Грегариналардың даму циклі



жүктеу 338.22 Kb.
Дата12.02.2022
өлшемі338.22 Kb.
#17184
грегариналардың даму циклі

Грегариналардың даму циклі

Орындаған: Биология 103 топ

Қабылдаған: Айтжанова Мира

Грегариналар жынысты жолмен көбейеді

Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзейді

Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады.

Екі грегаринанын ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі.

Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталынып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар – ол сателлит

Гаметаларының бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті – копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан – зигота пайда болады

Гаметалар қосылып зигота құрайды. Әрбір зигота қалың қабықшаға оранып ооцистаға айналады.Ооцистаның ішінде спорогония процесі өтеді.

Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді. 8 ядро түзілгеннен кейін, әрбір ядро цитоплазмамен қапталынып, ооцистаның ішінде 8 спорозоиттар пайда болады. Спорогония процесі осылай бітеді.

Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай даму үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішеК сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.

Назарларыңызға рақмет!


жүктеу 338.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет