Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж



жүктеу 47.74 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі47.74 Kb.

164

7. Тоффлер Э.  Шок будущего. М.:  АСТ,  2002. - 557 с.

8. Хайдеггер М.  Время и бытие. М.: Республика, 1993. - 448 с.

ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР МЕТОДОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қиқымбаев М. Ж.

Астана қ.,

 

Қазақстан

Американдық  психоаналитик  Р.  Столлер  1968  жылы  физиологиялық 

қасиеттермен анықталатын «жыныс» ұғымынан айырмашылығын айқындау үшін 

алғашқы болып қолданған «гендер» категориясы қазіргі гуманитарлық зерттеу-

лерде үлкен қолданысқа ие. 

Қазіргі  кездегі  теоретикалық  зерттеу  құралдарының  көптігі  және  ғылым 

ықпалдасуының өсуі, алуан түрлі зерттеу ұстанымдар мен аспектілерді қамтитын 

пәнаралық  стратегиялардың  қалыптасуына  жол  ашты.  Гендерлік  ұстаным  осы 

стратегиалардың  қатарында  жаһандық  және  оқшаулы  процесстерді,  тарихи 

және жеке өмір оқиғаларды нақты объективті реттілікті сақтай отырып, бірлікте 

түсіндіруге және болжамдар жасауға мүмкіндік берді.

«Гендерлік  зерттеулер»  (gender  studies)  ұғымы  1980-ші  жылдары  Батыс 

Еуропа және Солтүстік Америка университеттерінде арнайы факультеттер мен 

кафедралар  ашылғаннан  кеңінен  тарала  бастады.  Осы  уақыттан  бастап  Еуро-

пада  гендерлік  мәселелерді  зерттеуге  және  оның  әдіснамасын  қалыптастыруға  

бағытталған  ғылыми-зерттеу  орталықтары  мен  бірлестіктер  ашыла  бастады. 

Гендерлік  зерттеулердің  назарында  әлеуметтендіру,  өзін-өзі  тану,  тұлғалық 

қалыптасу, әлеуметтік стратификация мен субординация мәселелері болғандықтан, 

зерттеу әдіснамасы бастапқыда философия, әлеуметтану, психология, саясатта-

ну, мәдениеттану, дінтану сияқты гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың 

әдістеріне негізделді. Уақыт өте зертеу пәніне берілген түрлі мағына әдістемелік 

қайшылықтарды  да  тудырды.  Осыдан  туындаған  негізгі  қажеттілік,  гендерлік 

қарым-қатынастарды зерттейтін әдіснаманы жүйелеу екендігі байқалды.

Осы уақытқа дейін гендерлік зерттеулер әдіснамасын қарастыруға арналған 

еңбектерде негізінен эссенциализм бағытын сынау ғана орын алғанын аңғаруға 

болады.[1, 29-49 б.] Эссенциализм жыныстық қасиеттерді алдын ала қойылған 

«таңба» (құдай қойған немесе табиғатпен берілген) және ол өзгермейді, тұрақты 

деп қарастырды, соңдықтан әйел мен еркектің тек жыныстық қалыптасу  тари-

хын зерттеу керектігін алға тартады. Осындай теориялардың міндетті атрибуты – 

еркек пен әйелдің бинарлығы, яғни қарама-қарсылығы. Эссенциалистік ілімдерге 

көбіне  биологизаторлық  теориялар  арқау  болды.  Мысалы,  психоанализ,  марк-

сизм, Э. Дюркгейм және Т. Парсонс ілімдері.

Гендер мәселелері гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарда «әдіснамалық 

бейімделу»  процесі  американдық  тарихшы  Джоан  Скотттың  «Гендер  –  полез-

ная  категория  исторического  анализа»  (1986  г.)  атты  мақаласынан  басталды 

деуге  болады.  Ол  тарихи  материалды  гендерлік  тұрғыдан  зерттеуді  ұсынып, 

гендерлік  историографияның  төрт  мазмұнды  кешенін  ұсынды:  1)  мәдени-

символикалық,  2)  нормативті-пайымдық,  3)  әлеуметтік-институционалды,  4) 

тұлғалық-психологиялық. Зерттеушінің пікірінше, осы компоненттердің бірлігі 


165

гендерлік  зерттеулер  методологиясының  өрісін  кеңейтуге  жол  ашады.  Осыдан 

байқайтынымыз,  Джоан  Скоттың  әдіснамалық  схемасы  дәстүрлі  және  жаңа 

методологиялық ұстанымдар арасында үйлесімділікті ұсынып отыр, яғни, жалпы 

мен жеке қамтылған. Сонымен қатар, биологизаторлық теорияларға қарсылық та 

байқалып тұр, өйткені схемада адамның табиғи, физиологиялық қырына назар 

аударылмаған [2].

Осыдан  кейін  эссенциализмді  сынға  алған  постмодернистік, 

конструктивистік  және  постфеминистік  бағыттағы  авторлар  биологиялақ  және 

басқа  да  себептілікке  негізделген  әдіснамалық  ұстанымдарға  қарсы  методо-

логияны құруға ұмтылды. Жаңа методология әйел мен еркектің қоғамдағы ор-

нын  басқаша  қарастырып,  дәстүрлі  көзқарастың  кемшіліктерін  жоюға  қажет 

еді.  Әрине,  негізгі  кемшілікке  биологиялық  жынысты  абсолютизациялау  және 

социомәдени  ерекшеліктердің  (феминдік,  маскулиндік)  назардан  тыс  қалуы 

жатқызылды.

Біздің ойымызша, гендерлік қатынастарды зерттеуде түрлі методологиялық 

ұстанымдардың  жиынтығын  қолданған  дұрыс.  Бір  жағынан,  дәстүрлі  болып 

келетін  жүйелі,  құрылымды-функционалды,  компаративистік,  синергетикалық, 

кешенді әдістерді қолдансақ, екінші жағынан, негізінен әлеуметтану ғылымында 

қалыптасқан саңдық және сапалық әдістерді еңгізген тиімді болары анық. Осы 

әдістердін бірлігі мен үйлесімдігін тауып қолдану қажеттілігі, зерттеу нысаны 

қаншалықты күрделі, көпөлшемді екенін аңғартады.

Гендерлік зерттеулерде жүйелі әдіс үлкен маңызға ие. Біріншіден, жүйелі 

әдіс  гендерлі  қатынасты  қоғамдық  қатынастардың  негізі  етіп  қарастырса, 

екіншіден,  жүйе  ішіндегі  әртүрлі  байланыстардың  гендерлік  ерекшеліктерге 

қалай  ықпал  ететінің  айқындайды  (патриархатты,  матриархатты  және  эгали-

тарлы  қатынастар).  Екінші  ерекшелік  құрылымдық-функционалды  әдістін  де 

қолдану  қажеттілігін  көрсетеді.  Құрылымдық-функционалды  ұстаным  қоғам 

өміріндегі  түрлі  салалардың  өзара  байланысың,  функционалды  ықпалдасуың 

және әлеуметтік рөлдердің пайда болуы ерекшеліктері мен өзгеруін қарастырады.

Қазіргі  өзгермелі,  құбылмалы  заманда  гендерлік  қатынастар  алуан  түрлі 

өзгерістерге  ұшырауда.  Жаһанданумен  келген  жаңа  қатынастар  этномәдени 

дәстүрді өзгертуде. Сол себепті, компаративистік ұстаным ерекше өзекті болу-

да. Сонымен қатар, салыстырмалы анализ жынысаралық қатынастардағы сапалы 

өзгерістер туралы мәлімет беріп қана қоймай, өзгерістердін қоғамда қаншалықты 

таралғанын аңғартады. 

Синергентикалық әдіске келетін болсақ, оның қажеттілігін синергетикалық 

ортаға  да,  гендерлік  қатынастарға  да  тән  екі  ерекшеліктен  байқауға  болады. 

Біріншіден,  гендерлік  қатынастар  сыртқы  әсері  бар  ашық  жүйе,  екіншіден, 

гендерлік орта құбылмалы болғандықтан, оны зерттеу және түсіндіру қиындықтар 

туғызады. Синергетикалық ұстаным қоғамдық қатынастардың трансформацияға 

ұшырау барысында жаңа гендерлік тәртіп мүмкіндіктерін белгілейді. 

Жүйелі әдіске жақын, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар ұстанымдарға кешенді 

әдісті жатқызуға болады. Кешенді әдіс жалпы қарым-қатынасты зерттей отырып, 

жыныстар арасындағы дәстүрлі байланыстың өзгеруіне немесе сақталуына ықпал 

ететін  жеке  факторларды  анықтайды.  Мысалы,  гендерлік  стереотип  мәселесі. 

Стериотиптер  гендерлік  қатынастың  субъектілері  арасында  дәнекерші  функ-


166

циясын  атқарады.  Олардың  өміршендігінің  дәлелі  ретінде,  гендерлік  қатынас 

өзгергенмен жыныстар арасындағы дәстүрлі қатынас ұзақ мерзімге дейін сақтала 

беруі мүмкін екендігін айтып кетуге болады. Кешенді ұстаным осындай басқа 

әдістерді қолданғанда назардан тыс қалатын факторлардың барлығын қамтиды.

Әрине,  жоғарыда  айтылған  жалпы  теоретикалық  әдістерді  эмпирикалық 

жолмен  дәлелдейтін  әлеуметтанудың  сандық  және  сапалық  әдістерін  қолдану 

қажетті. 

Сандық әдістер деп математикалық анализ арқылы гипотезаны верификаци-

ялайтын әдістерді айтады. Гендерлік зерттеулерде кеңінен қолданылатын әдістер: 

контент-анализ, анкеталық сұрақ-жауап және формалданған (құрылымды) интер-

вью. Іс жүзінде әлеуметтанулық әдістерге жатса да, сандық әдістер статистикалық 

және динамикалық заңдылықтарды терең зерттеп қана қоймай, басқа да әлеуметтік 

ғылымдардың  негізіне айналды. Экономикалық, саяси, еңбек қатынасының әйел 

мен еркектің қоғамдағы орнына қалай ықпал ететінін анықтайтын сандық әдістер.

Бүгінгі  ғылымда  сандық  анализдің  қисыны  үстемдік  құруда.  Оның  схе-

масын  келесідей  сипаттауға  болады:  теория  –  гипотеза  жасау  –  мәлімет  жи-

нау  –  гипотезаны  тексеру.  Зерттеуші-объетивист  практика  жүзінде  көрініс 

тапқандықтан әлеуметтік құбылыстарды объективті деп санайды. Ол гендерлік 

түсініктерді қоғамдық өмір салалары ғана емес, сонымен қатар субъектінің өзі 

де құрастыратынын естен шығарады. Жеке адамның әр қилы сезімдерін, оның 

қайталанбас өмірлік тарихын және күнделікті өмірді зерттеуде  сандық әдістердің 

әлсіздігі дереу байқалады. Жаңа жынысаралық қатынастардың ішкі механизімін 

сапалық әдістер ашады.

Сапалық  анализдің    реттілігі  басқаша:  мәлімет  жинау  –  категорияларды 

іздеп, негіздеу – гипотеза жасау. Яғни, сапалық әдістер «не» және «қанша» деген 

сұрақтарға емес, «қалай» және «неге» деген сұрақтарға жауап табуға тырысады.

Гендерік теория стандартты емес техникаларды (сапалық әдістерді) қажет 

еткендіктен тереңдетілген интервью, жеке оқиғаларды зерттеу әдісі (case study) 

және «өмір тарихын» жазу әдісі (life story) гендерлік зерттеулердің негізгі әдіс 

түрлеріне айналды.

Интервью  алу  адам  мен  өмір  туралы  мәлімет  жинақтайтын  әдіс  кеңінен 

таралған  формасына  айналды.  Дәстүрлі  интервью  зерттеушінің  үстемдігімен,  

әңгмелесушіні сұхбат формасы мен қағидаларды қабылдау мәжбүрлігімен тығыз 

байланысты.  Сапалық әдіске жататын тереңдетілген интервью болса, интервью-

ер мен респондент арасындағы интерактивті байланысты алға қояды. Осындай 

интервью  диалог,  сұхбатқа  жақын  келеді  және  оған  дәстүрлі  стандартталған 

(формалданған, құрылымданған) сұрақ-жауап формасы жат.  

Кеңінен  таралған  стандартты  емес  әдістердің  қатарына  жеке  оқиғаларды 

зерттеу әдісін  (case study) де қосады. Осы әдісті қолдану барысында оқиғалардың 

хронологиясын  қайта  қалпына  келтіріп,  оқиғаға  қатысты  әртүрлі  көзқарастар 

келтіріледі және контекстен ауытқымай объектіні зерттеуге әртүрлі техникалар-

ды    (нарративті  және  өмірбаяндық  интервью,  бақылау,  құжаттарға  анализ  жа-

сау) қолдануға жол ашылады. Ең маңыздысы кейс-стади әдісін қолдану кезінде 

сұрақтар  әңгіме  барысында,  яғни  оның  логикасынан  туындайды.  Ал  ғылыми 

зерттеу барлау, түсіндіру немесе суреттеу мақсатында қолдануы мүмкін.

Стандартталмаған  әдістердің  үшінші  түріне  өмірбаяндық  интервьюға 


167

жақын «өмір тарихын» жазу әдісі (life story) жатады. Жалпы, өмірбаяндық интер-

вью әлеуметтік ғылымдарда кеңінен таралған. Ол тематикалық (фокустық) және 

еркін (нарративті) формада көрініс табады. Біріншісінде,  интервью жүргүзушінің 

рөлі  басым,  екіншісінде,  респонденттің  құзыры  артып,  соңында  ол  өмірін 

баяндаушыға  айналып  шыға  келеді.  Өмірбаяндық  интервьюдін  екінші  түрінен 

«өмір тарихын» жазу әдісі (life story) шығып, гендерлік зерттеу технологиялардың 

маңызды элементіне айналды.

Гендерлік  зерттеулер  методологиясында  сандық  та,  сапалық  та  әдістер 

тең дәрежеде қолданылады. Мысалы, әйелдер мен ерлер арасындағы гендерлік 

стериотиптердің таралу деңгейін зерттеу барысында (сандық әдістерді қолданып), 

оның білім, жаңұялық жағдай, жас ерекшелігі сияқты көрсеткіштермен байланы-

сын (сапалық әдістер аясында) аңықтауға болады.

Сонымен, гендерлік зерттеулер методологиясына келетін болсақ, олардын 

ерекшелігіне  жалпы  теориялық  әдістерді  жаңа  сапалық  әдістермен  толығуын 

жатқызуға болады. Гендерлік қатынастар – биологиялық және мәдени компонент-

теден тұратын күрделі, өзгермелі құбылыс. Феменистік зерттеулерге қарағанда, 

гендерлік  зерттеулер  жыныстар  арасындағы  айырмашылықты  іздемейді, 

керісінше, теңдікті негіздеуге бағытталған [3, 35 б.]. 

Гендер дегеніміз туа біткен анатомиялық қасиеттер емес, әлеуметтік кон-

струкция.  Сол  себепті,  гендерлік  қатынас  көпөлшемді  зерттеу  нысаны  ретінде 

ерекше методологияны қажет етеді.

Әдебиет

1. Бендас Т. В. Гендерная психология лидерства: Монография. Оренбург, 2000.



2.  Тукачёва  Ю.С.  Методологические  проблемы  гендерного  подхода.  http://socio-

sphera.com

3.  Сеитова  М.  Социально-культурные  значения  пола:  проблемы  теоретизации  // 

Сборник статей по гендерным исследованиям «Пол женщины». – Алматы. – 2000. – С. 

33 – 41.

ОСОБЕННОСТИ ВЫДВИЖЕНИЯ И ПРОВЕРКИ ГИПОТЕЗ В 

ЛИНГВИСТИКЕ

Шибаршина С.В.

 г. Нижний Новгород, Россия

В  настоящее  время  все  больше  появляется  исследований,  в  которых 

рассматриваются  проблемы,  в  том  числе  методологические,  социально-

гуманитарных  наук.  На  наш  взгляд,  важным  и  мало  исследованным  аспектом 

является  функционирование  гипотезы  в  социально-гуманитарных  науках. 

Существует большое количество работ, посвященных гипотезе, но материалом 

для  исследований  в  них  являются,  по  преимуществу,  естественные  и  точные 

науки. 


Следует  отметить,  что  лингвистика  в  плане  разработки  теоретических 

построений  считается  одной  из  весьма  продвинутых  социально-гуманитарных 

дисциплин. В своей организации она во многом основана на моделях естественных 

наук (


ср. такие заимствованные из биологии категории сравнительно-исторического 

языкознания,  как  корень,  эволюция,  ветвь,  семья,  род,  генеалогическое  древо), 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал