Газет 2001 жылдың 2 сәуірінен бастап шыға бастады 30 қыркүйек қоян жылы, 2011



жүктеу 464.79 Kb.

бет1/5
Дата09.01.2017
өлшемі464.79 Kb.
  1   2   3   4   5

Газет 2001 жылдың 2 сәуірінен бастап шыға бастады

30 қыркүйек

қоян жылы, 2011 

№ 9 (131)

келешекке - кемел біліммен!

9

бет


7

бет


3

бет


МұсылМандарға 

қатал қарайды

тӘУЕлсІЗдІКтІҢ 

тОйына  

таМаШа тартУ

Халық аспаптар 

ОрКЕстрІ бІЗдІҢ 

УнивЕрситЕтІМІЗдЕ

11

бет



личнОсть, 

трУжЕниК, 

Учёный

Қазақ журналист 

қыздарының бағдаршамы

6

бетте



№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

2

Ақиқатында, 

Ақтөбе 

өңірінің 



қазақы  рухпен  тыныс  алуына 

қызмет еткен Мұхаңа қарыздармыз. 

Ал Кереку-Баян жерінің қазақы ажар 

алуына  үлес  қосып  жүрген  Ерлан 

Мұхтарұлына  да  айтар  алғысымыз 

зор.


Ерлан 

бауырымның 

Кере-

ку  еліндегі  мемлекетшіл,  отан-



шыл  қызметтері  көз  алдымда. 

С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетіне  бары-

сымен  білек  сыбана  тау  қопарды. 

Тау қопарғаны несі дерсіз?!

Оны мына ойымнан аңғара аласыз: 

ХХ ғасырдың соңы. Павлодар өңірі. 

Ағысында буырқанған толқыны жоқ 

қарт Ертістің ағысындай бір сарын-

мен өтіп жатқан жаймашуақ тіршілік. 

Жаңа ғасырға, яғни ХХІ ғасырға қол 

созым  уақыт.  Бұл  –  бәрі  де  асыға 

күткен  уақыт,  бәрі  де  үміт  күткен 

уақыт.


Жаңа  ғасыр  өңірге  жаңа  тыны-

спен  бірге,  жаңа  тұлғасын  да  ала 

келді.  Иә,  жанарында  от  жанған 

жанындағы  әр  адамның  бойына 

болашаққа  деген  сенімді  ұялата 

алатын осы тұлға келісімен бұл өңір 

жаңа  серпіліс,  қазақы  рух  өрлеу 

дәуірін  бастады.  Иә,  С.Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетіне  ректор  болып  кел-

ген  экономика  ғылымдарының 

докторы, 

профессор 

Ерлан 


Мұхтарұлының 

бастамасымен 

небір көмескілене бастаған рухани 

ұлттық  құндылықтар  мен  әдеби-

мәдени  мұраларымыз,  жәдігер-

леріміз тіріле бастады.

Содан  болар,  осы  күндері,  оны 

алдыңғы 


ардагерлер 

толқыны 


да,  отты  буын  –  орта  толқын  да, 

тегеурінді,  тізгін  қағыстырған  онан 

кейінгі  толқын  да  үлкен  сапарға 

бет  алған  үкілі  үміткер  толқын  да 

шын  қадірлеп,  шынайы  құрмет 

көрсетеді.

Атаның  ұлынан  халықтың  ұлына 

айналған 

Ерлан 

Мұхтарұлы 



Павлодарға келген сәттен-ақ талай 

дүлдүлдердің  есімі  халықпен  қайта 

қауышты, табысты.

Ойымызды 

тарқата 

түссек, 


Кереку-Баян  топырағының  дарын-

ды  дарабоз  тумаларына  арналған 

ескерткіштер қарасы көбейді. Бұқар 

жырау,  Мұса  Шорманов,  Мәшһүр-

Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Әбікей 

Сәтбаев,  Қаныш  Сәтбаев,  Ермұхан 

Бекмаханов, 

Әлкей 

Марғұлан, 



Әбікен  Бектұров,  Шафық  Шөкин 

ескерткіштері 

(бюстер) 

соның 


айғағы.

Сонымен 


қатар, 

Ескелді 


жерінде  қазақ  әдебиетінің  ірі 

өкілі,  ақын,  шежіреші,  тарихшы, 

ағартушы,  публицист  Мәшһүр-

Жүсіп  Көпейұлының  кесенесі  бой 

көтеруіне ұйытқы болды. Ал бүгінде 

Ақкөл-Жайылға  жеріндегі  Хазіреті 

Исабек  ишан  мен  Жандарбек 

қожаның  кешендік  кесенелерінің 

бой  көтеруіне  атсалысып,  бас  бо-

лып жүр.


Екіншіден,  данышпан  даналарға 

арналған  ғылыми  еңбектер,  мо-

нографиялар  мен  көп  томдық 

әдебиеттер,  ең  бастысы,  энци-

клопедиялар  жарық  көре  баста-

ды.  Мәселен,  «Қазақ  этнография-

сы  кітапханасы»  сериясымен  50 

том,  «Рухнама»  сериясы  бойын-

ша  ғұламаларға  арналған  50  том, 

«Атамекен»  сериясымен  15  том, 

«Қазақ  тіл  білімінің  антологиясы» 

сериясымен 45 том, М-Ж. Көпейұлы 

шығармалар  жинағының  15  томы 

(жоспар бойынша 20 том), Мәшһүр-

Жүсіп 

пен 


Сұлтанмахмұттың 

тұлғалық  энциклопедиялары  және 

т.б.  мол  қазыналы,  зор  тағылымды 

әдебиеттерді айтуға болады.

Үшіншіден,  ұлт  келбетінің  айнасы 

саналатын  ономастика  саласын да-

ғы сүбелі еңбектерінің нәтижесінде 

қалада  ел  қайраткерлері  есімімен 

аталатын көшелер саны артты. Бұны 

көпшілік  қауым  да  мойындайды. 

Соның  ішінде  Қ.Сәтбаев,  Ш.Шөкин, 

Ә.Бектұров,  Ә.Марғұлан  атындағы 

көшелерді атауға болады.

Төртіншіден,  Ерлан  Мұхтарұлы-

ның  елдік  идеологияға  сіңірген 

еңбегі де бір төбе. Олай дейтініміз, 

университет  қабырғасында  көне 

замандардың  көкейкесті  қоңыр 

әуенін  әкелген  қара  домбыра  шы-

мырлап,  шым-шымдап  қадым  за-

мандар қағысын тартқан қобыз бен 

сан дауысты сырнайдың, дүркіреген 

дауылпаздың,  сыбызғы  мен  ат 

тұяғының  дүбірін  еске  салатын 

шартылдақ  секілді  халық  тарихын 

тереңнен  тербейтін  аспаптардың 

басын  біріктіріп  «Естай»  атындағы 

ұлт-аспаптар оркестрінің ашылуына 

септігін тигізгені өз алдына бір әңгіме 

десек,  Ф.М.  Достоевский  атындағы 

Омбы мемлекеттік университетінде 

ашылған «Қазақ тілі мен мәдениеті» 

орталығы  шет  елдегі  отандастарға 

деген қамқорлықтан туған шара деп 

ұғынамын.

Ал Ерлан Мұхтарұлының қазақ му-

зыкасын  әлемге  әйгілі  еткен  «Дос-

Мұқасан»  ансамблінің  құрметіне 

«Дос-Мұқасан  скульптуралық  ком-

позициясын» орнатуын оның өнерге, 

мәдениетке деген ілтипаты ретінде 

қабылдаймын.

Бесіншіден, танымал ғалым Ерлан 

Арынның білім-ғылым саласындағы 

заман талап етіп отырған істері мо-

нографиялық кітаптарға арқау бола-

тындай.  Дегенмен  де,  ел  мақтаған 

ердің  білім,  ғылым  саласындағы 

тындырған  істері  мен  ғалымдық 

қасиетін  айтпай  кету  орынсыз  бо-

лар.

Қандай қызметте, қандай лауазым-



да жұмыс атқармасын, Е.Арын бас-

ты назарды әрдайым ғылым мен бі-

лім беру интеграциясы мәселелеріне 

арнайды.  Қоғамдық  құрылымның 

өзекті  мәселелері  бойынша  негізгі 

теориялық 

дайындық, 

мәдени 


мүд делердің  кең  ауқымдылығы, 

отбасында  негізі  қаланған  педа-

гогикалық  дәстүрлерге  адалдық, 

бұл  қасиеттердің  барлығы  оның 

мемлекеттік  деңгейдегі  әрекет-

терінің  тиімділігіне,  нәтижелі  болу-

ына  ықпал  етті,  яғни  1997  жылдан 

бастап ол Қазақстан Республикасы 

Білім,  мәдениет  және  денсаулық 

сақтау  вице-министрі  қызметін  ат-

қарудан  бастау  алады.  Аталмыш 

ми нистрлік  қайта  құрылғаннан  кей-

ін,  1999  жылдар  мен  2001  жылдар 

аралығында  Е.Арын  –  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым 

бірінші вице-министрі болып қызмет 

атқарды.

Республиканың  ғылыми  және 

білім  беру  потенциалын  тиімді 

және  сауатты  пайдалануда,  мем-

лекет  тарапынан  мұғалімдер  мен 

ғалымдарды 

моральдық 

және 


материалдық  қолдауда,  оқу  орын-

дарын дамытуға және ғылыми зерт-

теулерге бөлінетін қаражат көлемін 

ұлғайтуда,  инновациялық  жоба-

ларды  қолдауда  Ерлан  Арын  зор 

белсенділік танытты.

Иә, 

министрліктің 



басшылық 

қызметтерінде,  жоғары  мектептің 

және  ғылымның  жетекші  топ-

менеджерлері  қатарында  жұмыс 

атқару  кезеңі  сала  дамуының 

болжамын 

нақты 

шынайы 


әрекетпен  ұштастыра  алатын  Ер-

лан  Мұхтарұлының  мемлекеттік 

ауқымдағы 

қайраткер 

ретінде 

өсуіне  елеулі  септігін  тигізді.  Сол 

кезеңде  оның  тікелей  қатысуымен 

Қазақстанның  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне 

ену 


бағдарламасы 

дайындалып,  өмірге  енгізіле  ба-

стады.  Барлық  деңгейлер  мен 

бағыттарды  қамтитын  мемлекеттік 

білім беру стандарты, Президенттік 

стратегияларға  сай  балалардың 

дарындылығын дамытудың басқару 

жүйесін  құру,  білім  беру  мен 

ғылымның интеграциясы, орта және 

жоғары  білім  беруді  жақындату, 

өскелең 

ұрпақтың 

бойында 

қазақстандық  патриотизмді  дарыту 

–  бұл  мәселелердің  шешімін  табу 

айқын  қалыптасқан  және  мақсатты 

бағытталған стратегияларды талап 

етті.


Ерлан 

Мұхтарұлы 

Қазақстан 

Республикасының  «Білім  беру  ту-

ралы»,  «Ғылым  туралы»  заңдарын 

дайындауға 

белсене 

қатысты, 

мектептерде 

компьютерлендіру 

үдерісіне,  жаңа  өскелең  ұрпақтың 

оқулықтарын дайындау ісіне өзіндік 

зор үлес қосты. Жұмыс топтарының 

мүшесі  және  жетекшісі  ретінде 

ол  Қазақстан  Республикасының 

білім  беру,  ғылым  және  денсаулық 

сақтауға  қатысты  жаңа  заңдарын, 

сол  сияқты  ұлттық  экономикалық 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

жобаларын, 

атап 

айтқанда, 



«Қазақстан  оқулықтарының  жаңа 

жеткіншектері»,  «Қазақстан  Ре-

спубликасында  орта  білім  беруді 

ақпараттандыру»,  және  т.б.  халық 

шаруашылығы  салаларын  дамы-

ту  бағдарламаларын  дайындауға 

айрықша үлес қосты.

Ерлан 


Мұхтарұлы 

Арынның 


үздік  топ-менеджерлік  қабілет-

қарымын  Керекудегі  С.Торайғыров 

атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетін  өрге  сүйреп,  ұлттық 

аккредиттеу  орталығының  жоғары 

оқу  орындарының  қорытындысы 

бойынша  Қазақстанның  бес  ең 

үздік  көп  салалы  жоғары  оқу 

орындарының бірі ретінде мойында-

луы және еуропалық стандартқа сай 

білім берудің жоғары сапасына қол 

жеткізуге жұмсаған күш-қайратынан 

көруге болады.

Яғни,  Ерлан  Арынның  халқына, 

Отанына  жасаған  игі  қызметінен 

тұлғалық  қасиеті  қалыптасқанын 

көреміз.  Бір  көргенде  мінезі  қатал 

көрінгенмен, жүздескен сәттен кейін 

жүрегінде  ізгіліктің,  білімділіктің, 

тап қырлықтың, адамгершіліктің бей-

несі жаңғырады.

Бүгінде өзінің нағыз кемел шағына 

келген  қайраткердің  Отанымыздың 

қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени 

өмірінде әлі талай іс атқаратынына 

сенемін.  Өйткені,  «қазақтың  әр 

өлкесі  –  менің  туған  жерім»,  –  деп 

жүрген  азаматтың  халқына  берері 

көп.

Сол бойындағы қуатын халқының 



игілігіне жұмсауға жазсын.

Ғарифолла ЕСІМ, 

философия ғылымдарының 

докторы, академик.

22 қыркүйек, 2011,  

«Егеменді Қазақстан»

Тұлға

Мені  әрдайым  тағлымды  әке  мен  ізетті  бала  арасындағы  ру-

хани  байланыс  һәм  сабақтастық  қатты  толғандырады.  Олай 

болуының өзіндік себептері де бар. Асқар әке бар ғұмырында жан-

тәнімен халқының руханияты мен өнеріне, мәдениеті мен ұлттық 

мүддесіне қызмет етіп өтсе, өнегелі ұл әке аманатына қиянат жа-

самай, Отанына қалтқысыз адал қызмет етіп келеді. 

Асқар  әке  деп  тебіреніп  отырғаным  –  жүректі  ғалым  Мұхтар 

Ғалиұлы болса, аманатқа адал ұл дегенім – сезімтал қайраткер Ер-

лан Мұхтарұлы.

Кемел шақ



№ 9 (131) 

қыркүйек, қоян жылы 2011

3

Тағылым

Жоғарыдағы  жүрек  тебіре нісінен 

жұлынып  шыққан  шымыр  ойлар  олар 

жайында.  Махаббаттағы    іңкәрліктің, 

таза лықтың  саф  белгісі  болған  да  осы 

қос жүрек. Жандарын желқайықтай шыр 

айналдырып, «аққу сенімдерін» тек бір-

біріне  білдірген  де  олар.  «Аққу  ғұмыр» 

кешіп,  келешекке  «аққу  сеніммен» 

қараған   да  екеуі... Негізі екеуі жайын-

да  бөлек  жазсақ  та,  сөз  сарқылмастан 

сыңғырлай беретін еді. Себебі аталмыш 

жандардың  екеуі  де  ел  есінде  мәңгіге 

қалған  маңызды  тұлғалар.  Бірақ  олар 

жайында  бөлектеп  жазатын  болсақ, 

қан  майданда  қанды  жарасын  жары-

на  деген  жылы  сезіммен  таңған  Әбу 

ақынның  іңкәрлігінің  алдында  борыш-

ты  боламыз  да,  журналистика  сияқты 

сиясы  сынға  көп  ұшырайтын  қиын  да 

қастерлі  саланың  қайраткері  болса 

да,  жар  алдындағы  алып  міндеттерді 

ұмытпаған,  қалам  қызметінде  жүрсе 

де, үй ішіндегі «іңкәрлігін» жоғалт паған 

Ләзизадай  ләзім  сұлудың  алдында 

ақтала алмаймыз ғой...



Сағынышымның ақша бұлты боп,

Қалықтап тұрдың көгімде

Ақ жарқын бейнең аяулым,

Сақтаулы көңіл төрінде...

Әбекеңнің  аялап  ардақтаған  жары  – 

Ләзиза анамызға от пен оқтың құшағын-

да  жүріп  арнаған  жүрек  жырлары  күні 

бүгінге дейін жұрт жадында,  жазбалар 

тізімінде. Әбу атамыздың алпауыт жыр-

лары мен өмірлі өлеңдеріне көңіл бөлген 

адам  шағын  шумақтарынан-ақ,  оның 

«мәңгілік»  махаббаты  болып  қалған 

жұбайы Ләзизаның асқан ақылдылығы, 

ұядағы  ұқыптылығы,  қызметтегі  қай-

сарлығы,  қоғамдағы  қадірі,  жұртқа  де-

ген  жанашырлығы,  жатты  да  жақынды 

да жүрегінің жылуымен жанына ізбасар 

етіп ілестіре алатын көпшілдігі жайында 

мақтанышпен айтатынын түсінуге бола-

ды. 

Аяулы қосағынан 77 жасында айыры-



лып,  қабырғасы  қайысқан  ардагердің 

қалай аза тұтып, жоқтау айтқанын жұрт 

көрмесе  де  біледі,  естімесе  де  оқиды. 

Қазақ  поэзиясында  іңкәр  махаббат 

мен  ғаділетті  ғашықтықтың  символын 

бейнелеген  теңдессіз  «Ақша  бұлт» 

жырының  майданның  қанды  ұрысында  

жабырқаған 

жауынгердің 

жанына 


жылулық  ұялатқан  да  Ләзизасының 

образы  еді  ғой.  Әбекең  үшін  Ләзкені 

теңдессіз  тұлға  еді.  Ол  оны  көмекші, 

кеңесші, жанашыр, сыншы деп те жақсы 

бағалады.  Ол  оған  қазақ  әдебиетінің 

тарихына  алтын  әріптермен  басылып, 

бағына  «бес  елі»  болып  белгіленген 

шығармаларын 

тексеруді 

жөн 


көретін.  Ол  Ләзкенімен  әр  туындының 

тұңғиығына бойлап, осы құдіреттіліктің 

құлашына қол бұлғайтын. 

Әрқашан өзің болдың сағынарым,

Мөп-мөлдір  қасиетіңе  табынды 

арым,

Келдің сен бақытымның ақ құсы боп,

Көркейтіп  Сәрсенбайлар  ша ңы-

рағын... 

деп 


дәйек 

келтіреді  Әбекең  әдемі 

түрде.  Бірақ  бұл  тек 

қана ұйыған ұйқас, әдемі 

әспет үшін жазылмағаны 

ақиқат.  Бұл  –  қазанының 

оты  көпшілік  алдында 

маздайтын, үлкенді үлгілі 

келін  болып  сыйлап, 

кішіге  жайдарман  жеңге 

бола  білген  Ертістің 

еркесі  мен  Жайықтың 

жеңгесінің 

тұлғасына 

тоқталған 

толқынды 

да 

арынды 


жырлар. 

Жыр    -  жүрек  түкпірінде 

тығылған сезімнің сыртқа 

шығып,  қылаң  беретін 

құрал. 

Ол 


ешкімнің 

айтқанын  тыңдамайды, 

асыра  сілтеп  сылан-

байды, 


сарсаңдыққа 

да    салынбайды,  ол  тек 

қана  барын  бейнелейді, 

сезгенін 

сипаттайды. 

Онда  жоғарыдағы  жыр-

лар  да  Ләзизасының 

қадірі  мен  абыройын 

тек 

туысқандарының 



ғана 

емес, 


бүкіл 

оқырманының  алдында 

асырғаны  айдан  анық. 

Бар  болғаны  төрт  жол-

дан  құрамдалған  мына 

тармақтарға  қанша  мән, 

нендей  мағына,  қандай 

керемет  іңкәрлік  жатыр.  Егер  Әбекең 

Ләзизасын  осынша  сүймесе,  аялама-

са,  сенбесе  осындай  адуынды  абзал 

сезімдер өлеңге айналып, әдемілікпен 

өрілер  ме  еді?  Жалпы,  «Аққу  сенім» 

жұптар  жайында  жеткілікті  жандар  га-

зет  беттері  арқылы  сыр  шертті.  Олар 

жайында әлі де талай дүниелер құнды 

тарих, әсем әңгіме болып жазылып жа-

тыр. Мәселен, Ләзиза анамызды өзінің 

тәлімін  алып,  тәрбиесінде  болған  іні-

сіңлілері  ерекше  естеліктермен  еске 

алып  тасқынды  туындыларға  қалам 

тербеді.  Әрине  әрбірінің  сөзі  мен  тілі 

бөлек,  бірақ  олардың  түрлі  сөздерін 

бір  арнаға  тоғыстыратын  нысан  біреу 

– Ләзизаның өз балапандарының ғана 

емес,  өзгелердің  де  анасы  бола  біліп, 

қанатының  астында  аялап  мәпелегені 

жайындағы  ақ  ақиқат.  Қазақ  халқы 

Домалақ, Ұмай, Ұлпан, Зере, Ұлжандай 

асқан  ақылдылығымен    отбасының 

ошағын  берекелі  маздатқан  аналарға 

бай.  Солардың  жанды  жұрнағы  бо-

лып  өз  кезегінде  Ләзиза  анамыз  да 

жалғанды.  Әбу  атамыздың  көзіне  де, 

көңіліне де жағымдысы да осы қасиеті 

еді, ол сол үшін де қастерлі болды. 

Ләзизасы 

қиын 

қызметінен 



кешігіп  жатса,  Әбекесі  құр  отырып 

күтпейді  сүйіктісін.    Мұндайда  сазан 

балықтарын  тазалап,  қолынан  кел-

генше  аспаздығын  айқындайтын.  Ас 

барысында Ләзкеніне арнаған жырла-

рын жан жүрегімен оқитын. Апайымыз 

оны  аңғал  көңілмен,  ерекше  елжіреп 

тыңдайтын. Мұның өзі махаббатқа та-

быну ғой, шынында.  

Аяулысынан  айырылып,  тіршілігін 

жоқтау туындыларына тәрк еткен жара-

лы тарланға не дерсің? Жарты жүрегін 

жер  құшағына  беріп,  үзіліссіз  ойға  шо-

мып,  ардақтысының  назды  дауысымен 

пара-пар  болған  әндерін  сағынушы 

еді.  Өткенге  зер  салып  «Ләзкен,  ән 

айтшы»  -  деген  өтінішін  де  сағынатын 

Әбекең.  Олар  ешқашан  да  бір-бірінің 

өтініштерін  өксітіп  қойған  емес.  Бір-

біріне 


жолданған 

өтініш-тілектері 

бұлжымай  орындалатын.  Бұл  да  бір 

ерекше қарым-қатынастың көбінде кез-

десе бермейтін қасиет. 

Әйелге  жан-жақтылық  жарасады 

әдемі.  Бірақ  бірде  көл,  бірде  шөл 

тұстарға  тірелетін  әйелдің  тағдыры 

да тым қиын. Ал Ләзиза анамыздың 

журналистік  жолы,  аудармашылық 

қызметі,  жазу  өнері  қаншалықты 

қиын  болғанымен,  ол  ең  бастысы 

аяулы  жар  бола  білді.  Жар  жолын-

да  түзу  айрықпен  жүрді,  сүрінсе  де 

жүрді,  құласа  да  тұрды.  Нық  тұрды.  

Әбудей  алпауытының    марғасқа 

махаббатының  алдында  осынысы-

мен қадірлі болды.  «Аққу ғұмырдың» 

аққу сеніміне айналған сыңғыр сыр-

ластар мен жұбайлы жұптар жұртпен 

жылдар бойына тілдеседі тегінде. 

Эльмира АБЕтЖАНовА.

«Кейде көз алды­

ма мейірімді жандар 

елестейді. Олар қысқы 

даланың суық дауылы­

на ұрынып, топшысына 

адасқан оқ тиіп, қанаты 

сынған балапанды тауып 

алып, жүрек жылуымен 

жылытып, сауықтырып, 

алақан ұясынан көк 

аспанға ұшырып жібереді 

де өздері қызыға қарап 

тұрғандай болады».  

Қанипа Бұғыбаева

«Аққу-сенім» АлдАмАйды

бұл өмірде-Ай...

Сөз құдіреті

«Артыңда 

мал 


қалғанша, 

ұрпағың  айта  жүрер  сөзің 

қалсын»  деген  дана  қазақтың 

бүгінге  жеткен  ұлағаты  мол 

сөзіне  бір  тоқталып  өтпесек 

болмас.  Өз    заманында  қазақ 

қоғамындағы  ақпаратны,  әде­

биет саласына зор үлесін қосып 

бүгінде жас журналист арулар­

дың  піріне  айналған  Ләзиза  Ме­

шіт байқызы  Серғазина.  Тал ға­

мы таумен таласқан құр метті 

оқырман  қауым,  Сіздер дің  на­

зар ларыңызға  Ләзиза  Мешіт­

байқызының  артына  қал да­

рыған  тағылымы  мол  сөз дерін 

ұсынып отырмыз. 

Әсем  болудың  сан  алуан  түрі 

бар.  Түр  әсемдігі,  киім  әсемдігі, 

рухани ой әсемдігі, тағы-тағылар. 

«Тіл – көңілдің тілмашы» - деген 

сөз  тегін  айтылмаған.  Ой  әсем, 

маңындағы  болмысты  әсем 

түсіне қабылдай алатын адамның 

сөзі де, жүріс-тұрысы да, киімі де, 

істеген ісі де әсем.

Жас  ұрпақтарға  эстетикалық 

тәрбие  беру,  әсемдікті  дұрыс 

қабылдап,  дұрыс  түсіне  білу 

дегенде  тек  әдебиетті,  теат-

рды,  музыканы,  киноны,  ар-

хитектураны    ғана  емес,  бала 

маңындағылардың  қалай  киініп 

жүргені, өзін қалай ұстай білетіні, 

қалай  сөйлейтіні  де  еске  алы-

нады.  Мұның  бәрі  де  баланы 

мәдениеттілікке,  әсемдікке  бау-

лиды. 


Адам адамға дос, жолдас және 

бауыр.


«Мен» деген әркімнің өзіндік ой-

пікірі болады ғой. Әсіресе бізде – 

адамның өзіне, істейтін еңбегіне, 

болашағына сенімі бар.

Адамға жаратылыс тіл берген. 

Нәзік  сезім  берген,  өз  сезімін 

басқаға сездіре алатын ақыл, ой 

берген.  Бұлар  пайдаланылмаса, 

адам адам ба?

Білімі, 


дүниеге 

көзқарас, 

мәселені 

түсінуі 


осы 

күні 


әйелдердің  талайынан  жоғары, 

үздік адам.

Көңілдегі  ойдың  ізі  құбылып 

бетке  шығып  тұрады.  Ойыңда 

жар қышақтық,  реніш  бар,  бар 

болмысқа да бой ұсынып отырған 

адамның  өзінде  жабырқау  үзіл-

мейді.  Ал  өмірге  шат  қарайтын 

жақсылығына, 

жақсылығымен 

ілесу,  мүмкіндігінше  үлес  қосуға 

тырысатын адамдар шат көңілде 

болады. 

Жақсы  адам,  жақсы  жолдас  - 

көңіл  тірегі  ғой.  Олардың  болуы 

өмірді,  тұрмысты  көріктендіріп, 

уақытты 

тартымды, 

көңілді 

өткізеді. 

Бір  мінезді  күлімдеген  күн 

болса,  екінші  бір  мінезі  жан 

түршігерлік  түндей  адамдар 

болады.  Ондай  адамдардың 

жақсылығында  береке,  жаман 

мінезінде  мөлшер  болмайды. 

Ашуланса-ақ екі елі ауызға өтірік 

пен  жынды  араластырып  ауы-

зына  келгенді  көптірте  беру  не 

жақсылық  болсын!  Не  семьяда, 

не кеседе мөлшер білмеудің аты 

–  ешкімді,  ешнәрсені  қадірлей 

білмеу ғой.

Көңілсізбін. Күзгі парк та менің 

көңілім сияқты күңгірт тартып, өңі 

қашқан  сары  жапырақтарын  көз 

жасындай төгіп тұр екен. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал