Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 487.09 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата13.01.2017
өлшемі487.09 Kb.
  1   2   3   4   5   6

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№13-14

(11344)

сенбі

14 ақпан

2015  жыл

«Ел  бірлігі  –  ең  асыл  қасиет.  Бірлік,  ынтымақ,

сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге –

қазақтарға  керек»  деп  көргенділікпен  Елбасымыз

айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму

болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының

бірлігі. Көпұлтты мемлекеттегі халықты «Бір ел, бір

тағдыр»  деп  бір  шаңырақ  астына  жинай  білген

Елбасының  еңбегі  ерен.  Тілі  мен  түрі  бөлек

болғанымен  тілегі  бір  еліміздегі  барлық  этнос

өкілдерін  ортақ  мақсатқа  ұйыстыра  отырып,

республикадағы  тұрақтылықты  сақтау  мен  ел

дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келе жатқан

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  20  жылдық  тойы

Қарқаралы ауданында да салтанатты түрде аталып өтті.

Ел  іргесінің  мызғымас  бірлігін,  халықтар

арасындағы  ынтымаққа  үндейтін  ұрандармен

безендірілген  мәдениет  үйінің  залы  түрлі

ұлыстың  ұлттық  киімдерін  киген  халыққа  лық

толды. Мерекеге жиналған қауымды аудан әкімі

Х.Мақсұтов  ел  тәуелсіздігінің  тұғырын  нықтап,

бірлігі  мен  берекесін  келтіріп  отырған,  өзара

түсіністікке, бейбітшілікке үндеп, мемлекетіміздегі

ұлтаралық  татулыққа  қорған  болып  отырған

Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толған ме-

рейлі  мерекесімен  құттықтай  келе,  туымыз

тұғырлы, егемендігіміз мәңгі, ел іргесі бүтін бол-

сын  деген  ізгі  тілегін  жеткізді.  Қазақы  қалпы

бұзылмаған, талай ұлтқа ордалы ұя болған, киелі

мекен Қарқаралыда бүгінде 15 ұлттың өкілі тату-

тәтті тірлік кешіп жатыр. Қойы қоралас, малы ара-

лас,  құда-жекжат  болып,  құйрық-бауыр  жесіп,

қазақы  салт-дәстүрді  қатар  ұстап  жүрген  өзге

ұлттың  өкілдері  түрі  бөлек  болғанымен  жүрегі

қазақ деп соғады. Қазақ тілінде таза сөйлейді.

Түсінеді. Қазақ халқын құрмет тұтады. Әлдеқалай

тағдырдың жазуымен өз отандарын тастап кел-

ген  адамды  әсте  жатсынбаған  қазақ  қашанда

адамның  баласын  кеудеге  итерген  емес,  керісінше

бауырға басып, барын бөліп жеді. Осыдан болар бүгінде

орыс, өзбек, тәжік, татар демей бәрі бір-біріне аға бауыр

болып  тонның  ішкі  бауындай  араласып,  ішкі  жан

дүниелері 

бір-бірімен

қабысып  кеткен.  «Жасы

кіші  демеңіз,  ақылы  асса

аға ғой» деген аталы сөзге

иек  артқан  Қарқаралы

жерінің  жұртшылығы  әр

ұлттың  ақылды  қариясын

төрге оздырып, сыйға сый

көрсетіп келеді. Оны салта-

натты жиынға арнайы кел-

ген Қарағайлы кентінің №

16 орта мектебінің бастапқы әскери дайындық пәнінің

мұғалімі Карнаухов Анатолий Васильевичтің : «Здрав-

ствуй, праздник! Праздник всей земли, дружбе нет гра-

ниц. Мы родились на этой земле, учились, трудились,

работаем, воспитываем детей, внуков, правнуков. И

хлеб у нас един, и вода и Родина у нас одна. Самое ве-

ликое  счастье  на  земле  это  братство,  дружба  и  единство»  деген  ізгі  тілегінен

аңғардық. 



(Жалғасы келесі бетте)

Аудан әкімдігінде

Нақты міндеттер жүктелді

Бейсенбі күні, 12 ақпанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген әкімдік от-

ырысы өтті. Жиынға әкімдік мүшелері, мәслихат хатшысы, аппарат қызметкерлері,

дербес  бөлімдер,  тиісті  мекеме  басшылары  мен  қала, кент  және  селолық  округ

әкімдері қатысты. Аудан әкімі Х.Мақсұтов күн тәртібіндегі мәселелерге көшпес бұрын,

кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті. 

Қарағанды облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды

облысы департаментінің келісімімен Әзімханов Думан Жолжақсыұлы Қарқаралы

ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар,

Қарағанды облысының статистика департаменті басшысының бұйрығына сәйкес

Қарқаралы  ауданының  статистика  басқармасы  басшысының  міндетін  атқару

Төлеубеков Серік Жанатұлына жүктелді. 

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші, 2014 жылдың қорытындысы бойынша

ауданның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  қорытындылары  бойынша  аудан

әкімінің орынбасары С.Акимов хабарлама жасады. Осы мәселе кеңінен қаузалып,

аудан басшысы аудан көрсеткіштерін артқа тартып тұрған түйткілдерге тоқталып, тиі-

сті сала басшыларына сараптамалық сауалдар қойды. Кәсіпкерлік бөлімінің бас-

шысы С.Төлеубек, құрылыс бөлімінің басшысы Т.Омаров, ішкі істер бөлімінің бастығы

Ж.Искаков, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы М.Жанту-

рин,  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  басшысы

Б.Жұманбаевтар өз салалары бойынша даму көрсеткішіне ықпал етіп отырған себеп-

салдарды түсіндіріп, ақпар берді. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Қарқаралы ауданы бойынша барлық деңгейдегі

әкімдердің халық алдында өткізген есеп беру кездесулерінің қорытындылары туралы

аудан  әкімі  аппаратының  ұйымдастыру  бөлімі  басшысының  міндетін  атқарушы

Н.Есовтың хабарламасы тыңдалып, үшінші мәселе – қорғаншылық белгілеу бойынша

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жұманбаев

хабарлама жасады. 

Аудан басшысы отырыста жасалған ескертпе, тапсырмаларды ескере отырып,

нәтижелі жұмыстарды жасауды жүктеді. Әр сала бойынша жұмыстарды ширатып,

атқарылып  жатқан  шараларды  айқын  көрсеткішпен  сөйлете  білу  қажеттігін  атап

айтты. Және де алда тұрған іс-шараларды ұйымшылдықпен атқарып, республикалық

деңгейде аталып өтілетін атаулы күндерді лайықты ұйымдастыруды тапсырды. 

Сондай-ақ, аудан әкімі Х.Мақсұтов ел Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылы

және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шара-

лары жөніндегі жиынынан туындайтын тапсырмалар тізбесімен таныстырды. Бұл

орайда мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлініп отырған маңызды жұмыстарды аудан

деңгейінде  оңтайлы  жүзеге  асыру  бойынша  қомақты  тапсырмаларды  атап,  әр

саланың атқарар ролін айқындап өтті. Мұнда экономика, білім, денсаулық, бизнес,

еңбек, жұмыспен қамту және тағы да басқа өзекті  мәселелер бойынша нақты мін-

деттер қойылды.    



Апта-Ақпарат.

нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Ел болашағы – ортақ мүддЕ

Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанды мекен етіп отырған барлық этностар мен

ұлыстар арасындағы бірлікті, халықтар арасындағы ынтымақты нығайту жөнінде

үлкен міндеттер қойып отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері 23 жылда ата-бабаларымыз

айтқандай,  «бірлік  бар  жерде  тірлік  бар»  екендігіне  айқын  көз  жеткізілді.  Біз

Елбасының қазақстандықтарды бір мақсат, бір мүдде, бір міндетке жұмылдыра от-

ырып, ұлы істерге бастай білуінің арқасында табыстарға қол жеткізіп отырмыз. Елі-

міздегі бірлік пен тыныштықты және ынтымақты нығайтудың арқасында біз  әлемге

танылып, экономикалық жағынан дамыдық. Тәуелсіздік жылдарында ғасырға пара-

пар  атқарған  істеріміз  осы  біздің  бірлігіміздің,  халықтар  арасында  жарасқан

ынтымақтың басты көрсеткіші деп білеміз. Жолдауда жаңа экономикалық страте-

гияны жүзеге асыру мемлекетімізді одан әрі өркендетуге серпін береді, басымдықтар

айқындалып, жаңаша бағыт бойынша Парламент, Үкімет және мемлекеттік биліктің

барлық органдарына нақты міндеттер жүктелді.  «Қазақстан - 2050» Стратегиясының

мақсаттарының бірі – Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған елдің қатарынан орын

алуы.  Ал  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  Жолдауында  көрсетілген  жаңа

экономикалық  саясатта  шағын  және  орта  бизнесті  қолдауға  және  дамытуға

бағытталған  шаралар  кешені  айқындалды.  Жаңа  Экономикалық  Стратегиясын

жүзеге  асыру  индустриялық-инновациялық  экономиканы  дамытып,  әлеуметтік

инфрақұрылымдардың  ары  қарай  жетілдірілуіне,  соған  байланысты  халықтың

тұрмыс  жағдайының  жақсаруына  өзіндік  ықпал  ететін  болады.  Бұл  өз  кезегінде

Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылуына игі ықпалын тигізеді.

«Нұрлы  Жол»  Жаңа  Экономикалық  Саясаты  біздің  экономикамыздың  таяу

жылдардағы  өсімінің  драйвері  болады.  Біз  тұрақтылықты  бағалай  білгеніміздің

арқасында  бүгінгі  табыстарға  жеттік.  Ешкімді  кемсітпей,  ешкімнің  тілі  мен  дінін

мансұқтамай,  барлық  азаматтарға  тең  мүмкіндік  беру  арқылы  тұрақтылықты

нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты байлығымыз–ел бір-

лігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре бі-

луге тиіспіз.   2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді

бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын,

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің

70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа Қазақстандық патриотизмді

ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен

тыныштығы ең басты назарда. Президенттің Жолдауда  көрсетілген міндеттері мен

тапсырмаларын  орындау-баршамыздың  міндетіміз.  Оны іске асыруға  баршамыз

қолымыздан келгенше  барлық  мүмкіндігімізді  аямауымыз қажет.



Қарқаралы ауданы  әділет басқармасы.

Бірлік Болсын елімде

Бірлік Болсын елімде

Аудан әкімдігінде

комиссия отырысы өтті

Бейсенбі  12  ақпан  күні  аудан  әкімдігінде  Қарқаралы

ауданы  бойынша  2015  жылдың  көктемгі  су  тасқынына

дайындық жұмыстары туралы аудан әкімі Х.Мақсұтовтың

төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу және

жою жөнінде аудандық комиссия отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, тиісті мекеме

басшылары  және  қала,  кент,  селолық  округ  әкімдері

қатысты.  Аталған  күн  тәртібі  бойынша  бірінші  болып

«Қарқаралы  ауданы  бойынша  2015  жылдың  көктемгі  су

тасқынына  дайындық  жұмыстары  туралы»  аудан  әкімі

аппаратының жедел басқару бөлімінің басшысы Б.Қапашов

хабарлама  жасап,  көктемгі  су  тасқынына  дайындық

жұмыстары  мен  алдағы  міндеттер,  су  басу  қауіпі  болуы

мүмкін деген аймақтарға сақтық шараларының күшейтіліп

жатқандығын баяндап өтті. Көктемгі су тасқынынан қауіпті

деген аймақтардың қатарында Матақ, Нүркен, Тегісшілдік, Көктас және Қаракөл елді-

мекендері бар. Келесі кезекте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері

Б.Рахымжанов, «Тазалық» мекемесінің басшысы С.Қыстаубаевтар сөз алып, төтенше

жағдайлар бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын, барлық техникалардың

дайын екендігін де ескертіп өтті. 

Комиссия  отырысы  барысында  аудан  әкімі  Х.Мақсұтов  көктемгі  су

тасқынынан қауіп келетін электр жарығымен, телефон байланысының сапалылығын

назарда ұстау керектігін айтты.  Сонымен бірге, аудандық аурухана орталығының

басшысы С.Жекеевке алыс елді мекендердегі жүкті әйелдерді бақылау, дәрі-дәрмек

жеткізу, аудан әкімінің орынбасары Б.Тоқмурзинге қыстақта тұратын адамдардың хал-

ахуалын бақылау жұмыстарын жүктеді.

Күн райының күрт жылынғаны көпшілікті алаңдатуда. Жоғарыда аталған

көктемгі су тасқынына қауіпті деген округ әкімдеріне апаттың алдын алу шараларын

наурыз айы демей осы кезден бастап ширатуды қатаң тапсырды. 



Апта-Ақпарат.

Руханият

Өңір тілшілерінің үлесі бар

Күні  кеше  ғана  елімізде,  оның  ішінде  Қарағанды

облысының  рухани  өміріне  үлкен  серпіліс  әкелген

елеулі оқиға болғаны белгілі. Ол – «Сарыарқа кітапха-

насы» сериясымен 100 томдық басылымның жарыққа

шығуы. Осы үлкен жаңалықа орай облыс орталығында

100 томдықтың тұсаукесер салтанатты жиын-шарасы

да өткені мәлім. 

Арқа  өңірінің  ақын-жазушылары,  қоғам

қайраткерлерінің  көркем  шығармалары,  түрлі

тақырыпты  қаузаған  мақалалары  жарияланған

басылымның әр томы 800 данамен басылып, барлығы

80 мың дана құнды кітап жарыққа шыққан. Астанадағы

«Фолиант» және Алматыдағы «Қазақстан» баспала-

рынан  жарық  көрген  кітаптардың  мазмұндық  әрі

көркемдік тұрғыдан көтерген жүгі орасан. 

Әдеби, мәдени мұраларымыздың жиынтығын бойына

жиған  кітаптарға  Қарқаралы  өңірінің  де  тілші-

журналистерінің  мақалалары  енген.  Атап  айтар

болсақ,  ардагер  журналист  Мақсым  Омарбековтің

жазған  мақалалары  13  бірдей  жинаққа  еніпті.  Сонымен  қатар,  «Қарқаралы»

газетінің бас редакторы Рымбек Смағұловтың Тәттімбет Қазанғапұлы туралы

«Ұлылыққа тағзым», тілші Сағыныш Әбілованың Қарқаралы мемлекеттік-ұлттық

табиғат паркінің директоры Руслан Төлепбаевпен жүргізген «Тоны – алтын, түгі –

торқа Қарқаралы» атты сұхбаты, №43 орта мектеп директоры Мұхит Адамовтың

Қарқаралы  тарихына  арналған  «Қарқаралы  –  Сарыарқаның  сәукелесі»  атты

мақаласы бір жинақта топтастырылған.

Аталған 100 томдық басылым әлі талай ұрпақтың рухани қазынасы болары анық.



Өз тілшімізден.

2

14 ақпан 2015 жыл

Редакцияға хат

Алғыс айтамыз

Құрметті Халел Мұқатайұлы!

Ыстық ықыласпен, шын пейілмен өзіңізге хат жазып отырмыз.

Алғаш мектепке келіп қуаныштан мәз болып, партаға отырған күні өзіңіз арнайы келіп

Қазақстанның болашағын жалғайтын ұл-қыздары болыңдар деген ізгі тілегіңіз бізге

үлкен әсерлі серпін берді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Осы уақыт ішінде ойымыз, бо-

йымыз өсіп, хат танып, өзіміз жаза аламыз. Өзіңіз сыйға тартқан мектеп сөмкесін тек

“5”-тік бағаға  толтыра, үйге қуанышпен ораламыз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт,

еңбегіңізге жеміс тілейміз. Ауданымыз биік шыңнан көріне берсін деген тілек білдіре-

міз.


ізгі тілекпен: ынталы ауылының 

№3 орта мектебінің 1-сынып оқушылары. 

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бір шаңырақ астында татулығы жарасып,ел тарихын

жасасып  жатқан  түрлі  ұлт  өкілдері  өздерін

қазақстандықпыз  деп  зор  мақтанышпен  айта  алады.

Қазақ  халқының  ең  қымбат  кені  ана  тілінде  сайрап

тұрған "әкем мен шешем орыс ұлтының өкілдері болса

да, мен өзімді қазақпын деп санаймын" дейтін Николай

Смолин, қазақ тілін ана тілім деп, түрлі байқауларға

қатысып  жүрген  Егіндібұлақ  селосындағы  №5  орта

мектептің 11 сынып оқушысы Андрей Якуповтар осы

салтанатты 

мерекеге 

келіп,Бірлік 

пен


ынтымақтастықтың қоғамымыздың ең басты құндылығы

екенін паш етті. "...Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды

білмейтін" деген өлең жол-

дарын  оқып,  қазақ  деген

халықтың асыл қасиеттерін тізбектеген, шешен ұлтының

қаршадай қызы, қала басындағы № 2 орта мектебінің 4

сынып  оқушысы  Марха  Виситақызына  еріксіз  риза

боласың.

Қазақстан көпұлттық мәдениет пен бірлікті  дамытуға

бағытталған ішкі саяси тұрақтылықты ұстана отырып, әр

халықтың  өз  мәдениеті  мен  дәстүрін  көркейтуге

мүмкіншіліктер туғызуда.Тегісшілдік селолық округінің

№6 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Айдын Хасе-

нов ынтымақтың ұйытқысы, бірліктің тірегі, берекенің ба-

стауы  болып  отырған  ордалы  ұжымды  мерекесімен

құттықтады.  Халықтар  достығы  композициясын

сомдаған "Аңыз" үлгілі хореографиялық ансамблінің,

орыс әні «Рябинушка» орындаған «Қайран жастық»

ардагерлер ансамблінің мүшелері, ұйғыр биін билеген

«Ай-Ару» бишілер тобы, корей әні «Чильгапсанды»

шырқаған Камшат Базанова, Найт Стайл Продакшн

Каркаралы,Украин халқының әні «Ридна мати моя»

орындаған  Баян  Ахметова,  Тоғжан  Мұздыбаева,

«Қазақстаным» әнін айтқан Ардақ Мұсатаев, орыс әні

«Коробейники» орындаған Елена Дудукалова, «Қара

жорға» орындаған Еркебұлан Уалханов, «Ах, Самара

городокты» орындаған Динара Ахметжанова, Өзбек

әні «Кетманы»  шырқаған Аида  Әбілқасымова,  «Қазақ

елім» орындаған вокалдық топ, Думан Несіпбаев, Ме-

йірбек Қарағандының сазды тартулары көрермендердің көңілінен шықты.

"Бірлік бар жерде, тірлік бар" деп, талай нәубетті бастан өткерген қазақ халқы

қашанда ел іргесінің бүтіндігін, халықтардың ынтымағы мен берекесін басты орынға

қойған. 


Сағыныш Әбілова.

Т.Хамитов (ФоТо). 

Бірлік БолСын елімде

Бірлік БолСын елімде

Меморандум

Келісім-маңызды құжат 

Әлемде болып жатқан дағдарыс көптеген мемлекеттердің  экономикасына ойсы-

рата соққы беруде. «Сақтансаң сақтаймын» демекші, осындай қауіптің алдын алу

мақсатында  елімізде  түрлі  бағдарламалар  қабылданып,  мемлекет  ішіндегі

тұрақтылықты сақтауда түрлі шаралар атқарылып жатыр. Ел ішіндегі тұрақтылықты

сақтауға  бағытталған  шаралар  Қарқаралы  ауданында  да  жүзеге  асуда.  Жалпы

аудандағы әлеуметтік-экономикалық даму процестерінде тұрақтылықты қамтамасыз

ету мақсатындағы ауқымды шараның бірі, ол өндірістік үрдістердің тұрақтылығы мен

жұмысшыларды әлеуметтік қолдау, қорғау мәселесі болып тұр. Осыған байланысты,

аудан әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақтар өзара түсіністік пен әріптестік туралы

меморандум  мен  келісімге  қол  қойды.  Үш  жақтың  өкілдері  бас  қосқан  маңызды

жиынға  аудан  әкімі  Х.Мақсұтов,  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жұманбаев, «Тазалық» мекемесінің басшысы

С.Қыстаубаев,  аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Б.Абдуллина,

аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры С.Шамшиев қатысты. «Бұл мемо-

рандум-маңызды құжат. Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келісім-

шарт. Жұмыспен қамтамасыз ету, жалақыларын уақытында төлеу, жұмыс орнында

еңбек қауіпсіздігін сақтау үш жақты келісімнің басты қағидасы. Сондықтан жауапкер-

шілікпен қарау керек...» деді кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі С.Қыстаубаев. 

Сағыныш Әбілова.


3

14 ақпан  2015 жыл

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Бақыт деген сенің

бала күндерің» деп жырға қосқан еді. Ақиқатында,

қамсыз,  қызықты  күндер,  алаңсыз  балалық  шақ

қасыңдағы қос қорғаның-әке-шешеңнің жанындағы

асыр салып ойнаған кездер екен ғой. Алайда, осын-

дай  бақытты  күндерді  басынан  өткермеген,

тағдырдың талқысына түсіп, қилы өмір жолымен,

балалық шағында батпандай ауыр мұң арқалап,

жанарлары жәутеңдеген жетімдер үйіндегі бала-

лар сол бақытты бала күндерді сезініп жүргендері

шамалы-ау. «Жетім» деген сөз атам қазаққа жат

еді, ал бүгінде бұған да құлағымыз үйренді. Ежел-

ден  ақылы  мен  парасаты,  мейірімі  мен

жомарттығы, имандылығы бір басына жетіп ар-

тылатын үлкендеріміз жетімін жылатпаған, жат

қолына бермеген еді-ау. Ал бүгінгі қоғамда жетім

және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар,

жетімдер үйі көбеюде. Әрине, бұған жауап алу

қиын. Бірақ себебін білеміз. Жастық шақтың

жалынымен,  албырт  кезде  аяғын  шалыс

басқан  қаракөз  қандас  бойжеткендердің

қателігін, арақтың соңына түсіп азғындаған,

ата-ананың  қазақы  қалпымызға  жат  іс-

әрекетінен орын алып отырған, орны толмас

олқылықтар. 

Осындай 

адам 


жаны

түршігерлік оқиғаның салдарынан жетімдер

үйінің 

табалдырығын 



аттаған

бүлдіршіндердің  алдағы  өмірі  қалай

болмақ. Оларға кім қамқорлық танытады?

Олар дүние есігін ашқанда сезінбеген ата-

ананың  аялы  алақанының  ыстық  табын

қашан сезінеді. Ата-бабаларымыз ардақ

тұтып  сан  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-

ұрпаққа мұра болып келе жатқан рухани

құндылықтарымызды  кім  бойларына

сіңіреді? 

«Өмір 

деген 


есіктен

барлығымыз  кіргесін,  Келе  берер

басымызға Тәңірімнен күнде сын» деп,

салғырттық  танытуымыз  да  мүмкін.

Шындығында  ,  ата-анадан  айырылу

дауасыз  ауру.  «Тудым  да  жылап,

анамды да көрмедім, Анашым, неге

тойдыра ақ сүт бермедің. Өзің тудың

тоғыз ай іште көтеріп, Дәл қазір кет-

тім  қолында  міне  өзгенің»  деп  ет-

жүрегі  елжіреп,  көкірегін  сағыныш

тербесе  де,  жетімдіктің  қамытын

киген  бейкүнә  сәбилердің  қатары

күн  санап  көбейіп  келеді.  Атам

қазақтың  «Жетім  көрсең,  жебей

жүр»,  «Адамның  бақыты-ба-

лада»деген адам баласы өмірлік

сабақ алатын ұлағатты сөздері әлі

де  ұмыт  болмаған  екен.

Жақында, 

жетімдердің

тағдырына  бей-жай  қарай  ал-

майтын жүрегінде мейірімі бар

адамдардың қатысуымен мәнді

де  маңызды  жиын  өтті.  Қоянды

ауылының  әкімі  Е.Кәріпбаевтың

ұйымдастыруымен 

және


қарағандылық кәсіпкер, сол елдің

тумасы 


Н.Қалтаевтың

бастамашылығымен  өткен  кезде-

суге  аудандық  мәслихат  хатшысы

С.Нүркенов, 

аудандық 

білім


бөлімінің заңгері А.Исина және ауыл

халқы  қатысты.  Атаулы  кездесудің

басты мақсаты, қам көңіл, жанашыр

жақыны жоқ, бесікте жатып анасының

ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген

балаларды асырап алып, қамқорлық

таныту,  тәлім  тәрбие  беру  мәселесі

кеңінен қозғалды. Ауыл тұрғындарына

ой тастау мақсатында өткізіліп отырған

жиында  сөз  алған  сол  округтен

сайланаған 

депутат 


С.Нүркенов:

«Мұндай  жауапты  қадамға  жүректің

қалауымен  бару  керек,  онсыз  да

жабырқау  көңілді  балалардың  жүрегіне

одан бетер қаяу түсірмей, бағып, қағу, оны

өмірге  бейімдеу  асқан  жауапкершілікті

қажет  етеді»  десе,  Н.Қалтаев  «Кім  Алла

үшін  бір  жетімнің  басынан  сипаса,  қолы

тиіп  өткен  әрбір  тал  шашы  үшін  сауап

алады»  деген  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)

хадисін  алға  тартты.  «Балалы  үй-базар»

деп, қашанда баланың шат күлкісін аңсап,

бар мейірімін төгіп отыратын қалыпқа басты

ма  ауыл  тұрғындары  баланы  патронаттық

тәрбиеге  қалай  алуға  болады?  Қандай

құжаттар  жинаймыз-деп,  аудандық  білім

бөлімінің заңгеріне сұрақтарын қойып, тиісінше

жауаптарын  да  алды.  Жалпы  патронаттық

тәрбиеге бала алған отбасына мемелекет та-

рапынан жасалатын көптеген жеңілдіктермен

қатар ай сайын төленетін жәрдемақысы да бар

екен.  Және  мемлекет  патронаттық  тәрбиеге

алынған  баланы  үнемі  бақылауда  ұстайды.

Осындай  ізгілікті  іске  қадам  бассақ,  оның

заңдылықтарын  білсек  деген  шағын  ауыл

халқының ниеті «балам» дейтін адамдарға түрткі

болса екен дейміз. Бүгінде 45-50 жасқа келіп, бе-

тіне  қарап  отырған  бірді-екілі  баласы  ержетіп

сыртқа  кеткен  ата-аналарға  ой  салса,  жағдайы

жақсы болса, неге жетімнің жан күйзелісін түсініп,

бауырына басса, ата-аналық мейірімін төксе, ертең

келешегі  кемел  азамат  етіп  шығарса,  Алланың

алғысына бөленсе нұр үстіне нұр емес пе деген ой

ғана біздікі. Әрине, мұндай жауапты қадамға бару

екінің бірінің қолынан келе бермейтін шаруа, деген-

мен  жетімін  далаға  тастамаған  қазақ,  адамдық

тұрғыда ата-аналық ыстық мейірімін төгер деген үміт

те жоқ емес.  



сағыныш Әбілова. 

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 487.09 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет