Х а б а р л а р ы известия



жүктеу 5.08 Kb.
Pdf просмотр
бет18/27
Дата22.04.2017
өлшемі5.08 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

 
 
Ж. А. Абдукадирова
1
, А. Т. Ермекбаева
 2
,
 
М. С. Құрманбаева
1
, Ж. Б. Шілдебаев

 
1
Қазақ мемлекеттік кыздар педагогикалық университеті, Алматы , Қазақстан,
 
2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан 
 
Тірек сөздер: педагогика, бақылау, эксперимент, технология, инновация. 
Аннотация.  Жоғарғы  оқу  орнында  студенттерге  экологиялық  білім  беруде  инновацияға  бағытталған 
педагогикалық  шарттарды  құру  тиімді,  білім  процесін  технологиялық  құрылғылармен  жабдықтау,  қамта-
масыз етумен қатар, жоғары білікті маманның үздіксіз кəсіби дамуына жəне қалыптасуына негізделген. 
 
Кіріспе.  Ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарына  жасалған  талдау  барысында,  атап  айтқанда: 
Ресейде  экологиялық  білім  мен  тəрбие  берудің  теориялық  негіздерін,  мазмұнын,  ұйымдастыру 
жолдары  мен  əдістерін  қарастырғаны  айқындалды  (Голубец  М.А. [1], Миронов  А.В. [2] жəне 
Қазақстанда  (Бейсенова  А.С. [3], Жүнісова  К.Ж. [4], Шілдебаев  Ж.Б. [5], Тілеубергенов  С.Т. [6], 
Торманова Н.Т. [7], Турабаева Г. [8], Қойбағарова Б.Х. [9], Смирнова Г.М. [10]). 
Экологиялық  білім  мен  тəрбие  беруде  жоғары  оқу  орындары  оқытушылары  тарапынан 
инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру 
маңызды мəселе болып табылады. 
Философиялық жəне педагогикалық əдебиеттерде кейбір ғалымдар инновациялық процестерді 
зерттеу барысында жаңалықтың жүйелілік, əрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты 
енгізуді  əртүрлі  деңгейде  (жалпы  ғылымилық,  жалпы  əдіснамалық)  талдаудың  қажеттілігіне 
ерекше көңіл аударады. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
104  
Инновациялық-педагогикалық іс-əрекеттің жалпы жəне өзіндік ерекшеліктерін Ю. Н. Кулют-
кин [11], Я. А. Пономарев [12], Л. С. Подымова [13], Л. Н. Фридман [14] секілді біршама шет елдік 
ғалымдар зерттеген. 
Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері:  студенттердің  экологиялық  білімін  арттыруда  инно-
вациялық  технологияларды  пайдалануды  теориялық  негіздеп,  ғылыми  əдістемесін  жасау  жəне 
тəжірибелік-эксперименттен өткізу. 
1.  Студенттердің экологиялық білімін арттырудағы инновациялық технологияларды пайдалану 
мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау; 
2.  Жоғары оқу орындары студенттердің экологиялық білімін инновациялық технологияларды 
пайдалана отырып арттырудың теориялық негізін айқындау; 
3.  Ұсынылатын  инновациялық  технологияларды  пайдалану  жолдарын  тəжірибелік-
экспериментке тексеру, ғылыми-əдістемелік нұсқаулар беру. 
Зерттеу объектісі: жоғары оқу орындарындағы оқу процесі. 
Зерттеу  əдістері:  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық  əдебиеттерді  теориялық 
талдау, жоғары оқу орындарының тəжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу əдістемелік құжат-
тарды  талдау;  жоғары  оқу  орындары  оқытушылары  жəне  студенттерімен  əңгімелесу,  сауалнама 
жүргізу, бақылау, студенттердің іс-əрекет нəтижелерін зерделеу; тəжірибелік-эксперимент жұмысы 
жəне  оның  нəтижелерін  талдауда  логикалық  (салыстыру,  талдап  қорыту,  топтау)  əдістерін, 
математикалық статистика əдістерін пайдалану. 
Зерттеу нəтижелері: біз ұсынған экологиялық білім мен тəрбие беруді жетілдіру əдістемесінің 
тиімділігін анықтау үшін педагогикалық эксперимент жасалды. 
Педагогикалық эксперименттің құрылымы: 
– анықтау эксперименті (2014–2015 оқу жылдары); 
– қалыптастыру эксперименті (2015 оқу жылының бірінші жартысы); 
Анықтау  эксперименті  кезеңінде  білімнің,  ептіліктер  мен  дағдылардың  бастапқы  бақылауы 
жүзеге асырылды. 
Қалыптастыру  эксперименті  екі  кезеңде  жүргізілді:  оқу-тəрбие  процесіне  экологиялық 
білімдерді  арттыру  барысындағы  жүйелі  жұмыстар,  білімнің,  ептілік  пен  дағдының  қорытынды 
бақылауы енгізілді. Экспериментке қатысқан студенттердің жалпы саны 428 адамды құрады. 
Эксперимент жұмысының бағыты: біріншіден, жеке адам мен топ құрамының экологиялық 
білім  мен  деңгейін  зерттеп  білуге  арналған  жұмыс  жүйесі,  пəнаралық  байланыс  негізінде 
экологиялық  ұғымдарды  енгізу  тұрғысынан  əдістемелік  талдау  жасау;  екіншіден,  оқу  процесін 
сабақ пен өзіндік жұмыс жəне оның түрлерін, студенттердің пəнаралық байланыстағы экологиялық 
білім деңгейін жетілдіру тұрғысында ұйымдастыру, студенттердің экологиялық сана, экологиялық 
мəдениетті  экологиялық  тұрғыда  жаңаша  ойлау  дағдысын  орнықтыруға  ықпал  жасайтын  педаго-
гикалық  мүмкіндіктерді  айқындау,  экологиялық  ұғымдар  жүйесін  орнықтырудағы  тиімді  əдіс 
тəсілдерді көрсете білу. 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті  студенттері  арасында  экологиялық 
білімдерінің деңгейін анықтау мақсатында анықтаушы эксперименті жүргізілді.  
Студенттердің  бақылау  жəне  эксперименталдық  топтарын  салыстыру  кезінде  төмендегі 
фактілер есепке алынды: 
– студенттердегі экологиялық білімдерінің қалыптасуының деңгейлері; 
– эксперименттер нəтижесінің көріністері. 
Анықтау  экспериментін  жүргізу  барысында  біз  түрлі  əдіс-тəсілдерді  қолдандық.  Əдістер 
уақыттың  əртүрлі  кезеңінде  алынған  көптеген  мəліметтердің  немесе  белгілердің  элеметтерін 
салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  орайдағы  зерттеулерде  əртүрлі  тұлғаларға  қатысты  жəне 
нəтижелер қандай да бір қажеттердің даму тенденциясына бағытталды. 
Біз  атап  өткендей,  экологиялық  сананың  қалыптасқан  түрі  оқытушының  студенттерге  эколо-
гиялық  білімдерін  арттыру  бойынша  қызметінің  нəтижесінен  көрінеді.  Сондықтан,  біз  студент-
тердің  экологиялық  білімін  анықтау  мақсатында  сауалнама  жүргіздік.  Экологиялық  сананың 
деңгейі мен түрі диагностикалық сипаттағы тапсырма негізінде анықталды. 
Арнайы  экологиялдық  білімді,  ептілік  пен  дағдыны  қалыптастыру  деңгейін  тексеру  екі 
бағытта жүргізілді: 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
105 
1. Студенттердің арнайы экологиялық білімін қалыптастыру деңгейін анықтау; 
2. Студенттердің арнайы экологиялық ептілігі мен дағдысының деңгейін анықтау. 
Студенттердің  арнайы  экологиялық  білімін  қалыптастыру  деңгейін  анықтау  төмендегі 
критерийлер бойынша анықталады: 
– арнайы экология түсінігін меңгеру; 
– арнайы экологиялық түсініктің мəнін білу. 
Арнайы  экологиялық  білім  түсінігін  меңгеру  сапасы  арнайы  əнгіме  тақырыптары  бойынша 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті  студенттері  арасында  экологиялық 
білімдерінің  деңгейін  анықтау  мақсатында  тəжірибелі-эксперимент  жұмысы  жүргізілді  жəне 
жасалған  «ТЕSТ»  компьютерлік  бағдарламасын  қолдана  отырып,  тестілеу  əдісімен  тексерілді. 
ЭЕМ тесттің 20 сұрағын таңдап алуды ұсынады. Тесттегі сұрақтар бойынша тұжырымдалды, яғни 
студент  ұсынылған 4 варианттың  дұрысын  таңдайды.  Тестілік  бақылау  варианты  əр  мамандық 
студенттеріне қарай берілді. 
Арнайы экологиялық түсінікті игеру деңгейлері төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталады: 
– жоғары – дұрыс жауап 91-100 % болғанда; 
– орта – дұрыс жауап 81-90 % болғанда; 
– төмен – дұрыс жауап 61-80 % болғанда. 
Арнайы экологиялық түсінікті меңгеру сипаттамасы 1-кестеде келтірілген. 
 
1-кесте – Арнайы экологиялық түсінікті меңгеру деңгейі (анықтау ксперименті) 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
адам % адам % 
Жоғары 19 16,67 
22 
19,29 
Орта 51 
44,77 
53 
46,49 
Төмен 44 
38,56 
39 
34,22 
 
Арнайы  экологиялық  түсініктің  мəнін  білу  деңгейі  негізінен  дəлелдеу  жəне  диагностикалау 
сипатындағы сұрақтармен төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталды: 
–  жоғары – жалпы  сұрақ  санының 91-100 % көлеміндегі  толық  дұрыс  жауаптың  болуымен 
сипатталады; 
–  орта – жалпы  сұрақ  санының 81-90 % көлеміндегі  толық  дұрыс  жəне  толық  емес  дұрыс 
жауаптар жиынтығымен сипатталады; 
–  төмен – жалпы  сұрақ  санының 61-80 % көлеміндегі  толық  дұрыс  жəне  толық  емес  дұрыс 
жауаптар жиынтығымен сипатталады. 
Арнайы экологиялық түсініктің мəнін білу сапасының сипаттамасы 2-кестеде келтірілген. Ал, 
арнайы экологиялық білімді қалыптастыру деңгейі 3-кестеде берілген. 
 
2-кесте – Арнайы экологиялық түсініктің мəнін білу деңгейі 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
адам % адам % 
Жоғары 18 15,79 
20 
17,54 
Орта 49 
42,98 
45 
39,48 
Төмен 47 
41,23 
49 
42,98 
 
3-кесте – Арнайы экологиялық білімді қалыптастыру деңгейі, % 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
Жоғары 16,23 
18,41 
Орта 43,86 
42,98 
Төмен 39,91 
38,61 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
106  
Эксперименталдық жұмыстың келесі кезеңінде біз студенттердің арнайы экологиялық ептілігі 
мен  дағдысын  қалыптастырудың  деңгейін  анықтауды  мақсат  етіп  қойдық.  Бұл  орайда  төмендегі 
ептіліктерге ерекше көңіл бөлінді: 
– экология саласындағы əлеуметтік-маңызды мəселелерді талдау; 
– қоршаған ортаға антропогенді əсерлердің қауіптілігін талдау жəне бағалау; 
– болашақ кəсіби қызметте экологиялық білімді қолдану; 
– экологиялық білім мен тəрбие беруді ұйымдастыру үшін əдістемелік тəсілдерді таңдай білу 
жəне қолдану; 
– нақты оқу процесі жағдайына қарай əдістемелік нұсқауларды ыңғайластыру; 
–  студенттердің  табиғатты  қорғау  мен  оны  қайта  қалпына  келтіруге  деген  сарындарын  ояту 
жəне дамыту. 
Студенттердің  арнайы  экологиялық  ептілігі  мен  дағдысын  қалыптастырудың  деңгейі  төмен-
дегі критерийлер бойынша анықталды: 
– əртүрлі кəсіби жағдайларда (əмбебап экологиялық ептілік) арнайы экологиялық білім қоры-
мен жұмыс жасау ептілігі; 
–  педагогикалық  қызметте  (экологиялық-педагогикалық  ептіліктер)  өзінің  экологиялық-
теориялық салмағын қолдана білу ептілігі. 
Экологиялық  білімінің  дамуын  іс  жүзінде  асыру  үшін  студенттердің  экологиялық 
білімділігінің  нақты  деңгейде  болғанын  анықтау  аса  маңызды  болмақ.  Осы  мақсатты  дəлелдеу 
тұрғысында студенттерге зерттеулер жүргізілді. 
Қалыптастыру  эксперименті  екі  кезеңнен  тұрады.  Мақсаты – инновациялық  технологиялар 
негізінде  студенттердің  экологиялық  білімдерін  арттыру  жүйесін  ендіру  жəне  педагогикалық 
шарттардың зерттеліп отырған проблема бойынша тиімділігіне ықпалын тексеру болды. 
Қалыптастыру  экспериментінде  студенттердің  экологиялық  білімдерін  арттырудың  үш 
деңгейдегі көріністері ескерілді. Ал, бұл деңгейлер теориялық зерттеулер мен проблема бойынша 
жүргізілген анықтаушы эксперимент нəтижесіне сүйеніп анықталды. Олар:  
Жоғарғы  деңгей – студенттердің  бойында  экологиялық  білімдер  жүйесі  қалыптасқан,  өз 
бетінше  экологиялық  проблемалар  жөнінде  ойын  білдіріп,  табиғат  қорғауға  деген  құлшынысы 
жоғары болып, ортада қоғамға лайық іс-əрекет жасай біледі. 
Орта  деңгей – экологиялық  білімдері  толық  жүйелі  қалыптаспаған,  экологиялық  проблема-
ларды шешуде оқытушының көмегіне сүйеніп, өз бетінше ойын толық білдіре алмайтын, табиғатты 
қорғауға  құлшынысы  орташа,  экологиялық  мəселелер  бойынша  қоғамға  лайық  іс-əрекеті  жоғары 
емес. 
Төменгі  деңгей – экологиялық  білімі  төмен,  экологиялық  проблемаларды  шешуде  оқытушы 
көмегіне  сүйенеді,  табиғатты  сақтап  қорғау  туралы  талпынысы  төмен,  экологиялық  проблема-
лардағы қоғамға лайық іс-əрекеті талапқа сай емес. 
Сонымен,  қалыптастыру  экспериментінің  бірінші  кезеңінде  инновациялық  технологияларды 
қолданудың  əдіс-тəсілдері  белгілі  бір  жүйе  арқылы  жүзеге  асырылғандығы  тексерілді.  Бұл  кезең 
біздің  зерттеу  жұмысымыздағы  теориялық  жəне  əдістемелік  тұрғыдағы  негізгі  жағдай  болып 
саналды.  Бұл  кезеңде  студенттер  əртүрлі  мақсатты  көздейтін  оқу  процесінің  даярлығы  мен 
студенттердің  оқу-танымдық  іс-əрекеттің  жобасын,  оқу  процесін  ұйымдастыруды  зерттеуді, 
инновациялық  технологиялардың  жүйесін,  педагогикалық  іс-əрекеттің  тиімділігін  қалыптас-
тыруды, айқындауды көздейді (4-кесте). 
 
4-кесте – Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінің нəтижелері, % 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
басы 
соңы 
басы 
соңы 
Жоғары  11,4 12,3 11,7 19,8 
Орта 
42,3 43,6 43,1 47,5 
Төмен 
46,3 44,1 45,2 32,7 
 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
107 
Осының  бəрін  ескере  отырып,  қалыптастыру  экспериментінің  екінші  кезеңінде  ұсынылған 
педагогикалық шарттардың жүзеге асырылуы тексерілді.  
Мұнда студенттердің экологиялық білімдер жүйесі өз беттерінше экологиялық проблемаларды 
шешу  жөніндегі  ойларын,  табиғатты  қорғауға  құлшыныстары,  экологиялық  мəселелер  бойынша 
қоғамға  лайық  іс-əрекеттері  инновациялық  технологиялар  арқылы  қалыптасқандығы 
қарастырылды. 
Кешенді тапсырмалардың шешімі студенттердің экологиялық білімдерді меңгерген теориялық 
білімінің мазмұндылығын, оны кəсіби іс-əрекеттерде ұтымды пайдалана білетінін дəлелдеді. 
Тəжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы бақылау кезеңінде педагогикалық зерттеудің жəне 
қайтара  жүргізген  зерттеу  əдістерінің  негізінде  студенттердің  экологиялық  білімдерін  қалып-
тастыру деңгейі анықталды (кесте 5). 
 
5-кесте – Зерттеу жұмысының екінші кезеңінің нəтижелері, % 
 
Деңгейлер 
Бақылау тобы 
Эксперименттік топ 
басы 
соңы 
басы 
соңы 
Жоғары  12,1 13,2 14,9 28,7 
Орта 
43,3 40,5 41,4 46,7 
Төмен 
44,6 46,3 43,7 24,6 
 
Жоғары  деңгейді  алғашында 14,9 % көрсетсе,  эксперимент  соңында  олардың  саны 28,7 % 
болды, орта деңгейде алғашында 41,4 % болса, соңында 46,7 % көрсетті. Ал, төменгі деңгей алға-
шында 43,7 % болып,  эксперимент  соңында  бұл  көрсеткіш 24,6 % болды.  Бақылау  топтарында 
айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. 
Сонымен, тəжірибелік эксперимент нəтижелері зерттеу барысында студенттердің экологиялық 
білімдерін  арттыру  тұрғысындағы  инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  педагогикалық 
шарттары  мен  осы  негізде  жасалған  жұмыстардың  мазмұны,  əдістерінің  тиімді  екендігін 
дəлелдейді. 
Қорыта  келгенде,  жоғары  оқу  орындары  студенттеріне  экологиялық  білім  беруді  иннова-
циялық технологиялар арқылы жүзеге асыру теориялық тұрғыда негізделді. Студенттерді жоғары 
оқу  орны  жағдайында  экологиялық  білімдендіруде  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
мүмкіндіктері  қарастырылып,  қазіргі  жағдайы  анықталды.  Инновациялық  технологияларды 
пайдалану  арқылы  студенттердің  экологиялық  білімдерін  арттырудың  педагогикалық  шарттары 
ұсынылып  əдіс-тəсілдер  ретінде  оның  жолдары  көрсетілді.  Тəжірибелі-эксперимент  жұмыстары 
арқылы  студенттердің  экологиялық  білімін  арттырудағы  инновациялық  технологияларды 
пайдаланудың оң нəтиже бергені анықталды. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 
[1]   Голубец М.А. Актуальные вопросы экологии. – Киев: Наука думка, 1982. – 157 с. 
[2]   Миронов  А.В.  Методология  и  методика  и  техника  конкретных  социологических  исследований // Социально-
культурный журнал. – 1994. – № 10. – С. 82-90. 
[3]   Бейсенова А.С. Қазақстан Республикасында жалпы білім беру жүйелерінде экологиялық білім мен тəрбие беру 
тұжырымдамасы // Қазақстан жоғары мектебі. – 2002. – № 6. – 134-146 б. 
[4]   Жүнісова К.Ж. Айналаны қоршаған орта, экология: əдістемелік нұсқау. – Алматы, 2004. – 26-50 б. 
[5]   Чилдебаев Ж.Б. Основы экологического образования // География жəне табиғат, 2004. – № 2. – 10-13 б. 
[6]   Тлеубергенов  С.Т.  Ноэкология  и  наше  общее  будущее  на  земле // Экологическая  методология  возрождения 
человека. – Алматы, 1997. – № 7. – С. 14. 
[7]   Торманова  Н.Т.  Экология  ғылымының  антроноэкологияның  қалыптасуына  тигізетін  ықпалы // Экологиялық 
білім беруді дамытудағы инновациялық үрдістер: Əл-Фараби ат. ҚазҰУ-ың 75 жылдығына арналған халықаралық конфе-
ренция материалдары. – Алматы: ҚазҰУ, 2009. – 227-229 б. 
[8]   Турабаева Г. Болашақ мұғалімдерді экологиялық өлкетануға дайындаудың тəжірибелік-эксперименттік жұмы-
сы // Ұлт тағлымы, 2006. – № 27. – 79-82 б. 
[9]   Қойбағарова Б.Х. Оқушыларға қазақ халқының дəстүрлері арқылы экологиялық білім мен тəрбие беруге бола-
шақ мұғалімдерді даярлау. Автореф. ... пед. ғ. к. – Алматы, 2004. – 25 б. 
[10]   Смирнова Г.М. Дидактические условия Экологического образования и воспитания студентов. – Астана, 2003. – 
141 с. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
108  
[11]  Кулюткин Ю.Н. Психологические проблемы образования взрослых // Вопросы психологии, 1989. – № 2. – С. 25-28. 
[12]   Пономарев  Е.А.  Проблемный  педсовет  как  фактор  вхождения  педагогического  коллектива  в  инновационную 
деятельность // Сборник научный трудов «Инновации в образовании». – М.: АПК и ПРО, 2001. – С. 19-31. 
[13]   Подымова Л.С. Введение в инновационную педагогику: Учеб.пособие. – Курск: Изд-ва КГПУ, 1994. – 120 с. 
[14]   Фридман Л.Н. Кулагина Н.Ю. Психологический справочник учителя – М.: Просвещение, 1991. – 286 с. 
 
REFERENCES 
 
[1]  Holubets M.A. Actual environmental issues. Kiev: Naukova.dumka, 1982. 157 р. (in Russ.). 
[2]  Mironov A. Methodology and specific methods and techniques of sociological research. Socio-cultural magazine. 1994. 
№10. P. 82-90. (in Russ.). 
[3]  Beisenova A.S. Kazakhstan Respublikasynda zhalpy Bilim beru zhuyelerіnde ekologiyalyk Bilim changed tarbie beru 
tuzhyrymdamasy. Kazakhstan zhogary mektebі. 2002. №6. P. 134-146. (in Kaz.). 
[4]  Zhynіsova K.J. Aynalany korshagan orta, ecology: adіstemelіk nuskau. Almaty, 2004. P. 26-50. (in Kaz.).  
[5]  Childebaev J.B. Fundamentals of Environmental Education. Geography and Tabigat. 2004. №2. P. 10-13. (in Kaz.). 
[6]  Tleubergenov S.T. Neoecology and our common future on Earth. Ecological methodology renaissance man. Almaty, 
1997. №7. 14 p. (in Russ.). 
[7]  Tormanov N.T. Ecology gylymynyn antronoekologiyanyn kalyptasuyna tigіzetіn ykpaly. Ekologiyalyk Bilim berudі da-
mytudagy innovatsiyalyk yrdіster: Al-Farabi. KazUU-yn 75 zhyldygyna arnalgan halykaralyk Conference materialdary. Almaty: 
KazUU, 2009. P. 227-229. (in Kaz.). 
[8]  Turabaeva G. Bolashak mugalіmderdі ekologiyalyk olketanuga dayyndaudyn tazhіribelіk -eksperimenttіk zhumysy. Ult 
taglymy. 2006. №27. P. 79-82. (in Kaz.). 
[9]  Koybagarova B.H. Okushylarga Kazakh halkynyn dasturlerі arkyly ekologiyalyk Bilim changed tarbie beruge Bolashak 
mugalіmderdі dayarlau. Abstract. ped. g. k. Almaty, 2004. 25 p. (in Kaz.). 
[10]  Smirnov G.M. Didactic conditions of environmental education and training of students. Astana, 2003. 141 p. (in Russ.). 
[11]  Kulyutkin J.N. Psychological problems of adult education. Questions of Psychology. 1989. №2. P. 25-28. (in Russ.). 
[12]  Ponomarev E.A. Problem teachers' meeting as a factor of entering the teaching staff in innovation. Collection of 
scientific papers "Innovations in Education". M.: AIC and ABM, 2001. P. 19-31. (in Russ.). 
[13]  Podymova L.S. Introduction to innovative pedagogy: Manual. Kursk publishing house KSPU, 1994. 120 p. (in Russ.). 
[14]  Friedman L., Kulagin N.Y. Psychological guide teachers. M.: Enlightenment, 1991. 286 p. (in Russ.). 
 
 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ УСЛОВИЯ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ,  
ОРИЕНТИРОВАННЫХ НА ЭКОЛОГИЧЕСКУЮ ПОДГОТОВКИ СТУДЕНТОВ  
 
Ж. А. Абдукадирова
1
, А. Т. Ермекбаева
 2
,
 
М. С. Курманбаева
1
, Ж. Б. Чильдебаев
2
 
 
1
Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан, 
2
Казахский национальный педагогический университет имени Абая, Алматы, Казахстан 
 
Ключевые слова: педагогика, контроль, эксперимент, технология, инновация. 
Аннотация.  Создание  вузовской  системы  инновационно-ориентированного  экологического  образова-
ния  студентов  будет  эффективным  при  создании  педагогические  условия,  в  основу  которых  положена  сле-
дующая  идея:  формирование  и  непрерывное  развитие  профессионально-экологической  компетентности 
специалиста в вузе с обеспечением посредством технологической организации образовательного процесса.  
 
Поступила 14.04.2015г. 
 
 
 
 
 
 

ISSN 2224-5308
 
                                                                               Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015 
 
 
109 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF BIOLOGICAL AND MEDICAL 
 
ISSN 2224-5308 
Volume 3, Number 309 (2015), 109 – 113 
 
 
PHOSPHORUS DISSOLUTION RESEARCH  
BY TOMATOES (SOLANUM LYCOPERSIUM)  
UNDER THE INFLUENCE OF SULFUR AND LEONARDIT 
 
K. Gul, G. J. Turmetova, A. K. Ubaidullayeva  
 
Yassawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan. 
E-mail: gul.klara @iktu.kz, gulmira.turmetova@iktu.kz, almagul.ubaidullayeva@iktu.kz 
 
Key words: phosphorus, sulphur, leonardite, organics, tomato (Solanum lycopersium). 
Abstract. This paper discusses various degrees of interaction (providing each other influence) phosphorus, 
leonardite and sulfur at growing tomatoes (F1«Çilek », F1«Kiraz ») in greenhouse conditions in order to decrease 
dissolved species of phosphorus in the soils of Kazakhstan. The results of research show that the fertility and size of 
the grown tomatoes (Solanum lycopersium) are more dependent on the use of leonardite, than sulfur in the soil. 
Chemical fertilizers used in extensive farming causes some deleterious impacts on the soil and human health. 
Nowadays the disuse of chemical fertilizers and growing interest in organic farming enhances the importance of 
leonardite and derivatives like humic acid, fulvic acid in agricultural activities. The pattern of this study is the order 
of 4x4x4 factorial with trial related to complete chance; one plant (tomato), 4 doze of Leonardit (L)(0, 25, 50, 75 g/m
2
) , 
four doze of sulphur (S) (0, 50, 100, 150 g/m
2
) and four doze of phosphor (P) (0, 3,75; 7,50; 11,25 g/m
2
) The plant is 
harvested at the end of the period of 150 days, the macro and micro analysis of element is done. According to 
obtained results, it is caused the significant increase in yield parameter the application of the doze of leonardit L

x P
3
 
and mineral sulphur fertilizer. The highest increase in Length of plant was obtained with L

x P
2
, the highest of 
diameter of plant is obtained with L
3
. Also, the increase of phosphor in plant is seen in the application of S
3
; L
2
. The 
comparison of this increment with uncontrolled practice, it can be concluded that the length, diameter and 
phosphorus amount of plant was respectively increased  
 
 
ƏОЖ 635.1 
 
Каталог: journals -> 847
journals -> Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева
journals -> Л-фараби атында ы аза лтты
journals -> Issn 1563-0269 Индекс 75871; 25871
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> ҚОҒамдық Ғылымдар мәселесі вопросы общественных наук
journals -> Казахский национальный
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Казахский национальный
journals -> №4(68)/2012 Серия филология
847 -> Х а б а р л а р ы известия

жүктеу 5.08 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет