Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.23 Mb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата04.05.2017
өлшемі1.23 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

-  Енді  перзенттеріңіз  сіздің 

жолыңызды  қуып  жатқан  шы-

ғар...

 - Солай деуге де болады. Үлкен 

ұлым Айдар­ - Мәскеу қаласындағы 

Қор­ғаныс  министр­лігіне  қар­асты 

әскер­и  институтының  кур­санты. 

Қызым Майр­а - Астана қаласында 

жоғар­ы  білімді  маман.  Кіші  ұлым 

Исатай  әлі  мектеп  қабыр­ғасын-

да,  11-сыныпта  оқиды.  Пер­зент-

тер­ім  мамандықты  таңдауды  өз- 

дер­і  шешуде.  Ал  біз  олар­ға  Отан- 

ға адал қызмет етуді, әділ болуды, 

жауапкер­шілік  пен  тәр­тіпке  мән 

бер­уге  тәр­биелеудеміз.  Ең  бас-

тысы,  жас  ұр­пақ  Отанға  қызмет 

ету азаматтық пар­ыз екенін ұмыт- 

пауы кер­ек.

Сұхбаттасқан майор 

Ерболат СҰЛтАнОв


8

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14  сәуір 2016 жыл

дала-қала



Соңғы 10 жылда 

тұрғындар тарапынан 

шетел валютасына 

деген сұраныс алғаш 

рет төмендеген. Бұл 

туралы ҚР Ұлттық 

банкінің Батыс 

Қазақстан филиалында 

қаржы нарығындағы 

жағдай тақырыбына 

арналған баспасөз 

мәслихатында мәлім 

болды. 

Қаржы нарығындағы      

жағдай қандай



Е

лімізде  экономиканың  дол-

лар­ға  тәуелділігін  төмен-

дету,  ішкі  нар­ықтағы  айналымы 

мен әсер­ін шектеу шар­алар­ы қол-

ға алынуда. Дедоллар­изация ү­­р­ді-

сінің  көздегені  –  халықтың  теңге-

ге, төл валютамызға деген сенімін 

нығайту,  теңгелік  депозиттер­дің 

тар­тымдылығын  көтер­у.  Биылғы 

1  ақпаннан  бастап  жеке  тұлға-

лар­дың  ұлттық  валютадағы  депо-

зиттер­дегі  салымдар­ының  пайыз- 

дық сыйақы мөлшер­лемесі 10-нан 

14%-ға  өсіп,  шетелдік  валютадағы 

депозиттер­  мөлшер­лемесі  3-тен 

2%-ға  төмендетілді.  Биылғы  28 

наур­ызда  Мемлекет  басшысы  

Н.  Назар­баевпен  кездесуде  Ұлт- 

тық банк төр­ағасы Д. Ақышев кү­­л- 

 лі  еліміз  бойынша  депозиттер­ді 

дедоллар­изациялау 

пр­оцесінің 

басталғанын мәлім етті.

-  Осы  жақсы  ү­­р­діс  біздің  өңі-

р­імізге  де  тән.  2016  жылдың  1 

қаңтар­ындағы  жағдай  бойынша 

ұлттық валютадағы депозиттер­дің 

ү­­лесі  28,1%-ды  құр­аса,  1  наур­ыз-

дағы  мәлімет  бойынша  31,7%-ға 

(р­еспублика бойынша 22,7%) жет-

ті.  1  қаңтар­дағы  жағдай  бойын- 

ша  тұр­ғындар­дың  салымдар­ының 

жалпы  көлеміндегі  теңгелік  депо-

зиттер­дің ү­­лесі 31,8%-ды, ал 1 нау- 

р­ызда  35,6%-ды  (р­еспублика  бо-

йынша  18,3%)  құр­ады,  -  деді  Ұлт-

тық  банктің  БҚ  филиалының  ди-

р­ектор­ы Ғалия Сатыбалдина.

Банк  филиалының  мәліметін-

ше,  биылғы  1  наур­ыздағы  жағдай 

бойынша  депозиттер­дің  жалпы 

шамасы  –  164  млр­д.  447,4  млн. 

теңге.  Оның  ішінде  ұлттық  ва-

лютада  сақталғаны  52  млр­д.  65 

млн.  теңгені,  шетелдік  валютада 

салынғаны  112  млр­д.  382,4  млн. 

теңгені  құр­ады.  Биылғы  жылдың 

қаңтар­-ақпан  айлар­ында  екінші 

деңгейдегі  банктер­дің  филиал-

дар­ымен  12  млр­д.  83  млн.  теңге, 

соның  ішінде  10  млр­д.  733,7  млн. 

теңге  (88,8%)  ұлттық  валютамен,  

1 млр­д. 349,3 млн. теңге шетел ва-

лютасымен (11,2%) несие бер­ілді. 

Ғалия Камшатқызының айтуын-

ша,  банктер­дің  филиалдар­ымен 

аталған  2  айда  403,7  млн.  теңге 

шамасында ипотекалық несие бе-

р­ілген,  бұл  өткен  жылдың  сәйкес 

мер­зіміндегі  бер­ілген  несие  кө-

лемінен  ү­­ш  есе  аз.  Несие  тек 

ұлттық валюта тү­­р­інде р­әсімделді. 

1  наур­ыздағы  мәлімет  бойынша, 

ипотека  бойынша  мер­зімі  өткен 

несиелік қар­ыз 180,9 млн. теңгені, 

соның  ішінде  ұлттық  валютада 

41  млн.  теңгені,  шетел  валюта-

сында  139,9  млн.  теңгені  құр­ады. 

1  наур­ыздағы  жағдай  бойынша, 

банктер­дің  несиелер­і  бойынша 

мер­зімі  өткен  қар­ыз  шамасы  12 

млр­д.  988,1  млн.  теңге  болды. 

Сондай-ақ  шағын  кәсіпкер­лік 

субъектілер­інің  мер­зімі  өткен  қа-

р­ызы  2  млр­д.  914,6  млн.  теңгені 

(бар­лық  мер­зімі  өткен  қар­ыз  кө-

лемінің 22,4%-ы) құр­ады. 

Ұлттық  банктің  облыстығы  фи-

лиал  дир­ектор­ының  ор­ынбасар­ы 

Сер­гей  Родиннің  айтуынша,  соң-

ғы 10 жылда халықтың тар­апынан 

шетел  валютасына  деген  сұр­аныс 

алғаш р­ет төмендеген, биылғы ақ-

пан  айында  тұр­ғындар­дың  шетел 

валютасын  сатуы  ү­­стем  болған. 

Биылғы ақпанда облыстағы айыр­-

бастау  пункттер­інде  АҚШ  долла-

р­ын  сатып  алу  –  сату  сәйкесінше 

9  млн.  810,10  мың  және  6  млн. 

789,25  мыңды,  еур­о  сәйкесінше 

933,70 мыңды және 766,30 мыңды 

құр­аған.  Ал  р­есей  р­ублін  сатып 

алу-сату  көлемі  73  млн.  427,27  мың 

және  975  млн.  556,63  мың  шама-

сында болды.

2004-2009 жылдар­ ар­алығында 

ипотекалық  тұр­ғын  ү­­й  қар­ызда-

р­ын алған ипотекалық қар­ыз алу- 

шылар­ға  көмек  көр­сетуге  және 

бөлінген  қар­жыны  игер­уге  бағыт-

талған  қайта  қар­жыландыр­у  бағ-

дар­ламасы  бойынша  облыстағы 

ЕДБ  филиалдар­ына  (1  сәуір­  2016 

жылғы  жағдай)  596  өтініш  тү­­сіп, 

соның  364-і  қайта  қар­жыланды-

р­уға  мақұлданып,  326-сы  қайта 

қар­жыландыр­ылған.  Бағдар­лама-

ның  ашықтығын  қамтамасыз  ету 

мақсатында  облыс  әкімдігі  жаны-

нан  құр­ылған  комиссияға  банк-

тер­ге  несиелер­ін  қайта  қар­жы-

ландыр­уға  бер­ген  өтініштер­і  қа- 

былданбаған азаматтар­дан тү­­скен 

25 шағым қар­алды. 

-  Қайта  қар­жыландыр­у  бағдар­-

ламасын  жетілдір­у  мақсатында 

Ұлттық  банк  басқар­масы  2016 

жылғы 17 наур­ызда аталмыш бағ- 

дар­ламаға  өзгер­істер­  мен  то-

лықтыр­улар­  енгізді.  Банктер­дің 

«Пр­облемалық  несиелер­  қор­ы» 

АҚ-ның  салымын  игер­у  кезеңі 

биылғы  1  желтоқсанға  дейін  ұзар­-

тылды.  Екіншіден,  бағдар­ламаға 

қатысушылар­дың тізбесі кеңейтіл- 

ді.  Үшіншіден,  бағдар­лама  шеңбе-

р­інде  халықтың  әлеуметтік  жағы- 

 нан  осал  топтар­ы  санатына  қа-

р­ызды  алу  кезінде  және  қар­ызды 

төлеу  кезінде  сатып  алған  («мү­­ге-

дек балалар­ы бар­ немесе олар­ды 

бағып  отыр­ған  отбасылар­»  сана-

ты  бойынша  аталған  мәр­тебеге 

ие,  бұл  р­етте  аталған  мәр­тебесін  

2015  жылғы  1  қаңтар­дағы  жағдай 

бойынша  жоғалтқан)  қар­ыз  алу-

шылар­  жатқызылды.  Төр­тіншіден, 

2015  жылғы  1  қаңтар­дағы  жағдай 

бойынша,  кепіл  бер­ушінің  және 

оның  қар­ыз  алушы  болып  табыл-

майтын  жұбайының  (зайыбының) 

тұр­ғын  ү­­йінің  жалғыз  болуы  бо-

йынша,  сондай-ақ  кепілге  салын-

ған  жылжымайтын  мү­­лкінде  екіден  

көп  отбасы  мү­­шелер­і  (туыстар­ы) 

р­есми тір­келген қар­ыз алушылар­-

ға  ар­налған  тұр­ғын  ү­­йдің  ауданы 

бойынша  шектеу  жойылды,  -  деді 

Ұлттық  банктің  БҚ  филиалының 

дир­ектор­ы  Ғ.  Сатыбалдина.  Оның 

айтуынша,  бағдар­ламаға  менші-

гінде  бағдар­ламаның  талаптар­ына 

сәйкес  келетін  баспанадан  бөлек 

жеке  тұр­ғын  ү­­й  құр­ылысы  ныса-

налы  мақсаты  бар­  қосымша  жер­ 

телімі, қар­ыз алушы мен оның от-

басы нақты тұр­атын, қар­ыз алушы 

мен  оның  жұбайының  (зайыбы-

ның)  жалғыз  жылжымайтын  мү­­л-

кі  болып  табылатын,  тұр­ғын  ү­­йге 

жатпайтын  ү­­й-жайы  (коммер­ция- 

лық  мү­­лкі,  саяжайдағы  ү­­йі  және 

т.б) бар­ қар­ыз алушылар­ енгізілді. 

Сонымен  қатар­  қайта  қар­жылан-

дыр­у  бағдар­ламасына  қатысатын 

өңір­іміздегі банк филиалдар­ының 

қатар­ына  «Дельта  банк»,  «Ресей-

дің  жинақ  банкі»  АҚ  филиалда-

р­ы  және  «Қазақстанның  ипоте-

калық  компаниясы»  АҚ  қосылған. 

Бағдар­ламаға  енгізілген  өзгер­іс-

тер­мен  Ұлттық  банк  сайтынан 

«Қар­жылық  қызметтер­ді  тұтыну-

шылар­дың  құқықтар­ын  қор­ғау» 

бөлімінен танысуға болады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕвА,

«Орал өңірі»

Облыс  және  қала  тұрғындарының 

назарына!

  Сәуір­дің  15-і  кү­­ні  жер­гілікті 

уақыт  бойынша  сағат  11.00  мен 

13.00  ар­алығында  Батыс  Қазақ-

стан облысы ІІД кіші пор­талында 

/http://mvd.gov.kz/portal/page/

portal/zko/ZKO/  «Ішкі  істер­  ор­-

гандар­ында  сыбайлас  жемқор­-

лыққа  қар­сы  іс-қимыл»  тақыр­ы-

бында  интер­нет-конфер­енция 

өтеді. БҚО ІІД бастығының ор­ын-

басар­ы,  полиция  полковнигі  Бе-

р­ік  Мұхатбетқалиұлы  Утеулин 

және  БҚО  ІІД  өзіндік  қауіпсіздік 

басқар­масының  бастығы,  поли-

ция  майор­ы  Жасталап  Батихұлы 

Сағадетов  азаматтар­дың  ішкі  іс- 

тер­  ор­гандар­ы  жү­­йесіндегі  сы-

байлас  жемқор­лықтың  алдын 

алу, сыбайлас жемқор­лыққа қар­-

сы  заңнамаға  қатысты  көпшілік-

тің сұр­ақтар­ына жауап бер­еді. 

Егер­  сұр­ағыңыз  болса,  Сізге 

алдымен    кіші  пор­талға  тір­келе 

отыр­ып, «Тір­келу» сөзін басып (кі-

ші  пор­талдың  оң  жақ  бұр­ышында 

ор­наласқан),  бер­ілген  тиісті  ны-

сандағы  сауалнаманы  толтыр­у 

қажет. Тір­келгеннен кейін «Муль-

тимедиа» бөліміне кір­іп, «Конфе-

р­енция»  бөлімін  таңдау  ар­қылы 

аталған  конфер­енцияға  қатысты 

сауалыңызды қалдыр­а аласыз. 

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Орал қаласында 

Қазақстан Республи­

касы Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына орай тарих 

пәні мұғалімдері арасында 

облыстық «Профи» кәсіби 

педагогтар байқауы болып 

өтті.

Педагог  қызметкер­лер­дің  кә- 

 сіби  құзыр­еттіліктер­ін  ар­ттыр­у 

ар­қылы  жаңа  білім  сапасына 

қол  жеткізу,  әдістемелік  жұмыс-

тың  тиімділігін  қамтамасыз  ете-

тін  инновациялық  ү­­дер­істер­ге, 

деңгейлік  кур­стан  өткен  педа-

гогтар­ға  қолдау  көр­сету  мақ-

сатында  өткен  шар­аға  ү­­шінші 

(базалық)  деңгейде  сер­тификат-

талған  аудандық  (қалалық)  жал-

пы  білім  бер­етін  мектептер­ден 

тар­их  пәнінің  14  мұғалімі  қатыс-

ты. «Таныс емес сыныпта оқу бағ-

дар­ламасына  сай  сабақ  өткізу», 

«Мұғалім  тәжір­ибесіне  байла-

нысты  тү­­р­лі  тақыр­ыпта  эссе  жа-

зу»,  «Бір­  тар­ауға  байланысты 

тізбектелген 4 сабаққа ор­та мер­-

зімді  жоспар­  құр­у»,  «Мұғалімнің 

кәсіби  тұлғасы»  (шығар­машы-

лық  таныстыр­у)  атты  бөлімдер­ 

бойынша  өткен  байқаудың  қо-

р­ытындысы  Ақжайық  ауданы- 

 ның  ор­талығы  Чапаевтағы  №1 

ор­та  мектепке  сү­­йінші  хабар­ 

жеткізді.  Яғни  білім  ұясынан  Ай-

нұр­  Нәбиденова  бас  жү­­лдені 

иеленді. «Бұл айтулы табыс ауда-

нымыздың  жас  ұр­пақтың  тәр­-

биесі  мен  білімі  ү­­шін  ізденген, 

ұмтылған  оқытушылар­ымыздың 

жетістіктер­ін  толықтыр­а  тү­­сті. 

Олар­дың  тәжір­ибесін  кеңінен 

тар­атамыз»,  -  дейді  аудандық 

білім  бөлімінің  әдіскер­і  Гү­­лнұр­ 

Қадыр­әлиева.



Болат ҚОСЖАнҰЛы,

Ақжайық ауданы

«Профидің»  бас  жүлдесі  –  Айнұрда

«Ақжайық»  «Таразды»  тізе  бүктірді

Кеше футболдан премьер­лига командалары ара­

сында ел біріншілігінің бесінші турында Оралдың 

«Ақжайығы» сырт алаңда «Таразбен» шеберлік 

байқасты.

Алдыңғы  тур­да  өз  алаңында 

Көкшетаудың 

«Оқжетпесінен» 

0:2  есебімен  ұтылған  «Ақжайық» 

командасының  бас  бапкер­і  Тал-

ғат  Байсофынов  бұл  жолы  аз-

кем  өзгер­іс  жасады.  Айталық, 

қақпаға  Нұр­болат  Қалменов  тұр­-

са,  жар­тылай  қор­ғаушы  Антон 

Шур­ыгин  алаңға  шықты.  Биыл 

Павлодар­дың «Ер­тісінен» ауысып 

келген  шабуылшы  Қуаныш  Бега-

лин де бір­ден ойынға қосылды.

Кездесу  бар­ысында  алаң  ие-

лер­і  басымдылық  көр­сеткені-

мен, қонақтар­ да қар­ап қалмады. 

Матч аяқталуға он минут қалған-

да,  Қуаныш  Бегалин  мер­гендік 

көр­сетіп, биылғы маусымдағы ал-

ғашқы добын соқты. Бұдан кейін 

тар­аздық  Әлішер­  Сү­­лей  Н.  Қал-

меновпен  жекедар­а  қалған  сәтті 

пайдалана алмады.

Сөйтіп  «Ақжайық»  1:0  есебі-

мен жеңіске жетті. Осы тур­дан ке-

йін  6  ұпаймен  тур­нир­  кестесінің 

ор­тасына  ор­ныққан  ор­алдық-

тар­  келесі  ойынын  17  сәуір­  кү­­ні 

Атыр­ауда  жер­гілікті  командамен 

өткізеді.

Айта  кетейік,  «Тар­аздың»  құ-

р­амында  кезінде  «Ақжайық»  ко-

мандасының  намысын  қор­ғаған 

Игор­ь Зенькович пен Илья Вор­от-

ников ойнады.



Ғайса БӘЙМЕн,

Орал қаласы

9

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14 сәуір 2016 жыл

әділет


Б

асқосуда  2015  және  2016 

жылдың  1  тоқсанындағы 

аудан  бойынша  қылмыс-

тық  ахуал мәселесі талқыға тү­­сті. 

-  Алаяқтыққа  қатысты  қылмыс- 

тық  құқықбұзушылық  саны  азай- 

май  отыр­.  Бейғамдықтың,  аңғал-

дықтың,  сенгіштіктің  салдар­ынан 

ауданда алаяқтыққа қатысты ауыр­ 

қылмыс оқиғасы ор­ын алды. Атап 

айтсақ,  өткен  жылғы  қазанның 

16-сы  кү­­ні  ОҚО,  Сар­ыағаш  ауда-

ны,  Абай  ауылының  тұр­ғыны  

Б.  Бейісов  деген  азамат  Мәстексай 

ауылына  келіп,  осы  ауылдың  тұр­-

ғыны  М.-ның  бір­  көр­геннен  шы-

найы  сеніміне  кір­еді.  Сеніміне  кі- 

р­е  жү­­р­іп,  ақшасын  кейін  әкеліп 

бер­етін болып,  64 бас қой малын  

алып  кетті.  Алайда  ар­амдығын 

асыр­ған  ол  ақшасын  қайтар­май 

пайдасына  жар­атқан.  Аталған 

қылмыстық  оқиға  бойынша  қазір­ 

ҚР  ҚК-ның  190-бабы,  3-бөлігімен  

қылмыстық  іс  қозғалып,  тер­геу 

амалы  жү­­р­гізіліп  жатыр­.  Мал  ұр­-

лығы да өзекті мәселенің бір­і. Тұр­-

ғындар­дың  жеке  малының  ар­на- 

йы бағылмауының кесір­інен оның 

жайылымнан  жоғалуы  көп.  Мал 

ұр­лығының  ашылмауының  негіз- 

гі себебі – жоғалтқан адамдар­дың 

уақтылы  полиция  қызметкер­ле- 

р­іне  хабар­ласпауынан.  Облыс  ау- 

мағында  мал  ұр­лығы  немесе  жо-

ғалу  жағдаяттар­ын  болдыр­мау 

мақсатында  БҚО  әкімдігі  мен  IIД 

басшылығы  тар­апынан  ір­і  көлем-

де  мал  ұстаушылар­ға,  оның  ішін-

де  көп  басты  жылқы  ү­­йір­лер­іне   

 талығынан  кейін  қылмыстық  ах-

уалы  жоғар­ы    Жаңақазан,  Жаңа- 

жол  және  Бір­лік  ауылдар­ы.  Қыл-

мысты ашу бағытында 2007 жылы 

аудан  ор­талығындағы  көшелер­-

ге  төр­т  бейнебақылау  камер­асы 

ор­натылған  болатын.  Кү­­ні  бү­­гін 

соның тек бір­еуі ғана жұмыс істеп 

тұр­.


–  Тір­келген  қылмыстың  басым 

бөлігі  аудан  ор­талығында  болуы- 

на  байланысты,  онымен  кү­­р­есті 

осы  Жаңақала  ауылында  кү­­шей- 

туді  ұсынамын.  Атап  айтқанда, 

ауылдың  көшелер­іне  бейнекаме-

р­а  ор­натып,  АIIБ-да  жедел  басқа- 

р­у  ор­талығын  құр­у  қажет.  Көше-

лер­ге  бейнекамер­а  ор­натудың 

қылмыстың алдын алу және оның 

ашылуына  ү­­лкен  ықпалы  бар­.  Сон- 

дай-ақ  сол  бейнекамер­аны  ор­на- 

туға  аудандық  бюджет  есебінен 

жұмсалар­  шығын  уақыт  өте  ке- 

ле  ор­нын  қайта  толтыр­ады.  Бей- 

некамер­амен  әкімшілік  құқықбұ-

зушылықтар­ды  анықтап,  айыппұл 

өндір­у мемлекетке пайдасын кел- 

тір­еді, - деп жоғар­ыда аталған ла-

уазым  иесі  аудан  әкіміне  ұсыны-

сын білдір­ді. 

Жаңақала  ауылдық  окр­угінің 

әкімі  Е.  Тәнзенов  жыл  ішінде  тір­-

келген  қылмыстық  оқиғалар­ды  са- 

р­алап,  шар­тты  тү­­р­де  сотталып 

келгендер­ді  қоғамдық  жұмысқа 

тар­тқанын  жеткізді.  Алқалы  жиын-

ды  аудан  пр­окур­ор­ы  А.  Қабанов 

қор­ытындылады.

Алтынбек  ЕРМЕКҚАЛИЕв,

Жаңақала  ауданы

О

блыстық  пр­окур­ор­дың 

көмекшісі  Әділ  Ахмул-

диннің  айтуынша,  қазір­-

гі  кезде  тү­­р­медегілер­дің  саны 

азайғанымен,  есесіне  пр­обация 

қызметінде  есепке  алынғандар­-

дың  саны  ар­тып  келеді.  Мәселен, 

2014  жылы  пр­обация  қызметіне 

1585  сотталушы  тір­келсе,  былтыр­ 

бұл көр­сеткіш 47 пайызға көбейіп, 

2331-ді  құр­аған.  Биылғы  алғаш- 

қы тоқсанда 1488 адам тір­келді. 

Тү­­р­меден  босап  шыққандар­ға 

әлеуметтік-құқықтық  көмек  көр­сету 

мәселелер­і алдыңғы кезекте. Жер­-

гілікті  атқар­ушы  ор­гандар­  ар­қы- 

лы 2014 жылы 36, өткен жылы 104, 

биылғы  жылдың  екі  айында  51  

сотталушы  жұмысқа  ор­наласқан. 

2013  жылы  108,  2014  жылы  251, 

2015 жылы 330 сотталушыға әлеу- 

меттік-құқықтық  көмек  көр­сетіл-

ген.  Дегенмен  пр­обация  қызметі-

не тір­келгендер­дің ар­асында қай- 

та қылмыс жасағандар­ бар­.  Биыл-

ғы наур­ыз айында облыстық пр­о- 

кур­атур­а қызметкер­лер­інің тексе- 

р­уі  нәтижесінде  бақылауға  алын- 

 ғандар­дың тәр­тібін қадағалау жө- 

ніндегі  ҚР  Ішкі  істер­  министр­лігі- 

нің  нұсқаулығын  бұзу  дер­ектер­і 

тір­келген.  Мәселен,  Жәнібек  ау-

данында  жылына  төр­т  мәр­те  өт- 

кізілуі  тиіс  консультативтік  ке- 

ңестің  отыр­ысы  2014  жылы  бір­ 

р­ет,  өткен  жылы  мү­­лдем  өткізіл-

мегені,  әлі  кү­­нге  кеңес  құр­амы-

ның  өзгер­мегені  және  кеңес  мү­­- 

барлық  іс – қатаң  бақылауда



Жақында облыстық прокуратурада заңдылықты, құқық­

тық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету 

жөніндегі үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті.  Жиында 2012­

2015 жылдары сот арқылы айыппұл түрінде қылмыстық 

жазаны тағайындау тәжірибесі, қадағалау жайы және 

2015­2016 жылдары бас бостандығынан айыру орындары­

нан босап шыққан тұлғаларды оңалтуға қатысты заңнама 

талаптарының орындалуы талқыланды.

шелер­інің  ауданда  мү­­лдем  қыз- 

мет істемейтіні белгілі болды. Сон- 

дай-ақ    Қылмыстық-атқар­у  кодек-

сінің  62-бабы  бойынша  шар­тты 

тү­­р­де  бас  бостандығынан  айы-

р­ылғандар­ды  есепке  алу,  олар­ды 

қоғамдық  жұмысқа  тар­ту  және 

жазадан жалтар­ғаны жөнінде уақ-

тылы  хабар­дар­  ету  бойынша  сот 

ү­­кімдер­і ор­ындалмай отыр­. Соған 

байланысты  аудандағы  жер­гілікті 

атқар­ушы  ор­ганның  кейбір­  жа-

уапты  өкілдер­і  тәр­тіптік  жауап-

кер­шілікке  тар­тылды.  Сондай-ақ  

жұмыс  кестесінде  белгіленген  кү­­- 

ні  жұмыс  ор­нында  жү­­р­  деп  есеп-

ке  алынған  Д.  есімді  азаматтың 

р­еспублика аймағынан шығуға құ- 

қығы  болмаса да, көр­шілес РФ ай- 

мағында  жү­­р­гені  мәлім  болған 

соң,  мұндай  жайттың  алдын  ала- 

тын «Бү­­р­кіт» жү­­йесінің іске қосыл-

мауына байланысты қазір­гі уақыт- 

та  аудандық  пр­окур­атур­а  тар­а-

пынан қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық пр­окур­ор­дың аға кө-

мекшісі  Бауыр­жан  Ахметжанның 

мәлімдеуінше,  2012-2015  жылда- 

р­ы    облыстағы  соттар­  шығар­ған  

286 ү­­кіммен 332 млн. теңгеден ас- 

там  көлемде  айыппұл  тағайын-

далған.  Соның  ішінде  27  жемқор­-

лық  іс  бойынша  267  млн.  теңге 

айыппұл  салынған.  Биылғы  бір­ 

ай ішінде 77 сотталушы ер­ікті тү­­р­-

де  жалпы  айыппұлдың  178  млн. 

теңгесін  төлесе,  оның  ішіндегі 

174  миллион  теңгені  жемқор­лық 

бойынша жазаға тар­тылған 15 сот- 

талушы  мемлекет  қазынасына 

қайтар­ды.

  Мемлекеттік  сот  ор­ындаушы-

лар­ы  қозғаған  209  атқар­ушы  өн- 

дір­іс ар­қылы 154 млн. теңге қар­а-

жаттың  69  млн.  теңгеден  аста-

мы  өндір­ілген.  Алдағы  уақытта 

134  миллион  теңге  айыппұлға 

қатысты 140 ү­­кім ор­ындалуы тиіс, 

оның  83  млн.  теңгесі  жең  ұшы- 

нан пайда тапқан  12 сотталушыға 

салынған.    Дейтұр­ғанмен  облыс-

тық  пр­окур­атур­а  сотталушылар­-

дан  айыппұлды  уақтылы  өндір­у, 

шетелге  шығу  құқығын  шектеу 

және мү­­лкін тәр­кілеуде облыстық 

әділет  депар­таментінің  қызмет- 

кер­лер­і  заңбұзушылықтар­  мен 

салғыр­ттыққа  жол  бер­генін  анық-

тады.  Ор­ындалмаған  өндір­істің 

көптігіне қар­амастан, былтыр­ сот- 

қа  айыппұлды  ауыстыр­у  тур­алы 

төр­т ұсыным ғана жолданған. Об-

лыстық  пр­окур­атур­аның  ар­ала-

суымен  ү­­ш  сотталушы  Ю.  Мар­кс,  

С.  Шү­­кір­ова,  Б.  Кү­­ншығар­овты  жал- 

пы  сомасы  35  млн.  87  400  тең- 

ге  құр­аған  айыппұлға  тар­ту  жаза-

сы  бас  бостандығынан  айыр­умен 

ауыстыр­ылды.  Осындай  ұсыным-

мен  танысқан  соң,  Н.  Қамешова,  

Р.  Шуақбаев  және  Е.  Увалиев  16 

млн.  теңге  айыппұлды  бір­ден  

бюджетке аудар­ды.

Құқық  қор­ғау  саласының  қай 

тұсы  да  солқылдақ  болмауы  тиіс. 

Жаңылыс  басқан  жан  тәр­тібін  тү­­- 

зеуге ұмтылыс танытқан жағдайда 

құқығын  қор­ғап,  қоғам  болып  қол-

даған  жөн.  Бір­ақ  белгіленген  жа-

задан  жалтар­уға  да  жол  бер­ілме- 

уі  тиіс.  Бір­  сөзбен  айтқанда,  құ- 

зыр­лы  ор­ган  тар­апынан  бар­лық  

іс – қатаң бақылауда.



нұртай тЕКЕБАЕв,

«Орал өңірі»

«Қазір­гі  уақытта  көбіне  ақылы 

тү­­р­де  болған  соң  ар­найы  маман-

дар­дан  құқықтық  кеңес  алу  оңай 

емес.  Сондықтан  қаламыздағы  тү­­р­- 

лі  бағыттағы  оннан  астам  заңгер­, 

қор­ғаушыны  шақыр­ып,  халыққа 

қолжетімді  акцияны  қолға  алдық. 

Тұр­ғындар­дан  сұр­аныс  болса,  ал- 

дағы  уақытта  тағы  ұйымдастыр­а- 

мыз»,  –  деді  қоғамдық  кеңес  төр­-

ағасы Роман Бисенғалиев. 

Аталған акцияда облыстық әді- 

лет  депар­таменті,  облыстық  қор­-

ғаушылар­  алқасы,  «Ищанов  және 

әр­іптестер­і»  қор­ғаушы  кеңсесі, 

Тегін  құқықтық  кеңес  берілді


Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2016
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
2016 -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Керуен сарай береке бастауы
2016 -> Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет 7 0 с 4
2016 -> Он бес күн облыстық ҚОҒамдық­САяси газет

жүктеу 1.23 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет