Газет 2001 жылдың 2 сәуірінен бастап шыға бастады 30 қыркүйек қоян жылы, 2011



жүктеу 464.79 Kb.

бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі464.79 Kb.
1   2   3   4   5

P.S. Қазақ әдебиетінің шоқ жұлдызы 

Әбу Сәрсенбаевтың шығармашылық 

жолындағы  бағдаршамы  болған 

Ләзиза  Мешітбайқызы  болашақ 

жас  журналистердің  де  биік  шыңға 

бағыт  алар  бағдаршамы  болмақ.  

Өне рім деп жүріп өмірін, өмірім деп 

жүріп  өзін  ұмытатын  жастарға  қос 

жұлдыздың  тағдыры  тазалық  пен 

сыйластықтың үлгі болса, қуаныш!

Қарлығаш хАшыМҚызы.

Ләзиза Серғазина - 

қазақ журналистикасының қарлығашы

Ләзиза Серғазина - 

қазақ журналистикасының қарлығашы

Қазақ  «Өлі  разы  болмай  тірі  байымайды»  дейді.  Киелі  Кереку  жерінің 

тумасы,  қазақ  қыздарынан  шыққан  алғашқы  кәсіби  журналист,  қоғам 

қай раткері,  ақын,  жазушы,  аудармашы  –  Ләзиза  Мешітбайқызы  

Серғази на өз заманындағы ақпарат әле міндегі арпа ішіндегі бір бидайы 

болатын. Аналық аппақ жүрегімен бесігін, сиялы сырымен қоғамын тер­

беткен  апамыздың  құрметіне  қыркүйек  айының  20  жұлдызы  күні  оқу 

ордамыздағы Л.Серғазина атындағы баспасөз орта лы ғы нан Ләзиза Сер­

ғазинаға арналған экспозициялық мұражай ашылды. 


№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

7

Ақпарат айдыны

Сондай-ақ,  осы  күні  әйгілі  жерлесіміз,  академик  Әлкей 

Марғұланның жүйеленген мұрағаты қолжазбаларының таны-

стырылымы болды. Мұнда ғалымның хаттары, фотосуреттері, 

автографиялық  материалдары  бар.  Мұндай  жүйеленген 

мұрағат өңірімізде тұңғыш рет жасақталды. Ол үшін универ-

ситет  ғалымдарына  біраз  тер  төгуге  тура  келді.  Студент-

тер  мұрағаттағы  мәліметтерді  күнделікті  сабаққа  пайда-

лана  алады.  Сонымен  қатар,  білім  ордасы  ғалымдарының 

құрастыруымен стунденттердің күнделікті сабаққа қолдануына 

арналған қазақ тілінде жазылған 50 оқулықтың таныстырылы-

мы өтті. Университеттің Тәуелсіздік тойына жасаған тартуының 

бірі – білім ордасының ішінен Борлы археологиялық кешенінің 

ашылуы болды. 

Одан кейінгі игі істің жалғасы орысша-қазақша-ағылшынша 

сөздігінің 30 томдығының тұсаукесерімен көрініс тапты. Сөздік-

ті құрастыруға білім ошағындағы тіл мамандары атсалысқан. 

Шараға қатысқан  облыстық тілдерді  дамыту басқармасының 

бастығы Талғат Әбілқасымов: «Қазақстан халқы тілдерінің күні 

мерекесі аясында игі бастаманың жемісін көріп отырмыз. Бұл - 

тіл үйренемін деген жандарға таптырмас байлық»,- деді. 

Оқу  ордамыз  тағы  да  бір  тың  бастаманы  жүзеге  асыр-

ды.  Ол  –  өңірімізді  мекендейтін  ұлттардың  әдебиетіне 

арналған «Қазақстан халқы кітапханасының» ашылуы болды. 

Аймағымызда  алғаш  рет  қолға  алынған  бұл  іске  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  өңіріміздегі  филиалдары  қолдау 

көрсетеміз деп отыр. Кітапхананың басты ерекшелігі – кітаптар 

түпнұсқа  және  электронды  түрінде  сақталады.  Мұнда  қазақ, 

орыс, поляк, татар тағы да басқа ұлттар әдебиетінің көрнекті 

өкілдерінің туындыларын табуға болады. Ерлан Мұхтарұлының 

айтуынша,  кітапхана  өз  жұмысын  әлі  де  жандандыра  түседі. 

Шараға  қатысқан  этно-мәдени  бірлестіктердің  өкілдері 

кітапхананың кітап қорын молайтуға ниетті екенін алға тартты. 

ҚР Ассамблеясы облыстық филиалы төрағасының орынбаса-

ры  Сейсенбай  Жетпісбаев  білім  ордасымен  арадағы  байла-

ныс жеңістерге жетелейтініне сенім білдірді. 



Фархат ӘМІРЕНов. 

Журналистика кафедрасының ІІІ курс студенті

Жуырда  оқу  ордамыздың  төрінде  «Ақын 

жыры - өмір сыры» атты конференция болып 

өтті.  Іс-шараны  ұйымдастырудағы  басты 

мақсат  –  жоғары  оқу  орнының  мамандары 

Торайғыров тағылымына әзірленген сайттың 

ғалам тор  желісіне  енгізілуі  мен  белгілі 

торайғыровтанушы,  практик-ұстаз,  ғалым-

әдебиеттанушы  Зекебай  Солтанбайұлының 

ақын  шығармашылығы  жайлы  жазған  «Жа-

лынды демократ» атты кітабының тұсау кесу 

рәсімі болатын.

Сайт  жасаушылары  жинақталған,  сұрып-

талған,  сапалы  түрінде  әзірленген  ақын  ту-

ралы  мағлұмат  пен  шығармалары  көпшілік 

назарына  ұсынылып,  торайғыровтану  дер-

бес  ғылым  ретінде  дамуына  өзіндік  үлес 

қосуда.  Сайт  пайдаланушылары  ақын 

өмірбаянымен  танысып,  әдеби  жанрға 

сәйкес  топтастырылған  шығармаларымен 

жұмыс  істей  алады.  «Фотоальбомнан» 

ақын  өміріндегі  түрлі  оқиғаларға  байла-

нысты  суреттерді  көруге  болады.  Ақын 

шығармашылығы, 

өмірі, 

атқарылған 



қоғамдық  жұмыстары  жайлы  достарының, 

замандастарының 

айтылған 

сөздері 


«Естіліктер» деген бөлімінде кең қамтылған. 

«Шежіреде»  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың 

ата  тегі  жөнінде  көптеген  мәлімет  берілсе, 

«Ер есімі – ел есінде» деген тараудан ақын 

есімімен  аталған  ЖОО,  кітапхана,  көше, 

ескерткіштер  туралы  толық  мағлұматтар 

алуға  болады.  Сайтпен  жұмыс  істегеннен 

кейін  әр  пайдаланушы  өз  пікірін  «Қонақ 

кітабында»  білдіре  алады.  Сайт  көпшілікке 

арналғандығымен, торайғыровтану мәсе ле-

лерінің ұзақ жылдар бойы зерттеуімен айна-

лысатын ғалымдарына да пайдалы болмақ. 

«Әр нәрсенің өз уақыты болады», – деген-

дей,  осылайша  Зекебай  Солтанбайұлының 

«Жалынды  демократ»  атты  еңбегінің 

жарқырап  жарыққа  шығатын  да  кезі  келді. 

Республика  Тәуелсіздігінің  20  жылдық  ме-

рейтойы  қарсаңында,  елеулі  еңбегінің 

арқасында  жарық  көрген  кітабының  қазіргі 

уақытта пайдасы мол, берері сүбелі болмақ. 

Олай дейтініміз, кітап авторы Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың  шығармаларына  терең  тал-

дау жасап, басқа қазақ ақын-жазушы ларының 

еңбектерімен  салыстырып,  жаңа  қырынан 

таныстыра  білді.  Ақын  тілінің  ерекшелігі, 

пайдаланылған  көркемдік  құралдары,  сөз 

байлығы, көтерілген мәселелері мен пікірі – 

осының бәрі кітап авторының зерттеу объек-

тісі  болып  табылады.  Кітап  мұғалімдерге, 

ЖОО  студенттеріне,  Торайғыровтану  мә-

селелерін  қарастыратын  ғалымдарға,  қа-

зақ  әдебиеті  тарихын  қызығушылықпен 

оқитындарға арналған. 

Атқарылған  жұмыстардың  нәтижесінде 

торайғыровтану  өрісі  кеңейіп,  қоғамның 

рухани  өміріне  ықпал  етпек.  Осынау  ұлы 

ақынның  үлгі-өнегесі  мол  жырларының 

арқасында  болашақта  елімізде  жалын-

ды  демократтардың  саны  көбейеді  деген 

сеніміміз мол.



Елена ГАРКАвА

Қыркүйектің  20  жұлдызы  тұсау-

кесерге  толы  күн  болды.  Универси-

тетке жиналған жұртшылық алдымен 

студенттік  дәмхананың  тұсау кесер 

рәсімін тамашалады. Күр делі жөндеу 

жұмыстарынан  кейін  жаңаша  сипат-

қа  ие  болған  дәмхананың  іші  мұн-

таз дай  таза  әрі  көрікті.  Салтанатты 

жиынға  орай  Қазақстан  халқының 

ұлттық  тағамдарының  көрсетілімі 

өтті. Көпшілік «студенттер игілігіне бе-

рілген жаңа нысандағы ақ дастархан 

тек жақсылықтарға ғана жайылғай», – 

деп  ақ  тілектерін  жеткізді.  Білім 

ордамыздың  үшінші  курс  студенті  

Назерке  Мұқанова:  «Дәмхананың 

жаңаша  кейіпке  енуін  университет 

басшылығының  студенттер  қауымы-

на  жасаған  жақсылығы  деп  білемін. 

Жазғы  демалыстан  қыдырып  келген-

нен кейін асхананың өзгерген қалпын 

көріп, қатты таң қалдым»,- дейді.

Білім ошағына жиналған жұртшылық 

«ПМУ  FM»  студенттік  радиосының 

ашылу  салтанатына  қатысты.  Оған 

өңіріміздегі  бұқаралық  ақпарат  құ-

рал дарының  өкілдері  шақырылды. 

Облыстық радионың директоры Иди-

ят  Әбдіхалықов  жастарды  қуанышты 

күнмен  құттықтап,  алдағы  уақытта 

бірлесіп  жұмыс  жасауға  шақырды. 

«Радио  –  жаңалықтың  жаршысы. 

Сон дықтан  оның  қанат  жаюы  қуа-

ныш ты жағдай. Біздің ұжымның тә жі-

ри белі тілшілерімен тығыз қарым-қа-

тынас орнатып, жаңа бағдарламалар 

мен  жобалар  дүниеге  келеді  деп 

сенемін»,-  деді  ол  өз  сөзінде.  Сту-

дент  тілшілердің  жаңа  бастамасына 

тілекші  екенін  жеткізген  журнали-

стика  ардагері  Төлеубек  Қоңыр  жас 

журналистердің еңбегіне жеміс тіледі. 

Жиналған қауым радио бөлмесін ара-

лап, «тілек кітабына» қолтаңбаларын 

қалдырды.  Жаңа  радионың  тұсауын 

Идият  Әбдіхалықов  пен  студенттік 

ректор Данияр Ақышев кесті. 

Бұған  дейін  «КДМ  FM»  деген  ат-

пен  жұмыс  істеп  тұрған  радио  енді 

13  сағат  бойы  университеттегі, 

облыстағы, республикадағы, төрткүл 

дүниедегі  хабарларды  таратады. 

Мұнда  журналистика  кафедрасының 

студенттері хабар жүргізеді. Универ-

ситет  табылдырығын  биыл  аттаған 

Тимур  Ахметовтың  айтуынша,    білім 

ордасы  студенттердің  шеберлігін 

шындауға мол мүмкіндік жасап отыр. 

«Орта  мектепті  тәмәмдап,  универси-

тетке оқуға түстім. Бірақ, жастар үшін 

осындай мүмкіндік жасалады деп ой-

ламаппын»,- дейді Т.Ахметов. 

35 томдыҚ жАрыҚ көрді

Қара шаңырағымыз жергілікті ақын-

жазушылардың  мұраларын  зерттеп, 

дәріптеуде елеулі жұмыстар атқаруда. 

Дәл осы күні Кереку-Баян өңірі ақын-

жазушылары  антологиясының  35 

томдығының  тұсаукесер  рәсімі  өтті. 

Жергілікті  зиялы  қауым  өкілдері, 

кітаптардың  құрастырушылары  мен 

студенттер  қатысқан  шарада  қазақ 

әдебиетінің  төңірегінде  тұщымды 

пікірлер  айтылды.  Университет  бас-

шысы  Ерлан  Арын  игі  бастаманың 

басы-қасында  жүрген  азаматтарға 

ризашылығын  білдірді.  «Бұл  35 

томдыққа  осы  өңірден  шыққан  ақын-

жазушылардың  еңбектері  кіріп  отыр. 

Кешегі  Сұлтанмахмұт  Торайғыров, 

Жүсіпбек  Аймауытов  секілді  Алаш 

арыстарынан  бастап,  бүгінде  ұрпақ 

тәрбиесіне  баса  мән  беріп  жүрген 

көзі  тірі  қаламгерлердің  еңбектері 

қамтылған.  Сондай-ақ,  орыс  тілінде 

талай  туынды  жазып,  ұрпаққа  мол 

мұра  қалдырған  Павел  Васильев 

секілді  орыс  тілді  жерлес  ақын-

жазушылардың еңбектері де енгізілді. 

Жалпы,  елімізде  мұндай  серия-

мен  шығатын  кітаптар  некен-саяқ. 

Мәселен, бұған дейін Қызылорда об-

лысында  «Сырдария»  деген  серия-

мен  ақын-жазушылардың  еңбектері 

жарық  көрді.  Сондай-ақ,  дәл  осын-

дай  игі  дәстүр  Атырау  облысында 

да  жалғасын  тапты.  Енді  бұл  тізімге 

біздің  облыс  та  еніп  отыр»,-  деді  Ер-

лан  Мұхтарұлы.  Ректордың    айтуын-

ша, бұл кітаптар облыстағы орта мек-

тептер мен жоғары оқу орындарының 

кітапханаларына  таратылады.  Ал 

26  қазан  күні  Астанадағы  Павлодар 

күніне  орай  Елорда  төрінде  аталған 

35 томдықтың таныстырылымы өтеді. 

Салтанатты  жиында  өңірімізге  та-

нымал  қаламгерлер  Ғалымбек  Жұ-

матов  пен  Виктор  Семерьянов  сөз 

сөйлеп,  әдебиет  қамқоршысы  Ерлан 

Мұхтарұлына алғыс білдірді. 



Фархат ӘМІРЕНов. 

Журналистика кафедрасының 

ІІІ курс студенті

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТОЙЫНА ТАМАША ТАРТУ

Білім  мен  ғылымның  қара  шаңырағы  саналатын  оқу  ордамыз­

да  ел  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  бірқатар  маңызды 

шаралар өтті. Қазақ мұндай сәтті «ақ түйенің қарны жарылған 

күн»  дейді.  Білім  ордамызда  ұйымдастырылған  ауқымды 

шараларға  университеттің  студенттері  мен  оқытушылары, 

облысымыздағы  этно­мәдени  бірлестіктердің  өкілдері  мен 

мәртебелі меймандары қатысты. 



ЖАңА рАдио – ЖАсТАр игілігіне

«қазақстан халқының 

кітапханасы»

«Ақын жыры - өмір сыры» 

немесе Торайғыровта-

нудағы жаңа кезең

№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

8

Желкенді 70 жас

Ата 


дәстүріне 

адал 


ұрпақтың  ішінен  Қуандық 

Пазылұлының  орны  бөлек. 

«Жақсы  әкенің  атағы  жаман 

балаға  қырық  жыл  азық» 

дейтін  қазекең  үшін  бұл 

мақалды Қуандық аға теріске 

шығарғалы қашан! 

Инновация,  мобилизация, 

электронды  жүйелілік  бізді 

бәсекеге  қабілетті  қылды 

ма  немесе  жұртшылықтың 

ақылына  жау  болып  жайпа-

ды ма, белгісіз... Батыс стан-

дартына  сай  оқу  қо лайлы 

болғанымен,  қазіргі  жас-

тардың  логикалық  пайым-

дау  дәрежесі  мен  білім 

алу  деңгейі  төмен  екенін 

статистикалық  ресми  көр-

сеткіштер  емес,  күнделікті 

«әттеген-айлар»  дәлелдеп 

берді. 


Міне, 

мобильдік 

заманның шығарған шыңы.

Ал  енді  халқымыздың  та-

рихына  сәл  шегініс  жасап 

Кеңес  дәуірінің  дабылын 

қағып,  еске  алайықшы  бірер 

сәт...  Кеңес  тарихы  тек  қана 

қуғын-сүргінімен 

белгілі 


емес.  Ол  бүгінгі  күнге  жет-

кен  Кеңес  адамдары  үшін 

тұрақтылық, 

нақтылық, 

сапалылық, 

жинақылық, 

жүйелілігімен  қымбат.  Ол  – 

сапалы білім алуды маңызды 

қылған  әрекетімен  әйгілі.  Ол 

– көркем әдебиет пен төл та-

рихын  оқуға  құштар  болған 

құлшыныс  иелерімен  марқая 

алатын  дәуір  еді.  Міне, 

жоғарыда 

талғандардың 

барлығы 


дерлік 

біздің 


кейіпкеріміздің  бойында  бар. 

Өйткені  өз  «тұлғасын»  таны-

та алмаған адамдарды тарих 

та қабылдамайды.

«Сөйлеу  стилінің  сарда-

ры»  -  дедім  оны  ішімнен. 

Ол  кез  2008  жыл  болатын. 

Студенттік 

кезім. 

Білікті 


ұстаз 

қарапайым 

түрде 

филология 



факультетінің 

сту денттеріне 

тұщымды 

лек циясын  тоқтаусыз  әрі 

толассыз  оқи  берді.  Біз  – 

журналистер  тобы  ол  жер-

де  кенеттен  пайда  болдық. 

Бірақ  онымызға  еш  өкінбедік 

те.  Қалай  дегенмен,  біздің 

лектордың  қазақи  сөздердің 

төркінін  терең  түсіндіруі,  са-

лыстырма  сөздерді  саптауы, 

теңеу  сөздері  –  барлығы  да 

жастайынан  жадына  тоқыған 

білімінің нышаны болып бе кі-

тіл ді.  Ол  -  өзіміздің  қара  ша-

ңы рағымыздың  қарапайым 

қа зақи, бірақ ұлағатты ұстазы, 

ф.ғ.д.,  профессор,  ғалым, 

академик,  жазушы  Қуандық 

Пазылұлы Мәшһүр Жүсіп. 

Өмір  таңғажайып  жағ-

даяттар  мен  оқыс  оқи-

ғаларға,  тосын  сыйларға 

толы.  Оны  уақыт  көрсетіп 

жатыр.  Ал  күнделікті  оқи-

ғаларамыз 

бен 


қимыл-

әрекеттерімізден 

кейінгі 

тол қынға 

сабақ 

болып, 


кешіректеу тарихқа айнала-

тынын  біздер  білеміз  бе??? 

Біздің  қарашаңырағымыз-

дың  қабырғасында  тылсым 

тарих тұлғалары баршылық. 

Солардың  бірі  де  бірегейі 

–  Қуандық  ағамыз.  Енде-

ше  ұлтымыздың  ұлылығын 

ұлықтаған  ұлағатты  ұста-

зымыздың  өмірлік,  шығар-

машылық  жолындағы  мәлі-

меттерді жадымызға тоқып, 

ескере жүрейік деген оймен 

төмендегі  мағлұматтарды 

назарларыңызға ұсынамыз.

Жүсіп 


(Мәшһүр-Жүсіп) 

Қуандық  Пазылұлы  –  Пав-

лодар  облысы,  Баянауыл 

ауданы, 


қазіргі 

Мәшһүр-


Жүсіп  ауылында  (бұрынғы 

«Жаңажол» колхозы) дүниеге 

келген.  1959  жылы  Баян 

қазақ  орта  мектебін  бітірген. 

1959-1964  жылдары  Алматы 

қаласындағы  Абай  атындағы 

Қазақ  педогогикалық  инсти-

тутының 


тарих-филология 

факультетінде  оқып,  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  және  та-

рих  мұғалімі  мамандығын 

меңгерген.  1964-1967  жыл-

дары  Қазақ  ССР  Ғылым 

Академиясындағы  М.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және 

өнер  институты  аспиранту-

расында оқиды. 1968 жылдан 

бастап  Қазақ  ССР  жоғары 

және  арнаулы  орта  білім 

министрлігінің  жолдамасы-

мен  Семейдің  Н.К.  Крупская 

атындағы  педогогикалық  ин-

сти тутындағы «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» 

кафедрасының 

аға  оқытушысы  қызметін 

атқарады.  1969  жылы  Қазақ 

ССР  Ғылым  Академиясы 

М.Әуезов  атындағы  «Әде-

биет  және  өнер»  институты 

ғы лыми  кеңесінде  «Қазақ 

прозасындағы  тартыс  және 

жаңа  адам»  тақырыбында 

кандидаттық 

диссертация 

қор ғады.  1996  жылы  Қазақ-

стан  Республикасының  ми-

нистрлер  кабинеті  жанында-

ғы  жоғары  аттестациялық 

комиссиясының  шешімімен 

оған  «Әдебиеттану  профес-

соры»  атағы  берілді.  1995-

1997  жылдар  аралығында 

Қуан дық Пазылұлы Қ.Сәт баев 

атындағы Екібастұз инже нер-

лік-техникалық  институтын-

да  «Филологиялық  пәндер» 

кафедрасының  меңгерушісі 

және 


Екібастұз 

жоғары 


педогогикалық  колледжінде 

«Қазақ  филологиясы»  ка-

федра сының меңгерушісі бо-

лып қызмет атқарды.

1997  жылдың  1  тамызынан 

бастап  Қуандық  Пазылұлы 

С.Торайғыров 

атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситетінің  «Қазақ  фило-

логиясы» 

кафедрасының 

және  сол  уақыттан  бастап 

2001  жылға  дейін  біздің  оқу 

ордамыздың  «Мемлекеттік 

тіл»  кафедрасының  меңге-

рушісі болып жұмыс жасады.

Бұл  –  автобиографиялық 

қысқа  нұсқа лы  дерек.  Жал-

пы,  Қуандық  аға  жайында 

ұшаң-теңіз  жазбалар  жазуға 

болады. 


Оның 

көптеген 

шығармалары соған дәйек пен 

дерек бола алады. Мәселен, 

жазушы  ретінде  Қуандық 

Пазылұлы  бірнеше  көркем 

шығармаларын  жарыққа  шы-

ғарды:  «Бір  әйелдің  өмірі», 

«Қыздар,  жігіттер»,  «Ұл  мен 

қыз»  атты  пьеса-

сы  Абай  атындағы 

Семей  музыкалық 

драма 

театрында 



1980-1996  жылдар 

аралығында  қойыл-

ды.  Егер  аталмыш 

туынды 


құнсыз 

болсан  оны  16  жыл 

бойына 

тал ғамды 



кө рер меннің  наза-

рына ұсы нар ма еді? 

Тіпті бұл пьеса жаз айындағы 

гастроль  кезінде  Шығыс 

Қазақстан,  Семей,  Павло-

дар,  Қарағанды  облыста-

рына  қарасты  ауылдардың 

бар лығында дерлік қойылып, 

спектакль  саны  300  жет ті. 

Бұл  да  бір  жетістік.  Шығар-

машылықтың  маңдай  терінің 

мойындалғаны.

Енді Қуандық Пазылұлының 

ғылыми  еңбектерінің  тізіміне 

назарымызды  бұралық.  Док-

торлық  диссертация  қор-

ғағанға дейінгі еңбектері:

-  «Прозадағы  тартыс  ой-

лар»

- «Әміржанның әңгімесі»



- «Кезең сәулесі»

- «Деталь – шеберлік айна-

сы»

-  «Поэзияның  кейбір  мә се-



лелері»

- «Өлең өрісі неге тар?»

- «Сәкеннің ақындық шебер-

лігі»


- «Сөз зергері»

- «Өлең сырын ашу»

- «Мәшһүр-Жүсіп мұрасы»

- «Мәшһүр Жүсіп қазына сы-

нан»

Докторлық диссертациясын 



қорғағаннан  кейінгі  ең бек-

тері:


- «Абайдың реализмі»

- «Бейімбет Майлин шебер-

лігі»

- «Дербес стиль және қазақ 



лирикасы»

- «Мұхтар Әуезовтың  порт-

рет жасау шеберлігі»

-  «Абай  және  Мәшһүр  Жү-

сіп»

- «Шәкәрімнің шеберлігі»



- «Қазақ лирикасындағы ро-

мантизм»


- «Дастан оқыту мәселесі»

- «Абайдан кейінгі қазақ ли-

рикасы»

Ел азаматы, халықшыл бас-



шымыз  Ерлан  Мұхтарұлы-

ның  тікелей  сөзі  бойынша, 

«Мәшһүртану – біздің брэнд», 

демек  біздің  оқу  ордамыз-

дың  брэнды.  Ал  осынау 

мұхиттай  тұлғаның  күрделі 

шығармашылығын 

зерт-


теп,  зерделеп,  оқырманның 

Мәшекеңді тың да терең тү-

сінуіне  мол  мүмкіндік  беріп 

жүрген де біздің бүгінгі кейіп-

керіміз.  Әрине,  Мәшһүр-

Жүсіп  сынды  жан-жақты 

оқымыстыны  бір  оқығаннан 

түсініп,  бір  өлеңінен  шығар-

машылығын  тану  еш  мүмкін 

емес.  Оны  жылдар  бойына 

жадымызға  тоқуға  тиіспіз. 

Қуандық 


Пазылұлы 

да 


Мәшһүр  мәселесін  сонау 

студенттік  сапта  жүрген  ке-

зінен  бастап  тұңғиығымен 

оқып, зерттеп, талай ғылыми 

ең бектер жазып келе жатыр. 

Университет басшылығы ның 

қолдауы,  Қуандық  ағамыз-

дың редакторлығымен Мәш-

һүр-Жүсіп 

Көпейұлының 

бір неше  томдық  энциклопе-

диялары  жарық  көрді.  Бірақ 

оны оқу мен зерттеу, жүйелеу 

мен  жинақтау  жұмыстары 

әліге  жалғастырылуда.  Бү-

гінгі 


біздің 

кейіпкеріміз 

осынау  алпауытпен  тығыз 

байланысқан  баһадүр  сын-

ды,  байланыс  тек  қанында 

емес,  рухани  байланыс  де-

сек  орынды  болады.  Жал-

пы,  Қуандық  Пазылұлының 

жоғарыда  тіз бектелген  ең-

бектері  толық  емес.  Тіпті 

оларды  тізбектеу  мүмкін 

емес  пе,  деп  қалдық.  Қуа-

нышымызға  орай  ғылыми 

еңбектері  оқырманға  да, 

әдебиетке, 

ғылымға 


да 

жетерлік  екен.  Барымызды 

қадірлеп,  қолы мыздағыны 

дұрыс  пайдалана  алсақ 

болғаны...

Бүгін  де  қадірлі  Қуандық 

ағамыз,  ұлт  ұстазы  жетпіс 

жасты  да  бағындырды. 

«отызда  орда  бұзбаған  – 

қырықта  қамал  алмайды» 

–  дейді  атам  қазақ.  Елу 

–  ер  жасы.  Алпыс  –  алып 

жас  немесе  пайғамбар 

жасына 

жақын. 

Адам 

жалындаған  жиырмасын 

жастықпен  өткіздім  деп 

өкінбесе,  отыздан  кейін 

осы  уақыт  аралығында 

қандай  игі  іс  жасадым, 

өмірден  нендей  тәлім  ал-

дым  деп  ойлануға  тиіс. 

Ал  жетпіске  жетістігімен, 

жемісімен,  жеңісімен  жет-

кен  Қуандық  Пазылұлы-

ның  арманы  жоқ  шығар... 

Қара  шаңырағымызда  тірі 

тарихтың бар екені бар лы-



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал