Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 412.5 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата29.04.2017
өлшемі412.5 Kb.
1   2   3   4

-Бұрынғы  салтпен  жүріп,  сол

жоралғыны ұстанып үйреніп қалған

жұрт қалай қарайды екен бұған?

-Қазірде құран-дәмдерде, жиындарда

осы  мәселені  үнемі  айтумен  келеміз.

Шүкір, 


халықтың 

көзқарасы 

оң,

түсіністікпен  қарайтындар  көп.  Ең  ба-



стысы, біз бұны ойдан шығарып, қиялдан

тудырып отырған жоқпыз ғой. Бәріміз де

бір  Алланың  құлымыз,  Жаратқаннан

түскен әрбір үкім мінсіз орындалуы тиіс.

Және тағы бір айта кетерлігі, болашақта

қабір  қазушыларды  да  мешіт  жанынан

ұйымдастыруды  көздеп  отырмыз.  Қабір

қазушылар  бойында  дәреті  бар,  таза,

ниеті  дұрыс  адамдар  болуы  тиіс.  Негізі

қазақта  «жаназа  -  жақындікі»  деген  сөз

бар. Марқұмның туыстары, ағайын, жана-

шырлары қабірді  өздері қазса, нұр үстіне

нұр. 

-Халық  осындай  өзгерістерді  дұрыс

қабылдап  жатыр  деп  айтып  кеттіңіз.

Жалпы  имандылық  мәселесі,  мешітке

қарайласу қалай?

-Аллаға  шүкір,  үнемі  мешітке  қолғабыс

жасап, көмек көрсетіп жүретін аға-бауырла-

рымыз 


бар. 

Мәселен, 

биыл 

үлкен


демеушіліктің, жанашырлықтың арқасында

мешітте  біраз  оң  істер  жасалды.  Мешіттің

барлық  бөлмесіне  жылы  еден  қойылды.

Бұған  демеушілер  –  «Тас  бұлақ»  демалыс

үйінің ұжымы, Қарағанды қаласында тұратын

жерлес 


кәсіпкерлер 

Талғат, 


Болат

ағаларымыз 

қол 

ұшын 


созып, 

мешіт


жамағаттары да ұйымшылдық танытып, 586

мың 


теңге 

ұсынды. 


Сонымен 

қатар,


Қарағанды  қаласындағы  «Келинск  Транс»

ЖШС  басшысы  Марат  Смағұлов  100  мың

теңге  қаражат  беріп,  мешіт  жамағаттары

ақшалай да, еңбекпен де қолдау көрсетіп, су

скважинасы орнатылды, су құбыры тартылды.

Осы жиналған қаржы-қаражатты дұрыс ұқсата

білген бауырымыз Алдияр Абдуллиннің үлесін

атап  өткен  жөн.  Осы  игі  шараға  атсалысқан

барлық жанашыр азаматтарға алғыс айтамыз.

Аудан  басшылары  да  әрдайым  мешітке

қамқорлық жасап, қолдау көрсетеді.

Құрбан айт кезінде мешітте құрбандыққа мал

шалып, аз қамтылған отбасыларға көмек беріл-

гені белгілі. Сол күндері Тұяқан Шахмерденов

ағамыз  мешітке  зекет  беріп,  бір  өгіз,  үш  қой

әкелді.  Бұл  малдардың  еттері  де  мұқтаж

жанұяларға таратылды. 

Міне,  осындай  абзал  іс,  сауапты  қадам

жасағандарға  Алла  разы  болсын,  амалдарын

сауапқа жазсын дейміз. 



- Сұхбатыңызға рахмет!

А.сәулебайұлы.

ҚонАҚжАйлылыҚ -

ҚАнымыздА, сыпАйылыҚ-

сАлтымыздА

Ислам шапағаты

Алланың үкімі – ақиреттің қамы

Тағылым

5

1 қараша 2014 жыл

«Қорғаншылық және қамқоршылық 

жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік  

қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметі  (бұдан  әрі  –  мемлекеттік

көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Рес-

публикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министр-

лік) әзірлеген.

3.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  Астана  және  Алматы

қалаларының  білім  басқармалары,  аудандардың  және

облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі –

көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің

нәтижелерін беру:

1)  Қазақстан  Республикасы  Көлік  және  коммуникация

министрлігінің  Мемлекеттік  қызметтерді  автоматтандыруды

бақылау  және  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының

қызметін  үйлестіру  комитетінің  «Халыққа  қызмет  көрсету

орталықтары» 

шаруашылық 

жүргізу 


құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал):

www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1)  ХҚО-ға  құжаттарды  тапсырған,  сондай-ақ  портал  арқылы

өтініш берген сәттен бастап - 5 минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін

күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат бе-

рілетін ең ұзақ уақыты – 5 минуттан аспайды.

5.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нысаны:  электрондық  (толық

автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесі  –жетім  балаға

(балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға

(балаларға)  қорғаншылық  (қамқоршылық)  белгілеу  туралы

анықтама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық фор-

матта  ұсынылады.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  мемлекеттік

көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген

жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға

басып  шығарылады  және  көрсетілетін  қызметті  беруші

басшысының қолымен расталады.

Порталда  мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  қарау  нәтижесі

көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін

қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық

қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық

құжат форматында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1)  ХҚО-да:  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына

сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен

сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат

9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз.

Қабылдау  алдын  ала  жазылусыз  және  жеделдетіп  қызмет

көрсетусіз, «электронды» кезек күті тәртібімен жүзеге асыры-

лады.


Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық

кезекті портал арқылы «брондауға» болады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге бай-

ланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  жүгінген  кезде  мемлекеттік

қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

ХҚО-ға жүгінген кезде:

1) қызметті алушының (қорғаншының (қамқоршының) өтініші;

2)  баланың  туу  туралы  куәлігінің  деректері  (2007  жылғы  13

тамызға дейін туылған жағдайда).

Көрсетілетін 

қызметті 

алушының 

(қорғаншының

(қамқоршының) жеке басын растайтын құжаттарының, баланың

туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыз-

дан кейін туылған жағдайда) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік

ақпараттық  жүйелерден  мемлекеттік  органдардың  уәкілетті

адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар

нысанында алады.

Егер  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  өзгеше

көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті

алушыдан  мемлекеттік  қызмет  көрсету  кезінде  заңмен

қорғалатын 

құпияны 

қамтитын, 

ақпараттық 

жүйедегі


мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО-ның қызметкері ХҚО-ның

ақпараттық  жүйесіндегі  деректерді  көрсетілетін  қызметті

алушының құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және

түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық

құжат нысанындағы сұрау;

2) баланың туу туралы куәлігі.

Порталға жүгінген кезде мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі

көрсетілетін  қызметті  алушының  жеке  басын  куәландыратын

құжаттың, баланың туу туралы куәлігінің (бала 2007 жылғы 13

тамызға  дейін  туылған  жағдайда)  мәліметтерін  көрсетілетін

қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мем-

лекеттік  органдардың  уәкілетті  адамының  ЭЦҚ  қойылған

электрондық құжаттар нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының

«жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін

алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті

көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жі-

беріледі.

10.  Көрсетілетін  қызметті  алушы  құжаттар  топтамасын  толық

ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас

тартады және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы

қолхат береді.

Көрсетілетін  қызметті  берушінің  мемлекеттік  қызмет

көрсету мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс

телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ре-

сурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету

жөніндегі  бірыңғай  байланыс-орталығы:  8-800-080-7777,

1414.

Г.Баймақанова, 

«Қарқаралы ауданының білім, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы.

Елбасы  Н.  Назарбаевтың  2014  жылғы  17

қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір

мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауын  жүзеге

асыру мақсатында білім беру ұйымдарында ин-

клюзивті білімді дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының заңнамасында білім

беру  саласындағы  халықаралық  құжаттарға

сәйкес  барлық  балалардың  білім  алуда  тең

құқықтылығы 

қағидасы 

қарастырылады.

Балалардың білім алуға қатысты құқықтарының

кепілдіктері Ата Заңымыз -Конституция, Қазақстан

Республикасының 

«Қазақстан

Республикасындағы  бала  құқықтары  туралы»,

«Білім туралы», «Кемтар балаларға әлеуметтік,

медициналық, педагогикалық және психологиялық

көмек көрсету арқылы қолдау», «Қазақстан Рес-

публикасында  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау»,

«Арнайы 


әлеуметтік 

қызметтер 

туралы»

Заңдарында белгіленген.



Республика  Үкіметі  барлық  балалардың  білім

алудағы  тең  құқықтарынан  тең  мүмкіндіктеріне

қағидасына негізделе отыра білім беру саласын

2011-2020 жылдарға дамыту бойынша Мемлекет-

тік бағдарламада негізгі міндеттердің бірі ретінде

инклюзивті  білім  беруді  дамытуды  анықтайды.

Бағдарламада барлық балалардың, оның ішінде

дамуында  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың

жалпы  білім  беру  кеңістігіне  кіріктірудегі  норма-

тивті-құқықтық 

негіздерді 

құру 


қажеттілігі

анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді. 

Инклюзивті  (кіріктіре)  білім  беру  дегеніміз  -

барлық  балалар  дене,  психикалық,  зерде,

мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне

қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып,

тұрғылықты  жері  бойынша  өз  құрбыларымен

қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын

көздейтін  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру.  Бұл

жағдайда  мектептер  білім  алудагы  ерекше

қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті

арнайы қолдауды жүзеге асырады. 

Білім  алудағы  ерекше  қажеттіліктер  балаларды

оқыту  барысында  жалпыға  бір  әлеуметтік

жағдайлар,  жетістікке  жетудің  білім  алу  норма-

лары,  қоғамда  қалыптасқан  мінез-құлық  пен

қарым-қатынас 

нормаларына 

балалардың

мүмкіндіктері сәйкес келмегенде пайда болады.

Көп жағдайда мүгедек балалар мен дамуында

мүмкіндіктері шектеулі балалар негізгі білім беру

жүйесі мен өз құрбылары және педагогтар тара-

пынан  туындайтын  қатарға  қоспау,  кемсітушілік

және сегрегациядан жапа шегеді. Кейбір балалар

арнайы  сыныптарға  барып,  не  арнайы  мекте-

птерде оқиды. 

Инклюзивті оқыту барлық балаларға мектепке

дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп

өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді,

оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым

іс-әрекетіне 

қатысуға, 

адамдармен 

қарым-

қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға



мүмкіндік береді. 

Инклюзивті оқытылуға мүмкіндігі шектеулі ба-

лалар  алынады.  Ата-ана  қандай  мекеме  не

ұйымды  таңдағанына  қарамастан  баланың

қажеттіліктері толық деңгейде қанағаттануы керек. 

Білім  алу  —  адамның  бұлжытпас  құқығы.

Мүгедектігі бар балалар да бала. Барлық балалар

сияқты олардың дамуына құрбы-құрдастарымен

қарым-қатынас кұру кажет. Өзге балалар сияқты

олардың өз мүдделері, әуестіктері, «өскенде анау

боламын, мынау болғым келеді» сиякты арман-

дар, «мамандық алып, мықты жұмыска орналаса-

мын» деген киялдар бар. Осындай арман-қиялдар

мектептер  пандуспен  жабдықталмаған  себепті

арбаға отырған не балдақ ұстаған бала мектепке

бара алмайтындықтан орындалмауы мүмкін. 

Шетелдердің  тәжірибесі  көрсеткендей

қолжетімді  мектептерді  құру  және  инклюзивті

оқыту мүгедектердің әлеуметтік бейімделуі, өз бе-

тімен әрекеттенуі мен тәуелсіздігіне ықпал етеді.

Ең  бастысы  -оларға  қатысты  қоғамдық  пікір

өзгертіліп, бұл тұлғаларға толыққанды адам ре-

тінде 

қарауды 


қалыптастырып, 

қалыпты


жағдайдағы балалардың толерантты болуы мен

өзге тулғаларды құрметтеуіне себеп болады.



М.Искакова, 

аудандық білім, дене шынықтыру 

және спорт бөлімінің бас маманы.

Мүмкіндігі шектеулі 

балаларды жалпы білім беру жүйесіне кіріктіру

Қазанның  27  күні

Қарағанды 

кеншілер


мәдениет 

сарайында

Ұлы 

Отан 


соғысы

Жеңісінің 70-жылдығына

арналған “Қайран ерлер,

қаһарман  ардагерлер”

атты 

Республикалық



байқау 

фестивалінің

облыстық  іріктеу  кезеңі

өтті.  Фестивальге  ауа

р

а

й



ы

н

ы



ң

қ о л а й с ы з д ы ғ ы н а

қарамастан,  барлық  ау-

дандардан  ардагерлер

ұжымдары қатысты. Осы

ш

а



р

а

н



ы

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы

м

ә

д



е

н

и



е

т

басқармасына, ардагер-



лер  кеңесіне  қариялар  ризашылығын  білдіріп

жатты.  Өйткені,  өнер  сүйер  жасы  келген

адамдарға бұл бір мереке. Бір-бірімен қауышып,

кездескендеріне  қуанып,  мәз-мейрам  болып

жатты.

Өз  үлесін  біздің  “Қайран  Жастық”  ұжымы  да



қосты. Мерсалимов Қосманның жетекшілігімен 19

адам  барып,  6  номинация  бойынша  өнер

көрсеттік.

“Ғасырлар үні” ораториясын ерлер хоры әскери

киіммен орындағаны өте әсерлі болды. “На   по-

бывку едет” деген ойнақы композиция залды бір

сілкіндіріп  тастады.  Жастары  70-ке  тақаған  ан-

самбль  мүшелері  Кизкин  Сәулебай  мен  Байму-

ханбетов  Хасен  “Матрос”  биін  билегенде,

көрермендер  шапалақтап,  қошеметтеп  отырды.

Ұйымдастырушылардың  бірі:  “қарқаралылықтар

ұйықтап  отырған  залды  оятты”  деген  сөзге  бір

марқайып қалдық.

Жеке орындауда елге танымал Нұрмағанбетов

Нұрқабден  әнші  ағамыз  “Жас  қазақ”  әнін

лирикалық  барқыт  үнімен  тамаша  орындап

шықты. Осы ағамыз бен бірге Рахима Дүйсекина

апамыз екеуі “Кестелі орамалды”  майын тамызып

айтты. Қос әншінің үйлесімді әні, Р.Дүйсекинаның

жоғары  әуенді  игере,  әуелете  ән  салуы

көрермендердің ықыласына бөленді.

Төлеубаев  Шалғынбай  ағамыз  Тәттімбеттің

“Сылқылдақ”  күйін  шабыттана  тартып  берді.  Би

жарысында отбасылық жұп Баймуханбетов Хасен

мен Жаукова Әлия “Дунайские волны” вальсімен

елді тамсандырды.

Көркем  сөз  мүшәйрасына  Әлия  Ерғалиқызы

“Мир и Женщина” атты төл туынды шығармасын

ұсынды.    Залдағылар  қошеметін  білдіріп  көпке

дейін  қол  шапалақтап  жатты.  Концертіміз

ойдағыдай  өтті.    Өнерпаз  ардагерлерді  ауа

райының бұзылуына қарамастан, аман-есен апа-

рып 

келген 


көлік 

жүргізушісі 

Қайыржан

Аймақовтың еңбегін атап өткен жөн. 

Байқау  әлі  жалғасуда.  31  қазан  күні  Балқаш

қаласында Ақтоғай мен Балқаштың ардагерлері

сынға 

түседі. 


Содан 

кейін 


байқаудың

жеңімпаздары  анықталады.  Табыс  тілейміз

бәріне.

Сайысқа түсер бізбенен,



Мықтылар көп әрине,

Аянбай күш сынасар

Жеңіс үшін қариялар.

Өткізіліп жатқан шаралардың бәрі бір  мақсатта:

енді  соғыс  болмасын,  болып  жатқан  соғыстар

тоқтатылсын,  жер  бетінде  бейбітшілік  орнасын,

деген 

арман-тілек. 



Соғыстың 

қасіреті


ұмытылмайды. Отанымыздың іргесі аман болсын. 

Жібек Ахмадиева,

“қайран Жастық” ансамблінің мүшесі.

т.Хамитов (Фото).

Мәдениет хабары

АрдАгерлер 

облыстық іріктеуге қАтысты

6

1 қараша 2014 жыл

К ү з г і

К ү з г і

т а з а л ы қ

т а з а л ы қ

ш а р а л а р ы

ш а р а л а р ы

Биылғы  күз  өте  жайсыз  болды.  Дауылды,

Биылғы  күз  өте  жайсыз  болды.  Дауылды,

жаңбырлы  күндер  көп  болып  дихан,  шөпші

жаңбырлы  күндер  көп  болып  дихан,  шөпші

қауымға  кедергі  келтіріп  бақты.  Сондай

қауымға  кедергі  келтіріп  бақты.  Сондай

қолайсыздық 

әдеттегідей 

өткізілетін

қолайсыздық 

әдеттегідей 

өткізілетін

елді-мекендерді  абаттандыру,  маусымдық

елді-мекендерді  абаттандыру,  маусымдық

тазалау жұмыстарына да әсер етті. Жұмыла

тазалау жұмыстарына да әсер етті. Жұмыла

жүргізілетін  шаралардан  кейін  жарқырап

жүргізілетін  шаралардан  кейін  жарқырап

шыға  келетін  көшелер  бұрынғыдай  емес,

шыға  келетін  көшелер  бұрынғыдай  емес,

жүдеу  тарта  берді.  Дегенмен,  қимылдың

жүдеу  тарта  берді.  Дегенмен,  қимылдың

аты қимыл ғой үйлер мен мекемелер арасы,

аты қимыл ғой үйлер мен мекемелер арасы,

жолдар  бойы  жаз  бойғы  жиналған,  желмен

жолдар  бойы  жаз  бойғы  жиналған,  желмен

ұшып келген қаншама қоқыстан арылып, өз

ұшып келген қаншама қоқыстан арылып, өз

көрінісін көрсетті.

көрінісін көрсетті.

Егіндібұлақта 

өткізілген 

осындай


Егіндібұлақта 

өткізілген 

осындай

жұмыстар  нәтижесінде  25-30  тонна  күл-



жұмыстар  нәтижесінде  25-30  тонна  күл-

қоқыс  шығарылды.  Оған  4  автокөлік

қоқыс  шығарылды.  Оған  4  автокөлік

қатысты. Көшелер бойындағы істен шыққан

қатысты. Көшелер бойындағы істен шыққан

20 жарық бағанасындағы нүктелер жөнделіп

20 жарық бағанасындағы нүктелер жөнделіп

алмастырылды.  Электр,  телефон  сымда

алмастырылды.  Электр,  телефон  сымда

-

-



рына тиіп қауіп төндіріп тұрған ағаштар ке

рына тиіп қауіп төндіріп тұрған ағаштар ке

-

-

сілді. 10 шақырымға таяу көше жолдарының



сілді. 10 шақырымға таяу көше жолдарының

шұңқырларына 

қиыршық 

тас 


төгілді.

шұңқырларына 

қиыршық 

тас 


төгілді.

Көктемгі  мезгілдің  ағын  суына  бөгет  бола

Көктемгі  мезгілдің  ағын  суына  бөгет  бола

-

-



тын тұстар тағы бір қаралып арықтар таза

тын тұстар тағы бір қаралып арықтар таза

-

-

ланды.  Бұл  жұмыстарда  село  мектептері,



ланды.  Бұл  жұмыстарда  село  мектептері,

Агротехникалық колледж ұжымдары жоғары

Агротехникалық колледж ұжымдары жоғары

белсенділік көрсетті. Әсіресе қазан айының

белсенділік көрсетті. Әсіресе қазан айының

19-күні  болған  сенбілікте  агротехникалық

19-күні  болған  сенбілікте  агротехникалық

колледж  студенттері  Серғазы  Әнуарбеков,

колледж  студенттері  Серғазы  Әнуарбеков,

Мұрат Зейнолла, Бекжан Тұрмысов, Қымбат

Мұрат Зейнолла, Бекжан Тұрмысов, Қымбат

Өмірзақовтар 

биология 

пәні 


мұғалімі

Өмірзақовтар 

биология 

пәні 


мұғалімі

Тұрғанбек  Ақыновтың  жетекшілігімен  ша

Тұрғанбек  Ақыновтың  жетекшілігімен  ша

-

-



шылып  жатқан  пластик,  шыны  шөлмектер,

шылып  жатқан  пластик,  шыны  шөлмектер,

полиэтилен 

пакеттер 

мен 

консерві


полиэтилен 

пакеттер 

мен 

консерві


қаңылтырларының  өзінен  бір  жарым  тонна

қаңылтырларының  өзінен  бір  жарым  тонна

қоқыс  жинап  төкті.  Ауыл  азаматтарының

қоқыс  жинап  төкті.  Ауыл  азаматтарының

бұл  еңбегі  өзге  де,  мекеме  ұжымдары  мен

бұл  еңбегі  өзге  де,  мекеме  ұжымдары  мен

тұрғындарға үлгі боларлық іс екені анық.

тұрғындарға үлгі боларлық іс екені анық.



Д.жүнісбекұлы.

Д.жүнісбекұлы.

Егіндібұлақ.

Егіндібұлақ.

Қаламыздың 190 жылдық мерейтойы өткеніне бәріміз куәміз. Қаламызға жан-

жақтан қаншама қонақтар келді. Дегенмен халық болып жұмылып шешетін

мәселелер әлі де баршылық екені байқалады.

Бірінші  –  тазалық  мәселесіне  келсек,  жылда  қала  басында  сенбіліктер

ұйымдастырылып өтіп келеді, сол уақытта мекеме қызметкерлерімен  бірге

қала тұрғындары қоса шығып көшелерін, маңайларын  бірге  тазаласса, нұр

үстіне нұр болар еді.

Жеке меншік үйлер, мекемелер, тойханалар мен сауда дүкендерінің аула-

ларында санитарлық тазалықты сақтау мақсатында контейнерлер яғни  күл-

қоқыс жәшіктерін  орнатуды сұраймыз. Контейнерлерді сатып алып, орнату

жұмыстары  бойынша  қала  әкімі  аппаратына  32-3-64  телефоны  арқылы

хабарласуларыңызға  болады  Орнатылған  контейнерлердегі  қоқыстарды

алып шығаруға өздеріңіздің күштеріңіз жетпесе, «Тазалық Қарқаралы» ЖШС

келісім шартқа отыруларыңызға болады. «Тазалық Қарқаралы» ЖШС кон-

тейнерлердегі қоқыстарды алып шығаруға айына төленетін төлем ақы жеке

меншік үйлерге - 1000 теңге, жеке кәсіпкерлерге - 1500 теңгені құрайды.

Қазіргі заман талабына сай, қала басындағы мекеме басшылары, тойха-

налар  мен  сауда  орталықтарының  иелері  жеке  кәсіпкерлер  дүкен

маңайларын асфальттап, халық жүретін жерлерге брусчатка төсеп, әдемі

көзге түсетіндей гүл шоқтарын отырғызса және  жарықтандырса кешкі мез-

гілде қаламызға жақсы көрініс берер еді.

Қаламызға жылда аудандық бюджеттен  қаражат бөлініп абаттандыру,

көркейту, 

көгалдандыру 

жұмыстары 

жасалады. 

Ал 


қаланың

орталықтарындағы саябақ пен аллеяларда отырғызылған ағаштар мен

егілген гүлдерді, төселген брусчатканы малдарымыз таптап, сындырып,

бүлдіріп жатқаны ақиқат.  

Малдарды жайылымға шығарып салу, қайтқанда уақытында қарсы алу

сұралады, сонымен қатар малдар міндетті түрде сырғалануы керек. Мал-

дарымызды көшеге жібермей,  ие болайық, ағайын!

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  күшіне  енетін  «Әкімшілік  құқық

бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде  арнайы

көрсетілген жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу

туралы  386  бабында,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар

қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейтін жасыл

екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу – ескерту жасауға

немесе  жеке  тұлғаларға  –  15  айлық  есептік  көрсеткіш  (АЕК),  шағын

кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30

АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын айта кетуді жөн көріп от-

ырмыз. 

Қала басындағы ең өзекті  мәселелер: ауыз су мен жылу энергиясын



мақсаттан тыс пайдалану болып табылады. Қалада ауыз су тапшы.

Қала бойынша ауыз суды үнемдеу мақсатында су өлшегіш құрылғылар

(счетчик    водомер)  орнату  міндетті  түрде  жүктеледі.  Бүгінгі  күнде,

халықтың тұтынған ауыз суға төлем ақы төлеу белсенділігі төмен. 

Қала  басындағы  орнатылған  ауыз  су  колонкаларын  ұқыпты

қолдануларыңызды    және  де,  колонкалардан  мал  суғаруға

болмайтындығын ескертеміз.

Қала әкімі аппараты қаладағы тұрғын үйлер иелеріне қалалық ауыз

су  жүйесіне  қосылуға  қарсылық  білдірмейді.  Бірақ-та,  ауыз  суды

техникалық  шарттар  және  қала  әкімінің  рұқсат  беру  өкімінде

көрсетілген шараларсыз тарту заңсыз болып саналады. Сондықтан

да, ауыз су тарту жұмыстары техникалық шарттарға сәйкес болуын

және қала әкімінің берген өкімінде көрсетілген шараларды толығымен

орындауды талап етеміз. Заңсыз қосылған жағдайда, «Әкімшілік құқық

бұзушылық  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  30

қаңтардағы N 155 Кодексінің 127-бабының 2 тармағы негізінде, ауыз

су жүйесіне заңсыз қосылып, суды пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға

–  30    АЕК,  лауазымды  тұлғалар  мен  жеке  кәсіпкерлерге  –  60  АЕК

мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Жылу  жүйесі  бойынша  қала  басында  5  орталықтанған  жылу

қазандықтары жұмыс жасауда. Бұл қазандықтар жылу беру маусымы

басталғалы  бір  қалыпты  жұмыс  атқаруда.  Қиындық  туғызып  тұрған

мәселе, ол от жағушылардың жоқтығы. Көпшілігі қысқа дайындық бары-

сында  отындық  ағаш  пен  жем-шөп  тасуда.  Қазандықтардағы  от

жағушылар  жұмыс  уақыты  біткеннен  кейін  атқарған  жұмысына  еңбек

ақысын сұрайды. Күн сайын от жағушыларға қаражат тауып беруге жылу

беруші жеке кәсіпкерлер қиналуда. Осыған байланысты, Сіздерден жылу

беру  жүйесі  бойынша  төлем  ақыларыңызды  уақытында  төлеп

отыруларыңызды сұраймыз. Тағы да, бір үлкен мәселе, ол әсіресе дема-

лыс күндері жылу жүйесіндегі суды тұрмыстық жағдайларыңызға пайда-

лану. Өздеріңіздер де, білесіздер жылу жүйесінен алынған жылы судың

орнына суық су құйылады, ол деген жылу қазандығына қосылған барлық

мекемелер  мен  көпқабатты  үйлердегі  пәтерлердің  жылу  беруші

батареялардағы жылы сумен суық су араласып, беріліп тұрған жылудың

температурасын  төмендетеді.  Қаладағы  су  тапшылығына  байланысты,

ағып  кеткен  судың  орнын  толтыру  кей  жағдайлар  да,  мүмкіндік  болмай

қалады.  Осындай  жағдайлардан  кейін  жылу  беруші  жеке  кәсіпкерлер

қосымша шығындарға баруға мәжбүр болады.

«Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Рес-

публикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 Қаулысының       32

тармағы, 3 тармақшасы негізінде: Жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты

жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыға: жылыту жүйелерінде

жылу тасымалдағышты тікелей мақсаттан тыс (жылу жүйесінен және ас-

паптардан суды ағызу) пайдалануға рұқсат етілмейді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001

жылғы 30 қаңтардағы N 155 Кодексінің 127-бабының 1 тармағы негізінде,

электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану,

жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Осы заман талаптарына сәйкес, туындап жатқан жағдайлардың  бірі болып

КСК  ұйымдастыру  жұмыстары  қала  бойынша  жүргізілуде.  Бұл  мәселемен

аудан әкімшілігінде «Тұрғын үй инспекциясы» жұмыс жасауда.

Хабарласам  деген азаматтар мен азаматшаларға 41-1-31 телефоны арқылы

толық  мәлімет алуға болады.

Қарқаралы қаласының санитарлық тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру,

көше жолдарын жөндеу, жарықтандыру, ауыз су, жылу жүйесі және мал бағуды

ұйымдастыру  жұмыстары  назарымыздан  тыс  қалмайды.  Қала  басында

атқарылған жұмыстармен қатар әлі де, шешімін таппай  жүрген  мәселелер

баршылық. Бұл мәселелердің барлығы күнделікті  еңбекті қажет етеді.



Қарқаралы қаласы  

әкімінің аппараты.

Природа Каркаралинска – уни-

кальное явление широких просто-

ров  Сары  –  Арки.  Среди  волн

степных ковылей, попутными вет-

рами  на  эти  просторы  накаты-

ваются 

зеленые 


волны

Каркаралинских лесов. Лес – оби-

лен  и  щедр.  К  этим  обилиям  и

щедростям необходима людская

забота.  К  сожалению,  иной  раз,

отдыхая  в  лесу  или  собирая

плоды  природы,  мы  проявляем

небрежность, оставляем за собой

непотушенные костровища, горя-

щие окурки и разные бытовые от-

ходы.  Забываем  про  то,  что  лес

живет  своей  жизнью.  Вся  эта

наша небрежность, порою приво-

дит  к  невосполнимой  потери

даров природы.

Каркаралинский государствен-

ный национальный природный парк по своей деятельности призвал охранять, защищать и воспол-

нять матушку природу. По сегодняшний день учреждением национального парка проделываются

большие работы. Одним из приоритетных направлений парка является развитие в регионе туризма

и рекреации. Для этого, природа Каркаралинска  благоприятствует своими уникальным, красивей-

шими местами, например как – Кызыл Кенш, озеро «Шайтанколь», оз. «Бассейн», «Музей природы»,

«Дом лесничего» и т.д.

По мониторингам специалистов отдела туризма, рекреации и экопросвещения наблюдается еже-

годный рост посетителей. Поскольку национальный парк имеет лицензию на туроператорскую дея-

тельность, мы ставим задачу благоустраивать экологические маршруты и создавать комфортные

условия для отдыхающих. Периодически Каркаралинским ГНПП организовываются и проводятся

санитарные очистки, субботники от порубочных остатков, бытовых отходов и т.д.

В текущем году Каркаралинский ГНПП совместно с Акиматом района и города, включая органи-

зации предприятия г.Каркаралинска провели субботник по экологическому маршруту «Легенды

озера Шайтанколь». Участниками данного субботника проделаны такие работы, как очистка зер-

кала воды озера «Шайтанколь» и прилегающей к нему территории. Такое солидарное, дружное ме-

роприятие,  думаем  найдет  свое  продолжение.  Забота  человека  о  природе,  в  чем  бы  она  не

проявлялась – это забота о будущем.

з.коваленко, 

Государственный инспектор каркаралинского Гнпп.


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 412.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет