Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 412.5 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата29.04.2017
өлшемі412.5 Kb.
1   2   3   4

Ізгілік бастаулары

Мерейтой

Самғатқан сан қыранды алтын ұя

3

1 қараша 2014 жыл

Қазан айының 24 жұлдызында Қаршығалы селолық округінде  “Нұр Отан”

партиясы аудандық филиалының   Қаршығалы бастауыш партия ұйымының

2013-2014 жылдары атқарылған жұмыстарының есеп беру жиыны болып өтті.

Жиынға    партия  мүшелері  -  ауыл  тұрғындары,  мұғалімдер,  әртүрлі  сала

қызметкерлері  қатысты.      Күн  тәртібіне  келесі  мәселелер  ұсынылды:    1.

Қаршығалы  селолық  округі»  БПҰ-ның  2013-2014  жылдары  атқарылған

жұмыстарының есебі.  2. БПҰ-ның Саяси Бюросының жаңа құрамын бекіту

туралы; 3. «Нұр Отан» партиясы Қарқаралы аудандық филиалы  конферен-

циясына делегаттар сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша Қаршығалы селолық округі бастауыш

партия ұйымының (БПҰ) төрағасы ауыл әкімі Айтыкен Шәкенұлының  есепті

баяндамасы тыңдалды. Ол кісі өз баяндамасында  БПҰ-ның  2013-2014 жыл-

дары атқарылған жұмыстары жайлы әр салаға жеке-жеке тоқталып, атап өтті.

Жарыссөзге шығушы әлеуметтік қызметкер өз сөзінде Елбасының жүргізіп

отырған саясаты жайлы және партия доктринасында айтылған маңызды мін-

деттерге тоқтала кетіп, ауылдағы әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстар

жайлы айтты.

Келесі кезекте № 4 орта мектеп мұғалімі Абдырахманова Бақытгүл сөз алып,

партия  доктринасында айқындалған маңызды құндылық адам факторы еке-

нін,  сол  адамдарға  жасалып  жатқан  жағдайлар,  ауыл  емханасында

атқарылған оң жұмыстар, білім берудегі жаңа  істерге тоқтала кетіп, баста-

уыш партия ұйымының жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Бұдан кейін БПҰ-ның Саяси Бюросының жаңа құрамы бекітіліп, «Нұр Отан»

партиясы  Қарқаралы  аудандық  филиалы    конференциясына  2  партия

мүшесі-шаруа қожалығы басшысы Искаков Амангелді және медбике Амирова

Зибагүл  делегат болып сайланды. 

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.



Гүлмира рахимбаева,

партия мүшесі.

Көктас ауылы.

Адам. Қоғам. Заң

Жаңа Қылмыстық кодекс

қолданысқа енгізіледі

2015 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Қылмыстық ко-

дексте  өзгерістер  мен  жаңалықтар  аз  емес.  Бүгінгі  қолданыстағы

Қылмыстық кодексте 393 бап болса, жаңа кодексте 467 бап бар екен.

Кодексте  қосымша  баптарда  бұрын  мүлде  қарастырылмаған  жаңа

қылмыстық жазаға тарту мен қылмыстан босату түрлері қамтылған.

Қылмыстық кодекстегі жаңа өзгерістердің бірі екі буынды қылмыстық

жазаға тартылатын әрекет жөніндегі түсініктің енгізілуі десе де болады.

Бұрын  қылмыс  пен  қылмыстық  әрекет  жалпы  ортақ  түсінікпен

айқындалатын еді.Қылмыстық әрекет – бұл әлі қылмыс емес, деген-

мен  мұндай  әрекеттің  қоғам,  адам  үшін  залалы  бар.  Ол  әкімшілік

заңбұзушылық пен қылмыстық заңбұзушылықтың арасындағы буын іс-

петті.Сондықтан да, қылмыстық әрекет жасағаны үшін жауапкершілік

те қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен өзгеше болуы тиіс.

Қылмыстық әрекет деген ұсақ залал келтіру болып табылады.Бүгінгі

Қылмыстық  кодексте  ұсақ  залал  келтіруге  нақты  түсінік  берілмеген.

Жаңа кодексте бұл мәселе жан- жақты қарастырылып, кең түсінік бе-

рілген.Қылмыстық  әрекет  үшін  жаңа  кодексте  4  түрлі  жаза

қарастырылады,  атап  айтқанда:  айыппұл  салу,  түзеу  жұмыстарына

тарту, қоғамдық жұмысқа тарту және қамауға алу. Ал, қылмыс бойынша

5  түрлі  жаза  қарастырылған:  айыппұл,  түзеу  жұмысы,  бостандығын

шектеу, 


бостандығынан 

айыру 


және 

өлім 


жазасы. 

Көріп


отырғанымыздай,  қылмыстық  әрекет  пен  қылмыс  жасаған  адамның

жазаларының  арасында  үлкен  айырмашылық  бар.  Сондай-  ақ

қылмыстық  әрекетпен  қылмыс  үшін  төленетін  айыппұл  мөлшері  де

әртүрлі. Мәселен, қылмыстық әрекет үшін айыппұл көлемі 5-500 айлық

есептік көрсеткіш деңгейінде болса, қылмысы үшін төленетін айыппұл

мөлшері 500-ден 10 000 есептік көрсеткішке дейін.Қылмыстық әрекет

үшін бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды.

Жаңа  кодексте,  сондай-  ақ,  қылмыс  үшін  қосымша  4  түрлі  жаза

қолдану енгізілген. Атап айтқанда, мүлкін тәркілеу, атағынан, шенінен,

марапаттарынан айыру және белгілі бір қызметпен айналысуын шек-

теу. Бұл жазалардың бәрі қазіргі заңда негізгі жаза ретінде қолданылып

жүргені мәлім. Жаңа Қылмыстық кодексте айыппұл төлеуден жалта-

ратындарды заң тезіне салу үшін бас бостандығынан айыру жазасын

қолдану  қарастырылған.  Бұл  жағдайда  абақтыда  отырған  бір  күн  4

айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл көлемімен теңестіріледі.

Сондай-  ақ,  ендігі  арада  айыппұлды  қасақана  төлемеу  айғағын

дәлелдеудің  еш  қажеті  жоқ.  Мұның  өзі  бүгінде  көбейіп  кеткен

айыппұлдан жалтарушыларды тезге салуға игі ықпалын тигізері анық.

Жаңа заңда қылмыс саласын ізгілендіру жайы кеңінен қамтылады,

сонымен  бірге  кейбір  қылмыс  түрлеріне  қатысты  жаза  бұрынғыға

қарағанда біршама қатаңдатылған. Егер қазіргі қолданыстағы кодексте

әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру сияқты ауыр жазаға

тарту  қарастырылмаса,  жаңа  кодексте  мұндай  жазаға  тек  18  жасқа

толмағандар  мен  63  жастан  асқан  әйелдер  мен  ер  адамдар

тартылмайтындығы көрсетілген. Яғни, аса ауыр қылмыс жасаған 63-ке

толмаған әйелдер осындай жазаға тартылуы мүмкін.

Жаңа кодексте бұрын негізгі жаза ретінде қолданылып келген белгілі

бір қызметпен айналысуды шектеу, атақ-шенінен айыру енді қосымша

жаза ретінде белгіленбек. Мемлекеттік қызметкерлер жемқорлығы үшін

жазаға тартылса,өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспайтын бо-

лады. Сондай- ақ, жаңа кодексте жемқорлығы үшін жазаға тартылған

адамның  тек  сондай  заңсыз  жолмен  тапқан  мүлкін  тәркілеу

қарастырылған. Бұрын жемқор ретінде жауапқа тартылған адамның

барлық  мүлкі  тәркіленетін.  Жаңа  заңда  кәмелетке  толмағандарды

зорлағаны үшін 15-20 жыл бас бостандағынан айырумен қатар, өмір

бойы  түрмеде  отыру  жазасын  тағайындау  енгізілген.Осыдан  көріп

отырғанымыздай, аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жаза бір-

шама қатаңдатылған.

Алдағы  жылы  күшіне  енетін  жаңа  Қылмыстық  кодексте  бұрын

болмаған тергеу жүргізуші судья қызметі қарастырылып отыр. Тергеу

жүргізушісі судья қызметінің енгізілуі сотқа дейінгі қылмыстық істі зерт-

теп, зерделеуге, оның ашықтығына игі ықпалын тигізетіні даусыз.

Жаңа кодексте қарастырылғандай , тергеу жургізушісі судья заң бо-

йынша бірінші қатарлы істі жүргізетін судья болып табылады. Мұндай

судьяны сот төрағасы судьялардың арасынан өзі тағайындайды және

қажет болған жағдайда ауыстыру мүмкін.

Тергеу жүргізушісі судьялардың негізгі міндеті сотқа дейінгі істі қарау

болып  табылады.  Бұл  өкілеттігін  ол  санкция  беру  жолымен  жүзеге

асырмақ. Заңда 12 түрлі санкция қарастырылған. Оның ішінде айғақтық

дәлел болатын заттарды сатуға санкция берумен бірге халықаралық

іздеу жариялауға дейінгі маңызды міндеттер бар.

Алдағы жылдан бастап күшіне енетін жаңа кассациялық тәртіпте іс-

терді қарау мәселесі оншалықты көп өзгеріске ұшырай қоймаған. Де-

генмен, қазіргі  уақыт талабына байланысты азаматтардың құқықтары

мен бостандықтарын қорғау сапасын жақсартуға игі ықпалын тигізетін

біршама өзгерістер мен жаңалықтар бар. Мәселен, жаңа кодекстің 448-

бабының 5-бөлігіне сай, апелляциялық тәртіпте шығарылған сот ше-

шіміне орай, шағым сот шешімі шығарылған күннен бастап алты ай

мерзім ішінде берілетіндігі көрсетілген. Қазіргі  қолданыстағы заңда

мұндай шағымды тек үкім күшіне енгеннен кейін ғана беруге болады.

Сондай-ақ жаңа заңда кассациялық тәртіппен істі қарауға шағым беру

мерзімін өткізіп алған жағдайда оны қайта қалпына келтіру мүмкін еме-

стігі нақтыланған. Кассациялық тәртіпте істі қараудың тағы бір ерек-

шелігі- ол қарайтын істің шегі болмайды, яғни, барлық сала бойынша

істерді қарайды және шығарылған шешімнің заңдылығын, әділдігі мен

негізділігін жан-жақты қарап, таразылайды. Жаңа кодекстегі тағы бір

жаңалық—кассациялық  тәртіпте  істі  қарауға  берген  шағымданушы

шағымға жаңа негіздемелер қоса алады. Бірақ, ол кассациялық сот от-

ырысы басталғанға дейін жасалуы тиіс. Жаңа Қылмыстық кодекстің

452-  бабына  сәйкес,  кассациялық  тәртіпте  істі  қарау  екі  негізде

жүргізіледі: біріншісі-апелляциялық сот шешімі шыққаннан кейін, екін-

шісі- тікелей кассациялық сотқа шағымдану арқылы.

Бүгінде  әлем  елдерінің  тәжірибелерінен  өткен  қылмыстық  заң

саласындағы озық жетістіктерге негізделген еліміздің жаңа Қылмыстық

кодексі азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды

жаңа сапалық сатыға көтереді деген сенім бар.



М.Қасымбеков,

Қарқаралы аудандық сотының төрағасы. 

“НұрОтан”  партиясы  аудандық

филиалының    бастауыш  партия

ұйымдарында  2013-2014  жылдары

атқарылған  жұмыстарының  есеп

беру жиыны 15 қазаннан басталған.

Содан  бері  аудан  өңіріндегі  біршама  елді-мекендерде  өтіп,  маңызды

мәселелер мен міндеттердің атқарылған ауқымы сараланды. Қазан айы ішінде

онға тарта ауылдың бастауыш партия ұйымының есеп-беру сайлау жиындары

өтіп үлгерген екен. Солардың қатарында Нүркен, Жаңатоған ауылында өткен

жиынның көтерген әлеуметтік мәселелері мен алдағы уақыт еншісіне жүктеген

міндет-мұраттары назарға алынды.

Нүркен селолық округінде ауыл әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы

А.Нөгербековтің есепті баяндамасы тыңдалды. Баяндама жайлы жарыссөзге

шығып сөйлеушілер, өз ұсыныс-пікірін білдіруші ауыл тұрғындарының сөздері

ортақ мүдде бір мақсатқа бағытталды. Ол әрине алдымен ауылдың дамуы,

адамдардың  әлеуметтік  хал-ахуалы,  болашақ  ұрпақтың  білімі,  олардың

тәрбиесі 

жайлы

болды. 


Ауыл

тұрғыны  зейнеткер

Ж . К ө п ж а с а р о в

а ғ а м ы з д ы ң

ж а н а ш ы рл ы қ п е н

айтқан 


ақыл

к е ң е с т е р і ,

толғандырған ой-пі-

кірлері  ескерілетін

жайттардың 

бірі


болды. 

Оның


ішінде  тұрғындар

д е н с а у л ы ғ ы ,

балалардың  білім

алу 


деңгейі,

ауылдың рухани ахуалы мен мәдениеті, ауыл тазалығы мен көрік-келбеті, жер

мәселесі, меншік мал жайылымы сияқты тағы басқа өзекті мәселелер көтерілді.

Мектеп директоры Берікбол Мазин, ауыл имамы Қайыржан Айсин, учаскелік

инспектордың  көмекшісі  Саркенов,  мектеп  мұғалімі  Аюхан  Болатхандар  да

жалпыға ортақ ауыл күйін тұрмыс тіршіліктің өнегелі өмірге бет бұруы үшін іс-

телінер  іс-шаралар  жайлы  сөз  қозғады.  Күн  тәртібіндегі  мәселелер  түгел

қамтылып, саяси бюро құрамына, аудандық партия конференциясына деле-

гаттар сайланып бір ауыздан мақұлданды. Аудандық “Нұр Отан” партиясы фи-

лиалы төрағасының орынбасары М.Тойынбеков, аудан әкімшілігі ішкі саясат

бөлімінің бастығы Д.Халелдер жиынды қорытындылап, ауыл тұрғындарына игі

тілектерін білдірді.

Түс ауа Жаңатоған ауылында өткен жиын да бастауыш партия ұйымының есеп

беру баяндамасымен басталды. Жаңатоған селолық округінің әкімі, бастауыш

партия ұйымының төрағасы Аян Бейсембековтің есебі тыңдалған соң әр түрлі

ұсыныс-пікір сұрақ-сауалдар өрбіді. Олар, әрине, ауылдың жағдайы, мәдениет

саласы,  жол  мәселесі,  спорт  секциялары,  мерзімді  басылымдарға  жазылу

сияқты көптеген мәселелер көтерілді. Соның ішінде интернеттік желінің, ұялы

телефон байланысының да қолжетімді болмай тұрғаны сөз болды. Ұялы теле-

фон қажеттілік шығар, дегенмен мектеп оқушыларының әлі күнге интернет, ин-

терактивті тақтамен жұмыс жасай алмауын, өзекті және бүгінгі күннің басты

мәселесі демесіңізге болмайды.

Озық технология, заманауи білім алу үрдісі, өркениетке талпынуды ешкім

жоққа шығара алмасы анық.

Аудан  өңіріндегі  көршілес  екі  ауылда  да  ауыл  адамдарының  жақсылыққа

мәдениет пен білімге деген талпыныс тілектері, ынта-жігерлері көңіл қуантады.

Бірақ, бағыт-бағдар, қолдау тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, партияның

да ұстанымы “Нұрлы болашақ жолында!, демек осы мақсат-мүдде жолында

берекелі қоғам құру болмақ.

бану Мұқашева.

ЕсЕп бЕру жиыны өтті

Саяси партияда

“Нұр Отан” -мен нұрлы

болашаққа!


4

1 қараша 2014 жыл

Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен жолы мен

ұзақ-сонар тарихы болады.

Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып заман-

дарда  жер  бетінен  жоғалып  кетпей,  іргелі  ел,  жоралы  жұрт

қалпын,  салт-дәстүрлерін,  әсіресе  жолаушыға,  қонаққа  деген

ерекше құрметтеуін ғасырдан-ғасырға бұлжытпастан сақтап ке-

леді.


Ал,  енді  көне  шежірелерге  бет    бұрсақ  ,  иісі  қазақ  үш  ұлдан

өрбіген.


Олар;    Ақарыс,  Бекарыс,  Жанарыс  аталатын  үш  ұл  болған.

Әкелері  Алаш  қартайған  шағында,  үш  ұлын  шақырып  алып,

қолындағы жиған дәулетін енші ретінде бөліп бермекші болған.

Ол үшін бүкіл мал –мүлкін тең етіп төртке бөледі де, соның үш

бөлігін үш ұлына береді. Қалған төртінші бөлікті тағы да үшке

бөліп, үш ұлдың еншісіне қосымша үлестіреді. Балалары мұның

мәнісін сұрайды.

Сонда  Алаш  отырып  өсиет  сөз  айтады:  «Алғашқы  бөліктер

әрқайсыңның  өз еншілерің. Ал соңғы берілген қосымша бөлік

«бөлінбеген  енші»  деп  аталады.  Оның  иесі  үйлеріңе  келетін

құдайы  қонақ  атаулы.  Сондықтан  бұдан  былай  жолаушылап

жүрген адам  босаға аттаса, оның төсек –тамағы  мойындарыңда

болады. Себебі әрқайсыңда сол жолаушының бөлінбеген еншісі

бар деп біліңдер. Жолаушы қонақ әрбір үйдегі өзінің бөлінбеген

еншісіне лайық  сый-құрмет көрмесе, сол үйдің иесі  ата салтын

сақтамаған,аманатын ақтамаған адам ретінде, ат-шапан айыбын

тартатын болсын».

Алаштың  осы  өсиетін  «мен  қазақпын»  дейтіндер  күні  бүгінге

дейін сақтап келеді.

Қазақтың ен даланы еркін кезіп, әр үйді өз үйіндей  жайлайтыны

осыдан болса керек.

Осы  туралы  бір  болған  жәйді  көпшіліктің  назарына  ұсынғым

келді.

Бұрынырақ  кезде  қызмет  бабында  араласым  болған,  заң



қызметкері, білікті, өз ортасында беделі бар азамат жолаушылап

үйге іздеп келді.

Әлгі танысымның ұлты еврей. Өзге ұлттың өкілімен танысу, әдет

ғұрыптарын  салт  дәстүрін  білу  ойымда  жүретін,  осы  келгені

өзіме  көктен  іздегенім  жерден  табылғандай  болып  қуанып

қалдым.


Уақыттың  тарлығына  қарамастан  анам  марқұм  дәстүр  бо-

йынша  ұлттық тағамдарды дайындап, түскі мезгілде үйде да-

стархан  жәйілді.  Әңгіме  барысында,  әртүрлі  жағдайды  айтып

қонағымыз қазақ халқының қонақжайлығын, жолаушыға деген

құрметін  ерекше  жақсы  атап  оны  әр  ұлттан  табылмайтын

қасиетін  айтып,  маған:  «..  қазір  менімен  жолға  шығайық.

Кеңбайтақ даламызға шығайық та далада бірінші кезіккен,  мал

бағып  жүрген  қазақ  малшыға  барып  сәлемдесейік,  -  дейді

қонағым. - Сонда әлгі малшы қал-жағдайды сұрастырып болған

соң, міндетті түрде үйіне қонаққа шақырып қонақ бол деп айта-

тынына күмәнданбаймын. Егер сенбесең, менімен жұмысты қоя

тұрып жүр де осыған көзіңді жеткізем  деді. 

Әңгімені әрі жалғастыра келіп, конақ маған сұрақ қойды: «Сен

тіршілікте  еврейдің  үйінде  қонақ  болған  жоқсың,  себебі  біздің

халық қонақ шақырмайды, келген қонақ қоғамдық тамақтандыру

орындарда күтіледі, ал арнайы сіздердегідей дастархан жайып

келген  қонақты  күтпейді»  деді.  Қазақ  халқына  осындай

қонақжайлықтың қайдан пайда болғанын әлгі қонағым былай деп

топшылады.

Ертеде,  азғантай  қазақ  елі  қазіргіден    де  үлкен  көлемді  жер

алқабында (батыстан шығысқа-2,5 мың, солтүстіктен-оңтүстікке-

3,2 мың. шақырым алқапта) көшпелі өмір сүріп, жаз жайлау, қыс

қыстау секілді көшпелі салт ұстанып,  бір бірін сирек көріп, тіпті

кейде айлар бойы араласа алмай елсіздеу жерлерде малдың

соңында  жүргенде  бір-бірін  сағынып,  ал  кездесіп  жүздескен

жағдайда,  қауышып,  әңгімелесіп,  елдегі  болған  жаңалықтарға

қанығып, барлары бас қосып шақырысып қонақтап, соңы  ұлттық

ойын-сауыққа да айналатындай жағдайлар болса керек. Осын-

дай адал, көңілді сыйластыққа ие қылған жаратушы Алла біздің

қазақ халқын күні осы уақытқа дейін осындай кең даласындай

пейілден айырмады.

Қонағымның пайымдауынша сыртта елсіз жайлау, шалғайдағы

қыстау орындардағы қазақтарға осындай қауышу жетпегендік-

тен,  рухани  азықтың  керектігі  қонақты  қадірлеп  осындай

қонақжай дәстүрге иелендірген. Ал біздерге сол ата-бабалары-

мыздан  осындай  қалыптасқан  қонақжайлық  үрдістер,  қанмен

және ұрпақтан-ұрпаққа салт болып  дарыған.

Енді, ұлттық тағамдарды қызықтап айтып келіп әлгі қонақ бірге

отырған  біз  жақтың  бір  азаматына,  «мына  мен  тоқтамай  ішіп

отырған коньякті сен де қалыспай ішіп отырсың. Осың бекер, се-

бебі бұл менің атамның асы, сондықтан мен мұны қанша ішсем

де, ертеңіне өзімді жақсы сезінемін, сен өз атаңның асы болатын

етті асай бергенің абзал болар, коньякті шамалағаның теріс бол-

мас дегендей ескерту жасады. Етті мен артық алсам, ертеңгі күні

маған  ауырлау  тиетінін  білемін,  себебі  ол  менің  атамның  асы

емес» - деп тұжырымдады.

Аталмыш  қонақ,  еврей  халқының  өкілі,  қазақ  халқының

ақкөңілділігін, қонақжайлылығын және артын кейде ойламайтын

аңқаулығын    демография,  жер  көлеміміздің  кеңдігімен,

халқымыздың кең пейілдігімен  ұштастырып, қорытындыға кел-

гені едәуір ойларға батырады.

Қорыта келгенде, қазіргідей бақытты өмір сүріп жатқанымыз,

жаратушы  Алламыздың  біздің  кеңпейілді  халқымызға,  қазақ

еліне, қазақ жеріне берген нығметі, сыйы деп білеміз!

Алла  тағала    отанымызды  аман  етіп,  елімізге  бірлік-береке

ынтымақ бергей!



Әлиасқар Әбеуов.

Не нәрсенің басы болса, соның аяғы да бо-

лады.  «Тумақ  барда,  өлмек  бар».  Бұл

дүниеде  мәңгі  бір  Алла  ғана,  басқасының

бәрі өткінші, алдамшы, тұрлаусыз. Адам ба-

ласы  аз  өмір  сүре  ме,  көп  пе,  әйтеуір

өлшеулі ғұмыры бітіп, өлім үкімі келгенде,

дүниенің  қызық-думанына  қарайламай,

кете  барады.  Хәкім  Абай  айтқандай,

«өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!». 

Құнанбай  қажы  мешітінің  бас  имамы

Әміржан 


Анзабековпен 

болған


сұхбатымыз  да    осы  бір  тақырып  өзегін

қаузаған болатын. Қайтыс болған адамды

жөнелту,  жерлеу  тәртібін  дұрыс  атқару,

жаңадан жер алынып, белгіленген зират

туралы  және  басқа  да  іс-шаралар  жа-

йында  болған  әңгімеміздің  нобайы

төмендегідей. 

-  Әміржан  Әшімұлы,  жаңадан  ашы-

лып  бекітілген  зират  туралы  айта

кетсеңіз.

-  Жалпы  зиратты  жаңа  жерден  ашу

көптен бері айтылып келе жатқан мәселе

болатын. Бұл жергілікті әкімдіктің де жіті

назарында  болды.  Содан  құзырлы  ор-

гандармен  бірлесе  отырып,  жерді

таңдадық. Егіндібұлақ ауылына шығар

жолдың сол жақ қапталынан жер белгі-

леп,  тиісті  құжаттау  жұмыстарын

атқарып,  500  га  жерді  заңдастырдық.

Бұл жер енді тікелей мешіттің иелігінде.

Аудандық бюджеттен 2 миллион 191

мың  теңге  бөлініп,  «СанТехСтудия»

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі

жерді 

темір 


шарбақпен 

қоршап,


қақпасын салды. 

-  Кейінгі  кезде  осы  жаңа  жерге

марқұмдарды  жерлеу  рәсімі  ту-

ралы  бәрі  шариғат  үкімімен  бо-

лады, мазар салу, үлкен ескерткіш

орнатуға тыйым салынады дегенді

естіп жатырмыз. 

-  Дұрыс.  Бұл  зиратқа  қайтыс

болғандарды  жерлеу  тек  шариғат

үкімімен 

атқарылатын 

болады.


Мұсылман дінінде ысырапшылдыққа

жол берілмейтіндігін бәріміз білеміз.

Марқұмның басына қымбат тас ор-

натып, шығынданып, қоршау жасау

сол қайтыс болған адамға еш пай-

дасын тигізбейді. Әрине, бәріміз тір-

лігінде  қадір  тұтып,  құрметтеген

жандарымызға  қайтыс  болғаннан

кейін де осындай құрмет ишаратын

жасағымыз  келеді.  Бірақ  бұл

шариғат үкіміне қайшы. Тіпті сүйікті

пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с)

«ақырзаман  тақағанда  адамдар

қайтыс  болған  адамдардың  ба-

сына ғимарат салудан жарысады»

деген  хадисі  де  бар.  Сондықтан

біз бұдан аулақ болғанымыз жөн. 

Жаңа  зиратта  жерленетін

марқұмдар  шариғат  үкіміне  сай

жөнелтілсе  деген  ниетіміз  де

содан.  Құлпытас  биіктігі    1  метр

20  сантиметрден  аспауы  тиіс.

Көктаста марқұмның суреті бол-

майды. 


Пайғамбарымыздан

(с.ғ.с) түскен рауаяттарда жанды

нәрсенің суреті бар жерге пері-

штелер келмейді делінеді. Яғни

сурет 

қойылмайды. 



Және

қабірдің  жан-жағы  биіктігі  30

сантиметр 

бордюрмен

қоршалады. 

Міне, 


барлық

жұмыс осымен тәмәмдалу тиіс.

Ал қатар тұрған 2 қабір арасы

70 сантиметр болады.



-  Ислам  діні  дамыған

өркениетті елдерде де осын-

дай ғұрыпты ұстанады ғой?

- Ия, араб елдерінде, өзіміздің

түрік ағайындарымызда осын-

дай  шариғат  үкімі  қалтқысыз

атқарылады.  Осыған  біз  де

мойынұсынуымыз 

керек.

Мазардың үлкендігі мен кіші-



лігі,  қымбаттылығы  мен  арзаны

Алла  тағала  үшін  ешқандай  құны

жоқ.  Алланың  алдында  барлық

пенде 


бірдей. 

Сіздің 


қымбат

қабіріңіз ақиретте сіз үшін ешқандай

жеңілдік бермейді. Қайта  орынсыз

ысырапқа  сұрау  болады.  Сол

шығынды жоқ-жітікке, кедей-міскінге,

жетім-жақыбайға,  басқа  да  мұқтаж

жандарға  үлестіріп  берсеңіз,  үлкен

сауап  емес  пе?  Жол  салу,  бала-

бақша ашу, су тарту сияқты маңызды

жұмыстарды  атқарған  әбден  дұрыс

болады.  Міне,  осыны  жақсылап

түсінген 

жөн. 

Қазірде 


қабірдің

қымбаттылығымен, 

зәулімдігімен

бәсекеге түсіп, мақтанатындар пайда

болды. Бұл мүлдем қате. 

Араб еліне қажылыққа барғанда, 70

мың сахаба жерленген зиратты көрдік.

Жатқан жерлерінде елеусіз ғана белгі-

лер  тұр.  Басқа  ескерткіш,  биік  сарай

жоқ. Ал асыл пайғамбарымызға (с.ғ.с)

демеу болып, қолдаған, қасиетті дінді

таратып,  насихаттаған  сахабалардан

ардақты кім бар? Біз оларға тек абзал

істерін жалғастырып, дінді насихаттап,

сауапты  істерді  барынша  көп  жасап

қана, құрмет көрсете аламыз. 



Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 412.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет