Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/39
Дата26.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

 «Шылаулардың  лексикалық  мағыналарының  дерексіздену  дәрежесі  мҥлде 
жоғары  болғандықтан,  олардың  сӛйлемдегі  синтаксистік  қызметін  ашып  кӛрсетудің 
мәні  зор.  Сондай-ақ  шылаулардың  ішкі  лексика-семантикалық  мағыналары, 
грамматикалық қызметтері  тарихи  тҧрғыдан  қарастырылу  қажет.  Шылауларды  кӛне 
тҥркі  тіліндегі  тҥрлерімен  қатар  орта  тҥркі  тіліндегі  тҥрлерін,  әр  дәуірлердегі 
қолданылу ерекшеліктерін ашып кӛрсету әлі де зерттей тҥсуді қажет етеді.  
Резюме 
А. Байтҧрсынов –основатель казахского языкознания и алфавита, предложивший термин шылау – 
наречие. В статье анализируеться науные труды ученых о термине шылау-наречие. 
Summary 
A.Bainursynov is the founder of the Kazarh Linguistics and alphabet, suggested the term of conjuction-
adverb. This article is analyzes the term of conjuction-adverb. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
       1. Оразов М. Кӛмекші сӛздер: 1,2 кітап. – Ташкент: Наурыз, – 1997. – 1-кітап. – 
175 б. 
       2.  Оразов  М.  Кӛмекші  сӛздер:  1,2  кітап.  –  Ташкент:  Наурыз,  1997.  –  2-кітап.  – 
184 б. 
       3. П.М. Мелиоранский. Краткая грамматика. -  
       4. Досжан Р.А. Кӛмекші сӛздердің қалыптасу тарихы. Оқу қҧралы. – Шымкент: 
Әлем, –  2015 – 164 б. 
        5. Байтҧрсынҧлы А. Тіл – қҧрал. – Алматы: Сардар, 2009 – 348 б. 
6.  Жҧбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жӛніндегі  зерттеулер.  ӛңд.,  3-бас.  –  Алматы: 
Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б. 
 7. Байтҧрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.        

         8.  М.  Балақаев,  Т.  Сайрамбаев  Қазіргі  қазақ  тілі:  Сӛз  тіркесі  мен  жай  сӛйлем 
синтаксисі. (Ӛңделіп, толықтырылып, 3- басылуы), Оқулық. – Алматы, Санат, 1997. 
– 240 б. 
         9.  Қазақ  грамматикасы  /  Жалпы  ред.  басқ.  Е.  Жанпейісов.  –  Астана:  Астана 
полигр., 2002. – 784 б. 
          10. Айдаров Ғ. Орхон-енисей және  кӛне  ҧйғыр  жазба  ескерткіштерінің  тілі.  – 
Алматы: Рауан, 1995. – 159 б. 
           11. Айдаров Г. Язык памятника Кюль-Тегину. – Алматы: Ғылым, 1993. – 280 с. 
         12.  Айдаров  Ғ.  Кӛне  тҥркі  жазба  ескерткіштерінің  тілі.  –  Алматы:  Мектеп, 
1986. – 182 б. 
         13.  Малгаждаров  К.К.  Кӛне  тҥркі  тіліндегі  шылау  сӛздердің  лексика-
грамматикалық сипаты: Филол. ғыл. канд. дис. афтореф.: 10.02.06. – Алматы, 2000 – 
28 б. 
        14.  Садықбеков  Қ.А.  Орта  ғасыр  қыпшақ  жазба  ескерткіштерінің  тілі  (Китаб 
Муқаддима  Әбу  Ләйс  әс-Самарқанди  ХV  ғ.).  –  Шымкент:  Қ.А.  Ясауи  атындағы 
ХҚТУ, 2010. – 160 б.  
 
МӘТІН ЖӘНЕ МӘТІН ЛИНГВИСТИКАСЫ 
 
Боранбаев С. Р. ф. ғ.д.,  профессор 
Жайлаубай Е.Ж.  
 
      Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  кӛркем  әдебиет  тілін  зерттеуге,  мәтін  тҥзілімін 
тҥсінуге,  мәтіндік  тілдік  бірліктерге  деген  қызығушылықтар  арта  тҥсті.  Осыған 
байланысты қазіргі тіл білімінде тілдің коммуникативтік, прагматикалық  жақтарын 
кешенді, кӛпдеңгейлі зерттеу ӛзекті сипатқа ие болып отыр. 
      Мәтін қҧрылымы ҥнемі жетіліп отырылады, яғни мәтін – мазмҧн мен қҧрылым 
жағынан  аяқталған  категория.  Мәтіннің  мазмҧнын  мәтін  семантикасы  десе,  оның 
қҧрылымын  мәтін  композициясы  деп  атайды.  Олардың  бӛлшектенуі  –  мәтін 
архитектоникасы деп аталады.  Мәтіннің қҧрылу және даму қызметі болады. Осы 
қызметтеріне  орай  олардың  мәтін  композициясына  қатысын  анықтау  барысында 
мәтін  стилистикасын  анықтау  туындайды.    Олар  –  микромәтін,  макромәтін, 
мәтіннің абсолют басымәтіннің абсолют соңы деген ҧғымдарды қҧрайды.  
      Мәтін  тіл  жҥйесіндегі  ӛзінің  мәні  мен  болмысына  сай  сӛйлемдердің  жай  ғана 
тізбегі 
емес, 
мағыналық-қҧрылымдық 
кҥрделі 
тҧлға. 
Ол 
–логикалық, 
грамматикалық,  мағыналық  байланыстарға  негізделген,  тиянақты  мазмҧнға  ие 
біртҧтас  қарым-қатынас  бірлігі.  Сондықтан  мәтіннің  қҧрылысына,  оның  тҥрлі 
қыртыс –қабаттарына тҥзіліп, мәнді де сипатты ерекшеліктерін ашу,  белгілі кеңістік 
пен  уақыт  шеңберінде  ӛмір  сҥру  заңдылықтарын  айқындау,  сӛйтіп  мәтіннің  ішкі 
бірлігінің    сыр-сипатын  тҥстеп  –тҥгендеу    тіл  білімінің  басты  міндеті.  Бҧл  орайда 
мәтін  теориясын  ашып  талдау  керек.    Мәтін  теориясы  мәтінді  қҧрылымдық  және 
қызметтік жақтарынан алып талдайды.  Қҧрылымдық тҧрғыдан зерттегенде мәтіннің 
байланыстылығы  мен  тҧтастығы  сияқты  негізгі  сапаларына  кӛңіл  бӛлінеді. 
Байланыстылығы  –бҧл  мәтіннің  дҧрыс  қҧрылуы,  дҧрыс  қҧрылмау  деген 

мәселелермен  ҧштасады.  Мҧнда  мәтін  элементтері  неден  тҧрады,  олардың 
арасындағы  байланыстың  сипаты  қандай,  оларды  нелер  қҧрайды  деген  сҧрақтарға 
жауап  алынады.  Мәтін  аударудың  жалпы  да  ортақ  принциптері,  олардың  мәтін 
мазмҧнының  жанрлық  ерекшеліктеріне  байланысты  болатыны  талдаудың  негізгі 
нысаны болады. Мәтіннің тҧтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын 
айқындау тҧрғысында жҥзеге асырылады. Сондықтан тіл тҧлғаларының ашық және 
жабық  келетін  тҧстары  әсіресе  кӛркем  мәтінде  жиі  ҧшырасады.  Ӛзінің  айтайын 
деген  ойын  жеткізу  ҥшін  автор  қандай  да  болсын  тілдік  қҧралдарды  қолдануға 
ерікті.  Мәтіннің  жасырын  мағыналарын  ашуда  тіл  таңбаларының  екі  жақты 
болмысына  назар  аударылады:  тілдік  тҧлғалар  (таңбалар)  сол  мәтіндегі,  не  басқа 
мәтіндердегі  ӛзі  сияқты  тҧлғалармен    мағыналары,  сыртқы  тҧлғалары  бойынша 
ҥндесе отырып, мәтіннің басқа да компоненттерімен байланысқа тҥседі.    
Мәтін  дҥниежҥзі    лингвистерінің  назарына  іліге  бастаған  кезде  қазақ  тіл  білімі 
ғалымдарының  еңбектерінде  де  мәтін  мәселесіне  қатысты  ой-пікірлер  қозғалды. 
Мәселен,  қазақ  тіл  білімінің  ғылыми  негізін  салушылар  –  А.Байтҧрсынҧлы  мен 
Қ.Жҧбанов  еңбектерінен  мәтін  туралы  алғашқы  ойларды  кездестіреміз. 
Ғалымдардың  мәтін  туралы  ой-пікірлері  тілдің  кҥнделікті  қолданысындағы, 
қызметіндегі  ерекшеліктерін  байқаудан  туындаған  болса  керек.  Ӛйткені  ғалымдар 
сол  кезеңдерде  мәтінді,  оның  сипатын,  белгілерін  арнайы  зерттеу  нысаны  ретінде 
қарастыруды мақсат етпеген. Әйтсе де қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші және сол 
тілді иеленуші ретінде мәтін лингвистикасына қатысты қҧнды пікірлерін білдірген. 
Адамзаттың тілі дамып жетілгеннен бері қарым-қатынастың ауызша және жазбаша 
сӛйлеу  арқылы  жҥзеге  асқаны  мәлім.  Сондықтан  ғалымдардың  тілдің  жҧмсалуы 
арқылы  сӛйлеу  нәтижесінде  туындайтын  мәтіндерге  қатысты  ой-пікірлерді  айтуы 
заңды.  
         Мәтін  лингвистикасы  –  тіл  білімінің  бір  саласы.  Мәтін  лингвистикасы  (лат. 
тextum – байланыс, бірігу + фр. linguistigue) мәтіннің ӛзіне тән мәні мен болмысы, 
басқалардан  ерекшелігі  мәтіннің  дҧрыс  қҧрылу  заңдылықтары,  категориялары, 
объективті  болмыстың  мәтінде  бейнелеуі,  мәтіннің  тілдік    тҥзілу  ерекшелігі,  оны 
қабылдаудың  сипаты,  мәтіннің  тҧлға-бірлігі  және  т.б.  мәселелерді  қарастырады. 
Мәтін  лингвистикасы  ХХ  ғ.  60  жылдарында  қалыптаса  бастады.  Тіл  білімінің  бҧл 
саласының  негізі  Г.Лакофф,  Р.Харвег,  В.Скаличка,  Э.Бенвенист,  С.Карцевский, 
З.Шмид,  Т.Николаева  т.б.  еңбектерінде  қаланды.  Ал  мәтін  лингвистикасы  жоқ 
дейтін ғалымдар қатарында А.Маргалит, М.Даскал, Б.Вендель, Т.Булыгина т.б. бар. 
Олар  мәтін  теориясын  қалыптастырудың  қажеттілігі  жоқ,  сӛйлем  грамматикасы 
неғҧрлым толық жасалса, мәтін қҧбылысын да айқындауға болады дейді.  
Мәтін  тҥрліше  атаулармен  зерттеліп  келді.  Мәселен,  Мәтін,  лингвистикасы, 
Мәтін  қҧрылымы,  Мәтін  герменевтикасы,  Мәтін  синтаксисі,  Мәтін  грамматикасы. 
Бҧларды тҧтас кҥйінде алып мәтін теориясы деуге болады.  
Мәтін  лингвистикасының  нысаны  ретінде  аяқталған  біртҧтас  кӛлемді  немесе 
шағын  мәтіндер  және  мәтіннің  тҧлға-бірлігі  ретінде  танылатын  кҥрделі  фразалық 
тҧтасымдар,  яғни  мәтіннің  кішігірім  бӛліктері  алынады.  Тҧтас  макромәтіндерге 
газет, ғылыми журнал мақалалары, монография, оқулық, ресми-іс-қағаздары, роман, 
повесть, поэма т.с.с. жатады. 
Мәтін лингвистикасында дискурс деген тҥсінік те бар. 

«Лингвистикалық тҥсіндірме сӛздікте» (1998ж.) дискурс (фр.discours – сӛйлеу) – 
экстралингвистикалық, яғни парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық 
факторларымен байланыста болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны баяндайтын мәтін; 
«Социолингвистикалық терминдер сӛздігінде» (2002 ж.) дискурс (фр. сӛйлеу) -1. 
Қатысымның табысты жҥзеге асуын қамтамасыз ететін тілден тысқары (әлеуметтік, 
мәдени,  психологиялық)  фактілерді  ескере  отырып,  жан-жақты,  толықтай 
қарастырылатын сӛйлеу, нақты мәтін. 2. Мәтіннің ырғақпен, интонациямен және т.б. 
белгілерге сәйкес ҧйымдасуы деп анықталған. 
   Тҥркологиядағы  тілші-ғалымдардың  мәтінге  берген  анықтамаларына  тоқталып 
ӛтсек,  мәселен,  қырғыз  мәтінінің  қатысымдық  қҧрылымын  зерттеген  С.Ж.Мҧсаев 
мәтінді  «қимыл-әрекеттегі  тіл»  деген  тҧжырымды  ҧстана  отырып  анықтайды. 
Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынасты жҥзеге асыратын тҧлғаларды сӛз ете келіп, мәтінді 
«...  ойлау,  хабарлау,  баяндау,  қабылдау,  пайымдау  қҧбылыстарымен  байланысты, 
адамдар  арасындағы  тілдік  қатынастың  іске  асуына  негіз  болатын  қатысымдық 
жҥйелі тҧлға» ретінде анықтап, мәтінді тілді қатынастың мазмҧндық тҧтастығымен 
ерекшеленетін 
бҥтін 
жҥйесі 
деп 
таниды 
[1,25-26]. 
Сӛйлеу 
тілін 
прагмалингвистикалық  тҧрғыда  қарастырған  З.Ерназарова:  «Мәтін  деп  сӛйлеуші 
мақсатына  сай  аяқталған  ойды  білдіретін  бір  немесе  бірнеше  сӛйлемдер  тізбегін 
айтады.  Тілдің  иерархиялық  қҧрылымында  мәтін  семантика-синтаксистік  қҧрылым 
ретінде  жоғары  деңгей  болып  есептеледі.  Ал  сӛйлеу  бірлігі  ретінде  мәтін 
сӛйлесіммен  салыстырғанда  бҥтіндік  сипатқа  ие.  Ол  ортақ  мақсаттағы  бірнеше 
сӛйлесім  тізбегі  болуы  мҥмкін»,  -  деп  ой  тҥйеді  [2,158].  А.Жҧбанов  ӛз  еңбегінде 
мәтінді  тілдің  негізгі  бірліктерін  –  морфеманы,  сӛзді,  сӛз  тіркесін,  сӛйлемді 
қамтитын кҥрделі бірлік деп таниды [3,5]. 
Ал  жоғарыдағы  еңбектерден  бірнеше  жыл  бҧрын  М.Балақаев,  Е.Жанпейісов, 
М.Манасбаев,  М.Томановтардың  авторлығымен  жарық  кӛрген  «Қазақ  тілінің 
стилистикасы»  (1974  жылы)  оқулығында  сӛздің  (речь)  ауызша  және  жазбаша  деп 
екіге  бӛлінетіндігі,  олардың  ерекшелігі  сӛз  етіліп,  жазбаша  сӛздегі  ойдың  қағазға 
жазылып  жеткізілетіндігі  туралы  мынадай  пікір  айтылады:  «Сонымен  жазу  –  ол 
белгілі бір текст. Бҧл кҥрделі текстер (газет, журнал, кітаптардағы  материалдар) әр 
жай,  кҥйді  білдіріп  хабарлайды.  ...Тілдік  белгілерді  сҧрыптап  қолдану 
заңдылықтары  әдетте  айтылатын  ойдың  мазмҧнына    байланысты.  Ойлау 
жҧмысының  нәтижелерін  тіл  сӛз  (речь)  арқылы  бейнелейді.  Ал  сӛз  арқылы 
жеткізілетін  ой  мен  оның    мазмҧнының  арасында  тығыз  байланыстылық 
болады».[4,38] Бҧл ойда мәтін – тіл жҥйесін пайдалану арқылы қағаз бетіне тҥскен 
сӛздің бір тҥрі, яғни ол сӛйлеудің хатқа тҥскен бейнесі тҥрінде танылып отырғаны 
байқалады. 
 
Мәтін тҧлғасы және «мәтіндеме» ҧғымдары мәтін, текст (латынша –
байланысу, бірігу) – тілдік таңбалардың мағыналық және тҧлғалық 
байланыстылығы негізінде тҥзілген  ізбе-ізділігі. Мәтін – сӛйлеу процесінің жемісі.  
Ол тілді жҥйелі қолданудың барысында ғана пайда болады.  Сӛйлеу процесі сырт 
қарағанда меңгерілмеген қҧбылыс сияқты болып кӛрінгенімен, шындығында, тіл 
жҥйесі оған әсерін тигізіп отырады. Мәтін – жазудың шығуымен байланысты 
қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік қҧрылым. Мәтіннің 
маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің тақырыбы болады.  

 Мәтін  бірліктері  –  бір  тҧтасты  сипаттап,  барлық  белгілерге  ие  болатын 
біртҧтастық  бірлік.  Мәтіннің  маңызды  белгілері  ретінде  тақырыптық,  мағыналық, 
стилистикалық  бірлікті  айтуға  болады,  сонымен  қатар  коммуникативтік  бағыт, 
байланыстырушы,  тҧтас  және  басқа  да  бірліктерді  жатқызамыз.  Осы  белгілердің 
бәріне,  бірақ  әр  тҥрлі  дәрежесінде,  сӛйлем,  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастық,  абзац 
және  мәтін  компоненттері  ие  болады.  Мәтіннің    ӛзіндік  ҧйымдасу  ҥлгісі,  олардың 
ӛздеріне тән белгілері, байланыс қҧралдары болады.  
 Мәтін  дегеніміз  –шынайы  коммуникация  жағдайында    ҧйымдасқан,  экстра 
және  интралингвистикалық  ӛлшемдерге  ие  болатын  динамикалық  бірлік.    Сыртқы 
қарым-қатынастық  фактор  мәтіннің  сӛйлесімдік  ҧйысымын  анықтайды.  Мәтін 
белгілі  бір  мақсатты  тҥрдегі  қарым-қатынас  жағдайында  қалыптасады. 
Коммуникативті жағдай нақты сӛйлесім ситуациясы типтендіруге бағытталып, мәтін 
типологиялық белгілерге ие болады. Осы белгілердің қалыптасуына, мәтін теориясы 
ғылыми  пән  ретінде  басқа  пәндермен  (әлеуметтік-лингвистика,  психолингвистика, 
информатика,  функционалды  стилистика,  аударма  теориясы)  байланыса  отырып, 
сӛйлеу  процесі  мен  сӛйлесім  шығармаларының  тҧжырымдамасын  тҥзеді. 
Филологиялық  пәндердің  ішінде  мәтін  теориясы  басты  орындардың  біріне  ие 
болады.  Мәтін  –  ауызша  ақпараттық  бірлік,  сондай-ақ,  ол  прагматикалық  және 
функционалдық  зерттеулер  нысаны  болып  табылады.Мәтінді  аяқталған  ақпарат 
тҧрғысынан  қарастырған  жӛн,  себебі  мәтіннің  ең  алдымен  ақпараттық  бірлік  екені 
белгілі.  Психологиялық  қырынан  мәтінді  автордың  белгілі  бір  мақсаттағы 
шығармашылық актісі деп қарау керек: мәтінді субъектінің ойлау-сӛйлеу әрекетінің 
жемісі.  Прагматикалық  тҧрғыдан  да  мәтінді  қарастырудың  маңызы  зор:  мәтін  – 
қабылдау материалы, яғни интерпретациясы.  
 Мәтіннің  мақсатты  тҥрдегі  прагматикалық  қырының  сапасына  баспагерлер, 
әсіресе,  редакторлар  кӛңіл  бӛледі.  Сондықтан  да  мәтіннің  жан-жақты  сипатталуы,  
оның  ақпарттық  қҧндылығын  кӛтеру,  қолданылатын  амал-тәсілдің  қажеттілігі  мен 
мәтіннің кӛркемдік жағын кӛтеруге басты назар аударылады.  
 Мәтін  лингвистикасы  –  тіл  мен  сӛйлеудің  тҥбегейлі  ерекшеліктерін  ажырату 
мақсатынан туындаған тіл білімінің ең жас саласы болып табылады. Бҧл мақсат тіл 
білімінде  Гумбольдт  кезеңінде  белгілі,  ол  Потебня  еңбектерінде  де  кӛрініс  тапқан 
және тіл мен сӛйлемді: «...ӛзінің тҧтасымында кӛп қырлы және қарама-қарсы тілдік 
қҧбылыстарды  қолданудың  бір-біріне  қайшы  екі  нысаны»  ретінде  қарастыратын 
Ф.де Соссюрдің еңбектерінде  айрықша кӛңіл бӛлінген. Тіл мен сӛйлеу арасындағы 
байланыс  сӛйлеудің  коммуникация  қҧралы  ретінде  қолданылуына  қатысты 
туындайды.  Тіл  сӛйлеушінің  сапасында  ҥнемі  қатысып  отыратын  жҥйелер 
жиынтығы, ал сӛйлеу – тілдің мәліметтерін қажет жағдайда жҥзеге асырады.  
 Ғылыми 
стильдегі 
ойлау, 
кӛркем 
әдебиет 
стиліндегі 
бейнелеу, 
публицистикалық  стильдегі  ықпал  ету  қызметін  стиль  жасаушы  фактор  ретінде 
алып қарастырғанда оның негізі прагматикалық фактор арқылы етеді.  
 Прагматикалық  фактор  –  адресант  және  адресат.  «Тіл  мен  адам  арасындағы 
қарым-қатынасты зерттейтін прагматика» прагматикалық факторға тікелей тәуелді. 
Прагматикалық  факторларға  жататындар:  адресант  (субъекті,  айтушы)  және 
адресат (сӛзді қабылдаушы, тыңдаушы). 

Прагматикалық  факторға  жататын  айтушы  мен  қабылдаушы  барлық 
коммуникативтік процесті қҧраушы, ҧйымдастырушы және жҥзеге асырушы ретінде 
танылады.  Сӛздің  субъектісі  дискурс  пен  мәтінді  тҥзуші  прагматикалық  фактор  – 
бірден-бір ӛзінің ҧлттық тіл мәдениетін таратушы.  
Прагматикалық  фактордың ӛкілдері жеке тҧлға ретінде қазіргі мәдениеттің барлық 
жиынтығын таратушы: тіл мәдениеті, ойлау мәдениеті, қарымқатынас мәдениеті т.б. 
Адам – жан мен рух моделі, сондықтан физиологиялық, биологиялық қҧбылыс және 
рухани,  эстетикалық  бағдарын  жиынтығы  ретінде  танылады.  Адамның  осы 
қасиеттеріне  байланысты  прагматикалық  фактордың  маңызын  жан-жақты 
айқындауда. 
Функционалдық 
стильді 
тҥзуші, 
қалыптастырушы 
экстралингвистикалық  факторлар    туралы  орыс  және  әлемдік  тіл  білімінде  талай 
уақыттан бері айтылып келеді.  
 
Прагмалингвистика адамның статусы 3 бағытта қарастырылуы керектігін 
айқындайды: 
-   конверциялық (сӛйлеу актісі); 
-  функционалды (риторика - стилистикалық); 
-  психолингвистикалық 
Психологияда  «жеке  субъектінің»,  «адресант»  немесе  дара  стильдің  қызметі  нерв 
жҥйесінің  типологиялық  қасиетіне  байланысты  деп  қарастырады.  Қазақ  тіл 
ғылымында  экстралингвистикалық  факторлар  туралы  Р.Сыздық,  М.Серғалиев 
еңбектерінде  қарастырылып  жҥр.  Бірақ  экстралингвистикалық  факторлардың  тағы 
басқа  типтері  туралы  әлі  толық  зерттеліне  қойған  жоқ.  Тілден  тысқары  тҧратын 
экстралингвистикалық  факторлардың  табиғатына  ҥңілген  сайын  прагматикалық 
фактордың ерекшелігі айқындала тҥседі. 
         Мәтін  -  ӛте  кҥрделі  тілдік  қҧрылым.  Осы  қҧрылымды  айқындайтын  басты 
белгілері  –  жҥйелілік  және  тҧтастық.  Мәтіннің  тҧтастық  категориясы  сол    мәтінді 
ҧғынып,  мәнін  тҥсінгенде  ғана  пайда  болатын    оның  логикалық  жағымен  тығыз 
байланысты  болса,  ал  оның  жҥйелілігі    кҥрделі  бірліктерді  қҧрайтын  тілдік 
қҧралдардың  белгілі  әдіс-тәсілдермен  ҧйымдасуынан  кӛрінеді.  Қазіргі  таңда 
лингвистикада мәтін әр тҧрғыда зерттелініп, дамып келе жатыр. 
Мәтін  лингвистикасының  мақсаты  -  ӛзара  байланысты  сӛйлеудің  тҧтасымға 
ҧйымдасу 
ерекшелігін 
және 
басты 
категорияларын 
сипаттау. 
Мәтін 
лингвистикасының  мақсатына  сәйкес  оны  зерттеудің  тӛмендегідей  міндеттері 
айқындалды: 

 
басты белгілері байласым және тҧтасым болып саналатын мәтінді кҥрделі тҧтасқан 
жҥйе ретінде қарастырдық

 
мәтінді қҧраушы тҧлға-бірліктерді айқындадық; 

 
мәтіннің негізгі категорияларын сипаттадық; 

 
әр тҥрлі тілдік бірліктердің мәтіндегі қолданымдық сипатын, қызметін анықтадық; 

 
мәтін  бӛліктері  арасындағы  байласымды  жҥзеге  асыратын  тілдік  бірліктерді 
анықтап, логика-семантикалық қатынастарды сараладық; 

 
мәтін тҥрлерін және олардың ерекшеліктерін анықтадық. 

      Мәтіндегі  іс  -әрекеттің  барысы,  автордың  бейнелі  ойлауы  оқырманның  да 
образды  ойлауын  тудыра  алады.  Кӛркем  шығармалар  поэтикалық  шындықтың 
бейнесі, тілдің эстетикалық бейнесі арқылы кӛріне алады.  
        Шешендік  ӛнер  сӛйлеудің  теориясы  мен  ӛнері  ретінде  танылады,    дҧрыс 
сӛйлеудің  объективті  заңдарын  оқытуға  ҥйретеді.  Сӛйлеу  -    әлеуметтік  және 
шаруашылық  процесті  ҧйымдастыру  мен  басқарудың  қҧралы  бола  отырып, 
қоғамдық ӛмірдің сӛз нормасы және стилистикалық мҥмкіндіктерді қалыптастыруға 
тікелей ықпал етеді. 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.
 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі (Оқу қҧралы). – Алматы: 
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының республикалық баспа 
кабинеті, 2000. 25-26 б. 
2.
 
 Ерназарова З. Сӛйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. – 
Алматы, 2001. – 158 б. 
3.
 
Жҧбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер, - Алматы: Ғылым, 1999. – 5 б. 
4.
 
М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Манасбаев, М.Томанов. Қазақ тілінің 
стилистикасы,-Алматы: Ғылым, 1974. -38 б. 
 
ӘОЖ  82:81'38=512.122 
 
ШЕРХАН МҦРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ БАЯНДАУЫШТЫҢ 
ЖАСАЛУЫ МЕН ОНЫҢ ТҤРЛЕРІ 
 
Магистрант: Жолдасова Б. 
Ғылыми жетекші:  Ф.ғ.к., доцент Ы.Балхыбекова 
АӘИУ, Шымкент қаласы. ҚР 
 
Қазақстанның  халық  жазушысы,  кӛрнекті  қоғам  қайраткері,  ҧлттық 
әдебиетіміздің жанашыры Шерхан   Мҧртаза  1932  жылы 28 қыркҥйекте  бҧрынғы  
Әулиеата    уезі,  қазіргі  Жамбыл    облысы,  Жуалы  ауданы,  Мыңбҧлақ  топрағында 
дҥниеге келген. Әкесі Мҧртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның  қҧрбаны болып 
кетті.  Шерхан  1941жылы  Талапты  мектебінде  бірінші    сыныптың    табалдырығын 
аттаған  кезден  бастап-ақ    оқумен  бірге  еңбекке  де  араласты  .Балалық  шағы 
соғыстың  қиямет,  қиын-қыстау  кезеңіне  тҧспа-тҧс    келді.  1950  жылы  Жамбыл 
қаласында  интернат  ҥйінде  жҥріп,  Жамбыл  атындағы  қазақ  орта  мектебін  бітірген 
соң  әуелі  Мәскеу  полиграфия  институтыңда,  ҥшінші  курстан  бастап  Мәскеудің 
мемлекеттік  Ломоносов  атындағы  университетінде    оқып,  журналистика 
факультетін  1955  жылы  бітіріп  шығады.  Сол  жылдардың  ӛзінде-ақ  ол  башқҧрт 
жазушысы  Мҧстай  Кәрімнің  бір  повесін,  Л.Лагиннің  «Хоттабыч  қарт»романын 
қазақшаға аударады.  
Шерхан Мҧртазаның ел, қоғам , мемлекет, әдебиет  ҥшін  істеген еңбектері  ӛте 
кӛп. Шерхан әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шынғыс Айтматовтың  негізгі  
шығармаларын  қазақ  тіліне  аударады.  Иә  Шынғыстың  сан-қилы    пәлсапалық  
тҧжырымдарға  толы шығырмаларын аудару  кез келген қалам ҧстаған  адамға оңай 

шағыла  салатын  жанғақ  емес.  Осының  ӛзінен  жазушының  кӛп  ізденгендігі,  әрі 
жазушының ойын терең тҥсіне білгені анық кӛрініс береді. 
Ш.Мҧртазаның «Қара маржан»және «Интернат наны» кітаптарын оқи отырып, 
ішінен баяндауышты тауып, оның тҥрлері мен жасалу жолдарына талдау жасадым. 
Шерхан Мҧртазаның  «Қара маржан» кітабы бойынша   
1.
 
Мәрзия қарамастан жҥре берді(не істеді?). Мҧнда екі етістік бар, біріншісі 
– жҥре негізгі кӛсемше етістік, екіншісі -  берді кӛмекші етістік.
 
Берді деген кӛмекші етістік бҧл ӛзінің бастапқы мағынасынан айырылып, жҥре 
деген негізгі етістікте шақтық, жақтық грамматикалық категория жағынан тиянақтап 
тҧр. Кҥрделі баяндауыш (9 бет) 
2.
 
Артынша қыңқыл шығарды(не істеді?)(10 бет). Мҧнда бір етістік бар, ол – 
шығарды.  Есімшеден  жасалып  тҧрған  дара  баяндауыш.  3  жақта,  ӛткен  шақта 
айтылып тҧр. 
3.
 
Достың кҥлкісі, дҧшпанның табасы жаман(қандай?). (9бет) 
Сӛйлемнің  соңында  келіп,  негізгі  тҧлғада  тҧрып,  сын  есім  дара  баяндауыш 
болып тҧр.  
4.
 
Қаражан астын – ҥстін сыпырп сӛйлеп келеді. Мҧнда екі етістік бар.  
Сӛйлеп негізгі кӛсемше етістік, келеді кӛмекші етістік, 3 жақта, ауыспалы осы 
шақта айтылып тҧрған кҥрделі баяндауыш.Не істеп? деген сҧраққа жауап береді 
5.
 
Әне – міне дегенше   кӛшеге де жетіп қалған екен. 
Мҧнда  жетіп  негізгі  кӛсемше  етістік,  қалғанкӛмекші  есімше  етістік,  екен 
кӛмекші етістік. Кҥрделі  баяндауыш.Не істеп? деген сҧраққа жауап береді 
6.
 
Терек басы қҧжынаған қҧстар (нелер?) (10бет). Зат есімге кӛптік жалғауы  
жалғанып, сӛйлемнің соңында келіп негізгі дара баяндауыш. 
7.
 
Ақанның  бәйбішесі  Шәмшия  мәржиіңкіреген  сары  кемпір  еді.Кҥрделі 
баяндауыш. Кемпір зат есім, еді  кӛмекші етістік. Сӛйлемнің соңында келіп зат есім 
баяндауыш болып тҧр. Кім еді? деген сҧраққа жауап береді (10бет). 
8.
 
 –  Осы  бәленің  бәрі  сенен  (кімнен?).  (11бет)      Дара  баяндауыш.  Сенен  – 
жіктеу  есімдігіне  шығыс  септігінің  жалғауы  жалғанып,    сӛйлемнің  соңында 
баяндауыш болып тҧр.  
9.
 
Бҧл  ҥй  кӛше  бойынан  оқшау  (қайда?),  таудың  қуысында(қайда?) 
шатқалдың  дәл  тӛрінде  (қандай?)  Дара  баяндауыш  Қуысында,  тӛрінде,  жатыс 
септігінде қайда? Деген сҧраққа жауап беріп, сӛйлемнің соңында баяндауыш болып 
тҧр. 
10.
 
Енді  міне,  ӛз  кӛңілі  пәс  (қандай?),  ата  –  ананың  жҥзі  тӛмен  (қандай?) 
(14бет)  Дара  баяндауыш.  Пәс  сын  есім  қандай?  деген  сҧраққа  жауап  беріп, 
сӛйлемнің соңында баяндауыш. Тӛмен негізгі ҥстеу, сӛйлемде ата – ананың жҥзінің 
тӛмендігін,  солғындығын  білдіріп  тҧр.Қандай?  Деген  сҧраққа  жауап  беріп 
баяндауыш болып тҧр. 
11.
 
Ол жаңа ӛзі аттанған ҥйдің оты (несі?) Дара баяндауыш (16бет) 
Каталог: files -> gylym
files -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
files -> №4(76)/2014 Серия экономика
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
gylym -> Ғылымға арналған «Дөңгелек үстел»
gylym -> Министрлiгi министерство образования и науки республики
gylym -> Министрлiгi министерство образования и науки республики

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет