Ген. Арқада Тоқа деген ру аты да бар



жүктеу 228.23 Kb.

бет2/2
Дата09.01.2017
өлшемі228.23 Kb.
1   2

СЫРБАЗ CӘКЕННІҢ  ТУҒАНЫНА-120 ЖЫЛ

10 қыркүйек 2014 жыл

3

Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай



бола алмапты. Дүние құрастырып, дәулет жинауға,

сірә,  ол  кісінің  қолы  тимесе  керек.  Бірақ  бай

болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты.

Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп, дүниеден

өткен адамдардың бірі екен. Байдалының ағайындары

құнанын құдайыңдай, тайын тәңіріндей көретін сараң

болыпты.  Жұртта  қалған  жұрынды  олжа  көретін,

ауысқанын алмай қоймайтын дау сауған адамдар екен.

Байдалының дәуірлеп тұрған кезінде олар: 

«Ер-тұрманымызды ұрлағандардан айып әпермедің,

жесірімізді алғандарды ойсыратып жеңіп бермедің»-

деп өкпелейді екен. «Жығылғанға жұдырық»,- деген-

дей,  кедейлікке  кәрілік  қосылады.  Кәрілік  тұсау,

кедейлік  бұғау  болыпты.  Қарт  шешен  қанатсыз

қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының

еменжарқын  көмегіне  сүйенген  ол  аштан  өліп,

көштен қалмапты.

Бірақ алмақтың да салмағы бар. Ағасы міне тұруға

берген аттың, інісі берген кәрі саулықтың бодауын

қайтара алмапты. Қарымжысы қайтпаған соң, аға мен

інінің ағайыншылығы да қожырай бастапты. Баласы

да болжыр болса керек, баяғыда еншісін алып, бөлек

шыққаннан  кейін,  әйелінен  асып,  әкесіне  көмек

көрсете  алмапты.  Байдалы:  «Көмек  көрсет,

мынауыңды маған бер»,- деп ешкімге көзін сүзбейді,

«барға қанағат, жоққа салауат»,- деп отыра береді. Бір

жылы құрбан айты келіпті. Байдалы айтқа құрбан

шалмапты.  Шалуға  қолайлы  малы  да  болмапты.

Сондықтан  еш  нәрсені  білмеген  адам  тәрізденіп

отыра  береді.  Байдалының  бұл  «айыбын»  бетіне

басқысы келген Таумұрын молда:

-Ауқатты  ағаң,  бай  балаң  бар,  інің  де  отқа  қарап

отырған жоқ, солардан неге сұрамайсың, құдайдан

қорықсаң қайтеді?, — депті. Құрбан шалуын айыпқа

санамағанымен, жұрт алдында орынды сөзді айтпай

қалуды кемдік көретін Байдалы шешен молдаға:

-Сөйлемесе сөздің атасы өледі. Айтпаса білмейтін

саңырау  бар,  ашпаса  көрмейтін  соқыр  бар.

Ағайындағы  мал-даладағы  мал.  Сұраған  адам,

ұрлаған адам - қарақшы. Ұятсыз адамнан алып бо-

рышты болғанымша, алмай құдайдың өзіне-ақ бо-

рышты болайын деп, құрбан шалмағаным рас,-депті.

Отырған ақсақалдардың ішінен Қонқабай деген:

-«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар,

баласы бардың панасы бар»,- деген мақал бар емес пе,

бұрынғылардың  сөзін  ұмытқаның  ба?,-депті

Байдалыға. Сонда Байдалы:

-Е, Қонқабайым, сен жігіт кезіңде жалтаң едің, қар

тайғанда қалтаң болайын деген екенсің. Мақалдап

сөйлегің келеді, мақалға мініп қанша жерге барасың.

Мақалға жармаса берме, мақалда да мін бар. Молда

айтқанның бәрі шариғат емес, бұрынғылар айтқанның

бәрі қағида емес, -дейді. Осы арада шешенді сөзінен

ұстап, бір сүріндіріп қалмақшы болған молда:

-Мақалда мін бар дейсің бе? Онда әлгі мақалдың мінін

тапшы, данышпан болсаң, өзің түзеп айтшы,-деп шап

ете  түседі.  Хан-қара,  би-төренің  алдында  сөзден

сүрінбеген шешен Таумұрын молдадан тайсалсын ба?

-Ол мақалды түзеп айтсам мен былай дер едім,- дейді

Байдалы:


Ағасы бардың, жақсы болса жағасы бар,

Жаман болса, інісіне жабар жаласы бар.

Інісі бардың, жақсы болса тынысы бар,

Жаман болса, ағасына берер жұмысы бар.

Баласы бардың, жақсы болса панасы бар,

Жаман болса, құдайдың берген пәлесі бар.

Осыны естігенде, Таумұрын молда лажсыз тоқтапты.

Ақсақалдар аузын ашып қалыпты. Тек бәйбішелері

ғана «рас, рас, қарияның сөзі рас»,- деп, бас изейді.

Байдалының бұл сөзін естіген ағайындары қатты ашу-

ланады.  Олар:  «Алжыған  шал,  біз  болмасақ

әлдеқашан аштан өліп қалатын еді, енді қурап от-

ырсын өзі»-десіп, содан былай қарайласуды мүлде

тоқтатады. Кедейлік кімнің қолын байламаған. Сол

күнен бастап Байдалы шешен құрбысына қонақасы

бере алмайды, жолаушыға «үйге түс»,- дей алмайды.

Бірақ байлықты мұрат көрмеген шешен, жоқтықты

ұят та көрмейді. Құла биенің күшін көлік, сүтін сусын,

құлынын соғым етіп отыра береді.

Сол  кездерде  әйгілі  оқымысты  Шоқанның  атасы

Уәлихан қайтыс болыпты. Аты-тоны болмағандықтан

Байдалы шешен жаназаға бара алмапты. «Әне бара-

мын, міне барамын»,- деп жүргенде «қырқы» да өтіп

кетеді.


«Қадірлес  қария  еді,  келмегені  несі,  келіп  көңіл

айтпағаны несі»,- деп Уәлиханның ханымы Айғаным

ішінен өкпелеп жүреді. Бір күндері Байдалы келіп,

өзінің келгендігін сыртта тұрып білдіреді. Бірақ өкпелі

ханым  шешенді  аттан  түсіріп  алуға  тысқа  шыға

қоймайды. Сонда шешен атының басын кейін бұрып,

тұра қалып:

Ханы өліп,

Қайғырып жатқан, Айғаным.

Қара жамылып,

Ай-күні батқан, Айғаным,

Ханға сүйеніп,

Қоқай көрмеген, Айғаным,

Қамқаға оранып,

Шоқай кимеген, Айғаным,

Мен бір сөз айтайын, тыңдашы,-депті.

Қара жамылып, жоқтау айтуға Айғаным құлағын тіге

қалыпты.  Сонда  Байдалы  шешен  мынаны  айтқан

екен:

-Ер қартайды, мал тайды,



Екеуледі, ей ханым.

Қатын жалқау, ұл ынжық,

Төртеуледі, ей ханым.

Келін қатал кер болды,

Ағайын жат ел болды,

Алтаулады, ей ханым.

Кәрілік пен кедейлік

Егіз келді, ей ханым.

Мұның бәрін санасаң,

Сегіз болды, ей ханым.

Қаусаған жақ, иек бар,

Саудыраған сүйек бар,

Ауыл алыс жер болды,

Тоқсан темір тор болды,

Оннан асты, ей ханым.

Шығар жолды осыдан

Өзің тапшы, ей ханым!

Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей ханым,

Келдім, енді кетемін,

Ықылассыз ордаға

Ене алмадым, ей ханым! 

-деп жүре беріпті. Айғаным үйден жүгіре шығып,

шешеннің  шаужайына  оралады.  Құрметтеп  аттан

түсіріп,  үйге  кіргізеді.  Төрге  отырған  соң,

Айғанымның жоктау айтып, жылауға ыңғайланғанын

байқаған шешен:

-Айғаным, сен жоқғау айтқалы отырсың, мен тоқтау

айтқалы отырмын. Жоқтауды коя тұрып, тоқтауды

тыңдасаң қалай болады?,-депті.

Айғаным аңырып қалады. Сонда Байдалы:

Қайрат деген қыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін.

Қайғы деген жылан бар,

Өзекті шағып өртейтін.

Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып қуат алдырар.

Жылау деген азап бар,

Қуартып отқа жандырар.

Мен қайғыңды қозғағалы келгем жоқ,

Қайратыңды қолдағалы келдім, — депті.

Әдетте мұндай қадірлі адам келгенде, ханым қара

жамылып, жоқтау айтар, жоқтау артынан Таумұрын

молда құраның күңірентеді екен де, қаралы ханым

қайғылы қалпын сақтап, орнынан қозғалмай ұзақ от-

ырып  қалады  екен.  Бұл  жолы  мұның  бірі  де  бол-

майды. Шешеннің келуі қайғылы ордаға қалыпты

тіршілік орнатқандай болды. Айғаным өзі жүріп шай

қойғызады, қой сойдырады. Ат қағып шөлдеп келген

шешенге  өз  қолымен  сусын  береді.  Ханым

жадыраңқы болған соң, шешен де жайғасып, шешіле

сөйлейді. Мал-жан, ауыл-аймақтың амандығынан ба-

сталып,  әңгіме  ағыла  береді.  Шешеннің  сөзі

Айғанымға  әр  түрлі  ой  салып,  көңілін  жадырата

түскендей  болады.  Айғаным  өкпе-назын  айта  ба-

стайды.


-Ханмен қадірлес, халықпен сырлас қария едіңіз. Хан

артында қара тұман қалды, қара тұман ортасында мен

қалдым. Көзсіз көбелектей болып қалғанымда, осы

уақытқа дейін ат ізін салмағаныңызға, несін жасыра-

йын өкпелеп жүр едім. Мен сізді келер, келер де жы-

латар, жылатар да жұбатар, содан кейін ханға арнап

бір жақсы құран шығартар деп ойлаған едім, мұның

бірін де істемедіңіз. Бірақ бір түрлі көтеріліп, сергіп

қалдым.  Мұның  мәнісі  қалай?  –  деп  сұрапты

Айғаным шешеннен.

-Келген  жерден  білместігіңді  бетіңе  айттым.  Ол

жылатқаным емес пе? Қайғырып жатқан жеріңнен

тұрғызып,  ас-суыңды  өзіңе  басқарттым.  Бұл

жұбатқаным емес пе? Ал, ханымның қайғысы жылау-

мен жеңілденбейді, ханның күнәсі құранмен жуыл-

майды.  Сондықтан  жылаулатпай,  құрандатпай

келгенім рас. Мүмкін менің сөзім сенің қайғыңды

емес, қайратыңды қолдаған болар, — дейді шешен.

Айғаным «рас, рас» деп басын изейді. Бағанадан бері

шарта жүгініп алып, мүлгіп отырған Таумұрын молда

осы кезде көзін ашып:

-Күнәкәр болдыңыз, шешен, күнәкәр, күнәкәр!-деп

бажыраң-бажыраң етеді.

-Молдеке, сабыр етіңіз. Осыншама қатты кесіп айта-

тын сіздің алдыңызға жүгініске келіп отырған жоқпын

ғой, қалтаңызға саудыратып салып жүрген сауабыңыз

болса, менен басқаларға үлестіре беріңіз. Құр қалдым

деп өкпелемей-ақ қояйын. Атасы басқа молда түгіл,

мен өз ағайындарымнан да еш нәрсені дәметпейтін

адаммын.  Ал,  ханның  күнәсі  құранмен

жуылмайтындығы,  ханымның  қайғысы  жылаумен

бітпейтіндігі туралы қай бидің алдына барсаң да, се-

нікі теріс, менікі дұрыс,-депті шешен.

Шешен  сөзінің  салмағына  шыдамаған  Таумұрын

молда «дәрет алуды» сылтау етіп, қақырына-түкіріне

далаға шығып кетеді. Молда кеткен соң, еркіндей

түскен Айғаным шешеннің қасына жақынырақ от-

ырып, ойындағысын іркілмей айта бастайды.

-Ханның қайғысы оңай болды дейсіз бе маған. Өзім

әлсіреп отырғанда, әлгібір сорлы молда құран оқыса,

осы орда дөңгелене жөнелгендей болады. «Құлап ке-

темін бе»,- деп керегенің көгінен ұстап, бүйірімді тая-

намын.  Әңгіме  айтса  әзірейлі,  жәбірейлі,

мүңкір-нәңкір  деген  біреулерін  айтады  да  мүлде

зәремді алады… Осы араға келгенде Байдалы шыда-

маса керек, Айғанымның сөзін бөліп:

-Ай, Айғаным-ай, баяғыдан бері байқамап па едің?

Бұл Таумұрын молда аузын ашса, оның көмейінен көр

көрінетін еді ғой. Несіне зәрең ұшады. Өмір тұрғанда,

өлімді  сөйлегеннен  без,  төріңде  отырып  көрге

сүйрегеннен без,-деп шешен теріс айналады. Шешен

алдында өзінің айыбын жеңілдеткісі келген Айғаным:

-Өзіңіз білесіз, ата-бабамыз молда ұстап көрген жоқ

еді, оның сырын қайдан білейік. Хан қайтыс болған

соң, бір тәуір молда табайық десті. Ол үшін әлгі ке-

руен басы болып жүретін Тоқтарбайды Тәшкенге де

жібермекші  болды.  Тоқтарбайды  шақырып  алып

сөйлескенде, ол «Тәшкенге барып, өрік сатып отырған

біреуді түйеге мінгізіп жеткізгенше, ханның сүйегі де

қурап қалады. Одан да осы Таумұрынның өзін ұстай

тұру керек. Менің байқауымша, осының да бірдеме

айтуға жарайтыны бар»,- деп болмай отырып алғаны.

Сол молдамыздың сиқы әлгі ғой! — деді.

Айғаным Байда шешенді сол сапарда үш күн мейман

етеді. Шешеннің бұлай ұзақ жатуы Таумұрын молдаға

ұнамайды.  Ол  Байдалы  шешенге  ерекше  құрмет

көрсеткен Айғанымға да ішінен катты наразы болады.

Бір күні шай үстінде отырғанда, ауыл адамдарының

бірі молдадан әйел туралы шариғат сұрайды. Осы

арада  Байдалыдай  «күнәкәр»  адамды  кұрметтеп

отырған ханымға да бір қатты соққы беруді ойлаған

молда кідірмей-ақ:

-Қатын  билеген  шаңырақ  қараң  калады.  Әйелдің

айтқанын еш уақытта тыңдауға болмайды,- деп айтып

салады.  Мұны  естіген  Байдалы  ойланып  калады.

Бұдан кейін бірер күн өтеді, шешен ауылына қайтуға

ыңғайланады. Ауыл адамдары шешенге қош айтысып

қалуға  жиналады.  «Қызыл  көзді  бөледен  енді

құтылатын  шығармын»,-  деп  Таумұрын  да  ішінен

қуанады. Хан қайтыс болған соң, онан қалған мал-

мүліктің  біразы  «хан  талау»  ретінде  жаназаға

жиылғандарға  үлестіріліп,  киімдері  де  денесін

жуғандарға берілген екен. Ханға тән киімдердің іші-

нен  бір  айтулы  қамқа  тонды,  жаназаға  байланған

малдың ішінен Көксырғанақ деген жорғаны Айғаным

адамға бермей, әдейі алып қалған екен. Мына ауы-

лына қайтқалы отырған шешенге соны жетектетеді,

«ханның көзіндей көріңіз»,- деп қамқа тонды оның

иығына жабады. Осы арада: «Ілсем іліп қалайын, іл-

месем Байдалының дүние жандылығын бетіне басып,

күліп қалайын»,- деп ойлаған Таумұрын:

-Биеке, сауға, олжаңыздың үстіне кездесіп отырмын.

Өле алғанша, бөле алайық,-деп жабыса кетеді.

-Қалағаныңыз сіздікі болсын! Тіпті екеуін де алыңыз.

Оның үстіне құла биенің де құлынын беріп кетуге де

ойым бар еді. Кемпірім осылай қарай аттанарда: «Аса-

рынды асадың, жасарыңды жасадың. Молдаға бара

жатырсың, мына құла биенің құлынын беріп, батасын

алып кайт, өлгенше дұғасынан тастамас»,- деп тапсы-

рып калып еді. Өзім де жол бойы солай етейін деп

келіп едім. Кешегі бір шариғатыңыздағы: «Қатын би-

леген шаңырақ қаран қалады»,-деген соң, қараң ка-

лады екенмін деп қорқып калдым. Екінші жағынан,

сіздің  қайыр-дұғаңыздан  бос  қаламын  ба  деп

қысылып та отырмын. Шариғат бойынша осының

төрелігін  беріңізші,  молдеке?»-дейді  шешен.  «Бұл

пақырдың  ықыласы  сонша  ауғаны  әзелде

Аллатағаланың өзі құла биенің биылғы құлынын бізге

нәсіп еткен болар»,- деп ойлаған Таумұрын молда:

-Биеке, сіз қапа болмаңыз. Шариғатқа сыймайтын

нәрсе жоқ.  Бағзы-бағзы уақыттарда әйелдің де сөзін

тыңдауға болады. Кемпіріңіздің ниеті жақсы екен,

қабыл болсын, қабыл болсын!-деп сақалын сипапты.

Шешен біраз ойланып отырады да, басын шайқап:

-Бағзы-бағзы ниеттер қабыл болмаса да болады ғой

деймін. Мысалы, менің кемпірімнің құла биені су-

алтып, құлынды сізге берем деген ниеті қабыл бол-

маса, осыдан келер-кетері бар ма?-депті. Таумұрын

молда үндей алмай, қып-қызыл болып төмен қарайды.

-Молдеке,  сіз  де  қапа  болмаңыз,  іліп  қалмасаңыз,

жүдеп қаларсыз. Ат пен тонның бірін алыңыз,-дейді

Байдалы жер шұқып отырған молдаға.

Төмен қараған қалпы Таумұрын едеуір ойланады.

Сонда  оның  ойлағаны:  «Өзі  ал  деп  отырғанда,

алғанның несі айып? «Алтын көргенде періште де,

жолдан тайыпты» деген. Батамды беріп, қамқа тонды

алсам, харам бола қоймас» деп ойын қорытады да,

«иллаһи»  деп  екі  қолын  жоғары  көтере  бергенде,

Айғаным:

-Молдеке, «біреуге бұйырғанды біреу жемес болар»

деп өзіңіздің айтқаныныз бар-ды. Қарияның несібе-

сіне қол сұқпаңыз. Сіздің сыбағаңыз бөлек,-дейді. Бір

жайылып қалған қолын қайта түсіре алмаған молда

біресе Айғанымға, біресе Байдалыға жаутаң-жаутаң

қарай беріпті. Соңда Байдалы:

Бағзы-бағзы шариғат бар,

Тек шатақ үшін таралған.

Алуан-алуан молда бар,

Тек алу үшін жаралған.

Олар «ал» дегенді өлтіріп,

«Бер» дегенді ғана қалдырған.

Сұрауменен сұрамсақ күн көреді,

Ұрлықпенен сұғанақ күн көреді.

Үзіп-жұлып күн көрмесе,

Бұл пақыр аштан өледі,-дейді.

Қашан  бірдеме  ілінгенше  қармағын  судан  алмай,

жаман  үйренген  Таумұрын  назаланған  пішінмен

жаюлы қолын жимайды. Осы жолы оңың алақаны

«бересің бе, болмаса тағы бірің өлесің бе» деп тұрған

тәрізденеді.

«Оңай  олжа  тауып  үйренген  адам  арсыз  келеді,

арсыздардың адамдықты жеңетін де жері болады, бұл

тілеуі құрғырдан не беріп, не өліп құтылмасаң, құтыла

алмайсың»-деп Байдалы тонды иығынан сыпырып,

арашалап қалуды ойлаған біреу: «Қаз тойғанға емес,

орғанға семіреді, молдеке, сауға-сауға» депті. Сонда

Таумұрын:

-Е, менің де дос-дұшпаным бар. Кемпіріме көркейіп

барайын,-деп тонды өзіне карай тарта түседі.

-Қамқа тон қарияға барып та болған жоқ, қария оны

алып та болған жоқ. Алатын болсаңыз, үйіне барып

алмайсыз  ба?  Ордамның  ішінде  отырып  аң

аулағаныңыз шариғатыңызға шақ келе ме? Ханның

көзіндей көрсін деп мен бұл тонды қарияға бердім.

Қария, мен берген тонды киіңіз мен берген жорғаны

мініңіз, сізді мен шығарып салғалы отырмын, - деп

Айғаным орнынан тұрып, киіне бастайды. Шешенді

аттандырып  жіберуге  Айғаныммен  бірге  жұрттың

бәрі үйден шыққанда, орнынан тұра алмай, отырып

қалған Таумұрын:

-Япырай-ә,  келіп  тұрған  нәрсенің  кетіп  қалғанын

қарашы! «Қатын билеген шаңырақ қараң қалады» ,-

деген осы-ау! Ой, тобай, ой, тобай!-деп басын шайқап

қала береді. Айғаным Көксырғақтың шылбырын өзі

ұстап, шешенді өз қолымен аттандырады да, кермеде

тұрған боз жорғаны ер-тұрманын жарқ-жұрқ еткізіп

өзі мінеді. Соңынан қарағандарға қос жорға жер бас-

пай, әншейін сырғанап бара жатқан сияқты көрінеді.

Құлынды бие жетелеп, қос жорға мінген шешен мен

ханым ел маңынан аулаққа ұзай береді. Бір мезгілде

Айғаным,  көк  майсалы  далаға  бір  қарап  күрсініп

алады да, сөйлей жөнеледі:

-Ақыл  алтау,  ой  жетеу  болып  тұр,  қарая.  Хансыз

қаңырап тақ қалды. Қалың дәулет бақ қалды. Ханды

қарытып, биді арытқан қария едіңіз, айтар ақылыңыз

бар ма?-дейді. Байдалы үндемейді, қалың ойға батып,

кәрі көзін сығырайтып, әлдеқайда алысқа қарайды.

Арқасынан аяз өткен адамша қайта-қайта тітіркеніп

қояды. Қамшы ұстаған қолы төмен түсіп, тежеулі тіз-

гін де босап кетеді. Жай ғана жайылып келе жатқан

Көксырғанақ әуелі аяңға, одан кейін ілбуге түседі.

Ақырында Көксырғанақ тоқтайды. Сонда Айғаным:

-Неге  кідірдіңіз  Көксырғанақ  болдырды  ма,  неге

тітіркендіңіз, камқа тон тоңдырды ма? – дейді.

-Ат болдырып та тұрған жоқ, тон тоңдырып та тұрған

жоқ, бірақ осы ат пен тоң оңдырып та тұрған жоқ.

Көптің  көзінше  сыйладың,  оңаша  шығарып  алып

қинадың. 

Қаусаған  шалды  қыран  шалмас  қияға  салғаның

неткенің?  Таққа  отырғың  келеді  екен,  оның  несін

менен сұрайсың. Қай хан халықтан сұрап таққа от-

ырып еді,-деп; шешен Айғанымның бетіне қарайды.

Айғаным «ойымдағыны таптың» деген пішінмен жы-

миып қана басын изейді. Сонда қарт шешен:

-Мені қинап тұрған бұл емес. Таққа ие болу-халыққа

ие болу! Абылай да өзінше жақсы хан болғысы келді.

Еліме екі емшекті қабат емізсем дегенді ойлады. Бірақ

ол Абылайдан сыңар емшекке қарап ел де қалды,

елмен бірге құла биенің сүтіне қарап мен де қалдым.

Шөлдеп жаздан таяқ жемесе, тоңып қыстан таяқ же-

месе, ел ерні кезермесе, менің де ернім кезермес еді.

Жазғы  шөл,  қысқы  жұттан  елді  құтқаратын

қамқоршының қайда екенін білмеймін. 

Жер емшегі мен мал емшегін елдің қашан қабат еме-

тінін де айта алмаймын. Бағанадан бері мені қинап

келе жатқан ой осы еді,-депті. 

Осыны  айтып  Байдалы  би  ілгері  жүріп  кетіпті.

«Көріскенше, қош болыңыз» деп Айғаным ойланып,

орнында тұрып қалыпты.

БАЙДАЛЫ БИ БЕКШЕҰЛЫ

БАЙДАЛЫ БИ МЕН АЙҒАНЫМ




Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”

ЖШС басшысы - бас редактор

КӨШМАҒАНБЕТОВ Бахтияр Нақыпбекұлы

ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,



РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган

Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,



Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі

2-71-01

МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС

Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын

білдірмейді

Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігі  18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік

берілген.

Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі

Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады:

Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15

Көлемі бір баспа табақ

Офсеттік басылым

Аптасына бір рет шығады

Индекс 66282

Тапсырыс №41

Таралымы 1900 дана

Сайдалы Сары Тоқа мұрасын қазақ еліне таныстыруда ерен еңбек сіңірген адамдардың бірі-дәулескер

күйші, домбырашы әрі сазгер Мұхаметжан Тілеуханов. М.Тілеуханов Тоқа күйлерін алғаш рет Қазақ

КСР  Ғылым  академиясының  және  қазақ  радиосының  алтын  қорына  жаздырған  азамат.

М.Тілеухановтың орындауындағы  Тоқаның  тармақты қосбасарлары мен тараулы толғаулары, атышулы

күй-ұран «Бозайғыр» күйлері бұл күндері ел игілігіне айналған күй жауһарлары болып табылады.

Тоқа  күйлерін  зерттеген  тағы  бір  аяулы  азаматтың  аты  -  Жақсылық  Мағзұмов.  “ҚР  мәдениет

қайраткері”, өнер ардагері Ж.Мағзұмов «Жаңаарқа күйшілері» атты кітапта Тоқа туралы тың дерек-

терді жинақтап  енгізіп, күй ноталарын кіргізді. Тоқа күйлерінің көптеген тараулары мен өміріне бай-

ланысты  тың  зерттеулер  жүргізген  тағы  бір  күйші-Ахат  Байбосынов.  Тәттімбет  атындағы

республикалық күй сайысының бас жүлдегері, белгілі күйші-композитор Ахат Байбосынов Тоқа

күйлерінің хронологиялық жазбасын жасады, күйшінің өмірбаянына қатысты көптеген деректерді

тапқан ізденімпаз азамат.

А.Байбосынов Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Тәттімбет

атындағы шертпе күй мектебінде біршама жыл ұстаздық етті. Жастарға Тоқа күйлерін үйретті, соның

нәтижесінде  Б.Ысқақовтың  «Сарыарқа  саздары»,  Ж.Жүзбайдың  «Қазақтың  шертпе  күйлері»

жинақтарында Ахат жеткізген күйлердің нұсқалары жарияланды. «Қазақстан» ұлттық арнасынан ар-

найы хабарлар ұйымдастырылды.  



Тоқа оң және теріс бұрауда көп күй шығарған. Әсіресе, қазақтың күйшілік өнеріне ғажайып

рең беретін теріс бұрау күйлерінің дәстүрін Тоқа ілгері дамытып, биікке көтере білген.

Тоқаның күйлері: 

«Азамат», «Аққу»,  «Айдос», «Алшағыр», «Балшекер», «Боз айғыр», «Жалғыз ішек», «Жолды қоңыр»,

«Қосбасар» (үш нұсқасы бар), «Ерке қыз», «Сарыжайлау», «Сары өзен», «Төрт толғау» (төрт нұсқасы

бар "Естірту", "Арнау", "Ана жүрегі". "Немере жоқтауы" деген 4 бөлімнен тұрады), «Терісқаппай»,

«Тоғыз тарау», "Боз торғай", "Аққу" атты күйлері  бар.

ТОҚА ШОҢМАНҰЛЫ

Қаратау күйлері-арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Арқа

күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың   ықпалы Қаратау күйшілік

мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық. Осы күні Қаратау мектебін зерттеушілер Сүгірдің

Тоқадан бата алғанын айтқанмен, тарту үлгісін бөлекше деп санап жүр. Шындығында, Сүгірдің ұстазы

– Ықылас пен Тоқа бір елдің адамдары болған, олардың күй шалу мәдениеттері Тәттімбеттен тарағаны

даусыз ақиқат. Қаратау мектебін талдағанда Ықылас пен Сүгірден арғы күйшілерден ешқандай дерек

келтіре  алмай  жүргеніміздің  бір  шеті  осында  жатыр,  яғни  ежелден  қоныстас  болған  Арқа  мен

Бетпақдаланың әлеуметтік-мәдени шежіресін білмеуіміз қате пайымдар жасауға түрткі болып-ақ жүр. 

Қаратау  шертпелерінің  біз  білетін  Арқа  мектебінен  бөлектенетін  басты  айырмашылығы  Тоқаның

үлгісімен дамуында. Арқада Тәттімбеттен кейін аты аталатын Сайдалы сары Тоқа күйшілігінің шын ізі

Қаратаулық үрдісте ғана сақталған. Кезінде сазгерлігі орта жүзге бедел болған Тоқаның мұрасы Кеңестік

дәуірде салтанат құра алмады, қазіргі Тоқа күйлері деп міселеп жүргендеріміз - елдің есінде қалған ұлы

сарындардың жұрнағы ғана. 

Оны орындаушылардың қай-қайсы болса да сол сарындарды тақырып ретінде алғанымен түпнұсқасын

түйіндей алмай, өз жандарынан жаңаша тәсілдеп тартуға ұрынды, соның салдарынан Тоқаның күйлері

осы мектептің топырағы жағынан ең жақыны - Әбікеннің тартысынан ауылы алыстап-ақ кетті. Тоқаға

қоңыржай үнді Әбікен жақын ба, әлде қисыны күмәнді, бірақ оны жедеғабыл төкпелеткен техниканың

көмегімен өтемдеген қазіргі тартыс жақын ба? Әрине, Әбікеннің жақындығы даусыз. Қазақ радиосының

қорында ескі күйшілердің (Бегімсал Орымбеков) орындауындағы таспалар сақталған, бұл жазбаларда

Тоқаның «Сарыжайлауы» бос бұрауда әсем шертіледі. Алайда, мұны үлгі етуге ынталанып жүргендер

жоқ. Мұндай жағдайдың Тоқа мұрасына пайдасынан гөрі зияны көп. Солай бола тұра, күй астарындағы

Тоқаның өзіндік дара қолтаңбасы шідері шешілмеген аттай екпіндеп-ақ көрінеді. Ал, Сүгір болса

Ықыластың қобыздағы күйлерін түгел тартып, Тоқаның тарту мәнерін мейлінше шегіне жеткізе игерген

жалғыз дарын. 

Тоқа  күйлері  мен  Сүгір  шығармаларының  бір  қолдан  шыққандай  ұқсастығының  мәні  осында.

Ықыластың «Жезкиігін» Тоқа күйлерінің шебері - Мағауия Хамзиннің домбырада тартуы кезінде еш-

кімді таң қалдырған оқиға болған жоқ, халық оны аспаптың ауыс-түйісі бұрыннан қалыптасқан -

Қаратаулық дәстүрдің жалғасы деп қабылдады. Қаратау қобыз өнері қонған жер. Қобызшы Ықыластан

Сүгірге, Сүгірден Жаппасқа жұққан қобыз бен домбыраны бөлмейтін телқоңыр күйшілік тек Созақта

салтанат құрған. Сүгір Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты тең меңгерген. Мұндай феномен

Сүгірдің шәкірті - Жаппас Қаламбаевта да болды.   Қаратау күйшілік мектебінің «Арқа мектебінен ерек-

шелігі мынау» дейтін бірден-бір айырмасы осы болса керек. Қаратау шертпелерінің басында Сүгір

Әліұлының (1882-1961) тұруы заңды құбылыс, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын барынша меңгерген

дарын өз сазгерлігімен жаңа белеске көтерілді. Сүгір ескі күйшіліктің салтын сақтаған ең соңғы дом-

бырашы;  ол  күйді  екі  тартқызбай  қайталау,  жанынан  суырып-салып  күй  шығару,  бір  тартқанын

қайталамай таңнан-таңға күй толғау сияқты бұрынғы өнерпаздардың жолын ұстанған дарын иесі болды.

Қаратаулық шертпенің кейінгі ұрпаққа бұзылмай жетуіне талмай еңбек етіп жүрген зиялы, ақсүйек

адам.  Төлеген,  Генералдармен  бірге  жүріп,  бауырлық  қарым-қатынаста  болған,  күйлері  бірнеше

кітаптарға кірген арқалы күйші. 

Домбыра мен қобызда қатар тартылатын «Кертолғау» күйлер циклі Каратау мектебінде айрықша

дамыған. Күйдің арғы жанрлық анықтамасы – толғау. «Кертолғау» жыраулық өнерден ауысқан күй

атауы, толғау сөзі аспаптық орындауға түскенде «Кертолғау» болып өзгерген сықылды. Күйде кездесіп

отыратын штрихтар мен обертонға ұқсас қарлығыңқы дыбыстар қобыз қияғына еліктеудің әсерінен

туған. Осымен парапар келетін «Қоңыр» күй тараулары да қобыздан ауысқан («Жолаушының жолды

қоңыры») сарын. Бұл күйлердің жанрлық тегі аспаптық десек те, қазақы қара өлеңдердің әуені қайырма

ретінде қосамжарлана шертілетінін аңғару қиын емес. Кәдімгі Арқа әндерінің ізімен құрылған әуендік

форма «Қаратау шертпелері» тарауларының туылуына салдар болды. Сірә, Қазақта кең тараған «Жыр

күйлері» жанрының шертпедегі көрінісі осы болар.  Қаратау күйлерінің ішінде тармақты күйлер топ-

тамасы ерекше көзге түседі. 

Бұларға  «Бесжорға»,  «Тоғыз  тарау»  күйлері  жатады.  Тармақты  күйлердің  шығу  кезеңі  Байжігіт,

Тәттімбеттер заманына тұстас келеді десек, бұл Алтайдан Арқаға дейін өркендеген күйшілік үрдіс

Қаратау аймағына дейін әсерлі болғанын аңғартады. Қаратау мектебінің күйлерін нотаға түсіру сала-

сында Мұхит Айтқалиев, Жаулыбай Иманәлиев, Уәли Бекенов, Біләл Ысқақов, Абдулхамит Райымбер-

генов, Рүстем Күлшебаев, Мұрат Әбуғазин сияқты зерттеушілер аянбай тер төкті. Созақ күйшілерінің

өмірі жайлы құнды деректер жазған жазушыларымыз – Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Ақселеу

Сейдімбеков, Сүлеймен Тәбризұлы, Өтеш Қырғызбаев, Төреғали Тәшеновтер. 

Қаратау мектебінің ізін дәстүрлеп ұстаған күйшілерден – Рымхан Әбілханов, Ерғали Әлімханұлы,

Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаевтардың атын атауға болады. Қаратау күйшілік мектебі бұл күнде

өз биігіне шығып, бір күй отауы болып отырған игі мұрамыз, оны жалғастырушы ұрпақтың үзілмеуі -

Қаратау күйшілігінің бекзаттығын, сазының шалқарлығын көрсетеді.

ҚАРАТАУ  КҮЙШІЛІК  МЕКТЕБІ 

Шоқан Уалиханов 1855 жылы (өз күнделігінде жазған) Қараағаш жаққа барып, одан Сарысу бойындағы

Жұбан-ана ескерткішіне, Айтболаттың сағанасына соққан едім. Қасында Қараағаш елінің болысы Шоң

жүрді. Ол мінгі атын серіктерінің біріне жетектетіп, Шоқанның қалауымен күймеге хан ұрпағымен

қатар жайғасқан еді. Қараағаштан шыққалы сүт пісірім уақыт үндемеген Шоқанға көзінің астымен ғана

қарап қойып, Шоң да жайбарақат отырған.  Бір сәт Шоқанның бұрылып қадала қараған қос жанарынан

толы мұң аңғарғандай болады. 

-Шоңке-дейді Шоқан, - жол жайын сөйлескенімізде нағашым Мұса сізді атап еді. Білесіз, менің ойым

ел тану, жер білу.  Әрбір мекеннің, мазардың болсын өз тарихы бар. Жеке бір адамның  да өмірінде  де

талай  тылсым  сыр  жатыр.  Олардың  бәрін  білу  мүмкін  емес.  Алайда,  жұртты  елең  еткізер  елеулі

оқиғалар, жер атаулары, Тәттімбет сияқты тума дарындар, ата-бабамыздың  өнегелі өмірі, ерлігі жайлы

ұрпақтарының білгені дұрыс. Сондай бір айтулы сыр шертіңіз. Сәл ойланған Шоң әңгіме бастады:

-Анау Құдайменде өзенінен былай Қарашоқы бар. Оның екі жағы бірдей адамдар әдейілеп қашағандай

тіп-тік. Шоқының батысқа қарай етегінде ықылым заманнан бергі жасасып келе жатқан үңгір бар. Оны

жергілікті ел «Әулие үңгір» дейді. Үңгірдің тап аузында дөңгелек апанның ортасында шынар ағашы

өсіп тұр. Ағашқа адамдар әлем байлайды, апанға тиын тастайды. Үңгір бойын қуалап, он метрдей

жылжығаннан кейін қуысы жіңішкере бастайды. Ескі ұғым бойынша шоқы қолдан жасалған. Оның

астында әлдеқандай патшаның тұқымы жатса керек. Мәселен, Егиеттің пирамидалары сияқты ғажап

құрылыс болуы мүмкін, дейді аңыз.

-Көргеніміз дұрыс еді, - деді Шоқан.

-Бұрыла кетсек қайтеді?

-Әкем Шыңғыс кері бұрылмауға, өткенге өкінбеуге үйреткен, 

-Шоқанның жүзінен сәл жымию нышаны байқалып, көздері жарқ етіп ұшқындады. 

Сәлден кейін:

-Шоңке, биліктің атасы не? – деді.

-Меніңше, атасы – шындық, анасы – сөз, негізі – халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары.

-Биліктен қателескен немесе біреуге бүйрегіңіз бұрған кезіңіз болды ма?

-Жоқ, Шоқан. Билікті бұрған жанның қылмыскерден, ұрыдан  не айырмашылығы бар?

-Онда, - деді Шоқан тағы да сәл жымиып, - қазіргі замандағы билердің, чиновниктердің көбі қылмыскер

ғой. 


-Иә, солай ғой, Шоқан. Шоң Шоқанның сәл жас қана айырмасын  байқағанмен, оның кескін-келбетінен

мәймөңкелемей, тура сөйлеуді талап еткен әсерді байқап еді. Бірақ, сіз деп сыйлап сөйлеуді халықты

билеген  кешегі Абылай ұрпағын қадірлеу, қасиеттеу деп түсінді. 

-  Шоқан, сізде арман бар? – деп еді.

-Ай, Шоңке, өзім ойланбаған сұрақты  қалай таптыңыз. Арман бар ма менде? Бар шығар. Тіпті шетсіз-

шексіз-ау деймін. Жан дүниемді бөлшектеп, әрбір арманымның соңына салса да жетпес.

-Содан да, сіз бақыттысыз ғой, Шоқан.

-Иә, рас, бақыттымын. Тек өзімдік, рухани ғана. Бірақ ел тұрмысын, адамдардың жағдайын, орыстардың

қазақтарға ойына келгенін істеп жатқанын көргенде өзегім өртенгендей болады. Басқа елге отар болу

–  құл  болу  деген  сөз  Мейлі,  олар  мәдениет  әкелем,  өмір  сүруге  үйретем  деп  айта  берсін.  Ескі

мәдениетімізді, өз іргемізді өзіміз көтеріп, жер байлықтарын игерердей мүмкіндік туса, біз кімнен кем

болар екенбіз. Солай, Шоңке.

-Отарланудан қалай құтыламыз?

-Ешқандай халық ешбір заманда басқа елдерді ақырына дейін көрген емес. Ресей сан түрлі халықтардан

құралған. Көзі ашылып, көңілі оянған жұрт кімнің де болсын езгісіне көнбейді. Шоң ризалықпен үнсіз

бас изеді. Шоқан араға күн салмай, суыт жүріспен Қарқаралыға тіке асты. 

*   *   *   *  *

*   *   *   *  *

*   *   *   *  *

Алсай Тұңғышбай  жөн білетін, сөз білетін адам болған. Ол аға сұлтан Ыбырай Жайықбаевты жезде-

сініп, еркін сөйлеген. Оңтайына қарай дәлелді сөзіне дуанбасының өзі де риза көрінеді. Бірде аға

сұлтанның үйінде Шоң да бас қосып, дәм ішеді. Малдас құрған  дуанбасының сол қолы башай жағына

тиіңкіреп отыр екен. Оны Тұңғышбай да, Шоң да байқайды. 

-Тамақ ішіп отырып, бақайыңызда неңіз бар? – дейді Тұңғышбай. Қолын тез көтерген дуанбасы:

-Апырай, әңгімемен отырып білмеппін. Сені Тұңғышбай қиядағыны шолатын қыран ба деуші едім.

«Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды» дейтін. Тым ұсақтап кеткен жоқсың ба?

-Мәселе сіздің басыңызда да, бақайыңызда да емес. Елдің басының етекке түсіп кеткеніне жаным

ышқынып, байбалам салдым ғой. Аға сұлтанға мына сөз қатты тиді. Жүзі қарайып, еңсесі түскен сәті

тым жанашырлық болды ма, Шоң даусы қаттырақ шығып кеткенін өзі де байқамай қалды:

Оу, Ыбырай,

Жаңылмайтын 

Жалғыз бір құдай,

Тұңғышбай, тоқта, 

Жоқтан барды құрамай,

Ит те сыйлы иесімен,

Бақайдың бастан несі кем?

Баспен ғана табылмас

Бақайсыз қалсаң несібең.

Ыбырай Жайықбаев жымыңдап басын тіктеп еді. 

-Апырай, сендерге дауа жоқ екен. Әсіресе, сен Шоңке, өте жақсы айттың.

-Тым мәнді болмаса да қиналғанда жүректен шықты ғой.  Елдің басы жаман болғанда, елде не қасиет

бар, - депті Шоң.

*   *   *   *  *

*   *   *   *  *

*   *   *   *  *

Шабадан Манаптың асы 1900 жылы өткен. Ауылы аралас, қойы қоралас, жер-суы да жақын жұрт бірі-

мен-бірі мидай араласып еді. Екінің бірі құда-құдандалы, жекжат-жұрт, жамағайын. Әрине, қырғыздар

үш  жүздің  баласына  сауын  айтқанымен,  бұл  асқа  қазақ  жеріндегідей  ел  тайлы-тұяғымен  жаппай

жүгірмей, тек асқан байлары, би-болыстары нөкерлерімен, палуандарымен, өлеңшілерімен барған еді.

Тоқа руының басты адамы Шоң қара көрсеткен. Қырғыздар да оңай халық емес. Адамдарға сынай да

қарайтын, көңіл түпкіріне сыналай үңілуге тырысатын пенденің сезім-күйіне мән бермейтін жұрт. Бі-

реуге аш кенедей қадалып, бабынан кінарат тапса болды, ол қонақ болсын, мейлі құдай болсын, қолды

бір-ақ сілтерінде сөз жоқ. Асты басқарушысының он алты қанат ақ ордасында мынандай да сөз болыпты

дейді. Шоң келді, дейді. Білдіңдер ме, бұл несінен Шоң екен, бойымен бе, ойымен бе?

-Оны білейік, тақсыр, - десіпті. Қырғыздар ертеңіне қайта бас қосқанда бірі: Шоң аз сөйлеп, көп

тыңдайтын, кеш жатып, ерте тұратын жан екен. Жүрек толғанысын сездірмейтін көрінеді, - дейді. 

-Тағы не сыр аңғардыңдар? – бірің барып Шоңмен сөйлесіп қайтсаң қайтеді.

-Жақсы, мен барайын, - депті Қарымшақ деген қылауыз.

-Мынау не? – депті Қарымшақ Шоңға тігілген киіз үйді көрсетіп.

-Бұл менің Отаным. Туып-өскен өлкемде жүз жыл жүрсем қас-қағым сәттей болмайды. Мына киіз

үйдегі бірер күнім де солайша зулап өтті. Сондықтан, бұл менің қазіргі Отаным, - дейді Шоң.

-Мен кіммін? – дейді Қарымшақ қырғыз.

-Сен қонақсың.

-Неге? 


-Өмір де, бұл үй де саған тұрақ  болмайды. Сондықтан сен қонақсың, - дейді Шоң. Сәл отырып тағы

да: «Біздің жақта жаманды сөз етіп елемейді, ауылға келгенді тергемейді» - депті.  Бұл әңгімені естіген

ас басқарушы: -Апыр-ай, сөйлесетін адам екен,  Шоң десе, Шоң екен. Күтімін қатырыңдар депті. 

ШОҢ ӨЗ ЗАМАНЫНДАҒЫ ӨКІМЕТТЕН МЫНАДАЙ

МАҚТАУ БЕЛГІЛЕР АЛҒАН ЕКЕН:

1.Салтанатты шапан – 1859 жылы.

2.Мойынға асатын Станислав ленталы күміс медаль -1862 жылы.

3.Станислав ленталы алтын медаль -1866 жылы.

4.Мойынға асатын Анна ленталы алтын медаль – 1870 жылы.

5. «Құрметті азамат» жоғары атағы – 1879 жылы  

ШОҢ ТЕЛҚОЗЫҰЛЫ

Жақсының аты өлмес




1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал