Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



жүктеу 480.76 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі480.76 Kb.
  1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

№4

(9357)

Сенбі

17 қаңтар

2015 жыл

ПРЕЗИДЕНТ

ҮКІМЕТ

ҚЫЗЫЛОРДА. 

ҚазАқпарат 

Елбасы  қол дауы мен  жүзеге  асы-



рылған  «Жезқазған-Бейнеу»  темір жол 

магистралі бүгінде сайын даладағы елді мекендерге жан бітірді.

Шойын жолдың 272 шақырымы Қызылорда облысына тиесілі. Осы аралықта 3 

станса және 10 бекет салу жоспарланған. Қазіргі таңда стансалар мен бекеттерде 

электр желілері, өндірістік және техникалық ғимараттар және әлеуметтік нысандар 

салынуда. Жаңа стан салардың бірі Арал ауданындағы Абай ауылында орналасатын 

болады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Екі  жарым  мыңға  жуық  тұрғыны  бар  елді  мекеннің  негізгі  кәсібі  -  мал 

шаруашылығы.  Жаңа  магистраль  салынғалы  бері  мұнда  инфрақұрылымдық 

жұмыстар жүргізіліп, бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Шеткейдегі ауыл 

жұртшылығы алдағы күндерге сеніммен қарап, жарқын болашағын мүмкіндігі мол 

болат жолмен байланыстыруда.

«Қазақстан  теміржолы»  ұлттық  компаниясының  қаржысы  есебінен  станса 

аумағынан теміржолшыларға арналып 2 пәтерлік 20 үй салу көзделуде. Яғни, 40 

отбасы баспаналы болады. Бүгінде алғашқы үйдің құрылысы аяқталды. Темір жол 

бойындағы  станса  құрылысында  40  адам  тұрақты  жұмыс  жасауда.  Соның  25-і  - 

Абай  ауылының  тұрғындары.  Жалпы,  станса  толық  іске  қосылғанда  мұнда  200 

адамға  дейін  еңбек  ететін  болады.  Ал  шойын  жолдың  бойында  салынуға  тиісті 

барлық стансалардың құрылыстары келер жылы толық аяқталады.

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ АРНАЙЫ 

БАҒДАРЛАМАЛАР ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

АСТАНА.  ҚазАқпарат  -  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  «Самұрық-

Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ  басқармасының 

төр ағасы  Өмірзақ  Шөкеевті  қабыл-

дады,  деп  хабарлады  Ақорданың 

баспасөз қызметі.

Ө.Шөкеев Қордың қазіргі қызметі 

мен  негізгі  бағдарламаларды  жүзеге 

асыру  барысы,  сондай-ақ  алдағы 

кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы қазіргі эконо мика лық жағдайда Қордың тиімді әрі орнықты 

жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.

-  Еліміздің  экспорттық  тауарларына  баға  төмендеген  кезеңде  жұмыс 

орындарының  сақталуын  қамтамасыз  еткен  жөн.  Осы  орайда  жоспарланған 

жекешелендіру,  активтерді  қайта  құрылымдау  бағдарламаларын,  шығыстарды 

қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды 

жалғастыру  маңызды болып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан  Президенті  Қордың  2015  жылға  арналған  жұмыс  жоспарын  қайта 

қарауды, сондай-ақ дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.

Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен 

бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.

- Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және 

әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаларды 

18 пайызға төмендетуді жоспарладық, - деді басқарма төрағасы.

Мемлекет  басшысы  кездесу  қорытындысы  бойынша  бірқатар  нақты 

тапсырмалар берді. 

КОМИССИЯ  ОТЫРЫСЫ

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Үкіметте 

ҚР  Премьер-Минис трі нің  бірінші 

орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың 

төр ағалығымен кәсіпкерлік қызметті 

реттеу мәселелері бойынша ведомст-

во аралық 

комиссияның 

17-ші 

отырысы болды.



Бұл 

туралы 


ҚР 

Премьер-


Министрі нің 

баспасөз 

қызметі 

хабарлады.

Комиссия  мақта  саласын  дамыту  мәселелерін  қарады.  Атап  айтқанда,  мақта 

өңдейтін ұйымдардың басқа қызметті жүзеге асыруына тыйым алынып тасталды. 

Бұл  шектеу  «Мақта  саласын  дамыту  туралы»  ҚР  Заңымен  регламенттелген 

болатын.


Ведомствоаралық  комиссия  отырысының  қорытындысымен  Б.Сағынтаев 

қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. 



СТАНCАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 

ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АЙМАҚ

Күн санап  Жеңістің 70 жылдық мерекесі жақындап 

келеді.  Бұл  күн  қаншалықты  жақындаған  сайын 

әрбір  отбасына,  азаматтарға  сол  кездердегі  сұрапыл 

соғыс  зар дап тарының  еріксіз  есіне  түсетіні  анық. 

Республикамыздың  қайсы  бір  аймағын  алмаңыз 

сол  соғысқа  от басы  мүшелерінен  бір  адам  болса  да 

аттандырмаған  шаңырақ  кемде-кем  болар.  Олардың 

қатарынан қан шалаған азаматтар сол соғыстан отба сына 

қайтып оралмады десеңізші. 

Аудандық  қорғаныс  істері  жөнін  дегі  бөлімнің 

мәліметтеріне  зер  салсақ,  Қармақшы  ауданынан  бес 

мыңға  тарта  азаматтар  соғысқа  аттанған  екен.  Әрине, 

ол кездері Жалағаш ауданы біздің ауданның қамтуында 

болған көрінеді. Солар дың қатарынан небәрі бір мың жеті 

жүз шамасындағы ғана аза маттар елге аман сау оралды 

де ген  мәліметтер  бар.  Олай  болса  ерлікпен  майданда 

қаза  тауып,  бүгінгі  ұрпақты  бейбіт  заманға  жеткізген 

қаһарман майдангерлерді ел болып, олардың ұрпақтары, 

білетіндері  болып  бір  жағынан  өкіне  еске  алса,  екінші 

жағынан  олардың  қайталанбас  ерліктеріне,  ұмытылмас 

рухтарына тағзым етеді. Бейбіт өмірді орнатудағы ерен 

батырлықтары мен жауынгерлік ерліктерін халық мақтан 

тұтады. Есімін әр кез қастерлейді. 

Уақыт  өте  келе  көптеген  жағ даяттардың  өмірден 

ұмыт  бола  тү сетіні  анық.  Ол  өмірдің  заңы.  Табиғи 

құбылыс.  Дегенмен,    ортақ  Отанды  қорғауға,  ұрпақ 

болашағы  үшін  туған  жерін,  отбасын,  көпшілігі  жары 

мен  ұрпағын,  бауырларын  тастап  соғысқа  аттануының 

өзі  үлкен    ержүректіктің  белгісі.  Ол  со  лай  бағаланып 

келген, алдағы уақыттары да осылайша бағалана бермек. 

Бұлар  мыңдаған жылдар, талай ғасырлар бойы найзаның 

ұшы мен,  білектің  күшімен  жалпақ  жеріміз  бен  бұқара 

халқымызды  сырт  жаудан  қорғаған  батырлардың  сол 

кездердегі ұрпақтары еді. 

Сондықтан да қасиетті халық олардың рухына әркез 

тағзым ете отырып, есімін ел есінде мәңгі сақтау жолында 

қызмет  етуде.      Ондай  жұмыс  түрлері  баршылық.  Ол 

жөнінде  оқыр мандар  алдағы  уақыттары  хабардар  бола 

түсер.  Бұл  шағын  мақалада  қаһарман  майдангерлердің 

есімдерін  көпші лік  бо лып  одан  әрі  ел  есінде  сақ тау 

жөнін дегі таяу уақыттары ат қа рылатын бірер жедел жұ-

мыс  түр лерінің  біріне  аудан  тұрғын дарының  назарын 

аударуды мақсат еттім.  

Аудандық  ардагерлер  кеңесі  өткен  жылдың 

аяғында  аудан  әкі міне  Жеңістің  70  жылдығы  қар-

саңында  майдангерлердің  есім дері  қамтылған  кітап 

шығару жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Қай кез де де 

ардагерлер тарапынан тү сіп жа татын ұсыныс-пікірлерге 

сер гек   тікпен қарайтын аудан әкімі Н.Шамұратов аталған 

жұмыс тың аса маңыздылығына мән берді. Қолдады. Сол 

арқылы  оның  қар жы сын,  басқа  да  ұйымдастыру  жұ-

мыстарын  шешуге  сергектік  танытуы  нәтижесінде  бұл 

күндері  жұмыстар жүргізіп келеді.

Әрине, майдангерлер жөнінде олардың өмір деректері 

жазылған  мұндай  жұмыс  түрлерінің  бүгінге  дейін  де 

болғандығы  жөнінде  тұрғындар  хабардар.    Мәселен, 

сонау  1960  жылдары  «Майдангерлер  мақтанышымыз» 

атты  аз  таралым мен  шықса  да  майдангерлер  жөнінде 

алғашқы  жинақ  өмірге  келген.  1980  жылдардың  аяқ 

жағында  ауданда  «Зерде»  деген  атаумен  майдангерлар 

туралы кітап шығарылды. Ол кітаптың шығарылуына ел 

басқарып  жүрген  азаматтар,  ардагерлердің  өздері,  көп-

теген ынта білдірушілер үлес қосты. Сол кездегі аудандық 

партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  Ә.Әлібековтің 

кітаптың  шығуына  үлкен  қамқорлық  жасағанын  ай-

тып  өткенім  абзал.  Оның  тікелей  басшылығымен  осы 

жұмыстарды  ат қа ратын  адамдардың  ауыл-ауыл ды  қо на 

жатып  аралауына,  ел  ішін дегі  май дангерлер  жөніндегі 

мәліметтерді жи нақтауы үшін жү ріп тұруға арнайы көлік 

бөлгізіп  қойды.  Жинақталған  мәліметтерді  қорытып, 

баспаға  әзірлейтін  арнайы  қызметкер  ұстады.  Оның 

еңбек ақысын шешті. Жұмыс жасауға аудандық партия 

комитетінің  ғи ма   раты  ішінен  арнайы  каби нет  бөлді. 

Қысқасы, кітапты шы ға руға өз тарапынан қажетті қам-

қорлықтардың бәрін жасады.

Бұл орайда Ұлы Отан соғы сының ардагері, аудандық 

білім  бөлімі нің  білікті  ардагері  марқұм  Сахи  Кіше нов 

ағамыздың  еңбегінің  ерекше  бол ған дығын  айтуымыз 

ке рек.  Сахи  Кішенов  ағамызға  ауыл дардағы,  кент 

орталығындағы май  данға аттанған, одан қайтыс болған, 

хабарсыз  кеткен,  болмаса  аман  оралған  майдангерлер 

жөнін де гі  мәліметтерді  жинастыру  оңай ға  түскен  жоқ. 

Барлық  ауыл дарды  жоғарыда  айтқандай  қона-жата 

аралады.  Көз  майын  тауыса  қолға  түскен  мәліметтерді 

іріктеді.  Нәтижесінде  ол  кітап  сәтті  шықты.  Оның 

сәтті  шығуына  С.Кішенов  аға мыздың  тек  өзіне  ғана 

тән  те геу рінді  жұмысы  мүмкіндік  жа сады.  Осылайша 

«Зерде» кітабы өмірге келді. «Зерде» кітабы бұл күндері 

барлық  кітапханаларда,  май данда  болғандардың, 

олардың ұрпақтарының үйлерінде құнды еңбек ретінде 

пайдаланылуда.

Аталған  кітаптан  кейін  негізінен  аудандық 

газет  қызметкерлерінің  күшімен  «Отан  үшін  от 

кешкендер»  атты  жинақ  шықты.  Оған  негізінен 

шыққан  майдангерлердің  суреттері  және  соғыс 

майдандағы  жүріп  өткен  ерлік  жолдары,  түрлі  деңгей-

дегі мемлекеттік наградалары қам тылды. Аталған кітап 

бүгінгі  күнге  дейінгі  жастармен,  бұқарамен  Ұлы  Отан 

соғысының ардагерлері туралы жүргізіліп келген тәрбие 

жұмыстарының негізгі өзегіне айналған шығарма болды. 

Одан  кейінгі  кезеңдерде  облыста  «Боз

  

дақтар» 


кітабы  шығарылды.  «Боз  дақ тар»  кітабының  3  то мы-

на  халықаралық  Журналистер  Ода ғы  сыйлығының 

лауреаты,  Қа зақ с тан  Жур налистер  Одағының  мү ше сі, 

об лыс тық «Зерде» естелік кітабы ның редакторы Мырқы 

Исаев  тің  ұйым дас тыруымен  Қар  мақшы  ауданынан 

соғысқа  аттанып,  одан  хабарсыз  кеткен  азаматтардың 

ті зімдері  мен  өмірбаян  деректері  енгі зіл ді.  Қорыта 

келгенде,  Ұлы  Отан  со ғысы  ардагерлерінің  есім де рі 

түрлі уақыт та шыққан кітаптар арқылы да ұр пақтарының 

сертіне  сәйкес  әр  кез  ел  есінде  сақталуда.  Атал ған 

«Боздақтар» кітабының 3 томының шығуына сол кез дегі 

аудан әкімі Ж.Бодықбаевтың қам қор  лық жасағандығын 

атап өткеніміз орын ды.

Дегенмен, осы шыққан кітап тарға талдау жасағанда 

барлық ар дагерлер жөніндегі мәліметтерді бір кітаптың 

ішінен  таба  алмайсыз.  Ен дігі  мақсат  жоғарыда 

айтылып  өткендей,  Жеңістің  70  жылдығы  қар саңында 

майдангерлердің  есім дері  ендірілген  жаңадан  кітап 

шы  ғару.  Ол  кітаптың  бұрынғы  кі тап тардан  өзгешелігі 

неде  дейтін  болсақ,  бұрынғы  кітаптарда  май дан герлер 

толық қамтылмады. Бірінде майданға аттанғандар жар-

тылай  қам тылса,  бірінде  бейбіт  заманда  жұмыс  жасап 

жатқан май дангерлер қамтылмады. Май даннан аман ке-

ліп бейбіт еңбек пен айналысып, зей нетке шығып барып 

өмірден  өткен  майдангерлер  жөніндегі  мәліметтер  өте 

жұ таң.  Әсіресе,  соғыстан  кейінгі  жыл дар да  өмірден 

өткен майдан герлердің есімдері ұмыт бола бастаған. 

Осы жағдаяттарды ескере ке ле біріншіден ауданнан 

соғысқа  ат танған  барлық  майдангерлердің  есімдерін 

бір кітаптың ішінде қам туды мақсат еттік. Ол жөніндегі 

алғашқы  мәліметтер  аудандық  «Қар мақшы  таңы» 

газетінде жариялана бастады.Одан әрі соғыс майданында 

қаза  тапқандар  мен  хабарсыз  кет кен  майдангерлердің 

есімдері жи нақталмақ. Соңында соғыстан аман-есен елге 

оралғаннан  кейін  өмір ден  өткен  майдангерлердің  есім-

дерін  қамту.  Сол  арқылы  бар лық  аудан  майдангерлері 

туралы білген мағлұматтар мен өмірбаян де ректерді бір 

кітаптың ішіне ендіру.  

Әрине,  осындай  үлкен  көлемдегі  мәліметтерді 

жинақтауға  ең  алдымен  ауыл,  кент  әкімдіктерінің  

басты  назар  аударуын  қалаймыз.  Одан  бері  аудан 

тұрғындарының,  ауданнан  тыс  жерде  тұрып  жатқан 

азаматтардың көмегі керек. Осы мақаланың жазы луының 

басты  мақсаты  да  осы.  Жол данатын  мәліметтерде 

өмірбаян деректері, сурет тері, ұрпақтары жайлы, басқа 

да  мәліметтері  болса  толық  жолдауларына  болады. 

Мәліметтер аз болған күннің өзінде туған не месе қайтыс 

болған жылдары мен аты-жөнінің өзі үлкен мәлімет бо-

лар  еді.  Ең  бастысы  майдангердің  есімі  ұмыт  болмай, 

осы  Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында  шығарылғалы 

тұрған  кітапқа  енгені  мақұл.  Атал ған  санаттағы  қайсы 

бір  арда гер дің  болмасын  мәліметтерін  ау дан дық  ішкі 

саясат  бөліміне,  ауыл  әкімдіктері  мен  Жосалы  және 

Төре там  кенттері  әкімдіктеріне  наурыз  айының  біріне 

дейін жолдауларын сұрар едік.

Мекен-жайымыз: Жосалы кен ті, Қорқыт ата көшесі, 

№1 үй. Аудан дық ішкі саясат бөлімі, те ле фоны: 2-31-09, 

2-28-33 және Жо салы кенті әкімдігі. Телефоны: 2-18-49. 

Жауапты  жинастырушы  аппараттың  қызметкері  Сәден 

Берік.  Төретам  кенті,  Жанқожа  батыр  кө шесі,  №21  үй, 

телефоны: 2-42-06. Жауапты жинастырушы аппараттың 

қызметкерлері Шәкеева Дина, Әбдіреев Рахым.  



Тұрсынбек БЕКПАНОВ,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

МАЙДАНГЕРЛЕР 

МӘҢГІ ЕЛ ЕСІНДЕ     

2015 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТ АППАРАТ БАСШЫСЫНЫҢ 

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

Мемлекеттік 

органның 

атауы


Азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

адамның тегі, 

аты-жөні

Азаматтарды 

қабылдауды 

жүргізетін 

адамның 

лауазымы


Азаматтарды 

қабылдау күні 

мен уақыты

Мемлекеттік 

органның 

орналасқан 

жері

Байланыс 



телефоны

Аудандық 

мәслихат

Марат Наятұлы

Аудандық 

мәслихат 

хатшысы

Сейсенбі, 



жұма күндері 

сағат 17.00-

19.00

Қорқыт ата 



№1

2-11-33


Жүсіпалиев 

Бақтыбай 

Аязбекұлы

Аудандық 

мәслихат 

аппаратының 

басшысы

Сәрсенбі күні 



сағат 17.00-

19.00


Қорқыт ата 

№1 үй


2-27-63

Сенім телефоны 2-27-63



Есепті  кездесулер

Өткен  сәрсенбі  күні  Т.Көмекбаев, 

Қуаңдария,  Алдашбай  ахун,    бейсенбі 

күні  Тұрмағамбет,  Ақжар,  Ақтөбе  

ауылдық округтерінде есепті кездесулер 

болып  өтті.  Кездесулерді  аудан  әкімі 

Н.Шамұратов ашып, жүргізіп отырды.

Есепті кездесулерде ауылдық округ 

әкімдері  С.Жолмаханов,  А.Дәндес ов, 

М.Шоқ баров,  Н.Тоғызбаев,  Қ.Мүсір-

кеге нов,  С.Есқалиева  және  аудан  әкімі 

Н.Ш.Шамұратов  халық  алдында  өткен 

жылы  атқарылған  жұмыстар  туралы 

есеп  берді.  (Есепті  баяндамалар 

газетіміздің 

өткен 


нөмірлерінде 

жарияланды).

Т.Көмекбаев  ауылдық  округінде 

өткен  есеп  беру  жиналысында  еңбек 

ардагері    Сайлау  Жанбаев  авто көлік-

тердің  жолда  жүру  қауіпсіз дігі  туралы 

Заңға  жақында  енгізілген  өзгерістер, 

ауыл  тұрғыны  Жанұзақ  Шамшатов 

ауылда  қазіргі  заман  талаптарына 

сәйкес  мал  шаруашылығын  өркендету, 

оларды  жем-шөппен  қамтама сыз  ету, 

ауыз  су  жеткізілмеген  үйлерге  ауыз  су 

желісін жеткізу, аяқ су арқылы үйіргелік 

жерлерге  бақша,  көкөніс  дақыл дарын 

егу, газ баллондарының сапасы туралы 

мәселелерді көтерді.

Ауыл 

тұрғыны 


Жақсылық 

Нұрғалиев  Қуаңдария  арнасы  арқылы 

шабындық  жерлерді  суландыру,  су  өзі 

баратын  жер лерге  су  жеткізу,  ол  үшін 

шамалы  ғана  жер  қазу  жұмыстарын 

атқару,  Үміткәрім  Досымов  “Алтын 

асық”  бағдарламасына  байланысты 

тұрғындар  арасында  кеңірек  түсіндіру, 

Сапар  Әбішев  “Қоңыраулыда”  бақша 

егу  мәселелері  жайлы  өз  ұсыныс-

пікірлерін білдірді.

Қуаңдария ауылдық округінде өткен 

жиналыста  Жасұлан  Ақышбаев  8  мың 

гектар  үстінде  жері  бар  екенін  айтып, 

шаруа  қожалығы  жұмысын  жақсы 

өркендету үшін қандай көмек болатыны 

туралы сұрағын қойды.

Алдашбай  ахун  ауылдық  округінде 

өткен жиналыста ауыл тұрғыны Ағайша 

Нұрғалиева  ауыл  клубы  ғимаратының  

кезінде  асар  әдісімен  салынғанын, 

содан  бері  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілмегенін,  бұл  түрлі  мәдени-

көпшілік  жұмыстарын  өз  деңгейінде 

өткізуге  кедергі  келтіретінін  айтып, 

жиналыста  балабақша  ғимаратының 

ескі  екені,  қабырғаларының  жарылып 

тұрғаны,  негізінен  бақша  дақылдарын 

егіп,  оны  сатумен  айналысатын  ауыл 

тұрғындары  үшін  Жосалы  кенті 

базарында  арнаулы  орын  болса  деген 

мәселелерді көтерді.

Аудан  әкімі  Н.Шамұратов  өзінің 

есепті  баяндамасында  Қуаңдария, 

Алдашбай  ахун  ауылдық  округтеріне 

биылғы  жылы  80  миллионнан  теңге 

бөлінетіні, бұл қаржылар осы аталған екі 

ауылды  абаттандыруға  жұмсалатыны, 

сонымен  қатар,  жаңадан  мешіттер  са-

лы натыны туралы айтып, ауыл тұр ғын-

дарының  көңілін  бір  көтеріп  тас тады. 

Бұл  қомақты  қаржыларға  ауыл  кел-

бетін  қазіргі  заманауи  талаптарға  сәй-

кестендіруге  байланысты  бірқатар  игі 

жұмыстарды атқаруға болатыны сөзсіз.

“Алдашбай  ахун”  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігі  басшысы  Ерлан 

Қиясов  жаңадан  соқа  алғанын,  таяу 

күндерде  екі  жаңа  трактор  келетінін, 

күзге  қарай  комбайн  жеткізілетінін, 

сөйтіп  ауылда  бірқатар  жұмыстарды 

атқаруға болатынын айтты. Бұл да ауыл 

тұрғындары  үшін  жағымды  жаңалық 

болды.


Тұрмағамбет  ауылдық  округінде 

өткен  есеп  беру  кездесуінде  ауыл  тұр-

ғыны Аманкүл Толыбекова баласын жұ-

мысқа  орналастыру,  ауыл  ақсақалдары 

Зада  Мәдіров  мектепті  автокөлікпен 

қам тамасыз  ету,  Жаңбырбай  Дәуітов 

үйіргелік  жерлерге  бақша,  көкөніс 

дақыл дарын  егу  үшін  аяқ  су  жеткізуді 

үнемі  басты  назарда  ұстау,  Ләззат 

Байқадамова көшелерді жарықтандыру, 

электр  желі лерін  жаңарту  туралы  сөз 

қозғады.  Бұл  бүгінгі  таңда  барлық 

ауылдар  орта лық тары  үшін  ең  өзекті 

мәселе болып отыр.

Кездесулерде  учаскелік  полиция 

инспекторлары  Ғ.Жүнісов,  Б.Леденев, 

М.Жылқыбаев, Қ.Жұбандықов, О.Есжа-

нов тұрғындар алдында есеп берді.

Есеп беру кездесулерінде қойылған 

сұрақтарға тиісті сала мамандары жан-

жақты жауаптар қайтарды.

Есеп  беру  кездесулеріне  облыстық 

тұтынушылар  құқықтарын  қорғау 

департаментінің  басшысы  Р.Нұртаев 

қатысып, сөз сөйледі.

Кездесулерге  аудандық  мәслихат 

хатшысы  М.Наятұлы,  облыстық  дін 

істері  жөніндегі  басқарма  басшысы 

Н.Жәлиев,  “Болашақ”  университетінің 

ректоры Ғ.Кәленов қатысты.



А.БЕК.

ХАЛЫҚТЫҢ СӨЗІ — 

АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ


ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

17 қаңтар, 2015 жыл

24 желтоқсан  2014 жыл     

                                                                                             

№225

«Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексі»  Қазақстан 

Республикасының  2008  жылғы  4  желтоқсандағы  кодексіне,  «Қа­

зақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және 

өзін­өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23 қаңтардағы Заңының   6­бабының 1­тармағының 1) тармақшасына 

сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2015­2017 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 

2 және    3­қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай 

көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 643 018 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 152 801 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4 727 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 478 990  мың теңге;

2) шығындар – 5 628 744 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – ­ 37 701мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 37 701 мың теңге;

4)  қаржы  активтерімен  операциялар  бойынша  сальдо  –  14  274 

мың теңге;

 қаржы активтерін сатып алу – 14 274 мың теңге; 

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 37 701 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)   

– ­37 701 мың теңге.

2. 2015 жылғы аудан бюджетінің кірістерінің құрамында ауданға 

бөлу нормативі жеке табыс салығы 100 пайыз, әлеуметтік салық 90 

пайыз болып белгіленгені ескерілсін.

3. 2015 жылға аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі – 4 

068 684 мың теңге болып белгіленсін.

4. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 

төмендегі  көлемде  ағымдағы  нысаналы  трансферттер  қаралғаны 

ескерілсін:

1) білім беруге – 67 096 мың теңге, оның ішінде жаңадан іске қо­

сыл ған  білім объектілерін ұстауға – 37 187 мың теңге, пси хо логиялық­

медициналық­педагогикалық консультациялық кабинет терін ұстауға 

– 7 015 мың теңге,  патронаттық тәрбиелеу шығындарына – 2 510 мың 

тең ге, жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың саны көбеюіне 

бай ланысты класс­комплектерін ұлғайтуға – 8 482 мың теңге, оқу­

лық тар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге – 11 902 

мың теңге;  

2)  Ұлы  Отан  соғысының  қатысушылары  мен  мүгедектеріне, 

Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің  екінші  рет 

некеге  тұрмаған  жесірлеріне,  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде 

фашистердің  құрған  концлагерлердің  жасы  кәмелетке  толмаған 

бұрынғы  тұтқындарына,  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  тылдағы 

жанқиярлық  еңбегі  мен  мінсіз  әскери  қызметі  үшін  бұрынғы  КСР 

Одағының  ордендерімен  және  медальдарымен  марапатталған 

адамдарға біржолғы материалдық  көмекке – 1 503 мың теңге;

3)  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  тылда  кемінде  6  ай  жұмыс 

істе ген (қызмет еткен) адамдарға әлеуметтік қолдауға  – 33 535 мың 

теңге;

4)  өңірге  қажет  мамандықтар  бойынша  әлеуметтік  тұрғыдан 



халықтық осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік 

көмек көрсетуге – 18 685 мың теңге;

5) туберкулезбен тұрақты емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік 

көмекке – 12 367 мың теңге;

6)  лейкоз  және  анемия  ауруларымен  ауыратын  балаларға 

әлеуметтік көмекке – 1 085 мың теңге;

7)  мүгедектердің  құқықтарын  қамтамасыз  ету  және  өмір  сүру 

сапасын жақсарту жөніндегі іс­шаралар Жоспарын іске асыруға қоса 

қаржыландыруға – 1 014 мың теңге;

8)  спорт  мектептерінің  ұстау  шығындарын  аудан  деңгейіне 

берілуіне байланысты – 59 806 мың теңге; 

9) бұқаралық спортты дамытуға – 12 543 мың теңге;

10) транспорт инфрақұрылымын күрделі және орташа жөндеуге,  

оның ішінде Қармақшы ауданының Төретам кентіне кіреберіс (Батыс 

Еуропа­Батыс  Қытай  жолынан)  2,450  шақырым  жолына  орташа 

жөндеуге жобалау­сметалық құжаттамасы мен ведомстволық сарап­

тамасын әзірлеуге – 700 мың теңге.

5.  2015  жылға  арналған  аудандық  бюджетте  облыстық  бюджет 

қаржысы есебінен төмендегі көлемде нысаналы даму транс ферт тері 

қаралғаны ескерілсін:

1) Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мүсірбаев көшесі бойындағы 

коммуналдық меншіктегі ғимарат құрылысына – 122 690 мың теңге;

2) «Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет елді мекеніндегі жергілікті 

су  құбырының  сумен  қамту  жүйесін  қайта  жаңғырту.    2­кезең» 

жобасын қоса қаржыландыруға – 36 427 мың теңге;

3) «Қармақшы ауданы, Ақай елді мекенінің сумен қамту жүйесін 

қайта жаңғырту және кеңейту» жобасын қоса қаржыландыруға – 19 

037 мың теңге;

4) «Қармақшы ауданы, Жосалы кенті орталығындағы су құбыры 

желілерінің құрылысы, 4­кезең» жобасын қоса қаржыландыруға – 23 

818 мың теңге.

6.  Ауылдық  елді  мекендердегі  мамандарды  әлеуметтік  қолдау 

шараларын  іске  асыруға  берілген  бюджеттік  кредиттер  бойынша 

сыйақы төлеуге 42 мың теңге қаралғаны ескерілсін.

6­1.  2015  жылға  жеке  тұлғаларға  ауылдық  елді  мекендердегі 

мамандарды  әлеуметтік  қолдау  шараларын  іске  асыру  үшін 

берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 37 701 мың теңге көлемінде 

белгіленсін.

7.  Ауданның  жергілікті  атқарушы  органының  2015  жылға 

арналған резерві 26 163 мың теңге болып бекітілсін.

8.  2015  жылға  арналған  аудандық  бюджеттің  бюджеттік 

инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларының 

тізбесі 4­қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

9. 2015 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 

секвестрлеуге  жатпайтын  жергілікті  бюджеттік  бағдарламалардың 

тізбесі 5­қосымшаға сәйкес бекітілсін.

10.  Кент,  ауылдық  округ  әкімі  аппараттарының  2015­2017 

жыл дарға  арналған  бюджеттік  бағдарламаларының  тізбесі  6,  7, 

8­қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

11.  Осы  шешім  2015  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізіледі және ресми жариялауға жатады. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал