бұл  пікірлер  еуропалық  кейбір  ғалымдардың  батыстық  елдері  отарлау 
мүдделеріне негізделіп, сонау ХІХ-ғасырда пайда болған еуропалық ағымның дəлелдеуді қажет етпейтін 
болжамдарына  сүйеніп  айтылған.  Осы  теорияға  орай,  Батыс  өз  дамуында  өткен  жəне  қалғанбарлық 
мəдениет  пен  өркениет  осы  «дұрыс  жол»  арқылы  өтуі  тиіс  бірден  бір  өркениет.  Осы  жолдың  соңында 
барлық  адамзат  Батыстың  тұрпаты  бойынша  қоғамдық  құрылымы  мен  шаруашылықты  жүргізудің  бір 
жəне сол «дұрыс» жүйесін алатын болады. 
Бүгінгі күні біз жаһандастыру ұранымен, қазіргі заманғы ғаламдық үрдістерде көптеген халықтардың, 
оның  ішінде  шығыстық  этностардың  тамаша  өркениеттері  аяусыз  құртылып  жатқанының  куəсі 
болудамыз. 
Кезінде  Леви-Стросс  əлемдегі  барлық  соғыстармен  отарлаудан  қираған  өркениеттің  əрқайсысы 
адамзатқа  қажет  деп  ескерткен  болатын:  «Егер,  қандай  да  белгілі  бір  жоспарда  ол  күні  өткен  немесе 
ешкімге  қажетсіз  дегеннің  өзінде,  бұл  қандай  да  бір  өзге  көзқараспен  алғанда  маңызды  өзгерістердің 
ортасы емес деп айтуға болмайды» [10].
 
«Əлемдік  өркениет  əрдайым  соған  мəн  беретіндей  абсолюттік  мағынасында  болған  емес,  өйткені, 
өркениет орасан зор алуан түрлі мəдениеттерін ұйғарады; тіпті, өркениетті осындай болуымен қорытын-
дылаймыз. Əлемдік өркениет солардың бірлігінен басқа, өзгеше болуы мүмкін емес, əлемдік масштабта 
мəдениеттердің əрқайсысы өзінің тұп нұсқалығын сақтаған болар еді».
 
Шынтуайтқа келгенде, Батыстың «өзінің күшіне сүйенетіндей» дамуы болған емес жəне болмайды да, 
əйтпесе  «қалған»  елдер  содан  үлгі  алып,  іске  асырар  еді.  Сонымен  бірге,  Леви-Стросстың  пікірінше, 
«Бүгінгі күні «əлсіз дамыған» деп аталған қоғамдар» өздері əрекет етуге шамалары жетпеді, енді оларды 
Батыстың  дамуымен  салыстырып,  бұл  маңызды  шараларға  немқұрайлы  қарады  деп  санаудың  өзі  қате 
пікір болар еді. Шынына келсек, дəл осы қоғамдарды ХVІ-ХХ ғғ. арасында азушы мемлекеттер басып алу 
ниетімен  талқандалған  болатын,  сөйтіп,  Батыс  əлемінің  дамуына  жүгіндірді.  Осы  əлем  ортасында 
қошеметшіл  (үстемелік)  қатынас  бар.  Оның  тойымсыз  қажетсінуімен  өзін  дамытуы  осы  қоғамдарды 
бүгінгі күні біз көріп отырғандай жағдайға жеткізеді. Сондықтан, əрқайсысы өзінің оқшаулы бағытымен 
дамыған екі үрдіс туралы əңгіме қозғаудың қажеті жоқ.
 
Егер,  еуропалық  ағымның  дəлелдеуді  қажет  етпейтін  ескі  болжамдары  мен  Ф.Фукуяма, 
М.Мандельбаум, Ф.Закарий секілді осы теорияның қазіргі заманғы өкілдерінің пікірлерін салыстыратын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
11 
болсақ, онда олардың айтар ойлары бір арнаға тоғысады. Олардың көзқарастары да бүкіл əлемде батыс-
тық құндылықтарды қабылдау шаралары өтіп жатқан мəселелерге сай келеді. Осы зерттеушілер батысқа 
жатпайтын мəдениеттер өздеріне баяу, бірақ сенімді түрде таңдап жатқан дара құндылықтарды əмбебап 
ретінде қарастыруда. Немесе, Френсис Фукуяма бүкіл əлем либеральды-демократиялық режимдерге жəне 
капитализмге өту үрдісінде деп санайды. Басқаша айтқанда, батыстық емес əлем бірнеше базалық құнды-
лықтарды,  сонымен  қатар,  осыларды  уағыздаушы  институттарды  жете  меңгеріп  алу  жолында,  тіптен, 
оның  барлығы  да  Батыста  орын  алған:  жеке  тұлғаның  құқықтары,  демократиялық  үкімет  жəне  еркін 
рынок. 
Профессор  А.Эциоли  батыстық  ерекшелікті  жақтаушылардың  көзқарастарын  талдаумен  былай  деп 
мысқылдап  жазады,  олар  бүкіл  əлем  жылжыған  бағытқа  тек  сəуегейлік  жасап  қоймай,  сонымен  бірге, 
тіпті, табысқа жету жолын да түсіндірген.
 
Мұндай  ұстаным  Батыстың  бірқатар  дамыған  елдері  қазіргі  заманғы  сыртқы  саясатының  негізінде 
жатыр.  2002  жылы  қабылданған  АҚШ-тың  бағдарламалық  стратегиялық  құжатында  былай  делінген: 
«Тəуелсіздік пен тоталитаризм арасындағы ХХ-ғасырдың ұлы күресі еркіндік күштерінің табанды жеңісі-
мен аяқталады – ұлттардың табысқа жететін бірден бір мүмкіндігі: еркіндік, демократия, еркін кəсіпкер-
лік, қорықпай, жасқаншақтанбай еркін сөйлеуді, өздерінің басшыларын сайлауды, өзінің қалауы бойынша 
құдайға  құлшылық  етуді  балаларын  оқытуды,  үйлеріне  мүлік  алуды,  өз  еңбектерінің  жемісін  жеуді  т.б 
қалайды. Еркіндіктің осы құндылықтары əр қоғамдағы əрбір адам үшін сенімді де дұрыс...» [11].
 
Басқа ұстаным батыстық өркениет ерекшеліктеріне қарама-қарсы барлық батыстық емес əлем яки діни 
фундаментализм,  яки,  батыстық  құндылықтармен  салыстыруға  болмайтын,  нəтижесінде  қарама-қарсы 
өркениеттердің тікелей қақтығысып қалу жағдайына алып келетін басқа, бөгде құндылықтар жиынтығы-
мен  реттеледі  деген  пікірді  ұстанады.  Мұндай  көзқарастың  негізін  салушы  С.Хантингтон  мен  Б.Льюс 
болып  табылады  [12].  соған  орай,  С.Хантингтон  былай  дейді:  «...жеке  тұлғаның,  либерализмнің  адам 
құқығы, еркіндік, құқық тəртібі, демократия, еркін рынок, шіркеу мен мемлекетті болу секілді батыстық 
идеялар ислəм, будда немесе православия мəдениеттерінде ешқашан қолдау таппайды» [13].
 
Екі  көзқарасты  Батыс  елдері  іске  асыратын  экономикалық,  саяси  институттар  мен  құндылықтардың 
ғаламдық дамуы іс жүзінде батыстық емес халықтарға ештеңе əкелмейді деген ұйғарым жасайды. Құқық-
тар, еркіндік жəне капитализм, түптен келгенде, əлемдік прогрестегі батыстық үлес болып табылады [14]. 
Батыстың гүлденуі жəне экономикалық өсуі, бірінші кезекте М.Вебер айтқандай, христиан дінімен, оның 
ішінде, оның протестанттық тармағымен тікелей байланысты. Ол өзінің «Пртестанттық этка жəне капита-
лизм  рухы» деген кітабында қоғамның бірнеше өркениетті тұрпаттарын алға  тартады жəне бұлар азды-
көпті болсын экономикалық дамуға бейімделген [15].
 
Бұл  бейімділікті  Вебер,  ең  алдымен  аталған  қоғамның  діни-əлеуметтік  көзқарасымен  жəне  реформа-
лаудың  діни  идеялары  арқылы,  батыстық  экономикалық  прогрестің  көзімен  байланыстырады.  Вебердің 
пікірінше, «идеалдық капиталистік тұрпатына» пртестанттық этика сəйкес келеді, тек азиялық өркениет-
терге  ғана  жат,  сонымен  бірге,  өзге  де  христиандық  діндерден  едəуір  айырмашылығы  бар:  католиктен 
жəне үлкен дəрежеде православиядан. Вебер протестанттықты конфуцияға қарама-қарсы қойып зерттеді, 
мұның өзі, конфуссиялық қоғамда экономикалық прогресс тіптен мүмкін емес деген қорытынды жасады. 
Соңғы жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалық табыстары айқын көріне бастады, көпте-
ген  авторлардың  жұмыстары  жарық  көрді,  сөйтіп,  олар  яки  Вебердің  теориясын  жоққа  шығаруға,  яки, 
өзгерістер енгізуге тырысқандары өте қызық. Сонымен бірге, Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс Азия елдері-
нің табыстарын дəл осы конфуссиялық этика мен байланыстырып, жиі түсіндірілуде Шығыстың Батыс-
тан  айырмашылығы  қоғамдық  тəртіп  құндылықтарында  айқын  байқалады.  Егер,  Батыста  барлығы  да 
тұлғаға  шоғырландырылса,  ал  Шығыста  мəдениет  көбінесе  тəртіптелген  ортаға  тартылады.  Шығыстың 
түйінді принциптері – бұл жекелей құқықтар емес, əлеуметтік міндеттемелер (қоғамның түрлі мүшелері 
мен жалпы игіліктердің кең көлемді кешеніне қатынасы бойынша); еркіндік емес, діни жəне ақсүйек топ, 
бедел, сондай-ақ, жоғары мақсатқа бағыну; неғұрлым көптің орнына материалдық игіліктер – бір немесе 
бірнеше құдайға құлшылық ету, немесе, басқаратын мемлекет аныөтайтын ортақ идеялар. Шығыс қорғай-
тын нормативтік айқындама «өктемшіл коомунализация» деп аталуы мүмкін. 
Қоғамдық  тəртіптің  аталған  құндылықтары  Оңтүстік  Шығыс  Азиядағы  кейбір  мұсылман  елдерінің 
үкіметтік  құжаттарында  орын  алған.  Оның  ішінде,  Сингапур  Президенті  өткен  ғасырдың  80-ші  жылда-
рында  Батыс  мəдениетінің  кең  өріс  жаюына  қарсы.  Азиялық  өркениеттің  негізгі  төрт  құндылығын 
ұсынды, сөйтіп, солар индуизм секілді үш дінінде орнықты: 
-
 
Бірінші, бұл қоғамды адамнан жоғары қояды (ал Еуропада тұлғаның еркін болуы қоғамнан жоғары 
тұрады); 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
12 
-
 
Екінші, қоғамның басты құрылымдық элменті ретінде отбасын қолдау (Батыста отбасы екінші кезек-
ке ығыстырылады, ерлі-зайыптылар ештеңкеге мндетті болмайтын азаматтық некелер құпталады); 
-
 
Үшінші, негізгі мəселелер қызу пікір таласы арқылы емес, косенсус-дəнекерлігімен рұқсат етіледі; 
-
 
Төртінші, нəсілдік, діни төзімділікті жəне үйлесімділікті сақтау. 
Тұтастай алғанда, егер жоғары да келтірілгендердің жалпы қорытындылары туралы айтар болсақ, онда 
Батыс  анархия,  материализм,  гедонизм  жағдайларынан  аса  алмай  қалған;  ал  азаматтары  не  нəрсені  де 
ортақ атқару, беделді болу дегеннен жұрдай жəне мұны сезінбейді. 
Шығыс  пен  Батыстың  өркениетті  айырмашылығын  талдаудың  кейбірін  қорытындылай  келе,  жалпы-
адамзаттық өркениет тек Батыстық ғана емес, əлемнің қалған бөлігінің де жетістігін ұсына алады деп нық 
айтуға  болады.  Шынында,  Батыс  нарықтық  экономика  мен  саяси  демократияның  негізін  салғандығын 
мойындауға  тура  келеді.  Алайда,  осы  құндылықтарды  өздері  ұсынуда.  Батыс  құндылықтары  кез-келген 
жағдайда жалпы адамзат іс-тəжірибесі маңызды бөлігінің белгілі бір тармағы ғана. Егер, Батыс нарықтық 
экономика мен еркіндіктер институттарын құрса, онда Шығыс қоғамды дамыту жəне топтық корпоратив-
тік құндылықтары үшін, мемлекет жауапкершілігі идеяларын əзірледі. 
1
Соған орай, алуан түрлі мəдениет-
тер бір-бірінен көптеген тағылымды үйренуіне болады. Осы сияқты өзара оқыту бірінен бірі алып, үйрену 
түрінде  өтуі  мүмкін.  Басқаша  айтқанда,  əлем  ішкісаясат  жəне  экономика,  халықаралық  қатынастарды 
дамытуға  қатысты  батыстық  емес,мəдениеттердің  маңызды  сабақтарынан  тəлім  алуы  тиіс.  Əсіресе,  бұл 
мемлекеттер мен қоғамдарды толыққанды дамыту үшін зор маңызы бар жалпыға ортақ игілік, қоғамдық 
байланыстарды  орнатуға  қатынасы  бойынша  міндеттемелердің  беделіне  құрметтеумен  байланысты 
мəселелерде ерекше орын алады. 
Сонымен бірге, профессор А.Эционидің пікірінше, тұлғаның құқықтары жəне сайлау еркіндігі алдын-
да  батыстық  бас  ию,  қоғамдық  міндеттемелерге  шығыстық  құрмет;  Батыстың  дербестікке  ұмытылысы 
жəне  Шығыстың  қоғамдық  тəртіпке  ұмытылыс  арасында;  батыстық  құқықтық  теңдік  жəне  шығыстың 
өктемшілдік  арасында  жаңа  логикалық  шараларға  қазіргі  заманғы  əлемнің  жылжуында  айқын  белгілері 
бар. Бұл үрдіс соңғы уақытта «жұмсақ коммунализация» деп аталады. 
Еуразияның  нақ  кіндігінде  қоныс  тепкен  жəне  жаңғырту  жолына  түскен  Қазақстан  үшін,  дəл  осы 
жоспарда  тек  Батыстың  ғана  емес,  Шығыстың  да  іс-тəжірибесі  аса  маңызды.  Қазақстан  Шығыстың  іс-
тəжірибесінен нені пайданалуы тиіс? 
Профессор  А.Воскресенский  демократияның  Шығыстық  модельдерін  талдаумен,  Батыс  елдерінің  іс-
тəжірибесі жылдың соңғы кезеңін бағалау көзқарасымен алғанда маңызды, бірақ оны экономикалық жəне 
саяси құрылымдарда əртүрлі болғандықтан басқа елдерге қайталауға мүмкін болмайды деп атап көрсете-
ді.  Алайда,  Шығыстың  кейбір  елдері  жаңғырту  жолына  Батысқа  қарағанда  едəуір  кеш  кірді,  соған 
қарамастан, алдына мақсат қойып, қуып жетті, бірақ оған ұлттық ерекшеліктеріне сəйкес өте қысқа жəне 
басқа жол арқылы қол жеткізді. Кейбір елдер осы бағыттаға қозғалысын енді ғана бастады немесе бұған 
əлі  де  кірісе  алмағандары  да  бар.  Жаңғырту  үрдісін  сəтті  аяқтап  шығуға  алып  келетін  немесе  бұған 
жеткізбейтін  əлеуметтік-экономикалық  жүйені  жаңғыртудың  түрлі  жолдары  болатындығын  байқаймыз. 
Өзінің айқын жолын тапқан елдердің батыстық жолмен маңызы бірдей емес, яғни, əлемдік дамытудың іс-
тəжірибесін  өзінің  ерекшелігі  жəне  мəдение-өркениеттілік  өзгешеліктерін  сақтау  арқылы  қол  жеткізеді. 
Дəл  солар  Батысты  қуып  жетті  жəне  кейбір  жағдайда,  əдемдік  даму  жолына  өзіндік  түзетулер  енгізді. 
Мұндай  елдер  қатарына  үлгі  ретінде  Сингапур,  Малайзия,  Корея  Республикасы,  Тайваньдағы  Қытай 
Республикасы,  Қытай  Халық  Республикасын  келтіруге  болады.  Олар  экономикалық  шапшаңдатумен, 
конституциялық  либерализмді  бекемдеу  үшін,  өктемшілдік  моделін  пайдаланады.  Солардың  неғұрлым 
жетістіктері  өмірдің  өте  жоғары  экономикалық  стандарттықтарына  қол  жеткізіп,  дамыған  əралуан 
демократиялар құрылымын жүзеге асырды, яғни, өз тұрғындарын материалдық қана емес, рухани өмірін 
жақсартты. 
Мұнда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің іс-тəжірибесі бір жақты көрсеткеніндей, нарықтық экономика 
өздігінен гүлденген қоғамды құрудың кепілі болып табылмайтындығын атай кеткен маңызды. Нарықтық 
экономиканы  басшылыққа  алған  елдер  де  бар,  алайда,  олар  əлі  күнге  дейін  кедейшілік  тауқыметін 
тартуда.  Мəселе  мұнда  тек  рынокта  ғана  емес,  оның  ақылға  қонымды,  дұрыс  құрылымдалуында.  Бұл 
экономикалық даму табысының кепілі немесе сəтсіздікке ұшырауына алып келеді: Нарықтық экономика-
ны дамыту кезінде, сол ел бірінші кезекте ғылымды қажет ететін өнімге кіретін кірісі бойынша жоғары 
технологиялық өнім өндіруге өзінің ұлттық экономикасын мамандыратын болса, сонда ғана өз тұрғында-
рының жоғары өмір деңгейіне қол жеткізе алады. 
Сондықтан,  егер,  Қазақстан  шындығында  бай  мемлекет  болғысы  келсе,  бірінші  кезекте,  тиімділігі 
жоғары  нарықтық  экономиканы  құруы  тиіс.  Сөйтіп,  жаңа  технологиялар  өндірісі  бойынша  көшбасшы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
13 
болуға  ұмтылуы  қажет.  Қазіргі  уақытта  «Қазақойл»,  «Қазақмыс»,  «Қазақмырыш»  секілді  бірнеше  ірі 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілерімен  əлемдік  көшбасшы  болуға  ұмтылудың  қажеті  жоқ.  Олар  тек 
формальды түрде қазақстандық аталғанымен, іс жүзінде шет мемлекеттерге жататынын ұмытпаған жөн. 
Мұндай  өндіруде  қазақстандық  акциялардың  үлесі,  яғни,  «Қазақойлдың»  үлесі  2007  жылы  небəрі  14% 
құрады.  Бұл  оқиғаны,  яғни  мұнай  өндіруде  біздің  мемлекетіміздің  үлесі  екі  есеге  өскенін2008  жылдың 
көктемінде  премьер  министр  К.Мəсімов  салтанатты  жағдайда  хабарлаған  еді,  ол  қалғандары  шетелдік 
компанияларға тиесілі. Соған дейін Қазақстанның алатын үлесі небəрі 7% құрады. Дəл осы жағынан кел-
генде, əр елде өндірілетін барлық мұнайдың, айталық 34% жуығы Ресейге тисе, АШҚ – 60%, Норвегия – 
84%, Араб Эмираты – 90% [16].
 
Басқаша айтар болсақ, бірінші өндіруші секторы аталатынан тек шіикізат, жанар-жағармай, астық, ет 
жəне өзге де өнімдерді экспортқа шығарумен мамандану арқылы жоғары дамыған мемлекет болу мүмкін 
емес. 
Біздің  ойымызша,  тек  нарықтық  күштерге  иек  артып,  мемлекеттің  белсенді  көмегінсіз  жоғары 
дамыған  елдер  қатарына  қосылу  өте  қиын  мəселе,  сондай-ақ,  əлемдік  іс-тəжірибе  көрсетіп  бергендей, 
мемлекет  қолдамаса,  халықтық  бəсекелестік  дамушы  елдердің  əлсіз  капиталдарын  əлемдік
 
нарықтан 
шығарып тастайды. Сондықтан, Қазақстан өзінің экономикасын мұнай өндіру жəне құны төмен тауарлар 
шығару бойынша мемлекет болса, онда ол ешқашан гүлденіп, өркендеуге жете алмайды, ал оның тұрғын-
дары сол баяғы кедейшілік күн көрістен аса алмайды. 
Бұдан  шығатыны:  барлық  ұлттардың  экономикалық  гүлденуі  үшін  қажетті  жағдайлары  жасалып, 
мемлекеттің қазіргі заманғы болмыстарын, экономикалық саясатқа сай келетіндей, белсенділікпен соның 
деңгейінде  жүргізу  керек.  Ал  бұл  үшін,  біздің  мемлекетіміз,  бірінші  кезекте,  өз  халқының  мүдделеріне 
ұлттық бизнестің дұрыс жұмыс істеуін талап еткен дұрыс. Біздің ойымызша, отандық реформаторлар өз 
іс-қимылдарында  тек  жеке  меншік  сектордың  мүддемелерін  қамтымай,  мемлекеттің,  сондай-ақ,  əлемде 
Қазақстанның алатын орны жағдайын ескеруі тиіс. Мемлекет пен бизнес əзірленген ұлттық бағдарлама-
лар  мен  жоспарлар  негізінде  күштерін  үйлестіргені  жөн.  Срапшылар  пікірі  бойынша,  бұл  Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерінің табысқа жеткен басты себебі болып табылады. 
Қазіргі  кезде  біздің  реформаторлар  тұрғындар  үшін  өзінің  экономикалық  реформасын  жүргізетін 
мақсаттары, міндеттері жəне кезеңдерін неғұрлым нақтылы жəне түсінікті тұжырымдағаны өте маңызды. 
Экономикалық  саясаттың  жарияланған  жоспарлары  айқын  да  анық  болмауы,  біздің  ойымызша,  қазақ-
стандық қоғам мүдделерінің жүргізілген реформалардан алшақ болатын басты себептерінің бірі. Нарық-
тық экономиканың құқықты мемлекетін құру идеясы тым бұлыңғыр яки онда адамды қызықтыратындай 
басты  мəселелер  қамтылмаған:  жеке  тұлғаның  əл-ауқатын  жоғарылатудың  нақтылы  келешегі  жоқ. 
Əлемдік  іс-тəжірибе  көрсеткеніндей,  елдің  тұрғындары  жүргізілетін  реформа  өздерінің  əл-ауқатын 
жоғарылатуға  көмектеседі  деген  сенімдері  болған  кезде  ғана  табысқа  жеткізеді.  Мысалы,  Жапония, 
Оңтүстік Корея жəне Қытайда дəл осылай болды. Сондықтан, жүргізілетін реформа табысты болуы үшін 
азаматтар билікке сенім артуы қажет, ал билік өз азаматтарына сүйенеді. 
Өз кезегінде, жаһандастыру адамдардың өмір келбеті мен мінез-құлықтарын стандарттауда мəдениет-
тер,  өркениеттердің  өзара  кірігуімен  көрініс  табады.  Жаһандастыруға  адамзат  қоғамдастығының  өзара 
байланысы жəне кірігуі сондай-ақ, көптеген басқа да жақтары кіреді: ұлтаралық құрылымдар жəне халық-
аралық қатынастар аймақтық, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың қатысушылары рольдерін, адам құқықта-
ры  мен  бостандықтары  басыңқылығын  арттыру,  құқықтық  нормалар  мен  əлеуметтік  стандарттарды 
əмбебаптандыру жəне т.б.
 
Жаһандастыру дəуірі басталуымен адамзаттың мəдени көпқырлылығына бұқаралық мəдениет тарапы-
нан талап қойылып, оған жауап ретінде қоғам алдында тұрушы проблемаларды оңды шешуге бейімдеуші 
ұлттық мəдени құндылықтарды сақтау жəне бірізді тұрақты көңіл бөлу менімді шаралары болуы мүмкін. 
Сөйтіп, Қазақстанда тұратын қазаұтар мен басқа да халықтардың дəстүрлі мəдени бірдейлігі, сондай-ақ, 
əр халықтың тілін сақтау туралы көкейкесті мəселе болып шығады.
 
Əңгіме арқауы қазақ мəдениетін дамыту жəне Батыс мəдениетіне қатынасы бойынша бəсекелестікке 
қабілетті болуы үшін қайта өркендету туралы болмақ. Жан-жақты өріс алған жаһандастыру жағдайларын-
да Қазақстан халықтары дəстүрлі мəдениетінің құндылықтары мен либеральды демократиялық қоғамның 
сындарлы  диалогы  қажет.  Халықтардың  бірегей  мəдениетін  қамтамасыз  етуші,  сондай-ақ,  транзиттік 
қоғам мəдениеті аясында қатынастарды реттеуші заңдардың болғаны дұрыс. 
Қазақстан үшін қоғамның түрлі топтары егеменді мемлекеттің ұлттық мүдделерін жете түсіну дəреже-
сіне қараай іске асырудың жəне одан əрі тарихи дамудың мүмкін болатын бірнеше нұсқасы бар. Жинақ-
талған қоғамдық жағдайдың түрлі параметрлерін талдаумен, тарихи даму болжамы жасалуы тиіс. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
14 
Ақыр соңында, неғұрлым қызықтысы жəне сол уақытта ХХІ-ғасырда мəдениетті дамытудың болашақ 
жолы  «еуразиялық  мəдени  кеңістігі»  ретінде  бейнелеп  анықталуы  да  болып  шығуы  мүмкін.  Қазақстан 
тағдыр  жазып,  Еуропа  мен  Азияның  арасына  қоныс  тепті  десекте  бұл  географиялық  жағынан  емес, 
дəлірек айтсақ, демократиялық жəне мəдени жағынан көрініс тапты. Шығыс пен Батыстың мəдениеттері 
жəне өркениеттері диалогы түп мəтінінде Қазақстан Республикасы Ұлттық мəдениеті бейнесінің туында-
ған  алғашқы  негізі  ретінде  түрлі  этностар  мен  дінге  сенушілердің  еуразиялық  беймəлім  ортақ  мекенін 
құруға бейімді ме? деген заңды сұрақ туады. 
Қазақстанның  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  былай  деп  атап  көрсетеді:  «Дəстүршілдік  идеологиясы 
логикалық  жағынан,  социалистік  идеологиясы  дағдарысымен  байланысты.  Шынында,  бұрынғы  қатаң 
қағидалардың мүмкіншілігі болмай шықса, енді неге көңіл аударасың? Бəлкім, əр халықтың өміріндегі ең 
қарапайым,  түсінікті  жəнесол  уақытта  терең  өнегелік-дəстүрлігі  болар.  Халық  өмірінде  олардың  рөлі 
даусыз.  Мəдени  дəстүрлер  əрдайым  əлеуметтік  қайта  өркендеу  көзі  болған.  Өзінің  мəдени  түп  негізіне 
қайта оралу – бұл, əрине, оңды үрдіс. Сондай-ақ, дəстүрлер мен қоғамдық прогресті жеңіл-желпі түсінді-
руден  бас  тартқан  жөн.  Қазіргі  заманғы  əлем  іс-тəжірибесі  сендіре  көрсеткеніндей,  кейбір  дəстүрлі 
құрылымдар қазіргі өркениетке өте табиғи кіргізуде. Тəжірибесіз жаңашылдық та мүмкін болмайды. Дəл 
осы  дəстүрлер  қазіргі  заманғы  əлемнің  қарышты  өзгерістерінде  адамның  өз  өмір  келбетін  жоғалтпай, 
керісінше бейімделу мүмкіндігін береді» [17]. 
Жаһандастыру үрдісі тек  əлемнің  түрлі елдері  экономикасы мен саясатында  біркелкі құрылымдарды 
туғызып  қоймайды,  сонымен  бірге  «глобализацияға»  –  жергілікті  дəстүрлер  мен  шектеулі  жағдайларға 
қазіргі заманғы батыстық мəдениеті элементтерін бейімдеуге алып келеді. Осындай негізде тек сақталып 
қана қоймайды, сонымен бірге, қайта өркендеуі,сондай-ақ, шектелімді өркениеттер мен жергілікті мəдени 
дəстүрлерді дамытуға, халықтың руханилығын жəне мəденеитін меңгеруге мүмкін болады. Жаһандасты-
ру жергілікті мəдениеттердің сөзсіз бағынуын талап етеді, ал сұрыптап, таңдап алуымен жете түсіну жəне 
өзге  өркениеттер  іс-тəжірибесін  меңгеру  тек  солармен  сындарлы  диалог  жүргізу  үрдісінде  ғана  мүмкін 
болады. 
Жаһандастыру  қайшылықтары  мен  салдарын  талқылау  орнықты  дамыту  проблемасына  шығарады. 
Оның тұжырымдамасы ғылыми жəне қоғамдық  идея басты жетістіктерінің бірі ретінде танылады. БҰҰ 
ұсыныс-кеңесі бойынша Қазақстан орнықты дамудың ұлттық стратегиясы мен тұжырымдамасын қабыл-
дады. Бұл қоғамдық мүдде негізінде мəмілеге келу рухындағы қоғамдық үрдістерді басқару, экономиканы 
əлеуметтік-бағдарлы дамыту жолына шығу. 
Жаһандастыру үрдісі өндірісті ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен формаларын дүниежүзілік 
іске  қосылуымен  байланысты,  дамудың  жаңа  мүмкіндіктерін  ашты,  сонымен  бірмезгілде  қызметшінің 
жоғары  материалдықмəртебесін  қамтамасыз  етіп,  оған  ғылыми  білімдерді,  сондай-ақ,  шығармашылық 
бастамаға, сонымен қатар, зияткерлік бейімділіктерге жұмылдыру талабы қойылады. 
Соңғы  жылдары  ТМД  елдеріндегі  ғылыми-техниалық  жұмыстар  құнының  үлестік  салмағы  орта 
есеппен  ІЖО-ның  1%  жуығын  ғана  құрады.  Соңғы  жылдары  АҚШ,  Германия  жəне  Жапонияда  ІЖӨ-ге 
(ішкі жалпы өнім) қатысты ғылым мен жобалық жұмыстарға жұмсалған қаржы деңгейге жуық мөлшер-
мен 3% құраған, ал Ұлыбритания мен Францияда – 2% астам. 
Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық  дамуында  сапалы  жаңа  кезеңі  басталды.  Қоғамдық  жəне 
мемлекеттік құрылыстың барлық аяларында тұрақты, серпінді дамытуды қамтамасыз ету жəне реформа-
ларды тереңдету бойынша шешімдер қажет. 
Бұл Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылық байланыстары жүйесіне қатыстырылуын назарда ұстау-
мен, елдің өз ішіндегі секілді, шет мемлекеттердегі экономикалық даму тенденциялары жан-жақты есепке 
алуын  талап  етеді.  Бұл  жағдайларда  заңдылығы  ретінде  жоғары  технологияларды  құруға  қатысатын 
мемлекеттер де арта түсуі тиіс. Бұл мемлекеттік ғылыми саясатты əртараптандыру жəне тұрақты дамыту, 
іргелі зерттеулердің неғұрлым маңызды нəтижелерін іске асыруды қамтамасыз ету негізіде ғана қомақты 
жетістіктерге  жетуге  болады.  Бəсекелестік  іріктеу  механизмдерін  пайдаланумен  ғылыми  ұйымдарға 
мемлекеттік тапсырыс беруді, сонымен қатар, маңызды басыңқы əзірлемелерді қаржыландыруға бюджет-
тік қаражаттарды шоғырландыру керек. 
Өнеркəсіпте  құрылымдық-инвестициялық  қайта  құруларды  шапшаңдату  салықтық,  бюджеттік  жəне 
сыртқы саудалы-экономикалық құралдар көмегімен ғылымды қажет ететін технологиялардыенгізу үрдіс-
теріне күмəнсіз мүмкін емес. 
Қазақстан  үшін  орнықты  дамыту  мəселелерін  шешу  жаһандастыру  ел  тəуелсіздігін  сақтау  шарты 
болып табылады. Жаһандастыру өнеркəсіпті, əсіресе, ғылымды қажет ететін жəне жоғары технологиялық 
салаларды  қозғайды,  мұның  өзі  өнеркəсіптік-технологиялық  зерттеулер  құндарының  өсе  түсетіндігін 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
15 
ұйғарады.  Отандық  ғылыми  потенциалды  дамыту  бəсекелестікке  қабілетті  тауарларды  жоғарылатуға 
кірісті, мүның өзі Қазақстанның əлемдегі неғұрлым дамыған 50 елі қатарына кіуі үшін аса маңызды. 
Қазіргі уақытта жаһандастыру жəне республиканың орнықты дамуына арналған проблемалар бойын-
ша  зерттеу  жүргізілуде,  сондай-ақ,  аймақтық  қоғамдастықтарға  кірігу  жəне  жаһандастыру  үрдістеріне 
Қазақстанның қатысу модельдері əзірленуде. 
Қазақстан жаһандастыру жағдайларында елдің ішкі жəне халықаралық қатынастар жүйесінде орнықты 
дамуы мен тұрақты жүйесіне қызығушылық танытуда. Ұлттық капитал қызметін əртараптандыру айқын-
дамасын кеңейту үрдісі жүргізілуде, отандық компаниялар, оның ішінде, мемлекеттің экономикалық қуа-
тын анықтайтын ұлтаралық компаниялар құрылуда. Ірі компаниялар  экономиканы басқаруды жетілдіру 
жəне оның өсуі, инновациялық-инвестициялық серпінін шапшаңдатудың ұйымдық негізіне қызмет етеді. 
Орта  жəне  ұзақ  мерзімді,  келешекте  сыртқы  экономикалық  стратегиясы  үшін  ерекше  маңызы  бар 
отандық Ұлтаралық корпорациялар құрылады. 
Ұлттық  капиталды  шоғырландыру,  ірі  салааралық  корпорацияларды  құру  республика  Президентінің 
қамқорлығына  алынған.  Оның  міндеті  –  əлемдік  Ұлтаралық  корпорациялармен  нық  тіресе  алатындай 
серпін  беру.  Дəл  осы  отандық  компаниялар  табиғи  байлықтарды  игеру,  өнеркəсіпті  дамыту,  экономика 
құрылымын жаңғыртуда шетелдік капиталға белсенді бəсекелес бола алатындай деңгейде болуы тиіс. 
Республика  Президенті  ұлттық  капиталды  экономикадағы  жаңа  аяларын  бірізді  игеріп,  мемлекетке 
жақсы сүйеніш болуға шақырды. Дəл осы ұлттық капитал болашақта шетелдік капиталдық келу қарқыны 
мен шарттарын анықтауда басыңқы роль атқаратын болады. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  əлемдік  қоғамдастықтағы  кең  көлемді  интеграция,  ғаламдық  проблемаларды 
шешуде тығыз ынтымақтастық пен өзара пайдалы əріптестік, соның ішінде, экономикалық, экологиялық 
жəне əлеуметтік мəселелерге белсенді қатысуда. Еліміз өте жоғары маңызы бар проблемаларды шешуге 
өтетін  халықаралық  аренадағы  өз  жағдайларын  реттеуде.  Қазіргі  уақытта  бірнеше  күрделі  жобалардың 
іске асырылуын белсенді түрде бастап та кетті жəне оның қатарында еліміздің əлемдегі неғұрлым бəсеке-
лестікке  қабілетті  50  мемлекет  қатарына  кіру  туралы  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  тұжырымдаған 
міндетті де кіргізуге болады. 
Жаһандастыру, сондай-ақ, дəстүрлер, мəдениеттер, діндер жəне идеологияларды бір ізге салып, үйлес-
тіру  үрдісі  болып  табылады.  Қазіргі  заманғы  əлемге  құндылықтар,  идеологиялар,  тарихи  дəстүрлер 
мүлдем қайшы мəдениеттердің болуы тəн. Онда қуатты əлемдік жəне дəстүрлі діни жүйелер ұсынылған. 
Тəжірибе  көрсеткеніндей,  елдердің  түрлі  тарихи  дəстүрлер,  діндер  жəне  идеологиялармен  тығыз  өзара 
əрекеті болса, солғұрлым олардың бір-біріне қатынастары бойынша төзімділігі күшейе түсті. 
Осылайша, қазақстандық қоғамды жаһандастыру кезаралығындағы жаңғыртушылық үрдістері туралы 
айтар болсақ, жаһандастыру теориясын ығыстырғанын атай кеткеніміз орынды... Жаһандастыру термині 
соңғы  ондаған  жылда  технологиялық-ақпараттық  өзгеріске  кіргенде  басыңқылықты  қамтамасыз  етіп, 
ұлттық-мемлекеттік шектерінің қаржылық-ақпараттық жүйелері үшін тұйықтылықты өсірумен экономи-
ка,  саясат  жəне  ақпараттың  ұлтаралық  атқарымы  сипаттамалары  үшін  пайда  болды.  Қазақстан  қазіргі 
заманғы əлемнің көптеген елдері секілді, ғаламдық əлемде кірікті, сол уақытта республиканың жағдайы 
қызығарлықтай емес еді, бірақ ол ғаламдық экономикаға кіре қоймаған кезі еді. 
Кейбір  зерттеушілердің  жаһандастыру  жаңғыртудың  жалғасы  деп  санайтындығына  əсте  келісуге 
болмайды. Біздің ойымызша жаһандастыру – жаңғыртылған елдер клубы. 
Ең алдымен, алға басу идеясы үстемдік етті (батыстық жол бойынша дамыту эвфемизмі). Ол өзінің бір 
көрсетуінде жаңғырту ретінде шықты. Жаңғыртушылық үрдістерге дейін жаһандастыру атауын алған дəл 
осы  жаңғырту  өзінің  барлық  пайда  болуында,  соның  ішінде  саяси,  адамзат  бірлігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  ғаламдық  тең  тенденциясы  болды.  Ұзақ  мерзім  ішінде  батыстық  емес  елдер  қуып  жатуші 
модельді бетке ұстап, Батыстың институттандырылған жүйелерін жұмыс істетуге ұмтылады. Енді айқын-
далынғандай, бұл үрдісті бəрі бірдей жүзеге асыра алмайды екен. Батыс дамуының өткен кезеңдеріне зер 
сала үрдістерді қосуға əрекет ету арқылы жаһандастыруға саясат пен экономиканы қосуға бейімсіз болып 
шықты. Осы баяндалғанның негізінде жаһандастыру жаңғыртудың қарама-қарсы шарасы, яки қуып жету 
жəне еліктеу – өзін артта қалуға душар ету. Бүгінгі күні таңдаулы немесе бірегей болу маңызды. 
Сондай-ақ,  жаһандастыру  факторларының  бірі  коммунизмнің  ыдырауы  болды.  Ол  капитал  мен 
ақпарат  аймағы  үшін  жойылуы  нəтижесінде  біржолата  жабылды,  сөйтіп,  жаһандастырудың  маңызды 
қадамы  болды.  Оның  орнына  Батыстағыға  ұқсамайтын  капитализм  дəл  осы  формацияның  жұрнағы 
елдерде оның құрылымын негіздеп, капиталистік экономика мен саясатқа қосу үшін кез-келген қоғамды 
бейімдеуге дайын тұрды. Бірмезгілде жаһандастыру жағдайларында бүкіл əлем қоғамдарында өркениетті 
капитализмді құру үшін оның жауапкершілігі капиталдық өркениеттілік миссияны əлсіретеді. 
Капиталдың іске қосылуы жəне сонымен  туындаған əлеуметтілігі дамудың түрлі формалары əркелкі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Социологические и политические науки», №2(42), 2013 г. 
16 
болуы кезінде қайшылықтарға тап болды. Сонда, капитал əлеуметтік негіздерін қозғамай, іске қосылуы 
отарлауға алып келді. Вестернизацияны қолдану кезінде капитал атқарымы сақталып, мəдениетке арала-
суы болып өтті, қалған аялары іс жүзінде яки өзгеріссіз қалды, яки талқандалды. Қуып жетуге ұмтылушы 
жаңғырту  барлық  аяларда  барабар  капиталды  қамтамасыз  етуге  бағытталып,  батыстық  емес  елдердің 
бөлініп шығуына жəне батыстық қоғамдар арқылы  институттандырылу ұқсастығына жеткізуге тырыса-
ды.  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  байқалғанындай,  дамуы  өз  ұқсастығы  негізінде  жүргізіліп,  мəдениетін 
сақтайды, басқа аяларына  өзгерістер енгізеді. Бірақ  əлеуметтік ішкі тұтастығын бұзбай, жаңғыртылмай-
тын шараларды іске қосады. Тағы бір қорытынды – жаһандастыру батыстық емес капитализмнің əлеумет-
тік емес сапасына немқұрайлы қарауын қалыптастырды. Нəтижесінде, макросаями жəне макроэкономи-
калық үрдістер даму міндеттерінің шектелімі секілді түсінікті туғызады. Ресейдегі капитал атқарымдары 
бүкіл əлемдегі секілді шарасыз жүргізілуде. Бірақ қоғаммен не өрбиді – бұл біздің шектелімді таңдауы-
мыз,  өкінішке  орай  біртұтас  үлгі  жоқ.  Жаһандастыруға  батыстық  емес  əлемнің  жауаптары  арасында 
негізінен прогрестің идеясыздығы жəне бүгінгі күні саясат пен экономиканың əлемдік масштабта кірігуі 
негізінде одан айналып өте алмайтындай дамуы болып табылады. 
Коммунизмнің  ыдырауы  Қазақстан  мен  бұрынғы  кеңестік  елдерін  ғаламдық  əлемге  алып  келеді. 
Жалпы теориялық жағынан атап көрсететін болсақ, рыноктың болмауы жəне ақпараттарға мемлекет тара-
пынан бақылау жасалуы, саяси жəне ақпараттық жабықтығы себебі бойынша индустриальдырудан кейін-
гі дəуір шақыруына жауап қайтару бейімсіздігінен коомунизм құрдымға кетті деген қорытынды жасауға 
болады. Егер, индустриальды дəуір шақыруына қуып жетуші модельмен толықтай сəйкес өзінің  индус-
триальануы ретінде жете түсінгенде, онда индустриальды дəуір шақыруы түрліше түсіндірілген болар еді: 
неғұрлым оңтайлы нұсқаларында – кірігуді қолдау дəнекерлілігімен индустриальды елдерді «қуып жету-
ге» бейімділігі ретінде аздаған жай-күйінде – индустриальдандыруға кешіге өтуі ретінде, яғни, батыстық 
даму өткен кезеңдері жетістігіне бағытталған қуып жетуші модельді пайдалану. Сондықтан, жаһанданды-
руда шектелімді даму үшін бағытталған қуып жетуші модельді пайдалану алғы-шарты жатыр. 
Қоғамды  идеясыз  біріктіру  мүмкіне  емес.  Кіріктіруші  идеяның  əлеуметтік  бағыттылығы  болуы 
сапасы, материалдық игіліктің жағдайы мен деңгейі жəне адамның лайықты жетістігі. 
Соған орай, құндылықты бағдарлардың бірігу негізі біздің ойымызша келесідегідей бағыттарды ұйғар-
тушы саяси жаңғырту болып шығуы тиіс. 
Қолданысты институттар мен құрылымдарды жаңғырту. Президенттің 2002 жылғы Қазақстан халқына 
Жолдауында  атқарушы  билік,  соған  қоса  билік  аппараты  құрылымын  таратып,  қалғандарын  жетілдіру 
мəселесіне ерекше көңіл бөлгені кездейсоқ емес. Бүгінгі күні күшті əлеуметтік құрастырылушы нарықтық 
экономика барысында қоғамның құқықтарына қысым көрсетілмейтін тұлғалардың құқықтары болуы, ал 
азаматтардың  еркіндігі  тек  заң  шеңберінде  ғана  шектелуі  кезінде  сол  экономикалық  жəне  қоғамдық 
қатынастарды қалыптастыру жолында билік жəне атқарушы билік аппараты мен жаңа номенклатурасы-
ның  келтіріп  отырған  кедергісі  аз  емес.  Билік  аппараты  (қарулы  күштер,  құқық  қорғау  құрылымдары 
қоса)  өздерінің  жетілдірілмеген  күшінде  қылмыстық  қатынастарды  қолдап,  толықтыра  түседі,  ал  олар 
болса,  өз  кезегінде  заңға  бағынатын  билікті  түрлі  жолмен  қылмысқа  итермелейді,  сөйтіп,  көлеңкелі 
билікті құрады. 
Аталған жаңғырту əкімшіліктен басқа, соттық, құқықтық, əскери, аграрлық реформалардың жүргізілу-
ін,  білім  беру,  денсаулық  сақтау  салаларына  өзгерістер  енгізу  секілді  шараларды  жобалып  көрсетеді, 
мұның өзі, қолданысты, құрылымдар атқарымдарын түбегейлі өзгертіп, кезінде мемлекет меншігіне алу 
арқылы иесіз қалған кəсіпорындарды жаңадан құру мүмкіндігін қарастырады. 
Бұған азаматтық қоғам институттарын қалпына келтіру бойынша билік өкілдері мен қоғамның бірлес-
кен  қызметін  де  кіргізуге  болады.  Бұл  кезде  жұртшылықтың  рөлі  басым  болуы  тиіс,  ал  мемлкеет  оның 
тапсырысын, егер, бұл көпшілік қолдап негізді болса, орындауға міндетті. 
Заңнамалық  базаны  жаңғырту.  Заңнаманы  жетілдірмеу  елді  реформалаудың  бетбұрысты  сатысында 
тиым салынуы тиіс көптеген рұқсат етілімі болып шықты жəне сол уақытта қатал тəртіптелгендері тиым 
салынған күйінде қалды, мұның өзі, азаматтардың немесе ұйымдардың тек таңдау еркіне тікелей қатысты 
болды. Мұндай жағдай көлеңкелі қатынастарды туғызды. Заңнаманы жаңғырту заңдардың тікелей əреке-
тіне бағытталуы  тиіс, мұның өзі, көп жағдайда, заңның өзінің мəнісін жоққа  шығаратын қаншама  заңға 
тəуелді  нормативтік  ведомоствалық  құжаттар  жасалуын  болдырмайды.  Заңнаманы  жетілдіру  мақсаты  – 
қылмыстың барлық түрлерінен жəне шенеуніктік басынушылық пен озбырлықтан құқықтық қорғау. 
Мемлекет  секілді,  қоғамның  бұқаралық  ортасымен  өзара  қарым-қатынастарды  жаңғырту.  Ресейдегі 
баспасөздің бірқатар себептері бойынша əзірге қоғамдық институт рөлін атқаруға шыға алмайды. Оны бір 
жағынан  жеке  бизнеске,  басқа  жағынан  түрлі  билік  органдары  монополизациялауы  БАҚ-тың  толықтай 
экономикалығына алып келді, яғни, саяси жағынан да тəуелді. Осындай жағдайларда баспасөз баяғыдай 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Əлеуметтік жəне саяси ғылымдар» сериясы, №2(42) 2013 ж. 
17 
қоғамның сойылын соғып, сауалдары мен мүдделерін білдіретін жəне толық көрсететін жай-күйде емес, 
керісінше, осы мүдделердің қарама-қарсы əрекет етуші күштеріне, сондай-ақ, мемлекет мүдделеріне, егер, 
жекелеген билік топтары оны түсінбеген жағдайда бағыт сілтейді. Саяси жаңғырту БАҚ-тың экономика-
лық  тəуелсіздігін  жəне  ашық  қимыл  көрсететін  экстремистік  топтардан  басқа,  барлық  саяси  ағымдар 
өкілдеріне  сөз  бостандығы  кепілдігін  қамтамасыз  етуге  жəне  сол  уақытта  өркениетті  мемлекеттерде 
қабылданған осы сөз бостандығы шектерін тəртіпке келтіруге бағытталған. Сөз бостандығын жауапкер-
шіліксіз, қалай болса, солай қолдануға болмайды. Бірақ билік те жауапкершіліксіз бола алмайды. БАҚ-қа 
қойылатын  талаптарды  қатаңдату  биліктің  барлық  деңгейлі  құрылымдарына  қойылатын  талаптарды 
қатаңдатумен  қосарласуы  тиіс:  олар  баспасөзге  қоғамдық  маңызы  бар  ақпаратты  ғана  ұсынып  қоймай, 
көпшілік қолдаған сыни наразылықтарға жариялы түрде сөзсіз жауап қайтаруға міндетті болуы тиіс. 
Саяси жаңғырту өзінің жиынтығында қоғамның едəуір бөлігі жағымсыз бағалайтын ресейлік демокра-
тияны  институттардыру  үрдісін  шапшаңдатуы  тиіс.  Əзірге  қарапайым  тұрғын  біздің  демократиямызды 
«демокрадия» деп атайды, оның институттандырылуын күштеу тұрғысындағы демеске басқа шара жоқ. 
Бірақ соңғы жағдайда жаңғыртудың өзі мүлдем өзге мақсатты көздейтін болады. 
«Саяси  жаңғырту  –  əлеуметтендіру  –  қоғамды  біріктіру»  себеп  салдарлы  тізбегінде  шын  мəнінде 
əзірше ортаңғы буыны жоқ. Қандай жағдайда, қандай əдістерінде қалпына келтіріледі (қойылады), тұтас-
тай  алғанда  бұл  азаматтардың  дайындығы  мен  биліктің  ерекшеліктері  жəне  сипатына  тікелей  қатысты. 
Құндылықты өлшемдерді əлеуметтендіретін саяси жаңғырту үрдісі кез-келген жағдайда да, кейбір мүдде-
лерге қысым жасайтыны да айқын, сондай-ақ, бұл ұзақ мерзімді саяси жəне экономикалық болжамдарға 
сенім білдіретін, қоғамның неғұрлым белсенді, ықпалды жəне материалдық жағынан қамтамсыз етілген 
бөлігінің мүдделері екені де айқын. 
Қалай болғанда, осы қарама-қарсы көзқарастар қайшылығынан шығу, елдегі қоғамның бірігуіне жету 
үшін  реформалаудың  принципті  өзге  идеологиясы  керек  –  демократиялық  ұғымдарға  қайшылықсыз, 
саяси  да,  партиялық  та,  «қарсы  да»  емес,  бірақ  өзіне  əділеттілік  ұғымы  –  қазақстандық  адам  үшін 
ментальдық ұғымын міндетті түрде қосушы, сонымен бірге, принципі жəне механизмі ретінде жаңғырту-
шылығы.  Осы  принциптерде,  біздің  ойымызша,  қазіргі  заманғы  қазақстандық  қоғамды  орнықтырып, 
біріктіруге болады. 
 
1. Капустин Б.Г. Современность как предмет политической теории». - М., 1988. – 15-16 б. 
2. Федотова В.Г. Плюсы и минусы модели «догоняющей модернизации». - М., 1995. - 65 б. 
3. Межуев В.М. Ценности современности в контексте модернизации и глобализации // Полис. - №3. 2009. – 3-4 б. 
4. Старостин Б.С. Проблема модернизации: история и современность // Модернизация и национальная культу-
ра. - М., 1995. - 13 б. 
5.
.
Коэн С. Изучение России без России // Свободная мысль. 1998. - №9-12. – 28 б. 
6. Межуев В.М. Ценности современности в контексте модернизации и глобализации // Полис. - №3. 2009. – 3-4 б. 
7. Межуев В.М. Ценности современности в контексте модернизации и глобализации // Полис. - №3. 2009. – 3-4 б. 
8.
 
Портер  М.  Установки,  ценности,  убеждения  и  микроэкономика  процветания  //  Культура  имеет  значение: 
каким образом ценности способствуют общественному прогрессу. - М.: Московская школа политических исследо-
ваний, 2002, - 55-75б. 
9. Ltvi-Strauss C/ Antropologia estructal: Mito, sociedad. - Mtxiko: Siglo XXI Eds. – 332 б.  
10. Буш Дж. Стратегия национальной безопастности Соединенных Штатов Америки: http:// www. Whitehouse. 
Gov/nsc/nss.pdf). 
11. См.: Хантингтон С. Столкновение цивилизаций и изменение мирового порядка. – Нью-Йорк: Foreign Aff ars; 
Льюис Б. Корни мусульманского гнева // Atlantik Monthly. – 1990. – сент. – 47-60 б. 
12. Сонда –47-60 б. 
13.
 
Эциони  А.  Основные  контуры  глобального  нормативного  синтеза.  Материалы  международной  научно-
теоретической конференции. – Бишкек, 2007. - С. 162.  
14.

Қара: Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990.  
15.  Ашимбаев  М.,  Идрисов  А.  Глобализация:  сущность  и  тенденции//  Центральная  Азия  в  системе  глобальных 
отношений. Сборник материалов конференции. - 14 б. 

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет