Газет 2001 жылдың 2 сәуірінен бастап шыға бастады 30 қыркүйек қоян жылы, 2011



жүктеу 464.79 Kb.

бет4/5
Дата09.01.2017
өлшемі464.79 Kb.
1   2   3   4   5

ғымызды  марқайтуға  тиіс 

екенін  ескере  жүргеніміз 

ләзім, озат оқырман. 

Эльмира АБЕтЖАНовА. 

ЖетпісКе «ЖетістіКпен» 

ЖетКен Жан

Тәңір мен Жаратқан! Алла мен Құдай! Бір қарағанда си­

ноним сөздер болғанмен, әр діннің тілінде әртүрлі естіледі. 

Тәңіршілдер Құдай демейтіні секілді, құдайшылдар Алланы 

аузына алмайды. 

Діннің  дінін  бекітіп,  түп­қазығын  айқындап  берген 

тұлғаларды діннен шала сауатты қазекеңдер қожа мол­

да,  әулие­әнбие  атандырған.  Бұлардың  көбі  араб,  пар­

сы  тұқымынан  болғандықтан  ба,  қазақ  арасына  аса  сіңе 

қоймады.  Ал  жергілікті  ұлттан  шыққандары  некен­саяқ 

еді.  Осы  шоғырдың  ішіндегі  шоқтығы  биігі  Баянтауды 

ен  жайлаған  қалың  Күліктің,  алағай  да  бұлағай  заманның 

«термометрі» атанған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еді. 


№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

9

-  Өзіңіз  сапар  шегіп  келген  Әл-

Ақса  мешітінің  тарихын  жайынан 

сыр етсеңіз 

-  Сіз  айтқандай,  Иерусалимнің 

ескі  қалашығында  Храмды  тауында 

орналасқан  Әл-Ақса  немесе  Омар 

мешіті  мұсылмандар  үшін  Меккеде 

орналасқан  Кааба  Әл-Харам  меші-

тінен  және  Мединадағы  пайғамбар 

мешітінен кейінгі үшінші қасиетті жер 

болып  табылады.  Ертеде  Әл-Ақса 

мешіті  исламның  алғашқы  кибиасы 

болған.  Алайда  заман  ағымымен  ки-

биа Меккеге ауыстырылған болатын. 

Бұл  жердегі  кибиа-дегеніміз  қазіргі 

тілмен  айтқанда  қыбыла.  Мешіттің 

салынған  жеріне  байланысты  оны 

Мұхаммед  пайғамбарымыздың  ас-

пан ға  көтерілуімен  байланыстыра-

ды. Әл-Ақса мешіті кезінде Мұса мен 

Иса және ол екеуінің арасында өткен 

пайғамбарлардың  (ғ.с.)  қыбыласы 

болған.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  да 

Меккедегі  әл-Харам  мешіті  қыбыла 

болғанға  дейін  Ысқақ  пен  Яқуб  (ғ.с.) 

екеуі  салған  әл-Ақса  мешітіне  қарап 

намаз оқыған. Бұған қажылық сапары-

на барған бауырларымыз Мединедегі 

әл-Қибләтәйн  (екі  қыбылалы)  меші-

тінде  болғандарында  көздері  жетеді. 

“Ақса”  ұзақ,  алыс,  бір  шеттегі  деген 

мағынаны білдіреді. Ол мешіт Меккеге 

қарағанда алыс, шеттегі ғибадатхана 

болғандықтан  “әл-Ақса”  деп  атанып 

кеткен. 

- Әл-Ақса мешіті Алла тағала та-

рапынан  берекелі  мекен  етілген.  

оның хабарын аятта: “төңірегі тұн-

ған бе реке-байлық”, – делінген. Жал-

пы  әл-Ақса  мешітінің  қасиеттілігі 

жайында не айта алсыз?

-  Расында  да,  ол  мекен  мүбарак 

етіл гендігінен Алла тағала топырағын 

өте құнарлы, егін-

де рінің 

өнімін  


мол,  ауа  райын 

ға жап,  суларын 

мөл дір  әрі  шипа-

лы еткен. Сон дай-

ақ  осы  өлкеден 

көп пайғамбар лар 

шыққан.  Әл-Ақса  мешіті  Исламдағы 

қасиетті  мешіттің  екіншісі  болып 

саналады.  Оны  ең  алғаш  Адам  ғ.с. 

Меккедегі  қағбаны  тұрғызған  соң 

салған көрінеді. Екінші рет бұл мешітті 

Жақып  ғ.с.  қалпына  келтірген  екен. 

Осы орайда мен сізге бір аңызды ай-

тып  берейін.  Аңыз  бойынша  Жақып 

нағашыларына  сапарлап  бара  жа-

тып,  бір  жерге  түнеген  көрінеді. 

Сол  түні  оған  Алла  аян  береді. 

Түсінде  әлгі  жатқан  жеріндегі  тастан 

көтерілген нұр аспан арасын жол етіп, 

періштелер сонымен жоғары-төменді 

қатынап  жүрген  секілді.  Жарату-

шы, «Ей, Жақып, мен саған да, сенің 

ұрпақтарыңа  да  береке  беремін,  сен 

осы  жерге  құлшылық  орнын  сал!» 

дейді.  Содан  бері  де  әл-Ақса  мешіті 

бірнеше  рет  жөнделіп,  осы  дәуірге 

жеткен. Алланың құдіретімен Әл-Ақса 

мешітінде оқылған намаздың сауабы 

5  уақытылы  намазға  қарағанда  500 

есе  мол.  Бұл  жерде  айтылған  дұға- 

тілектің  барлығы  қабыл  болады. 

Пайғамбарларымыздың  көпшілігінің 

өмірі  осы  мешітке  тікелей  қатысты 

болғанын  сол  жерде  уағыз  айту-

шылардан  кеңірек  естідік.  Қазіргі 

таңда  осы  мешітте  Мұхаммед 

пайғамбарымыздың  (с.ғ.с)  шашы  осы 

кунге  дейн  сақталып  келеді.  Міне, 

мешіт  осындай  құндылықтарымен 

қасиетті дер едім.



- Әл-Ақса мешітінің бірнеше гале-

реялары бар деп естиміз. Сол гале-

реялар жайынан не айта аласыз?

-  Иә,  мешіт  7  галереядан  тұрады. 

Орталықта  бір,  батыс  және    шығыс 

бөліктерінде  үш-үштен  орналасқан 

екен. Орталық галереясы кең еденнен 

жоғары тұрады. Мешіт төбесінің орта-

сында күмбез салынған. Ішінде түрлі-

түсті  әйнектен  құралған  ою-өрнек 

болса, сырты қорғасынмен қапталған. 

Мешіттің  ішінде  мәрмәр  тіреуіштер, 

тас  діңгектер,  қақпа  салынған.  Әл-

Ақса  мешітіне  солтүстік  жақтағы  га-

лереядан    апаратын  7  есіктен  біреуі 

арқылы  кіруге  болады.  Сонымен  қа-

тар  мешіттің  батыс,  шығыс,  оңтүстік, 

солтүстік  жақтарында  да  бірнеше 

қосымша есіктер орнатылған.

-  Мешітте  қанша  адам  намаз  оқи 

алады.

- Әл-Ақса мешітінің кеңдігі сол онда 

бір  мезгілде  5000  адам  намаз  оқи 

алады.


- Соңғы деректер мен хабарларға 

сүйенсек  Әл-Ақса  мешітіне  кел-

тірілетін  зиянды  әрекеттерде  жоқ 

емес.  Бұл  жөнінде  Израйль  газеті 

«Haaretz»  мәлімдегені  белгілі.  Өз 

көзіңізбен  сол  зиянды  әрекетті 

көре алдыңыз ба? 

-  Әл-Ақса  мешітіне  зиян  келтіретін 

жер астындағы үңгіртауын «Израиль» 

туристерге арнайы ашып мешітті үңгір 

астынан көрсетпек. Міне бұл мешіт үшін 

үлкен  қауіп.  Жаңағы  сіз  атаған  қауіп 

жоқ емес бар. Жер асты үңгірі арқылы 

Израиль мемлекеті туристердің санын 

жыл сайын арттырып келеді. Мәселен, 

соңғы  40  жылда  салынып  жатқан 

үңгіртаулары арқылы  келген туристер 

Әл-Ақса мешітінің қасында орналасқан 

Сильван  үңгіртауларына  кіретін  жер 

астымен  ескі  мұсылман  қалашығы 

мен  мешітінің  батыс  жағына  өтіп, 

адамдар тұратын көшелерге және Әл-

Бурак яғни Жылау қабырғасына дейін 

жетеді.  Бұл  туристер  үшін  қызықты 

болғанымен  Әл-Ақса  мешітіне  үлкен 

қауіп.


-  Израиль  Иерусалим  жерінде 

исламның  болғанын  қаламай, 

сол  үшін  бүкіл  ескерткіштерін 

жоюға  тырысып  жатыр  депте 

әлемдік ақпарат жар салды. Жалпы 

Израильдың  мұсылмандарға  көз 

қарасы қалай екен?

-  (Сәл  жымиып  күліп)  Айтып 

отырғаныңыздың  жаны  бар.  Расы-

менде  мұсылмандарға  қатты  қа-

райды  екен.  Шекардан  өту  кезінде 

де  өзгелерге  көрсетпеген  әлекті 

сол  жерге  зиярат  етуге  барған  16 

мұсылмандар  көрді.  Тіпті  «Кто  был 

на  Храмове  горе»  деген  сұрақты 

да  қойып  үлгерді.  Жәнеде  Иеруса-

лим  қаласына  келгенде  көшелерде 

қолдарына  тапанша  ұстаған  әскери 

адамдарды көргенде еліміздегі бейбіт 

өмірге тәубә дейсіз.



- Мұсылманда садақа беру деген 

бар.  Барған  сапарларыңызда  сол 

мұсылман парыздарын орындаған 

боларсыздар?

-  Иә  садақа  беру  бұл  мұсылман  

жолында  парыз  болып  келеді  ғой. 

Бір  қызығы  біз  барған  кезде  Әл-

Ақса  мешітіне  жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп  жатқандақтан  жабық  бол-

ды.  Бірақ  Қазақстаннан  арнай  кел-

ген туристер үшін мешітті ашып бізді 

кіргізді.  Сол  кезде  мешітке  кіргеннен 

кейін әрбір адамның өз еркі бойынша 

құран кәрімді 20 доллар беріп ұстап, 

дұғаңызды  айтып,  тілегіңізді  іштей 

қайталап  қайта  қайтарады  екенсіз. 

Сондағы  көрсетілген  сома  бәріне 

бірдей болды. 

-  Әңгіме  барысында  мешіттің 

астынан  салынып  жатқан  үңгір-

таула ры  жайынан  айтып  қалдық 

қой.  тарихші  ретінде  айтынызшы, 

қа сиетті  мешітті  күтіп  ұстау  үшін 

жауапкершілікті кімдер алған? 

-  Өте  орынды  сұрақ.  Осындай 

қасиетті  мешіттерімізді  күтіп-ұстау 

үшін  мүдделі  мемлекеттер  арасын-

да  1954  жылы  халықаралық  келісім 

жасалынған  екен.  Әл-Ақса  мешіті 

мен  Куббатас-Сахра  мешіттері  Иор-

дания  мемлекетінің  қарауына  бе-

рілген.  Сол  мемлекеттің  мешіт 

істері  комитеті  мешіттердің  барлық 

жөндеу  жұмыстарын  толығымен  өз 

жауапкершілігіне алған.



Барған  сапарыңыздың  жайы-

мен  бөлісіп,  көкейіміздегі  сауал-

дарымызға  тұшымды  әрі  қызық-

ты  етіп  жауап  бергеніңіз  үшін 

алғысымыз шексіз!

Қарлығаш хАшыМҚызы.

сыр сұхбат

Жыл  сайын  жаз  мезгілінің  шырайлы 

күндерінде  шекара  асып,  шет  ел  барып 

демалып  келетін  азаматтар  санында 

шек  жоқ.  Міне,  солардың  бірі  қара  ша-

ңырағымыздың  ұстазы,  тарих  ғы лым-

дарының  докторы,  профессор  Райхан 

Мұхаммеджанқызы Таштемханова. Райхан 

Мұхаммеджанқызы Израильдің Иерусалим 

қаласындағы  Әл-Ақса  мешітіне  барып 

зиярат  етіп  оралды.  Әл-Ақса  мешітінің 

бірінші  ғимараты  біздің  заманымыздың 

636 жылы Храмды тауында Омар бен әл-

Хаттаб ханифі салды. Алғашқы кезде ол 

намаз оқуға арналған кіші ғимарат болса, 

қазіргі  кездегі  ғимаратты  Әбдел  әл  Ма-

лик  709-714  ж.ж  салды.  Пайғамбарымыз 

Мұхаммед  Мұстафа  (с.ғ.с.)  хадисінде: 

«Шамаларың  келсе  қасиетті  орын  Әл-

Ақсаны зиярат етіңдер» деген екен. Осы 

аманатты орындауға пейіл еткен Райхан 

Мұхаммеджанқызының  қасиетті  мекенге 

жасаған  сапары  жайынан  бөліспекке  сыр 

сұхбатқа тартқан едік. 

МұсылМандарға 

қатал  

қарайды

№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

10

«Cіз  неге  ПМУ­ды  таңдадыңыз?»  ­  деген 

сұрақты    университетіміздің  қабырғасына 

оқуға түскен кез – келген студентке қойсаңыз 

алатын  жауабыңыз  сан  түрлі.  Сонымен  біздің 

жаңа  достарымыздың  ойы  мен  дербес  пікірі 

қалай? 

Жансая КАКИМовА,  

Мт-101 тобының студенті

-  С.  Торайғыров  атындағы  Пав-

лодар  мемлекеттік  университеті 

өңіріміздегі  мен  білетін  ең  жақсы 

жоғары  оқу  орны.  Факультеттері 

мен 


мамандықтарының 

саны 


көп,  яғни  әрбір  адам  қажет  де-

ген  мамандық  бойынша  білім  ала 

алады.  Осында  оқып  жүрген  жастар  қызығушылығына 

байланысты  көптеген    үйірмелерге  немесе  спорт  сек-

цияларына қатысып, бос уақыттарын тиімді өткізуге зор 

мүмкіндіктер  жасалған.  Мәселен,  мен  алдағы  уақытта 

студенттік  радиода  өз  бағдарламамды  жүргізуімді  жос-

парлаймын.

Ал бірінші семестр аяқталған соң француз тілін үйрену-

ге кірісемін деп жоспарлап отырмын. Бос уақытымды уни-

верситет  кітапханасында  өткізуге  тырысамын,  өйткені 

осындағы  оқытушылар  сапалы  білім  беріп,  студенттің 

дайындығына да жоғары талап қояды. 

Сәния ҚАПАР,  

ЖЭ-101 тобының студенті

-  Республика  көлеміндегі  таны-

мал,  әрі  алдыңғы  үздік  5  универ-

ситеттермен  иық  тіресе  алатын 

алып  білім  ордасының  студенті 

болуды  әрбір  екінші  адам  арман 

етері сөзсіз. Оның басқа оқу орны-

нан ерекшелігі – көп салалығында. 

Әкімшілігі  студенттердің  сапа-

лы  білім  алуына  барлық  жағдай 

жасайды,  айтып  кететін  болсам,  коррупцияға  жол 

бермейтін  электронды  түрде  жасалған  әр  студентінің 

жеке  кабинеті,  құнды  басылымдары  бар  кітапханасы, 

жабдықталған оқу - техникалық базасы әрі, ең бастысы, 

тәжірибелі ұстаздары. Университет өміріне мүмкіндігінше 

қатысармын. Пікірталас клубы мен хореография үйірмесі 

менің өнерімді жаңа деңгейге көтеріледі деген ойдамын. 

Нұрсұлтан СУЛЕйМЕНов,  

Бт-101 тобының студенті

-  Павлодар  облысының  ірі 

жоғары  оқу  орнының  бірі.  Кезінде 

университетіміз  М.В.  Ломоносов 

атындағы  Мәскеу  мемлекеттік 

университетімен  бірге  білім  беру 

ісінде қатарлас болған екен. КСРО 

тарағанымен  кейбір  оқытушылары 

басқа  елдерге  кетуге  мәжбүр 

болған. 


Алайда 

Тәуелсіздік 

алғаннан кейін отандық білім беру жүйесі қалыптаса ба-

стады.  Мемлекеттік  тілімізде  топтар  саны  молая  түсті. 

Ол, әрине, қуанарлық жайт. Оқытушылары қазіргі заман 

талабына сай білім беріп, теория мен тәжірибені қалай 

ұштасу  керек  екенін  көрсетеді.  Университетте  шәкірт 

тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлінеді.  Мәселен,  спорт  неме-

се  өнер  саласында  дарынды  студенттер  өз  шеберлігін 

ары қарай түрлі үйірмелерде  дамыта алады. Мен өзім 

футбол  секциясына  жазылдым,  көңілді  тапқырлар  клу-

бына да қатысамын, жалпы, университетте өткізілетін іс-



шарадан қалмауға тырысамын.

Кеше  ғана  мектеп  табалдырығынан 

аттанған оқушылар бүгін, міне, жоғары 

оқу  орнының  студенттеріне  айналды. 

Студент  өмірі  әр  адам  ғұмырындағы 

ең  қызықты  сәттерінің  бірі  деп  тек-

тен  тек  айтылмаса  керек-ті.    Дәл  осы 

студенттік  кездері    түрлі  қызықты 

оқиғаның  куәгері  немесе  себепкері  бо-

луымен  қатар,  нағыз  достық  пен  адал 

махаббаттың 

жолында 

серіктерін 

кездестіріп, 

олардың 

қаншалықты 

құнды  екенін  түсінуге  және  де  талай 

қызығы  мен  шыжығы  мол    сәттерді 

басынан  өткізе  жүріп  білім  нәрімен 

қанығып  үлкен  өмірге  маман  ретінде 

жолдама алады.  

Қарашаңырағымыздың  жыл  сайынғы 

қалыптасқан 

үрдісі 

бойынша 

16 

қыркүйек  күні  қалалық  мәдениет  са-

райында  оқу  ордамызға  түскен  бірінші 

курс 

студенттері 

үшін 

арнайы 

ұйымдастырылған  студентке  арнау  

рәсімі өткізілді. 

Іс-шара  Қазақстан  Республикасының 

Әнұранынан 

басталып, 

дәстүрге 

айналған  әлемдегі  бүкіл  студенттерді 

бір  қоғамға  біріктіретін    студенттік 

әнұранымен  өз  жалғасын  тапты. 

Ал  салтанатты  ант  беру  рәсімінсіз  

қандай шара өтеді?! Студент қатарына 

қосылғалы  отырған  жастар  қауымы 

студент  антының  маңыздылығы  зор 

екенін  мойындайды.  Олардың  пікірінше, 

осынау  дәстүрдің  жастар  өміріндегі 

үлкен жауапкершілікке апаратын бірден-

бір жолға айналғалы отырғаны ақиқат.

Салтанатты  іс-шараға  қала  мен 

облыстың 

құрметті 

азаматтары, 

аймақтық БАҚ-тың басшылары, жоғары 

оқу  орны  әкімшілігінің  өкілдері  келіп, 

студент  атына  ие  болған  бұрынғы 

оқушыларды  осы  үлкен  мерекесімен 

құттықтап,  студенттік  билеттер 

табыс  етті.  Сонымен  бірге  арнайы 

келген  қонақтар  студенттерге  ақ  жол 

тілеп,  осынау үлкен, қызықты сапарда 

кездесетін  түрлі  жағдаяттар  жөнінде 

баяндай  отырып,  өздерінің  өмірлік 

тәжірибелерімен бөлісіп, кеңес берді.

Университет  қабырғасында  білім 

алуымен 

ғана 

шектелмей, 

оның 

қоғамдық  өміріне    де  өз  үлесін  қоса 

білген  студенттері  қатарынан  ең 

жақсы  деген  жастар  сахна  төрінде 

атаулы  стипендияға  ие  болды.  Бұл 

оқу  ордамызға  жаңадан  түскен  жа-

стар  үшін  тынымсыз  еңбек  пен  асқан 

ізденімпаздықтың  қалтқызыз  жемісі 

екенін айғақтайтындай.

Кеш  соңы  жас  достарына  арнайы 

қойылған  тамаша  әндер  легімен  өз 

мәресіне  жетті.  Осы  орайда  биылғы 

жылы  университет  табалдырығын 

аттаған жас достарымыздың пікірі мен 

осы  кештен  алған  әсерлерін  Сіздерге  

ұсынуды жөн көрдік. 

тимур АхМЕтов, 

ГПФ, ЖУР-101

- Бұл мереке мен үшін 

өмірімдегі  ең  бір  қуа-

нышты  сәттерімнің  бі-

рі  ретінде  қалары  сөз-

сіз.  Қуанышым  қой ныма 

сыймай  қуанып  тұрмын.  

Себебі,  Павлодар  мем-

ле кет тік уни вер си те тін де 

оқып жүргеніме мақ та на-

мын.  Өйткені  оқы ту шы-

ла ры білімді, қажетті бі лім мен қаруланды рып, 

студент оқуына да талап қоя біледі. Универ-

ситет қабырғасында жаңа адамдармен таны-

сып, жаңа достар таптым. 

Салтанат 

АБдРАхИМ, ГПФ, 

ФИЛ-101

- Үлкен толқудамын. 

Мен  үшін  бүгінгі  ме-

реке  ерекше  өтті, 

өйткені  үлкен  өмірге 

жол  бастағанымды 

түсіндім. 

Универ-


си теті міз  мен  үшін 

алып  білім  кемесі. 

Осынау  үлкен  білім 

кемесімен ғылым те ңі зіне саяхатқа шық қалы 

отырмын. Саяхатымның мақсаты – таңдаған 

мамандығымның шебері болып атану. Қазақ 

елінің  заңғар  жазушысы  С.Торайғыров 

айтып  кеткендей:  «Әлемдегі  терең  сыр, 

ғылымменен  ғана  ашылмақ»,  сондықтан  да 

жастарға тек қана ғылымды талмай, шарша-

май іздеулеріне тілектеспін.  

Серікболсын 

КИНАятов,  

АтФ, оРжош-101

-  Ең  бастысы,  әр 

баланың 

туғаннан 

бастап  мақсаты  бар. 

Ол  -  мектепте  дұрыс 

білім  алу,  содан  соң 

ЖОО-ның  сан  алуан 

факультеттерінен  өз 

қабілетіне, 

ынтасы-

на,  қызығушылығына 



сай  келетін  маман-

дығын  таңдау  мен  оқу  болып  табылады. 

Бұл    күн  мен  үшін  жоғарғы  өмір  деңгейіне 

жол  ашты.  Осы  күннен  бастап  өз  өмірімдегі 

жауапкершілікті  молайды  деп  білемін. 

Таңдаған  мамандығымның  жолында  тал-

май ізденіп сол арқылы жақсы маман болып 

шығу – бұл менің өмірлік мақсатым. 



Түлектер

АРмА, ЖАС ТүЛЕК!

Бетті әзірлеген Елена ГАРКАвА.

№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

11

Жаршы

«Алаш» арысының 

есімі мұхит асты

Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның туғанына биыл 

–  145  жыл.  Несін  жасырамыз,  ауыз  толтырып  айтатын-

дай елімізде өткізіліп жатқан шаралар легі шамалы. Тым 

құрығанда  азаттығымыздың  айбары  Астанамыздың 

төрінен де бір ескерткіш бұйырмады. Елім деп, жерім деп 

жұдырықтай жүрегін қолына ұстап, өмірінің соңына дейін 

жер  дауын    қуып  өткен  Алашымыздың  арысына  ұлан 

байтақ  жерімізден  ұлтарақтай  жер  бұйырмай  тұрғаны 

қалай? Арыстарымызды әспеттей алмай тұрып, Битлз бен 

Виктор Цойға да ескерткіш қойған жоқпыз ба? Астананың 

төрінен Ақанға бұйырмаған ескерткіш хайуаны Құлагерге 

қойылды. Оған да жөн дедік. Алайда хайуанға соғылған 

ескерткіштер тау тұлғаларымызға қойылса құба құп бо-

лар еді ғой. 

Арыстарымыздың қадіріне қазақ бола тұра өзіміз жете 

алмай  жүргенде  мұхиттың  ар  жағындағы  ғалымдар  

Әлихан  Бөкейханұлының  атына  қанық,  ерлігіне  тәнті 

болып  үлгерген.  Тіпті  араларынан  сурылып  шығып, 

Әлекеңді зерттеуге кірісіп кеткендері де бар. Оған дәлел 

13 қыркүйек күні Әлихан Бөкейханның 145 жылдығы мен 

Тәуелсіздіктің  20  жылдығына  орай  ұйымдастырылыған 

«Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы 

халықаралық  ғылыми  –  тәжірибелік  конференцияда 

«Алаш  және  Әлихан  Бөкейхан»  тақырыбын  зерттеп 

жүрген  Орта  Азия  елдеріндегі  америкалық  сарапшы 

Марта  Бриль  Олкот  және  Жапониялық  Томохико  Уяма 

сынды  ғалымдар  Алаш  пен  Әлихан  деп  алып  –  ұшып,  

өз ортасына дәріптеп үлгерген. Қызығы сол, өз арыста-

рымызды ұлықтай алмай тұрып өзгеге табынамыз, өзге 

ұлттың  ұлдарын  төбемізге  көтеріп  ұлықтаймыз.  Сасқан 

үйреттің кебіне түсіп.

Біздің  қазақы  қанымызға  сіңген  жамқсы  да  жаман 

қасиеттеріміз қандай ісіті де асықпай байыппен істейтіні. 

Бәлкім,  Әлихан  Бөкейханұлы  өз  қоғамынан  ала  алмай 

жүрген бағасын осы 145 жылдығында жеткілікті дәрежеде 

алып қалар деген сенімдеміз. 

Қарлығаш хАшыМҚызы.

Павлодар  облысының  «Жасыл 

ел» студенттік құрылыс және жастар 

отрядының  «Жасыл  патруль»  атты 

экологиялық  отряды,  С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ  және  Павлодар  об-

лысы  бойынша  балық  инспекциясы 

бөлімімен  бірлесіп  қыркүйек  айының 

14-і  мен  28-і  аралығында  Ертіс 

өзенінің  алқаптарындағы  құртшабақ 

балықтарын 

құтқару 


шарасын 

бірлесе  атқаруда.  14  қыркүйек  күні 

таң  сәріден  ПМУ  студенттері  Ертіс 

өзенінің  алқаптарындағы  құртшабақ 

балықтарын 

құтқару 


акциясына  

жаппай  қатысты.  Осы  Ертіс  аңғары 

құрамына    дамыл-дамыл  көлдетіліп 

тұратын  жалпақтығы  10-12  км  бола-

тын алқап та кіреді. Көктемгі Ертістің 

тасуынан  соң  алқапты  суаттарда, 

ғалымдардың  айтуынша  саны  100 

млн-ға  дейін  жететін,  шортан,  са-

зан,  бекіре  сияқты  балықтардың 

құртшабақтары 

қалып 

қояды.  


Күзге  қарай  бұл  құртшабақтардың 

ұзындығы  5-6  см,  ал  салмағы  бес 

граммға  дейін  жетеді  екен.  Шараны 

өткізушілердің  айтуы  бойынша  бұл 

шынымен  де  біздің  аймағымыздың 

басты  экологиялық  мәселелерінің 

бірі  болып  табылады.  «Бір  миллион 

құтқарылған  құртшабақтардан  екі-

үш жылдан соң  2500-3000 кг  сатуға 

жарамды  балық  ала  аламыз.  Сонда 

санап  көрсек,  осы  суаттарда  қысқы 

қатқақтардан  қатып  қалатын  қанша 

миллион  балық    жоғалуда»  -  дейді  

«Жасыл  ел»  облыстық  штабының 

командирі Нариман Әбілшаиқов. 

Айта  кететін  жай,  бұл  шара  біздің 

өңірімізде  бірінші  рет  өткізіліп 

жатқан  жоқ.  Биыл  студенттердің  су 

қоймаларына  шығуы  төртінші  мәрте 

орын  алып  отыр.  Өкінішке  орай,  бұл 

мәселені қанша жерден көтеріп жатса 

да, әлі күнге дейін оң нәтижесін беріп 

жатқан  жоқ.  Себебі  құтқарушылары 

да, қатысушылары да тек студенттер. 

Қатысушы  сарбаздар  мен  студент-

терге  төлем  ақы  да  төленбейді.  Бұл 

экологиялық  акция ға  тек  өздерінің 

ынтасы  мен  еркі  арқылы  қатысуға 

ниеттенген жастарды ғана көруге бо-

лады.  Осы  әрекетке  қатысуды  өзіне 

міндет  етіп  санайтын  ПМУ  студенті 

Арыслан Қайдаров та: «Экологиялық 

акцияға  біз  қатыспасақ,  онда  ешкім 

де  қатыспаушы  еді»,  –  дейді.  Шы-

нымен  де,  осы  сөздің  дәлелін  Васи-

лий  Михайлович  Троцкой  да  жоққа 

шығармайды.

Василий 


Михайлович 

Троц-


кой  –  Павлодар  облысының  балық 

инспекциясының  мемлекеттік  тексе-

рушісі: 

–  Өкінішке  орай,  бұл  акцияны 

тек  ПМУ  студенттерінің  көмегімен 

өткізудеміз. Себебі біздің бөлімімізде 

не  мүмкіндік  жоқ,  не  керекті  құрал-

жабдықтар да жоқ, адам да аз. 

Экологияны  құтқару  әрекеті  кезеңі 

аралығында  ПМУ  студенттері  мен 

«Жасыл патруль» отрядының сарбаз-

дары  5  миллионға  жуық  құртшабақ 

балықтарын  құтқаруды  көздеп  отыр. 

Энтузиасттар  жұмысының  нәтижесі 

әлі алда және қойылған мақсаттарына 

жетеді  деп  үміттенеміз.  Осындай 

шаралардың  арқасында  «Пионер 

әрқашан  дайын!»  демекші,  біздің 

студенттер де көмекке де, игі істерге 

әрқашан дайын екенін көре аламыз.




1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал