Государственного педагогического



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет1/28
Дата14.01.2017
өлшемі5.05 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ  
ХАБАРШЫСЫ 
 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
ЖУРНАЛ 
 
 
 
 
ВЕСТНИК  
ТАРАЗСКОГО 
ГОСУДАРСТВЕННОГО 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 
ИНСТИТУТА 
 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ 
 
№7 
2011 
 

 

Тараз  
мемлекеттік 
 педагогикалық  
институтының  
ХАБАРШЫСЫ
 
ВЕСТНИК 
Таразского 
государственного 
педгогического 
института 
 
          
2011
 
№7 
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 
 
А.Б.Абдуалы,                      тарих ғылымдарының докторы, профессор   
(бас редактор) 
Р.С.Амандосова,                     
педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
А.Ә.Байтелиев,                       
филология ғылымдарының докторы, профессор 
С.А.Байтілен,                          
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Бәкірбаев,                      физика-математика ғылымдарының докторы, 
профессор 
Қ.Б.Бӛлеев,                              
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Т.Қ.Бӛлеев,                              
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
К.Ж.Бҧзаубақова,                    
педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
Т.К.Кенжебаев,                       
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Ю.П.Киселев,                          
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
И.О.Мҥлдеков,                        
техника ғылымдарының докторы, профессор 
О.С.Сәлімбаев,                        
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Т.Тоқжігітов,                       
физика-математика ғылымдарының докторы, 
профессор 
М.Мҧратбеков,                       
физика-математика ғылымдарының докторы,   
профессор 
Ж.С.Тӛлеубаев,                      
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, 
профессор 
Ӛ.Ҥ.Ҥмбетов,                         
техника ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Т.Ыбыраимжанов,              
педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ 
профессоры 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ 
МИНИСТРЛІГІ 
Ақпарат және мҧрағат комитеті 
Бҧқаралық ақпарат қҧралын есепке қою туралы 
КУӘЛІК 
№5763-Ж 
Астана қаласы                                                                           «23» 02  2005 ж. 

 

 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІ 
ДАМЫТУДЫҢ  2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА МІНДЕТТЕРІН ЖӘНЕ 
БОЛОН ҤРДІСІ ПРИНЦИПТЕРІН ЖҤЗЕГЕ АСЫРУДА БІЛІМ 
БЕРУ  МАЗМҦНЫН ЖАҢАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
Р.Б.Абдузова 
 
ПРИМЕНЕНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ КРИТИЧЕСКОГО 
МЫШЛЕНИЯ НА УРОКАХ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА 
 
УДК 371.3:802 
         А 14 
 
Учить  говорить  на  английском  языке  -  главная  задача  учителя  английского  языка.  В  течении 
последних  лет  я  стала  применять  элементы  критического  мышления  на  уроках  английского  языка. 
Главная  мысль  этого  вида  деятельности,  это  формирование  личности,  к  концу  обучения  умеющий 
творчески  решать  общественные  задачи,  самостоятельно  мыслить;  вырабатывать  и  защищать  свою 
точку  зрения,  пополнять  свои  знания  путем  самообразования  и  совершенствов0ать  навыки  их 
творческого применения. Изменчивость современного мира побуждает нас быть креативными и уметь 
мыслить критически. Критическое мышление необходимо каждому, это умение сделать правильный 
выбор,  подойти  к  проблеме  критически,  то  есть  рассмотреть  ее  во  всех  ракурсах.  Критическое 
мышление - это значит: думая говорить и говоря думать «Thinking to speak and speaking to think». 
Главной целью критического мышления является , то что не можем говорить, писать, читать и 
слушать не думая . Уроки с элементами критического мышления должны быть: 
1.
 
Креативными -то есть требовать у учащихся , создать что-что свое, не повторяя за другими 
учащимися.Они должны :   думать, планировать, создавать, сочинять и защищать свое мнение . 
2.
 
Бесконечными  -  то  есть  вызывать  учащихся  на  решение  проблем  и  выбора  лучшего 
решения. 
3.Общительными  -  то  есть  работа  в  маленьких  группах,  а  также  предоставлять  учащимся 
возможность в практике, умение вести беседы, то есть быть коммуникабельными . 
4.
 
Активными (живыми и энергичными). 
5.
 
Разнообразие наглядных пособий. Развивать зрительные, слуховые, осязательные навыки, не 
только память. 
Критическое мышление   -это связь: знание ------------------  понимание  ------------- ► 
применение  анализ ______  синтез ______ оценка 
Какие задания на развитие критического мышления я и мои коллеги применяем на уроках ? 
1. Odd  one   out.- полезно при обучении новым словам или для 
закрепления новых слов ; практикует устную речь ; главное 
помогает делать логические выводы , то есть развивает их 
критическое мышление. 
Учащиеся могут дать совершенно неожиданные варианты. Главное, чтобы они могли доказать 
свою точку зрения. 
 Например: dog , cat, donkey, dragon. Car, aiplaine, bus, train. 
2. Finish the sentences : 2 команды 
People can't live without.... (air, food,water, fire  ets .) 
3.Puzzle stories.' 
4.
 
Can you guess? (The famous). 
5.
 
Critical    thinking. 
The trousers are too short. The students are not in class. Why? 
6.  Classification (parts of speech or words on different topics.) 
При обучении письму использую такие виды работ как: 
1.  Thank you letters. 
Structures: 

 

lam writing to thank you for .... 
It was very kind of you to .............  
It will very useful.... 
It is beautiful, lovely,  fantastic,  wonderful .................................. ets. 
2.  Inserting. 
Вставлять новую информацию куда это необходимо. Для чего нужно использовать Inserting , 
для того, чтобы ваше письмо стало более детальным. Чем больше деталей вы вставляете, тем лучше 
читатели поймут, то что вы написали. 
3.
 
Working with fables (for good writing) 
4.
 
Freaky fables (writing of the new free writing, new endings, version of the fairy story). 
5.
 
Working with  songs  using new techniques. 
6.
 
Crosswords. 
7.  Cinquains. 
8.Blackboard  Bingo. 
Наблюдения  за  учебным  процессом  показывают  ,  что  одним  из  условии,  обеспечивающих 
высокую  активность  ,  учащихся  на  уроке  является  новизна  информации,  используя  элементы 
критического  мышления  .  Каждое  новое  занятие  продолжает  постепенно    расширяет  и  углубляет 
предыдущего как  в лексическом  так и в грамматическом плане . 
Рациональное применение элементов критического мышления  так же создают предпосылки 
для успешной организации деятельности учащихся на уроке, а следовательно для лучшего усвоения, 
значит развитие навыков и умений . 
 Практика  моей  работы  доказывает  что  результаты  обучения  английскому  языку  там  ,  где 
эффективные  формы  организации  учебного  процесса,  где    ученик  –не  объект  педагогического 
воздействия,  а  равноправный  собеседник  .  Путь  к  улучшению  подготовки  уч-ся  по  английскому 
языку  один:  если  им  интересно  на  уроке  ,  если  учитель    нашел  подход  к  каждому  ученику  ,  то 
возникает обстановка общей увлеченности , при которой проблема формирования речевых навыков и 
умений решается усиленно. 
_________________________ 
По материалам «Interlink Resources». 
 
 
М.Е.Абикеева  
 
КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҤРЛЕРІ АРҚЫЛЫ 
ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ 
 
ӘОЖ 373.1-053.6(574) 
 
Колледжде  ҧлттық  тәрбиені  жҥргізу  ҥшін  оқытуды  ҧйымдастыру  формалары  мен 
интербелсенді  әдістерді  таңдауда  біз  Р.К.  Дҥйсембінова  мен  А.  Әлімовтың  зерттеулерін 
басшылыққа  алдық.  Р.К.  Дҥйсембінова  «...қазіргі  кезде  мектеп  тәжірибесінде  кеңінен  орын  алған 
дәстҥрлі  және  дәстҥрлі  емес  сабақтар  (іскерлік  ойын,  пресс-конференция,  жарыс,  КТК,  аукцион, 
шығармашылық есеп, лекция-концерт, ойын брейн-ринг, телекӛпір, экскурсия, ғажайып алаң т. б.) 
ӛткізу, сондай-ақ оқу жҧмысын ҧйымдастырудың формалары (лекция, семинар, конференция т.б.) 
қолданылады» [1, 157-158 б.] десе, А. Әлімов «Интербелсенді оқыту ... келесі жҧмыс тҥрлері мен 
әрекеттер  арқылы  жҥзеге  асырылады:  бірлескен  жҧмыстар  (жҧптық,  топтық,  бҥкіл  аудиториялық); 
жеке  және  бірлескен  зерттеу  жҧмыстары;  рӛлдік  және  іскерлік  ойындар;  пікірталастар;  ақпараттық 
әртҥрлі кӛздерімен жҧмыс жасау (кітап, лекция, интернет, қҧжаттар, мҧражай т. б.); шығармашылық 
жҧмыстар; кейс-стади; презентациялар; компьютерлік оқыту бағдарламалары; тренингтер; интервью; 
сауалнама т.б.» [2, 66 б.]. 
Біз  тәжірибелік-эксперименталды  колледждердің  оқу-тәрбие  ҥрдісіне  арнайы  курс  ретінде 
ендірілген  «Қазақ  халқының  салт-дәстҥрлері  –  ҧлттық  тәрбие  берудің  негізі»  атты  оқу  пәнін 
білімгерлерге ҧлттық тәрбие беруде және олар колледж бітіргеннен соң оқушыларға ҧлттық тәрбие 
беретін болғандықтан интербелсенді технологиялардың ең тиімді деген тҥрлерін ғана пайдаландық. 
Енді  колледж  білімгерлеріне  қазақ  халқының  салт-дәстҥрлері  арқылы  ҧлттық  тәрбие  беруде 
пайдаланылған оқытуды ҧйымдастырудың интербелсенді формалары мен технологияларға жеке-жеке 
тоқталайық.  

 

Проблемалық  лекция  оқытуды  ҧйымдастырудың  негізгі  формасы  ретінде  білімгердің  қазақ 
халқының салт-дәстҥрлері жӛніндегі оқу-танымдық әрекетінің қҧрылымы мен сипатын тҥрлендіріп, 
қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ҧсынылады.  Лекцияның  мазмҧнын  конспектілеу  мен  ең 
маңыздысын  ажыратып,  туындаған  сҧрақтарды  жазып  отыру  ескертіледі.  Лекция  соңынан 
оқушыларды  қызықтыратын  сауалдарға  жауаптар  беріліп,  ой-пікірлер  алмасады,  сӛйтіп,  олардың 
салт-дәстҥрлер  туралы  мағлҧматтары,  ҧғым-тҥсініктері  арта  тҥседі.  Халықтық  салт-дәстҥрлер 
жӛніндегі  лекциялар  қазақ  халқының  ӛміріндегі  фактілерді  логикалық  тҧрғыда  тҧтастай  әрі  ӛзара 
байланыста  ҧғынуға,  басты  мәселеге  ден  қойып, баса  назар  аударуға  кӛмектеседі,  логикалық  ойлау 
қабілеттерінің  дамып,  кеңеюіне  ықпал  етеді.  Мысалы,  «Қазақтың  салт-дәстҥрлері  туралы  тҥсінік», 
«Қазақ  халқының  қыз  бала  және  ҧл  бала  тәрбиесі»,  «Қазақ  ағартушылары  мен  ағартушы-
педагогтарының  халықтық  салт-дәстҥрлері  арқылы  жастарға  ҧлттық  тәрбие  беру  туралы  ой-
пікірлері»,  «Қазақтың  бала  тәрбиесіне  байланысты  салт-дәстҥрлері»,  «Қазақтың  әлеуметтік-мәдени 
салт-дәстҥрлері», т.б. соған дәлел. 
Колледжде  семинар  оқытуды  ҧйымдастыру  формасы  ретінде  оқытушының  жетекшілігімен 
білімгерлердің оқу материалын ӛз бетімен белсенді тҥрде меңгеруіне мҥмкіндік береді, терең талдау 
жасап,  ӛзіндік  баға  бере  білуге  ҥйретеді.  Семинарға  дайындық  барысында  білімгерлердің  қазақ 
халқының салт-дәстҥрлерін ӛздігімен дербес іздестіріп табуы, арнайы және анықтамалық әдебиетпен 
жҧмыс істеудің жолдарын ҥйренуі олардың білім, іскерлік, дағдыларды берік меңгеруіне ықпал етеді. 
Осындай  ізденістердің  нәтижесінде  білімгерлер  ӛз  халқының  салт-дәстҥрлері  жайында  мол 
мағлҧматқа  қанығып,  білімін  кеңейтеді.  Семинарлық  сабақтарда  белгіленген  мәселе  бойынша 
тақырыптық  немесе  проблемалы  талқылау  ҧйымдастырудың  да  берері  мол.  Білімгерлер  пікірталас 
барысында бір-біріне сҧрақ қояды, ӛз кӛзқарасын білдіріп, оны дәлелдейді, мҧғалімнің сҧрақтарына 
жауап  береді.  Сабақтар  білімгердің  жауапкершілік,  дербестілік,  ізденімпаздық  сияқты  сапа-
қасиеттерін,  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастырады.  Мысал  ретінде  «Қазақтың  бала  тәрбиесіне 
байланысты  салт-дәстҥрлері»,  «Қазақ  ағартушылары  мен  қазақ  ағартушы-педагогтарының  ҧлттық 
музыка  мен  табиғатты  аялау  дәстҥрлері  туралы  ой-пікірлері»,  «Қазақ  ауылындағы  қарым-
қатынастары  және  ҥй  болуға  байланысты  салт-дәстҥрлер»,  «Қазақтың  ҧлттық  тағамдары  және 
қонақжайлылығы», т.б. айтуға болады. 
Ғылыми  конференция  оқытуды  ҧйымдастыру  формасы  ретінде  сабақтардағы  қайталау  мен 
тақырыптарды бекіту тәрізді бірсыдырғы әдіс-тәсілдерді қызғылықты әрекетке айналдырумен қҧнды 
да  мәнді  саналады,  білімгерлердің  кҥштерін  жҧмылдырып,  халықтық  салт-дәстҥрлерге  танымдық 
қызығушылықтарын арттырады. Білімгерлердің қазақ халқының салт-дәстҥрлерін қайталап, бекітуін 
қамтамасыз  етіп,  дискуссия  барысында  ӛз  кӛзқарастарын,  пікірлерін  негіздеп,  айқын  дәлелмен 
жеткізе  білуге  ҥйретеді.  Білімгерлерге  ӛз  еркімен  орындайтын  баяндамалардың  немесе 
хабарламалардың  тақырыбы  алдын-ала  ҧсынылады.  Талқылауға  сынып  тҥгел  қатысады,  әр 
оқушының  оппонент  ретінде  сӛз  алуға  дайын  болуы,  оған  алдын-ала  әзірленуі  талап  етіледі. 
Конференцияға  дайындалу,  оны  ӛткізу  білімгерлердің  ӛзіңдік  жҧмыс  орындаудағы  іскерлігі  мен 
дағдыларын жетілдіреді. Мысалы, соңғы жылдары білімгерлер конференцияларда «Келін тәрбиесі», 
«Қазақтың  туыстық  қарым-қатынастары»,  «Қазақ  тойлары  –  тәрбие  мектебі»,  «Қазақ  бата-
тілектерінің тәрбиелік мәні» т.б. кӛптеген баяндамалар жасады. 
Пікірталас,  пікірсайыстары  білімгерлердің  ҧлттық  мінез-қҧлқын,  санасы  мен  намысын 
қалыптастыруда  аса  тиімді.  Бҧл  халықтық  салт-дәстҥрлерді  оқыту  негізінде  жҥзеге  асырылады. 
Білімгерлер  халықтық  салт-дәстҥрлердің  тҥрлері,  олардың  мазмҧны  және  маңызы  жӛнінде  ӛз 
кӛзқарастарын  ортаға  салып,  адамдар  арасындағы  ҧлттық  қарым-қатынасқа  ӛз  тҧрғысынан  баға 
береді. Сӛйтіп, бір-бірімен пікір алмасу арқылы білім кеңейтіп, танымын белсендіру мҥмкіндігіне ие 
болады.  Мысалы,  соңғы  5-6  жылда  колледждерде  «Бҧрын  және  қазіргі  кезде  қыз  балалардың 
тәрбиелілігі қандай?», «Бҧрын және қазіргі кезде ҧл балалардың тәрбиелілігі қандай?», «Бҧрын және 
қазіргі  кезде  келіндердің  тәрбиелілігі  қандай?»,  «Бҧрын  және  қазіргі  кезде  туыстық  қарым-
қатынастар қандай?» т.б. тақырыптарға ӛте қызықты пікірталастар мен пікірсайыстар ҧйымдастырып 
ӛткізілді.  
Жарыстар, конкурстар, олимпиадалар білімгерлердің қазақ халқының салт-дәстҥрі жӛніндегі 
білім, іскерлік және дағдыларын жетілдіріп, қызығушылығын, қабілеті мен дарынын дамытуда тиімді 
ҧйымдастыру  формалары  болып  табылады.  Дене-тәрбиесі  мен  спорттык  жарыстар  (тоғызқҧмалақ, 
асык  ойнау,  жамбы  ату,  теңге  ілу,  палуандар  кҥресі,  жаяу  жарыс,  ат  жарыс  т.  б.)  осы  саладағы 
іскерліктері  мен  дағдыларын  бекітумен  бірге  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттауға  кең  жол  ашады, 
тәрбиелік  –  сауықтыру,  дене  шынықтыру  міндеттерін  тиімділікпен  жҥзеге  асыруға  әсерін  тигізеді. 
Мәселен, «Қыз сыны», «Жігіт сыны», «Сиқырлы қазан», «Елім-ай» тәрізді этнографиялық байқаулар 

 

білімгерлердің  талантын  дамытудың,  шығармашылығын  ҧштаудың,  жан-жақты  танудың,  сонымен 
қатар жағымды мінез-қҧлықтарын қалыптастырудың ықпалды формалары болып саналады.  
Диспут,  дебат  ойындары  қазақ  халқының  салт-дәстҥрлерін  игертудің  проблемалық, 
шығармашылық  сипатын  арттыруымен  ерекшеленеді.  Ол  тҥрлі  тақырыптарға  қазақ  салт-дәстҥрлері 
саласынан  білімгерлердің  білімдерін  тереңдету  қажет  болған  жағдайда  ҧйымдастырылады.  Ол 
ойындарға қатысу арқылы білімгерлер ӛздерін қызықтыратын тҥрлі сауалдарға жауап алады, сондай-
ақ тың мағлҧматтармен қанығады. 
Дидактикалық  және  рөлдік  ойындарының  басты  міндеті  білімгерлердің  танымдық  ҥрдісін 
белсендіру болып табылады. Бҧл әдістерді нақты ӛмірді бейнелейтін арнайы жағдайатқа қҧрған жӛн. 
Бҧған  тҥрлі  ҧлттық  ойындар,  саяхат  ойындары  және  тҥрлі  викториналар  мысал  бола  алады. 
Компьютерлердің  кең  таралуына  байланысты  қазақ  халқының  салт-дәстҥрлерінен  қызықты 
мағлҧматтар бере алатын танымдық ойындардың да болашағы зор. Мысал ретінде «Қазақ халқының 
ҧлттық  ойындары»  тақырыбына  ӛткізілген  дидактикалық  және  рӛлдік  ойындар:  «Ойын-сауық 
ойындары»,  «Дене  шынықтыру  ойындары»,  «Спорт  ойындары»,  «Оймен  келетін  ойындар» 
тақырыптарына жылма-жыл ӛткізілді. 
Енді қазақ халқының салт-дәстҥрлері арқылы білімгерлердің ҧлттық сана-сезімін, намысын мен 
мінез-қҧлық тәжірибесін қалыптастыру мақсатында пайдаланылатын интербелсенді халықтық тәрбие 
әдістеріне де қысқаша сипаттама берелік. 
Талап  қою  әдісінде  тҧспалдап  айту,  еркелете  сенім  арту  сияқты  қазақ  халқының  тәлім-
тәрбиелік  іс-әрекет  тәжірибесінде  жинақталған  әдіс-тәсілдерді  кеңінен  қолдануға  болады.  Әсіресе, 
қазақтың тыйым сӛздерінің бала тәрбиесіне тигізер әсері мен ықпалы айрықша мол.  
Сендіру  білімгерлердің  адамгершілік,  ӛнегелілік  жайлы  тҥсінік,  ҧғымдарын  қалыптастыруды 
және  жағымсыз  қылықтардан  арылтуды  кӛздейді.  Бҧл  орайда  би-шешендердің  халықтық  салт-
дәстҥрлер  туралы  тәрбиелік,  адамгершілік  қасиеттер  жӛніндегі  ӛсиет  сӛздерін,  тағылымды  ақыл-
нақылдарын қолданған ӛте орынды.  
Жаттықтыру  әдістері  білімгерлерге  қажетті  ҧлттық  салт-дәстҥрлерді  қалыптастыру 
мақсатында  қолданылады.  Олар  қазақ  халқының  саз  ӛнеріне  (әнші,  кҥйші),  сәндік-қолданбалы 
ӛнеріне  (кестеші,  тоқымашы,  ҥйші,  етікші)  ҥйрету  немесе  шешен  сӛйлеуге,  мәдениеттілікке, 
әдептілікке  тәрбиелеу  жаттықтыру  әдісін  пайдалану  арқылы  жҥзеге  асады.  Мысалы,  қазақтың 
әншілік ӛнеріне «Махаббат, қызық, мол жылдар» атты әуенді кешті айтуға болады. 
Қазақ  халқының  салт-дәстҥрлерін  колледждің  оқу-тәрбие  ісіне  пайдалануды  бҥгінгі  кҥн 
талабынан  туындаған  инновациялық  ҥрдіс  ретінде  қарастырсақ,  оны  жҥзеге  асырушы  –  педагог 
маман  екені  белгілі.  Инновациялық  іс-әрекетпен  шҧғылдану  оқытушыдан  педагогика,  психология 
ғылымдарының  теориясы  мен  ерекшелігін  терең  білуді  және  ӛз  пәнінің  әдістемесін  жетік  меңгеру 
сияқты  кәсіби-педагогикалық  қасиеттерді  талап  етеді.  Қазақ  халқының  салт-дәстҥрлерін  оқу-тәрбие 
жҥйесіне  қаз-қалпында  ендіре  салу  емес,  олардың  мазмҧнын,  білімділік,  ҧлттық  тәрбиелілік, 
дамытушылық мҥмкіндіктерін жетік біліп, сонымен бірге педагогика ғылымының заңдылықтарымен, 
жеке  ҧстанымдарымен  ҧштастыра  отырып,  осы  заманғы  оқу  технологиясы,  оқытуды 
ҧйымдастырудың  белсенді  формалары  мен  әдістері  арқылы  шеберлікпен,  шығармашылықпен 
қолдана білгенде ғана білімгерлерге ҧлттық тәрбие беруде тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады. 
Колледждің оқу-тәрбие ҥрдісінде қазақ халқының салт-дәстҥрлері арқылы білімгерлерге ҧлттық 
тәрбие  беру  ҥшін  ең  алдымен  оны  әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету  қажет,  яғни  осы  саладан 
оқытушылар  даярлығын  жҥзеге  асыру  және  оқу-тәрбие  ҥрдісіне  қажетті  әдістемелік  кешендер 
даярлау керек. 
Сонымен,  колледж  білімгерлеріне  қазақ  халқының  салт-дәстҥрлері  арқылы  ҧлттық  тәрбие 
берудің  дәстҥрлі  және  интербелсенді  формалары  мен  әдістерін  пайдаланып  ӛткізілген  іс-шаралар, 
олардың ҧлттық тәрбиелілігін қалыптастырып, оларды ҧлттық рухта тәрбиелейді [3]. 
_______________________________ 
1.
 
Дҥйсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру. - Алматы: Ғылым, 2000. 
- 356 б.  
2.
 
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. - Алматы, 2009. - 328 б. 
3.
 
Абикеева  М.Е.  Білімгерлерге  қазақ  халқының  салт-дәстҥрлері  арқылы  ҧлттық  тәрбие  беру.  - 
Алматы: Нҧрлы әлем, 2010. – 256 бет. 
 
 
 
 

 

А.М. Абуталиева, Э.Шаханова  
 
ҒАБИТ  МҤСІРЕПОВ  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  ИРОНИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІК 
 
ӘОЖ 804 
          А 17 
 
 
1956 жылдан бастап, «Ара» (Шмел) журналы шыға бастады. Сол жылы журналдың редакторы 
болып,  Ғабит  Мҥсірепов  тағайындалады.  «Ара»  журналының  мақсаты  –  адам  санасында  қалып 
қойған  ескіліктің  қалдықтарымен  кҥресу,  юмор  мен  сатираның  ролін  кҥшейту.  Жазушы  «Ара» 
журналын  он  жыл  басқарып,  қазақ  әдебиетінің  ҥлкен  бір  саласы  –  сатира  мен      юмордың  одан  әрі 
дамуына сара жол салып берді.  
Қазақ әдебиетіндегі сатиралық   дәстҥр мазмҧны бай фольклорымыздың негізінде қалыптасты. 
Қоғамның жетістігін дәріптеуде,ілгері басуға кедергі болған келеңсіз жайттарды аяусыз әшкерелеуде 
–  сатира,  юмор,  ирония  орасан  роль  атқарды.  Қазақ  әдебиетінің  тарихында  юморлық,  сатиралық, 
ирониялық  дәстҥрлерді  зерттеуде  профессор  Т.Қожакеевтің  еңбектерін  ерекше  атаймыз. 
Ә.Тәжібаевтің  «Қазақ  драматургиясының  дамуы  мен  қалыптасуы»  атты  еңбегі  кҥлкінің  қҧдіреті 
жайында  толымды  ойлар  айтылған.  Р.Нҧрғалиевтың  «Трагедия  табиғатында»  да    кҥлкінің  қҧдіреті 
арнайы  сӛз  болады.  Бҧл  зерттеу  еңбегінде  драматургиядағы  кҥлкінің  эстетикалық  маңызы  толық 
сипатталады.  Сонң  ішінде  кӛрнекті  жазушы  Ғабит  Мҥсіреповтың  драма  саласындағы  еңбектеріде 
кеңінен  сӛз  болады.  Жазушының  халық  аузында  ертеден  келе  жатқан  юморлық  дәстҥрді  қазақ 
әдебиетінің топырағында одан әрі байыта, тереңдете тҥскені ӛз алдына бір сала.  
Сатира  да,  юмор  да  қазақ  әдебиетінің  барлық  жанрларында  да  кездеседі.  Абай  Қҧнанбаев 
шығармаларында сатираға ерекше мән бере отырып, ӛмірде кездесетін олқылықтарды, кемшіліктерді 
сыналған. Қазақ  ауыз әдебиетінде   юмор мен сатира мақал-мәтелдерде де, тҧрмыс –салт ӛлеңдерінде 
де жиі кездеседі. Сатира мен юмордың алуан тҥрлері Ғабит Мҥсіреповтың шығармаларында кӛптеп 
кездеседі.  Кӛркем  шығармаларда  бастан  –  аяқ  сатиралы  ,  немесе,  юморлы  болуға  міндетті  емес. 
Мәселен Мҧхтар Әуезовтың «Еңлік -Кебек», Ғабит Мҥсіреповтың «Қозы Кӛрпеш –Баян сҧлу», «Ақан 
сері  –Ақтоқты»  тагедиялары.  Бҧл  шығармаларында  автор  ӛз  кӛрермендерін  ылғи  мҧңайта  бермей, 
реті  келгенде  кҥлдіріп,  халықтың  еңсесін  кӛтере  отыруды  да  мақсат  еткен.  Осы  шығармаларда 
Қоңқай,Жантық  әрекеттеріндесатира  мен  юмордың  әр  тҥрлі  реңдері  бар.  Юмор  әдетте  әлеуметтік 
қҧбылыстың  мәнін жоюға  шақырмайды,  қайта  оның  қалыптасуына,  кемшіліктердің  орын  алмауына 
жағдай жасайды.   
Адам  баласы  бағзы  замандардан  бері  қарай  жақсылыққа  ҧмтылумен  келеді.  Халық  ауыз 
әдебиетінің  мысалдарында  халық  жамандық  пен  қатегездікке  қарсылығын  білдіріп  отырған.  Ондай 
жайттарды жай айтып қана қоймай, сонымен қатар аяусыз мінеп – шенеді, ащы кҥлкіге душар етті. 
Кҥлкінің  әртҥрлі  реңктерін  пайдалана  отырып,  батыл  сынап,  қоғам  ӛмірінен  аластауға  тырысты. 
Халқымыздың жағымсыз әрекеттерге деген кӛзқарасын әзіл, сықақ, мысқыл, мазақ, кекету, кҥлкі ету 
арқылы білдіріп отырған.  
Юмор  мен  сатирадан  басқа   кҥлкі  реңдері: қалжың  кҥлкі  -  әзіл  кҥлкі  (юмор),  мысқыл  кҥлкі  –
зілді,  улы  кҥлкі  (сарказм),  кекете-мҧқата  кҥлу,(изведка),  қағыта  –  шеней  кҥлу,  оспақтай  кҥлу 
(пародия), келекелеп кҥлу (ирония), мазақтай кҥлу (басня).  
Қазақ  әдебиетінің  классигі  Ғабит  Мҥсірепов  «Ҧсақ  сықаққа  қазекең  қандай  шебер»  дейді. 
Жазушының  қарапайым  пікірінде  шындық  бар.  Оны  біз  бҥкіл  әдбиетіміздегі  юморлық  мол 
тәжірибені жинақтайтын ғылыми тҧжырым.  
Халық  кҥлкісінің  сыры  тереңде  жатыр.  Халық  кҥлкісінің  сыры  мен  сипатына  кӛбірек  қанық 
болған  және  оны  ӛздерінің  творчестволық    тәжірибелерінде  одан  әрі  дамытқан  жазушылардың 
бірегейі Ғабит Мҥсірепов. Сатира мен юмордың да қалыптасып дамуына зор ҥлестерін қосты.   
Ирония  –  кер  кетіп  тҧрып  кекету,  жіңішкелеп  отырып  кекету,  парасатсыз  адам  сезбейтін  етіп 
кекету.  Мысалы,  «Жіпсіп  отырған  кілең  жайсаңдар»(1)    бҧл  –  шын  мақтағансып,  кӛтермелегенсіп 
отырып кекету.  Иронияның жоғарғы сатысы  - сарказм. Ол ызалы, зілді кекесін, ашынған, ашық та 
ащы  кекесін.  Мысалы,  «досқа  кҥлкі,  дҧшпанға  таба  0ыл5аны4а  рахмет!»  десек,  бҧл  –  ызалы 
иронияның сарказмға ойысуы. 
Л.И. Тимофеев ирония мен сарказмды юмордан сатираға ӛтудегі аралық формалар дейді. Яғни 
нысанаға  қайырымды  тҥрде,  симпатиямен,  әзіл  –  оспақты  араластыра  кҥлу  жеткіліксіз  болып,  оны 
кекете,  келемеждей  сынау  керек  болғанда  иронияға  ауысамыз,  ал,  кекетіп  қою  жеткіліксіз  деп 

 

табылып,  обьектінің  шаңын  қағып  әшкерелеу  қажет  болғанда,  кектен  ызадан,  тепсінуден  туатын 
сарказмға ойысамыз. Осыдан барып юморлық дҥние сатираға айналады. 
Жанр таңдауда автордың икем – ыңғайы да әсер етеді. Ол ӛзіне оңтайлы, сыр – қырына қанық, 
жазып  тӛселген  жанрына  жиі  қҧлайды.  Кейде  жанр  автордың  стильдік  тенденциясына 
қарайтаңдалады.  Гротеск,  гипербола,  ирония,  сарказмды  басты  қҧрал  етіп  пайдаланатын  стильдік 
ағымдағылр  памфлетке,  әшкерелеуші  фельетонға  ҥйір  келеді.  Ал  жеңіл  кҥлкі,  жылы  юмор,  әзіл  – 
оспақты,  шарж  бен  карикатураны  ыңғайлы  санайтындар  юморлық,  комикалық  жанрларды  лайық 
кӛреді. 
«...Ирония, сарказм Шернияздан бҧрынғы халықтың ауыз әдебиетінде де кездеседі. »(2) 
Сатираның жеке бір іс, қҧбылысты зерттеп білудің әдіс  – тәсілі ретінде кӛрінетіні де рас. Бҧл 
сапада  ол  эпостық,  лирикалық,  драмалық  шығармалардың  бәрінде    де,  барлық  тҥр,  жанрында 
пайдалана  береді.  Мысалы:  Ғ.  Мҥсіреповтың  «Оянған  ӛлкесі»  -  эпостық  шығармалар.  Сӛйтсе  де 
олардың  кей  беттері  сатиралық  әдіс  –пафоспен  жазылған.  Сатира  жеке  бір  эпизод,  образдарды 
суреттеп, сипаттап берудің әдіс-тәсілі ретінде қолданылған.  
Ғ. Мҥсіреповтың «Оянған ӛлкесіндегі» Жҧман бай, Кҥреңкӛз қажы тӛңірегінде де талай сатира 
бар. Осының бәрінде де сатира жеке бір образ, характерлерді, болмыс суреттеп берудің қҧралы, тәсілі 
ретінде  қолданылған.  «Сатира»  деген  атаудың  бҧлардан  басқада  мағынасы  бар.  Кейде  ол    стильдік 
ағым  атын  білдіреді,  әр  стильдік  тенденция  ӛзіне  тиімді.  Мысалы,  гротеск,  гипербола,  шарж, 
карикатура, сарказм, иронияны басты қҧрал етіп пайдаланатын ағымдағылар сатираны таңдайды.  
Ғ.Мҥсірепов  Кҥреңкӛз  қожаның  «есек  қҧйрығын  жусаңда  мал  тап!»  деген  қағиданы  қатаң 
тҧтынғаны  пайдакҥнем,  дҥниеқоңыз  жан  екенін  юмормен  сипаттаған.  Мысалы:  «Кҥреңкӛз  қожа 
Омбыдан олжалы қайтқан байжанның ҥйіндегі екі жас баланың піштірілмеген шӛтейлерін басқа бір 
надан  қағып  кете  ме  деп,  әдейі  бҧрылып  келіп  еді.  Шӛтейлер  әзір  аман  сақтаулы  екен.  Қожекең 
кӛңілденіп, Байжанның аса діндар адам екеніне  қоса, Жҧбайдың қою қара шайын да мақтап алды.» 
(3)  
Ғабит  Мҥсірепов  шығармаларында  сыртына  кҥлкі  шығып  тҧрмаған  болмыс  –қҧбылыстардың 
езу тартқызарлық белгілерін іздеп тауып, кӛрсетіп жіберіп, оған оқушыны кҥлдіру басым. 
«Әрбір  жазушы,  әсіресе  сатирик,  ӛз  творчествосына  сын  кӛзімен,  юморлық  ,  ирониялық 
талаппен қарауға тиіс.Яғни ӛзін ӛзі юмор, ирония нысанасы етіп қоя білу – сатирик болудың, жазушы 
ретінде ӛсудің, кемелденудің кепілі.»-дейді кӛрнекті ғалым Темірбек Қожакеев. 
_________________________ 
1.
 
Қабышев Ғ. Мысықта сақал неге жоқ? А., «Жазушы», 1972 ж, 57 – бет 
2.
 
«Қазақ әдебиетінің тарихы», А., 1961ж,  2-том, 1-кітап, 142-бет 
3.
 
Мҥсірепов Ғ. Таңдамалы, ҥш томдық, 2-том, А., 1980 ж, 242-243 беттер. 
4.
 
Қожакеев Т. Сатира негіздері. А., «Санат».,1996 ж. 
 

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал
vestnik -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Басқа планеталықҚА Қай қолды беру керек?
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы

жүктеу 5.05 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет