Газет 1936 жылғы 16 наурыздан



жүктеу 439.8 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі439.8 Kb.
1   2   3   4

–  Қазір  түзу  жолды

Әбу 

Ханифа 

мәзһәбын 

танығаныңды 

тілге 

тиек 

еттің.  Өзіңнің  ортаңда  болған 

намазхандар  діни  танымынан 

қандай  ерекшеліктерін  барын 

аңғардық. Олар өздеріне кімді 

ұстаз тұтынады? Ақида (сенім), 

фиқһ жағынан ерекшеліктерін 

атасаң.

–  Ол  ортаның      өзіндік 

ұстанымы 

қатаң 


келеді. 

Амалды  иманнан  ажырағысыз 

етіп 

көрсетеді. 



Мәселен, 

намазын  өтемегендерді  бірден 

кәпірге 

шығарады. 

Мәзһәб 

ұстанатындарды  тура  жолдан 



ауытқыған  деп  санайды.  Тіпті, 

қоғамға  суық  қарайтынындай, 

дәстүрлі  дін  жолына  түсіп, 

намазын  оқып  жүргендерді  жат 

көретінін  жасырмаймын.  Бұл 

қабағынан байқалып тұрады. Аят, 

хадистерді тікелей мағынасымен 

қабылдайды. Астарына тоқталып 

жатпайды.  Жалаң  шұлыққа 

мәсіх  тартып,  сапқа  тұратын 

едік.  Тарауих  намазын  сегіз 

рәкат етіп оқимыз. Тәспі тартып, 

бет  сипамаймыз.  Қырағатта 

«әминді» 

жария 

айтамыз. 



Жалпы, құлшылыққа қойылатын 

талаптарды  «Сауд  Арабияда 

осылай оқылады» деп түсіндіріп, 

үлгіледі. 

Сәләфшілдер«біздікі 

ғана дұрыс» деген сыңайынан еш 

айныған емес. Кейін Әбу Ханифа 

мәзһәбы 


бойынша 

шариғи 


ережелердің  жөні  басқа  екенін 

білдім ғой.



– Сәләфшілдер ұстаз тұтқан 

ғалымдарды  атасаң?  Білімді 

қалай алады?

– Шейх Альбани, ибн Тәймия-

ның  пәтуаларына  көбірек  ден 

қояды.  Атап  өткенімдей,  терең 

зерделемей-ақ  настарға  (аят, 

хадис) жалаң ой жүгірте салады. 

Олардың  өз  діни  әдебиеттері 

болады.  Солардың  бір  авторы 

–  Эльмир  Кулеев  екені  есімде. 

Қазақстаннан  Халил  есімді 

«шейхтің»  барын  еститінбіз. 

Сонымен  қатар,  жымпитылық 

Самат  деген  жігіт  болды. 

Білмегендерімізді ол шетелдік әрі 

отандас шейхтардан сұрап, біліп, 

байланыстырып отыратын. Кейін 

ұсталып  кетті.  Тұзаққа  түсірді 

деп  түсіндірді  бізге.  Жалпы, 

айтарым,  жастардың  қолжетімді 

интернет желісінен бейне, аудио 

жазбалардан 

уағыз 

тыңдап 


жататынын айтқым келеді. 

–  Қазіргі  уақытқа  дейін  

экстремистік 

топтардың 

лаңкестік  әрекеті  көбейді. 

Жиһад 

ұғымын 

қалай 

түсіндіреді?  Шетелге  шығуға, 

қолға  қару  алуға  үгіттей 

ме?Сондай әрекеттердің кейбір 

көрінісі  елімізде  де  қылаң 

берді? Оны қалай қабылдады?

– Сауд Арабиясына, Египетке 

оқуға 


баруға 

үгіттейтін. 

Біздерге лаңкестік жасап жатқан 

тараптың  әрекетін  «жиһад» 

деп  сипаттайтын,  ғазауатқа 

қосылуды  құптайтын.  Шейіт 

болғандарды сөзсіз «жәннаттық» 

деп  ақтайтын.  Қазақстандағы 

кейбір қақтығыстарға оң көзқарас 

қалыптастыратын.  Түбі  біртұтас 

халифат  құрылатынына  сенеді. 

Олармен  бірге  жүрсең,  егер, 

сырттай  біреу  тиісе  қалғанда, 

тез  ұйымдаса  қалатынын,  тіпті, 

түрлі 

содырлыққа 



барудан 

тайынбайтынын 

аңғардым. 

Есіме  түскенін  айтайын,  темір 

торда бір жігіт ірі қару-жарақпен 

ұсталып,  бір  камерада  болды. 

Бірақ,  ол  есін  тез  жинады.  Әбу 

Ханифа  мәзһәбын  ұстанды.  Өзі 

ісіне  өкінетінін,  менің  сенімім 

қате  екенін  айтып,  тағдырын 

қайталамауға  үгіттеді.  Оның 

айтқаны  ақиқат  екеніне  кейін 

ғана көзім жетті. 

–  Жалған  мүдделі  топтан 

жырақтадың.  Кейін  бопсалау 

болған  жоқ  па?  Жалпы, 

отбасындағы  ахуал  қалай 

өрібіді?

–  Қауіп  төндіретіндей  сәт 

болмады.  Әрине,  жылы  қабақ 

та  таныта  қойған  жоқ.  Сол 

топтың  ықпалында  болғанымда 

отбасымда 

түсініспеушілік 

болды. Тума-туысқандарым, анам 

сыңайымды байқап, менің кейбір 

әрекетімді  құптамайтындарын 

жеткізетін. Үйленгенмін. Әйелім 

мәзһәбпен оқитын. Оның жолын 

терістеп, 

өзім 

үйірсектеген 



бағытыма  түсірдім.  Бірақ,  кейін 

қайтып,  арнайы  мамандардан, 

дінтанушылардан егжей-тегжейлі 

түсіндіруімен  жаңылыс  басқан 

қадамымнан  қайттым.  Жарым 

да  мәзһабқа  оралды.  Анама  да 

уағыз  тыңдаттыратынмын.  Ол 

да    оң  бағыт  алғанымды  көріп, 

шүкіршілік  етті.  Қазір  Әбу 

Ханифа  мәзһәбы  –  еліміздегі 

төте  жол  деп  түсінемін.  Қазір 

қолымызда  бала  тәрбиелеудеміз, 

жұмысым  бар,  дұрысты  танып, 

айрандай ұйып отырған жайымыз 

бар, – дейді Ерден.

Бұл ағым қайдан бастау 

алды?

Егемендіктің 

елең-алаң 

тұсында заңның солқылдақтығын 

пайдаланып,  көптеген  ағым 

мықтап  тамыр  жайып  үлгерді. 

Іргемізді  түре  ашып,  түндіктен 

төніп,    еркінсіген  кездері  де 

болды.  Қазіргі  уақытта  «Діни 

қызмет  және  діни  бірлестіктер 

туралы» заң талабы күшейіп, етек-

жеңімізді  қымтап  жатқанымыз 

бәрімізге мәлім.

Ал,  біз  сөз  еткен  сәләфизм 

– 

уаһабшылдықтың 



өңін 

айналдырған  түрі.  Бұл  ағымның 

теріс  пиғылын  әшекерелеп, 

негізгі  сенім  жүйесіндегі  теріс 

көзқарасын  жан-жақты  талдап, 

терең  білімімен  соққы  беріп 

жүрген дінтанушы ғалымдардың 

арасында  Ерсін  Әміре,  Қайрат 

Жолдыбайұлы, Алау Әділбаевтың 

еңбектерінен  көбірек  деректі 

танып, білуге болады. 

Философия  ғылымдарының 

кандидаты  Смаил  Сейтбектің 

«Мәзһәбтар 

тарихы» 

деген 


кітабына көз жүгіртсек, уаһабилік 

немесе  сәләфилік  –  қазіргі 

таңда  Сауд  Арабиясының  ресми 

мәзһәбы екенін танимыз. Негізін 

Мұхаммед  ибн  Абдулуаһаб 

(1703-1792  ж.ж.)  қалаған.  Ол 

ХІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  Ибн 

Тәймияның 

қасаң 

қағидаға 



сүйеген  бұрыс  сенімін  басты 

идеологиялық  қару  етіп  алған. 

Мұхаммед  ибн  Абдулуаһаб 

әһлі-сүннет  сеніміне  қайшы 

еңбектер  жазып,  өзіндік  саяси 

белсенділігін пайдаланып, тарих 

сахнасында  Араб  түбегіндегі  

Нәжд  аймағынан  бастау  алған 

бүліктердің пайда болуына себеп 

болды.  Ақидада  біз  сүйенетін 

Әл-Матуриди, 

Әл-Әшғаридің 

шархын, фиқһ саласында мәшһүр 

төрт мәзһаб ғалымдарының салған 

сара жолын мойындамайды. 

Негізінде 

«сәләф» 

сөзі 


Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың, 

сахабалардың және сахабаларды 

көрген 

толқынға 



арналған. 

Олардың 


ұстанған 

бағыты 


ақиқаттың шамшырағы еді, бүгінгі 

таңда осы салиқалы буындардың 

атын  бүркеніш  қылған  қазіргі 

«сәләфтықтар»  дінді  Құран  мен 

сүннеттен  тікелей  алып,  түсіну 

керек  деген  ұстанымды  қатаң 

догмаға  айналдырған.  Олар 

бүгінгі  таңда  Ерсін  Әміренің 

көзқарасы  бойынша,  сурурилер, 

мадхалиттер, 

тақияшылдар 

(сырттай  келісімпаздық  сипат 

танытып, 

ішкі 


пиғылын 

жасыратын,  елге  жанашыр  боп, 

зиялы  топ  ішіне  сіңген)  болып 

бөлінеді. 

түптеп 

келгенде, 



бұлардың  бірде  жұмсақ,  бірде 

қатаң,  енді  бірден  жасырын 

жүзеге  асыратын  радикалдық 

көзқарастары  ел  болашағына 

қауіпті.  Сәләфиліктер  өткен 

ғасырдағы  Ибн  Баз,  Ибн  әл-

Усеймин,  Әлбани  еңбектерін 

негізге алып, пәтуа береді. Олар 

Орта Азиядағы ата-бабаларымыз 

ұстанған 

сенім 

мектебін, 



дәстүрімізді, 

тарихымызды 

жоққа шығарады. Әруаққа Құран 

бағыштауды,  беташарды,  дұғада 

бет  сипауды  бидғатқа  санайды. 

Домбыраны, 

музыкалық 

аспаптарды  харамға  жатқызады. 

Аят,  хадистерді  өз  түсінігіне 

негіздеп,  ғалымдар  ғана  пәтуә 

беретін 

мәселерден 

тартыс 

ұйымдастырады, 



«бүйректен 

сирақ  шығаруға»  дайын  тұрады. 

Олар  дәлелді  уәждерге  де  құлақ 

аспайды. 

Кезінде, 

Абылай 


хан  «Өзің  білме,  өзгенің  тілін 

алма»  деген  теріс  батаның  да 

болатынын 

естіп, 


жағасын 

ұстаған көреді. Теріс ағымдардың 

ықпалы  осындай  кепке  шырмап 

әкеп  отыр.  Кейіпкеріміз  тілге 

тиек  еткен  белгілердің  бәрі 

сол  топтағылардың  бойынан 

табылады.

Қалай сақтанамыз?

Хақ  Ислам  жолын  таңдаған 

бір  тағдыр  тура  жолды  енді 

танығанын 

айтуда. 

Расы 


керек,  діни  сауатсыздықпен 

күрес  ыңғайы  соңғы  уақытта 

ширағандай.  Еліміздегі  бұған 

мүдделі  құзырлы  органдар, 

ҚМБД сүзгіден өткізген пайдалы 

діни әдебиеттер көптеп жарыққа 

шығуда. Ақпараттық-насихаттық 

топтары  жасақталып,  арнайы 

мамандардың  қолға  алуымен 

жалған  ағымға  шырмауында 

жүрген  жерлестерімізге  түсінік 

жұмыстары  жүріп  жатыр.  БАҚ 

бетінде  сәт  сайын  көрінген 

ақпарат 


легінің 

ақ-қарасын 

ажыратып алған жөн. 

  «Аудандық  прокуратура 

жершілікті    атқарушы  билік, 

облыстық дін істері басқармасы,  

құқық  қорғау  органдарымен 

тығыз 


қарым-қатынаста, 

– 

дейді  аудандық  прокурордың 



аға 

көмекшісі 

Асыланбек 

Кабдрахимов. 

Аудандағы 

тұғындармен бұл бағытта кездесу 

және  түсіндірме  жұмыстарын 

ұйымдастырып отырамыз. Кейбір 

дін ұстанатын жастардың ішінде 

түбінде  жол  осылардікі  деген 

ыңғайда  жүргенін  байқаймыз. 

Сондықтан,  қоғамның  діни 

ағымдардан 

сауықтыру 

шарларын жүйелі  жүргізіп отыру 

маңызды. Бұл турасында қандай 

құқықтық кеңес керек болса, кез 

келген уақытта қол ұшын беруге 

дайынбыз».

Өмірінде сан күрмеулі тұстан 

өткен  кейіпкеріміз  «сәләфизм» 

жолына  түскендер  санасына 

ұялаған  алғашқы  түсінік  сол 

күйінде  қорғасындай  құйылып, 

«қатып»  қалуы  мүмкін  екенін 

айтады.  Әуелден  мығымдалып 

қалған  саяз  сана  дені  дұрыс 

насихат 


мәнін 

түбегейлі 

қабылдамауы мүмкін.

Мұндай жүгенсіз топтарға есік 

қайдан ашылды? Талдап көрейік. 

Біздің  тарихымызда  кеңестік 

жүйе  тәрбиесі  оңайға  соқпады. 

Тарихта 


бабалар 

жадында 


жаңғырған  діни  плтаформаны 

жатсынды. Тәуелсіздік келді. Азат 

сезіндік. Бірақ, рухани жұтаңдық 

бар еді. Жас өркендеріміздің қай 

«ағымның»  етегін  ұстағанын 

аңғармай  қалдық.  Расы  керек, 

аға буынның кеңестік санасында 

қалыптасқан  керенаулық  әлі 

мығым.  Көзі  ашық,  көкірегі  ояу 

дегендердің  өзі  иман  әліппесін 

тануға құлықсыз. Оның қасында 

қарапайым  жұртшылық  түсінігі 

қандай  деңгейде  екені  түсінікті. 

Баласының 

мұсылманшылық 

жолына 


түскеніне 

тілеулес 

болғанмен, 

ақ-қараның 

аражігін  айырмайды.  Әрбір 

бала  тағдырына  алаңдаулы  ата-

ана,  ағайын  БАҚ  құралдары, 

интернет 

ресурстарындағы 

барлық ақпаратқа түбегейлі сене 

бермеуі тиіс. Қазір облыстық дін 

істері басқармасы бар, «Жайық» 

деструктивтік  діни  ағымдардан 

жапа 


шеккендерге 

көмек 


орталығы» бар, қажетті кеңеспен 

шұғыл  қамтамасыз  ете  алады. 

Қазіргі  «Қауырт  желі  -  114» 

жүйесіне  тәулік  бойы  шалынған 

телефон  қоңырауларын  тегін 

қабылдайды.  Сонымен  қатар, 

еліміздегі екі мыңнан астам мешіт 

(оның  ішінде  ауданымыздағы 

мешіттер  мен  намазханалар) 

Қазақстан  Мұсылмандары  діни 

басқармасының  иелігінде.  Бұл 

құлшылық орындарында дәстүрлі 

Ислам  жолы  –  Әбу  Ханифа 

мәзһабы  бойынша  барлық  діни 

рәсім  атқарылады.  Халықтың 

біліктілік  санаты  жетілдіріліген, 

арнайы 

тағайындалған  



имамдарға да  жолығып, қажетті 

ақпаратты 

алуына 

болады. 


Абзалы, 

мемлекеттік 

БАҚ 

құралдарындағы 



(баспасөз 

саласы,  телеведнение,  радио) 

дінтанушы 

мамандардың 

матриалдарын  оқып,  танысып 

отыру маңызды. 

Елдік  мұратымыз  іргелі, 

иман  тұғыры  берік  болуы  үшін 

ұрпағымызды  жалған  ағымның 

жетегіне  кетпеуін  қадағалап 

отыру  –  өз  қолымызда,  біз 

мысал  келтірдік,  ойланыңдар, 

ағайын.  Бұл  ретте  «ештен  кеш 

жақсының»  рөлі  әманда  сәтті 

жүре бермейтінін ескере білуіміз 

керек.


Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

Жәнібек ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

Санаңды шырмап, саныңды соқтыратын 

«сәләфизмнің» сүрлеуі секемді

Жұма

20 ақпан 2015 жыл 

4 бет

мерей

Сонау Семей өңірінде дүние 

есігін  ашып,  туабітті  дертке 

шалдыққан  қаршадай  қыздың 

тағдырын  тәлкекке  салған 

 

– 

ядролық  Семей  полигонының 



зардабы. 

Дәрігерлердің 

айтқанына 

көнбей,  қызына  жарық  дүние 

сыйлаған  Нұрзия Сүлейменқызы 

да –  екінші топ мүгедегі.

Ақеркенің өмірге келуі, өнер 

жолын  таңдауы,  болашаққа 

батыл  қадам  жасауы  –  нағыз 

қазақтың  қайсар  қызына  тән 

қасиет.

Мүгедекпін  деп  қоршаған 



ортаға  қол  жаймай,  қоғамға 

өнер  арқылы  қызмет  етуге  бел 

буған  жас  әншінің  өнер  сапары 

көрермен  қауымға  әлсін-әлсін 

қол соқтырды.

Апасы,  өнердегі  ұстазы 

Назеркемен  де,  жеке  дара 

да  ән  шырқаған  Ақеркенің 

өнер  жолына  түсуі    талайдың 

таңдайын  қақтырғандығы  осы 

кештен-ақ байқалды.

Мені  өмірге  әкелген 



анама шексіз ризамын. Тағдырға 

мойынсұнбай,  мені  қатарға 

қосты. 

Негізінен, 



жасым 

төртке  толғанша  өздігімнен 

жүре  алмадым.  Үйдегілердің 

«жүріп  кетер»  деген  үміті 

басым  болды.  Құдай  қолдап, 

тоғыз  жасқа  толған  шақта 

операциядан  аман-есен  өтіп, 

қозғала, жүре бастадым. Бүгінде 

алдыма  қойған  мақсатым  көп. 

Мені  қолдап,  шығармашылық 

концертіме  келгендеріңізге  көп-

көп  рақмет.  Алла  разы  болсын! 

- деді өзара әңгімесінде Ақерке.

Айта кету керек, жас әншінің 

Қытай  Халық  Республикасында 

үлкен 


операциядан 

өтуіне 


қомақты 

көлемде 


қаражат 

ұсынып, қолдау көрсеткен белгілі 

әншілер Майра Ілиясова, Нұрлан 

Өнербаев,  халық  қалаулысы 

Нұртай 

Сабилияновтардың 



еңбегі елеулі.

Киелі  Қаратөбе  өңірінің 

сахнасы  төрінде  Ақерке  мен 

Назерке 


Әлмұханбетовалар 

«Астана»,  «Балалық  шақ», 

«Бір  тілек»,  «Аяулы  анам»  т.б. 

көптеген әндерді шырқады.

Топқа 

жергілікті 



өнерпаздар  Айдос  Жапақов, 

Альфия  Исламова,  Нұршат 

Исламғалиевтер рухани бағытта 

қолдау  көрсетіп,  ән-жырдан 

шашу шашты.

Сахнаға шығып, сөз сөйлеген 

аудандық  мәдениет,  тілдерді 

дамыту, 


дене 

шынықтыру 

және  спорт  бөлімінің  басшысы 

Бақытжан  Жүсіпқали  «Ақерке, 

арманың 

орындалсын, 

мақсатыңа  жете  бер!»  -  деп  ел 

тілегін жеткізді.

Кеш 

аяқталды. 



Халық 

орнынан 


түрегеліп, 

ұзаққа 


дейін қошемет көрсетті. Ақерке 

болса, ел алдында бас иіп, сахна 

сыртына беттеді...

Ертай БИМұХАНОВ,

«Қаратөбе өңірі»

Апта басында қаратөбелік ағайын «Ақерке 

арманы» тобының концертін тамашалады. Өмірде 

жеңілмеуге үйреткен тағылымды кештің иесі 

Ақерке Әлмұханбетованың тағдыры жанарыңа 

еріксіз жас ұялата отырып, мақсатқа жету жолында 

қайсарлыққа тәрбиелейді.

Қайсар қызға 

жол ашық

Делегация  жұмысы  округ 

аумағындағы 

әлеуметтік 

нысандарды  аралаудан  бастау 

алды. 


Топ мүшелері Жамбыл ЖОББ 

мектеп-балабақшасына 

бас 

сұғып,  мектеп  директорының 



тәрбие 

ісі 


жөніндегі 

орынбасары  Кәмшат  Олжатаева  

Жусандыой    өлкесінің  тыныс-

тіршілігі, 

экономикалық 

және  мәдени-әлеуметтік  даму 

көрсеткіштерімен  таныстырып 

өтті.  


Жусандыой 

ауылының 

әкімшілік ғимаратында көршілес 

екі ауылдық округтің  басшылары 

мен  делегация  мүшелерінің 

қатысуымен  өткен    «Біздің  бір 

ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз 

Қазақстан» 

атты 

дөңгелек 



үстел    басында  татулықтың 

үлгісін  көрсетіп,  ел  бірлігін 

нығайтып  жатқан  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының жұмысы 

кеңінен сөз болды.  

Бүгін 



сіздерді 

Жусандыой  жерінде  қарсы 

алып 

отырғанымызға 



шексіз  қуаныштымын.  Осы 

жобаның 


аясында 

басты 


мақсат     екі ауылдық округтің 

ұлтаралық  келісім  және  саяси 

тұрақтылықты  сақтау,  тәжірибе 

алмасу.  Халықтар достығы мен 

ұлтаралық  келісім  –  еліміздегі 

саяси  тұрақтылықтың  кепілі.   

Республика  көлемінде  бастау 

алған  бұл  жоба  бүгін,  міне, 

Қаратөбе ауылдық округінен бізге 

жетіп  отыр,  -  деді  Жусандыой 

ауылдық  округі  әкімі  Талап 

Қазиев. 


Аудан  әкімінің  орынбасары 

Сатқан  Өмірзақов  сөз  сөйлеп, 

жобаның    мақсаты   -  тұрақты-

лықты  сақтап  қалу,  барлық 

ауылдық  округтер  арасында 

достық пен бірліктің нығаюына, 

ұлтаралық  татулықтың,  саяси 

тұрақтылықтың, бейбітшілік пен 

келісім  жүйесі  екендігін  айтып 

өтті.   


Қаратөбе  ауылдық  округінде 

31  ұлт  пен  ұлыс  өкілдері  тату-

тәтті  өмір  сүріп  жатқандығын 

атап 


өткен 

Ғалымгерей 

Қажыгерейұлы құшақ жая қарсы 

алған 


жусандыойлықтарға 

шексіз ризашылығын білдірді. 

Екі 

ауылдық 


округтің 

басын  қосқан  дөңгелек  үстел 

барысында 

бір-бірімен 

іс-

тәжірибе  алмасумен  қатар  өз 



пікірлерін ортаға салды. 

Екі ауылдық округтің жастары 

да  волейболдан  жолдастық 

кездесу ұйымдастырылды.

Жусандыой 

халқына 


«Ұлтаралық татулық – тәуелсіздік 

тұғыры» 


атты 

концерттік 

бағдарламасын ұсынылды. 

Шара 


көп 

ұлтты 


отандастарымыздың 

ұлттық 


билерімен 

өріліп, 


халық 

ықыласына  бөленді.  Жергілікті 

әншілер 

Жарқын, 


Сәнжан 

Байтеміровтар, 

Аяжан 

Исмағұлова, Мереке Сағидуллин, 



Алина 

Оспанова, 

Берік 

Орынбаев,  «Шөптікөл»  триосы 



қалың  жұртшылыққа  әндерін 

шырқап,  мерекелік  көңіл  күйін 

одан сайын асқақтатты.  

Қаратөбе 

балалар 

саз 


мектебінің  ұстаздары  Самат 

Акимов,  Думан  Орынбасаров 

қоңыр домбыраның қос ішегімен 

күй  күмбірлетті. 

Сахна  төріне  екі  ауылдық 

округтің 

әкімі 

көтеріліп, 



Ассамблея  жылына  байланысты 

достық 


пен 

бейбітшілікті, 

бірлік  пен  ынтымақтастықты 

нығайта  отырып,  «Бейбітшілік 

пен  келісімнің  жол  картасы» 

эстафетасын және де Ассамблея 

туын 

салтанатты 



түрде 

Жусандыой ауылдық округ әкімі 

Талап Қазиевке табыстады. 

-  Қаратөбе  ауылдық  округі 

эстафетаны  бізге  тапсырып 

отыр.  Бүгін  жусандыойлық 

көрерменді  көтеріңкі  көңіл-

күймен  көмкерген  құт  дарып 

кие  қонған  Қаратөбе  өңірінің 

өнер  саңлақтарына  рахметімді 

айтамын. 

Жұмыстарына 

сәттілік  тілеймін,  -  деді  Талап 

Айтмағанбетұлы. 

Кеш соңы жерлесіміз  Ескендір 

Хасанғалиевтың 

«Атамекен» 

әнімен қорытындыланды.



Тоты АСҚАРҚЫзЫ,

“Қаратөбе өңірі”

Ассамблея жылы аясындағы

 айшықты мереке

13 ақпан күні Қазақстан 

халқы Ассамблеясы 

жылына орай, 

республикада «Бейбітшілік 

пен келісімнің жол 

картасы» атты мегажоба өз 

бастауын алған болатын. 

Мегажоба шеңберінде 

эстафетаны Жусандыой 

ауылдық округіне 

табыстауға Қаратөбе 

ауылдық округінің әкімі 

ғалымгерей Қайырғалиев 

бастаған делегациясы 

келді.

Шара 


барысында 

әуелі 


кітапханашы            Таңсәуле 

Айталиева 

«Тәуелсіз 

Қазақстан  біздің  ең  қымбат 

құндылықтарымыз» 

атты 


лекция  оқыды.  Онда  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың 

жүргізіп 

отырған  сарабдал  саясатының 

арқасында  елімізде  130  ұлттар 

мен  ұлыстардың  тату-тәтті 

өмір  кешіп  отырғаны  туралы, 

мемлекетіміздегі 

бейбітшілік 

пен  келісімнің  салтанат  құруы 

осының  жемісі  екені  нақты 

айтылды.  Шара  барысында 

Замира  Омарова  сөз  сойлеп 

өзінің  өмірбаянын  айта  келе 

осы қазақ жерінде тамыр жайып 

ұрпақ  өрбітіп  отырғанына  риза 

екенін  айтты  және  дөңгелек 

үстелді  ұйымдастырушыларға 

алғысын білдірді. Дөңгелек үстел 

барысында  оқушылар  Замира 

апайға  өз  сұрақтарын  қойып 

тұшымды жауаптар алды.

Шара  соңында  кітапханашы 

Таңсәуле  апай  «Татулық  ортақ 

туымыз» атты көрме бұрышымен 

таныстырды.  Мәдениет  үйінің 

қызметкерлері 

Амангелді 

Сұлтанов 

пен 


Сабырғали 

Есмырза 


ән 

мен 


күйден 

музыкалық  сәлем  жолдады. 

Замира апайға әкімшілік атынан 

шағын  сыйлық  табысталып, 

оқушылармен  естелік  суретке 

түсті.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 439.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет