Алынған нəтижелерді талдап көрсек, құрттың əжептəуір биологиялық құндылыққа ие екендігі
байқалды.
ISSN 2224-5308
Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015
85
ФАО/ДДҰ-ның стандарттық шкаласынан алмаспайтын аминқышқылдарының мөлшері, оларда
тиісінше, құртта метионин+цистеиннен (92-94 %) басқа эссенциалды аминқышқылдары жоғары
скорымен мінезделеді (110-173 %). Сондықтан бұл дəстүрлі қазақтың астары əрі қарай да дас-
тарханнан өзіне лайықты орнын алады деуге толық негіз бар [10-12].
Құрт тағамының қуаттылығы, дəрумендік қоры, аминқышқылдық жəне майқышқылдық
құрамдастығы туралы мəліметтердің шет ел ғалымдарының дайындаған кестелерінде жоқ екендігі
айқындалды. Теориялық тұрғыда орындалған жұмыс нəтижелері қолданбалы маңыздылыққа ие.
Қоғамдық жəне жанұялық тамақтану орындарында дайындалған кестелік мəліметтер пайда-
ланылады.
Қорыта айтқанда, зерттеу нəтижелерінен құрттың химиялық құрамын анықтай отырып, ағза-
ның биологиялық жəне физиологиялық қызметін қалыптастыруда бағалы қоректік заттармен
қамтамасыз етіліп, дастархан мəзірінің нəрлілік деңгейін жоғарылатуға толық мүмкіндігі бар
екендігі анықталды.
ƏДЕБИЕТ
[1] Сарбасұлы И. О важных элементах национального питания // «Национальная политика здорового питания
Республики Казахстан»: матер. Междунар. науч.-практ. конф. – Алматы, 2004. – Қазан 19. – С. 193-194.
[2] Садыков Б., Сариев И., Отарбаев А. Ақ дастархан. – Алматы, 1991. – 236 б.
[3] Сариев И. Дастархан. – Алматы, 1974. – 122 б.
[4] Cosma V., Armeanu V. Determinarea afotucul in prodisele alimentare prin method Kjeldahl ind. Alim. – 1970. –
Vol. 66, № 5. – Р. 257-259.
[5] Руководство по методам анализа качества и безопасности пищевых продуктов / Под ред. И. М. Скурихина,
В. А. Тутельяна. – М.: Брандес, 1998. – 340 с.
[6] Черников М.П. О химических методах определения качества пищевых белков. – М.: Институт питания АМН
СССР, 1988. – С. 42-44.
[7] Кузнецов Д.И., Гришина Н.П. Унифицированная система методов выделения и количественного определения
липидов пищевых продуктов. – М., 1977. – 161 с.
[8] Урбах В.Ю. Статистический анализ в биологических и медицинских исследованиях. – М.: Медицина, 1975. –
255 с.
[9] Григорьева М.П., Степанова Е.Н., Фомина Л.В. Определение витамина Е в молоке и молочных продуктах. –
Тр. ВНИИМП, 1980. – С. 78-87.
[10] Крюкова Г.В. Правильное питание – основа крепкого здоровья. Экономика, права, культура в эпоху общест-
венных преобразований: материалы междунар. науч.-практ. конф. – Алматы, 2007. – С. 236-238.
[11] Урбисинов Ж.К., Пищевая и биологическая ценность традиционно местных молочных и мясных продуктов:
Дис. ... канд. биол. наук. – Алма-Ата, 1992. – С. 84-89.
[12] Schaafsma G. The protein digestibility-corrected amino acid score // J Nutr. – 2000. – Vol. 130. – P. 65-67.
REFERENCES
[1] Sarbasuly I. About important elements of national food. Book: "National policy of healthy food of the Republic of
Kazakhstan": mater. of international sci.-prac. conference, Almaty, 2004, 19 October. P. 193-194 (in Russ.).
[2] Sadykov B., Sariyev I., Otarbayev A. Ak dastarkhan. Almaty, 1991. Р. 236. (in Kaz.).
[3] Sariyev I. Dastarkhan. Almaty, 1974. 122 (in Kaz.).
[4] Cosma V., Armeanu V. Determinarea afotucul in prodisele alimentare prin method Kjeldahl ind. Alim. 1970. Vol. 66,
N 5. River 257-259 (in Eng.).
[5] Guide to methods of the analysis of quality and safety of foodstuff. Under the editorship of I. M. Skurikhin, V. A. Tute-
lyan M.: Brandes, 1998. 340 p. (in Russ.).
[6] Chernikov M.P. About chemical methods of determination of quality of food proteins. M.: Institute of food of the USSR
Academy of Medical Sciences, 1988. P. 42-44 (in Russ.).
[7] Smiths D.I., Grishin N.P. The unified system of methods of allocation and quantitative definition of lipids of foodstuff.
M., 1977. 161 p. (in Russ.).
[8] Urbakh V. Yu. Statistic analysis in biological and medical researches. M.: Medicine, 1975. 255 p. (in Russ.).
[9] Grigorieva M.P., Stepanov E.N., Fomina L.V. Definition of vitamin E in milk and dairy products. Тр. VNIIMP. 1980.
P. 78-87 (in Russ.).
[10] Kryukova G.V. Healthy nutrition - a basis of a good health. Economy, rights, culture during an era of public transfor-
mations: materials of international sci.-prac. conference. Almaty, 2007. P. 236-238 (in Russ.).
[11] Urbisinov Zh.K., Nutrition and biological value of traditionally local dairy and meat products: yew.... сand. иiol. ыci.
Alma-Ata, 1992. P. 84-89 (in Russ.).
[12] Schaafsma G. The protein digestibility-corrected amino acid score. J Nutr. 2000. Vol. 130. P. 65-67. (in Eng.).
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
86
ХИМИЧЕСКИЙ СОСТАВ И ПИТАТЕЛЬНОЕ ЗНАЧЕНИЕ ТРАДИЦИОННОГО
НАЦИОНАЛЬНОГО БЛЮДА – КУРТА, ИЗГОТАВЛИВАЕМОГО ИЗ КИСЛОГО МОЛОКА
З. А. Талханбаева, А. М. Сейтметова
Международный казахско-турецский университет им. Х. А. Ясави, Туркестан, Казахстан
Ключевые слова: белок, жиры, углеводы, аминокислоты, жирные кислоты, калория, аминокислотный
скор, ценность.
Аннотация. В статье рассматривается витаминный фонд, основные аминокислотные и жирокислотные
показатели традиционного национального блюда – курт, изготавливаемого из кислого молока, имеющий
практически значимые результаты. Курт обладает особенным химическим составом. К примеру, наблю-
дается высокое содержание белка, количество аскорбиновой кислоты на уровне 0,5 мг, наличие аминокис-
лоты и ненасыщенных линоловых жирных кислот; высокое содержание смеси метионина+цистеином
92-94%, других эссенциальных аминокислот в пределах 110-173%. Имеет большое значение при недостатке
белка в организме, пополняя ее ценными питательными веществами для нормального формирования био-
логических и физиологических функции. По результатам исследований можно сказать, что данное блюдо
практически значимо для улучшения пищевой ценности и калорийности состава рациона. Полученные
табличные данные можно использовать в общественных и семейных местах питания. Предложен лёгкий,
оптимальный и рациональный метод его приготовления. Думаем, что данное национальное казахское блюдо
займет свое основательное место в нашем рационе.
Поступила 20.05.2015 г.
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF BIOLOGICAL AND MEDICAL
ISSN 2224-5308
Volume 3, Number 309 (2015), 86 – 91
IDENTIFICATION OF GENETIC CARRIERS
OF WINTER WHEAT CULTIVARS OF Bt10 gene RESISTANT
TO COMMON BUNT (Tlletia carries) USING MOLECULAR MARKERS
Z. B. Sapakhova
1
, A. M. Kokhmetova
1
, E. B. Dutbayev
2
, M. N. Atishova
1
1
Institute of Plant Biology and Biotechnology, Almaty, Kazakhstan,
2
Kazakh National Agrarian University, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: zagipa_z@mail.ru
Key words: wheat, common bunt, resistance genes, molecular markers.
Abstract. Common bunt, caused by Tilletia caries, is one of the most devastating seed borne disease of wheat.
This disease is transmitted through infected seeds or soil contaminated with spores. Common bunt is now fought by
seed treatment with fungicides. At present in Kazakhstan there are absent the reliable donors of resistance to
common bunt. Common bunt resistance is based on major resistance genes that have been identified, currently
having a number of 15 known resistance genes. One of the most effective resistance genes is Bt10. In this study
carriers of resistance gene Bt10 of winter wheat were identified. The objective of this study was to screen the set of
Kazakhstani and foreign entries of winter wheat. On the base of molecular screening using molecular markers
FSD/RSA 7 entries of Kazakh winter wheat Dastan, Yubeileinaya 60, Ramin, Nureke, Mereke 70, Mayra and Kara-
say were selected. Identified sources of resistance to common bunt recommended as a donors in wheat improvement
breeding programs for disease resistance.
ISSN 2224-5308
Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015
87
УДК 633.1: 632.42(9): 577.2: 581.2
КҮЗДІК БИДАЙ СОРТТАРЫНАН ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕГЕ
(Tilletia сarries) ТӨЗІМДІ Bt10 ГЕНІНІҢ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫН
МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАРКЕРЛЕР АРҚЫЛЫ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ
З. Б. Сапахова
1
, А. М. Кохметова
1
, Е. Б. Дутбаев
2
, М. Н. Атишова
1
1
Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты, Алматы, Қазақстан,
2
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан
Тірек сөздер: бидай, қатты қара күйе, төзімділік гендер, молекулалық маркерлер.
Аннотация. Бидайдың қатты қара күйе ауруы (Tilletia сarries) дəн сапасы мен өнімнің түсімін тө-
мендете отырып, аса үлкен экономикалық ысырап əкелетін аурулардың бірі. Бидайдың қатты қара күйе
ауруымен күресудің ең эффективті жəне экономикалық тиімді жолдың бірі себер алдында тұқымды өңдеу.
Дегенмен экологиялық қауіпсіз тəсіл аталған ауруға төзімді бидай сорттарын өсіру болып табылады. Қазіргі
уақытта Қазақстанда қатты қара күйе ауруына сенімді донорлар жоқ деп айтуға болады. Əдебиеттерде қатты
қара күйе ауруына қарсы 15 төзімді ген бар. Ең эффективті төзімділік гендердің бірі Bt10. Мақалада қазақ
селекциясының күздік бидайларының ішінен қатты қара күйеге қарсы төзімділіктің Bt10 генінің тасымалдау-
шылары молекулалық маркерлер арқылы идентификацияланған. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан жəне
шетел селекциясының күздік бидай сорттарының жинағы алынған. Зерттеу барысында FSD/RSA молеку-
лалық маркерді қолдану арқылы талдау негізінде қатты қара күйеге қарсы эффективті Bt10 төзімділік генінің
тасымалдаушысы ретінде 7 қазақстандық бидай сорттарын айтуға болады; олар Дастан, Юбилейная 60,
Рамин, Нұреке, Мереке 70, Майра жəне Қарасай. Бұл аталған бидай сорттары қатты қара күйеге төзімділік
донорлары ретінде будандастыру бағдарламаларында қолдануға ұсынылады.
Дəнді дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне əкелетін себептердің бірі егістің фитосанитар-
лық жағдайы мен өндірісте ауруға төзімді сорттардың болмауы болып табылады. Ең қауіпті жəне
кең тараған бидай ауруларының бірі қатты қара күйе (Tilletia сarries) болып табылады. Бидайдың
қатты қара күйе ауруын Tilletia тұқымдасының екі туысы (Tilletia foetida and Tilletia carries)
қоздырады. Ауру зақымдалған дəн немесе топырақпен спора арқылы таралады. Бидайдың қатты
қара күйесі барлық бидай өсірілетін аймақтарда кездеседі жəне зақымдалған өсімдіктерде дəн
түсіміне айтарлықтай ысырап əкеліп, дəн сапасын төмендетеді. Ол жұмсақ жəне қатты бидай
сорттарында кездеседі [1]. Бұл ауру спора арқылы таралып, тұқымда немесе топырақта сақталып,
дəннің өсу барысында дамиды. Аурудың белгілерін ауру ересек кезеңіне жеткенде ғана байқауға
болады, зақымдалған өсімдіктің дəні триметиламинға тəн иіс шығып тұратын токсинді саңырау-
құлақ спорасымен алмасады [1]. Егер аурудың дамуына қолайлы жағдай туындаса немесе тұқымды
залалсыздандырылмаса өнімнің ысырап болуы 40 %-дан асуы мүмкін [2]. Сондай-ақ, дəн сапасына
айтарлықтай əсер етеді, өйткені зақымдалған масақтағы дəндердің орнына саңырауқұлақ спора-
лары толып, нан пісіру мен малға жем ретінде қолдануға қолайсыз етеді. 1950 жылдардан бері
ауруды тұқымды химиялық заттармен өңдеу арқылы бақылап келеді, бұл бақылаудың ең эффек-
тивті тəсілдерінің бірі [2]. Органикалық егін шаруашылығында төзімді сорттарды өсіру ауруды
бақылау үшін жалғыз тəсіл болып табылады, өйткені дəнді өңдеуге болмайды [3]. Дегенмен, қатты
қара күйеге төзімділіктің жаңа көздерін іздеу төзімділік селекциясы үшін маңызды болып
табылады. Қазіргі уақытта қатты қара күйенің алдын алу үшін фунгицидтермен өңдейді, бірақ
фунгицидтер тек нысанды саңырауқұлақтарға ғана əсер етіп қоймай топырақ құрамындағы басқа
да микроскопиялық саңырауқұлақтарға, бактерияларға, ризосфера актиномицеттеріне айтарлықтай
əсер етіп топырақтағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына əкеледі.
Фитопатологтардың деректері бойынша (4, 5) қатты қара күйе ауруынан бидай өнімділігінің
төмендеуі 15-30 % дейін жетеді. Бүгінгі таңда ауруға кешенді төзімділік көрсететін бидай сорттары
жоқтың қасы. Сондықтан, қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне, экономикалық жəне экология-
лық мəселелер тұрғысынан ауруға төзімді сорттардың селекциясына көп көңіл бөлінеді. Ауруға
төзімді бидай сорттарын өсіру дəн өндірісінің тұрақтылығын, əсіресе эпифитотия жылдары, сон-
дай-ақ, оның сапасын, өз құнын жəне егіс алқабында санитарлық эпидемиологиялық қауіпсіздікті
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
88
қамтамасыз етеді. Осы уақытқа дейін селекционерлердің жасаған жұмыстары өте бағалы болып
табылады. Қатты қара күйенің донорлары ретінде жаздық бидайдан Baart (Bt1), Canus (Bt2, Bt5),
Redman (Bt3) жəне күздік бидайдан Альбидум 114, Заря сорттары болып табылады [6, 7]. F94976G-
M2-11, F94978G-M1-51 жəне F94975G-M1-11 линиялары Bt11, Bt13 пен Bt10 гендерінің көзі, ал
F95602GM1-21, F94895G-M1-21 мен F94889G-M1-31 Bt8, Bt12, Bt5 жəне Dropia сорты арқылы
құрылған болатын, қазіргі уақытта Румынияда кеңінен өсірілуде. Ал түрік бидай линиясы
PI1783838 Bt8, Bt9 жəне Bt10 гендерінің көзі болып табылады [8].
Бидайдың қатты қара күйесінің жергілікті популяциясына жоғары төзімділік көркеткен
үлгілерге: АҚШ-тан Burt, Celorow, Franklin, Ark, Hyslop; Франциядан Marines; Англиядан – Regent,
Болгариядан – Русалка, ТМД мемлекеттерінен – Заря, Прикубанская, Красноводопадская 23,
Красноводопадская 28 жəне т.б. жатады [8, 9]. Жергілікті жəне Қазақстан селекциясының күздік
бидайының төзімділігін зерттеу кезінде Мелянопус 223 сорты ерекшеленді [10]. Сонымен қатар,
қатты қара күйе патогеніне төзімділік гендері идентификацияланған сорттар жинағын зерттеу
кезінде 10 Bt гені бар ген тасымалдаушылары жоғары төзімділік көрсетті. Шу алқабында Bt2
(Hussar), Bt9 (Selm-65), Bt10 (Selm 66) гендерінің тасымалдаушылары жоғары эффективтілік
көрсетті. Селекция үшін қызығушылық танытқан, құрамында BtZ гені бар бидай сорты – Заря [9].
Көп таралған коммерсиялық бидай сорттары қатты қара күйеге төзімсіз, кейбіреулері ғана
орташа төзімді немесе төзімді болып табылады. Дегенмен төзімділік көздері тек басқа бидай
туыстарынан (Triticum boeoticum, T. dicoccoides, and Aegilops, Triticum monococum, Triticale) интро-
грессияланған немесе туыстық қатынасы болған жағдайда ғана кездеседі [8]. Қатты қара күйеге
төзімділік негізінен осы уақытқа дейін идентификацияланған 15 төзімділік гендерімен бақыланады.
[1, 11]. Бүгінгі таңға дейін қатты қара күйеге төзімділік гендерімен тіркескен генетикалық мар-
керлерді іздестіру барысында төзімділік гендерімен тіркескен бірнеше арнайы маркерлер
идентификацияланған болатын, олардың кейбіреулері селекция процесінде қолданысқа ие [12].
Қатты қара күйеге қарсы төзімділік гендерінің ішінде көп көңіл бөлінгені Bt10, өйткені [13]
деректері бойынша бұл ген қатты қара күйенің əлемдегі таралған барлық расасына қарсы эф-
фективті болып табылады.
Bt10 гені 6D хромосомасының қысқа иығында шоғырланған (1-ші сурет). Қатты қара күйеге
төзімділіктің Bt10 генінің көзі PI178383 линиясы болып табылады [12]. Бұл линияның құрамында
Bt10 гендерімен қатар Bt8, Bt9 төзімділік гендері анықталған [1]. Bt10 генді алғаш рет Glenlea/Taber
комбинациясының 42 линиясын бағалау кезінде карталаған болатын [13].
1-сурет – Қатты қара күйеге төзімділіктің Bt10 генімен тіркескен микросателитті маркерлердің орналасуы
жəне Bt10 генімен арақашықтығы, сМ [13]
ISSN 2224-5308
Серия биологическая и медицинская. № 3. 2015
89
Бидайдың қатты қара күйеге төзімділігін арттыру бойынша селекцияда Bt10 генімен тіркескен
микросателитті молекулалық маркерлерді қолдануға болады. Молекулалық маркерлер бойынша
деректерді талдау барысында қатты қара күйеге төзімділік гендерін идентификациялауға арналған
бірнеше маркердің бар екені анықталды. Сонымен қатар, молекулалық скрининг жұмыстарында
gwm469, wmc749, cfd0080, cfd0019, cfd0033 жəне barc54 микросателитті маркерлері қолданылады.
Дегенмен төзімділік гені мен gwm469 маркерінің арасы 19,3 сМ, сондықтан оны маркерлік селек-
цияда (Мarker-Аssisted Selection) қолданбаған жөн. Bt10 төзімділік гені мен gwm469 маркерінің
арақашықтығы жоғары деңгейдегі рекомбинацияның болып, алынған нəтижелер қате болуы
мүмкін [14]. Ең тиімді жəне сенімді маркер ретінде FSD_RSA маркерін атауға болады, өйткені
аталған маркер Bt10 генімен тығыз тіркескен (0,0 сМ). [12, 15] Сондықтан FSD_RSA маркері
gwm469 маркеріне қарағанда маркер арқылы селекция процесіне қолдануға қолайлы деп танылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты күздік бидай үлгілерінен молекулалық маркердің көмегімен Bt10
генінің тасымалдаушыларын идентификациялау.
Зерттеу əдістері мен материалдар. Зерттеу объектісі ретінде 19 күздік бидай үлгілері алын-
ды, олардың ішінде 14 қазақстандық бидай сорттары жəне 5 шетелдік бидай үлгілері. Позитивті
бақылау ретінде Bt10 генінің тасымалдаушысы болып табылатын М-84-625, SEL M83-162 үлгісі, ал
негативті бақылау ретінде қатты қара күйеге сезімтал Yakar-99 сорты алынды. Өсімдік
материалынан ДНҚ-ны бөліп алу СТАВ əдісін қолдану арқылы жүзеге асырылды [16]. ДНҚ-ның
концентрациясы мен сапасын анықтау спектрофотометр құралы арқылы жүргізілді (Nanodrop 2000,
Thermo Scientific). Bt10 генінің тасымалдаушыларын идентификациялау үшін FSD/RSA [12]. Прай-
мерлерін қолдану арқылы полимеразалық тізбектік реакция (ПТР) жүргізілді. FSD/RSA прай-
мерлерінің жүйелілігі төмендегідей:
FSD 5'- GTT TTA TCT TTT TAT TTC -3'
RSA 5'- CTC CTC CCC CCA -3'
ПТР реакциялық қоспаның жалпы көлемі 10 мкл; оның ішінде құрамы 1,0 мкл 10 × буфер,
1,0 мкл 2,5 mM dNTP, концентрациясы 10 pmol əрбір праймерден 0,2 мкл, 0,25 мкл 5 U Taq-поли-
мераза, 5,85 мкл MQ-H
2
O жəне 1,5 мкл 20 ng/ul ДНК. Амплификация BioRAD T100 (Сингапур)
амплификаторында, мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізілді: алғашқы денатурация – 94
0
С-та
3 мин; барлығы 35 айналым – денатурация 94
0
С-та 30 сек; 44
0
С-та – 30 сек; 72
0
С-та –1 мин; соңғы
кезең 72
0
С-та 10 мин жүргізілді. Оң бақылау ретінде Bt10 генінің тасымалдаушылары болып
табылатын М-84-625, SEL M83-162 линиясы қолданылды. Зерттелген бидай генотиптерінде Bt10
генінің бар немесе жоқ екенін айқындау үшін ПТР өнімдеріне электрофорез 2% агарозалық гелде
жүргізілді [17].
Нəтижелер мен талқылаулар. FSD/RSA праймерлерді қолдану арқылы ПТР жүргізу бары-
сында зерттелген 19 бидай үлгісінің онында 275 жұп нуклеотид болатын амплификация өнімі
түзілді, оларға мына бидай үлгілері жатады: М-84-625 SEL M83-162, P.I. 178383, М-82-2102,
Дастан, Юбилейная 60, Рамин, Нұреке, Мереке 70, Майра жəне Қарасай (2-сурет).
Сонымен, FSD/RSA молекулалық маркерді қолдану арқылы қатты қара күйеге қарсы эф-
фективті Bt10 төзімділік генінің тасымалдаушысы ретінде 7 қазақстандық бидай сорттарын айтуға
болады: Дастан, Юбилейная 60, Рамин, Нұреке, Мереке 70, Майра жəне Қарасай.
2-сурет – Bt10 генімен тіркескен FSD/RSA локусына арналған праймерлерді қолдану арқылы түзілген
бидай үлгілерінің ДНҚ амплификациясы өнімдерінің электрофореграммасы:
1 – М-84-625, SEL M83-162; 2 – Yakar-99 (негативті бақылау); 3 – P.I. 178383 (позитивті бақылау); 4 – Ykizce 96;
5 – М-82-2102; 6 – Дастан; 7 – Ақ дəн; 8 – Юбилейная 60; 9 – Сапалы ; 10 – Рамин; 11 – Нұреке; 12 – Наз;
13 – Мереке 70; 14 – Майра; 15 – Қарасай; 16 – Безостая 1; 17 – Алмалы; 18 – Егемен; 19 – Стекловидная 24;
M – молекулалық салмақтың маркері (Gene-Ruler 100bp DNA Ladder)
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
90
Bt10 генімен тіркескен FSD/RSA локусына арналған праймерлерді қолдану арқылы
күздік бидай үлгілерінің идентификациялау
№
Бидай үлгілрінің аталуы
Bt10, FSD/RSA
1
М-84-625, SEL M83-162
275 ж.н.
2 Yakar-99
–
3 P.I.
178383
275
ж.н.
4 Ykizce
96
–
5
М-82-2102
275 ж.н.
6
Дастан
275 ж.н.
7
Ақ дəн
–
8
Юбилейная 60
275 ж.н.
9
Сапалы
–
10
Рамин
275 ж.н.
11
Нұреке
275 ж.н.
12
Наз
–
13
Мереке 70
275 ж.н.
14
Майра
275 ж.н.
15
Қарасай
275 ж.н.
16
Безостая 1
–
17
Алмалы
–
18
Егемен
–
19
Стекловидная 24
–
М
Молекулалық салмақтың маркері (Gene-Ruler 100bp DNA Ladder)
* Генотипте 275 ж.н. амплификацияланған өнім болған жағдайда Bt10 генінің тасымалдаушы екені дəлелденеді,
ал «–» күтілген өнім түзілмеген, яғни құрамында Bt10 генінің жоқ екенін көрсетеді .
Бұл аталған бидай сорттары қатты қара күйеге төзімділік донорлары ретінде будандастыру
бағдарламаларында қолдануға ұсынылады жəне күздік бидайдың қатты қара күйеге төзімді
коммерсиялық сорттары деп табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |