Газет 1934 жылѓы 1 ќазаннан шыѓады


Қадірменді    ақсулық      жер-



жүктеу 0.57 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата13.04.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қадірменді    ақсулық      жер-

лестер! 

Батыр  да,  ер  де  Сіздердің 

қатарларыңызда,  яғни,  еңбегі 

дер  кезінде    елене  бермейтін 

ұстаздар  қауымының  арасын-

да.  «Бәлен  жерде  алтын  бар, 

барсаң  бақыр  да  жоқ»  дейтін 

халқымыздың  «Шәкіртсіз  ұстаз 

−  тұл,  ұстазсыз  білім  −  тұл» 

деген  дана  сөздерін  естен 

шығармалық.  Қала  мен  ауыл 

мектебінің 

айырмашылығы 

ұстаздардың біліктілігінде емес, 

мектептің 

жабдықталуында 

екендігін ұқсақ деймін. 

Білім  күні  құтты  болсын, 

ұстаздар! 

Әбділкен Бекмырза. 

материалды қаракемерлік 

«қара бала», техника 

ғылымдарының док-

торы, профессор  Әбді 

Қиялбаевпен өткен пікірден 

әзірлеген. 

Алматы қаласы.

кеш  те  болса  түсіне  бастадық. 

Әсіресе,  сыныптық  жетекшіміз 

Күлсану  апамыздың,  мате-

матика 


мұғалімі 

Балғабек 

Сайлин  мен  физика  пәнінің 

ұстазы  Сауытқали  Айманбе-

тов  ағаларымыздың,  орыс  тілі 

пәнінің  мұғалиамасы  Рабиға 

Жұмасиловнаның,  мектеп  ди-

ректоры  (сол  кездегі)  Өсербай 

Жұмаханұлының, тарих пәнінің 

ұстазы  Омар  ағамыздың  бізге 

деген  ілтипаты  мен  шексіз 

еңбектерін 

ұмыту 

адами 


қасиетімізге  күнә  болар,  сірә. 

1965 жылы шағын төрт бөлмелі 

мектептен  еңселі,  оншақты 

бөлмесі бар мектепке ауыстық. 

Бұл алғашқыда бала  бақшасы 

болған  әлеуметтік  ғимарат 

еді. Онда арнайы зертхана да, 

кітапхана  да,  айта  берсек  дені 

түзік мұғалімдер бөлмесі де бол-

мады. Бірақ білімге деген жігер 

ұстаздарда  да,  оқушыларда 

да  және  ата-аналарда    орасан 

зор  болды.  Мүмкін  осы  болар 

кешегі Кеңес дәуіріндегі білімге 

деген  құштарлықтың  қазіргіден 

еш кем болмағандығы. Ол кез-

де  бүгінгідей  компьютер  мен 

жоғары  санатты  әмбебап  орг-

техникалар  мектебіміз  түгілі 

санамызға  да  кірмеді.  Бас-

ты  назар  тәртіп  пен  талапқа 

жұмылдырылды. 

Халықта 

болашаққа  деген  сенім  күшті 

болды.

Жылдар  жылжып  өте  барды. 



Біздер  8  сыныпқа  да  жеттік. 

Ата-анамызды  да,  ұстаздарды 

да  қобалжытар  мәселелер 

аз  болмады.  Негізгісі  –    ба-

лалар  тағы  да  басқа  мектеп-

терге  таратылады  ма?  –  де-

ген  үрей.  Өйткені  бізге  дейінгі 

ағаларымыз  бен  әпкелеріміз 

сол кездегі қиыншылықтың осы 

бір  шырғалаңдарын  басынан 

кешкені  ащы  шындық.  Оларды 

негізінен  аудандық  Қ.  Сәтпаев 

пен  В.  Чапаев  атындағы 

орта  мектептер  күтіп  тұрды. 

Бұл,  әрине,  шарасыздықтан 

туған  әрекеттер  еді.  Сол  кез-

де  ауылда  аса  үздік  оқыған 

оқушылардың  білім  деңгейі 

оқыс  түсіп  кетуі  де  мүмкін  не-

месе  жол  ауыртпалықтарының 

кейбір келеңсіздіктеріне байла-

нысты олардың сабаққа қатысу 

деңгейі де біршама төмендегені 

ақиқат  еді.  Қанша  қиыншылық 

болса  да,  жоғарыда  аталған 

мектеп  ұжымы  шәкірттеріне 

түсіністікпен 

қарап, 


асқан 

ұйымшылдық 

танытты, 

оларға  саналы  тәрбие  беріп, 

зерделі  білімге  бастады.  Осы 

мектептердегі ұстаздардың  сол 

кездегі жанпидалық әрекеттерін 

болашақ  үшін,  жастар  үшін 

жасалған  асқан  ерлік  деуге 

тұрарлық. 

Любовь  Харитоновна  Зу-

дина,  Омар  және  Күлсәну 

Адамбековтар,  Сауытқали  Ай-

манбетов,  Сартай  Нұрланов, 

Сәуле  Сейсенбайқызы,  Рабиға 

құтты  бір  ертеден  келе  жатқан 

орта 

білім 


ошағындағыдай 

өз 


еңбектерін 

қалтқысыз 

жүргізе  бастады.  Қаракемер 

орта  мектебі  «Қосағаш»  пен 

«Көкөзек»    кеншарларынан 

келген  оқушылармен  толықты. 

Тәубе делік! Жаман болған жоқ. 

Тіпті мектептен соң сол кеншар-

дан келген біршама жастар осы 

ауылдың  жастарымен  жанұяда 

құрып жатты. Сол Кеңес дәуірінің 

өзінде  жасқанбай  еңбек  еткен 

ұстаздар  қауымы  мен  аудандық 

білім  бөліміне    қарап,  неткен 

дана шешім, неткен дана тәрбие 

жұмысы дерсіз! 

Өмір 

белестері 



өзінің 

күнтізбелік  кестесінің  бірнеше 

парағын  артқа  тастап  жатты. 

Кешегі  «қара  балалар»  бүгінгі 

саналы қоғам мүшесі, бірі ұстаз, 

бірі инженер, араларында қоғам 

қайтаркерлері  де,  әртіс  те,  ша-

руа да, әскери азаматтар да бар. 

Ол кезде оқуға түсу бүгінгіден де 

қиын мәселе еді. Мектеп куәлігін 

ала  сала,  ойлануға  да  уақыт 

жоқ  болар,  «Білім  ордалары 

қайдасың?»  деп,    Қазақстанның 

жоғары  және  арнайы  орта  білім 

ордаларына тартып отырдық. Ол 

жақта бізге сынсыз-сынақсыз кім 

есік ашсын, басым көпшілігіміздің 

басымыз тасқа шағылып, ауылға 

қайта  оралдық.  Қабырғамыз 

қатпаса да «Екі қолға бір күрек» 

деп 

ауыл 


шаруашылығына 

үлкендермен  бірлесе  арала-

сып  кеттік.  Сол  аралықта  ер 

балаларға 

Армия 

саптары 


да  дайын  тұрды.  Өмірдің  осы 

белестерін мен де өз армандас-

тарыммен  бірге  өткіздім.  Оқуға 

2  рет  түсе  алмай,  үшіншісінде 

әскерден соң, бастағы жел ойла-

рымды әбден тоқтатқан шағымда 

Өскемен  құрылыс-жол  институ-

тында жүзеге асырдым. Әйтседе, 

оқуға 

түсе 


алмағанымды 

білімімнің  таяздығынан  немесе 

ұстаздарымның  саналы  білім 

бере  алмағанынан  дей  алмай-

мын.  Өйткені  ол  кезде  кез  кел-

ген  білім  ордасында  конкурс 

мәселесі ушығып тұратын, тіптен, 

кейбіреулерінде  бір  орынға  10-

15-тен  асты.  Олардағы  конкурс 

құтты  бір  тұлпарларды  сынар 

орындарға  ұқсады.  Әрине,  осы-

дан кейін білім сапасын арнайы 

білім  ордалары  таяз  берді  деп 

көріңізші.

Өскемен  құрылыс-жол  инс-

титутын  1983  жылы  өте  сәтті 

аяқтап, 1990 жылы Мәскеу авто-

мобиль  жолдары  институтының 

аспирантурасына қабылдандым. 

«Ұстаз  –  қай  орында  болмасын 

ұстаз» екенін мен осында тағы да 

көз жеткіздім. Ауылда орыс тілін 

айтарлықтай  білмеген  балаға 

Ресейде оқу сол кезде аса ауыр 

болды.  Бірақ  талап  пен  намыс, 

қайрат пен жігер, төзім мен сенім 

кімді  болмасын  жарты  жолда 

қалтырмайды  екен.  Алғашқыда 

мәскеулік  профессура  «қара 

бала» деп маған көңіл бөлмегені 

рас, дегенмен алғашқы ғылыми 

нәтижелерім  олардың  көңіліне 

сиса  керек,  ақырындап  бау-

ырларына 

тарта 

бастады. 



Мәскеуде өткен 5 жылдан арта 

мерзімде  ғылыми  жетекшімнің 

пікірі  бойынша  Мәскеудегі 

құрыш  және  балқулар  (Мо-

сковский  инстититут  сталь  и 

сплавов),  инженерлік  құрылыс 

институттары 

мен 


Мәскеу 

коммунал  шаруашылығы  ака-

демиясында  және  Ленинград 

авиация академиясы зертхана-

сында  бір  мезгілде  дәріс  алып 

отырдым,  ғылымға  шынықтым. 

Оларда 

әртүрлі 


ортадағы 

жылу  құбылыстарының  тео-

риясына  машықтанып,  түрлі 

химиялық 

материалдардың 

жол шаруашылығына пайдала-

ну  технологияларын  үйрендім. 

Алғашқы ғылыми жетістіктеріме 

осы  Ресей  білім  ордалары 

мен  ғылыми  зертханаларында 

жеттім. Нәтижесінде Мәскеу ав-

томобиль  жолдарында  ғылым 

Қазақ тілі  -  өте бай және көркем  тілдердің  бірі. Тіл – қатынас 

құралы болғандықтан,  қарым – қатынас, өзара әрекет  сол  тіл  

арқылы  дамиды. Қазақ тілі – қазақ халқының әдеби тілі  және  

мемлекеттік тіл. Бірақ  бүгінгі күні жастар балаларымыз үш тілде 

сөйлеу білу керек дей отырып, балаларын балабақша, мектеп-

терге тіл үйренеді деп ауылдан қалаға көшіп кетеді. Нәтижесінде 

бала ассалаумағалейкум дегеннің орнына хэллоу деп аманда-

сады. Тіл-халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана 

тілі  мен  дәстүрі.    Қазақ  тілі,  әдебиеті,  мәдениеті  мен  тарихын 

жетік білуге деген құлшыныстарын арттыру. Өз мүмкіндігін дұрыс 

пайдалана  алатын  зерделі  тұлғаны  тәрбиелеу  мақсатында 

Ақын  Сараның  мемориалды  музейінің  қызметкерлері  мектеп 

оқушыларына  «Ана  тілі-бал  тілім»  атты  лекция,  «Тіл  тірегім 

соғып тұрған жүрегім» атты тәрбие сағат, жастардың арасында 

«Тіл қазына» атты дөңгелек үстел өткізіп, тіл байлығы-әр елдің 

мақтанышы  екендігін  жеткізу  үшін  зор  үлес  қосуда.  Нұрсұлтан 

Назарбаев:  «Менің  ел  басшысы  ретінде  де  қазақ  ретінде  де 

парызым    қазақ  тілін  өсіп  өркендету...  Қазақ  елі  барда  қазақ 

тілі  болады,  өседі,  өркендейді.»-деген.  Тас  үгіліп  құмға  айна-

лады,  темір  тозады,  ұрпақ  озады,  дүниеде  өлмейтін  сөз  ғана, 

халқымызбен бірге  жасап келе жатқан асыл мұра сөзімізді  ар-

зандатып  алмайық.  Ана  тілі-ар  өлшемі.  Тілді  шұбарлау-арды 

шұбарлау,  көңіл  тұнығын  лайлау.  Ендеше,  тілімізді  бағалайық, 

аялайық, достар! 

 

а.ӘлімБаева,

ақын Сараның мемориалды

музейінің меңгерушісі. 

Тіл қазына

Тілсіз  қоғамның  қандай  түрі 

болса  да  өмір  сүре  алмайды, 

ол  тілдің  өзі  қоғам  бар  жерде 

ғана пайда болып, өмір сүреді. 

Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл 

жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

“Тіл 

туралы” 


заңдағы 

“Қазақстан 

халқын 

топтастырудың  аса  маңызды 



факторы  болып  табылатын 

мемлекеттік  тілді  меңгеру  – 

Қазақстан  Республикасының 

әрбір  адамзатының  пары-

зы”  –  деген.  Әрине  ұлттың 

ең  бірінші,  ең  қасиетті  сипа-

ты  –  оның  ана  тілі.  Ұлт  ана-

сы  тіл  болып  есептеледі. 

Сонымен  бірге  ұлттың  өмір 

сүруінің 

бірінші 

шарты. 


Конституциямыздың  жетінші 

бабының  бірінші  тармағында 

Қазақстан  Республикасындағы 

мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп 

анық жазған, Ата Заңымыздан 

туындаған 

“Тіл 

туралы” 


Қазақстан  Республикасының 

заңында  да  осы  жағдай  берік 

қамтылған.

«Қазақ 


тілі 

– 

рухани 



байлығымыздың 

қайнар 


бұлағы»  деп  бекер  айтыл-

ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

майды.  Қазақ  елінде,  қазақ 

жерінде  қазақ  тілі  өркендеуі 

тиіс.  Ол  үшін  ана  тіліміздің 

қадір-қасиетін  өзіміз  білуіміз, 

дәріптеуіміз,  насихаттаумыз 

керек.   

“Тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры” 

деп те айтып жүрміз. Сондықтан 

әр  адам  өз  ана  тілін  көзінің 

қарашығындай  қорғауға,  оның 

орынсыз 


шұбарлануының 

қандайына  болса  да  қарсы 

тұруға  тиіс.  Туған  тілдің  абы-

ройын  асқақтату  -  әрбір 

адамзаттың  абзал  борышы. 

Біздің барша ұлттық келбетіміз 

бен болмысымыз, салт - сана-

мыз бен дініміз де осы ұлттық 

мәдениет  пен  тілімізде  жа-

тыр.  Тәуелсіз  елдің  елдігі  жас 

ұрпағын парасатты да білімді, 

іскер  де  қабілетті,  отансүйгіш 

те  ұлтжанды  тұлға  етіп 

қалыптастыруда  мемлекеттік 

тілдің  атқаратын  қызметі  ора-

сан зор.


аслан ОрыНХаНҰлы,

аудандық сотының аға сот 

приставы.

Жаңа  оқу  жылы  басталыпта  кетті.  Ата  –  аналар  балаларын 

орыс  сыныбына  ма,  қазақ  сыныбына  ма  беретінін  ойланып 

жүргендер де бар.

Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  болғандықтан  өзінің  мәртебелі 

тілі бар, келешегі бар, сондықтан саналы азаматтар балаларын 

қазақ сыныбына бергені жөн деп ойлаймын.

Мектепті орысша бітіріп, жоғарғы қызметте жүргендердің теле-

дидардан сөйлеген сөздерін естісеңіз күлкілі. Өздері не айтып, 

не оқып тұрғандарын білмейді, біреудің қазақша жазып бергенін 

де дұрыс оқи алмай мазақ болып тұрады. Теледидардан естіп, 

көріп отырғандар олар туралы әрине жақсы пікірде емес.

Баланың келешегін  ойласаңыздар, олай мазақ болғанша,  1-  

сыныптан бастап, қазақша оқып, дұрыс, таза сөйлеуіне мүмкіндік 

жасау ата-ананың міндеті.

Ұлтымыздың өресін өсіру үшін қазақ тілінде оқуы керек. Орыс 

тілі  ықпалынан  шыға  алмай  жүрген  шала  қазақтар  балаларын 

орыс  сыныбына береді.

 Қазақ тілі ешбір тілден кем емес. Таза сақталған, дамыған тіл. 

Тілмен қатар ән-күй өнері де дамыған.

Бұл жерде ананың ролі ерекше. Ана қай тілде сөйлесе, бала 

сол тілде оқуы керек. Кішкентай нәресте анасының айтқан, аяу-

лы алақанын, жылуын ана жүрегінің шуағын жадында сақтайды. 

Содан  нәр  алады.  Ұлт  тілінде  сөйлемейтін  қазақ    келіндерінің 

ата-енесімен  сыйыспайтыны,  баланың  ана  тілінде  оқып 

тәрбиеленбегені.

Қорыта  айтқанда  қазақ  баласы  қазақ  тілінде  оқып,  тәрбие 

алуы тиіс. 

Сонда ғана тіліміздің мәртебесі өсіп, шенеуніктерге  мазақ бол-

май, таза да, мағыналы да, дұрыс сөйлер еді.

Бауыржан Момышұлының мына сөзінде: «Қазақ тілі еш уақытта 

өзімен  көршілес  халықтың  тілдерінен  төмен    болып,  қатардан 

қалып  өмір  сүрмегендігі,  өз  сыбағасын  ешкімге  жібермейтіндігі 

мыңдаған жыл тарихында айқындалған» - дейді.    

                  

                            



 Гүлзира ізБаСарОва,

       матай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

ҚазаҚ баласы ҚазаҚ 

мектебінде оҚысын

Енді Ешкім өзгЕртЕ алмайтын бір ақиқат бар. 

ана  тіліміз  мәңгілік  ЕлімізбЕн  біргЕ  мәңгілік 

тіл болды! оны даудың тақырыбы ЕмЕс, ұлттың 

ұйытқысы ЕтЕ білгЕніміз жөн.

Н.НАЗАРБАЕв.


4 бет

аќсу Өњірі

6 қыркүйек 2014 жыл

І. ЖансүгІровтІң туғанына - 

120 Жыл толуы қарсаңында

Ағынды  менің    Ақсуым. 

Мен  өзімнің  көзіммен  көрген 

естелігімді  баяндайын.  Бұл  70 

жылдық    Ілияс  әкеміздің  тойы 

еді. Той  Қызылтаң совхозында 

болатын.  Қызылтаңға  кіреберіс 

жерде  жазық  алаңға  сахна 

орындықтары  жасалыпты.  Біз  

«Октябрь» қазіргі  «Діңгек» сов-

хозынан  жүк  машинаның кузо-

вына  отырып бардық. Ауылдан 

жиырма шақты адам  атжарысқа 

барды.  «Түймебас»    шабады  

деген  соң  тіпті  қуандық.  Ол 

атақты  ат  еді.  Орталық  Азия  

бойынша    бірінші    келіп,  жа-

рыста  алтын  медаль  алған. 

Қартайғанша    алдына  бір  ат  

салмады.  Той  бас-талды    деп 

радио    қаңғырлап  тұр.  Тойды 

басқару    сол  кездегі  ауданның 

актрисасы  бүкіл    Қазақстанға  

белгілі  Дәмен    Шаймерденге 

тапсырыпты.  Мен  сахнаның  

шетінде  тұр  едім,  ей  бала  бері 

келші деді. Мына орындықтарға  

көмектесші  деді.  Көмектесейін. 

Сен  көрмеген    бір  адамды  

көресің    ешқайда  кетпе  деді. 

Мен  ол  кім.  Ол  Ілияс    әкеңнің  

жолдасы  Фатима  деген шешең  

қазір  сахнаға  шығады.  Дәмен 

айғайлап Фатима апай  сахнаға  

шығыңыз, халық Сізді сұрайды, 

Ақсудың Ақиық Ақыны

көреміз  деп  жатыр.  Ол  кісі  шықпады. 

3-4 рет  қайталап айтып еді, шықпады. 

Содан Дәмен өзі сахнадан  жерге түсті  

қасына  барды.  Менде  бірге  бардым. 

Ең алда отыр  екен. Қасында екі әйел 

адам. Дәмен жүріңізші неге ұяласыз өз 

ауылыңыз  емеспе  деді.  Өңлі  кісі  екен, 

жасыда келіп қапты. Екі қолымен  бетін 

басып    шықпаймын  деп  күліп,  кішкене  

қыздар  сияқты  қылмыйғаны  әлі  көз  

алдымнан    кетпейді.  Сөйтіп  тұрғанда  

жолдасым  жүгіріп  келіп    «Түймебас»  

атты алып келді деді. Сол кезде мен он 

Өмір жолы қилы-қиыр, сайлы-соқпақ,

Кім табар өмір жолын оңай-оспақ.

Біреуге күлкі сыйлаған, біреуге мұң,

О тағдыр қайда апарып, қайдан тоспақ!.

Туылды Ақөзекте ай маңдай, асыл бала,

Қас қабағы, түр түсі дәл келеді бекзадаға.

Ат қойды азан айтып Ілияс деп бұл балаға,

Халқыңа қорған бол деп бет сипады 

                                                     Молықпай да.

Қарағаш, Ақөзек пен ағынды Ақсу атырабы,

Кіндік кесіп кір жуған мекені еді Ілиястың.

Балалық бал даурені өтті осында 

                                                    базарлы күн,

Мұң-қайғы жоқ көңілде шіркін бір күн!.

Сауат ашты әкесінен тіл сындырып 

                                                      алғашқыда,

Содан түсті Мамания медресесіне 

                                                      қуанышпен.

Оқуда озат, ойы ұшқыр, откеуделі ақын 

                                                               бала,

Суырылып топ ішінен Құлагердей шықты 

                                                                дара.

Бойдағы білім, болашақ пен бала арманы,

Жетеледі Ілиясты алыс қиыр сапарларға.

Аттанып Ташкентке, білім алды Мәскеудеде,

Шыңдалып әр жағынан толысты осы шақта.

Елге оралды білімменен сусындап 

                                                         қазыналы,

Қызмет етті әр салада көзін ашып халықтың.

Араласып Байтұрсынов, Сейфуллин  

                                                       ағалармен,

Ұлты үшін аянбады еңбек етті, терде төкті.

Алашқа аңду салған қилы бір заман келді,

Күншілдер қызылдарға жағынған 

                                                      оңды-солды.

Қазақтан жақсы шықса көре алмай жарға 

                                                              жыққан,

Ілияста ілікті қанды құрыққа құлагердей 

                                                             қапияда.

 

 

Аралап Торғай, Көкше, Қарқаралы, Семей 



                                                                 жерін,

Танысты зиялылар, ақын, жыршы, 

                                                    жыраулармен.

Әйгілі «Құлагер»-ді суреттеді артық-кемсіз,

Еркөкше, Ерейментау, Қоскөл, Төрткөл 

                                                        жағасында.

Құлагер ер мақтаған пырақ болса,

Ілияс ел мақтаған дүлдүл еді.

«Ат озса көре алмайтын қайран қазақ,

Ағайынның озғанын қайтіп көрсін!».

Көре алмаумен оққа ұшты құлагерім,

Жала менен жан қиды Ілиясым!

Жала жабу, көре алмау тиген жок 

                                                        еншімізге,

О ағайын! бірлік пенен тірлікті ту етейік!.

Қанша заман өтседе, қанша ғасыр,

Ұмытпайды ұрпағың мен мынау далаң.

Тыл жүйрігі даланың құлагерім,

Жыр дүлдүлдің жүйрігі Ілиясым!.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ержан СЕйтқазы,

арасан ауылдық әкімдігі аппаратының 

бас маман есепшісі.

ІлияС өмІрІ

Бекбосын СатыБалДиН.

Таусамалы ауылы.

екі  жаста  едім.  Мен  атқа  жүгіріп 

кеттім.  Басы  кішірек  торы  ат 

екен. Үлкен кісілер  аттарды ара-

лап  мынау жүгіретін ат  екен деп 

сынап жүрді. Сонда Ғали  Орма-

новта  болды.  Мұрат  Әуезовты 

көрдім  жас    жігіт  екен.  Мен 

көбіне    «Түймебастың»  қасында 

болдым.  Жалынан    ұстап  едім, 

ей  бала  кейін  тұр  деді.  Бұл  кісі 

кім  деп  едім.  Бір  жігіт  бұл  кісі 

«Түймебасты»  шабысқа    дай-

ындайтын  адам  деді.  Содан 

бәйге  басталып  кетті.  Менің  екі 

көзім  бәйгеде.  Шапқан  аттарға 

қараймын.  Біреуі  созылып  ша-

бады.  Біреуі  шоқырақтайды. 

«Түймебас»  бүктетіліп  жиыры-

лып  шабады екен. Бірінші айна-

лымда  алдында  жиырма шақты, 

екінші  айналымда  он  ат  келді. 

Соңғы  айналымда  «Түймебас»  

жалғыз жеке дара  бірінші келді. 

Ілиястың  90 жылдығы «Қоқтыда» 

болды.  Сонда  сол  тойда  Ілияс 

әкеміздің  баласы  Саятпен        та-

ныстым.  Ол  маған  естелік 

ретінде 


«Құлагер» 

кітаптың 

бетіне  Бекбосынға    Ілекеңнің 

тұңғышы  Саяттан естелік деп жа-

зып, қолын қойды. Кітап әлі күнге 

дейін үйде сақтаулы тұр. Тоқсан 

жылдық  деген төс белгіні кеудеме 

тақты,  бауырым  Бекбосын  Сізге 

әкемнің  тойынан  естелік  болсын 

деп, сол күні менен бақытты жан 

болған  жоқ  шығар,  оны  неме-

релер  тақты.  Ілияс  Жансүгіров  

ақындардың  ішіндегі ақыны деп 

білем,  басымды  ием.  Өлеңмен  

үлкен  поэма  жазған    «Құлагер», 

«Күй», «Күйші», «Дала». Бір ауыз 

өлеңмен дүниені түсіндіреді. Са-

марада  үйлену  тойда  бір  құда  

қай  елсіз  деді,  мен  Матаймыз 

дедім.  Менде  Матаймын,  оның 

ішінде    Тұнғатпын  деді.  Мен 

сенбедім.  Шығыс  Қазақстан 

одан  арғысын    білмеймін  деді 

құда    жігіт.  Самарда  23  үй  Ма-

тай тұрамыз деп қойды. Мен көп 

ойландым.  Совет  уақыты  ғой 

ру  көп  сұрамайтынбыз.  Есіме 

Ілекеңнің бір ауыз өлеңі түсті. 

Қобызшы Молықбай шал 

                               Матайдағы,

Матайда Кенже, Тұңғат, 

                               Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны 

                                             сол,

Жорға еді маймаңдаған 

                               бақайшағы. 

-  деген өлеңі. Мен таптым сені 

кім екеніңді, сен біздің Ақсудың 

адамысың. 

Көкжайдақтың 

Кенжесі  Сақайдың  Тұңғатысың. 

Бұл  жаққа  қалай  келгеніңді  ай-

тайынба.  Сенің  әкеңнің  әкесі 

біздің  Маман  деген  бай  адам 

болыпты. 

Аягөзде 


Қоянды 

жәрмеңкесі  өтеді  екен,  соған 

мал  айдап  барады.  Неше  тай 

тұяқты  алтынға  малды  сатады. 

Малшыны да бірге сыртынан са-

тып  жібереді  екен.  Түнде  үйіне 

қайтып  кетіпті,  84-  те  әкем  бар 

сол кісіге айтам деді. Ертеңінде 

қайтып келе жатсақ бір ақ жигу-

ли  келіп  алдымызға  көлденең 

тұра  қалды  ішінен  кешегі  құда 

түсті аға сіздің айтқаныңыз бәрі 

тура  екен.  Мал  алып  қалдық. 

Барлық  Матай  бізбен  жүріңіз 

деді.  Біз  жұмыстан  қаламыз 

дедім.


1  –  қыркүйек  күні  еліміздегі  барлық  мектептер,  білім  орда-

лары  да  білім  алушыларға  есіктерін  айқара  ашты.  Бұл  күні 

қария немересін жетелеп мектепке әкелсе, білім шаңырағының 

табалдырығын  бірінші  аттағалы  тұрған  бүлдіршіндердің  көңілі 

алып-ұшып,  мектепке  тез  жетсек  деген  тілегі  мен  жаздай  де-

малыста  болып,  ұстаздары  мен  аялы  білім  ұяларын  сағынған 

оқушылардың қуанышын қабыл қылған күн болды. 

Міне  осы  қадірлі  күнді    Алтынарық  ауылындағы  Қаракемер 

атындағы орта мектебі де ерекше ықыласпен қарсы алып, сал-

танатты  түрде  алғашқы  қоңырау  соғылды.  Ата  Заңымыздың 

19  жылдық  мерейтойымен  бірге  келген  бұл  күні  қолдарына  гүл 

шоқтары  мен  сөмкелерін  ұстаған  оқушылар  мен  ата-әже,  ата-

аналар қарасы көп болды.                

Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналды. Одан 

соң сөз алған аталмыш мектептің директоры Жазылбекова Айгүл 

Несіпбекқызы    жиылған  көпшілікті  даталы  күнімен  құттықтап, 

оқушыларының  және  ұстаздарының  жетістіктерін  мақтанышпен 

атап, Құрмет Грамоталарымен марапаттады.

Одан соң құттықтау сөз кезегі  аудандық білім бөлімінің әдіскері 

– 


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 0.57 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет