Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 412.5 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата29.04.2017
өлшемі412.5 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

аудандық қоғамдық-саяси газет

№87-88

(11314)

Сенбі

1 қараша

2014  жыл

Берекелі  күздің  дәстүрлі

жәрмеңкесі  әр  сенбі  күні  қала

жұртшылығының 

қысқы

қамданысын тіптен жеделдетіп



жіберген сыңайлы. Қарашаның

қара суығынан бұрынырақ кел-

ген  қазанның  қақаған  ызғары

барша 


қарағандылықтарды

жәрмеңке 

алаңына

топтастырғандай болды. Күннің



бүрсең  қақтырған  жел  аязына

тоңса 


да 

ертелетіп

базаршылаған  көпшілік  ұзын

саны 


22-ден 

аса 


сауда

шатырларының  алдында  ке-

зекте 

тұрды. 


Сауда 

көрігін


қыздырды. Ал, ауылдың еңбекқор

тұрғындары жәрмеңкеге “алыстан

арбалатып” 

әкелген


ауылшаруашылық 

азық-түлік

өнімдерін жарқырата жайып салды.

Жәрмеңкеде ет-сүт, көкөніс, жеміс-

жидек,  ара  балы,  шұлық-ұйық

балалардың  қыс  мезгіліндегі  пай-

даланатын ойыншықтарымен қоса

шаңғы-шана,  шаруашылық  тауар-

лары  қолөнер  бұйымдары  сауда-

ланып,  өз  тұтынушысын  тауып

жатса, 

Абай 


ауданы

ұйымдастырған 

“Ақ 

бауырсақ”



қайырымдылық фестивалі мен нан

өнімдерінің көрмесі  көрер көзді тойдырды.

Оның ішінде 32 түрлі, пісірілген көп ұлттың нан түрлері жәрмеңкешіл қауымның

назары мен ықыласына ие болды. “Күз-береке, күз-мереке” деп тегін айтпаса

керек,  жәрмеңке  әнші-күйшілердің  жанға  жағымды  әуенді  әндерімен  кешке

дейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Өнімдердің бағалары да  оңтайына келген қала жұртшылығы қысқы азық-түлік

қоржындарының екі басын тең толтырды. Жәрмеңке алаңында азық түліктен

қампайған қаптарды  тиеген жүк тасушы арбакештер ерсілі-қарсылы жарыса

жүгірісті. Облыс аумағындағы 8 ауданнан барған ауыл-село, қала-кенттің өнім

өндірушілерінің нәтижелі жемісін  көзбен көрген облыс әкімінің орынбасары

Ғалым Әшімов бастаған басшы қауым әр шатырдағы мол өнімді көріп риза бо-

лысты. Күннің аязы мен көк тайғақ қолайсыздығына қарамастан қала халқы

қалауларынша өз қажет-мұқтаждарын түгендеп қалуға тырысты.

Ризашылықтан алғыстарын жеткізіп қалуға да тырысып жатты. 

Облыс басшыларының айтуынша, қазан айынан басталған “Ауыл береке -

2014” жәрмеңкесі қарашаның 20-на дейін жалғасады және облыс  орталығында

ғана емес, қалаға жақын маңдағы елді-мекендерде де өткізілмек. Дәл осы күні

біздің  ауданнан  азық-түлік  апарған  жәрмеңкешілердің  бір  бөлігі  Теміртау

қаласындағы сауда сөрелерін толтырып сауда көрігін қыздырды. Төккен тер,

еткен еңбек жемісі -мал өнімінен алынған азық-түліктерін қалалықтарға пейіл-

мен ұсынған ауыл адамдарының еңбектері өлшеусіз. Тоңып жаурағандарына

қарамастан жыл он екі ай бел шешпейтін ерінбеген еңбектерінің қайтарымын

көрсе екен, апарған өнімдері “базарлы болса екен” деген тілекпен жүретініміз

жасырын емес.

Біздің ауданның Бақты, Қырғыз, Мәди, Нұрмақов, Қаракөл, Шарықты, Тегіс-

шілдік, Егіндібұлақ, Қайнарбұлақ,  селолық округтері жәрмеңкеге 3710 кг сиыр

етін, 1725 кг қой-ешкі, 780 кг жылқы етін, 40 л айран, 45 л сүт, құрт (әртүрлі 225

кг, сары май 100 кг, 85 кг ірімшік, 25 кг тоң май, 70 кг талқан апарылса, Теміртау

қаласында Нүркен, Тегісшілдік, Қырғыз, Балқантау, М.Мамыраев, Жаңатоған,

Қоянды, Егіндібұлақ селолық округтері де мол өніммен барып жоғарыдағыдай

жобадағы көлемде азық-түлік, 160 л қымыз сусынын саудаға салды.



Бану Мұқашева.

Мерзімдік  басылымдарға  жазылу  науқаны  басталғанына  да  бір

айдың жүзі болып қалды. дегенмен, әлі де болса аудандық газетке жа-

зылу  барысы  көңіл  көншітпейді.  Солай  дей  тұрғанмен  осы  саяси

науқанға үлкен жауапкершілікпен қарап, алдарына қойған меже биігінен

көрініп отырған ұжымдар баршылық. Атап айтатын болсақ, жазылу меже-

сін алғашқылардың бірі болып орындаған 

Саз мектебі (С.Сағымбаев),

№2  орта  мектеп  (С.дүйсетаев),    “Еркетай”  балабақшасы

(М.Сүлейменова),  балалар  және  жасөспірімдер  орталығы

(С.Бектұрсынов), мемлекеттік мұрағат (М.Кәрім), тарихи-

өлкентану  мұражайы  (д.Жәкенов)

мекемелерінің  және

осы 

жұмысты 

ұйымдастырушыларына, 

ұжымы

мүшелеріне алғыс айтамыз.

“Қарқаралы” газетінің редакциясы.

Алматы


қаласында  23-25

қазан 


күндері

Ж . Е л е б е к о в

а т ы н д а ғ ы

р е с п у б л и к а л ы қ

э с т р а д а - ц и р к

к о л л е д ж і н і ң

ұйымдастыруымен

Қ а з а қ с т а н н ы ң

халық  әртісі,  Мем-

л е к е т т і к

сыйлықтың  иегері

Ж ү с і п б е к

Елебековтың  110

жылдық 


торқалы

тойына  байланы-

с

т

ы



Р е с п у б л и к а л ы қ

колледж  студент-

тері 

арасындағы



дәстүрлі  әншілер

конкурсын өткізді.

23 қазан күні «Тұлға және қоғам

–тарих толқынында» атты ІІ-халықаралық

ғылыми-практикалық  конференциямен

ашылып, оған ҚР Халық әртісі Б.Бекбо-

сынов, 

ҚР 


еңбек

сіңірген 

әртісі

Ғ . М ұ х а м е д и н ,



Қазақстанға 

еңбек


сіңірген 

мәдениет


қызметкері  Т.Рахи-

мов, 


Башқұртстан

Респу блик асының

халық  әртісі  И.Иль-

баков, 


Монғол

Респу блик асының

еңбек 

сіңірген


қ а й р а т к е р л е р і

Е . М а м ы р х а н ұ л ы ,

Е . А б д о л л а ұ л ы ,

С . Қ ұ м а р қ а н қ ы з ы ,

Қырғыздың 

халық


әртісі, ҚР Мемлекет-

тік сыйлығының лау-

реаты  С.Садықова,

Г.Раймалиева  және

Түркия елінен келген

халықаралық конкур-

стар 

лауреаттары



Булент Қоиынжи, Су-

лейман 


Қоиынжи

қатысып,  шеберлік

(мастер  класс)  кла-

старын  өткізді. 

24-25  қазан  күні

қазылар  алқасының

төрағасы    ҚР  халық

артісі  Б.Бекбосынов

бастаған 

Қазақстан 

еңбек 

сіңірген


мәдениет 

қызметкері 

Т.Рахимов,

Қазақстан  еңбек  сіңірген  қайраткері

Б.Нүсіпжанова,  ҚР  еңбек  сіңірген  әртісі

Ғ.Мухамедин, 

Қазақстанның 

еңбек


сіңірген  артісі  Р.Стамғазиевтар  төрелік

жасаған    Республикалық  колледж  сту-

денттері арасындағы дәстүрлі әншілердің

конкурсына 

Қазақстанның 

барлық


өңірлері  –  Астана,

Қ а р а ғ а н д ы ,

Ж е з қ а з ғ а н ,

Ө с к е м е н ,

Қызылорда, Семей,

Көкшетау, Қостанай,

Маңғыстау, Атырау,

Шымкент 


өнер

колледждерінің  35-

ке 

тарта


ө н е р п а з д а р ы

қатысты.   

Осы талантты

өнерлі  жастардың

ішінен, 

Қасиетті


Қ а р қ а р а л ы д а н

түлеп ұшқан жерле-

стеріміз 

Қазақ


Ұлттық  өнер  Уни-

в е р с и т е т і

колледжінің  ІІ  курс

студенті 

Ермек

Нұрлытаң,  Ж.Еле-



беков атындағы Республикалық эстрада-

цирк  колледжінің  ІІІ  курс  студенті  Саян

Бөдесов, Тәттімбет атындағы Қарағанды

өнер колледжінің ІV курс студенті Шыңғыс

Сәрсенбай қатысты.

Осы 


конкурста

ж е рл е с т е р і м і зд і ң

мерейі үстем болып,

Шыңғыс  Сәрсенбай

дипломант, 

Саян


Бөдесов  ІІ-орынды,

Қарқаралы  ауданы

атынан  тігілген  бас

бәйгені  (Гран  При)

Ермек Нұрлытаң ие-

леніп, 


оны

Қ а р қ а р а л ы

а у д а н ы н ы ң

мәдениет  және  тіл-

дерді 

дамыту


бөлімінің  басшысы

Р.Жылтыбаева  ар-

найы  барып  тап-

сырды. 


Осындай

қолдау 


көрсеткен

Қ а р қ а р а л ы

ж ұ р т ш ы л ы ғ ы н а ,

аудан 


әкімі

Х . М . М а қ с ұ т о в қ а ,

ұ й ы м д а с т ы р у

алқасы 


арнайы

алғыс  хат  жолдап,

р и з а ш ы л ы қ та р ы н

білдірді.

Ж.Елебековтің  110

жылдық 


мерейто-

йына орай, осындай

өнер додасы-VI Республикалық дәстүрлі

әндерді  орындаушылар  конкурсы  29-31

қазан  аралығында  облыс  орталығы

Қарағанды қаласында да өтті.



Л.набиева,

аудандық мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің тіл маманы.  

құрметті 

Халел Мұқатайұлы!

Ж.Елебеков 

атындағы

республикалық  эстрада-цирк  кол-

леджі  2014  жылдың  23-25  қазан

аралығында  қазақтың  біртуар  ұлы,

Қазақстанның  Халық  әртісі,  Мемле-

кеттік  сыйлықтың  иегері-Жүсіпбек

Елебековтың  өнегелі  өмірі  мен

шығармашылық  мұраларын  ұрпақ

жадында 

мәңгілік 

қалдыру

мақсатында 110-жылдық торқалы то-

йына  шашу  ретінде  республика

деңгейінде дәстүрлі әншілердің кол-

ледж аралық байқауын өткізді.

Осы 

шараға 

байланысты,

халқымыздың 

ұлы 

мақсаты-

”Мәңгілік 

Ел” 

мұратын 

жүзеге

асыруға үлес қосатын, бойына “Жаңа

Қазақстандық 

патриотизмді”

жинақтаған, 

әлемдік 

бәсекеге

қабілетті  тұлғаны,  өнерлі  жастарды

қалыптастыруда-Ж.Елебековтың

азаматтық  келбеті  мен  өнердегі

мұраларын  өшірмей,  насихаттауға

қолдау 

көрсетіп, 

зор 

үлес

қосқаныңыз  үшін  шын  жүректен

алғысымызды білдіреміз.

құрметпен ұйымдастыру алқасы.

Ауыл - береке -2014

Берекелі сый-жәрмеңке

ҚАрАғАндыдА

Баспасөз -2015

алғыс айтамыз

Жағымды жаңалық

Ән додасында топ жарды

МаМандарды құттықтады

Әр мамандықтың өз жауапкершілік жүгі болады. Ал, сол жауапкершіліктің барлығы

халықтың игілігіне тынымсыз еңбек етуге бағытталған. Алдына келген адамға сы-

пайы  да  сапалы  қызмет  көрсету  тек  маманның  ғана  емес,  сол  мекеменің  де

мәртебесін  көтереді.    Сондай    мекемелердің  бірі  әлеуметтік  сала  қызметкерлері

еңбек ететін ауқымды жұмысты, тынымсыз еңбекті қажет ететін мекемелер. Жақында

өткен әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай еңбеккерлердің кәсіби мерекесімен

аудан  басшылары  қала  басындағы  аудандық  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі мен аудандық зейнетақы төлеу орталығының ұжымымен кез-

десті.    Аудан  әкімі  Х.Мақсұтовтың  алғыс  хатын  әлеуметтік  сала  жөніндегі  аудан

әкімінің  орынбасары  С.Әлиұлы  қос  мекеменің  басшылары  Б.Жұманбаев  пен

Н.Темірғалиевтерге табыс етті.  “Нұр Отан” партиясы Қарқаралы аудандық филиалы

төрағасының орынбасары М.Тойымбеков, ішкі саясат бөлімі мен үйлестіру бөлімінің

басшылары  Д.Халел  мен  Д.Бақтияровтар  мамандарды  кәсіби  мерекелерімен

құттықтады.

Сағыныш Әбілова.


2

1 қараша 2014 жыл

«Мектеп-кеме,

білім-теңіз»  демекші,

талай  шәкіртіне  тал-

майтын  талап  сыйлап,

білім 


нәрімен

с у с ы н д а т қ а н

Қ а р қ а р а л ы д а ғ ы

қарашаңырақ алтын ұя,

білім  ордасы  жарты

ғасырлық  тарихы  бар

№44 орта мектептің ме-

рейтойы 


салтанатты

түрде 


аталып 

өтті.


Алғаш  іргетасы  1964

жылы  қаланған  білім

о р д а с ы н ы ң

өркендеуіне, 

сапалы

білім 


негізінің

қалануына атсалысқан

мектеп  директорлары

С . Д ү й с е т а е в ,

Т.Сәдуақасов, 

Д.На-


урызбаев,  оқу  ісінің

меңгерушілері  Р.Жұмаділов,  Т.Әуесбаев,  Ж.Тохметов,  З.Байғожина,  тәрбие

жөніндегі  орынбасарлары  Ү.Қаңтарбаева,  Х.Қаңтарбеков,  Ғ.Медеубаева,

Ж.Әбдікәрімов,  З.Байғожина,  М.Абилова,  Б.Айтбаевалар  өздерінің  сүбелі

үлестерін қосты. Сансыз сағаттар, күндер мен жылжыған жылдарды өткізіп, ал-

дына тарыдай болып кіріп, білім нәрімен сусындатып, таудай болған шәкірттерін

мектеп қабырғасынан ұшырғанына 50 жыл толған білім ордасының мерейтойына

еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген «оқушылары» келді. Балалық шақтың

алаңсыз  да  көңілді  күндерін  бірге  өткізген  сыныптастар  бірін-бірі  көріп,

ұстаздарымен кездесіп, мектеп қабырғасындағы естеліктерді еске алды. Бір кез-

дері оқушылар болған қыз бен жігіт бұл күнде ел ағалары, бір-бір ғылымды игеріп,

түрлі  саланың  маманы  атанған  ұлағатты  жандар.  Мерекелік  шараға  келген

қонақтар алдымен тарих кабинетінің ашылуына қатысқаннан кейін мерейтойға кел-

ген қалың көпшілік акт залындағы «самғатқан сан қыранды алтын ұя» атты сазды

бағдарламаны  тамашалады.  Балапандай  баптап,  ұядан  қияға  өз  қолымен

мыңдаған ұлдары мен қыздарын биікке самғатқан білім ордасының мерейтойы-

мен  құттықтаған  аудан  әкімі  Х.Мақсұтовтың  ізгі  тілегін  жеткізген  аудан  әкімінің

орынбасары  С.Әлиұлы  спорттық  жабдық-шаңғыларды  табыстады.  Өскелең

ұрпаққа білім беріп, «өмір атты қиянға қанат қақтырған киелі білім ордасының та-

рихынан сыр шертетін, және бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар ететін мазмұнды

баяндаманы  мектеп  директоры  А.Елеусізов  жасап  соңынан,  қасиетті

қарашаңырақта  дәріс  берген  ұлағатты  ұстаздар  жайлы  бейнеролик  көрсетілді.

«Шәкірсіз ұстаз тұл» демекші, алдындағы шәкірті ұстазының үкілі үмітін ақтаса

ұстазға одан артық бақыт бар ма? Иә, білімді де білікті мұғалімнен білім алып,

киелі орданың тәрбиесімен жетілген №44 орта мектептің шәкірттері де бүгін түрлі

мамандықтың  иелері  атанып,  елі  үшін  елеулі  қызметтер  атқаруда.  Солардың

қатарында,  Төребеков  Бағлан  –  Қарағанды  Мемлекеттік  техникалық

университетінің    доценті.  Хасенов  Мұрат  Қарағанды  Мемлекеттік  техникалық

университетінің кафедра меңгерушісі, Сыздықов Сатай - Лев Гумилев атындағы

Еуразия Ұлттық университетінің  мұғалімі, профессор, философия ғылымының

докторы, Саменова Света - Жезқазған педагогикалық институтының мұғалімі, фи-

лология ғылымының кандидаты, Мұқышева Гүлім - химия ғылымының кандидаты,

фито-химия холдингтің жетекші қызметкері, Омарқұлов Берік –ғалым–физик, Сем-

бай Мағауия- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, “Орталық

Қазақстан”  газетінің  бас  редакторы,  Жекеев  Серік  -  аудандық  медециналық

орталықтың  директоры,  Дүйсетаев  Берік  -  облыстық    Қазақстан-Қарағанды

телеарнасының  директоры,  Ахметчин  Тұрар  “Сарыарқа”  шаруашылық

қожалығының жетекшісі. Бұл ұстаздардың жалықпай атқарған еселі еңбегінің же-

місі. Мектеп үшін де, шәкірт үшін де ұстаздың орны қашанда ерек. Жарты ғасыр

бойы мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, еліміздің кемел келешегінің қалануына үлес

қосқан білім ордасының мерейтойымен құттықтай келген    аудандық білім, дене

шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Жетпісбай Жетібаев та өзінің ізгі тілегін

жеткізді. Аталмыш білім ордасында жемісті еңбек еткен, жауапкершілігі зор мін-

детті абыроймен атқарып, шәкірттерінің құрметіне бөленген ардақты

жандар ұстаздар қауымы да өздері қызмет жасаған білім ордасының

мерейлі мерекесінде ақ жарма тілектерін жеткізді. Сондай ұлағатты

ұстаздар-1984-1987 жылдары № 5 мектеп-интернатының директоры,

1995-2014 жылдары  аудандық білім, дене шынықтыру және спорт

бөлімінің  бастығы  болған,  Қазақстан  Республикасының  Білім  беру

ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

қайраткері,    Үздік  мемлекеттік  қызметші,    Қазақстан  даңқы  ордені,

Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Тілек Садуақасов, көп жылдар

бойы 

Қарқаралы 



ауданының 

білім 


бөлімінің 

бастығының

орынбасарының қызметін атқарған, облыстық білім беру департамен-

тінде  еңбек  еткен,  білім  беру  саласының  үздік  қызметкері,

ұстаздардың  ұстазы,  еңбек  ардагері  Раиса  Сабитова,  көп  жылдар

бойы  №  5  мектеп-интернатының,  кейін  лицей    директоры  болған,

ҚазССР халыққа білім беру ісінің үздік белгісінің иегері Диас Наурыз-

баев, 1976-1984 жылдары № 5 мектеп-интернатының директордың

оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ҚазССР халыққа білім беру ісінің үздігі

Жарылқасын Тохметов, «Ленин» ордені, Құрмет белгісі ордені иегері,

ҚазССР халыққа білім беру ісінің үздік белгісінің иегері Макила Тай-

жанова,  ҚазССР  халыққа  білім  беру  ісінің  үздік  белгісінің  иегері

ұлағатты ұстаз Мария Алданова, № 44 орта мектептің  директорлары

болған Саят Оспанов, Серік Бектұрсыновтар ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен  қатар,  елімізге  зиялы  да  білімді  ұрпақ  тәрбиелеуге

мүмкіншілік жасап, үлес қосқан 2000-2010 жылға дейін Қарқаралы ауданының әкімі

болған Ниқан Омарханов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы,

Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  мектеп  интернатының  түлегі  Мағауия

Сембаевтар өздері келмесе де құттықтау хаттарын жолдаған екен. Қуанышты сәт,

мереке  негізі  шын  көңілден  шыққан  ақ  тілекпен  астасып  жатады.  Осындай

лебіздердің  легінен  қала  басындағы  мектеп  басшылары  мен  қатар  мектеп

түлектерінің де құттықтаулары айтылып жатты. Ең бастысы шәкірттің мектебіне,

ұстазына деген ыстық ықыласы. Шәкірті ұстазымен кездесіп, сыныптастар емен-

жарқын табысқан игілікті шараны ұйымдастырған, аталмыш білім ордасында же-

місті еңбек еткен Медеубаева Ғалияш апай және Байғожина Зайда апайлардың

еңбегі  зор.  Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім-тәрбие  беру,  жақсы

қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың

еңбегі  зор.  Мектеп-білім  тірегі,  ұстаз  оның  жүрегі  деп  қуанышта  бас  қосқан

түлектер  мен  мектеп  ұжымының  есінде  50  жылдық  мерейтой  көпке  дейін

сақталары сөзсіз. 



Сағыныш Әбілова. 

Т.Хамитов (ФОТО).

Бүгінгі  күні  елімізде  әлеуметтік  қолдауға

мұқтаж жалғызілікті қарттарымыздың жанынан табы-

лып, мүгедектердің мұңын бөлісіп,

қолұшын  беріп  жүрген  жандар  аз

емес. 


Олар-әлеуметтік 

қорғау


жүйесінің қызметкерлері. Мейірім-

ділік 


пен 

адамгершілікті,

қамқорлық пен қайырымдылықты

жандарына  серік  етіп  мейірім

шуағын сыйлап жүрген әлеуметтік

салада  еселі  еңбек  етіп  жүрген

қызметкерлерді  қалай  дәріптесе

де  жарасады.  Аталмыш  салада

тынбай 

еңбек 


етіп 

жүрген


мамандық иелерінің  кәсіби мере-

кесі 


психоневрологиялық

медициналық-әлеуметтік мекеме-

сінде де салтанатты түрде аталып

өтті. Алдымен, жүгі ауыр, жауап-

кершілігі  зор  мекемеде,  қиын

күндерде  тізе  қоса  иық  тірестіре

еңбек  еткен,  бүгінде  құрметті

демалысқа  шыққан  еңбек  арда-

герлеріне  құрмет  көрсетілді.  Гүл

шоқтарын  беріп,  сый-сияпаттар

табыстады.  Жарымжан  жанның

жүрегін  жылытып,  жанайқайын

түсініп 

жүрген 


әлеуметтік

қызметкерлерді мекеме басшысы

Н.Тұрсынбеков,  “Нұр  Отан”  пар-

тиясы  Қарқаралы  аудандық  фи-

лиалы төрағасының орынбасары

М.Тойымбеков, аудандық «Қарқаралы» газетінің бас

редакторы, 

аудандық 

мәслихаттың 

депутаты


Р.Смағұлов,  аталмыш  мекемеде  үздіксіз  14  жыл

қызмет  жасаған  бүгінде  құрметті  зейнеткерліктегі

Мұрат 

Әбдірайымовтар 



кәсіби 

мерекелерімен

құттықтады. 

Мереке 


күні 

бір 


топ 

мекеме


қызметкерлері  де  елеусіз  қалмады.  Ә.Кемпірбаева,

Қ.Қасымбекова,  С.Абилов,  А.Сисин,  С.Сағадиева,

Г.Апашева, З.Сапарғалиева, А.Жармағанбетова, М.

Ақбай, З.Карибаеваларды мекеме басшысы марапат-

таса, кәсіподақ ұйымының атынан мүшесі С.Барлы-

баева,  А.Иманқұловаға,  Ж.Тұралықоваға,  Гүлден

Қызылбаеваға, Қорлан Төлеубаеваға, М.Олжабаеваға

және осы мекемеде 14 жыл жемісті еңбек еткен, ақ ха-

латты  абзал  жан  Р.Естемесоваға,  сонымен  қатар

есепшілер  бөліміне  сый-сияпат  жасап,  мақтау

қағаздарымен 

марапаттады. 

Сонымен 

қатар


жүргізушілерге де осы мерекеде еңбектерінің  жемісі

ретінде 


мекеме 

басшысының 

орынбасары

Н.Әубәкіров марапаттап, ізгі тілегін жеткізді. Әрине

мерекенің мазмұнын ашып, мерейін асыратын сазды

бағдарлама  да  ретімен  орындалып  жатты.  Салта-

натты шараның шарықтау шегі болған «Алғыр маман»

атты  мамандар  арасындағы  жарыс.  Сайысқа

Г.Абзалқызы 

әлеуметтік

тұрмыстық 

саладан,


Р.Рахметоллақызы 

әлеуметтік

медицина 

саласынан,

Ж.Алпысбайқызы әлеуметтік пси-

хология 


саласынан,

Е.Қайыржанұлы 

әлеуметтік

шаруашылық саласынан қатысып

бақтарын  сынады.  Әдеттегідей

өзін-өзі таныстыру, өнер сайысы,

сұрақ-жауап кезеңдерінен тұрған

сайыста 


қатысушылар 

бар


өнерлерін  ортаға  салып  бақты.

Бірі түрлі ұлттың биін билесе, бірі

ән  айтты,  өз  мамандықтарына

қатысты  сұрақтарға  мүдірмей

жауап берді. Алғырлығымен «оза

шауып»  көзге  түскен  сайысқа

қатысушылар  түрлі  номинация-

лар  бойынша  жеңімпаз  атанып

сыйлықтарға  ие  болды.  Үлкенді

сыйлап, 


құрметтеу 

кейінгі


толқынның жастардың абзал бо-

рышы.  Қазақ  халқында  «біз  де

сендей  болғанбыз,  сіз  де  біздей

боларсыз»  деген  асыл  сөздің

қадірін  түсініп,  саналы  ғұмырын

осы 


мекеменің 

өркендеуіне

арнаған 

ардагерлер,

бейнеттерінің 

зейнетін 

көріп

отырған  ардақты  аға-апаларымыз  Х.Кемпірбаев,



М.Әбдірайымов, Л.Байгулина, Р.Әлібаева, А.Байбе-

кова, Р.Естемесоваларды қадірлеп, ақ жарма көңілін

ұсынған мекеме ұжымына риза көңілмен тарастық. 

Сағыныш Әбілова.

Мерекенің Мерейі


Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 412.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет