Г. У. Уалиев Редакционная коллегия



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет10/19
Дата27.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Шешуі.  Логарифмнің  қасиеттерін  пайдаланып,  жүйенің  әрбір  теңдеуін  бірдей 
негізге келтіреміз.  


















.
2
log
2
1
log
2
1
log
,
2
log
2
1
log
2
1
log
,
2
log
2
1
log
2
1
log
4
4
4
3
3
3
2
2
2
y
x
z
x
z
y
z
y
x
 
Енді, мұны келесі түрде:  
  






,.
,
2
log
2
log
,
2
log
4
3
2









xy
z
xz
y
yz
x
            немесе                 









16
,
9
,
4
xy
z
xz
y
yz
x
                (21)  

59 
 
 жазамыз. (21) теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің сол және оң жақ бӛліктерін кӛбейтіп 
576
2
2
2

z
y
x
  немесе 
24


xyz
  теңдігін  аламыз.  (21)  жүйедегі  айнымалы 
z
y
x
,
,
  -тің 
мүмкін мәндерінің облысы  
,
0

x
,
0

y
 және
,
0

z
 олай болса 
24

xyz
тең  болады.  
   (21)  жүйедегі  әрбір  теңдеуді  квадраттаймыз,  алынған  теңдеуді 
24

xyz
-ке  бӛлеміз, 
сонда
,
3
/
2

x
   
,
8
/
27

y
 және 
3
/
32

z
 тең. 
Жауабы: 
,
3
/
2

x
,
8
/
27

y
.
3
/
32

z
 
10.  




































.
55
10
9
...
2
,
55
10
9
...
2
,
55
10
9
....
2
9
8
1
10
1
10
3
2
10
9
2
1
x
x
x
x
x
x
x
x
x
x
x
x
    
 
 
 
(22) 
теңдеулер жүйесін шешу керек. 
Шешуі. (22) жүйедегі теңдеулердің бәрін қоссақ, онда   
10
....
10
2
1




x
x
x
                           
 
 
 
(23)  
теңдеуі шығады. 
Егер  (22)  жүйедегі  екінші  теңдеуден  бірінші  теңдеуін  шегерсек,  
0
...
9
10
2
1




x
x
x
  теңдеуін  аламыз.  Осыдан  және  (23)  теңдеуден   
10
10
1

x
  немесе  
1
1

x
болатындығы шығады.  
Осылайша талқылау жасау арқылы,   
1
...
10
2



x
x
 екендігі табылады.   
Жауабы:  
.
1
...
10
2
1




x
x
x
 
11. Параметр а-ның қандай мәндерінде 
                                                












2
2
,
a
x
y
a
y
x
                       
 
 
(24) 
жүйесінің бір ғана шешімі болады?  
 Шешуі. х,у айнымалылары (24) жүйеде симметриялы түрде берілген, сондықтан 
оның жалғыз шешімін 
c
x

  және 
c
y

 түрінде іздеуіміз керек, мұндағы 
.
0

c
 
     
c
y
x


- ны (24) жүйенің кез келген теңсіздігіне қойсақ, сонда 


2
a
c
c


 немесе 


0
1
2
2
2




a
a
c
c
 түрінде болады. Квадрат теңсіздіктің бір ғана шешімі болуы үшін 
оның дискриминатын нӛлге теңестіру қажет, яғни     


,
0
4
1
2
2
2



a
a
 
0
1
4


a
немесе  
.
4
/
1


a
 
Жауабы:  
.
4
/
1


a
 
Осындай  есептерді  стандарт  емес  әдіс-тәсілдермен  шығаруды  оқып  үйрену 
арқылы студенттер ӛздерінің кәсіби білімі  мен біліктілігін дамытады. Сонымен қатар, 
олардың  логикалық  ойлауы  мен  стандарт  емес  ойлауларын  да  дамытуға  ықпал  етері 
сӛзсіз.  
 
 
 

60 
 
УДК 372.016:53 
Ә. Баймаханҧлы, Г. Қҧрбантай* 
 
 КВАНТТЫҚ ОПТИКАНЫ БЕЙІНДІК МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
 
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ,*- студент) 
 
В  работе  рассмотрены  особенности  методики  изучения  раздела  «Квантовая  оптика», 
которые  определяются  местом  этого  раздела  в  школьном  курсе  физики  и  спецификой 
изучаемого в нем материала.  
In the given work features of a technique of studying of section «Quantum optics» which are 
defined  by  a  place  of  this  section  in  a  school  course  of  physics  and  specificity  of  a  material 
studied in it are considered. 
 
Физиканы оқытудың жоғарғы сатысында (10-11 сыныптар), орта мектептің жаңа 
концепциясына сәйкес, білім берудің мазмұны бейіндік деңгейде жүзеге асып, физика – 
оқушылардың  жан-жақты  дамуымен  қатар,  болашақ  мамандықтарын  таңдай  білуге 
жұмылдырады. 
Қазір  мектеп  бағдарламасында  кванттық  физика  мәселелеріне  кӛңіл  бӛлуді 
күшейтіп  отыр.  Бағдарламаға  мазмұны  жаңартылған,  «Кванттық  оптика»  бӛлімі 
енгізілді. Әрі негізгі физика курсында, сапалық деңгейде болса да, атом құрылысы мен 
оның кванттық пайымдаулары бар. Орта мектепке кванттық оптика негіздерін енгізу  – 
күрделі  әдістемелік  мәселе.  Кванттық  механика  объектілерінің  (бӛлшек  –  толқын) 
кӛрнекілігі аз, математикалық аппараты күрделі, алғашқы идеялары мен ұғымдарының 
үйреншікті  еместігі  едәуір  қиындықтар  туғызады.  Сондықтан,  кванттық  оптика 
мәселелерін  мектеп  курсында  оқыту  әдістемесін  жасау  ӛзекті  мәселелер  қатарына 
жатады.  
Бұл  жаңа  бӛлімнің  негізгі  танымдық  мақсаттары  –  микродүние  аймағында  әсер 
ететін  ӛзгеше  заңдармен  таныстыру  және  негізгі  мектепте  басталған,  заттардың 
құрылымы туралы ұғымды қалыптастыруды аяқтау. 
Кванттық  оптиканы  оқытудың  ерекшеліктері  мектептің  физика  курсындағы 
орыны  мен  ондағы  оқытылатын  материалдардың  ӛзгешеліктеріне  байланысты 
анықталады.  
Аталған бӛлім, физика курсының соңына таман, әрі сандық деңгейде тұңғыш рет 
қарастырылады.  Бұған  дейін  оқушыларға,  іс  жүзінде  бӛлшектердің,  зат  пен  ӛрістің 
қасиеттерінің  дуализмі,  энергияның  дискреттілігі,  атом  ядросының  қасиеттері, 
элементар бӛлшектер туралы айтылған емес. Тек атом мен оның ядросының құрылысы 
туралы  ең  бастапқы  ұғымдарды  физиканың  негізгі  (алғашқы)  бӛлімінде  және 
толығырақ  химия  курсында  ӛткен.  Осы  жағдай  оқытушыдан,  оқу  процесін  ӛткен 
материалдарды  оқушылардың  терең  және  берік  меңгеруін  қамтамасыз  ететіндей  етіп, 
ұйымдастыруды талап етеді. Ӛткен материалдарды бекіту мен ондағы алған білімдерін 
есептер  шығару,  зертханалық  жұмыстар  орындау,  дидактикалық  материалдармен 
жұмыс  істеу  барысында  пайдалана  білуге  үйрету  үшін,  ойластырылған  нақты 
шараларды  жүзеге  асыру  қажет.  Ӛткен  тақырыптарды  жақсы  түсініп,  ойдағыдай 
меңгеруге  мысалы,  түрлі  объектілерге  байланысты  де  Бройль  толқынының 
ұзындықтарын, ядроның ӛлшемін, оның тығыздығы мен байланыс энергиясын және т.б. 
шамаларды  бағалай  отырып  есептеу,  зор  ықпал  етеді.  Қазір  мектептер  түгелге  жуық 
компьютермен  жабдықталғандықтан,  мұндай  есептеулер  кӛп  уақыт  алмайды,  ал 
олардың нәтижелері зор сенімділік туғызады.  

61 
 
Ӛткен материалды сапалы меңгеруі үшін бұрынғы алған білімдеріне сүйенгендері 
абзал.  Мысалы,  радиоактивті  ыдыраудың  ығысу  ережелерін  және  ядролық 
реакцияларды  оқып  үйрену  барысында,  масса  мен  зарядтың  сақталу  заңына  кеңінен 
сүйенуге болады. Атом құрылысын түсіндіруді бастамас бұрын, центрге тартқыш үдеу 
ұғымдарын,  Ньютон  және  Кулон  заңдарын,  сонымен  қатар  атом  құрылысы  туралы 
физиканың  негізгі  бӛлімінен  және  химия  курсынан  белгілі  мәліметтерді  қайталаған 
дұрыс. 
Кванттық оптиканың мазмұнының ерекшеліктері, оны оқытудың әдістемесіне де, 
ықпалын  тигізеді.  Бұл  бӛлімді  оқып  үйренуде  оқушылар  классикалық  оптиканың 
кӛптеген  ұғымдарына  қайшы  келетін  микродүниенің  ӛзіндік  қасиеттері  және 
заңдылықтарымен  танысады.  Оларды  ұғыну  үшін  оқушыларға  тек  жоғарғы  деңгейлі 
абстрактылық  ойлау  емес,  сонымен  бірге  дидактикалық  ойлау  қабілеті  де  қажет. 
Толқын  –  бӛлшек,  дискреттілік  –  үздіксіздік  қарама-қайшылықтарын  диалектикалық 
материализм  тұрғысынан  қарастырылады.  Сондықтан  жарықтың  бір  жағдайларда 
(интерференция,  дифракция)  толқын,  басқа  жағдайларда  (фото-  және  Комптон 
эффектілері),  бӛлшектер  ағыны  қасиетіне  ие  болатынына  оқушылардың  күманы 
болмайды.  
Кванттық  оптиканы  оқыту  барысында  микродүниенің  әдеттен  тыс  екендігін, 
заңдарында парадокстар бар екендігін, алдын ала айтпаған дұрыс. Мұндай мәліметтер 
оқушыларды  шатастырмаса,  материалды  ұғынуға  кӛмегі  тимейтіндігі  хақ.  Алдымен 
классикалық физика заңдарынан ӛзгеше, микродүние заңдарының ӛздік ерекшеліктерін 
аша отырып, бұл ӛзгешеліктердің табиғи екендігіне оқушыларға ұғындыру керек. Сол 
себепті  кванттық  механиканың  қалыптасу  тарихына  бӛлімді  аяқтаған  соң  тоқталған 
жӛн.  Бұл  тарих  –  оның  әрбір  даму  сатысында  таным  процесінің  шексіздігінің, 
ақиқаттың салыстырмалығының тағы бір дәлелі болып табылады. Ол адамзаттың ақыл-
ойы  табиғатта  кӛптеген  күтпеген  жаңалықтарды  ашқандығын  және  әлі  де  кӛп  ашуы 
ықтимал екендігіне оқушылардың кӛздерін жеткізуге ықпал етеді.  
Кванттық  физиканы  ұғынуды  жеңілдету  үшін,  оқыту  процесінде  түрлі 
кӛрнекіліктерді  кеңінен  пайдалану  қажет.  Алайда  орта  мектепте  бұл  бӛлімді 
демонстрациялайтын  тәжірибелер  саны  аса  кӛп  емес.  Сондықтан,  эксперименттерден 
бӛлек,  түрлі  суреттер,  сызбалар,  графиктер,  тректердің  суреттері,  плакаттар  және 
диапозитивтер,  диа-,  кинофильмдер  кеңінен  қолданылады.  Барлығынан  бұрын  іргелі 
тәжірибелерді (α – бӛлшектердің шашырауын кӛрсететін Резерфорд тәжірибесін, Франк 
пен  Герц  тәжірибелерін  және  т.б.)  суреттеу,  сол  сияқты  элементар  бӛлшектерді 
тіркегіш құралдар, үдеткіштер, атомдық реакторлар, атомдық электр станциялары және 
т.б.  құрылғылар  мен  қондырғылардың  жұмыс  істеу  принциптерін  түсіндіру  қажет. 
Сонымен қатар, осы мақсатта компьютерлік модельдеудің берері мол. 
Фотоэффект  пен  оның  заңдары  физика  тарихында  ерекше  орын  алады.  Жалпы 
кванттық  теорияның,  соның  ішінде  жарықтың  кванттық  теориясының  жасалуына 
тікелей  себеп  болған,  басқа  зерттелген  құбылыстардың  ішінде  ең  маңыздысы  осы 
фотоэффект  құбылысы.  Сондықтан  кванттық  оптика  бӛлімін  оқып-үйренуде 
фотоэффект құбылысына ерекше мән беріледі. Орта мектепте жарық кванттары туралы 
ұғымды алғаш фотоэффект заңдылықтарын қарастыру арқылы қалыптастырады.  
Бұл  заңдылықтар  кванттық  теория  жасалғаннан  едәуір  бұрын,  тәжірибе  жүзінде 
тағайындалған.  Құбылысты  жарықтың  электр  –  магниттік  толқын  ұғымы  негізінде 
түсіндіру талпыныстарының барлығы сәтсіз аяқталды. 
Жарықтың табиғаты туралы, оқушылар үшін мүлдем жаңа, кванттық ұғым енгізу 
күрделі  әдістемелік  мәселе.  Жарықтың  заттармен  әсерлесуінің  кванттық  табиғаты, 
фотоэффект құбылысының «бетінде жатпағандығын», эксперимент нәтижелерін талдау 

62 
 
барысында,  біртіндеп  кӛп  сатылы  логикалық  пайымдаулардың  нәтижесінде, 
оқушылардың кӛздері жетеді.  
Фотоэффект  құбылысы  мен  оның  заңдылықтарын  түсінуге,  ең  дұрысы 
демонстрациялық  тәжірибелердің  кӛмегі  кӛбірек.  Әдетте,  тақырып  бойынша  алғашқы 
сабақта-ақ, бірқатар тәжірибелер кӛрсетіледі.  
Фотоэффект құбылысын оқып - үйренуде басталған фотон ұғымын қалыптастыру, 
курстың  басқа  –  Комптон  эффектісі,  жарық  қысымы,  жарықтың  химиялық  әсері 
құбылыстарын қарастырғанда одан әрі жалғасын табады.  
Жарық  кванттары  мен  жарық  әсерін  оқып-үйрену  кезінде  оқытушының  негізгі 
мақсаттарының бірі – оқушыларды фотонның қасиеттері және жарық табиғатының екі 
жақтығымен  таныстыру.  Фотоэффект  пен  Комптон  құбылысын  оқып  –  үйренгеннен 
кейін фотон туралы оқушылардың алған білімін қорытындылап, оның корпускулалық – 
толқындық дуализмін талқылайды. Бұл сабаққа дайындалғанда оқушылар осыған дейін 
ӛткен  материалмен  бірге,  «Электр  динамикасы»  бӛліміндегі  электр  -  магниттік 
толқындар туралы материалды да, қайталайды.  
Жарық қасиеттерінің екі жақтылық сипатында айқын кӛрінетін заңдылық бар. Аз 
жиіліктерде  (мысалы,  инфрақызыл  жарықта)  жеке  фотонның  энергиясы  мардымсыз 
болып, мұндай жиіліктер диапазонында оның корпускулалық сипаты әлсіз байқалады, 
ал  сәулеленудің  толқындық  сипаты  әлде  қайда  басым  болады.  Мұндай  сәулеленудің 
толқындық қасиеттерін қарапайым құралдардың кӛмегімен бақылауға болады, ал оның 
фотохимиялық  әсерлерін  аңғару  қиынырақ.  Жоғары  жиіліктерде  (жеке  фотонның 
энергиясы  салыстырмалы  түрде  үлкен)  жарықтың  корпускулалық  қасиеттерін  аңғару 
оңай.  Кӛрінерлік  жарықта  толқындық  және  корпускулалық  қасиеттері  бірдей  шамада 
аңғарылады. Жарықтың шағылуы, сынуы мен қысымын, толқындық та, корпускулалық 
та пайымдауларымен түсіндіруге болады. 
Кейбір  жағдайларда,  кәдімгі  толқындық  құбылыстарда,  жарықтың  кванттық 
қасиеттері  байқалып  қалады.  Мысалы,  әлсіз  жарық  ағындарында  интерференциялық 
ӛрістің кванттық флуктуацияларын зерттеген С.И. Вавиловтың белгілі тәжірибелерінде, 
осындай  қасиеттер  бақыланған.  С.И.  Вавилов  ӛзі  бақылаған  жарық  ағындарының 
флуктуациясын,  сәулеленудің  кванттық  қасиеттерінің  маңызды  дәлелдері  деп 
қарастырды.  
Осы  айтылғандарға  оқушылардың  кӛзі  толығырақ  жету  үшін,  оларға 
толқындардың  оптикалық  диапазонындағы  фотондардың  жиіліктерін,  импульсын, 
энергиясын  анықтауды  ұсыну  керек.  Алынған  нәтижелерді  талдау  электр  –  магниттік 
шкала туралы, не себепті қысқа толқындар аймағында корпускулалық қасиет басым, ал 
толқындық - әлсіз бақыланатындығын оқушылар жақсы ұғынып, осы мәселелер туралы 
нақты  түсініктер  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасайды.  Мысалы  үшін,  қуаттары  бірдей 
екі  жарық  кӛзінен  шығатын  сәулеленулерді  салыстырса,  онда  рентген  сәулесінің 
фотонының  энергиясы  кӛрінерлік  жарық  фотоны  энергиясынан  әлде  неше  есе  үлкен 
болатынын  және  қарқындылықтары  бірдей  инфрақызыл  жарығы  фотондарының 
тығыздығы рентген сәулесіне қарағанда 1000 - 100 000 есе кӛп екендігіне кӛз жеткізеді.  
Оқушыларға,  түрлі  сәулеленулер  қандай,  қалай  әсер  беруі  мүмкін  екендіктерін 
болжап айтуды ұсынған пайдалы. 
Жарықтың  дуализмін  айқын  аңғару  үшін,  материяның  дискреттілігінің 
диалектикалық  және  континиуалдық  (үздіксіздік)  бірлігін  сипаттайтын  негізгі 
физикалық  шамалар  кӛрсетілген  кестені  толтыру  пайдалы  екендігін  айта  кеткен  жӛн. 
Түсіндіру кезінде екі топты да, біріктіретін формулаларға ерекше мән береді. 
 

63 
 
Жарықтың толқындық 
қасиеттерін сипаттайтын, 
физикалық шамалар 
Жарықтың кванттық 
қасиеттерін сипаттауға 
арналған, физикалық шамалар 
Физикалық шамалардың 
екі тобын да, 
біріктіретін формулалар 
 
Жиілік, 

 
 
Период, 
T
 
 
Толқын ұзындығы
xT


 
 
Фотонның массасы, 
m
 
Фотонның жылдамдығы, 
c
 
 
Фотонның импульсы,  
mc
p

 
Фотонның энергиясы, 
2
mc


 
2
c
h
m


 
c
h
p


 
mc
h


 
 


h

 
 
Бӛлімнің екінші танымдық мақсаты  – заттардың құрылымы туралы осы заманғы 
пайымдаудың мәнін ашу. Физиканың негізгі курсында заттардың құрылымын негізінен 
молекулалық  деңгейде  қарастырған.  Молекула-кинетикалық  теория  заттардың 
құрылымы мен қасиеттерін – газдарда сандық деңгейде, сұйықтар мен қатты денелерде 
сапалық  деңгейде  түсіндіреді.  Оқушылар  физиканың  негізгі  курсында  атомның 
құрылысы туралы, электрлену, электр тогы сияқты құбылыстарды түсінуге жеткілікті, 
ең  қарапайым  мәліметтер  алады.  Біз  қарастырып  отырған  бӛлімде,  заттардың 
құрылысын  атомдық  және  субатомдық  деңгейде  таныстырады.  Алдымен  олар  атом 
құрылысын  Резерфорд  –  Бор  бойынша  оқып  –  үйренеді,  микробӛлшектердің 
қасиеттерінің  дуализмін  айқындаған  соң,  атом  құрылысының  осы  заманғы 
пайымдауымен де танысады.  
Бұл бӛлімде атом ядросының құрамы мен қасиеттеріне (ӛлшемі, заряды, массасы, 
тығыздығы,  байланыс  энергиясы,  меншікті  байланыс  энергиясы  және  т.б.)  жеткілікті 
назар  аударады.  Бӛлімнің  соңында  оқушыларды  элементар  бӛлшектердің  негізгі 
сипаттамаларымен  және  қасиеттерімен  таныстырады,  олардың  осы  заманғы 
сұрыпталуы,  олардың  заттар  құрылымындағы  рӛлі  мен  ӛзара  әсерлесуді  жеткізуі 
туралы  бастапқы  ұғымдар  беріледі.  Ядролық  физиканың  кейбір  мәліметтері, 
физиканың негізгі курсында да ӛтіледі.  
Сонымен бірге «Кванттық оптика» бӛлімі, политехникалық білімнің де, маңызды 
мәселелері  де,  шешіледі:  оқушыларды  фотоэлементтердің  құрлысымен  және  жұмыс 
принципімен,  оларды  техникада  қолдану  мысалдарымен,  спектрлік  талдаудың 
физикалық  негіздерімен,  ядролық  реактордың  жұмыс  принципімен  және  ядролық 
энергияны  бейбіт  мақсатта  пайдалану,  радиоактивтік  изотоптарды  ӛндірісте,  ғылым 
мен медицинада қолданумен таныстырады.  
Бұл  бӛлімді  оқыту  барысында  оқытушы  үнемі  оқушылардың  дүниеге  ғылыми 
кӛзқарастарын  қалыптастыру  мақсатында  жұмыс  жүргізу  қажет.  Дүниеге  ғылыми 
кӛзқарас  қалыптастыру  үшін,  тікелей  сезім  мүшелерімен  қабылдай  алмайтын 
объектілер  –  элементар  бӛлшектер  болатынына  оқушылардың  кӛзін  жеткізу  керек. 
Элементар  бӛлшектердің  нақты  бар  екендігін,  олардың  сипаттамаларын  тәжірибе 
жүзінде  ӛлшеу,  ядролық  реакциялар  мен  бӛлшектердің  түрленуін  олардың  қасиеттері 
арқылы  болжау  және  теориялық  болжанған  процестерді  тәжірибе  жүзінде  жүзеге 
асырып қана қоймай, әрі олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдану арқылы дәлелдейді. 
Элементар  бӛлшектермен  танысу,  материяның  сарқылмастық  ұстанымының  анық 
дәлелі  екендігін,  материалдық  объектілер  мен  олардың  қасиеттері  алуан  түрлі, 
элементар  бӛлшектер  «қарапайым»  емес,  түрлі  қасиеттері  бар  және  олар  ӛзара  бір  – 
біріне ауыса алатындығын кӛрсетеді.  

64 
 
Жарық  пен  элементар  бӛлшектердің  қасиеттерінің  дуализмі,  элементар 
бӛлшектердің ӛзара бір – біріне ауыса алуы, дүниенің материалдық бірлігі және үздікті 
мен үздіксіздіктің диалектикалық байланысын ашып кӛрсетуге кӛмектеседі, ал барлық 
ядролық  процестердің  негізгі  сақталу  заңдарына  бағынуы,  материя  мен  қозғалыстың 
жоғалмайтындығы  мен  жоқтан  пайда  болмайтындығы  ұстанымдарының  жақсы 
суреттемесі болып табылады.  
Мектеп  физика  курсының  соңғы  бӛлімі,  оқушыларды  тәрбиелеу  мен  дамуына 
үлкен мүмкіндіктер береді. Ойлау қабілеттерін арттыру үшін, бұл бӛлімде салыстыру, 
жүйелеу  және  саралау  тәсілдерін  қолдануға  болады.  Салыстыру  нәтижелерін 
жүйелеуші  кестелерге  енгізіп,  сәйкес  мәселелер  бойынша  оқушылардың  алған  білім 
дәрежесін  бағалауға  болады.  Бӛлімді  оқып  –  үйренуді  аяқтаған  соң,  заттардың 
құрылымы туралы алған барлық білімдерін жинақтаған ӛте пайдалы. 
Бӛлімнің  материалдары  ӛз  бетінше  жұмыс  жасауға  кӛп  мүмкіндіктер  ашады. 
Менделеевтің  периодтық  жүйесі  бойынша,  оқушыларға  ӛз  беттерінше,  кейбір 
элементтердің  ядролық  құрамын  анықтауды  тапсыру,  сол  мәліметтерді  пайдаланып, 
массалар  ақауын,  байланыс  энергиясын,  меншікті  байланыс  энергиясын  т.б. 
параметрлерін  есептеуді  тапсырған  дұрыс.  Микродүниенің  әртүрлі  параметрлерді 
бағалай  есептеу,  мектепте,  үйде  ӛз  бетімен  табысты  жұмыс  жасаудың  кілті,  онда 
алынған  нәтижелер  ойлау  қабілеттерін  арттыратын  тамаша  мүмкіндік.  Осы  мақсатқа, 
бӛлімдегі  есептердің  де  берері  мол.  Есептер,  алынған  мәліметтерді  талдауға 
негізделген:  ядролардың  байланыс  энергиясын  басқа  жүйелердің  байланыс 
энергияларымен  салыстырған  пайдалы  болады.  Мысалы,  альфа  бӛлшектердің 
кинетикалық  энергиясымен  молекулалардың  жылулық  қозғалыс  энергиясымен; 
ядролық  заттың  тығыздығымен  басқа  белгілі  түрлі  заттардың  тығыздығын  т.б. 
салыстырса,  салыстырмалы  талдаулардың  нәтижелері  микродүниедегі  шамалар  ретін 
түсініп, оларды есте қалдыру мүмкіндіктерін арттырады.  
Физика  ғылымының  негіздерін  меңгергенде  ғана,  білім  беру  мен  оқушылардың 
дамуын, оларды еңбекке баулу мәселелерін шешуге болады.  
Қорыта келгенде: 
а)  оқушыларды  физиканың  ғылыми-техникалық  прогресс  қарқынының  үдей 
түсуіндегі  рӛлін  түсіндіру,  ғылым  мен  техниканың  жетістіктері  және  олардың 
болашақтағы дамуын ашып кӛрсету, отандық және шет ел ғалымдарының физика мен 
техниканың дамуына қосқан үлестерімен таныстыру негізінде тәрбиелеу;  
ә)  осы  заманғы  әлемнің  ғылыми  бейнесінде  физика  ғылымының  эксперименттік 
фактілері,  ұғымдары,  заңдары,  теориялары,  әдістері;  техника,  атом  энергетикасы, 
ӛндіріс  пен  жаңа  материалдарды  ӛңдеу  технологиялары,  техника  мен  ӛндіріс 
технологиясында физика заңдылықтарын қолдану туралы білімдерін қалыптастыру; 
б)  ӛз  беттерімен  білім  алу  және  оны  қолдана  білу,  физикалық  құбылыстарды 
бақылай  және  түсіндіре  білу,  сонымен  қатар  оқулықтармен,  анықтамалық  және 
хрестоматикалық  әдебиеттерді,  сондай-ақ  интернет  ресурстарын  пайдалана  білу 
біліктерін қалыптастыру;  
в)  құрал-саймандар  және  аспаптармен  жұмыс  істей  білу,  эксперимент 
нәтижелерін  ӛңдеп  және  солардың  негізінде  қорытынды  жасай  білу,  қауіпсіздік 
техникасын сақтай білу сияқты эксперименттік іскерліктерді қалыптастыру;  
г)  таным  процесінің  диалектикалық  сипатын,  дүниенің  материалдық 
біртұтастығын, 
материя 
мен 
қозғалыстың 
ажырамас 
бірлігін, 
физикалық 
құбылыстардың диалектикалық сипатын, себеп-салдар байланыстарын, физика заңдары 
мен принциптерінің объективтілігін ұғындыру; 
д)  физика  мен  техникаға  танымдық  қызығушылықтарын,  сүйіспеншіліктері  мен 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыру;  білім  меңгеруде  себептілік  сезімдерін 

65 
 
қалыптастыру;  физиканы  оқытуды  ӛмірмен  тығыз  байланыстыру  негізінде  болашақ 
мамандық таңдай білуге дайындау т.б. жолдары қарастырылып, әдістемелері жасалды.  
 
 
1.
 
Ванеев  А.А.,  Дубицкая  Э.Г.,  Ярунина  Е.Ф.  Преподавание  физики  в  10  классе 
средней школы // М.: «Просвещение». – 1978.  
2.
 
Вольштейн  С.Л.,  Качинский  А.М.  Уроки  физики  в  10  классе  //  Минск:  Народная 
асвета. – 1980.  
3.
 
Глазунов А.Т., Нурминский И.И., Пинский А.А. Методика преподавания физики в 
средней школе // М.: Просвещение. – 1989.  
4.
 
Интернет 
ресурстары: 
www.libedu.ru/l_b/butikov_e_i_/optika.html, 
de.ifmo.ru/bk_netra/select.php, 
www.physbook.ru, 
saprr.narod.ru 
/elektron_uchebnik.html,  http://school-collection.edu.ru/catalog/res/9eb9e92a-5f1d-6a64-
2389-140a65410171/?interface=pupil, 
http://school-collection.edu.ru/ 
catalog/res/9d6c6569-7c98-4bc1-b1f3-5c1c0fae9f17/?interface=pupil&class=51.  
5.
 
Каменецкий С.Е. Теория и методика обучения физики в школе (частные вопросы) // 
М., «ACADEMA». – 2000.  
6.
 
Құдайкулов  М.А.,  Жаңабергенов  Қ.  Орта  мектепте  физиканы  оқыту  әдістемесі  // 
Алматы: Рауан. – 1998.  
7.
 
Методика  преподавания  физики  в  средней  школе.  Под.  ред.  С.Е.Каменецкого, 
Л.Н.Ивановой // М..: Просвещение. – 1987.  
8.
 
Покровский  А.А.  Орта  мектептегі  физикадан  демонстрациялық  эксперимент  (1,2 
бӛлім) // Алматы: Мектеп. – 1982.  
9.
 
Рябоволов  Г.И.,  Огородникава  Е.И.,  Самойленко  П.И.  Планирование  учебного 
процесса по физике // М.: Высшая школа. – 1984.  
10.
 
Современный  урок  физики.  Под.  ред.  В.Г.Разумовского,  Л.С.Хижняковой  //  М.: 
Просвещение. – 1982.  
11.
 
Яковлев Н.М., Методика и техника урока в школе // М.: Педагогика. – 1985.  
 
 
 
УДК 378.1:53:51(574) 
Каталог: docs -> vestnik -> fizika matematika
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
vestnik -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
fizika matematika -> Задача определения правой части в нелинейном псевдопараболическом уравнении
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> Абай атындағы
fizika matematika -> “Физика-математика ғылымдары” сериясы №4 (44)
fizika matematika -> “Физика-математика ғылымдары” сериясы №2 (30)
fizika matematika -> “Физика-математика ғылымдары” сериясы №3 (31)

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет