Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



жүктеу 480.76 Kb.

бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі480.76 Kb.
1   2   3   4

Аудандық білім бөлімі жанындағы 

орталықтандырылған есеп бөлімінің мүлікті 

қамту бөлімінің бөлім басшысы 

Әлиева Бақжан Нәзікбайқызына!

Сізді  58  жасқа  толған  туған  күніңізбен 

және  зейнеттік  демалысқа  шығуыңызбен  шын 

жүректен  құттықтай  отырып,  кіршіксіз  көңілден 

шыққан  ізгі  тілектерімізді  жолдаймыз.  Ұжымда 

сыйлы  әріптес,  отбасында  мейірман  ана  бола 

білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты 

күні  ғұмырыңыз  ұзағынан,  көрер  қуанышыңыз 

молынан  болсын,­деп  тілейміз.  Жүзіңіз  күн­

дей  күлімдеп,  жүрегіңіз  жаздай  жайнасын, 

жана рыңыздан  әрдайым  нұр  себелеп,  жаныңыз 

шаттыққа кенелсін демекпіз. 



Өмір Сізге жылы сөзін арнасын, 

Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын. 

Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан, 

Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын. 

Құттықтаушы №183 орта мектептің техникалық 

қызметкерлер ұжымы.

Қайырбекұлы көшесі, №43 үй тұрғыны 

Науашова Нақышқа! 

Рүстембеков көшесі, №22 үй тұрғыны 

Әлиева Бақжан Нәзікбайқызына!

Жуырда  аудандық  білім 

бө лі мінің 

ұйымдастыруымен 

Тұрма ғамбет 

ауы  лындағы 

№29 орта мек тепте  «Бас  тап қы 

әскери дайын дық пәнінің басқа 

пәндермен 

сабақтастығы, 

үйір ме  жұмыстарын  ұйым дас­

тыру  жә не  өткізу  жол дары» 

тақырыбында  аудандық  се­

минар­практикум болып өтті.

Семинар­практикумды  №29 

ор та  мектептің  директоры  За­

рипа  Та сы мова  ашып,  іс­ша­

раның  өткізілу  мақсатымен  та­

ныстырды. 

Содан  соң  сөз  алған  №29 

ор та мек   тептің бастапқы әскери 

дайындық  пәні  мұғалімі  Сағат 

Абауов мектепте бастапқы әске­

ри  дайындық  пәнінің  өткізілуі 

мен  үйірме жұмыстарын ұйым ­

дастыру  және  оны  өткізу  ту­

ралы хабарлама жасады.

Семинарда  аудандық  қор­

ғаныс  істер  жөніндегі  бөлім 

бастығы Нұрдәулет Бердібеков, 

аудандық 

білім 


бөлімінің 

әдіскері  Александр  Ким,  Ауған 

соғысының  ардагерлері  Асқар 

Ерманов,  Әбутәліп  Жалма ғам ­

бетовтер семинарда көтерілген 

мәсе лелер  жайын да  өздерінің 

пікірлерін айтып, ойларын зер­

делесе,  Алдашбай  ахун  және 

Тәйім бет  Көмекбаев  ауыл да ­

рындағы  №111  және  №185 

ор та  мектептердің  бастап қы 

әскери  дайын дық  пәні  мұ ға ­

лімдері  Ержан  Қиясов  пен 

Ақылбек  Жүсіповтер  сөз  сөй­

леп,  өздерінің  білім  бе ру 

мекемелерінде  өткізілетін  бас­

тапқы    әскери  дайын дық  пәні 

ту ралы сөз қозғады. 

Семинар­практикум  бары­

сында  онда  көтерілген  мәсе­

лелер  бойын ша  пі кір­таластар 

өткізіліп,  ұсы ныс­пі кірлер  зер­

деленді.

Раушан БЕКТАСОВА,

№29 орта мектеп.

АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛЫ

Жуырда  ауыл  кітапханашысы  Гүлшат  Бектібаеваның 

ұйымдастыруымен  Сәкен  Сейфуллиннің  120  жылдығына 

орай  «Сәкеннің  сымбат  жырлары»  тақырыбында  әдеби  кеш 

болып өтті.

Кеш барысында кітапханашы Г.Бектібаева «Сәкеннің сыр 

сандығы»  атты  кітап  көрмесімен  таныстырып,  жазушының 

өмір, еңбек жолына кеңінен тоқталып өтті. 

Сонымен қатар, кешке ауылдық округ әкімшілігі маманы 

Айжан  Қаймақбаева,  клуб  үйінің  меңгерушісі  Қарлығаш 

Нұртаева, мектеп мұғалімдері қатысып, тақырып төңірегінде 

ой­пікірлерін білдірді.

Сондай­ақ,  мектеп  оқушылары  А.Жарекеева,  Ж.Жақсы­

лықова,  Р.Ермахановалар  жазушы  туындыларын  мәнерлеп 

оқып берді.

ҚАРМАҚШЫ АУЫЛЫ

Жақында ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Тәуел­

сіздік  деп  соғады  жүрегіміз»  тақырыбында  мерекелік  кеш 

болып өтті.

Салтанатты кеште ауыл әкімі Ордабек Өткелбай сөз сөй­

леп ашып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап жылы ле­

бізін жеткізді.

Ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Мұхтар  Таңбай 

ауыл  халқына  жүрекжарды  аталық  ақжарма  тілегін  айтып, 

тәуелсіздік  еліміздің  баға  жетпес  құндылығы  екеніне  тоқта­

лып өтіп, батасын берді.

Кеш соңында ауыл өнерпаздары ән­жырдан шашу шашты. 



АҚТӨБЕ АУЫЛЫ

Жақында  №109  орта  мектепте  «Мамандық  таңдау­ 

маңызды  іс»  тақырыбында  9  «а»  сынып  оқушыларының 

тәр бие  сағаты  болып  өтті.  Слайдтар  арқылы  оқушылар  тү­

сініктеме  жұмыстарын  орындап,  түрлі  мамандық  сырларын 

анықтауға арналған  психологиялық ойын, тренинг, сауалнама 

түрлерін  жүргізді. Ата­аналар Қ.Наурызбаева, М.Саналиева, 

Г.Сүлеева, Р.Міржақыпова өз балаларының болашақ мамандық 

таңдауына осындай іс­шаралардың маңызы зор екенін айтып, 

пікірлерін ортаға салды. 

Кездесу қорытындысында оқушылар «Мамандық таңдау­

маңызды іс» бейнебаянын тамашалап, ой қорытты. Ата­аналар 

оқушылардың  талап­тілектерін  смайликтер  арқылы  бағалап 

тәрбие сағатының  әсерлі, мазмұнды  өткенін жеткізді.



«Қт» ақпарат.

АУЫЛ  ЖАҢАЛЫҚТ

АРЫ

БҮГІНГІ ЖАС – 

ЕРТЕҢГІ ОТАН ҚОРҒАУШЫ

Патриотизм - ұрпақ ұраны

Қазақстан  Республикасы  аза­

маттарының  тұрғылықты  мекен­

жайына  қарамастан  жеке  басын 

куә ландыратын  құжаты  болуы 

тиіс.  Жеке  басты  куәландыратын 

құжаттарға  жеке  бас  куәлігі  мен 

Қазақстан  Республикасының  аза­

матының төлқұжаты жатады. 

Қазақстан  Республикасы  аза­

ма тының  төлқұжаты  азамат тарға 

олар дың  жасына  қарамастан  өз 

қалаулары  бойынша  беріледі  және 

Қазақстан  Республикасының  ау ма­

ғынан  тыс  жерлерде  иесінің  жеке 

басын  куәландыратын  құ жат  бо­

лып  табылады.  Төлқұжат  10  жыл 

мерзімге  беріледі.  Төл құжаттың 

қолданылу  мерзімін  өкі летті  орган 

тағы бір жылға ұзарта алады. 

Қазақстан  Республикасы  аза­

ма  тының  жеке  куәлігі  азаматтарға 

16  жастан  бастап  беріледі  және 

республика  аумағында  жарамды. 

Қазақстан  Республикасы  аума­

ғында  ұдайы  тұратын  барлық  аза­

маттардың  жеке  бас  куәлігі  болуы 

тиіс.  Жеке  бас  куәлігі  10  жылға 

беріледі. 

Жеке  бас  куәлігін  алуға  уақы­

тылы  өтініш  бермеген  аза мат 

ең  алдымен  Қазақстан  Рес пуб­

ликасының  Әкімшілік  құқық  бұ­

зушылық  кодексінің  377  бабының 

1  бөлімінде  көрсетілгендей,  5 

АЕК  көлеміндегі  айыппұл  түрінде 

әкімшілік  жауапқа  тартылады. 

Әкім шілік  жазаға  ұшырағаннан 

кейінгі  бір  жыл  ішінде  қайта 

жасалған  осыған  ұқсас  құқық 

бұзушылық  10  АЕК  көлеміндегі 

айыппұлмен жазаланады. 

Халықты  құжаттандыру  жә не 

тір кеу  ережелерінің  5  тар мағына 

сәйкес  Қазақстан  Рес публикасы 

азаматының төл құжаты азаматтарға 

олардың  жа сына  қарамастан  өз 

қалаулары бойынша беріледі. Осы­

лайша,  пайдалану  мерзімі  асып 

кеткен  төлқұжатты  ауыстыру  ке­

рек пе, жоқ па – азамат өзі шешеді. 

Пайдалану  мерзімі  асып  кеткен 

төлқұжат  үшін  әкімшілік  заң  шы­

ғарушы  тарапынан  жауап кершілік 

қарастырылмаған. 

Халыққа 


қызмет 

көрсету 


орталығының  азаматтарды  құжат­

тан дыру  және  тіркеу  қызметі 

бойын ша атқаратын қызмет түрлері:

­  16  жасқа  толған  азаматтарды 

қабылдау;

­  Некеге  байланысты  тегін 

өзгерту;

­ Азаматтарды тіркеу; 

­ Ұлтын өзгерту бойынша;

­ Атын, әкесінің атын және тегін 

ауыстыру.

Қазақстан 

Республикасының 

аза маттығын  алған  жағдайда  жеке 

куәлік алу үшін мынадай құ жаттар 

талап етіледі:

16 жасқа келген жағдайда

1.  Туу  туралы  куәлік  түп­

нұсқасы;

2.  Мемлекеттік  баж  салығы  – 

370 теңге 40 тиын;

3.  Тұрақты  тіркеуді  растайтын 

мекен­жай анықтамасы;

4.  Жеке  сәйкестендіру  нөмірін 

тіркеу туралы куәлігі;

5.Ата­аналарының  бірінің  же ке 

куәлігі.

А.СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,

АІІБ-нің Көші-қон полиция 

тобының  инспекторы, полиция 

капитаны.                                                     

Көз жіберсек кешегі өткен жылға

Жан едің тұғыр болған ақыл шыңға. 

Шынымен де, жан әке, кеткенің бе?

Жарқын  бейнең  кетпейді  естен 

мүлде,­деп  ардақты  әкеміз  Үсентай 

баласы  Мусадан  айырылғанымызға 

да  жылға  жуықтапты.  Қимас  әкеміздің 

айтқан  ақылын  аңсап,  қамқор  құшағын 

сағы намыз.  Төрдегі  орнына  қарап 

көңі лі міз  құла зиды.  Әрқашан  мейірім 

шапаға тымен,  азамат тық  болмысымен 

дара ла натын,  жанұямыздың  бас шысы 

болған  аяулы  әке міз дің  рухына  арнап 

25  қаң тар  күні  сағат  11.00­де  “Сұлтан” 

мейрамханасында ас беретінімізді хабар­

лаймыз. 

Оған  барша  ағайын­туыс,  құда­

жек жат,  көрші­көлем,  сыйластарды 

шақырамыз. 



Еске алып, асқа шақырушы 

Үсентаевтар әулеті.

Кеше  ғана  арамызда  шалқып 

жүрген  бауырымыз  Байшылықов 

Ғалымжаннан көз жазып қаламыз деп 

кім  ойлаған.  Ғалымжан  бүгінде  тірі 

болғанда 16 қаңтарда 50­ге толған туған 

күнін тойлаушы едік. Алланың жазғаны 

осы болар!

Өткінші екен мына күндер 

                                               бәрі де,

Ажалға арсыз ілінер жас та, 

                                             кәрі де, 

Нұрға толы бейнең естен кетпейді

Қасымызда жүргендейсің әлі де.

Оның  жүргені,  тұрғаны,  күлгені  көз  алдымыздан  кетпейді. 

Қимас досымыздың орны біз үшін бөлек еді. Ендігі жерде оның 

көрмеген қызықтарын артында қалған ұрпақтары көрсін. Бірімізге 

аға,  бірімізге  іні  болған  асыл  досымыздың  жатқан  жері  жайлы, 

топырағы торқа болсын, деп құранға қол жаямыз. 



Туылған күнінде еске алушы жолдастары 

Ғалымжан, Болат-Кеніш, Жұмабай-Толқын, Қайрат-

Райхан, Жанұзақ-Мира.

50 ЖАСҚА ТОЛАР ЕДІ

АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

ЖЕКЕ КУӘЛІК ПЕН 

ПАСПОРТТЫ РӘСІМДЕУ 

КЕЗІНДЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ

Құрметті аудан тұрғындары: DALACINEMA PRODUCTION кино студиясының “Кем дүние” қысқаметражды 

көркем фильмін көруге шақырамыз. 

 

 



 

Өтетін орны: Мәдениет үйі. 

 

 

 

Уақыты 22 қаңтар, 2015 жыл. Сағат 11.00,16.00-де.

 

 

 

Бағасы 300 теңге.

Байланыс телефондары: 8­702­389­79­95, 8­702­525­05­03.



ХАБАРЛАНДЫРУ

Жуырда  аудандық  денешы­

нық тыру  және  сауықтыру  кеше­

нінде  2002­2003  жылдары  туыл ­

ған  жасөспірім  боз  кілем  ше­

берлері    арасында  ау дан дық  дене­

шынықтыру және спорт бөлімінің 

ұйымдастыруымен    сам бодан  

аудандық біріншілік болып өтті.

Жарысқа  10  салмақ  дәрежесі 

бойынша 50 жас палуан қатысты.

Тартысты  өткен  жарыс  қо­

ры  тын дысында  26  келі  сал­

мақ  дәрежесі  бойынша  өт кен 

белдесулерде  І  орын ды  А.Шәмші 

жеңіп  алса,  жүл делі  ІІ  және  ІІІ 

орындарды  Д.Са радинов,  А.На­

ғы метов  және  Д.Әбіл хайыр лар 

иеленді.

29  келі  салмақ  дәрежесі 

бойынша  өткен  белдесулер  қоры­

тындысымен  А.Әбілхайыр  жеңім­

паз  атанса,  ІІ  және  ІІІ  орындарды 

Е.Наурызбеков пен К.Әубәкіровтер 

өзара бөлісті.

Сондай­ақ,  32  келі  салмақ  дә­

ре же сінде  І  орынға  М.Кетебаев, 

ІІ  орынға  Б.Ұзақбаев,  ал  жүл­

де   лі  ІІІ  орынға  А.Яшков  пен 

Б.Ықы  ласовтар  көтерілсе,  35  ке­

лі  салмақта  Ш.Мұханғалиев,  ІІ 

орынды  Б.Ықы ласов,  ІІІ  орынды 

Р.Сартай  мен  Н.Қанибектер  ием­

денді.


Жарыс барысында 38 келі сал­

мақта белдесулер өткізген Д.Алтай 

барлық  қарсыластарынан  басым 

тү сіп  жеңімпаз  атанса,  қалған 

жүлделі  ІІ  және  ІІІ  орындарға 

А.Тұраш, А.Медешов және А.Тоқ­

шылықовтар көтерілді.

Сонымен қатар, 42 келідегі  па­

луандар арасында өткен тартысты 

белдесулер  қорытындысымен    І 

орынды  О.Аяшов,  ІІ  орынды 

Б.Жұ малиев, ал ІІІ орынды Р.Әбді­

қадіров  пен  И.Қанибектер  жеңіп 

алды.


Келесі кезекте 46 келі сал мақта 

өткізілген  белдесулерде  Ж.Ер қо­

ж аұлы  жарыс  жеңімпазы  атанса,  

Р.Жал ғасов    ІІ  орынды,  Н.Бо­

лат   хан ұлы  мен  Н.Зұлхарнаев  ІІІ 

орынды ием денді. 

Ал,  50  келіде  І  орынды 

А.Мұхамбетқалиев, 

С.Ниязбер­

ге нов  ІІ  орынды,  М.Әлтаев  ІІІ 

орынды  иеленсе,    55  келіден 

жоғары  салмақ  дәрежесінде  Е.Па­

на бек  жеңімпаз  атанып,  қалған 

жүлделі  ІІ  және  ІІІ  орындарға 

Қ.Байсеріков,  М.Болатбек  пен 

М.Тиянақовтар  орналасты.

Барлық 

жеңімпаздар 



мен 

жүл   дегерлер  аудандық  денешы­

нық тыру  және  спорт  бөлімінің 

дипломдарымен марапатталды.



Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

САМБОДАН  

АУДАНДЫҚ  БІРІНШІЛІК

15 қаңтар күні 52 жасқа қараған шағында №121 орта мектептің бастауыш 

сынып  мұғалімі,  әріптесіміз  Сармолдина  Орынша  Рахманбердіқызы 

дүниеден озды. Орынша Сармолдина 1963 жылдың қараша айының 4­і күні 

Жосалы кентінде дүниеге келген. 

Ол  1979  жылы  жалпы  білім  беретін  мектептің  сегізінші  сыныбын 

үздік  бітірді.  1979­1983  жылдар  аралығында  М.Мәметова  атындағы 

Қызылорда педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, “Жалпы бі лім беретін 

мектептің бастауыш кластарында оқыту” мамандығы бойынша білім алып 

шыққан.  Сонымен  қатар,  Мемлекеттік  квалификациялық  комиссияның 

шешімі  бойынша  “Бастауыш  класс  мұғалімі,  аға  пионер  вожатыйы” 

квалификациясын алды. 

1985­1986 жылдары Қызылорда облыстық филармониясында жеке орындаушы, 1986­1988 жылдары 

аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, 1989­1990 жылдары ДМЗ №1 балабақшасында тәрбие­

ші,  1990 жылдан бастап №121 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызметтер атқарған. 

Елеулі  еңбектері  үшін  салалық  мадақтамаларға  ие  болды.  Орынша  Рахманбердіқызы  отбасында 

ардақты ана, ағайынға қадірлі, ұжымға сыйлы әріптес, үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білді. Ардақты 

әріптесіміздің балалары мен туған­туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Оның жарқын 

бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 

№121 орта мектеп ұжымы.

САРМОЛДИНА ОРЫНША 

РАХМАНБЕРДІҚЫЗЫ

Сегізов  тұйығы,  №14  мекен­жайдағы  0,1  гектар  жер 

сатылады. Бағасы 350000 теңге. Хабарласу телефондары: 

8­701­142­79­22, 8­777­454­99­98. 

Қызыл қасқа сиыр жоғалды. Маңдайы ақ. Бір мүйізі жоқ. 

Бір  құлағында  №00164306  санды  сырғасы  бар.  Орташа 

бойлы. Тауып алған кісіге қомақты сүйіншім бар. 

Мекен­жайымыз:  Иманәлі  көшесі,  №14  үй.  Хабарласу 

телефондары: 2­11­55, 8­771­819­40­58.

СҮЙІНШІМ БАР

СҮЙІНШІМ БАР

Қалжанов  Нұрланның  қоңыр  түсті  әмияны  жоғалды. 

Ішінде же ке куәлігі,  жүргізуші куәлігі, бан комат карточ­

касы  бар.  Тауып  ал ған  кісіге  қомақты  сүйіншісі  бар. 

Хабарласу телефондары: 26­5­18, 2­30­64, 8­771­524­00­80.

ЖЕР САТЫЛАДЫ

Кент  орталығында  жұмыс  істеп  тұрған  “Елес” 

кафесі  сатылады.  Бағасы  келісім  бойынша.  Хабарласу 

телефондары: 8­777­494­17­68, 8­701­490­62­01.



“ЕЛЕС” КАФЕСІ САТЫЛАДЫ

“Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі аудан көлемінде қасқыр­шибөрі көбейіп кетуіне байланысты 2015 жылғы облыстық бюджеттен қасқыр­

шибөрінің санын шектеу мақсатында сыйақы бөлінген. 1 бас қасқырға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш, 1 бас 

шибөріге  5  (бес)  айлық  есептік  көрсеткіш  көлемінде  белгіленген.  Қазіргі  таңда  Мемлекеттік  сатып  алулар  веб 

порталына хабарландыру беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жеңімпаз анықталып нақтыланғаннан кейін қосымша 

хабарланады.

Осы мәселеге байланысты туындаған сұрақтар болса 2­19­62 телефонына немесе Тоқтаров көшесі, №23 үйде 

орналасқан “Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” коммуналдық 

мемлекеттік мекемесіне хабарласуларыңызға болады.



“Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 

                                                                       мемлекеттік мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Құқықтық  ақпарат

СЕН АМАН БОЛ БОЛАШАҚ



Он жыл өтер... арада жүз 

                                         жыл өтер...

Кімдерді өмір сол кезде үздік етер?!

Өлең деген-өнердің Хантәңірісі,

Салған жоқпыз біз-дағы ізді бекер.

Жүрегіне халқымның берер көрік,

Маржандарды өнермен бедерледік.

Біз жазатын тек қана сөз болмаса

Келмес пе едік, өмірге 

                                    келер ме едік?!

Сырлар айтты көктемде құстар 

                                                     келіп,

Құс та адамдай биікке құштар 

                                                  дедік.

Біз айтатын тек қана 

                                      ой болмаса

Ұстамас па ек, қаламды 

                                ұстар ма едік?!

Жүрсек-дағы тағдырға шідерленіп,

Есемізді ешкімге жібермедік.

Біз көретін тек қана көрешексіз

Сүрмес пе едік, біз өмір 

                                      сүрер ме едік?!

Кім біліпті жазуды маңдайдағы,

Өмір балдай ериді таңдайдағы.

Қабырғаға қарасам-ұлыларға

Көз алдыма келеді қай-қайдағы...

Қалыңдайды қабағым кілт 

                                             құбылып,

Үйірілген көкжалдай бұлтты

                                                 бүріп.

-Көрерміз,-деп көшеге 

                                          атып шығам,

Шыға бере үйімнен шырт түкіріп...

Он жыл өтер... арада жүз 

                                        жыл өтер...

Кімдерді өмір сол кезде үздік етер?!

Өлең деген-өнердің Хантәңірісі,

Салған жоқпыз біз-дағы ізді бекер...

Тер де құрбан, жолыңа 

                                    қан да құрбан,

Сәлем хатым күн болсын таңды 

                                                атырған.

Қара өлеңді көтерген төбесіне

Сен аман бол болашақ - 

                                     Мәңгі Оқырман! 

А.ҮСЕНОВ.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал