Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары



жүктеу 450 Kb.
бет1/7
Дата16.02.2022
өлшемі450 Kb.
#17302
  1   2   3   4   5   6   7
Геометрия п нінен 7-сынып о ушыларына арнал ан тест тапсырмалары
Бекмурат диффур, Krasnov M.L. Zadachi i reshenija - Obykn. differenc. uravnenija, 2002, 258s (1), 10 практика

Геометрия пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған

тест тапсырмалары


Т Е С Т № 1




Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Кез келген үш нүкте берілген. Нүктелер арқылы неше түзу жүргізуге болады?

А. Шексіз көп

В. 1

С. 3







2.

Әр түрлі екі түзудің ортақ үш нүктесі болуы мүмкін бе?

А. Мүмкін

В. Мүмкін емес

С. Ортақ бір ғана нүктесі болады








3.

Жазықтықтағы l түзуі b түзуін қияды. Осы түзулердің қиылысу нүктелерінің саны нешеу?

А. 5

В. 1

С. 4








4.

Бір түзу жүргізіп, оның бойынан А,В,С нүктелерін белгілеңдер. Қанша кесінді пайда болды?

А. 2

В. 1

С. 3








5.

АВ түзуінің бойындағы С нүктесі А мен В нүктелерінің арасындағы нүкте болсын. АВ,АС,СА,СВ сәулелерінің қайсылары бағыттас?

А. АВ,ВС

В. АС,СА

С. АВ,ВС








6.

Бір түзудің бойында жатпайтын екі кесіндінің неше ортақ нүктесі болуы мүмкін?

А. 0

В. 1

С. 3








7.

Бір түзуде жатқан екі кесіндінің ортақ екі нүктесі болуы мүмкін бе?

А. Мүмкін

В. Мүмкін емес

С. Шексіз көп ортақ нүктелері бар








8.

Қиылысатын екі түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?

А. 2

В. 4

С. 5








9.

Бір түзудің А.В.С үш нүктесі болсын. Егер АС=10 м, АВ=8 м болса, В нүктесі АС кесіндісінде жата ма?

А. Жатады

В. Жатпайды

С. Дұрыс жауабы жоқ








10.

АВ кесіндісінің ұзындығы 4,2 мм, ВС кесіндісінің ұзындығы 3,3 мм болса, АС кесіндісінің ұзындығы неше мм болады?

А. 0,9 мм

В. 7,5 мм

С. -0,9 мм








11.

А,В,С нүктелері – бір түзудің бойындағы үш нүкте. АВ=25 см, АС=14см, ВС=39 см болса, қай нүкте қалған екеуінің арасында жатады?

А. А нүктесі

В. В нүктесі

С. С нүктесі








12.

Ұзындығы 15 см болатын АВ кесіндісінің бойынан С нүктесі берілген. Мұндағы АС кесіндісі ВС кесіндісінен 3 см ұзын болса, ВС кесіндісінің ұзындығы неге тең?

А. 5 см

В. 3,75 см

С. 6 см








13.

АОВ бұрышы ОС сәулесімен екі бұрышқа бөлінген және АОВ=540, АОС=220. СОВ бұрышының градустық шамасын табыңдар.

А. 76 0

В. 320

С. 300








14.

ОА,ОВ,ОС үш сәулесі берілген. Егер АОВ=1200 , ВОС=1100, СОА=1300 болса, осы үш сәуленің біреуі қалған екі сәуле құрған бұрыштың ішкі облысы арқылы өте ме?

А. Өтеді

В. Өтпейді

С. Дұрыс жауабы жоқ








15.

Жазыңқы бұрыш төрт бөлікке бөлінген, олардың біреуі қалғандарынан сәйкес түрде 2, 3, 4 есе кіші. Бұрыштың осы бөліктерінің шамаларын табыңдар.

А. 450, 540, 720, 190

В. 360, 540, 720, 180

С. 300, 600, 850, 50










Т Е С Т № 2




Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Ешқандай үшеуі бір түзуде жатпайтын төрт нүкте берілген. Осы нүктелер арқылы неше түзу жүргізуге болады?

А. 3

В. 4

С. шексіз көп








2.

Түзуге тиісті А,Н,К, үш нүкте берілген. Түзуді қалай белгілеуге болады?

А. АК түзуі

В. АН түзуі

С. НК түзуі








3.

Бір жазықтықта жататын әр түрлі үш түзудің ең көп дегенде неше қиылысу нүктесі болуы мүмкін?

А. 1

В. 6

С. 3








4.

Бір түзудің бойындағы төрт нүкте неше кесіндіні анықтайды?

А. 4

В. 6

С. 5








5.

С нүктесі АВ кесіндісінде жатады. Осы А,В,С нүктелері қандай кесінділерді анықтайды?

А. АВ,ВС

В. АС,АВ

С. АС,СВ,АВ








6.

Бір түзуде жатқан екі сәуленің ортақ нүктесі болмауы мүмкін бе?

А. мүмкін емес

В. Мүмкін

С. сұрақ дұрыс қойылмаған








7.

Қиылысқан екі түзу неше бұрышты анықтайды?

А. 2

В. 4

С. 1








8.

Берілген А және В нүктелерінің арасындағы нүктені С арқылы белгілейік. Егер АВ=12 см, СВ=8 см болса, АС кесіндісінің ұзындығы неше см болады?

А. 20 см

В. 4 см

С. – 4 см








9.

А,В,С нүктелері бір түзудің бойындағы үш нүкте АВ=25 см, АС=14 см, ВС=11 см болса, қай нүкте қалған екеуінің арасында жатады?

А. В нүктесі

В. А нүктесі

С. С нүктесі








10.

Ұзындығы 15 см болатын АВ кесіндісінің бойынан С нүктесі белгіленген. Егер АС кесіндісі ВС кесіндісінен 2 есе ұзын болса, АС және ВС кесінділерінің ұзындығын табыңдар.

А. 6см, 9см

В. 5см, 10см

С. 11см, 4см








11.

АОВ бұрышы ОС сәулесімен екі бұрышқа бөлінген. Егер АОС=400, СОВ=300 болса, АОВ бұрышының градустық өлшемі қандай болады?

А. 100

В. 700

С. 300








12.

Жазыңқы бұрыш үш бөлікке бөлінген, олардың біреуі қалғандарынан сәйкес түрде 3 есе, 5 есе кіші. Бұрыштың осы бөліктерінің шамаларын табыңдар.

А. 600, 450, 750

В. 220, 630, 950

С.200, 600, 1000








13.

Түзу және осы түзуде жатпайтын А,В,С,D нүктелері берілген. Егер АВ, ВС және СD кесінділері түзуді қиса, онда АD кесіндісі түзуді қия ма?

А. қияды

В. дұрыс жауабы жоқ

С. қимайды








14.

Егер АВ+ВС=АС болса, онда А,В,С нүктелері қалай орналасқан болар еді?

А. А, С, В реті бойынша

В. А, В, С реті бойынша

С. В, С, А реті бойынша








15.

СОА мен СОВ бұрыштары ОС сәулесінің бір жағындағы жарты жазықтықта орналасқан. Егер АОВ+ВОС=АОС болса, онда ОВ сәулесі АОС бұрышының ішкі сәулесі бола ала ма?

А. бола алады

В. бола алмайды

С. дұрыс жауабы жоқ











Т Е С Т № 3




Тапсырма

Дұрыс жауабы

Мұғалімнің ескертпесі

1.

Егер lm=1100 болса, онда lm-ге сыбайлас бұрыштарды табыңдар

А. 1100

В. 600

С. 700








2.

Екі сыбайлас бұрыштың бірі доғал болса, онда екіншісі қандай бұрыш болады?

А. доғал

В. тік

С. сүйір








3.

АОС бұрышы СОВ бұрышынан 400 артық болса, онда сыбайлас АОС мен СОВ бұрыштарын табыңдар

А. 1200, 600

В. 1100, 700

С.400, 1400








4.

Бір бұрышпен сыбайлас болатын екі бұрыштың қосындысы 1100-қа тең. Осы бұрыштарды табыңдар

А. 700, 400

В. 800, 300

С. 1000, 100








5.

Сыбайлас бұрыштардың әрқайсысы 900-тан бола ала ма?

А. болады

В. бола алмайды

С. дұрыс жауабы жоқ








6.

Екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ және олардың қосындысы 1800-қа тең. Осы бұрыштар сыбайлас болады деген ақиқат па?

А. ақиқат емес

В. ақиқат

С. дұрыс жауабы жоқ








7.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі екіншісінен төрт есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар

А. 1350, 450

В. 1500, 300

С. 1440, 360








8.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі 600. Қалған бұрыштарды есептеңдер

А. 1400, 1400, 400

В. 1200, 1200, 600

С.1300, 1300, 500








9.

Өзара перпендикуляр а, b түзулері және бұл түзулерде жатпайтын А нүктесі берілген. А нүктесінен a және b түзулеріне неше перпендикуляр түсіруге болады?

А. 1

В. 2

С. 3








10.

М нүктесі арқылы үш түзу өтеді. Пайда болған бұрыштардың біреуі тік. Пайда болған бұрыштардың ішінде осы бұрыштан басқа төбесі М нүктесінде болатын тағы неше тік бұрыш бар?

А. 3

В. 4

С. 2








11.

Мына сөйлем теорема ма, анықтама ма, әлде аксиома ма: «Кез келген екі нүкте арқылы жалғыз ғана түзу жүргізуге болады»

А. аксиома

В. теорема

С. анықтама









жүктеу 450 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет