Григорий николаевич потанин



жүктеу 50.07 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.06.2017
өлшемі50.07 Kb.
#11020

ГРИГОРИЙ НИКОЛАЕВИЧ ПОТАНИН 

Осы келер жаз Потаниин Семей облысы,  Қарқаралы 

уезі, Тоқраун өзені бойьша барады. Июнь басыңца "Қоянды" 

жәрмеңкесінде болады. Тоқырауында жаздай жатып, қазақты 

аралап көрмекші,  қазақтың ертегі жұмбақ, мақал, ескі 

жақсыларының сөзін жимақшы. 

Потанин дүниедегі тілдердің бәрінде айтылган неше 

жұрттың іргелі мақал, өзге сөздерін қарастырып, сонан қай 

жұрт қай жұрттан өнеге-үлгі алғанын шығарып отыр. 

Неше жүз пұт құмды жуса бір аз мысқал алтын шығады. 

178 


Потанин көп ертегіні ақылдың елегіне салып елеп ішіндегі 

аз алтынын тауып береді. Мысалы:  қазақтың тәңірі деген 

сөзі. Монғол тілінде: аспан - көк,  қытай мағынасында. 

Қазаққа бұл "тәңір" деген сөз монғолдан қалған бұрынғы 

уақытта,  қазақ мұсылман болмай тұрып монғолмен "дін" 

дос еді. 

Тағы Потанин жазады: қытай мен монғол шекарасында 

"Ордост" деген орын бар; бұл губерна аты, "Хуанхе" деген 

өзен бойында монғол монастыры (софылар тұратын мекен) 

бар. Осы монғол софылар тұратын жерде үш ақ киіз үй бар. 

Бұл үйлердің Шыңғыс,  қалған екеуінде Шыңғыстың екі 

қатынының сүйегі бар дейді. Софылар бұл үйлерге адамды 

кіргізбейді. Потанин өзі де кіре алмаған. Осы үш үйдің 

айналасында бір ақ боз ат арқандаулы тұрады. Бұл ақ боз ат 

не ат? Жоғарыда айтылған Шыңғыс монғолдың зор "тәңірісі" 

еді. Осы құдай Шыңғыстың жұмыртқаның ағындай боз аты 

бар еді, алтын қазыққа арқандаулы тұрушы еді. Осы алтын 

қазықты бір монғол ұрлады. "Тәңірі" Шыңғыс ұрыны тауып 

алып, өзің  ұрлаған алтын  қазық орнына  қазық бол деп 

жерге қағып, ақ боз атын ұрының мойнына арқандаған дейді. 

Жылда 9-ншы июнде монастырға жұрт жиылып, "Тәңірі" 

Шыңғыстың сүйегіне намаз оқып, осы ақ боз атты құрбан 

шалады. 

Шаралар бір монғолды тұрғызып, аяғын топырақпен 

көміп, ақ боз атты осының мойнына арқандаған болып рым 

қылады. Осы монғол баяғы алтын қазық ұрлаған үрының 

тұқымы-мыс. 

Ақ боз аттың етін, терісін жапырақтап жұрт бөліп алады. 

Осы бір жапырақ ет, теріні "Шыңғыс бағы" дейді. Шыңғыс 

бағын алған адам бақытты болады-мыс. Осы құрбан шалу 

9-ншы июньде болатыны 9-ншы июнь жыл ішінде ең ұзақ 

күн. 


Қазақ сөйлеп жүрген бір сөз бар: "Аспанда екі ақ боз ат 

өрелеулі, темір қазық жұлдызына арқандаулы" деген. 

Темір қазықты күнде бір айналатын шөміш сияқты жеті 

жұлдызды қазақ: "екі ақ боз атты андыған жеті ұры дейді". 

Егер осылар атты  ұрласа  қиямет қайым боладымыс. Осы 

"ақ боз ат", "жетіқарақшы" туралы айтылған сөздерді 

күншығыста неше жұрт неше түрге салып сөйлеп жүр. 

Бұрынғы уақытта адам баласы аспандағы жұлдызға, күнге, 

айға табынған. Тегі қазақтың "Жеті қарақшы", "ақ боз ат" 

деген сөздері бұрынғыдан қалған ертегі сөз ғой. 

Жылда  құрбанға шалып тауыспайтын тәңірі 

179 


Шыңғыстың "ақ боз" атының ертегісі мен қазақ ертегісі бір 

тұқымдас ғой. 

Дүниені алып дүрілдеткен соң "Темучин хан" Шыңғыс 

атанған. Темучинге тәңірі Шыңғыстың атын  қойған. Хан 

Шыңғыс аты осыдан келеді. Потонинның бар жазғанын 

алақандай "Қазаққа" сиғызып болмайды. 

Потанин 1835-нші жылда 21-нші ғинуарда Тұзқалада 

(Ямыщевскі) Ертіс бойында туған. Оқуды Омбы корпусында 

Шоқан (Уалиханмен бірге оқыған2). 

Сібірді бөлем деген жастардың ішіңде болдың деп 1865-

нші жылы сот Потанинді 10 жыл каторжная работаға 

бұйырды. Үркіп жүріп жазған кітабы, атын дүнияға жайып, 

академия, жерді оқитын общества арқылы провасын қайтарып 

алды. 


Қазақты туғанындай жылы көреді. Бишарасың деп 

қазаққа  қорған болады. Өз ғұмырында  қылған жұмысы, 

жүріп тұрған мінезі анық әулиенің ісіндей. 

Қыр баласы. 

"Қазақ", 1913, №15. 

ГРИГОРИЙ НИКОЛАЕВИЧ ПОТАНИН 

Г.Н.Потанин  Қызылжар оязындағы Сібірдің атты 

қазағының баласы. Әкесі казак-орыстың жүз басысы Баян 

ауыл аймағындағы Сүйіндікті билеп тұрған. Сол уақытта 

казак-орыстың Ямышевская қазақша аты Тұз қала3 дейтін 

қаласыңда 21 сентябрьде 1835 жылы Г.Н.Потанин туған. 

Бала туған 3 ай өткенде әкесі Қызылжар оязына көшкен. 

Бекетке келсе құндақтағы бала шанадан түсіп қапты. "Мен 

туған соң 3 айда дүние кезбек болып шанадан түсіп қалып, 

жоғалып табылған, дүниені кезіп білуді сонда бастадым" 

деп, Г.Н. күлетін. 

Г.Н.Омбыда кадетский корпусте Уалихан  ұлы 



1Орысша оқыған  қазақтың ең естісі. Артына кітап  қалдырған осы 

Шоқан. 

21855-нші жылы Алматыны салған. Потанин 1863-нші Алтайды 

Қытаймен орыс бөлгенінде болды. 1870—89-ншы жылдарда 

Қытай, 

Монғолияга төрт барып  қайтты. 

3Тұз қаладан бұрын салынған Ертісте  қала жоқ. Бұл жер бұрын  қазақ 

пен зоңғардың айырбас  қылатын жері екен. 

180 


Шоқанмен бірге оқыған. Шоқанмен дос болған. Қырық жыл 

қоймай  қуып жүріп 1904 жылы Шоқанның екі кітабын 

бастырды. 

Корпусты бітірген соң 1855 жылы казак-орыстың 

бастығы болып Жетісу барған, Алматыны Г.Н. салдырған. 

1859 жылы П.П.Семенов-Тяншанский атанған, Түркістанға 

барып, жер суын оқып қайтып келе жатып, Омбыда Г.Н.-

пен Шоқанға жолығып сөйлеседі, екі жас офицердің өзгеше 

екенін сезеді. Сендер мұнда жүріп, аяқ асты болмандар, 

петербор барып университеттен оқу оқыңдар деп, Г.Н. пен 

Шоқанға ақыл береді. 

Екі жас Петербор барып университет түседі. Г.Н. мұнда 

жүріп ботаниканы — жерге шығатын шөп, ағаш, білімі, әр 

жұрттың әдебиеті, тұрмысы, жер білімінің жолын әдемілеп 

ізденіп жақсы білген. 

1863 жылы  Қытай мен Россияның шегін шектеген 

комиссияның ағзасы болып жүріп,  қазақша жазу үйреніп, 

қазақтың, Алтайдағы түрік жүртының әдебиетімен 

салыстырьш адам баласының тарихы жолында көп мағналы 

іс шығарған. "Восточные мотивы в средневековом европейском 

эпосе" деген кітабында күнбатыстың әдебиетіне қор болған, 

үлгі болған күншығыстың ауыз айтып жүрген ертегі, жыр, 

мақал, өлеңі деп келеді. 

Мұсылманның  құранында көп әңгіме інжілден 

алынған, інжілдің өзі Мұсаның - еврейдің - дін кітабынан 

алынған. Ал енді еврейдің кітабының жалынғаны 

күншығыстан келген дейді Г.Н. Мұны Г.Н. жер үстіндегі 

тәмам жұртының ертегісін, мақалын, өлеңін салыстырып 

сынап тапқан. 

Төрт мың жылдан бұрын Тигр-Ефрат өзендерінің 

өлкесінде осы күні бұл өлкені "Месопотамия" дейді, 

Вавилония, ассирия деген екі зор патшалық болған. Европа 

білгіштері жоғалып жермен жер болып кеткен осы екі 

патшалықтың астанасын тауып алып,  қазып іздеп жүріп, 

талақтай-талақтай өртеген балшыққа жазған сол екі 

жұрттың әдебиетін тапты. Еврейдің дініне негіз болған 

кітаптың бір сөзі осы Вавилония, Ассирия әдебиетінің сөзі 

болып шықты. 

Г.Н.-дың айтқаны расқа шықты. 

1863 жылы осындай данышпанды, "сен Сібірді бөліп 

автономия  қылам деп жүрсің" деп неше жолдастарымен 

үкімет ұстап абақтыға салып байлады. Омбыда абақтыда бір 

жыл отырды. Г.Н.  қарап жатуды білмейді. Омбыдағы 

181 


кеңселердің ескі қағаздарын қарастырып, қазақтың Абылай 

хан заманындағы тарихы туралы көп әңгіме тапты. 

Семенов-Тяньшанский екеуі неміс Карл Риттердің 

"Азия" деген кітабын орыс тіліне басып, "Азияға"  қазақ 

тарихы туралы Г.Н. көп қосымша жазған. 

Бұл  қосымшаның бірі мынау: Абылай ханның 

Қошқарбай деген батырды (Қошқарбайдың жұрағаты осы 

күні, Чарлақ оязы Ақмола губерниясы, Қараөзек деген жерде, 

Ертістен 10-15 шақырым.  Қошқарбай —  қыпшақ) Омбы 

қаласы тұрған жерден жоңғарды 0б өзенін өткізе  қуып 

тастаған. Бұл туралы Барнаул оязында Сібір мұжығының 

айтып жүрген әңгімелері бар. Мұжықта  Қошқарбай 

жоңғарды 0б өзенін асыра қуды дейді. 

Быр жыл байлап Г.Н., Ядринцев, Чачаповты үкімет асьш 

өлтіруге бұйырған. 

Чачапов пен Ядринцев ертең таң ертең асады деп, түнімен 

құшақтасып жылап шығады. 

Г.Н. ертең асады дегенді естіп: "Менің неміс тілі оқулық 

кітабымды  қайда  қойдыңдар?" деп, жылап жүрген 

жолдастарынан сұрайды. 

Іздеп кітабын тауып алып, ертең таң ата асылатын Г. Н. 

Түнімен неміс тілін оқып шыққан. 

Міне Г.Н. тің өзгеде жоқ, бір бүкір мінезі. 

Үшеуінде аспай, которжной жұмысқа  қосып, Г.Н. 

Финляндияда Сунабург қорғанында кісендаулы жүріп жер 

қазған. Өстіп жазған кітабын Петербордағы жерді оқытып 

білгіштердің қауымына жіберген. Бұлар оқып көріп, мұндай 

даныпанды бұл күйде ұстаған ұят деп, патшаға арыз қылып, 

Г.Н.-ты босатып алған. 

1871-нші жылы Парижде коммуна болып, коммунист 

партиясының ішінде дүниеге аты шыққан Элизрек Луи 

болған. Франция үкіметі коммунарларды жеңіп алған соң, 

бәрін атқан. Элизрек Луи атылуға бұйырылды дегенде, 

Европадағы оқымыстылар, данышпандар,  қозғалып, 

мыналарың адам баласына жоғалмас таңба, Элизрек Луи 

атылмасын деп сұрап ерді ажалдан алып қалған. 

Г.Н. пен Элизрек Луи өзге адамның тонына симайтын 

кісілер. 

Г.Н. Таңғұт, Моңғол, Күнбатыс  Қытай жеріне үш 

қайтара барып, кезіп-аралап, бұлардың жерін, жұрттың 

тұрмысын түгелдей жазды. 

Мұндағы көрген білгенін жазған кітаптары неше мың 

бет: В издании Р.И.Г.О. басқан бұлар менің жазуыма сиятын 

182 


емес. Күншығыс елін білем деп талаптанған жастар Г.Н.-тің 

бұл жазғанын оқымасқа болмайды. 

Г.Н. жалғыз білім жолын ғана қумай, өлгенге шейін өз 

пікірін елге жаям деп, газета, журналдарға саяси мақала жазып 

таласып келді, жастарды жиып қамқор болып, жақсы жолға 

сілтеп өтті. 

Саяси жолындағы бізге жылы көрінетін бір негізді пікірі 

мынау: "Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі қош 

басын алып жүре алмайды. Олай болса көп ұлттан құралған 

Россияны бір орыстың билеймін дегенінде мағына жоқ. 

Россия өзге тілі, тұрмысы,  қаны басқа жұртқа автономия 

беруі керек" дейтін Г.Н. 

"Қазақты автоеомия қылсақ, Қараөткел Алаштың ортасы, 

сонда университет салып қазақтың ұлын, қызын оқытсақ, 

"Қозы-Көрпеш — Баянды" шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, 

Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін европа сонда білер 

еді-ау" дейтін Г.Н. "Қозы Көрпеш - Баянда" Баян 

махаббаттың жолына өзін құрбан қылған. Мұны шығарған 

жұрт махаббатты сынай, бағалай біледі. Мұндай жұрттың 

қатыны келешекте  ұл тауып тұр, аты бәйгеден келіп тұр. 

Қазақ жұрты келешекте кіммен болса да  қатар отыруға 

ұялмайды" дейтін Г.Н. 

Г.Н.-тың қысқаша адамшылық мінезін жазайын. Өзінің 

көп өмірінде (Г.Н. 1920 жылы жазды күні Томда дүниеден 

қайтты) бір адамның көңілін ауыртып бір ауыр сөз айтпаған, 

өскен қыз мінезді десек мақтаған болмайды. 1904 жылы 

августе Томда Г.Н.-тың үйінде отыр едім. 10-12 жаста екі 

қыз кіріп келіп: "Біз гимназияға түстік, бізге енді оқуға 

төлейтін ақша керек, кітап,  қағаз,  қалам-қарындаш, 

қыздардың киімі керек" деді Г.Н.-қа. "Жарайды бәрі-бәрі 

болады, ертең сағат 10-да келіңдер, керектінің бәрін сатып 

алайық" деді Г.Н.  Қыздар  қуанып лақтай ойнап, секіріп 

шығып кетті. Г.Н.-тан бұлар кім?" деп сұрадым. "Кім екенін 

өзім де білмеймін" деді, күліп. 

Биыл жазғытұры екеуі келіп: "Біз оқу оқиық дейміз, 

бірақ, әке-шешеміз кедей. Біз сізден ақша-көмек сұрай 

келдік", деді. 

"Олай болса жарайды, мен сендерді оқытайын, күз сендер 

гимназияға түсесіңдер, онан әрі тағы көрерміз" дедім. 

Сонымен жаздай екі баланы оқытып едім, енді бұлар 

гимназияға түсіпті, осы" деп күлді Г.Н. 

1915 жылы Г.Н. 80 жасқа толды. Г.Н. атына бағыстап 

шәкірттері кітап басты. Соған  қосылып  қазақтың өлеңін, 

183 


жырын, мақалын біздің  қазақ жастары да баспақ болды. 

Мына "Ер Сайын" мұның басындағы Ахметтің "Г.Н.-қа 

тартуы" сонда басылмақ болған еді. 

Күншығыс баспасы баспақ болып отырған Баржақсыұлы 

Ахмет жиған "Мың бір мақал да" Г.Н.-қа қалап басылмақ 

еді. 


Қыр баласы. 

"Ер Сайын". 

Жыршылар айтуынан алып, өңдеп өткеруші 

Байтұрсынұлы Ахмет. 

Ұлттар Крмиссариаты қарауындағы 

күншығыс баспасы, 

Мәскеу, 1923. 86-91 б. 

Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> eBooks
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
eBooks -> Өскембаев қанат Сәдуақасұлы
eBooks -> Кәрім Сауғабаевтың бұл кітабына туған жер, еңбеккер ағалар, бақытты
eBooks -> В. И. Ленин В. Д. Бонч-Буревичпен бір әңгімесінде халықтың
eBooks -> Астана полиграфия
eBooks -> Отан соғысы кезінде көрсеткен ерлік өмірі баяндалады
eBooks -> «та заводская проходная »
eBooks -> Уақыттан мықты құдірет жоқ дегенімізбен, оның да қайраны жүрмейтін жандар болады екен. Сәл

жүктеу 50.07 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет