Хабар жетті. Жоғары оқу орнының 10 оқытушысы республикалық «жоо үздік оқытушысы 2013» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл байқауға еліміздің 92 жоғары оқу орнынан 555 үміткер қатысты



жүктеу 488.09 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата08.06.2017
өлшемі488.09 Kb.
#11041
  1   2   3   4   5

№ 3 (160),  

ақпан 2014 жыл

www.enu.kz

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ



ЕҰУ-і «QS Top 50 Under 50» рейтингісі 

бойынша үздік елулікке енді

МӘРТЕБЕ

Білім беруді бағалау 

саласындағы көшбасшы 

Quacquarelli Symonds (QS) 

халықаралық компаниясы 

рейтингтің жаңа нәтижесін 

жариялады – QS Top 50 Under 

50. Аталмыш рейтингіге жарты 

ғасырдан астам уақыт өтпей 

ашылған әлемнің ең үздік 50 

ЖОО кірген. Еуразия ұлттық 

университеті 32-орынға табан 

тіреді. 

Рейтингтің қалыптасу әдіснамасы 

QS World University Rankings 

рейтингісін саралау әдістемесіне 

ұқсайды. Және ЖОО-лардың 

ғылыми-зерттеу қызметінің белсен-

ділігі мен сапасы, оқыту және 

интернационалдандыру, мансап 

әлеуеті, жұмыс берушілердің пікірі 

және басқа да белгілер арқылы ЖОО-

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне тағы бір қуанышты 

хабар жетті. Жоғары оқу орнының 10 оқытушысы республикалық «ЖОО 

үздік оқытушысы – 2013» байқауының жеңімпазы атанды. Бұл байқауға 

еліміздің 92 жоғары оқу орнынан 555 үміткер қатысты. Бағы мен бабы қатар 

шапқан Еуразия ұлттық университетінің ҮЗДІК оқытушыларының қатарында 

мыналар бар: 



Мұратбек Арпабеков – техника ғылымдарының докторы, 

профессор (Көлік және энергетика факультеті); 



Самал   Болатова – филология ғылымдарының докторы, 

Шығыстану кафедрасының профессоры (Халықаралық қатынастар 

факультеті); 



Сәуле Досмағамбетова – химия ғылымдарының докторы, 

профессор (Жаратылыстану ғылымдары  факультеті); 



Амангелді Доғалов – экономика ғылымдарының докторы 

(Экономика факультеті); 



Сәуле Егембердиева – экономика ғылымдарының докторы, 

профессор (Экономика факультеті); 



Асқар Жүсіпбеков – техника  ғылымдарының  докторы, 

профессор (Сәулет және құрылыс факультеті); 



Роза Нұртазина – саясаттану   ғылымдарының  докторы, 

профессор (Журналистика және саясаттану факультеті); 



Шолпан Орманова – заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Заң 

факультеті); 



Перизат Сейтқазы – педагогика ғылымдарының докторы, 

профессор (Әлеуметтік ғылымдар факультеті), 



Сәуле Алиева – тарих ғылымдарының докторы, доцент 

(Халықаралық қатынастар факультеті);

«ЖОО үздік оқытушысы – 2013» байқауының жеңімпаздары ендігі 

жерде мемлекеттік грант есебінен әлемнің үздік университеттерінде 

тағылымдамадан өтіп, өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыра алады. 

Естеріңізде болса, өткен жылы Еуразия ұлттық университетінің 11 үздік 

оқытушысы марапатталып, олардың әрқайсысы үш миллион теңге мөлшерінде 

грантқа қол жеткізген болатын. 

Олар «ЖОО үздік оқытушысы – 2013» 

байқауының  жеңімпазы атанды

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тарих 

ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Мемлекеттік 

сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғараұлы Қазақстан халықтары 

арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ісіне қосқан үлесі 

үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен былтыр 

Тәуелсіздік күніне орай «Парасат» орденімен марапатталды. 

Қойшығара Салғараұлы «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың 

қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», 

«Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдарының 

авторы.  «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты атанды (1996).  Екі рет медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

Қойшығара Салғараұлы 

«Парасат» орденімен 

марапатталды

ларды салыстыруға мүмкіндік бермек. 

QS Top 50 Under 50 рейтингісінің 

жалпы тізіміне Гонконг, Сингапур, 

Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, 

Испания, Нидерланды, Финляндия, 

Австралия, Швеция, Бельгия, Тайван, 

Ұлыбритания, Канада, Жапония, 

Бразилия, Германия, Норвегия, 

Дания, Аргентина, Италия, Израиль, 

Португалия, Франция және Сауд 

Арабиясы сынды елдердің ЖОО-

лары кірген. 

Еуразия ұлттық университеті 

аталмыш рейтингіге енген ТМД-ның 

жалғыз жоғары оқу орны. Мұндай 

жоғары деңгейдегі халықаралық 

мойындау университеттегі білім беру 

сапасының артқандығын, сондай-ақ 

оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі 

жоғары стандарттарға сай екендігін 

дәлелдемек. 

Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ бизнес пен құқық, техника 

мен технологиялар, құрылыс, 

жаратылыстану мен гуманитарлық 

ғылымдар, республика дамуының 

басым бағыттары бойынша ғылыми-

зерттеулер жүргізуге маман-

дандырылған білік 

тілігі жоғары 

кадрлар даярлайтын Қазақстанның 

алдыңғы қатарлы университеттерінің 

бірі болып табылады. Университет 

қызметінің нәтижесі ретінде ҚР 

БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы 

тарапынан өткен Қазақстан ЖОО-

ларының  білім  беру  бағдарламалары    

рейтингісіндегі   бірінші орынға ие 

болғандығын айтуға болады. ЕҰУ 

еліміздің ең  үздік көпбейінді ЖОО 

атанды. Қазіргі таңда ЕҰУ Білім беру 

сапасын қамтамасыз ету жөніндегі 

қазақстандық тәуелсіз агенттігiнің 

жүргізген рейтингісі бойынша 

Қазақстанның ЖОО-лары арасында 

ең жоғары орынға шықты. 2013/2014 

жылғы QS World University Rankings 

университеттердің әлемдік рейтингісі 

бойынша Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті алдыңғы 

жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 

66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен 

танылған университеттер тізімі ішінен 

303-сатыдан көрінді. 


2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3 (160), 

ақпан, 2014 жыл

АҚПАРАТ АЙДЫНЫ

«ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ  УНИВЕРСИТЕТ 

ЯВЛЯЕТСЯ ОДНИМ ИЗ СИЛЬНЕЙШИХ ЦЕНТРОВ 

ПОДГОТОВКИ РЕЛИГИОНОВЕДОВ» 

– такую оценку деятель-

ности вуза дала замести-

тель  акима города Астана 

Аида Балаева сегодня 30 

января 2014 года на встре-

че  по случаю  подписания 

меморандума о сотрудни-

честве  в сфере укрепления 

межконфессионального 

согласия и информацион-

но-просветительской ра-

боты между Евразийским 

национальным универси-

тетои им. Л.Н.Гумилева и  

акиматом города Астаны.

Событие состоялось в рам-

ках круглого стола  на тему: 

«Религиозная ситуация в Ка-

захстане: роль информацион-

но-просветительской работы в 

деле повышения знания молоде-

жи в сфере религий».  

Как отметили стороны, 

 

исторический документ за-



ключен с целью достижения 

значимых  результатов, путем 

совместного сотрудничества  в 

пропаганде толерантности и 

межконфессионального согла-

сия, предупреждения религи-

озной нетерпимости и экстре-

мизма среди жителей столицы, 

а также методической и  науч-

но-практической поддержки 

информационно-просветитель-

ской работы. 

По мнению заместителя 

акима,  основной причиной всех 

проблем,  возникающих на сты-

ке религиозных разрознений, 

является религиозная неграмот-

ность населения.  

– Около 90 процентов сре-

ди числа принявших ислам - мо-

лодежь. В основном это моло-

дые люди, не поступившие вузы 

или  не устроившиеся на работу, 

– утверждает Аида Балаева.  

Ректор ЕНУ им. Л.Н.Гуми-

лева Ерлан Сыдыков предложил 

решать эту проблему не только 

на правительственном уровне, 

но и пойти в массы, встретиться 

с молодежными и обществен-

ными организациями, привлечь 

известных ученых, профессио-

налов в этой сфере. 

Поддерживая инициативу 

руководителя вуза, ученые – за-

ведующий кафедрой религио-

новедения Аширбек Муминов,  

профессор Юлия Шаповал вы-

разили готовность внести свою 

лепту в общее дело. 

В рамках круглого стола так-

же выступил с речью директор 

Департамента агентства по де-

лам религий города Астана Жо-

рабек Дауренов.

Призывая  внести  вклад в 

дело улучшения религиозной 

ситуации в стране, он подчер-

кнул важность роли каждого 

казахстанца и каждой органи-

зации. 

«Данный Меморандум 



– один из качественных и эф-

фективных механизмов, кото-

рый даст возможность реально 

противостоять многоликим 

опасностям в духовной сфере», 

– отметил Жорабек Дауренов. 



Пресс-служба 

Данный Меморандум, один из качественных и эффективных механизмов который, даст 

возможность реально противостоять многоликим опасностям в духовной сфере.

"Қазақстанның атақты 

ғалымы Мұхтарбай Өтелбаев 

ұсынған Навье-Стокс 

теңдеуінің шешімін еріктілер 

ағылшын тіліне аударуда" 

 

деп хабарлады New Scien-



tist. Ағылшын тіліне аудару 

халықаралық математикалық 

қоғамдастық өкілдерінің 

теңдеудің шешуін бағалауы 

үшін қажет.

"Жылдар бойы Навье-

Стокс теңдеуін шешудің 

бірнеше нұсқалары ұсынылды, 

алайда олардың бірде-бірі 

дұрыс болмады", – деді 

ғалымдарға проблеманың 

ресми тұжырымын жазған 

Принстон университетінен 

Чарльз Фефферман.

"Мен орыс тілін білмеймін. 

Қазақстандық ғалымдар 

ұсынған теңдеу шешімі 

аударылмағанша, мен ештеңе 

айта алмаймын", – деді ол.

Қазіргі сәтте Массачусетс 

технологиялық институтының 

ғалымы Миша Вулфсонның 

жетекшілігімен еріктілер тобы 

Өтелбаев ұсынған Навье-

Стокс теңдеуін ағылшын тіліне 

аударуда.

Миша Вулфсон орыс 

тілін меңгерген, бірақ ол дәл 

қазіргі сәтте қазақстандық 

ғалым ұсынған Навье-Стокс 

теңдеуінің шешілу барысын 

ғылыми тұрғыдан бағалай 

алмайды. «Мен орыс тілін 

және математиканы жақсы 

білгеніммен, аталмыш 

теңдеудің ұсынылып отырған 

шешіміне қатысты әзірге 

ештеңе айта алмаймын», – 

дейді Вулфсон. 

Миссурий университетінің 

ғалымы Стивен Монтгомери-

Смит те Мұхтарбай 

Өтелбаевтың жұмысымен 

танысып, оны аудару ісіне 

өзінің ресейлік әріптестерін 

тартты. «Оқып үлгергендерімді 

қарасам дұрыс тәрізді. Алайда, 

мен теңдеу шешімінің дәлелін 

көре алғаныма сенімді 

емеспін», – дейді ол.

Еске сала кетейік, Ұлттық 

ғылым академиясының ака-

демигі Мұхтарбай Өтелбаев 

«мыңжылдық проб-

лемаларының» қатарына 

жататын Навье-Стокс тең деуін 

шешкен болатын. Еуразия 

ұлттық университетінің 

профессоры оны баспаға 

шығарып, жұрт назарына 

ұсынған. Бұл есептің шешімін 

тапқанға Клэй институты 

бір миллион доллар сыйақы 

жариялаған болатын.

«Елбасының биылғы 

Жолдауы өз ерекшелігімен 

елдің көкейінде қал-

ды. Ұлттың рухани 

жаңғыруы мен елдің 

экономикалық дамуына 



«Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеология дәрежесіне жетеді, – 

дейді түрколог ғалым Қ. Сартқожа

даңғыл жол көрсеткен 

маңызды дүние болды. 

Қазақстан мемлекетінің, 

ұрпақтарымыздың ке-

лешегіне серпін беретін 

үлкен мәселелер көтерілді.

Ең бастысы, ұлттық 

идеяның тұғыры айқын-

далды. Мен тарихшы ғалым 

ретінде «Мәңгілік Ел» 

идеясына қатысты пікір 

білдірсем, Жолдауда бұл 

ұғым жан-жақты айтылды. 

Аталған идея сонау 

Көктүріктер дәуірінен 

көтеріліп келген. Ол ішкі 

саяси, экономикалық, 

халықаралық қорғаныс, 

ұлтты сақтайтын қорғаныс 

идеясынан туындаған. 

Енді осы идеяны әрі 

қарай жалғап, қазіргі ХХІ 

ғасырдағы жаһандану 

дәуірінде елдің негізгі 

идеологиясы дәрежесінде 

көтергеніне мен аса 

қуаныштымын. Сондай-

ақ, дәстүріміз бен дүние-

танымымыздың бәрі осы 

«Мәңгілік Ел» идеясында 

көрініс тапқан. Бұл біздің 

бүгініміз бен келешегімізде 

ерекше орын алатын кесек 

ұғым болып отыр.

Аталған идеяны ға-

лымдар ауқымды түрде 

қарастырып, зерттеп, 

иде ология 

деңгейіне 

апарады деп ойлаймын. 

Бұл біздің елдігіміздің, 

мемлекеттілігіміздің бүгін 

ғана емес, сонау ерте 

дәуірден келе жатқанын 

терең ұғындыратын дүние. 

Сондықтан бұл жолғы 

Жолдау ерекше және осы 

үшін Елбасына үлкен алғыс 

айтамыз. Идеология деген 

жай бір жалаң сөз емес, бұл 

– мемлекеттің, ұлттың үлкен 

бағдарламасы. Осы жолда 

бүкіл мемлекеттік ұйымдар, 

ғалым-профессорлар, зия-

лы қауым, қоғам болып 

барлығы табанды жұмыс 

жасайды деп сенемін», –

дейді ғалым.



М. Өтелбаев 

ұсынған Навье-

Стокс теңдеуінің 

шешімін еріктілер 

ағылшын тіліне 

аударуда

"Елбасы биылғы Жолдауында Көктүріктер 

дәуірінен көтеріліп келген «Мәңгілік Ел» 

идеясын ары  қарай  жалғап, қазіргі ХХІ ғасырдағы 

жаһандану дәуірінде елдің негізгі идеологиясы 

дәрежесінде көтерді," – дейді түрколог ғалым, 

филология ғылымдарының докторы Қаржаубай 

Сартқожа.

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3 (160), 

ақпан, 2014 жыл

Үстіміздегі жылдың 

қаңтар   айында Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов 

бастаған құрамында сала 

жетекшілері мен әскери 

кафедра тыңдаушылары 

бар арнайы делегация 

Үндістан елінде болып 

қайтты. 

Естеріңізде болса, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің 

базасында ақпараттық-

коммуникациялық техно-

логиялар саласындағы озық 

тәжірибе бойынша қазақ-үнді 

орталығы ашылған болатын. 

Тіпті осы Орталыққа Үндістан 

Үкіметі 1.562 млн. доллар 

көлемінде қаражат бөлетіндігіне 



Қазақ-Үнді ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар орталығы құрылады

дейін кезінде электронды 

бұқаралық құралдары мен 

мерзімді баспасөз беттерінде 

жарыса жарияланды.

Сапардың басты мақсаты 

– Елбасының үдемелі 

индустриалды-инновациялық 

дамыту жөніндегі 2010-2014 

жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламаны іске асыру 

жөніндегі тапсырмасын 

тиянақтау және университет 

базасында құрылған қазақ-

үнді орталығының жұмысын 

жандандыру.

Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

делегациясы іссапар барысында 

Үндістан президенті Пранаб 

Мукерджии, Премьер-Министр 

Манмохан Сингх, Қорғаныс 

министрі Аракапарамбил 

Куриан Энтонимен кездесіп, 

өзара ынтымақтастық жөнінде 

ой бөлісті. Әңгіме барысында 

тараптар IT технологиялары 

мен аралық зерттеу шеңберінде 

тығыз байланыс орнатуға 

уағдаласты.

Еуразия ұлттық универ-

ситетінің ректоры Ерлан 

Сыдықов пен СDАС 

есептеу және компьютерлік 

техниканы озық үлгіде дамыту 

орталығының Бас директоры 

Раджат Мун арасында екіжақты 

келісім бар. Осыған орай 

таяу күндері университет 

қабырғасында үндістандық 

PARAM суперкомпьютерін 

орнатуға қол жетпек. 

Жобалау құжаттары дайын. 

ЕҰУ қызметкерлері шетелде 

жарты жыл дайындықтан өтіп, 

мамандарымызға арнайы 

сертификат та берілді. Сәтін 

салса, алдағы мамыр айында 

орталықтың жұмысы жолға 

қойылады. Барып қайтқан 

ғалымдардың айтуынша, қазір 

қажетті оқулықтардың алды Үнді 

тарапынан жіберіле бастады. 

Сонымен қатар іссапар аясында 

Үндістан үкіметінің қаржылық 

қолдауымен Еуразия ұлттық 

университетінде Қазақстан, 

Үндістан және Орталық Азия 

елдеріне телемедицина және 

қашықтықтан білім беру 

мемлекетаралық орталығын 

құру жөнінде де сөз болды. 



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара 

Әбдіхалықованың    қатысуымен  Білім  және ғылым 

министрлігінің  кеңейтілген Алқа отырысы 

өтті. Алқа мәжілісінде 2013 жылдағы ведомство 

жұмысының қорытындылары қарастырылып, 

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  

халыққа Жолдауы аясындағы саланың негізгі 

даму міндеттері талқыланды. Алқа отырысы 

жұмысына Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара 

Әбдіхалықова қатысты.

Алқа отырысы алдында Гүлшара Әбдіхалықова 

ғылымды коммерцияландырудың жаңа жобалары, 

робототехника саласындағы заманауи отандық 

әзірлемелер, білім берудің технологиялары, мектепке 

дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық, жоғары білім 

саласындағы инновациялық технологиялар көрініс 

тапқан көрмемен танысты.

Кеңеске қатысушылар тағы бір рәсімнің куәсі болды. 

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Қостанай 

облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов білім беру және 

жастар саясаты салаларындағы 2014-2016 жылдарға 

арналған нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды 

нәтижелерге қол жеткізу туралы Меморандумға қол 

қойды. Бұл ретте, министрлік білім беру мен жастар 

саясаты салаларын дамытуға бағытталған бюджеттік 

қаржыны уақтылы және толық бөлуді қамтамасыз 

етуге міндеттенсе,  әкімдік  өз  кезегінде  аймақтағы 

жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 

бөлінген қаражаттарды тиімді әрі мақсатты пайдалануға 

міндеттенді.



Қолданыстағы заңнама

Алқа отырысын 

Елбасының «Қазақстан 

жолы-2050: бір мақсат, 

бір мүдде, бір болашақ» 

атты Қазақстан халқына 

Жолдауы аясындағы 

білім беру мен ғылымның 

қазіргі жағдайы мен даму 

болашағы туралы негізгі 

баяндамамен Білім және 

ғылым министрі Аслан 

Сәрінжіпов ашты.

Өз сөзінде министр 

оқушылардың білім 

сапасының төмендігі, 

оқушылық орындардың 

тапшылығы, мектеп 

құрылысының сапасы, 

колледж түлектерінің 

жұмысқа орналасуының 

төмендігі, жоғары оқу 

орындарындағы жемқорлық, оқу сапасы, ғылыми- 

зерттеулердің тиімсіздігі сияқты көкейкесті мәселелерге 

тоқталып өтті. Бұдан кейін министрлік алдындағы 

бірқатар міндеттерді атап өтті. Солардың ішінде 

жоғары білім беру саласы алдында үлкен міндеттер тұр. 

Ендігі жерде қолданыстағы заңнама жаңа жағдайларға 

бейімделетін болады. 2014 жылдың соңына дейін 10 

жоғары оқу орнында байқау кеңестері әрекет етпек. 

Сонымен қатар 2015 жылдан бастап жоғары оқу 

орындарының қанатқақты тобына автономия беру 

жоспарланып отыр. Мамандықтардың біріктірілген 

жіктеушісі қалыптастырылып, кадр даярлауға мемлекеттік 

тапсырыс ҚИИД басымдықтарына бағытталатын болады. 

Үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларды қолдаудың 

тиімді жүйесі қалыптасып, 2016 жылғы 1 қаңтардан 

студенттердің шәкіртақы көлемі 25 пайызға артады.

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің 

баяндамасынан тағы бір аңғарғанымыз: ғылым саласы 

үш бағыт бойынша дамиды. 2015 жылдан бастап 

мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске 

асыру ҚИИД басымдықтарына бағытталып, докторлық 

диссертациялардың тақырыптары жаңартылады. 2016 

жылға қарай 1000 PhD докторлары мемлекеттік гранттар 

есебінен ғана емес, гранттық және бағдарламалық-

мақсатты қаржыландыру аясында даярланып, 2015 жылы 

бірқатар ЖОО мен ҒЗИ, ұлттық және инженерлік 

зертханалар заманауи ғылыми құрал-жабдықтармен, 

құрылғылармен жабдықталатын болады.

Білім және ғылым министрі атап өткендей, алға 

қойылған міндеттердің сәтті жүзеге асуы жергілікті 

атқарушы органдардың белсенділігіне де байланысты 

болмақ.


Алдағы уақытта Министрлік білім беру және 

ғылым салаларының, соның ішінде ҚР БҒМ мен облыс 

әкімдіктері, Алматы және Астана қалалары арасында 

жасалған Меморандумдар аясында негізгі көрсеткіштерін 

жетілдіруге мақсат қойып отыр.

Алқа отырысының жұмысына ҚР Президенті 

Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің, 

орталық мемлекеттік органдардың, Білім және ғылым 

саласы қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің өкілдері, 

ғылыми орталықтар мен институттардың, білім беру 

ұйымдарының, өңірлердегі білім беру басқармаларының, 

республикалық жастар ұйымдарының және жоғары оқу 

орындарының басшылары қатысты.

Баспасөз қызметі

жаңа талаптарға 

бейімделеді


4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3 (160), 

ақпан, 2014 жыл

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Елбасы Жолдауына  байыпты көзқарас

Отырысқа әлеуметтік 

және азаматтық даму 

департаментінің директоры 

және орынбасары, әлеуметтік-

мәдени  жұмыс бөлімі, 

студенттермен және жастар 

ұйымдарымен жұмыс бөлімінің 

басшылары, декандардың 

студенттермен жұмыс 

жөніндегі орынбасарлары, 

студенттер үйлерінің педагог-

ұйымдастырушылары қатысты. 

Жиынды ашқан 

Д.Қамзабекұлы:  «Елба сымыз-

дың бастамасымен қойылған 

Салтанат қақпасының «Мәң-

гілік Ел» атануының өзі  үлкен 

символикалық жүк арқалап 

тұр. Ол халқымыздың мәңгілік 

мұраттарын, еліміздің мәңгілік 

елордасын, қазақтың мәңгілік 

ғұмырын, ұлтымыздың 

мәңгілік тілін, ұрпағымыздың 

мәңгілік болашағын жарқын 

рәміздейді. Нұрсұлтан Әбішұлы 

айтқандай: «Қазақстан-2050» 

– Мәңгілік Елге бастайтын ең 

абыройлы, ең мәртебелі жол». 

Біздіңше,  сол аса маңызды 

Стратегияда Мәңгілік Ел 

мұраттарына қатысты білім беру 

саласында жүзеге асырылатын 

мақсат-міндеттер кеңінен 

көрініс тапқан.  Айталық, 

балдырғандарға арналған, 

Елбасы өзі бастамашы болған  

«Балапан» бағдарламасы 

ба лаларымызды 

болашаққа 

апаратын алтын көпір секілді. 

Сол құжатта орта, кәсіби-

техникалық және жоғары білім 

беруге байланысты басқа да 

тапсырмалар нақтыланған. 

Әлбетте, өркениетті ел 

өлшемінің бірі әрі бірегейі – 

сапалы білім беру жүйесі. Ол 

балабақшадан бастап жоғары 

оқу орындарына дейінгі барлық 

сатыны қамтуы тиіс. Заманауи 

бағдарламалар түзу, оқыту 

әдістемелерін жаңашаландыру, 

білікті мамандар даярлау, 

шәкірттерге қазақ, орыс 

және ағылшын тілдерін қатар 

меңгерту, олардың сындар-

лы ойлау мен талдау машығын 

қалыптастыру, мектептерде екі 

ауысыммен сабақ жүргізуге қол 

жеткізу, дуальдік, техникалық 

және кәсіптік білім берудің 

ұлттық жүйесінің негізін қалау 

– міне, Жолдауда таяу келе-

шекке межеленген берекелі 

істердің бірқатары осындай. 

Республикамыздың маңдайалды 

университеттерін академиялық 

және басқарушылық ав-

тономияға біртіндеп көшіру 

жоспары тыңғылықты да-

йындықты қажет етеді. Үздік 

оқитын студенттер мен 

оқушыларға қолдау көрсету – 

ұрпаққа тұрақты қамқорлықтың 

айқын көрінісі» деді. 

Жиында Б.Баймаханов, 

Л.Гитихмаева, М.Романенко, 

Ә.Мәдібеков, Г.Болатова, 

Г.Әбдімәулен сынды жауапты 

қызметкерлер сөз алып, ойларын 

ортаға салды.

Барлық декандардың 

студенттермен жұмыс жө-

ніндегі орынбасарларына 

Жолдауды оқып, байыптап, 

«Мәңгі Ел» мұраты бағытында 

факультеттерде іс-шаралар 

өткізу, оқытушылар мен 

студенттерге түсіндіру 

жұмыстарын жүргізу тап-

сырылды. 

Күн тәртібіндегі 

екінші мәселе бойынша 

«Әлеуметтану» кафедрасының 

аға оқытушысы Е.В.Варкентина 

«Студенттер арасында 

жүргізілген әлеуметтік сауална-

ма» қорытындысын жариялап, 

факультеттер мен студенттер 

үйлерінде жүргізілген сауална-

ма нәтижесін талдап-талқылауға 

бағдар берді. Осы бойынша 

көрсетілген кемшіліктерді жою 

туралы департамент пен факуль-

теттерге тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіндегі үшін-

ші мәселе бойынша №2 

«Студенттер үйінің» 

педагог-ұйымдастырушысы 

Қ.Ж.Қапашева  І жарты-

жылдықта атқарылған 

жұмыстар туралы баяндама 

жасады. Баяндама барысында 

студенттердің 

әлеу меттік 

жағдайы, онда өткізілген 

азаматтық, мәдени және 

патриоттық іс-шаралар 

туралы атап өтілді. Баяндама 

соңында қызу сұрақ-жауаптар 

алмасылып, жаңа оқу жылынан 

бастап «Студенттер үйіне» 

үміткер студенттердің тізімі 

туралы ақпарат университет 

сайтына жарияланатын болды. 

Күн тәртібіндегі әр-

түрлі мәселелер бо 

йын-

ша декандардың сту-



денттермен жұмыс жөніндегі 

орынбасарларының І жар-

тыжылдықта атқарылған 

жұ   мыстарының 

есептері 

бойынша студенттермен және 

жастар ұйымдарымен жұмыс 

бөлімінің басшысы Рүстем 

Әлқожа баяндама жасады. 

Баяндама барысында декан 

орынбасарларының есептеріне 

жасалынған сараптама 

қорытындысы жарияланып, 

келтірілген кемшіліктерді 

түзету тапсырылды, сонымен 

қатар, студенттермен жұмысты 

жетілдіру бағытында бірқатар 

ұсыныстар айтылды.

Кеңесте Елбасы Жол-

дауынан туындайтын мәсе-

лелер, тапсырмалар табиғи-

шынайы қалыпта талданып 

талқыланды. Мәжіліс қау-

лысында «Қазақстан-2050» 

Стратегиясынан өрбитін ЕҰУ 

ректоры Е.Б.Сыдықовтың нақ-

ты тапсырмалары бойынша 

кешенді шаралар белгіленді. 

Алдағы уақытта Жолдау 

тұжырымдамаларына аса

ба 

йып 


пен қарап, оны шы-

ғармашылықпен игеру туралы 

ортақ шешім шығарылды.


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 488.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет