Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/39
Дата26.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

Тҥйін 
Бҧл мақалада  жеке адамға қарсы қылмыстардың сипаттамасы мен ҚР-ң Қылмыстық қҧқық 
заңнамасы  бойынша  реттеудегі  ерекшеліктері  жайында  баяндалады.  Қылмыстық  қҧқықтағы 
негізгі  мәселелердің  бірі  қылмыстың  ҧғымын  анықтау  болып  табылады.  Жеке  адам  мен  қоғам 
арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау 
және  оған  осы  мәселеде  қылмыстық  қҧқықтық  шараларды  қолдану  арқылы  осы  қатынастарды 
реттеу  —  қылмыстық  заңның негізгі  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Қылмыс  әр  уақытта  да 
белгілі  бір  іс-әрекеттің  (әрекет  немесе  әрекетсіздіктің)  кӛрінісі  болып  табылады.  Заң  шығарушы 

осындай  тҧжырымдарға  келе  отырып,  қылмыстын  әр  уақытта  да  адамның,  нақты  іс-әрекетінің, 
мінез-қҧлқының сыртқа шыққан кӛрінісі екенін атап кӛрсетеді. 
Abstract 
In this article, a description of the crimes against the person and criminal law under the laws of the 
Republic of Kazakhstan told about the features of the regulation. One of the main issues of criminal law is 
the definition of the crime. The degree of danger to society of any conflicts between the individual and 
society on this issue and determine whether criminal legal regulation of these relations through measures 
is one of the main objectives of the criminal law. Crime is always a certain action (action or inaction) is a 
reflection.  Referring  to  the  legislative  provisions  such  qılmıstın  each  person  at  the  same  time,  the  real 
action, is the view from the outside behavior 
Key  words:  higher  court  activities,  fact,  democracy,  law,  responsibility,  constitution,  confidence, 
judicial problems, crime process.  
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
«KR KIGK»  Almati 2012. 
2.
 
«KR KK»  Almati 2008. 
3.
 
«KR Prokurorski nadzor».  
4.
 
Нормативтік - қҧқықтық актілер 
5.
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  1995  ж.  30  тамыз  //Алматы:  Жеті  жарғы,  -  100 
бет. 
6.
 
Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың ӛсіп ӛркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының 
артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001. – 96 бет. 
7.
 
Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 
басты мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы. 
8.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексi.  2003  ж.  25  қыркҥйектегі  №484  Кодексі. 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003ж. № 15-16, 211- қҧжат 
9.
 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік қҧқық бҧзушылық туралы Кодексі. 
10.
 
2001ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. Егемен Қазақстан. 2001ж. 13 ақпандағы. - №31-34. 
11.
 
«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4 шілдедегі №336 
Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159. 
12.
 
Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  кҥрес  туралы»  1998  ж.  2 
шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132. 
13.
 
Ӛзгерістер  мен  толықтырулар  еңгізілген  Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі - №308 Заңы. //Казахстанская правда. 
– 2007 ж.- 27 шілдедегі .- №315. 
 
 
Ә.О.Ж: 431.14 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҤРГІЗУДЕГІ АҚИҚАТТЫҢ СИПАТЫ МЕН МАЗМҦНЫ. 
Рахматуллаев Д.магистрант.,Абдразаков Б.Б. оқытушы, магистр. 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 
 
Қылмыстық  іс  жҥргізуде  дәлелдеудін  мақсаты  шындықты  аныктау  болып  табылады. 
Философиялық  кӛзқарас  бойынша  шындық  дегеніміз  –  танушы  субъектіні  объектінің  барабар 
бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол кҥйінде кӛшіру. Қылмыстық 
сот  ісін  жҧргізуде  шындыққа  қолжеткізу  соттың  қателеспеуіне  кепілдік  береді.  Бул  мәселедегі 
тҥсінбеушілік  адамның  тағдырында  ҥлкен  қателікке  ҧрындырады.  Шындыққа  қол  жеткізбеу 
салдарының кӛрнекі  қҧралы ретінде  "гомель ісі"  мысал бола алады,  осы іс бойынша 1981  жылы 
тергеуші мен инспекторды санады тҥрде "ӛлтіргені ҥшін" бес кінәсіз адам сотталды. Екі жылдан 
кейін тап сол жерде тағы да кісі ӛлімі болды. Бҧл қарақшылыктың бәрін К. атты ағайынды ҥшеу 
және  олардың  екі  баласы  жасаған  болатын.  Бҧл  адамдар  жоғарыда  аталған  кісі  ӛлімдерінің 
арасында тағы да 11 кылмыс жасаған.  

Сот  қателіктері  -  әдетте  шындықка  кӛз  жеткізбеудің  салдары.  Шындыққа  қол  жеткізу 
максатын  ескермеу  соттың  сот  әділдігін  жҥзеге  асыру  функциясын  қандай  да  бір  мағынадан 
айырады. 
Дәлелдеудін  мақсаты  ретінде  шындықты  айқындаудың  процессуалдық  қҧқықтық  табиғаты 
болады. Қылмыстық сот ісін жҥргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-бабында қылмысты тез және 
толық  ашу  деп  кӛрсетіледі.  Одан  әрі  ҚІЖК-нің  24-бабында  істің  мән-жайын  жан-жакты,  толық 
және объективті зерттеу ҥшін соттың, прокурордың, тергеушінін, анықтаушының заңда кезделген 
барлық  шараларды  кабылдауға  міндетті  екендігі  ескертіледі.  Шындық  ҧғымының  ӛзі  міндеттер 
мен  принциптерге  арналған  тарауда  да  аталады.  Атап  айтканда  ҚІЖК-нің  24-бабында  былай 
делінген: "сот тараптардың пікірімен байланысты емес және ӛз бастамашылығымен қылмыстық іс 
бойынша ақиқаты анықтау ҥшін кажетті шаралар қолдануға қҧқылы". 
Сонымен, шындық ҧғымын қылмыстық процестін  принциптерімен ӛзара байланыста қарау 
қажет, мҧның ӛзі оған айрықша маныз береді. 
          Бҧл  ережелер  ӛзінің  мәнісінде  мынаны  кӛздейді:  қылмысты  ашу  ӛмірде  орын  алған 
жағдайларды  анықтауды  мақсат  етеді,  ал  зерттеудің  объективтілігі  -  іс  бойынша  дәлелдемелерді 
алу және бағалау процесінде алаламай және алдын ала тон пішпей адалдық таныту. Сонымен, осы 
бәліктегі  заң  ережелерінің  мағынасы  қол  жеткізген  білімнің  тану  объектісіне  сәйкес  келуі 
қажеттігін ескертеді. Объект туралы білімнің объектінің шынайы белгілеріне сәйкес келуі шындық 
болып табылады. 
Қылмыстық сот  ісін жҥргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен ӛткеннің бейнесін 
ойша  қалпына  келтіру  арқылы  шындыққа  қол  жеткізіледі.  Осы  шындық  дәлелдеме  теориясында 
материалдық  шындық  деп  аталады.  М.  С.  Строгович  қылмыстық  процестегі  материалдық 
шындықты  тергеудегі  және  шешілу  ҥстіндегі  істің  жай-жапсары  туралы,  қылмыстық 
жауапкершілікке тартылған адамдардың кінәлі екендігі немесе кінәсіз екендігі туралы тергеу мен 
сот қорытындыларының объективті шындыққа толық және дәлме-дәл келуі деп анықтайды. Және 
әрі  қарай ол  әз  ойын материалдық шындық  дегеніміз объективті шындық  деп қорытындылайды. 
М. С. Строговичтің пікіріне В. Д. Дороховтын анықтамасы да жақын келеді, соңғысы объективті 
шындық дегеніміз – объективті шындықты дҧрыс бейнелейтіи адамзат білімдерінің мазмҥны және 
ол  субъектіге,  адамға,  адамзатқа  тәуелсіз  деп  тҥсіндірді.  Атап  айтканда,  шындық  дегеніміз  – 
болмыстың ӛзі емес, объективті болмысты дҧрыс танудың нәтижесі. Ол объективті, ӛйткені онын 
мазмҧны бейнеленетін объектіге сәйкес келеді. Қылмыстық сот ісін жҥргізу саласында объективті 
шындықты  әлдекайда  кеш  тҥсіну  объективті  шындықты  субъективті  бейнелеудің  жоғарғы 
шыңына  шығарады  және  объективтік  шындықты  зерттелетін  фактілер  мен  жағдайларға 
субъективтік  пайымдаудың  толық  және  дәлме  дәл  сәйкес  келуі  деп  анықтайды.  Бҧрын 
айтылғандардан кӛрініп тҧрғанындай зерттеушілер тҧтас алғанда дәлелдеудің мақсаты шындықты 
анықтау деп тҥсінеді және бҧл шындықтың объективті тҥрі болады. 
Шындықты  философиялық  тҥсіну,  мҧнын,  езі  методологиялық  кӛзқарас  тҥрғысынан  ӛте 
маңызды,  оның  екі  жақты  бастауын:  салыстырмалы  және  абсолюттік  шындықты  ескеруін 
кӛздейді,  Шектеулі  білімнен  анағҧрлым  терең  және  дәл  білімге  ерлеу  процесі  шындыққа 
салыстырмалы сипат береді. Шыңдықтың салыстырмалылығы тарихи, экономикалық, әлеуметтік 
сипаттағы  танымның  шектеулілігімен  алдын  ала  анықталады.  Бірақ  шындық  объективті  болса, 
онда  кез  келген  салыстырмалы  шындықты  абсолюттік  білімнің  элементтері  болады,  Бҧл  орайда 
философия  абсолюттік  шындықты  такырыпты  толық,  егжей-тегжейлі  қамтыған  және  танымның 
одан  әрі  даму  барысында  жоққашығарылуы  мҥмкін  емес  білім  деп  бағалайды.  Осыны  ескерсек, 
қылмыстық  сот  ісін  жҥргізуде  қол  жеткізілетін  шындықтың  сипаты  туралы  мәселені  шешу 
дәлелдеме теориясы ҥшін принципті тҥрде маңызды болып табылады. 
Істі дәлелдеуде абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болатынын жактап Н. С. Алексеев, И. Д, 
Перлов,  П.  А.  Лупинская,  М.  А.  Чельцов,  М.  С.  Строгович  және  басқалары  пікір  білдіреді. 
Процесте  салыстырмалы  шындыққа  қол  жеткізуге  болады  деп  И.  Б.  Михайловская,  В.  С, 
Тадевосян,  Л. Т. Ульянова жэне басқалары кӛзқарасын білдірді. В. Я. Дорохов,                В. С. 
Николаев,  А.  И.  Трусов  аралық  жағдайды  қолдады,  олар  объективтік  шындық  процесте  бір 
мезгілде  әрі  абсолюттік,  әрі  салыстырмалы  тҥрде  шыға  алады  деп  есептеді.  Әдебиетте  басқа  да 

кӛзқарастар орын адды, бірак сот ісін жҥргізудегі шындықтың мәніне олар шешуші ықпал жасай 
алмады. 
Қылмыстық  процесте  қол  жеткізілетін  шындықтың  екі  жақты  (салыстырмалы  және 
абсолюттік) сипаты туралы кӛзқарас мынадай тҥсініктер бойынша анағҥрлым қолайлы кӛрінеді. 
1.
 
Принципінде  абсолюттік  шындыққа  қол  жеткізуге  болады  деп  тану  қылмыстық  сот  ісін 
жҥргізуді жҥзеге асыратын қҧзыретті органдар қызметінін нәтижесінде де абсолюттік шындыққа 
қол жеткізуге болады деп есептеуге негіз береді. 
2.
 
Абсолюттік  және  салыстырмалы  шындықтың  арақатына  және  ӛзара  байланысы 
жеткізілетін шындықтың сипатында да қолданылады. 
3.
 
Дәлелдеуде  абсолюттік  (объективтік)  шындыққа  қол  жеткізу  мҥмкіндігін  жоққа  шығару 
ісі  бойынша  сот  шешімінің  әділеттілігіне  және  шынайылығына,  яғни  сот  әділдігін  орындаудың 
мҥмкіндігімен қажеттілігіне  кҥмән келтіреді. 
4.
 
Дәлелдеуде салыстырмалы шындыққа қол жеткізуді жоққа шығару диалектика заңдарына 
қайшы  келеді,  мҧның  ӛзі  айналып  келгенде  дәлелдеме  мен  дәлелдеудің  мәнісін  ғылыми  тануда 
методологияны жоққа шығаруға не адамның  әлемді тануда меңгере алмайтын шегі бар екендігін 
тануға әкеледі. 
5.
 
Қатаң тҥрдегі қҧкықтык тыйым салулар мен рҧксат беру жҥйесінде кӛрінетін тергеу мен 
сот  органдары  қызметінін  ерекшелігі  танымдық  қызметтің  терендігіне,  кӛлеміне  ӛзінің  ізін 
қалдырады.  Бҧл  қызмет,  бір  жағынан,  іс  бойынша  белгіленетін  шектермен,  екінші  жағынан 
қҧқықтық  нҧсқамалардың  шеңберімен  шектелген.  Осы  белгіленген  шеңбердін  ішінде  қол 
жеткізілген  шындықтың  толык  сипаты  бар  және  сондықтан  ол  абсолюттік  болып  табылады.  Тал 
осы шындық одан тысқары білімдермен салыстырғанда – салыстырмалы. 
Дәлелдеудің  мақсаты  ретінде  шындыққа  қол  жеткізу  бҧрын  қолданылып  жҥрген  заңда 
тікепей  бекітілген  жоқ.  Бҧл  мақсат  қылмыстық  сот  ісін  жҥргізу  міндеттерінің  мәнісінен  жанама 
тҥрде  туындайды.  Осыған  орай  жекелеген  зерттеушілер  бул  мақсат  жалпы  қылмыстық  процеске 
тән  емес  деп  есептеді.  Осыған  байланысты  П.  С.  Элькинд  былай  деп  қарсылық  білдіреді:  "Заң 
шығарушының қылмыстық сот ісін жҥргізу мақсаттарының мазмҧнымен міндеттер ҧғымын енгізуі 
бізді  абыржытпауға  тиіс,  ӛйткені  "мақсаттар"  мен  "міндеттер"  уғымдарының  реңк  ӛзгешелігі 
олардың мазмҧнындағы айырмашылықта емес, оларды әр тҥрлі аспектіде пайдалану мҥмкіндігінде 
жатыр.  Сондықтан,  осы  категория  оның  философиялық  ҧғымында  зерттелген  кезде...  "мақсат" 
ҧғымын пайдаланған дҧрыс". 
Әдебиетте  "шындыққа  қол  жеткізу"  терминінің  заңдылығына  қатысты  пікірлер  де  орын 
алды.  Жекелеген  авторлар  қылмыстық  процесте  шындыққа  қол  жеткізілмейді,  дҧрысында 
анықталады деп есептеді. Осы еңбектің авторына мҧндай турдегі тузету елеусіз сияқты кӛрінеді, 
дегенмен  шындықтың  мақсат  екендігін  назарға  алатын  болсақ,  онда  мақсат  ретінде  ол 
анықталмайды, керісінше қол жеткізіледі. Егер де Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 24-бабының 
3-бӛлігінде орын алғанындай "қылмыстық істер бойынша ақиқатты анықтау ҥшін қажетті шаралар 
қолдануды"  талап  ететін  болсақ,  онда  мақсатқа  тузілімнің  немесе  тіпті  міндеттің  мағынасын 
беруден  бас  тартқан  қисынды.  Қҧқықтық  мағынасына  зиян  келтіре  отырып,  істің  лексикалық 
жағына  баса  қылмыстық-қҧқықтық  баға  беру  объективтік  шындықтың  мазмҧнына  енбейді  деп 
есептейді. Оған керісінше Н. А. Пьянов уәкілетті адамның (органның) бағалау қызметінің таным 
процесімен  генетикалық  ӛзара  байланысы  туралы  ережені  сенімді  турде  дәлелдейді.  Бағалау 
қызметі әрекетті бағалаумен қатар жҥреді. Сондықтан, бағалау-қылмыстық процестегі объективті 
шындықтың  ажырамас  бӛлігі  болып  табылады.  60-шы  жылдардың  басында  "материалдық 
шындық"  терминінің  орындылығы  туралы  мәселе  талқыланды.  Оны  қылмыстық-процессуалдық 
ғылымға  енгізу  барысында  кеңес  қҧқығындағы  шындық  ҧғымын  буржуазиялық  қҧқықтағы 
формальды  шындық  ҥғымынан  шектеуге  байланысты  болғандығын  айту  қажет.  Осы  заманғы 
ғылым  "объективтік  шындық"  ҥғымын  жиі  қолданады,  дегенмен,  бҥл  орайда  "объективтік 
шындық"  және  "материалдық  шындық"  уғымдарының  мағыналық  бірлігін  жалпы  кӛпшілік 
мақҧлдаған деп есептелінеді (бҧл туралы М. С. Строговичтің, В. В. Лазаревтің, С. С. Алексеевтің, 
П.  Ф.  Пашкевичтің,  П.С.  Элькиндтін,  еңбектерінде  айтылған),  Оның  ҥстіне  шындық 
"объективтілік"ҧғымы мазмҧнымен байланыссыз тҥсіндірілуі мҥмкін емес. 

Қылмыстық  іс  бойынша  дәлелдеу  процесінде  объективтік  шындықты  анықтау  іс  жҥргізу 
кепілдіктері  ретінде  кӛрінетін  ерекшелігі  бар  процедуралык  жағдайлар  болған  уакытта  ғана 
мҥмкін болады. Дәлелдеме қҧқығьшда олардың бірнеше турлері бар
1

1)
 
 қылмыстық  іс  жҥргізу  қҧқығы  қатынастарына  қатысушылардың  тҧрлі  топтарының  іс 
жургізу жағдайын саралау жолы мен белгілеу; 
2)
 
 қылмыстық сот ісін жҥргізу принциптерінің жҥйесі; 
3)
 
қылмыстық іс жургізушілік нысандарын зандық тҧрғыдан кӛздеу;  
4)
 
белгілеу  іс  жҥзінде  іс  жҥргізушшк  кызмет  субъектілерінің  қҧқықтары  мен  міндеттерінің 
жиынтығы қалыптасатын қҧқықтық мәртебелерді шектеуді білдіреді. 
Мәселен,  куәгердің  міндеті  тек  қана  шындықты  айту,  куәгер  анықтау  органының  немесе 
тергеушінің  шақыруы  бойынша  келуден  жалтарса  немесе  бас  тартса,  сондай-ак  әдейі  жалған 
жауап берсе кылмыстық жауаіжершілікке тартылады. 
Бҧл заң ережесі ерекшелігі бар сипатта тергеу мен соттың істің мән-жайы туралы шынайы, 
объективті ақпарат алуына кепілдік береді. 
Біз карастырып отырған тҥрдің маңызды кепілдігі айыпталушының кҧқығы болып табылады: 
олнесебепті  ӛзін  кінәлапотыр-ғанын  білуге;  ӛзіне  таңьглған  айыгт  бойынша  тҥсінік  беруге;  кор-
ғаушы алуына; қарсылық білдіруге немесе шағымдар тҥсіруге және т.б. қҧқылы. Айыпталушының 
қҧқығын жҥзеге асыру істің нәтижесіне мҥдделі әзге де адамдардың еркі мен тілегіне қарамастан 
шыңдықты анықтауға жәрдемдеседі. 
Объективтік  шындықты  анықтаудың  елеулі  кепілдігі  сот  мәжілісінде  тӛрағалык  етушінің 
екілеттілігі  больш  табылады,  ол  сот  межілісін  шындықты  анықтауға  бағыттауға  және  қаралып 
отырған іске қатысы жоқтың бәрін де ысьгрып қоюға міндетті. 
Қылмыстық  іс  жҥргізу  қҧқығы  кездерінін  нормаларымен  бекітіпген  қылмыстық  сот  ісін 
жҥргізу принциптердің жҥйесі ӛз 
ӛзінен  салалық  кепілдіктермен  камтамасыз  етілген,  мҧның  ӛзі  іс  бойынша  принциптер 
жҥйесін  объективті  шындыкты  анықтау-дың  екі  еселенген  кепілдіктері  деп  еселтеуге  мҥмкіндік 
береді. Сот әділдігін тек соттың жҥзеге асыруы, судьялардын тәуелсіздігі және олардың заңға ғана 
бағыныштылығы, соттың дәлелдемелерді езінін ішкі сенімі бойынша және занға сәйкес бағалауы, 
кеңесу бӛлмесінің қҧпиялылығы, сот әділдігін атқару жӛнінде соттың кызметіне кімнің де болсын 
араласуына  жол  бермеу  (Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  77-бабы)  судьяға  қол 
сҧғылмаушылық  (Қазақстан  Республикасы  Консти-туциясының  79-бабы)  істі  толык,  жан-жақты, 
объективті және алаламай қарауға және оны мәні бойынша шешуге жәрдем-десетін ерекшелігі бар 
сот кепіддіктерін қамтамасыз етеді. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
«KR KIGK»  Almati 2012. 
2.
 
«KR KK»  Almati 2008. 
3.
 
«KR Prokurorski nadzor».  
4.
 
Нормативтік - қҧқықтық актілер 
5.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы.1995ж. 30тамыз Алматы: Жеті жарғы,100 б. 
6.
 
Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың ӛсіп ӛркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының 
артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А.: Білім, 2001. 96 бет. 
7.
 
Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 
басты мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы. 
8.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексi.  2003  ж.  25  қыркҥйектегі  №484  Кодексі. 
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003ж. № 15-16, 211 -қҧжат 
9.
 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік қҧқық бҧзушылық туралы Кодексі. 
10.
 
2001ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. Егемен Қазақстан. 2001 ж. 13 ақпандағы. - №31-34. 
11.
 
«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4 шілдедегі №336 
Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159. 
12.
 
Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  кҥрес  туралы»  1998  ж.  2 
шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132. 

13.
 
Ӛзгерістер  мен  толықтырулар  еңгізілген  Қазақстан  Республикасының  «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі - №308 Заңы. //Казахстанская правда. 
– 2007 ж.- 27 шілдедегі .- №315. 
 
 
 
 
 
Ә.О.Ж. 344.1 
ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ КРИМИНАЛОГИЯЛЫҚ 
СИПАТАМАСЫНЫҢ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ САЛДАРЫ 
Нагизбекова Г.магистрант.,Абдразаков Б.Б. оқытушы, магистр. 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет 
 
Қазақстан  Республикасын  қарулы  агрессиядан  қорғау  мемлекеттің  ең  маңызды 
функцияларына  жатады  және  бҥкілхалықтық  іс  болып  келеді.  Конституцияның  36-бабының  1-
бӛлігіне  сай  Қазақстан  Республикасын  қорғау,  ҧлтына,  әлеуметтік  тегіне,  тҧрғылықты  жеріне, 
мҥліктік және лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне,   дінге қатынасына, кәсібінің тегіне 
және  мінезіне,  саяси  және  ӛзге  сенімдеріне,  қоғамдық  ҧйымдар  мен  бірлестіктерге  жатуына 
қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті болып келеді. 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  әскери  қызметті  заңмен  белгіленген  тәртіпте  және 
тҥрлерде атқарады (Конституцияның 36-бабының 2-бӛлігі). 
Қарулы  Кҥштердің  әскери  жарғылары  әскери  бӛлімдері,  басқармалары,  мекемелері  және 
ҧйымдарының  әскери  қызметшілері  әскери  қызметті  атқаруының  қатаң  тәртібін  тҧралап 
анықтаған. Әскери тәртіпті бҧзу, қҧқық бҧзушылықтар жасау ҥшін әскери қызметшілері тәртіптік, 
материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кӛтереді. 
Әскери  қызметшілерінің  қылмыстарды  жасағаны  ҥшін  жауапкершілік  Қазақстан 
Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған. 
ҚК  336-бабына  сай:  "Әскерге  шақыру  бойынша  не  келісім  шарт  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Кҥштерінде,  Қазақстан  Республикасы  басқа  да  әскерлері  мен  әскери 
қҧрамаларында    әскери  қызмет  атқарушы    әскери  қызметшілердің,  сондай-ақ  запастағы  аза-мат-
тардың жиындардан ӛту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда 
кӛзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".  
Заңның  мазмҧнынан  әскери  қылмыстар  болып,  әскери  қызметті  атқару  тәртібін  реттейтін 
қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер 
болып табылады. 
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын 
қҧқыққа  қайшы  іс-қимылды  жасауы,  мысалы:  қарақшылық,  зорлау,  бҧзақылық  және  с.с.  әскери 
қылмыстарға  жатпайды  және  жауапкершілікті  ҚК  басқа  тиісті  тарауларының  баптары  бойынша 
тудырады. 
Бӛлек  әскери  қылмыстарының  нақты  объектісі  болып  –  әскери  қызметті  ӛтудің  бір  немесе 
ӛзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты 
топқа бӛлуге болады: 
1.  Әскери  қызметкерлерінің  арасындағы  бағынушылық  тәртібіне  және  жарғылық  қарым-
қатынастарға  қиянат  жасайтын  қылмыстар:  бҧйрыққа  бағынбау  немесе  оны  ӛзгедей  орындамау 
(ҚК  367-бап);  бастыққа  қарсылық  кӛрсету  немесе  оны  қызметтік  міндеттерін  бҧзуға  мәжбҥр  ету 
(ҚК  368-бап);  бастыққа  қарсы  кҥш  қолдану  әрекеттері  (ҚК  369-бап);  бір-бірінің  бағыныштық 
қатынастары  болмаған  кезде  әскери  қызметшілердің  арасындағы  ӛзара  қарым-қатынастардың 
жарғылық ережелерін бҧзу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап); 
2. Әскери қызметті ӛту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бӛлімді немесе қызмет орнын 
ӛз  бетімен  тас-тап  кету  (ҚК  372-бап);  қашқындық  (ҚК  373-бап);  дене  мҥшесіне  зақым  келтіру 
жолымен немесе ӛзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);  

3.  Арнайы  қызметті  атқару  тәртібіне  қарсы  бағытталған  қылмыстар:  жауынгершілік 
кезекшілікті атқарудың ережесін бҧзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет атқару-дың ережесін бҧзу 
(ҚК  376-бап);  қарауыл  (вахта)  қызметін  атқарудың  ережелерін  бҧзу  (ҚК  377-бап);  ішкі  қызмет 
атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бҧзу (ҚК 378-бап); қоғамдық 
тәртіпті  қорғау  және  қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  қызмет  атқарудың 
ережелерін бҧзу (ҚК 379-бап); 
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, ӛзге әскери мҥлікті кҥтіп ҧстаудың тәртібіне және әскери техниканы 
пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: қҧрып бара жатқан әскери кемені тастап 
кету  (ҚК  382-бап);  әскери  мҥлікті  қасақана  қҧрту  немесе  бҥлдіру  (ҚК  387-бап);  әскери  мҥлікті 
абайсыздықта қҧрту немесе бҥлдіру  (ҚК  388-бап); әскери мҥлікті  жоғалту  (ҚК  389-бап); айнала-
дағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ҧстау ережелерін бҧзу 
(ҚК 390-бап); машиналарды жҥргізу немесе пайдалану ережелерін бҧзу (ҚК 391-бап); ҧшу немесе 
оған даярлану ережелерін бҧзу (ҚК 392-бап); кеме жҥргізу ережелерін бҧзу (ҚК 393-бап); 
5. Әскери басқарудың  қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Кҥштердің мәртебесіне қиянат 
жасайтын  қылмыстар:  билікті  теріс  пайдалану,  биліктің  асыра  қолданылуы  немесе  әрекетсіздігі 
(ҚК 380-бап); қызметке селқос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жҥргізу қҧралдарын беру немесе 
тастап  кету  (ҚК  383-бап);  әскери  сипаттағы  қҧпия    мәліметтерді  жария  ету  немесе  әскери 
сипаттағы  қҧпия мәліметтері бар қҧжаттарды жоғалту (ҚК 386-бап); 
6. Қарулы Кҥштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тҧтқынға 
ӛз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап); 
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастыққа қарсы кҥш қолдану 
іс-әрекетінде  (ҚК  369-бап),  әскери  қызметшіге  тіл  тигізуде  (ҚК  371-бап)  немесе  әрекетсіздіктен, 
мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тҧруы мҥмкін. 
Ӛзінің  қҧрылысы  бойынша  әскери  қылмыстардың  қҧрамдары  –  формальды  (ҚК  373-бап), 
материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мҥмкін (ҚК 376-бап). 
Кӛптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: 
бӛлімді  немесе  қызмет  орнын  ӛз  бетімен  тастап  кету  (ҚК  372-бап),  қашқындық  (ҚК  373-бап), 
әскери  мҥлікті  қасақана  қҧрту  немесе  бҥлдіру  (ҚК  387-бап)  және  басқалары.  Кейбір  әскери 
қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мҥмкін, мысалы: әскери мҥлікті абайсызда қҧрту немесе 
бҥлдіру  (ҚК  388-бап).  Бӛлек  қылмыстар  қасақана  да,  абайсыз  да  жасалынуы  мҥмкін,  мысалы: 
бҧйрыққа  бағынбау  немесе  оны  ӛзгедей  орындамау  (ҚК  367-бап),  жауынгершілік  кезекшілікті 
атқарудың ережелерін бҧзу (ҚК 375-бап). 
Бӛлек  жағдайларда  субъективтік  жақтың  қосымша  сипаттары  болып  қылмысты  жасау 
мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мҥшесіне зақым келтіру жолымен немесе ӛзге тәсілмен 
әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жҥргізу қҧралдарын беру немесе тастап кету 
(ҚК 383-бап) және с.с. 
Әскери  қылмыстардың  субъектісі  арнайы,  яғни  әскерге  шақыру  бойынша  не  келісім  шарт 
бойынша  Қазақ-стан  Республикасының  Қарулы  Кҥштерінде,  Қазақстан  Республикасының  басқа 
әскерлері  мен  әскери  қҧрамаларында  әскери  қызмет  атқарушы  адам,  осымен  қатар  жиындарды 
ӛтіп жатқан азаматтар. 
1992  жылғы  22  желтоқсаннан  Қазақстан  Республикасының  "Қорғаныс  және  Қазақстан 
Республикасының Қарулы Кҥштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Кҥштер ӛзіне: әскери 
басқару  органдарын,  Қарулы  Кҥштердің  тҥрлерін  –  қҧрлық  әскерлерін,  ауаға  қарсы  қорғаныс 
әскерлерін,  әскері  –  ауа  кҥштерді,  тылды,  әскери  -  қҧрылыс  бӛлімдерін,  әскери-оқу    орындарды 
кіргізеді.  
Ӛзге  әскери  қҧрылымдары  ретінде  шекаралық  және  ішкі  әскерлер,  Республикалық  Ҧлан, 
Ҧлттық  қауіпсіздік  комитетінің  әскерлері,  азаматтық  қорғаныстың  басқару  органдары  мен 
бӛлімдері. 
Қазақстан  Республикасының  ҚК  Ерекше  бӛлімі  қарастырған  қҧқыққа  қайшы  әрекеттерден 
әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен – сҧғынушылықтың ерекше объектісімен және қылмыстың 
арнайы субъектісімен айырылады. 

Әскери  қылмыстарды  соғыс  уақытында  немесе  жауынгершілік  жағдайда  жасау  бағалау 
жағдайы болып келеді және ӛлім жазасына дейін кӛтеріңкі жауапкершілікті тудырады. 
Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Кҥштері 
туралы"  Заңының  5-бабына  сай  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Кҥштері  қҧрылуының  ең 
маңызды  қағидасы  болып  орталықтандырылған  басқару  және  бірбастылық  келеді.  Соңғысы 
командирді (бастықты) бағыныштыларына қарағанда ӛкімді биліктің толықтығына бӛлеуден және 
олардың әскери қызметті атқаруының барлық жақтары ҥшін оған жеке жауапкершілікті жҥктеуден 
қҧралады.  Қарулы  Кҥштердің  Уставына  сай  бір    бастылық  қағидасы  командирге  (бастыққа) 
бағынышындағыларға  бҧйрықтарды  беру  және  соңғыларды  осы  бҧйрықтарды  сӛзсіз  орындауға 
міндеттеу қҧқығын береді. 
Командир (бастық) – бҧл бір немесе армия, флот, әскери қҧрылым, әскери бӛлімше, әскери 
кеменің  немесе  олардың  бӛлімшелерінің  оған  тҧрақты  болмаса  уақытша  басқа  әскери 
қызметшілері бағынатын әскери қызметші. 
Командирлер  (бастықтар)  бір-бірімен  қызмет  жағдайына  немесе  әскери  атақтарына  қарай 
айырылады.  Мысалы:  әскери  бӛлімнің  немесе  оның  қҧрамындағы  бӛлімшенің  командирі  ӛзінің 
қызмет жағдайына сай сол бӛлім немесе бӛлімшенің жеке қҧрамы ҥшін бастық  болып келеді, ал 
әскери  атақтарына  сай  генералдар  мен  офицерлер  сержанттар,  старшиналар,  прапорщиктер, 
мичмандар  ҥшін  бастық  болып  танылады.  Соңғылары  ӛз  кезегінде  қатардағы  сарбаздар  мен 
матростар ҥшін бастық (командир) ретінде танылады. 
Бҧйрық қызмет мҥдделерінде заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына сай беріледі. Ол 
жазбаша немесе ауызша нысанда, телефон, радио немесе телеграф немесе біреуді жіберу арқылы 
және басқаша да берілуі мҥмкін. 
Бҧйрық,  басым  кӛпшілік  жағдайларда,  бағынышты  адамның  әскери  қызметі  саласына 
жатады, бірақ та оның қызметтен тыс, кӛпшілік орындардағы және с.с. жерлердегі жҥріс-тҧрысына 
да қатысты болуы мҥмкін. 
Командир (бастық) бҧйрығын орындамау – қауіпті әскери қылмыстардың бірі болып келеді 
және заң бҧл ҥшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған. 
Каталог: files -> gylym
files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
files -> №4(76)/2014 Серия экономика
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
gylym -> Ғылымға арналған «Дөңгелек үстел»
gylym -> Министрлiгi министерство образования и науки республики
gylym -> Министрлiгi министерство образования и науки республики

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет